А.Байтұрсынұлы және терминология мәселелері



МАЗМҰНЫ:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
І тарау. Ахмет Байтұрсынұлы . қазақ терминологиясының атасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1. А.Байтұрсынұлын терминжасамға әкелген саты ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.2. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ термині мен терминологиясының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
12

ІІ тарау. Ахмет Байтұрсынұлы және терминология мәселелері ... . 21
2.1. Ахмет Байтұрсынұлы . қазақ терминологиясын жасаушы ... ... ... 21
2.2. Ахмет Байтұрсынұлының терминжасам тәжірибесі ... ... ... ... ... ... 27
2.3. Ахмет Байтұрсынұлы пайдаланған бірегей терминдер ... ... ... ... ... 38
2.4. Әдебиеттануға Ахмет Байтұрсынұлы енгізген терминдер ... ... ... .. 45

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
56
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 59
КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ терминологиясы, оның ішінде лингвистика терминдері мәселесін сөз еткенде, біз аса көрнекті тілші Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерін айналып өте алмайтынымыз ақиқат. Сол себепті қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ретіндегі, әсіресе, терминология саласындағы оның ұшан-теңіз істерін таратып талдау және игеру қажет. Өйткені қазақ тіл білімінің мазмұны мен міндеттерін тұңғыш рет Ахаң еңбектерінде аса бір білгірлікпен баяндалған. Сол еңбектерге үңілген сайын лингвистика терминдерін жасаудағы оның көрегендігі мен тапқырлығына, білгірлігі мен біліміне тәнті болып отырасыз. Оның өз басы «халық жауы» ретінде айдалып кеткенмен, ол жасаған терминдердің бәрі дерлік кейінгі оқулықтар мен оқу құралдарына негіз болып орнығып қалуы тегін емес, әрине. Өмірден өзі аласталғанмен, адам жадынан баян тапқан атау сөздердің санаға сіңгені соншама, олардың бірде-бірі қолданыстан шығып қалған емес. Әлгі оқулықтар бойынша миллиондаған қазақ балалары сауатын ашып, білімін көтерді.
Шынында, А.Байтұрсынұлының қазақ тілі пәнінің терминдерін жасауы теңдесі жоқ ерлік десе болады. Бұл қазақ терминологиясын қалыптастыру барысында аса маңызды кезең ретінде өз бағасын енді-енді ала бастады.
Жалпы бүкіл қазақ мәдениеті, қала берді тілі мен әдебиет саласында А.Байтұрсынұлын тарихи құбылыс ретінде тану керек. Оның еңбектері, әсіресе, терминжасам тәсілдері әлі күнге ғылыми зерттеу объектісіне айнала алмай келеді. Ал мұның тарихи тағылымдық тұрғысынан да, бүгінгі күн зәрулігі тұрғысынан да маңызы зор. Бұл аталған тақырыпты зерттеудің өзектілігін көрсетеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. А.Байтұрсынұлы тіліміздің бар байлығын игеріп, тереңіне бара отырып, тіл қолданыста өзін өте еркін сезінген. Тілдің өзіне тән заңдылықтары мен сөз тудыру жүйесіндегі нәзік құбылыстарды айрықша сезімталдықпен танып отырған.
Қазақ халқының әлеуметтік және мәдени өмірінде төңкеріске дейін де, төңкерістен кейін де түбірлі өзгерістер болғаны мәлім. Қараңғылықта күн кешкен халқымыздың сауатын ашу ол кездегі зиялылардың ең игі мұраты болатын. Осыған орай ірілі-кішілі түзіліп жатқан оқу құралдарына енгізілетін көптеген сөздеріміз атаулық қызмет атқара бастады. Дәл осы кезде сөзжасамның, яғни терминжасамның үлгісін көрсеткен А.Байтұрсынұлы тәжірибесінің теңдесі жоқ мол материал беретіні анық. Ендеше бұл теңдесі жоқ құбылыстың рөлі мен мәнін анықтаудың ғылым үшін зәрулігі айрықша.
Сондықтан да біз А.Байтұрсынұлы жасаған лингвистикалық терминдердің негізгі белгілері мен автордың өз қолданысындағы ерекшеліктерін қарастыруды мақсат етіп отырмыз. Осы мақсатқа жету барысында төмендегідей міндеттерді шешуді міндет еттік:
- А.Байтұрсынұлының тіл біліміне қосқан үлесін айқындау;
- А.Байтұрсынұлының қазақ терминологиясында алатын рөлін ашып көрсету;
- Қазақ терминологиясын жасаудағы Ахметтің өзіндік ұстанымын айқындау;
- А.Байтұрсынұлының терминжасам тәжірибесіне тоқталу;
- А.Байтұрсынұлы пайдаланған бірегей терминдер қатарын ұсыну.
Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыста баяндау әдісі, талдау әдісі, сипаттама әдісі қолданылды.
Зерттеу нысаны. Ахмет Байтұрсынұлы және терминология мәселесі, Байтұрсынұлының терминжасам тәжірибесі.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Сыздық Р. Ахмет Байтұрсынұлы және терминология мәселелері // Жалын, 2009, №6, 19-24-б.б.
2. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998.
3. Сүлеймен М. Терминолог // www.coоglе@mail.ru
4. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992.
5. Аронов Қ.Ғ. А.Байтұрсынов – қазақ тіл білімі терминологиясының негізін салушы // Ахметтану және қазақ филологиясының өзекті мәселелері. А.Байтұрсыновтың 130 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Орал, 2005, 36-38-б.
6. Дүйсенбиева Г.Ә. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ термині мен терминологиясының ерекшеліктері // www.coоgli@mail.ru
7. Сыздық Р. Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар. Алматы, 2009.
8. Сыздықова Р. Жаңа атаулар. Алматы: Ана тілі, 1992.
9. Жексенғалиев Б.Ө. Үндесім терминдерінің жаңа жүйесі // Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру – әрбір азаматтың парызы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. 28-29 қазан, Орал, 2006, 107-109-б.
10. Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясын дамытудың негізгі бағыт-бағдары мен қағидаттары // Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру – әрбір азаматтың парызы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. 28-29 қазан, Орал, 2006, 23-27-б.
11. Айтбайұлы Ө. А.Байтұрсынұлы – қазақ терминологиясын жасаушы // Қазақстан әйелдері, 1989, №4, 7-б.
12. Сыздық Р. Термин жасау – А.Байтұрсынұлы көтерген жүктің бірі. Жинақта: «Ұлттық рухтың ұлы тіні. Алматы: Ғылым, 1999.
13. Айтбаев Ө. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы: Арыс баспасы, 2007.
14. Байтұрсынұлы А. Ақ жол. Алматы, 1991.
15. Айтбаев Ө. Қазақ тілінде термин жасау жолдары // Ана тілі, 2002, 21 ақпан, №8.
16. Айтбаев Ө. А.Байтұрсынұлының терминжасам тәжірибесі // ҚР ҒМ ҒА Хабарлары. Филология сериясы. 1997, №3, 3-10-б.
17. Айтбайұлы Ө. Қазақ сөзі. Алматы: Рауан, 1997.
18. Қоңырова А. Қазақ тіліндегі филологиялық терминдердің дамуы мен қалыптасу тарихы. Ф.ғ.к.дисс. ... авторефераты. Алматы, 2003.
19. Ержанова Ұ.Р. А.Байтұрсынұлының синтаксистік терминдері хақында // Ахметтану және қазақ филологиясының өзекті мәселелері. А.Байтұрсыновтың 130 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Орал, 2005, 28-30-б.
20. Ибраймов Қ. Ахмет Байтұрсыновтың сингармофонологиялық және сингармографиялық ізденістері // Қазақ тілі мен әдебиеті, 2003, №8, 33-38-б.
21. Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тәсілдері. Алматы: Сөздік-Словарь, 2005.
22. Шалтабайұлы Қ. Ахмет Байтұрсынов еңбектеріндегі лингвистикалық және лингводидактикалық мәселелер // Қазақ тілі мен әдебиеті, 2003, №9, 62-66-б.
23. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы: Рауан, 1991.
24. Еркінбаев Ұ. Ахмет Байтұрсынұлының шығарманы көріктеу жүйесіне қатысты тұжырымдары // Қазақ тілі мен әдебиеті, 2007, №3, 50-54-б.
25. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. І том. Өлеңдер, әдеби-ғылыми зерттеулер. Алматы, 2003.
26. Ахметова М.К. Мәтін лингвистикасы. Орал: Ағартушы, 2008.
27. Әдебиеттану терминдер сөздігі. Алматы, 1998.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
А.Байтұрсынұлы және терминология мәселелері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
І тарау. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ терминологиясының атасы 6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1.1. А.Байтұрсынұлын терминжасамға әкелген саты 6
... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ термині мен терминологиясының
ерекшеліктері 12
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...

ІІ тарау. Ахмет Байтұрсынұлы және терминология мәселелері ... . 21
2.1. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ терминологиясын жасаушы 21
... ... ...
2.2. Ахмет Байтұрсынұлының терминжасам тәжірибесі 27
... ... ... ... ... ...
2.3. Ахмет Байтұрсынұлы пайдаланған бірегей терминдер 38
... ... ... ... ...
2.4. Әдебиеттануға Ахмет Байтұрсынұлы енгізген терминдер 45
... ... ... ..

Қорытынды 56
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер 59
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
...
КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ терминологиясы, оның ішінде
лингвистика терминдері мәселесін сөз еткенде, біз аса көрнекті тілші Ахмет
Байтұрсынұлы еңбектерін айналып өте алмайтынымыз ақиқат. Сол себепті қазақ
тіл білімінің негізін қалаушы ретіндегі, әсіресе, терминология саласындағы
оның ұшан-теңіз істерін таратып талдау және игеру қажет. Өйткені қазақ тіл
білімінің мазмұны мен міндеттерін тұңғыш рет Ахаң еңбектерінде аса бір
білгірлікпен баяндалған. Сол еңбектерге үңілген сайын лингвистика
терминдерін жасаудағы оның көрегендігі мен тапқырлығына, білгірлігі мен
біліміне тәнті болып отырасыз. Оның өз басы халық жауы ретінде айдалып
кеткенмен, ол жасаған терминдердің бәрі дерлік кейінгі оқулықтар мен оқу
құралдарына негіз болып орнығып қалуы тегін емес, әрине. Өмірден өзі
аласталғанмен, адам жадынан баян тапқан атау сөздердің санаға сіңгені
соншама, олардың бірде-бірі қолданыстан шығып қалған емес. Әлгі оқулықтар
бойынша миллиондаған қазақ балалары сауатын ашып, білімін көтерді.
Шынында, А.Байтұрсынұлының қазақ тілі пәнінің терминдерін жасауы
теңдесі жоқ ерлік десе болады. Бұл қазақ терминологиясын қалыптастыру
барысында аса маңызды кезең ретінде өз бағасын енді-енді ала бастады.
Жалпы бүкіл қазақ мәдениеті, қала берді тілі мен әдебиет саласында
А.Байтұрсынұлын тарихи құбылыс ретінде тану керек. Оның еңбектері,
әсіресе, терминжасам тәсілдері әлі күнге ғылыми зерттеу объектісіне айнала
алмай келеді. Ал мұның тарихи тағылымдық тұрғысынан да, бүгінгі күн
зәрулігі тұрғысынан да маңызы зор. Бұл аталған тақырыпты зерттеудің
өзектілігін көрсетеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. А.Байтұрсынұлы тіліміздің бар
байлығын игеріп, тереңіне бара отырып, тіл қолданыста өзін өте еркін
сезінген. Тілдің өзіне тән заңдылықтары мен сөз тудыру жүйесіндегі нәзік
құбылыстарды айрықша сезімталдықпен танып отырған.
Қазақ халқының әлеуметтік және мәдени өмірінде төңкеріске дейін де,
төңкерістен кейін де түбірлі өзгерістер болғаны мәлім. Қараңғылықта күн
кешкен халқымыздың сауатын ашу ол кездегі зиялылардың ең игі мұраты
болатын. Осыған орай ірілі-кішілі түзіліп жатқан оқу құралдарына
енгізілетін көптеген сөздеріміз атаулық қызмет атқара бастады. Дәл осы
кезде сөзжасамның, яғни терминжасамның үлгісін көрсеткен А.Байтұрсынұлы
тәжірибесінің теңдесі жоқ мол материал беретіні анық. Ендеше бұл теңдесі
жоқ құбылыстың рөлі мен мәнін анықтаудың ғылым үшін зәрулігі айрықша.
Сондықтан да біз А.Байтұрсынұлы жасаған лингвистикалық терминдердің
негізгі белгілері мен автордың өз қолданысындағы ерекшеліктерін қарастыруды
мақсат етіп отырмыз. Осы мақсатқа жету барысында төмендегідей міндеттерді
шешуді міндет еттік:
- А.Байтұрсынұлының тіл біліміне қосқан үлесін айқындау;
- А.Байтұрсынұлының қазақ терминологиясында алатын рөлін ашып
көрсету;
- Қазақ терминологиясын жасаудағы Ахметтің өзіндік ұстанымын
айқындау;
- А.Байтұрсынұлының терминжасам тәжірибесіне тоқталу;
- А.Байтұрсынұлы пайдаланған бірегей терминдер қатарын ұсыну.
Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыста баяндау әдісі, талдау әдісі,
сипаттама әдісі қолданылды.
Зерттеу нысаны. Ахмет Байтұрсынұлы және терминология мәселесі,
Байтұрсынұлының терминжасам тәжірибесі.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Жұмысты жазу
барысында Ахмет Байтұрсынұлының тіл білімі мен әдебиеттануға қатысты жарық
көрген Тіл тағылымы және Ақ жол атты еңбектері, сондай-ақ ғалымның
терминдеріне талдау жасап, оның теориялық тұжырымдарын дамытқан
Р.Сыздықтың, М.Сүлейменнің, Ш.Құрманбайұлының, Ө.Айтбаевтың, Т.Қордабаевтың
еңбектері жұмысқа теориялық және методологиялық негіз ретінде пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы.
- Ахмет Байтұрсынұлы төл терминдер жасаудың үлгісін ұсынған ғалым;
- А.Байтұрсынұлы термин жасауды теориялық тұрғыдан ғана көрсетіп
қойған жоқ, өз еңбектері арқылы іс жүзінде жүзеге асырды;
- А.Байтұрсынұлы тіліміздің бай қазынасындағы сөздерге жаңа мағына
берді, терминге айналдырды;
- А.Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімі терминологиясының негізін салған
тұңғыш терминші ғалым.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы.
Зерттеуде алынған нәтижелер және зерттеу материалдары оқулықтар мен
оқу құралдарын жасауда, терминология пәні бойынша лекциялар курсында
кеңінен қолданылады. Жұмыстың кейбір деректері ғалымның еңбектері туралы
энциклопедияларда, қазақ тілі бойынша терминологиялық сөздіктерде қолданыла
алады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ терминологиясының атасы
1.1. А.Байтұрсынұлын терминжасамға әкелген саты

Белгілі бір халық тілінің ғылыми-техникалық, саяси-әлеуметтік, т.б.
терминдерін тұңғыш рет дүниеге келтіріп, нақты бірліктерін бірліктерін
(сөздерін, тұлғаларын) жасау – нағыз ауыр жүк, тарихи жүк: қоғамның мәдени-
әлеуметтік тарихында ерекше аталатын, үлгісі қалатын, теңдесі жоқ құбылыс.
Осы жүктің қажеттігін дер кезінде таныған да, көтерген де, құлатпай, әрі
қарай жеткізген де – Ахмет Байтұрсынұлы.
Ал Байтұрсынұлын бұл әрекетке әкелген – тек жалаң ғалымдық борышты
сезінуі емес, одан әлдеқайда жоғарырақ тұрған мақсаттарды жүзеге асыру
идеясы болатын. Бұл идея жаппай сауаттылықтан, жалпы білім-ғылымнан
кенжелеп келе жатқан қазақ халқын тегіс сауаттандыру, әйтеуір, сауат аштыру
емес, ана тілінде оқытып, үйрету мақсатын көздеді [1, 19].
Біздің ойымызша, ХІХ ғасырдың соңғы онжылдығы мен ХХ ғасырдың алғашқы
екі онжылдығында қазақ зиялыларының алдында тұрған бірден-бір ұлттық идея –
оқу-ағарту идеясы болды. Отаршылдықтан құтылу, айырылып қалған
солтүстіктегі, шығыстағы, батыстағы кейбір жерлерді қайтарып алу, жеке
мемлекет болу сияқты мақсат-мұраттарға жету үшін алдымен айналаны қоршаған
жұрттармен барлық жағынан терезесі тең болу шарт. Бұл теңдікке қол жеткізу
үшін ең әуелі халық сауатты, білімді болмаққа керек. Ал бұл тұстағы қазақ
халқы көгі қараңғы, көңілі ұйқылы, еспесі жоқ қайығы қалтылдақ, малы
талауда, жаны қамауда болып отырған қайран ел, қайран жұрт еді. Осы
сөздерді айтқан Ахаң әрі қарай надандық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған
соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз,
жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесепаты. Өрге басқан,
өзге жұрттың қатарынан қалыспау үшін оқу-ағартуға құр шақыру жеткіліксіз,
нақты іс-әрекеттерге кірісу керек болды.
Оқу-ағарту идеясы Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейхановтар бастаған шоқ
жұлдыздай боп жарқырап шыққан қазақ зиялыларын нақты іс-әрекеттерге алып
келді. Біреулері Ресей мемлекеттік думасында депутат болып, қазақ халқының
мұң-мұқтажын жоқтаса, екіншілері Оян, қазақ! деп қазақтардың намысын
оятып, өлең жазып жатса, үшіншілері – енді-енді пайда болған газеттер мен
Айқап сияқты журналдарда пікірлерін білдіріп, оқу-ағарту істерін қатты
қолдап жатты. Ал Ахмет Байтұрсынұлы болса, сол оқу-ағартудың нақты
шаруасына кірісті. Ол үшін қазақ тілінің дыбыстық жүйесін дәл көрсететін
әрі оқытуға жеңіл таңбаларды (әріптерді) түзуді қолға алғаны белгілі. Түркі
халықтары қолданып отырған араб таңбаларын икемдеп (реформалап) қазақ
әліпбиін ұсынды. Бұл – нағыз ұлттық жазу болып шықты. Оны кезінде түркі
халықтары тілдерін зерттеуші орыс, татар ғалымдары Байтұрсынов жазуы деп,
ал Ахаңның өзі Қазақ жазуы деп атағанын,қарапайым халық төте жазу деп
кеткенін де білеміз.
Сауат ашатын таңбалар (графика) түзілді, енді осы әліпбиді мектепте
оқытып, жазғызып үйрету қолға алынды.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларын ел қатарына қосылып, білім алуына
1896 жылдары көңіл бөле бастады. 1905 жылдары Ресей Кіндік үкіметіне
жазылған петициядан, редакторы болып Қазақ газетін шығарып, оның бетінде
мәселелер көтеруінен, қазақ балаларын ана тілінде сауаттандырып, әрі ана
тілінде оқыту үшін жүргізген күресінен, ең соңғысы сол ана тілінде оқытатын
оқулықтар жазуынан, халық ағарту кадрларын дайындап, жас қазақ
интеллегенциясы өкілдерін баулуынан танылады.
А.Байтұрсынұлы қазақ халықтарын қазақша оқытудың негізін қалап, оларға
ана тілінде оқулық жазған. 1912 жылы Оқу құралы деген атпен тұңғыш оқулық
жазды (1912-1925 ж. аралығында 7 рет қайта басылды). Мектепте қазақ тілін
пән ретінде үйрететін 3 бөлімнен тұратын Тіл – құрал атты оқулықтың
морфологияға арналған 2-бөлімі 1914 жылы, фонетикаға арналған 1-бөлімі 1915
жылы, синтаксиске арнаған 3-бөлімі 1916 жылы жарық көрген. Тіл – құралы
қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс еді [2, 56]. Ол 14-15 жыл
бойы қазақ балаларының бірнеше буынын тәрбиелеген, ана тілінің табиғатын
танытқан қазақ тіліндегі бірден бір оқу құралы болды. Тіл – құралы 4-5
жыл оқитын шәкірттерге арналған тұңғыш оқулық болумен қатар, қазақ тілінің
фонетикалық және грамматикалық құрылымын талдап, жүйелеп, танытып берген
қазақ тіліндегі тұңғыш ғылыми жұмыстың басы да еді. Өйткені қазақ тілінің
дыбыстық жүйесінің классификациясы да, сөз таптарын ажыратып, сөз
тұлғаларын көрсетуде де, сөйлем мүшелерін таңдау да күні бүгінге дейін
Байтұрсынұлының атаған оқулықтарының негізі сақталып келеді. Байтұрсынұлы
жасаған тіл терминдері де көп өзгеріссіз бүгінгі грамматикаларда қолданылып
отыр. Осы күнгі қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік,
одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, қаратпа сөз, қыстырма сөз, сұрау
белгісі, леп белгісі сияқты сан алуан лингвистикалық терминдердің баршасы –
Байтұрсынұлынікі.
Ахмет Байтұрсынұлын үстіміздегі ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы
қазақ қауымы көшінің рухани басшысы етіп танытқан – оның қазақ халқын
іргелі жұрт қатарына қосу үшін жүргізген күресі және сол күресте ұстанған
бір қаруы – ағартушылық идеясы болды.
 Оқу-ағарту идеясы – Ахмет Байтұрсынұлының әлеуметтік қызметінің
арқауы, азаматтық борышының негізі, идеологиялық платформасының тіреуі. Бұл
платформаны мықтап ұстауға итермелеген - оның туған халқының тағдырын
ойлаған қам-қарекеті. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы жатқан отар ел
болатын. Халқы үшін сол кезде бебеу қаққан ойшылдардың көзімен көріп,
сөзімен айтқанда, бұл тұстағы қазақ халқы көгі қараңғы, көңілі ұйқылы,
еспесі жоқ қайығы қалтылдақ, малы талауда, жаны қамауда болған қайран ел,
қайран жұрт еді. Қазақ халқын әлеуметтік теңдікке, азаматтық мәдениетке
жеткізетін, амал-әрекеттің бастысы түгел қазақты сауатты етіп, көзін ашу,
надандық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен
қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан
қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты.
 Халықты ағарту мектептен, баладан басталады. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ
балаларының әйтеуір көзі ашылып, сауатты болуын ғана емес, тек ана тілінде
сауаттануын, содан соң барып өзге ұлт мәдениетіне, тіліне қол созуды
принципті талап етті. Ол – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп
күш жұмсаған адам. Сол үшін ғалым бірнеше еңбектер жазды. Олар – 1912 жылы
Орынборда жарық көрген Оқу құралы, 1928 жылы Қызыл-Ордада Әліп-би, 1926
жылы Семейде Сауат ашу, 1914-15 жылдары Орынборда Тіл құралы, 1928 жылы
Қызылордада Тіл құрал, 1920 жылы Қазанда Баяншы атты кітаптар.
Ол өзінің әуелгі еңбегін де сауат ашу мәселесіне арнайды. Яғни, оның
басты мақсаты қарапайым халықты жазу, сызуға үйрету, сонан кейін ғана қазақ
тілінің грамматикасын ұқтыру болды. Осындай жүйемен жұмыс жасай отырып,
қазақ тілінің алғашқы грамматикалық оқулығы Тіл құралын шығарды. Біз
қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманындағы ұрпақтар осы еңбекке көз
жібере отырып, сол кезде А.Байтұрсынұлының бұл еңбекке қаншалықты
жауапкершілікпен, ізденушілікпен қарағанын байқаймыз.
Тіл құралының өзі 3 жылға бөлініп, бірінші жылы – сөйлем мен
сөйлемді айыру, сөз бен сөздің буынның айыру, буын мен буындағы дыбысты
айыру, дыбыстар мен олардың әріптері, сөздердің тұлғаларына: екінші жылы –
сөз таптарына: үшінші жылы – сөйлем жүйесі мен түрлеріне тоқталады.
Еңбектің осындай жүйелілікпен құрылуынын өзі оның ғылыми құндылығын
танытады.
1913 жылдың өзінде ол Қазақ газеті мінбесін пайдаланып, қазақ
қоғамына оқу-білімнің қажеттігін халықтың экономикалық тұрмыс жағдайымен
байланыстырып дәлелдейді. Ахмет бұдан 80 жылдай бұрын байқап-түйгендері,
айтқан пікірлері дәл бүгінгі күні айтылып жатқан мәселелерімізбен үндес
келеді. Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, сол шикізатынан
жасалған өнімді екі-үш есе қымбат түрде сатып алады. Бұл надандықтан келген
кемшілік деп жазды Қазақ газетінде. Надандық деп отырғаны - халқының
білім-ғылымнан қалыс келе жатқандығы. Қалыс қалуға үлкен себеп - қазақ
жерінде мектептер аз, сол аз мектептердің өзінде мұғалімдер жетіспейді, ұлт
кадрларын даярлайтын орындар жоқ дейді. Демек, қазақ халқы қараңғы дегенде,
кінә халықта емес, сол қараңғылықтан құтқаратын мүмкіндіктердің жоқтығында
екендігін алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады деп өкпелеу жөн
бе! деп бейнелі түрдегі тілмен білдіреді [3, 1].
А.Байтұрсынұлы ауылдық, болыстық, бастауыш мектептер мен екі кластық
училищелерде мұғалім болып істей жүріп, оқыту ісіне қажетті жайларды
ойлайды. А.Байтұрсынұлы 1910 жылдардан бастап қазақ жазуымен айналыса
бастайды. Ол араб таңбалары қазақ тілі үшін қолайлы еместігін ескеріп,
қазақ тілінің дыбыстық жүйесінде икемдеуді қолға алды. Ол үшін қазақ
тілінің фонетикалық құрамын зерттеуге кіріседі. Ғалымның араб жазуын қазақ
тіліне икемдеген нұсқасын халықтың ешбір талассыз қабылдауына қарағанда,
еңбектің тіл табиғатына сүйеніп, ғылыми негізде жасалғандығын байқатады.
Ол әдістемелік құралдар шығаруда да көп еңбек сіңіреді. Үйрену һәм
үйрету ең басында қиын. Балалар оқудың басында қиналмаса, оқудан тауы
шағылмай, көңілі қайтып мұқалмайды, оқуға ықыластанып, оқыған сайын
қызығады. Үйретушінің де жігері құм болмай, ісі ілгері оңай жылжыған сайын
көңілденіп оқытуға жаһауы зорайып, шабыттанады, - деп толғанатын ол. Өзінің
Тіл құралына әдістемелік нұсқаулар бере отырып, оқыту әдістері туралы
айтып кетеді. Кейбір әдістер жөнінде жан-жақты мәлімет береді. Әрі
түсіндіру барысында дамыған европа және азия елдерінің оқыту тәжірибелерін
қолданып отырады.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды
1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға
кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп
ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан,
туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына
икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады,
арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды-жіңішкелі
үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24
таңбадан тұратын өзі қазақ жазуы деп, өзгелер Байтұрсынұлы жазуы деп
атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе
жазады. Сөйтіп, оқу-ағарту идеясына сол кездегі интеллегенциясы жаппай
мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол
әрекетті Әліппе құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911-1912
жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаханаларында жарық көрген.
Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі Оқу құралы деген атпен 1912-1925 жылдары
арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926
жылы ғалым Әліп-бидің жаңа түрін жазды [3, 2].
 Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-
танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін
оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты Тіл – құрал атты үш
бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтары жазылды.
 Тіл-құрал тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана
тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының,
іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп,
танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының Оқу құралы мен Тіл
құралдарының орны айрықша.
Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетасын қалаудағы Ахметтің тағы
бір зор еңбегі - ғылымның осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ
тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау
ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік,
одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем,
қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет
Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жанғырту
арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер,
сәтті шыққан атаулар екенін олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе
жатқандығы дәлелдейді.
 Ахмет Байтұрсынұлының 1928 жылы Қызылордада жарық көрген екі бөлімнен
тұратын екі кітапты, Тіл жұмсар деген еңбегі белгілі.
 Ол әдістеме саласында 1910 жылдардан бастап 1927-1928 жылдарға дейін
бірнеше материалдар жинаған. Жазу таңбаларын үйрету амалдарын түсіндіретін
Баяншы атты кітапшасы 1912 жылы жарық көрген. Жалпы сауат аштыру
әдістерінің жөн-жобасын Әліп-би астары атты әдістемелік еңбегінде тағы
көрсетеді. 1927-1928 жылдары Жаңа мектеп журналында қазақ тілі
методикасына арналған бірнеше мақаласын жариялайды [3].
 Қазақ тілін ана тілімізде тұңғыш зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлы өзінің
алдына жүйелі бағдарлама қойғанға ұқсайды: ол әуелі қазақтың ұлттық жазуын
(графикасын) жасауды мақсат еткен, бұл үшін араб алфавиті негізіндегі
Байтұрсынұлы жазуы дүниеге келген, екінші – сол жазумен сауат аштыруды
ойлаған, бұл үшін Оқу құралы атты әліппе оқулығын жазған, одан соң қазақ
тілінің граматикалық құрылымын ана тілінде талдап беру мақсатын қойған, бұл
үшін Тіл құралды жазған.
Ахметтің қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы,
қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау
мүмкіндігімен сабақтастырып өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама
бергені, дыбыс жүйесін (фонетика), сөз жүйесін (морфология), сөйлем жүйесін
(синтаксис) қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі өз кезінде де айтылған
болатын. Ахметтің Октябрь төңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде көп
еңбегі сіңді. Қазақ мектебі, қазақ тілі секілді орында оның еңбегі мол...
Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған,
қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам
– Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес. Бұны
пролетариат та бағалайды, -, деп жазды Сәбит Мұқанов, 1929 жылы 5 мамырда
Ахмет Байтұрсынұлытың өз қолымен жасап берген газет және журналдарда
жарияланғаннан басқа ғылыми, ғылыми-методикалық, еңбектердің тізімі деген
құжат ҚазПУ архивінде сақталған [3, 3].
 Ғалым бұрын айтқан пікірін тағы келтіріп, үдетіп беру машығынан
таймайды. Ахмет Байтұрсынұлытың азамат, қайраткер ретінде қалыптасуына зор
ықпал еткен ХХ ғасырдың о жақ, бұ жағындағы қоғам дамуы мен оның
қайшылықтары, ұлт аймақтарындағы езгінің күшеюі, сол уақыттағы қазақ
халқының тағдыры жөнінде ой қорытудың басталуы.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларын ел қатарына қосылып, білім алуына
1896 жылдары көңіл бөле бастады. 1905 жылдары Ресей Кіндік үкіметіне
жазылған петициядан, редакторы болып Қазақ газетін шығарып, оның бетінде
мәселелер көтеруінен, қазақ балаларын ана тілінде сауаттандырып, әрі ана
тілінде оқыту үшін жүргізген күресінен, ең соңғысы сол ана тілінде оқытатын
оқулықтар жазуынан, халық ағарту кадрларын дайындап, жас қазақ
интелегенциясы өкілдерін баулуынан танылады. Ахмет Байтұрсынұлытың қазақша
әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тіл білімінің
негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып
өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін
(грамматика) қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі өз кезінде де айтылған
болатын. "Ахметтің октябрь төңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде көп
еңбегі сіңді. Қазақ мектебі, қазақ тілі сықылды орындарда оның еңбегі
мол... Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап
жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған
алғашқы адам – Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес.
Бұны пролетариат та бағалайды”, — деп жазды Сәбит Мұқанов. Ғаббас Тоқжанов
пікірі де осымен сабақтас: Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті
қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, сөзін оқып сүйсінеді [3, 4].
Өз қолымен жазған "Өмірбаянында” (1929, 8 наурыз) Ахмет Байтұрсынұлы
былай дейді: "Орынборға келгеннен кейін, біріншіден, қазақ тілін
фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен;
екіншіден, қазақ алфавитін (шрифтін емес), орфографиясын жеңілдету және
реттеу үшін реформа жасаумен; үшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық
шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен; ақыры, ең
соңында, төртіншіден, проза (іс-қағаз, публицистика, ғылыми жазба тіл)
тілін кітаби тіл арнасынан стилистикалық өңдеу, қазақ сөздерінен термин
жасау арқылы халықтың жады тілінің арнасына көшіру істерімен айналыса
бастадым. Бұлар өзім жасаған оқулықтар және өзім редакциялаған "Қазақ”
газеті арқылы іске асты”.
Бұл жолдарда ғалымның өмір бойы жасаған істері тиянақты, жүйелі түрде
айтылған. "Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі.
Осы дүниедегі адамдар тілінен айрылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық
күйге түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айрылып, жаза алмайтын күйге
ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айрылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің
заманымыз жазу заманы – жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге
жеткен заман...”, – деп жазды ол [4, 65].
Бұдан кейін жазуға үйрету, хат таныту мәселелері сөз болады. Қазақ
мектептеріндегі оқыту жайлы, олардың қиындықтарын таратып айта келіп, автор
өзінің оқыту әдістерін ұсынады. Жалпы ғылыми мәні бар пікірлерді де айтып
отырады. Мына тұжырымға көңіл бөліп, ой жүгіртіп көріңіз:
Дүниедегі жұрттардың тілі негізінде үшке бөлінеді: 1) түбіршек тіл,
2) жалғамалы тіл, 3) қопармалы тіл. Түбіршек тіл түпкі қалыбынан өзгерілмей
жұмсалады, мәселен: қытай, жапон тілдері. Жалғамалы тіл сөздің аяғына
жалғау қосылып өзгерілетін тіл, мәселен: түрік, финн тілдері. Қопармалы тіл
сөз түбірімен қопарылып, өзгертілетін тіл, мәселен: орыс тілі, араб тілі”
Дәл бүгін айтылғандай әсер қалдыратын бұл пікіріне таңданбасқа шара жоқ
[4].
 Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды
1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға
кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп
ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтары да пайдаланып отырғандықтан,
туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына
икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады,
арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды-жіңішкелі
үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24
таңбадан тұратын, өзі қазақ жазуы деп, өзгелер Байтұрсынұлы жазуы деп
атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе
жазады.
 Тіл - құрал тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана
тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының
іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп,
танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының Оқу құралы мен Тіл
құралдарының орны айрықша.
Қазақ тілін ана тілімізде тұңғыш зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлы өзінің
алдына жүйелі бағдарлама қойғанға ұқсайды: ол әуелі қазақтың ұлттық жазуын
графикасын жасауды мақсат еткен, бұл үшін араб алфавиті негізіндегі
Байтұрсынұлы жазуы (Төте жазу) дүниеге келген, екінші – сол жазумен сауат
аштыруды ойлаған, бұл үшін Оқу құралы атты әліппе оқулығын жазған, одан
соң қазақ тілінің грамматикалық құрылымын ана тілінде талдап беру мақсатын
қойған, бұл үшін Тіл құралды жазған.

1.2. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ термині мен терминологиясының
ерекшеліктері

ХХ ғасырдың басында өз арасымыз, ұлттың ұлы рухани көсемдерінің бірі –
Ахмет Бйтұрсынұлы төл терминдер жасаудың хас үлгісін көрсетті. Тек көрсетіп
берген жоқ, терминдерді өз қолымен жасап еңбектерінде қолданды, ғылыми
айналымға салды.
А.Байтұрсынұлы төл терминдерді жасауда анық та айқын принцип ұстанды.
Ол пәнсөзі (термин) ретінде тиісті ұғым мағынасын толық беретін қазақ
сөзін алу принципін басты қағида етіп алды. Сол кездің өзінде-ақ Ахаң
кірме терминдерді талғаусыз қабылдау тіл үшін қасірет алып келетінін
көрегендікпен болжай білді. Сөзіміз дәлелді болу үшін Ахаңның өз пікірін
келтіре кетейік: Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа ауыз тиген жұрт, өз
тілінде жоқ деп, мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана
тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра ақырында ана тілдің
қайда кеткенін білмей, айырылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың
тіліндегі пәнсөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз
табуымыз керек [5, 37].
1910 жылдан бастап Ахмет Байтұрсынұлы балалардың сауатын аштыратын
Оқу құралы, қазақша алифба (әліппе) атты еңбектерді ұсынды. Сауатын ашқан
балалар әрі қарай ана тілдерін пән ретінде оқып тануларына арнап ғалым Тіл-
құрал атты атақты тұңғыш ұлттық оқулық жазды. Үш сатылап оқытатын бұл
құралдардың алғашқысы қазақ тілінің фонетикалық жүйесін танытуға арналған.
Оны автор дыбыс жүйесі деп атайды. Қазақ тіл білімі терминдерінің басы,
бірінші термині осы дыбыс деген атау десек болар: дыбыс сөзінің жалпы
әдеттегі номинатив мағынасы жалпы құлаққа естілетін үн, ол адам аузынан
шыққан үннен басқа жанды-жансыздардан шығатын ауа тербелісі - үн, дыбыс,
сыбыс т.б. Бір нәрсе жерге құлап түссе де, оның дыбысы естіледі. Демек,
дыбыс – қарапайым жалпы мағынадағы сөз, ал термин түзуші тіл білімі
танытатын, талдайтын нысандардың бірі – адам аузынан шығатын әртүрлі дауыс
үзіктерін дыбыс деп атаса, ол – термин, яғни оның тіл біліміндегі объект
дыбыс дегенді танытатын нағыз ғылыми анықтамасы бар.
Осы дыбыс сөзінен бастап Ахмет Байтұрсынұлының қаламынан қазақ тілінің
фонетика, морфология, синтаксис салаларының барлық терминдері дүниеге
келеді.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ термині мен терминологиясын жасағанда қазақ
тіліндегі сөзжасам үлгілері ғылыми жүйеге келтірілмеген еді,
терминологиялық сөздіктер жоқ еді, оқу құралдары өте аз еді. Ахмет
Байтұрсынұлы барлық жағдайда ең алдымен жеке өзінің тәжірибесіне, содан соң
сол салада атсалысып жүрген замандастарының тәжірибесіне, содан соң орыс
және басқа үнді европа мамандарының тәжірибелерінің, солардың тіл білімінің
жетістіктеріне, араб, парсы сөзжасам үлгілеріне сүйенді.
Ахмет Байтұрсынұлы жат тілдердегі терминжасамдық үлгілерді қазақ
қазақ тіліне көшіріп өткізбеді, олардың ғылыми-әдістемелік бағытын
зерттеді, жетістіктеріне анализ жасады. Яғни, өзіндік тәжірибесінде қазақ
терминжасамының және қазақ тілінің сөзжасамдық, морфологиялық,
синтаксистік, стилистикалық ішкі және сыртқы мүмкіншіліктерін толық
пайдалана алды. Тек осындай көзқарастың нәтижесінде Ахмет Байтұрсынұлы
жасаған терминдер нағыз ұлттық (қазақша) болып шықты.
Тілдегі байырғы сөздерге терминдік мағына телініп, жаңа қызметте
жұмсалып жатқан сөздер қаншама терминдік мағына теліну деп отырғанымыз
мағынасы көмескілеу кейбір сөздерге қосымша қызмет жүктеп, оларды бұрынғы
қолданыс дағдымызда онша белсенділік таныта қоймаған, жеке-дара мағынада
қолдану деген сөз. Екі сөзді біріктіру арқылы жасалған терминдер де
тілімізде жетерлік. Бұлар осылайша тәртіп сақтап жүйелі сөзжасамға
айналады. Яғни терминжасам жүйесіне айналады.
Терминжасамдық ізденістер жүргізу үстінде Ахмет Байтұрсынұлы қазақ
тілінің дериватологиясының (сөзжасам), лексикологиясының, семантикасының,
сөздердің синтаксистік байланысу жолдарының, сөз және термин
стилистикасының ғылыми негіздерін салып кетті. Бұл тарихи маңызы биік
ғылыми мәселелер арнайы ізденістер жүргізуді талап етеді.
Тіл білімінің бір саласында бірнеше ғылыми теориялар болуы мүмкін.
Мысалы, орыс тілі фонологиясында Ленинград фонология мектебі (ЛФМ), Москва
фонология мектебі (МФМ), Р.И.Афанесовтың фонологиялық теориясы, т.б.
концепциялар бар. Осы теориялардың терминдік айырмашылықтары күрделі,
себебі ұғымдарының айырмашылықтары күрделі. Мысалы, сөздің мағынасын
өзгертетін дыбыстың (фонеманың) сөз құрамындағы позициялық түрлерін
Ленинград фонология мектебінде типичный оттенок (звукотип, звуковой тип –
негізгі түр), оттенки (түрлер) деп атайды. Москва фонология мектебінде
инвариант (негізгі түр), вариация (сәл өзгертілген түр), вариант (толық
өзгертілген түр) деп атайды. Сонымен тілдің бір саласындағы теориялардың
айырмашылықтары ғылыми мәселенің сапа жағын да, сан жағын да қамтиды. Бірақ
әр ғылыми мектептің өкілдері қолданатын терминдер – сол ғылыми мектептердің
теориялық ұғымдарының семиотикалық таңбалары. Яғни, бір тілдегі бір
құбылысты, бір тіл бірлігін әр түрлі терминдермен атау – тілтанымдық ғылыми
мктептердің ұғымдық, категориялық ерекшеліктерінің қалыптасқандығының
нәтижесі [6, 1].
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ терминологиясын жасаған кезде ғылыми
мектептер, ғылыми терминдер қалыптаспаған еді. Тіпті орыс тіл білімінің
өзінде бұл жағдай (әсіресе, лингвистикалық терминология) енді тұрақты бір
қалыпқа түсу жолында еді. Сондықтан А.Байтұрсынұлының алдында екі үлкен
мәселе тұрды:
а) қазақ тіл білімінің, әдебиеттанымының, тілге оқыту әдістемесінің
ұғымдарын анықтау;
ә) сол ұғымдарды терминдермен таңбалау.
Термин пайда болу үшін, ең алдымен, ұғымды анықтау керек. Мысалы,
заттық ұғым – зат есім, қимыл-әрекет ұғымы – етістік, т.б. Яғни,
А.Байтұрсынұлы ғылыми ұғымдар қорын анықтап, терминдер қорын жасап
тілтанымдық, әдебиеттанымдық, әдістемелік және терминологиялық ғылыми
мектептерді дүниеге келтіріп, қалыптастырды.
Терминдер қолданысы әркез бірдей емес. Кейбір терминдер қолданыстан
шығып, олардың орнына жаңа терминдер қолданылуы мүмкін. Бұл жағдай жалпы
ғылым тарихында да, ғылыми мектептердің өмірінде де кездеседі. Терминнің
қолданыстан шығуының негізгі себебі терминнің ұғымды толық қамти
алмайтындығында, сол ұғымды толық қамтитын жаңа терминнің дүниеге келуінде.
Жаңа термин сол тілдің сөзжасамдық мүмкіншіліктерінің негізінде де, жат
тілдерден еніп келуі негізінде де пайда болуы мүмкін. Мысалы: негізгі түр
(негізгі нұсқа) – инвариант. Кейбір жағдайларда бұрын қолданылып жүрген
термин де, жаңа термин де бірдей (синонимдер ретінде) қолданыста болуы
мүмкін. Мысалы: тәлім-тәрбие – педагогика, пәлсафа – философия. Бұл
жағдайда бірінші қатардағы терминдер де, екінші қатардағы терминдер де
ұғымды толық қамтиды. Жаңа терминдердің еніп келуінің себебі олардың әлем
ғылымында термин – доминанта ретінде өте жиі қолданылуы.
Өткен ғасырдың 10-жылдарының орта тұсынан бастап 20-жылдардың басына
дейін қазақ тіліне, оның жазба әдеби түріне жаңа сөздер, жаңа қолданыстар
келді. Бұл құбылыста оқу-ағарту ісінің жандануы, баспасөздің қарқынды түрде
дамуы, баспа ісінің ұлғаюы басты себепші-фактор болды.
Оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік әдебиет нұсқалары, екі тілдік
сөздіктер орасан мол жаңа номинацияны, кірме сөздерді қажет етті. Айталық,
Ахмет Байтұрсынұлының бір өзі тіл біліміне қатысты ондаған (тіпті жүзден де
асатын) жаңа ғылыми терминдерді ұсынды. Ол атаулар негізінен лингвистикалық
және әдебиеттану терминдері болды. Мектеп оқулықтарында қолданылатын
бастауыш, баяндауыш, зат есім, етістік, үстеу, есімдік, шылау, одағай,
нүкте, үтір, сызықшы, жұрнақ, жалғау, ұяң дыбыс, қатаң дыбыс, жақша
дегендерден бастап, осы күнге дейін термин ретінде орныққан атауларды
дүниеге келтірді [7, 186]. Сол сияқты бүгінге дейін қолданыстағы шумақ,
тармақ, бунақ, бейнелеу, кейіптеу сияқты әдебиет терминдері де сол кезең
үшін жаңа сөздер болатын. Тек терминдер емес, мектептер мен жоғары оқу
орындарында тіл, әдебиет, мәдениет, жаратылыстану пәндері сияқты салалардың
жазба үлгілерінің баяндау барысында қолданылған көптеген қарапайым сөздер
де лексикалық жаңалық ретінде танылды. Мысалы, түбірге жұрнақ жалғанғанда,
екі етістік қосарынан сөйлегенде, еткен іске бір нәрсе сабақтаулы болса,
өзгелік етіс дейміз деген қазақ тілінің алғашқы оқулықтарындағы сөйлем
үзіктеріндегі курсивпен терілген сөздер бұрын осы жердегі мағыналарында
мүлдем кездеспеген тұлғалар болатын.
Байтұрсынұлының тілге қосқан жаңалықтарының бір тобын – байырғы
сөздердің тіркес түріндегі термин жасайтын компоненттер ретінде келгендері
құрайды. Мысалы, ішкергі, тысқарғы жалғаулар, ашық дыбыс, тұйық дыбыс,
жалқы есім, жалпы есім, оңаша тәуелдеу, ортақ тәуелдеу, өлшеулік үстеу,
мезгіл үстеу, бас мүше, баянды мүше дегендердегі курсивпен көрсетілген
сөздердің жеке өздері жаңа тұлға емес, атқаратын қызметі, осы тіркесте
беретін мағынасы жаңа.
Демек, ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ жазба әдеби тілінің
жаңалықтары дегенде осы құбылыстарды атау керек. Бұл жерде үлкен ізденіс-
талдау Ахмет Байтұрсынұлының термин жасауда ұстанған принциптері, амалдары
жайында болуға тиіс.
Қазақ тіліне білім-ғылым саласына қажет жаңа сөздерді жаңа ұғым
атауларын, нағыз ғылыми терминдерді келтіру ХХ ғасырдың алғашқы
онжылдықтарында жасап өткен қайраткерлерге оңайға түскен жоқ. Мұны Ахмет
Байтұрсынұлының өзі айтып, жақсы ескерткен болатын. Ахаң Тіл құрал атты
оқулығының Сөз басы деп аталатын Алғысөзінде: Тіл-құрал деген аты
қандай жат көрінсе, ішкі мазмұны да әуелгі кезде осындай жат көрінер,
үйткені бұл қазақта бұрын-соңды болмаған жаңа зат. Халықта бұрын болмаған
нәрсе жат көрініп, бірте-бірте бойы үйренген соң қалатын деп жазған еді.
А.Байтұрсынұлы қалдырған терминологиялық мұраның маңызы өте кең, өте
биік, себебі, ол мұра бір әлеуметтік саланы емес, бірнеше әлеуметтік
салаларды қамтиды: тілтанымды, әдебиеттанымды, әдістемені, этнографияны,
тарихи мәдениеттанымды, философияны, психологияны, педагогиканы, т.б. Сол
терминдер осы әлеуметтік салалардың әрқайсысына енетін бірнеше ғылыми
ағымдарды да, тармақтарды да қамтиды. Мысалы, А.Байтұрсынұлының тілтанымдық
терминдері тіл білімінің барлық барлық саласында қолданылады (фонетикада,
фонологияда, сөзжасамда, т.б.). А.Байтұрсынұлының ғылыми ізденістерінің
нәтижесінде дүниеге келген терминдер моностильдік те, полистильдік те
қызмет атқарады. Себебі олар ғылыми стильдің нақ ғылыми түрінде ғана емес,
ғылыми-әдістемелік, ғылыми-публицистикалық түрлерінде де, ресми құжаттарда
да қолданылады. Бірақ сонымен қатар ол терминдер өздерінің негізгі
терминдік қасиеттерін (бір мағыналықтығын, бейэмоциялықтығын, ...) толық
сақтайды.
Принциптер дегенде, оның ең басты екі түріне назар аудару қажет. Бірі
– термин жасауда төл өздерді кеңірек тарту, яғни өз байлығымызды
А.Байтұрсынұлынша айтқанда, сарқа пайдалану принципі. Екіншісі – орыс және
интерминдерді қабылдау болса, мұның өзі екі ыңғайда бой көрсетті. Аударуға
келетіндерін аударып, калька жасау жолымен тілімізге сіңген көптеген
терминдер бар. Мәселен, кезінде осындай жолдармен жасалған өнеркәсіп,
жемшөп, бесжылдық, міндеттеме, қызыл бұрыш, үндеу, т.б. толып жатқан
терминдер тіл байлығына қосылды.
А.Байтұрсынұлы атаған бірнеше принциптер мынадай:
1) термин жасауда ең тиімді жол ретінде ұғымдар мен мағынаны дәлірек
білдіретін қазақ сөздері көбірек тартылсын. Мұндағы мақсат терминнің
кәдімгі қарапайым сөздер іспетті жалпы жұртшылыққа түсінікті болуын көздеу.
2) егер қазақ тілінде мұндай сөздер табылмаған жағдайда туыс тілдерден
сөз алу. Мұндағы мақсат түркі тілдеріндегі сөздердің бәрі бірдей ортақ
көрінбегенімен, олардың түбі бір.
3) жалпыға бірдей халық терминдерін қабылдауға болады. Алайда мұндай
термин қазақ тілінің табиғатына тән заңдылықтарды бойларына сіңіріп, өзгере
енуі тиіс.
4) Қазақ сөзінің табиғатына сәйкес келмейтін шет сөздер, біріншіден,
олардың бойында біздің тілге жат дыбыстар керекті дыбыстармен ауыстырылады,
екіншіден, олардың суффикстері қазақшасымен алмастырылады; үшіншіден,
қосарлы дыбыстардың бірі алынып тасталады; төртіншіден, қазақ тіліне тән
емес қосымшалар қазақша айтылу ыңғайына көшеді. Мысалы: Оренбург-Орынбор,
пуховой-бөкебай, Адамовский-Адамау, т.т.
А.Байтұрсынұлының ұстанған негізгі принципі – қазақ тілінің сөз
байлығын барынша сарқа пайдалану. А.Байтұрсынұлының еңбектерінде
терминжасамның лексико-морфологиялық және морфология-синтаксистік
принциптерін сөз еткен. Ол ұстанған қағидада терминжасамда кірме сөздерді
де қазақ тілінің заңдылығына қарай бұзып алған түрлерін де қолдану қажет
деген. Бұл жөнінде ғалым Р.Сыздықова былай дейді: ...бұдан жүз жылдан
астам бұрын қазақ тіліне еніп, қолданыста әбден дағдыға айналған кірме
сөздерді енді қайтадан қазақшалап, жасанды сөздермен білдіру тіл үшін де,
ол тілдің иелері үшін де оңтайлы емес, өйткені тіл тіршілігінде дағды
факторының орны ерекше, онымен қай тіл болса да санаспай отыра алмайды,
себебі тіл – қалың жұртшылықтың, бүкіл халықтың құзырындағы дүние [8, 5].
Түрік тілдерінің ішінде үндесімді бар болмысымен сақтап қалған бірден-
бір тіл – қазақ тілі екенін түрколог-ғалымдар бірауыздан айтып отыр. Асыл
тіл, түзу емле қазақта деп А.Байтұрсынұлы айтқан болса, тіл заңын түзеу де
қазақ тіл білімінен басталып, бүгінде қайта жалғасын тапты. Сондықтан да
қазір қазақ фонетикасы ғылымында тілдің дыбыстық жүйесін үндесім теориясы
бойынша сипаттауды терминологиялық жағынан реттеу үрдісі жүріп жатыр [9,
107].
Қазақ тілінің дыбыс жүйесін сингармониялық ғылыми бағытта бірінші
болып зерттеген – А.Байтұрсынұлы. А.Байтұрсынұлы сингармонизм терминін
қолданбаған, бірақ сингармонизм ұғымын еңбектерінде толық қамтыған, себебі
қазақ тілінің дыбыс қорын, сөйлесім процесін езулік жуан, езулік жіңішке
категорияларында ұғып, ғылыми ізденістер жүргізіп, классификация жасаған.
Яғни, А.Байтұрсынұлының фонетикаға, графикаға, фонограмиялық, орфоэпияға
арналған еңбектері езу сингармонизімінің негізінде жасалған.
А.Байтұрсынұлы ерін сингармонизімінің негізін ғылыми ізденістер
жүргізбеген, оның себебі, біздің ойымызша, ерін сингармонизімінің қазақша
сөйлесім процесінің мәні мен қызметінің әлсіздігінде, сондықтан қазақ
индивидінің есту қабілетінің (фонологиялық елегінің) айқын қабылдамауында. 
Сингармонизм терминін тіл білімінде бірінші болып қолданған
Х.Досмұхамедұлы. Сингармонизмді (әлем тіл білімінде) тұңғыш болып
дауыстылар гармониясы ұғымында емес, жалпы дыбыстар гармонисы ұғымында
түсініліп зерттеулер жүргізілген.
А.Байтұрсынұлы сингармонизм термиін қолданбаған, бірақ қазақ тілінің
әліпбиін жасағанда дыбыс жүйесін зерттегенде сингармонизм – сөз
құрамындағы барлық дыбыстардың үндестігі ұғымында нық тұрған. Яғни,
А.Байтұрсынұлы пен Х.Досмұхамедұлының сингармонизмді түсінулері, қазақ
дыбыс жүйесін зерттеулері бір ғылыми теорияға негізделген.
Қазіргі қазақ тілі фонологиясы А.Байтұрсынұлы пен Х.Досмұхамедұлының
сингармониялық концепцияларынан мынадай ғылыми ұғымдарды қабылдап,
дамытты. 
1. Сингармонизм – қазақша тілдесінің негізгі қасиеті.
2. Сингармонизм тек дауыстылар гармониясы емес, сөздің құрамындағы
барлық дыбыстардың гармониясы (дауыстылардың, дауыссыздардың). 
3. Жуандық – жіңішкелік корреляция (қарама - қарсы). 
4. Сингармониялық дыбыс – сөз мағынасын өзгертетін тіл құралы.
5. Поэзия түсінігі (дыбыстың сөз құрамындағы орны, өзінен ілгері және
кейін тұрған дыбыстармен қарым - қатынасы). 
Осы фонологиялық ұғымдар қазақ тіл білімінде күрделі ғылыми
интерпретацияға ие болып, т.б. сингармониялық ұғымдармен,
категориялармен, принциптермен қоса зерттеліп, сингармониялық және
акцентті – фонемалық теориялардың пайда болып, қалыптасуына ғылыми
негіз болды.
Сингармонизм – гректің Sun “бірге және hanmoni байланысу, үндесу
деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин. 
Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі
жіңішке айтылады. Түбірдегі дауысты дыбыстың немесе соңғы буынның өзгеріп
отыруына байланысты сингормонизмнің мына секілді заңдары болады:
1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе
сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан
болады.
2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе
сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да
жіңішке болады. 
Осы заңдылықтармен байланысты сөздің соңғы буынында -х, - қ, -ғ
дауыссыздары келсе, қосымшалар үнемі жуан болады. 
1. Соңында ь жіңішкелік белгісі бар бір буынды сөздерден кейін және –
брь, ль дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша жіңішкелік түрде
жалғанады.
2. -рк, - нк, -ск, -кт дыбыстарының тіркесіне біткен сөздерге
қосымшалар жіңішке түрде жалғанады. Басқа тілден енген сөздер қазақ
тілінің сингорманизім заңына бағынбайды. Бірақ бұларға қазақ
тілінің қосымшалары жалғанады.
Осылармен бірге, тілімізде ерін үндестігі деген бар. Ол еріндік –о,
-ө, -ұ, -ү дыбыстарынан айтуда еріндік дыбыстарға жақындатады. 
Дауыстылардың бір – бірімен үндесуі сингармонизм деп аталады. Түркі
тілдеріндегі байырғы сөздерде сингармонизм екі түрде ұшырасады. 
1. Дауысты дыбыстар тілдің қатысты жағынан.
2. Еріннің қатысы бір – бірімен өзара үндесіп айтылады.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесін сингармониялық ғылыми бағытта бірінші
болып зерттеген – А.Байтұрсынұлы. А.Байтұрсынұлы сингармонизм терминін
қолданбаған, бірақ сингармонизм ұғымын еңбектерінде толық қамтыған, себебі
қазақ тілінің дыбыс қорын, сөйлесім процесін езулік жуан, езулік жіңішке
категорияларында ұғып, ғылыми ізденістер жүргізіп, классификация жасаған.
Яғни, А. Байтұрсынұлының фонетикаға, графикаға, фонограмиялық, орфоэпияға
арналған еңбектері езу сингармонизмінің негізінде жасалған.
Алайда кеңестік дәуірдің білім-ғылым саласында атап өтуге тұрарлық
жақсы нышандармен қатар ұлт мәдениетінің дамуына кесірін тигізген тұстар да
болғаны тарихтан мәлім. Мұндай жағдай қазақ тілінде термин реттеу барысында
да орын алып жатты. Мәселен, 30-жылдардың аяғынан белең ала бастаған
интерминдерді орыс тіліндегі қалпынша жазып, қабылдау керек деген принцип
80-жылдардың ортасына дейін қатаң ұсталынып келді. Осының салдарынан тіл
табиғатынан туындаған төл байлықты сарқа пайдалану арқылы тіліміздің
мәдениетіне қосылар сан алуан терминдік үлгілер, атап айтқанда,
А.Байтұрсынұлы принципі көмескіленіп келді. Терминжасамдағы бұл теріс
көзқарастың қырсығынан әлі күнге арыла алмай келеміз.
Қазақ терминологиясы дамуының терихында өзге тілдерден қабылданған
терминдерді жазу мәселесіне келгенде екі түрлі бағыт болды. Біріншісі – жат
сөздерді жалпы халықтың айту мәнеріне сәйкестендіріп жазу. Лексикалық
қорымыздың 30 пайыздан астамын құрайтын араб-парсы сөздері жалпы қазақ
халқының айту мәнеріне лайықталып қабылданған, солай жазылған. XVIII – XIX
ғасырларда орыс тілінен қабылданған болыс, самаурын, бәтіңке, пәуеске,
керует сияқты сөздер де осы ізбен тілімізге енген болатын. Ахмет
Байтұрсынұлы кезеңіндегі алаш зиялылары да өзге тілдердің сөздерін
қабылдауда осы жолды ұстанды. 1910-30 жылдар аралығында жарық көрген
мерзімді басылымдар мен сөздіктерде, ғылыми-оқулық әдебиеттердің
көпшілігінде кәмөнес (коммунист), бәлшебек (большевик), жағырапия
(география), пәлсапа (философия), алжебір (алгебра), әкті (акт), аптамат
(автомат), бәктер (бактерия), іспектір (спектор), қылор (хлор), сипыр
(цифр), нөл (нуль), кібітенсе (квитанция), кәмір (камера), зүмірет
(изумруд), жанарал (генерал) түрінде жазылды.
Туыстас түркі тілдерінен термин қабылдау қажеттігіміздің себептерін
А.Байтұрсынұлы былай түсіндіреді: Олай етуіміздің себебі: 1) туыстас
тілдердің көптеген сөздерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ термин жасамының тарих даму кезеңдері
Қазақ тіліндегі лингвистикалық терминдердің жасалу көздері мен оларды аудару мәселелері
Қазақ терминологиясы қалыптасуының кезеңдік сипаты
Қазақтың ғылыми терминологиясын қалыптастырудағы Ахмет Байтұрсынұлының рөлі
ХІХ ғ.екінші жартысынан 1930 жылға дейінгі аралықта орын алған өзгерістер және терминология мәселесі
Ахмет Байтұрсыновтың тіл біліміне қажет терминдерінің жалпы сипаты
Терминтанудың тарихы тереңде
Қазақ терминологиясының даму кезеңдері
Біріздендіру – терминологиялық қорды қалыптастыру жолы
Қазақ терминологиясының қалыптасу және даму жолдары
Пәндер