Қазіргі қазақ тіліндегі жанама толықтауыштар



МАЗМҰНЫ:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

І тарау. Толықтауыш туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1. Толықтауыш туралы түсінік және оның зерттелуі. ... ... ... ... ... ... .
1.2. Толықтауыштың мағыналық түрлері мен тұлғалық, мағыналық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ тарау. Жанама толықтауыштың тұлғалық және мағыналық ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1. Жанама толықтауыштар туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Жанама толықтауыштардың семантикалық реңктері ... ... ... ... ... ..
2.3. Барыс септік жалғаулы жанама толықтауыштар ... ... ... ... ... ... ... .
2.4. Жатыс септік жалғаулы жанама толықтауыштар ... ... ... ... ... ... ... .
2.5. Шығыс септік жалғаулы жанама толықтауыштар ... ... ... ... ... ... ...
2.6. Көмектес септік жалғаулы жанама толықтауыштар ... ... ... ... ... ... .

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тұрлаусыз мүшелердің ішінде сөйлемнің семантика-грамматикалық құрылымында бас мүшелерден (бастауыш, баяндауыш) кейінгі орынды толықтауыш иеленеді. Себебі ол субъекті (бастауыш) қимылының жүзеге асуына себепші, оның әсеріне, ықпалына ұшырайтын, соған жанама да, тікелей де қатысты болып, субъект әрекетін толықтырып, нақтылай түсетін объектіні (затты, кісіні, сол мағынадағы басқа да сөздерді) білдіреді.
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің құрамына енетін толықтауыш өз ішінен тура және жанама толықтауыш болып бөлінеді. Барыс, шығыс, көмектес және жатыс септіктеріндегі толықтауыштар жанама толықтауыш деп аталатындығы белгілі. Олай аталуы – оның сөйлемдегі басқа сөздерге қатысы қалай болатынымен байланысты: жанама толықтауыштар тура толықтауыштардай, сабақты етістіктермен ғана тығыз байланысты айтылмай, негізінде, сабақты және салт етістіктермен алшақ байланыста тұрып, оларды жанама түрде толықтайды. Жанама толықтауыштардың мағыналары септік категориясының барыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғаулы түрлерімен келеді.
Септік жалғаулары арқылы жасалған жанама толықтауыштардың семантикалық реңктері тілімізде өте мол қабатты құрайды.
Қазақ тіл білімінде осы аталған жанама толықтауыш мәселесі бірді-екілі ғылыми мақалаларда сөз болғанымен, бүгінге дейін ғалымдар назарынан тыс қалып келеді. Бұл зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – қазіргі қазақ тіліндегі жанама толықтауыштардың құрылымдық-мағыналық ерекшеліктерін айқындап беру, аталған мәселені тілдік материалдармен дәлелдеу.
Осы мақсатқа жету жолында төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- толықтауыш туралы жалпы түсінік беріп өту;
- тіл біліміндегі толықтауыштың зерттелу жайына тоқталу;
- толықтауыштың мағыналық түрлері мен тұлғалық, мағыналық ерекшеліктерін ашып көрсету;
- жанама толықтауыш туралы сөз ету;
- жанама толықтауыштардың семантикалық реңктерін ашып көрсету;
- барыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғаулы жанама толықтауыштардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, мысалдармен дәлелдеу.
Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыста баяндау әдісі, талдау әдісі, сипаттама әдісі қолданылды.
Зерттеу нысаны. Қазіргі қазақ тіліндегі жанама толықтауыштардың құрылымдық-мағыналық ерекшеліктері.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеу жұмысын жазу барысында қазақ тіл білімінің көрнекті ғалымдары – А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, Т.Сайрамбаев, т.б. ғылыми еңбектері негіз болды.
Теориялық ой-тұжырымдарды дәлелдеуе көркем туындылардан жинақталған тілдік материал пайдаланылды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Сайрамбаев Т., Сағындықұлы Б. Синтаксис мәселелері. Алматы: Қазақ университеті, 2008.
2. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1992.
3. Жұбанов Қ. Қазақ тіл білімі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966.
4. Сауранбаев Н. Қазақ тілі. Алматы: Мектеп, 1953.
5. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. Астана, 2002.
6. Әбуханов Ғ. Қазақ тілі. Лексика, фонетика және морфология мен синтаксис. Алматы, 1960.
7. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы: Ғылым, 1999.
8. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. Алматы: Санат, 1994.
9. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Санат, 2003.
10. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі (синтаксис). Атамұра, 2006.
11. Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы. 2-том (синтаксис). Алматы: Ғылым, 1967.
12. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1992.
13. Бакубаева Г. Көмектес септікті жанама толықтауыштар // Қазақ тілі мен әдебиеті журналы, № 1, 2007.
14. Аблақов А. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері. Алматы: Мектеп, 1992.
15. Бакубаева Г. Шығыс септікті жанама толықтауыштар // Қазақ тілі мен әдебиеті журналы, № 6, 2007.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі қазақ тіліндегі жанама толықтауыштардың
құрылымдық-мағыналық ерекшеліктері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В011700 мамандығы – Қазақ тілі мен әдебиеті

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .

І тарау. Толықтауыш туралы жалпы түсінік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Толықтауыш туралы түсінік және оның зерттелуі.
... ... ... ... ... ... .
1.2. Толықтауыштың мағыналық түрлері мен тұлғалық, мағыналық
ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...

ІІ тарау. Жанама толықтауыштың тұлғалық және мағыналық ерекшелігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1. Жанама толықтауыштар туралы түсінік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Жанама толықтауыштардың семантикалық реңктері
... ... ... ... ... ..
2.3. Барыс септік жалғаулы жанама толықтауыштар
... ... ... ... ... ... ... .
2.4. Жатыс септік жалғаулы жанама толықтауыштар
... ... ... ... ... ... ... .
2.5. Шығыс септік жалғаулы жанама толықтауыштар
... ... ... ... ... ... ...
2.6. Көмектес септік жалғаулы жанама толықтауыштар
... ... ... ... ... ... .

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тұрлаусыз мүшелердің ішінде сөйлемнің
семантика-грамматикалық құрылымында бас мүшелерден (бастауыш, баяндауыш)
кейінгі орынды толықтауыш иеленеді. Себебі ол субъекті (бастауыш) қимылының
жүзеге асуына себепші, оның әсеріне, ықпалына ұшырайтын, соған жанама да,
тікелей де қатысты болып, субъект әрекетін толықтырып, нақтылай түсетін
объектіні (затты, кісіні, сол мағынадағы басқа да сөздерді) білдіреді.
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің құрамына енетін толықтауыш өз ішінен
тура және жанама толықтауыш болып бөлінеді. Барыс, шығыс, көмектес және
жатыс септіктеріндегі толықтауыштар жанама толықтауыш деп аталатындығы
белгілі. Олай аталуы – оның сөйлемдегі басқа сөздерге қатысы қалай
болатынымен байланысты: жанама толықтауыштар тура толықтауыштардай, сабақты
етістіктермен ғана тығыз байланысты айтылмай, негізінде, сабақты және салт
етістіктермен алшақ байланыста тұрып, оларды жанама түрде толықтайды.
Жанама толықтауыштардың мағыналары септік категориясының барыс, жатыс,
шығыс, көмектес жалғаулы түрлерімен келеді.
Септік жалғаулары арқылы жасалған жанама толықтауыштардың семантикалық
реңктері тілімізде өте мол қабатты құрайды.
Қазақ тіл білімінде осы аталған жанама толықтауыш мәселесі бірді-екілі
ғылыми мақалаларда сөз болғанымен, бүгінге дейін ғалымдар назарынан тыс
қалып келеді. Бұл зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты –
қазіргі қазақ тіліндегі жанама толықтауыштардың құрылымдық-мағыналық
ерекшеліктерін айқындап беру, аталған мәселені тілдік материалдармен
дәлелдеу.
Осы мақсатқа жету жолында төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- толықтауыш туралы жалпы түсінік беріп өту;
- тіл біліміндегі толықтауыштың зерттелу жайына тоқталу;
- толықтауыштың мағыналық түрлері мен тұлғалық, мағыналық
ерекшеліктерін ашып көрсету;
- жанама толықтауыш туралы сөз ету;
- жанама толықтауыштардың семантикалық реңктерін ашып көрсету;
- барыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғаулы жанама толықтауыштардың
әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, мысалдармен дәлелдеу.
Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыста баяндау әдісі, талдау әдісі,
сипаттама әдісі қолданылды.
Зерттеу нысаны. Қазіргі қазақ тіліндегі жанама толықтауыштардың
құрылымдық-мағыналық ерекшеліктері.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеу жұмысын жазу
барысында қазақ тіл білімінің көрнекті ғалымдары – А.Байтұрсынов,
Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, Т.Сайрамбаев, т.б. ғылыми еңбектері негіз болды.
Теориялық ой-тұжырымдарды дәлелдеуе көркем туындылардан жинақталған
тілдік материал пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ. ТОЛЫҚТАУЫШ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Толықтауыш туралы түсінік және оның зерттелуі

Қазақ тіл білімі жайындағы жеке еңбектер ХІХ ғасырдың екінші
жартысынан бастау алады. Қалыптасу деңгейіндегі алғашқы тұжырымдар, ең
алдымен, орысғалымдарының еңбектерінде сөз болды. Осы кезде орыс ғалымдары
түрлі ағымда, түрлі мақсатта Орта Азия мен Қазақстан, Сібір түркі тілдерін
зерттеуді мақсат еткен-тін.
Қазақ тілінің грамматикасы үшін П.М.Мелиоранский елеулі еңбек
қалдырды. Автордың қазақ тілі үшін Қазақ қырғыздың қысқаша грамматикасы
жарық көрді. Зерттеушінің екінші кітабы қазақ тілінің синтаксисіне
арналған. Әрине, сол уақыт шамасында қазақ тілі синтаксисі туралы жеке
еңбек болған емес. Бұл еңбек – қазақ тілі синтаксисі туралы тұңғыш зерттеу.
Ғалым жалпы сөйлем мүшелері, соның ішінде, бастауыш, баяндауыш туралы көп
айтады, ал толықтауышқа арнайы тоқталмай, тек оларды атаумен шектеледі [1,
20].
1912 жылы орыс миссионерлерінің бірі Н.Сазонтовтың Записка по
грамматике киргизского языка деген еңбегі Ташкентте басылып шықты.
Н.Сазонтов жай сөйлемде бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, олардың жасалуы
туралы сөз еткенімен, толықтауышты атай отырып, бірақ оның жасалу жолына
онша бара бермейді.
Қазақ тілін жан-жақты зерттеу, оның ішкі қыр-сырын білу, негізінен,
ұлт қадіріне келіп тіреледі. Осы тұрғыдан алғанда, А.Байтұрсыновтың қазақ
тілінің тілдік ерекшелігін нақтылауының маңызы орасан зор. Ғалымның
синтаксис туралы арнайы ойлары Тіл – құрал еңбегінің ІІІ бөліміне арқау
болады. еңбектің бірінші бөлімінде, ең алдымен, сөйлем мүшелері сөз болады.
ғалым сөйлем мүшелерін түркі тілінде тұрлаулы, тұрлаусыз болып
бөлінетіндігін алғаш болып айтқан. Автор Толықтауыш деп нәрсе амалын,
жайын, болмысын, толықтыру үшін айтылатын сөзді айтамыз [2, 75] деген
ереже береді. оның зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу,
демеулік, жалғаулық, одағай, бүтін сөйлемнен де жасалуын көрсетеді. Оның
сауалдары да анық: кімге? неге? кімді? нені? кімді? неде? кімнен? неден? не
қылуға? не істеуге? кім? не? Автор толықталатын сөздер баяндауыштарды
толықтап тұрады дегенді де ескертеді. Ал толықтауыштың жанама түрін
атамағанымен, жалғаулықты және жалғаулықсыз толықтауыш тура толықтауыш деп
аталады деп, табыс септігінің түсіріліп айтылуы мен көмекші сөзсіз
толықтауыштарды ерекше көрсетеді. Автор Жұман жүзу үшін қайғырмады
сөйлеміндегі үшін шылауы қатысқан түйдекті тіркесті толықтауыш деуі
ойландырады. Автордың ерекше бір өзіндік жаңалығы – Бай бол дегеннен адам
байымайды сөйлемінен толықтауышты табуы. Жалпы автордың толықтауыш туралы
тек үшін шылаулы түрі болмаса, былайша араласа қарау мәселесін таба
алмайсыз. Мұның өзі автордың толықтауыш мәнін жетік түсінгендігін
байқатады.
Қ.Жұбанов – қазақ тілінің ең көрнекті ғалымы. Автор тілдің барлық
саласына өз үлесін қалдыра білді. Ғалымның синтаксис туралы негізгі ойлары
Қазақ тілі грамматикасы деген еңбегінде. Автор ойынша, сөйлем бір сөзді
де, бірнеше сөзді де болады. Бір сөзді сөйлем – басы, қол-аяғы жоқ тас-
домалақ дене сияқты, яғни іштей талдауға болмайды. Ал көп сөзді сөйлем –
басы, кеудесі, қолы, аяғы бар дене сияқты. Көп сөзді сөйлемнің осындай
түгел ойдың бір бөлшегін білдіретін әр сөзін сөйлем мүшесі деген автор
оларды баяндауыш, бастауыш жне айқындауыш деп үшке бөледі. Ғалымның тілімен
айтсақ, айқындауыштар, тұрлаусыз мүшелер. Сөйлемнің айқындауыш мүшелері
анықтауыш пен толықтауыш арқылы тиянақталған. Ғалым жалғаулы болса,
толықтауышқа, жалғаусыз болса анықтауышқа телиді [3, 401-402].
Сөйлем мүшелерін мағынасына қарай бастауыш, баяндауыш, айқындаыш деп
талдаған ғалым барлық уақытта бұл тұжырымды ұстай алмады. Қ.Жұбанов
тұжырымдаы кейін өзгеріп, тура айқындауыш, бұрма айқындауыш, жалғаусыз
түрлер анықтауыш деп берілді. Осы бағытпен жалғау түрі негізінде ілік
жалғаулы сөзді де формасына қарай толықтауышқа қосты. Сол сияқты автор хат
жаздым, қала мектебі және басқа да септіктердің түсірілуін толықтауышқа
қосып қарады.
Академик Н.Сауранбаев негізінде тілдің барлық саласында еңбек еткен.
Автордың алғашқы бағыты синтаксис, оның ішінде құрмалас сөйлем синтаксисі.
Оның көрінісі – С.Аманжоловпен бірігіп жазған 1939 жылғы мектеп
грамматикасы. 1953 жылы жеке өзі Қазақ тілі оқулығын жарыққа шығарды.
Қазақ тілі оқулығы жазылғанға дейін автордың Қазақ тілінің синтаксисінің
мәселелері (1941), Жай сөйлемдердің негізгі байланысу тәсілдері (1946),
Жанама толықтауыш пен пысықтауыш мүшелер сияқты ғылыми мақалалар
жариялады. Н.Сауранбаев синтаксис туралы ойларын, негізінен, 1953 жылғы
Қазақ тілінде жүйелі түрде бере білген.
Сөйлем мүшелеріне келгенде, А.Байтұрсынов ұсынған пікір бойынша
тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер деп бөліп, оны бастауыш, баяндауыш, анықтауыш,
толықтауыш, пысықтауыш деп беске ажыратқан.
Автор толықтауыштың көбіне етістікпен байланысатынын кең түрде ашады.
Соның негізінде толықтауыш, өзін-өзі толықтайды дейді. Жабыла атқа мінген
ел сыртқа қарай жөнкіді деген атқа толықтауышы мінген есімшелі анықтауышты
да толықтап тұр деп оның аясын кеңейтіп жібереді. Толықтауыштың сұраулары
ретінде берілген кімді? Неге? Қайда? кімді? Нені? кімде? неде? Неден?
қайдан? кіммен? Немен? сұрауларына қатысты екі түрлі ойды байқауға болады.
Біріншіден, автор кімге? неге? Кімнен? Неден? дегеннен кейін ол
септіктердегі сөздердің себеп мағынасын толықтауышқа қоспайды. Ал қайда?
қайдан? сұраулары арқылы мекенді білдіруді толықтауышқа қосуын сол кездің
талас пікірінің бір көрінісі деу дұрыс.
Ғалым толықтауыш барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері
арқылы көбіне зат есім, есімдік, онан кейін сын есім, сан есім, етістіктің
тұйық райы, есімше түрлерінен болатынын кең түрде көрсеткен. Сол сияқты
толықтауыш қызметіндегі туралы, жайында, дейін, шейін, таман, қарай, соң,
бастап, гөрі шылауларын әр септік бойынша бөліп көрсеткен. Н.Сауранбаевтың
гөрі, бастап, шылаулары туралы ойлары назар аударарлық. Ол гөрі шылауына
менен гөрі бойшаңырақ дегендегі гөрі шылаулы түйдекті тіркесін толықтауыш
деп таныған. Ал бастап шылауына (мектептің кластарынан бастап коридорына
дейін бәрі тап-таза) күрделі мүше бастауыш қызметінде жұмсалған. Қазіргі
кезде ғалым назар аударған шылаулардың мұндай қасиеті онша ескеріле
бермейтіндей.
Еңбектегі толықтауыштың тура және жанама түрлері түсіндіріліп, тура
толықтауыш жалғауының түсірілу-түсірілмеуін белгілілік-белгісіздікке саяды:
Тура толықтауыш жалпы түрде айтылғанда табыс жалғауы түсіріледі де, айқын
түрде айтылғанда табыс жалғауы түсірілмейді [4, 153].
Тұрлаусыз мүшелердің ішінде сөйлемнің семантика-грамматикалық
құрылымында бас мүшелерден (бастауыш, баяндауыш) кейінгі орынды толықтауыш
иеленеді. Себебі ол субъекті (бастауыш) қимылының жүзеге асуына себепші,
оның әсеріне, ықпалына ұшырайтын, соған жанама да, тікелей де қатысты
болып, субъект әрекетін толықтырып, нақтылай түсетін объектіні (затты,
кісіні, сол мағынадағы басқа да сөздерді) білдіреді [5, 651]. Құлыншақ
Абайға қарай түсіп, үлкен сары шақшасын тырнағымен сыртылдата қағып отырып,
бір кезде көк бұйра насыбайын екі танауына құшырлана тартып қойды (Әуезов).
Сөйлем ішіндегі толықтауыш қызметіндегі сөздер Абайға, шақшасын,
тырнағымен, насыбайын, танауына болады да, олардың баяндауышқа қатысы,
олармен байланысу тұлғалары әр түрлі екені көрінеді. Осыған сай олардың
семантикалық мәнері де бірдей емес. Өйткені сөйлемдегі кей толықтауыштар
Абайға, тырнағымен, танауына қимылға тікелей қатысты болмаса да, оны
мағыналық жағынан толықтырып, жанамалай болса да байланысып тұрғаны
аңғарылады, ал кейбіреулері шақшасын, насыбайын субъекті қимылын іске
асыруға тікелей қатысты объектілер болып тұрғаны айқын.
Толықтауыш сөйлемде етістік баяндауышпен және етістіктен болған басқа
мүшелермен де байланысты болады. Толықтауыш етістіктен болған баяндауыштағы
және етістік болған өзге мүшелердегі айтылған амал-әрекетті, қимылдық
процесті тиянақтап толықтырып тұрады.
Студент оқыды десек, оқушы не тыңдаушы адамдар істі істеуші адам мен
оның істеген қимылын түсінеді. Грамматикалық жағынан керекті тұрлаулы
мүшелері бар, дұрыс құрылған жай сөйлемді көреміз. Бірақ сөйлеушінің ойы
өрістетілмей келең, жалаңтүрде айтылған. Студенттің оқығаны белгілі де,
нені оқығаны белгісіз. Егер осы сөйлемге кітап (ты) деген сөзді қосып,
студент кітап оқыды десек, сөйлемдегі айтылуға тиісті ой айқындала түседі.
Бұл сөйлемдегі кітап деген сөз нені оқыды? деген сұраққа жауап болады.
тұлғалық және мағыналық жағынан оқыды етістігіне бағынышты болып, сол
етістік мағынасындағы қимылдық процестің әрекетіне ұшыраған затты көрсетіп,
баяндауыштың қимылын толықтырып тұр.
Толықтауыш үнемі етістік баяндауыштарды толықтыра бермейді. Етістіктен
болған өзге мүшелердің де мағынасын толықтырып тұрады. Жоғарыда келтірілген
сөйлемдегі оқыды деген баяндауышты өзгертіп, анықтауышқа айналдырып: Кітап
оқыған студенттер түсінгендерін жазып алды, - десек, кітап сөзі оқыған
деген есімшедегі болған анықтауыштың қимылдық мағынасын толықтырып тұр.
Сөйтіп, сөйлемдегі етістіктен болған баяндауыштың және етістіктен
болған басқа мүшелердің қимылдық мағынасын толықтап, атау мен іліктен басқа
септік жалғауларының бірінде келіп, солардың тікелей сұрағына жауап беретін
тұрлаусыз мүшені т о л ы қ т а у ы ш дейді.
Толықтауыш кімді? Нені? Кімге? неге? Кімде? неде? Кімнен? Неден?
кіммен? Немен? Кім туралы? Не туралы? Кім жөнінде? Не жөнінде? Деген
сұраулардың біріне жауап береді [6, 259]. Мысалы: Біздің досымыз хат
(нені?) жіберді. Мен сені (кімді?) өте қатты сағындым. Мен оны (нені?)
кейін білдім. Өзеннен (неден?) өткелі он километр жүрдік. Жұманда (кімде?)
үн жоқ. Осы кезек бір күні Алтынсарыға (кімге?) келді. Бізден (кімнен?)
айып алмас. Жіңішке жолмен (немен?) бір пар атты келеді.
Бұл сөйлемдердегі хат(ты), сені, оны деген сөздер табыс жалғауының
жасырын, ашық түрлерінде тұрып, нені? Кімді? Деген сұрауларға жауап беріп,
жіберді, сағындым, білдім деген сабақты етістіктерге меңгеріліп, тура
толықтауыш болып тұр. Өзеннен, бізден деген сөздер шығыс жалғауда келіп,
Жұманда деген сөз жатыс жалғауда. Алтынсарыға деген сөз барыс жалғауда,
жолмен деген сөз көмектес жалғауда келіп, неден? кімнен? Кімде? кімге?
немен? Сұрауларына жауап беріп, өткелі, айып алмас, үн жоқ, келеді
сөздеріне меңгеріліп, жанама толықтауыш болып тұр.
Толықтауыштар, көбінесе, етістік баяндауышты толықтап тұрады. Бірақ
сөйлем ішінде етістіктен болған бастауышты да, анықтауыш пен пысықтауышты
да, толықтауышты да толықтап келе береді.
Мұнда әкімшілік тарапынан да, кәсіподақ комитеті тарапынан да
міндеттеменің орындалуын тексеру, бақылау соңғы кезге дейін жеткіліксіз
болды. Бірақ қаз тобына айқасқан белгісі көрінбейді. Ал Байқошқарға келгелі
жинақталып, жазылған жоқ-ты. Атаңнан мылтық атуды да үйрен.
Бұл сөйлемдердегі толықтауыштар сөйлемнің әр түрлі мүшесін толықтап
тұр. Бірінші сөйлемде орындалуын деген табыс жалғаулық толықтауыш тексеру,
бақылау деген атау тұлғалы тұйық райлы етістіктен болған бастауышты; екінші
сөйлемде тобына деген барыс жалғаулы толықтауыш айқасқан деген өткен шақтық
есімшеден болған анықтауышты; үшінші сөйлемде Байқошқарға деген барыс
жалғаулы толықтауыш келгелі деген көсемшеден болған пысықтауышты;
төртіншіден, сөйлемде мылтық(ты) деген табыс жалғауының жасырын түріндегі
толықтауыш атуды деген табыс жалғаулы тұйық райлы етістіктен болған
толықтауышты толықтап тұр.
Меңгеруші (баяндауыш) сөз бен толықтауыштар арасындағы мағыналық
қатынас басқа тұрлаусыз мүшелер тіркесіне қарағанда біршама тығызырақ
болады. Өйткені меңгеруші яки баяндауыш сөздің сөйлемдегі семантикалық
мағынасы толықтауыш арқылы ғана толық ашылып, өзініңбар мүмкіндігімен айқын
көрінеді. Мысалы, жоғарыдағы сөйлемнің үлкен сары шақшасын тырнағымен
сыртылдата қағып отырып компонентіндегі толықтауыштардың бірін түсіріп,
деген күйде айтсақ, онда баяндауыштың қағып отырып семантикасы толық
ашылмап еді. Үлкен сары шақшасын сыртылдата қағып отырып, немесе тырнағымен
сыртылдата қағып отырып деген күйде айтсақ, онда баяндауыштың қағып отырып
семантикасы толық ашылмас еді.
Дәлірек айтсақ, алдыңғы тіркесте белгілі бір әрекеттің дыбыстық сипаты
сыртылдау қандай зат тырнағымен арқылы жүзеге асқаны белгісіз болса, соңғы
тіркесте қимылдың жүзеге асуына қағу қандай зат шақша тікелей қатысты болып
отырғаны белгісіз болып қалар еді. Сөйтіп, толықтауыш пен меңгеретін сөздің
арасында тығыз мағыналық байланыс болу себепті, толықтауыш іс-әрекеттің
тікелей объектісі ғана емес, оның мағынасын түсіндіруші, саралаушы,
нақтылаушы да болып табылады. Толықтауыштардың бұл қызметтері сөйлемде
арнаулы тұлғалары арқылы көрініп отырады.
Бұрынғы грамматикалардағы бір сөзбен тұрлаусыз мүшелер делініп жүрген
сөйлем мүшелері жаңа грамматикада айқындауыш деп аталған. Өйткені, бұл
мүшелердің өзгешелігі тұрлаулы-тұрлаусыздығында емес, басқа жағында.
Бұларды Ахмет Байтұрсыновтың Тіл құралында анықтауыш, толықтауыш,
пысықтауыш деген үш тапқа айырып, үш түрлі терминмен атайтын. Телжан
Шонановтың кітаптарында олай үшке айырмай, екі ғана жікке айырып, бірін
анықтауыш, екіншісін толықтауыш деп өте шыққан. А.Байтұрсыновтың
толықтауыш, пысықтауыш деп екі жікке айырғанын Т.Шонанов айырмай, бір-ақ
топқа иіріп, бір-ақ толықтауыш деген терминмен атайды.
Қай ғалым қалай атағанымен, мен осылардың ішіндегі толықтауышқа
кеңірек тоқталуды мақсат тұттым. Толықтауыштың ішіндегі жанама толықтауыш
және оның құрылымдық – мағыналық ерекшеліктерін қарастырмақпын.
Сонымен Т.Шонанов кітабының 60-бетінде толықтауыш жайын әңгіме етіп
келіп, былай дейді: Баяндауышты толықтыратын тұрлаусыз мүшені толықтауыш
дейді. Толықтауыш септеу сұрауларына (неге? Кейде? Қайда? Неден? Кімнен?
Қайдан? кіммен? қашан? Нені? Кімді? Кімде? Неде? Қай кезде?) жауап береді.
Толықтауыш сөйлемде баяндауышпен байланысты.
Профессор Қ.Жұбановтың еңбектерінде сөйлем мүшелері жайындағы өзіндік
айрықша ілімі анық байқалады. Сөйлемнің бастауышын ол бас мүше деп те
атайды. Ал бастауыш пен баяндауышты негізгі мүшелер деп қарастырады.
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін айқындауыш деп жіктейді. Осы жерден келіп
автор іліміндегі ерекшелік айқын байқалады. Ол тұрлаусыз мүшелерді өзара
саралауда мағына мен форманың өзіндік қызметін басшылыққа алған. Осы ретпен
тұрлаусыз мүшелер әуелі мағыналық белгісі жағынан айқындауыш деп аталады.
Мұны автор былайша дәлелдейді: Сөйлемде баяндауыш қызметін атқарып
тұрғанына қарай баяндауыш деп атағанымыз сияқты, басқа мүшелерді айқындап
тұрғанына қарай айқындауыш деп атағанымыз дұрыс болады.Енді осы айқындауыш
мүшелер формасына қарай екі түрге сараланады. Жалғаусыз түрі анықтауыш
болып аталады да, жалғаулы түрі толықтауыш делінеді. Байқайсыз ба,
анықтауыш, толықтауыш мүшелер, бұрынғыдай, сұрау арқылы емес, тек формалық
жағынан ажыратылады.
Автордың сөйлем мүшелерін өзара жіктеудегі үлгісін бір жерге
жинақтасақ, былай болып шығар еді:

бастауыш
Негізгі мүшелер
Баяндауыш

Айқындауыш анықтауыш
(тұрлаусыз
мүшелер) толықтауыш

Бұл схемадан қазіргі тілімізде аталып жүрген пысықтауыш байқалмайды.
Ол анықтауыштың қатарына (жалғаусыз түрі) қосылып кеткен. Қазірде мектеп
практикасында толықтауыш пен пысықтауыштарды ажыратуда кездесіп қалатын
қиындықтарды ескерсек, автордың жоғарыдағы методикалық әдісі ойлантпай
қоймайды: Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштан басқа жалғаусыз сөздің бәрі
де анықтауыш болады. Баяндауыштан басқа жалғаулы сөздің бәрі де толықтауыш
болады [7, 73-74].
Анықтауыш пен толықтауыштың негізі бір, екеуі де объект, екеуін де
анықтауыш деуге болар еді. Бірақ анықтауыш абстракт та, толықтауыштың
объект екендігі анық көрініп тұрады. Толықтауыш объектінің объектілігін
сақтаған, дегениен алғашқы табиғи объект пен мына объектінің айырмасы
үлкен.
Мұндағы объект неше түрлі құбылысқа айналып кеткен. Бұл құбылыстың
барлығы да қоғамдағы қарым-қатынастың сәулесі. Спиралдылық анықтауышта да,
толықтауышта да бар. Мұның спиралдылығы объектердің біресе толықтауышқа,
біресе анықтауышқа, біресе баяндауышқа байланысып, бір объект сөз сөйлем
мүшелерінің барлығы да бола алатындығына байланысты (сөйлемдегі орнына
қарай). Толықтауыштың өзі қайшылықпен байланысты шығады. Толықтауыш
анықтауыш сияқты, өзі толықтайтын сөздің алдында жүреді, тек поэзияда ғана
ол орын ауыстырып отырады.
Толықтауыштың мағынасын, маңызын сұрауға қарай айырамыз. [8, 119].
Сөйлемде атау мен іліктен басқа септік жалғауларының бірінде келіп,
баяндауыштың не басқа сөйлем мүшелерінің қимылдық мағынасын толықтырып
тұратын тұрлаусыз мүше толықтауыш деп аталады.Толықтауыш кімге? Неге?
Кімді? Нені? кімде? неде? Кімнен? Неден? Кіммен? Немен? Кім туралы? Не
туралы? деген сұрақтарға жауап береді.
Бұл туралы қазақ тілі грамматикасын танытатын тұңғыш оқулықтардың
авторы Ахмет Байтұрсынов та Толықтауыш деп нәрсе амалын, жайын, болмысын
толықтыру үшін айтылатын сөзді айтамыз. Сөйлем ішінде нәрсенің жайын,
амалын, болмысын айтатын сөз көбіне баяндауыш. Солай болған соң, толықтауыш
көбіне баяндауышты толықтау үшін айтылатын сөйлем мүшесі болып шығады [2,
279] десе, Мәулен Балақаев Жай сөйлемді жайылмаға айналдырып, оның іргесін
әрі қарай кеңейе беруге діңгек болатын тұрлаусыз мүше, алдымен,
толықтауыш. Олөзі бағынған сөзбен табыс, шығыс, барыс, көмектес, кейде
жатыс жалғауының бірінде жұмсалады.
Қысқасы, толықтауыш – қимыл процесінің иесі болатын мүше.
Толықтауыштар мағына, синтаксистік қызметіне, тұлғасына қарай 2-ге
бөлінеді: 1) тура толықтауыш, 2) жанама толықтауыш [9, 142] деп
түсіндіреді.
Одан әрі А.Байтұрсынұлының келтірген мысалдарын қарастыралық: Мерген
құс атты. Кім атты? – мерген. Мерген не қылды? – атты. Не атты? – құс.
Мұнда мерген деген сөз бастауыш, атты деген сөз баяндауыш. Құс деген
сөз не болмақшы? Мұның не болатынын білу үшін құс деген сөз неге айтылып
тұрғанын ашу керек, тегінде неменеге керек болғаннан айтылып тұрғанын білу
керек.Оны білу үшін құс деген сөзді тастап, тіпті айтпай қоя тұрып қарау
керек. Айтпағанда келетін кемшілік бар ма екен? Жана қандай екен? Құс
дегенді қалдырып, мерген атты деп ғана қойғанда, мерген атқанын ғана
білеміз, нені атқанын білмейміз. Екінші сөзбен айтқанда, мергеннің амалын
ғана білеміз, ол амалын неге жұмсағанын білмейміз. Атты дегенде нені
атқаны белгісіз болып, сөйлемнің жетпей тұрған жері бар: амал неге
жұмсалғанын айтпай тұр, сөйлемде кемістік бар. Сол кемістікті толықтыратын
сөз – құс, құс атты дегенде мерген амалы неге жұмсалғаны мағлұм болады.
Құс деген сөздің жоқтығынан атты деген сөзге келіп тұрған кемшілік
жоғалады. Атты - баяндауыш. Атты деген сөзге келіп тұрған кемшілік
жоғалып, мұның толыққаны баяндауыш толыққаны болып табылады. Сүйтіп, құс
деген атты баяндауышты толықтаушы сөз болып шықты. Жоғарыда ондай
баяндауышты толықтау үшін айтылатын сөз толықтауыш болады дедік. Бұл – ішкі
белгісі.
Мұнан басқа толықтауыштың тысқы белгілері бар. Ол белгілері –
толықтауыш сұрауларына жауап беру.Толыұтауыш сұраулары мынау: кімге? Неге?
Кімді? Нені? Не?кімде? неде? Кімнен? Неден? Не қылуға? Не етуге? жана да
Кім? Не? Деген сұрауларға мен, үшін, туралы, тақырыпты және басқа
жалғаулықтар қосылу мүмкін. Сөйлем ішінде толықтауышты осы сұраулармен,
жоғарыда айтылған ішкі белгісімен табамыз.
Әуелі – толықтауыш болады зат есім (жалғаулы-жалғаусыз жана жалғаулық
қосылған күйінде). Мысалы: 1) Әкесі баласына кітап сатып алды. 2) Асан
Үсенмен ақылдасты. 1) Кім сатып алды? - әкесі.Әкесі не қылды? – сатып алды.
Не сатып алды? – кітап. Кімге сатып алды? – баласына. 2) Кім ақылдасты? –
Асан. Асан не қылды? – ақылдасты. Кіммен ақылдасты? – Үсенмен.
1-інші мысалда – кітап, баласына деген сөздер сатып алды деген
баяндауышты толықтап тұр.Жана не? кімге? деген толықтауыш сұрауларына
жауап беріп тұр.
2-інші мысалда Үсенмен деген сөз ақылдасты деген баяндауышты
толықтап тұр жана кіммен? деген толықтауыш сұрауына жауап беріп тұр.
Сондықтан кітап, баласына, Үсенмен деген сөздер толықтауыш
болады. Кітап, баласына, Үсенмен деген сөздер – зат есім (бірінші сөз
жалғаулықпен тұр).Жалғаусыз жана жалғаулықсыз толықтауыш тура толықтауыш
деп аталады.
Екінші - толықтауыш болатын сын есім. Жалғаулы күйінде.
Мысалы: Күштіден істі озды. Кім озды? – істі. Істі не қылды? – озды.
Кімнен озды? – күштіден. Мұнда күштіден деген сөз озды деген
баяндауышты толықтап тұр жана кімнен? деген толықтауыш сұрауына жауап
беріп тұр. Сондықтан күштіден толықтауыш болады. Күштіден - сын есім
(жалғаулы).
Үшінші - толықтауыш болатын сан есім, жалғаулы күйінде. Мысалы: Бала
төрт пен бесті қоса алмады. Кім қоса алмады? – бала. Бала не қылды? – қоса
алмады. Нені қоса алмады? – бесті. Немен қоса алмады? – төртпен. Мұнда
бесті, төртпен деген сөздер қоса алмады деген баяндауышты толықтап
тұр. Жана нені? немен? деген толықтауыш сұрауларына жауап беріп тұр.
Сондықтан бұлар толықтауыш болады. Бесті, төртпен деген сөздер сан есім
(жалғаулы жана жалғаулық қосылған күйінде).
Төртінші - толықтауыш болады есімдік. Мысалы: 1) Бізде азық жоқ;
2) Сізде жазық жоқ. 1) Не жоқ? – азық. Азық нешік? – жоқ. Кімде жоқ? –
бізде. 2) Не жоқ? – жазық. Нешік? – жоқ. Кімде жоқ? – сізде. Мұнда
біздер, сіздер деген сөздер жоқ деген баяндауышты толықтап тұр жана
кімде? деген толықтауыш сұрауына жауап беріп тұр. Сондықтан бұлар
толықтауыш болады. Бізде, сізде деген сөздер – есімдік (жалғаулы
күйінде).
Бесінші - толықтауыш болатын етістік. Етістік толықтауыш болады,
көбінесе есімге айналған түрі мен есімше түрінде. 1) Мысалы: Күресуге
дәрмен жоқ. Не жоқ? – дәрмен. Дәрмен нешік? – жоқ. Неменеге жоқ? –
күресуге. 2) мысалы: Жұмаш жүру үшін қайғырмады. Кім қайғырмады? –
Жұмаш. Жұмаш не қылды? – қайғырмады. Немене үшін қайғырмады? – жүру үшін.
3) мысалы: Қорушыны торушы алады. Кім алады? – торушы. Торушы не
қылады? – алады. Кімді алады? – қорушыны. 4) мысалы: Жаман сыйлағанды
білмес. Кім білмес? – жаман. Жаман не етпес? – білмес. Нені білмес? –
сыйлағанды. 1-інші мысалда күресуге деген сөз жоқ деген баяндауышты
толықтап тұр, 2-інші мысалда жүру үшін деген сөз қайғырмады деген
баяндауышты толықтап тұр. 3-інші мысалда қорушыны деген сөз алады деген
баяндауышты толықтап тұр. 4-інші мысалда сыйлағанды деген сөз білмес
деген баяндауышты толықтап тұр. Жана да бұл күресуге, жүру үшін,
қорушыны, сыйлағанды деген сөздер неменеге?, немене үшін?,
кімді?, нені? деген толықтауыш сұрауларына жауап беріп тұр. Сондықтан
бұлар толықтауыш болады (күресуге, жүру үшін етістіктің есімге айналған
түрлері, қорушыны, сыйлағанды есімшенің осы шақтық өткен шақтық
түрлері).
Алтыншы - толықтауыш болатын үстеу. Мысал: Әні-ден міні көп
айтылады. Не көп айтылады? – міні. Міні не етіледі? – көп айтылады.
Міні неден көп айтылады? – әні-ден. Мұнда әні-ден деген көп айтылады
деген баяндауышты толықтап тұр жана неден? деген толықтауыш сұрауына
жауап беріп тұр. Сондықтан бұл сөздер толықтауыш болады. Әні-ден – үстеу.
Осы сияқты демеу де, жалғаулық та, одағай да, қатта бүтін сөйлем де
толықтауыш бола алады.[2, 280-281]
Барыс, шығыс, табыс жалғаулары кейде түсіп қалып отырады. Бұлардың
барлығын білу үшін сұрау қою керек. Баяндауыш етістіктен келіп тұрса, оған
жақын тұрған жалғаулардың түсіп қалуы – қазақ тіліндегі белгілі заң.
Мысалы: Мәскеуге барам деудің орнына Мәскеу барам, таудан астым деудің
орнына тау астым, кітапты алдым деудің орнына кітап алдым дейді. Түсіп
қалатын жалғау мен етістіктің екі ортасына басқа бір сөз қыстырылса, түсіп
қалатын жалғау жасырын түрден көрінеу түрге шығады. Мысалы: Ол Мәскеу барды
–Ол Мәскеуге кеше барды. [8, 119].
Барыс септігіндегі қайда? жатыс септігіндегі қайда? қашан? шығыс
септігіндегі қайдан? сұрақтарына жауап беретін сөздер – толықтауыш емес,
пысықтауыштар. Өйткені, толықтауыштар заттық ұғыммен, қимыл-іспен
байланысты болса, пысықтауыштар сөйлемде кеңістік, уақыт ұғымымен
байланысты қызмет етеді.[10, 191].
Белгілі септік жалғаулы сөздің я сөз тізбегінің толықтауыш болмай
қалуына себеп болатын бұрма сұраулар мыналар: қалай? қалай қарай? Қашан?
қашаннан бері? Қашанға шейін? Неліктен? Не себепті? Не үшін? Неге таман?
Қай жерге шейін? Кімнен соң? Кімнен кейін? Кімнен (неден) бұрын? Кіммен
бірге? Немен қабат? Немен қатар? т.б. Мысалы: Қаққан сайын өлеңі будақ-
будақ ағады (Жамбыл). Саша қысылғанынан үндемей қалды (М. Прилежаева). Ол
телефон соғуға кетті (С.Бабаевский). Малымыз жазда да, қыста да күйлі
болады (А.Тоқмағанбетов).
Қаққан сайын, қысылғаннан, телефон соғуға, жазда, қыста дегендер
форма жағынан жанама толықтауышқа ұқсас болғанымен, толықтауыштың тура
сұрағына жауап бермейтіндіктен, жанама толықтауыш бола алмайды, бұрма
сұрауға жауап беріп, пысықтауыш болады. [8, 130].
Сөйлем құрамында толықтауыштар, көбінесе, тек сөйлемнің баяндауышына
ғана қатысты болады да, сол баяндауыш білдіретін іс-қимылдың таралатын
объектісін, немесе іс-қимылдың әсеріне, ықпалына ұшырайтын, не оған ижанама
қатысты болатын затты (кісіні), құбылысты, т.б. білдіреді, мысалы: Құлыншақ
Абайға қарай түсіп, үлкен сар шақшасын тырнағымен сыртылдата қағып отырып,
бір кезде көк бұйра насыбайын екі танауына құшырлана тартып қойды
(М.Әуезов). Толықтауыш қызметіндегі сөздер: Абайға, шақшасын, тырнағымен,
насыбайын, танауына. Осы толықтауыштардың баяндауышпен байланысу тәсілдері
әр түрлі. Бірде толықтауыш табыс септікте тұрса (шақшасын, насыбайын),
бірде барыс тұлғада (Абайға), немесе көмектес, барыс (тырнағымен, танауына)
тұлғасында тұр. Олардың мәні де бірдей емес. Табыс септікті толықтауыштар
(шақшасын, насыбайын) субъектінің іс-әрекетінің таралған, жайылған
объектісі ретінде ұғынылса, барыс жалғаулы толықтауыш іс жанама бағытталған
объектіні (Абайға) білдіреді.
Толықтауыштар мен меңгеруші сөз арасындағы мағыналық қатынас, басқа
сөз тіркестеріне қарағанда, тығыз болады. Үйткені меңгеруші (толықталушы)
сөздің шын мәні толықтауыш арқылы ғана толық ашылып, айқындалады. Мысалы,
жоғарғы сөйлемнің бір компонентін талдап көрейік: үлкен сар шақшасын
тырнағымен сыртылдата қағып отырып. Сөйлемнің құрамындағы шақшасын,
тырнағымен толықтауыштарының бірін түсіріп, үлкен сар шақшасын сыртылдата
қағып отырып деп, немесе тырнағымен сыртылдата қағып отырып десек,
меңгеруші сыртылдата, қағып отырып сөздерінің мағынасы толық ашылмас еді.
Алдыңғы вариантта не арқылы сыртылдайтыны белгісіз болып қалады да,
соңғысында тырнағымен сыртылдатып отырғаны не екені белгісіз. Сөйтіп,
толықтауыш пен толықталатын сөздер арасындағы мағыналық қатынас тығыз
болады да, толықтауыш тек іс-әрекеттің объектісі ғана емес, толықталушының
мән-мағынасын түсіндіруші, саралаушы да.
Толықтауыштардың меңгеруші сөз білдіретін іс-әрекетке, қимылға
қатыстылық дәрежесі мағыналары, сондай-ақ сөйлем құрамындағы синтаксистік
қызметі бірдей емес. Олардың мұндай синтаксистік және мағыналық
ерекшеліктері тұлғалары арқылы көрінеді.
Сабақты етістіктен болған іс-қимылға, әрекетке тікелей қатысты болып,
сонымен бір тіркесте ғана ұғынылатын толықтауыштарды тура толықтауыштар
дейді. Тура толықтауыш өзі жетегінде айтылатын сөзге мағыналық жағынан да,
тұлғалық жағынан да бүтіндей тәуелді болады. Оның мән-мағынасы да сонымен
бір тіркесте ғана ұғынылады. Оның (толықтауыштың) грамматикалық тұлғасы
меңгерущі етістіктің лексика-грамматикалық ерекшелігімен айқындалады.
Кітапты оқыды, тамақты ішті, баланы жұбатты тәрізді тіркестер құрамындағы
кітап, тамақ, бала сөздерінің табыс септікте тұруы меңгеруші оқыды, ішті,
жұбатты етістіктерінің лексика-грамматикалық қасиеттерімен айқындалған. Бұл
етістіктердің қайсысы да мәндеріне лайық нені? Деген сұрақты қажет етеді
де, бағынышты сөздің табыс жалғауда тұруы керек болады. Сөйтіп, табыс
септік тура толықтауыштың грамматикалық тұлғасы болады да, олар сабақты
етістіктердің жетегінде айтылады.
Етістіктен болған баяндауышпен не басқа бір мүшемен барыс, жатыс,
шығыс, көмектес септіктері арқылы байланысып, іс-әрекетті қосымша, жанама
толықтайтын сөйлем мүшелері жанама толықтауыш деп аталады. Жанама
толықтауыштар меңгеретін мүшемен біршама еркін байланысқа түседі. Тура
толықтауыш сияқты, өзі бағынышты, тәуелді бола бермейді. Сонымен қатар,
олардың мәндері де сан-салалы, көп қырлы болып отырады [11, 61-62].
Зат есімдер, немесе заттанып солардың орнына жұмсалған сөздер барыс,
жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде тұрып,жанама толықтауыш
қызметін атқарады. Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде жанама
толықтауыштарды меңгеретіндер тек салт етістіктері емес, сабақты етістіктер
болуы да мүмкін. Жанама толықтауыш сабақты етістікке қатысты болғанда, тура
толықтауышпен қосарланып, бір топта қолданылады, мысалы: Түнде сойған
тауықтың өкпе-бауырын Ботагөз балтамен ұсатып, ақ ірімшік араластырып тәтті
түшпәрә пісірген еді. Бала бір кезде көзін жеңімен сүртті (С.Мұқанов).
Табыс жалғаулы тура толықтауышпен бір топта айтылған жанам толықтауыш
көмектес септікте тұр. Бұл арада мынадай бір ерекшелік бар: жанама
толықтауыш етістік-баяндауыштың мәнін жіктеуші екінші дәрежелі мүше ғана
бола алады. Етістік-баяндауышқа тікелей қатысты, онымен тығыз байланысты,
қалай да айтылуға тиіс мүше – тура толықтауыш. Егер тура толықтауыш
айтылмай қалса, оның оны жоқталып тұрады, ал жанама толықтауыш айтылмаса,
байқалмайды. Өйткені, жанама толықтауыш етістік-баяндауыштың ықпалынан,
соның мәнінен тумайды [11, 68].

1.2. Толықтауыштың мағыналық түрлері мен тұлғалық, мағыналық
ерекшеліктері

Толықтауыштар тура және жанама болып бөлінеді. Бұл баяндауыш
қызметіндегі етістіктің семантикалық сипатына сай қай септіктегі сөзді
меңгере алуына байланысты айқындалады. Сонымен бірге толықтауыштар құрамы
жағынан дара да, күрделі де болып келеді. Күрделі толықтауыштар тұрақты сөз
тіркестерінен де немесе сөйлемдік дәрежедегі күрделі оралымдардан да
тұрады. Соңғы күрделі толықтауыштарды өз ішінде сөйлем мүшелеріне ажыратуға
болады.
Тура толықтауыш. Тура толықтауыштар морфологиялық тұлғалық жағынан
табыс септік жалғауында болып келеді де, өзін меңгеріп тұратын етістікке
мағына жағынан кірігіп тұрады. Ондай толықтауыш сөйлемде айтылмаса,
меңгеріп тұрған сабақты етістіктің мағынасы олқыланып, ой жеткілікті түрде
тиянақталмайды. Мағыналық жағынан етістіктің сабақты түрінен болған іс-
әрекетке тікелей байланысты болып, сонымен ғана бір тіркес құрайтын заттық-
объектілік қатынастағы толықтауыш түрін тура толықтауыш деп атайды. Тура
толықтауыш табыс септігінің сұрауына жауап береді.
Табыс септік жалғауы тұлғасында айтылып, сөйлемдегі сабақты етістіктен
болған мүшеге меңгеріліп, кімді? Нені? Деген сұраққа жауап беріп тұратын
толықтауышты тура толықтауыш деп атайды.
Нақтырақ айтқанда, тура толықтауыш өзі жетектелетін сөздерге мағыналық
жағынан да, тұлғалық жағынан да тәуелді болады.
Ағашты жарды, шұлықты тоқыды, інісін ойнатты тіркестеріндегі ағаш,
шұлық, іні сөздерінің тура толықтауыш болуы меңгеруші етістіктердің (жарды,
тоқыды, ойнатты) лексика-грамматикалық ерекшеліктерімен байланысты.
Себебі, тура толықтауыш ретінде түсінілетін сөз етістіктің сабақтылық
мағынасымен тікелей байланысты болса, керісінше, сабақты етістік өзі
меңгеретін сөздің табыс септігінде тұрып, нені? деген сұраққа жауап беруін
талап етеді.
Басқа түркі тілдеріндегі тәрізді қазақ тіліндегі тура толықтауыштар
меңгерілетін сөзбен табыс септігінің ашық не жасырын тұлғасы арқылы
байланысады. Қыздың көзінен сонау тұнық аспанды көрді (Алауов). Айгүл
жақында ғана ауылдағы ағасынан хат алған (Мағауин).
Балалар ағаш тасыды. Құрылысшылар үй салды деген сөйлемдердегі ааш, үй
сөздерінің жалғаусыз қолданылуы, олардың нақты бір ағашты, не бір үйді
білдірмей, жалпылық ұғымда қолданылуымен байланысты. Оның есесіне,
Құрылысшылар үйді салып бітірді, Балалар ағашты кесті десек, жалпылықтан
гөрі нақты бір үйдіңсалынғаны немесе нақты бір ағаштың кесілгені туралы
ұғынылар еді. Бірақ, осы ерекшеліктің өзі де тіл фактілерінде барлық
жағдайда кездесе бермейді.
Соған қарағанда, табыс жалғауының сабақты етістікпен іргелес келген
жағдайда жалғаусыз не жалғаулы келуін нақты бір белгілі себеппен шектеуге
болмайтын тәрізді. Алайда тағы бір айқын нәрсе – жалғаулы табыс
септігіндегі сөздің айрықша екпінмен айтылып, өзі тіркесетін етістіктен ара
жігін ашып айтылатындығы. Соған байланысты тыңдаушы не оқушы назары сол
сөзге баса аударылады. Ал жалғаусыз айтылған сөз баяндауышпен ұласа бір
ырғақта айтылғандықтан, оған назар онша аударыла қоймайды. Бұның өзі
сөйлемнің лексикалық-коммуникативтік құрылымымен де байланысты болса керек.
Тура толықтауыштың жалғаулы, жалғаусыз жұмсалу себептерін түсіну үшін,
олардың әрдайым жалғаулы болып жұмсалатын ережелерін айқындау керек.
Ең алдымен, тура толықтауыш өзі меңгеретін етістіктен алшақ тұрып,
арасына сөз салып, байланысса, үнемі жалғаулы болып келеді. Бұл –
бұлжымайтын, өзгермейтін қағида. Абай осы кеште болған өз халін бұл түнде
де, ертеңінде де түсіне алмай кетті (Әуезов).
Ал, тура толықтауыш сабақты етістікпен іргелес келгенде мынадай
жағдайларда жалғаулы болып келеді:
1. Бір сөз сөйлем ішінде әрі субъектілік, әрі объектілік қызметте
жұмсалып қайталанса, объектілік қызметтегі тура толықтауыш жалғаулы
болады: Балықшы балықшыны алыстан таниды.
2. Бірыңғай тура толықтауыштардың соңғысы көбінесе жалғаулы болып
келеді. Болат пен кірпіштерді өріп қалап, төбесі айнаменен
шатырланбақ (Әбілов).
3. Тәуелдік жалғаулы сөздер тура толықтауыш қызметінде жалғаулы болып
келеді. Адрестерін алып қалуым керек қой (Мүсірепов).
4. Қайталама қос сөздерден жасалған тура толықтауыштар сабақты
етістіктердің алдында әрдайым жалғаулы болып келеді. Біз үй-үйді
аралап, үгіт-насихат жүргіздік.
5. Тура толықтауыш болатын сөз бен етістік метафоралық қатынаста
айтылса, тура толықтауыш жалғаулы болады: Ән салды таңды мақтап
сансыз торғай (Торайғыров).
6. Тура толықтауыштың табыс жалғаулы болуы кейде оларды анықтайтын
сөздерге де байланысты болады:
а) сілтеу есімдіктерінен болған анықтауышы бар тура толықтауыштар: Осы
каналды қазып бітірейік (Мұқанов);
ә) –ған тұлғалы есімшеден болған анықтауышы бар тура толықтауыштар.
Жаттан шыққан, қаптап жатқан, жауыз бен жауыздықты қайтіп тыярсың
(Әуезов);
б) –ғы, -гі, -қы, -кі тұлғалы анықтауышы бар тура толықтауыштар:
Тіпті, бір бейнесі бұлдыр қыз бен жігіттің көңіл түкпіріндегі сырын
танисың (Мағауин).
7. Есім мен көмекші етістік тіркесінен болған баяндауыш тура
толықтауыштың жалғаулы болуын қажет етеді: Бұл пайда колхозды
миллионер етеді (Мұстафин).
8. Кісі аттары мен олардың орнына жүретін есімдіктер етістіктің
алдында жалғаулы тура толықтауыш болып жұмсалады. Ұзақ күрес
біреуді жалықтырады, біреуді құнықтырады (Мұстафин). Бірақ,
Төлеутайын тарықтырған емес (Жұмаділов).
Адам аттарына тіркесіп келетін қосалқы айқындауыш та жалғаулы болып
келеді. Андрей Жабай қартты көріп қалды (Мұқанов).
9. Сан есім, сын есім, есімше, сілтеу есімдіктері де сабақты
етістіктің алдында жалғаулы тура толықтауыш болып келеді: Көтерілді
күміс күн, Кремль соқты сегізді (Сәрсенбаев). Жақсыны көрмек үшін
(Мақал). Амантай алыстан аттыны көрді (Мұқанов). Жеті класты
бітіргенді алмады (Мұқанов). Басымыз қосылып, ананы-мынаны еске
түсірдік.
10. Мағынасы абстракт туынды зат есімдер де тура толықтауыш қызметінде
жалғаулы болып келеді: Данилов жайлылықты сүйетін (Мұқанов).
Тура толықтауыштың бұл айтылған жағдайлары әлі де толықтырыла беруі
мүмкін. Өйткені, ауызекі сөйлеуде коммуникативтік ситуация ыңғайында ондай
өзгерістер мол болады. Қалай болғанда да, тура толықтауыштың сабақты
етістікпен меңгерілуі кезінде жалғаулы болуының себебі біреу ғана емес,
(мысалы, белгілілік немесе даралық), ол - әр сөйлемнің өзіндік логикалық
(коммуникативтік) немесе мазмұндық құрылымымен де, синтаксистік
(грамматикалық) құрылымымен де байланысты болып жататын құбылыс. Соның
ішінде ең басты байқалатын нәрсе объектілік мағынасы өзінен-өзі айқын,
яғни тарихи жағынан ертеден белгілі бір іс-әрекет, қимыл-қозғалысқа
ұшырауға бейім болып қалыптасқан, ұзақ дәуір айтылу барысында арнаулы
екпінді қажет етпей-ақ түсінікті болатындай дәрежеге жеткен сөздер тура
толықтауыш қызметінде жалғаусыз боп қолданылады. Ал жалғаулы боп
қолданылатын тура толықтауыштар көбіне, негізінен, басқа қызметте жұмсалуға
бейім, бірақ әр түрлі себептермен (лексикалық, грамматикалық, семантикалық)
объектілік қызметке ауысқан сөздер. Бұдан шығатын қорытынды – тура
толықтауыштың жалғаусыз болуы – алғашқы сөздердің өте ерте дәуірде ешбір
жалғаусыз, түбір күйінде келіп, тіркескенін ғалымдар жоққа шығармайды, ал
жалғаулы түрі – кейін пайда болған құбылыстар. Соңғылардың ішінде екпін
түспейтіндері – алғашқы (алғашында олар да екпінді болып, соңырақ екпіннен
айрыла бастаған), екпін түсетіндері кейінірек пайда болған тура
толықтауыштар.
Толықтауыштар да, тұрлаулы мүшелер сияқты сөз таптарының барлығынан
белгілі морфологиялық тұлғада тұрып жасала береді.
1. Барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларындағы зат
есім сөздері етістікке меңгеріліп, толықтауыш болады.
Бас кондуктор да қабағын шытып, тымырая қалды. Теңбілкөкпен шабатын
баласы Қайыркен көрінеді. Жұмсақ вагондардағы жолаушылар орындарынан тұрып,
төсек-орындарын жинастырып жатыр.асылтастың ойында түк жоқ, күле сөйлейді.
Жанна Ақанға тым суынып қалғандай.
2. Заттық ұғымда қолданылған сан есім, сын есім, есімдік, есімше,
тұйық райлы етістік, үстеулер де атау мен ілік септіктен басқа септік
жалғауларында тұрып толықтауыш болады.
Оның қуанышы, бақыты өзіне қайтты. Ыстығы мен суығына бірдей төздірген
игілікті еңбек. Жылқыға менің кімді жібергім келгенін енді ұқтыңба? Одан
қатты жүруші болма! Маған олардың бәрі Саржанды жерлеуге жиналып отырғандай
көрінді. Бестен үшті алса, екі қалады. Жақсыны жамандаса, аруағы тасады.
Жаманды жамандаса, құты қашады. Қорыққанға қос көрінер.
3. Зат есім, есімді, тұйық райлы етістік сөздеріне туралы, тақырыпты,
жайында, жөнінде сияқтады шылаулардың бірі тіркесіп айтылса, толықтауыш
болады.
Екеуі ауылда суландыру жайында бірсыпыра кеңесті. Жиналыста сен
жөнінде де біраз талас болды. Жүрек туралы диссертация қорғап жатқан
қайсың? – деп, көңілсіз күлді.
Тұрлаулы мүшелер сияқты, толықтауыштар да құрылысына қарай дара
толықтауыш, күрделі толықтауыш болып келеді.
Күрделі толықтауыштар төмендегі сияқты сөз тіркестерінен тұрады:
1. Анықтаушы-анықталушы қатынастағы екі зат есім сөздерінің тіркесі.
Сынып белсенділеріне үлкен жауапкершілікпен жүктеледі.
2. Күрделі сан есімдер де күрделі толықтауыш болады: Қырық тоғызды
жетіге бөлуге болады.
3. Зат есім мен есімшелердің тіркесі де күрделі толықтауыш болады:
құлақ естігенді көз көреді. Сөз тапқанға қолқа жоқ.
4. Заттық ұғымда айтылған қос сөздерден күрделі толықтауыш жасалады.
Қай елдің адамы екенін, ер-тоқымына қарап тануға болады. ұзын
бойлы қара сұр әйел аяқ-табағын жинай бастады.
5. Заттық ұғымдағы сөздер мен көмекші сөздердің тіркесінен де күрделі
толықтауыш. Асқардың қонамыз дегендегі ойы Ботагөзді көре кету
екенін Итбай аңғарды. Үйдегілер келе жатқан кісінің кім екенін
біле қойды.
ІІ ТАРАУ. ЖАНАМА ТОЛЫҚТАУЫШТЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ЖӘНЕ МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
2.1. Жанама толықтауыштар туралы түсінік

Өзін меңгеретін сөздермен (сөйлем мүшелерімен) атау, ілік және табыс
септігінен басқа септік жалғаулары арқылы байланысып, сөйлемді мағыналық-
мазмұндық жағынан қосымша, жанамалай толықтырып тұратын толықтауыш түрін
жанама толықтауыш деп атайды.
Жанама толықтауыштар өзін меңгеретін мүшелермен біршама еркін
байланыста болады. Бұл да толықталатын сөздің (мүшенің) лекика-
грамматикалық сипатына байланысты болады. Жанама толықтауыштардың мәндері
олардың грамматикалық тұлғаларына сай алуан түрлі болып келеді.
Зат есімдер немесе заттанып (субъективтеніп) солардың орнына
қолданылған сөздер барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде тұрып, салт
және сабақты етістіктерге меңгеріліп, жанама толықтауыш қызметін атқарады.
Қазіргі оқығаннан сіз ойлаған адамды таппадым (Әуезов). Осы сөйлем ішіндегі
жанма толықтауыш оқығаннан мен тура толықтауыш адамды бір етістікке
таппадым меңгеріліп тұрса, бұлардың ішінде тура толықтауыштың мағыналық
рөлі басым екені, сондықтан оның етістікпен байланысы да тығыз екені айқын
байқалады.
Нақтырақ айтқанда, етістік баяндауышты сөйлемдер ішінде тура
толықтауыш пен жанама толықтауыш қатар келгенде тура толықтауышты түсіріп
айтса, сөйлемнің мағыналық құрылымына елеулі нұқсан келеді де, ал жанама
толықтауышты түсіргеннен аса бір мағыналық өзгеріс бола қоймайды. Алайда ол
сөйлем мазмұнын толығырақ, нақтырақ етіп беруде қосалқы қызмет атқаратыны
байқалып тұрады.
Табыс септігіндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тура толықтауыш болатын сөздер
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Сөйлем мүшелері - сөйлемнің ішкі бөліктері
Қазақ тіліндегі күрделі сөздер емлесі
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Қазіргі қазақ тілінде үйірлі мүше
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Тұрақты тіркесті мезгіл пысықтауыш
Қазақ және моңғол тілдеріндегі сөйлем құрылысының ұқсастығы мен ерекшеліктері
Қысқарған сөзді сөйлем мүшелері
Пәндер