Ертегі кейіпкерлерінің есімдеріне тілдік талдау



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. тарау Антропонимдер туралы теориялық түсінік ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Антропонимдердің зерттелу жайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Антропонимдердің жасалу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3. Антропонимдердің мағыналық түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
1.4. Тілімізге басқа тілдерден енген кісі аттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

2. тарау Ертегі кейіпкерлерінің есімдеріне тілдік талдау ... ... ... ... 32
2.1. Қиял.ғажайып ертегілерде кездесетін антропонимдер ... ... ... ... ... ... 32
2.2. Хайуанаттар жайлы ертегілерде кездесетін антропонимдер ... ... ... ..40
2.3. Шыншыл ертегілерде кездесетін антропонимдер ... ... ... ... ... ... ... .43.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52
Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Фольклордың халық тарихындағы рөлі үлкен екені баршамызға мәлім.
Ол – халық ойынан туған қауымдық шығарма. Фольклордың қара сөзбен айтылатын ауыз әдебиетінің ең көне жанрының бірі – ертегі.
Зерттеу жұмысының өзектілігі – осы ертегілердегі жалқы есімдерді (антропонимдерді ) семантикалық және этимологиялық тұрғысынан зерттелмегендігімен болып отыр.
Тіліміздегі жалқы есімдер атауларынан халықтың таным – түсінігін, қоршаған ортаны, дүниені танып-білудегі ұлттық ерекшеліктерді көруге болады. Ұлттың тіліндегі сол тілдің иесі болып табылатын халықтың рухани, әлеуметтік және материалдық мәдениетіне қатысты
ақпараттарға толы болады. Сол себепті де жалқы есімдердің этимологиясын ( тарихи тұрғыдан ), семантикасын ( мағыналарындағы ақпараттарды анықтаудың ) маңызы айрықша.
Антропонимдердің мағынасына терең үңіліп, оларды зерттеу арқылы біз халқымыздың тарихына, дүниетанымдық ерекшеліктеріне қатысты түрлі мәліметтерді білеміз.
Фольклорлық антропонимдердің ең басты ерекшелігі – олардың айқын көрініс табатын идиоэтникалық семантикасы, өйткені фольклордың өзі этностың тұрмыс – тіршілігі мен санасының ежелгі түрлерімен, оның рухани материалдық мәдениетімен тығыз байланыста болған.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақ ертегілерінде кездесетін жалқы есімдердің этимологиясын, семантикасын (атаулардың мағынасын анықтап, айқындау); логика- стилистикалық (ертегілердегі кейіпкерлер есімдерін ) талдау;

Зерттеудің мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттерді шешуді қарастырамыз:
- қазақ ертегілерін мазмұнына, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлеміз: а) қиял-ғажайып ертегілерде кездесетін антропонимдер, ә) хайуанаттар жайындағы ертегілерде кездесетін антропонимдер, б) шыншыл ертегілерде кездесетін антропонимдер.
- осыған байланысты ертегілерде кездесетін (жалқы есімдерді ) антропонимдерді тауып, мысалдармен дәлелдейміз.
Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеу жұмысын жазу барысында талдау, салыстыру, ой-қорыту сияқты әдістер пайдаланылды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Жанұзақов Т. Қазақ ономастикасы. 1-том. Астана, 2006.
2. Жанұзақов Т, Есбаева К Қазақ есімдері – Алматы, 1988
3. Мәдиева Г.Б, Иманбердиева С.Қ. Ономастика: Зерттеу мәселелері – 2005, 240 б.
4. Әлімбек Г. Сөз мағынасы және ақпарат. Оқу құралы – Алматы: Атлас баспасы, 2001, 168 б.
5. Қазақ ономастикасының мәселелері. – Алматы: Ғылым баспасы, 1986, 135 б.
6. Жанұзақов Т. Қазақ есімдерінің тарихы. Лингвистикалық және тарихи этнографиялық талдау. Алматы: Ғылым, 1971, 218 б.
7. Қазақ антропонимның зерттелуі жайында // Білім, 2007, №6, 53-55 б.
8. Сейдімбек А. Қарға тамырлы қазақ. Антропонимика және шежіре.//Таңшолпан, 2006, №3, 106-112 б.
9. Смағүлов А. Қазақ есімдері. Анықтама көрсеткіш.
10. Жанұзақов Т. Есімдер сыры. – Алматы: Қазан,1989 192 б.
11. Жанұзақов Т. Есіміңіз кім? – Алматы, 1989.
12. Керімбаев Д.Н Қазақ фольклорындағы жалқы есімдердің құрамы мен этнолингвистикалық сипаты. Филология ғылымдарының кандидаты диссертациясының авторефераты. – Алматы, 2004.
13. Досжанов Б. Қазақ тіліндегі көне тұлғалы антропонимдер. Филология ғылымдарының кандидаты диссертациясының авторефераты. – Астана, 2001, 22 б.
14. Мұсабаева М.Д. Қазақ тіліндегі антропонимиялық «Аталымдардың» этнолингвистикалық сипаттамасы. – Алматы, 1995, 20 б.
15. Қанарбаева А. Қазақ наным-сенімдерінің фольклордағы көрінісі. Алматы, 1990.
16. Қондыбай Серікбол. Арғы қазақ мифологиясы. А., 2000.
17. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. А., 1990.
18. Ертегі поэмаларындағы фольклорлық сюжеттер мен мотивтер. //Қазақ тілі мен әдебиеті №2, 48-49б.
19. Ертегідегі фантастика жасау құралы. //Қазақ тілі мен әдебиеті №8.
20. Ертегілер 2-том. – Алматы: Жазушы баспасы, 1988.
21. Ертегілер 4-том. – Алматы: Жазушы баспасы, 1989.
22. Қазақ ертегілері (Хайуанаттар туралы) «Балалар әдебиеті» баспасы. -2005.
23. Ертегілер 3-том. – Алматы: Жазушы: 1988.
24. Әжемнің ертегілері. Қазақ ертегілерінің антологиясы. Алматы: Аруна ЖШС, 2005.
25. Қазақ халық әдебиеті. Ертегілер 1-том Алматы: Жазушы, 1988.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1- тарау Антропонимдер туралы теориялық
түсінік ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Антропонимдердің зерттелу жайы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.2. Антропонимдердің жасалу жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3. Антропонимдердің мағыналық түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
1.4. Тілімізге басқа тілдерден енген кісі
аттары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...25

2- тарау Ертегі кейіпкерлерінің есімдеріне тілдік
талдау ... ... ... ... 32
2.1. Қиял-ғажайып ертегілерде кездесетін антропонимдер
... ... ... ... ... ... 32
2.2. Хайуанаттар жайлы ертегілерде кездесетін
антропонимдер ... ... ... ..40
2.3. Шыншыл ертегілерде кездесетін
антропонимдер ... ... ... ... ... .. ... ...43.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .51

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Фольклордың халық тарихындағы рөлі
үлкен екені баршамызға мәлім.
Ол – халық ойынан туған қауымдық шығарма. Фольклордың қара сөзбен
айтылатын ауыз әдебиетінің ең көне жанрының бірі – ертегі.
Зерттеу жұмысының өзектілігі – осы ертегілердегі жалқы есімдерді
(антропонимдерді ) семантикалық және этимологиялық тұрғысынан
зерттелмегендігімен болып отыр.
Тіліміздегі жалқы есімдер атауларынан халықтың таным –
түсінігін, қоршаған ортаны, дүниені танып-білудегі ұлттық
ерекшеліктерді көруге болады. Ұлттың тіліндегі сол тілдің иесі болып
табылатын халықтың рухани, әлеуметтік және материалдық мәдениетіне
қатысты
ақпараттарға толы болады. Сол себепті де жалқы есімдердің
этимологиясын ( тарихи тұрғыдан ), семантикасын ( мағыналарындағы
ақпараттарды анықтаудың ) маңызы айрықша.
Антропонимдердің мағынасына терең үңіліп, оларды зерттеу арқылы
біз халқымыздың тарихына, дүниетанымдық ерекшеліктеріне қатысты
түрлі мәліметтерді білеміз.
Фольклорлық антропонимдердің ең басты ерекшелігі – олардың
айқын көрініс табатын идиоэтникалық семантикасы, өйткені
фольклордың өзі этностың тұрмыс – тіршілігі мен санасының ежелгі
түрлерімен, оның рухани материалдық мәдениетімен тығыз байланыста
болған.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақ ертегілерінде кездесетін жалқы
есімдердің этимологиясын, семантикасын (атаулардың мағынасын анықтап,
айқындау); логика- стилистикалық (ертегілердегі кейіпкерлер есімдерін )
талдау;

Зерттеудің мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттерді шешуді
қарастырамыз:
- қазақ ертегілерін мазмұнына, әр алуан ерекшеліктеріне қарай
бірнеше түрге бөлеміз: а) қиял-ғажайып ертегілерде кездесетін
антропонимдер, ә) хайуанаттар жайындағы ертегілерде кездесетін
антропонимдер, б) шыншыл ертегілерде кездесетін антропонимдер.
- осыған байланысты ертегілерде кездесетін (жалқы есімдерді )
антропонимдерді тауып, мысалдармен дәлелдейміз.
Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеу жұмысын жазу барысында талдау,
салыстыру, ой-қорыту сияқты әдістер пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі
тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1- тарау. Антропонимдер туралы теориялық түсінік
1.1. Антропонимдердің зерттелу жайы

Тілдердің қай-қайсысында болмасын сөздер екі топқа бөлінеді. Олар –
жалпы және жалқы есім сөздер. Жалқы есімдер тілдегі жалпы есімдердей
құрылысы мен қолдану жүйесіне және мағыналық ерекшелігіне қарай әр
түрлі.
Ономастиканың адамзат қоғамында маңызы зор, үлкен рөл
атқарады.Ономастика – түркітануда жаңадан қолға алына бастаған, келешегі
мол, жас ғылым.
Ғылымның бұл саласының өзіндік зерттелу тарихы, ғылым ретінде
даму жолы, негізі бар. Қазақ тіліндегі, жалпы түркі тілдеріндегі
ономастиканың зерттелу жайын сөз еткенде, ең алдымен, орыс тіл
біліміндегі ономастиканың зерттелу тарихы түркі тілдерімен
салыстырғанда тым әріден басталады. Оның түркі тілдеріндегі
ономастиканың зерттелуіне жо жол ашып, әсер еткені шүбәсіз. 18-
ғасырда орыс есімдерін зерттеумен тек тарихшы, этнографтар
шұғылданса, 19- ғасырдың басынан бері филологтар зер салуда. Ұлы орыс
ғалымы М.В. Ломоносов жалқы есімдер мен жалпы есімдердің байланысын
байқап, поэтикалық-көркем тілдегі жалқы есімдердің кейбір
ерекшеліктерін көрсетті. Орыс тіліндегі жалқы есімдерді зерттеу осы
кезден бастап қолға алынған еді.
1813 жылы Россияда орыс есімдері бойынша Е.В. Болховитинов жазған
тұңғыш еңбек жарық көрді. Автор бұл еңбегінде орыс тіліндегі төл
есімдердің қойылу заңын, ондағы әдет-ғұрыптарға ерекше назар
аударды. Осымен қатар басқа елдерден енген есімдер, есімдердің
құрылысы мен типі тәрізді мәселелер де бар.
Орыс антропонимиясын алғаш рет зерттегендердің бірі, тұңғыш орыс
есімдері сөздігінің авторы – М.Морошкин. Ол өз сөздігінде аса бай
материалдар бере отырып, орыс есімдерінің құрылысына, әлеуметтік
сипатына, тілдік материал екендігіне көбірек көңіл бөлді. Өте құнды
пікірлер А.Балов, М.Харузин, Н.П.Лихачев мақалаларында және
Е.П.Карнович кітабында жарияланып отырады.
Л.М. Щетинин кітаптарының алғашқысы - жалқы есімдерге арналған
очерк. Екіншісінде кісі аттарының тарихына тоқтап, кейбіреуіне жеке
талдау жасаған. Автор кісі аттары мен жалпы есім сөздердің
байланысына ерекше тоқталады. Осымен қатар, әке аттарының,
фамилиялардың қалыптасу, шығу жолын баяндаған. Бұл екі кітапта
көптеген нақты материалдармен қатар тұжырымды ойлар, әрқилы
болжаулар, орыс есімдерінің тарихынан көптеген мағлұматтар бар.
Қазақ тіліндегі кісі аттары ( антропонимдер) жөнінде Октябрь
революциясынан бұрын бірлі-жарым мақалалар жазылғаны мәлім. Қазіргі
кезде ол жөнінде монографиялық еңбектер мен мақалалар, сөздіктер
жарыққа шықты. Әлбетте мұның бәрі орыс ғылымының игі әсерінің, озық
үлгісінің жемісі екені даусыз. Одақтас республика ғалымдары
қаламынан шыққан еңбектерден ономастика ғылымы тіл білімінің үлкен
бір саласы ретінде өркендеп, дамып келе жатқанын көреміз.
А.И.Самойлович қырғыз, алтай ертегілері мен аңыздарындағы жалқы
есімдердің, А.Бразин, И.Беляев түркі тайпаларының этникалық құрамы
туралы көрсеткіштер жазды.
Советтік дәуірде көптеген түркі тілдеріндегі ономастика
жөніндегі жеке ғылыми мақалалар шығып, сөздіктер соңында кісі
аттарының тізбелері беріліп отырды. Ономастика саласында өнімді
еңбек беріп, белсене ат салысып жүрген ғалымдар саны көбейіп отыр.
Түркологияда аты белгілі ғалымдар С.Е.Малов, Н.А.Баскаков, А.Н. Кононов
т.б. ономастика мәселелеріне де көңіл бөліп, күрделі еңбектер
берді.
Туыстас түркі тілдеріндегі ономастиканың зерттеу жайы мен
жағдайы соңғы жылдары тіл мамандарының назарынан тыс қалмай отыр.
Бұл жөнінде татар тілшілерінің бастамасын ерекше атап айтуға
болады. Э.Р.Тенишов өзінің кең көлемде жазған рецензиясында татар
ономастикасының зерттелу тархы туралы жазылған Г.Ф. Саттаров
еңбегіне әділ де орынды баға берді.
Г.Ф.Саттаров татар ономастикасын зерттеу жолында айтарлықтай
еңбек сіңіріп көзге түсіп жүрген жемісті ғалым. Соңғы жылдар оның
қаламынан туған бірнеше еңбек жарық көріп отыр. Бұл еңбектерде татар
ономастикасының ( антропонимия, топонимия ) лексика-семантикалық құрамы,
этимологиясы мен жасалу жолдары, жазылу мәселелері жан-жақты сөз
болды.
Ономастиканың антропоним, топоним, этноним мәселелері жөніндегі
зерттеулер Өзбекстан, Түркменстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қарақалпақ,
Башқұрт республикаларында да кеңінен жүріп жатыр.
Өзбекстанда 60 жылдардан бері антропонимика бойынша зерттеулер
жүргізіліп, салиқалы өзбектермен көзге түсіп жүрген ғалымның бірі-
Э.Бегматов. Ол 1965 жылы Өзбек тілінің антропонимикасы деген
тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Ал кейінгі жылдары бірнеше
мақала, кітапшалар шығарды.
Түркімен ономастикасын зерттеуде белсене ат салысып жүрген
З.Б.Мухамедова, С.Атаниязов соңғы жылдар одақтық конференцияларға жиі
қатысып, баяндамалар жасап, мақалалар жариялауда.
Ономастика мәселесін зерттеу барысында Қырғызстан ғалымдары да
іске қосылды. Көрнекті ғалым И.А.Батманов ономастиканың мән-жайына,
оның келешекте зерттелу проблемасына ерекше назар аударып, шынайы
көңіл бөлді. Әсіресе көне түркі жазбаларындағы жалқы есімдерді талдау
арқылы ономасологтарға бас болып, тәлім үлгі көрсетті.
Қырғыз антропонимдері жайлы тұңғыш рет А.Идрисов кітапша
жазып, 1971 жылы жарыққа шығарды.
Қазақ есімдері туралы мақалалар 19 - ғасырдың екінші
жартысынан шыға бастаған. Ондай алғашқы мақалаларға А.Е. Алекторовтың,
А.Диваевтың мақалалары жатады. Бұның екеуі де көлемі жағынан тым шағын.
Бірақ алғашқы бастама ретінде олардың маңызы зор, аса жоғары
бағаланады.
Белгілі ономаст ғалым Телғожа Жанұзақов 1965 жылы жарық көрген
Қазақ тіліндегі жалқы есімдер атты еңбегінде Шымкент, Жетісу
қазақтарының тілінде Құдайқұл, Сәрсенқұл, Ырысқұл, Тәңірқұл, Рахманқұл
сияқты құл сөзімен келетін кісі аттары көп қойылса, батыс
аймағындағы қазақтар тілінде ғали, қали және олла сөзімен
келетін Жұмағали,Молдағали,Жексенғали,Байға ли,Шамғали,Бисенғали,Сапарғали,
Мұқамбетқали, Серікқали, Айтқали және Қатимолла, Ғарифолла, Сағидолла,
Сейфолла, Абдолла тәрізді есімдер жиі ұшырасатынын айтса, кейінгі
1989 жылы жарық көрген Есіміңіз кім ? деп аталатын қазақша-
орысша түсіндірме сөздігінің алғы сөзінде ақын, бек, бай, хан
сөздері арқылы жасалған есімдер мен фамилиялар көбінесе
оңтүстікте, оның ішінде, Жетісу аймағында басымырақ - деп жазады.
Батыс қазақтарының этнографиясын зерттеген ғалымдар Р.Карутц,
Р.Н.Харузин, А.Аристов еңбектерінен де кісі аттарына, ру, тайпа, жер-су
аттарына байланысты материалдар барын көреміз. Қазақ ономастикасы
туралы кейбір пікірлер, азды-кем этимологиялық талдаулар В.В. Бартольд,
Ш.Ш. Уәлиханов,В.И.Даль, А.И.Самойлович еңбектерінде де кездесіп
отырады. Бірақ оны ғылым ретінде тереңірек зерттеу, жолға қою жұмысы
қолға алынбаған еді. Қазақ ономастикасы Советтік дәуірде, қазақ тіл
білімінің қауырт дамуымен байланысты ұдайы зерттеліп келеді.
Профессор Қ.Жұбанов Қазақ сөйлеміндегі сөз тәртібінің
тарихынан деген тамаша еңбегінде біріккен тұлғалы кісі есімдерінің
синтаксистік құрылысына ерекше назар аударып, жан-жақты талдау жасайды.
Автор біріккен тұлғалы кісі аттары компоненттерінің орын тәртібін,
синтаксистік құрылысын тексере отырып, олардың тілдік, грамматикалық
құрылысының даму жайын, өзгеру сатысын, сонымен қатар бұл жөнінде
бірден-бір құнды материал болатындығын көрсеткен. Тіліміздегі Қойлыбай,
Майлыбай тәрізді есімдер мен Жылқыбай, Сиырбай, Түйебай секілді
есімдердің мағыналық әрі құрылымдық жағынан бірдей еместігін аса
көрегендікпен байқаған. Мұндағы лингвистикалық заңдылықтың сөз
тәртібіне, олардың орналасу принципіне сай болатыны еңбекте терең
талданады. Жоғарыдағы біріккен тұлғалы есімдердің компоненттеріндегі
бай сөзінің, біріншіден, мағынасына байланысты, екіншіден зат есім
не сын есім ретінде қолданылуына орай, бірінші не екінші компонентте
тұратынын көреміз.
Ғалымның бұл еңбегі қазақ антропонимика тарихында мәні зор
тұңғыш еңбек санатына қосылады. Кісі аттары мен фамилиялары туралы
алғашқы мақалалардың бірі профессор І.Кеңесбаев қаламынан туған
еді. Бұл мақалада қазақ есімдерінің дара, біріккен тұлғалары, араб-
иран тілдерінен енгендер, фамилиялардың қосымшалары және олардың
жазылуы, орфографиясы сөз болады. Кісі аттарының сөздік қорға
тәндігі, жеке зерттеу обьектісі болатыны және оларды шығу, қойылу
ретіне қарай топтастыру, жіктеу мәселелерін профессор Ғ.Мұсабаев,
Ғ.Айдаров өз еңбектерінде көптеген материалдар берген.Тілдегі
сөздер мен кісі аттарының жасалу заңдылықтарындағы ұқсастық, ондағы
кішірейткіш, еркелеткіш, ұлғайтқыш жұрнақтардың қызметі , өзіндік
ерекшелік сипаттары бар. Тілдегі осы өзекті мәселеге профессор
Ғ.Мұсабаевтың Қазақ тіліндегі кейбір кішірейткіш жұрнақтар атты
мақаласы арналған. Автор кісі аттарындағы еркелеткіш қан, жан, тай
тәрізді жұрнақтардың семантикасы мен функциясын саралайды.
Кішірейтуіш, сыйлау, құрметтеу қосымшаларының кісі аттарына қосылып,
оны өзгертіп, түрлентіп, тұрудағы рөлі тым орасан. Бұлар тілде
жиі кездесетін өнімді қосымшалар. С.Е. Малов онамастиканы зерттеуге
ерекше назар аударған мейлінше қолдаған ғалым. Түркі тілдерін,
әсіресе ұйғыр, қарақалпақ, өзбек, қазақ тілдерін жетік білетін
Сергей Ефимович Малов 1954 жылы Ленинград қаласында Қазақ
тіліндегі кісі есімдері деген кандидаттық дисертациясының тақырыбын
ұсынған. Түркі халықтары тіліндегі ономастиканы жан-жақты зерттеуді
батыл насихаттап, өзі де күрделі еңбек жазып жүрген белгілі
түрколог Н.А. Баскаков болатын. Ғалымның этнонимия, антропонимия
саласындағы еңбектерінде ономастиканы зерттеудің мән-маңызы жан-
жақты сөз болады. Антропонимдерді лингвистикалық тұрғыдан кеңірек
зерттеу елеуінші жылдардан бастап қызу қолға алынды.
Антропонимдердің тарихи лексика, этнография, қоғам тарихымен тығыз
байланысы ескеріліп, одан әрі тереңірек зерттей беруге бет қойылды.
Бұдан кейін қазақ тіліндегі кісі аттары жөніндегі кандидаттық
диссертация қорғалып, маңызды ғылыми мақалалар да жарық көрді.
Бұл мақалаларда кісі аттарының құрылысы, грамматикалық формалары

лексикалық табиғаты, фонетикалық өзгерістерді, тілімізге ену
жайлары өз шешімін тапты. Қазақ тіліндегі жалқы есімдер жоғары оқу
орындарындағы филолог студенттерге арналған оқулықтарда тым үстірт,
өте кедей баяндалған. Жалқы есімдердің жалпы есімдермен және
география, тарих, этнография сияқты ғылымның басқа салаларымен
байланысын көрсету, лексика-грамматикалық мағыналарын, стильдік
функциясын жан-жақты ашу- студенттердің сондай-ақ, тілші мамандардың
білімін арттырып, байыта түсуі сөзсіз. Осындай кемістіктердің орнын
толтырарлық жәрдемші құралдың бірі ретінде Қазақ тіліндегі жалқы
есімдер атты кітапша жарыққа шыққан.
Елімізде ономастика мәселесі бойынша соңғы жылдары одақтық,
аймақтық, республикалық конференциялар мен мәжілістер, семинарлар жиі
өтіп жүр. СССР Ғылым академиясының Тіл білімі, Этнография
институттары, СССР Географиялық қоғамы, Томск университеттерінде
өткізілген конференцияларда қазақ ономастикасы жайлы ондаған
баяндамалар жасалды. Бұл баяндамалардың бірі антропоним, топоним,
гидроним, этноантропоним жайлы болса, екіншісі жалпы ономастика
туралы болды.Бұл конференциялардың көтерген мәселелері және олардың
ономастика ғылымын зерттеудегі пайдасы мен маңызы туралы арнайы
ронимкалық мақалалар жазылды. ( 1, 56)

1.2. Антропонимдердің жасалу жолдары

Жалқы есімдерде, оның ішінде антропонимдерде қазақ тілінің сөздік
құрамы мен граматтикалық құрылысының сөз жасау, өзгерту тәсілінің ізі
бар екені көрінеді. Сөз жасау, өзгерту тәсілдері, сөз жоқ тілдің
грамматикалық құрылысының ерекшелігіне байланысты.
Қазақ антропонимдерінің жасалуы негізінен тілдік заңдылыққа, оның
нормасына сай бағынады. Антропонимдер бірнеше жолмен жасалады. Олардың
ішінде дара тұлғадан жасалу амалдары бар.Бұл ежелден белгілі,
қалыптасқан тәсіл. Дара тұлғаға қосымшалар қосу арқылы жаңа мағыналы
есім жасалады. Оны тума ат деп атаймыз. Мыс: Тілек деген
антропонимге қосымша қосу арқылы жаңа тұлғалы антропоним жасалады.
Антропонимдердің жасалуындағы жолдың бірі - екі сөзден біріктіріп
жасалған кісі аттары. Мұндай антропонимдік типке тән арқау сөздер
көбіне ақ, сары, бай, бек, хан, болат, тас, жан сияқты компоненттер.
Антропонимдердің түрленіп, тұлғаларының өзгеріп отыруында аффикстердің
ролі зор.
Кішірейткіш яки еркелету жұрнақтары арқылы абревиатуралық немесе
деминутивтік есімдер жасалады. Осы антропонимдік аффикстер арқылы
шет елден енген есімдердің өзі жаңа өң, келбет алып жасалып
отырады. Аффикстік тәсіл арқылы үстеу, сын есімдік антрополексемалар
жасалады. Мысалы: Асаншылап, Асандай, Асанша, Асансынды т.б.
Дара тұлғалы антропонимдер
Жасалу жағына және тұлғасына қарай, қазақ тіліндегі кісі аттары
өте ерте заманнан-ақ түбір және күрделі тұлғалы болып келеді. Қазақ
тіліндегі басқа сөздер тәрізді жеке тұрып түпкі мағынаны бере алатын
да, бере алмайтын да кісі аттары бар.Ондай кісі аттарын бөлуге, яки
бөлшектеп айтуға болмайды. Өйткені, олар тұтасқан дара түбірден
болады. Ондай кісі аттары, негізінде, жалпы есімдерден жасалады.
Мысалы: Дос, Нұр, Сая, Сәт, Тана, Өмір, Ырыс т.б.
Егерде осы айтылған кісі аттарын буынға бөліп немесе бөлшектеп
қарасақ: (Са-я, Д-о-с, С-ә-т, т.б. ) бұлардан ешнәрсе түсінбес едік те,
мән де шықпас еді. Олай болса, түбір тұлғалы кісі аттары, көбіне, төл
сөзден жасалып, орнықты болып келеді. Ана тіліміздің байырғы
сөздерінен жасалған түбір тұлғалы кісі аттары өте көп. Мысалы: Асыл,
Алма, Асқар, Асау, Бақыт, Серік, Есет, Күміс,Сәуле т.б.
Осылармен қатар, басқа да тілдерден енген түбір тұлғалы аттар
бар. Олар қазақ тіліне сіңісіп, оның заңына бағынып, төл атауымызға
айналып отыр. Мысалы: Асан ( иран. жеңіл, оңай ), Дидар ( ир. түр, өң,
жүз), Жомарт ( ир. ақкөңіл, кең пейіл, мырза, өолы ашық), Қырмызы ( ир.
ашық қызыл түс), Маржан (ир. өмір, жан ), Назар ( ар. көз, көзқарас,
көру), Нақыш (ар. көркем), Раушан ( ир. айқын, жарық, жалтыраған), Захар (
ев. ақыл, ес) т.б.
Солармен бірге тілімізде : Момбек, Момыш, Мұқыш, Батай, Қабай, Мәншүк
сияқты да кісі есімдері кездеседі. Олардың негізгі түбірлерінен
мағыналық жағына қарап ажыратуға болады. Мысалы: Момбек деген кісі
атының бөлшектеуге келмейтін морфемасы мом балауыз . Ал Момыш,
Мұқыш, Қабай, Мәншүк сияқты кісі аттары әрі еркелету, әрі қысқарту
формасында тұр. Бұлардың толық формалары: Момынәл, Мұқырбек, Батырхан,
Қабдолла, Мәнсия.
Жоғарыда айтылған кісі аттарындағы мом, біж морфемаларының
өзіне тән жеке мағыналары ұмыт болғандықтан, қазіргі қазақ тілінде
қолданылмайды.
Туынды тұлғалы антропонимдер
Тіліміздегі басқа сөздер сияқты антропонимдер де қосымшалар
қосылу арқылы туынды тұлғалы болып келеді. Ондай жолмен жасалған
есімдер өте көп. Сондықтан бұндай тәсілдермен жасалғандарды тума ат
деп атауға болады. Бір түбірден болмаса бір негізден өрбіген
антропонимдерді көрсету үшін мынадай схема жасаймыз. Тіленші-Тіленді-
Тілеген-Тілеулі-Тілеулес-Тілеукес-Т ілеуке-Тілеміс-Тілеке т.б. Ер
компонентінің қосылуы арқылы жасалған антропонимдер: Еркін-Ерлен-
Ерлан-Ерден-Ерлік-Ерміш т.б. Антропонимдік қосымшаларды екі жікке (
өлі және тірі деп ) бөлуге болады. Мысалы: Ерміш, Жармыш, Тілеміс,
Жасамыс, Өтеміс, Малсақ сияқты антропонимдегілер көне жұрнақтар. Бұлар
қазіргі тіліміздегі сөздерге жалғана бермейді. Тірі жұрнақтар бір
сөз табына тән сөздерден, екінші сөз табына жататын сөздерді және
антропонимдерді жасайды.
Ол жұрнақтардың атқаратын қызметі, өзіне тән мағыналары бар.
Мысалы: - лан жұрнағы зат есімнен етістік тудырады да, зат есімге
айналады. Мысалы: Нұрлан, Ерлан,Ерболсын т.б. –лы, - лі, - ды, -ті
жұрнақтары зат есімнен сын есім туғызып, қайтадан субстантивтенеді.
– Лық жұрнағы есім сөзге жалғасып, зат есім тұлғалы сөз тудырады.
Мысалы: игілік, жақсылық, аталық, сағындық, сүйіндік т.б. Бұл сөздерден
қайтадан антропонимдер жасалады.
Сонымен, туынды тұлғалы антропонимдер негізінен аффикстік жол
арқылы жасалатыны байқалады. (2, 454-745б.)
Біріккен тұлғалы антропонимдер
Қазақ тілінде сөз тудырудың, жаңа сөз жасаудың бір амалы екі
түбірді біріктіріп айту. Бір сөзді екінші сөзге біріктіріп жаңа сөз
тудыру тек кейінгі кезде ғана шыққан тісіл емес, арғы заманнан
келе жатқан, әбден орнығып қалыптасқан, үйреншікті тәсіл.
Тіліміздегі кісі аттарының басым көпшілігі екі сөзден біріккен,
яғни біріккен тұлғалы болып келеді. Олар, әдетте, сын есім мен зат
есім, етістік пен зат есімдердің бірігуі арқылы кісі атына айналып
отырады.
Біріккен тұлғалы кісі аттарына үш түрлі қасиет тән.
Олар:
1) Аффикстік тәсіл. Бұл тәсіл бойынша, түбір сөзге қосымша
жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Қойшыбай, Қойлыбай, Малдыбай, Аналық,
Аталық,Жақсылық, Игілік, Сағындық т.б.
2) Дербес мағыналы сөздердің бірігуі арқылы жасалатын есімдер.
Мысалы: Бекайдар, Базарбай, Нұрсұлу, Айсұлу, Күлімхан, Сағынғали, Қозыбай,
Асанхан, Ақжолтай,Қаракөзайым, Бәдігүлжамал т.б.
3) Эпитеті алды-артында келіп бірге айтылатын кісі аттары.
Бұлардың екі сыңары да бірдей айтылып, бір адамның есімін білдіреді.
Бірақ бөлек жазылады. Мысалы: Қозы Көрпеш, Баян сұлу , Қыз Жібек, Ер
Төлеген, Алпамыс батыр, Ер Тарғын, Қобыланды батыр, Ақан сері, Біржан сал,
Жиренше шешен, Асан қайғы т.б.
Кейбір кісі аттарының екі сыңары немесе бір сыңары басқа
тілдерден енген болып келеді. Мысалы: Ахметқали, Мұхаметқали,
Сейітқазы, Сұлтанәлі, Аббас, Жамалхан, Гүлзира, Қожабек, Әбдірахман,
Рахметолла, Құдыретолла, Нұролла т.б.
Бұл есімдердің әрбір компонентінің шығу тарихы, түпкі мағынасы
бар. Абд. ( ар. құл – раб ) сөзімен тіркес келеді де: Абд-оль-керим, Абд-
оль-рахман, Абд-оль-кадер формасында айтылады.
Ал иран тілінде хабиб – сүйікті , сүйкімді , олла – құдай
, азиз – сүйкімді , рахмет – мейірімділік , кодрет – күш , қуат ,
лотф – сүйкімділік - нұр, жарық, сәуле. Иран тіліндегі бұл зат
есімдер алла (құдай) сөзіне қосылғанда Рахметолла, Құдыретолла,
Лутфолла, Нұролла сияқты кісі аттары жасалады. Бұлар қазақ тіліне
енгенде, тіліміздің заңына бағынып, фонетикалық ерекшелікке ұшыраған.
Олардың арасындағы шектес дыбыстар өзгеріп, яки қысқарып барып
бірігіп, әрі кірігіп контаминацияға түскен. Бұл тәрізді кісі аттары
тілімізде өте көп. Дыбыстардың өзгеріп, яки қысқаруы арқылы біріккен
кісі аттары өте ертеден бар құбылыс.
Мысалы: Қарлығаш – қара құс, яки қара ала құс деген сөзден,
Алпамыш – Алып Мамыш деген екі сөзден қысқарып барып біріккен. Ал
Махмұт – Мохаммед деген кісі атынан өзгеріп кіріккен. Фахар-е-дин
деген сөзден Фахирден боп кіріккен. Сондай-ақ бірсыпыра біріккен
тұлғалы кісі аттарының арасындағы шектес дыбыстардың қысқарып кетуі
арқылы да кірігетінін байқаймыз. Бұндай құбылысты тіл білімінде
контаминация деп атайды.
Бірікккен тұлғалы антропонимдердің орын тәртібі
Екі компоненттен біріккен есімдер, анықтайтын сөз бен анықталғыш
сөз , толықтайтын сөзбен толықталған сөз, пысықтайтын сөз бен пысықталғыш
өз ара бірігуінен жасалады. Мысалы: Ақбас, Аққал, Қаратай, Сарыбай,
Торайғыр, Ақтоқты, Ақмарал тәрізді кісі аттарының бірінші
компоненттері анықтайтын сөздер де, екінші компоненттері анықталғыш
сөздер. Сондай-ақ Қойбағар, Майбасар, Таусоғар тәрізді есімдердің
бірінші компоненті тура толықтауыштар.
Бұл тәрізді бірікккен тұлғалы кісі аттары басқа түркі
тілдерінде де кездеседі. Генезисі жағынан қарағанда, олардың әр кезде
шыққандығы байқалады.
6-11 ғасырларға тән түркі жазбаларында бар біріккен тұлғалы кісі
аттарының бірінші компоненттеріндегі : ай, күн, таң, көк, теңіз,
тәңірі, барыс сияқты анықталғыш сөздер бірінші компонентте анықтауыш
орында тұрады да, анықтауыш мүше екінші компонентте анықталғыш
орында ауысып келеді. Мысалы: Нұрсұлу, Күнсұлу, Қызжібек. Бұл
қазіргі қазақ тілінің грамматикалық нормасына қайшы. Ал қазіргі
тілімізде қараңғы түн, ашық күн, жарық таң деп қолданымыз. Кісі
аттары Сұлухан, Сұлуман, Аққыз, Нұрқыз , Күмісбай формаларында
кездеседі. Бұған қарағанда, кісі аттары компонентінің орын тәртібінде
грамматикалық құрылыстың көне формалары сақталғанына професссор
Қ.Жұбанов келтірген мысалдар толық айғақ.
Дәстүр бойынша ай аттарынан: Айсұлу, Күнсұлу, Таңсұлу; ер
аттарынан: Айжарық, Күнжарық, Таңжарық тәрізді есімдерде ескі сөз
тәртібі сақталғаны байқалады . Осы сияқты кісі аттары өте көп-ақ.
Олардың кейбіреулері ғана қазіргі грамматика заңына бағынып,
анықтауыш пен анықталғышын ауыстырып қолдануға көнеді. Мысалы:
Байқожа – Қожабай, Байқошқар – Қошқарбай, Бекболат-Болатбек, Байұзақ-
Ұзақбай, Бектемір-Темірбек, Байдәулет- Дәулетбай т.б. Ал осыларға
керісінше, енді бір топ кісі аттары бастапқы қалпынан өзгермейді.
Мысалы: Итбай, Баққожа, Асылбек, Байтас, Дөненбай т.б.
Бұл тәрізді біріккен кісі аттары компоненттеріндегі сөз
тәртіптерінің орын ауыстырулары кейде грамматикалық заңға, кейде ат
қою принципіне негізделеді. Көне тұлғалы Айсұлу, Айжарық, Байтөбет,
Нұрсұлу типтес кісі аттарының компоненттерін қазіргі тұрғыдағы
синтаксистік мүшелерге бөліп, анықтауыш, анықталғыш ретінде қарауға
болмайды. Өйткені қазіргі қазақ тілінің заңы бойынша зат есім
сөйлемнің анықтауыш мүшесі бола алмайды. Сондықтан бұл типтегі бай,
бек, батыр сөздері қолданылған. Бұл сөздер сын әрі зат есім
мағынасында жұмсала береді. Сондықтан олар әрі анықтауыш, әрі
анықталғыш мүше қызметін атқарады.
Батыр халық ұғымындағы ерлік, батырлық, қырағылық және ерекше
қайратымен көзге түскен кісі. Сондықтан да ерте кезде батыр көбіне
титул ретінде қолданылған. Әрбір ру, ауыл арасынан шыққан даңқты ер
адамды біздің батыр деп атаған.Осындай батырлар басқа да ауылда,
руда болған. Оларды бір-бірінен ажырату үшін : - ол қай батыр, қандай
батыр? – деп сұрақ бергенде: Бөгембай батыр, Қабанбай батыр деп атап
айтатын. Сондықтан кісі аты батыр сөзінің соңында келіп, анықтауыш
мүше, батыр анықталғыш мүше болып кеткен. Ал сал, сері, көсе, шешен
сөздері тұлғалары жағынан сапалық сын есімге жатады.
Қазіргі тіліміздің нормасына сай, бұл сөздер анықтауыш қызметін
атқарып, кісі аттарынан соң келу керек еді. Бірақ керісінше, анықталғыш
мүше орнында тұр. Бұлай қолдану қазақ тілінің өзіндік ерекшелігін
байқатады.
Ер Тарғын, Ер Сайын, Ер Төлеген, Ер Қази тәрізді тіркес
есімдердегі ер компоненті анықтауыш, екінші сыңарлар анықталғыш
мүшелер. Қазіргі тіліміздің нормасына ер сөзі анықталғыш мүше
ретінде сирек жұмсалады.
Компоненттері анықтауыш және анықталғыш мүшеден тұратын кейбір
есімдердің арасындағы дәнекер дыбыстардың түсіп қалатыны байқалады.
Мысалы: Ізқұтты, Жолқұтты, Малбай т.б. Бұлардың бастапқы тұлғалары :
Ізіқұтты, Жолықұтты, Малыбай болған.
Біріккен тұлғалы кісі аттары компонентінің бәрі бірдей
бастауыш, бірі баяндауыш қызметін атқаратын біріккен тұлғалы кісі
аттары санаулы ғана. Мысалы: Бақберді, Құдайберген, Тәңірберген,
Алдаберген, Жылкелді, Қожаберген, Есберді т.б. Баяндауышы бірде
етістіктің императиві формасында, бірде есімше категориясында да келе
беретін есімдер бар. Бұлар кейде орын ауыстырып та қолданылады.
Мысалы: Бердібай, Бердіқожа, Қожаберді, Болғанбай, Туғанбай, Болсынай
т.б.
Бұндай жағдайда есімше тұлғалы компоненттер синтаксистік қызметі
жағынан анықтауыш мүше бола отырып лексикалық мәнге ие болады.
Мысалы: Тұрсынай, Болсынай т.б.
Анықтауыштың анықталғыш мүшеден соң келуі кісі аттарында көбірек
кездеседі. Екі адам сөйлесіп отырғанда өз сөзіне тыңдаушының назарын
аудару үшін, я болмаса сөз етіп отырған адамның кім екенін, қандай
адам екенін аңғарту үшін эпитет қолданылады. Бұл эпитет анықтауыш
мүше болады да, анықталғыштан соң тұрады. Мысалы: әнші Кенен, батыр
Әлтай, тілші Әсет , жазушы Мұхтар, ақын Ғафу т.б. Қазір бұл тәртіп
өзгеріп Мұхамбаев жолдас, Қасым философ, Айқын сыншы формасында
қолданылып жүр. Бұл тәсілдің қазіргі тіліміздің грамматикалық
құрылысына сәйкеспейтінін проф. Қ.Жұбанов көрсеткен еді.
Сапалық сын есіммен келген анықтауыш, анықталғыш кісі аттарының
алдында келмейді. Мысалы: Ұзын Сейіт, Сейіт ұзын емес, Ұры Қиқым,
Қиқым ұры емес т.б. Ру, ел аттары кісі аттарының соңында келіп ,
анықталғыш кісі атымен қиысып тұрады. Бұны ескі ауыз әдебиетінен
және басқа да материалдардан көреміз. Мысалы: Қара Қыпшақ Қобыланды,
Кейкі Өтеген, Беріш Бөдене, Тама Жанболат , Адай Атақозы, Үйсін Самсан.
Кісі аттарынан соң келетін анықтауыштың күрделі болуы да
мүмкін. Мысалы: Қарақасқа атты Қамбар, Керқұла атты Кендебай, Қаракөз
Әкім т.б. Бұлар анықтауыш қызметін атқарып, анықталғыштан соң
келеді.
Компоненттердің біріншісі, яки екіншісі бай сөзімен келетін кісі
аттары көп. Жылқыбай, Малыбай, Мырзабай, Баймырза тәрізді аттар
байлыққа байланысты қойылғандығы белгілі. Ал Итбай, Қасқырбай, Бөрібай,
Күшікбай, Байтөбет тәрізді аттар итке, қасқырға яки күшікке бай
болсын, яки иттің, қасқырдың өзі бай болсын деген мақсатпен
қойылмаған.
Көптеген кісі аттары туған жерге, мезгіл-мерзімге, белгілі бір
себепке байланысты қойылатыны бар. Әсіресе, күн, ай, жыл аттарына
байланысты қойылған кісі есімдері көп-ақ. Мысалы. Шілдебай, Қаңтарбай,
Сейсенбай, Жексенбай, Наурызбай т.б. Бұлар лексика-синтаксистік жағынан
мезгілді, уақытты білдіреді. Қаңтарбай – Қаңтар айында туған бай,
Жексенбай – жексенбі күні туған. Бұлар синтаксистік құрылысы жағынан
мезгіл бағыныңқы сөйлемге тән. Біріккен тұлғалы есімдер өзгермей
қалған жоқ. Күрделі тұлғалы кісі аттарын қысқартып қолдану бұрыннан
бар құбылыс. Олар, әдетте, бірінші яки екінші сыңарының түсіп
қалуы арқылы қысқарып отырған.
Көптеген қысқарған кісі аттарында әрі еркелету, әрі қысқару
формасы сыйысып тұрады. Сәду – Сәдуақас, Сейділ – Сейдахмет, Әшім -
Әшімғали, Болат – Болатжан, Әсем - Әсемгүл, Анар – Анаркүл, Сұлтан –
Сұлтанмұрат, Жамал – Гүлжамал, Күлпаш – Гүлбахрам, Әсет - Әсетолла, Есман –
Есмұқамбет, Қожан – Қожамбет.
Орыс тілінен енген кісі аттарын, көбіне ,қысқарған, яки еркелете
аталған формасында қабылдап жүрміз. Мыс: Саша, Алеша, Люда, Света, Галя
т.б.

1.3. Антропонимдердің мағыналық түрлері

Сан есіммен байланысты болып келетін жалқы есімдер
Қазақ тіліндегі кісі аттарының біразы сан есімдердің арқау болуы
арқылы кездесіп отырады. Олар дара және біріккен тұлғалы есімдердің
компоненттерінде кездесіп отырадыесімдер көне синтаксистік тәсілге
жатады.
Жоғарыда айтылғандай, көптеген кісі аттарының бірінші, яки
екінші сыңарларында . Бұндай есімдердің жасалуында немесе дербес
атауыштық функцияға ие болуында көптеген заңдылықтар бар. Ол
заңдылықтардың сырын ашу аса қиын, тамыры тым тереңде жатады да,
алуан түрлі мән-мағынаға ие болады.
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,40,50,60,70,80 ,90,100 сан есімдерімен байланысты
кісі аттары көп кездеседі.
Бір сан есімімен байланысты жалқы есімдер: Біржан, Бірке, Бірімжан,
Біртай, Бірмағамбет, Бірлік, Бірман
Екі сан есімімен байланысты есімдер: Екібай, Екей, Екілік бин
Бөгенбай т.б
Түркі тілдерінде жұптық, мағынаны білдіретін егіз сөзі арқылы
да жасалған жалқы есімдер бар. Олардың фонетикалық таңбалануы тілдік
ерекшеліктерге қарай әр түрлі. Қазақ тіліндегі кісі аттары Егізек,
Егіз, Егізбай түрлерінде айтылады.
Осы егіз сан есімінің синонимі қос сөзі арқылы жасалған жалқы
есімдер деп мыналарды айта аламыз. Қосдәулет, Қосай, Қосым
,Қосмұқамбет, Қосбай, Қосек, Қосбармақ, Қосеке, Қосжан.
Үш сан есімі арқылы жасалған есімдер тілімізде некен-саяқ. Оның
себебі, бұл сан есімнің жалқы есімдер жасауда кеңінен қолданбайтынынан
болса керек.
Үш пен байланысты есімдер түркі тілдерінде Үшбас, Үчпай
формаларында да кездеседі.
Төрт сан есімімен жасалған жалқы есімдер өте көп. Мысалы:
Төртбай, Төртқарын, Төрткен, Төртқара т.б.
Бес сан есімі арқылы жасалған есімдерді түркі тілдерінен
көреміз. 19- ғасырдағы өзбек халқына тән материалдарда Бесбай, Бешей,
Бесбек сияқты кісі аттары кездеседі.
Алты сан есіміне байланысты кісі аттары: Алты, Алтыбай,
Алтыбасар, Алтыай, Алтыхан, Алтыбек, Алтыбармақ т.б. Кісі аттарының
алты сан есіммен байланысты жасалуын кейбір түркі тілдерінің
тарихында баланың қол-аяғының артық, яғни алты болып тууымен
байланыстыру бар.
Жеті санының халық санасынан ерекше орын алуы, көптеген зет
атаулары мен әдет-ғұрыптарға байланысты сөздердің қолданылуында
айрықша мән, ғажайып сырлар бар. Бұл жеті саны халық ұғымында
молдықты, көп нәрсені аңғартқан. Сондықтан да кейбір зат атауларының
ұғымы бір ғана жеті көлемінде қалып қоймай, әлдеқайда көптік ,
молдық, сансыз ұғымды білдіріп отырған. Бұған жеті сан есімі арқылы
жасалған кісі аттары толық дәлел бола алады.Мысалы:
Тоғыз,Тоғызбай,Тоғызақ т.б.
Он сан есімі арқылы жасалған кісі аттары да тілде сирек
кездеседі. Түркі тіліндегі он сан есімімен жасалған жалқы
есімдердің Л.Рашоньи көрсеткендей мүлдем аз екенін көреміз. Мәселен,
татар (Онай), қазақ (Онай, Онайбай, Онбай, Онбай бай, Онтағар).
Жалқы есімдер жасауда күрделі рөл атқарушы сан есім
категориясының бірі- ондық сандар. Бұл
10,30,40,50,60,70,80,90,100,1000,10 000 сан атаулары арқылы жасалған
жалқы есімдер түркі тілдерінің көбінде бар және сол тілдерге тән
құбылыс.
елу , алпыс , жетпіс , сексен , тоқсан сандары арқылы
жасалған кісі аттары (Сексенбай, Елубай, Алпыс,Алпысбай, Жетпіс,
Жетпісбай, Сексен, Тоқсан, Тоқсанбай) баланың әкесінің осы жасқа келгенде
туғандығын немесе сол жасқа жетсін деген тілекті көрсетеді. Бұрынғы
дәстүр бойынша, қартайғанда туған балаларға алпысымды, сексенімді,
тоқсан жасқа келгенімде туған перзентім деп осылайша ат қойылатын.
Баланың өмір жасы ұзақ болуын қалап, ғұмырлы болуын тілеген ата-
ана Жүзбай, Мыңжасар, Өмірзақ, ,Жанұзақ деген есімдерді де қоятын.
Тіліміздегі он мың санын білдіретін Түмен, Түменбай деген есімдер 10-
14- ғасырларға тән. (3, 240 б.)
Ай аттарымен байланысты болып келетін есімдер
Баланың дүниеге келген уақыты, нақты бір оқиғалар мен
жағдайлар оның есімінен көрініс табатын кездер аз болмайды. Көптеген
есімдер баланың туған айымен (уақытымен) тікелей байланыстырылып
қойылатынын байқау аса қиын емес. Кейбір адам атынан оның жылдың
қай айында туылғандығын (1- кестеге қараңыз) білуге болады.
1- кесте Ай аттарына байланысты қойылған кісі есімдері
Ай Ай аттарына байланысты қойылған Кісі есімі
аттары кісі есімдері арқылы
алынатын
ақпарат
1. Қаңтар Қаңтарбай, Қаңтарбек




Қай айда
туылғандығы
жөнінде
ақпарат
алуға
болады
2. Ақпан Ақпанбет
3. Наурыз Наурыз, Наурызбай, Наурызхан, Наурызбек,
Наурызғали, Наурызгүл т.б.
4. Сәуір Сәуірбек, Сәуірқұл, Сәуірбай т.б.
5. Мамыр Мамырбай, Мамырбек, Мамыргүл, Мамырай,
Мамырхан, Мамыр т.б.
6. Маусым Маусым, Маусымжан, Маусымбай, Маусымбек
т.б.
7. Шілде Шілдебай, Шілдебек
8. Тамыз -
9. Қыркүйек -
10. Қазан Қазанбай, Қазанбек
11. Қараша -
12.Желтоқсан -

Жоғарыдағы кестеден наурыз, мамыр, маусым айларында туған
балалардың осы айлардың аттарымен байланысты есімдер жиі қойылатынын
көруге болады. Бұл да кездейсоқ нәрсе емес. Наурыз жылдың басы, ұлыс
айы. Бұл ай ұзаққа созылған қыстан аман шыққан халықтың көктемге
жетіп, шуақты күндерді көре бастаған мезгілінің басталар шағы.
Сол сияқты мамыр мен маусым айлары да елдің қытымыр қыстан
шығып, арқасын кеңге салып, жұрттың аузы аққа тиіп, мал көкке
тойынып, жайлауға көшетін көшпелі халық үшін қызығы мол мезгіл.
Қазақ өмірінде ерекше орын алатын бұл айлардың кісі есімі ретінде
жиі қойылатындығы да сондықтан. Керісінше жаздың қызығы түгесіліп,
ел жайлаудан қайтатын, жайдары жаздан, қоңыр күзден кейін қара суық,
ызғар басталып адамның да, малдың да берекесі қаша бастайтын
мезгіл қараша, желтоқсан айлары кісі есімдерінен кездесе бермейді.
Мұны да ұлт өмірінен хабар беретін дерек ретінде қабылдауға
болады. Жалпы қыс айларына байланысты кісі есімдерінің аз
ұшырасатыны байқалады. Қаңтарбай, Қаңтарбек, Ақпанбет сияқты ондай
есімдер негізінен ұл балаларға қойылған. Бұл есімдер денсаулығы
мықты, қайсар, мінезді болсын деген тілекпен қойылса керек. ( 4, 180-
200)
Кеңес одағы кезінде ай аттары орысша аталғаны белгілі. Соған
байланысты ол кезеңде туылған балаларға Майгүл, Майнұр, Октябрь
сияқты есімдер берілді. Бұл есімдер және наурыз айымен байланысты
есімдер осы айларда болатын мерекелермен де байланысты қойылатынын
ескерген жөн.
Мереке күндері дүниеге келген балаларға Наурыз мейрамы,
Жеңіс күні мерекесі күндері туылған балаларға да Наурыз,
Наурызбай, Наурызбек, Наурызхан, Наурызым, Жеңіс, Жеңісбек, Жеңісгүл,
Гүлжеңіс сияқты ат қойылатыны белгілі.

Апта аттарымен байланысты болып келетін есімдер

Адамның туған мезгілін, айын білдіретін жоғарыдағыдай
есімдермен қатар, сол айды құрайтын аптаның қай күні дүниеге
келгендігі жөніндегі ақпарат беріп тұратын кісі есімдері де бар. Ай
атаулары түгелдей кісі есімдерінен көрініс таба бермесе, аптаның
жеті күні түгелдей қазақтың кісі есімдерінен кездестіруге болады.
Апта күндеріне байланысты кісі есімдері ай аттарына байланысты
есімдерге қарағанда жиі қойылатынын байқауға болады. Оны мына
төмендегі кестеден ( 2- кестеге қараңыз) анық көруге болады.
2- кесте Апта аттарына байланысты қойылған кісі есімдері
Апта күндеріне байланысты қойылғанКісі есімі арқылы
РАптаның кісі аттары алынатын ақпарат
күндері
с
1Дүйсенбі Дүйсен, Дүйсенбай, Дүйсенғали,
Дүйсекей, Дүйсебек, Дүйсентай,
Дүйсенгүл, Дүйсенхан т.б.
Бұл есімдер арқылы
кісінің аптаның қай
күні
туылғандығы жөнінде
ақпарат алуға
болады.
2Сейсенбі Сейсен, Сейсенгүл, Сейсенбай,
Сейсенбек, Сейсенбі, Сейсенхан,
Сейсенғали, Сейсенәлі т.б.
3Сәрсенбі Сәрсенбі, Сәрсенбай, Сәрсенәлі,
Сәрсен, Сәрсенбек, Сәрсекей,
Сәрскенғали т.б.
4Бейсенбі Бейсенбі Бейсенбай, Бейсенбек,
Бейсенғали, Бейсен, Бейсенәлі,
Бейсенгүл т.б.
5Жұма Жұмабек, Жұмагүл, Жұмағазы, Жұмәділ,
Жұматай, Жұмахан ,Жұмашай, Жұмажан,
Жұмағұл, Жұмагелді, Жұмабике, Жұмаш,
Жұманияз, Жұмағали, Жұмат т.б.
6Сенбі Сенбай, Сенбек, Сенбі т.б.
7Жексенбі Жексен, Жексенбі, Жексенбек,
Жексенбай, Жексенәлі, Жексенғали т.б.

Апта күндерінің ішінде жұма күніне байланысты қойылатын
есімдердің мол ұшырасатынын көруге болады. Мұның себебі мұсылман
халықтары үшін жұманың қасиетті күн саналуына байланысты екендігі
дау туғызбаса керек. (5, 168 б.)

Ырымдармен байланысты болып келетін есімдер

Қазақта қандай да болмасын ырымдармен байланысты қойылатын
есімдер де бар. Мәселенің бұл аталған қыры да тіліміздегі кісі
есімдерін тілдік табиғатын зерттеушілер назарынан тыс қалып көрген
емес. Қазақ тіліндегі кісі аттарының қорынан орын алған Ырымжан,
Жаманқұл, Итбай, Итемген, Күшік, Күшікбай, Ұлтарақ, Шұлғаубай деген
сияқты есімдердің қойылуы сондай түрлі ырымдармен, балам тіл-
көзден аман болсын деген тілекпен байланысты екендігі белгілі.
Қазақ тіліндегі көне тұғалы антропонимдерді арнайы қарастырған
Б.Досжан зерттеу жұмысының көне антропонимдердің этномәдени қырларына
тоқталған бөлігінде Ошақбай, Сатыпалды, Сатылған, Тауыпалды сынды
есімдердің қандай ырымдарға негізделіп қойылғанына байланысты
нақты дәлелдер келтіреді. Сондай- ақ ол Сырғабек, Сырғабай есімдерінің
қойылуына байланысты былай деп жазады. Ұл баланың құлағын тесіп,
сырға тағу да осы мәндегі ырымның бір көрінісі. Өлтіре беретін жын-
шайтанның көзі сырғаға түсіп алдансын деген түсініктен туған
болса керек. Сырға оның құлағында он сегіз жасқа дейін жүреді. Ер
жетіп дүлей күшке қарсы тұра алатын жасқа жеткенде, оның сырғасын
алып, сырғатой жасайды. Сырғабек, Сырғабай есімдерінің шығуы
осындай ырымдармен байланысты.
Үнемі қыз бала туыла бергенде, енді дүниеге ұл келсін деген
тілекпен немесе қыздан жаңылсын деп дүниеге келген қыз балаға
Ұлболсын, Ұлтуған, Ұлтуар ,Ұлбер ,Ұлжан ,Ұлтай , Ұлбала ,Ұлту, Жаңыл,
Жаңылхан, Жаңылсы, Қыздықой, Тоқтагүл деген ат қоятын қазақ ырымы
баршаға мәлім. Көп балалы отбасылардың саны азая бастағанына
қарамастан, бұл ырым күні бүгінге дейін жалғасып келеді деуге
болады. Мұндай есімді қыз баланың есімін білгенде оның алдында
бірнеше әпкесінің бар екенін, үйдегі бірнеше қыздан кейін дүниеге
келген бала екендігі жөнінде ақпарат алуға болады. ( 12, 135-245)

1.4. Тілімізге басқа тілдерден енген кісі аттары

Қандай халық, ел болмасын, оның сөздік қоры көптеген ғасырдың
тарихи жемісі болып саналады. Олардың құрамында төл сөздермен
қатар екінші бір тілдерден енген кірме, бөгде сөздер болады. Басқа
тілдерден сөз қабылдау қазақ тіліне тән құбылыс.

Орыс тілінен енген есімдер

Қазақ халқының тарихында ұлы орыс халқы маңызды роль атқарды.
Қазақ халқы Россияға өз еркімен қосылғаннан кейінгі кезеңде оның
әдебиеті мәдениеті дамып, қоғамдық құрылысы өзгерді. Сонымен қатар
бұл процесс тілімізге орыс тілінен көптеген сөздер мен сөз
тіркестерінің, кісі аттарының енуіне елеулі әсер етті.
18 - ғасырдың басындағы документтерде тілімізге орыс тілінен
енген есімдер кездесе бастайды. Алайда ол кездегі есімдер саны тым
санаулы ғана еді. Мәселен, Мәтби ( Матвей ), Мекэил ( Михаил есімінің
қабылдану
тұлғасы), Андре, Жагор (Егор), Анна,Мәриям. Осылармен қатар орыс
тіліндегі жалпы есім сөздермен мен әскери терминдерден қойылған
есімдер де болады. Олар Бәтес (батист), Болатнай (булатный), Сәтен
(сатин), Кампит (конфета), Бүліш (плюш), Жандарал ( генерал ),Майыр
(майор), Полковник,Капитан т.б.
Орыс тілінен енген есімдер саны әсіресе советтік дәуірде көбейе
түсті. Әйелдер есімі: Алла, Аниса, Анфиса, Валентина, Галина, Зоя, Зина,
Зарина, Лариса, Нина, Света, Рая, Мира т.б.
Ерлер есімі: Алексей, Аркадий, Владимир, Вилжан, Денис, Максим, Илья
т.б.
Осылармен қатар басқа халықтар тілдерінен орыс тілі арқылы
қабылданған есімдер де тіліміздегі жаңа есімдер санын көбейте түсті.
Олар: 1) әйелдер есімдері: Роза, Долорес, Сара, Жанна, Дина, Лола,
Элеонора, Маргарита, Римма т.б. 2) ерлер есімдері: Маркс, Диас, Марат,
Хозе, Артур, Ригард,Эрнст, Суният т.б.
Қазақ халқы өміріндегі болып жатқан әлеуметтік-саяси, ғылыми,
техникалық, экономикалық және мәдениет саласындағы ірі де күрделі
өзгерістер , ана тіліміздің еркін дамып, сөздік қорымыздың лексикалық
қабаттарының, соның ішінде антропонимдердің де өсіп, жетіліп, баюына
игі әсер етті. Антропонимдердің (кісі аттары) құрамы тек қана ана
тіліндегі сөздер байлығынан емес, басқа тілдерден қабылданған есімдер
есебінен де толығып, молайып отыр. Жаңа есімдердің сан жағынан
көбеюі кездейсоқ емес, қоғам өміріндегі заңды құбылыс.
Жаңа есімдер – советтік өмір бейнесін, оның шындық болмысын
бейнелейтін жаңа сөздер мен терминдерден жасалғанын көреміз. Мәселен,
1) ерлер есімі: Армия, Мәдениет, Сайлау, Закон, Сиязбек, Колхозбек,
Совхозбек, Фермахан, Доқтырхан, Маршал, Совет, Космосбек, Ғалым; 2)
әйелдер есімдері: Октябрина, Мира, Майя, Кима, Бейбітгүл, Гүлмира,
Гүлжеңіс т.б.
Қазақстан ұлы Отанымыздағы көп ұлтты республиканың бірі екені
баршаға аян. Соңғы жылдары республика тұрғындары арасында аралас неке
саны көбейе түсті. Олардың балаларының есімдері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қадыр Мырза әлі шығармаларындағы жалқы есімдер
Қазақ антропонимжасамындағы үйлесім факторы
Фирдоуси Шахнамесі және қазақ әдебиеті
Шахнаме және қазақ әдебиеті
Қазақ ертегілеріндегі кейіепкердің этнолингвистикалық сипаты
Қазақ және түрік тілдеріндегі антропонимдердің ерекшеліктері
Қазақ және түрік әйел антропонимиясы
Қазақ тіліндегі антропонимдер
ҚАЗАҚ ЕСІМДЕРІНІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ГЕНДЕРЛІК МӘНІ
Адам есімдері концептісінің ассоциативтік–гендерлік құрамы
Пәндер