АҚ Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы



Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1 АҚ "ҰЛТТЫҚ САРАПТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ ОРТАЛЫҒЫ" ТАЛДЫҚОРҒАН ФИЛИАЛЫНЫҢ ӨНІМНІҢ САПАСЫН АНЫҚТАУ МАҚСАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.1 АҚ "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" Талдықорған филиалы туралы жалпы мағлұмат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2 Өнімнің қызметтік тағайындалуы, өнімнің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3 Өнім сапасы туралы жалпы мәліметтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2 ӨНІМНІҢ САПА КӨРСЕТКІШТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1 Сапаның ерекшелігі және көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 Өнімнің сапа деңгейін бағалау, сапаны басқарудың негізгі кезеңдері және сапа жүйесін қамтамасыз ететін бастапқы мәліметтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.3 Өнімді таңбалау (ТР ТС 022/2011) «Таңбалау бөліміндегі тағамдық өнімдер туралы» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
2.4 Қауіпсіздік талаптарын және қоршаған ортаны қорғауын талдау ... ... ... ... 45
3 ӨНІМДІ СЕРТИФИКАТТАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49
3.1 Сертификаттау мақсатында сынауларды өткізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
3.2 Өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55
3.3 Өнімді сертификаттау, өнімнің сертификатталған сипаттамаларының тұрақтылығына инспекциялық бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
4 ТҰЗДЫҢ ПАРТИЯСЫН ҚАБЫЛДАУДА СТАНДАРТТАР ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН АҚ «ҰСжСО» ТАЛДЫҚОРҒАН ФИЛИАЛЫМЕН ҚАДАҒАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..66
4.1 Тұздың өмірлік циклінің сатысына сәйкес мемлекеттік қадағалау объектісін таңдауды негіздеу, мемлекеттік қадағалауды іске асыру .үрдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..66
4.2 Тұзды сынау әдістері (ГОСТ, СТ РК) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..76
4.3 Тұзды сынау нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 79
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..81
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..84
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Сапа обьектілерінің сипаттамасы және қасиеттері адамдар үшін үлкен практикалық мәнге ие. Сондықтан адамдармен қарым – қатынастағы барлық заттардың сапасын бағалау сұрағы ең маңыздылардың бірі болып табылады.
Сапаны жақсарту мәселесін кәсіпорында тұрақты түрде қолданылатын шаралар жүйесін енгізу арқылы ғана шешуге болады. Осындай сапа жүйелері көптеген жылдар бойы құрылып және жетілдіріліп келеді. Қазіргі кезде ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарда белгіленген сапа жүйесі қабылданды. Бұл жүйенің негізгі принципі - сапаны басқаруда өнімнің өмірлік циклінің барлық сатылары мен кезеңдерін қамту. Өнімнің өмірлік циклі - өнімді жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері, яғни өнімді өндіргенде және пайдаланғанда болып отыратын өзгерістерге сай өзара байланыстағы процестер жиынтығы болып табылады. Өмір циклі сараптау мен сынаудан басталады. Өнімге тапсырма берушілер және олардың талаптары анықталады. Жобалау деңгейінде тұтынушының барлық талаптарына сай өнімді жасау қарастырылады. Өндіру кезінде жобада белгіленген сапа деңгейі қамтамасыз етіледі. Айналым деңгейінде қалыптасқан сапа тасымалдаусақтау, сатуға дайындау, сату кездерінде сақталуы керек. Пайдалану деңгейінде сапаны басқаруға тұтынушы кірістіріледі. Тұтынушының өнімді пайдалану жағдайы жақсы болса, онда оның қолдану мерзімі де артады. Қолданыстан шығару деңгейінде пайдаланылған өнімнің табиғи ортаға зиянды әсерін болдырмау керек. Кәсіпорынның іс-қимылы өнімді қолданыстан шығарумен бітпейді. Осы кезеңге қарай немесе одан да ертерек қажеттілік анықталады және маркетинг жүргізілгеннен кейін кәсіпорын жаңа өнім түрін жобалауға кіріседі. Осылай сапаны басқару саласындағы жаңа айналым басталады. Сапа жүйесінің қажетті элементтері: ұйымдық құрылымы, әдістемесі, ресурстар мен процестер. Сапа жүйесінің ұйымдық құрылымы кәсіпорын жұмысын басқару шеңберінде құрылады да, оның бөлімшелерінің және қызмет істеушілерінің арасында құқығын, міндеттерін және функцияларын бөліп беру болып табылады. Әдістеме - іс-қимылдарды жүргізудің белгіленген тәсілдері (ИСО 8402). Ресурстар - қызмет көрсетушілер, қызмет ету құралдары, құрал-жабдықтар, технология. Процесс (ИСО 8402) - қолданылатын элементтерді (өнімге қатысты - шикізаттар, материалдар) дайын өнімге айналдыратын өзара байланыстағы ресурстар мен іс-қимылдар. Сапа жүйесінің бар екендігін және оның қойылған талаптарға сөйкестігін осының барлығына тиісті құжаттар болғанда ғана дәлелдеуге болады. Құжаттар сапа жүйесін жасаушыларға, қолданушыларға және тексеру органдарына көрсетуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, сапа жүйесі - сапаны жалпы басқаруды жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдастыру құрылымы, әдістеме, процесс және ресурстар жиынтығы.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: АҚ "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" Талдықорған филиалының мысалында тауардың сапасын сынау және оның бәсекелестігін анықтау
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Басовский Л.Е., Протасьев В.Б. Управление качеством: Учебник. - М.: ИНФРА - М, 2000.-212 б.
2. Мишин В.М. Управление качеством: Учебное пособие для вузов. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000. - 303 б.
3. Осипов Б.В., Мировская Е.А. Математические методы и ЭВМ в стандартизации и управлении качеством. - М.: Изд-во стандартов, 2000. - 168 с.
4. Робертсон А. Управление качеством: Пер. с англ. - М.: Прогресс, 2000. - 253 с.
5. Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов/ Под ред. В.А. Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000.- 487 с.
6. Солод Г.И. Основы квалиметрии: Учебное пособие. - М.: Изд-во МГИ, 1991.- 84 б.
7. Фомин В.М. Квалиметрия. Управление качеством. Сертификация. Курс лекций. - М.: ЭКМОС, 2000 - 320 б.
8. Федюкин З.К., Дурнев В.Д., Лебедев В.Г. Методы оценки и управление качеством про¬мышленной продукции: Учебник. - М.: Филинъ, 2000. - 328 б.
9. Качество и безопасность сельскохозяйственной пищевой продукции./под редакцией д.б.н. А.К.Смагулова - Алматы, 2002 – 544б.
10. Федюкин В.К. Основы квалиметрии. Управление качеством продукции. Учебное посо¬бие. - М.:Информационно-издательский дом «Филинъ», 2004. – 296 .
11. Техникалық реттеу туралы: ҚР Заңы – Астана, 2004.
12. Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы: ҚР Заңы – Алматы , 2000.
13. Аскаров Е.С. Стандартизация, метрология и сертификация. – Алматы : 2006. – 308 б.
14. Кузнецов В.А., Ялунина Г.В. Метрология. – М. : Издательство стандартов, 2001. – 336 б.
15. Спицнадель В.Н. Системы качества . – СПб. : Издательский дом «Бизнес - пресса», 2000. – 336 б.
16. Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. - М.: Юрайт, 2000г.
17. Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии; Учебник для вузов. 2-е издание. - М.: ЮНИТИ, 2000г.
18. Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
19. 3 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б..
20. Самсаев М.Б. Өзара – ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу. Сапа менеджменті – Алматы, 2008 ж
21. Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245б

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1  АҚ "ҰЛТТЫҚ САРАПТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ ОРТАЛЫҒЫ" ТАЛДЫҚОРҒАН
ФИЛИАЛЫНЫҢ ӨНІМНІҢ САПАСЫН АНЫҚТАУ
МАҚСАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .9
1. АҚ "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" Талдықорған филиалы
туралы жалпы
мағлұмат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..9
1.2 Өнімнің қызметтік тағайындалуы, өнімнің
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3 Өнім сапасы туралы жалпы
мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2 ӨНІМНІҢ САПА
КӨРСЕТКІШТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..15
2.1 Сапаның ерекшелігі және
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Өнімнің сапа деңгейін бағалау, сапаны басқарудың негізгі кезеңдері және
сапа жүйесін қамтамасыз ететін бастапқы
мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 22
2.3 Өнімді таңбалау (ТР ТС 0222011) Таңбалау бөліміндегі тағамдық өнімдер
туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
2.4 Қауіпсіздік талаптарын және қоршаған ортаны қорғауын
талдау ... ... ... ... 45
3 ӨНІМДІ
СЕРТИФИКАТТАУ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..49
3.1 Сертификаттау мақсатында сынауларды
өткізу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..49
3.2 Өнімді сәйкестік белгісімен
таңбалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 5
3.3 Өнімді сертификаттау, өнімнің сертификатталған сипаттамаларының
тұрақтылығына инспекциялық
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
4 ТҰЗДЫҢ ПАРТИЯСЫН ҚАБЫЛДАУДА СТАНДАРТТАР ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН АҚ
ҰСжСО ТАЛДЫҚОРҒАН ФИЛИАЛЫМЕН
ҚАДАҒАЛАУ  ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 66
4.1 Тұздың өмірлік циклінің сатысына сәйкес мемлекеттік қадағалау
объектісін таңдауды негіздеу, мемлекеттік қадағалауды іске асыру
.үрдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..66
4.2 Тұзды сынау әдістері (ГОСТ, СТ
РК) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .76
4.3 Тұзды сынау
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..79
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 81
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .84
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Сапа обьектілерінің сипаттамасы және
қасиеттері адамдар үшін үлкен практикалық мәнге ие. Сондықтан адамдармен
қарым – қатынастағы барлық заттардың сапасын бағалау сұрағы ең
маңыздылардың бірі болып табылады.
Сапаны жақсарту мәселесін кәсіпорында тұрақты түрде қолданылатын шаралар
жүйесін енгізу арқылы ғана шешуге болады. Осындай сапа жүйелері көптеген
жылдар бойы құрылып және жетілдіріліп келеді. Қазіргі кезде ИСО 9000
сериялы халықаралық стандарттарда белгіленген сапа жүйесі қабылданды. Бұл
жүйенің негізгі принципі - сапаны басқаруда өнімнің өмірлік циклінің барлық
сатылары мен кезеңдерін қамту. Өнімнің өмірлік циклі - өнімді жобалау,
өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату
процестері, яғни өнімді өндіргенде және пайдаланғанда болып отыратын
өзгерістерге сай өзара байланыстағы процестер жиынтығы болып табылады. Өмір
циклі сараптау мен сынаудан басталады. Өнімге тапсырма берушілер және
олардың талаптары анықталады. Жобалау деңгейінде тұтынушының барлық
талаптарына сай өнімді жасау қарастырылады. Өндіру кезінде жобада
белгіленген сапа деңгейі қамтамасыз етіледі. Айналым деңгейінде қалыптасқан
сапа тасымалдаусақтау, сатуға дайындау, сату кездерінде сақталуы керек.
Пайдалану деңгейінде сапаны басқаруға тұтынушы кірістіріледі. Тұтынушының
өнімді пайдалану жағдайы жақсы болса, онда оның қолдану мерзімі де артады.
Қолданыстан шығару деңгейінде пайдаланылған өнімнің табиғи ортаға зиянды
әсерін болдырмау керек. Кәсіпорынның іс-қимылы өнімді қолданыстан шығарумен
бітпейді. Осы кезеңге қарай немесе одан да ертерек қажеттілік анықталады
және маркетинг жүргізілгеннен кейін кәсіпорын жаңа өнім түрін жобалауға
кіріседі. Осылай сапаны басқару саласындағы жаңа айналым басталады. Сапа
жүйесінің қажетті элементтері: ұйымдық құрылымы, әдістемесі, ресурстар мен
процестер. Сапа жүйесінің ұйымдық құрылымы кәсіпорын жұмысын басқару
шеңберінде құрылады да, оның бөлімшелерінің және қызмет істеушілерінің
арасында құқығын, міндеттерін және функцияларын бөліп беру болып
табылады. Әдістеме - іс-қимылдарды жүргізудің белгіленген тәсілдері (ИСО
8402). Ресурстар - қызмет көрсетушілер, қызмет ету құралдары, құрал-
жабдықтар, технология. Процесс (ИСО 8402) - қолданылатын элементтерді
(өнімге қатысты - шикізаттар, материалдар) дайын өнімге айналдыратын өзара
байланыстағы ресурстар мен іс-қимылдар. Сапа жүйесінің бар екендігін және
оның қойылған талаптарға сөйкестігін осының барлығына тиісті құжаттар
болғанда ғана дәлелдеуге болады. Құжаттар сапа жүйесін жасаушыларға,
қолданушыларға және тексеру органдарына көрсетуге мүмкіндік береді. Сөйтіп,
сапа жүйесі - сапаны жалпы басқаруды жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдастыру
құрылымы, әдістеме, процесс және ресурстар жиынтығы.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: АҚ "Ұлттық сараптау және сертификаттау
орталығы" Талдықорған филиалының мысалында тауардың сапасын сынау және оның
бәсекелестігін анықтау.
Осы мақсатқа жету үшін алдымызға келесі міндеттерді қойдық:
1. АҚ "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" Талдықорған
филиалының өнімнің сапасын анықтау мақсатын айқындау.
2. Өнімнің сапа көрсеткіштерін қарастыру.
3. Өнімді сертификаттау ерекшіліктерін анықтау.
4. Тұздың партиясын қабылдауда стандарттар талаптарының сақталуын АҚ
ҰСжСО Талдықорған филиалымен қадағалау.
Зерттеу нысаны: Арал тұзы мен Бірлік тұзы.
Зерттеу пәні: тұздың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін анықтау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, төрт
тараудан, он үш бөлімшеден, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі,
қосымшалардан тұрады.
Жұмыстың тәжірибелік құндылығы: сапаны анықтау әдістері қол жетімді және
арнайы қондырғыларды қажет етпейді.

1 АҚ ҰЛТТЫҚ САРАПТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ ОРТАЛЫҒЫ ТАЛДЫҚОРҒАН
ФИЛИАЛЫНЫҢ ӨНІМНІҢ САПАСЫН АНЫҚТАУ МАҚСАТЫ
1. АҚ "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" Талдықорған филиалы
туралы жалпы мағлұмат

Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы АҚ Талдықорған филиалы
2000 жылдың 15 желтоқсанында құрылды.
Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы АҚ Талдықорған филиалы
нарықтағы шаруашылық субъектілердің сәттілігі және жетістіктері үшін жағдай
жасаушы кәсіпорындардың бірі болып табылады.
Сапа және қауіпсіздік Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы
президентінің Қаулысында көрсетілген негізгі тапсырмалардың бірі болып
табылады.Сапа тек тұтынушылық сипаттамалармен: сыртқы түрі, түсі, дәмі мен
иісі сипатталмайды. Сапа дегеніміз өздігінен өнімдердің және қызметтердің
қауіпсіздігін және беріктігін, сапамен қамтамасыз етуге тиіс.
Сәйкестікі растау процедураларын стандарттау, метрология, өнімді
сынаусыз жүргізу мүмкін емес. Өйткені құрамына өнімді теңестіру,
өлшемдердің дәлдігін қамтамасыз ету, өнімдердің сипаттамаларын растау
процедуралары кіреді.
Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы АҚ Талдықорған
филиалының белгіленген тәртіпке аккредителген өнімдер мен қызметтердің
сәйкестігін растау органы барлық өнімдердің сәйкестігін растауды жүзеге
асырады, тауардың шығу жерін сараптау жұмыстарын жүргізеді, ISO 9000
халықаралық стандартын жетілдіру және енгізу кезінде әдістемелік көмек
көрсетеді және сапа менеджменті жүйесін растау бойынша қызметтер көрсетеді.
Тек сапалы шикізаттар мен материалдарды қолдану ғана өнімді нәтиже
бере алады, өйткені дайын өнімнің сапасы бастапқы қолданылатын материалдар
сапасымен анықталады.
Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы АҚ Талдықорған
филиалының сынақ зертханасында физикалық – химиялық көрсеткіштер және
төменде көрсетілген зиянды заттардың құрамы бойынша өнімнің құрамын анықтау
бойынша қазіргі заманның жабдықтарымен қамтамасыздандырылған:
- уытты элементтер;
- радионуклидтер;
- нитрозаминдер;
- микотоксиндер;
- бенз(а)пирен;
- өсімдік жойғылар қалдық саны;
- микробиологиялық көрсеткіштер;
Қазіргі кезде өнімді өндірушілерге келесі қолданылатын стандарттарды
еркін таңдау құқығы берілген: халықаралық, мемлекетаралық, ұлттық, ұйым
стандарттары. Ұйым стандарттарын әзірлеу шетелдік орын алмастыру
мәселелерін шешуге мұрсат береді – жаңа технологияларды енгізу, қайта құру
немесе өнідірісте жаңа бөлімдерді құру арқылы өнімнің сұрыптамасын кеңейту
және сапасын жоғарылату жолымен ішкі нарықтан шетел өнімін ысыру, сонымен
қатар бар мүмкіндіктерді тиімді қолдану.
Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы АҚ Талдықорған
филиалының Стандарттау бөлімі қызметтердің келесі түрлерін көрсетеді:
- ұйым стандарттарын жетілдіру және қайта қарастыру
- өнімнің каталогтық парақтарын толтыру және аудару;
- нормативтік құжаттарды мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару;
- нормативтік құжаттармалар қорында көрсетілген ақпараттық қызметтер;
- тауар белгілерін және патенттерді жетілдіру және тіркеу бойынша
кеңестік қызметтер;
- жұмыс орындарын аттестаттау және т.б.
Тұтынушылар жоғары дәлдік пен үйлесімдікті талап ететін өлшемдер
саласы қашанда ұлғаюда. Жоғары технологиялардың дамуы желдетілуде және
өлшемдердің жаңа, сондай – ақ күрделі диапазондарын талап етеді.
Адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету,
диагностика және емдеу, дәрі – дәрмектерді өндіру және сынау кезінде
қолданылатын өлшеу құралдары белгіленген талаптарға сәйкес болуға және
міндетті түрде салыстырып тексеруден өтуге тиіс, яғни өлшемдердің дәлдігіне
кепілдік беру – басқа сөзбен айтқанда адамдардың өмірі мен денсаулығын
қорғау үшін қызмет ету, сондай – ақ олардың тиісті жұмысына жағдай жасауы
қажет.
Филиалдың метрологиялық қызметінде салыстырып тексеру және сынақ
жабдықтарының 250 астам бірлігі бар және 11 түрлі өлшеу құралдары бойынша
салыстырып тексеруді, сынақ жабдығының метрологиялық аттестаттауын, сынақ
зертханаларындағы өлшеу құралдарын бағалауды жүзеге асырады.

1.2 Өнімнің қызметтік тағайындалуы, өнімнің жіктелуі

Қызметтер функционалды тағайындалымына сәйкес екі топқа бөлінеді -
өндірістік және өндірістік емес, олардың әрқайсысы бірнеше түрге бөлінеді.
Өндірістік қызмет – кәсіпорындар мен ұйымдардың қажеттіліктерін
қанағаттандыру бойынша қызметтер.
Өндірістік емес қызметтер жеке бір тұлғамен немесе тұлға топшаларымен
көрсетіліп, материалды және материалды емес болып бөлінеді.
Материалдық қызмет – бұл тұтынушың материалдық қажеттіліктерін
қанағаттандыруға арналған қызмет.
Материалдық қызмет – бұл тұтынушының материалдық қажеттіліктерін
қанағаттандыруға арналған қазмет. Оның нәтижесі түрлендірілген өнімдер.
Материалды емес (әлеуметтік – мәдени) өнімдер – бұл тұтынушының
әлеуметтік – мәдени – физикалық рухани ақпараттық, интеллектуалды және т.б.
қажеттіліктерін қанағаттандыру қызметтері. Мұндай қызмет объектісі тікелей
тұтынушының өзі болып табылады.
Қызметтер түрі:
• зерттеулер
• несиелеу
• делдалдық
• оқыту
• жөндеу
• техникалық қызмет көрсету
• емдеу
• қоймалау
• сақтау
• сату
• жалға беру
• дайындау
• ақпараттық қызмет көрсету
• байланыстық
• персоналдық және т.б.
Қызметтің жоғары 13 жіктелген топтары бар:
• тұрмыстық
• жолаушылар көліктер
• байланыс
• тұрақ – комуналды
• мәдениет ғимараттары
• туристік және саяхаттық
• физикалық мәдениет және спорт
• медициналық, санитарлы – емдік, ветеринарлы
• құқықтық сипаттамалы
• банктер
• білім беру жүйесі
• сауда, қоғамдық тамақтандыру, нарық
Бұл топтарға 1500 астам нақты қызмет атаулықтары кіреді.
Барлық өнеркәсіптік өнімдерді пайдалану кезінде олардың
қасиетттерінің жүзеге асу сипаттамасы бойынша екі класска және бес топқа
бөлуге болады.
1-ші топқа шикізат пен табиғи отын жатады.
2- ші топқа материалдра мен өнімдер жатады.
3-ші топқа шығын бұйымдары жатады.
Бұйым – бұл зат немесе заттар жинағын көрсететін өнеркәсіптік өнім
бірлігі.
Шығын бұйымы – бұл үздіксіз шамалар көмегімен есептелетін, бірақ
арнайы өнеркәсіптік орамда шығарылатын өнеркәсіптік өнім бірлігі. Әрбір
орам шығын бұйымы болып табылады.
4-ші топқа жөндеуге келмейтін бұйымдар жатады
5-ші топқа жөндеуге келетін бұйымдар жатады
Бірінші класс өнімі қолдану процесінде шығындалады. Тірі ағзалармен
қорытудың, өңдеудің, жанудың және т.б. қайтымсыз процесі болады.
Екінші класс өнімін қолданған кезде оның ресурсы шығындалады.
Өнімдер техникалық немесе моральдік тозуға дейін қолданылады.
Қолданыс аумағы бойынша өнім өндірістік – техникалық тағайындалымды
өнімдер, халықтық тұтыну тауарлары және әлеуметтік тағайындалымды өнімдер
болып бөлінеді. Өндірістік – техникалық тағайындалымды өнімдерге халықтың
байланыс жүйесі көлік қызметтері өрісінде мәдениет, денсаулық сақтау,
туризм, спорт, білім аумағындағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған
өнімдер жатады.
Конструкторлық орындалуы бойынша барлық бұйымдар 4 түрге бөлінеді:
1. детальдар
2. жинақ бірліктері
3. кешендер
4. жинақ (комплектер)
Деталь- бұл атаулығы мен маркасы бойынша біртекті материалдан
жинақтау операциалары қолданбай жасалған бұйым.
Жинақ бірліктері – дайындау - өнеркәсібінде жинақ бөліктері өзара
жинау операцияларымен біріктіруге жататын бұйымдар.
Детальдар – арнайыланбаған, яғни құраушы бөліктері жоқ бұйымдар
болып табылады.
Жинақ бірліктері, кешендер мен жинақтар арнайыланған бұйымдар, яғни
олардың құрамына екі немесе одан көп бөлшектер кіреді. Осы заттардың құрамы
арнайылану деп аталатын конструкторлық құжатпен анықталады. Келтірілген
әр түрлі үш критерий бойынша жіктеу өнімдері үлкен жіктеу топтарына бөледі.
Өнімдерді бұлай бөлу жіктелуші топтарға ортақ сапаға талаптарды дайындау
және нормативті құжаттамаға енгізу үшін сапа көрсеткіштерінің атаулығын
анықтау, сапаны қамтамасыз ету әдістерін дайындау сияқты сапаны қамтамасыз
етудегі кейбір тәжірибелік тапсырмаларды шешуде маңызды. Өнімді жүзеге асу
өрісі бойынша бөлу бағалауды салыстыру кезінде сапа көрсеткіштерінің
мәнділігін бағалауға әсер етеді. Өндірістік –техникалық тағайндалымды
өнімдер үшін эстетикалық және эргономикалық көрсеткіштер салмақтырақ.
Өнімді қасиеттерінің жүзеге асу сипаттамасы бойынша бірінші немесе екінші
класқа жатқызу пайдаланылатын технологияға әсер етеді: бірінші класс өнімін
қолдану жайлы айтқанда тұтыну термині, ал екінші класс өнімдерінің
қолданысы жайлы айтқанда пайдалану термині қолданылады. Жіктегіштер
көмегімен келесі тапсырмалардың шешімі қамтамасыз етіледі:
• өнімге құжаттардың тіркелуі
• міндетті сертификаттауға тән өнімдер тізімін дайындау;
• міндетті сертификаттауға тән шетелден әкелінетін өнімдер тізімін
дайындау;
• аусытыру кілттерінің көмегімен қайта кодтау арқылы шетел нарығына
шығарылатын отандық өнімдер туралы деректі ақпарат дайындау;
• ішкі қазақстандық нарықта өнім туралы ақпаратты қамтамасыз ету;
• мемлекеттік статистика, салық салу, ішкі және халықаралық ақпараттық
жүйелерде қатысу бойынша жұмыс шегінде есептік қызметтерді жүзеге
асыру.

1.3 Өнім сапасы туралы жалпы мәліметтер

Өмірде біз сапа түсінігін жиі қолданамыз: іскерлік сапа, өнім,
қызмет, еңбек сапасы, өмір сүру сапасы және т.б. Өмір салтының саасына
материалды орта - өнім мен қызмет сапасы көп әсер етеді. Сондықтан өнім мен
қызмет сапасы мәселесі бұған дейін де, қазір де актуалды.Ол шешімі біздің
мемлекетіміздің экономикалық тұрақтылығына тәуелді стратегиялық мәселе
болып табылады. Көптеген өндірістердің, конструктор ұжымдарының, қызмет
өрістерінің қызметтерін біріктіретін сапаны жақсарту процесі тек қана тауар
мен қызметті сатудан пайда алу үшін ғана емес, сондай –ақ ең маңыздысы алпы
қоғам мен оның мүдделеріне қажет.
Сәйкес пайдалылыққа ( сату бағасы мен өзіндік құн арасындағы
айырмашылық) ие тауар ұдайы сұанысқа ие болуы керек. Тауарды тек бізге
қажет болғаны үшін ғана емес, бәзге ұнағаны үшін де сатып алып, бағасын
төлейміз. Тауардың сырт түрі, қолданыстағы қолайлығы, қызмет ету уақыты,
техникалық сипаттамалары, кепілдік қызмет көрсету уақыты, техникалық
сипаттамалары, кепілдік қызмет көрсету шарттары – оның бағасын анықтауда
шешуші моменттер болып табылады, онда біз сатып алған нәрсенің бағасын
артылған үміт немесе тауардың пайдалылық деңгейі факторына сәйкес
төлейміз.
Сапа - объектінің белгіленген немесе болжамалы қажеттілікті
қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткіштер жиынтығы (ИСО 8402). Сапа
деген ұғым үш элементті қамтиды:объект, қажеттілік және көр сеткіштер.
Осыған байланысты сапаның мәнін толық түсіну үшін осы элементтерді талдау
керек.
Объект ретінде іс-қимылдар немесе процесс, өнім, қызмет
көрсету, мекеме, жүйе мен жеке тұлға немесе осылардың сан қилы қиыстырулары
болуы мүмкін. Осындай қиыстырулардың мысалы ретінде өмір сапасын алуға
болады. Шетелдерде, ал соңғы кезде біздің елімізде
де, тұтынушылардың мүддесі мен құқығын қорғау мәселесін осы өмір сапасы
тұрғысынан қарастырады. Бұл ұғым адамның қажеттілігін қамтамасыз етудің
көптеген жағдайларын қамтиды: тауар мен қызмет көрсету сапасын, қоршаған
ортаны қорғау, адамның денсаулығын сақтау, білім беру сапасын және
басқалар. Оқулық та сапа коммерцияға, оның негізгі объектілері - өнімге
(тауарға), процеске және қызмет көрсетуге қатысты қарастырылады.

Өнім - процестің немесе көрсетілген қызметтің нәтижесі.
Процесс - өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да
бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-
қимылдар (жұмыстар) жиынтығы. Көрсетілетін қызмет - беруші мен тұтынушының
тікелей өзара іс-қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіліктерін
қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары.
Тауар - ерікті иесіздендірілетін, бір тұлғадан екінші тұлғаға сатып алу
- сату келісімі бойынша өтетін кез келген зат.
Сапаның екінші элементі - қажеттілік. Қажеттілік сатылы түрде болады.
Оның төменгі сатысында тамақ өнімдерінің көмегімен қамтамасыз етілетін
қауіпсіздікке қажеттілік . Сатының жоғары деңгейінде эстетикалық
қажеттілік, шығармашылықтағы қажеттілік орналасады. Бүгінгі күнде ішкі,
әсіресе сыртқы рынокта бәсекеге түсу үшін тұтынушылардың бағалауларындағы
өзгерістерді уақытылы болжап, келешектегі қажеттілікті біліп отыру керек.
Доктор Э.Демингтің (сапаны жан-жақты басқарудыңтеориясы мен әдістемелері
саласындағы ірі ғалым, Жапон ғажайыбының авторы) сөзімен айтқанда,
тұтынушы өзіне керегін алуы керек, қай уақытта керек болса сол уақытта
және қандай түрде қаласа, сондай түрде алуы керек.
Сапаның үшінші элементі - көрсеткіштер.
Көрсеткіштер сапалық және сандық бо лып екіге бөлінеді. Сапалық
көрсеткіштер - материалдың түсі, бұйымның түрі, т.б. Сандық көрсеткіштер
(параметрлер) тауарды қолдану шеңбері мен жағдайын анықтау және сапаны
бағалау үшін қолданылады. Сапа көрсеткіші - тауар сапасына жататын бір
немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Сапа көрсеткіші тауардың
қажеттілікті қамтамасыз ету мүмкіндігін сандық көрсеткіштермен сипаттайды.
Көрсеткіштер әр түрлі өлшемдермен келтіріледі немесе өлшемсіз болады.
Көрсеткіштерді қарастырғанда олардың атауы мен мәні анықталады.

2 ӨНІМІНІҢ САПА КӨРСЕТКІШТЕРІ
2.1 Сапаның ерекшелігі және көрсеткіші

Ерекшелік — өнімнің (немесе тауардың) жасалу кезінде, бағалау, сақтау
және тұтыну кезінде пайда болатын объективті ерекшелігі. Өнімнің құрамы •
қарапайым және күрделі болуы мүмкін.
Қарапайым ерекшелік бір ғана ерекшелікпен сипатталады, мысалы,
қышқылдығы, сүттің майлылығы және т.б.
Күрделі ерекшелік — кжиынтық түрынде көрініс табатын ерекшеліктердің
комплексі. Күрделі құрамға мысал ретінде толықтай құрамдардың комплексіне
ие тағамдық тауарлардың тамақтану құндылығын алуға болады — қуаттылығы,
биологиялық және физиологиялық құндылықтары, сонымен қатар жұғымдылығы.
Сапа көрсеткіші — өнім құрамының сапалық және сандық көрінісі
(немесе тауардың). Сапа көрсеткіші физикалық жәненемесе физикалық емес
шама болып табылады. Физическалық шама (ұзындық, масса және тығыздық және
т.с.с.) сапалық және сандық болып өлшене алады. Дегенмен бұл жағдайда
сол бір көрсеткіштер тауардың әр түрлі құрамын сипаттауы мумкін
екендігін ескере кету керек.
Көрсеткіштің аталуы тауардың сапалық сипатына қызмет етеді (мысалы,
шырындағы қанттың үлесі).
Көрсеткіштің мағынасы сапалық және сандық көрсеткіштердің нәтижесі
болып табылады (мөлшер және мөлшерлілік), мысалы, шырында қанттың
үлесі 12%. Көрсеткіштің мағынасы тауардың анықталған талаптарға сай болуы
немесе сай болмауы кезінде немесе өлшеу нәтижелерін констатациялау
кезінде қолданылады.
Аталуы бойынша сапа көрсеткіштері сипаттаушы құрамына қатысты
(дара, комплексті, интегралдық) немесе бағытталуына байланысты
(базалық және анықтаушы) топтарға бөлінеді.
Дара көрсеткіштер — тауарлардың қарапайым құрамын сипаттауға
арналған көрсеткіштер. Мысалы, дара көрсеткіштерге түсі, пішіні,
бүтіндігі, қышқылдылығы жатады.
Комплексті көрсеткіштер — тауарлардың күрделі құрамын сипаттауға
арналған көрсеткіштер. Нанның жұмсақтығы — бірнеше дара көрсеткіштерден
тұратын комплексті көрсеткіш: тусі, кеуектілігі, икемділігі және т.б.
Интегралды көрсеткіштер — өнімді өндіруге, жасауға, сақтауға және
тұтынуға кеткен шығындарға қолданудан алған пайдалы әсердің анықталған
соммалық қатысы болып табылатын көрсеткіштер. Мұндай көрсеткіш
әдетте бәсекеге қабілеттілікті жеңілдетілген есептеулерде қолданылады.
Бірақ та ол тауартанудың сипатының тауар белгісінің танымалдығы,
беделділігі сияқты талаптарын қарастырмайды. Сол себепті тек
интегралды есептеудың көрсеткіші танымалдылығы мен беделділігімен
ерекшеленетін түрлі тауар белгісіндегі тауарлардың бәсекеге
қабілеттілігін бағалауда жеткілікті нәтиже бере алмайды.
Базалық көрсеткіштер — сапалық көрсеткіштердің сипаттарын салыстыру
негізінде қабылданатын көрсеткіштер. Базалық көрсеткіштің мысалы
ретінде үлгінің анықталған сорттағы ұнның түсіне сай болатын түсін
айтуға болады. Базалық сапа ретінде ғылыми-техникалық жетістіктердің ,
сонымен қатар стандарттар көрсеткіші мен техникалық регламенттер
негізінде пайда болған ең жақсы ұқсас өнімдерді қолдануы мүмкін.
Анықтаушы көрсеткіштер — тауар сапасын бағалауда шешуші рөл атқаратын
көрсеткіштер. Оларға көптеген қосымша сипаттар жатады — сыртқы келбеті,
барлық тұтынушы тауарлардың түсі, аөықтық тауарлардың дәмі және иісі;
физико-химиялық көрсткіштер — майдың массалық үлесі (майлы азық-
түліктерде — сиыр сүтінде, маргаринде және т.б.), этил спирті
(алкогольді сусындарда) және т.б. Тұтынушылық ерекшелік номенклатурасы
мен сапа көрсеткіштерін қарастыру барысында азық-түлік тауарлардың және
азық-түліктік емес тауарлардың барлығына жалпы ортақ құрамның
топшалары қарастырылды. Ерекше құрамдар (мысалы, тектоникалығы, гигиеналық
және басқа да азық-түліктік емес тауарлардың құрамы) тауартанудың сәйкес
бөлімдерінде зерттелуі керек.
Сапаны бағалау - объектінің қойылған талаптарды орындауға қаншалықты
мүмкіндігі бар екендігін жүйелі тексеру (ИСО 8402). Егер тексеру
кезінде талаптардың орындалмауы себепті сәйкессіздік анықталған болса, онда
оны жою үшін мекеме түзету шараларын жүргізеді. Кез келген тексеру екі
элементтен тұрады:
1. объектінің нақтылы жағдайы жөнінде ақпараттар алу (өнім үшін оның
сапалық және сандық сипаттамалары);
2. алынған ақпаратты бұрыннан белгіленіп қойылған талаптармен салыстыру,
яғни екінші түрде ақпарат алу.Өнім сапасын тексеру - өнімнің сапалық
және сандық сипаттамаларын тексеру. Сапаны тексеру жұмыстарына өлшеу,
талдау, сынау операциялары кіруі мүмкін.
Өлшеу дербес жұмыс түрі ретінде метрологияның объектісі болып табылады.
Өнімді талдау - материалдар мен шикізаттардың құрамы мен құрылымын талдау
сараптамалық әдістермен (химиялық талдау, микробиологиялық талдау, т.б.)
жүргізіледі. Сынау - сынау объектісінің сапалық және сандық сипаттамаларын
эксперименттік әдіспен анықтау. Сынау кезінде негізгі қажетті заттар -
сынау құрал-жабдықтары, ал көмекші заттар - қажетті реактивтер,
материалдар, т.б. Сынау кезінде өнім мен қызметтің сипаттамаларын
анықтаудың әр түрлі әдістері қолданылады: өлшеу, сараптамалық, тіркеу
(тоқтап қалу санын, зақымдалған өнімдердің санын және т.б.)
органолептикалық (сипаттамаларды адамның сезім мүшелерінің көмегімен
анықтау). Өткізу орнына байланысты сынаулар зертханалық, полигондық, табиғи
болып бөлінеді. Тауарларды сынаудың негізгі түрі - зертханалық сынау. Сынау
жүргізудің сапа көрсеткіші - дәлдік және нөтижелердің қайталануы. Бұл
талаптарды орындау метрология ережелерін сақтауға тікелей байланысты.
Қажетті сынаудың сапасын дәлелдеу үшін зертханалар тіркеуден өтуі керек.
Зертханаларды тіркеу - сынау зертханаларын орган ретінде белгілі салада
жұмыстарды жүзеге асыруға мекеменің құқықтылығын өкілетті мемлекеттік
органның ресми мойындауы (ҚР СТ.7.0. 99). Қазақстан Республикасында сынау
зертханаларын тіркеуден өткізу жүйесі құрылды. Елімізде сертификаттауды
жүргізу ережелері бойынша нақтылы өнімді сынау жұмыстарын
жүргізу құқығы тек қана тіркеуден өткен сынау зертханаларына беріледі.
Азық-түліктік ерекшелік — жекелеген тұтынушылардың қажеттіліктерін
қанағаттандыруға бағытталған қасиеттер жиынтығы. Мұндай құрамдарға
тағамдық азық-түліктердің тағам құндылығы, азық-түліктік тауарлардың
және азық-түліктік емес тауарлардың эстетикалық құрамы мысал бола
алады. Азық-түліктік құрамдар бөлшектік саудада жүзеге асырылатын дайын
азық-түліктер мен тауарларға тән.
Технологиялық ерекшелік — өндірістік тұтынушылар мен өндіріс
үдерісінің икемділігін қаматамасыз ететеін өнімдердің ерекшелік
жиынтығы.
Өндірістік тұтынушылардың жекелеген тұтынушылардан айырмашылығы
алдын ала күтпеуінде. Олар технологиялық үдеріске қажет болатын
өнімге деген талаптарды нақты біледі. Технологиялық құрылым көп
жағдайда шикізат тауарларына (шикізат, материал, жартылай фабрикаттар),
дайындалуы төмен деңгейдегі азық-түліктік тауарларға тән болып табылады.
Мысалы, жарма, ұн, ет, балық және т.б., аспаздық өңдеуге арналған
өнімдер, киім тігуге арналған маталар да технологиялық құрамға ие.
Тағамдық азақ-түліктер үшін бұл құрамдар аспаздық деп аталады (жарманың
қайнатылуы, ұнның қамырға айнала алу мүмкіндігі, оның сапасы және саны және
т.б.).
Тұтынылу ерекшелігінің номенклатурасы
Тауар ерекшелігі – бір тауардан екіншісін ерекшелейтін объективті
ерекшелігі. Әр бір тауарға тән құрастыру, тасымалдау, тұтыну кездерінде
пайда болатын ерекшеліктреі болады. Тұтыну үрдісі кезінде пайдалылықпен
қамтамасыз ететін тауар ерекшелігін тұтыну тауары деп атайды.
Тұтыну ерекшелігінің номенклатурасы мен олардың көрсеткіштері
тауардың артықшылығы мен бағытталуымен анықталады. Артықшылықтары мен
қажеттілікті қанағаттандыра алатындығына байланысты тұтынылу ерекшелігі
және сапа көрсеткіштері келесідей топтарға бөлінеді:
тағайындалуы – функционалды, әлеуметтік, классификациялық, әмбебап;
сенімділік – төзімділік, мүлтіксіздік, жөндеуге жарамдылық,
сақталатындық;
эргономикалық – гигиеналық, антропометриялық, психологиялық,
психофизиологиялық;
эстетикалық;
қауіпсіздік – химиялық, механикалық, биологиялық, радиялық, электрлі,
магнитті, термиялық, өртке қарсы.
Тағайындалуы – тауардың физиологиялық және әлеуметтік , сонымен қатар
тауар классификациясының қажеттілігін қанағаттандыра алатын тутынушылық
ерекшелікті анықтаушылардың бірі.
Функционалдық тағайындалу ерекшелігі өнімді өз бағытында қолдануды
қамтамасыз етеді. Функционалдық ерекшелік көрсеткіштері өнімнің
тағайындалуы бойынша берілген жағдайда өз функциясын орындауы мүмкіндігін
анықтайтын техникалық болмысын, ерекшелігін сипаттайды. Функционалды
ерекшеліктің көрсеткіштері өнімнің өзгешелігіне байланысты болады. Оларды
келесі топтарға жіктеуге болады:
• негізгі функциясының орындалуының жетілу көрсеткіші;
• әмбебаптылық көрсеткіші;
• көмекші функцияларды орындаудың көрсеткіші.
Әлеуметтік тағайындалудың ерекшелігі – тауардың халықтың жалпы
қажеттілік және жекелеген қажеттілігіне сәйкес болуы. Әлеуметтік бағыттағы
ерекшеліктер көрсеткіші көптеген факторларға байланысты болады, мысалы,
сән үлгісінің бағыты, стилі, тауардың маусымдылығы. Бұл байланыста басқа
өнімнің ерекшелігінің өзгеруіне байланысты бір тауардың әлеуметтік
ерекшелік көрсеткіші өзгеруі орын алады.
Классификациялық тағайындалу – классификациялық белгі ретінде кейбір
ерекшеліктер мен көрсеткіштерді пайдалану мүмкіндігі.
Әмбебап тағайындалу – кей тауарлардың ерекшелігі мен көрсеткіштерінің
түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыра алу қасиеті.
Сенімділік – өнімнің берілген жағдайда және тәртіпте талап етілген
функцияларды орындай отырып, белгілі бір уақыт аралығында белгіленген шекте
барлық параметрлерын сақтай алу ерекшелігі.
Сенімділік көрсеткіштері төзімділік, мүлтіксіздік, жөндеуге жарамдылық,
сақталатындық болып табылады.
Негізінен сенімділік көрсеткіші мен тауардың функционалдық тағайындалу
көрсеткіштері тауарды тұтынушының қолдануының ұзақтығы мен толықтылық
әсерін сипаттайтындықтан бірін бірі толықтырады.
Мүлтіксіздік – сөнімнің берілген функцияларды анықталған уақыт ішінде
амалсыз үзіліссіз орындау қасиеті.
Төзімдылык – өнімнің өзіне арналған функцияларды ұзақ уақыт бойы шектік
жағдайға жеткенге дейін орындауы. Төзімділіктің көрсеткіші қызмет ету
ұзақтығы, ресурсы және т.б. болып табылады.
Жөндеуге жарамдылық – өнімнің жөндеу жұмысының көмегімен ескерту,
ақауды болдырмау және анықтау қабілеті. Барлық өнімдерді жөндеу жұмысына
жарамды және жөндеу жұмысына жарамсыз деп бөлуге болады. Жөндеуге
жарамдылардың көрсеткіші: берілген уақытта қайта қалыпқа келуі, орташа
уақытта қайта қалыпқа келуі, жөндеу жұмыстарына жұмсалған еңбек.
Сақталуы – тауардың берілген уақыт ішінде сақтау мен тасымалдау
барысында және одан кейін де өзінің тұтыну бағасын сақтап қалуы. Сақтау
көрсеткіштері: сақтау мен тасымалдау ұзақтығының күнтізбесі (күні, айы
және т.б.), жоғалтулар, тауарлық өнімнің шығуы (стандартты).
Тауардың экономикалық ерекшелігі олардың өндірісте және тұрмыстық
үдерісте адамдардың қолдануымен көрініс табады.
Эргономикалық ерекшеліктерге және көрсеткіштеріне гигиеналық,
антропометриялық, психологиялық, психофизиологиялық сипаттар жатады.
Гигиеналық – адамдардың ағзасына және жұмысқа қабілеттілігіне әсер
етуші тауарлардың ерекшеліктері. Гигиеналық ерекшелік өнімді
эксплутациялау арқылы анықталады: температурамен және ауаның
ылғалдылығымен, шумен, діріл және басқалармен, және материалдың
табиғатымен. Гигиеналық ерекшеліктің көрсеткіштері: ылғал жұтқыштық, бу
және ауа өткізгіштік, шаң сыйымдылығы және т.б.
Антропометриялық ерекшелік – өнімнің немесе оның бөлшектерінің пішіні,
өлшемі мен салмағы жағынан тұтынушыға сәйкес болуы. Антропометриялық
ерекшеліктердің көрсеткіштері: киімнің өлшемі, аяқ киім, жиһаз,
ыдыстардың өлшемі; тұрмыстық техникалардың өлшемі мен пішіні және т.б.
Психофизиологиялық ерекшелік – адамның сезу қабілеттерінің
артықшылықтарына сәйкес бола алатын тауарлардың қасиеті: көру, есту, иіс
сезу, дәм сезу.
Психологиялық ерекшелік – тауардың тұтынушы психикасына сәйкес болу
қабілеті (қабылдауына, ойлауына және есте сақтауына).
Эстетикалық ерекшелік – тауардың әлеуметтік-мәдени ұғымының белгілерін,
олардың пайдалылық деңгейі мен мақсаттылығын, техникалық жетістілігін
қабылдауды сезіммен көрсете білу қабілеті.
Эстетикалық ерекшелік көрсеткіштеріне жатады: өнімнің пішіні, түсі,
композицияның жинақтылығы, үлгісі, сәні, өнімнің даралығы, өндірістік
орындаудың жоғары деңгейлігі.
Пішін – эстетикалық қабылдаудың ең негізгі сипаттарының бірі. Өнімнің
пішіні оның тағайындалуына, тұтынушылардың мәдени сұранысына және таңдауына
сай болуы керек.
Өнімнің түсі әрқашан да безендіру кезінде маңызды әдіс болып табылады;
түспен безендіру өнімнің әдемілігін айқындап тұруы керек. Түсті таңдауда
шешім қабылдау түстану заңнамасы бойынша қабылданады.
Композицияның жинақтылығы – бөлшектер мен бөліктердің келістілігі,
өнімнің пішінінің элементтерінің өзара байланысы. Компазицияның
жинақтылығы екінші реттік элементтердің бастысына бағынуын, компазицияның
қарапайымдылығын және өнімнің бөлшектерінің үлгілерінің біртектілігін
болжайды.
Үлгі – үлгілік жүйенің, суретшілік бейнеліліктің әдісінің, улгілік
қабылдаулардың тұрақты тұтастылығы және жалпылығы.
Үлгі деп тағы да осындай жалпылықтарды тануға мүмкіндік беретін
сындардың жүйесін де атайды. Үлгі ұғымының астарына барлық көріністер мен
пішіндердің жиынтығын байланыстырады. Үлгі дара мақамды, шығармашылықтағы
бейнелік ерекшеліктерді, көркемөнердің тарихының кезеңдерін анықтайды.
Сән үлгі – тұтынушылардың белгілі бір өмірдің саласында талғамның
пайда болуы. Өте тар мағынада сән үлгіні киімнің, аяқ киімнің,
жиһаздың, тұрмыстық техниканың және басқа да тауарлардың пішінінің
өзгеруі деп түсінеді. Стилбмен салыстырғанда сән үлгісі аз уақытқа
тауардың сырт келбетінің шамалы өзгергенін сипаттайды.
Өнімнің даралығы – нақты бір өнімді соған ұқсас өнімдерден айыруға
мүмкіндік беретін сипаттардың жиынтығы; графикалық, түстік, фактуралық
шешімдерді қолдануда көрініс табады; орауды орындау кезінде және қоса
жүретін құжаттамаларға да байланысты болады.
Өндірістік орындаудың кемелденуі – бұл сұлбалар мен жеке элементтерді
мүлтіксіз орындауы, бүркеу мен ораудың сапалылығы, еріп жүруші және
ақпараттық құжаттардың, фирмалық белгілердің орындалуының сапалылығы
мен дәлділігі.
Өнімнің экологиялық ерекшелігі оны өндіру кезінде, тұтыну және
тауарды пайдалану кезінде, сонымен қатар сақтау мен пайдаға асыру
кезінде қоршаған ортаға әсер етуі болып табылады.
Тұтынудың қауіпсіздік қасиеті – бұл тауарды тұтыну және пайдалану
кезіндегі биологиялық, механикалық, электрлі, өрт және басқа да
қауіпсіздік түрлерімен қамтамасыз етеді. Стандарттарда міндетті түрде
қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар қарастырылады. Анықталған уақыт
ішінде тұтынуға жарамсыз болып қалатын кейбір тауарларға қолдану уақыты
бекітіледі.
Қауіпсіздік көрсеткіштері тауардың барлық режим кезінде, яғни
тасымалдау, сақтау, тұтыну, пайдалану кезінде тұтынушылардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін ерекшелігін сипаттайды.
Қауіпсіздік көрсеткіштерінің номенклатурасын өнімнің ерекшелігі мен
тұтынуға қойылатын талаптарға байланысты анықтайды. Таурлардың қауіпсіздік
ерекшеліктері қауіптің біртектіліктерін және қасиеттері мен әр
түрлілігін ескере отырып топтайды.
Қауіпсіздіктің келесідей түрлерін бөледі: химиялық, механикалық,
биологиялық, радиациялық, электрлік, магнитті, термиялық, өртке қарсы.
Химиялық қауіпсіздік өнімнің тұтынушы денсаулығына және меншігіне
қауіп төндірмейтінін, өнімнің таксинді зат бөлмейтінін анықтайды.
Механикалық қауіпсіздік тұтынушыны әр түрлі механикалық әсерлерден
қорғау деңгейін анықтайды (өнімнің қозғалатын және жылдам айналатын
бөлшектерінен).
Биологиялық қауіпсіздік тұтынушының микро ағзалар мен тіршілікті
өнімдерді тұтыну кезіндегі қауіптің болмауын анықтайды.
Радиациялық қауіпсіздік тұтынушыны және оның меншігін радиоактивті
элементтердің әсерлерінен қорғау деңгейін сипаттайды. Тамақтану
өнімдері үшін кобальттің, цезидің, стонцийдің, сонымен қатар
радионуклидтің шекті ұйғарымды концентратын белгілейді.
Электрлі және магнитті қауіпсіздік тұтынушыны түрлі электрлі
тауарларды тасымалдау және пайдалану кезінде электрлік және магнитті
әсерлерден қорғау деңгейін сипаттайды. Бұл топтың тауарларының
стандарттарына электрлік қауіпсіздікке ықпал ететін рұқсат етілетін
элетроэнергиялық және де басқа да көрсеткіштердің максималды деңгейі
нормаланады.
Термиялық қауіпсіздік тұтынушыны өнімді тұтыну және тасымалдау
кезінде жоғары температураның ықпалынан қорғау деңгейін сипаттайды.
Өртке қарсы қауіпсіздік тұтынушыны өнімді тасымалдау, пайдалану,
тұтыну және сақтау кезінде өрттің орын алу ықтималдығынан қорғау деңгейін
сипаттайды.
Тауардың тұтыну қасиетін қалыптастыратын факторлар
Тауардың тұтыну қасиеті комплексті және дара түрде әрекет ететін
факторларға байланысты болады. Бұл факторларды зерттеу тауартануды ең
маңызды тапсырмаларының бірі болып табылады. Тауардың тұтыну қасиетін
қалыптастыратын факторларды үш топқа жіктеуге болады:
• тұтыну қасиетті қалыптастыруға тікелей әсер етуші– бастапқы
шикізаттың және материалдың қасиеті, өнімнің құрастырылуы,
технологиялық үрдістердің сапасы;
• ынталандырушы тұтыну қасиеті – өндірістің мақсаттылығы және
тиімділігі, жұмысшылардың материалдық мүдделілігі, төмен сапалы
өнімді шығаруға қойылған санкциялар;
• тауарды өндірушіден тұтынушыға дейінгі жеткізу кезінде тұтыну
қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ету – сақтаудың талаптары,
тасмалдау, іске асыру және тауарларды пайдалану.
• Шикізаттар және материалдар – еңбектің әсерімен және кейінгі
қайта даярлаудан өтуіне байланысты өзгеріске ұшыраған еңбектің
заты.
• Шикізаттардың көп түрлері шығу тегіне байланысты өнеркәсіптік және
ауылшаруашылықтық деп бөледі.
• Өнеркәсіптік шикізатты өз кезегінде минералды және жасанды деп
бөледі.
• Минералды шикізаттың шығу тегін қолдану саласына қарай бөледі
(техникалық, құрылыс материалдары үшін, металлургиялық және т.б.).
• Жасанды шикізатқа синтетикалық смолдар және пластмасстар,
жасанды және синтетикалық былғарылар, синтетикалық жуу заттары
жатады.
• Ауылшаруашылықтық шикізаттар, сонымен қатар ет, балық сияқты
шикізат материалдар тегіне байланысты өсімдік тектес шикізаттар
(дәндік және техникалық мәдени, сонымен қоса өсімдікті
талшықтар, ағаштар, жабайы өсетін және емдік қасиеті бар
өсімдіктер) және жануар тектес (ет, балық, сүт, елтірі, жібек
және т.б.) болып бөлінеді.
• Түпкі шикізаттың шығу тегі, химиялық құрамы және түпкі
шикізаттың сапасы дайын шикізаттың қасиетін анықтауда өте
маңызды.
• Өнімнің конструкциясы – бұл бөлек бөлшектердің пішіні, өлшемі,
біріктіру әдістері және олардың бір бірімен әрекеттесуі.
Конструкция эргономиялық және эстетикалық қасиеттерге, сонымен
қатар сенімділік және жөндеуге жарамдылыққа ықпал етеді.
• Технологиялық процесстер – бұл бастапқы шикізаттар мен
материалдардан дайын өнім алуға мүмкіндік беретін өндірістік
процесстердің жиынтығы (механикалық, физикалық, химиялық,
термиялық және т.б.). Технологиялық процесстердің түрлері мен
оның жүргізілуі шикізатты тағайындалуы бойынша қолданылуына
байланысты болады.
• Өнімді өндірудің конструкциясы мен технологиясының тұтыну
тауарының қасиетіне ықпалы тауартанудың арнайы тарауларында
зерттеледі.

2.2 Өнімнің сапа деңгейін бағалау сапамен басқарудың негізгі кезеңдері
және сапа жүйесін қамтамасыз ететін бастапқы мәліметтер

Сапаны басқарудың қазіргі заманғы теориясы мен практикасында негізгі бес
кезең бөлінген:
1. Не өндіру туралы шешім қабылдау және техникалық шарттарын даярлау.
2. Өндірістік дайындығын тексеру және ұйымдастырушылық жауапкершілікті
бөлу.
3.Өнім шығару немесе қызмет көрсету процессі.
4. Өндіру және бақылау процесіне анықталған кемшіліктерге болашақта жол
бермеуге мүмкіндік беретін өзгерістер енгізу мақсатында ақауларды анықтау
және кері байланыс ақпаратымен қатмамасыз ету
5. Сапаға қатысты ұзақ мерзімді жоспарлар әзірлеу
Фирманың барлық бөлімдерінің, басқару органдарының өзара қимыл
үйлестіруінсіз аталған кезеңдерді жүзеге асыру мүмкін емес. Мұндай
әрекеттестік сапаны басқарудың бірыңғай жүйесі деп аталады. Бұл сапаны
басқаруға жүйелі қозқарасты қамтамасыз етеді.
Сапаны басқару кезеңдерінің мазмұнын егжей-тегжейлі қарастырайық.
Бірінші кезеңде сапа фирманың тауарлары мен қызметтері оның ішкі
техникалық жағдайларына сәйкес болатын дәрежені білдіреді.Сапаның бұл
аспектісі техникалық жағдайларға сәйкестік сапасы деп аталады.
Екінші кезеңде конструкция сапасы бағаланады. Сапа фирманың бұйым
конструкциясына қоятын техникалық талаптарына сәйкес болуы мүмкін, бірақ,
конструкцияның өз сапасы жоғары да, төмен де болуы мүмкін.
Үшінші кезеңде сапа фирманың жұмысы немесе қызметтерінің көрсетілуі
тұтынушылардың шынайы қажеттіліктерін қанағаттандыратын дәрежені білдіреді.

Фирманың тауарлары ішкі техникалық жағдайларға сәйкес болуы мүмкін
(бірінші кезең), бұйым конструкциясының өзі керемет болуы мүмкін (екінші
кезең), қызмет немесе бұйым тұтынушылардың нақты қажеттіліктерін
қанағаттандыруға жарамауы мүмкін. Біз барлығы бірдей маңызды негізгі үш
кезеңнің мазмұнын қарастырдық. Олардың кез келгеніндегі кез келген олқылық
сапа мәселесін туғызуы мүмкін.
Өнім сапасын басқару жүйесі өзара байланысты мынадай басқару
категорияларына сүйенеді: нысан, мақсаттар, факторлар, субъект, әдістер,
функциялар, құралдар, принцип, критерийлер түрі, типі және бс.
Өнім сапасын басқару деп оңтайлы сапалы өнім шығаруды және оның
толыққанды пайдаланылуын қамтамасыз ететін факторлар мен шарттарға барлық
деңгейлерде ықпал етудің тұрақты , жоспарлы , мақсатты процесін түсінеміз.
Өнім сапасын басқару жүйесіне мынадай функциялар кіреді:
1. Стратегиялық, тактикалық және шұғыл басқару функциялары.
2. Шешім қабылдау, басқарушылық ықпал ету, талдау және есепке алу,
ақпараттық-бақылау функциялары
3. Арнаулы және өнімнің өмірлік циклының барлық кезеңдеріне ортақ
функцииялар
4.Ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік факторлар
мен жағдайлар бойынша басқару функциялары
Стратегиялық функцияларға :
• сапаның базалық көрсеткіштерін болжау және талдау;
• жобалық және конструкторлық жұмыстардың бағыттарын анықтау;
• қол жеткен өндіріс сапасының нәтижелерін талдау;
• рекламациялар туралы ақпаратты талдау;
• тұтынушылық сұраныс туралы ақпаратты талдау енеді.
Тактикалық функцияларға:
• өндіріс саласын басқару;
• берілген сапа көрсеткіштері деңгейінде ұстап тұру;
• басқарылатын нысандар мен сыртқы ортаның әрекеттестігі.
Өнім сапасын басқару жүйесі дегеніміз өнім сапасының жоғары деңгейін
белгілеуге, қамтамасыз етуге және ұстап тұруға бағытталған басқару
органдарының және басқару нысандарының, шаралардың, әдістер мен құралдардың
жиынтығы.
1987ж. Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым АҚШ, Канаданың, ФРГ
қатысуымен 9000 сериялы (сапа жүйелері бойынша) бес халықаралық стандартты
әзірлеп, бекітті. Оларда өнім сапасын қамтамасыз ету жүйелеріне, соның
ішінде өнімді әзірлеуге, жасауға, бақылауды ұйымдастыруға және өнімді
сынауға, оны пайдалануға, сақтауға, тасымалдауға қойылатын талаптар
белгіленген. Сапа жүйелері бойынша ИСО 9000 халықаралық стандарттарына 5
атау енгізілген:
1. ИСО 9000 “Сапаға жалпы басшылық және сапаны қамтамасыз ету
стандарттары. Таңдауға және қолдануға қатысты жетекші нұсқаулар”.
2. ИСО 9001 “Сапа жүйесі.Жобалау, және (немесе) әзірлеу, өндіру,
монтаждау және қызмет көрсету барысында сапаны қамтамасыз ету моделі”.
3. ИСО 9002 “Сапа жүйесі. Өндіру және монтаждау барысында сапаны
қамтамасыз ету моделі”.
4. ИСО 9003 “Сапа жүйесі. Соңғы бақылау және сынақтар барысында сапаны
қамтамасыз ету моделі”.
5. ИСО 9004 “Сапаға жалпы басшылық және сапа жүйелерінің
элементтері.Жетекші нұсқаулар”.
Өнім сапасын басқару жүйесі :
• 9001 – өнімді бақылау және сынау жүйесіне, сенімділігін
сертификаттауға қойылатын талаптарды
• 9002 – өндірісті ұйымдастыру жүйесіне қойылатын талаптарды.
• 9003 – жобалаудан пайдалануға дейін сапаны басқару жүйесіне қойылатын
талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
Сапаны басқару жүйесіне :
1. Басшылықтың міндеттері (сапа саласындағы саясат, ұйымдастыру).
2. Құжаттама және жоспарлау жүйесі.
3. Талаптар құжаттамасы және олардың орындалуы.
4.Әзірлеу кезіндегі сапа (жоспарлау,құзырлылық, құжаттама, тексеру,
нәтиже, өзгертулер).
5. Сатып алу барысындағы сапа (құжаттама, бақылау).
6. Бұйымдарды белгілеу және оларды бақылау мүкіндігі.
7.Өндіру барысындағы сапа(жоспарлау, нұсқаулықтар, біліктілік, бақылау).

8.Сапаны тексеру (бастапқы тексерулер,операцияаралық бақылау, соңғы
бақылау,сынақтар құжаттамасы).
9. Сынақ құралдарын бақылау.
10. Ыңғайлау шаралары.
11. Сақтау, қозғау, орау, жөнелту барысындағы сапа.
12. Сапаны құжаттау.
13.Сапаны қолдау жүйесіне фирмаішілік бақылау.
14. Оқыту.
15. Статистикалық әдістерді қолдану.
16. Қолданылатын шаралардың сапасын және жүйелерін талдау.
Бақыланатын сапа көрсеткіштері өнімнің ерекшелігіне байланысты
белгіленеді.
Мысал. Сапа көрсеткіштері жүйесі.
Машиналар сапасы. Техникалық көрсеткіштер(қуаты, дәлдігі, ресурстардың
үлестік шығыны, сенімділігі және т.б.).
Еңбек сапасы. Ақаудың пайда болуы себептері.
Өнім сапасы. Өндірістік, тұтынушылық, экономикалық көрсеткіштер.
Жоба сапасы. Сату барысындағы түзетулер саны.
Технология сапасы. Бұзылыстар саны.
Сапа саласындағы саясаттың қызмет принципі түрінде немесе ұзақ мерзімді
мақсат түрінде құрылуы мүмкін және оған
• Кәсіпорынның экономикалық ахуалын жақсарту;
• Өткізу нарықтарын кеңейту немесе жаңасын игеру;
• Өнімнің жетекші фирмалардағы деңгейінен асатын техникалық деңгейіне
қол жеткізу;
• Белгілі бір салалардың немесе белгілі бір өңірлердің тұтынушылары
талаптарын қанағаттандыруға бағдарлану;
• Функционалдық мүмкіндіктері жаңа принциптермен жүзеге асырылатын
бұйымдарды меңгеру;
• Өнім сапасының маңызды көрсеткіштерін жақсарту;
• Дайындалатын өнімнің ақаулылық деңгейін төмендету;
• Өнімнің кепілді мерзімін ұлғайту;
• Сервисті дамыту кіруі тиіс.
ИСО стандартына сәйкес өнімнің өмірлік циклы 11 кезеңнен тұрады:
1. Маркетинг, нарықты іздеу жәе зерттеу.
2. Техникалық талаптарды жобалау және әзірлеу, өнімді әзірлеу.
3. Материалдық-техникалық жабдықтау.
4. Өндірістік процесстерді дайындау және әзірлеу.
5. Өндіру.
6. Бақылау, сынақтар және зерттеулер өткізу.
7. Орау және сақтау.
8. Өнімді сату және тарату.
9. Монтаждау және пайдалану.
10.Техникалық көмек және қызмет көрсету.
11. Сынақтан кәдеге жарату.
Аталған кезеңдер менеджмент жөніндегі әдебиетте сапа ілмегі түрінде
беріледі.
Сонымен, өнім сапасын қамтамасыз ету дегеніміз өнім сапа талаптарына сай
болуы үшін сапа ілмегінің әр кезеңін орындауға қажетті жағдай жасайтын
жоспарланатын және жүйелі түрде жүргізілетін шаралар жиынтығы
Сапаны басқаруға алдымен бақылау, есепке алу, талдау арқылы шешім
қабылдау кіреді.
Сапаны жақсарту дегеніміз өнімнің техникалық деңгейін, оны әзірлеу
сапасын көтеруге, өндіріс элементтерін және сапа жүйесін жетілдіруге
бағытталған тұрақты әрекет.
Сурет 1 сапаны басқару жүйесі шоғырландырылған түрде берілген. Мұнда
алдымен кәсіпорынның сапа саласындағы саясаты, сапаны қамтамасыз етуден,
басқарудан және сапаны жақсартудан тұратын сапа жүйесінің өзі бөлінген.
Қазіргі заманғы сапа менеджментінің тұғырлы 10 шарты белгіленген:
1. Тұтынушыға осы процесстің ең маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарау.
2. Басшылардың фирманы басқару жүйесін енгізуге қатысты ұзақ мерзімді
міндеттемелер алуы.
3. Жетілдірудің шегі болмайтынына сену.
4. Проблема туындағаннан кейін шешуге қарағанда оның алдын алудың
дұрыстығына сенімділік.
5. Басшының мүдделілігі, жетекші ролі және тікелей қатысуы.
6. Нөл қате ұстанымымен жұмыс істеу стандарты .
7. Фирма қызметкерлерінің ұжымдасқан түрде және жекелей қатысулары.
8. Негізгі назарды адамдарды емес, процесстерді жетілдіруге бөлу.
9. Жеткізушілеріңіз Сіздің мақсаттарыңызды түсінгенде Сіздің
серіктестеріңіз болатынына сену.
10. Сіңірген еңбекті мойындау.
Тұтынушының тарапынан бұйым сапасы деген ол тұтынушы талаптарының
қанағаттандырылу дәрежесі.
Ертеңгі күннің тұтынушысы:
1. Сапаның басымдылығын мойындайды, ал баға екінші орында тұрады.
2. Әр ақаудың рекламациясын ұсынады.
3. Сапаның ұдайы жетілдірілуін талап етеді..
4. Технологиялық процесстегі сапаның қамтамасыз етілуін талап етеді,
соңғы бақылаудан бас тартады.
5. Технологиялық процесстер өзгерген жағдайлардағы реакциясы сезгіш.
6. Сапа қамтамасыз етілген жағдайда бірлеседі.
7. Сапа қамтамасыз етілген жағдайда өнімнің жақтасы болады.
Өнім шығаруда нормативтік және техникалық құжаттамаға қойылатын негізгі
талаптардың құрамы және өзара байланыстары 2 суретте көрсетілді.
Өндірістік процесстердің жағдайы және мүмкіндіктері туралы толық
мәліметтері бар, сондай-ақ, оларды жетілдіру үшін басқарушылық ықпалын
уақытында жасайтын кәсіпорындар бәсекеге қабілетті өнім жасауда және
шығаруда барынша жақсы нәтижелерге қол жеткізеді.

Сурет 1. Өнім сапасын басқару

Отандық және шетелдік мамандардың пікірі бойынша өнім сапасы
конструкторлық және технологиялық құжаттамада белгіленеді. Олардың екеуі де
тиісті түрде бағалануы керек.
1) Сұранысқа ие тауар өндіруден бастау керек, яғни, біреу сатып
алатындай, ал егер оның сапасын жақсартса сатып алушылар саны өсетіндей,
кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері жақсаратындай және сапа мәселесін
шешудің келесі кезеңдерін жүзеге асыру үшін қаражат табуға болатындай тауар
өндіру керек.
Сұранысқа ие тауар дегеніміз, әдетте жаңа тауар. Яғни, нарықтағы
сұранысты зерттеуден және жаңа өнімдер өндіруді меңгеру және жасау
барысында осыны ескеруден бастау керек.
2) Сатудың, сонымен қатар тауарды және ол туралы ақпаратты таратудың
дилерлік, сауда желісі болуы керек. Бұл болмаса ешқандай тауар сапасы
кәсіпорынды құтқармайды.
3) Өндіріс шығындарын барынша азайту керек. Осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стандарттау жөніндегі құжаттарды өзектендіру
Шай өнімдерін сертификаттау және сапасын бағалау
Кәсіпорын еңбек өнімділігін жоғарылату мақсаты мен еңбекақыны өсіру шаралары
Сертификаттау мақсатында сынауларды өткізу
Сертификат беру
Бетонның құрылыс материалының түрлері
Өлшеу құралдарын калибрлеу
Бетон өнімінің қоспаларын сынау
М.Х. Дулати атындағы ТарМУда өткен педагогикалық практика бойынша магистранттың есебі
Сапа бақылау
Пәндер