1905-1907 жылдардағы революцияның Қазақстанға саяси дамуына әсері.



1905—1907 жылдардағы революцияның Қазақстанның саяси дамуына әсері. Қазақ елі өзінің отарлық езгідегі халін түсіне бастауы жөне үлттық зиялы қауымның нақты әрекетке көшуі 1905 жылғы бірінші орыс буржуазиялық-демократиялық революциямен тікелей байланысты.Ғасырлар бойы қасық қаны қалғанша қорғаған жерінен айырылып, кіріптарлық күйге түскен қазақтың ауыр халі және патшалық Ресейдің қатал отарлық саясаты көзі ашық оқыған қазақтың азаматтарына ой салды. Дәл осы түста қазақ зиялылары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Мухаметжан Тынышпаев, Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтер, Жақып Ақбаевтар саяси күрес сахнасына көтерілді.Ресейдегі алғашқы революциялық қозғалыс пен отарлық тәуелділіктегі халықтардың, соның ішінде казақ елінің де өз азаттығы үшін күрес жолына түсуі арасында тікелей байланыстың бар екендігі рас. Сонымен бірге метрополия мен отарлық тәуелділіктегі елдердің азаттық үшін қозғалыстарындағы айырмашылықтың табиғи сипатын да жоққа шығаруға болмайды. Ол айырмашылықтар бүл қоғамдық қозғалыстардың көздеген мақсатынан және оларға атсалысқан әлеуметтік күштердің құрамынан туындайды. Егер орыс азаттық козғалысының негізгі мақсаты Ресейдегі басыбайлылық тәртіп қалдықтарын біржола жойып еркін экономикалық және демократиялық өзгеру жолына алып шығу болса, ұлт зиялылары бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басты мұраты ұлттық мемлекеттік дербестікті жаңғырту арқылы басқа елдермен тең кұқықты өркендеуге жол ашу болды. Яғни ұлт-азаттық қозғалысы үшін бірінші кезекте ұлттық еркіндік және теңдік мөселесі тұрды.
Қазак халқының мұң-мұқтажын жоқтаған ұлт зиялылары азаттық қозғалыстың бастаушы күшіне айналды. Қазақ жерін отарлап, халқын орыстандыру секілді патшалық Ресейдің өктемдік саясатын әшкерелеп, оған карсы үгіт-насихат жүргізген Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, Ж.Ақбаев жәнө басқалардың қатысуымен даярланған арыз-тілектерде алым-салықтың көбеюіне, билік өкілдерінің өзбарлығына, сондай-ақ жаппай қоныстандыру саясатына батыл қарсылық көрсетілді. Патшалық самодержавиеге қарсы үгіт-насихат жүргізген түрлі астыртын ұйымдар мен топтардың ісіне араласа жүріп, өздерінің ой-пікірлерін, жеке көзқарастарын баспасөз беттерінде жариялап отырды. Мысалы, М.Тынышпаев: «Сахарадағы толқудың басты себебі саяси, рухани, діни, экономикалық езгі», — деп ашық айтты.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
1905-1907 жылдардағы рефолюция

1905 -- 1907 жылдардағы революцияның Қазақстанның саяси дамуына әсері. Қазақ елі өзінің отарлық езгідегі халін түсіне бастауы жөне үлттық зиялы қауымның нақты әрекетке көшуі 1905 жылғы бірінші орыс буржуазиялық-демократиялық революциямен тікелей байланысты.Ғасырлар бойы қасық қаны қалғанша қорғаған жерінен айырылып, кіріптарлық күйге түскен қазақтың ауыр халі және патшалық Ресейдің қатал отарлық саясаты көзі ашық оқыған қазақтың азаматтарына ой салды. Дәл осы түста қазақ зиялылары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Мухаметжан Тынышпаев, Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтер, Жақып Ақбаевтар саяси күрес сахнасына көтерілді.Ресейдегі алғашқы революциялық қозғалыс пен отарлық тәуелділіктегі халықтардың, соның ішінде казақ елінің де өз азаттығы үшін күрес жолына түсуі арасында тікелей байланыстың бар екендігі рас. Сонымен бірге метрополия мен отарлық тәуелділіктегі елдердің азаттық үшін қозғалыстарындағы айырмашылықтың табиғи сипатын да жоққа шығаруға болмайды. Ол айырмашылықтар бүл қоғамдық қозғалыстардың көздеген мақсатынан және оларға атсалысқан әлеуметтік күштердің құрамынан туындайды. Егер орыс азаттық козғалысының негізгі мақсаты Ресейдегі басыбайлылық тәртіп қалдықтарын біржола жойып еркін экономикалық және демократиялық өзгеру жолына алып шығу болса, ұлт зиялылары бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басты мұраты ұлттық мемлекеттік дербестікті жаңғырту арқылы басқа елдермен тең кұқықты өркендеуге жол ашу болды. Яғни ұлт-азаттық қозғалысы үшін бірінші кезекте ұлттық еркіндік және теңдік мөселесі тұрды.
Қазак халқының мұң-мұқтажын жоқтаған ұлт зиялылары азаттық қозғалыстың бастаушы күшіне айналды. Қазақ жерін отарлап, халқын орыстандыру секілді патшалық Ресейдің өктемдік саясатын әшкерелеп, оған карсы үгіт-насихат жүргізген Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, Ж.Ақбаев жәнө басқалардың қатысуымен даярланған арыз-тілектерде алым-салықтың көбеюіне, билік өкілдерінің өзбарлығына, сондай-ақ жаппай қоныстандыру саясатына батыл қарсылық көрсетілді. Патшалық самодержавиеге қарсы үгіт-насихат жүргізген түрлі астыртын ұйымдар мен топтардың ісіне араласа жүріп, өздерінің ой-пікірлерін, жеке көзқарастарын баспасөз беттерінде жариялап отырды. Мысалы, М.Тынышпаев: Сахарадағы толқудың басты себебі саяси, рухани, діни, экономикалық езгі, -- деп ашық айтты.

1905 жылғы жазда Сырдария облысының Шымкент, Әулиеата уездерінде толқулар бұрқ ете түсті. Мамыр-қазан айлары аралығында ірі қалаларда социал-демократиялық топтар ұйымдастырған шерулерге қатысушылар Самодержавие жойылсын! деген ұрандар көтеріп шықты.Семей облысы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесінде Дала өлкесінде көп дабыра тудырған атақты Қарқаралы арыз-тілегі (петициясы) дүниеге келді. Оның соңына 14,5 мың адам қол койды. Арыз-тілекте сол тарихи кезеңдегі қазақ азаттық қозғалысының алдында тұрған негізгі міндеттер бағдарламалық деңгейде баяндалды.Жер мәселесін, халыққа білім алу мүмкіндігін туғызу, дін тұтыну еркіндігін және басқа талаптар қойған арыз-тілектер Оралда, Жетісуда, Әулиеатада, Лепсіде, Торғайда және тағы басқа орталықтарда даярланып, орталық билік орындарында жөнелтілді.Мемлекеттік Дума жөне қазақтар. Ресейдегі азаттық қозғалыстың өрлеу барысында қазақ қоғамына да жеткен тарихи жаңалықтардың бірі 1905 жылы 6 тамызда шыққан манифест бойынша қазақ еліне де Мемлекеттік Думаға депутат сайлау құқығының берілуі еді. Ұлт зиялылары Мемлекеттік Дума мінберін империяның Қазакстандағы саясатына, әсіресе, жер мәселесін тура шешуге ықпал жасау құралы ретінде бағалап, оның жұмысына үміт артып, депутат сайлау науқаны мен Дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына белсене араласты.
I Мемлекеттік Дума (1906 жылы) жүмысына қазақ елінің атынан үш депутат қатынасты. Олар: Орал облысынан -- Алпысбай Қалменов, Торғай облысынан -- Ахмет Бірімжанов және Семей облысынан -- Әлихан Бөкейханов болатын. Бұлардың бәрі де жоғары білімді мамандар, яғни алдыңғы екеуі заңгер, соңғысы агроном-статист еді.Дума отырысында А. Бірімжанов сөз сөйлеп, қазақ елінің жерге байланысты шешілмей жатқан көп мәселелері бар екенін айтып, аграрлық мәселе бойынша құрылған комиссияның құрамына қазак депутаттарынан өкіл енгізуді ұсынды. Қазақ депутаттары, сондай-ак мұсылмандар фракциясы тарапынан аграрлық мәселеге байланысты даярланған тұжырымдаманы жазуға қатынасып, үкімет орындарына қазақ жеріне көшіп келгендерді орналастырумен айналысатын комиссиялардың заңсыз әрекеттеріне тыйым салу жөнінде сүрау салды.Бар болғаны 72 күн жұмыс жасап үкімет шешімімен таратылған I Думаның 182 депутаты наразылық танытып Выборг (Финляндия) Манифестіне қол қояды. Олардың арасында Ә. Бөкейханов та бар еді.Өз жұмысын 1907 жылы 20 ақпанда бастаған екінші Думаға қазактардан бес депутат сайланды. Олар Орал облысынан заңгер Б. Қаратаев, Жетісу облысынан инженер М. Тынышпаев, Сырдария облысынан заңгер Б. Қулманов жөне Семей облысынан Т. Нурекенов. Бүл аталған кісілердің ішінде үшеуінің жоғары білімі болды.

Дума жұмысында қызу пікір тартысын тудырған тағы да аграрлық және қоныс аудару мәселесі болып шықты. Жергілікті халықтардың құқығы мен мүддесі ескерусіз қалғандығы айтылып, ешқандай да даярлықсыз жүргізіліп жатқан қоныс аудару саясаты өткір сынға алынды. Дума мөжілісінде сөйлеген депутат Б. Қаратаев. 130 000 помещиктің мүддесін корғау үшін үкімет жерсіз орыс шаруаларына егіншілікке жарамды қазақ жерлерін тартып әперіп отырғандығын айтып, осы жағдайға байланысты зиялы орыс қауымынан қолдау күтетіндігін білдірді. Дума құрамында жер мәселесіне байланысты қазақ халқына жанашырлықпен караған Волков 2-ші, Скалозубов, Дзюбинский, Виноградов, Мақсұдов, Жағыпаров сияқты депутаттар бар еді. Мәселен, Орынборлық депутат Т.И.Седельников және басқа сібірлік депутаттардың ұйымдастыруымен Ақмола, Семей облыстарындағы жергілікті халықтың жер тапшылығын көріп отырғандығын баяндаған 53 депутаттың қолы қойылған Мөлімдеме Дума төрағасына тапсырылды.Дегенмен Дума мүшелерінің талап-тілегіне қарамастан билік орындары тарапынан отарлау үдерісіне белгілі бір шектеу қоя алатындай құжат қабылданған жоқ. Ал 1907 жылы 3 маусымда үкімет қабылдаған заңда көшпелі бұратаналар сайлауға катыса алмайды деп көрсетілді. III және IV Думаларға қазақ коғамынан депутаттар сайланбады. Қазақ зиялыларының жаңадан қалыптаса бастаған орыс парламентіне артқан үміті ақталган жоқ. Сонымен бірге Дума жұмысына тікелей және мұсылман фракциясы арқылы қатынаса жүріп ұлт зиялылары саяси тәжірибе жиналы, көздеген мұратқа жету үшін ауыр да үзақ жолдан жүріп ету қажеттігін түсінді.Қазақстан Уақытша үкімет билігі тұсында. Қазақ комитеттерінің құрылуы. 1917 жылы 27 ақпанда жеңіске жеткен буржуазиялық-демократпиялық революция Ресей өміріне түбегейлі өзгерістер ала келді. Монархиялық билік құлады, патша тағынан айырылды. Жаңа мемлекеттік билік жүйесін анықтауға тиіс болған Жалпыресейлік Құрылтай жиналысы шақырылғанға дейін саяси билік Уақытша Үкімет қолына көшті. Осы жылы 2 наурыз күні құрылған жаңа үкімет елде демократиялық билік жүйесін орнату бағытын үстанатындығын мәлімдеді. Газеттерде жарияланған үкімет Мәлімдемесінде сословиялық, діни және үлттық шектеулердің жойылатындығы айтылды.
Думандағы мұсылман депутаттарының ұйымдастыруымен 7 наурыз күні Петроградта қаланың мұсылман тұрғындарының жиналысы өтіп, жиналыс атынан Дума төрағасы М.В.Родзянко мен Уақытша үкіметтің төрағасы князь Г.Е. Львовқа жеделхат жолданып, онда Ресей мұсылмандары билікті жария еткен өз бағдарламаларын іске асырады деген тілекпен оған толық колдау жасайтындықтарын білдіреді.Революция жеңісі туралы хабарды бүкіл қазақ халқы қуанышпен қарсы алып, ғасырлар бойы күткен арман-тілектерінің орындалар сәті туды деп түсінді. Ә.Бөкейханов бастаған қазак зиялылары Құрылтай жиналысы шақырылып, елдегі саяси биліктің түрі мен мазмұнын анықтағанға дейін халықты Уақытша үкіметтің шараларын қолдауға шақырды.
1917 жылы 16 наурызда Батыс майдан штабы (Минск қаласы) жанындағы Земск және калалық одақтардың біртұтас бөлімін басқарып жүрген Ә.Бөкейханов жедел түрде Петроградқа шақырылып, Уақытша үкіметтің Торғай облыстық комиссары қызметіне тағайындалды. 7 сәуірдегі шешімімен Уақытша үкімет Түркістанды бпсқару ісін 9 адамнан түрған Түркістан комитетіне тапсырды. Оның алғашқы құрамы мынадай топтан тұрды. Н.Н.Щепкин (төраға), Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев, С.Мақсұдов, В.С.Елпатьевский, Л.А.Липовский, П.Б.Преображенский, О.А.Шкапский жөне Г.Дәулетшин.Түркістан өлкесінің құрамына бұл кезде Самарқан, Ферғана облыстары, Хиуа хандығы және Бұқар өмірлігінен басқа басым бөлігі қазақ уездерінен тұрған Сырдария, Жетісу жөнө Закаспий облыстары енді. Шамамен осы күндері құрылған Орталық мұсылмандар бюросы езінің 10 сәуірде қабылдаған шешімімен Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мұсылман мүшелеріне мынадай ұстанымдарды басшылыққа алу жөнінде ұсыныс жасады: Түркістандағы ескі билік өкілдерін қызметінен аластауды; жергілікті халықтың құқын орыстармен толық теңгеруді; барлық жергілікті мекемелерде, қоғамдық ұйымдарда ұлттық азшылықтардың өкілдігіне кепілдік беруді; Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің қызметін жұмысшы және солдат депутаттары кеңестеріне біріккен жергілікті демократия өкілдерінің қызметімен үйлестіре жүргізуді; отаршылдық көзқарас және саясатпен күреске ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресейдегі революциялық оқиғалар және олардың Қазақстанға әсері
Қарқаралы журналы
Қазақ жұмысшыларының аздығы
Бірінші орыс революциясының қазақ өлкесіндегі қоғамдық-саяси өмірге әсері және Қарқаралы петициясы
XX ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялар және олардың Қазақстанға әсері
XX ғ. басындағы өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы
1905-1907 жылдардағы Ресей мен Қазақстандағы қоғамдық және саяси–әлеуметтік жағдайлары
1905-1907 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ–ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің өзекті мәселелері
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
Пәндер