Қазақстан Республикасының салық органдарының қызметтері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Қазақстан Республикасының салық органдарының қызметтері ... ... ... 5
2 Салық қызметі органдарының міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
3 Қазақстан Республикасының салық органдарының құрылымы ... ... ... . 9
4 Салық органдарының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттеу жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
11
5 Салық бақылау жүйесін және салық салу бойынша нормативтік және инструкциялық материалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
13
6 Қазақстанның салық жүйесіндегі акциздердің қызмет ету ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Кіріспе

Салық жүйесі мемлекеттің қаржы көздерін қалыптастырудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, оны реттеуге, өндірістіқ ұлғайып дамуына, ел бюджетінің кірісін қамтамасыз етуіне және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.
Нарықтық қатынастар жағдайында салықтарды мемлекет тек экономикалық әсер етуші құрал ретінде ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік процестерге әсер ететін негізгі бақылаушы құрал ретінде пайдаланады.
Мемлекегтің экономикасын көтеруде оның азаматтарының ақшалай немесе натуралдық тұрақты түрде төлейтін жарналарының ықпалы үлкен. Қоғамның тарихында салықтың формалары мен әдістері мемлекеттік сұранымды және қажеттіліктерді қамтамасыз ету, сондай-ақ салық салудағы мәселелерді шешу жолдарына бейімделіп отырып, әр түрлі өзгерістерге ұшырайды. Олардың бақылау қызметінің ауқымы арқылы әлеуметтік және экономикалық продестерге рөлі де өзгеріп отырады.
Салық салу механизімі кез-келген экономикалық жүйенің күрделі бөлігінің бірі болып табылады. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды тәсілі ретінде орын алып, оның әрекет етуінің тиімділігін әлеумеітік және экономикалық саясатының жетістіктеріне әкеледі.
Кез-келген елде, мемлекеттің салық жүйесіне өте үлкен көңіл белінеді.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде салық жүйесі мемлекеттік және муниципалдық табыстарды қамтамасыз етуде басты роль атқарады да, экономиканы басқарудың күшті ынталандырушы құралы болып келеді. Әсіресе, олар ғылыми - техникалық прогресті жеделдетуге, инфляцияға қарсы және құрылымдық саясаты жүзеге асыруда белсенді орын алады.
Сондықтан салықтарды төлеу - төлеушілер үшін айтарлықтай тартымды болып келмегенімен, өте қажетті де маңызды іс болып табылады.
Қазіргі кездегі жағдайларға салықтардың мәні мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржылық ресурстармен қаматамсыз ету шекарасынан шығып отыр.
Енді, салықтар ұлттык табысты мемлекеттендірудің маңызды құралы бола бастады. Олар макроэкономикалық бақылауға белсенді араласа отырып, ішкі ұлттық табыстың жалпы көлемінде салықтық төлемдердің салыстырмасы мөлшерінің өсуін қамтамасыз етіп отырады.
Салықтар экономикалық белсенділікті реттей отырып, өндірістік процестерге де әсер етеді. Бұл әсер жан-жақты болып табылады. Салынатын салықтармен әрекет ете отырып, мемлекет капиталының қорлауына асқан ықпал етеді. Сондай-ақ салықтық бақылау шаралары әртүрлі салалардың бәсекелесу мүмкіндіктерін кеңінен ынталандыра отырып капиталдық қорлануына тиімді жағдайлар жасап кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің әлеуметтік қажеттіліктеріне қанағаттандыруна ықпалын тигізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы». Салық Кодексі, 1 қаңтар 2004ж.
2. «Қазақстан Республикасының кодексіндегі негізгі жағдайларды
түсіндіру туралы» жинақтама.
3. «Салықтық тексеру. нәтижелеріне шағым жасау тәртібі туралы»
жинақтама.
4. Б. Серкебаев. «Салық саясатына салмақ түсті» Ц.Қаржы-қаражат,
1998ж. №2.
5. А.Д. Байдүйсенов. «Қазақстан салық жүйесіндегі кейбір мәселелер»
Қаржы-қаражат, 2003ж №4.
6. Юткин В.А. «Налогообложение». Москва, 2001г. 102-115 стр.
7. М. Есенбаев. «Оңтайландырудың оңды бағыты» Егеменді Қазақстан
2002 жыл 13 наурыз.
8. Сейдахметов С. «Налогообложение » Алматы, 2002 г.
9. Е. Мұқай. «Салық жүйесін ретке келтіру». Егеменді Қазақстан, 2003
жыл, 16 тамыз.
10. Е Смайыл. «Салық мәдениеті - қоғам дамуының айқындаушы тетігі»,
(З.Кәкімжановпен сұхбат) Егеменді Қазақстан 2002жыл 3 шілде.
11. Ы. Дулатов. «Мемлекеттің салық саясаты». Заң газеті 2001 жыл 3
қараша.
12. «Облыстың әлеуметтік экономикалық дамуы», Оңтүстік Қазақстан 2004 жыл 16тамыз.
13. Б.Рахмандерді. «Бюджет қаржысын жұмсауда заң бұзушылық тыйылар
емес». Оңтүстік Қазақстан газеті 2004жыл 13 наурыз.
14. Мельников В.Д., Ильясов К.К. «Финансы»,-Алматы 2001
15. Құлпыбаев С.К., Баязитов Ш. «Қаржы теориясы» Оқу құралы – Алматы; Мерей,2001

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
1
Қазақстан Республикасының салық органдарының қызметтері ... ... ...
5
2
Салық қызметі органдарының міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .
7
3
Қазақстан Республикасының салық органдарының құрылымы ... ... ... .
9
4
Салық органдарының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттеу жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

11
5
Салық бақылау жүйесін және салық салу бойынша нормативтік және инструкциялық материалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

13
6
Қазақстанның салық жүйесіндегі акциздердің қызмет ету ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
26

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
28

Кіріспе

Салық жүйесі мемлекеттің қаржы көздерін қалыптастырудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, оны реттеуге, өндірістіқ ұлғайып дамуына, ел бюджетінің кірісін қамтамасыз етуіне және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.
Нарықтық қатынастар жағдайында салықтарды мемлекет тек экономикалық әсер етуші құрал ретінде ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік процестерге әсер ететін негізгі бақылаушы құрал ретінде пайдаланады.
Мемлекегтің экономикасын көтеруде оның азаматтарының ақшалай немесе натуралдық тұрақты түрде төлейтін жарналарының ықпалы үлкен. Қоғамның тарихында салықтың формалары мен әдістері мемлекеттік сұранымды және қажеттіліктерді қамтамасыз ету, сондай-ақ салық салудағы мәселелерді шешу жолдарына бейімделіп отырып, әр түрлі өзгерістерге ұшырайды. Олардың бақылау қызметінің ауқымы арқылы әлеуметтік және экономикалық продестерге рөлі де өзгеріп отырады.
Салық салу механизімі кез-келген экономикалық жүйенің күрделі бөлігінің бірі болып табылады. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды тәсілі ретінде орын алып, оның әрекет етуінің тиімділігін әлеумеітік және экономикалық саясатының жетістіктеріне әкеледі.
Кез-келген елде, мемлекеттің салық жүйесіне өте үлкен көңіл белінеді.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде салық жүйесі мемлекеттік және муниципалдық табыстарды қамтамасыз етуде басты роль атқарады да, экономиканы басқарудың күшті ынталандырушы құралы болып келеді. Әсіресе, олар ғылыми - техникалық прогресті жеделдетуге, инфляцияға қарсы және құрылымдық саясаты жүзеге асыруда белсенді орын алады.
Сондықтан салықтарды төлеу - төлеушілер үшін айтарлықтай тартымды болып келмегенімен, өте қажетті де маңызды іс болып табылады.
Қазіргі кездегі жағдайларға салықтардың мәні мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржылық ресурстармен қаматамсыз ету шекарасынан шығып отыр.
Енді, салықтар ұлттык табысты мемлекеттендірудің маңызды құралы бола бастады. Олар макроэкономикалық бақылауға белсенді араласа отырып, ішкі ұлттық табыстың жалпы көлемінде салықтық төлемдердің салыстырмасы мөлшерінің өсуін қамтамасыз етіп отырады.
Салықтар экономикалық белсенділікті реттей отырып, өндірістік процестерге де әсер етеді. Бұл әсер жан-жақты болып табылады. Салынатын салықтармен әрекет ете отырып, мемлекет капиталының қорлауына асқан ықпал етеді. Сондай-ақ салықтық бақылау шаралары әртүрлі салалардың бәсекелесу мүмкіндіктерін кеңінен ынталандыра отырып капиталдық қорлануына тиімді жағдайлар жасап кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің әлеуметтік қажеттіліктеріне қанағаттандыруна ықпалын тигізеді.
Нарықтық қатынастар жағдайында салықтар мемлекеттік қаржыландыру қызметі және оның аппаратын ұстайтын негізгі қайнар көзі болып табылады.
Мемлекет салықтарды пайдалана отырып, елде болып жатқан экономикалық процестерге активті түрде қатыса алады. Салықтар есебінен жиналған ақшалай қаржылар мемлекетке әлеуметтік саясат жүргізуге мүмкіндік береді, соның ішінде өзінің өмір сүру деңгейін минималды деңгейде қамтамасыз ете алатын халық топтарына материалды көмек көрсету мүмкіндігі бар.
Кез-келген мемлекет өзінің каржылық базасы болганда ғана өмір сүре алады, басқаша айтқанда, өзінің аппаратын ұстауға және өзінің функцияларын орындау процесінде туындайтын шығындарды жабуға ақшалай қаржылары болғанда ғана өмір сүреді.
Салық-мемлекеттің бекітуі. Қазақстан Республикасында салықты төлеу міндеттемелері азаматтардың конституциялық міндеттемелерінің қатарына жатады.
Салықтар - мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде алынатын міндетті төлемдер.
Салықтар шаруашылық жүргізу субъектілері мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді.
Қазіргі кездегі салық жүйесіндегі маңызды мәселелердін бірі-салық механизмінің негізгі элементінің бірі салық объектісін жасыру, қысқарту, яғни салық төлеуден жалтарыну болып отыр.
Салық төлеуден жалтарыну - салық төлемдерін толық немесе ішінара төлемеу мақсатымен салық төлеушінің салық салу объектісін әдейі жасыруы және азайтуы. Салық төлеушілердің мұндай заңсыз іс-әрекеті мемлекет мүддесіне айтарлықтай нұқсан келтіреді: мемлекеттік бюджет едәуір қаражаттарды ала алмайды, салық заңнамасын бұзушылар кірістерінің қосымша криминалдық көздері жасалынады, кәсіпкерлік қызмет сферасында құн қозғалысының негізгі үйлесімдері бұрмаланады.
Салық сомасын төлемеу немесе азайтып төлеу салықтык моральдың құлдырауын, мемлекеттік органдардың және мемлекеттің өзінің беделін түсіру жазасыздығының нәтижесін тудырыды. Сондықтан салық төлеуден жалтарынумен күреске салық органдарының жұмысында зор маңыз берілуі тиіс.

1 Қазақстан Республикасының салық жүйесі

1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді.Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық,18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар еңгізіледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 - бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің бұрышы әрі міндеті болып табылады, - жазылған.
Салық жүйесіне түсінік және салық жіктемесі
Салық ұғымымен салық жүйесі ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
Экономикалық жағынан салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың және муниципалды құрылымдардың қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мемлекеттер, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы, әр түрлі салық төлеушілер арасындағы, сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды және жеке тұлғалар арасындағы күрделі өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды.
Салық жүйесіне қажетті негізгі талаптар мыналар:
салық құрамы дәл анықталуы қажет. Ол үшін салық заңдылығында мемлекетте алынатын салықтардың толық тізімі мазмұндалуы керек;
салық жүйесі салық төлеушілер үшін салықтан жалтару тиімсіз болатындай етіп жасалуы тиіс;
салық жүйесінің қарапайымдылығы. Бұл әсіресе, салықтың дұрыс төленуі үшін бақылауды жүзеге асыруда маңызды;
салық жүйесі салық төлеушінің өз қаражатын өндіріске салуына ықпал етуі керек.
Жалпы, салық жүйесі мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып, дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен жүзеге асуына мүмкіндік туғызады.
Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылдың 25 желтоқсанынан бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі қызмет ете бастады. Ол Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың принциптерін, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар, 11 жалпыға міндетті жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Дегенмен, өмірге келген әрбір жаңа құбылыста кездесетін ерекшеліктермен қатар кемшіліктер де бұл заңда да орын алды, яғни ҚР алғашқы салық жүйесінде бірқатар шешімін таппаған мәселелер болды. Атап айтсақ, біз салық жүйесін құрғанда елемізде жиынтықталған ғылыми және практикалық тәжірибе болған жоқ. Салық қызметі де, салық төлеушілер де мұндай жаңа бастамаға психологиялық жағынан дайын еместігі көрінді. Салық жүйесінде дүниежүзілік тәжірибеде қолданылып келген салық салу принциптері сақталмады. Сондықтан бұл салық жүйесінің нарықтық қатынастардың талабына толығымен жауап беруге мүмкіндігі болмады. Ең бастысы, салық жүйесінің өндірісті дамытуға еш ықпал етпеуі, бюджет кірісін құрудағы өз ролін жете атқара алмауы, яғни салық көзі табыс не пайда емес, керісінше тұтыну болды.

2 Салық қызметі органдарының құқығы мен міндеттері

Салық төлеушілер мен салық қызмет органдары құқығы мен міндеттері салық заңдары арқылы белгіленеді және реттеледі. Қазақстан Республикасының салық заңдарына мыналар жатады. Қазақстан Республикасының салық қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасы Президенттің заң күші бар жарлығы салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы. Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актлері; Қазақстан Республикасы мемлекетінің салық комитетінің нормативтік актлері Салық қызметі Қазақстан Республикасы мемлекеттік салық комитетінің және облыстағы аудандардағы, қалалық аудандардағы мемлекеттік салық басқармалармен бөлімдерінен тұрады. Қазақстан Республикасы мемлекетінің салық комитетінің төрағасын Қазақстан Республикасы Президенті, ал оның орынбасарлар және салық полициясы басқармасының бастығы Қазақстан Үкіметі тағайындайды. Салық қызметінің негізгі міндеттірі мыналар: - салық заңдарының орындалуын қамтамассыз ету, оның тиімділігін зерделеу ; - заңдардың, салық салу мәжелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу ; - салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру салық заңдары мен салық салу жөніндегі нормативтік актілер өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру. Салық қызмет органдарының негізгі міндеттері: 1. салық төлеушілердің құқтарымен мемлекеттік мүдделерін сақтау және қорғау, салықтың дұрыс есептеліп, толығымен, уақтылы төлеуіне бақылау жасау; 2. салық төлеушілер мен салық салынатын объектілердің есебін уақтылы алу; 3. салықты есептеу мен төлеуге байланысты деклорацияны және басқа құжаттардың нысандарын әзірлеу; 4. салық тәртібін бұзушыларға, салықты дұрыс есептемей өз табысын азайтып көрсеткен заңды және жеке тұлғаларға заңға сәйкес шаралар қолдану; 5. салық төлеуден жалтарып жүрген жеке және заңды тұлғаларды салық полициясының бөлімшесімен бірігіп іздестіруді жүзеге асыру; 6. мәліметтер құпиясын сақтау; Салық қымет органдарының мынадай құқтары бар: 1. Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес тәртіп пен шарттар негізінде заңды және жеке тұлғалардың барлық ақша құжаттарын, бухгалтерлік кітаптарын есептерін, сметаларын, қолда бар ақшалай қаражаттың, бағалы қағаздардың және басқа да құндылықтар есеп айырмаларын, деклорациямен бюджетке салықпен басқа төлемдерді есептеумен төлеуге байланысты құжаттарын тексеруге; 2. ұйымдардың лауазымды адамдарынан салық жөнінде тексерулер барысында пайда болатын мәселелер жөнінде анықтамалар, ауызша және жазбаша түсініктемелер алуға; 3. салық полициясы бөлімшелермен бірлесе отырып салық тергеулерін жүргізуге; 4. өз өкілеттігін жүргізген кезде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес ұйымдармен азаматтардың табыс түсіру үшін немесе тұрған жеріне қарамастан, салық салынатын объектілерді ұстауға байланысты пайдаланатын кез келген өндірістік қойма, сауда және басқа да үй жайларын тексеруге құқы бар. Ұйымдардың басшылары мен азаматтар салық қызмет органдарының лауазымды адамдарын аталған үй-жайларды тексеруге жіберілген бас тартқан жағдайда салық инспекциялары мұндай субъектілердің салық салынатын табысын олардың табыс алып отырғанын дәлелдейтін құжаттар негізінде анықтауға құқы бар; 5. салық заңдарын бұзған ұйымдарға лауазымды адамдарға және азаматтарға заңға сәйкес айыппұл салынады; 6. салық айыппұл және өсім белгіленген мерзімде төленбеген кезде салық төлеушілердің жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің, ақша-валюта қаражатының тізімдемесін жасауға; 7. Қазақстан Республикасы Ұлттық бакні мен оны бөлімшелерінде заңдармен белгіленген қорларға аударымдар жасаудан кейін қалған пайданы бюджетке толық және уақтылы түсу мәселесі бойынша тексерулер жүргізуде ; 8. қызмет бабындағы мақсатта басқа заңды тұлғалардан, банктерден, биржалар мен азаматтардан тексерілетін ұйымдар мен азаматтардың кәсіпкерлік қызметі, операцияларды және шотындаға ақша қаражатының жай-күйі туралы мәліметтерді алуға. Салық қызметінің қызметкерлері өздерінің міндеттерін атқару барысында оларды заң қорғайды және Республикалық бюджет қаржы есебінен міндетті түрде жеке сақтандыруға тиіс. Салық төлеушілер өз тарпынан мынадай міндеттерді атқаруға тиіс:
1. уақтылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу номерін алуға;
2. мемлекеттік салық комитетінің актлеріне сәйкес есеп құжаттамаларды жүргізуге осы есеп құжаттамалары 5 жыл бойы сақтауға;
3. бегіленгін мерзімге салық деклорациясын тапсыру;
4. атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыралатын салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген сомалар туралы ақпарат беруге;
5. салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға. Салық төлеушінің құқығы :
Салық төлеушінің:
1. салық жөнінде жеңілдіктерге деген құқығын растайтын құжаттарды табыс етуге;
2. жүргізілген тексерулер актлерімен танысуға;
3. салық органдарына салықтарды есептеу мен төлеу және жүргізу мен тексеру актлері жөніндегі түсіндірмелерді ұсынуға;
4. заңға сәйкес тәртіппен салық органдарының шешімдеріне шағымдануға; 5. салық салуға қатысуы деп саналатын ақпаратпен құжаттарды тапсырмауға құқы бар. Салық жүйесі және оның қызмет ету механизі белгілі бір принциптерге сәйкес қызмет ету керек. Сонда ғана салық жүйесі өз қызметін жан жақты және тиімді түрде іске асыра алады. Дүние жүзілік тәжірибеде қолдалынып келе жатқан бірнеше принциптер бар. Олар мыналар: қарапайымдылық, әділеттілік, салыстыру принциптері бар.

3 Қазақстан Республикасының салық органдарының құрылмы

Салық жүйесінің құрамына мемлекетте алынатын барлық салықтар, салықтық қатынастар мен оларды реттейтін құқықтық нормалар, салық төлеушілер мен салық қызметі орындарының құқықтары мен міндеттері және тағы да басқа кіреді. Салықтарды қоғам өмірінің әртүрлі аяларын мемлекеттік реттеудің құралы ретінде қарайтын тұжырымдама бар. Салық қызметінің негізгі міндетерінде бірінші кезекте қандай да болмасын өндіріс, сала, аумақ және тағы басқаларды дамытуға жағдай жасау қарастырылады.
Салық қызметі мемлекеттің экономикалық дамуымен тығыз байланысты. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша салықтар, салық салу жөніндегі заңдарды жоғарғы өкімет органдары қабылдайды. Бұл заңдарда салықтардың объектісі, субъектісі, есептеу, төлеу тәртібі, мерзімі және тағы басқалар белгіленеді. Ал салық ставкалары мен салық жеңілдіктері жөніндегі мәселелерді оларды реттеу құралы ретінде-пайдаланатын атқарушы билік органдары айқындайды.
Салық қызметін ұйымдастыруда мынадай маңызды мәселелердің де көрініс табу қажет:
салық төлеушілерді жаңа салықтардың енгізілгені жөнінде міндетті түрде хабардар ету;
салықтарды төлеу, аудару жөніндегі сауалдарға кеңес беру;
салық міндеттемелерін атқаруды ерікті түрде атқару әдістері мен салық
санкцияларын пайдалану арқылы мәжбүр ету түрінде төлетуді қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Заң (салық кодексі) және де Қазақстан Республикасының заңдары салық қызметі жұмысының құқықтық негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасының салық қызметінің құрылымына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитеті аудандық, ауданаралық, қалалық салық комитеттері кіреді.
Салық қызметінің аумақтық органдары жоғары тұрған тиісті салық қызметі органдарына тікелей жоғарыдан төмен бағынады және жергілікті атқарушы органдарға кірмейді. Салық комитетін төраға басқарады. Оны қызметке Қаржы министрі салық комитетінің төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының үкіметі, ал оның орынбасарларын салық комитетінің төрағасының ұсынысы бойынша Қаржы Министрлігі салық комитетінің төрағасы тағайындайды. Қалалар, аудандар бойынша салық комитетінің терағаларын салық комитенің төрағасының ұсынуы бойынша қызметке Қаржы министрлігі салық комитетінің терағасы тағайындайды.
Салык кызметінің органдары:
1.тәлкіленіп және иесіз қалып, мемлекет меншігіне кешкен мүліктерді есепке алу, бағалау және сату жөнінде жұмыс жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен көлемде және тәртіппен
жүргізілген жұмыстар туралы есеп әзірлеп, оны кіріс министрлігіне беріп отыруға;
2.салық төлеушінің құқықтары мен мемлекеттің мүдделерін сақтауға
және қорғауға;
салық төлеушілер туралы ақпараттардың құпиясын сақтауға;
салық заңын бұзу фактілерін жинақтау, талдау мен бағалауға және салық құқық бұзушылықтары мен қылмыстық орын алуын ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар енгізуге;
салық қызметі органдарының басшылығының ұйғарымы бойынша салық төлеушілерге тексеру жүргізуге міндетті.
Салық қызметі органдарының құқықтары:Салық қызметі органдарының:
- заңды және жеке тұлғалардың барлық ақша құжаттарының, бухгалтерлік кітаптарын, есептерін, сметаларын, қолда бар ақшасын, бағалы қағаздарын және басқа құндылықтарын, есеп айрысуларын, декларациялар және бюджетке салық пен басқа да төлемдерді есептеу мен төлеуге және мемлекет алдындағы өзге де қаржы міндеттемелеріне байланысты өзге де құжаттарын тексеруге, ұйымдардың лауазды адамдарына және басқа да қызметкерлерінен, азаматтардан аталған тескерулер барысында туындайтын мәселелер жөнінде анықтамалар, ауызша және жазбаша түсініктемелер алуға құқығы бар.
ұйымдар мен азаматтардың банктердегі және банк операцияларынның жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы банк шоттары
бойынша анықталған салық заңдарын бұзушылықты жою туралы талаптарды орындамаған, тексеру мен зерттеп қарауға жіберілмеген, салық қызметіне есеп айырысуларды, декларацияларды және табыс түсіруге, салық салынатын объектілерді ұстауға, қаржы есебін тапсырмағаны жөніндегі өзге де құжаттарды табыс етпеген жағдайда салық қызметінің талап етуі бойынша анықталмаған тәртіп бүзушылық жойылғанға дейін шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар.
салық заңдарын бұзған ұйымдарға, лауазмды тұлғалар мен азаматтарға салық санкциясын және айыппұл салуды қолдануға;
ұйымдардың білікті мамандарын басқа да бақылаушы органдардың қызметкерлерін, салық қызметі органдарының қаражаты есебінен ақы төлей отырып, тексерулер мен сараптамалар жүргізуге, тартуға;
өз өкілеттілігін жүзеге асырған кезде ұйымдар мен азаматтардың табыс
түсіру үшін қолданатын салық салынатын объектілерді ұстауға байланысты кез келген өндірістік қойма, сауда және басқа үй-жағдайларын тексеруге құқығы бар.

4 Салық органдарының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ретеу жүйесі
Салық қызметін ұйымдастыруды туралы жаңа қабылданған Салық кодексінің салық әкімшілігін жүргізу бөлімінде айтылған. Мұнда салықтық бақылау, салық тексерулері, камеральдық бақылау тәртіптері орын алған.
Кодекс бойынша салық бақылауы дегеніміз - салық қызметі органдарының салық заңдарының орындалуын, жинақтаушы зейнетакы корларына міндетті зейнетақы жарнамаларының толық және уақтылы аударуын бақылауы деп саналады.
Салық бақылауы:
- салық төлеушілердің тіркеу есебі;
- салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді
есепке алу;
бюджетке түсімдерді есепке алу;
қосылған құның салығын төлеушілерді есепке алу;
салық тексерістері;
камералдық бақылау;
салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметі мониторингі;
фискалдық жады бар бақылау - касса машиналарын қолдану;
акцизделетін тауарлардың кейбір түрлерін таңбалау және акциздік
постыларды белгілеу;
мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, бағалау және сату
тәртібін сақтауды тексеру;
- уәкілетті органдарға бақылау жасау нысандарында жүзеге асырылады.
Салық тексеруі - салық қызмет органдары жүзеге асыратын, Қазақстан
Республикасы салық заңдарының орындалуын тексеру. Мұндай тексерулерді тек салық қызметі органдары жүзеге асырады. Салық тексеруі мынадай түрлерге бөлінеді: құжаттық тескеру, рейдтік тексеру және хронометраждық зерттеу.
Құжаттық тексеру өз кезінде мынадай түрлерге бөлінеді:
- кешенді тексеру - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің жеке түрі бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын
тексеру;
Салық органдарының қызметін аттыру үшін біздің республикамызда салық органдарының бақылау қызметін жетілдіру барысында көп жұмыстар атқарылуда.
Салықтарды реттеу, белгілеу, алу және салықтық бықылау қызметтерін жүзеге асыратын мемлекеттік өкілді, атқарушы билік органдары және жергілікті мемлекеттік басқару органдары өз іс-қимылдарын осы жоғарыда аталған мәселелерді шешуге және жаңа кезеңнің өзге де талаптарына сай болатындай етіп қайта құруға тиісті. Сонымен қатар, салықтардың туындау көзі экономика және сыртқы экономикалық қызмет салалары болғандықтан, осы аяларды мемлекеттік басқаруға да аса ден қою қажет болып отыр. Қандай да болмасын сапалы аяны басқару әкімшілік құқық ұйымдастыру тұрғысынан жүзеге асырылады.
Салықтық реттеу аясында бірінші кезекте аткарушы биліктің рөлі есепке алынады, сондай-ақ мемлекеттегі экономиканың құрылымы, әлеуметтік-мәдени және әкімшілік-саяси қызмет ерекшеліктері де есепке алынуы қажет. Сонымен бірге, салықтық реттеу аясын басқаратын субьектілердің арасындағы байланыстарды дұрыс таңдай білу және бекіту де салықтық реттеу қызметі ұйымдастыруға қажетті әрекет болып саналады. Салықтық реттеу қызметін әкімшілік және салықтық заңдардың тигізер ықпалы өте зор әрі маңызды екені баршамызға мәлім. Осы нормативтік құқықтық актілерді шамамен мына критерилер бойынша топтастыруға болады: заң күші бойынша, мәні бойынша, салықтық реттеу қызметінің басқаруды ұйымдастыруға тигізетін ықпалы бойынша.
Әкімшілік зандар салықтық реттеу қызметін басқаруды ұйымдастыру мәселелерін реттей отырып, нақты қағидаттарды бекітетін, тікелей ықпал ететін нақты нормалардан тұрады, сондай-ақ саланы немесе аяны басқаратын жүйенің негізгі буындарын, олардың өзара қатынастарын, құдіреттерін межелеуді айқындайды. Салықтарды мемлекеттік реттеудің, басқарудың нысаналы бағдарламасы өндірістің дамуын реттеу, ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығын нығайту. Осы мемлекеттік экономиканы салықтық реттеу, басқару функциялары және әдістері өз кезегінде оның мақсат бағдарын, сипаты мен мәнін көрсетеді.
Салықтық реттеу - салық менеджментінің құрылымының құрамды элементі. Қазіргі жағдайда салықтық реттеу механизмін дамытудың маңызды шарттарының бірі дербес жеілдіктер санын қысқарту есебінен салықтық реттеуді жандандыру болып табылады. Салықтық преференциялардың бірден-бір адресаты әлемдік нарықта бәсекелестікке қабілетті өнімді шығаруды қамтамасыз ететін тауар өндірушілер болып табылады. Салықтық жеңілдікті берудің экономикалық шарты мен негіздемесі ретінде геосаяси, фактор өндірушінің орналасқан жері, оның нарыққа енуінің старттық мүмкіндіктерін айқындайтын территорияның табиғи-климаттық сипаттамасы мен басқа да ерекшеліктері қызмет етеді. Мемлекеттік қаржылық, оның ішінде салықтық саясат қаржылық құйылым есебінен емес, оларға бар экономикалық потенциалды өз бетінше ұйымдастыру және пайдалану мүмкіндіктерін беру
жолымен территорияңы дамытудың экономикалық жағдайларын теңестіруге бағытталуы тиіс. Оның жеткіліксіздігі кезінде бұл проблема салықтық жеңілдіктер жүйесі немесе бюджеттен ақылы немесе қайтармалы шартпен берілетін мақсаттық бюджеттік несиелер арқылы шешіледі

5 Салықтық бақылау жүйесін және салық салулар бойынша нормативтік инструкциялық материалдар

Салықтық бақылау - салық қызметi органдарының салық заңдарының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық және уақтылы аударылуын бақылауы.
Салық бақылауы мынадай нысандар арқылы жүзеге асырылады: салық төлеушiлердi тiркеу есебi; салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi есепке алу; бюджетке түсiмдердi есепке алу; қосылған құн салығын төлеушiлердi есепке алу; салық тексерiстерi; камералдық бақылау; салық төлеушiлердiң қаржы-шаруашылық қызметi мониторингi; фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережелерi; акцизделетiн тауарлардың кейбiр түрлерiн таңбалау және акциздiк постыларды белгiлеу; мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi есепке алу, бағалау және сату тәртiбiн сақтауды, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктiң толық және уақтылы берiлуiн тексеру; уәкiлеттi органдарға бақылау жасау нысандарында жүзеге асырылады.
ҚР-ның салық заңнамасы салық бақылауын жүргiзетiн өкiлеттi мемлекеттк органдардың екi түрiн түрiн көрсетедi:
1) салықтық қызмет органдары
2) ҚР-ның кедендiк шекарасы арқылы тауарларды өткiзумен байланысты болатын салықтық мiндеттемелердiң орындалуын бақылайтын кедендiк органдар.
Кеден органдары өз құзыретi шегiнде ҚР-ның кеден шекарасы арқылы тауарлардың өтуiмен байланысты төленуге тиiс салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi алу жөнiндегi салық бақылауын Салық Кодексіне және ҚР-ның кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
Салықтық бақылау күрделi ұйымдастырушылық жүйенi көресетедi және келесi элементтерден тұрады:
а) бақылау субъектiсi;
б) тексерiлетiн субъект;
в) бақылау объектiсi;
г) бақылау пәнi;
д) бақылау мақсаты;
е) бақылауды жүзеге асырудың әдiстерi.
Салық бақылауының аталған элементтерiнiң мазмұны келесi сұрақтардың жауаптары арқылы ашуға болады:
"кiм тексердi" - деген сұраққа жауап - салықтық бақылаудың субъектiсiн көрсету.
"кiмдi тексередi"- деген сұраққа жауап - тексерiлетiн субъектiнi көрсету.
"не тексерiледi"- деген сұраққа жауап - салықтық бақылаудың объектiсiн көрсету.
"тексерiлетiн субъект қызметiнiң қандай бағыты зерттеледi"- деген сұраққа жауап - салықтық бақылаудың пәнiн көрсету.
не үшiн тексерiледi"- деген сұраққа жауап - салықтық бақылаудың мақсатын көрсетедi.
Бақылау жасау уақытына байланысты салықтық бақылау алдын-ала, ағымдағы және кейінгі бақылау деген үш формаға бөлінеді.
Алдын-ала бақылау тексерілетін операциялардан бұрын жүріледі. Ол жоспарлау сатысында салық заңдылықтарының бұзылуын көрсетуге мүмкіндік береді. Алдын-ала балықау жасау жүргізудің негізгі әдісі - камералдық тексеріс. Ағымдағы бақылауды оперативтік бақылау деп атайды. Салық инспекциясы бөлімшелері кәсіпорындар мен жеке тұлғалар қаржылық - шаруашылық қызметті жүзеге асырған кезде, бюджет алдындағы міндеттемелерін орындаған кезде салық тәртібін бұзбас үшін ағымдағы бақылауды күн сайын жүргізеді. Бақылаудың бұл формасында қадағлау, зерттеу және талдау амалдарын қолдана отырып, экспресс-тексеру әдісін қолданады.
Кейінгі бақылауда ұйым мен жеке тұлғалардың өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметінде қолданыстағы заңдылықта қарастырылған салық және басқадай міндетті төлемдерді есептеудің дұрыстығы, толықтығы және уақытында түсуі қарастырылады. Кейінгі бақылау қаржылық-шаруашылық қызметтің барлық жағын қарастыратын терең зерттеу болып табылады. Онда алдын-ала және ағымдағы бақылаудың кемшіліктері ашылады. Бақылаудың бұл түрінде қадағалау, орнында (кәсіпорында, мекемеде және ұйымда) зерттеу және талдау сияқты әдістер қолданылады.
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі туралы; жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) салық кезеңінде бюджетке төлеген салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы; салық төлеушіге салық жылында бюджеттен нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым бойынша қосылған құн салығының қайтарылатын сомалары туралы; салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаған тұлғаларды заң бойынша қудалау мақсатында құқық қорғау органдарына; салық төлеушінің салық міндеттемелерін айқындау туралы істерді және салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін жауапкершілікті қарау барысында соттарға; мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткішін қалыптастыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға берілетін; ҚР тараптардың бірі болып табылатын салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ ҚР халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық және құқық қорғау органдарына, халықаралық ұйымдарға берілетін мәліметтерді қоспағанда, салық қызметі органы салық төлеуші туралы алған кез келген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.
Салық төлеушіге қатысты ақпаратты салық төлеушінің жазбаша рұқсатынсыз басқа тұлғаға беруге болмайды.

6 Қазақстан салық жүйесіндегі акциздердің қызмет ету ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, сондай-ақ арнайы қызмет түрлеріне акциз салынады .
Акциз салығын төлеушілер мыналар:
1.Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын;
2.Акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық жүйесінде әлеуметтік салықтың ролі
Мемлекеттің түсінігі, мәні
Қаржының бақылау функциясы және қаржылық бақылау
Шаруашылық қызметінің аудиті
Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басқару аппаратының құрылымы және олардың атқаратын қызметтері
Қазақстандағы салық қызметінің ұйымдастырылу негіздері
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қазіргі жағдайы
Салық қызметінің органдары
Кедендік төлемді анықтаудың өндірістік жағдайын шешу
Қазақстан Республикасының салық жүйесі дамуының экономикалық – құқықтық мәселелері
Пәндер