Оқушы сауаттылығын есепке алуда қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін диктант, оның түрлері



МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.тарау. ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСЫНЫҢ КҮРДЕЛІ ТҮРІ . ДИКТАНТ
1.1. Диктант, оның түрлері және оған қойылатын талаптар ... ... ... ... ... 5.15
1.2. Жазба жұмысының инновациялық түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15.23
1.3. Диктантты бағалау нормалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23.24
1.4. Қатемен жұмыс жүргізу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24.26

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27.28

IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ

Жалпыға бірдей білім беретін мектеп балаға терең білім берумен қатар, олардың ауызекі тілі мен жазбаша тілін дамыту, ойын жүйелі айтып орамды сөйлеп әрі дұрыс жаза білуді талап етеді. Сондықтан қазіргі оқу процесі арқылы оқушылардың жазбаша тілі мәдениетін дамытып, жүйелі жазу дәрежесін көтеру мақсатын қояды.
Әрбір мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жазба жұмыстарын үйретіп, тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білуде ең негізгі мәселенің бірі – оқушының жас ерекшелігі мен білім қорына байланысты жазба жұмысын үйретудің міндеті мен көлемін анықтау болып табылады. Мұғалім сол міндет пен көлемге байланысты жазбаша тіл дамыту жұмысының түрін, көлемін, оның әдіс-тәсілдерін белгілейді, анықтайды.
Жазба жұмыстарын үйретудегі басты мақсат – баланы жан-жақты дамыту жұмысы, оқушылардың жалпы ойын дамытуға мақсатталынады, қызығушылығын оятып, шығармашылықпен айналысуға бағыт береді. Яғни, оқушылардың жазбаша тілін дамыту мәселесін, олардың ойлау қабілетімен байланыстыра, сондай-ақ ойлау мен жазу процесінің бірлігінде ұйымдастырады.
Бағдарламада, оқулықта мектеп өмірінде «жазба жұмысын үйрету» терминдері «тіл ұстарту», «байланыстырып сөйлеу» және т.б. терминдермен алмастыру байқалады.
Өйткені соңғы кездерде тіл мәдениетіне айрықша көңіл бөлініп, бағдарлама, оқулықтарда, әдістемелік әдебиеттерде «жазбаша тіл мәдениетін дамыту», «тіл ұстарту», «тіл дамыту», «байланыстырып сөйлеу» т.б. терминдер жиі ұшырасуда.
Ғалымдардың айтуынша мұғалімдердің іс-тәжірибесіне сүйене отырып, мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушыларға жазба жұмыстарын үйрету үшін оның психологиялық, лингвистикалық ғылыми негіздері мен педагогикалық ерекшеліктерін анықтауға болады.
Практикалық және шығармашылық жұмыстардың барлығы сабақта өтіліп отырылған грамматикалық материалдарға байланысты жазбаша тіл ұстарту жұмысы мен арнайы жүргізілген тіл дамыту жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруға байланысты жүргізілетін жұмыстардың сөйлем құрау, тест талдау, мазмұндама, шығарма және т.б. оқушының активтік қиялдарының дамытылуына маңызы зор болып есептеледі.
1. М. Оразов Қазақ тілінің семантикасы. Алматы, 1991
2. С. Исаев Қазақ тілі. 1996, Алматы
3. Қазақ грамматикасы. Астана, 2001
4. А. Байтұрсынов Тіл тағлымы. Алматы, 1992
5. М. Томанов Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, 1981
6. К. Аханов Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1993
7. К. Аханов Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1998
8. Г.Сыздықова Қатыстық сын есімдердің семантикасы. Астана, 2004
9. А. Ысқақов Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1991
10. Қазақ тілі энциклопедиясы. Алматы
11. Қазіргі қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2-том, 1976
12.Ғ. Мұсабаев Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары. Алматы, 1951
13.Ф. Оразбаева Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдері. Алматы,
1988
14.Ә. Төлеуов Сөз таптары. Алматы, 1982
15.Ж. Шәкенов Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы. Алматы,
16.Ғ. Мұсабаев Қазақ тілі мен грамматикасы. Алматы, 1986
17.Қазақ тілі мен әдебиеті журнал №9 2006ж

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Жалпыға бірдей білім беретін мектеп балаға терең білім берумен
қатар, олардың ауызекі тілі мен жазбаша тілін дамыту, ойын жүйелі айтып
орамды сөйлеп әрі дұрыс жаза білуді талап етеді. Сондықтан қазіргі оқу
процесі арқылы оқушылардың жазбаша тілі мәдениетін дамытып, жүйелі жазу
дәрежесін көтеру мақсатын қояды.
Әрбір мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жазба жұмыстарын
үйретіп, тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра
білуде ең негізгі мәселенің бірі – оқушының жас ерекшелігі мен білім қорына
байланысты жазба жұмысын үйретудің міндеті мен көлемін анықтау болып
табылады. Мұғалім сол міндет пен көлемге байланысты жазбаша тіл дамыту
жұмысының түрін, көлемін, оның әдіс-тәсілдерін белгілейді, анықтайды.
Жазба жұмыстарын үйретудегі басты мақсат – баланы жан-жақты дамыту
жұмысы, оқушылардың жалпы ойын дамытуға мақсатталынады, қызығушылығын
оятып, шығармашылықпен айналысуға бағыт береді. Яғни, оқушылардың жазбаша
тілін дамыту мәселесін, олардың ойлау қабілетімен байланыстыра, сондай-ақ
ойлау мен жазу процесінің бірлігінде ұйымдастырады.
Бағдарламада, оқулықта мектеп өмірінде жазба жұмысын үйрету
терминдері тіл ұстарту, байланыстырып сөйлеу және т.б. терминдермен
алмастыру байқалады.
Өйткені соңғы кездерде тіл мәдениетіне айрықша көңіл бөлініп,
бағдарлама, оқулықтарда, әдістемелік әдебиеттерде жазбаша тіл мәдениетін
дамыту, тіл ұстарту, тіл дамыту, байланыстырып сөйлеу т.б.
терминдер жиі ұшырасуда.
Ғалымдардың айтуынша мұғалімдердің іс-тәжірибесіне сүйене отырып,
мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушыларға жазба жұмыстарын
үйрету үшін оның психологиялық, лингвистикалық ғылыми негіздері мен
педагогикалық ерекшеліктерін анықтауға болады.
Практикалық және шығармашылық жұмыстардың барлығы сабақта өтіліп
отырылған грамматикалық материалдарға байланысты жазбаша тіл ұстарту жұмысы
мен арнайы жүргізілген тіл дамыту жұмыстары арқылы жүзеге асырылады.
Сондықтан оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруға байланысты
жүргізілетін жұмыстардың сөйлем құрау, тест талдау, мазмұндама, шығарма
және т.б. оқушының активтік қиялдарының дамытылуына маңызы зор болып
есептеледі.
Жазба жұмыстарын үйретуге бағытталған жұмыстар оқушылардың психикалық
процестерінің қызметін түсінік, қабылдау, зейін, ойлау, сөйлеу, қиял,
сезім, ерік күшейтеді. Олардың ой белменділігін арттырып, мидың үлкен
жарты шарлар қабығында өтіп жататын анализдеу, синтездеу әрекетін
арттырады.
Мектеп қабырғасында қазақ тілінен жүргізілетін жазба жұмыстардың
оқушыны сауаттылыққа, ұшқыр білімге жетелеуде өзіндік маңызы өте зор. Жазба
жұмыстардың түрлері де сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай әр
түрлі болып келеді.

Курстық жұмысының өзектілігі: Қазақ тілінің методикасының үлкен де
күрделі бөлімі – тіл дамыту. Себебі тілдің өзі күрделі құбылыс. Ал қазақ
тілі пәнін оқытуға байланысты оқушылардың жазбаша тілін дамытудың әдіс-
тәсілдерін анықтау да қиын мәселелердің бірі. Тіл дамыту әрқашан әдістеме
тарихында арнайы қаралып отырды. Оның маңызы, қажеттілігі айқындалды.
Бірақ ол әдістеме теориясына арнайы білім ретінде кейін кірді. Әсіресе
әдістеменің негізгі атаулары және категориялары тіл дамытуға арналған
жұмыстар, жазба жұмыстарының мазмұны, көлемі, құралы, оқушының жазбаша тіл
байлығын бағалау, нормалары әлі де анықталу қажет.
Осыған байланысты тіл ғылымы негізінде оқушылардың жазбаша тілін
дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдері мен қазақ тілі пәні мұғалімінің
оқушыларға жазба жұмыстарын үйрету кезіндегі алатын орнын анықтау жұмыстың
өзекеті мәселесі болып қарастырылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ тілі сабағында оқушыларға жазба
жұмыстарының түрлерін үйрету жолындағы мәселелерге тоқталу, ашып көрсету.
Осы мақсатқа сүйене отырып, курстық жұмыстың мынадай міндеттерін көрсетуге
болады:
- Қазақ тілінде жүргізілетін жазба жұмыс түрлерінің маңыздылығын
көрсету;
- Қазақ тілінде инновациялық жаңа жазба жұмыстарының қолданылуына мән
беру;
- Қазақ тілінде жүргізілетін жазба жұмыстардың қажеттілігін дәлелдеу.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1-тарау. ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСЫНЫҢ КҮРДЕЛІ ТҮРІ - ДИКТАНТ

1.1. Диктант, оның түрлері және оған қойылатын талаптар.

Тіл – тек қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге ойдын жарыққа шығуының
құралы екені мәлім. Сауатты адамдардаң қатарын көбейту – мектептің басты
міндеті. Сауаттылық – грамматиканың, орфографияның ережелері мен
заңдылықтарын жете білудің нәтижесі. Мектепте өткізілетін жаттығу
жұмыстарының бір түрі – диктант.

Дикто – (латын сөзі) естіртіп айту. Диктант оқушылардың сауаттылық
дәрежесін сынау үшін өткізіледі. Орфографияны, пунктуацияны үйретуде
диктант жазғызу оқушылардың тіл пәнінен үйренген білімін іс жүзінде
қолдануға дағдыландырады. Диктантта жіберілген қателерді түсіндіріп талдау
және кездеске қателерді оқушылардың өздеріне түзеттіру арқылы сауатты
жазуға, қателерін көріп, оларды алдыңғы уақытта ескере жүруге үйретеміз.
Өтілген тақырыптың көлеміне байланысты диктант жазғызуда төмендегідей
түрлерін пайдалану тиімді:

Әріп диктанты. Бастауыш сыныпта алғашқы әріптерді үйренгеннен кейін
өткізіледі. Ол дыбыс таңбасының баспа түрінен жазба түріне аударып жазуға
үйрету, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге дағдыландыру және
көркем жазуын қалыптастыру үшін қолданылады.
Буын диктанты сауатты жазуға үйрету, қате жазудан сақтандыру, сөзді
буындап оқуға, оны жаттап алуға көмектесу, сөздерді тасымалдай білуге
үйрету сияқты жұмыс түрлерін қамтиды.
Сөз диктанты әріп пен буын диктанттарына қарағанда біраз күрделірек.
Мұндағы мақсат — оқушыларға сөз белгілі бір ұғымды білдіретінін, ярни
мағынасы болатынын түсіндіру. Мұнда оқушылар өздері естіген әрбір сөздің
нақты мағынасын түсінумен қатар, оларды буынға бөліп жазып үйренеді. Осыдан
кейін ғана олар жеке сөзді, әріпті тастап кетпей, артық әріп қоспай немесе
әріптердің орынын ауыстырмай, әрбір сөздің мағынасын түсініп, қатесіз,
көркем жазуға дағдыланады.
Жоғарыда айтылған әріп, буын, сөз диктанттары бастауыш сыныпқа арналған
диктанттар, яғни кеңірек айтылғандықтан, бұларға көп тоқталмаймыз.
Сөздік диктанты әріп емлесін өту кезінде белгілі бір сөздердің жазылуын
есте сақтау үшін пайдаланылады. Диктантқа ұсынылатын сөздердің саны 5-6
сыныптарда 30-35-тен аспауы керек. Сөздік диктанты өтіліп отырған тақырыпқа
байланысты мұғалімнің қалауымен жүргізіледі.
Терме диктанты белгілі бір ережені оқушылардың қалай меңгергенін байқау
үшін сабақ үстінде жүргізіледі. Мұғалім диктант мәтінін оқып алдында қандай
ережеге көңіл аудару керек екендігін ескертеді. Оқушылар мәтінді түгел
жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға
лайықты сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады.
Көру диктанты мұғалімдер тәжірибесінде өте пайдалы, диктантқа үйрететін
жұмыстардың ішіндегі ең бастысы болып есептеледі. Бұл диктант түрі
оқушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту
мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-
ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар,
мақалдар, жаттауға берілген өлеңдерді алуға болады.
Диктант мәтіндері үзіліс кезінде тақтаға немесе алдын ала аумақты қағазға
жазылып қойылады. Оларды оқушылардың 2—3 рет оқып шығуына, асықпай көріп,
жадында сақталуына 1 — 2 минут уақыт беріледі. Содан ке-йін мұғалім оны
жауып қояды. Оқушылар тақтадан оқыған мәтінін есіне түсіріп, дәптерге
жазады. Мұндай материалдардың құрамында жазылуы қиын сөздермен бірге, баса
көңіл аударуға тиісті ережелері бар термин сөздер болса, мұғалім олардың
астын түрлі түсті бормен сызып қояды.
Өздік диктантында оқушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен
буындарды, сөз бен сөз тіркестерін және жекелеген сөйлемдер мен жаттап
алған өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді естеріне түсіріп, ойлана
отырып өз бетінше жазады.
Диктанттың бұл түрінің өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор.
Мұғалім өздік диктанты қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін
оқушыларға алдын ала ескертіп қояды.
Шығармашылық диктант — үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, әдіс-
тәсіл жағынан ең күрделісі, оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын,
білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арт- тыру
көрсеткіші. Бұл диктанттың көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою,
сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, басы жазылған мәтінді
аяқтау сияқты басқа диктанттарға ұқсамайтын өзгешеліктері болады.
Ескерту диктанты көлемі, орфографиялық емле, сөздік қоры жағынан бақылау
диктантына жақын келеді. Мұнда осы уақытқа дейінгі өтілген барлық материал
түгел қамтылып, оқушыларды бақылау диктантына тікелей әзірлейді.

Графикалық (сызба) диктанты сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы
көрсету, керісінше, берілген сызба бойынша сөйлем құрау сияқты түрлі
вариантта жүргізуге болады.

Бақылау диктанты бұрын өтілген материалдарды оқушылар қандай дәрежеде
меңгергенін және сауаттылық деңгейінің қандай екенін анықтау мақсатымен
жүргізіледі. Бақылау диктанты белгілі бір тарауды оқып бітіргеннен кейін
және тоқсанның, жылдың аяғында өкізіледі.

Ол төмндегіше жүргізілеі:
а) диктант тақырыбы тақтаға жазылады да, алғшқы сөйлемнің бірінші сөзі
жаңа жолдан басталатыны ескертіледі. Диктант мәтінінде кездесетін жазылуы
қиын немесе ережелері өтілмеген сөздерді мұғалім үзіліс кезін-
де тақтаға жазып қояды;

ә) диктаит мәтінін мұғалім екі рет дауыстап оқып, жазылуы қиын сөздерді
тақтадан қарап алу керектігін ескертеді;
б) егерде диктант мәтіні жеке сөздер мен сөз тіркесінен немесе
байланысты сөйлемдерден құралған болса, мұндай мәтіндердің әрбір сөзі
мен сөйлемін мұғалім үш рет қана қайталап оқиды. Осыған орай диктантты
жазар алдында оқушыларға әрбір сөзді немесе сөйлемді көңіл қойып
тыңдап, олардың мағынасын ұғып алғаннан кейін ғана жазуға кірісу
керектігі ескертіледі. Мұғалім оқушылардың түгелдей жазып отыруын
қадағалап, ең баяу жазатын оқушы бітісімен, келесі сөйлемді оқиды. Бірақ
ол жаңа сөйлем екені айтылмайды;

в) оқушылар диктант мәтінін түгел жазып болғаннан кейін мұғалім мәтінді
бастан-аяқ тағы бір рет оқиды. Осы кезде оқушылар өз жазғандарын
мұғалімге ілесе отырып тексереді. Қатесі болса түзетеді.

Мұғалім диктантты бір орында тұрып оқиды.

5-6-сыпыпта алынатын бақылау диктантының көлемі төмендегідей:
I жарты жылдықта —90-95 сөз,

II жарты жылдықта —95-100 сөз.

Диктантты жаздыруға қойылатын талаптар.

Диктант жазылып болған соң мұғалім мәтінді тағы бір рет түгел оқып
шығады. Оқушылар жазғандарын мұғалімнің оқығанына ілесе тексеріп, қалып
қойған сөз, әріп солса, қол көтеріп сұрап, мұғалімнің қайталауымен
толықтырылады. Ең сонында оқушылар жазған текстерін өз бетімен тексеріп
шыққан соң, диктант дәптерлері жинап алынады.

Мұғалімнің тексті үйде алдын ала тағы бір қарап шығуы, әсіресе, сабақ
жоспарын жасау кезінде аса қажет деп есептеледі. Сабақ жоспары демекші,
диктантқа жоспар жасамайтын мұғалімдер де кездеседі. Жасағандары болса,
диктанттың атын, өтетін күнің, айын, сыныпты жазумен ғана шектеледі. Ең
алдымен, мәтінді оқу кезеңінде көлденең сөз , сұрақ болмауға тиіс. Жазу
кезінде бірлі-жарым қалып қойған оқушы болса, ол мұғалімнің ісі. Ал кейде,
оқушылар тарапынан бір қажетті сұрақ бола қалса, жаздырып жатқан кезекті
сөйлемді оқушылар түгел жазып біткеннен кейін қойылу керек. Диктант
мәтінін жаздыру үстінде, диктант мәтінінен сыртқы кездесуі ықтимал,
көлденең сөздердің көлемі, мазмұны, шамасы оқушыларға алдын ала белгілі
болуға тиіс. Мәтінді жаздыру үстінде мұғалім тарапынан оқушыларға айтылатын
ескертпе түріндегі сөздерді жиі пайдалануға болмайды. Ерекше бір күрделі,
қиын сөйлемдерді жаздыру ретінде ғана емес, бар ынта-зейіні диктант мәтінін
жазуда болып отырғанда, қапелімде мәтін арасына көлденең сөздің кіруі
оқушыларды аз да болса, алаңдатады, зейінін бөледі.Мәтінді оқуда басты
талап – тілдің орфографиялық заңдылығын сактау болып табылады.

Диктанттың өткізілетін түрі екі-үш күн бұрын оқушыларға айтылып, оған
оқушылардың қалай дайындалуы керек екендігі (қайталау, жаттау т.б.)
ескеріледі. Диктант үшін ұсынылатын текстер орфографиялық тұрғыдан таныс,
яғни өткен сабақ материалдары негізінде алынады. Егер текст құрамында
өтілмеген емле, тыныс белгілері немесе айтылуы мен жазылуы қиын сөздер
кездессе, олар түсіндіріліп, тақтаға жазылады. Диктанттың қандай түрі
болсын текст орфоэпиялық заңға сүйеніп, кідіріс (пауза) жасап, негізінде үш
рет оқылады. Тексті жазбас бұрын оқушыларға оны бар ынта-зейінімен тыңдап,
мазмұны бойынша жазу, ауыр тиетін сөздерді қадағалап отыру тапсырылады.
Оқылған дыбыс, буын, сөз жіне сөйлемнің мән-мағынасын түсініп, іштей
қайталап, қалай жазылатының еске түсінген соң барып жазуға кіріскен жөн.
Шала етіс, мағына, мазмұн түсінбей қалған оқушы мұғалімнің екінші рет оқуын
күтеді. Диктант жазу үстінде қасындағы жолдасының дәптеріне қарауға
болмайды. Одан немесе мұғалімнен не жазу керектігін сұрап, кедергі жасауға
тыйым салынады.

Диктант мәтініне қойылатын талап:

а) көлем сынып ерекшелегіне сай болуы тиіс;

ә) тәрбиелік мазмұны болуы керек;

б) мәтіндегі орфограммалар мен пунктограммаларды оқушылар игерген, таныс
бағдарламаға сәйкес болуы керек ;

в)  мәтіннің көркем шығармалардан алынған үзінді түрінде жеңіл болуын
ескерген жөн;  

Грамматикалық тапсырмалы диктант сабағының құрылымдық кезеңін шамамен былай
көрсетуге болады:

а) тілдік дайындық(өтілген грамматикалық материалдарды еске түсіру)4-
5минут.

ә)берілген тапсырманы орындату-4-5 минут.

б) диктант мәтінімен таныстыру, жазғызу -30-35 минут.

в) тексеру, жинау-2-3 минут.  

Белгілер мәні:

- емле қатесі

V- тыныс қатесі

-азат жол артық қойылған

?- түсініксіз

- қайталанған ойлар, стилдік қателер, сөз қалдырған

-жүйе үзілген

Диктанттың белгіленген нормасы төмендегідей:

Сыныптар Сөздер саны      1 тоқсан
1 15-20 45-90
2 20-25 180-225
3 25-30 225-270
4 30-35 270-315
5 35-40 315-350
6 40-45 350-395
7 45-50 395-420
8 50-55 420-465
9 55-60 465-510
10 60-65 510-555
11 65-70 555-600

 

 

сынып лексика диалог монолог
1 90-110 1-2 сұрақ 3-4 сөйлем
2 160-210 2-3 сұрақ 4-5 сөйлем
3 210-230 3-4 сұрақ 5-7 сөйлем
4 230-260 4-5 сұрақ 7-9 сөйлем
5 260-290 5-6 сұрақ 9-11 сөйлем
6 290-310 6-7 сұрақ 11-13 сөйлем
7 310-330 7-8 сұрақ 13-15 сөйлем
8 330-360 8-9 сұрақ 15-17 сөйлем
9 360-390 9-10 сұрақ 17-19 сөйлем
10 390-400 10-11 сұрақ 19-21 сөйлем
11 400-410 11-12 сұрақ 21-23 сөйлем

1.2. Жазба жұмысының инновациялық түрлері

Диктант дәстүрлі оқыту үрдісінде ежелден келе жатқан жазба жұмыстардың
бір саласына жатады. Диктанттың бірнеше түрі іс-тәжірибеде пайдаланылып
келеді. Олар: терме диктанты, бақылау диктанты, көру диктанты, түсіндірмелі
диктант, сөздік диктанты, өздік диктанты, ескерту диктанты, ерікті диктант,
шығармашылық диктант. Олардың әрқайсысы өзіндік ерекшелігі, әдіс-
тәсілдерімен ерекшеленеді. Дәстүрлі оқытудағы барлық диктанттың басты
мақсаты - балалардың білімін тексеру, бақылау, теориялық білімдерін
тәжірибеде пайдалана білуге дағдыландыру, сауаттылыққа баулу болып келеді.
Оқыту үрдісін технологияландыру кезеңі диктант түрлерін және оны жүргізудің
жаңа инновациялық жолдарын жетілдіру мақсатын алдыға қойып отыр.
Шығармашылық сипаттағы диктанттардың кейбір түрлері дәстүрлі оқыту
үрдісінде де жүргізіліп келеді. Щығармашылық диктанттың өзіндік ерекшелігі
туралы орыстың педагог ғалымы М.И.Рудякова "Творческий диктант не является
разновидностью диктанта, а скорее это самостоятельная работа типа
сочинения" дейді (Сборник диктантов по орфографий и пунктуаций. М.,
"Просвещение", 1991, 4-бет). В.М.Гусинова мен К Еркібаеваның "Сборник
текстов для изложении" деген оқу құралында "Тексты взятые из произведений
классической и современной художественной литературы, научно-популярной
литературы, периодической печати должны помочь в формировании у школ
гражданственности, любви к труду, стремлени гуманитарным знанием" деген
пікірлерінің пәнаралық байланыстағы шығармашылық диктанттарға да қатысты
жағы бар (А„ "Рауан", 1998, 4-бет).
Диктанттардың шығармашылық бағытын жетілдіре отырып, оның түрлерін
жаңарту, жаңғырту, жаңа технологиядан іздену - тіл дамыту жұмысының басты
мақсаты.
Қазақ тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуға негізделген шығармашылық
диктанттың төрт түрін ұсынуға болады: сөздік диктантының жаңа түрі;
модельге негізделген диктант; "өзің тап" диктанты; "бестік" диктанты.
Шығармашылық диктанттарды жүргізудің басты мақсатын төмендегідей
саралауға болады: қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін тәжірибеде
пайдалана білу дағдыларын жетілдіру; сауаттылықка, жазу мәдениетіне баулу;
көркем мәтін негізінде әдеби тілдерін ұстарту; тіл дамытуға негізделген
шығармашылық диктанттар технологиясын жетілдіру.
Шығармашылық диктанттарды жүргізуде мына мәселелер ескерілуі тиіс:
диктант мәтініне суреттеулер, баяндаулардан гөрі мазмұнды оқиғалардың
алынуы; даралап, саралап оқытуды басшылыққа алу; көмек керек ететін
оқушыларға көмек-нұсқау ұсыну (ол - мәтінді оқушының ары қарай жалғастыруы
үшін беріледі); оқиғаның жалғасы тұжырымды жоспар түрінде ұсынылады;
диктант мақсатына сай керекті тірек сөздерді ұсыну.
Диктант жазар алдында шығармашылық конкурс жариялауға болады. Конкурс
оқушыларды ынталандырады, олардың назарын бір мақсатқа жұмылдырады.
"Словарь-справочник по методике русского языка" деген еңбегінде М.Р.Львов
былай дейді: "В творческих работах учащихся отражается личность школьника,
его чувства, взгляды, его жизненная позиция. Творческие работы - сильное
воспитательное средство" (М., "Просвещение", 1988, 68-бет). Осы пікір
шығармашылық диктанттарға да тән. Әдебиет пәнінің тәрбиелік мәні зор. Ол
оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, дүниетанымы, көзқарасын
қалыптастыруға ықпал етеді. Әдебиет пен қазақ тілінде өтіліп жатқан
материалдарды байланыстыра отырып оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулу,
тіл дамьпу оны жүргізудің басты мақсаты болып табылады.
Сөздік диктанты. Сөздік диктант дәстүрлі оқыту әдістерінде бұрыннан бар.
Сөздік диктантының өзіндік ерекшелігін пікірлерден көруге болады: "Его
отличителъная черта состоит в том, что диктуются слова, словосочетания, а
не предложения. Словарный диктант может быть предупредительным,
обьяснительным, контрольным. Он позволяет экономит время, концентрировать
внимание учащихся на нужных орфофаммах, обогощать и активизировать внимание
учащихся на нужных орфограммах, обогощать и активизировать словарь
учащихся" деп пікірін білдіреді М.Р.Льбов. (Сборник диктантов и изложений.
А., "Жеті жарғы", 2001, 149-бст).
Ал қазақ тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуға негізделген бұл сөздік
диктанттың әдістемесін нақты мысалдармен түсіндіруге болады.

1-кесте. Сөздік диктанттың 1 түрі
Мұғалім оқитын Оқушылар тауып жазатын оның мағынасы
сөздер
Көксерек Аңшылар ауылға әкелген
қасқырдың бөлтірігі
Құрмаш Көксеректі бауырына басып, аялап
өсірген бала

Сөздік диктанттың 2 түрі. Керісінше, сөздің мағынасы айтылады, оқушы
ол сөзді табады.

2-кесте. Сөздік диктанттың 2 түрі
Мағынасы Сөздер
Аңшылар ауылға әкелген Көксерек
жетім бөлтіріктің аты
Бөлтірікті өсірген бала Құрмаш
Көксеректі бастан теуіп, Құрмаштың әжесі
еңіреген адам

Мұндай диктанттарды қазақ тілінің кай тақырыбы болмасын әдебиеттен өтіп
жатқан көркем шығармаларды негізге ала отырып, бірлікте жүргізуге болады.
Сөздік диктантына қойылатын талаптар: тұжырымдылық, яғни сұрақтың да,
жауаптың да нақты, жинақы әрі мәнді болуы; алғырлық, шапшаңдық; әдебиеттен
алған білімдерін қазақ тілі пәніне пайдалана білулері.
Сөздік диктантының тіл дамытудағы тиімділігін төмендегідей саралауға
болады: оқушыларды қазақ тілінен оқып жатқан тақырыптарды қайталап, оны
әдебиетпен байланыстыра отырып, жаңа мақсатта пайдалануға, білімдерін
тереңдетуге көмектеседі; сауатты жазуға, сөздік қорын дамытуға әсер етеді;
еске сақтау қабілетіне игі ықпалын тигізеді.
Сөздік диктанттарды түрлендіріп отыруға болады. Оқушыларды қызықтыра
отырыл, тиімді әдіс-тәсілмен алған білімдерін ары қарай дамытуға
дағдыландыру керек.
Шығармашылық іс-әрекеттің өнімді жолдары баршылық. Соның бірі алған
білімді модельдей білу, оны мазмұны мен мәніне қарай көз алдыға келтіру
немесе бір белгілермен жобалау, сұлбасын, нобайын салу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диктант мәтінінің мазмұндылығы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша жүргізілетін жазба жұмыстары
Жазба жұмыстарын үйретуге бағытталған жұмыстар
Жазба жұмыстарының түрлері және оның өткізудің жолдары
Морфологиялық жаттығулар
Бастауыш сыныптарда қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру
Жазудан кейінгі дағдылар
Қазақ тілі сабақтарында ауызекі және ауызекі сөйлеуді дамыту
Орыстілді мектеп оқушыларының жазбаша сөйлеу тілін дамыту әдістемесі (5-6 – сынып)
Қазақ тілі сабағында оқушыларға жазба жұмыстарының түрлерін үйрету жолындағы мәселелерге тоқталу, ашып көрсету
Пәндер