Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясын қолдану



Кіріспе 3

1. Дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері 5
1.1 Оқытудың жаңа технологияларының теориясы және әдіснамалық негіздері
5
1.2 Дамыта оқыту технологиясының педагогикалық . психологиялық алғы . шарттары
9
1.3 Математика сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқытудың әдістемелік негізі
15

2. Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру

20
2.1 Дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелері 20
2.2 Дамыта оқыту технологиясын қолданудың оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына әсері
22
2.3 Дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру бағытында жасалған тәжірибе нәтижелері
25

Қортынды 30

Қолданылған әдебиеттер 31
Ел дамуының ертеңгі бағыт- бағдарын саралаған Елбасының Жолдауында білім беру саласына: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз» деп ерекше мән берілген. Алайда, жаһандану дәуірінде қатаң бәсекеге төтеп бере алатын мемлекет қана өркениет көшіне ілесе алады. Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті ең алдымен оның білімділік сипатымен айқындалатынын ескере келе, білім мен тәрбие беру саласының маңызы ерекше екенін мойындауымыз керек.
Адам қазіргі дамуында табиғаты мен ойының мөлшерсіз мүмкіндіктерін игеруге ұмтылуы қажет. Қазіргі таңда мұғалімдердің негізгі міндеті – ұлттық ділі жоғары, сана-сезімі дамыған, өзіндік көзқарасы бар жеке тұлғаны қалыптастыру және оқушылардың өз бетімен білім алу жолдарына үйрету.
Осыған орай оқушы оқыту үрдісінде, әрбір сабақта өзінің оқу әрекетінің мақсат-міндеттерін анықтап, соларды іске асырудың нақты тәсілдерімен амалдарын қолданып, өзін-өзі бақылап отыруға тиіс. Міне, осындай жағдайда ғана балада білімге деген қажеттілік, талпыныс, қызығу, танымдық белсенділігі қалыптасады.
Оқушыны оқу үрдісінің нысаны ретінде ғана санамай, оны сол үрдістің тең құқықты мүшесі ретінде қабылдап, оқушыға бет бұру қазіргі мектеп дамуының негізгі қарқынының бірі болып отыр. Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында «білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субъектісі, өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъект ретінде көрінумен бедерленеді» делінген. Осыдан білім беру саласында ең алғашқы орында тұрған ол-мектеп мәселесі екенін аңғара аламыз. Себебі мектеп бүкіл білім жүйесінің бастау алар тұсы, білімділіктің іргетасы қаланар сынақ алаңы.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі сапалы білім беру үшін сапалы мұғалімдер даярлау. Білімнің сапалы болуы үшін ең алдымен «Білім бұлағы-кітапта» демекші жақсы көңілге қонарлық оқулық және білімді оқушы санасына сіңіре білетін шебер мұғалім қажет.
Зерттеудің мақсаты білім беру сатылары арасындағы дамыта оқытудағы сабақтастықты талдау және тәжірибе мен теория жүзінде сабақтастықтың тиімділігін қалыптастыру. Оқытудың түрлері және әдіс-тәсілдеріндегі сабақтастықтың дидактикалық шарттарын тұжырымдау, оқушылардың үздіксіз математикалық дайындығындағы сабақтастықтың теориялық, ғылыми-әдістемелік негізін жасау.
Бастауыш сыныпта және негізгі буында математиканы дамыта оқытуда сабақтастықтың орындалу үрдісі.
Бастауыш сыныпта және негізгі мектеп математикасын сабақтастыра отырып дамыта оқытудың мазмұны арасындағы, оқыту формасы және әдіс-тәсілері арасындағы байланыс жүйесін қамтамасыз ету жолдары.
Егер сабақтастық тұжырымдамасын белгілі бір мақсатта қарастыра отырып, Бастауыш сынып оқытудың жетекші компоненттері мен мұғалімнің іс-әрекеті стиліндегі негізгі ұстанымдар мен дидактикалық шарттардағы сабақтастықты қамтамасыз етсек, онда Бастауыш және негізгі мектептерде математиканы сабақтастық негізінде дамыта оқыта отырып, оқытудың сапасын арттырып, оқушылардың білімдерін кеңейтіп, тереңдеуін қалыптастырар едік, өйткені үздіксіз математикалық дайындығында дамыта оқытудағы сабақтастық оқушылардың қабілеттілігі мен құзреттілігін қалыптастыруға жағдай жасайды.
Зерттеудің міндеттері. Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығында және қарама-қайшылылығында ашылады. Сондықтан қарама – қайшылықты шешіп, сапалы білім беру үшін мектепте математиканы дамыта оқытуда сабақтастықты қамтамасыз ету қажет.
1. Үздіксіз білім беруде математиканы дамыта оқытудағы сабақтастықты анықтау.
Оқушыларды дамыта оқыту – қазіргі бастауыш мектептердің ең маңызды міндеттерінің бірі. Бастауыш мектеп оқушы тұлғасы мен санасының дамуы, қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезең. Бастауыш сыныптарда білім берудегі дамыта оқыту процесі – математка пәнінен дамыта оқытуды теориялық жағынан негіздеп, мазмұны мен шарттарын анықтап, әдістемесімен қамтамасыз ету болып табылады [5].
1. Аймағамбетова Б. «Көңілге қонған көрнекілік». Бастауыш мектеп. - 1989. - № 8.-14-17 бет.
2. Бантова М.А. «Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы». Алматы: Мектеп, 1978.
3. Баржықпаева С. «Көрнекілікті тиімді пайдалану». Бастауыш мектеп.- 1991.-№ 8.- 46-48 бет.
4. Бидосов Ә. «Математиканы оқыту методикасы». Алматы: Мектеп, 1981.-221 бет.
5. Гоноболин Ф.Н. «Психология» Алматы: Мектеп, 1976.
6. Дарменова Қ. «Көрнекілік арқылы ойлау қабілетін арттыру». Бастауыш мектеп.- 1991.- № 4.- 12-14 бет.
7. Корпешова Г. «Оқушылардың қызығушылығын арттырудағы көрнекіліктің рөлі». Қазақстан мектебі. - 1986.- № 4.- 20-21 бет.
8. Қаниева Г. «Оқушының ойлау қабілетін дамыту». Қазақстан мектебі.- 1991.-№ 5.- 3-10 бет.
9. Ушинский К.Д. «Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі пікірлері». Алматы: Мектеп, 1951.
10. Тұрғынбаева Б.А. «Ұстаздық шығармашылық» Алматы, 2007 ж.
11. Б.А. Тұрғынбаева «Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту» Алматы, 1999 ж.
12. Ш.Х. Құрманалина, С.Ш. Сәрсенбаева, Р.Қ. Өміртаева «Математикадан қызықты тапсырмалар»
13. «Бастауыш білім журналы» №15 , 2004 ж.
14. М. Сәтімбаева «Математиканы оқытудағы методикалық көмек». Алматы «Атамұра» 2003 ж.
15. «Математика оқыту әдістемесі». Алматы. «Атамұра» 1999.
16. «Бастауыш мектеп». №11, 2005. 3-7 б.
17. «Бастауыш мектеп», 2004 жыл - №7, 43-45 беттер.
18. «Бастауыш мектеп», 2004 жыл - №9, 27-28 беттер.
19. «Бастауыш мектеп», 2004 жыл - №10, 17-18 беттер.
20. «Бастауыш мектеп», 2004 жыл - №5, 3-4 беттер.
21. «Бастауыш мектеп», 2004 жыл - №8, 6-8 беттер.
22. «Білім берудегі менеджмент» 2003 жыл - №2, 8-13 беттер.
23. Бұзаубақова К.Ж.-Алматы, 2003 жыл, 101-102 беттер.
24. «Қазақстан мектебі», 2001жыл - №2, 8-13 беттер.
25. «Қазақстан мектебі», 2001 жыл - №3, 33-35 беттер.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3

1. Дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері 5
1.1 Оқытудың жаңа технологияларының теориясы және әдіснамалық
негіздері 5
1.2 Дамыта оқыту технологиясының педагогикалық – психологиялық
алғы – шарттары 9
1.3 Математика сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін
дамыта оқытудың әдістемелік негізі 15

2. Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту
технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру
20
2.1 Дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелері 20
2.2 Дамыта оқыту технологиясын қолданудың оқушылардың танымдық
қабілетінің дамуына әсері 22
2.3 Дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың
танымдық қабілетін арттыру бағытында жасалған тәжірибе нәтижелері 25

Қортынды 30

Қолданылған әдебиеттер 31

Кіріспе

Ел дамуының ертеңгі бағыт- бағдарын саралаған Елбасының Жолдауында
білім беру саласына: Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның
білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен
кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні
сөзсіз деп ерекше мән берілген. Алайда, жаһандану дәуірінде қатаң бәсекеге
төтеп бере алатын мемлекет қана өркениет көшіне ілесе алады. Мемлекеттің
бәсекелестік қабілеті ең алдымен оның білімділік сипатымен айқындалатынын
ескере келе, білім мен тәрбие беру саласының маңызы ерекше екенін
мойындауымыз керек.
Адам қазіргі дамуында табиғаты мен ойының мөлшерсіз мүмкіндіктерін
игеруге ұмтылуы қажет. Қазіргі таңда мұғалімдердің негізгі міндеті – ұлттық
ділі жоғары, сана-сезімі дамыған, өзіндік көзқарасы бар жеке тұлғаны
қалыптастыру және оқушылардың өз бетімен білім алу жолдарына үйрету.
Осыған орай оқушы оқыту үрдісінде, әрбір сабақта өзінің оқу әрекетінің
мақсат-міндеттерін анықтап, соларды іске асырудың нақты тәсілдерімен
амалдарын қолданып, өзін-өзі бақылап отыруға тиіс. Міне, осындай жағдайда
ғана балада білімге деген қажеттілік, талпыныс, қызығу, танымдық
белсенділігі қалыптасады.
Оқушыны оқу үрдісінің нысаны ретінде ғана санамай, оны сол үрдістің тең
құқықты мүшесі ретінде қабылдап, оқушыға бет бұру қазіргі мектеп дамуының
негізгі қарқынының бірі болып отыр. Қазақстан Республикасы гуманитарлық
білім беру тұжырымдамасында білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам
тек жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен
таным субъектісі, өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды
баурап әкететін субъект ретінде көрінумен бедерленеді делінген. Осыдан
білім беру саласында ең алғашқы орында тұрған ол-мектеп мәселесі екенін
аңғара аламыз. Себебі мектеп бүкіл білім жүйесінің бастау алар тұсы,
білімділіктің іргетасы қаланар сынақ алаңы.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі сапалы білім беру үшін сапалы мұғалімдер
даярлау. Білімнің сапалы болуы үшін ең алдымен Білім бұлағы-кітапта
демекші жақсы көңілге қонарлық оқулық және білімді оқушы санасына сіңіре
білетін шебер мұғалім қажет.
Зерттеудің мақсаты білім беру сатылары арасындағы дамыта оқытудағы
сабақтастықты талдау және тәжірибе мен теория жүзінде сабақтастықтың
тиімділігін қалыптастыру. Оқытудың түрлері және әдіс-тәсілдеріндегі
сабақтастықтың дидактикалық шарттарын тұжырымдау, оқушылардың үздіксіз
математикалық дайындығындағы сабақтастықтың теориялық, ғылыми-әдістемелік
негізін жасау.
Бастауыш сыныпта және негізгі буында математиканы дамыта оқытуда
сабақтастықтың орындалу үрдісі.
Бастауыш сыныпта және негізгі мектеп математикасын сабақтастыра отырып
дамыта оқытудың мазмұны арасындағы, оқыту формасы және әдіс-тәсілері
арасындағы байланыс жүйесін қамтамасыз ету жолдары.
Егер сабақтастық тұжырымдамасын белгілі бір мақсатта қарастыра отырып,
Бастауыш сынып оқытудың жетекші компоненттері мен мұғалімнің іс-әрекеті
стиліндегі негізгі ұстанымдар мен дидактикалық шарттардағы сабақтастықты
қамтамасыз етсек, онда Бастауыш және негізгі мектептерде математиканы
сабақтастық негізінде дамыта оқыта отырып, оқытудың сапасын арттырып,
оқушылардың білімдерін кеңейтіп, тереңдеуін қалыптастырар едік, өйткені
үздіксіз математикалық дайындығында дамыта оқытудағы сабақтастық
оқушылардың қабілеттілігі мен құзреттілігін қалыптастыруға жағдай жасайды.
Зерттеудің міндеттері. Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның
өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығында және қарама-
қайшылылығында ашылады. Сондықтан қарама – қайшылықты шешіп, сапалы білім
беру үшін мектепте математиканы дамыта оқытуда сабақтастықты қамтамасыз ету
қажет.
1. Үздіксіз білім беруде математиканы дамыта оқытудағы сабақтастықты
анықтау.
Оқушыларды дамыта оқыту – қазіргі бастауыш мектептердің ең маңызды
міндеттерінің бірі. Бастауыш мектеп оқушы тұлғасы мен санасының дамуы,
қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезең. Бастауыш сыныптарда білім
берудегі дамыта оқыту процесі – математка пәнінен дамыта оқытуды теориялық
жағынан негіздеп, мазмұны мен шарттарын анықтап, әдістемесімен қамтамасыз
ету болып табылады [5].

1. Дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері

1. Оқытудың жаңа технологияларының теориясы және әдіснамалық негіздері

Қазіргі білім беру жоғарғы технологиялық деңгейге көтерілуде.
Жаңа технологияларды іздестіру үрдісі бұрынғы дәстүрлі технологияны
ығыстырумен, педагогикалық үрдісті тұтас үрдіс, яғни оны жалпыадамзаттық
құндылықтар, ізгілендіру теорияларына сүйенген жүйе ретінде қарастырумен,
субъект – субъекті қарым – қатынастың басымдық танытумен байланысты
туындауда. Осыған орай соңғы онжылдықта алуан түрлі педагогикалық жүйелер
ұсынылып, нәтижесінде түрлі инновациялық типтегі мектептер пайда болуда.
Олардың ерекшелігі онда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға өзіндік амалдар
мен тәсілдер, оқыту мен тәрбиенің соңғы технологиялары дүниеге келіп,
тәжірибеде сыналуда.
Қазіргі кезде технологиялық прогресс әлеуметтік үрдіске ететін
неғұрлым маңызды фактор болып табылады. Педагогикалық білім берудің
технологиясын жақсарту – қоғамның мәдени сана – сезімін және оның
экономикалық байлығын қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі. Білім беру
жүйесінде оқыту технологиясын қолдануды үнемі жетілдіріп отыру үшін
психологиялық – педагогикалық бағалау өлшемдерінің модификациясы мен
оқушылардың дайындық деңгейінің, білім берудің мақсаты мен оқытудың
шарттарының, сонымен қатар пәнді оқытудың құралдарының негізі қалануы
керек.
Қоғам өмірінің кенеттен өзгерісі мен білім беру жүйесінің, білім беру
мақсаты мен формаларының, оқыту мазмұны мен технологиясының арасындағы
сәйкессіздік білім беру жүйесінің дағдарысқа ұшырауына соқтырды. Білім беру
жүйесіне әсер ететін:
- педагогикалық білімге деген сұраныстың өсуі;
- педагогикалық білім берудің кәсіптік деңгейін көтеру қажеттілігі;
- педагогикалық білім берудің ерекшелігі мен икемділігі, кәсіптік
еңбектің мақсаты мен жағдайға бейімділуі;
- педагогикалық білім берудің қоғамның талабына сәйкес келу
қажеттілігі;
- дәстүрлі технологияның тиімділігінің төмендігі;
- қоғамның жеке тұлғаның дамуына қойып отырған талабының өсуі;
- оқытудың жаңа технологиясын ендіруге кері әсер етіп отырған
психологиялық кедергілер, яғни бір үлгімен жұмыс істеп дағдылану,
шығармашылық деңгейдің төмендігі, педагогтық мамандықты таңдаудағы
ынта – ықыластың тұрақсыздығы.
Дидактиканың техникалық мәселелері біздің заманымыздың ІІ-
жартысында техника мен технологияның интенсивті дамуы нәтижесінде пайда
болды. Оқыту технологиясы немесе кеңірек қарайтын болсақ, педагогикалық
технология ақпаратты сақтау, өңдеу беру әдістері мен құралдардың табылуына
байланысты. Дамудың барлық мүмкіндіктеріне не әлеуметтік технологияның
маңызды компоненті болып табылады.
Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық
лексиконымызға берік еніп келеді. Дегенмен оның мән – мағынасы туралы
пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте технология – бұл қандай ма
болсын істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын амалдардың жиынтығы делінсе,
Б.Т.Личачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат
көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық
үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің белгілі бір
жүйесі ретінде көрсетеді. Б.Т.Лихачев: педагогикалық технология түркілікті
өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі
түрленіп отыратын өзара қарым – қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы
құрылым, - дейді [6].
Оқыту технологиясы - бұл ұзақ тарихи дамудың жемісі. Мұның жолында
талай іздену мен адасу, ұзақ жылғы еңбек пен еліктеу, жарқын ойлардың жылт
еткен кездейсоқ жарқылы мен терең сенім, ең соңында кәдімгі үйреншікті әдет
қалыптасты. Қоғам тарихы технология саласындағы көптеген революцияны
біледі.
Сөйтіп, оқыту технологиясы мектеп оқыту үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл,
амал, дидактикалық талап секілді психологиялық – педагогикалық іс –
әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне,
оқуға ынтасына, оқу іс – әрекетіне игі әсер етумен қатар, интелектуальдық,
шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс – тәжірибесінің
нәтижелігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу – тәрбие процесінің
басты күре тамырының ролін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық
технология – оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған
көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін
қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі. Бұдан оқытудың технологиясы
дегеніміз – педагогикалық тәжірибеде оқыту мен тәрбиенің нақты көздеген
мақсатына қол жеткізу жолындағы тұтас дидактикалық жүйе құрайтын амалдар
мен іс-әрекеттер тізбегі. Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер педагогикалық
технологияның қолданылу деңгейіне, философиялық негізіне, психологиялық
даму факторына, меңгерілу тұжырымдамасына, жеке тұлғаның қалыптасу
бағдарына, мазмұны мен құрылымының сипатына, ұйымдастырылу түріне, танымдық
қызметті басқару типіне, балаға қарым-қатынас тәсіліне, қолданылып жүрген
әдістеріне, дәстүрлі жүйені жетілдіру бағытына және оқушының категориясына
қарай түрліше болып бөлінетінін анықтап отыр. Сол сияқты біз жоғарыда
айтқанымыздай, бүгінгі күні оқыту технологиясының дәл нақты жіктелуі жоқ.
Дегенмен, екі түрлі технология – дәстүрлі және жаңа технология болып
бөлінеді. А.Я.Савельев білім беру технологиясының мынадай түрлерін ұсынады
[14].
- іс-әрекет бағытына қарай;
- оқыту мақсатына қарай;
- пәндік орта бойынша ;
- оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша;
- әдістемелік міндеттерге орай;
Қорыта келгенде, белгілі дидакт ғалымдарымыздың ұсынған анықтамаларын
зерделей келе, педагогикалық әрекетті – әлеуметтік тәжірибе мен мәдениетті
ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін әрекеттің дербес түрі деп, ал педагогикалық
технологияны – педагогикалық мақсаттарға жетуге кепілдік беретін, алдын-ала
жобаланған оқу-тәрбие үрдісі бірізді жүзеге асатын жүйе деп түсінгеніміз
жөн деген қорытынды жасауға болады. Оқыту технологиясын зерттеуші
ғалымдарымыз білім беру формасын оңтайландыру міндетін техника және адам
ресурсы мен олардың өзара байланысын есепке ала отырып, жүзеге асыруды
көздейтін, білімді игеру мен оқыту үрдісін құру, қолдану және анықтаудың
жүйелі әдісі ретінде қарастырады [15].
Ал оқу-тәрбие үрдісінің технологиясын – оқыту мен тәрбиенің мұғалім
мен оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған мақсат, мазмұн, құрал, форма және
әдістерінің жүйесі деп білеміз.
Мектептегі жүргізілетін ғылыми – әдістемілік жұмыстың негізгі
бағыттары, мазмұны, ұйымдастыру формалары, мақсат, міндеттері оқу- тәрбие
үрдісінің деңгейі мен сапасын көтеруді көздейтіндіктен бұл әрекет барысында
оқушылар ұжымы да назардан тыс қалмайды. Оқушылардың кез келген әрекеті
олардың қажеттіліктері мен қызығушылықтары, ортақ мүдде, мақсаттары
болғанда ғана табысты болмақ.
Педагогикалық технологияның ерекшелігін педагогикалық жүйені жобалау
тұрғысынан анықтау үшін жобалаудың білім беру аймағында оқыту жүйесі мен
оның жекелеген компоненттерін жасаумен шектелмейтінін ескеру қажет. Жобалау
сонымен қатар оқушының интелектуальдық даму заңдылықтарын, оқу іс-
әрекетінің қалыптасу ерекшеліктерін және педагогикалық басқарудың
тәсілдерін зерттейтін құрал ретінде әдіснамалық қызмет те атқарады.
Оқыту бағдарламасын жобалаудың әдіснамалық қызметі оқыту бағдарламасын
құрудың технологиялық бағалау өлшемдері тұрғысынан қарастырылуы мүмкін. Бұл
бағалау өлшемдеріне сәйкес оқу және оқыту қызметтерінің бағдарласы
түзіледі. Түзілген оқыту үлгісінен педагогикалық технологияның даму
мүмкіндіктерін көруге болады. Бұл үшін білім беру мақсаттарын оқу қызметін
басқару әрекеті жүйесіне нақты ғылым тілінде көшіру, оқушылардың жеке
ерекшеліктері ескерілген оқыту үлгісін түзу қажет.
Осылайша, оқыту технологиясының әдіснамалық қызметі жалпы стратегиялық
үлгі – оқытуды жобалау, ұйымдастыру және жобаны жүзеге асыру арқылы
анықталады. Оқыту бағдарламасы – педагогикалық қызметтің жобасы ретінде
төмендегі арнайы ерекшеліктерге ие:
- әлі пайда болмаған объектілерді бейнелейді;
- ең болмағанда нормативті түрде жүзеге асырылған болуы мүмкін;
- сәйкес іс-әрекеттің орындалуының қолайлы деңгейін белгілеп
отыратындықтан нормативті болып табылады.
Бұл ерекшеліктерді оқыту технологиясының дамытушылық қызметі сияқты
өзіндік ерекшелігімен толықтыруға болады. Технологияның бұл сипаты дәстүрлі
оқыту барысында жеткілікті дәрежеде көрінбейді, бірақ жаңа технологияның
маңызды белгісі болып табылады.
Қазіргі заманғы оқытудың технологиялық үлгілері оқытуды ұйымдастырудың
ізгілік, дамытушылық, жеке қарым – қатынастық жобаларының әдіснамасын
айқындайды. Кейбір технологиялар біржақты, оқытудың тек бір мәселесін,
мысалы, проблемалық құрылымды, бағдарламалап оқытуды т.б. қарастырады.
Сонымен қатар ғылымда оқушылардың жас ерекшелігіне орай бейімделген дамыта
оқыту сияқты тұтас технологиялар да орын алған. (Л.В.Занков, П.Я.Гальперин,
В.В.Давыдов)
Оқыту технологиясы деңгейінде оқыту үрдісінің барлық компоненттері
айқындалады. Жеке қарым – қатынас жасау кезінде бір теорияға негізделген
бірнеше технология ойлап табылауы мүмкін. Өзіндік бағыт ұстаған дамытушы
технологиялардың негізгі тиімділігі интелектуальдық және эмоциональдық-
ынталық даму, білімді және кәсіптік біліктілікті қалыптастыру, білім беру
үрдісінің құндылығын бағадлауды қамтамасыз ету, белсенділікті арттыру болып
табылады.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа
технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік адамгершілік,
рухани адамзаттық және басқа да көптеген адами келбетінің қамтамасуына игі
әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына
көмектеседі. Бір техниканың өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне
байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Білім берудің даму бағыты мен
технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология түрлерін қазіргі
кезде көптеген мұғалімдер өз тәжірибелерінде қолданып жүр. Атап айтсақ:
Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтардың Дамыта оқыту, Ш.А.Амонашвилидің
Ізгілікті тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың Оқу материалдарының
белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы,
П.М.Эрдниевтің Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы,
С.Н.Лысенкованың Түсіндіре басқара отырып, оза оқыту технологиясы,
Р.Г.Хазанкиннің Математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген
технологиясы, Саралап оқыту технологиясы, Сын тұрғысынан ойлауды, оқу
және жазу арқылы дамыту технологиясы, Жаңа ақпараттық технология, Ойын
арқылы оқыту технологиясы т.б.

Қазақстанда Ж.А.Қараевтың, Ә.Жүнісбековтың т.б. ғалымдардың оқыту
технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Бұл технологиялардың әрбір
стратегиялары оқушының ой-өрісінің, сөздік қорының дамуына тигізер пайдасы
өте зор. Қазіргі кезде жеке тұлғаны қалыптастырып, дамыту, жан-жақты терең
білім беру технологиялары сараланып ұсынылуда. Нәтижеге бағытталған
бастауыш мектеп жөнінде 1 суретте көруге болады [17].

Сурет 1 - нәтижеге бағытталған бастауыш мектеп.

Л.В. Занковтың дамыта оқу жүйесі - оқыту қызметінің негізгі
мотивациясы танымдық қызығушылық. Занков әдісі оқушыларды әртүрлі
қызметтерге тару, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол
сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі.

Осы педагогикалық технологиялардың ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның
тиімді әдіс – тәсілдерін жетілдіруге болады. Атап айтқанда:дарынды оқушыны
дамытады, оқушылар шығармашылығын арттырады; оқушылардың ойлау қабілеттерін
жетілдіріп, білім сапасын көтереді; пәнге деген бейімділігі, қызығушылығы
артады. Балаларды сүйетін, өз пәнін жетік меңгерген психология,
педагогиканы терең меңгерген – нағыз мұғалімнің алдында білім алған
бастауыш сынып оқушысының бейнесі: еркін ойын айта алатын, жүрегіне жылылық
қалыптасқан, білім стандартына сай міндетті, мүмкіндік деңгейдегі біліммен
қаруланған, танымдық күші қалыптасқан, білімге деген қажеттілікті ұғынған
болады. Мұғалімге жүктелетін міндет өте ауыр, тек өз ісіне берілген
жаңалықты жатсынбай қабылдайтын ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата
отырып шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты
тұлғасы деуге болады.

1.2. Дамыта оқыту технологиясының педагогикалық – психологиялық алғы –
шарттары

Қазіргі күнгі ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада
сәулеленуіне, яғни танымдық тәжірибені және әрекетті меңгеруіне,
меншіктеуіне байланысты деп қарайды. Бұл-оқу, білім алу деген сөз.
Оқу-адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез-келген оқыту
белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Даму ұғымының психологиялық
анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген
мағынаны білдіреді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да
үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге
өтіп отырады. Қай заманда да мектеп қоғамның әлеуметтік, экономикалық, және
мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту
туралы теориалары, оқыту процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа
сұраныстарға жауап берердей бейімделген. Дәл қазір адамның ақыл-ой,
шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда. Мұндар күрделі
міндеттерді шешудегі орта мектептің бастауыш сатысының алар орны ерекше.
Оқушылардың білім берудің барлық кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын
анықтайтын негіз бастауышта қаланатындығы баршаға белгілі.[3]
Жаңа технологиялар ішінде дамыта оқыту теориясын ерекше атауға болады.
Дамыта оқыту жүйесіне ерте кезден бастап –ақ ұлы педагогтар
Я.А.Коменскийдің, И.Г. Песталоццидің, орыстың ұлы ағартушысы К.Д.
Коменскийдің қосқан үлестері мол. Ал дамыта оқыту процесінің ғылыми
негіздемесі Л.С.Выготский есімімен байланысты қалыптасты.
Дамыта отырып оқыту жүйесін жақтаушылар (А.А.Леонтьев, т.б) да
жоғарыдағы пікірді қостай келіп, қазіргі заманғы мектептің мақсаты –
оқушыны тек қана ең таяу даму аймағына қол жеткізуін қамтамасыз ету және
оның білімін арттыру ғана емес, сонымен қатар баланың жеке адам ретіндегі
жан – жақты дамуын және бүгінгі ғана емес, ертеңгі дамуына жол ашу,
дайындау екендігін баса айтады.
Оқыту мен дамудың арақатынасы жөніндегі мәселелердің шешілуі дамудың
екі өрісіне байланысты. Бала меңгерген нәрсе оның кешегі күні, өткен кезеңі
болып табылады. Дамудың аяқталған кезеңіне негізделген оқыту табыс
әкелмейді немесе ол баланың дамуға деген қажеттерін қанағаттандыра алмайды.
Оқушыға өте жеңіл тиетін білім өзін ынталандырмайды, таным мен табыс
қызықтырмайды. Л.С.Выготский ойынша, оқыту баланың ертеңгі күніне
бағдарлануы тиіс, яғни, бала өзінің пісіп – жетілген мүмкіндіктерінің
деңгейіне емес, дамуға бейімделген бағыттар деңгейінде болуы тиіс. Оның
ертеңгі күнін дәл осы бағыттар белгілейді. Бұл идеяны Л.С.Выготский одан
әрі былайша сабақтайды: Оқыту мен даму тікелей сәйкес келмейді, олар бір –
бірімен өте күрделі қарым – қатынастағы екі процесті білдіреді. Оқыту тек
дамуыдыі алдында ғана жүрсе жемісті болмақ.
Міне, осылайша Л.С.Выготскийдің оқыту мен дамудың арақатынасы
жөніндегі теориясы дамыта оқыту деген атпен ХХ ғасырдың 50 – 60 жылдары
пайда болды.
Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бірі болып 1950 – 1960 жылдары
қолға алған академик Л.В.Занковтың басшылығымен жасалған бастауышта
оқытудың жаңа жүйесін мұғалімдер қауымы үлкен ықыласпен қабылдағанымен,
белгілі себептерге байланысты өрістеп кете алмады. Тек 1990 жылдары ғана
Ресей мектептерінде қайтадан қолданыла бастады.
Л.С.Выготскийдің теориясын Д.Б.Эльконин басқарған шығармашылық топ
жұмысында әрі қарай жалғастырылды. Баланың өзін - өзі өзгертуші субъект
ретінде дамуына арналған тұжырымдама жасалып, зерттеулер жүргізілді. Екі
авторлар тобы да өз жүйелері бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтарын,
әдістемелік құралдар дайындап шығарды. Осылайша, дамыта оқыту ғылыми
теориядан практикалық іс – тәжірибеге батыл ене бастады.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру
басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін
амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін
сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып ол білім алуға әрекеттенеді.
Бұл технология бойынша сабақ төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады:
1. Оқу мақсаттарының қойылуы;
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесінің
негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын
үлгі берілмейді. Мақсатты шешу – іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы
жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы рөлінде, шешім табылған
кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға
өз ойын, пікірін ойлауға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине,
жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған
еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке
тәжірибесін қорытындылауға үйренеді. [9]
Дамыта оқыту дегеніміз – бұл оқу үрдісінде оқушылардың ықтимал
мүмкіндігінің толық іске асуына бағдарланған оқыту.
Бастауыш мектепте қолданылып жүрген технологияларды білімдік
өрістеріне қарай, төмендегіше топтауға болады.
1. Тілдік өріс. Бұл топ өте жас кезден бастап, кубиктер арқылы жылдам
оқуға үйретуге арналған. Н.А.Зайцевтің: каллиграфияны дұрыс
қалыптастыру, сауатты жазуға үйретуге арналған Е.Н.Потапова және
басқа да технологиялармен сипатталады.
2. Математикалық өріс. Бұл топқа П.М.Эрдниев және Б.П.Эрдниев т.б.
жасаған технологияларды жатқызамыз.
Дамыта оқытудың Л.В.Занков жасаған жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталып
өтелік. Бұл жүйе дәстүрлі оқытудан төмендегі ерекшеліктермен,
өзгешеліктермен айқындалады:
˗ оқыту мазмұнындағы өзгешеліктер;
˗ мақсаттағы айырмашылықтар;
˗ дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер;
˗ әдіс – тәсілдердегі өзгешеліктер;
˗ оқытуды өзгеше ұйымдастыру;
˗ мұғалім еңбегінің нәтижелігін анықтаудың жаңа көрсеткіштері;
˗ мұғалім мен оқушы арасындағы жаңаша қарым – қатынастар.
Л.В.Занков жүйесіне сәйкес бастауыш мектептің негізгі мақсаты – баланы
жалпы дамыту. Ал, жалпы дамыту деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және
практикалық іс - әрекетті меңгеруі қабылданады. Сондай-ақ ақыл, ерік –
жігері сезімдерінің дамуы алынады.
Л.В.Занков 60-жылдары жаңа дидактикалық жүйені құрды, ол мектеп
оқушыларының жалпы психологиялық дамуына сәйкес келді. Осы тұрғыда негізгі
жеті принциптер алға ұсынылды:
1) Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту;
2) Теориялық білімінің жетекші рөлі;
3) Оқу материалын жеделдете оқыту;
4) Оқу процесін оқушының сезінуі;
5) Оқушылардың оқуға деген оң көзқарасын және танымдық қызығушылығын
тәрбиелеу;
6) Оқу үрдісінде мұғалім мен оқушылардың өзара қарым – қатынасын
ізгілендіру;
7) Сыныптағы әр оқушының дамуы.
Л.В.Занков технологиясында басымдық танытатын әдістер: салыстыру,
индуктивтік, талдау, бақылау, зерттеушілік, проблемалық, абстракциялық.
Негізгі көңіл бөлінетін нәрсе – оқушының өзіндік ойын есепке алу, бағалау
[22].
Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, бір тұтас педагогикалық жүйе. Оның
нәтижесінде әр оқушының өзін - өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі
көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.
Қазіргі кездегі сапалы білім беруге бағытталған дамыта оқыту
технологиясы -оқушының ақыл-ойын дамытуға арналған теориялық әдістерді
қолдана отырып, бағдар алған оқыту жүйесі. Оқушының әдебиеттік оқу
бағдарламасына сай оқытылған оқу материалдарын белсенді, өзінің ізденімпаз
күш қабілетін іске қоса отырып меңгеруін ұйымдастыру – ақыл – ой қызметінің
біртіндеп өз бетімен шешім табуға дағдылануын қалыптастыратын тиімді жол.
Дамыта оқыту технологиясы арқылы оқу материалдарын меңгертудің маңызды орны
оқушының алдына қойылған проблеманы дұрыс шешуге ғана емес, келесі жол сол
проблеманы аз уақытта оптималдылықпен сапалы шешу жолын үйренуге
жетелейтіндігінде [23].
Демек, дамыта оқытуда – оқушы өз іс - әрекетін өзі құруға, өзін - өзі
дамытуға, білімді өз бетімен меңгеруге, өз ойын еркін айтуға, дәлелдеуге,
шешімнің дұрыс – бұрыстығын қабылдауға, өз бетімен іздену жұмыстарын
жүргізуге, өзін - өзі бағалауға үйретіледі [ 24].
Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерің бірі – теориялық білімнің
жетекші ролі принципі. Бұл принципті балалардың теорияны жаттауы,
терминдерді есте сақтауы деп түсінбеген жөн.
Дамыта оқыту жүйесі - оқушының жалпы дамуын қамтамасыз ете отырып,
оның өз бетімен шығармашылық бағытта ізденіп және соған кең жол ашатын
жүйе. Сол себепті әртүрлі есептер дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың
танымдық, ақыл- ой, шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен жол ашады.
Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақ. Сабақ білім беру процесінің негізгі
элементі болып қала береді, бірақ Л.В.Занков жүйесінде оның атқаратын
қызметі, ұйымдастыру формасы елеулі өзгеріске енеді. Оның инвариантты
(тұрақты) сапалары төмендегідей :
- сабақтың мақсаты тек жаңа материалдардан хабардар ету мен
білік, білім,дағдыны тексеруде ғана емес, жеке тұлғаның басқа да
қасиеттеріне бағындырылады;
- сыныпта оқушылардың өз бетімен ойлауына негізделген әрекеттер жүзеге
асады;
- мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы.
Дамыта оқыту сабақтарында жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді.
Өйткені, талданбаған шығарма, есеп бала жүрегіне жетпейді деп есептелінеді.
Талдау – бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мұғалім әр баланаң көңіл-
күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады. Әсіресе оқу
сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала
жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар-ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б сияқты
тамаша адамгершілік қасиеттер балалар бойына жұғыстығы болады. Сол сияқты
есептің мазмұнына орай оларға адамгершілік, эстетикалық, ұлттық сана-сезім,
салт-дәстүр қалыптастыруға болады. Салыстыру деген не? Философиялық
сөздікте салыстыру – объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты
анықтау. Қорытудың алғы шарты,-делінеді. Салыстыру неғұрлым қарапайым,
бірақ аса мәнді ойлау операциясы, оқушының талдау, жинақтау, қызметінің
маңызды жағы заттар мен құбылыстарды салыстырмайынша олардың елеулі
белгілерін анықтау мүмкін емес.
Мұғалім салыстыру әдісімен сабақ жүргізе отырып, оқу материалын оңай,
көрнекті етіп ұсынуға мүмкіндік алады. Баланың қиялын дамытады. Салыстыру
белгілі мен белгісіз арасындағы көпір сияқты, оқушыларға күнделікті
өмірінен тысқары білімді меңгеруге көмектеседі. Салыстыра отырып, бұрынғы
өтіп кеткен материалдар мен жаңа білім арасындағы логикалық байланыстарды
анықтауға үйренеді, сонымен бірге заттар мен объектілердің байқалмай,
көрінбей қалатын белгілерін анықтауға үйренеді. Баланың байқампаздығы
артады. Ал байқампаздық-баланың жалпы дамуындағы негізгі пхсихологиялық
компонент болып табылады. Неғұрлым салыстыру жұмысын тиімді ұйымдастырылса,
соғұрлым білім алудағы формалимзм жойылып, ең негізгісі оқуға деген
қызығушылық арта түседі.
Заттарды салыстыра отырып, тек, ұқсастығы мен айырмашылығын тапқызып
қоймай, олардың себептерін айқындатудың бала дамуы үшін маңызы зор.[23]
Біріншіден, заттардың әртүрлі белгілерін таба білуге үйренсе,
екіншіден, қабілеттері дамиды. Бастауыш сынып оқушылары салыстыра білмейді,
сондықтан бұл жұмысты дұрыс ұйымдастыру мұғалімнен үлкен шеберлікті талап
етеді. Ол үшін оның кезеңдерін, неден басталып, немен аяқталатынын,
белгілерін білу керек.
Белгі дегеніміз – заттарды басқа заттардан ажырататын көрініс.
Бұл жұмыстың нәтижесінде жоғарыда айтылып кеткен байқампаздық арта түседі.
Байқау – қоршаған ортамен байланысу деген сөз. Ол қарау, қабылдау
арқылы іске асады.
Дамыта оқыту жүйесінің маңызды тағы бір ерекшелігі – сынып оқушыларын
жақсы, жаман оқушылар деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы
жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенінше,
қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол да өзін
мүмкін дәрежеге дейін дамыта алады. Бұл жолда оның қателесуі, жаңылуы әбден
мүмкін. Тек мұғалім тарапынан көрсетілген сабырлылық, байсалдылық оның өз
күшіне деген сенім арттырып, алға жетектейді деп есептелінеді.
Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа
қағидаларға негізделеді. Олар ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік
сияқты қасиеттер. Бала өз ойын қорықпай, сеніммен айта алтындай ахуал болуы
басты назарда ұсталынады. Ол үшін оның әрбір жауабы мұқият тыңдалып, дұрысы
мақталып, қатесі еппен түзетіліп отырылады. Оқушыны кішкентай бала деп
қарамай оның да пікірімен санасу, көзқарасын құрметтеу оның дамуына орасан
зор әсер ететіндігі дәлелденген. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу әрекеті
арқылы осы кезеңге тән психологиялық жаңа құрылымдар теориялық сана және
ойлау қалыптасады. Олармен байланысты рефлексия, талдау, жинақтау сияқты
психикалық қабілеттер дамиды.
Дамыта оқыту технологиясы сабақта проблема қою әдісін және оқушылардың
зерттеу әдісін қолданып отыруды көздейді. Дамыта оқыту технологиясы бойынша
өтетін сабақтың үлгісін 2 суретте көруге болады.
Сурет 2 - дамыта оқыту технологиясы бойынша өтетін сабақтың үлгісі.

Дамыта оқыту технологиясы бойынша өтілетін сабақтар қысқаша айтқанда
жоғарыдағы схема бойынша өтілуі тиіс. Дамыта оқыту технологиясында оқушының
барлық оқу әрекетіне мұғалім басшылық, бағыттау жасап отырады. Дамыта
оқыту оқушының ойлау қызметімен қатар олардың оқу білігін дамытуды
көздейді.
Дәстүрлі оқытуда жаңа материалды бала игеру үшін сабақтың кез – келген
кезеңінде алдымен мұғалімнің шебер басшылығы қажет етіледі. Басқаша
айтқанда мұғалім оқуды қалай түсіндіруі, қай жерде бақылауы, түзетуі керек
екенін айқын білуі шарт. Неғұрлым мұғалім өзінің осы міндеттерін дұрыс
орындаса, соғұрлым баланың сабақ материалын игеруі жеңілдей түседі.
Екіншіден, жұмыс нәтижелі болуы үшін оқушының мұғалім қойған талаптарды
мүлтіксіз орындауы қажет етіледі. Демек, оқушы алдын – ала программалап
қойған іс – әрекеттің қатысушылары ғана болып қалады. Нәтижеде оларды тек
жақсы орындаушылық қабілеттер қалыптасады. Сондықтан да тіл алғыш, айтқанды
бұлжытпай орындайтын оқушы дәстүрлі педагогиканың идеялы, мұраты болып
саналады.[9]
Дамыта оқыту технологиясындағы ең басты нәрсе - оқушыларды
шығармашылық әрекет жағдайына енгізу болып табылады. Мұның өзі оқытудың
эвристикалық және зерттеу әдістеріне ерекше мән берілетінін көрсетеді. Бұл
әдістер мұғалімнің дәстүрлі емес тапсырма түрлерін ізденудің обьектісі
ретінде қоюы, жекеліктен жалпыны тауып шығару, қалыптасуы тиіс,
әрекеттің жалпы моделін құру, аналогтарды пайдалану, объектінің жаңа
қызметін көру, т.б. сияқты оқушыларды шығармашылық ізденіске жетектейтін
іс-әрекетке қосатын, оқушыны өз көзқарасының авторы, іс-әрекет біліктері
мен дағдылардың шебері, белсенді ізденгіш ететін әдістемелік тәсілдер
арқылы жүзеге асады.

3. Математика сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқытудың
әдістемелік негізі

Жалпы білім беретін мектептердегі білім мазмұнына қойылатын қоғамның
әлеуметтік талабының ерекшеліктері – оқытуда ақпараттық технология
пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, даралап және саралап оқытуды негізге
ала отырып, білім мазмұнын жаңартудың көп деңгейлік жолдарын жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында:
Бастауыш мектептің негізгі міндеттері – баланың жеке басының алғашқы
қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілетін ашып, дамыту, оқуға деген
ықыласын, іскерлігін қалыптастыру, оқу, жазу, санау, қарым-қатынас
ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту,-дей келіп, оқытудың
жаңа мазмұны, тиімді әдістемелер мен педагогикалық технологиялар мәселелер
бойынша жедел ақпарат беру үшін қазіргі коммуникациялар жүйесін жасау
міндетін қояды.
Жалпы, оқыту технологияларын сабақта қолдану оқушылардың білім сапасын
арттырып қана қоймай, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға өз әсерін
тигізеді. Тек олардың ерекшеліктеріне, мән-мағынасына қарай таңдап, қолдана
білу керек.
Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы туралы мәселе тамырын тереңге
жіберіп, көне заманнан бастау алады. Сократтың өз-ақ оқыту барысында
шәкірттердің танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арнайы басқарудың
маңыздылығын атап көрсеткенді. Оқытуды күшейту құралы ретіндегі оқушылардың
танымдық ізденімпаздығы туралы пікір Я.А.Коменскийдің еңбектерінде, сонан
соң И.Г.Песталоцци мен А.Дистервегтің еңбектерінде тереңдетіледі. Әрбір
таным көзінің оқушылардың алдында ашылуға тиіс өзіндік айрықша ерекшелігі
болады [20]. Мысалы, оқушыларды математикалық білім берудің негізгі көзі –
математикалық есептерді шығару мен таныстыру оқушыға нақты және абстрактылы
жағдайлардан есеп құрау туралы, есептің құрамды бөліктері туралы, әртүрлі
типтегі есептерді шығарудың негізгі кезеңдері және оларды неғұрлым тиімді
әдістермен шығару туралы түсінік беретін оқу тапсырмаларына сүйенеді.
Педагогика және психология ғылымдарына сүйенетін болсақ, оқыту
үрдісінде негізгі орынды танымдық әрекет алады. Оқу әрекетінің нәтижелі
болуы белгілі дағды мен іскерлікті меңгеруді ғана қажет етпейді, мақсатқа
сәйкес туындайтын мәліметтерді жүзеге асыратын түрткілер мен қажеттіліктің
пайда болуымен сипатталады. Мұндағы басты нәрсе оқушының оқи білуі ғана
емес, оқығысы келуіне байланысты, яғни таным әрекетінің басымдық алуына
байланысты. Қазіргі мектептің құрылы мен білім беру мазмұнда болып жатқан
өзгерістер педагогикалық үрдісті ұйымдастыруға жаңаша талаптар қойып,
әсіресе бастауыш сыныптарда оқушылардың өзіндік жұмыстар негізінде танымдық
белсенділіктің артуы нәтижесінде оқу әрекетінің іргетасы қаланатыны
белгілі.
Осы мақсатты жүзеге асыруда мектептерде педагогикалық үрдісті
ұйымдастыруда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға ықпал ететін
өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда интерактивті әдістер мен педагогикалық,
ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану қажет. Тұлғаға бағдарланған
білім беруде танымдық белсенділігі жоғары болған оқушының білімді
меңгерудегі әрекеті де оның құзіреттілігін қалыптастыруға негіз болады.
Бастауыш сатыдағы кезең - оқушыда оқу әрекеті қалыптасуының өте
қолайлы кезеңі. Оқушының танымдық белсенділігін дамыту нәтижесінде онда
оқытуға деген талап, ынта, құлшыныс туып, оқу біліктері қалыптастыруды,
яғни оқушының әр түрлі оқу тапсырмаларын орындаудағы құзіреттілігі артып,
ол білімді меңгеру барысында оқу әрекеттерін бақылау, бағалауды, нәтижесін
берілген үлгімен салыстыруды үйренеді.[7]
Бастауыш сыныптарда педагогикалық үрдісті дамыта және тұлғаға
бағдарлап ұйымдастырудың негізінде оқушылардың оқу әрекетінде өзіндік жұмыс
арқылы танымдық белсенділігін арттыруға болады. Білім парадигмасының
өзгеруіне байланысты жаңа білім мазмұнын меңгеруге өзіндік жұмыстар
негізінде оқушының танымдық белсенділігін арттыру басты міндеттердің бірі
болып табылады. Оқыту үрдісі екі жақты үрдіс болғандықтан, мұғалім өзінің
іс - әрекетін оқушылардың өзіндік жұмыстары арқылы танымдық белсенділігін
дамытуға бағыттап құра білуі тиіс. Ал бұл өз кезегінде оқыту мен бала
дамуының заңдылықтары туралы өте күрделі психологиялық және педагогикалық
мәселе ретінде қарастыруды талап етеді.
Философиялық сөздікте таным – адам әрекетінің мақсаттары мен
ұмтылыстарының негізі болатын білімін қалыптастырушы, шығармашылық
қызметінің қоғамдық тарихи үрдісі деген анықтама берілген. Ой еңбегі мен
дене еңбегінің арасында қарама – қайшылық бар жерде, шығармашылық, жаңалық
ашушы және тудырушы іс - әрекет орындаушылық пен жаттандылыққа әлеуметтік
тұрғыдан қарама – қарсы қойылған жерде, таным, көбінесе рухани өндірістің
түрлі салаларындағы кәсіби мамандардың ерекше функциясы ретінде көрінеде.
Анықтамада танымдық әрекеттің рөлі көрсетіліп, онда таным адамның табиғатқа
белсенді түрде әсер етуінен, табиғат заттарын өңдеуден, зат қасиеттерін
өндірісте пайдаланудан бастау алатынына жете мән берілген. Объектілерді
тікелей өңдеу сезімдік практикалық қызметтің бір сәті болып табылып, олар
түйсіну, қабылдау, ойлау және т.б. формалар арқылы жүзеге асырылады [17].
Профессор Ж.Қараев танымдық белсенділікке мынандай анықтама берген.
Танымдық іс-әрекет белсенділігі деп, мотивациялық – тұлғалық, мазмұндық-
амалдық және процессуалды-жігерлік бөліктерінен тұратын тұлғаның
интегралдық құрылымын, сипаттамасын айтамыз. Танымдық іс-әрекет
белсенділігінің құрылымдық сипаттамасын сурет 3 аңғаруға болады.
Сурет 3 – танымдық іс-әрекет белсенділігінің құрылымдық сипаттамасы.

Оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттерін, құзыреттілігін қалыптастыру үшін
әр оқушының өзіндік қабілетін, танымдық үрдісін білу қажет. Оның ішінде
есте сақтау, зейін, ойлау және т.б. танымдық үрдістерінің даму деңгейлерін
мектеп психологының көмегімен анықтап алынды. Әр оқушының жеке бас
ерекшеліктерін ескере отырып танымдық жұмыс түрлері іріктеп алынды.
Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті – оқу материалы мазмұнын
оқушыға дайын күйінде жеткізу, түсіндіру, іс-әрекет үлгісін дайын түрде
көрсету емес, оқушылармен бірлесе, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып,
алға қойған міндеттерді түсіну, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын
іздестіру. Жалпы алғанда, оқу мазмұнының мақсаты оқушылардың қабілеттілігі
мен табиғи алғырлығын, ынтасын дамыту, мүддесі мен қызығушылығын жүзеге
асыруын қамтамасыз ету, шығармашылық ойын қалыптастыруға қажетті білім,
білік және дағдылармен қаруландыру арқылы кез-келген салада қызмет етуге
және тез өзгеріп отыратын заман талабына бейімделе алатын түлекті
тәрбиелеу.
Дамыта оқыту технологиясының мақсаты – бала бойына еркіндік,
мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік,
еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. сияқты қасиеттерді көздейді. Баланы оқыта
отырып, жалпы дамыту жолдарын іздейді.
Оқушылардың математиканы меңгеру деңгейі көбінесе математикалық
есептерді шығаруға қаншалықты төселгендігіне байланысты бағаланады.

Дамыта оқыту үрдісінде есептер шығаруға оқушыларды үйретудің рөлі
зор. Ал белгілі бір типтегі есептердің шығарылуын қалыптастыру қандайда бір
математикалық тақырыпты меңгерумен қатар оқушының ой еңбегінің қалыпты
жұмыс істеуіне, шығармашылық қабілетінің артуына ықпал етеді.
Математика жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие береді, нарық заманында
өмір сүруге үйретеді. Осы айтылғандар негізінде жалпы білім беретін қазақ
мектептерінде математиканы оқытудың негізі мақсаты оның жас ұрпаққа білім
берудегі және оларды одан әрі дамытып тәрбиелеудегі орны мен рөлін
айқындайтын мынадай қағидаларға сүйене отырып анықталады:
- математиканың идеялары мен әдіс, тәсілдері және оларды бізді қоршаған
ортада болып жататын құбылыстарды зерттеп танудағы рөлі туралы
түсінікті қалыптастыру;
- қазіргі қоғамның толық жарамды мүшесі болуға қажет болатын жүйелер ой
қорытып, дұрыс пікірге келу, басқа қасиеттерді қалыптастыру және одан
әрі дамыту;
- қазіргі қоғамның әрбір мүшесіне күнделікті өмірде және еңбек ету
әрекетінде қажет болатын, мектептегі басқа пәндерді оқып білуге,
үзіліссіз оқып білу жүйесінде өзінің білімін одан әрі жалғастыруға
жеткілікті болатын математикалық білім және іскерліктерді оқушылардың
меңгеруін қамтамасыз ету.[13]
Оқытудың ғылымилық ұстанымы табиғат, қоғам, мәдениет, ойлау дамуының
заңдылықтарын білуді талап етеді. Ол оқушының таным қабілетінің дамуына,
дүниеге көзқарасының қалыптасуына әсер етеді. Оқушылардың танымдық
қабілетін дамыта оқытуда ғылыми ұстанымды іске асыру үшін мынадай талаптар
орындалуы шарт.
Біріншіден, есептің мазмұнының танымдық жағына көп көңіл аударылуы
тиіс.
Екіншіден, есепті талдауда мұғалім математика заңдылықтарын мысалдар
арқылы дәлелдеп отырған жөн.
Үшіншіден, алынған материалдарды игертуде оқушының жас және жеке
ерекшеліктері міндетті түрде ескеріледі.
Білім беру мен тәрбие теориясын және тәжірибелік педагогикалық
жинақтау мен зерттеу әрбір кезеңнің әлемді танудың жаңа формаларын қажет
екендігін көрсетеді. Егер өткен дәуірде адам әлеиді ақпарат жиынтығы
формасында жүйелі өңдеу арқылы таныса, ал қазіргі заман – танудың мейлінше
басым эмоциональды сезімдік формасын ұсынады.
Бүгінгі таңда өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғамның
шығармашылық әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екендігі дәлелденуде.
Осыған орай, орта білім беретін мектептерге үлкен талап қойылуда. Дамыта
оқыту үрдісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға
икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай
жасап болып табылады. Тек осындай оқыту ғана баланың интелектісінің көзін
ашық, шығармашылығын дамытады.
Сонымен бастауыш мектеп математика пәнін оқытудың мақсатына қол
жеткізуге болатындай жағдайлар жасатуға мүмкіндігі мол. Осылайша оқушыларды
математика ғылымының негізі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдер
сапалы түрде қолдана алу іскерлігі мен дағдыларының берік қалануына өз
бетінше шығармашылықпен жұмыс істей алуына жағдайлар жасалады.
Қорыта келгенде, дамыта оқыту арқылы оқушылардың өзіндік танымын
жетілдірсек, тек ақылды ғана емес, сонымен қатар өз ісін сараптап, жан
жүрегімен сезіне алатын жоғары білімді ұрпақ тәрбиелей аламыз деген
сенімдеміз.

2. Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын
қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру

2.1 Дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелері

Қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған әлеуметтік сұранысқа
орай анықталған мақсаттар мен міндеттер Бастауыш және орта буынның
математикалық білімнің жаңа мазмұнын жасаудың, онымен үйлесімді оқытудың
әдіс – тәсілдерін, құрал – жабдықтарын және ұйымдастыру түрлеріндегі
сабақтастықты анықтаудың қажеттігін көрсетеді.
Осыған орай, бүгінгі күн талабына сай дярланған көзі ашық, білім
дәрежесі жоғары, жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру үшін сапалы білім
беру қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі күні ғылым мен техниканың дамуында
математиканың қолданылмайтын жері жоқ. Сондықтан әр оқушыны математикалық
сауаттылықтың жоғары деңгейіне жеткізу міндеті тұр. Ол үшін Бастауыш және
негізгі мектеп математикасын дамыта оқыту қажеттілігі туындап отыр.
Математиканы дамыта оқыту үшін барлық мүмкін жағдайлар жасау керек. Себебі
математика мұғалімі жұмысындағы қиындықтар, негізінен, пәнді оқуға
қызығушылықтың болмауынан. Оқушының пәнге қызығушылығының жоғалу себебі-ол
пәнді түсінбеуінен. Ал түсінбейтін себебі ол білім берудің әр сатысының
арасында пәннің мазмұны, оқыту әдістері, оқыту құралдары арасындағы
сабақтастықтың толық орындалмауынан. Білім берудің әр сатысында берілетін
математикалық білім бір-бірімен сабақтас болған жағдайда ғана түсінікті
болмақ.
Математиканы дамыта оқыту үшін теориялық білімнің, қолданылатын әдіс-
тәсілдердің, құрал жабдықтарды дұрыс пайдалануда сабақтастық мәселесінің
көкейкестілігі арта түсуде.
Бастауыш және негізгі мектепте математиканы дамыта оқытудағы
сабақтастық мәселелерін шешуде, ең алдымен оның алдындағы мәселелер
анықталып, оны жеңу жолдары анықталды. Мұның өзі осы зерттеу аумағы бойынша
нақты бағыт болуын айғақтады. Сондықтан зерттеу барысында модель Дамыта
оқыту сабағының моделі (қосымша А), Математиканы дамыта оқытуда
сабақтастықты ұтымды пайдалану моделі (қосымша Ә) құрудың ерекшеліктерін
ескере отырып, жалпы жетекші теориядан туындайтын талаптарға сәйкес
математиканы дамыта оқытудағы сабақтастықты ұтымды пайдалану және дамыта
оқыту сабағының моделі жасалынды. Оны жасауда алдын-ала сараланған әдістер
пайдаланылып, сандық және сапалық жағынан талдаудан өткен материалдар
басшылыққа алынды. Бұл модельдің құрамын анықтау математиканы дамыта
оқытудағы сабақтастықты қалыптастырудың эксперимент жүйесін жасаудың
маңызды алғышарты ретінде қарастырылды.[8]
Оқушының дамуының негізі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір
сабақтың өзегі деп түсіну керек. Дамыта оқыту оқушының дәл бүгінгі жаңа
материалды білмейтіндігін, оны білудің қаншалықты қажет екендігін іштей
мойындату, бар жан-дүниесімен беріле ынтазарын ауғызып, қызығушылығын ояту
арқылы іске асады.
Дамыта оқытудағы сабақтастықты әлеуметтік үрдісте екі жағынан қарауға
болады. Олар: құндылықты беру және оны меңгеру. Дамыта оқытудағы
сабақтастықтың мазмұны берілетін құндылыққа байланысты. Білім сапасын
арттыру үшін Бастауыш және негізгі мектептегі математика оқулығының мазмұны
яғни теориялық жағынан оқытудағы сабақтастықты сақтау және математиканы
дамыта оқыта отырып сабақтастыра оқытудың әдіс-тәсілдері, оқушылардың
белсенділіктерін арттыру, оқу құрал-жабдықтарын ұқыпты қолдануға үйрету
жолдары ұсынылып қарастырылды.
Оқу қызметінің құрылымы туралы педагогтар арасында бірыңғай пікір жоқ.
Әр кітаптың авторы әр түрлі пікір ұсынады. Бірақ, баланың оқуға деген
дайындығын қалыптастыратын барлық жағдай осы оқу үшін еңбек ету барысында
қалыптасады. Біздің, яғни мұғалімнің мақсаты сол еңбекке қолайлы жағдай
туғызу.
Себебі тек еңбек еткенде ғана баланың қабілеттері анықталады және
жүзеге асырылады. Еңбектену барысында олар қалыптасады, еңбектену барысында
олар дамиды. Тек өздігінен жұмыс істегенде ғана оқушы өз мүмкіндіктерін
біліп, жарқын да жайдарлы қанағаттану көңіл-күйін сезіне алады. Еңбектену
барысында оның рухани өмірінің байлығы: ой-өрісі мен сезімдерінің
тереңдігі, қиял-еркінің күші ашалап, мінезінің негізгі қырлары қалыптасады.
Сонымен мектепте оқытудың тиімділігі оқушылардың оқу сипатына бірден
бір байланысты. Тек білім, қабілет пен дағды ғана емес, сондай-ақ пәнге
деген қызығушылық, онымен әуестенушілік, оқуға деген ынта да оқушы
қызметінің барысында қалыптасады. Мектеп табалдырығынан күнделікті білімді
өз бетімен меңгеру, жеке тұлғаның қалыптасуы, дамуы үшін білім
қажеттіліктері:
1) білімнің маңызын және оның ролін терең түсінуінде, яғни жүйелі
меңгерілген білімді ғылымның әр саласында техника, мәдениет, өнер т.б.
салаларда терең білімнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамыта оқыту технологиясы туралы баяндау
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістеме
Бастауыш мектептегі математика сабағында жаңа технологияларды қолдану
Педагогикалық процестің жеке бағдар негіздері педагогикалық технологиясы
Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан ерекшелігі
Бастауыш білім беруде қолданылатын оқыту технологияларына сипаттама
Бастауыш сыныптың оқу үрдісінде оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану ерекшеліктері
Бастауыш сыныпта математика пәнінен дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу
Қазақ тiлi пәнiнде дамыта оқытудың әдiстемелiк негiздерi және оларды iске асырудың жолдары
Бастауыш сынып ана тілін оқытуда қазіргі технологияларды қолдануға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру
Пәндер