Бастауыш мектеп жасындағы балалардың қарым – қатынас сферасы



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының қарым.қатынасының теориялық мәселелері
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының қарым.қатынасының психологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың арасындағы қарым.қатынастың түрлері мен формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1.3. Бастауыш класс оқушыларының қарым.қатынас психологиялық тренингін ұйымдастырудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
І тарау.Бастауыш класс оқушыларының қарым.қатынасын зерттеу нәтижелері.
2.1. Баланың ересектермен қарым . қатынастарының жүйесі жеке қарым . қатынасының өзі оқу іс . әрекеті арқылы жанамаланады ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.2.Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым.қатынас психологиясы және оның тәлім.тәрбиелік маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35

2
Кіріспе
Мектеп жасындағы балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде қиылысады. Ал балардың психикалық қасиеттерін, танымдық үрдістерін, және психикалық қалып-кейіптерін тұтас қамтитын, балалар психикасының дамуындағы басты көрсеткіш әрі фактор болатын, әмбебап ерекшелік – балалардың қарым-қатынас саласы.
Мектеп жасындағы балалар қарым-қатынастың балалардың жеке тұлға ретінде дамуында алатын орнына, рөліне және қарым-қатынастың даму ерекшелігін анықтауға арналған зерттеулер ғылыми қорда аз емес. Аталмыш кеңістікте Д.Б.Эльконин /1/, Л.И.Божович /2/ және т.б. ғылыми зерттеулері кеңінен таралған. Қарым-қатынас негізінде балалардың барлық жеке басының қасиеттері дамып, психикалық кейіптері қалыптасады. Сонымен қатар қарым-қатынас балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор және жағдай болды. Ал балалардың өзін-өзі дамытып, жетілдіруі, реттей алуы, олай болса, өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететін де балалардың ересектермен және басқа балалармен жасайтын өзара әрекеттестігі, өзара қатынасы және өзара ақпарат алмасуында болады. Ғылымдағы балалар қарым-қатынасының мәнділігі әркімге – психологтарға, педагогтарға, ата-аналарға аян, және ол әртүрлі балалардың әлеуметтенуіне қатысты зерттеулерден белгілі болғанымен, балалар қарым-қатынасында шешілмеген мәселелер жеткілікті.
Мектеп жасындағы балалардың қарым-қатынас генезисіндегі негізгі заңдылықтар ашылған. Алайда, балалардың жеке басының қалыптасу заңдылықтары өз халқының тарихына, экономикасына, мәдениетіне тікелей байланысты болып келеді. Осыған орай қазіргі кезең жағдайында ұлттық құндылықтарды балалар тәрбиесі мен дамуында пайдалану белсенділігі артып, ұлттық мәдениеттің өзекті педагогткалық, психологиялық мәселелерін шешу, оны дамсыту жолдарына деген қызығушылық арта түсуде.
3
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Жарықбаев Қ.Б. Психология. - Алматы, 1997.
2. Бап - Баба С.Жантану негіздері.- Алматы, 2003.
3. Алдамұратов Ә. Рахымбеков Қ. Жалпы психология. - А.,1996.
4. Тәжібаев Т. Жалпы психология.- А.,1993
5. Жарықбаев Қ. Психология .- А.,1993.
6. Аймауытұлы Ж. Психология А.,1995.
7. Жарықбаев Қ. Қазақ психологиясының тарихы.Алматы.1996.
8. Гамезо М.В., Домашенко И.А. Атлас по психологии М,1986.
9. Шәкәрім Құдайбердиев. Шығармалары. А., 1988
10.Ұстаздық шығармашылық Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 2007 ж.
11. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту Б.А. Тұрғынбаева
12. Математикадан қызықты тапсырмалар Ш.Х. Құрманалина, С.Ш.
13. Бастауыш білім журналы № , 2004 ж.
14. Математиканы оқытудағы методикалық көмек М. Сәтімбаева
15. Бастауыш сыныпта оқыту журналы № 1, 2, 2008 ж.
16. Мен және бәрі, бәрі, бәрі Алматы, «Аруна», 2006 ж.
17. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері, Алматы, 2004 ж.
18. Бастауыш мектеп журналы, № 1, 2006 ж.
19. Что такое развивающее обучение Н.В. Репкина «Пеленг», 1993
20. Педогогическая риторика Пермь, 1995
21. Оқушыларға тіліді меңгерту жолдары Алматы «Ана тілі», 1997
22. Шешендік сөздер С. Негимов Алматы, «Ана тілі» 1997 ж

35

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік – гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

Педогогика және психология кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың қарым – қатынас сферасы

Орындаған: Мектепке дейінгі оқыту тәрбиелеу
мамандығының 2-курс студенті Мустафина Ж.С
Тексерген: Оқытушы Үмбетова Г.М.

Орал-2015ж.

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасының теориялық мәселелері
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасының психологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың арасындағы қарым-қатынастың
түрлері мен
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..15
1.3. Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынас психологиялық тренингін
ұйымдастырудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...17
І тарау.Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын зерттеу нәтижелері.
2.1. Баланың ересектермен қарым – қатынастарының жүйесі жеке қарым –
қатынасының өзі оқу іс - әрекеті арқылы
жанамаланады ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.2.Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас психологиясы және оның
тәлім-тәрбиелік
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...35

2

Кіріспе
Мектеп жасындағы балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен
тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде қиылысады. Ал балардың психикалық
қасиеттерін, танымдық үрдістерін, және психикалық қалып-кейіптерін тұтас
қамтитын, балалар психикасының дамуындағы басты көрсеткіш әрі фактор
болатын, әмбебап ерекшелік – балалардың қарым-қатынас саласы.
Мектеп жасындағы балалар қарым-қатынастың балалардың жеке тұлға ретінде
дамуында алатын орнына, рөліне және қарым-қатынастың даму ерекшелігін
анықтауға арналған зерттеулер ғылыми қорда аз емес. Аталмыш кеңістікте
Д.Б.Эльконин 1, Л.И.Божович 2 және т.б. ғылыми зерттеулері кеңінен
таралған. Қарым-қатынас негізінде балалардың барлық жеке басының қасиеттері
дамып, психикалық кейіптері қалыптасады. Сонымен қатар қарым-қатынас
балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір
фактор және жағдай болды. Ал балалардың өзін-өзі дамытып, жетілдіруі,
реттей алуы, олай болса, өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететін де
балалардың ересектермен және басқа балалармен жасайтын өзара әрекеттестігі,
өзара қатынасы және өзара ақпарат алмасуында болады. Ғылымдағы балалар
қарым-қатынасының мәнділігі әркімге – психологтарға, педагогтарға, ата-
аналарға аян, және ол әртүрлі балалардың әлеуметтенуіне қатысты
зерттеулерден белгілі болғанымен, балалар қарым-қатынасында шешілмеген
мәселелер жеткілікті.
Мектеп жасындағы балалардың қарым-қатынас генезисіндегі негізгі
заңдылықтар ашылған. Алайда, балалардың жеке басының қалыптасу заңдылықтары
өз халқының тарихына, экономикасына, мәдениетіне тікелей байланысты болып
келеді. Осыған орай қазіргі кезең жағдайында ұлттық құндылықтарды балалар
тәрбиесі мен дамуында пайдалану белсенділігі артып, ұлттық мәдениеттің
өзекті педагогткалық, психологиялық мәселелерін шешу, оны дамсыту жолдарына
деген қызығушылық арта түсуде.
3
Мектеп жасындғы балалардың қарым-қатынасын зерттеп, сол арқылы баланың
психикалық тұрғыдағы дамыту және түзету мәселелерінің шешімі әлі күнге
дейін жүйелі табылмаған. Қазақ баларының тәрбие, оқыту үрдістерін
психологиялық, педагогикалық жағынан қамтамасыз ететін мамандардың
арсеналында арнайы контингентке бейімделген зерттеу әдістері жоқтың қасы.
Осы контксте ұлттық ойындар, құндылықтар баланың жеке басын дамыту
үрдісінде таптырмайтын әмбебап құрал және әдіс болуы керек. Себебі ұлттық
ойындардың, жаңылтпаштар мен жұмбақтардың халықтық педагогика тақырыбын
қамтымайтыны бомайды. Алайда ұлттық ойындардың, құндылықтардың балалардың
жеке басын дамытудағы мәні белгілі болғанымен, психодиагностикалық
мүмкіндігі бүгінгі күнге дейін ғылыми зерттеу мәселесіне айналған жоқ.
6-7 жастағы балаларды оқыту, тәрбиелеу мекемелері өз функцияларының
тізгінін босатып жіберуі, ересектердің қоғамдық дағдарыстан әрқалай күй
кешуі-бір жағынан, екіншіден – экологиялық, медициналық мәселелердің бала
дамуында орын алуы, үшіншіден – қазақ баларының мектеп жасына дейінгі
кезеңдегі қарым-қатынас ерекшеліктерін ескеру негізінде оқыту, тәрбиелеу
және дамытудың назардан тыс қалуы, ғылымда бала қарым-қатынасын жетілдіру
жолдарының бір жүйеге келмеуіне әкелді.
Соңғы 30-40 жыл ішінде қарым-қатынас механизмдерін дамытудың белсенді,
жедел әдісі-тренингтер ұйымдастырылып, қолданылуда. Олар топтық жұмысқа
негізделіп, тиімділігі дәлелденген (Л.А.Петровская 5, Н.И. Хрящева 6,
А.Г. Ковалев 7 т.б.).
Әлеуметтік-психологиялық тренингтердің әр түрі – сензитивті, оқытып-
жаттықтырушы, өнер-би, арт (сурет) тренингтердің – мектеп жасындағы
балаларға тигізетін психологиялық әсері әлі де болса кеңейтіле
зерттелмеген.
Ал қазақ балаларымен жүргізілетін тренингтер ерекшеліктері
4
осы күнге дейін назардан тыс қалып отыр. Осыларды ескере отырып біздің
зерттеу жұмысымыз 6-7 жастағы қазақ баларының қарым-қатынасын тренингтік
әдістермен жетілдіру жолдарын қамтиды.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш класс оқушылармен қарым-қатынасын
жетілдіретін тренингнті ұйымдастыру.
Зерттеу міндеттері:
1. Бастауыш класс оқушыларының психикалық дамуындағы қарым-қатынас
мәселелерінің теориялық негіздерін қарастыру;
2. Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын жетілдірудегі
қазақтың ұлттық ойындарының, мәдени және әдептілік құндылықтарының
мүмкіндіктерін анықтау;
3. Оқушылардың қарым-қатынас жасау ерекшеліктерін жетілдіретін
тренингтік сабақтарды модификациялау және оларды ұйымдастырудың тиімді
жолдары мен әдістерін айқындау;
4. Мектеп жасындағы оқушылардың оқу-тәрбие үрдісіне тренингтік
сабақтарды енгізу және оның апробациясы.
Зерттеу болжамы: Егер бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасын
жетілдіру, қазақтың ұлттық ойындарын, мәдени, әдептілік құндылықтарын
қамтитын арнайы құрастырылған тренингтік сабақтарды ұйымдастырумен
байланысты болуы мүмкін.
Зерттеу пәні: Тұлға тиориясы, балалар психалогиясы,
Зерттеу объектісі: Орал қалалық №10 балапан бала-бақшасы Зерттеу
әдістері: Ойын әдісі, эксперимент әдісі, әдебиетті талдау, бақылау әдісі,
теориялық зерттеу әдістері.
Зерттеу жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен
және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.

5
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасының теориялық
мәселелері.
Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері.
Жан–жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу, психология ғылымының аса
мәнді теориялық және практикалық міндеттерінің бірі. Кеңес психологиясында
балалардың қабылдау мен сезіну мәдениетінің қоғамдық–тарихи тәжірибесіне,
“әлеуметтік меңгеру “ процесіндегі қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөлінеді
(Л.С.Выготский 26, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин). Сондықтан, қоғамның
қазіргі заманға лайықты даму сатысында, қоғамнық практикалық негізгі
міндеттерін шешу жолында, қарым – қатынас мәселелерін шешіп алған жөн.
Қарым-қатынас қоғамдық өмір құбылыстарының бірі. Бұл құбылыс адам өмірінің,
іс - әрекет жағдайларының материалдық әсерінен тарихи тұрғыда пайда болады.
Біріккен іс - әрекет еңбек негізінде, адамдардың қарым – қатынас
қажеттілігі пайда болады .
А.А.Бодалев, М.И.Лисина 27, А.А.Леонтьевтердің нақты зерттеу
жұмыстарының бір қатары қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігін зерттеуге
арналған. Алайда, осындай байланыстың сипатын әртүрлі зерттеушілер әрқилы
түсінеді .
А.А.Леонтьев, қарым-қатынас іс- әрекеті бұл–ең алдымен сөздік іс -
әрекет, өйткені онда іс-әрекетке тән элементтердің барлығы бар (әрекеттер,
операциялар, мотивтер және т.б.) десе, Б.М.Ломов қарым-қатынас пен іс-
әрекеттің бірлігін мойындап, осы процестерді өзара байланыстырмай, адамның
әлеуметтік болмысының екі жағы ретінде, оның өмір салты ретінде қарастырады
.
Оқушылардың ересектермен қарым-қатынас қажеттілігінің мазмұны,
балалардың жетекші іс-әрекетінің сипатымен детерменделеді (М.И.Лисина,
А.Н.Леонтьев). Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың
6
ересектермен қарым–қатынасындағы жетекші мотивтері ретінде іскер және
жеке мотивтері көрінеді. Қарым-қатынас пен жеке тұлғаның даму мәселелерін
зерттеу жұмысы, “қатынас“, “ өзара қатынас “ ұғымдарын пайдалануды
болжайды. В.М. Бехтерев 28 пен А.Ф.Лазурский сияқты ғалымдардың қарым-
қатынас мәнін ашудағы орны ерекше. Эксперименталды тұрғыда осы мәселені
А.А.Бодалев, оқушылардың адам қасиеттерін тәрбиелеу аспектісінде,
Л.И.Божович және Л.С.Славина оқушылардың оқуға қатынасының мінез-құлық
мотивациялары мәселерімен тығыз байланыста зерттейді. В.Н.Мясищев адамның
қатынастары нақты қажеттіліктерден туындап, тұрақтылыққа жалпылылыққа ие
болады деген. Адамның қатынастары танымдық, еріктік, эмоционалды
компонентердің қатысуымен сипатталады. В.Н.Мясишевтің пікірі бойынша,
адамдардың қатынастары әр бір нақты жеке тұлғаның мәнін ашатын әрекет
ретінде адамның мінез-құлқын өз бетінше ұйымдастыра алады. Жеке тұлға
құрылымында қатынастардың осылайша абсолюттенуі С.Л.Рубинштейннің 29
сынына ұшырайды . С.Л.Рубинштейіннің ойынша, психологиялықтың негізі
қоршаған әлемге қатынасы арқылы анықталып, адамның басқа адамдармен
қатынасын ашуға бағытталған адам өмірінің шынайы психологиясының өзегін
құрайды. Адамдардың қоршаған ортаға қатынасы бұл – ең алдымен оның
өмірінің жағдайларын құрайтын объективті ақиқатқа қатынасы. Бірақ, адамның
тіршілік әрекетінің бірінші міндеті басқа адам. Бастауыш мектеп кезеңі бұл
–“жеке“ тұлғаның мәнді алғышарттарының қалыптасу аралығы болып табылады.
В.В. Давыдов бала мектепке келісімен оқу процесінде жеке тұлғаның
теориялық санасының негіздері жасалынатындығын (ғылыми, көркемдік,
адамгершілік) нұсқайды. Д.Б.Эльконин бойынша, бастауыш сыныптағы оқушы
өзінің мектептегі жұмысын қоғамдық мәнді, қатаң түрде міндетті іс - әрекет
ретінде қабылдай бастайды да, оның бойында оқудың жаңа қоғамдық сезімдегі
мотивтері көріне бастайды.
7

Б.Г. Ананьев, балалардың мектептегі оқу процесі олардың бүкіл өмірін жаңаша
ұйымдастырып, баланың жанұядағы орнын өзгертетіндігіне ерекше көңіл қояды,
өйткені онда жанұядан тыс міндеттер, яғни міндетті оқу еңбегі пайда болады.
30 Психологтар бастауыш мектеп жасындағы оқушының жеке тұлғасының
қалыптасуындағы оқу іс-әрекетінің мәніне ерекше көңіл бөліп,
“оқушының ішкі позициясын қабыл алу“, (Л.И.Божович), “оның танымдық және
адамгершілік күштерінің дамуының жаңа көздерін ашатын, мінез – құлық
мотивтерінің өзгерісі “ (В.В.Давыдов), баланың “мектепте оқу міндетін“
сезінуде қамтылған қоғамдық орнының өзгерісі (Н.Ф.Добрынин) сияқты
аспектілерді бөліп көрсетеді. Кеңес психологиясында мотивациялық сфера
өзінше қарастырылады, ол адамның ақиқатқа, өз-өзіне, басқа адамға белсенді
түрде бағытталған қатынасының күрделі жүйесін құрайды, әрі түрткілердің
әртүрін қамтиды (Л.И.Божович). Баланың қай мотивті өзіне жетекші мотиві
ретінде таңдап алуына қатысты оның адамгершілік позициясы қалыптаса
бастайды (Л.И.Божович, А.Н.Леонтьев). Оқушының мотивациялық сферасы оның
эмоционалды - еріктік сферасына, оның ақыл-ой әрекетіне әсер ететін
түрлі қатынастардың қайта құрылуына әсер ететін өте мәнді фактор
ретінде көрінетін “ педагогикалық бағамен“ анықталады.
Осы жастағы оқушылардың қарым–қатнастарының ерекшеліктерін сипаттай келе,
Л.И.Божович, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин балалардың құрдастармен
жақындығына қарамастан ересек адам, әсіресе мұғалім олар үшін бедел иесі
болып табылатындығын көрсетеді. Д.Б.Эльконин, “баланың ересектермен
қатынастарының барлық жүйесі жеке қарым–қатынасқа дейін оқу іс-әрекеті
арқылы жанамаланады “ деген қорытындыға келеді. Баланың оқу іс-әрекетіне
енуі ересектің оқушылардың өзіндік сана сезіміне әсер ету мүмкіншілігін
ұлғайтады.

8
Осындай көзқарастың негізінде бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың
ересектермен өзара қатынастары бір–біріне қайшы екі тенденциямен
сипатталады. Бір жағынан ересектердің талаптарына мойынсыну,
бағыну
міндеті айқын көрінсе, екінші жағынан өзінің жеке басының дербестілігін,
ынтасын, хұқығын қорғау мақсатында дербестік пен тәуелсіздік сезімі пайда
болады. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың, ересектерге қатысты тәртіп
сезімі әлі қалыптаса қоймайды. Дамудың осы сатысындағы балалардың, сана
сезімі жаңадан қалыптаса астайды. Жеке басының жеткілікті дәрежеде
жетілмеу себебінен, балалардың ересектермен қатынас қажеттілігі пайда
болады. Психологтардың ойынша бастауыш мектеп жасындағы балалардың өзара
қатынастарының негізгі бет бейнесі, олардың достық қатынастарының сыртқы
өмірлік жағдайлары мен кездейсоқ қызығушылықтарының бірігіп кетуінде.
Құрдастарының берген бағасы өзіндік бағалаудың қалыптасуына негіз болмайды.
Осы жас шамасындағы балалардың жетекші іс-әрекеті оқу іс-әрекеті болып
табылады. Қарым-қатынас көбінде өз-өзін және басқа адамдарды тану
қажетілігін қанағаттандыратын іс-әрекет ретінде қарастырылады (М.И.Лисина).
Баланың ересектермен қарым–қатынастарының жүйесі жеке қарым–қатынасының өзі
оқу іс-әрекеті арқылы жанамаланады (Д.Б.Эльконин).
Баланың мектептегі өзгерістерден кейін өмірлік тәжірибесі пайда
болады, құрбыларының арасында өзіне тән нақты орынды иелену ұмтылысы пайда
болады. (А.Н.Леоньтев, Л.И.Божович, И.В.Дубровина, Б.Г.Ананьев). Бастауыш
мектеп жасында балалардың ересектермен, әсіресе мұғаліммен
қарым–қатынастары ерекше мәнге ие болады, өйткені осы жас шамасындағы
балада мектептегі оқуға өтумен байланысты өзінің іс-әрекетіне,
ересектермен және құрбылармен жаңа қатынасқа, жаңа өмір салтына өту
дайындығымен қатар, білімдерді меңгеру дайынығын қамтитын, оқушының
әлеуметтік позициясы қалыптасады (Л.И.Божович).
9
Балада мектепке келісімен оқығысы келу тілегімен қатар осы міндеттерді
жүзеге асыра алмаумен байланысты қиыншылықтар мен қарама – қайшылықтары
пайда болады. Ересек адам баланы жаңа іс-әрекеттерді орындауға неғұрлым
дұрыс үйрететін болса, оқушының оқуға деген
қызығушылығы соғұрлым нығая түседі, оқудың қандайда бір жағымды
мотивациясы қалыптасады. 31 Соңғысы аса мәнді, өйткені бастауыш сыныптағы
оқушының жеке тұлғасының дамуы көбіне оқу іс-әрекетінің мотивтерінің
бағыттылығымен анықталады. Баланың жеке тұлғасы оның ересектермен
қарым–қатынасында қалыптасатындығы белгілі. Ересек адам балаларға
адамзат мәдениетінің жетістіктерін табыс етеді, адамның психикалық
дамуын қамтамасыз етеді (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн,
М.И.Лисина). Балада қарым–қатынас қажеттілігінің пайда болуы оның
онтогенездегі дамуының анықтаушы мезеті болып табылады. Бастауыш мектеп
жасындағы балалардың ересектермен қарым-қатынасы, олардың жеке тұлғасының
қалыптасуының жетекші факторларының бірі болып табылады. Л.С.Славина мен
Э.Л.Фрухтың пікірінше, балалардың ересектермен қарым–қатынасының
жетіспеуі, олардың бір–бірімен қарым–қатынастарының мәнін ұлғайтады. 30–шы
жылдардың өзінде кейбір балалардың теріс мінез–құлықтарының астарында
“психикалық витаминдердің“ - әсіресе ересектер тарапынан
қарым–қатынастың, мейірімнің, көңілдің жетіспеуі жатыр деген болатын.
Тәрбие мәселесі ғылыми тұрғыда қалай қойылмасын, махаббаттан,
мейірімнен, көңілден айырылған баланың жаны да, тәні де қалжырайды.
Осындай жағдайдағы баланың жеке тұлғасы толыққанды дами алмайды, өткені
әлеуметтік дағды тәжірибесі бірден жүдеп кетеді, бала өзінің жеке басын
дұрыс бағалай алмайды. (М.И.Лисина, В.С.Мухина, С.Г.Якобсон).
Жас ерекшелік психологиясының пәні психологиялық құбылыстардың өзі емес,
олардың дамуы немесе жас ерекшелігіне сай өзгеруі болып табылады.
10
Психиканың түрлі формаларының адамдардың жас ерекшеліктеріне сай
өзгеруі, адамзат өмірінің сатыларына байланысты әр-түрлі қарқындылығымен
ерекшелінеді, өмірдің жеке кезеңдерін де әр-түрлі мәндеріне ие. Дипломдық
жұмысындағы адамдардың жас ерекшелігіне сай өзгерістерінің астарында
олардың психикалық өмірінің заңдылықтары жатыр.
Адам өмірі төмендегідей кезеңдерге бөлінеді:
1) пренатальды (құрсақтағы)
2) балалық шақ
3) ересек балалық шақтың
4) ересек шақ
5) егде шақ, қарттық
Балалық шақтың өзі 4 кезеңнен тұрады:
1 – нәрестелік кезең (туғаннан 1 жасқа дейін)
2 – ерте балалық щақ кезеңі (1 жастан 3 жасқа дейін) – функционалды
тәуелсіздік пен сөйлеу тілінің даму кезеңі.
3 – Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңі (3 жастан 6 жасқа дейін) –
бала жеке тұлғасы мен таным процестерінің дамуы мен сипатталады.
4 – бастауыш мектеп жасы (6 жастан 11-12 жасқа дейін) баланың
әлеуметтік топқа енуіне және ақыл-ой іскерліктері мен білімдерінің дамуына
сәйкес келеді.
Ересек балалық шақ екі кезеңге бөлінеді:
1) Жеткіншек кезеңі баланың жыныстық дамуына сәйкес келіп, 11 жастан 15
жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Осы жас шамасында жеткіншектің дене
бітімінің өзгеруіне байланысты, өзін жаңа қырынан тануға мүмкіндік алады.
2) 16 жастан 23 жасқа дейінгі балғын шақ кезеңінде адам ересектікке бет
алады.
11

Бір жас шамасынан келесі жас шамасына өтуде адамның қоршаған ортамен
қатынастарының бұрынғы қалпының бұзылуы мен және басқа адамдармен, басқа
әлеммен өзара қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасуы мен байланысты
дағдарыстар орын алады. Мұның барлығы адамның өзі үшін және оның әлеуметтік
ортасы үшін мәнді психологиялық қиыншылықтары мен сипатталады.
1 жас, 3 жас, 7 жас, 13-14 жас, 17-18 жасшамаларына сай дағдарыстар
кездеседі.

Біздің зерттеу жұмысымыздың негізгі бөлігі – бастауыш мектеп жасы мен
жеткіншек кезеңіндегі балалар болғандықтан, осы жас шамаларын тереңірек
қарастырып көрелік.
Бастауыш мектеп кезеңінің негізгі іс-әрекет түрі оқу іс-әрекеті болып
табылады. Баланың мектеп табалдырығын аттатғандықтан, бұл кезең оның
қатынастарының барлық жүйесін жанамалай бастайды.
Оқу іс-әрекетінің негізінде бала адамзаттың өндірген іскерліктерін
меңгере бастайды, өз жұмысын көпшілік үшін міндетті ережелерге бағындыру
дағдыларына бойала бастайды. Баланың белгілі бір ережелерге бағына бастауы
оның бойында мінез-құлқын реттей алу іскерлігінің қалыптасуына ықпал етіп,
осы жас шамасы үшін мәнді жаңа ұйымдардың бірі болып табылатын ырықты түрде
басшылыққа алудың ең жоғарғы кейпіне қол жеткізуінің кепілі бола алады.
Балалардың басқа да танымдық процестерін алмастыратын сөздік-қисынды, ойлау
қасиеті пайда болады.
Баланың мектепке келуі оның әлеуметтік қарым-қатынастарының шеңберін
кеңейтіп, “Мен-концепциясына” міндетті түрде әсер етеді.
Мектеп, баланың дербестілігіне, оның ата-аналарынан оқшаулануына ықпал
етеді, оны қоршаған әлеуметтік және физикалық әлемді зерттеудің кең
мүмкіншіліктерін қамтамасыз етеді.
12
Баланың әлеуметтік ортаға енуінің салдарынан міндетті түрде терең, әрі
әр сапалы өңделудің негізінде 6-7 жас шамасын әлеуметтік дамудың алғашқы
кезеңі деп атауға болады. Адам өмірінің мектепте өткен кезеңі оның екінші
сатысы болып табылады. Дамудың осы жас шамасында жеке тұлғаның және оқу-
танымдық субьектісінің оқу процесін қамтамасыз ететін психологиялық
құрылымдары қалыптаса бастайды. Осы жас шамасына дейін бала заттар әлемінде
тіршілік етсе, ендігі жолда ол ғылыми тұрғыда қатаң тәртіпте ұйымдасқан
қатынастар мен заңдылықтар әлемінде тіршілік ете бастайды. Мектеп кезеңінде
іс-әрекет субьектісімен қатар жеке тұлға қалыптаса бастайды.
Осы кезеңде қоғамдық-бағдарланған әсердің қалпы күрделеніп, тікелей
(баланың құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынасы) және әлеуметтік
әсердің әрқилы каналдары арқылы, жанамаланған (кино, теледидар,
шығармашылық әдебиет және т.б.) сипатқа ие бола бастайды. Мектеп кезеңінде
жеке тұлға мен іс-әрекет субьектісінің біртұтас көріністері, яғни мінезі,
жалпы және қосымша қабілеттері, дүниетанымы, мақсатты түрде болжай алу
іскерлігі мен мотивациялық-қажеттілік сферасы, кәсіби бағытқа мойын бұра
бастауы, құнды бағдарлары, мінез-құлқы мен іс-әрекетін өз еркімен реттей
алу іскерлігі қалыптаса бастайды.

13
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың арасындағы қарым-қатынастың түрлері
мен формалары
Баланың әлеуметтік ортада бағдарлануы мен мінез-құлқының адамгершілік
үлгілерін меңгеруінің негізінде, оның жеке басының қасиеттері қалыптаса
бастайды. Осы тұста қарым-қатынастың алар орны ерекше. Ең алдымен, баланың
ересектермен жанамаланған және тікелей қатынасы арқылы оған ата-бабалардың
көне мұралары жетіп отырады. Сонымен бірге тек қарым-қатынас арқылы ғана
психиканың әлеуметтік нормалары (сөйлеу-тілі, естің, зейіннің, ойлаудың,
перцепцияның, ырықты түрлері, жеке тұлғаның қасиеттері және т.б.) қалыптаса
алады.
Қарым-қатынас тәжірибесін біртіндеп жинақтау арқылы жеке тұлғаның
адамгершілік қасиеттерінің сапаларының күрделі жүйесінің қалыптасуына
негіз болатын жеке тұлғаның қарым-қатынас қабілеттері қалыптаса бастайды.
Жеке тұлғаның басқа адамдарды тануының негізінде пайда болған қарым-қатынас
процесінде, оның сана сезімі, өзіндік реттеу мен кері байланыс қасиеттері,
жоғары дәрежедегі сапалары қалыптаса бастайды. Осылайша, “топтар
арасындағы қарым-қатынас, ұжымдағы топтар арасындағы қарым-қатынас, ұжым
арасындағы қарым-қатынас дербес дамудың әлеуметтік детерминациясындағы
негізгі каналдардың бірі болып табылады.”33
Оқу, іс-әрекеттің негізгі түрі ретінде қарым-қатынас пен танымды өзара
байланыстырады. Сондықтан да, балалардың мектепке келу мерзімінен бастап
және олардың осы кезеңге дейінгі ойын іс-әрекетінде, оқушыларда жеке
тұлғаның қарым-қатынасты қамтамасыз ететін қасиеттерінің қарқынды түрде
қалыптасу процесі орын алады. Оның оқу процесіндегі күрделілігі ұлғая
түседі. Осындай өзгерістердің барлығы, бала өміріндегі әлеуметтік жағдайлар
мен топтардың әр түрлілігінің ұлғаюымен, қарым-қатынастың формалары мен
түрлерінің сапалы өзгерістерімен байланысты.

14
Балалардың жанұядағы және құрдастарымен қарым-қатынастарынан тыс,
мұғалімге,құрдастарына қатысты қарым-қатынастың жаңа түрлері, және
оқушылардыңтүрлі үйірмелер мен топтарға енуінің негізінде достық
қатынастардың жүйесі де қалыптаса бастайды.
Қарым-қатынастың осындай түрлері мен формалары, баланың оқу-танымдық іс-
әрекетін жүзеге асыру үшін, қарым-қатынас пен іс-әрекет субьектісін, жеке
тұлғаның дамуына өте маңызды.
Б.Г.Ананьев бойынша, жеке тұлғаның түрлі әлеуметтік топтары бар
бүтіндей қоғаммен байланысының көп түрлілігі, жеке тұлғаның
интраиндивидуалды құрылымымен, оның жеке қасиеттерімен ішкі әлемінің
ұйымдасуын анықтайды.
Жас ерекшелік жіктеуде қарым-қатынас дербес іс-әрекет ретінде
анықталады: балалық шақтағы объекті бойынша Б – Е(бала-ересек) жеткіншек
кезеңінде құрдастарымен Б –Б(бала-бала).
Адам әлеуметтің ажырамас бөлігі болып табылатындықтан, оның
өмірін және дамуын адамдармен қарым-қатынасынсыз елестету мүмкін
емес. 34

15

Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынас психологиялық тренингін
ұйымдастырудың ерекшеліктері
Осы тұжырымдар негізінен зерттеу жұмыстарға арқау болады. Біздің зерттеулер
үшін айрықша маңызды жайт, ол жоғарыдағы қарым-қатынас себептілігін, яғни
адам психикасын дұрыс қалыптастыру және реабилитациялау міндеттерін шешуде
қарым-қатынастың әрі құралы, әрі мақсаты болып табылатындығы. 6-7 жастағы
балалардың қарым-қатынас сферасы, екі жазықтықты қамтиды:
1) оқушылардың ата-анасымен, педагогтармен және басқа ересектермен қарым-
қатынас жасауы, 2) оқушылардың басқа балалармен өз қатарластырымен, өзінен
кіші және ересектеу балалармен қарым-қатынас жасауы. Бұл аспектілер
негізіндегі зерттеуді ең алғаш рет 1945-1952 жылдары Рене Спитц, Анна
Фрейд17 жүргізілген. Олар оқушының анасымен қарым-қатынас жасауындағы
кемшіліктер баланың психикалық және физикалық дамуына кедергі болатындығын
көрсеткен.
Балалардың қарым-қатынасын зерттеуге арналған әдістемелер негізінен
байқауға, әңгімелесуге, сауал-сұраққа, вербалды тестік әдістерге сандық,
сапалық жағынан бағалауға, эксперттік бағалауға негізделген. Мұнда
балалардың жас ерекшелігіне, тәжірибесіне байланысты диагностикалық
жұмыстар табиғи жағдайда өтуі жөн болады. Осы орайда техникалық құралдар –
аудио, видео, жазба, таспа, аппаратураларын – қолдану аса тиімді
(Л.А.Петровская 18). Бұл зерттеу сенімділігімен дәлдігін арттырады.
Балалардың белсенділігі қарым-қатынас жасауына, өз-өзін танып білуіне
мүмкіндік береді. Біз қазіргі балалар қарым-қатынасын анықтауға арналған
әдістемелерді толық (саны жағынан) қолданса ғана балалардың коммуникативті
іс-эрекетін диагностау дәлдікке ие болады деп ұйғарамыз.

16
Алайда барлық қарым-қатынас компоненттерін зерттеуге арналған әдіс
тәсілдерді толық қолданудың қандайда болсын уақыт шеңберіне симайтындығы
даусыз. Ал екінші жағынан, әрбір бала белгілі бір әлеуметтік
ортаның ықпалында болады. Сол ортаның құндылықтарын
өзінің жеке басына сіңіреді, бұл жағдай балалар қарым-қатынасының логалды
әлеуметтік этикетпен, ритуалмен, құндылық есебіндегі мінез-құлық, жұріс-
тұрыс стандарттарымен әрленіп, өзіндік әлеуметтік таңбасы болатындығы
белгілі. Әсіресе ұлттық өзіндік сананың интенсивті дамуына барынша жағдай
жасалынып жатқан қазіргі қоғамда қарым-қатынас субъектілерін ұлттық
ерекшеліктерінен, салт-санасынан бөліп алып, тексіз, ұлтсыз пенде
күйінде қарауды, зерттеуді заттың футлярын ғана қызықтаумен салыстырар
едік.
Сонымен қатар мектеп жасындағы балалармен жүргізілетін диагностикалық
жұмыстың коррекциялық, дамытушы әсері де оған пареллель болуы керек деп
санаймыз. Ал 6-7 жас кезеңдегі бала-бала жүйесі В.С.Мухина 19
еңбектерінде сипатталынады. Ғалым баланың басқа балалармен қарым-қатынас
құруы оның психикалық дамуына жағдай жасайтынын тағайындайды.
Онда негізгі 3 жағдай баса көрсетіледі:
1. оқушылардың өзге балалар тобымен қарым-қатынас құруында ерекше,
ересектермен жасалған қарым-қатынастан айрықша қатынас тағайындалады;
2. бала-бала жүйесінде ғана кейбір іс-әрекет түрлерін меңгеруге
болады, яғни балалар топпен ғана ересек адамдардың қатынасын бірлесіп қайта
жаңғыртуға алады.
3. Бастауыш класс мінез-құлық, жүріс-тұрыс нормалары мен адамгершілік
қасиеттерді қолданып, жаттығуға мүмкін болады.
И.А.Бойкова 6 жастағы балалардың ересек адамдар мен қарым-қатынас құруы
жеткіліксіз болса, олардың қатарластары мен контакт жасау мүмкіндіктері де
шекті болатындығын көрсетеді.

17
Ал Д.Б.Годовикова 20 балалардың ересек адамдар мен құрған қарым-
қатынасы қатарластар мен арадағы қарым-қатынасқа проекцияланатындығын
тағайындаған.
Балалардың өз қатарластарымен қарым-қатынас құруы осы қарым-қатынасты
қажетсінуімен анықталады. (М.И.Лисина 10). Бұл қажеттілік 3-жасқа
келген балаларда қалыптаса бастайды (Л.Н.Галигузова 21.
6-7 жастағы балалардың басқа балалармен қарым-қатынасты қажетсінуін
А.И.Фукин 3 топқа бөледі.
1-ші топқа қарым-қатынаста белсенді балалар жатады. Олар басқа балалармен
байланыс жасағанда жағымды эмоциялы реакция, жұптасуға қызығушылық танытып,
аса назар аудару, сезімталдық көрсетуі, жұптасының қарым-қатынас құруына
түрткі болу сияқты мінез-құлық, жүріс-тұрысын көрсетеді.
2-ші топқа қарым-қатынаста енжар балалар жатады. Олар өздерін топ
ішінде ұстай алмай, беймаза күй кешеді, жағымсыз эмоция танытады.
3-ші топ қарым-қатынаста аумалы болатын балалар мен сипатталады. Оларға
1-ші де және 2-ші де топ балаларының тенденциялары тән болады. Ал
Х.Т.Шерьязданова еңбектерінде 6-7 жастағы балалардың ойын әрекетінде
ересектер мен бала арасындағы қатынасқа құрымдылық-логикалық тұрғыдан
сипаттама жасалады ғалым оны сурет түрінде көрсетеді.
Сонымен баланың басқа балалармен қарым-қатынас құруында әрбір баланың
ересектермен байланыс жасауындағы психологиялық жас ерекшеліктері айқын
көрінеді.
Олай болса, ұлттық салт-сана, біздің жағдайымызда қазақ отбасындағы
әлеуметтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу танымдық мотивациялық сферасы
Кіші мектеп кезеңіндегі балалар қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері
МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ АСПЕКІЛЕРІ
Эмоционалды оқыту арқылы балаларды әлеуметтендіру
Бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқытуда жас ерекшеліктерін ескеру принципінің мәні
Кіші мектеп жасындағы балалардың қарым-қатынас сферасы
Жас ерекшеліктік психологияның әдіснамалық негізі
Эмоционалды ерік сферасы зақымдалған балалармен жүргізілетін танымдық оқыту әдістері
Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс – әрекеті барысында мінез – құлық ерекшеліктерін зерттеу жолдары
Көмекші мектептің бастауыш сынып оқушылар қарым - қатынасының зерттелуінің жағдайы
Пәндер