Елімізде патриоттық тәрбиені қалыптастыру міндеттері



Жоспар.

Кіріспе.

I.Тарих сабағының тәрбиелік міндеттері.
1.1. Қазақ халқында тәрбиенің алатын орны.
1.2.Елімізде патриоттық тәрбиені қалыптастыру міндеттері.

II. Тәрбиенің түрлері.
2.1.. Бейбітшілікке тәрбиелеу.
2.2.Тарихты оқыту барысында оқушыларды еңбекке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
2.3. Қазақстан тарихын оқыту барысында окушыларга эстетикалық тәрбие беру.

Қорытынды.

Сілтемелер тізімі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі:

"Ұлттық патриотизм", "ұлттық сана" деген секілді аса маңызды ұғымдар көп жағдайда терең зерделенбеген.
Қазақстан жағдайында осындай бір топ мәселенің басын ашып алмай тұрып патриоттық тәрбиені дұрыс жолға қою мүмкін емес екені анықталды. Республикамыз бір саяси құрылымнан екіншісіне ауысып, басқару жүйесі жаңа сападағы қарым-қатынасқа бет бұрған өтпелі кезеңде мектептегі тәрбие жүмыстары дағдарысқа ұшырағаны белгілі. Бұндай жағдайда замана ағымына қарата пайда болған тың ұғымдарды айқындап, оларға анықтама беру қажеттігі туындайды.

Тақырыптың мақсаты:

отансүйгіштік сезімін дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру, т.б. тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейте түсуді қолға алу. Сондықтан біз тектілікпен туа біткен қасиеттердің тәрбие арқылы бекіп, нығаюы, елін, жерін шексіз сүйіп, соған қызмет ету, ұлттың барлық қасиеттерін ардақтау деп көрсетуді қолға алу басты мақсатымыз болып табылады. Демек, ұлттық патриотизм дегеніміз қанмен, текпен туа бітетін, тәлім-тәрбие арқылы өсіп жетілетін ұлттық сипаттағы саналы іс-әрекет пен мінез-құлықтардытарих сабағында оқушыға ұғындыра білу.
Тақырыптың міндеттері:

-Казақстан тарихы пәніндеоқушыцларға тәрбиелік білім берудің міндеттерін қолға алуды қарастыру.
-Тарих сабағында кең көлемде тарихи тағылымды сабақтарды оқыту міндеттерін қарастыру.
-Тәрбие ұғымына кең түсінік беріп, оның түрлеріне тоқталу.
-Ұлтжаандылық адамгершілік отанға деген патриоттық тәрбиелерді насихаттауды қолға алу.
-Тарих сабағында тәрбиенің міндеттерін жалпы қорытындылау.

Тақырыптың тарихнамасы:
Жалпы бұл тақырпта Тотай Тәжұлының , А.Жансбекованың Тұрсын Хәзіретәлінің Мектепте тарихты оқыту әдістемесі атты кітаптары пайдаланылды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1.Тұрлығұл Тотай Тәжіұлы.
Мектепте қазақстан тарихын оқытудың құралдары. Оқу әдістемелік құрал. Алматы Ғылым 2003.
2.Жансбекова Г.А.
Тарихты оқыту әдістемесі. Семинарға дайындық құралы. М. Әуезов ОҚМУ Шымкент. 2004.
3.Абдуғулова Бағлан.
Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан тарихын оқытудың дидиктикалық негіздері. Автореферат. Алматы 2004.
4. Қазақ тарихы.журналы Алматы. 2006. №14
5.Тұрсын Хәзретәлі.
Мектепте тарихты оқыту әдістемесі.(Жоғары оқу орындарының тарих мамандығының студенттеріне арналған дәрісбаяндар жинағы.)Алматы. Дарын 2004.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
Кіріспе.
I.Тарих сабағының тәрбиелік міндеттері.
1.1. Қазақ халқында тәрбиенің алатын орны.
1.2.Елімізде патриоттық тәрбиені қалыптастыру міндеттері.
II. Тәрбиенің түрлері.
2.1.. Бейбітшілікке тәрбиелеу.
2.2.Тарихты оқыту барысында оқушыларды еңбекке, еңбексүйгіштікке
тәрбиелеу.
2.3. Қазақстан тарихын оқыту барысында окушыларга эстетикалық тәрбие беру.
Қорытынды.
Сілтемелер тізімі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі:

"Ұлттық патриотизм", "ұлттық сана" деген секілді аса маңызды ұғымдар көп
жағдайда терең зерделенбеген.
Қазақстан жағдайында осындай бір топ мәселенің басын ашып алмай
тұрып патриоттық тәрбиені дұрыс жолға қою мүмкін емес екені анықталды.
Республикамыз бір саяси құрылымнан екіншісіне ауысып, басқару жүйесі жаңа
сападағы қарым-қатынасқа бет бұрған өтпелі кезеңде мектептегі тәрбие
жүмыстары дағдарысқа ұшырағаны белгілі. Бұндай жағдайда замана ағымына
қарата пайда болған тың ұғымдарды айқындап, оларға анықтама беру қажеттігі
туындайды.

Тақырыптың мақсаты:

отансүйгіштік сезімін дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет
рәміздеріне құрмет қалыптастыру, т.б. тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін
кеңейте түсуді қолға алу. Сондықтан біз тектілікпен туа біткен
қасиеттердің тәрбие арқылы бекіп, нығаюы, елін, жерін шексіз сүйіп, соған
қызмет ету, ұлттың барлық қасиеттерін ардақтау деп көрсетуді қолға алу
басты мақсатымыз болып табылады. Демек, ұлттық патриотизм дегеніміз қанмен,
текпен туа бітетін, тәлім-тәрбие арқылы өсіп жетілетін ұлттық сипаттағы
саналы іс-әрекет пен мінез-құлықтардытарих сабағында оқушыға ұғындыра білу.
Тақырыптың міндеттері:

-Казақстан тарихы пәніндеоқушыцларға тәрбиелік білім берудің міндеттерін
қолға алуды қарастыру.
-Тарих сабағында кең көлемде тарихи тағылымды сабақтарды оқыту міндеттерін
қарастыру.
-Тәрбие ұғымына кең түсінік беріп, оның түрлеріне тоқталу.
-Ұлтжаандылық адамгершілік отанға деген патриоттық тәрбиелерді насихаттауды
қолға алу.
-Тарих сабағында тәрбиенің міндеттерін жалпы қорытындылау.

Тақырыптың тарихнамасы:
Жалпы бұл тақырпта Тотай Тәжұлының , А.Жансбекованың Тұрсын
Хәзіретәлінің Мектепте тарихты оқыту әдістемесі атты кітаптары
пайдаланылды.

I. Тарих сабағының тәрбиелік міндеттері.
1.1. Қазақ халқында тәрбиенің алатын орны.
Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан,
қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен, әрбір отбасындағы өмірді
ұйымдастырудан басталмақ. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында
алады. Салауатты отбасында ғана салауатты ұрпақ қалыптасады.
Адамзат қоғамының қай кезеңінде болсын отбасы тәрбиесі мәселелері кұн
тәртібінен түскен емес.
Отбасы тәрбиесі мәселелері Шығыстың ұлы ойшылдары Әл-Фараби, Ж.Ба-ласағүн,
Қ.Иассауи, М.Қашғари, классик педагогтер Я.Коменский, К.Ушин-ский,
И.Песталоцци, казақ ағартушылары Абай Құнанбаев пен Ы.Алтынса-рин
еңбектерінде, кеңес педагогтері В.Сухомлинский, А.Макаренко, Н.Круп-ская,
қазақ зиялылары М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов және т.б. еңбектерінде
кеңінен орын алады. Бүгінде отбасы тәрбиесі мәселелері қазақ-стандық
ғалымдар С.Ғаббасов, Р.Қоянбаев, Г.Байделдинова, В.Лысенкова, Р.Төлеубекова
жөне т.б. тарапынан зерттелініп келеді.
Қоғамның бүгінгі жағдайында болашақ тәрбиесін отбасынан бастап қолға алуға
мемлекеттік тіпті, әлемдік тұрғыда көңіл бөлінуде. Оған 1989 жылы Біріккен
Ұлттар Ұйымы қабылдаған, кейіннен 1995 жылы 5 шілдеде Қазақ-станда
қабылданған "Баланың құқығы туралы Конвенция" дәлел бола алады. Онда "Бала
толық және гармониялы дамуы үшін, ол мейірім мен өзара түсіністігі бар,
қызыгушылыққа көп көңіл бөлетін бақытты ахуалдық ортасы бар отбасында өсуі
қажет. Бала дене, ақыл-ой жагынан толыққанды жетілмегендіктен, олар
туылғанға дейін де, туылганнан кейіи де ерекше мейірімділікке, қамқорлыққа,
әсіресе, құқықтық қамқорлыққа мұқтаж" делініп, әрбір ата-ана
жасөспірімдердің өркениетті елдерде қазіргі заман талабына сай білім алуын
қамтамасыз етуге міндетті деп көрсеткен.
Сондай-ақ 1996 жылы 30 шілде мен 1 тамыз аралығында бүкіл әлемдік Конвенция
кезінде Вашингтон қаласында жапон азаматы Саи-Мен-Мунның ұйымдастыруымен
"Бүкіл әлемде бейбітшілік үшін" деп аталатын отбасы федерациясы
құрылды.Оның салтанатты ашылу рәсіміне әлемнің 100 мемлекетінен 600-ден
астам делегаттар қатысты. Мұндай рәсімдер БҰҰ от-басы федерациясының 185
мемлекетте ашылған бөлімдерінде өткізіліп келеді.
Бұл федерацияның негізгі мақсаты — отбасы дамуына көмектесу болса, ең көңіл
аударатын мәселесі — ата-аналардың балаларына деген қамқорлығы мен
сүйіспеншілігін, отбасындағы бала тәрбиесін және ондағы құндылықтар-ды
дамыту.
Отбасы тәрбиесінің мәселелері Қазақстан Республикасында да мемлекеттік
тұрғыда қолға алынған. Оған дәлел: Қазақстан Республикасы Президентінің
1995 жылғы 2 наурыздағы Жарлығымен Президент жанындағы отбасы, әйел-дер
және демографиялық саясат мәселелері жөніндегі арнайы кеңестің құры-луы.
Кеңес өз қызметінің алғашқы қадамын "1995 жылғы Қазақстандағы әйелдер мен
отбасылардың қазіргі жағдайы" деген тақырыпта баяндама жасаудан бастады. Ол
баяндама әлеуметтік-экономикалық жағдай, демографиялық ахуал, білім беру,
әйелдер — халық шаруашылығында, еңбекпен қамту, әлеуметтік сала, денсаулық
сақтау және медициналық әл-аукат дәрежесі, отбасы және оны өлеуметтік
түргыдан қорғау, мүгедектер мен зейнеткерлер, әйелдердің тәртіп бұзушылығы
сияқты тарауларды қамтыды.
Осы тұста Елбасы Н.Назарбаев өзінің "Барлық Қазақстандықтардың өсіп-
өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" деген Қазақстан халқына
жасаған Жолдауында "Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе,
жұбайлардың бір-бірінің алдындагы, ең бастысы балаларының алдындғгы
жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз " деген болатын.
Бұл жоғарыда келтірілген деректер ұрпақ тәрбиесі мен адамзат өсуінің
болашағы отбасы жағдайын жақсартудан басталатынын дәлелдей түседі.
"Отбасы" ұғымының өзі көптеген әдебиеттерде әр түрлі ұғымдармен, яғни
үйелмен ұғымдарының жиынтығынан тұратын "үйелмен" және жанұя ұғымдарының
жиынынан тұратын "жанүя" ұғымдарымен баламаланып қолданылып жүр. Бұл
ұғымдардың бәрі де мазмұндық жағынан бір-бірінен кем түспейді. Дегенмен,
терминологиялық сөздікте "семья" ұғымының аудармасы ретінде "отбасы"
түсінігі қабылданған.
Отбасы — тарихи категория. Оның типтері, формалар мен функциялары өмір
сүріп отырған өндірістік қатынастардың, жалпы қоғамдық қатынастардың
сипатына, сондай-ақ қоғамның мәдени даму деңгейіне байланысты болады. Өз
кезегінде отбасы да қоғам өміріне ықпал жасайды. Ол баланың туылуы, балалар
мен жасөспірімдердің әлеуметтік орнын табуы, үй шаруашы-лығындағы еңбегі,
өз мүшелерінің күші, рухани және адамгершілік-эстетика-лық жағынан дамуына
әсерін тигізуі.
"Отбасы" ұғымына әр түрлі саладағы еңбектерде әрқилы анықтамалар беріліп
жүр. Мәселен, Р.Нұрғалиев өзінің философиялық сөздігінде "Отбасы —
әлеуметтік қауымдастықтың түрі, ол ерлі-зайыпты одаққа және туыс-тық
байланыстарға, ягни ері мен әйелінің, ата-аналар мен балалардың, әга-інілер
мен апа-қарындастардың, бірге туып ортақ шаруашылық жүргізетін туыстардың
арасындагы сан алуан қатынастарга негізделген жеке тұрмысы" деп анықтама
беріледі. Ал педагог-ғалым Қоянбаевтың оқулықтарында "Отбасы — ол бірге
тұратын некеге негізделген қандас туыстар тобы " деп анықтама берілген.
Осы айтылған анықтамаларға сүйене отырып отбасының мынадай белгілерін
айқындауға болады.
1. Отбасы өзара туысқандық қатысы бар, әр түрлі жастағы және әр түрлі
құқылы адамдардан біріккен ұжым.
2. Отбасын ерлі-зайыптылық, ата-аналық, балалардың ата-аналарына,
ересектердің кішілерге және бір-біріне деген қарым-қатынас жасау міндеттері
байланыстырып тұрады.
3. Ата-аналар мен балалар бір-бірінен бірі отбасын басқарумен, екіншілері
сол отбасында тәрбиеленумен ерекшеленеді.
4. Отбасы өмірі әр түрлі материалдық және рухани үрдістермен сипатта-лады.
"Отбасы тәрбиесі" ұғымының өзі "отбасы" және "тәрбие" категорияларының
жиынтығынан тұрып, оның қызметі мен рөлі, отбасындағы тәрбие толығымен
қоғамдық өмір зандылықтарына байланысты дамиды.
Отбасы баланың жеке басының калыптасуына екі жақты әсер етеді.
Біріншіден, отбасының материалдық жағдайын сипаттайтын өзіндік өмір сүру
дәстүрі арқылы, яғни отбасы мүшелерінің материалдық және рухани қажетсінуі
мен әлеуметтік құндылықтары арқылы әсер етеді.
Екіншіден, әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған әсер арқылы.
Бұл, көбінесе, отбасындағы негізгі көзқарас пен тәрбие үрдісінің қоғамның
тәрбиелік мақсатына каншалықты сәйкес келуіне байланысты жүзеге асыры-лады.
Отбасы мәселелерін шешуде әр түрлі саладағы мамандар өз пікірлерін ұсынуда.
Әлеуметтанушылар, демографтар, педагогтер мен психологтер тарапынан
отбасының әр түрлі функциялары ұсынылып, түсіндіріледі. Солардың ішіндегі
негізгілері мыналар.
1. Ұрпақ жалғастырушылық функция.
2. Тәрбие берушілік функция.
3. Экономикалық функция.
4. Қарым-қатынастық функция.
5. Бос уақытты ұйымдастыру және дем алу.
Отбасының ұрпақ жалғастырушылық функциясы өмірге ұрпақтың келуімен
байланыстырылады. Бүгінгі коғамдық-әлеуметтік жағдайда отбасыларында
қаншадан бала болуы тиіс. Бұл жөнінде де әр түрлі саладағы мамандар
көзқарасы сан алуан. Мысалы, әлеуметтанушылар М.Тәжин мен Б.Аяғанов
нарықтық қатынас жағдайындағы отбасының құрылымдық сипатын былай деп
түсіндіреді: "Біріншіден, қазіргі қогамның экономикалық өмірі кішігірім
отбасының болуын қалайды. Мұндай отбасында үлкен отбасыларымен
салыстырганда қайшылықтары көп жанжалдардан құтылуга болады, ягни қазіргі
экономикалық өмірдің талаптарына икемделгіш болып алады.
Екіншіден, қазіргі шағын отбасы өмірге жеңіл бейімделіп, отбасылық және
қоғамдық қажеттіліктерден пайда болған қақтығыстарды шешу жолдарын да жеңіл
таба алады".
Бұл пікірді Ресей ғалымы Б.Миронов қолдай отырып "Егер біз құқықтық
демократиялық қоғамда өмір сүргіміз келсе, онда үлкен отбасыларын құруға
талпынбаганымыз дұрыс, одан да бар күшті шағын демократиялык, отбасын
құруға жұмылдыруымыз қажет. Өйткені, отбасының демократиялануы қогамның
демократиялануына алып келеді" дейді.
Демограф М.Тәтімов үлкен отбасыларының болуын мақүддайды. Оның үстіне
педагогикалық жағдай отбасыларында көп баланың болуы тәрбие мәселесін
анағүрлым жеңілдететінін көрсетеді. Осы түста кеңес педагогі В.Сухомлинский
"Отбасы қаржы жағынан қаншалықты тапшылық көріп отырса да отбасында бір
баламен шектеліп қалуга болмайды. Өйткені, бір баланы торбиелеуге кеткен
шығын көп баланы тәрбиелеуге қарағанда анағұрлым көп" деп көрсетеді.
Осы орайда, қоғамдық қажеттілікке айналып отырған қазақ халкының санын
көбейту мәселесін қолдай отырып бүгінгі нарық қыспағынан қиналмай, заман
талабына сай білім мен тәрбие алып даму үшін қазақ отбасында кем дегенде
қанша бала болуы керек деген сұрақ туындайды. Көптеген ғалымдар
еңбектерінде әрбір отбасында екіден ғана баланың тәрбиеленуін аз деп
түсіндіреді. Себебі, әрбір ер кісі "әке" атанбайды, сол секілді әрбір әйел
"ана" атана бермейді. Екіден баласы бар әрбір отбасы отыз жылда өзінің
жалпы санының үштен бір бөлігін жоғалтып отырады екен. Жалпы халықтың саны
сақталып, жалғасын тауып отыруы үшін халықтың жартысы үштен,
жартысы екіден балалы болуы керек. Бірақ, қоғам талабы халықтың санының
көбеюін мүдделеп отыр. Бұл — әрбір казақ отбасында кем дегенде үштен бала
тәрбиеленуі керек деген сөз.
Қазақ отбасылары өмірінің тарихына көз жіберсек, көп балалы отба-сыларының
көптеп саналғанын байқаймыз. Соңғы жылдары олар біртіндеп азайып барады.
Мұның себебін демографтар қала өмірі бейнесінің кең таралуы деп
түсіндіреді. Көптеген ауыл тұрғындары қалалықтар секілді өмір сүреді.
Әйелдердің еңбекке араласуы, мәдениеттің, кажеттіліктердің өсуі де
жоғарыдағы жағдайдың себебі болып табылады. Халықтың сұранысы артып, бір-
біріне талаптары күшейді. Өзара қарым-қатынас өзгерді. Нақтырақ айтқанда,
ол психологиялық жағынан күрделірек болды, отбасындағы ерлі-зайыптылар үшін
ең бірінші кезекте бұрынғыдай экономикалық тәуелділік емес, адамгершілік
нормалары тұрды. Сондай-ақ балаға деген қарым-қатынас та өзгерді. Тұрмыс
жағдайлары төмендеу отбасылары бір баламен-ақ шектеліп қалды.
Екіншіден, демографтар мен әлеуметтанушылар бұның себебі бүгінгі ме-
дицинаның дамуымен байланысты деп түсіндіреді. Бұрын сәбилердің шетінеп
қалуы көп кездесетіндіктен, ол көп баланың туылуымен теңестірілетін. Ал
бүгінде бала өмірін сақтаудың мүмкіндіктері жоғары болғандықтан, аналар
бала санын алдын ала жоспарлап, сонымен шектеліп қалады.
Отбасындағы әрбір баланың дұрыс тәрбие, сапалы білім алуы шартты жағдайда
отбасының әлеуметтік жағдайына да байланысты. Отбасы өз қожа-лығын, өз
бюджетін ұйымдастырады және оны қажетіне қарай бөліп жұмсай-ды. Ол
отбасының экономикалық қызметін құрайды. Отбасының бұл қызметі отбасы
ұжымындағы өзара қарым-қатынасқа екі жақты әсер етуі мүмкін.
1. Отбасындағы үйішілік жұмыстарды (ата-аналар, ересектер мен кішкентай
балалар үшін) әділ бөлу ерлі-зайыптылар қарым-қатынасын жақсартады.
2. Балаларды адамгершілікке және еңбекке тәрбиелейді. Отбасындағы
жұмыстар дұрыс бөлінбеген жағдайда немесе барлық үй іші жұмыстары тек
әйелге ғана жүктелетін болса, ондағы еркек "патриарх" рөліне енеді де, ал
балалар тек тұтынушы рөлінде ғана болады. Мұндай жағдайда ересектер
ықпалы балаларды дұрыс емес бағытқа жетелейді.
Экономикалық қызмет отбасын басқару мәселесімен және отбасы басшысын
анықтау мәселесімен тығыз байланысты. Қазақ отбасыларында, негізінен,
отбасы басшысы ер кісі болып келеді. Әйел басқаратын отбасылары аз
кездеседі. Кейбір отбасыларында әйел отбасы бюджетін басқарып, бос уақытты
ұйымдастыру мен бала тәрбиелеуші болып табылады. Мұндай жағдайды қалыпты
талапқа сай деп айтуға болмайды. Әйелдің мойнына мөлшерсіз ауырлық
жүктеледі, тәрбие саласында ол каншалықты тырысқанымен әкенің орнын баса
алмайды, ондай кезде отбасындағы психологиялық теңдік бұзылады. Көптеген
отбасыларында үй іші жұмыстарын ерлі-зайыптылар бірдей атқарады. Мұндай
тендікке жету үшін әйелдің түсінігі мен көзқарасы, қабілеті жағынан ерімен
тең түсуі қажет.
Отбасының ұрпақ жалғастырушылық және экономикалық қызметінің педагогикалық
мүмкіндіктері бірінші кезекте отбасындағы балалар санына қатысты болады.
Егер отбасында бірнеше бала болса, онда толық бағалы отбасылық ұжымның
қалыптасуына табиғи жағдай пайда болады. Бұл отба-сындағы әрбір адамның
өмірін байыта түседі және отбасының тәрбие берушілік қызметін табысты
орындауға қолайлы жағдай туғызады. Отбасында балалардың болуы ата-аналардың
да жеке басына әсер етеді. Олар бір-біріне әсер ете отырып бір-бірін
тәрбиелейді. Отбасының тәрбие берушілік кызметі үш аспектіде жүзеге
асырылады.
1. Баланың жеке басын қалыптастыру, оның қызығуы мен қабілетін дамыту
отбасындағы ересектердің өмірлік тәжірибелері арқылы жүзеге асырылады.
2. Үйдегі әрбір адамның жеке басына отбасы ұжымы үнемі жүйелі түрде
тәрбиелік ықпал етіп отырады.
3. Отбасындағы балалар үнемі ересектердің өздерін белсенді түрде тәрбиелеп
отыруына мәжбүр ететіндей әсер етеді.
Адам өмірге келгеннен бастап өмірінің соңына дейін отбасының ықпалын
сезінеді. Бұнымен ешқандай тәрбиелік қоғамдық институттар тең келуі мүмкін
емес. Әрбір отбасында өзіне тән белгілі бір адамгершілік-рухани
деңгей қалыптасқан. Осы деңгей қаншалықты жоғары болса, отбасындағы
адамдардың мәдени қажетін қанағаттандыру, қызығуы мен қабілетін дамытуға
үлкен мүмкіндік болады. Онда бала тәрбиесі дұрыс жалғасын тауып,
адамгершіліктік және көңіл күйлік-эстетикалық байлықпен өмір сүреді.
Отбасының маңызды негізі ерлі-зайыптылардың ата-аналық махаббаты мен
мейірімі және балалардың өз тарапынан ересектерге деген құрметі, жан-
ашырлық сезімі болып табылады.Осы тұста Елбасы Н.Назарбаев өзінің
"Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады" деген баяндамасында
"Отбасының беріктігі, жұбайлардың бір-бірінің, ең бастысы балаларының
алдындағы жауапкершілігіне де көп нәрсе байланысты. Ата-аналар балаларына,
ал балалары қартайған ата-аналарына қамқор болуға тиіс" деген болатын.
Мұның өзі отбасындағы өмірді ұйымдастыру, ең алдымен, ондағы ересектердің,
яғни ата-аналар мен ата-әжелердің бір-біріне деген қарым-қатынасы мен өзара
сыйластығы негізінде қалыптасатындығын айғақтайды.(1)

1.2.Елімізде патриоттық тәрбиені қалыптастыру міндеттері.
Қазақстан мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің өткені мен дәл
бүгінгі таңдағы жай-күйін зерттеу барысында оның әдісі, тәсілі мен фор-
маларының сан алуан болғанына және оларды бүгінгі күн жағдайына бейімдеп
қолданудың мүмкіндігі мол екеніне көзіміз жетті. Бірақ, оның мазмұны кеңес
дәуірінде (1970-1990 жж.) сол кездегі идеологияға қызмет еткендіктен, сыңар
жақты болғаны да айқындала түседі, өйткені онда ұлттық патриотизм
ескерілмей қалған. Сол себепті "ұлттық патриотизм", "ұлттық сана" деген
секілді аса маңызды ұғымдар көп жағдайда терең зерделенбеген.
Қазақстан жағдайында осындай бір топ мәселенің басын ашып алмай тұрып
патриоттық тәрбиені дұрыс жолға қою мүмкін емес екені анықталды.
Республикамыз бір саяси құрылымнан екіншісіне ауысып, басқару жүйесі жаңа
сападағы қарым-қатынасқа бет бұрған өтпелі кезеңде мектептегі тәрбие
жүмыстары дағдарысқа ұшырағаны белгілі. Бұндай жағдайда замана ағымына
қарата пайда болған тың ұғымдарды айқындап, оларға анықтама беру қажеттігі
туындайды. Өйткені, ұғымдар арқылы оқушылар санасында білім қалыптасып, ол
өз кезегінде оның іс-әрекетіне бағыт береді. Біздің пайымдауымызша,
патриотизмге тәрбиелеуде сүйенетін негізгі ұғымдар: "ұлттық патриотизм"
және "қазақстандық патриотизм". Ұғым дегеніміз - заттар мен құбылыстардың
жалпы айырмашылықтарының белгілі бір жиынтығы негізінде ой жүргізу. Ол
ғылыми және тәжірибелік білімдерді қалыптастыруда қолданылады. Ұғымдар
негізінде пікір, ой тұжырымдар қалыптасып, ой қорытындылар мен пайымдаулар
жаслады. Бұл жерде "ұлттық патриотизм" және "қазақстандық патриотизм"
ұғымдары арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, туған
халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділігі арта түспек. Ал түсінік
дегеніміз - бір нәрсенің мағынасы мен мәнін ұғыну. Сөйтіп, "ұлттық
патриотизм"
және "қазақстандық патриотизм" ұғымдарына анықтама беру, олардың мазмұнын
құрайтын: отансүйгіштік сезімін дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен
мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру, т.б. тәлім-тәрбиелік
мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Осыларды көздеп жүргізген зерттеу
еңбегімізде педагог, психолог, философ ғалымдар мен ақын- жазушылардың ой-
пікірлеріне сүйене отырып "ұлттық патриотизм" және "қазақстандық
патриотизм" ұғымдарына анықтама беруге ұмтылдық. Сондай-ақ бұл ұғымның
маңызын ашып көрсету жас буындарды тәрбиелеуде бүгінгі күннің кезек
күттірмейтін қажеттігінен туындап отыр.
Адамның жеке психологиясының әскери қызметтегі маңызын аша келіп Б.Момышұлы
"патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы,
қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің
мемлекетке тәуелді екеніңді, мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды
күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз мемлекет
деген ұғымды, оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен
және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді" деп терең, жан-жақты анықтама
берген. Қаһарман жазушы біз іздеп отырған "ұлттық патриотизм",
"қазақстандық патриотизм" ұғымдарына философиялық анықтама беруге ұмтылған.
Ол "ұлттық патриотизм - бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен
қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі, өз халқымен қан жағынан да және
шыққан тегі, территориясы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы,
психологиялық және этнографияльіқ ерекшеліктері қалыптасқан, тарихи
дәстүрлері жағынан да әбден айқын әрі дербес басқа қасиеттері және
ерекшеліктерімен де байла-нысты" дейді. Жазушының пікірін жіктей отырып
бүгінгі патриотизмнің мазмұнын анықтау әбден мүмкін.(2)
Бұдан келіп шығатын тұжырым: Б.Момышұлы көрсеткен рухани ерек-шеліктерді
сақтау ұлттық патриотизмнің критерийі болып табылады. Жаңа қалыптасып келе
жатқан жас мемлекетіміздің болашақ азаматтарын патрио- тизмге тәрбиелеуде,
міне, осылар оның негізгі ұғымдарын құрауы керек. Ойымызды айқындай түссек,
Б.Момышұлы айтып отырған белгілердің педагогикалық негізі тұлғаның
патриоттық сана-сезімін қалыптастыру, патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру,
мінез-қүлқына патриоттық сипат беру, мектептегі оқу-тәрбие ісінің өзегі
болуы керек. Бұл оқулықтар оқу-әдістемелік құралдардың мазмүнынан бастама
алып, сабақтан тыс тәрбиелік жұмыстарда жалғасуы орынды.(3)
Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген сүиіспеншілік,
ұлтына сенімі, нанымы, саяси көзқарасы, т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық
өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін - "Отаным" деп тануы, оның
негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық, оның заңдарына бас ию,
рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмау-
дың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек де-ген
ой келіп туады.(4) Қазақстан егемендік алғаннан кейін мерзімді басылымдарда
"қазақстандық патриотизм" және "ұлтгық патриотизм" жайлы сұрақтар
жарияланып, оған көптеген белгілі ғалымдар, ақын-жазушылар өз пікірлерін
білдірген болатын. Сол пікірлерді және басқа да педагог ғалымдар мен
философ-психологтердің пікірлерін зерттей келе біз бір кездегі "Советтік
патриотизм" ұғымы "қазақстандық патриотизм" болуы керек деп түйдік. Оның
туындап, қалыптасып, тәлім-тәрбие айналымына енуі өз қолымызда. Берілген
сүрақттар бізге патриот адамдардың мінез-құлық, іс-әрекеті, ой-сана
сезімдерінің белгілеріне қарап оған сипаттама беруге көмектеседі. Бұл өз
ретінде жас буындардың көз алдына нақты мысалдарды көлденең тарту арқылы
өнеге көрсетуге шарт түзеді.(5)
Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің
(патриотизмнің) керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып,
қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ
ерлігінің арқасы. Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай, жоңғар шапқын-
шылығы кезі мен одан бертіндегі ұлт азаттық көтерілісін алып қарасақ,
ондағы батырлардың ешқайсысы бүгінгідей (кеңес дәуіріндегідей) жүйелі
патриотизмге тәрбиелеудің тезіне салынбаған. Бірақ елін, жерін, Отанын
қорғауда жанын, тәнін аяп қарап қалмаған. Осындай көптеген тарихи
тәжірибелерден, сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отансүйгіштік сезімнің
қалыптасуына ата-ана, ауыл аймағының ықпалының күшті болғанын көреміз. Өсіп
келе жатқан жас буындардың бойында отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына
отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болмайды.
Қоғамның өз азаматтарына қызмет етуі адамның өзіне байланысты екені
белгілі. Бұл - қоғамның жай-күйі оның әрбір азаматына байланысты деген сөз.
Демек, Қазақ Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігінің нығайып
дамуының басты шарттарының бірі оның азаматтарының патриотизмі. Адам-дар
санасындағы бұрынғы кеңес одағы кезеңіндегі патриотизмнің мазмұны жаңа
қоғамдық жағдайда біртіндеп жаңғыру үрдісін бастан кешіруде, бірақ, соны
құндылықтар әлі қалыптасып бола қойған жоқ.
Жаңа тарихи әлеуметтік жағдайда патриотизм жаңа сипатқа ие ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОҚУШЫЛАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Патриоттық тәрбиенің мәні
Жас ұрпақты әскери патриотизмге тәрбиелеу
Тәрбиенің қазіргі жағдайы, аналитикалық тәрбие.
ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Жоғары оқу орындарында оқыту процесінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Қазіргі жағдайда жеткіншектерді азаматтыққа тәрбиелеу
Оқу-тәрбие үрдісінде отансүйгіштік және ұлтжандық тәрбиелеу жолдары
Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру
Жастар саясатының бағыттары
Пәндер