Газды қаладағы газ тарату механизімі



МАЗМҰНЫ

1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
2. Негігі бөлім «Табиғи газды тасымалдау» ... ... ... ... ... ... ... .3.4
3. Газ құбырларының бөлінуі механизімі ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.8
4. Газ тарату желілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9.11
5. Газ тарату жедерін пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
6. Газды қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулық ... ... ... ... ... 13.14
7. Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
8. Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
КІРІСПЕ.
Кәсіпшіліктен алынатын табиғи газда бөтен кірмелер – қатты бөлшектер
(құм, отқабыршақтар), ауыр көмірсутектердің конденсаттары, су булары, күкіртсутек және көмір қышқыл газы болады.
Газда қатты бөлшектердің болуы газбен жанасатын компрессорлардың бөлшектерінің жылдам істен шығуына әкеп соғады. Қатты бөлшектер газ құбырларының арқауын және бақылау-өлшеу аспаптарын бітейді және құрта-ды; олар газ құбырдың төмен тұрған учаскелеріне жинақталып, олардың көл-денең қимасын тарылтады.
Сұйық қоспалар, құбырлардың төмен жатқан жерлеріне шөгіп, олардың да көлденең қимасын тарылтады. Оған қоса, олар құбырға, арқауға, аспап-тарға коррозиялық әсер етеді. Ылғал белгілі бір мөлшерде гидраттардың тү-зілуіне әкеледі, олар газ құбырда қатты кристалдар түрінде шөгеді.
Гидратттық тығындар құбырды толық тығындап, бітеп тастауы мүмкін.
Күкіртсутек – зиянды кірме. Ауаның бір литрінде 0,01 мг-нан көп мөлшерде болса, ол улы болады. Ылғал қатысында күкіртсутек металдардың күшті коррозиясын тудырады.
Көмір қышқыл газдың зияндылығы сол, ол газдың жылу бергіш қабілеттілігін төмендетеді және балласты қоспа болып табылады.
Магистральдық газ құбырға түспес бұрын, газ құрғатылуы және зиянды қоспалардан тазартылуы қажет.Газды тасымалдауға дайындау газ құбырдың басты құрылымдарында орналасқан арнайы қондырғыларда, ал қатты қоспалардан тазарту газ құбырдың барлық компрессорлық станцияларында (КС) жүргізіледі.
Ілеспе газдарды мұнайдан бөлу. Мұнаймен бірге өндірілетін ілеспе газды мұнайдан айыру қажет және тұтынушыларға бағыттау керек. Бөлу траптар (сепараторлар, айырғыштар) деп аталынатын арнайы қондырғыларда жүргізі-леді. (3-сурет). Бөлу үдерісін екі кезеңмен жүргізеді: мұнай мен газды бөлу; газды мұнайдың шаңтозаңынан тазарту. Траптың төрт секциясы болады: сепарациялық І, босату ІІ, шөктіру ІІІ, тұндыру ІV Сепарациялық секция сұйықтық пен газды бөлуге арналған. Кіретін келте құбыр (1) тангенциалды орналасқан. Орталықтан тепкіш күш сұйықтықтың көп мөлшерінің газдан бөлінуіне мәжбүр етеді. Шөктіру секциясында көтеріліп келе жатқан газ ағынынан мұнай тозаңдары шөгеді. Босату секция-сында инерция күшінің әсерінен газ мұнай тозаңдарынан түпкілікті тазарады. Бұл секцияда газ ағынынан сұйықтықтың ұсақ тамшылары (10 мкм аз) газ траптан шықпас бұрын бөлініп алынады. Тұндыру секциясында газдан барлық үш секцияда бөлінген сұйықтықты жинайды. Тұндырғыш сұйықтықты өлшейтін және сұйықтық деңгейін тұрақты етіп ұстап тұратын қондырғымен жабдықталған. Барлық секциялар тұндырғышпен құрғатқыш, дренаждық құбырлар арқылы байланысады, ол арқылы мұнай жүргенде, көтеріліп келе жатқан газ ағынына жанаспай, тұндырғышқа ағады.
Сепараторлар тік, көлденең және шар тәріздес болады. Тік сепараторлар-ды ұңғымадан шыққан ағында құм және лас заттар болғанда (оларды тазарту оңай) қолданған тиімді. Әдетте, тік сепараторлар жиі қолданылады
ПАЙДАЛНАҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.Унаспеков Б.А., Алимова К.К. Газоснабжение. Алматы: КазНТУ,
2007.–285 с.
2. Ионин А.А. Газоснабжение. М.: Стройиздат. 1989. – 439с.
3. Унаспеков Б.Ә. Шарафадинов Н.С. Газ желілері мен
қондырғыларын есептеу және пайдалану. Оқу құралы ҚМСҚА.
Алматы: 1994. – 79бет.
4. Унаспеков Б.Ә. Практикалық сабақтарға, курстық және дипломдық
жобаларды есептеуге арналған әдістемелік нұсқауы. Алматы:
ҚМСҚА, 1996. – 92бет.
5. Унаспеков Б.А. Использование газа в промышленных печах по
Производству стройматериалов. Учебное пособие. Алматы:
КазГАСА, 1997. – 190с.
6. Унаспеков Б.Ә. Газ толтыру станциясын жобалау. Практикалық
сабақтарға курстық және дипломдық жобалауларды есептеуге
арналған әдістемелік нұсқау. Алматы: ҚМСҚА, 1999. – 33бет.
7. СНиП 2.04.08-87*. Газоснабжение/Минстрой России. – М.:ГПЦПП,
1996. – 68с.
8. Мемлекетаралық құрылыс нормалары (МҚН) 4.03.-01-2003.
Газтарату жүйелері. ҚР ИжСМ Құрылыс істері жӛніндегі комитеті.
Астана, 2003. – 27бет.
10. ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2001*. Құрылыстық климатология. ҚР ИСМ
және ТКШ істері жӛніндегі комитеті. Астана, 2005. – 114бет.
11. СНиП 2.04.07-86. Тепловые сети./ГостройСССР. – М.:ЦИТП
Госстроя СССР. 1987. – 48с.
12. Стаскевич Н.Л., Вигдорчик Д.Я. Справочник по сжиженным
углеводоролным газом. М.: Недра, 1986. – 542с.
13. Правила безопасности в газовом хозяйстве. Алматы. 1993. – 179с.
14. Унаспеков Б.Ә., Алимова К.К., Оңғаров С.Т. Желдету және газ
жүйелері: Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2010.-336 б.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
АЛҒЫ СӨЗ.
Осы курстық жұмысымзыда бастамас бұрын Газға тоқталсақ. Газ дегеніміз
не қандай сұйықтық екенін төменде қысқаша жазылған.
Табиғи газ. Табиғи жанғыш газдардың басым көпшілігі қаныққан көмір-
сутектер болып келеді. Алайда, олардың құрамында газдың сапасын төмен-
дететін компоненттер – күкіртсутек, көміртек оксиді (ІІ), азот және су
булары болады.
Қысым мен температураға байланысты көмірсутектік газдар түрлі
агре-гаттық күйде бола алады. Кәдімгі жағдайларда (20ºС –30ºС, 1
атм.) метан, этан және этилен тәрізді шынайы газдар болып табылады.
Пропан, пропилен, изобутан, н-бутан және бутилендер кәдімгі жағдайларда газ
тәрізді күйде болып, ал болмашы жоғары қысымда – сұйық күйде болады. Бұл
көмірсутектер сұйылтылған газдар деп аталатын газдардың құрамына кіреді.
Изопентаннан бастап одан жоғары көмірсутектер кәдімгі жағдайларда сұйық
күйін сақтай-ды. Олар бензиндік фракция құрамына кіреді.
Газдардың тұтқырлығының сұйықтардың тұтқырлығынан айырмашылығы сол,
молекулалық салмақтары өскен сайын азаяды, ал температура артқан сайын
өседі. Соңғысының өсу себебі, температураны арттырған сайын газ
молекулаларының жылдамдығы мен қозғалысы шапшаңдап, нәтижесінде
молекулалардың өзара соқтығысуы жиілеп, олардың арасындағы үйкеліс те
күшейеді.
Осы газды қалаға ауыл тұрғындарға тарату механизімі туралы толық жазып
көрсетемін.

МАЗМҰНЫ

1. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...2
2. Негігі бөлім Табиғи газды
тасымалдау ... ... ... ... ... ... ... .3-4
3. Газ құбырларының бөлінуі
механизімі ... ... ... ... ... ... . ... ... .5-8
4. Газ тарату желілері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9-
11
5. Газ тарату жедерін пайдалану
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
6. Газды қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулық ... ... ... ... ... 13-
14
7.
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .15
8. Пайдаланған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

КІРІСПЕ.
Кәсіпшіліктен алынатын табиғи газда бөтен кірмелер – қатты бөлшектер
(құм, отқабыршақтар), ауыр көмірсутектердің конденсаттары, су булары,
күкіртсутек және көмір қышқыл газы болады.
Газда қатты бөлшектердің болуы газбен жанасатын компрессорлардың
бөлшектерінің жылдам істен шығуына әкеп соғады. Қатты бөлшектер газ
құбырларының арқауын және бақылау-өлшеу аспаптарын бітейді және құрта-ды;
олар газ құбырдың төмен тұрған учаскелеріне жинақталып, олардың көл-денең
қимасын тарылтады.
Сұйық қоспалар, құбырлардың төмен жатқан жерлеріне шөгіп, олардың да
көлденең қимасын тарылтады. Оған қоса, олар құбырға, арқауға, аспап-
тарға коррозиялық әсер етеді. Ылғал белгілі бір мөлшерде гидраттардың тү-
зілуіне әкеледі, олар газ құбырда қатты кристалдар түрінде шөгеді.
Гидратттық тығындар құбырды толық тығындап, бітеп тастауы мүмкін.
Күкіртсутек – зиянды кірме. Ауаның бір литрінде 0,01 мг-нан көп
мөлшерде болса, ол улы болады. Ылғал қатысында күкіртсутек
металдардың күшті коррозиясын тудырады.
Көмір қышқыл газдың зияндылығы сол, ол газдың жылу бергіш
қабілеттілігін төмендетеді және балласты қоспа болып табылады.
Магистральдық газ құбырға түспес бұрын, газ құрғатылуы және зиянды
қоспалардан тазартылуы қажет.Газды тасымалдауға дайындау газ құбырдың басты
құрылымдарында орналасқан арнайы қондырғыларда, ал қатты қоспалардан
тазарту газ құбырдың барлық компрессорлық станцияларында (КС)
жүргізіледі.
Ілеспе газдарды мұнайдан бөлу. Мұнаймен бірге өндірілетін ілеспе газды
мұнайдан айыру қажет және тұтынушыларға бағыттау керек. Бөлу
траптар (сепараторлар, айырғыштар) деп аталынатын арнайы қондырғыларда
жүргізі-леді. (3-сурет). Бөлу үдерісін екі кезеңмен жүргізеді: мұнай мен
газды бөлу; газды мұнайдың шаңтозаңынан тазарту. Траптың төрт
секциясы болады: сепарациялық І, босату ІІ, шөктіру ІІІ, тұндыру ІV
Сепарациялық секция сұйықтық пен газды бөлуге арналған. Кіретін
келте құбыр (1) тангенциалды орналасқан. Орталықтан тепкіш күш
сұйықтықтың көп мөлшерінің газдан бөлінуіне мәжбүр етеді. Шөктіру
секциясында көтеріліп келе жатқан газ ағынынан мұнай тозаңдары шөгеді.
Босату секция-сында инерция күшінің әсерінен газ мұнай тозаңдарынан
түпкілікті тазарады. Бұл секцияда газ ағынынан сұйықтықтың ұсақ
тамшылары (10 мкм аз) газ траптан шықпас бұрын бөлініп алынады.
Тұндыру секциясында газдан барлық үш секцияда бөлінген сұйықтықты
жинайды. Тұндырғыш сұйықтықты өлшейтін және сұйықтық деңгейін тұрақты
етіп ұстап тұратын қондырғымен жабдықталған. Барлық секциялар тұндырғышпен
құрғатқыш, дренаждық құбырлар арқылы байланысады, ол арқылы мұнай жүргенде,
көтеріліп келе жатқан газ ағынына жанаспай, тұндырғышқа ағады.
Сепараторлар тік, көлденең және шар тәріздес болады. Тік сепараторлар-
ды ұңғымадан шыққан ағында құм және лас заттар болғанда (оларды тазарту
оңай) қолданған тиімді. Әдетте, тік сепараторлар жиі қолданылады

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ГАЗДЫ ҚАЛАДАҒЫ ГАЗ ТАРАТУ МЕХАНИЗІМІ
2.1 Табиғи газды тасымалдау
Магистралдық газ құбырынан газды өңдірген жерінен газ таратушы
стансиялары, қалаларға және өнеркасіп орындарында тасымалдайтын құбырлар
тартылады.
Қазіргі кезде магистралдық газ құбырлары 7,5МПа қысымда газ өткізу
қабілеті 15-25 млнжыл диаметрі 1200 және 1400мм. болып келетін етіп
салады. Магистралдық газ құбырлары мұнай құбырларына көп жағынан ұқсас,
құбырлары, айдайтын стасиялары және телефон байланысы сияқты негізгі
элементтерінен тұрады.
Дегенмен газдың меншікті көлемі жағынан ұлкен, не айдау кезіндегі
қысымның әсері бұл көлемнің өзгеріп тұруы сияқты газ құбырларының
ерекшеліктері де болады. Бұл ерекшелікке айдайтын газдың салмағы мұнай
өнімімен бірдей болғанда, газ құбырының диаметрі мұнай құбырына қарағанда
үлкенірек болады. Екінші бір ерекшелігі – құбырдың бүкіл тартылу жолында
диаметрі болып келгенмен, соңғы стансиялар арасындағы құбырдың қысымын
әжептәуір жоғары дәрежеде ұстап отырудың қажеттілігі туады
Магистралдық газ құбырының тағы бір ерекшелігіне құбыр ішінде гидраттық
тығындардың пайда болып қалмауына қарсы және газдың өрт қаупінің
жоғарылығына қарсы шаралар қолдану жатады. Соныңда, ең басты ерекшелігі
газдың құбырмен үздіксіз жүріп тұруына қойылатын талапты күшейту жатады,
себебі әрбір ұзін үзіліс тұтынушыларды газбен қамтамасыз ету тәртібін
бұзады және газ өңдіруді тоқтатады.
Газ құбырларға жіберілместен бұрын тасымалдауды қиындататын немесе
қылығымен қауып тудыратын қоспалардан тазартылады.
Газ өнеркәсібі жұмысының өзіне тән ерекшелігі тұтынушылардың газды
бірқалыпты пайдаланбауында. Қалаларда, ауылдардың, өндіріс орталықтарының,
элетростансиялардың газды ең көп қажет ететін мезгілі – қыс, ең аз қажет
ететін мезгілі – жаз. Сондай –ақ тәуліктік ауытқу байкалады, күндізгі
сағаттарда газдың тұтынуы түнге қарағанда көбірек. Одан басқа,
электростансиялардағы пештер ремонтқа қойылғанда, газ жүмсалуы азаяды. Ірі
тұтынушыларға газбен үздіксіз қамтамасыз етіп отыру үшін, олардың жанына
буферлік қоймалар орнатады. Газ аз жұмсалған кезде, бұл қоймаларда газ
жиналып, керегінде алып отырады.
Газды сақтау үшін мынадай газголдердің түрі қолданылады:
цилиндрлік (тік және көлденен) немесе сфералық газголдерлер, олар
тұрақты көлемді және ауыспалы қысымды келеді;
ауыспалы көлемді және тұрақты қысымды газголдерлер; табиғи жерасты
қоймалары.

2.2 Газ құбырларының бөлінуі механизімі.
Газды тұтынушыларға құбырлармен тасымалдайды. Газдың қалаларға
дейінгі тасымалдау шарттары көрсетілген. Газ скважиналардан (СК)
іріктеу орындарына (I0) келеді. Сол жерде қатты, сұйық қоспалардан
тазартылған газ құбырлармен өндірістік
газ тарату станцияларына жеткізіледі. Мұнда газды қайта
тазартып, иістендіреді және қажетінше қысымын төмендетеді.
СК-скважиналар; іріктеу орындары; ӘҚ-өндірістік құбырлар; ӨГТС-
өндірістік газ тарату станциялары; МҚ-магистральды құбырлар; ҚКС-қосалқы
компрессорлы станциялар; АТ-ажыратқыш тетіктер; ГТС-газ тарату станциялары;
ЖҚ – жер асты қоймалары; ҚТ-қосалқы тұтынушылар.
Газды қалаларға дейінгі тасымалдау
Газдың өз қысымы алғашқыда жеткілікті болғанымен өндіру барысында
төмендей бастайды. Сол себептен басты компрессорлы стансалар
қолданылады. Қосалқы компрессорлы стансалар әрбір 150 км сайын
орнатылады. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге қолайлы болу үшін кем
дегенде әрбір 25 км сайын ажыратқыш тетіктері
орналастырылады. Газды тасымалдау және газбен жабдықтау сенімді болу
үшін желілер санын екі немесе онан да көп етіп қабылдайды.
Магистральды газ құбыры қалалық немесе ірі өндіріс
тораптарынының ГТС-мен шектеледі.
Қаладағы газ құбырлары қысымы мен қолдануына байланысты түрленеді.
Қолданылуына қарай газ құбырларын мынадай үш топқа бөлуге болады:
1. Қаладағы барлық тұтынушыларға газ жеткізетін тарату желілері.
Төменгі, орташа, жоғары қысымды газ тарату желілері айнала жабық
және тұйық болып орындалады;
2. Тарату желілерінен жеке немесе топталған тұтынушыларға газ
тасымалдайтын тармақтар;
3. Үй ішіндегі аспаптарға газ жеткізетін үйдегі құбырлар.Қысымдарына
қарай қаладағы газ құбырлары төмендегідей түрленеді:
1. Қысымы 5 кПа-ға дейінгі қысымдағы төменгі газ желілері;
2. 5 кПа-дан 0,3 МПа-ға дейінгі орташа қысымдағы газ желілері;
3. 0,3-0,6 МПа аралықтарындағы II-дәрежелі жоғарғы қысымдағы
желілер;
4. 0,6 МПа-дан 1,2 МПа-дейінгі I-дәрежелі жоғары қысымдағы
табиғи газды тасымалдаушы желілер. Ал сұйытылған газдағы желілерде
қысым 1,6 МПа-ға дейін болуы мүмкін.
Төменгі қысымдағы желілермен газ тұрғын қоғамдық үйлер және
тұрмыстық қызмет көрсету мекемелеріне тартылады. Тұрғын үйлердегі
құбырлардағы қысым 3 кПа-дан аспауы қажет.
Орташа және II-дәрежелі жоғары қысымдағы желілер газ реттеу орындары
(ГРО) арқылы қалалық орташа және төменгі газ тарату желілерін
қамтамасыз етеді. Сонымен қатар газ реттеу орындары (ГРО) арқылы
өнеркәсіп және үй-жай мекемелеріне таратылады.
I-дәрежелі жоғары қысымдағы газ желілер ірі қалаларды газбен
жабдықтаудың ең жоғарғы сатысы болып табылады. Олар орташа және
жоғары қысымдағы желілері мен 0,6 МПа-дан жоғарғы қысымдағы
өнеркәсіп мекемелерін газбен қамтамасыз етеді. Бұл желілерді көбінесе
айнала жабық немесе жартылай жабық етіп орындайды.
Желілердегі қысымдар сатыларына байланысты газбен жабдықтау
жүйелері мынадай болып бөлінеді:
1. Екі сатылы төменгі және орташа немесе төменгі және II-дәрежелі
жоғары қысымдағы желілер.
2. Үш сатылы төменгі, орташа және II-дәрежелі жоғары қысымдағы
желілер.
3. Көп сатылы барлық қысым сатыларындағы желілерден құралады.
Үш және көп сатылы газ жүйелері ірі қалаларда ғана
қолданылады. Қалалардағы газ көзі газ тарату станциялары ГТС-лары болып
табылады.
Газ құбырларын жүргізу шарттары
Газ құбырлары көбінесе жер астымен, ал сәулет талаптарына
сәйкес жағдайларда жер бетімен жүргізіледі. Жерге көмілген,
құбырлардың төмендігі түскен салмақтың әсер етпеу шамасымен
анықталады. Сонымен қатар жер асты құбырлары жақсы жылу ажыратқыш
болып табылады. Тереңдік өскен сайын жұмсалатын қаржы да өсе
түседі. Газ құбырларын жүргізу шарттары көрсетілген.
Газ құбырларын жүргізу кезінде оларды тоттанудан сақтау қажет.
Темір тоттанған кезінде сыртқы беті қоршаушы орта әсерімен бұзыла бастайды.
Қаладағы газ құбырларын тоттанудан сақтау үшін алдын-ала мынадай
көрсеткіштер анықталады:
- құбырлар жҥргізілетін жерлердің тоттануға тигізер әсері;
- жер қабатындағы кездейсоқ токтардың болуы;
- газ құбырларының электрлік тоттану шарттары.
Жалпы тоттануға мынадай көрсеткіштер әсер етеді: топырақ құрамы,
ылғалдылығы, құбырлар жүргізілетін тереңдік, жақын маңдағы электр
көздері және жақын орналасқан басқа да жер астындағы жүйелер.
Құбырларды тоттанудан екі әдіспен
сақтандырады. Біріншісі құбырларды көп қабатты оқшаулау және
әртүрлі материалдармен құрау болса, екіншісі катодты протекторлы және
электрлік дренаж деп аталатын мұқият ұйымдастырылған әдістер. Бұл
жағдайда жердің ылғалы, қышқылдар, тұздар және басқа жағдайлар газ
құбырының бетінде гальваникалық элементтер
туғызады, соның арқасында анодты бөлік, яғни темір құбырға
тоттануға мүмкіндік болады.
Анодты орын болуы себебі – сақтандырғыш материалдың жоғынан,
әлде оның жыртылуға мүмкіндік болғанда (мысалы жер қазу кезінде).
Катод орынан электрі ток металмен анодқа жылжиды (жоғары жағы), ал
жер бойымен (астынғы жағы)
анодтан, катодқа жылжуы кезінде А нүктесінде металлдың беті
бұзылады.
1-жер; 2-құрсау (сақтандырғыш) материал жыртылған орын; 3-құбырдың
қабырғасы; 4-құбырдың ішкі жағы; 5-қалыпты бөлік.
Электрлік көліктердің (трамвай, темір жолы) рельстерінен темір
құбырларға кездейсоқ электр тоғынан электро-химиялық бұзылуларға әкеледі.
Кездейсоқ электр тоғының трамвай жолынан газ құбырға әсер беруі 3.4-
суретте көрсетілген. Бұл жағдайда электр тоғының жоғары әсерімен
құбырдың сыртында тесіктер болуы мүмкін.
Тоттануға қарсы екі әдіс қолданылады. Біріншісі құбырларды
сақтандырғыш материалдармен құрсау, ал екіншісі кездейсоқ электр тоғынан
қорғайтын катодты, протекторлы және кездейсоқ тоқты оның көзіне
қайтаратын электрлік дренаж. Бұл әдістер жер астындағы құбырларға
қолданылады. Жер бетіндегі құбырларды
сыртқы бетін өңдеу (сырлау, лактау т.б) арқылы қорғайды.
Катодты және протекторлы әдістерде тоқ көзімен және газ құбыр
арасында тоқтың әсерімен бұзылатын элементер (графитті анод және
протектор-активатор) қойылады. Сол себептен газ құбырларға кездейсоқ
электр тоғы әсер бермейді.
Электрлік дренаж қолданған кезінде газ құбырдың темірі электр
элементтерімен, яғни тоқ келетін орынмен тікелей байланысты.
Дренаждық қондырғылар арнайы шкафтарда орналасады. Бір дренаждық
қондырғы газ құбырларының 5-6 км аралығында сақтайды. Газ
желілерінде болаттан жасалған жүксіз, тура жікті және спиральді жікті
құбырлар қолданылды.
Қолданылатын болаттың сапасы мен қасиеттері Мемлекеттік стандарт
– 380-71 және Мемлекеттік стандарт – 1050-74 талаптарына сәйкес болуы
қажет. Жер астымен жүргізілетін құбырлардың қалыңдығы кем дегенде 3
мм, ал жер бетінде жҥргізілетін құбырлар үшін кемі 2 мм болуы қажет.
Құбырлардың жалғанған орындары мұқият тексеріліп сынақтан өтуге тиіс.
Құбырларды сақтандыруға қолданылатын материалдар ҚНжЕ 2.04.08-87
бойынша қабылданады.
Бұл материалдардың төмендегідей қасиеттері болуы керек:
а) мықты (жыртылмайтын);
б) ылғалға төзімді және оны өткізбейтін;
в) құбырларға жабысқыш;
г) химиялық әсерлерге төзімді.
Сонымен қатар бұл материалдарды табу қиынға тҥспегені жөн.
Жерге көмілген газ құбырларындағы тетіктер
Газ құбырларының бойына ажыратқыш тетіктер мен компенсаторлар
орнатылады. Ажыратқыш тетіктерге шүмек (кран) пен ысырмалар. Ал төменгі
қысымдағы құбырларда гидравликалық тығындар қолданылады. Құрылысындағы
қысымды көп шығындауына байланысты шұраларды (вентильдер) қолдану
шектеліп отыр. Шүмектердің (крандардың) диаметрі 15-100 мм-ге дейінгі, ал
ысырмаларды 50-мм-ден жоғары диаметрлі құбырларда қолданылады.
Гидравликалық тығынның құрылысы 3.7-суретте көрсетілген.
Ажыратқыш тетіктер құдықтарда орналастырылады. Ысырма шентеміріне
(фланецтеріне) тҥсетін және температуралық қысымдарды болдырмау үшін
сол құдықтарда өтеуіштер (компенсаторлар) орналастырылады. Дымқыл
газдарды тасымалдағанда ең төменгі нүктелерге шық жинағыштар
орнатылды.
Шық жинағыштардың екі түрі бар:
1. Төменгі қысымдағы шық жинағыштар. Жиналған шық сораптар
арқылы шығарылып тастайды
2. Орташа және жоғары қысымдағы шық жинағыштар. Жиналған шықты
ондағы газдың өз қысымымен шығарып тастайды.Жоғары қысымдағы шық жинағыш
Жоғары (орташа) қысымдағы шық жинағыштар төменгі қысымдағыдан
екінші тік құбырдың орналасуымен ажыратылады. Екінші тік құбыр
болмаған жағдайда шық жер бетіне дейін құбыр бойымен көтеріледі. Қыс
кезінде ол мұз болып қатып қалуы мүмкін.
Сондықтан да екі тік құбырдың бір-бірімен жоғарғы жағынан
жалғануының нәтижесінде қарсылас қысымдар әсерінен шық жоғары көтерілмейді.
Өтеуіштер газ бағытымен қарағанда ысырмалардан кейін орнатылады.
0,3 МПа қысымға арналған қос линзалы өтеуіштер көрсетілген.
Өлшемдеріне байланысты әрбір линзалар 5-10 мм-ге ығысады. Шентеміріне
көлденең тіреуішті (кронштейінді) жалғап бұрандама (болт) арқылы
тартып, қажетті кезде (тетіктерді алмастырғанда) өтеуішті босатуға болады.
Шағын құдықтарда шүмек пен ысырмаларды орналастырғанда құбырдың
бұрылыстарын өтеуіш есебінде пайдалану көптен қолданылуда.
Газ тарату желілерін пайдалану
Газ құбырлары мен жабдықтарының істен шығып қалуын алдын алу, тез
арада анықтап, дер кезінде жөндеу пайдалану қызметіндегілердің
міндеті. Бұл қызметтегілер жер астымен жүргізілген құбырларды
пайдалану үшін мынадай жұмыстарды орындаулары қажет:
- жаңадан жүргізілген газ құбырларын пайдалануға қабылдап
алу;
- жаңадан орындалған құбырларды бұрынғы құбырларға қосу;
- жаңа газ құбырларын іске қосу;
- газ құбырлары мен тетіктерді қадағалау;
- қажетті және кҥрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- қысымды қадағалау;
- тоттанудан сақтау.
Газ құбырларын қабылдау кезінде мұқият қарап, пісіріліп
жалғанған жерлер мен тоттанудан сақтағыш шаралар сапасын тексеру қажет.
Дайын болған газ құбырларын көмбей тұрып қарап, кемшіліктерін
шығару керек. Міндетті түрде құбырлардың жүргізілу тереңдігі,
кеңістігі, қойылған тіреуіштері, тетіктердің жұмысы тексеріледі.
Егерде тексерген кезде ешқандай кемшіліктер болмаса, онда газ
құбырларын жоғарғы қысымдағы ауамен сынауға кіріседі.
Сынау алдында құбырларды тазалау үшін ауамен түгелдей үрлеп
алады. Газ құбырларын сынау екі кезеңнен тұрады. Біріншісі жалғану
беріктігін, ал екіншісі жалпы жұмысын сынау. Сынаудың бірінші кезеңі
құбырларды 20-25 см-ге топырақпен көміп, жалғану ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Газ тарату механизімнің құрлысы»
Газ құбырының тиімді параметрлері
Тұрғын үйді газбен қамту жүйесі
Құю цехы
Газ тарату жүйелерін жобалау
Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлерінде газды пайдалану
Табиғи газдар
Мұнайдың топтық құрамы
Қосалқы станцияларда орнатылған күштік трансформаторлардың сипаттамалары
Атмосфералық ауаны қорғау
Пәндер