Тарихты оқыту барысындағы оқыту әдістері



Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

1. Тарихты оқыту әдіснамасының пайда болуы, дамуы және қалыптаса бастауы.
2. Тарихты оқыту әдістері
3. Тарихты оқыту теориясының әдіснамасының басқа ғылымдармен байланысы
4. Тарихты оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық технологияларды қолдану.

ІІІ Қорытынды

IV Сілтемелер тізімі

V Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мектепте оқытылатын тарих пөні өзінің негізін тарих ғылымынан алады, ал ол ғылымның аса маңызды салаларына жатады. Кез келген өркениетті, дамыған елдер өз мемлекетінің барлық азаматтарын тарихи біліммен қаруландыруға ұмтылады және де оны алдымен өз халқының, өз елінің тарихын оқытып үйретуден бастайды. Тарихи білімді меңгерген адам өзі өмір сүрген қоғамдағы орының атқаратын қызметін, басқа да іс-әрекеттерін дәл анықтай алады. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңес бейткен 1995 жылғы Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасын қабылдаған болатын. Бұл тұжырымдамада оқу орындарында тарихты, әсіресе Қазақстан тарихын оқытуды алдын-ала мөжелеу жөнінде аса жауапты міңдеттер қойылған. Ол міндеттер алдымен жалпы білім беретін мектептерде жүзеге асады. Өйткені елдің барлық азаматтарына жүйелі тарихи білім беретін оқу орны — мектеп. Ол пәнді оқытатын — тарихшы мұғалімдер. Сондықтан да университеттер мен пединституттардың тарих факультеттерінде болашақ тарихшылар 4-5 жыл оқып, орта мектептің тарихшы мұғалімі деген мамандық алады. Осы факультетте оқылатын пәндердің арасыңда "Тарихты оқыту теориясы мен әдістемесі" (ТОТӘ) пәнінің орны ерекше.
Тарихты оқыту күрделі үрдіс, ол өзара байланысты: оқытудың мақсатын анықтау, білім мазмұнын іріктеу, білімді оқытып-үйрету және оны меңгеруге басшылық ету — оқушылардың оқу қызметі – және оқытудың нәтижесі сияқты құрамдас бөлімдерден құралады. Оқыту үрдісі үнемі қозғалыста болады, демек дамып отырады, ол туындаған қайшылықтарды шешу арқылы жетіледі.






Тарихты оқыту пайда болуы, дамуы және қалыптаса бастауы.
Қазақ елінің, оның халықтарының тарихы оқу орындарында қашаннан бастап оқытылған? - деген сұраққа жауап іздеу біздің зерттеуімізге тікелей қатысты болғандықтан, осы мәселеге қатысы бар тарихи, тарихи-педагогикалық еңбектермен, архив деректерімен танысуға тура келді.
Бірқатар деректерге қарағанда мұсылман мектептері мен медре-селер Қазақстан жерінде ҮІІ-УІП ғасырлардан бастап-ақ болған. Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Отырар, Түркістан, т.б. қалалардағы ірі медреселер құдай жолын үйрететін пәндерден басқа заң, әдебиет, логика, риторика, жағырафия, философия сияқты пәндер оқытылған.
Ал, тарих XV ғасырға дейін оқу жоспарына дербес пән болып енгізілмеген, бірақ тарихи материалдар әдебиет, жағырафия, дін, философия сабақтарына қосылып оқытылған. Отырардан шыққан атақты ойшыл, ұлы ғүлама Әбу-Насыр әл-Фараби де алғашқы білімді осы қаланың медресесінде алған /1/.
Ал, XV-XVI ғасырлардағы орта Азия мен Қазақстандағы кейбір медреселердің оқу жоспарына діни, ғылыми пәндермен қатар тарих пәні де енгізілген. Оңтүстік Қазақстанның Отырар, Сайрам, Түркістан, т.б. медреселері Бұқара, Самарқанд медреселерінің оқу жоспарларын пайдаланған. Олардағы тарихи білім мазмұны сол дәуірлерге дейінгі Орта Азия мен Қазақстандағы түркі тілді тайпалар мен мемлекеттер тарихын баяндауға арналған.
Бұл медреселердің оқу жоспарына тарихтың дербес пән болып енгізілуі Ұлықбектің есімімен байланысты. Кейбір ғылыми деректерге қарағанда оның бастауымен XV ғасырда-ақ медреселердің оқу жоспарына тарих дербес пән болып енгізілген. Алғашқы уақытта оның сабақтарыңда Әлем тарихы, Орта Азия тарихы, Ислам тарихы таныстырылды. Тарих оқу жоспарына снгеннен кейін алғашқы тарих оқулығын Ұлықбектің өзі жазған және ол өмір шындығын сол қалпында көрсеткен. Мұхаммед Хайдар Дулати "Тарих и Рашиди" атты еңбегінде Ұлықбектің тарихшы болғанын және "Шыңғыс ханның төрт мемлекеті" оқулығын жазғанын атап өтеді. Бұл оқулықта ұлы монғол империясы — "Ұлы үй" ыдырағаннан кейінгі төрт ұлыстың: Қытай, Монғолия, Жошы ұлысы (Алтын орда), Орта Азия тарихы баяндалады. Бұл оқулық тек Самарқанд медреселеріңде ғана емес, Жошы ұрпақтары билік құрған Түркістан, Созақ, Сығанақ, Отырар, Сайрам, Баласағұн қалаларындағы медреселерде де пайдаланылған.
Ұлықбек медреселерінде Әбу Райхан Берунидің "Өткен ұрпақ ескерткіштері" (188) оқулығы да пайдаланылған. Мұнда бірнеше түркі халықтары тарихының хронологиясы мен діни мейрамдары баяндалған.
Ортағасырлардан XIX ғасырдың соңына дейінгі медреселерде тарих пәні негізінен қасиетті тарих оқулықтарымен (Ислам тарихы, Пайғамбарлар тарихы) және де жеке авторлар кітаптарымен қоса оқытылған. Мәселен Семейдегі "Ахмет Риза" медресесінде қазірге дейінгі сақталған "Тарих Түркия" (16), Тарих-әл-Камл" (Әлемнің Кемел тарихы) кітаптары пайдаланылған. Соңғы кітап ХІ-ХУІІ ғасырлар аралығын қамтиды. Онда Қарахан мемлекеті, Арыслан, Тауғаш хаңдығы, Қашқар қаласы, Хорезм мемлекеті, Тұғырылхан, Атымтай Жомарт, Шайбани әулеті туралы меліметтер кездеседі. Тарих-өл-Камл" осы медреселердегі негізгі тарих оқулығы болған (бұл да Семейдегі Абай мұражайында сақтаулы тұр).
XV ғасырдың 60-жылдарында Қазақ хандығы құрылып, келесі ғасырлардың аяғында оның көлемі де ұлғайып, халқының саны да көбейіп, Қазақ хандығының белгілі мемлекет болып нығайғандығы мәлім. Осыған орай діни мектептер мен медрсселердің саны едөуір көбейіп, олар XVIII ғасырда Қазақстан жеріне жаппай тараған. Солтүстік, Батыс Қазақстанда ашылған мектептер мен медреселердің бірқатарына татар, башқұрт молдалары басшылық еткен. Сондықтан да қазақша оқытатын сол медреселер Қазан мен Уфада дайындалған оқу жоспарларын пайдаланған. Бірақ та XVIII ғасырдағы, оған дейінгі ол медреселерде қандай тарих оқытылды, бұл туралы бізге нақты жауап беретіндей деректер кездескен жоқ. Жалпы Қазан төңкерісі қарсаңында Қазақстанда 84 медресе жұмыс істеген, оларда бес мындай шәкірт оқыған /2/.
XIX ғасырдың ортасына дейін қазақ балаларын оқыту — Құран сүрелерін ұғынбай, жаттап алу басты жетістік деп саналатын мектептерде жүзеге асырылды. Оларда мұғалімнің міндетін көбінесе оқу жоспарлары мен әдістемесінен ешбір
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Т.Т. Тұрлығұл “Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі” Алматы 2003 жыл.
2. Журнал “Қазақ тарихы”
3. Газет “Егемен Қазақстан”
4. С.Қалиев “Алтынсаринның таңдамалы педагогикалық мұралары” Алматы, 1991 жыл.
5. Тұрсын Хазіретәлі “Мектепте тарихы оқыту әдісі” Алматы, 2004 жыл.
6. Журнал “Бастауыш мектеп”
7. Әбдіғұлова Б.Қ. “Тарихты оқыту әдісі” Алматы 2004 жыл.
8. Аманжолов К. “Қазақ ССР тарихын оқытуда көркем әдебиетті пайдалану” Алматы 1989 жыл.
9. Есмағанбетова Ш. “Оқушылардың тарымдық іс әрекеттерін қалыптастыру” Алматы 2002 жыл.
10. Жанысбекова Г.А. “Тарихты оқыту әдісі” Шымкент 2004 жыл.
11. Есламғалиұлы Мұхадес “Шежіренама” Алматы 1998 жыл.
12. М.Қ. Қозыбаев , І. М. Қозыбаев “Қазақстан тарихының христоматиясы” Алматы 1994 жыл.
13. Жұмабаев М. “Педагогика” Алматы, 1992 жыл.
14. Журнал “Қазақстан мектебі”

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Пікір

Курстық жұмыс кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім, сілтемелер
тізімі және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Негізгі бөлімде тарихты оқыту әдіснамасының пайда болуы
дамуы, оқыту әдістері, басқа ғылымдармен байланысы және оқытудың
жаңа педагогикалық , ақпараттық технологияларды қолдану деген жеке
– жеке 4 тақырыпты қарастырады.
Жұмыс жоспар бойынша жүйелі жазылған. Курстық жұмысты жазу
барысында студент ғылыми әдебиеттерді орынды пайдалана білген.
Жұмыс қорғауға жіберілді.

Ғылыми жетекші:

Тақыпытың өзектілігі:
Қазақстан тарихының оқыту әдістемесі туралы мәселені
қозғағанда оның бастауында Ресей империясы мектептерінде
тарихты оқыту әдістемесі мен тәжірибесі тұрғанын атап өту
әділдік. Жоғары айтып өткеніміздей Ы. Алтынсарин ғылыми әдістемелік
еңбектерін жазғанда Ресей педагогтарының еңбектерін
басшылыққа алғаны белгілі.
Тарих пәнінің тәрбиеленушілік мүміндігі өте мол. Өйткені ол
бүкіл адам баласының ғасырлар бойы жинаған тәжірибесін баяндайды.

Тақырыптың мақсаты мен міндеті:
Кеңес елі тұсында тарих пінін оқыту барысында оқушыларды
тәрбиелеудің ең негізгі бағыттары: Марксизм - ленинизм идеясына
берілгендік, дүние жүзінде капитализмнің құрып, комунистік
қоғамның салтанат құратынын сендіру, социалистік идеологиялардан
басқа иедеологиялардың бәрін жек көру, дінді жек көру
рухында тәрбиелеу болды.
Тәрбиенің мұндай бағыттарының теріс екендігін өмір
тәжірибесі көрсетті. Сондықтанда біз қазір (Қазақстан
мектептеріндегі) тәрбиенің міндеттерін анықтағанда мұндай теріс
бағыттардан бас тартамыз. Тарих сабақтарында оқушылардың дүниеге
ғылыми көзқарасы қалыптастырылады, адамгершілікке , имандылыққа,
ізгілікке тәрбиелейді.

Тақырыбы: Тарихты оқыту барысындағы оқыту әдістері

Жоспар

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім

1. Тарихты оқыту әдіснамасының пайда болуы, дамуы және қалыптаса
бастауы.
2. Тарихты оқыту әдістері
3. Тарихты оқыту теориясының әдіснамасының басқа ғылымдармен
байланысы
4. Тарихты оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық технологияларды
қолдану.

ІІІ Қорытынды
IV Сілтемелер тізімі
V Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Мектепте оқытылатын тарих пөні өзінің негізін тарих ғылымынан алады,
ал ол ғылымның аса маңызды салаларына жатады. Кез келген өркениетті,
дамыған елдер өз мемлекетінің барлық азаматтарын тарихи біліммен
қаруландыруға ұмтылады және де оны алдымен өз халқының, өз елінің тарихын
оқытып үйретуден бастайды. Тарихи білімді меңгерген адам өзі өмір сүрген
қоғамдағы орының атқаратын қызметін, басқа да іс-әрекеттерін дәл анықтай
алады. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік
саясат жөніндегі Ұлттық Кеңес бейткен 1995 жылғы Қазақстан Республикасында
тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасын қабылдаған болатын. Бұл
тұжырымдамада оқу орындарында тарихты, әсіресе Қазақстан тарихын оқытуды
алдын-ала мөжелеу жөнінде аса жауапты міңдеттер қойылған. Ол міндеттер
алдымен жалпы білім беретін мектептерде жүзеге асады. Өйткені елдің барлық
азаматтарына жүйелі тарихи білім беретін оқу орны — мектеп. Ол пәнді
оқытатын — тарихшы мұғалімдер. Сондықтан да университеттер мен
пединституттардың тарих факультеттерінде болашақ тарихшылар 4-5 жыл оқып,
орта мектептің тарихшы мұғалімі деген мамандық алады. Осы факультетте
оқылатын пәндердің арасыңда "Тарихты оқыту теориясы мен әдістемесі" (ТОТӘ)
пәнінің орны ерекше.
Тарихты оқыту күрделі үрдіс, ол өзара байланысты: оқытудың мақсатын
анықтау, білім мазмұнын іріктеу, білімді оқытып-үйрету және оны меңгеруге
басшылық ету — оқушылардың оқу қызметі – және оқытудың нәтижесі сияқты
құрамдас бөлімдерден құралады. Оқыту үрдісі үнемі қозғалыста болады, демек
дамып отырады, ол туындаған қайшылықтарды шешу арқылы жетіледі.

Тарихты оқыту пайда болуы, дамуы және қалыптаса бастауы.
Қазақ елінің, оның халықтарының тарихы оқу орындарында қашаннан
бастап оқытылған? - деген сұраққа жауап іздеу біздің зерттеуімізге тікелей
қатысты болғандықтан, осы мәселеге қатысы бар тарихи, тарихи-педагогикалық
еңбектермен, архив деректерімен танысуға тура келді.
Бірқатар деректерге қарағанда мұсылман мектептері мен медре-селер
Қазақстан жерінде ҮІІ-УІП ғасырлардан бастап-ақ болған. Исфиджаб, Тараз,
Сайрам, Отырар, Түркістан, т.б. қалалардағы ірі медреселер құдай жолын
үйрететін пәндерден басқа заң, әдебиет, логика, риторика, жағырафия,
философия сияқты пәндер оқытылған.
Ал, тарих XV ғасырға дейін оқу жоспарына дербес пән болып
енгізілмеген, бірақ тарихи материалдар әдебиет, жағырафия, дін, философия
сабақтарына қосылып оқытылған. Отырардан шыққан атақты ойшыл, ұлы ғүлама
Әбу-Насыр әл-Фараби де алғашқы білімді осы қаланың медресесінде алған 1.
Ал, XV-XVI ғасырлардағы орта Азия мен Қазақстандағы кейбір
медреселердің оқу жоспарына діни, ғылыми пәндермен қатар тарих пәні де
енгізілген. Оңтүстік Қазақстанның Отырар, Сайрам, Түркістан, т.б.
медреселері Бұқара, Самарқанд медреселерінің оқу жоспарларын пайдаланған.
Олардағы тарихи білім мазмұны сол дәуірлерге дейінгі Орта Азия мен
Қазақстандағы түркі тілді тайпалар мен мемлекеттер тарихын баяндауға
арналған.
Бұл медреселердің оқу жоспарына тарихтың дербес пән болып енгізілуі
Ұлықбектің есімімен байланысты. Кейбір ғылыми деректерге қарағанда оның
бастауымен XV ғасырда-ақ медреселердің оқу жоспарына тарих дербес пән болып
енгізілген. Алғашқы уақытта оның сабақтарыңда Әлем тарихы, Орта Азия
тарихы, Ислам тарихы таныстырылды. Тарих оқу жоспарына снгеннен кейін
алғашқы тарих оқулығын Ұлықбектің өзі жазған және ол өмір шындығын сол
қалпында көрсеткен. Мұхаммед Хайдар Дулати "Тарих и Рашиди" атты еңбегінде
Ұлықбектің тарихшы болғанын және "Шыңғыс ханның төрт мемлекеті" оқулығын
жазғанын атап өтеді. Бұл оқулықта ұлы монғол империясы — "Ұлы үй"
ыдырағаннан кейінгі төрт ұлыстың: Қытай, Монғолия, Жошы ұлысы (Алтын орда),
Орта Азия тарихы баяндалады. Бұл оқулық тек Самарқанд медреселеріңде ғана
емес, Жошы ұрпақтары билік құрған Түркістан, Созақ, Сығанақ, Отырар,
Сайрам, Баласағұн қалаларындағы медреселерде де пайдаланылған.
Ұлықбек медреселерінде Әбу Райхан Берунидің "Өткен ұрпақ
ескерткіштері" (188) оқулығы да пайдаланылған. Мұнда бірнеше түркі
халықтары тарихының хронологиясы мен діни мейрамдары баяндалған.
Ортағасырлардан XIX ғасырдың соңына дейінгі медреселерде тарих пәні
негізінен қасиетті тарих оқулықтарымен (Ислам тарихы, Пайғамбарлар тарихы)
және де жеке авторлар кітаптарымен қоса оқытылған. Мәселен Семейдегі "Ахмет
Риза" медресесінде қазірге дейінгі сақталған "Тарих Түркия" (16), Тарих-әл-
Камл" (Әлемнің Кемел тарихы) кітаптары пайдаланылған. Соңғы кітап ХІ-ХУІІ
ғасырлар аралығын қамтиды. Онда Қарахан мемлекеті, Арыслан, Тауғаш хаңдығы,
Қашқар қаласы, Хорезм мемлекеті, Тұғырылхан, Атымтай Жомарт, Шайбани әулеті
туралы меліметтер кездеседі. Тарих-өл-Камл" осы медреселердегі негізгі
тарих оқулығы болған (бұл да Семейдегі Абай мұражайында сақтаулы тұр).
XV ғасырдың 60-жылдарында Қазақ хандығы құрылып, келесі ғасырлардың
аяғында оның көлемі де ұлғайып, халқының саны да көбейіп, Қазақ хандығының
белгілі мемлекет болып нығайғандығы мәлім. Осыған орай діни мектептер мен
медрсселердің саны едөуір көбейіп, олар XVIII ғасырда Қазақстан жеріне
жаппай тараған. Солтүстік, Батыс Қазақстанда ашылған мектептер мен
медреселердің бірқатарына татар, башқұрт молдалары басшылық еткен.
Сондықтан да қазақша оқытатын сол медреселер Қазан мен Уфада дайындалған
оқу жоспарларын пайдаланған. Бірақ та XVIII ғасырдағы, оған дейінгі ол
медреселерде қандай тарих оқытылды, бұл туралы бізге нақты жауап беретіндей
деректер кездескен жоқ. Жалпы Қазан төңкерісі қарсаңында Қазақстанда 84
медресе жұмыс істеген, оларда бес мындай шәкірт оқыған 2.
XIX ғасырдың ортасына дейін қазақ балаларын оқыту — Құран сүрелерін
ұғынбай, жаттап алу басты жетістік деп саналатын мектептерде жүзеге
асырылды. Оларда мұғалімнің міндетін көбінесе оқу жоспарлары мен
әдістемесінен ешбір хабары жоқ молдалар атқарды" деген де мәліметтер
кездеседі (100). Шынында да бірқатар ауылдық діни мектептердегі оқу-тәрбие
жұмысының төменгі дәрежеде екенін қазақтың көрнекті ағартушылары Шоқан,
Ыбырай, Абайдың қатты сынағаны белгілі. Бұл айтылғандардан қазақ тілінде
оқытатын мектептердің бәрінде оқу сапасыз болды деген қорытынды жасалмауы
тиіс.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап ашыла бастаған орыс-қазақ
мектептері мен әр түрлі училищелерде де қазақ тарихы немесе оның
материалдары оқытылды деген ғылыми да тарихи деректер әзірге кездескен жоқ.
Бірақ басқа тарих курстары оқытылды деген мәліметтер бар.
Мәселен, 1850 жьшы Орынбор шекаралық комиссиясы жанынан ашылған қазақ
мектебінде ғылым негіздерінен 9 пән оқытылған, олардың бірі — тарих, оған
аптасына 2 сағат бөлінген. 80-жылдары екі кластық орыс-қазақ училшцелерінде
тарих пәні Острогорскийдің "Орыстың қысқаша тарихы", ал дүние жүзі тарихы
Беллярминовтың оқулықтарымен оқытылған.
Өзіміз танысқан ғылыми еңбектерге және басқа деректерге сүйен-сек,
қазақ тарихынан материалдар іріктеген, оны оқытуға тұңғыш талап жасаған
Ыбырай Алтынсарин екенін байқаймыз. Ол дайыңдаған "Қазақ хрестоматиясыңың"
бірінші бөлімінде тарихи материалдар, солардың ішінде тікелей қазақ
тарихынан алынғандары да бар. Олар "Жәнібек батыр" (кәдімгі Шақшақ Жәнібек
Қошқарұлы), "Жиренше шешен", "Киіз үй мен ағаш үй", "Қыпшақ Сейітқүл", т.б.
тарихи әңгімелер.
Өзі сабақ берген мектептерде орыс тарихын оқыта жүріп, қазақ тарихының
да білімдік, тәрбиелік маңызы зор екенін көре білді. Сондықтан да өзі
жасаған оқу құралдарына қазақ тарихьшан көбірек материалдар ендіруге
ұмтылды. Қазір қазақ хрестоматиясының екінші бөлімін құрастырып жатыр едім,
- деп жазады ол Н.И.Ильминскийге, — ал кітаптың осы бөлімінің тарих
тарауында қазақ тарихынан да мақалалар берілуі керек еді, бірақ оған еш
жерден материал таба алмай отырмын. Тіпті, Левшин мен Веляминов-Зерновтың
шығармаларын да еш жерден таба алмадым. Әрі қарай осындай материал табуға
көмектесуді сұрайды 3.
Біз танысқан материалдар Ыбырай Алтынсариннің сол кездегі
Қазақстандағы оқу орындарында пайдаланып жүрген тарих оқулықтарының
құрылымы мен мазмұнын жақсы білгендігін, оларға сын көзімен қарап,
тиімдісін тандап алғандығын байқатады. Ол тарих оқулықтарын пайдалану
әдістерінде, сондай-ақ тарих мұғалімдерінің білімі мен көситтік шеберлігін
жетілдіруге де назар аударған. В. В. Катаринскийге жазған хатында: біздің
барлық мектептерімізде Отанымыздың суретпен көрсетілген тарихы бар
болғандықтан, осы суреттерге сай Рождественскийдің "Отан тарихын" жаздырып
алуды қажет деп отырмын" дейді (1885, 5 наурыз, Ақтөбе). Білімі нашар
оқушылардың бар екендігін және олардың кітап оқымайтындығын қынжыла айтады.

ХХ ғасырлардағы Қазақстан қалаларындағы медреселерде тарих пәнін оқыту
барысында, оның түркі тайпалары мен хандықтары, немесе ислам тарихы, татар
тарихы екеніне қарамастан қазақ халқы мен қазақ хандығы тарихына қатысты
материалдар аздап болса да қамтылды деп болжам жасауға болады.
Біздің бұл ойымызды жоғарыда келтірілген Семей қаласындағы "Абай"
мұражайындағы "Медресе" бөлімінде тұрған Ибн ал-Асирдің "Тарих-өл-Камл"
(Әлемнің Кемел тарихы) оқулығы дәлелдейді.
Сол кезендердегі оқу-ағарту ісінің тарихын баяндайтын ғылыми еңбектерде де
XIX, XX ғасырлардағы қазақтың мерзімді баспасөз беттерінде де ("Түркістан
уәлайаты", "Қазақ" газеттері мен "Айқап" журналы) оқу орындарында қазақ,
Қазақстан тарихының оқытылғаны, не оны оқытудың қажеттігі туралы материал
кездестірген жоқпыз 4.
VIII ғасырдан бастап қазіргі Қазақстан жеріне араб алфавитінің еніп,
біртіндеп арабша жазудың үстемдік алуына байланысты барлық құжаттар да,
ғылыми еңбектер мен оқу құралдары да, т.б. негізінен арабша жазылғаны
белгілі. Олардың көбі қалалардағы мешіттер жанындағы медреселерде, солардың
кітапханаларыңда, басқа да мәдени орындарда сақталды. Алайда көптеген
мәдениет ошақтары сырттан болған шапқыншылықтан тасталқан етіліп,
кітапханалардың өртеніп кеткені белгілі. Олардан аман қалған бірен – саран
ескерткіштер, азын-аулақ жазбаша деректер мен материалдар Кеңес өкіметі
тұсында мүлдем құртылды. Егер де медреселердің оқу жоспарлары, оқу
пәндерінің бащарламалары мен оқулықтары, олардағы оқу-тәрбие жұмысын
сипаттайтын басқа да құжаттар мен деректер сақталған болса, орта ғасырдан
бастап, Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан жеріндегі медреселерде
оқытылған тарих пәнінің білім мазмұны мен оқытылу жайы туралы мәлімет алуға
болар еді.
Бұл мәселені ғылыми тұрғыда зерттеп шешу келешектің ісі. Қазақстан
тарихына қатысты, әсіресе арапша жазылған көптеген жазбаша деректер жақын
және алыс шетелдердің кітапханаларында, архивтерінде, басқа да мәденитарихи
орыңдарында сақтаулы.
Қазіргі егеменді қазақ елі тарихының өз оқу орындарында XX ғасырдын,
30, немесе 60-жылдарынан емес, ҮІП не ХІУ-ХҮ ғасырларынан басталғанын
дәлелдеп шығу, тек ғылыми ғана емес, саяси да маңызы бар мәселе.

Тарихты оқыту әдістері
Қазірге дейін дидактикада (оқыту теориясында) оқыту әдістері толық
жіктеліп-сарапталып болған жоқ. Мәселен, тарихты оқыту әдістемесі туралы
белгілі еңбектерде оқыту әдістері негізінен төмендегінше жіктеліп-
сарапталады: 1. Тарихи материалды ауызша хабарлау әдістері: бұған
мұғалімнің ауызша баяндауы, әңгімесі, түсіндіруі, мектеп лекциясы,
оқушылармен әңгімелесуі жатқызылды; 2. Тарихты көрнекі құралдар көмегімен
оқыту әдістері: бұған бояулы суреттер, оқулықтағы иллюстрациялармен жұмыс
жүргізу әдістері және портретті, карикатураны, картаны, экрандық және баска
да техникалық құралдарды пайдалану жатқызылды; 3. Тарихты оқытқаңда түрлі
мәтіңдермен жұмыс істеу әдістері: бұған оқулықпен, тарихи құжаттармен,
көркем әдебиетпен жұмыс істеу әдістері қосылды 5.
Оқыту әдістерін бұлайша жіктеу-сараптауда мұғалім мен оқушының сабақ
үстінде атқарған жұмысы және сол жұмысты ұйымдастыруда пайдаланылған құрал
(тарихи қүжат, көрнекі не техникалық құрал, оқулық т.б.) шешуші рөл
атқарды.
Өткен ғасырдың екінші жартысында кеңестік педагогика ғылымы, соның
ішінде дидактика едәуір дамыды. Сабаққа қатысты басты жаңалықтардың бірі —
жаңа тақырыпты оқып үйренуге бүкіл сынып оқушыларын қатыстыру және осы
қатысу барысында оны меңгеру үшін оқушылар өздері ой қызметімен шұғылдануы
керек. Оқушылардың меңгерген білімі олардың өздерінің ойлау қызметінің іс-
әрекетінің нәтижесі болуы тиіс. Сонда ғана алған білім берік болады.
Сөйтіп, сабақта оқушылардың таным, ойлау қызметін, іс-әрекетін дамыту
бірінші кезекке шықты, басты міндет етіп қойылды.
Осыған сәйкес оқыту теориясы саласында еңбек етіп жүрген бірқатар
ғалымдар барлық пәндерге ортақ деп оқыту әдістерін төмендегіше жіктеп-
саралады:
Иллюстрациялап түсіндіру әдісі - бұл мұғалімнің ауызша баяндауын және
өңгімелеп тұрып, пайдаланылатын басқа құралдарды (оқулықпен, техникалық,
көрнекі т.б. құралдар, көркем әдебиет т.б.) қамтиды. Бұл әдісті қолдану
барысында мұғалім де, оқушылар да қызмет етеді.
Репродуктивті әдіс — оқушыларға қажетті біліктерді қалыптастыруды
көздейді. Өйткені, оқушылар иллюстрациялап тусіндіру кезінде меңгерген
білімін қолдануға қажетті біліктерді меңгере алмайды. Олар осы екінші
әдісті қолдану арқылы жүзеге асады. Бұл әдісті пайдалану кезінде оқушылар
мұғалімнің басшылығымен ол оқытып үйреткен білімді өздігінше бірнеше рет
және әртүрлі жағдайда еске түсіруге мүмкіндік беретін жұмыс түрін атқарады.
Мәселен, бүгін өтілген тарихи оқиғаны бұрын оқытылып кеткен ұқсас оқиғамен
салыстырып, ұқсас белгілері мен ерекшеліктерін табады, өтілген материал
бойынша жоспар жасайды, тарихи факгілерге өздігінше баға береді, теориялық
қорытындыларға, тұжырымдарға тарихтан, өмірден өздігінше нақты мысалдар
келтіреді, түрлі схемалар, кестелер сызады т.б.
Проблемалық оқыту әдісі — мұның мәнісі мұғалім жаңа тақырыпты баяндар
алдында, немесе оның белгілі бір маңызды мәселесін түсіндіруге кіріскенде
оқушылардың алдына проблема қояды, оның шешілуі туралы ғылыми болжам
жасайды, соған жетудің әртүрлі жолдарын, нұсқаларын ұсынады. Оқушьшар
мұғалімнің әңгімесін зер сала тыңдай отырып, проблеманы шешу логикасын
қадағалайды, алдын ала жасалған ғылыми болжамдардың, шығарылған
қорытындылардың қайсысының қаншалықгы дұрыстығын, дәделділігін аңғарады.
Ішінара іздену немесе эвристикалық әдіс — оқушыларды бірте-бірте
белгілі бір проблемаларды өздігінше шеше алу дережесіне дейін жеткізуді
көздейді, осыған қажетгі біліктерді біртіндеп қалыптастырады. Мәселен,
бояулы суретке, құжатқа, түсінген мәселеге байланысты сұрақ қоя отырып,
проблеманы шешуге үйретеді; естіген фактілері бойынша қорытынды жасауды,
немесе өздерінің болжамдарын айтуды ұсынады т.б.
Зерттеу әдісі — шығармашылықпен жұмыс істеу тәсілін және білім мен
біліктерді толық үйретіп, меңгертуді мақсат етеді. Бұл әдіс Кеңес мектебі
тәжірибесінде ұзақ уақыт және кеңінен қолданылды, сонымен бірге өзінің
тиімді екенін де көрсетті. Зерттеу әдісі — ғылыми тұрғыда танып білудің
тәсілдерін меңгеруге көмектеседі; шығармашылықпен жұмыс істеудің бұған
дейінгі айтылып өткен белгілерін қалыптастырады; өздігінше зерттеу жұмысын
жүргізуге қызығатын оқушылардың ынтасын ұштай түседі; оқушылар білімді
толық әрі саналы түрде меңгереді және оны ұтымды орынды қолдана алуға
үйренеді.
Сөйтіп оқушылардың іс-әрекетін, ойлау, таным қызметін дамытуға,
бағытгалған бұл әдістер белгілі жоспармен, жүйемен жүргізіледі, демек
белгілі бір сатыларға бөлінеді. Алғашқы әдіс — бірінші саты, екінші-
төртінші әдістер — екінші саты, соңғы әдіс — үшінші саты (128). Белгілі
дидактик-ғалым И. Я. Лернер өз еңбегінде жоғарыдағы оқыту әдістері туралы
өзінің ғылыми тұжырымдарын одан әрі жетілдіріп, ол әдістерді тарих пәні
мысалы арқылы былай деп көрсетеді (автордың алғашқы, негізгі мамандығы —
"тарих пәнінің мұғалімі" - Т.Тұрлығүл).
"Тарихи материалды оқып, танып білу және оны меңгеру үшін көптеген
тәсілдер мен құраддар қолданылады, алайда олардың бәрі біз келтіріп отырған
төмендегі оқыту әдістерінде қамтылады.
Информациялырецептивті (дайын рецеппен) (I) - әдіс әңгіме, лекция,
экскурсия түрінде, оқулықтың, натурадды немесе жазбаша тарихи құжаттың,
тарихи объектінің көшірмесі не суретінің көмегімен жүзеге асырылады. Түрлі
жұмыс формалары мен құралдар: оқулық, құжат, сурет, әңгіме, лекция,
экскурсия барысында ұштастырыла пайдаланылады. Білімді хабарлау негізінен
оқулық бойынша жүргізіледі.
Репродуктивті (қайта еске түсіру) (2) - әдіс тарихты оқыту барысында
мұғалім берген тапсырма бойынша оқушылардың белгілі бір мәтінімен ауызша,
жазбаша жаттығуларды, басқа да оқу қызметтерін өздігінше орындауы арқылы
жүзеге асады. Бұл әдіс репродуктивті әңгімелесу - қайта еске түсіру арқылы
да орындалады. Қолданылатын құралдар бірінші әдісте көрсетілгендер.
Проблемалық (III) - информациялық-рецептивті әдісте қолданылған жұмыс
түрлері мен құралдар пайдаланылады, бірақ айтылатын хабардың мазмұны
басқаша болады.
Эвристикалық (тапқырлық) әдіс (IV) - эвристикалық әңгімелесуді,
ізденуді талап ететін тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орыңдауды (қиыңдық
келтірген жағдайда), оқушьшардың іс-әрекетіне дұрыс бағыт беру үшін
мұғалімнің толықтырушы жағдайлар туғызуын көздейді. Мұнда да бұрынғы
құралдар пайдаланылады.
Зерттеу (V) - әдісі де сол құралдардың көмегімен жүзеге асады. Ол
зерттеу сипаты бар тапсырмалар беру арқылы орындалады.
Оқу пәнін, бұл жерде тарихты, оқытуға арналған әдістер барлық кезде де
нақты тәсілдер арқылы іске асырылады, ал оларды біріктіріп тұтас және бір-
бірімен ұштастыра қарасақ, оның бәрі жиылып оқыту әдістемесін құрастырады
6.
Жоғарыда келтірілген оқыту әдістері жүйесін толық басшылыққа алып,
оларды түгелдей пайдаланып жүрген мұғалімдер әлі аз.
Ал, қазақ мектептері тарихшыларының тәжірибесінде көбіне
иллюстрациялап-түсіндіру немесе информациялы-рецевтивті және эвристикалық
әдіс қолданылады, қалған әдістер көпшіліктің тәжірибесінде кездесе
бермейді. Өйткені оларды қолдауға белгілі бір жағдай керек, ең алдымен
мұғалімнің де оқушылардың да қажетті дайындығы болуы тиіс.
Мәселен, тарихтан жаңа сабақты оқытып үйреткенде проблемалық баяндау
өдісін қолдану үшін төмендегілерді ескеру қажет.
Алдымен проблеманы дұрыс тандай білу керек. Оқушылардың алдына
қойылатын проблема осы сыныптың шамасына лайық, яғни оқушылар оны дұрыс
түсінетіндей және оларды қызықтыратындай болғаны дұрыс.
Екіншіден, берілген проблеманы шешуге оқушылар белсене қатысуы үшін
немесе шешілу жолдарын толық аңғаруы үшін төмендегідей білім негіздерімен
қамтамасыз етілуі тиіс. Олар: а) проблеманы шешуге қажетті фактілер мен
білімдер; ә) проблеманы шешуге қатысы бар жалпы қағидалар; б) проблеманы
шешетін тәсілдерді меңгерту немесе оқушылардың сол тәсілдерді өздігінше
табуына жағдай жасау; үшіншіден, проблеманың шешілуін тексеруге, оның
негізділігін, логикалық дұрыстығын анықтауға, немесе оның дұрыс
шешілгендігін талдап дәлелдеуге, қажет болған жағдайда өзгертулер енгізуге
оқушыларды белсене қатыстыру.

Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесінің басқа ғылымдармен
байланысы
Педагогика ғылымының белгілі бір саласы болғандықтан тарихты оқыту
теориясы мен әдістемесі қоғамдық ғылымдарға жатады дедік. Оның әдіснамалық
негізі диалектикалық, тарихи материализм, сондай-ақ білім мазмұнын
анықтауда ол дүние жүзінің, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстанның белгілі
ғұлама ғалымдарының, ойшылдарының, ағартушыларының білім, тәрбие жөнінде
айтқандарын басшылыққа алады.
Тарихты оқыту теориясы мен әдістемесі педагогиканың дидактика
саласымен тығыз байланысты. Дидактика кез келген пәннің оқыту әдістемесінің
негізі, Ол оқудың білім мазмұнын, оны ұйымдастырудың түрлерін, оқытудың
занды ұстанымдарын баяндайды. Демек әдістеме жеке пәндерді оқытудың
ерекшеліктерін баяндайтын болса, дидактика оқытудың барлық пәндерге ортақ
жалпы заңдылықтарын ашып береді. Дидактиканың негізін салған Ян Амос
Коменский өзінің."Ұлы Дидактикасында" оқыту теориясының түйінді мәселелерін
көрсетіп берді. Оқытуда нәтижеге жетудің аса қажетті дидактикалық
ұстанымдарын ұсынды. Қазірге дейін мектептерде қолданылып жүрген оқытудың
көрнекілік, жүйелілік, бірізділік, ғылымилық, түсініктілік ұстанымдарын
көрсетіп берді. Адамның табиғатты зерттеп меңгеруі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі дүние тарихын оқытуда компьютерлі техниканы пайдалану
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Тарихты оқытудың әдістері және оларды топтастыру
Тарихты оқыту әдістемесінің зерттейтін объектілері, басқа пәндермен байланыстылығы
Мектепте тарихты оқытудың әдістемесі – педагогикалық пән
Қазақстан тарихын оқыту әдістері
Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы
Қазақ хандығының шығу тарихы
Болашақ тарих пәні мұғалімінің кәсіби маңызды сапаларын қалыптастырудың көкейкесті мәселелері
ТАРИХТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Пәндер