Қазақстан Республикасындағы мұрагерлік құқық және оның қалыптасу кезеңдері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1. Мұрагерлік құқық және мұрагерлік туралы жалпы ережелер
1.1 Мұрагерлік түсінігі және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Мұрагерлік қатынасының субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

1.3 Мұраның құрамы мен мұраның ашылу орны және уақыты ... ... ... ... ...17
2. Заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлік
2.1 Заңды мұрагерліктегі кезек тәртібі мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.2 Өсиет бойынша мұрагерлік мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.3 Қазақстан Республикасындағы соттардың мұрагерлік құқық нормаларын қолдану жөніндегі сот тәжірибесі мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34

3. Мұрагерлік мүлікті қорғау және бөлу

3.1 Мұрагерлік мүлікті қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38

3.2 Мұрагерлік мүлікті бөлу тәсілдері және мұраны қабылдауда құқықтың өтуі (мұрагерлік трансмиссия) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
3.3 Халықаралық құқық нормаларына сәйкес мұрагерліктің ерекшеліктері ... .47

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Азаматтық құқық ғылыми сол құқық саласын зерттейтін жүйеге сәйкес келетін жүйені қамтиды, бірақ олар өзара тепетеңдікте бола қоймайды.
Азаматтық ғылым жүйесі азаматтық заңдарда, сонымен қатар азаматтық кодексте жоқ бөлімдерді де қамтиды. Мысалы, азаматтық құқық пәні, азаматтық-құқықтық әдістеме ұғымдары, азаматтық құқық қатынастары туралы ілім тарихы, оның субъектілері мен объектілері туралы, меншік құқығы туралы жалпы ілім, міндеттемелер туралы, интеллектуалдық меншік туралы, мұрагерлік құқық қатынастары туралы жалпы ілім жөнінде айтсақ та жеткілікті.
Ғылым азаматтық құқықтың не екендігін зерттейді. Бұл орайда қоғамдық қатынастарды тиісінше реттейтін құралдар мен әдістерге ерекше мән беріледі. Әдіс туралы ілім ғылымда әдістеме деп аталады.
Заңгер үшін азаматтық-құқықтық жағдайлардан жол тауып шыға білуі үшін дағды керек. Мұндай дағдыларға ғылыми талдау жасау және азаматтық-құқықтық жағдайларды шешудің ғылыми әдістері жатады.
Егеменді Қазақстанның азаматтық құқық ғылыми одан әрі творчестволық дами түсуі мақсатында және алда тұрған міндеттерді орындау үшін бүгінде зор мүмкіндіктерге ие.
Қазақстанның азаматтық құқығы өз дамуының бiрнеше кезеңiнен өттi. Республиканың ауқымды кодификацияланған актiсi болып табылатын қазiргi Азаматтық кодекс осы заманғы азаматтық құқық идеяларын қамтиды. Кодекс тауар-ақша қатынастарын реттеудiң: меншiк нысандарының теңдiгi және оған қол сұғылмаушылық, шарттың еркiндiгi, азаматтық айналым субъектiлерiнiң теңдiгi тәрiздi негiзгi принциптерiн қалады.
Азаматтық кодекс негiзiнде нарық экономикасын дамытуға жағдай жасаған заңдардың негiзгi пакетi жасалды.
Азаматтық құқығында мұрагерлік құқық қатынастары үлкен маңызы бар. Мұрагерлік тікелей өзі белгіленген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша азаматтарға мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдiк берiледi [1] .
Мұрагерлік өсиет және заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет қалдырылмаған немесе бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ Азаматтық кодексте белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж.
2. Серебровский В.И. Избранные труды по наследственному и страховому праву. - М, Статус. 1997. -347 б.
3. Братусь С.Н. Предмет и система гражданского права. М., Госюриздат. 1993.- 197 б.
4. Новейший энцоклопедический словарь (НЭС). - М., 1994. -694 б.
5. Гущин В.В., Гуреев В.А. Наследственное право России. - М., Эксмо, -2009.- 410 6.
6. Омарова У.А. Основные институты наследственного право России и степень отражения в них принципа социальной справедливости. -Канд.дисс. М., Дагистанский ГУ. 1999.с.254
7. Древний мир право казахов. Материалдар, құжаттар және зерттеулер. 10 томда. I том // Бас редактор, «Бағдарлама» жетекшісі С.З.Зиманов, Алматы, 2001,- 440 б.
8. Рясенцев ВА. Наследование по закону и по завещанию в СССР. - М., Юридическая литература 1992. - 145 б.
9. Ахметова НС, Қожахметов Г.З. Ереже - положения съезда биев. - Караганды, 1997,- 123 б.
10. Қазақтардың әдет-ғұрып заңдары туралы материалдар: ғылыми басылымдар жинағы // Құрастырған: Т.М.Культелеев, М.Г.Масевич, Г.Б.Шакаев, Алматы, 1998,-464 6.
11. Краюшкин И.А. Институт наследования: прошлое, настоящее, современные тенденции. // Нотариус. 2002. №1. -22-24 б.
12. Серебровский В.И. Очерки советского наследственного права, - М., 1993, - 289 6.
13. Набиев С.Р, Обязательная доля в наследстве и особенности их применения при наследовании авторских прав. Монография. - М., РГИИС - 2009. -1236.
14. Егоров Н.Д. Наследственное правоотношение // Вестник ЛГУ. Право. Вып. 3.- 1988.-№6.-70-75 б.
15. Антимонов Б.С., Граве К.А. Советское наследственное право . - М.,Госюриздат, 1995.-264б.
16. Немков А.И. Очерки наследственного права. -Воронеж. 1999. - 120 б.
17. Гражданское право. Т.2 - М.: Юрид. лит., 1996. -525 6.
18. Шершенеевич Г.Ф. Учебник гражданского права. - Казань, 1997, 567 б.
19. Гражданское право. В 2т. / Жау.ред. Е.А.Суханова. - М., Юрид. лит. 1993.
20. Бабыкова Э.Б. Правовое регулирование наследования в Республике Казахстан: Канд.дисс.. - А, 2003.
21. Эйдинова Э.Б. Наследование по закону и по завещанию. - М., Юр.лит. 1994.с.29
22. Толстой Ю.К. Наследственное право. - М., 2000, - 224 б.
23. Никитюк П.С. Наследственное право и наследственный процесс. (Практика мен теориядағы мәселелер), - Кишинев, 1993, - 533 б.
24. Барщевский М.Ю. Правовое регулирование наследования по завещанию. -Канд.дис.М.,-1994.с.103
25. Лукашева Е.А. Принципы социалистического права // Советское Государство и права, 1990. №6 - 22-26 б.
26. «ҚР авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы 10.06.1996 ж. // ҚР интелектуалдық меншік, А, 2002.
27. «ҚР Нотариат туралы» Заңы 14.07.1997ж.- А,Юрист. 2009ж.
28. Гражданское право. Оқулық. IІІ бөлім / Жауапты А.П.Сергеева, Ю:К.Толстого. - М., Проспект, 1998. - 632 б.
29. Барщевский М.Ю. Наследственное право. - М., МП «Исток», 1996. -182 б.
30. Ягудин Н.К. Наследственное право в вопросах и ответах. - Ростов н/Д, Феникс. 2001.-96 б.
31. Чепига Т.Д. Наследование по завещанию в советском гражданском праве. - Автореф. Кан.дисс. - М., 1995.
32. Энцеклопедический словарь Брокгауза и Ефрона. - М.., 2002.
33. Акатов А.А. Юридические факты в советском наследственном праве. - Саратов,-1997.
34. Инцас В.Л. О субъектах наследственных правоотношений. // Ленинград Университетінің Хабаршысы. 1997. №23 -147-152 б.
35. Серебровский В.И. Основные понятие советского наследственного права. // Советское государство и право, 1996, - №1, 65-69 б.
36. Гренкова О.В. Наследование в Англии и Франции. (Салыстырмалы құқықтық зерттеу). Канд.дисс.-М., 1991
37. Тархов В.А. Советское наследственное право. 2 бөлім.-Саратов.1999. -232 б.
38. Власов Ю.Н., Калинин В.В. Наследование по закону и по завещанию. - М., Юрайт, 2001.-248 б.
39. СамойловС.А., Сидоров В.Е. Вы – наследник.-М., 1999.-192 б.
40. Зайцева Т.И., Крашенинников П.В. Наследственное право. - М., Статус. 2002. - 83 б.
41. Антимонов Б.С., Герзон С, Шлифер Б. Наследование и нотариат. -М., Госюриздат, 1999.-79 б.
42. Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2001 жылғы №2-43/01 мұрагерлік ісі.
43. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі - А, Юрист, 2008
44. Барщевский М.Ю. Субъекты права наследования по завещанию. // Советское государство и право, 1991.-№4.119-122 б.
45. Комментарий к гражданскому кодексу Российской Федерации (бал бойынша). Үшінші бөлім / А.П.С.ергеев, Ю.К.Толстой, И.В.Елисеев. - М., Проспект, ООО «Витрэм», 2002. -304 б.
46. ҚР Жоғарғы Сот Пленумының 18.12.1992 жылғы «Мұрагерлік туралы заңдылықты соттардың қолдануындағы кейбір мәселелер» Қаулысы.
47. ҚР Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім). Түсіндірме. 1-кітап // Жау.ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин, -А,2000.
48. Шымкент қалалық сотының 2008 жылғы №2-236 мұрагерлік ісі.
49. Шарифбаева X. С. Мұрагерлік құқық. - А., 2003
50. Танеева Р.Ф., Ярков В.В., Зайцева Т.И. Настольная книга нотариуса: 2 том. Анықтама-әдістемелік құрал. M., 2000. - 236 б.

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы мұрагерлік құқық және оның қалыптасу
кезеңдері

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1. Мұрагерлік құқық және мұрагерлік туралы жалпы ережелер

1.1 Мұрагерлік түсінігі және
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

1.2 Мұрагерлік қатынасының
субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

1.3 Мұраның құрамы мен мұраның ашылу орны және уақыты ... ... ... ... ...17

2. Заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлік

2.1 Заңды мұрагерліктегі кезек тәртібі
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...23

2.2 Өсиет бойынша мұрагерлік
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 29

2.3 Қазақстан Республикасындағы соттардың мұрагерлік құқық нормаларын
қолдану жөніндегі сот тәжірибесі
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..34

3. Мұрагерлік мүлікті қорғау және бөлу

3.1 Мұрагерлік мүлікті
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...38

3.2 Мұрагерлік мүлікті бөлу тәсілдері және мұраны қабылдауда құқықтың өтуі
(мұрагерлік
трансмиссия) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .39

3.3 Халықаралық құқық нормаларына сәйкес мұрагерліктің ерекшеліктері ... .47

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..57

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Азаматтық құқық ғылыми сол құқық саласын
зерттейтін жүйеге сәйкес келетін жүйені қамтиды, бірақ олар өзара
тепетеңдікте бола қоймайды.
Азаматтық ғылым жүйесі азаматтық заңдарда, сонымен қатар азаматтық
кодексте жоқ бөлімдерді де қамтиды. Мысалы, азаматтық құқық пәні, азаматтық-
құқықтық әдістеме ұғымдары, азаматтық құқық қатынастары туралы ілім тарихы,
оның субъектілері мен объектілері туралы, меншік құқығы туралы жалпы ілім,
міндеттемелер туралы, интеллектуалдық меншік туралы, мұрагерлік құқық
қатынастары туралы жалпы ілім жөнінде айтсақ та жеткілікті.
Ғылым азаматтық құқықтың не екендігін зерттейді. Бұл орайда қоғамдық
қатынастарды тиісінше реттейтін құралдар мен әдістерге ерекше мән беріледі.
Әдіс туралы ілім ғылымда әдістеме деп аталады.
Заңгер үшін азаматтық-құқықтық жағдайлардан жол тауып шыға білуі үшін
дағды керек. Мұндай дағдыларға ғылыми талдау жасау және азаматтық-құқықтық
жағдайларды шешудің ғылыми әдістері жатады.
Егеменді Қазақстанның азаматтық құқық ғылыми одан әрі творчестволық
дами түсуі мақсатында және алда тұрған міндеттерді орындау үшін бүгінде зор
мүмкіндіктерге ие.
Қазақстанның азаматтық құқығы өз дамуының бiрнеше кезеңiнен өттi.
Республиканың ауқымды кодификацияланған актiсi болып табылатын қазiргi
Азаматтық кодекс осы заманғы азаматтық құқық идеяларын қамтиды. Кодекс
тауар-ақша қатынастарын реттеудiң: меншiк нысандарының теңдiгi және оған
қол сұғылмаушылық, шарттың еркiндiгi, азаматтық айналым субъектiлерiнiң
теңдiгi тәрiздi негiзгi принциптерiн қалады.
Азаматтық кодекс негiзiнде нарық экономикасын дамытуға жағдай жасаған
заңдардың негiзгi пакетi жасалды.
Азаматтық құқығында мұрагерлік құқық қатынастары үлкен маңызы бар.
Мұрагерлік тікелей өзі белгіленген жағдайларда өзге де заң актілерімен
реттеледі. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша азаматтарға
мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдiк берiледi [1] .
Мұрагерлік өсиет және заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет қалдырылмаған
немесе бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ Азаматтық
кодексте белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады.
Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс
болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.
Өсиет қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге мұра есебінен өсиеттік бас
тартуды орындауды талап ету құқығын алатын бір немесе бірнеше адамның
пайдасына қандай да болсын міндеттемені орындауды жүктеуге құқылы.
Өсиеттік бас тартудың нысанасы мұраның, иеленудің құрамына кіретін
заттарды бас тартылушының меншігіне, пайдалануына немесе өзге заттық
құқықта беру және оған мұра құрамына кірмейтін мүлікті беру, ол үшін
белгілі құқықта беру және оған мұра құрамына кірмейтін мүлікті беру, ол
үшін белгілі бір жұмысты орындау, оған белгілі қызмет көрсету және т.б.
болуы мүмкін.
Ерте ме, кеш пе, әрбір азамат мұрагерлік құқықтарын ресімдеу
қажеттілігімен кездеседі. Сот тәжірибесі көрсетіп отырғандай, кейбір
жағдайларда туыстық қарым-қатынастардан мүліктік мүдде маңыздырақ болып,
мұраға таласқан туысқандар бір-біріне жау болып кетуі де мүмкін.
Мұрагерлік құқықтың негізгі ережелерін білу арқылы осындай келеңсіз
жағдайларға жол бермеуге болады. Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексінің 1072-бабына сәйкес мұралық мүлікті иелену үшін мұрагер оны
қабылдауы тиіс.
Бұрын, ҚазКСР-ның Азаматтық кодексі қолданыста болған кезде (1999 жылғы
1 шілдеге дейін) мұралық құқықтарды мұра қалдырушы адам қайтыс болғаннан
кейін алты ай өткеннен кейін кез келген уақытта ресімдеу мүмкіндігі
болатын. Қазір де тұрғындар осы тәртіп қолданылады деп ойлайды. Бірақ мына
жағдайларды түсіндіріп өту қажет.
Егер мұра қалдырушы адам 1999 жылғы 1 шілде мен 2007 жылғы 3 ақпан
аралығында қайтыс болса, алты айдың ішінде нотариусқа мұраны қабылдау
туралы арыз беру міндетті емес. Ол арызды мұра ашылғаннан соң алты ай
өткеннен кейін де, бірнеше жыл өткеннен кейін де беруге болатын, тіпті
қазір де беруге болады.
Өйткені, осы кезеңде ешқандай мерзімдер белгіленген жоқ болатын. Егер
мұра 2007 жылғы 3 ақпаннан кейін ашылса, жағдай басқаша. Қолданыстағы
Азаматтық кодекстің талаптарына сәйкес мұра қалдырушы қайтыс болғаннан
кейін алты ай ішінде мұрагерлер міндетті түрде нотариалдық кеңсеге мұраны
қабылдау немесе мұраны қабылдаудан бас тарту туралы арыз берулері керек.
Ал, егерде, бұл мерзім өтіп кетсе, 1999 жылғы 1 шілге дейін немесе 2007
жылғы 3 ақпаннан кейін ашылған мұраны азамат белгіленген алты айлық
мерзімде қабылдап үлгермесе, ол мерзімді сот арқылы қалпына келтіруге тура
келеді. Және сот бұл мерзімді кез келген жағдайда қалпына келтіре бермейді.
Ол үшін мұрагер себепті жағдайлар салдарынан мұраны уақытында қабылдай
алмағанын (мысалы, науқастанып қалу, ұзақ мерзімді іс сапар және т.б.)
дәлелдеуі қажет. Сонымен бірге, мұрагер сотқа мұраны қабылдауға кедергі
болған себепті жағдайлар жойылғаннан кейін алты айдың ішінде жүгінуі тиіс.
Тақырып негізінде мұрагерлік дегеніміз—қайтыс болған азамат (мұра
қалдырушы) мүлкінің басқа адамға (адамдарға)-мұрагерге (мұрагерлерге)
ауысуы.
Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау
салдарынан ашылады.
Мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп
жариялаған кезде, егер шешімде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс
болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылуы
уақыты болып табылады.
Егер бірінен кейін бірі мұрагер болуға құқылы адамдар бір күнде
қайтыс болса олар бір мезгілде қайтыс болған деп танылады және олардың
әрқайсынан кейін мұрагерлік ашылады да олардың әрқайсының мұрагерлері
мұрагерлікке шақырылады.
Мұрагерлік Азаматтық Кодекспен, ал тікелей өзі белгілеген жағдайларда
өзге де заң актілерімен реттеледі.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік және теориялық негіздері. Қазақстандық
және ресей ғалым-заңгерлердің арасынан азаматтық құқығындағы мұрагерлік
құқық мәселесі, оның ішінде заң бойынша мұрагерлік мүлікке ие болу, сонымен
қатар, мұрагерлік мүлікке өсиет бойынша ие болу мәселелері жөнінде
Ынтымақов С.А., Рашидова З., Смағұлова А.С., Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г.,
Жайлин Г.А., Төлеуғалиев Ғ., Диденко А.Г., Новицкий И.Б., Власов Ю.Н.,
Суханов Е.А., Сергеев А.П., Толстой Ю.К., Серебровский В.И., Ярошенко К.,
Барщевский М.Ю., Зайцева Т.И., Крашенинников П.В., Данилов Е.П., Резникова
Е.В., Смолина Л.В., Грудцина Л.Ю., Никитюк П.С., Белов В.А., Данилов Е.П.,
Рубанов А.А. және тағы басқа да ғалымдардың еңбектерінен кездестіреміз.
Дегенмен бұл тақырып қазақстандық ғалым-заңгерлердің еңбектерінде жанама
түрде ғана сөз болып, қазақстандық ғалымдардың жазған еңбектерінде жан-
жақты ашылып, толық зерттелуі жоқтың қасы екендігі ескерілген.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің мұрагерлік құқық атты
бөлімінде бірнеше жаңа ережелер қабылданды. Мұрагерлік қатынастар
Азаматтық Кодекстің 1038-1083 баптарымен реттеледі (ерекше бөлім). 1999
жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексіне (ерекше бөлім) қол қойып, Кодекс сол
күні күшіне енді.
Ал 1 шілдеге дейін Қазақстанда 1994 жылы қабылданған Азаматтық
Кодекстің жалпы бөлімі күшінде болды, 1999 жылы 1 шілдесінен бастап
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі толықтай қолданысқа өтті.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекстің ерекше бөлімінің болмауы
республикадағы экономикалық қатынастарды реттеуді қиындатты.
1963 жылы қабылданған Қазақ ССР Азаматтық Кодекстің нормалары нарықтық
экономика принциптеріне қайшы келсе де, іс жүзінде қолданылды. Мұрагерлік
құқық қандай болу керек деген сұрақта ғалымдар әртүрлі пікір ұстанады.
Бірақ оның бәрі - жеке мүлік ұрпақтан ұрпаққа ауысатынын жақтайды.
Қоғамдық өмірдің түпкілікті ауысуы біздің елімізде көптеген салалардағы
құқықтық реттеуді дамытуды талап етеді. Мұрагерлік бұл экономикалық
мазмұны бар қатынастар.
Кеңес заманындағы мұрагерлік құқық - Рим құқығының негізінде жасалған,
жақсы дамыған институт. Бірақ көне мүліктік жүйеде көптеген мәселелер өз
шешімін таппады. Ал жаңа заңдағы бекітілген ережелер сол мәселелерді қайта
көтеріп, жаңа проблемаларды туындатты.
Дипломдық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты –
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығындағы мұрагерлік құқықпен
байланысты мәселелерге талдау жасау. Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:
мұрагерлік құқықпен байланысты Қазақстандық заңдарды және Халықаралық
құқықтық реттеуді талдау, жүйелеу және зерттеу, сонымен қатар, мұрагерлік
ұғымы, түсінігі, түрлері, мұраның ашылуы, өсиет бойынша мұрагерлік, заң
бойынша мұрагерлік, мұраны алу, халықаралық құқық нормаларына сәйкес заң
бойынша мұрагерлік және оның ерекшеліктерін зерттеу мен тұжырым жасау.
Мұрагерлік құқықтық қатынастар көптеген нормативті актілермен, мысалы,
Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Азаматтық Кодекспен, көптеген
басқа да институттар мен шешімдермен реттеледі.
Жұмыстың объектісі. Азаматтық құқықтағы мұрагерлік мүлікке ие болу
процесін жетілдірудің теориялық ережелерін дамытуға, соның ішінде заң
бойынша мұрагерлікке ие болу және өсиет бойынша мұрагерлікке ие болу
мәселелерін жетілдіруде едәуір үлес қосуында жатыр.
Жүргізілген зерттеудің қорытындысы ғылыми-зерттеу жұмыста, сонымен
қатар, ЖОО азаматтық құқық пәндерін оқытуда, оқу үдерісінде қолдануға
болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеудің негізгі мақсаттары мен
талаптарына сай келеді. Жұмыс кіріспеден, жеті бөлімшені біріктіретін екі
бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Мұрагерлік құқық және мұрагерлік туралы жалпы ережелер

1.1 Мұрагерлік түсінігі және мазмұны

Мұрагерлік – қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа
адамға (адамдарға) – мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.
Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық
мирасқорлығы талаптармен, егер осы бөлімнің ережелерінің өзгеше туындамаса,
біріңғай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады.
Мұрагерлік Азаматтық Кодекспен, ал тікелей өзі белгілеген жағдайларда
өзге де заң актілерімен реттеледі.
Мұрагерлік өте ертеден келе жатқан көне институттардың бірі. Мұрагерлік
институтының қалыптасу тарихына көз жіберсек, оның адамзат қоғамымен бірге
жасасып, бірге дамып отырғанын байқаймыз.
Алайда, алғашқы қауымдық қоғам кезіңінде, адамдардың қажеттіліктері
қазіргі заманмен салыстырғанда өте қарапайым болып және оны қанағаттандыру
құралдарының жетімсіздігі әсерінен болар, ол кезеңдерде әлі мұрагерлік
деген түсінік қалыптаспаған еді. Мүмкін оны мұраға қалдыратын мүліктердің
жоқтығымен де түсіндіруге болар.
Кейініректе шаруашылық мүліктері дамыған сайын, адамдардың қатынастары
күрделене келе, тайпалық қатынастар әлсіреген кезде, қайтыс болған адамның
мүлкі кімге қалады, оған кім ие болады деген сұрақ туындады. Осылайша қоғам
әлеуметтік топтарға бөліне келе, жеке меншік қалыптаса түсіп, осылармен
бірге мұрагерлік ұғымы да пайда болып, дами берді [2, 347б.].
Рим құқығында мұрагерлік институты ерекше орынға ие. Мұрагерлік
институты рим заңгерлерімен өңделген институт болды. Рим заңгерлері
көптеген түсініктер мен ережелерді өңдеді. Мұрагерлік – қайтыс болған
адамның мүлкінің бір немесе бірнеше тұлғаға өтуі.
Мұрагерліктің нәтижесінде әмбебап құқыққабылдаушылық болады. Осы кезде
рим құқығы сингулярлық құқыққабылдаушылықты да білді. Сингулярлық құқық
қабылдаушылықты бойынша мұрагерге мұрагердің барлық құқықтарға емес,
кейбір құқықтарға ғана өтеді [3, 197б.].
Мұрагерлік құқықтық нормалары мүлікке ие болу тәсілдеріне жатады. Рим
заңгерлермен мұрагерлік құқықтық қажетті мұрагерлік, мұрагерлік
трансмиссия, өситеттен бас тарту, ұсыну құқығы сияқты мұрагерлік құқықтың
институттары өнделді.
Рим мұрагерлік құқығының дамуының қалыптасу кезеңін төртке бөлуге
болады: Цивилдік құқық бойынша (heredіtas), преторлық эдикт бойынша
(bonorum possessіo), императторлық заңдар және Юстиниан заңдары бойынша.
Цивилдік құқық бойынша (heredіtas) мұрагерлік. Римде, барлық
жерлердегі сияқты мұрагерліктің негізі заң бойынша мұрагерлік болады.
Бұл бойынша мұлік отбасында қалып отырды. V кестеде екі негізгі қағида
бекітілген: Мұрагерлер қайтыс болған адамның барлық борыштарын әр мұрагер
өз үлестеріне қарай қабылдады және барлық талаптарды өзара бөлді.
Рим мұрагерлік институтының сиптаты, оның әр кезеңде де: memo pro
parte testatus, pro parte іntestatus desedere potest – бір адамның мүлкі
бір мезгілде өсиет бойынша мұрагерлік және заң бойынша мұрагерлікпен
берілуі мүмкін емес деген ережемен анықталады.
Мұрагерлік құқығының бұл кезенде дамуы өсиет қалдырудың еркіндік
қағидасының айқын болуымен ерекшеленеді. Когнаттық туыстық бұл кезеңде
заң бойынша мұрагерлікпен құқық беріледі.
Преторлық құқық бойынша мұрагерлік. Цивілдік мұрагерлікпен қатар
преторлық мұрагерлік бекітілді. Бұл туралы Цицеронның шығармаларында
айтылған. Мұрагерлікке қатысты реформалар претормен респцублика кезеңінде
басталып принципі дәуірінде аяқталды.
Агнаттық туыстыққа байланысты өмірін жаңа сұрақтары барлық
әлеуметтік - экономикалық құрылымның өзгеруі претормен ескеріліп, қандық
бойынша туыстық заң бойынша мұрагерліктің негізі бола отырып, алғаш
рет преторлық құқықта танылды және император заңдарында көрініс тапты.
Претор мұрагерлік мүлікті иеленуге байланысты ерекше интердикт,
бекітті. Бастапқыда бұл интердиктіні претор назарлықты қарағаннан кейін
цивилдік құқық бойынша кімді мұрагер деп таныса соған берді. Мұндай
жағдайда претор цивильдік құқықты дамытуға байланысты қолдану мақсатында
әрекет етті.
Бірақ, жақын туыс мұрагерді қабылдамаса, келесі туысқа өттпей иесіз
болып қалатын немесе кез –келген тұлғаға берілетін, сондықтан осындай
жағдайлардан арылу үшін мұрагерлік мәселесінің күрделігінен байланыста
претор мұрагерлік иеленуді bonorum possessіo берді, яғни мұрагерлік келесі
туыстарға берілді.Бұл жағдайда претор цивилдік құқықты толықтыру үшін
әрекет етті.
Кейін, bonorum possessіo эмансипацияланған балаларына, яғни әкесінің
билігінен шыққан балаларына және мұрагерліктен шеттетілген балаларына
берілді. Бұл жағдайда да претор цивильдік құқықты түзету үшін,
когнаттық туыстықты заң бойынша мұрагерлікпен байланыстырды.
Осылайша мұрагерлік цивильдік жүйесімен преторлық жүйе қалыптасты.
Цивильдік норманың ескірген нормалармен орнына преторлық қағидаларға
негізделген норма келді.
Император заңдарына бойынша мұрагерлік. Мұрагерлікке принципат
дәуірінде әсірессе империя дәуіріне көп көңіл бөлінді.Осы кезенде
мұрагерліктің преторлық жүйесіне негізгі бастамалары бекітілді.
Император қаулылары және сенатусконсульттар қандық туыстық
тенденциясын дамытты және бұл аналық мұраға балаларының құқықтарының
заңдаруының кеңейтті. Осы кезенде ана тарапынан туыстарға мүлікті мұраға
қалдыру мәселелері қалыпына келтірілді.
Юстиниян құқығы бойынша мұрагерлік. Мұрагерлік құқығының дамуы Юстиниян
новелаларында аяқталды.
Мұранның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс
болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқытарымен міндеттері кіреді.
Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтары мен
міндеттер:
1. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды
тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы.
2. Өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы.
3. Алименттік міндеттемелерді туындайтын құқықтармен міндеттемелері.
4. Зейнет ақы төлеу және жәрдемақы және еңбекпен әлеуметтік
қамсыздандыру туралы заң актілерінің негізінде басқа да төлемдер төлеу
құқығы.
Мүліктік құқытармен байланысы жоқ жеке мұліктік емес құқықтар
мұраның құрамына кірмейді.
Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес, ьқұқықтар мен
басқа да материялдық емес игіліктерді мұрагерлердің жүзеге асырудағы және
қорғауы мүмкін.
Мұраның ашылуы. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды
деп жариялау салдарынан ашылады.
Мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп
жариялаған кезде, егер шешімде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс
болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылуы
уақыты болып табылады.
Егер бірінен кейін бірі мұрагер болуға құқылы адамдар бір күнде
қайтыс болса олар бір мезгілде қайтыс болған деп танылады және олардың
әрқайсынан кейін мұрагерлік ашылады да олардың әрқайсының мұрагерлері
мұрагерлікке шақырылады.
Мұраның ашылу орны. Мұра қалдырушының соңғы тұрған жері, ал егер ол
белгісіз болса – мүліктің немесе оның негізгі бөлігінің орналасқан жері
мұраның ашылу орны болып табылады.
Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай –ақ мұра қалдырушының тірі
кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар өсиет
және заң бойынша мұрагер бола алады.
Мұра ашылғанға дейін құрылған және мұраның ашылу уақытында болған
заңды тұлғалар, сондай –ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы
мүмкін.Мұра қалдырушы немесе мүмкін болатын мұрагерлердің біреуін
қасақана өлтірген немесе олардың өміріне қастандық жасаған адамдардың
өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет
қалдырушы оның өміріне қастандық жасалғаннан кейін өздеріне қатысты өсиет
қалдырған адам кірмейді.
Мұра қалдырушының соңғы еркін жүзеге асыруға қасақана кедергі жасаған
және сол арқылы олардың өздерін немесе оларға жарқын адамдарды
мұрагнрлікке шақыруға не мұраның оларға тиісілі үлесін көбейтуге ықпал
жасаған адамдардың өсиет бойынша да. Заң бойынша да мұра алуға құқығы
жоқ. Лайықсыз мұрагерлерді мұрагерліктен шеттетуге негіз болатын мән-
жайларды сот белгілейді.
Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиісілі мүлікке билік ету
жөнінде өз ықтиярын білдіру өсиет болып саналады.Азамат өзінің барлық
мүмкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобының кіретін де,
кірмейтін де бір не бірнеше адамға, сондай –ақ заңды тұлғаларға және
мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады.
Өсиетті өзі жасауға тиіс. Өкіл арқылы өсиет жасауға жол
берілмейді.Өсиет қалдырушы себебін түсіндерместен заң юойнша
мұрагерлердің біреуін, бірнешекін немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы.
Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагерді мұрадан айыру
оның ұынылуы құқығы бойынша мұрагерлік етуші ұрпақтарына
қолданылмайды.Мұра қалдырушы кез келген мүлік туралы өкімді қамтитын
өсиет жасауға құқылы.
Мұра қалдырушы жасаған өсиеттің оны жасағанннан кейін кез келген
уақытта күшін жоюға және өзгертуге ерікті және күшін жоюдың немесе
өзгертудің себебін көрсетуге мінднтті емес.
Мұра қалдырушының өсиетте өзі мұрагер етіп тағайындаған адамдарға,
олар қайтыс болған жағдайда өз кезегінде өсиет еткен мүлікті белгілі бір
түрде билік ету міндетін жүктеуге құқығы жоқ.Рим құқығында өсиет
мұрагерлік заң бойынша мұрагерлікке қарағанда кейінірек пайда болды.
Ульпиан өсиетке мынадай анықтама берді:Testamentum est mentіs nostrae
іusta contestftіo іn іd sollemnіter factum, ut post mortem nostram
valeat - өсиет еркімізді құқықтық білдіру, біз қайтыс болғаннан кейін
әрекет ету үшін жасалған.
Өсиет заңды нәтиже беру үшін мынандай талаптар қойылады: а)
бекітілген нысанда; б) белсенді өсиеттік құқыққаблеттік тұлға жасауы; в)
енжар өсиеттік құқық қаблеттік тұлғаны тұлғанның мұрагерлік деп бекіту.
Гайдының айту бойынша: ерте құқықта өсиеттің екі нысаны болған.
Бірінші жылында екі рет шақырылатын халық жиналыстарында
жасалады.Өсиет қалдырушы ауызша нысанда өзінің еркін халыққа
жариялады, мұрагерді тағайындады.
Сонымен қатар легет туралы билік ете алатын, әйеліне және
балаларына қамқоршы бекіте алатын. Екінші нысаны бойынша өсиет жария
түрде болды. Соғыс кезінде өсиет қалдырушының еркі солдаттар алдында
жарияланған.
Өсиеттің екі нысанында кемшіліктер болды.Олар:
1) Өсиеттің екі нысаны да жария түрде болды, бұл көп жағдайда
өсиет қалдырушының мүдделеріне сәйкес келмейтін;
2) Бірінші өсиет жылына тек екі рет жарияланатын, ал екіншісі
әскер құрамына кірмейтін тұлғалар үшін, соның ішінде кәрі адамдар
мен ауру адамдар үшін қолы жетпейтін өсиет.
Өсиет қалдырушы мұрагер мінез –құлқының сипатына қатысты мұра
алуды белгілі бір талаппен байланыстыруға құқылы. Мұрагер тағайындау
немесе мұра алу құқығынан айыру туралы өкімге енгізілген заңға қарсы
талаптар жарамсыз болады. Өсиетке енгізілген мұрагердің денсаулық
жағдайы бойынша немесе өзге де объективтік себептерге байланысты
мұрагер үшін орындалмайтын талаптар мұрагердің талап қоюы бойынша
жарамсыз деп тануы мүмкін [4, 694б].
Өсиет қалдырушы өсиетте көрсетілген мұрагер мұра ашылғанға дейін
қайтыс болған, оны қабылдамаған не одан бас тартқан жағдайда қосымша
мұрагер тағайындай алады. Өсиет бойынша мұрагердің қосымша
тағайындалған мұрагерге пайдасы тимейтін бас тартуына жол
берілмейді. Өсиет оның жасалған жері мен уақыты көрсетіле отырып,
жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиіс.
Өсиетке өсиет қалдырушы өзі қол қою керек. Егер өсиет қалдырушы дене
кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өзі
қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша оған нотариустың немесе өсиетті
куәландырушы басқа адамның қатысуымен өсиет қалдырушының өсиетке өзі қоя
алмауының себебін көрсете отырып, басқа азаматтың қол қоюы мүмкін.
Нотариустта куәландырылған өсиетті өсиет қалдырушы жазуы керек не
өсиет қалдырушының айтуымен куәның қатысуы нотариус жазуға тиіс. Өсиет
қалдырушының айтуымен өсиет жазылған кезде нотариус жалпы жұрт қабылдаған
техникалық құралдарды (жазу машинасы, дербес компьютер және т.б.)
пайдалануы мүмкін.
Өсиет қалдырушының айтуы бойынша нотариус жазған өсиетті өсиетке қол
қойылғанға дейін нотариус пен куәнің қатысуы арқылы өсиет қалдырушы
толық оқып шығуы тиіс. Өсиет қалдырушы өзі жасаған өсиеттің кез келген
уақытта күшін жоюға немесе оны өзгертуге құқылы.
Өсиеттің күші: 1) нотариат кеңесіне бұрын өзі жасаған өсиеттің толық
күшін жою туралы өтініш беру; 2) жаңа өсиет жасау жолымен жойылуы мүмкін.
Өсиетке түсінік беру: Нотариус, өсиетті орындаушы немесе сот өсиетке
өсиетке түсінік берген кезде ондағы сөздер мен тіркестердің дәлме –дәл
мәні назарға алынады.Тиісті назарда жасалмаған өсиет жарамсыз болады.
Өсиеттің жарамсыздығы осы кодекстің 4-тарауының мәмілелердің жарамсыздығы
туралы ережелеріне негізделеді.
Өсиетті жасаудың, оған қол қоюдың және оны куәландырудың тәртібінің
бұзылуы салдарынан жарамсыз деп танудан мүліктік зардап шеккен адамның
талабы бойынша өсиет жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Өсиет қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге мұра есебінен өсиеттік бас
тартуды орындауды талап ету құқығын алатын бір немесе бірнеше адамның
(бас тартушылардың) пайдасына қандай да болсын міндеттемені (өсиеттік бас
тарту) орындауды жүктеуге құқылы.
Заң бойынша мұрагерлер қатарына кіретін адамдарда, кірмейтің
адамадарда бас бартушылар (легетарилер) болуы мүмкін.
Өсиеттік бас тартудың нысанасы мұраның, иеленудің құрамына кіретін
заттарды бас тартылушының меншігіне, пайдалануына немесе өзге заттық
құқыққа беру және оған мұра құрамына кірмейтін мүлікті беру ол үшін
белгілі бір жұмысты орындау, оған белгілі қызмет көрсету және т.б. болуы
мүмкін.
Өсиет қалдырушы өсиеттік бас тартуды жүктеген мұрагер оны тек оған
ауысқан мұраның шын мәніндегі құңы шегінде және мұра қалдырушы
қарыздарының өзіне артылған бөліктерін шығарып тастап орындауға тиіс.
Егер өсиеттік бас тарту жүктелген мұрагердің мұрадағы міндетті
үлескен құқығы болса, оны бас тартуды орындау міндеті өзіне ауысқан
мұраның оның міндетті үлесінің құнының асатын құңымен шектеледі.
Егер өсиеттік бас тарту барлық немесе бірнеше мұрагерге жүктелсе,
өсиетте өзгеше көзделмесе , ол мұрагерлердің әр қайсысына мұрадағы
үлесіне мөлшерлес салмақ салады.
Тұрғын үй немесе өзге тұрғын үй- жәй ауысатын мұрагерге өсиет
қалдырушы тұрғын үй- жәйді немесе оның бір бөлігі басқа адамға өмір
бойы пайдалануға беру міндеттемесін жүктеуге құқылы. Тұрғын үй-жәйға
меншік құқығы кейінен ауысқан жағдайда өмір бойы пайдалану құқығы
күшін сақтайды.
Өсиеттік бас тарту жүктелген мұрагер қайтыс болған жағдайда немесе
ол мұраны қабылдамаған жағдайда өсиеттік бас тартуды орындау оның үлесін
алған басқа мұрагерге, не мұлік иесіз қалса, мемлекетке ауысады.
Өсиеттік бас тарту мұра ашылғанға дейін немесе ашылғаннан кейін бас
тартылушы қайтыс болған жағдайда, бірақ өсиет бойынша мұрагер оны
қабыодап үлгерген кезге дейін орындалмайды.
Бас тартылушы мұра қалдырушының борыштары үшін жауап бермейді.Өсиет
қалдырушы өсиет бойынша мұрагерлер қандайда болсын әрекет жасау немесе
кредит беруші ретінде осы міндетті атқаруды талап ету құқығын ешкімге
ұсынбастан одан тартыну міндетін жүктей алады.
Жалпыға пайдалы мақсатты жүзеге асыру үшін осындай міндет мұра
қалдырушы жүктеуді атқаруға мүліктің бір бөлігін бөліп шығарған кезде
өсиетті орындаушыға жүктелуі мүмкін.
Өсиет қалдырушы өсиетті орындауды мұрагер болып табылмайтын,
өсиетте өзі көрсеткен адамға (өсиетті орындаушыға), өсиет жүктелген
өкілге тапсыра алады.Бұл адамның өсиетті орындаушы болуға келімсімі
оның не өсиетін өзіне өз қолымен жазған жазбада не өсиетке қоса берілген
өтініште көрсетілу тиіс.

1.2 Мұрагерлік қатынасының субъектілері

Қолданыстағы Азаматтық кодекс азаматтық құқық субъектілері қатарына
жеке тұлға, заңды тұлға, мемлекет және әкімшілік аумақтық бөліністерді
жатқызады [5, 410б]. Мұрагерлік қатынасы азаматтық құқықтық қатынасының бір
бөлігі болғандықтан азаматтық құқық субъектілеріне қатысты жалпы нормалар
қолданылуы тиіс.
Бірақ, бұл ереже тек болжам, бүгінгі күні азаматтық құқық теориясында
мұрагерлік құқықтық қатынасының субъектілері кім екендігін анықтауда нақты
көзқарас жоқ.
Авторлардың бірі мұрагерлік қатынасының субъектілері қатарына мұра
қалдырушы мен мұрагерлерді жатқызса,келесілері мұра қалдырушыны мұрагерлік
құқықтық қатынасының субъектілері қатарына жатқызылмайтындығын айтады.
Мысалы, Е.А. Суханов мұрагерлік қатынасының субъектілеріне мұра қалдырушы
мен мұрагерлерді жатқызған [6, 254б]. Ал, А.П. Сергеев пен Ю.К. Толстой
қайтыс болған азаматты субъекті ретінде қарастыруға болмайтындығын
көрсетеді.
Расында, азаматтық құқық субъектісі ретінде танылу үшін азамат құқық
қабілеттілік пен әрекет қабілеттілікке иеленуі қажет, ал құқық
қабілеттілігі азаматтың қайтыс болуымен тоқтатылатындығы баршамызға мәлім.
Бұл мәселе ғылыми тәжірибелік конференцияларда да айтылып жүр.
Айталық Белгород қаласында өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда В.Н.
Воронова Е.А. Поссенің еңбегіне сілтеме жсап, мұра қалдырушы мұрагерлік
қатынасы субъектілері қатарына жатқызылмайтындығын көрсетеді, себебі
мұрагерлік қатынас ол қайтыс болғаннан кейін пайда болады [7, 440б].
Мейлінше мұрагерлік құқықтық қатынас субъектілерін анықтау үшін бұл
қатынастың қай кезде пайда болатындығын анықтап алған жөн.
Мұрагерлік қатынасының жалпы ережелерінде мұрагерліктің пайда болу
негіздері көрсетілгенімен, бұл қатынастың қай уақыттан бастап пайда
болатындығы анықталмаған.
Дегенмен, Азаматтық кодекс нормалары мазмұнынан мұрагерлік қатынасы
азамат қайтыс болған кезден бастап пайда болатындығы анық. Жоғарыда
көрсетілгендей азаматтың қайтыс болу фактісі осы қатынастағы негізгі
субъект мұра қалдырушыға байланысты айтылады, ал қайтыс болған азаматты
құқық субъектілері қатарына жатқыза алмаймыз.
Дегенмен, мұрагерлік қатынасы мұра қалдырушы болмаса пайда
болмайтындығы да сөзсіз. ҚР Азаматтық кодексінің 1038-бабына сәйкес мұра
қалдырушы -ол қайтыс болған азамат.
Мұра қалдырушының түсінігі құқықтық- энциклопедиялық сөздікте де
берілген, онда мұра қалдырушы –ол қайтыс болғанан кейін мұрагерлік құқықтық
мирасқорлық жүзеге асырылатын тұлға ретінде қарастырылады.
Екі құжат мазмұнына сәйкес мұра қалдырушы әрқашан жеке тұлға. В.Н.
Воронова азаматтық құқық субъектілері арасында қайтыс болу фактісі тек
жеке тұлғаларға тән екендігін көрсетіп, мұра қалдырушы ретінде заңды тұлға,
мемлекет немесе әкімшілік аумақтық бөліністер қатыса алмайтындығын
көрсетеді.
Сонымен қатар, ресей ғалымы В.И. Серебровский де заңды тұлғалардан
кейін мұрагерлік қатынасының пайда болуы мүмкін еместігін айтқан. Демек,
мұра қалдырушы ретінде әрекет қабілетттілігіне қарамастан кез-келген жеке
тұлғалар қатыса алады.
Ал заңды тұлғалар мұра қалдыра алмайды, себебі олар таратылған жағдайда
заңды тұлға жарғысына сәйкес оның мүлкі заңдарда белгіленген тәртіп бойынша
басқа тұлғаларға ауысуы тиіс. ҚР Азаматтық кодексінде мұра қалдырушының
тұлғалық қасиетіне, яғни оның әрекет қабілеттілігіне қатысты ешқандай
шектеулер қойылмаған.
Сот шешімі негізінде әрекетке қабілеттігі жоқ деп танылған азаматтар
мен әрекет қабілеттлігі шектелген азаматтар да мұра қалдырушы бола алады
себебі, мұрагерліктің пайда болу негізі ретінде адамның еркі емес, оның
қайтыс болу фактісі қарастырылады.
Ішінара әрекет қабілеті бар азамат, атап айтқанда кәмелетке толмаған
азаматтар егер мұрагерлік бойынша қандай да мүлікке иеленсе өзі қайтыс
болғаннан кейін осы мүлікке қатысты мұра қалдырушы ретінде қатысады.
Егер азамат ақыл есі кемдігі немесе жүйке ауруы салдарынан әрекетке
қабілестіз деп танылып кейіннен қайтыс болса оған тиесілі мүлікке қатысты
мұра ашылады.
Мұра қалдырушыға қарағанда мұрагер ретінде азаматтық құқықтың кез
келген субъектісі танылады: мұрагер ретінде жеке тұлғалар, заңды тұлғалар,
мемлекет немесе әкімшілік аумақтық бөліністер де бола алады. Мұрагер
ретінде оның әрекет қабілеттілігіне қарамастан кез келген азамат қатыса
алады.
ҚР Азаматтық кодексі мұрагер (мұрагерлер) деп мұра қалдырушының қайтыс
болуына байланысты мұраға шақырылатын тұлғаны қарастырады [8, 145б].
Шетелдік заңды тұлғалар тек өсиет бойынша мұрагер бола алатындығын ескерген
жөн. Заңды тұлғаны мұрагерлікке шақыру үшін ол мұра ашылған уақытта заңды
тұлға ретінде жұмыс істеп тұруы шарт.
Барлық жағдайда нотариус тиісті айғақтарды талап ету арқылы мұра
қалдырушының қайтыс болу фактісін, мұраның ашылған жері мен уақытын, мұраға
құқық туралы куәліктің берілуі жөнінде өтініш беруші адамдарды заң бойынша
мұраны иелену үшін негіз болып табылатын қатынастардың болуын, мұралық
мүліктің құрамы мен тұрған орнын тексереді.
Мұрагер болу құқығы азаматтық құқық қабілеттіліктің мазмұнына
жатқызылады. Демек, барлық азаматтар олар туылған уақыттан бастап және
олардың қайтыс болуына дейін мұрагер бола алады. Мұрагер болу үшін оның
жынысы, нәсілі, ұлты, жасы ешқандай әсер етпейді.
Сонымен қатар, мұрагер ретінде түзеу мекемелеріндегі азаматар да қатыса
алады. Мұнымен бірге заң мұрагерлер қатарына әлі дүниеге келмеген балаларды
да жатқызады. Заң бойынша олар мұра қалдырушының өмір сүру кезінде жасалған
бірақ мұра қалдырушы дүниеден өткен сон туылған балалар.
Тірі туылған бала оның өмір сүру уақыты қысқа болғандығына қарамастан
мұрагер ретінде қарастырылады. Егер дүниеге келген бала қысқа уақытт өмір
сүрсе, оның атына рәсімделуі тиіс мұрагерлік құқық мұрагерлік бойынша оның
заңды мұрагерлеріне ауысады [9, 123б.]. Заң мұраның ашылу уақытында көзі
тірі азаматтарды ғана емес, сонымен қатар мұра қалдырушының көзі
тірісінде туылмай, ол қайтыс болғаннан кейін дүниеге келген азаматтарды да
мұрагер қатарына қосу жағдайларын қарастыратынын айта кеткен жөн.
Осы мәселеге қатысты М.Ю. Барщевский адам өлі туылатын болса, құқық
қабілеттілігінің пайда болмауына орай, мұрагерлікке таласа алмайтындығын
көрсетеді.
Мұрагер болу құқығы мұрагердің азаматтығының болуын талап етпейді.
Азаматтық құқық нормларына сәйкес мұрагерлік бойынша Қазақстан
Республикасының азаматтарымен қатар шетел мемлекетінің азаматтары және
азаматтығы жоқ адамдар да қатыса алады.
Егер мұра қалдырушы сот тәртібімен өлді деп жарияланса, оның
мұрагерлері ретінде сот шешімімен азаматты өлді деп жариялаған уақытта тірі
болған адамдар ғана қатыса алады. Дегенмен, мұрагер болу құқығына иеленетін
тұлғалар ауқымы шектеулі.
Қолданыстағы азаматтық заңдар адамның теріс пиғылына байланысты мұрагер
бола алмайтын азаматтарды белгілейді. Мысалы, мұра қалдырушының өміріне қол
сұққан азаматтар мен оны қасақана өлтірген азаматтар заң бойынша мұрагер
бола алмайды. Азаматтық заңдар бұл жағдайлардың барлығын сот тәртібімен
дәлелдеу қажеттігін көрсетеді.
Мұрагер болу құқығынан айыратын заңға қайшы әрекеттер қатарына
қылмыстық тәртіппен жазаланатын әрекеттерді жатқызуға болады, мысалы
мұрагерлерді мұрадан бас тартындар деп қорқыту, мұрагерлердің біреуін
қасақана өлтіру, олардың өміріне қол сұғу, заңсыз құжаттар жасау және т.б.
Бірақ, кісі өлтірген қылмыскер ол өлтірген туысының мүлкіне байланысты бір
ғана жағдайда мұрагер ретінде мұраға шақырылуы мүмкін, егер бұл азамат кісі
өлтіру кезінде әрекетке қабілетсіз болса.
Кейбір азаматтар мұрагер болу құқығынан заңдарға сәкес айырылады.
Мысалы, ата- аналық құқығынан айырылған ата- ата егер олардың ата- аналық
құқықтары мұра ашылу уақытында қалпына келтірілмесе, баласына қатысты заңды
мұрагер бола алмайды. Ата-аналық құқықтан айыру фактісі бұрын шыққан сот
шешімімен дәлелденуі тиіс.
Дәл осы сияқты ата-аналары немесе асырап алушыларына қатысты оларды
асырап бағудан қашып жүрген кәмелетке толған балалары да мұрагер бола
алмайды. Мұра қалдырушыны асырауға байланысты міндетті орындаудан көрінеу
қашып жүргендігі сот үкімі немесе оларға қатысты алимен өндіріп алуға
байланысты қозғалған азаматтық іс материалдарымен дәлелдеуге болады.
Мұрагерлік құқығынан айырылған азаматтар мұрадағы міндетті үлеске де
шақырылмайды [10, 464б.].
Мұрагер ретінде мемлекет те қатыса алады, себебі қолданыстағы Азаматтық
заңнама мұра құрамындағы мүліктерді толығымен немесе ішінара мемлекетке
ауысу жағдайларын қарастырады. Қорыта келе, заң бойынша мұрагерлік
қатынасын орнатудаға субъектілік құрамының еркшелігін тағы бір ескерген
жөн. Заң бойынша мұрагерліктің мұрагерлерін заң, ал өсиет бойынша
мұрагерліктің мұрагерлерін өсиет анықтайды. Мұра қалдырушы ретінде тек жеке
тұлғалар қатыса алса, мұрагер ретінде жеке тұлға да, заңды тұлға да бола
алады.

1.3 Мұраның құрамы мен мұраның ашылу орны және уақыты

Мұрагерлік түсінігін анықтаған кезде келесі жағдайларды ескеру керек:
1) құқықтар мен міндеттер мұра қалдырушыдан мұрагерге құқық мирасқорлығы
арқылы өтеді;
2) азаматтық кодексте тыйым салынған құқықтар мен міндеттерден басқа барлық
құқықтар мен міндеттер мұрагерге өтеді;
3) мұраны қалдыру ережесі, мерзімі және т. б. мұраны қалдырған кездегі
заңмен реттеледі.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 6 бөлімі Мұрагерлік құқық
деп аталған. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Пленумының шешімінде
мұралық термині қолданылды. Көптеген әдебиеттерде және тәжірибеде бұл екі
термин синоним сияқты қолданылады. Іс жүзінде бұл екі термин әртүрлі.
Мұралық құқығы - сол тұлғаның субъективті құқығы. Мұрагерлік құқық-мұра
мирасқорлығымен байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың
жиынтығы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 бабының 2 тармағында
мүлекке және мұралыққа заң кепіл береді, делінген.
Мұрагерліктің маңызын айтқан кезде, оны жалпы адамзат өмір сүрүінің бір
мақсатына жатқызу керек. Мысалы қайтыс болған азаматтың құқықтары мен
міндеттері мұрагерлік бойынша ешкімге өтпесе қандай салдарға әкелер еді?
Мұрагерлік ешкімге өтпесе, сол тұлганың жақын адамдарына кері әсер етер
еді, өйткені олар өмір сүруге қаражаттары болмаушы еді. Жинаған қаражатымен
не істейтінін білмеген адамдардың іскери белсенділігі төмендеуші еді
Бұл көптеген акционерлік қоғамдардың, банктердің, сақтандыру
компаниялардың және т. б. күйреуіне әкелер еді. Егер өз істерін құрып,
кейіннен сенімді қолға бере алмаса істі қандай мақсатпен жүргізеді.
Қайтыс болған азаматтың кредиторлары өз талаптарын кімге қоятындарын
білмейтін еді.
Адам бүкіл өмірі бойына жұмыс істеп, өз мүлкін жақын адамдарына
қалдыруға мүдделі.
Мұрагерлік құқықтың негізгі түсініктері ретінде, мұра мирасқорлығын
қарастырсақ болады. Заң әдебиеттерде мұрагерлік туралы бірнеше пікір бар:
Заң белгілеген ережелер бойынша қайтыс болған азаматтың (мұра
қалдырушы) мүліктік құқықтары және міндеттерінің басқа адамға (адамдарға)
мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. Бірақ бұл мүлік емес құқықтар мен
міндеттерге қатысты. Сондықтан мұраның құрамына үй емес үйге құқық,
автомобиль емес автомобильге құқық кіреді.
Е.П. Данилов бойынша мұрагерлік бұл құқықтардың өтуі емес,
объектілердің өтуі. Бірақ құқық бойынша тек мүлік емес құқықтар мен
міндеттер де өтеді. Осы пікірді кеңес әдебиеттерінде В. И. Серебровскийдің
еңбектерінде кездестіруге болады.
Ю. Н. Власовтың пікірінше мұрагерлік қайтыс болған азамат мүлкінің
мұрагерге немесе мұрагерлерге өтуі. Мұрагерге барлық құқықтар мен міндеттер
өтуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 1039-бабына сәйкес
мұрагерліктің негіздері заң бойынша немесе өсиет болып табылады. Әлемдік
тәжірибеде басқа мұрагерлік негіз жоқ. Заң бойынша мұрагергерлік өсиет
болмаса ғана жүзеге асырылады. Ал тәжірибеде заң бойынша мұрагерлік
өсиеттен жиі кездеседі. Кейде мұрагерлік заң бойынша да, өсиет бойынша да
өтеді. Мысалы, мұра қалдырушы өсиетінде өз қызына пәтерін қалдыратынын
жазады, ал басқа мүліктер туралы жазбайды. Сонда пәтер өсиет бойынша өтеді
де, басқа мүліктер заң бойынша өтеді. Өсиет немесе заң бойынша мүлікті мұра
ету үшін бірқатар заңды фактілер қажет. Заң бойынша мұрагерлікке кем
дегенде екі факт керек. Біріншіден, мұраны қабылдайтын тұлға заң бойынша
мұрагерлердің қатарында болу керек, екіншіден мұра ашылу керек. Өсиет
бойынша мұра қалдырушы өз өсиетінде мүлікті кімге қалдыратынын көрсетеді.
Сондықтан, өсиет жоқ болса да, бар болса да, оның мазмұнына қарамастан
мұрагерлік заңда қарастырылған фактілер бар жағдайда ғана жүзеге асады.
Мұра дегеніміз мұра қалдырушыдан мұрагерге құқық мирасқорлығы
тәртібінде өтетін мүлік. Мұра түсінігін анықтау үшін мұрагерлерге немене
және қалай өтеді деген сұраққа жауап беру керек. Мұрагерліктің жалпы
ережесі қиын емес. Мұра қалдырушының барлық мүліктік құқықтары мен
міндеттері мұрагерге өтеді. Мұра құрамына кейбір ерекше жағдайлардан басқа
бар мүліктік құқықтары мен міндеттері кіреді. Мұрагерліктің келесі
өзгешеліктерін бөліп көрсету қажет:
- біріншіден, мұра не мұралық мүлік құрамына қайтыс болған азаматтың
құқықтары (актив) мен қарыздары (пассив) кіреді;
- екіншіден, мұрагерлік бойынша тек мұра қалдырушы тірі кезінде
иеленген құқықтар ғана өтеді. Сондықтан мұра қалдырушы тірі кезінде ие
болмаған, ол қайтыс болған кезде пайда болған құқықтар мұра құрамына
енбейді. Мысалы өз жанұясының пайдасына жасалған өмірді сақтандыру шарты.
Бұл мұрагерлік мирасқорлығы емес, өйткені сақтандыру ақшасын алу мұра
қалдырушы қайтыс болған жағдайда ғана беріледі. Осындай жағдайларда мұрагер
мұра қалдырушы иеленбеген құқықтарға ие болады;
- үшіншіден, мұра қалдырушының кейбір құқықтары мен міндеттері өз
табиғатына байланысты мұрагерлерге өте алмайды. Мұрагерлік мүліктің
құрамына жеке сипаттағы құқықтар мен міндеттер кірмейді. Ең алдымен, бұл
алименттік құқықтар мен міндеттер, пәтерді пайдалану құқы, қоғамдық
мекемеде және т. б. мүшелік құқы;
- төртіншіден, мұрагерге өтетін кейбір құқықтар мен міндеттер заң
бойынша өтпеуі мүмкін;
- бесіншіден, мұрагерлік бойынша тек мүліктік ғана емес, мүліктік емес
мазмұны бар құқықтар мен міндеттер өтеді. Мұрагерлік бойынша атқа ие болу
құқығы, авторлық құқық өтпейді.
Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс
болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.
Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен міндеттер:
- егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды
тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;
- өміріне немесе денсаулығына келтірілген қиянды өтеу құқығы;
- алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер;
- зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру
туралы заң актілерінің негізінде басқа да төлемдер төлеу құқығы;
- мүліктік құқықтармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқықтар
мұраның құрамына кірмейді.
Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа
да материалдық емес игіліктерді мұрагерлердің жүзеге асыруы және қорғауы
мүмкін.
Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау
салдарынан ашылады. Мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс
болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе,
азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн
мұраның ашылу уақыты болып табылады. Егер бірінен кейін бірі мұрагер болуға
құқылы адамдар бір күнде қайтыс болса олар бір мезлілде қайтыс болған деп
танылады және олардың әрқайсысынан кейін мұрагерлік ашылады да олардың
әрқайсысының мұрагерлері мұрагерлікке шақырылады. Мысалы, белгілі бір
апатта азаматты қайтыс болды деп жариялағанда, сот қайтыс болу күні деп,
апат болған күнді бекітеді.
Мұраны қалдыру уақыты дегеніміз не? Сот шешімінде көрсетілген күн мен
сол шешімнің күшіне енген мерзімі әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан осындай
жағдайларда сот шешімі күшіне енген күннен бастап есептеген дұрыс.
Мұраны ашу уақыты өте маңызды, өйткені онымен келесі анықтамалар
байланысты:
- мұрагерлік мүліктің құрамы;
- мұраны қалдыру не мұрадан бас тарту мерзімі;
- кредиторлардың талап қою уақыты;
- мұрагерлердің мұрагерлік мүлікке ие болу құқығының пайда болу уақыты;
- мұрагерлік құқы куәлігін беру уақыты;
- негізге алынатын заңдар.
Мұраны ашу жері мұра қалдырушының соңғы тұрған жері болып табылады.
Егер мұра қалдырушының соңғы тұрған жері белгісіз болса, мұраны ашу жері
мұра немесе оның үлкен бөлігі орналасқан жер болып табылады. Кейбір
жағдайларда тұрғылықты жерді анықтау мүмкін емес. Бұл ең алдымен
босқындарға қатысты. Бірақ қандай жағдай болмаса да мұра қалдырушы тұрған
жер мұраны ашу орны болып саналады. Бірақ осы сияқты жағдайларда
нотариалдық тәжірибеде кездесетін проблемалар туындайды. Егер мұра
қалдырушы Қазақстандағы кірпіш завод және Армениядағы шарап заводының иесі
және еш жерде тұрақты тұрмаған болса, мұраны ашу орны қайда болады? Бұл
кезде мұраны ашу жері болып мұраның көп бөлігі орналасқан жер болып
табылады. Уақытша шет елде тұрып, қайтыс болған Қазақстан Республикасының
азаматының мұрасын ашу орны болып, шет елге шыққанша Қазақстан
Республикасында тұрған жері болып табылады. Шет елде тұрақты тұрған
Қазақстан Республикасы азаматының мұрасын ашу орны болып, оның шет елде
тұрақты тұрған жері болып табылады. Бұл кезде мұрагерлік құқық куәлігін
Қазақстан Республикасының Консулдық мекемесі немесе шет елдің осындай
жұмыстарымен айналысатын мекемесі береді [11, 22-24б.].
Мұра қалдырушы (Қазақстан Республикасының, шет ел немесе азматтығы жоқ
тұлға) қайтыс болғаннан кейін мүлкі мұрагерлік тәртіп бойынша басқа
тұлғаларға өтетін жеке тұлға. Егер мұра қалдырушы азамат заңды түрде өз
мүлкін қалай бөлетінін жазса, өсиетші болып табылады. Ал мүлкі туралы
жазған документ өсиет деп аталады. Мұрагерлікте заңды мұрагерлер және өсиет
бойынша мұрагерлер болады. Заңды тұлғадан мұра алу мүмкін емес, сондықтан
заңды тұлға мұра қалдырушы бола алмайды.
Қайтыс болған азамат мүлкі өтетін тұлға мұрагер деп саналады. Заңды
мұрагерлердің қатарын заң бекітеді де, өсиет бойынша мұрагерлердің қатарын
өсиет белгілейді. Азаматтар сияқты заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасы,
шет елдер, халықарлық ұйымдар мұрагер бола алады. Мұра қалдырушы қайтыс
болған уақытта тірі болған әрбір азамат мұрагер бола алады.
Мұра ашылған кезде тiрi жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тiрi
кезiнде iште қалған және мұра ашылғаннан кейiн тiрi туған азаматтар өсиет
және заң бойынша мұрагер бола алады.
Мұра ашылғанға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Римнің мемлекеті жəне құқығы
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша мұрагерлік қатынастар мәселесі.
Материалдық сақтандыру қатынастары
«Қазақстан Республикасының билік органдарының қызметі мен түрлері»
Табыстарға салынатын салық
Нотариаттың түсінігі, оның мақсаты, функциясы мен қағидалары туралы
Халықаралық жеке құқық
Қазақстан Республикасындағы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайлары
Қазақстан Республикасындағы мұрагерлікті құқықтық реттеу: теория және тәжірибе мәселелері
Банктің депозиттік операциялары және оның ҚР дамуы
Пәндер