Штангелі сораптың ұңғымадағы мұнайды бұрғылаумен соруы



1. Жалпы бөлім
1.1 Штангелі бұрғылау сорабы және оның пайдалану шарттары.
1.2 Бұрғылау сорабының жұмыс істеу принципі мен схемасы.
1.3 Прототип ретінеде таңдалған сораптың құрылымы.
1.4 Бұрғылау құбырлары тізбегін көтеріп түсіру жабдықтары.
1.5 Ұңғыларда жер асты жөндеу кезіндегі қолданатын жабдықтар мен құралдар.
1.6 Ұңғыларды бұрғылауда қолданатын бұрғы мұнаралары.
1.7 Көтеріп түсіру жұмыстары кезінде сақталатын негізгі сақтық ережелері.
1.8 Ұңғымаларды жөндеуге арналған құрал.жабдықтар мен машиналар.
1.9 Ұңғыларды жерасты жөндеуге арналған жабдықтардың классификациясы.
1.10 Ұңғымаларды іргелі жөндеу.
1.11 Көтергіштер мен агрегаттар
2. Арнайы бөлім
2.1 Штангелі сорапты қондырғының құрылысы
2.2 Штангі мен құбырларға әсер етуші күштер
2.3 Штангелі сорапты қондырғының жабдықтары
2.4 Скважинаны зерттеу
2.5 Құбырлар мен штангаларды бұрап алу механизмдері.
2.6 Күрделі жағдайларда штангілі сорапты қондырғыны пайдалану.
2.7 Шығымы аз скважинаны кезең.кезеңімен пайдалану
3. Экономикалық бөлім
3.1 Ұңғыманы штангелік бұрғылау үшін технико.экономикалық негіздеме.
3.2 Басқару жүйесін құруға кететін капиталды шығындар.
3.3 Жұмысшылардың жалақысы.
3.4 Жабдықтардың монтажына кететін шығындар.
4. Еңбекті қорғау және қоршаған орта
4.1 Ауытқуларынан және жерге құрылғылардан электр қондырғыларын шолу.
4.2 Ішкі асқын кернеуі.
4.3 Найзағайлы қайта кернеу.
4.4 Электр асқын қорғау.
4.5 Жерге қосылған құрылғы.
4.6 Найзағайдың қосалқы станциясын есептеу.
Кіріспе

ХХІ ғасырдың басында әлемдік нарықтағы мұнайға деген сұраныстың өсуіне байланысты, Қазақстанда мұнай-газ шикізатын өндіру көлемі жыл өткен сайын қарқынды өсуде. Мұнай және газ кеніштерін игеру және ұңғымаларды пайдалану жағдайлары түрлі болғандықтан, сораптарға белгілі және айтарлықтай жоғары талаптар қойылады. Бұл жағдайлар жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау заңдарымен де қатаң қадағаланады.
Қойылған тапсырманы орындау өндірісті күшейту негізінде, жаңа технологияларды бұрғылау ұңғыны пайдалану және жөндеу кезінде, кеңірек еңгізуде және де жоғары өнімді, сапалы және ұзақ жұмыс істейтін машиналар мен жабдықтарды пайдалануда ғана мүмкін болады. Осыған байланысты мұнай кәсіпшілік жабдықтарының модельдерін шығарушы конструкторларда қойылатын талаптар өседі.
Бұрғылау сорабы мұнай және газға геологиялық барлама бұрғылау кезінде жуу сұйықтығын айдау үшін және де оны жөндеу кезінде ұңғыны басуға арналған. Сорап агрегатта ұңғыны жөндеу мен игерудегі ең маңызды торап болып табылады. Оның белгілі шамада жұмысқа икемділігі қондырғының жұмыста қарсылықсыз істеуін анықтайды және бұрғылау мен жөндеу бригадасының еңбек өнімділігіне әсерін тигізеді.
Тақырыбы: «Ұңғыларды бұрғылауда қолданатын УНБТ-600 бұрғылау сорабының конструкциясын жетілдіру» бұл дипломдық жобада мен бұрғылау сорабының функцияларымен, жұмыс істеу принципімен, қолдану кезінде қойылатын талаптармен, сондай-ақ оның конструкциясымен толықтай таныстырамын. Негізінен сораптың жетектік бөлігіне толық анализ жасап, модернизация бағытын таңдадым. Жоғарыда айтылған барлық параметрлерге тиісті схемалар мен кестелер келтіріліп, оларға түсініктеме жасаймын.
Модернизация бағытын таңдап, сорап конструкциясын есептеу – ең маңызды көрсеткіштерге әкеледі. Осыны түсіне отырып, поршеннің, клапан-ның параметрлерін есептеуге кірісу дұрыс деп алдын ала өзіме бағыт қойдым.
Менің дипломдық жобамда, казіргі кездегі бұрңылау сораптарды пайдалану жайын техникалық әдебиеттер арқылы зерттей отырып, олардың конструктивтік ерекшеліктерімен танысып оларға сонымен қатар техникалық монтаждау мен техникалық қызмет көрсетуді жүргізу бөліктің клапанында жасауын қарастырып, керекті технологиялық есептерімен графиктерін және сұлбаларын санап келтірдім. Жобаның экономикалық бөлігінде осы жасалынған модернизацияның тиімділіін есептеулермен таныстыруға шештім.
Бокенов Е. Х. Экономическая теория в вопросах и ответах: Учебное пособие. – М.: Юрист, 2000. – 272 с.
Если это коллективный сборник, то оформлять нужно следующим образом:
Курс социально-экономической статистики: Учебник для ссузов./ Под ред. Проф. М. Г. Назарова – М.: Финстатинформ, ЮНИТИ – ДАНА, 2000. – 771 с.
Образец оформления статьи:
Искакова Р. Региональная политика. // Қаржы¬-Қаражат. – 2001. - -№3. – с. 41 – 43.
При оформлении газетной статьи после номера газеты пишутся три начальные буквы названия месяца, в котором вышла газета.
Например:
Шакенова Г. Жилищные кооперативы. А как у них? // Казахстанская правда. 2001. - № 201 – 202 (23549 – 23550) – авг. – с. 9.
Атырау политехникалық колледжі

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

ХХІ ғасырдың басында әлемдік нарықтағы мұнайға деген сұраныстың өсуіне байланысты, Қазақстанда мұнай-газ шикізатын өндіру көлемі жыл өткен сайын қарқынды өсуде. Мұнай және газ кеніштерін игеру және ұңғымаларды пайдалану жағдайлары түрлі болғандықтан, сораптарға белгілі және айтарлықтай жоғары талаптар қойылады. Бұл жағдайлар жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау заңдарымен де қатаң қадағаланады.
Қойылған тапсырманы орындау өндірісті күшейту негізінде, жаңа технологияларды бұрғылау ұңғыны пайдалану және жөндеу кезінде, кеңірек еңгізуде және де жоғары өнімді, сапалы және ұзақ жұмыс істейтін машиналар мен жабдықтарды пайдалануда ғана мүмкін болады. Осыған байланысты мұнай кәсіпшілік жабдықтарының модельдерін шығарушы конструкторларда қойылатын талаптар өседі.
Бұрғылау сорабы мұнай және газға геологиялық барлама бұрғылау кезінде жуу сұйықтығын айдау үшін және де оны жөндеу кезінде ұңғыны басуға арналған. Сорап агрегатта ұңғыны жөндеу мен игерудегі ең маңызды торап болып табылады. Оның белгілі шамада жұмысқа икемділігі қондырғының жұмыста қарсылықсыз істеуін анықтайды және бұрғылау мен жөндеу бригадасының еңбек өнімділігіне әсерін тигізеді.
Тақырыбы: Ұңғыларды бұрғылауда қолданатын УНБТ-600 бұрғылау сорабының конструкциясын жетілдіру бұл дипломдық жобада мен бұрғылау сорабының функцияларымен, жұмыс істеу принципімен, қолдану кезінде қойылатын талаптармен, сондай-ақ оның конструкциясымен толықтай таныстырамын. Негізінен сораптың жетектік бөлігіне толық анализ жасап, модернизация бағытын таңдадым. Жоғарыда айтылған барлық параметрлерге тиісті схемалар мен кестелер келтіріліп, оларға түсініктеме жасаймын.
Модернизация бағытын таңдап, сорап конструкциясын есептеу - ең маңызды көрсеткіштерге әкеледі. Осыны түсіне отырып, поршеннің, клапан-ның параметрлерін есептеуге кірісу дұрыс деп алдын ала өзіме бағыт қойдым.
Менің дипломдық жобамда, казіргі кездегі бұрңылау сораптарды пайдалану жайын техникалық әдебиеттер арқылы зерттей отырып, олардың конструктивтік ерекшеліктерімен танысып оларға сонымен қатар техникалық монтаждау мен техникалық қызмет көрсетуді жүргізу бөліктің клапанында жасауын қарастырып, керекті технологиялық есептерімен графиктерін және сұлбаларын санап келтірдім. Жобаның экономикалық бөлігінде осы жасалынған модернизацияның тиімділіін есептеулермен таныстыруға шештім.

1. Жалпы бөлім
1.1 Штангелі бұрғылау сорабы және оның пайдалану шарттары.
Штангелі бұрғылау ертіндісін бұрғылау бағанашығына айдайды, бұрғылау кезінде ұңғы ішінде тоқтамсыз ауаның айналымын жасау үшін қолданады. Бұрғылау бағанашығына қажет бұрғылау ертіндісін жібереді, ол ішіндегі тау жынысын бұрғылаудан кейінгі қалған қалдықты және қажетті көтеру жылдамдығын тау жынысын шығару үшін қолданады, керек гидравликалық қуат қашауға жоғары жылдамдықпен (150 мс дейін) кіріске тазарту бұрғыланған тау жыныстарынан келтіру. Осы айтылған жүйе 1 суретте көрсетілген.
Гидравликалық жетекке энергияны келтіру бұрғылау сұйығын тазарту бұрғыланған тау жыныстарынан және газдан бұрғылау сұйығын тұрақты параметрде ұстап тұру ұңғыға құю үшін жаңа бұрғылау сұйығын дайындау. Бұрғылау жоспары сызықты тығыздықтан алу және арынды өткізеді, тіреуіш арқылы және ұршық арқылы бұрғылау бағанашығына соның өзінде Рn қысымы жартысын гидравликалық кернеуге жердегі линияға береді. Ары қарай бұрғылау сұйығы басты және бұрғылау құбыры арқылы, АБҚ арқылы, жетекпен қашауға. Бұл жолда сұйық қысымы азаяды, себебі қуатты жоғалтады, гидравликалық кернеуде Pт ,Рубт ,Рәд содан кейін бұрғылау сұйығы әртүрлі динамикалық арын бұрғылау бағанашығы ішінде Рд және ұңғы Рз (Pд - Pз =Pдоп) үлкен жылдамдықпен шығып қашауға және тұрып қалған қалдықты тазартады және қашау тау жыныстарын қазылғаннан қалған энергия сұйығы тау жыныстары және үдеу сақинасына құбыр арқылы Рк өтеді. Жоғары көтерген кезде бұрғылау ұңғысына сұйық тазалау блогына өтеді, осы жерде одан бұрғыланған тау жыныстарын алады. Газ және құм тазалаудан кейін сұйық 1,0% үлкен фракция тау жыныстары және құм 0,02 мм-ден 0,1мм.-ге, 0,1мм-ден үлкен фракцияларды тез алып тастау қажет. Алып тасталған бұрғыланған тау жыныстары және құмдар бұрғылау сұйығы және бұрғылау тау жыныстары, ұңғы диаметрлі және бұрғылау жылдамдығына байланысты.
Тазаланған бұрғылау сұйығы біріншіденөтеді, қайтадан бұрғылау сорабына айдалады. Осымен циркуляция айналымы бітеді. циркуляция - сорап жүйесі біріншіден қашаудың жұмысын жақсартуға арналған, сұйық параметрлер қашаудың және бұрғылау режиміне керек.
Сықағыш түбек жоғары қысымды құбыр жолдан тұрады, осы жерден сұйық сораптан тіреуішке және иілген қолға топсаққа қосылғанға барады. Арынды тізбек ысырмамен және бақылау-өлшеу құрылғысымен жабдықталады. Суық ауа райына жылытпаса бар құбыржол жүйесі қолданылады. Ағызу жүйесі тазалау және бұрғылау сұйығын дайындау құрылғысымен жабдықталған.
Бұрғылау сорапттары, ұңғы оқпаны мен түбін бұрғыланған тау жыныстарынан тазартуға және оны жер бетіне шығару; қашауды суыту мен майлау; ағынды қашаулармен бұрғылау кезінде гидромонитролық тиімділік жасау; түпкі гидравликалық қозғалтқыштарды іске қосу мақсатында, жуу сұйығын ұңғыға айдауға арналған.

1-сурет. Бұрғылау сұйығы циркуляциясының схемасы

1-сорап; 2-тіреуіш; 3-иілгіш жең; 4-ұршық; 5-жетекші құбыр; 6-ұңғы сағасы; 7-бұрғылау құбыры; 8-құбырарасы кеңістігі; 9-АБҚ; 10-қашау; 11-ерітінді желісі; 12-тазалау жиынтығы; 13-шандар; 14-арынды сорап; 15-амбар; 16-араластырғыш

Бұрғылау сораптарының тағайындалуы мен пайдалану шарттарына байланысты мынадай негізгі талаптар қойылады:
- сорап берілісі, ұңғыны тиімді жуумен қамтамасыз ететін реттелінетін шекте болуыкерек;
- сорап қуаты, ұңғыны жууға және түпкі гидравликадық қозғалтқыштың жетегіне жіткілікті болуы керек;
- жуу сұйығының сораптан шығу жылдамдығы, бұрғылау кезінде қиындықтардың туындауына себепші болатынинерциялық жүктемелер мен қысымның пулсациясын, қосымша энергетикалық шығындар мен шаршаудан болатын бұзылыстарды болдырмау үшін бір қалыпты болуы керек;
- сораптар абразивті және құрамында май бар әр түрлі тығыздықтағы коррозияға-белсенді жуу ерітінділерімен жұмыс істеуге қабілетті болуы керек;
- бұрғылау ерініндісімен жанасатын тораптары мен бөлшектері ұзақ мерзімді және істен шығып қалған жағдайда ауыстыруға тез және қолайлы болуы керек;
- ірі габаритті тораптары мен бөлшектері жөндеу мен техникалық қызмет көрсету кезінде сенімді ұстауға арналғанқұрылғылармен жабдықталғаниболуы керек,
- жетекті бөлігінің тораптары мен бөлшектері жуу сұйығынан қорғалған және тексеру мен техникалық қызмет көрсетуге қолайлы болуы керек;
- сораптар алыс және жақын қашықтықтарға жинақталған күйінде тасымалдауға жасақталған болуы керек;
- сораптардың конструкциясы сорап агрегатының қозғалтқышын оң және сол жағына орналасуға мүмкіндік беруі керек,
- сораптардың сенімділігі мен ұзақ мерзімділігі оларды пайдалану тиімділігі мен қауіпсіздігіне сай болуы керек;
- бұрғылау сораптарын жасап шығаруға қойылатын талаптар МЕСТ бойынша жасалынуы керек.
Бұрғылау қондырғысының күштік торабынан айналыс сынақайысты беріліс көмегі арқылы трансмиссиялық білікке беріледі. Трансмиссиялық біліктен тиісті қосынды арқылы, шатун орнатылған, эксцентрипті білікке беріледі. Шатуннан крейцкопф, контршток және шток арқылы қозғалыс жұмысшы цилиндрінің бойын жағалай поршеньге беріледі.
Сорап жетегі сына қайысты беріліс көмегі сияқты, шынжырлы беріліс көмегімен де жүзеге асырылады.
Ұңғы түбін бұрғыланған жыныстан қамтамасыз ету үшін бұрғылау қондырғысы бұрғылау ертіндісін жинау мен тазалау үшін арналғанжабдықтан, айдау құбырынан, бұрғылау сорабынан тұратын гидравликалық жүйемен жинақталадынемесе іріктеледі.
Бұл жүйеде бұрғылау сораптары қозғалтқыштың механикалық жұмысын қайта келтіруге гидравликалық энергияны бұрғыланған жыныстың бетіне шығару үшін қажетті бұрғылау ертіндісіне беруге және де турбо бұрғы турбиналарын бұрғылаудың турбиналық әдісі кезінде қозғалысқа келтіруге қызмет етеді. Бұрғылауда алдымен сорабтың үлкен берілісі және салыстырмалы шамалы қысымы болуын талап етеді, ал одан кейін ұңғының тереңдігін арттыру шарасы бойынша өзінің берілісін төмендетіп, қысымды жоғарылатады.
Бұрғылау сораптары өте ауыр шартта пайдаланылады. Олар саз-су қоспасы негізінде дайындалған тұтқыр ерітіндіні айдайды және барит немесе гелиостит қосындыларымен ауырланады. Ерітінділер 2%-ға дейін бұрғыланған тау жыныстарының бөлшектерін ұстайды және сорабтармен 40-700 С температура кезінде ұстайды, толығырақ айтқанда айдайды.Суерітінділері осындай температурада ең көп коррозиялы активті болып келеді. Ерітінділердің тығыздығы әдетте 1,2-1,5 гсм3 құрайды, 2,5 гсм3-қа дейін көтерілуі немесе 0,8 гсм3-қа дейін төмен түсуі мүмкін.
Бұрғылау сорабы сальник пен тығындардың басу кезінде қысымның аз уақыттық жоғарылауын жіберуі, конструкциясы бойынша қарапайым, пайдалануда сапалы және ыңғайлы болуы, жақсы ептілік қасиеті болуы қажет, яғни қозғалысқа жеңіл келіп, сенімділікті сақтап беріліс пен қысымды өзгертуді қажет, ал ол үшін оның конструкциясы цилиндрлік төлкенің, поршеннің, штоктің, клапанның, сальниктің және басқа тез тозатын бөлшектердің тез ауысуына мүмкіндік беруі қажет.
Осы уақытта жуу сұйықтығын айдау үшін сораптардың көптеген түрлері қолданылады - бұлар поршеньді, ортадан тепкіш, тісті доңғалақты, ротациялық, электорлы және басқалар.
Дегенмен, ұңғы бұрғылау технологиясының талабын тек поршеньді (плунжерлі), горизонтальды, екі поршеньді, екі жақты қозғалысты, екі цилиндрлі немесе бір жақты қозғалысты үш цилиндрлі сораптар қанағаттандырады.
Вертикаль (тік) сораптар олардың белгілі артықшылықтарының жоқтығынан және қызмет етуге жоғары еңбек сиымдылығы керектігінен, тасымалдау және жұмыс уақытысы кезінде беріксіз болу салдарынан пайдаланылмайды.
Бір жақ қозғалысты үш цилиндрлі сораптардың екі жақ қозғалысты екі цилиндрлі сораптар алдындағы артықшылығы берілістің аз тепе-теңсіздігі мен гидравликалық қуатпен 1 кВт-қа металдың шығынының төмен көрсеткіші болып табылады, бұл көрсеткіш бірінші үшін 1 кВт-қа 22-35, екіншісі үшін 35-55 кг кВт.
Дегенмен, бір жақ қозғалысты үш цилиндрлі сораптардың кеғмшіліктері де бар- ол жөндеу қиыншылықтары мен тез тозатын бөлшектердің ауыстырылуы. Берілістің тепе-теңсіздігінде аз габаритті компенсаторлардың шығарылуы екі цилиндрлі бұрғылау сораптарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді, компенсаторлы мынандай байланыстағы олардың конструкциясын ұтымды, тиімді болып табылады деп есептеуге болады.

1.2 Бұрғылау сорабының жұмыс істеу принципі мен схемасы.

Біржақты әрекетті бұрғылау сорабының жұмыс істеу принципі келесідей: жетектен білікке айналыс беріледі, осы арқылы барлық механизм іске қосылады. Толықтай 2 суретте көрсетілген
Қосиін - бұлғақты қосылыс арқылы біліктің айналысы арттырып, шток пен поршеннің қозғалысын да қадағалайды. Поршень цилиндрде қозғалып, онда астыңғы бөлікте сору клапаны орналасқан, ал үстінгі бөліктегі айдау клапаны сору клапанымен желілер арқылы сұйықтық сақтағышына, ал айдау клапаны арындық желіге жалғасқан.
Поршеннің оңға жүрісі кезінде жұмыс камерасында пайда болатын сиретуден клапанның асты - үстінен қысым айырымы пайда болады. Содан клапан ашылып, камераға сұйықтық ағылады. Бұл кезде айдау клапаны қысымның әртүрлілігінен жабық тұрады. яғни айдау желісінде қысым жұмыс камерасындағы қысымнан көбірек болады.

2 сурет. Екі жақты әрекетті поршенді сораптың жұмыс істеу схемасы

1-трансмиссия; 2-қосиін; 3-бұлғақ; 4-сырғақ; 5-шток; 6-поршень; 7-цилиндр; 8-айдау клапаны; 9-жұмыстық камера; 10-сору клапаны

Поршеннің солға жүрісі кезінде камерада қысым артып, сору клапаны жабылып, соның салдарынан камерадағы қысым айдау желісіндегі қысымнан артқан жағдайда айдау клапаны ашылады. Содан соң камера ішіндегі сұйықтық сыртқа төгіледі, сөйтіп цикіл қайталанып тұрады.
Жоғарыда көрсетілген процестен поршеннің қозғалу жылдамдығы өз жұмысында нольден максималды мәнге дейін жетеді, максималды жылдамдықты, ал қосиіннің бұлғаққа перпендикуляр болған кезде алады, себебі сұйықтықты айдау поршеннің көмегімен өтеді. Яғни айдалатын сұйықтың мөлшері поршеннің қозғалу жылдамдығына тікелей байланысты.
Жұмыс істеу принципі бойынша сораптың келесі бір түрі екіжақты әрекеттің басты ерекшелігі екінші жұмыс камерасының болуы. Біреуі дәл біржақты әрекеттегідей, ал екінші камера поршеннен кейін орналасқан. Бұл камераның көлемі алдыңғысынан аз, себебі онда көп орынды алатын шток орналасқан. Сондай-ақ сору және айдау клапандарымен жабдықталған. Сұйық-тықтың өту жолы поршеннің алдымен оңға жүрісінен басталады. Соның салдарынан сору клапаны ашылып, камера сұйықтыққа толады. Алекінші камерада сұйықтық поршеннің жүрісінен шығарылады. Бұндағы сору клапаны жабылуы қысымның әртүрлілігі салдарынан.
Көпцилиндрі сораптарда сұйықтықтың бірдей деңгейде жіберілмеуін реттеу үшін қосиіндерді бір-біріне белгілі бұрышпен орналастырады. Екіцилиндірліде 90º - н, ал үшцилиндрліде 120º-н. Сол арқылы кей кездерде сұйықты айдау бірнеше камерадан бірден мүмкін болады. Сұйықтықтың лүпілін азйтуда сораптың сору және айдау желілерінде гидравликалық компенсаторлар орналасқан. Компенсатордың жоғарғы жағы газға толтырыл-ған. Газ қысымы сұйықтықтың жұмыстық қысымының жартысына тең болуы керек. Ал төменгі бөлігі сорапқа жалғанып, онда бұрғылау сұйықтығы толтырылған. Газдың жұмысы кезіндегі қысым сұйықтықты жіберудегі қысыммен бірдей, яғни газ негізінен қысымның өзгеруін реттеу арқылы сұйықтықтың лүпілін қадағалайды. Қысым артса, газ сығылады немесе керісінше.
Жұмыс камерасын сұйықтықпен толтыру. Ал сору желісі мен жұмыс камерасындағы қысымның әртүрлілігі арқылы іске асады.
Жұмыс камерасын сұйықтықпен нашар толтырылуы салдарынан түгел сораптың жұмысы өзгереді. Бұрғылау сораптарын жұмыстық камераны сұйықпен толтырудың 2 тәсілі белгілі:
- қосалқы жабдықталған қондырғылар арқылы поршенді сорап пен резервуар арасында орналасып, поршенді сораптың жұмыстық камерасын мәжбүрлі толтыруға арналған;
oo екпінсору, атмосфералыққысымменкамерадағықысым ныңәртүрлілігісалдарынан.

1.3 Прототип ретінеде таңдалған сораптың құрылымы.

Мысал ретінде УНБТ-600 бұрғылау сорабының 3-сурет құрылымын қарастырамыз.
УНБТ-600 бұрғылау сорабы гидравликалық және жетек бөлімдерінен тұрады. Гидравликалық бөлім сорап станинасына және рамасына қосылған екі гидравликалық қораптарда орналасқан. Әр қорапта алынбалы бөлшектер монтаждалған: поршень, цилиндрлік төлке, клапан, шток және т.б. Цилиндрлік төлке гидроқорапта 2 стаканмен бекітіледі. Цилиндрлік төлкенің нығыздауы гидроқорапта икемді сақиналармен жүзеге асырылады. Сорап поршені тұтас және штокпен гайка рақылы бекітілген. Гидроқораптың 2 торцтық тесігі штоктың шыға берісінде сальникпен нығыздалады. Сорап клапандары тарелкалы, конустық, серіппемен қысылған. Әр клапан 3, оны жөндеуге, бақылауға оңай болатындай етіп жасалған. Клапан қорабында сору және айдау клапандары орналастырылған және олар бірдей болып келеді.
Сораптың жетекті механизмі 6 станинада орналасқан. Станина жоғарғы және бірнеше бүйірлік қақпақтарға ие, бұл механизмді бақылауға және жөндеу жұмыстарын жеңілдетуге арналған. Жетекті бөлімі станинада тербелмелі мойынтіректерге отырғызылған трансмиссиялық және эксцентрлік біліктерден, редуктордан тұрады. Жетекті 6 және гидравликалық бөлімдер 2 бір рамаға 7 отырғызылады. Оның құрамына майлау және салқындату жүйелері де кіреді. Сораптың жетекті білігі трансмиссиялық беріліс арқылы іске асырылады. Ол мойынтіректерде жұмыс істеп, айналу моментін тісті беріліс арқылы түбірлі білікке береді. Крейцкопфпен (ползун) қосылған контршток станинаға қатысты арылы-берілі қозғалыс жасайды. Станинадан шыға берісінде ол сальникпен нағыздалады. Сорап механикалық жетек арқылы іске қосылады.

3 сурет. УНБТ-600 бұрғылау сорабы

1-қабылдау қорабы; 2-гидравликалық қорап; 3-сақтандыру клапаны; 4-нығыздаушы үштармақ; 5-компенсатор; 6-жетекті бөлім; 7-рама.

1 кесте. Техникалық көрсеткіштері
%
Атауы
Көрсеткіші
1
Сорап түрі
Екі поршеньді, екі жақты әсерлі көлденең сорап
2
Сорап қуаты, кВт
600
3
Сорапттың пайдалы қуаты, кВт
510
4
Поршеньнің жүру ұзындығы, мм
400
5
Поршень саны
2
6
Поршень штогының диаметрі
600
7
Бір минуттағы поршеньнің екі жүрісінің максимальді саны
65
8
Трансмиссиялы білікті максималды саны радсек
33,4

Цилиндрлі втулканы және сақтандырғыш клапанының дөңгелек тесік димаметрін ауыстырғандағы бірлік және қысым көрсеткіштері 1 кестеде көрсетілен.
2 кесте. Сорап бөлшектерін ауыстырғандағы бірлік пен қысым көрсеткіштері
Цилидрлі втулка диаметрі, мм
Сораптың идеалды берілісі, дм3с
Сораптың орташа қысымы, МПа
Сақтандырғыш клапанның дөңелек тесік диаметрі, мм
200
190
180
170
160
150
140
130
51
45,7
42
36
31,5
27,5
23,3
19,7
10,0
11,5
12,5
14,5
16,5
19,0
22,5
25,0
58,9
48,2
43,0
35,4
30,1
25,3
20,7
18,4

Сораптарға қойылатын негізгі талаптар:
- сораптың берілісі ұңғыны тиімді жуумен қамтамасыз ететіндей шекте реттелген болуы керек;
- сораптың қуаты ұңғыны және түпкі гидравликалық қозғалтқыштың жетегін жууға жеткілікті болуы керек;
- жуу сұйығының сораптан шығу жылдамдығы бұрғылауда қиындықтар тудыратын, қосымша энергетикалық шығындар мен қажу салдарынан бұзылатын инерционды күштер мен қысым бүлкілін жою үшін тепе-теңдікті ұстауы керек;

3 кесте. Сорап бөлшектерінің техникалық көсеткіштері
Атауы
Түрі, өлшемі
1
2
Цилиндрлі беріліс, тиісті беріліс саны (12325)
Клапан түрі
Гидроқораптың конусты отырғызылатын өлшемі:
Диаметрі, мм
Конусты
Трансмиссиялы біліктің отырғызылатын аяғының өлшемі, мм
Диаметрі, мм
Ұзындығы, мм
Шпонка
Клиноременді беріліс шкивінің есептеу диаметрі
Ремень түрі
Сорғыш потрубка
Айдағыш потрубка
Ара қашықтық, мм
Сорғыш осінің потрубкасы
Айдағыш осінің потрубкасы
Сақтандырғыш клапан түрі
Сфералық бөлігіне диафрагмалы компенсатордың
газ камерасындағы көлемі, дм3
Пневмокомпенсатордағы максималды
жіберілетін бастапқы газ қысымы, МПа
Пневмокомпенсатордағы сұйық жұмысының
максималды бастапқы қысымы, МПа
Пневмокомпенсатор габаритті өлшемдері, мм
Пневмокомпенсатор массасы, кг
Сораптың габбаритті өлшемдері, мм
Ұзындығы
Шкивсіз кеңдігі
Шкивпен алғадағы кеңдігі
Пневмокомпенсатормен биіктігі
Шкив және пневмокомпенсаторсыз биіктігі
Шкив және пневмокомпенсаторсыз биіктігі
Пневмокомпенсатор мен шкивсіз майсыз массасы, кг
Шкив массасы, кг

4,92
тарелкалы

196,850,2
1:6

175
407
45х25х360
1400
Д
275
109
265
625
2092
диафрагмалы

70

90

25

720

5100
2620
3000
3305
1960
23400
1471

25590

1.4 Бұрғылау құбырлары тізбегін көтеріп түсіру жабдықтары.
Кез келген ұңғыларды мұнай, газ айдау және т.б. пайдаланған жағдайда оларды мезгіл-мезгіл жөндеп тұру керек. Скважина ішінде өнім көтергіш құбырларды (нкт),штангілерді, терең сораптар мен басқа да құралдарды көтеріп-түсіру жұмыстарына байланысты әрекеттерді, жөндеу жұмыстары дейміз. Ол өзінің түрі мен күрделілігіне қарай күнлелікті және күрделі жөндеу болып бөлінеді.
Күнделікті жөндеуге - терең сорапты ауыстыру,көтергіш құбыр мен штангілерді өзгертіп тұру немесе ұстап тұрған алқаның (подвеска) түріне қарап өзгерту, скважина түбінде жиналған құм шығындарынан тазарту, басқа да скважинаға түскен жеңіл заттарды көтеру, үзілген штангілер және басқа тізбек ішіндегі қалған заттарды ұстау кіреді. Осы жұмыстардың барлығын мұнай және газ басқармаларында құрылған ұңғыманы жер асты жөндеу бригадалары атқарады. Ұңғыманы жер асты жөндеу бригадаларында вахта әдісімен жұмыс істейді. Вахтаның құрамында үш адам: екеуі оператор, оның көмекшісі, ұңғының сағасыңда жұмыс жасайды, үшіншісі тракторшы немесе маторшы - көтеру механизмнің шығырында отырып жұмыс істейді.
Жер асты жабдықтарында болған апаттарды үзілген құбырларды ұстау мен сағаға шығару жою үшін жасалынатын, зақымдалған пайдалану құбыр тізбектерін орнына келтіру, қабат суларын жабу айыру, басқа пайдалану қабатына кешеніне ауысу сияқты қиын жұмыстар - скважинаны күрделі жөндеу категориясына жатады.
Мұндай жұмыстарды арнайы құрылған скважинаны күрделі жөндеу бригадасы жасайды. Осы бригада скважина түбінің төңірегін өңдеу жұмыстарымен де қабатты сұйықпен жару, сұйық құм ағынымен тесу, қышқылмен өңдеу, дірілмен өңдеу және т.с.с. айналысады.
Бұрғылау процесі - бұрғылау құбырлары тізбегін ұңғы ішінен көтеріп - түсіру және көтере ұстап тұру арқылы жүргізіледі. Осы жағдайларда бұрғылау аспаптарының салмағы бірнеше жүз килоньютонға жетеді. Тәл жүйесі арқанына түсетін салмақты және қозғалтқыштар қуатын азайту үшін, мұнара, бұрғы лебедкасы, тәл жүйесінен тұратын көтеру аспаптары қолданады. Тәл жүйесі кранблоктан, тәл жүйесінің қозғалмайтын бөлігі, тәл блогы,тәл жүйесінің жылжымалы бөліг, ілмек және тәл арқандарынан тұрады.
1.5 Ұңғыларда жер асты жөндеу кезіндегі қолданатын жабдықтар мен құралдар.
Ұңғыда жүргізілетін күнделікті жер асты және күрделі жөндеу жұмыстары кезінде, ұңғы түбінің төңірегін өңдеу операциялары кезінде,оның ішіндегі құбырларды, штангілер мен басқа құралдарды көтеру және түсіру жұмыстарымен байланысты. Сондықтан ұңғы сағасына уақытша немесе тұрақты мұнаралар мен мачталарды қондыруды қажет етеді. Оған қоса көтеру механизмдерін тракторға немесе автокөлікк орналасқан механикаландырылған шығыр орналастырылған. Мұнай және газ кәсіпшіліктерінде ұңғыны күнделікті және жер асты жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қолданатын мұнара мен шығыр трактор немесе автокөлік үстінде орналасқан көтергіш агрегаттар кеңіннен таралған. Құбырларды, штангілер мен басқа құралдарды көтеру түсіру жұмыстарын жасау үшін қолданатын мұнаралар мен мачта жабдықтарының үлгісі 4-ші суретте көрсетілген. Осы сияқты қозғалатын агрегаттардың өзінің үстіне орнатылған мұнарасы мен мачтасы болады. Мұнара кәдімгі ілмегі бар тәл жүйесімен жабдықталған. Оған арнайы аспап арқылы көтеретін жүк құбырлар, штангілер ілінеді. Мұнараның төбесіне жиналған қозғалмайтын роликтерін кранблок деп атаймыз. Кранблоктың әдетте роликтері еркін бір білікке орнатылып, массивті рамаға бекітілген. Тәл жүйесінің көтеретін жүк салмағына байланысты кронблокта үштен беске дейін роликтер болуы мүмкін. Тәл жүйесінің қозғалмалы роликтері де сол сияқты тәл блогы деп аталатын бір торапқа жиналған.
4-Сурет. Көтеріп түсіру әрекетін жүргізетін мұнара.
1 -- кранблок; 2 -- мұнара; 3 -- тәл арқан; 4 -- тал блогы; 5 -- ілмек; 6 -- бұрғылау шығыры; 7 -- мұнараның қозғалмайтын бөлігі
Тәл блогы болат арқанға ілініп тұрады, ол кранблок пен тәл блок арқылы және сол тәртіпте кейін қарай өткізіледі. Арқанның қозғалмайтын ұшы мұнараның негізіне бекітілген,ал қозғалатын ұшы шығырдың барабанына бекітілген. Құбыр тізбегін көтеріп түсіру кезінде мұнараның құлауынан сақтандыру үшін арқанның қозғалмалы ұшы шығыр барабанына бекітілуінің алдында, көпшілік жағдайларда мұнараның немесе мачтаның негізіне бекітілген тарту үшін арналған ролик арқылы өткізіледі. Шығыр барабаны айналған кезде арқан барабанға оратылып құбырларды көтере бастайды. Төмен түсу құбырлар тізбегінің өз салмақтары мен болады. Жеңіл құралдар мен жұмыс жасаған кезде арқанды шығыр барабанынан кран блоктың бір ролигінен өткізіп жіберіп ілмекке жалғастырып жұмыс жасай береді. Бұл кезде тәл блогын қолданбайды. Пайдалану мұнараларын әдетте істен шыққан бұрғылау құбырларынан немесе сорапты-компрессорлы құбырларынан биіктігі 24-28м қылып жасайды. Жүк көтергіштігі 50 және 75т. Төменгі табанының өлшемі 8x 8 м, ал жоғарғы алаңы 2x2м. Мачта биіктіктері 15-22м болса соған сәйкес жүк көтергіштігі 15 пен 25т. Мачталарды ұңғылардың сағасына орналастырғанда аздап кішкене бұрышқа қисайтып, оны арқанмен тартып қояды. Тұрақты мұнаралар мен мачталар тек қана жұмыс жасап тұрған кезде қолданады да қалғвн кезде бос тұрады. Пайдалану ұңғыларының жалпы жұмыс жасау уақытының 2-3%-ын ғана жер асты жөндеу жұмыстары алады екен, яғни мұнаралар мен мачталар жылына 6-10 күн ғана қолданады деген сөз. Сондықтан да көтеру-түсіру меxанизмдерін тиімді пайдалану үшін қозғалмалы мачталар мен оларды бірге үстіне салып жиналатын көтергіштер керек. Қозғалмалы мачталар арнайы арбаларға қондырылып ұңғылар арасында трактормен тасылып жеткізіледі. Олар шеген құбырлардан, екі аяқты, шана сияқты қылып жасалады. Өзінің мачтасын алып жүретін көтергіштер ретінде арнайы жасақталған автокөліктер мен тасылып жеткізіледі. Олардың жүк көтергіштігі 16 дан 80т-ға дейін болады. Құбырлар мен штангілерді скважинаға түсіріп,көтеру үшін комплексті құралдар қолданады. Олар құбырлар және штангелі элеваторлар мен кілттерден және жәделдетіп қауыпсыздікті сақтайтын әртүрлі құрылғылардан тұрады. Құбырлар элеваторы құбырларды муфта арқылы ұстап тұруға олардың тізбегін көтеріп-түсіру жұмыстары кезінде ұстап тұруға арналған. Құбыр элеваторы -- ортасында құбыр өткізетін тесігі бар екі жағында сырға кигізетін құлағы бар тұтас құйылған немесе қақталған темірден жасалған қамыт сияқты құрылғы. Элеватордың ішіндегі тесіктің диаметірі жіберетін құбырдың сыртқы диаметрімен сәйкес келеді. Элеватордың бір жақ бөлігі құбыр кигізу үшін ашық болады.
Құбыр элеватордың ішіне кіргесін, оның қабырғасы рычаг арқылы жабылады. Құбырды көтерген кезде оның муфтасы элеватордың кесілген жеріне келіп тіреледі. Элеватордың екі жағындағы құлағына ілмекке жалғауына болат сырға кигізіп солар арқылы құбырларды көтереміз. Сорап штангілерін көтеріп түсіру үшін оған жеңіл болат қамыт қолданады. Оны штангі элеваторы дейміз. Құбырларды бұрау және бұрап ашу үшін шарнирлі және шынжырлы кілттер қолданады. Қажалып тозған бұрғы қашауын ауыстыруда бұрғы құбырларын көтеру және түсіру жұмыстары қол күшін қажет ететін және көп қайталанатын операциялардан тұрады. Көтеріп-түсіру операцияларын жүргізу үшін бұрғылау бригадасы, құбырлар тізбегін ұстаушы, асып қоятын, ашып жабатын аспаптармен толық қамтамасыз етілуі тиіс.
1.6 Ұңғыларды бұрғылауда қолданатын бұрғы мұнаралары.
Бұрғы мұнарасы бұрғылау құбырлары мен шегендеу құбырлары тізбектерін ұңғыдан көтеру және түсіру үшін, сонымен қатар тәл жүйесін, бұрғылау құбырларын орналастыру үшін қолданады. Бұрғы мұнаралары биіктігі, жүк көтеру мен конструкциялық ерекшеліктеріне қарай бөлінеді. Тереңдігі 4000 м-ге дейінгі ұңғыларды қазуда биіктігі 41 м, ал 4000 м-ден жоғарғы ұңғыларды қазуда биіктігі 53 м және 60-70 м-лік мұнаралар қолданады. Конструкциялық ерекшеліктігіне қарай бұрғы мұнаралары екі түрге бөлінеді: мачталы және башен тәрізді. Башен тәрізді мұнараларда салмақ оның төрт тіректеріне түседі. Ал мачталық мұнараларда салмақ бір немесе екі тірекке түседі. Қазіргі кезде 41 метрлік башен тәрізді мұнаралар кеңінен қолданады. Олардың әрқайсысының биіктігі 4 метр 10 панелден тұратын, төрт қырлы қиылған пирамида тәрізді. Мұнараның төменгі жағының тальдік блогы 5-суретте көрсетілген.
5-сурет
Мұнараның жоғарғы жағында кронблок (12) монтаждалады, тальдік арқанға тальдік блок (10) ілінеді. Тальдік блокка күршек (9) бекітіледі және оған штропалар (8) мен элеватордың (7) көмегімен СКҚ тізбегі немесе штангалар бекітіледі. Болаттан жасалған тальдік арқан (2) лебедкадан (1), мұнараның (11) астыңғы жағында орналасқан тарту ролигі (5) арқылы және кронблоктың ролигі (12) мен тальдік блок (10) арқылы және кері қарай сол тәртіппен өткізіледі. Арқанның қозғалмайтын бөлігі мұнараның негізіне бекітіліп, ал қозғалатын бөлігі - барабанның лебедкасына бекітіледі. Тарту ролигі (5) құбырлар тізбегін көтеру немесе түсіру кезінде мұнараның аударылып кетуінен сақтайды.
Ұңғымаларда апатты жою кезіндегі негізгі жұмыстарға қармау, фрезерлеу, тазалау және қосымша атқарылатын жұмыстар жатады.
Апаттың түрлеріне байланысты ұңғылық құрылымдар мен құралдардың арнайы жиынтығы болады: бұрғылау және СКҚ-ларға арналған қармау құрылымдары, оқпанды ұңғылық фрезерлеумен тазалауға арналған кескіш құралдар; ұңғылық қозғалтқыштарды, аспаптарды, пакерлерді, долотолар мен басқа жабдықтарды көтеруге қажетті қармау құрылымдары; штангаларды, кабельдерді, арқандар мен сымдарды қармайтын құрылымдар; қосымша құрылымдар мен құралдар.

Жоспармен қарастыру
Ұңғыма жабдықтары-ның үлгісі
Ұңғымалы жабдықтарды көтеру
Штанганың үзілуін жою не тереңдікке ілуді өзгерту

Ұңғымалы жабдықтың түрі
ОТСҚ демонтаждау
СКҚ же штан-ы өзгерту жос-р бой. қараст.
СКҚ штанг-да шөгінді болады
Техникалық жабдықтардың жағдайы реттелген
Штанга және СКҚ ауыст.
Штанга және СКҚ-ны парафинді-смола-
лы шөгіндіден тазалау
Ұңғымалы саға жабдығын жөндеу
Штанганың үзілуін жою немесе тереңдікке ілуді өзгерту
Жөндеу жабдықтарының коплекстерін ауыстыру
Аймақты жоспарлау
Ұңғыманы сөндіру
Көтеру жабдықтарын монтаждау
Сағалы жабдықтарды құрастыру (арматура)

6-сурет
Қармау құрылымдары апаттан кейін үзіліп кеткен СКҚ және бұрғылау құбырларын қармап және бір орында ұстап тұруға арналған. Ал кабельдер мен арқандарды қармауға қармақ, штангалар мен кабель аулағыштар жатады. Жұмыс принципі бойынша құбырларды қармайтын құрылымдардың мынадай түрлері бар: ойып орнатылған, плашкалы және серппелі. Ойып орнату құралдарына аулау метчиктері мен қоңыраулар, плашкалы түріне - аулағыштар, ал серіппелі түрлеріне - құбыраулағыштар жатады. Кескіш құралдарға - түптік, сақиналы, құрамалы, райберлер мен құбыркескіш фрезерлер жатады. Кей жағдайда кескіш құрал қармау құрылымымен құрамдастырылды. Қосымша құралдарға ауытқыштар, шегендеу тізбектерінің муфталарын бекіткіштер, ұңғылық гидродомкраттар, өрмекшілер, яссылар, металқож аулағыштар жатады. Ағымды жөндеу жұмыстардың орындалу кезегі 6-суретте көрсетілген. Ұңғымаларды ағымды жөндеу процесі тағайындалуына тәуелсіз тасымалдық, дайындық-қорытынды, түсіру-көтеру және технологиялық операциялардан тұрады 7-сурет.

Ұңғыны ағымды жөндеу
Дайындық операциялары
Көтеру-түсіру операциялары
Технологиялық операциялар
Тасымалдау операциясы
7-сурет. Ұңғымаларды ағымды жөндеу процесі
Тасымалдау операциясының мақсаты - жөндеу кешендерін қажетті орынға жеткізу; дайындық операцияларына ұңғыма мен сағалық жабдықтарды көтеру-түсіру операцияларына дайындау, ал технологиялық операциялар әртүрлі жұмыстарды - сораптарды ауыстыру, ілу тереңдігін ауыстыру, СКҚ-ның кейбір бөліктері мен штанганы ауыстыру, газлифттік көтергішті ауыстыру, т.б. орындауға арналған.
Көтеріп-түсіру жұмыстарын автоматтандыру АМТ-221 имитаторы туралы мәлімет Мұнай және газ ұңғыларының бұрғылау көлемінің өсуіне байланысты онда қолданылатын техника түрлері де біртіндеп дамып жетілген. Қазіргі кезде кез-келген мұнай және газ ұңғылары жан-жақты механикаландырылған және автоматтандырылған бұрғы қондырғыларымен бұрғыланады. Осындай қондырғылардың бірі ретінде АМТ-221 тринажер имитаторын айтуға болады. Көтеріп-түсіру жұмыстарын автоматтандыру және механикаландыру саласында едеуір жұмыстар жүргізіліп жаңа техникалық құралдар шығарылуда. Бұл бағытта жүргізіліп жатқан барлық жұмыстар көтеріп - түсіру операцияларын жеңілдетуге оған жұмсалатын қаржыны азайтуға бағытталған. Осындай механизмдердің бірі автоматтандырылған АМТ-221 көтеріп - түсіру құрылғысы. Бұл автоматтанғандырылған механизмдер жинағы төмендегідей жұмыстар атқарады:
а) бұрғылау құбырлары свечаларын ашу, бекіту, оларды орналастыру, тұрған орнынан ұңғы ортасына шығару көтеру - түсіру;
б) бұрғы тізбегін элеватормен ұстау, босату жұмыстары автоматтандырылған;
в) бұрғы құбырлар свечаларын орналастыру және ұңғы ортасына шығару жұмыстары механизацияланған;
г) бұрғы құбырлары свечаларының бұрандалауын майлау.
Шамдарды орналастыру арнайы тәл жүйесі мен механизмдер арқылы іске асырылады. АМТ-221 механизмдер жинағының көрсетіледі. Көтеріп - түсіру жұмыстарының реті төмендегідей. Бұрғылау құбырлары тізбегі бір свеча бойы мен көтеріліп, ротор столына ұстауыш сынамен ұстатылады да, автоматтандырылған бұрғышы кілтімен (АКБ) ашылады. Свечаны ашу кезінде бос тәл блогы төмен түсіріледі, ол төмен төменге жеткен кезде свеча ұстау, көтеру, жылжыту механизмдерінің көмегімен ұңғы ортасына шығарылады. Келесі свеча көтеріліп, шығарылған свеча орналастырылып қойылады. Бұрғылау құбырларын ұңғыға түсіру жұмыстарының реті, көтеру жұмыстарының ретіне ұқсас. Көтеріп-түсіру жұмыстарының кейбір бөліктерінің атқаратын механизмдері де, кеңінен қолданады. Көтеріп - түсіру механизмдер жинағы төмендегідей жұмыстарды атқарады:
1) ағытылған свечаларды орналастыру;
2) ағытылған свечалардың жоғарғы ұшын, элеватор мен тәл блогын қоса жоғары жұмысшыға қарай тарту:
3) ағытылған свечаны саусаққа кіргізу және ұңғы ортасына шығару;
4) бұрғылау және шегендеу құбырларын бұрап қатайру.
1.7 Көтеріп түсіру жұмыстары кезінде сақталатын негізгі сақтық ережелері.
Көтеріп түсіру жұмыстары түсіру, көтеру жылдамдықтары, көтеріп босату кезеңі, ұңғы оқпанын өңдеу тағы басқа жұмыстар режімдік - технологиялық карта көрсеткіштеріне сай немесе бұрғы мастері, инженерлік - диспечерлік қызметкерлер нұсқауы бойынша жүргізілуге тиіс. Бұрғылау немесе бұрғылау соңында, жетек және бірінші құбырды бірінші жылдамдықпен көтеру қажет. бұрғы свечаларын, құбырларды және басқа да бұрғы тізбегі элементтерін ротор көмегімен ашуға болмайды. Сонымен қатар ротордың кері айналу жүрісін қосып, бұрғы тізбегінің айналымын тоқтатуға болмайды. Ауырлатылған және бұрғылау құбырларын ұңғыға түсіру кезінде, жалғау элементтерінің арасындағы саңылауды момент өлшеуіштерімен қадағалай отырып, автоматтандырылған машина кілттерімен қатайту керек. Бұрғылау тізбегін толық тоқтатпай сына ұстағышты қосуға болмайды. Көтеріп-түсіру кезінде бұрғылау тізбегі роторға жәйлап отырғызылады. Бұрғылау тізбегін түсіру басында, тізбек жүрмей тоқтаған жерлерді бұрғы сорабын қосып, ұңғы оқпанын жуу арқылы өңдеу керек. Тәл арқанының лебедка барабанына дұрыс оралуын қамтатамасыз етуші тетіксіз, жұмыс істеуге болмайды. Ұңғы ішінен бұрғылау тізбегін, оның элементтерін көтеру кезінде, оларды жуу сұйығынан арнайы құрылдар көмегімен тазалап отыру қажет. Пневматикалы ұстауыш сынамен жұмыс істеу барысында, ротор үстелінің үстінде тұруға, сынаны толық көтермей тізбекті көтеруге, түсіруге, ротор столын айналдыруға болмайды. Бөгде заттар ұңғы ішіне түсіп кетпеу үшін, ұңғы сағасын жабық ұстау қажет. Газ және жуу сұйықтарын жұтуға бейімді қабаттарды ашқан жағдайларда, қабатты жарып алмау үшін бұрғылау тізбегін ақырын көтеріп, түсіру қажет. Бұрғылау тізбегін ұңғыдан көтеру барысында, ұңғыны уақытымен жуу сұйығымен толтырып отыру керек. Бұрғы мастері көтеріп-түсіру механизмдерін сақтық кестесіне сай тексеріп, тексеру нәтижесін арнайы журналдарға тіркеп отыруға тиісті. Белгілі мерзімде түсіру механиздерінің кемістіктері тексеріліп отыруы қажет.
1.8 Ұңғымаларды жөндеуге арналған құрал-жабдықтар мен машиналар.
Ұңғыманы жөндеу кезіндегі жұмыстар мына түрге бөлінеді:
oo ағымды жөндеу;
oo іргелі жөндеу;
oo қабаттардың мұнай беруін көбейтуге арналған жұмыстар.
Ұңғыманы ағымды жөндеу (ҰАЖ) деп оның жұмыс қабілеттілігі мен сағалақ жабдықтарды қалпына келтіру, ұңғыманы пайдалану режимін өзгерту, сонымен бірге көтеру тізбектері мен забойды асфальттен, парафин, гидратты шөгінділерден, тұздар мен құмнан тазарту жұмыстарын айтады.

4-кесте
Шифр
ҰАЖ бойынша жұмыс түрлері
1
2
АЖ-1

АЖ1-1
АЖ1-2
АЖ1-3

АЖ1-4

АЖ1-5

АЖ1-6
АЖ1-7
Пайдалануға беру кезіндегі ұңғыларды жабдықтармен қамтамасыздандыру (бұрғылаудан, игеруден, жұмыссыз тұрғаннан, консервациядан кейін)
Фонтанды ұңғыны енгізу
Газлифтті ұңғыны енгізу
Штангалық тереңдік сораптарымен (ШТС) жабдықталған ұңғыларды енгізу
Электрлі ортадан тепкіш сораптармен (ЭОТС) жабдықталған ұңғыларды енгізу
Электрлі бұрандалы сораптармен (ЭБС) жабдықталған ұңғыларды енгізу
Батырмалы сораптармен (БС) жабдықталған ұңғыларды енгізу
Басқа түрлі сораптармен (ағыншалы, гидропоршеньді, т.б.) жабдықталған ұңғыларды енгізу
АЖ2
АЖ2-1
АЖ2-2
АЖ2-3
АЖ2-4
АЖ2-5
АЖ2-6
АЖ2-7
АЖ2-8
АЖ2-9
АЖ2-10

Ұңғыны басқа түрдегі пайдалануға көшіру
Фонтанды-газлифтті
Фонтанды-ШТС
Фонтанды-ЭОТС
Газлифт -ШТС
Газлифт -ЭОТС
ШТС - ЭОТС
ЭОТС - ШТС
ШТС - бөлек пайдаланылуға арналған жабдықтар (ПАЖ)
ЭОТС - ШТС
Көшірудің басқа түрлері (мысалы: ЭОТС - ЭБС, фонтанды ЭБС штангалы немесе батырмалы, ЭОТС - диафрагмалы, ЭОТС - ағыншалы, т.б.)
1
2

5-кестенің жалғасы
1
2
АЖ3
АЖ3-1
АЖ3-2
Пайдалану режимін оптималдау
Ілу тереңдігін өзгерту, ШТС типтік өлшемін ауыстыру
Ілу тереңдігін өзгерту, ЭОТС типтік өлшемін ауыстыру
АЖ4
АЖ4-1
АЖ4-2
АЖ4-3
АЖ4-4
АЖ4-5
АЖ4-6
ШҰС, ШБС сораптарымен жабдықталған ұңғыны жөндеу
Сораптарды тексеру және ауыстыру
Штанганың үзілуін жою
Жылтыратылған штокты ауыстыру
СКҚ-ны ауыстыру, нығыздау және саңылаулығын жою
СКҚ-ны тазалау және булау
Сағалық жабдықтарды тексеру және ауыстыру
АЖ5

АЖ5-1
АЖ5-2
АЖ5-3
АЖ5-4
АЖ5-5
АЖ5-6
ЭОТС, ЭБС, ЭДС сораптарымен қамтылған ұңғыларды жөндеу
Сорапты тексеру және ауыстыру
Электрқозғалтқышты ауыстыру
Кабельдің ақауын жою
СКҚ-ларды тексеру, ауыстыру, саңылаулығын жою
СКҚ-ны тазалау және булау
Сағалық жабдықтарды тексеру және ауыстыру
АЖ6
АЖ6-1
АЖ6-2
АЖ6-3
Фонтанды ұңғыларды жөндеу
СКҚ-ны тексеру, ауыстыру, престеу және саңылаулығын жою
СКҚ-ны тазалау және булау
Сағалық жабдықтарды тексеру және ауыстыру
АЖ7
АЖ7-1
АЖ7-2
АЖ7-3
АЖ7-4
Газлифтті ұңғыларды жөндеу
СКҚ-ны тексеру, ауыстыру, престеу және саңылаулығын жою
СКҚ-ны тазалау және булау
Газлифтті клапандарды тексеру, ауыстыру және тазалау
Сағалық жабдықтарды тексеру және ауыстыру
АЖ8
Артезиан және сіңіру ұңғыларын тексеру және жабдықтарын ауыстыру
АЖ9
АЖ9-1
АЖ9-2
Түпті тазалау және жуу
БАЗ-ды қосу арқылы ыстық мұнаймен (сумен) жуу
Түпті химреагенттермен (ТГХВ, СКО, ГКО, т.б.) өңдеу
АЖ10
Жаңа жабдықтарды сынау бойынша тәжірибелік жұмыстар
АЖ11
Басқа жұмыс түрлері

1.9 Ұңғыларды жерасты жөндеуге арналған жабдықтардың классификациясы.

Ұңғыманы жерасты жөндеу (ҰЖАЖ)-ге арналған барлық жабдықтар, құралдар мен материалдар орналасу және орындалатын жұмыс түрлеріне қарай классификацияланады.
Жабдықтарды жер үстілік және ұңғылық деп бөлуге болады.
Өз кезегінде жер үстілік жабдықтар ЖАЖ-дың барлық түрінде қолданылатын жалпыға арналған жабдықтар мен орындалатын жұмыстардың түрлеріне байланысты арнайы жабдықтар деп бөлінеді.
Пайдалану шартына байланысты агрегаттар мынадай жабдықтардан тұрады: жүк көтергіш жабдықтар, көлік базасы, механизациялау құралдары мен түсіру-көтеру операцияларына арналған құралдары.
Жүк көтеру жабдықтарына мыналар жатады: мұнара, мачта және жебелер, лебедкалар, тальдік жүйе.
Көлік базасы ретінде жалпыға арналған және арнайы автомобильдер, сонымен бірге дөңгелекті және гусеницалы жүріске арналған тракторлар мен тіркемелер.
Түсіру және көтеру операцияларына арналған механикаландыру құралдарына механикалық құбырлық кілттер мен штангалық кілттер және манипуляторлар жатады.
Түсіру-көтеру операцияларын орындауға арналған құралдарға элеваторлар, спайдерлер, штропалар мен сырғалар, құбырлық және штангалық кілттер жатады.
Көрсетілген құралдар құрылымдық орындалуы, жүккөтергіштігі мен габариттері бойынша ажыратылады.
Үзіліссіз құбыры бар агрегат құрамына құбырды орауға арналған барабан, түсіру-көтеру операциясын орындауға қажетті инжектор, ұңғы сағасын нығыздауға арналған превентор мен көлік базасы кіреді.
Арнайы жабдықтарға, біріншіден, жалпыға арналған жабдықтарды кейбір операциялар кезінде толықтыратын - ротор, вертлюг, сораптар, компрессорлар енеді. Осы топқа көбікті айдайтын және қабатты гидрожұлуға арналған агрегаттар кіреді.
Ұңғылық жабдықтар да жалпыға арналған және арнайы болып бөлінеді. Жалпыға арналған жабдыққа резьбалы немесе үзіліссіз типтегі СКҚ-лар кіреді, ал арнайы түрлеріне - бұрғылау және шегендеу құбырлары енеді.
Ұңғылық жабдықтардың ең көп қолданыста болатын түріне пакерлер және апаттық құралдар жатады. Яссылар ағымды жөндеуге қолданылып қана қоймай, сонымен бірге апатты жоюға да қолданылады, сондықтан олар бөлек топқа жатқызылады. Забойды тазалау үшін желонкалардың бірнеше түрі қолданылады. Ұңғыға сұйықтың келуін қарқындату үшін свабтар мен құрылымдары әртүрлі арнайы сораптар қолданылады. Забой жанындағы зоналарға әсер ету үшін вибраторлар мен жылулық әсер етуші жабдықтар пайдаланылады.
1.10 Ұңғымаларды іргелі жөндеу.
Ұңғылардың жер астындағы іргелі жөндеудің мынадай мақсаттарын атап өтуге болады:
- ұңғының және ішкі ұңғылық жабдықтардың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру;
- ұңғының және жабдықтардың бас тартуларының алдын алу және ұзақ уақыттық жұмыс істеуді арттыру;
- ұңғы дебитінің деңгейін алғашқы уақыттағы деңгейге жеткізу немесе сол уақыттағы деңгейден асыру. Сонымен бірге, ұңғы деген ұғымның ішіне тек шегендеу құбырлары мен ұңғы ғана емес, басқа қабаттың жақын аумағы және перфорация аумағын да жатқызуға болады. Мұнай өндіруші кәсіпорынның жұмыс істеу қабілеттілігі ұңғының жөндеуаралық жұмыс периоды арқылы аңықталады.
Ұңғының жөндеуаралық жұмыс периоды дегеніміз - ұңғының бірінші жөндеуден екінші жөндеуге дейінгі нақты жұмыс істеген уақыты. Бұл ұзақтық бір уақыт периоды кезіндегі (квартал, жарты жылдық) ұңғы-күндердің санын осы уақыт периодында жүргізілген жер асты жұмыстарының санына бөлгенге тең. Жөндеуаралық период ұңғының қолдану уақыты, бұзылудың анықталу уақыты, жөндеуді күту уақыты және жер асты жөндеуге кететін уақыт бойынша анықталады. Сонымен бірге, бас тарту ретінде жабдықтардың бұзылуы ғана емес, тиісті регламентте немесе техникалық құжаттарда көрсетілген мұнай өндіру мөлшерінен төмен мұнай өндірілу де бас тарту ретінде қарастырылады. Бұл бас тартулар параметрлік деп аталады, олар тек қана тозған жабдыққа байланысты емес, сонымен бірге ұңғы жұмысының көрсеткіштерінің өзгеруімен де байланысты.
Ұңғыларды іргелі жөндеуі (ҰІЖ) деп - шегендеуші тізбектердің, цементті сақиналардың, түп алдындағы аумақтың жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіруін, қауіпті жағдайларды жоюын, бөлек қолдану және айдау кезіндегі жабдықтардың көтерілуі мен түсірілуіне бағытталған кешенді жұмыстардың түрін айтады.
Айтылған бағыттардың (жөндеу, ұңғы-операция) жөндеу жұмыстарының бірліктері деп - бұл ұңғының ағымды және іргелі жөндеу бригадасымен жүргізілген дайындық, негізгі және қорытынды жұмыстардың кешені және жоспармен қарастырылған, сондай-ақ, акт бойынша қабылданатын бригадаға тапсырушылармен ұңғыны алған уақыттан жұмыс аяқталғанға дейінгі уақытты айтады.
Ұңғының іргелі жұмыс (ҰІЖ) түрлеріне 6-кестедегі келтірілген жұмыстар жатады. Белгіленген жұмыстардан басқа тізбектің перфорациясына байланысты жұмыстарды атап кету керек. Олар іргелі жөндеу бригадасымен екі жағдайда жасалады. Егер жаңа ұңғыларда бұрғылау бригадасымен ұңғыны беру уақытынан және қолдануға қайта қосу арасындағы уақыт бір ай болса, онда бұл жағдайда мұнайға толып қалған ұңғының тұрып қалу кезінде, әдетте түп алдындағы аумақтың сапасын төмендетеді де, іргелі жөндеу бригадасының өз жұмыстарын өткізуге қажеттілік туады. Сондықтан перфорациялау және мұнай ағынын шақыру жұмыстарын ҰІЖ бригадасы орындайды. Екінші жағдайда перфорация аумағын оқшаулаған соң немесе оның сіңімділігі төмендеген кезде тағы да перфорациялау операциясы өткізіледі.

6-кесте
Шифр
Жұмыс түрлері
1
2
ІЖ1
ІЖ1-1
ІЖ1-2
ІЖ1-3
ІЖ1-4
ІЖ2
ІЖ2-1
ІЖ2-2
ІЖ2-3

ІЖ3
ІЖ3-1

ІЖ3-2
ІЖ3-3
ІЖ3-4
ІЖ3-5
ІЖ4
ІЖ4-1
ІЖ4-2
ІЖ5
ІЖ6
ІЖ6-1
ІЖ6-2
ІЖ6-3
ІЖ6-4
ІЖ7
ІЖ7-1
ІЖ7-2
ІЖ7-3
ІЖ7-4
ІЖ7-5
ІЖ7-6
ІЖ7-7
ІЖ7-8
ІЖ7-9
ІЖ7-10
ІЖ7-11
ІЖ8
ІЖ8-1

ІЖ8-2
ІЖ9
ІЖ9-1
ІЖ9-2
ІЖ9-3
ІЖ9-4
ІЖ10
ІЖ10-1
ІЖ10-2
ІЖ11
ІЖ12
Оқшаулау-жөндеу жұмыстары
Қабаттың бөлек суланған интервалдарын сөндіру
Бөлек қабаттарды сөндіру
Цемент қабаттың герметикалық емес жерлерін жөндеу
Аралық тізбектердің, кондуктордың артындағы сақинаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Скважиналарды жөндеу аралық уақытына ұлғайту үшін өндірудің әр тәсіліне бөлек техникалық және технологиялық шараларды игеру
Бекітілмейтін ұңғыдағы сораптың плунжері
Мұнай және газ кәсіпшілігінің жабдықтары
Поршенді сорап
Қызылқия кенορнының қабат мұнайының қасиеті
Ұңғымалардан мұнайды шығару
Мұнайдың топтық құрамы
Қисымбай κенορнында су айдау әдісін қοлдануды есептеу
Газдардың мұнайда ерігіштігі
МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ҰҢҒЫМАЛАРЫН ИГЕРУ ЖӘНЕ БҰРҒЫЛАУ
Пәндер