Тіл философиясы



I Кіріспе
1.1Салыстырмалы тіл білімінің қалыптасуы
II Негізгі бөлім
2.2 .Тіл философиясының алға қойған мақсаты.
2.3 Типологиялық зерттеудің кеңірек етек алып, қалыптасуы туралы.
2.4 Тілдік мектептер мен бағыттар
IIIҚорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Еуропалық тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, тілдер өзара туыстас, төркіндес болады деп біліп, сол заңдылықтарды ашуға, зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бетбұрыс болған бұл жайт19ғасырдың алғашқы он жылдығында орныға бастайды. Әрине, жаңа әдістің қалыптасуы – ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі. 18 ғасырдың соңғы жартысы мен 19 ғасырдың алғашқы жылдарында тіл ғылымының даму қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті.
Тілдердің бір-біріне жақын, өзара туыстас болатындығы туралы пікір салыстырмалы-тарихи тіл білімінен, яғни XIX ғасырдан көп бұрын белгілі болған. Түркі тілдерінің өзара туыстас, бір негізден тараған тіл екендігін түркі нәсілді Махмуд Қашқари XI ғасырдың өзінде айқындады.
1538 жылы Француз гуманисі Гвилсльм Постеллустың "Тілдер туыстастығы туралы" деген еңбегі жарияланады.
Ф.Боптың ең басты еңбегі – «Санскрит, зенд, армян, грек, латын, литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы». Расмус Расктің тілдер фактілерін салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі «Ежелгі солтүстік тілдері және неміс, ислан тілдерінің шығуы туралы зерттеулер» деп аталады. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі – неміс ғалымы Я.Гримм. Бұл ғалымның төрт томнан тұратын «Неміс грамматикасы» атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады.
Дүниеге келу тарихының көнелігіне қарамастан, тіл философиясы осы атауға 19 ғасырда ғана ие болды. 19 ғасырда Еуропа халықтарының салыстырмалы-тарихи грамматикаларын жазумен қатар тіл философиясының ғылым саласы ретінде қалыптасуына, дамуына, өзіндік нысанының айқындалуына көп көңіл бөлінді. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты – тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін, ойлаумен, адамдардың рухани өмірімен байланысын айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары – Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь, Вундт сияқты ғалымдар айналысты
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.
2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.
3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.
4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
I Кіріспе
1.1Салыстырмалы тіл білімінің қалыптасуы
II Негізгі бөлім
2.2 .Тіл философиясының алға қойған мақсаты.
2.3 Типологиялық зерттеудің кеңірек етек алып, қалыптасуы туралы.
2.4 Тілдік мектептер мен бағыттар
IIIҚорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Еуропалық тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, тілдер өзара туыстас, төркіндес болады деп біліп, сол заңдылықтарды ашуға, зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бетбұрыс болған бұл жайт19ғасырдың алғашқы он жылдығында орныға бастайды. Әрине, жаңа әдістің қалыптасуы - ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі. 18 ғасырдың соңғы жартысы мен 19 ғасырдың алғашқы жылдарында тіл ғылымының даму қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті.
Тілдердің бір-біріне жақын, өзара туыстас болатындығы туралы пікір салыстырмалы-тарихи тіл білімінен, яғни XIX ғасырдан көп бұрын белгілі болған. Түркі тілдерінің өзара туыстас, бір негізден тараған тіл екендігін түркі нәсілді Махмуд Қашқари XI ғасырдың өзінде айқындады.
1538 жылы Француз гуманисі Гвилсльм Постеллустың "Тілдер туыстастығы туралы" деген еңбегі жарияланады.
Ф.Боптың ең басты еңбегі - Санскрит, зенд, армян, грек, латын, литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Расмус Расктің тілдер фактілерін салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі Ежелгі солтүстік тілдері және неміс, ислан тілдерінің шығуы туралы зерттеулер деп аталады. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі - неміс ғалымы Я.Гримм. Бұл ғалымның төрт томнан тұратын Неміс грамматикасы атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады.
Дүниеге келу тарихының көнелігіне қарамастан, тіл философиясы осы атауға 19 ғасырда ғана ие болды. 19 ғасырда Еуропа халықтарының салыстырмалы-тарихи грамматикаларын жазумен қатар тіл философиясының ғылым саласы ретінде қалыптасуына, дамуына, өзіндік нысанының айқындалуына көп көңіл бөлінді. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты - тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін, ойлаумен, адамдардың рухани өмірімен байланысын айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары - Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь, Вундт сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі Вильгельм Гумбольдт (1767-1835) болды. Тіл ғылымы тарихында оны салыстырмалы тіл білімінің, жалпы тіл білімінің және тіл философиясының негізін қалаушы деп санайды. Гумбольдт салыстырмалы-тарихи әдістің тіл зерттеу әдісі болып қалыптасуында үлкен рөл атқарды.
20 ғасырдың алғашқы жартысында Еуропа мен Америкада неогумбольдтианство бағыты дамыды. Ол негізінен тілдің семантикалық жағын зерттеуге және тілді халық мәдениетімен тығыз байланыста зерттеуге мән берді. Бірақ идеалистік, метафизикалық философия тұрғысынан тілдің ой-сана мен танымдық процестегі қызметін асыра бағалады.
Типологиялық зерттеу. Салыстырмалы-тарихи зерттеу - өзара туыстас, төркіндес тілдер семьясын жеке-жеке зерттегені болмаса, әр семьяға жататын тілдерді бір-біріне салыстыра жинақтап қарау, сөйтіп, дүние жүзіндегі тілдердің барлығына немесе көпшілігіне ортақ типтік сипаттарды ашу ісінде дәрменсіз болды. Ал, жалпы тіл білімі тек тілдер туыстастығын айқындауды ғана көздемейді, ол дүние жүзіндегі тілдердің жалпыадамзаттық сипаттарын, типтік белгілерін ашып, тіл атаулының барлығын да қамти алатын типологиялық классификация жасауды да қажет етеді.
Логикалық бағыт - тілді ойлауға және логика мен философиядағы әр түрлі ағымдар мен концепцияларға қатысты зерттейтін көзқарастар жиынтығы. 19 ғасырдың 1 жартысындағы философиялық тіл білімі логикалық және психологиялық бағыттардың қарама-қарсы дамуынан көрінеді. Психологиялық бағыт. Натуралистерге қарсы күрес үстінде дүниеге келген бағыт психологиялық ағым деп аталады. Тіл біліміндегі психологизм 19 ғасырдың орта кездерінен бастап қалыптаса бастады.
Ғылымда натуралистер деп аталатындар - қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жаратылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп шешуге ұмтылушылар. Тіл біліміндегі натурализм көрнекті неміс ғалымы, Россия Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Август Шлейхер (1821-1869) есімімен байланысты. Август Шлейхер - салыстырмалы-тарихи тіл білімінде тіл философиясын қалыптастырушылардың, тіл фактілерін салыстыруда дыбыс құбылыстарының заңдылықтарын қатал сақтауды талап етушілердің, үндіеуропалық ататілді мүсіндеушілердің, тілдердің типологиялық ұқсастығы мен генеалогиялық бірліктерін жан-жаұқты талдаушылардың ең көрнектілерінің бірі. Ол славян, балтық, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикаларын жазудағы зерттеулері арқылы тіл білімін теориялық жағынан дамытты, оның бағыт-бағдарына едәуір ықпал жасады. Жас грамматикалық бағыт (младограмматизм) 19ғасырдың 70-жылдарынан бастап қалыптасты. Алғаш Германияда туғанымен, көп ұзамай оған тілектес, пікірлестер әр елден табылып, өте тез өркен жайды. Францияда М.Бреаль, Швейцарияда Ф.де Соссюр, Америкада Уитни, Италияда Г.И.Асколи, Россияда Ф.Ф. Фортунатов бастаған Мәскеу лингвистикалық мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикалық мектептері болды.
Мәскеу лингвистикалық мектебін 19ғасырдың 70-80жылдарында Мәскеу университетінің ғалымдары қалыптастырды. Оны басқарған сол кездегі орыс тілі білімінің көрнекті ғалымдарының бірі - академик Филипп Федорович Фортунатов (1848-1914). Ол Германияда, Францияда, Англияда болып, жас грамматикалық бағыттағы көрнекті ғалымдардың лекциясын тыңдаған, өзі де осы бағытты қуаттаған, компаративистиканың Россиядағы көрнекті өкілі болған, Үндіеуропа тілдерінің фонетикасын, морфологиясын зерттеп, бұл салада біраз еңбектер берген.
Бұл мектеп құрамында орыс тілі білімінің көрнекті өкілдері академик Алексей Александрович Шахматов (1864-1920), Александр Матвеевич Пешковский (1878-1933), т.б. болды.
Қазан лингвистикалық мектебі. Бұл Қазан қаласындағы университетте 19 ғасырдың аяқ кезінде қалыптасты. Оған дем беруші - поляк-орыс тіл ғалымы, Қазан университетінің профессоры Иван Александрович Бодуэн де Куртенэ (1845-1929). Ол жалпы тілдік теориялық мәселелермен көбірек

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл философиясы – тілдің философиялық қызметі жөніндегі ғылым
Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы тіл философиясының мәселелері
Философия дүниеге көзқарастың бір түрі
Логикалық позитивизмнің өзгешелігі оның қазіргі формалды логиканы əдіс ретінде ұсынуы
Тіл білімінің әдіснамалық мәселелері
Екінші позитивизм
В.Фон Гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары
Сана және бейсаналық: философиялық концепциялардың салыстырмалы талдауы
Сана - философия мәселесі ретінде
Жаңа ғасыр философиясы
Пәндер