Әуезов шығармашылығы әлем әдебиеті контексінде



І Кіріспе
1.1Мұхтар Әуезовтің шығармашылық ғұмырбаяны
ІІ Негізгі бөлім
2.1 М.Әуезовтің әлемдік әдебиеттегі рөлі
2.2 Әуезов және әлем әдебиеті
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланған әдебитеттер тізімі
Кіріспе
Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897-1961) – 1897 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Шыңғыс болысында көшпелі қазақ отбасында дүниеге келген. Семей қаласында медреседе, онан соң бес кластық орыс мектебінде, ал 1915-1919 жылдары мұғалімдер семинариясында білім алған. 1917 жылы семинарияда оқып жүрген кезінде халық аңызы бойынша «Еңлік - Кебек» пьесасын жазады. Бұл қазақ ұлттық драмасының қарлығашы еді. Осы пьесасы мен 1921 жылы жазылған «Қорғансыздың күні» атты алғашқы әңгімесі арқылы өзінің жазушылық ерекше дарынын айқын танытты. Сол жылдарда Семейде, Орынборда әр түрлі қызмет істей жүріп, Алаш партиясының көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сияқты басқа да белгілі әдебиет және мәдениет қайраткерлерімен танысады. «Абай» журналын шығаруға атсалысады. Алашорда қайраткерлері өкімет орындарынан, ресми саясаттан ығыстырыла бастаған соң, 1923 жылдан бастап көркем әдебиет саласына бар күш-қуатын жұмсап, өнімді еңбек етуге кіріседі. 1923-1926 жылдары «Оқыған азамат», «Қыр суреттері», «Үйлену», «Ескілік көлеңкесінде», «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу» әңгімелері жарық көреді. 1923-1928 жылдары Ленинград университетінде оқып, тіл мен әдебиет факультетін бітіреді. Одан кейін Ташкентте Ортаазия мемлекеттік университетінің аспирантурасында шығыс фольклоры бойынша маманданады. Ленинградта оқыған соңғы жылында «Қараш-Қараш» пен «Көксерек» атты повестерін дүниеге әкеледі. Саяси қызметтен бас тартып, бірыңғай зерттеуге ойысқан кезде, ол әдебиетшіге де сол саясаттың шырмауынан шығу қиын екенін ұға білді. Ондаған жылдар бойы оған ұлтшылдық, байшылдық идеяларды жақтаушы деген кінә тағылып, 1930-1932 жылдары қамауда болды. Әуезовтің тарихи тақырыпқа баруының тамыры тереңде жатыр. Тұңғыш көркем туындысы «Еңлік - Кебек», онан кейін «Хан кене» мен «Қилы заман», «Айман - Шолпан», «Қарақыпшақ Қобыланды» драмалары да осыны аңғартады.Өткенiмiздiң бар шындығына заманалар бетiнде бедерленген дәуiрлiк оқиғалар, алпауыт өзерiстер қанықтырарына шүбә келтiрмеймiз. Дегенмен, сол тарих берген оқиғаның, қоғамның даму сатысының түпкiлiктi, толыққанды шындығына жеткiзуде әдебиеттiң орны ерекше. Олай болса, қаламгер атаулы да қоғам өмiрiнiң қай замандардағы болмысына қанықтырушы, ел игiлiгi үшiн қызмет етушi болмақ. Соның бiрi – қазақ жұртының ғасырға жуық өмiрiнiң эпопеясын жазған, ұлт келбетiн бар шындық бояуымен көрсете алған iрi тұлға М.Әуезов.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Қаратаев М. Мұхтар Әуезов. –Алматы, 1967
2. Бердібаев Р. Әуезов шыңы. –Алматы, «Ғылым», 1997
3. Жақып Б. Әуезов – публицист. –Алматы, «Ана тілі», 1997
4. Нұрқатов А. М.Әуезов творчествосы. Алматы, 1965
5. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. Алматы, 2002.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
І Кіріспе

1.1Мұхтар Әуезовтің шығармашылық ғұмырбаяны

ІІ Негізгі бөлім

2.1 М.Әуезовтің әлемдік әдебиеттегі рөлі

2.2 Әуезов және әлем әдебиеті

ІІІ Қорытынды

IV Пайдаланған әдебитеттер тізімі

Кіріспе

Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897-1961) –  1897 жылы 28 қыркүйекте Шығыс
Қазақстан облысы Шыңғыс болысында көшпелі қазақ отбасында дүниеге келген.
Семей қаласында медреседе, онан соң бес кластық орыс мектебінде, ал 1915-
1919 жылдары мұғалімдер семинариясында білім алған. 1917 жылы семинарияда
оқып жүрген кезінде халық аңызы бойынша Еңлік - Кебек пьесасын жазады.
Бұл қазақ ұлттық драмасының қарлығашы еді. Осы пьесасы мен 1921 жылы
жазылған Қорғансыздың күні атты алғашқы әңгімесі арқылы өзінің жазушылық
ерекше дарынын айқын танытты. Сол жылдарда Семейде, Орынборда әр түрлі
қызмет істей жүріп, Алаш партиясының көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет
Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сияқты басқа да белгілі әдебиет және мәдениет
қайраткерлерімен танысады. Абай журналын шығаруға атсалысады. Алашорда
қайраткерлері өкімет орындарынан, ресми саясаттан ығыстырыла бастаған соң,
1923 жылдан бастап көркем әдебиет саласына бар күш-қуатын жұмсап, өнімді
еңбек етуге кіріседі. 1923-1926 жылдары Оқыған азамат, Қыр суреттері,
Үйлену, Ескілік көлеңкесінде, Кінәмшіл бойжеткен, Қаралы сұлу
әңгімелері жарық көреді. 1923-1928 жылдары Ленинград университетінде оқып,
тіл мен әдебиет факультетін бітіреді. Одан кейін Ташкентте Ортаазия
мемлекеттік университетінің аспирантурасында шығыс фольклоры бойынша
маманданады. Ленинградта оқыған соңғы жылында Қараш-Қараш пен Көксерек
атты повестерін дүниеге әкеледі. Саяси қызметтен бас тартып, бірыңғай
зерттеуге ойысқан кезде, ол әдебиетшіге де сол саясаттың шырмауынан шығу
қиын екенін ұға білді. Ондаған жылдар бойы оған ұлтшылдық, байшылдық
идеяларды жақтаушы деген кінә тағылып, 1930-1932 жылдары қамауда болды.
Әуезовтің тарихи тақырыпқа баруының тамыры тереңде жатыр. Тұңғыш көркем
туындысы Еңлік - Кебек, онан кейін Хан кене мен Қилы заман, Айман -
Шолпан, Қарақыпшақ Қобыланды драмалары да осыны аңғартады.Өткенiмiздiң
бар шындығына заманалар бетiнде бедерленген дәуiрлiк оқиғалар, алпауыт
өзерiстер қанықтырарына шүбә келтiрмеймiз. Дегенмен, сол тарих берген
оқиғаның, қоғамның даму сатысының түпкiлiктi, толыққанды шындығына
жеткiзуде әдебиеттiң орны ерекше. Олай болса, қаламгер атаулы да қоғам
өмiрiнiң қай замандардағы болмысына қанықтырушы, ел игiлiгi үшiн қызмет
етушi болмақ. Соның бiрi – қазақ жұртының ғасырға жуық өмiрiнiң эпопеясын
жазған, ұлт келбетiн бар шындық бояуымен көрсете алған iрi тұлға М.Әуезов.

Бұлардың кейбіреуі ел арасында кең тараған, бұрыннан белгілі сюжетке
құрылса, Хан Кене, Қилы заман тарихта болған нақтылы оқиғаларды арқау
еткен. Жазушы 20-жылдардың өзінде проза мен драматургияда келелі туындылар
жазып, қазақ әдебиетінің классигіне айналды. 30 жылдарда Абай мұрасына әр
қилы баға беріліп, онан кейін де қым-қиғаш пікірлер айтылып жүргенде,
Абайды тереңдеп, кеңінен тануды өзіне өмірлік мақсат ету ол кезде
біліктілік, даналық қана емес, үлкен ерлікте болғаны хақ. Кесек, кең
тынысты, сан миллион оқырмандардың жүрегіне жол табатын көркем шығарма
арқылы Абайды әлемге әйгілеу үшін Әуезов қандай қажет болса, Әуезовтің
дүние жүзі мәдениетінің биігіне көтерілуіне Абай мұрасы, Абайдың
өнерпаздық, ойшылдық дәстүріндей үлкен тірек сондай қажет еді. 1936 жылы
Қазақ әдебиеті газетінде Татьянаның қырдағы әні атты прозалық үзінді
жарияланды. Бұл - болашақ романның бір тарауы еді. Мұхтар Омарханұлы 15 жыл
бойы Абай жолы атты өзінің 4 томдық даңқты тарихи роман-эпопеясын жазды.
Мұның Абай аталған бірінші кітабы 1942 жылы, екіншісі 1947 жылы жарық
көрді. Абай романының екі кітабы 1949 жылы 1-ші дәрежелі КСРО Мемлекеттік
сыйлығын алса, 4 кітаппен біткен эпопея 1959 жылы Лениндік сыйлыққа ие
болды. Абай жолы 30 тілге аударылып, дүйім дүние оқырманынан өте жоғары
баға алды. Көркем тәржіме жұмысына да белсене атсалысып, И.Тургеневтің
Дворян ұясын аударды. Қырғыздың Манас эпосы туралы монография жазды.
Әуезовтің шығармашылық мұрасының аса қомақты бөлігін ғылыми-зерттеу
еңбектері құрайды. Ғалым қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ
әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен
фольклордың теориялық және проблемалық мәселелері іргелі еңбектер жазған.
Сан алуан мақалаларымен ағымдағы әдеби үдеріске дер кезінде үн қосып
отырған. Әдебиет тарихы, Әр жылдар ойлары, Уақыт және әдебиет, т.б.
кітаптарында ұлы жазушының ғылыми зерттеулері мен философиялық, эстетикалық
ойлары жинақталған. Ол қоғам және мемлекет қайраткері ретінде дүниежүзілік
аса маңызды мәселелерді шешуге, халықтардың рухани ынтымақтастығын дамытуға
елеулі үлес қосқан. 20-дан астам шет елдерде болып, адамзат қоғамының
дамуы, рухани ынтымақтастық үшін өз көзқарасын білдірген. Әуезовтің озық
ойы, таным-парасаты қолдау тауып отырған. Жазушы суреткерлігіне тәнті
болған шет ел жазушылары мен әдебиетшілері де оның шығармаларында қазақ
қоғамының өзіндік сипаты мол, қайшылыққа толы өмір-тұрмысы, әдет-салттары
әсерлі бейнеленетіне ерекше көңіл қойған. әлем әдебиеттерінің өкілдері
Әуезовтің шығармашылығын жоғары бағалаған. Абай жолы роман эпопеясына Луи
Арагон 20 ғасырдағы ең ұлы шығармалардың бірі деп баға берген. 1961 жылы
27 маусымда қайтыс болғаннан кейін, республика үкіметінің қаулысымен Қазақ
КСР ҒА Әдебиет және өнер институтына, Қазақтың мемлекеттік академиялық
драма театрына Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің есімі берілді.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – ХХ ғасырдағы ең үздiк шығармалардың бiрiн
дүниеге әкелген, тарихи ойлау жүйесiн қалыптастырған нағыз кемел
шығарманың авторы ғана емес, талғампаз зерттеушi М.Әуезов арқылы төрткүл
дүние Абайды таныды. Абай арқылы Азияның кiндiгiндегi көшпендiлер елiнiң
ғұмырын зерделеп, дала пәлсапасына қанықты. Елiмiз үшiн егемендiк арман
боп, кеңестiк саясат құрсауында жүргенде-ақ М.Әуезов әлемдiк өркениеттiң
көшiне қазақ деген халық барын даланың ұлы сарынымен жеткiздi.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түрме тақырыбында жазылған шығармалардың түрлері
Шәкәрім мұрасы туралы
Көркемдік тәжірибе және ақындық шеберлік
А. Әшімовтың өмір жолы
М. Әуезовтың өмірі
Шәкәрім Қ. мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде
Тәңірберген Әміреновтің әдеби мұрасы
«әуезов атындағы орындар» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Орта мектепте шетел әдебиетін оқытудың жолдары
Абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі
Пәндер