Гомер дастанындағы көркемдік ерекшеліктер



Жоспар:
І Кіріспе
1.1Гомердің өмір баяны.
1.2«Илиада» мен «Одиссея» дастандары.
Негізгі бөлім
2.1Гомердің еңбектері.
2.2«Одиссея» дастанындағы көркемдік ерекшеліктер.
2.3«Илиада» дастанының мазмұны.
ІІІҚорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Гомердің екі поэмасы әдебиеттің ұлы туындыларына жатады, олар эпостың классикалық үлгісі болып саналады. Гомер эпосын «көне заманның энциклопедиясы» деп атайды. Жыршы тек қана өзінің кейіпкерлерінің тұрмысын емес, өзге жерлердің де таңғажайып ерекшеліктерін (түрлі халықтардың өмірін, әдет-ғұрыптарын, т.б.) көрсетті. «Илиада» мен «Одиссея» адамгершілік, өмір сүйгіш т.б. асыл қасиеттерімен дүниежүзілік әдебиетте ерекше орын алады. «Илиадада» соғысып жатқан екі жақ бірдей сүйіспеншілікпен суреттеледі. Поэмалар ерліктің, адамгершіліктің даңқын шығарады.
Гомер поэмалары халық поэмалары, өйткені олардың тамырлары грек фольклорынан тарайды. Поэмаларда грек халқының ең жақсы қасиеттері бейнеленген. Олар бүкіл Грекия аймақтарына тарап, сол кездегі тәрбиенің негізі болып есептелген. Поэмалар үлкен мейрамдарда орындалған. Оларды айтатын жыршыларды рапсод деп атаған. Гомердің поэмалары салтанатты өлең – гекзаметрмен жазылған.
«Илиада» және «Одиссея» поэмалары антикалық әдебиетте Гомер атты зағип ақынмен байланысты. Антикалық әдебиетте Гомерге байланысты сұрақ өте көп. Ол туралы ешқандай дерек сакталмаған. Гомер деген кім, қайда туып-өсті? Гомердің аты аңызға айналған, оның өмірбаяны да таласты. Гомердің туған жері де белгісіз. Антикалық әдебиетте Гомердің атамекені деп жеті қала аталған, соның ішінде Троя. «Гомер» деген сөздің өзі ерте заманда кішіазиялық гректерде «соқыр» деген мағына білдірген. Аңыздарда да Гомердің соқыр болғаны айтылған, сондықтан ежелгі мүсіншілер мен суретшілер оны қашанда да соқыр қария етіп бейнелеген. Еуропада ең алғашқы өркениеттің негізін қалаған деп жүрген гректердің «Илиадасы» мен «Одиссеясын» қарастырып көрейік. Бұл теңдесі жоқ поэмаларды тек гректер ғана емес, бүткіл әлем халықтары мыңдаған жылдар бойы оқып, жатқа айтып келеді. Бұл поэмалар өнердің айтулы шығармасы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік, адамгершілік тұрғыдан да өте жоғары маңызға ие. Бұл поэмалар адамдардың ара қатынастарын зұлымдық пен мейрімділік, адамдық пен арсыздық, бостандық пен тағдырлар туралы көркем тілмен қызықты баяндайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Шетел әдебиетінің тарихы. Ж.Т.Қобланов.
2. ХІХ ғасырдағы Батыс Еуропа әдебиетінің тарихы.Романтизм.М.Т.Иманжапар.
3. Зарубежная литература ХІХ века. Романтизм. Критический реализм. Хрестоматия. Под ред. Я.Засурского. –М., 1979
4. Хрестоматия по зарубежной лит-ре ХІХ века А.Аниск. –М., 1955

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І Кіріспе
1.1Гомердің өмір баяны.
1.2Илиада мен Одиссея дастандары.
Негізгі бөлім
2.1Гомердің еңбектері.
2.2Одиссея дастанындағы көркемдік ерекшеліктер.
2.3Илиада дастанының мазмұны.
ІІІҚорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Гомердің екі поэмасы әдебиеттің ұлы туындыларына жатады, олар эпостың
классикалық үлгісі болып саналады. Гомер эпосын көне заманның
энциклопедиясы деп атайды. Жыршы тек қана өзінің кейіпкерлерінің тұрмысын
емес, өзге жерлердің де таңғажайып ерекшеліктерін (түрлі халықтардың
өмірін, әдет-ғұрыптарын, т.б.) көрсетті. Илиада мен Одиссея
адамгершілік, өмір сүйгіш т.б. асыл қасиеттерімен дүниежүзілік әдебиетте
ерекше орын алады. Илиадада соғысып жатқан екі жақ бірдей
сүйіспеншілікпен суреттеледі. Поэмалар ерліктің, адамгершіліктің даңқын
шығарады.
       Гомер поэмалары халық поэмалары, өйткені олардың тамырлары грек
фольклорынан тарайды. Поэмаларда грек халқының ең жақсы қасиеттері
бейнеленген. Олар бүкіл Грекия аймақтарына тарап, сол кездегі тәрбиенің
негізі болып есептелген.  Поэмалар үлкен мейрамдарда орындалған. Оларды
айтатын жыршыларды рапсод деп атаған. Гомердің поэмалары салтанатты өлең –
гекзаметрмен жазылған.
Илиада және Одиссея поэмалары антикалық әдебиетте Гомер атты зағип
ақынмен байланысты. Антикалық әдебиетте Гомерге байланысты сұрақ өте көп.
Ол туралы ешқандай дерек сакталмаған. Гомер деген кім, қайда туып-өсті?
Гомердің аты аңызға айналған, оның өмірбаяны да таласты. Гомердің туған
жері де белгісіз. Антикалық әдебиетте Гомердің атамекені деп жеті қала
аталған, соның ішінде Троя. Гомер деген сөздің өзі ерте заманда
кішіазиялық гректерде соқыр деген мағына білдірген. Аңыздарда да Гомердің
соқыр болғаны айтылған, сондықтан ежелгі мүсіншілер мен суретшілер оны
қашанда да соқыр қария етіп бейнелеген. Еуропада ең алғашқы өркениеттің
негізін қалаған деп жүрген гректердің Илиадасы мен Одиссеясын
қарастырып көрейік. Бұл теңдесі жоқ поэмаларды тек гректер ғана емес,
бүткіл әлем халықтары мыңдаған жылдар бойы оқып, жатқа айтып келеді. Бұл
поэмалар өнердің айтулы шығармасы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік,
адамгершілік тұрғыдан да өте жоғары маңызға ие. Бұл поэмалар адамдардың ара
қатынастарын зұлымдық пен мейрімділік, адамдық пен арсыздық, бостандық пен
тағдырлар туралы көркем тілмен қызықты баяндайды.
Гректердің атақты қолбасшы-патшасы Ескендір Зұлқарнайын туралы
мынандай аңыз сақталыпты. Ескендір бүткіл грек әскерінің бас қолбасшысы
болып, ата жауы парсы патшалығына қарсы жорыққа аттанар алдында
патшалығының қоймасын аштырып, өзіне Гомердің Одиссея мен Илиада
поэмалары жазылған кітапшаны салатын алтын қобдишаны қалдырады да, басқа
барлық қазынасын жорыққа бірге аттанатын жолдастарына таратып береді. Бұны
көрген достары Сен өзіңе не қалдырдың? – деп сұрағанда Ескендір Үмітім
мен сенімімді! – деп жауап беріпті. Осылайша ол Гомердің
дастандарын қайда жүрсе де жанынан тастамай алып жүрген дейді.
Бұл дастандардың авторы Гомер. Гомер бұдан да басқа көптеген
дастандардың, шағын шығарма-лардың авторы деп есептеледі. Ежелгі грек ғалым-
дарының, тарихшы болсын, географ болсын, Гомерге сілтеме жасамайтыны кемде-
кем. Әсіресе, Қара теңіз жағалауынан шығысқа қарай жатқан елдердің тарихы,
географиясы, салт-дәстүрі, діні мен өмір сүру ерекшеліктері туралы көбінесе
Гомердің мәліметтеріне сілтеме жасап отырады.
Гомерден үш ғасыр кейін өмір сүрген гректердің тарих атасы атанған
Геродот өзінің Тарих атты еңбегінде Гомердің мәліметтерін көп
пайдаланады. Ал Гомерден жеті ғасыр кейін өмір сүрген атақты грек географы
Страбон География атты еңбегінде Гомерге жиі-жиі сілтеме жасап отырады.
Сонда өзінен 3-7 ғасыр кейін өмір сүрген атақты грек ғалымдеры білмеген
мәліметті ақын-жырау Гомер қайдан білген? Бұған жауапты тарихи тақырыптарға
жазылған еңбектерімен әйгілі жазушы Әнес Сарай өзінің Кіші Азия
көшпелілері және Гомер деп аталатын еңбегінде өте қызықты баяндаған.
Гомердің өмірге келген, қайтыс болған уақыты туралы нақты дерек
жоқ. Тіпті оның отаны деп грек-тер жеті қаланың атын атайды.
Б.д.д IV-III мыңжылдықта Кіші Азия жерінде мәдениеті гүлденген Хатт атты
халық жасады. Бұл Хатт – кейінгі Хеттердің тілі прототүрік тіліне жататынын
ғалымдар дәлелдеген. Б.д.д 2000 жылдар шамасында Кіші Азияға Арал теңізі
мен Еділ аралығынан қималар (кимерлер) келе бастайды. Қималармен бірге ас,
ала (алаш), ад, сард, дан, этруск сияқты прототүрік тайпалары да Кіші
Азияға аяқ басты. Арал, Каспий теңіздері мен Еділ-Жайықта су кәсібіне
жаттыққан кимерлермен бірге келген алаштар біртіндеп Кипр, Крит аралдарына
қоныстанған. Б.д.д 1250 жылдары гректер мен қималардың Приям патшалығы
арасындағы соғыста Приям патшалығы күйрей жеңіліп, Троя қаласын гректер
жаулап алады. Бірақ көп ұзамай солтүстік батыстан баса-көктеп енген жабайы
дорий тайпасы Микен өркениетін тып-типыл етіп, гректерді 400 жылға кері
шегеріп тастады.
Жазу сызуды ұмытқан қараңғы ғасыр басталды. Осы кезде Троя қаласы
екінші рет өртеніп, құлазыған елсіз мекенге айналды.
Дорий тайпасының шапқыншылығынан Орталық Грекиядан айырылған гректер Кипр,
Крит, Родос аралдарына қоныс аударып, алаштармен аралас қоныстанып,
алаштардың гректенуіне әсер етті. Алаштардың Кипрден Кіші Азияға шығуы
б.д.д Х ғасырдан басталып, VIII ғасырда аяқталады. Алаштар Кіші Азияға
эолии есімді грек тайпасы ретінде енді. Алайда тіл өлгенмен, рух өлмейтіні
бар. Эолийлерде поэзияның аэд жанры ерекше шарықтап дамыған. Оның басты
тақырыбы – өткен замандағы халық ерлігі, батырлар қаһармандығы – қазақ
жыраулық дәстүрінен мүлде айырмасы жоқ.
Эолий тайпасы Кіші Азияда алдымен Смирна өңіріне қоныстанып,
оны Эолида атандырған. Геродот өзінің тарихында эолии гректерінің 12
қаласының атын атайды: Қима, Лариса, Неон, Тихос, Темнос, Килла, Ноти,
Эгироэсса, Титана, Эгей, Мирина, Гриния. Бұлардың он бірі – эолиилердің
ежелгі қалалары. Ал он екінші қалалары Смирнаны (қазіргі Измир) ионийлар
тартып алған дейді. Аттикадан ауып келіп, Анатолияның батысына қоныстанған
ионии гректерінің Кіші Азияға аяқ басуы б.д.д VIII ғасыр деп есептеледі. Ал
Гомердің де өмір сүрген кезеңі осы шама.
Грек ғалымдары Гомерді ионий отарларының бірінде туған болу
керек деп, шығу тегін ионий гректеріне жақындатқанымен, бұлтартпастай
дәлел келтіре алмайды. Кейінгі заман гректерінің өзі Гомердің қайда
туғанынан бейхабар. Грек антологиясында жеті қала Гомердің отаны деп
аталады. Қазақ сал-серілері сияқты жыршы ақын Гомер де көп ел аралап жүрген
болса керек. В.Яйленко: Гомер есімі Кіші Азия халықтарының сөзінен шыққан.
Грек тіліне ауысқанда ол соқыр деген мағынаға ие болған дейді. Көптеген
зерттеушілер Гомер есімі ақынның шын есімі екеніне күдік келтіреді.
Гректерде мұндай кісі аты жоқ, гректер оның мағынасын мүлде ұқпайды.
Сондықтан, соқыр, тұтқын деп түсіндіруге тырысады. Ұлы ақын грек
болмай, жастайынан грек тілін меңгерген варвар болуы да ғажап емес, –
деп тұжырымдады В. Яйленко, А. Зайцев.
Страбон мәліметінше Эолиилердің қаласы Смирнада.
Төрт бұрышты айлақта Гомер храмы және ағаштан ойылған Гомер мүсіні
бар. Гомерді меншіктеуге олардың дәлелі жеткілікті. Гомерик аталған мыс
ақша шығарған да осылар деп мәлімдейді Страбон. Сонымен Гомердің кейіннен
ионийлер тартып алған эолилік (алаштық) Смирнада тууы басқа топшылауларға
қарағанда негіздірек көрінеді. А.Зайцев: Гомер поэмаларының тілі, Микен
дәуірінің поэтикалық дәстүрі Гомерге эолий аэдтері арқылы жеткені даусыз
деп тұжырымдады. Зерттеушілер Кіші Азиядағы жыраулық мектеп эолий
гректерінің төл өнері ретінде дүниеге келіп, өзге гректерге тарағанын бір
ауыздан мақұлдайды. Гомермен бір кезде өмір сүрген Гесиод өзінің Еңбек пен
күндер атты шығармасын эолий диалектісінде жазған. (В.П. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОҒЫЗНАМЕ ДАСТАНЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
ХVІІІ ҒАСЫРДАҒЫ АҚЫН – ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ АБЫЛАЙ ХАН БЕЙНЕСІ
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті туралы
Фархад-Шырын жыры
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Фирдоуси Шахнамесі және қазақ әдебиеті
Шахнаме және қазақ әдебиеті
Орта ғасырда Орталық Азиядағы тәрбие туралы ой-пiкiрлердiң қалыптасуының теориялық негіздері
Қазақ даласындағы ислам әдебиеті
Ежелгі Грекия өнері жайында
Пәндер