Диалектологиялық іс-тәжірибе есебі



МАЗМҰНЫ:
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2. Жергілікті тілдік ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
3. Сәйкесті, сәйкессіз, дәстүрлі, дәстүрсіз диалектілер ... ... ... ... ... ..5
4. Жергілікті диалектілерді зерттеудің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
5. Кейбір тұрмыс атауларына қатысты диалектизмдер ... ... ... ... ... ..7
6. Рухани мәдениетке қатысты диалектизмдер ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
7. Шығыс Қазақстан өңіріне қатысты диалектілердің лексикалық, фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
8. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
9. Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Диалектология (гр. dіalektos – сөйлеу, гр. logos – білім) – тіл білімінің белгілі бір тілдегі диалектілік ерекшеліктерді, олардың шығу тегін, таралу сипатын, ұлттық және әдеби тілге қарым-қатынасын зерттейтін саласы. Диалектілік жіктелісі айқын тілдердегі диалектілердің саны ең кем дегенде екеу болады. Халық тіліндегі диалектілердің жігі оларды бір-бірінен ажырататын белгілердің сипатына байланысты. Қазақ тіліндегі мұндай белгілер әр түрлі. Олар көбіне-көп тілдің дыбыс жүйесіне, грамматикалық құрамына, сөз құрамына қатысты болып келеді. Қазақ тұрмысына ең тән деген, ең дәстүрлі деген киіз үйдің өзін Жетісу өңірі қазақ үй, Сырдың төменгі бойы қара үй, Ойыл-Жайық жағы ағаш үй, Еділ маңы терме үй, Қазақстанның солтүстігі мен орталығы киіз үй деп атайды. Сол сияқты оңтүстік, оңтүстік-батыс қазақтарындағы етістіктің барың, келің секілді тұлғасы өзге өңірлерде ұшыраспайды. Халық тіліндегі осы секілді құбылыстарды жинап-теру, хат бетіне түсіру, олардың тілде өмір сүру тарихын, пайда болу жолдарын, таралу тегін анықтау – диалектологияның міндеті. Осыған орай диалектология ғылымы сипаттама диалектология және тарихи диалектология болып бөлінеді. Дұрысында, бұлар бір ғылым нысанның екі түрлі әдіспен зерттелуі.
Тарихи диалектологияның міндеті – жазба ескерткіштердегі және этнография, т.б. тарихи мәліметтерге сүйене отырып, диалектілердің даму сипатын, қалыптасу тарихын ашу.
Сипаттама диалектологияның міндеті – диалектілер мен сөйленістердегі ерекшеліктердің қазіргі жайы мен таралған көлемін сипаттап түсіндіру, әдеби тілден қандай ерекшеліктері бар екенін анықтау. Диалектологияға қажетті материал экспедициялық жолмен ел арасынан жинау нәтижесінде және лингвистикалық география әдістерін қолдану арқылы жасалады. Зерттеушілер бұл екі әдісті көбіне бірлікте, бір-бірімен сабақтастыра алып қарайды. Қазақ диалектологиясы жөніндегі алғашқы талпыныс 1937 жылы Нарынқол, Кеген, Мақтаарал, Нұра аудандары қазақтарының тілінен дерек жинаудан басталды. 1944 жылы Ж.Досқараевтың қорғаған кандидаттық, 1948 жылы С.Аманжоловтың докторлық диссертациясы қазақ диалектологиясының ғылым ретінде дүниеге келуінің басы болды. Қазір қазақ диалектологиясы тіл білімінің дербес саласына айналды.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Балақаев С. «Қазақ тілінің мәдениеті». Алматы, 1971
2. Досқараев Ж., Мұсабаев Ғ. «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері». Алматы, 1951
3. Жүнісов Н. И. «Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері». Алматы, 1981.
4. Кеңесбаев І. , Мұсабаев Ғ. «Қазіргі қазақ тілі». Лексика / фонетика. Алматы, 1975
5. «Қазақ диалектологиясы» 1 – шығуы. Алматы, 1965
6. «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі». Алматы, 1969
7. «Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері». 2 – шығуы. Алматы, 1960; 3 – шығуы. Алматы, 1960; 4 – шығуы. Алматы, 1962; 5 – шығуы. Алматы, 1963
8. Сарықбаев Ш., Нақысбеков О. «Қазақ тілінің аймақтық лексикасы». Алматы, 1989

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2. Жергілікті тілдік ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
3. Сәйкесті, сәйкессіз, дәстүрлі, дәстүрсіз диалектілер ... ... ... ... ... ..5
4. Жергілікті диалектілерді зерттеудің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... .6
5. Кейбір тұрмыс атауларына қатысты диалектизмдер ... ... ... ... ... .. 7
6. Рухани мәдениетке қатысты диалектизмдер ... ... ... ... ... .. ... ... ... .10
7. Шығыс Қазақстан өңіріне қатысты диалектілердің лексикалық, фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... .17
8. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
9. Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..20

КІРІСПЕ
Диалектология (гр. dіalektos - сөйлеу, гр. logos - білім) - тіл білімінің белгілі бір тілдегі диалектілік ерекшеліктерді, олардың шығу тегін, таралу сипатын, ұлттық және әдеби тілге қарым-қатынасын зерттейтін саласы. Диалектілік жіктелісі айқын тілдердегі диалектілердің саны ең кем дегенде екеу болады. Халық тіліндегі диалектілердің жігі оларды бір-бірінен ажырататын белгілердің сипатына байланысты. Қазақ тіліндегі мұндай белгілер әр түрлі. Олар көбіне-көп тілдің дыбыс жүйесіне, грамматикалық құрамына, сөз құрамына қатысты болып келеді. Қазақ тұрмысына ең тән деген, ең дәстүрлі деген киіз үйдің өзін Жетісу өңірі қазақ үй, Сырдың төменгі бойы қара үй, Ойыл-Жайық жағы ағаш үй, Еділ маңы терме үй, Қазақстанның солтүстігі мен орталығы киіз үй деп атайды. Сол сияқты оңтүстік, оңтүстік-батыс қазақтарындағы етістіктің барың, келің секілді тұлғасы өзге өңірлерде ұшыраспайды. Халық тіліндегі осы секілді құбылыстарды жинап-теру, хат бетіне түсіру, олардың тілде өмір сүру тарихын, пайда болу жолдарын, таралу тегін анықтау - диалектологияның міндеті. Осыған орай диалектология ғылымы сипаттама диалектология және тарихи диалектология болып бөлінеді. Дұрысында, бұлар бір ғылым нысанның екі түрлі әдіспен зерттелуі.
Тарихи диалектологияның міндеті - жазба ескерткіштердегі және этнография, т.б. тарихи мәліметтерге сүйене отырып, диалектілердің даму сипатын, қалыптасу тарихын ашу.
Сипаттама диалектологияның міндеті - диалектілер мен сөйленістердегі ерекшеліктердің қазіргі жайы мен таралған көлемін сипаттап түсіндіру, әдеби тілден қандай ерекшеліктері бар екенін анықтау. Диалектологияға қажетті материал экспедициялық жолмен ел арасынан жинау нәтижесінде және лингвистикалық география әдістерін қолдану арқылы жасалады. Зерттеушілер бұл екі әдісті көбіне бірлікте, бір-бірімен сабақтастыра алып қарайды. Қазақ диалектологиясы жөніндегі алғашқы талпыныс 1937 жылы Нарынқол, Кеген, Мақтаарал, Нұра аудандары қазақтарының тілінен дерек жинаудан басталды. 1944 жылы Ж.Досқараевтың қорғаған кандидаттық, 1948 жылы С.Аманжоловтың докторлық диссертациясы қазақ диалектологиясының ғылым ретінде дүниеге келуінің басы болды. Қазір қазақ диалектологиясы тіл білімінің дербес саласына айналды.

Жергілікті тілдік ерекшеліктер - жалпыхалықтық тіліміздің бір аймаққа тән тілдік көрінісі. Ол аймақтың тілдік материалы жалпыхалықтық тіл арнасымен астасып жатады да, кейбір дыбыстық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктері жағынан одан ажырап тұрады. Жергілікті ерекшеліктердің қамтитын территориясы, тілдік материалының көлеміне қарай диалект, сөйленіс терминдері қолданылады.
Сөйленіс - жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі. Мәселен, Қазақстан жағдайында диалект 2-3 облыс көлеміндей жерді қамтыса, сөйленіс 1 облыс не 2-3 аудан көлеміндей жерді қамтиды.
Жергілікті диалектілер дегеніміз - белгілі бір жердің, аймақтың халқына қызмет ететін, дыбыстық, грамматикалық және лексикалық жағынан өзіне тән ерекшелігі бар жалпыхалықтық тілдің тармақтары.
Жергілікті диалектілер ерекшеліктерін 3 топқа бөлінеді:
1. Фонетикалық ерекшеліктер. Бұл ерекшеліктер кейбір дыбыстардың өзара алмасуымен, дыбыстардың жуан-жіңішке айтылуымен немесе кейбір дыбыстардың түсіріліп не қосылып айтылуымен байланысты. Мысалы: пысқан-піскен, құлдану-қолдану, маңлай-маңдай, чақыру-шақыру.
2. Грамматикалық ерекшеліктер сөздердің тұлғаларымен, олардың түрленуімен немесе сөздердің тіркесімдік ерекшеліктерімен байланысты. Мысалы: оңтүстікте бұйрық райдың барғын, келгін тұлғалары кездеседі.
3. Лексикалық ерекшеліктер. Бір нәрсенің атауы не оның сын-сапа қимылының әр жерде әртүрлі аталуымен байланысты болады. Мысалы: иінағаш-әпкіш, күйенте, құрамыс, мойынағаш т.б. Осы 3 топтың сандық арақатынасы тұрғысынан алып қарағанда, лексикалық ерекшеліктердің әлдеқайда басым екені байқалады.
Тілдегі диалектілер мен сөйленістер диалектология мәселелерін шешу үшін ғана зерттелмейді. Оларды танып-білудің тіл тарихын зерттеуде, халық тілінің сөз байлығын меңгеруде теориялық та, практикалық та маңызы зор.
Қазіргі тілдердегі диалектілер (сөйленістер) бұл күнге дейін өте күрделі процестерді басынан өткізіп келген. Олар бір кезде негізі бір ру-тайпалық сипатта болып, келе-келе жергілікті сипатқа көшкен. Тіл жүйесінің негізгі белгілері оның диалектілері мен сөйленістеріне де тән, ал әрбір диалекті мен сөйленіс жүйесінің ерекшеліктері мен тілдік белгілері тұтас тілге және оның диалектілері мен сөйленістеріне тән емес. Мыс, етістіктің - лық, йық бұйрық райы жалпыхалық тілге де, әдеби тілге де, оның сөйленістеріне де тән. Ал оның - лы, лі түрі оңтүстік-батыс сөйленістеріне ғана тән, жалпы ұлттық сипатсыз.

Сәйкесті, сәйкессіз, дәстүрлі, дәстүрсіз диалектілер. Диалектілік ерекшеліктерді тарихи даму жағынан, пайда болу, шығу төркіні тұрғысынан алып қарағанда, оның құрамында көне тілдің сарқыншағы ретінде сақталып қалған ертедегі тайпа тілдерінің қалдықтарын, көнеленген қат-қабаттарын табамыз. Бұдан басқа қазақ халқының әртүрлі дәуірде көрші халықтармен қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде, ауыс-түйістен пайда болған кірме сөздер де бар. Осыған орай оларды дәстүрлі және дәстүрсіз ерекшеліктер деп екі топқа бөліп қарауға болады.
1. Дәстүрлі диалектілік құбылыстар. Бұл топқа ертеден келе жатқан, көне тайпа тілдерінің қалдығы ретінде сақталып қалған ерекшеліктер жатады. Мысалы: жандық (ұсақ мал), үріптес (туыстас), сой (тұқым).
2. Дәстүрсіз диалектілік ерекшеліктер. Бұл топқа сөйленістерде кейінгі замандарда пайда болған, қоспа ретінде басқа тілдерден енген не кейін жұрнақ пен тіркес арқылы жасалған сөздер жатады. Оларды ішінара екі топқа бөлуге болады: а) кірме сөздер. Мысалы: шиша, дәліз, пірнәбес; ә) қоғамдық-әлеуметтік өміріміздегі, мәдениет, ғылым, тұрмысымыздағы өзгерістердің ықпалымен тіліміздегі бар материалдар негізінде жасалған сөздер мен тіркестер. Мысалы: тапсырыс (тапсырма, задание), көрсетпе (инструкция), жатыс күні (жексенбі) т.б. осы сияқты мысалдар келтіруге болады.
Жергілікті ерекшеліктердің диалектаралық қатысы тұрғысынан, яғни бір ерекшеліктің басқа сөйленісте балама сыңарының болу-болмауы, бір-біріне сәйкес құбылыстың бар-жоғына қарай 2 топқа бөлуге болады:
1. Сәйкесті диалектілер - әртүрлі сөйленістегі бір затты не ұғымды түрліше атаудан пайда болған сөздер. Мысалы: оңтүстікте - кемпірауыз, батыста - атауыз, солтүстікте - тістеуік деп колданыла береді.
2. Сәйкессіз диалектизмдер - белгілі бір сөйленісте қолданылған сөздердің түрлі географиялық немесе шаруашылық, әдет-ғұрып жағдайларына байланысты басқа сөйленістерде ұғым жағынан сәйкес сөзі болмауы мүмкін. Мысалы: оңтүстікте кездесетін қарық, қоларық, қазына арық, көл арық, көтерме арық сияқты ирригациямен байланысты арық атаулары солтүстік қазақтарының тілінде жоқ. Е.И.Убрятованың пікірінше, оның себебі басқа түркі тілдері сияқты қазақ тілінің бір-біріне жақын тайпалық тілдерден құралып, диалектілік жүйесі жете дамымағандығында. Жалпытүркілік сәйкестіктер шегінен шықпау олардың ерекшеліктеріне тән сипат болып табылады. Сөйтіп, белгілі бір түркі тіліндегі диалектілік құбылыстардың тек оған көршілес жатқан түркі тілдерінде ғана емес, одан алыс жатқан түркі тілдерінде де кездесуі, генетикалық, типологиялық белгілері бірыңғай түркі тілдерінің туыстық жақындығында, сонымен бірге олардың дамуындағы жалпытүркілік тенденцияларға байланысты екендігін көреміз. Мысалы, аы сәйкестігі қазақ тілінің батыс сөйленістеріне тән (ықпыл - ықпал) құбылыс болумен қатар, түркі тілдерінің әр тобына жататын тілдерге де тән құбылыс. А орнына якут, чуваш тілдерінде ы айтылса, Сібір мен Кавказдағы түркі тілдерінде де осы сәйкесті.

Сөйленістер топтары. Қазақ тіліндегі диалектілерді , сөйленістерді топтауда әр түрлі пікірлер болып келеді. С. Аманжолов оңтүстік, батыс, солтүстік-шығыс сияқты үш диалект бар деген қорытынды жасады.Ж. Досқараев болса қазақ тілінде екі үлкен сөйленістер тобы бар деп көрсетті. Қазір қазақ тілінде төрт түрлі сөйленістер тобы айқын көрініп, таныла бастады:
Шығыс сөйленістер тобы. Әдеби тілден және басқа сөйленістер тобынан ерекшеленетін аймақтың бірі қазақ тілінің шығыс сөйленістер тобы. Бұл өңір қазақтары тілін көп жылдар бойы Ж.Болатов тексеріп, 1970 жылы докторлық диссертация қорғады. Автордың топшылауынша шығыс сөйленістер тобы Баян-Өлгей, Шыңжаң, Қошағаш, Өскемен, Аягөз тәрізді бес сөйленіске бөлінеді.
1. Аягөз сөйленісі. Бұл сөйленіс Шығыс Қазақстан облысының Аягөз, Шұбартау, Абай, Ақсуат, Көкпекті, Мақаншы және Зайсан, Тарбағатай аудандары, яғни Ертістің сол жағына орналасқан тұрғындар тілін қамтиды.
2. Баян-Өлгей сөйленісі. Шығыс сөйленістер тобын зерттеуші Ж.Болатов Монғолияның Баян-Өлгий, Хобда аймақтарында тұратын қазақтар тілін қазақ тілінің шығыс сөйленісіне жатқызады.
3. Қошағаш сөйленісі. Қошағаш сөйленісі Ресейге қарайтын Таулы Алтай автономиялық облысында тұратын қазақтар тілін қамтиды. Мұндағы тұрғындар орыс, алтай халықтарымен аралас, қоныстас тұрады. Бұлар христиан дінін қабылдап алған қазақтар. Тіл жағынан орыс, алтай тілдерінің әсерінің молдығымен сипатталады.
4. Шыңжан сөйленісі. Бұл сөйленіс 50-жылдардың басында Қытай Халық Республикасынан келген қазақтар тілін қамтиды.
5. Өскемен сөйленісі. Ж.Болатовтың топшылауынша Өскемен сөйленісі Шығыс Қазақстанның Үлкеннарын, Марқакөл, Күршім, Катонқарағай аудандарын, яғни Ертістің шығыс жағындағы тұрғындар тілін қамтиды.
Батыс сөйленістер тобы. Ә.Нұрмағамбетов өзінің Қазақ тілі говорларының батыс тобы еңбегінде қазақ тілі сөйленістерінің батыс тобын Орталық, Маңғыстау, Арал, Сыр бойы, Қарақалпақстандағы, Түркіменстандағы қазақ тілі сөйленістері деп іштей бес сөйленіске бөліп қарастырады. Ә.Нұрмағамбетов батыс диалектісін төмендегі топтарға бөледі.
1.Орталық сөйленіс. Орал, Атырау облыстары, Ақтөбе облысының Шалқар, Ырғыз аудандарынан басқа жерлер, Қостанайдың Жетіғара ауданы, Ресейдің Еділ бойындағы (Астрахан, Волгоград, Саратов облыстары мен Қалмақ автономиялы республикасындағы) қазақ аудандары.
2.Маңғыстау сөйленісі. Маңғыстау облысының жерін қамтиды.
3. Арал сөйленісі: Ақтөбе облысының Шалқар, Ырғыз аудандарын, Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарын қамтиды.
4. Қарақалпақстандағы қазақ сөйленісі. Қарақалпақстаннның оңтүстік аудандарын қамтиды.
5.Түркіменстандағы қазақ сөйленісі. Түркіменстандағы қазақтар мекендеген өмір сүріп, тұрақтанған аудандарды қамтиды.
Оңтүстік сөйленістер тобы. О.Нақысбеков қазақ тілінің оңтүстік сөйленістер тобын 6 сөйленіске бөледі.
1.Ташкент сөйленісі - Өзбекстан республикасының Ташкент, Бұхара облыстарындағы қазақтар тілін қамтиды.
2.Қызылорда сөйленісі - Қызылорда облысының күшығысынан бастап Түркістанға дейінгі Сыр бойын қамтиды. Ауыспалы сөйленіс болып есептеледі.
3.Шымкент сөйленісі - Шымкент облысының жерін қамтиды. Бұл жерде бірден көзге түсетіні - кәсіби лексиканың молдығы.
4.Шу сөйленісі - Жамбыл облысының жерін қамтиды. Бұл өлке тілі егінге, ирригацияға, техникаға байланысты атаулардың молдығымен сипатталады.
5. Жетісу сөйленісі - Алматы, Талдықорған облыстарының жерін қамтиды.
6. Тәжік сөйленісі - Тәжікстан Республикасындағы қазақтар тілін қамтиды.
Орталық-солтүстік сөйленістер тобы. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерін жинап зерттеу жұмысының басталғанына жарта ғасырдан артық уақыт өтсе де, орталық-солтүстік сөйленістер тобын жасайтын Арқа (Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды облыстары және Қостанай мен Семей облыстарының кейбір аудандары орналасқан өңір) қазақтарының тілі осы күнге дейін толық зерттелмей келеді. Оған, біріншіден, алғашқы кезде зерттеуші кадрлардың жеткіліксіздігі, екіншіден, солтүстік-шығыс диалектісі әдеби тілдің негізі деп есепету себеп болды. Профессор С.Аманжолов қазақ тілі диалектілерін топтастырғанда, орталық-солт облыстарды Шығыс Қазақстан Семеймен қосып, солтүстік-шығыс диалектісі деп атаған болатын. Бірақ кейінгі зерттеу материалдарына қарағанда орталық облыстардан республиканың шығыс жағындағы тұрғындар тілінің едәуір айырмашылығы бар екені анықталды. 1960 жылдардан бергі зерттеу экспедицицясының материалдары (Ж.Досқараев, О.Нақысбеков, А.Байжолов, С.Қызылбаевтар жинаған) Арқа қазақтары тілінің басқа аймақтардың тіліне қарағанда әдеби тілге жақын екендігін байқатады. Сонымен бірге зерттеу материалдары бұл аймақта әдеби тіл нормасына жатпайтын тар көлемді сипаты бар ерекшеліктер бар екендігін де көрсетеді. Профессор С.Аманжолов солтүстік-шығыс облыстардағы халық тілін тірек диалекті деп санағанымен, бұл өңірде ерекшеліктер бар екендігіне өз кезінде назар аударған болатын. Байқалған ерекшеліктер, негізінен, лексикалық құбылыстарға қатысты екені, ал фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктер өте аз, тапшы екені айқындалады.
С. Аманжолов қазақ әдеби тілілінің негізі солтүстік-шығыс диалектісі болды деген пікір айтқаны белгілі. Ол бір еңбегінде: Әдеби тіліміздің жасалуы үшін оңтүстік, батыс диалектілері негіз болған жоқ, бұлардың байлығы соңғы кезде ғана халық шаруасының бірлесіп өркендеуі арқасында ғана көрініп отыр десе тағы бір еңбегінде Қазақтың үш жүзінен шыққан ақын-жазушылар біріне-бірі қайшы тілде, бірнеше бөлек диалектіде жазып, әр қайсысы өз беттерімен,өз білгендерімен шығармаларын таратуға тырысты дей келіп, Қазаргі қазақ әдеби тілге солтүстік-шығыс қазақтарының тілі негіз болды- деген пікір түйді.Бұл пікірді ғылыми тұрғыдан дәлелді пікір дей алмаймыз. Белгілі бір халыққа, бір ұлтқа жаппай түсінікті әдеби тіл нормасынан (сондай-ақ тілдегі басқа диалектілерден) өзгеше ерекшеліктері болса ғана диалект бола алады. Әдеби тілдегі жалпыға белгілі сөз, яғни зат атауы диалектіде басқаша айтылуы мүмкін, мысалы , әдеби тілдегідей зардабы, салдары деудің орнына жергілікті жерде зарпы, тегі, заты деудің орнына сойы , талаушы - шабаған, беймаза- бейана, кебек- буыз, үнемі-бойлай, әрең-шаққа, табалдырық-тебелдірік, есік ілгегі- тепкі, шұлғау-байтаба, болып айтылады. Тіпті әдеби тілдегі кейбір сөздердің жергілікті халық тілінде әлденеше варианты кездеседі: сіріңке-кеуірт, күкірт, шырпы, шағар, ши, оттық, шақпақ; шылапшын-леген, жам, кірлен, шылаушын, тас; кесе- самал, пиялай, кәсе, тас аяқ, шыны аяқ, ақпыр, ақпар, кардон,жанан; күрке- балағаш, балаған, шайла, шабра, кепе, аткүрке, алтаяқ, қопын, лапас, жаппа; известь-әк, ақтас, нотас, утас, ақкеріш т.б. Бұл сияқты лексикалық өзгешеліктер жеке сөздердің мағыналарында да кездеседі. Әдеби тілді де, диалектіде де кейде сөздердің айтылуы бірдей болады да, мағыналарында әр түрлі болып келеді, мысалы, көрім деген сөз бір жерде жақсы деген мағынада, бір жерде жаман деген мағынада қолданылады. Сол сияқты там деген сөз үй және мола деген мағынада әр жерде әр түрлі ұғынылады. Тәте бір жерде әке, бір жерде аға, кейде апа, әпке, мағынасында қолданылады. Тәртіп-қаулы, бұрыштама, нұсқау, бұйрық мағыналарында айтыла береді.
Диалектологияның бұл екі саласы бір-бірімен тығыз байланысты. Тілдегі жергілікті ерекшеліктерді алдымен әбден анықтап, танып, түсініп алмайынша, көлемін белгілемінше , тарихи диалектологияны жасау мүмкін емес. Совет тіл білімінде жергілікті тіл ерекшеліктерін жинауға , зерттеп білуге зор мән беріледі. Соның нәтижесінде қазіргі кезде біздің еліміздегі тілдердің қай-қайсысында да сипаттама диалектологияның негізі салынды. Ал тарихи диалектологияның жайы басқаша. Тілдің диалектілерге бөлінетіндігі ертеден-ақ белгілі. Тіпті көне замандардағы грамматикаларда вульгаризм (тұрпайы сөздер), провинциализм (аймақтық, областық тіл ерекшеліктері) сияқты терминдердің кездесуі- диалектілік ерекшеліктерді білгендіктен шыққан. Бірақ ХІХ ғасырға дейін диалектілік ерекшелік тілдегі "қате сөйлену", дұрыс сөздің "бұрмалануы" сияқты болып көрініп келеді. ХІХ ғасырдың бас кезінде Батыс Европада, Россияда халық мәдениетіне, энтографияға, фольклорға, сол сияқты тілге де ерекше назар аударыла бастады. Содан былай энтография мен фольклордан әлі толық жіктеле қоймаған диалектология жеке сала ретінде дами бастады. Диалектілік, говорлық ерекшеліктер сөздердің дыбысталуында да кездеседі, мысалы: е мен і (ерегес-ерегіс), а мен ә (қатты-кәтті,қайтып-кәйтіп), о мен ұ (құлдану-қолдану), ө мен ү (дөнен-дүнен), б мен п (болат-полат,бейнет-пейнет) дыбыстары алмасып айтылады. Сол сияқты, грамматикалық құрылыста да кездеседі. Мысалы, көмектес септік жалғауы - мен- мынан, - ман түрінде, жіктеу есімдігі І жағының көпше түрлік жалғауы қосылғанда бізің түрінде айтылады. Осындай ерекшіліктер сөз тіркестерінде де кездеседі, мысалы, жалпыға белгілі кепілде жүру деген тіркес аяқ үстінде жүру, күдер үзу- баз кешу, көрсе қызар - көрсе басар, құлып салу, құлыптау - құлып ұру, уайым жеу - пұшайман жеу, жарыс сөз - талқы сөз, тосыннан тосын - торсадан-торса, басы қату - тату болу т.б. түрінде айтылады. Жергілікті халық тілінде кейде бір сөздің қатысуымен жасалған сөздер мен сөз тіркестері кездеседі. Мысалы, тас сөзімен тіркесу арқылы; тас құман (шәйнек), тасөкпе (ешкінің өкпе ауруы), тас аяқ (кесе, шыны аяқ), тас құдық (таяз құдық), тас қорық (қорықтық), тасқабақ (қабағы қатты асқабақ), тас кепіл (берік уәде), тасжарған (дәрілік шөп), тас табақ (тәрелке) т.б. Жергілікті диалектілер мен ұлттық тіл. Қазақ әдеби тілінің өткені мен бүгінгсі, тарихына көз жүгірітіп қарасақ, оның қалыптасуы мен кемелдеуіндегі басты ұйытқы, түп қазығы халық тілі екенін айқын сеземіз. Әдеби тіл деп, белгілі бір жүйеге түсіп қырналған, жонылған, ел-жұрттың бәріне бірдей ортақ нормалары бар тілді айтады. Диалектік ерекшеліктер түрлі тілдерде бірінде аз, бірінде көп мөлшерде сақталған. Қазіргі диалектілер алғашқы қауымдық құрылыс кезінде тайпаның сөйлеу тілі болған. Демек, диалект дегеніміз жалпы халықтық тілдің бір тарауы, одан тыс құбылыс емес. Совет тіл білімінде жергілікті тіл ерекшеліктерін жинауға , зерттеп білуге зор мән беріледі. Соның нәтижесінде қазіргі кезде біздің еліміздегі тілдердің қай-қайсысында да сипаттама диалектологияның негізі салынды. Ал тарихи диалектологияның жайы басқаша.

Жергілікті диалектілерді зерттеудің маңызы. Қазақ тілінің халық тілі, ұлт тілі болып қалыптасу процесін, әдеби тілдің жеке категориялардың тарихын зерттеу керек. Бұған қажетті материалдар бұрынғы заманнан қалған тарихи жазба ескерткіштерде, көне нұсқаларда, туысқас түркі тілдерінде және осы күнгі халық тілінің өзінде, оның жергілікті диалектілері мен говорларында жатыр. Жалпы қазақ тілінің, ондағы диалектілер мен говорлардың даму жолы біркелкі емес. Осыған байланысты халық тілінің жергілікті ерекшеліктерінде қазіргі кезде әдеби тілде жоқ, әлдеқашан жойылып кеткен көне тілдік белгілер сақталып қалған. Олардан қазақ тіліндегі көптеген категориялардың тарихына қатысты материал табуға болады. Әдеби тілмен салыстырғанда қазақ тілінің кейбір тілінің кейбір говорларында сөз ортасында ғ, г дыбыстары сақталып қалған. Мысалы, әдеби тілдегі шаңырақ, біз (құрал мағынасында) , ие сөздері кейбір батыс, оңтүстік говорларда шаңғарақ, бігіз, еге түрінде айтылады. Тілдегі диалектілік ерекшеліктерде қазақ тіліндегі грамматикалық, лексикалық категориялардың даму, өзгеру жолын байқататын материалдар да сақталған. Мысалы, қазіргі тілдік норма бойынша кезкелген етістіктен өздік етіс туа бермейді. Өздік етіс жасайтын белгілі етістіктер бар. Бірақ осы заңдылық норма болып бірден қалыптаспаған сияқты. Жергілікті говорларда кейде - ын жұрнағының қосылуымен басқа да етістіктерден өздік етіс жасалатыны (мысалы, болыну, шығыну, оқыну, қалыну) байқалады. Осыған ұқсас жағдайды қазақ тіліндегі көсемшелердің даму жайынан да көруге болады. Шығыс Қазақстан облысының кейбір аудандарында көсемшенің - ғалы, -гелі,-қалы,-келі жұрнақтары - ғайы, -гейі, -қайы, -кейі түрінде айтылады. Жергілікті говорларда септік жалғауларының , әсіресе көлемдік, кеңестік ұғымға қатысты барыс, жатыс, шығыс септіктерінің толық сараланбай, бірінің орнына бірі айтылу фактілері кездеседі. Мысалы: мұғалімге оқыдым ( мұғалімнен оқыдым деу орнына), жұмысқа шұғылдану ( жұмыспен шұғылдану), осы айға жаңбыр жауады ( осы айда), суға жүзді ( суда жүзді) т.б. Септіктердің бірінің орнына бірі жүруі, бірінің қызметін екіншісі атқаруы сияқты құбылыстарды Ү-ҮІІ, ХІ-ХІІІ ғасырлардан қалған жазба нұсқалардан, сондай-ақ халақтық әдебиет мұраларынан да кездестіреміз. Жергілікті халық тілінде көне сөздер де сақталып қалған. Олардың бір сыпырасы ескі нұсқаларда кездеседі: бітіг- жазба (Күлтегін қағанға арналған орхон жазуында тас жазу деген мағынада), қапы - есіг ("Құдатғу білігте" қапуғ- қақпа), айуан- кіре беріс (ұйғыр жазуы " Қасыды"-веранда), арзу болу- ынтық , құмар болу ("Құдатғу білігте", Замахшариде- тілдік, арман мәнінде) т.б. Бірсыпыра сөздер туысқан түркі тілдерінде және парсы тілінде кездеседі: жертөле- жер үй, түркімен тілінде- ердөле, сыпа- сәкі, өзбек тілінде - супа, ашық-машақ- топса, өзбек тілінде - ошик-мошик, сапал - үлкен кесе, өзбекте- сопол, ауқат- тамақ, өзбекте- авхат, пал- мақта, қызылша түптерінің қатары, өзбекте- пал, пай- сіңір, өзбек, ұйғыр тілдерінде де солай, дес орамал - қол орамал, өзбекте-досмал, ұйғырда - дәстромал, байтаба- шұлғау, парсы тілінде пай-табе, пада-бір топ сиыр, парсыда - паде, кепе- күрке, қырғызда - кепе т.б. осындай мысалдардан қазіргі қазақ тіліндегі сөздер мен тұлғалардың даму жолы көне тіл құрылысымен сабақтасып, қабысып жатқаны байқалады. Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің қолданылу өрісі, таралу шегі бірдей емес дедік. Бірқатар ерекшеліктердің таралу аймағы бір-екі аудан немесе бір облыс көлеміндей шағын территорияны қамтыса, енді бірқатар ерекшеліктердің таралу аймағы- изоглостық шектері- одан әлдеқайда кең. Мысалы, солтүстік- батыста маңдай, таңдай, түндік болып айтылатын сөздер, оңтүстік-шығыста маңдай, таңдай, түңлік болып айтылады. Диалектілік ерекшеліктердің бәрі бірдей бір дәрежеде қолданылмайды. Біреулерді жиі қолданылса, енді біреулері өте сирек қолданылды. Қазақ тілінде жалпы халықтық сипат алмаған , әдеби тіл нормасынан аулақ жатқан немесе белгілі бір аймақ көлемінде ғана қолданылып, әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмай жүрген жергілікті ерекшеліктер кездеседі Оларды л е к с и к а л ы қ, ф о н е т и к а л ы қ және г р а м м а т и к а л ы қ ерекшеліктер деп, үлкен үш топқа бөліп қарауға болады. Осы үш топтың сандық арақатынасы тұрғысынан алып қарағанда, фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерден гөрі лексикалық ерекшеліктердің әлдеқайда басым екені байқалады. Жергілікті диалектілер мен говорлар жүйесі өте күрделі. Олардың қазіргі жағдай, өз ара қарым-қатынасы және ұлттық әдеби тілге қатысы туралы түсінікті неғұрлым жеңілдету үшін, тіл тарихына қысқаша тоқтауға тура келеді. Диалектілер мен говорлардың қай кезед қалай, қандай жағдайда қалыптасқанын, бір-бірімен қандай қатынаста болып келгенін қазіргі кезде дәл көрсету өте қиын. Дегенмен, шолу ретінде болса да, тіл дамуының негізгі кезеңдеріне қатысты тарихи деректермен танысу мәселесінің жалпы қойылысын, бағытын аңғаруға себепші болмақ. Қазақ халқының және оның біртұтас халық тілінің тарихы жайында бірталай зерттеу еңбектер бола тұрса да, бұл- әлі түгелдей жан-жақты талданылып шешелмеген мәселе. Ғылыми болжам, байымдау дәрежесінде жүрген жайлар аз емес.

Тілдегі диалектілік ерекшеліктері. Тілдегі диалектілік ерекшеліктерді зерттеу арқылы қазақ тілінің басқа түркі тілдерімен туыстығын көрсететін тілдік нақты фактілердің көлемі кеңейеді. Оған жоғарыда келтірілгендерден басқа тағы мынадай мысалдар айтуға болады. Кейбір батыс говорларында кездесетін алажақ (алашақ, алатын), бережақ (берешек, беретін) формалары немесе әдеби тілде т айтылатын жерде д айтылуы ( теңіз- деңіз , төрт - дөрт, тізе -дізе), г айтылатын жерде к айтылуы ( үзеңгі- үзеңкі, үгіт- үкіт, жауынгер - жауынгер )- қазақ тілінде сақталып қалған оғуз тілдерінің (қазіргі түркімен, азербайжан т.б. тілдердің ) негізгі белгілері болып табылады. Ал бұл тілдік формалардың тарихы сонау ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда жатыр. Бұл келтірілген мысалдар қазіргі тілдегі диалектілік өзгешеліктердің өзіндік тарихи жазба ескерткіштері аз сақталған қазақ тілі сияқты тіл үшін, оның тарихын зерттеуге бірден-бір нақты материал болып табылатынын көрсетеді. Бірқатар диалектілік ерекшеліктер жергілікті халық тілінде айтылуымен бірге, сол жерде кездесетін мақал-мәтелдердің құрамында да сақталып қалған. Мысалы, әкең мұрап болса да , құлақтың басында жүр. Тауық құсқа ұшу жоқ, там үйлерге көшу жоқ. Жаңыр болмаса, жер сағыр, тыңдаушы болмаса, сөз сағыр. Сонымен бірге диалектологиялық материалдарға қарағанда , жергілікті говорларда жалпы халықтық архаизмдер мен тарихи сөздердің , тіпті неологизмдердің жергілікті диалектілік түрлері бар екені байқалады. Бұлар белгілі мөлшерде көркем әдебиеттен де орын алыды. Ондай сөздерді талдап, оқушыға мағынасын түсіндіруге оқытушының бірден-бір көмекшісі диалектологиялық сөздіктер болмақ. Мәселен, Маңғыстау қазақтарының тілінде қыз ұзатуға байланысты: алапа (кәде), дойыр жығар, бастам-барай ( қыздың жеңгелеріне күйеу тарапынан берілетін кәделер); Жаугершілікке байланысты: жаншы (жансыз), ұран от (атой, от жағып белгі беру), шамшар (сауыт) сияқты тарихи сөздер; көшек ( бота), шақы (мүйіз), сүмесін (шалап) тәрізді архаизмдер; жар газеті ( қабырға газеті), жатыс (демалыс күн), жүндіхана (жүн қабылдайтын орын), қатерлеу (хабарлау), еңбеккүн құю (еңбеккүн есептеу) сияқты неологизмдер кездеседі. Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің қолданылу өрісі, таралу шегі бірдей емес дедік. Бірқатар ерекшеліктердің таралу аймағы бір-екі аудан немесе бір облыс көлеміндей шағын территорияны қамтыса, енді бірқатар ерекшеліктердің таралу аймағы- изоглостық шектері- одан әлдеқайда кең. Мен қарақұстан туған қалақпан. Еділді көріп емсеген, Жайықты көріп жемсеген. Аламанға жол бердік. Аса жұртты меңгердік. Мен ақ сұңқар құстың сойы едім, шамырқансам , тағы кетермін, Аса шапқан құлаша ат, Зымырандай болған күн. Астыма мінген арғымақ, Аяңдай түсіп марай ма? Көлденең жатқан Жайықтан Құралайдың күнінде Еркек қойдай бөлініп , Қырқарланып өткен ер т.б. (Махамбет шығармалары, 1951ж.) Туғаным деп аямай, Сәуленің алтын ордаға Жаушылықпен ти деді. Жедел қуды батырды, Тентек ісі өзіне Егізбай ердің мақұлды. Егізбай мен Сегізбай Қос тұлпармен жөнеді, Кигені сауыт береңгі, Рауан жолға кенелді, Жал-құйрығын жел соғып, Жұлдыздай аққан сырғыды. Бір жабынды астынан Былаң етіп жөнелді, Ат сабылтып далады, Түлкі қуған жолшыны Ақмаржандар көреді, Өлімтігін қаңғының Түркімендегі көк төбет Алдына сүйреп тастаймын. Айнымайды Нарқыз да Ойлаған намыс қаралдан, Қатты таяқ зарпынан Қарашаш сұлу талады. Ас көпке даң болды, Асқа сойған көп малдан Аққан өзен қан болды (Байғанин,Таңд.Шығармалары,1956ж). Шиендеп, қаулап, жасарып, Қарады бойлап жаңа өмір. Меңіреу шыңды құлатып, Құлпасын таудың бұзыпты. Көмірдің мойтап алабы, жайқала орман-ну, бадал өсіп сол бір іргеге , Жер бетіне орныққан мық шегедей тау екен т.б. Диалектілік ерекшеліктерді зерттеу қазақ тілі сөздіктерін оның диалектологиялық картасын, атласын жасауға, тіл байлығын жинап пайдаға асыруға мүмкіндік береді. Қазір халық шаруашылығының жеке салаларында әдеби тілді байыта түсетін жергілікті кәсіби сөздер аз емес. Қазақ әдеби тіліндегі өндіріс-шаруашылық лексикасының әлі де қалыптасып болмаған процесс екенін ескерсек, халық тілі говорларын түбегейлі, жан-жақты зерттеу аса қажет екені өзінен-өзі түсінікті.
Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің қолданылу өрісі, таралу шегі бірдей емес дедік. Бірқатар ерекшеліктердің таралу аймағы бір-екі аудан немесе бір облыс көлеміндей шағын территорияны қамтыса, енді бірқатар ерекшеліктердің таралу аймағы- изоглостық шектері- одан әлдеқайда кең. Мысалы, солтүстік- батыста маңдай, таңдай, түндік болып айтылатын сөздер, оңтүстік-шығыста маңдай, таңдай, түңлік болып айтылады. Диалектілік ерекшеліктердің бәрі бірдей бір дәрежеде қолданылмайды. Біреулерді жиі қолданылса, енді біреулері өте сирек қолданылды. Қазақ тілінде жалпы халықтық сипат алмаған , әдеби тіл нормасынан аулақ жатқан немесе белгілі бір аймақ көлемінде ғана қолданылып, әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмай жүрген жергілікті ерекшеліктер кездеседі. Тілдегі диалектілік ерекшеліктерде қазақ тіліндегі грамматикалық, лексикалық категориялардың даму, өзгеру жолын байқататын материалдар да сақталған. Мысалы, қазіргі тілдік норма бойынша кезкелген етістіктен өздік етіс туа бермейді. Өздік етіс жасайтын белгілі етістіктер бар. Бірақ осы заңдылық норма болып бірден қалыптаспаған сияқты. Жергілікті говорларда кейде - ын жұрнағының қосылуымен басқа да етістіктерден өздік етіс жасалатыны (мысалы, болыну, шығыну, оқыну, қалыну) байқалады. Осыған ұқсас жағдайды қазақ тіліндегі көсемшелердің даму жайынан да көруге болады.

Кейбір тұрмыс атауларына қатысты диалектизмдер.
Ыдыс-аяқ атауларындағы диалектизмдерді күнделікті тұрмыс қажетін өтейтін зат атаулары құрайды. Бұлардың да көлемі мол: дүмше, бақыраш, зерен, топатай, сапы, метей, күйентей т.б. Дүмше - шай шығаратын аққұман, шәйнек Шәйдың дәмі ұнайма, айтыңыз. Сізге шәйді басқа дүмшеден құйсын. Дүмше -- шай шығаратын ақ құман; қолға су құятын ұзын мойынды құман. Парсыша - домдүм - құйрық, бір нәрсенің артқы жағы сөзінен шығуы мүмкін. Сол сияқты бір нәрсенің түп жағы, түбі. Бақыраш 1) кішкене шелек, 2) ожау, шөміш. Бұл сөз көршін деп те аталады. Қараш, тіккені күрке, асқаны бақыраш, иті үрегеш, қызы күлегеш, ақ боз үйге кіре алмас, шоңқайма етік кие алмас, шөккен түйе міне алмас!... Ал диалектологиялық сөздіктерде бұл сөздің бес түрлі мағынасы беріледі. Cөздің архисемасы М.А.Хабичевтің бақыр сөзінің түсімен, металмен байланыстыратын тұжырымы арқылы анықталады, кур, гур түркі тілдеріндегі қызыл сөзінің түбірі де, бой - бояу - бұлардың бәрі жез ұғымынан тарайтын атауларға негіз болады. Бақыраш - жезден жасалған ыдыстың бір түрі. Заттық мәдениет категориясына жататын лингвокультуремаларға күнделікті тұрмыста тұтынылатын заттар мен шаруашылыққа қажетті зат атаулары жатады. Тақыт - тақ. Мысалы, Бас тақыт бос. Осы сөз Ә.Кекілбаевтің тілінде жиі кездеседі. Парсыша тәхт деген екі түрлі мағына береді: 1) патшалардың отыратын орны, орындығы; 2) ауысп. мәртебесі жоғары, шоқтығы биік. Ә.Кекілбаев осы сөзді тақ сөзімен қатар қолданып отырады. Қазақ тілінде сөз соңындағы қатар келген екі дауыссыз дыбыстың біреуі айтылмай түсіп қалады: тақттақ не болмаса ол екі дауыссыз дыбыстың арасына бір дауысты қыстырма (дәнекер) дыбыс қосылып айтылады: тақыт. Тәхт сөзі тақ түрінде айтылуын қазақ тілінде парсыша дуст, раст сөздерінің соңындағы т дыбысы түсіріліп, дос, рас болып айтылу заңдылығымен салыстыруға болады. Тақ пен тақыт бір сөздің екі түрі (дыбыстық нұсқалары). Біреуі - ескі түрі (тақыт), біреуі - оның жаңа түрі (тақ). Олар әуелі қатар жүріп, жарыса қолданылады да, жүре-бара біреуі ауызекі тілде қалған. Ай тақырда отырып тас қорғанның ішіндегі алтын тақыттан дәмету, бір қарағанда, есерлік сияқты!. Абдыра сөзі қазақ сөйленістерінде а-ә алмасуларына сәйкес абдыра - әбдіре түрінде ұшырасады, сандық, кебеже мағынасын білдіреді. Монғол тілінде авдар - кебеже, сандық, қырғызда абдыра - үлкен жәшік, сандық, тува - аптара, хакас тілінде - абдыра қобдиша, кішкене сандық, қалмақ - авдр, сандық, жәшік. Бұл сөз абдари түрінде парсы тілінде ұшырасатыны және парсы тіліне түркі тілдерінн ауысқан дейтін пікір бар, өйткені маньчжур тілінде абдари моо емен тұқымдас ағаш атауын білдіреді. Кебеже, сандық сияқты заттар ағаштан жасалған, оның ағаш мағынасын білдіретін моо сөзі түсіріліп, абдари атауы зат ауына ауысқан. Бұл сөз оңтүстік сөйленістерде абдырая тұлғасында, Қытай қазақтары тілінде Абдыра гидронимі, Абдыра ойконнимі ретінде қолданылады. Ә.Кекілбаев шығармаларында әбдіре формасында сандық мағынасында қолданылып тұр (Әбдіре мен жүкаяқты екі келініне жіберді).
Киім-кешек және тағам атауларындағы диалектизмдер. Түніменен соқыр теке деп жүргенде, құжантық ілінбес шарқатыңа (Ғ.Сланов Дөң асқан 17 б.). Қара кемпір арқасындағы ішіне түйе жүн салып сырыған пүліш жадағайын баласының аяқ жағында бір уыс боп бүрісіп жатқан келінінің иығына жапты (Ә.Кекілбаев Құс қанаты 51 б.). Бірен-саранының киімі жаңа дүрсін тәуір: дөңгелек қара бөрік, кәнәуіз шапан, мәндәлә бешпент-шалбар (Б.Аманшин Исатайдың семсері 5 б.). Ашық омырау, қынама бел қара мауыт бешпет, шашақты тақия ауыл арасының қазағы емесін танытады (Ә.Кекілбаев Аш бөрі 22 б.). Қыз жамылышын иығына жеңіл іле салып үйіне қайтпақ ниет білдірді (Ғ.Сланов Замандастар 217 б.). Парсыша - қазақша түсіндірме сөздікте шарқат сөзі - бас орамал, жаулық деп түсіндірілген. Н.Ильминский сөздігінде шарқат сөзі үлкен қызыл шәлі деп сипатталады. Ә.Нұрмағамбетов шарқат сөзі шор - төрт, қат - жақ, бүйір мағанасында жұмсалатын екі түбірден біріккенін айта келіп, қазақ тіліндегі мағынасын төрт жақты, төрт бүйірлі деп түсіндіреді. Яғни заттың формасы атауға негіз болған. Кәзекейкәжекей сөзінің түп-төркіні туралы Ә.Нұрмағамбетов былай дейді: Сөз төркінін монғол тілі дерегіне сүйене отырып табуға болатын тәрізді. Монғол: қамзол - ханта аз, ал бешпент - хасаг ханта аз, хасагдах - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Қазақстан тұрғындарының жергілікті тіл ерекшеліктері
Диалект сөздер
Қазақ диалектологиясының зерттелу тарихы
Жоғары оқу орындарында Қазақ диалектологиясы пәнін модульдік технология арқылы оқыту
Сөздіктің түрлері және олармен жұмыс
Қазақ диалектологиясындағы лингогеография мәселесі туралы
Шет тілдер сөздерінің сөздігі
Жергілікті жердегі диалект сөздер
Тілімізде қазақ диалектологиясының тарихы
ХІҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар шығармашылығы
Пәндер