Тауарлы-материалдық қорлар есебінің аудиті



ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I. ТАУАРЛЫ.МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.

1.1 Тауарлы.материалдық қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері ... ... ... ...4
1.2 Тауарлы.материалдық қорлар аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі.8

II. ТАУАРЛЫ.МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ.

2.1 Тауарлы.материалдық қорлар аудитінің бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2 Тауарлы. материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің аудиті ... ...14
2.3 Тауарлы.материалдық қорлар, оларды жіктеудің, бағалудың және түгендеудің аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Кіріспе

Осы курстық жұмыстың тақырыбы “ Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудиті ” болып табылады. Осы тақырыпқа сай курстық жұмыста тауарлы – материалдық қорлар есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықталады.
Осы курстық жұмыста келесідей мәселелер қарастырылады: бірінші бөлімінде “ Тауарлы – материалдық қорлардың есебінің аудитінің теориялық негізі, тауарлы - материалдық қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері, тауарлы - материалдық қорлар аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі. Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудитінің негізгі мақсаты- олардың есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады. Өндіріс үрдісінде бірақ - рет қатысып өндірілген өнімнің өзіндік құнына құны түгелдей кіріп, оның материалдық негізін құрайтын тауарлы-материалық қорлардың алатын орны өте зор.
Екінші бөлімінде тауарлы – материалдық қорлар есебінің аудиті, тауарлы – материалдық қорлар аудитінің бағдарламасы, тауарлы-материалдық қорлар есебінің аудиторлық бағдарламасы қамтитын басты мәселелеріне тоқтала кетеміз.Оладың қоймадағы есебінің аудиті, тауарлы - материалдық қорлар, оларды жіктеудің, бағалудың және түгендеудің аудиті қаралады.
Аудитор тауарлы – материалдық қорлардың қолда барлығын тексерген кезде олардың нақтылы қолда бары туралы жеткілікті айғақ көлемін алу керек, бұл аудитордың түгендеуге қатысуы арқылы қол жеткізіледі.
Тауарлы- материалдық қорлардың қорытындыларының аудиті толығымен, зерттеліп қарастырылды. Аудитордан әр түрлі мақсаттарға қоймадан босатылған материалды құндылықтар бойынша бухгалтерлік жазулардың дұрыстығын мұқият тексеруді талап етеді.
Аудиттің маңызды сұақтарының бірі өндіріске шығысқа шығарылған материалдар ресурстарының дұрыс бағалануын тексерумен тығыз байланысты.
Өйткені материалдар әр түрлі көздерден келіп түсетіндіктен, олардың бастапқы қалдығын сатып алу бағасымен салыстырғанда арасында айырмашылық болуы мүмкін. Тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құны қорларды сатып алу, жеткізу, тасымалдау, дайындау, өнімді қайта өңдеу шығындарын қамтиды.
Өз кезегінде тауарлы-материалдық қорларды сатып алу бағасын, ауданнан, аймақтан алып шығу баждарын, жабдықтау, делдалық ұйымдарға төлеген комиссиондық сый ақыларын, тасымалдау-дайындау шығындарын және сатып алуға тікелей байланысты басқа шығындарын қамтиды.
Бұл тақырыптың негізгі масаты болып жоғарыда айтылған мәселеледі жан-жақты, мән мағынасын ашып көрсету табылады. Кейін аудиторлық қорытынды жасалып, ұсыныстар айтылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы, 20 қараша 1998 жылы. №304 (өзгертулері мен толықтыруларымен).
2. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі – 30 қаңтар 2001 ж., №155-ІІ (өзгертулерімен және толықтыруларымен).
3. Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңы, 17 сәуір 1995ж. №2200 (өзгертулерімен және толықтыруларымен).
4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 16 шілде 1997 ж. №167-1 (өзгертулерімен және толықтыруларымен).
5. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлімі) 27 желтоқсан 1994 ж. №268-ХІІІ (өзгертулерімен және толықтыруларымен).
6. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңы. 26 желтоқсан 1995 ж №2732 (өзгертулерімен және толықтыруларымен).
7. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі, 12 маусым 2001ж. №209-2 (өзгертулерімен және толықтыруларымен).
8. Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңы, 10 желтоқсан 1999ж. №493-1 (өзгертулерімен және толықтыруларымен 25.09.2003ж).
9. З.Н.Әжібаева, Н.Ә.Байболтаева, Ж.Ғ.Жұмағалиева «Аудит»: Оқулық. - Алматы: 2006
10. М.Б. Байдаулетов, «Аудит» : Оқулық. - Алматы: 2003
11. А.К. Абленов, «Аудит теориясы» : Оқулық. - Алматы: 2003
12. Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары. ҚР Қаржы министрлігінің 2002ж. 18- қыркүйектегі №438 бұйрығы (ҚР Қаржы министрлігінің 21.10.2003 ж. №372 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен).

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.

1.1 Тауарлы-материалдық қорлар аудитінің мақсаты мен
міндеттері ... ... ... ...4
1.2 Тауарлы-материалдық қорлар аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі.8

II. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ.

2.1 Тауарлы–материалдық қорлар аудитінің
бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 Тауарлы- материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің аудиті ... ...14
2.3 Тауарлы-материалдық қорлар, оларды жіктеудің, бағалудың және
түгендеудің
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...28

Кіріспе

Осы курстық жұмыстың тақырыбы “ Тауарлы-материалдық қорлардың
есебінің аудиті ” болып табылады. Осы тақырыпқа сай курстық жұмыста тауарлы
– материалдық қорлар есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін
анықталады.
Осы курстық жұмыста келесідей мәселелер қарастырылады: бірінші
бөлімінде “ Тауарлы – материалдық қорлардың есебінің аудитінің теориялық
негізі, тауарлы - материалдық қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері,
тауарлы - материалдық қорлар аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі.
Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудитінің негізгі мақсаты- олардың
есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады.
Өндіріс үрдісінде бірақ - рет қатысып өндірілген өнімнің өзіндік құнына
құны түгелдей кіріп, оның материалдық негізін құрайтын тауарлы-материалық
қорлардың алатын орны өте зор.
Екінші бөлімінде тауарлы – материалдық қорлар есебінің аудиті, тауарлы
– материалдық қорлар аудитінің бағдарламасы, тауарлы-материалдық қорлар
есебінің аудиторлық бағдарламасы қамтитын басты мәселелеріне тоқтала
кетеміз.Оладың қоймадағы есебінің аудиті, тауарлы - материалдық қорлар,
оларды жіктеудің, бағалудың және түгендеудің аудиті қаралады.
Аудитор тауарлы – материалдық қорлардың қолда барлығын тексерген кезде
олардың нақтылы қолда бары туралы жеткілікті айғақ көлемін алу керек, бұл
аудитордың түгендеуге қатысуы арқылы қол жеткізіледі.
Тауарлы- материалдық қорлардың қорытындыларының аудиті толығымен,
зерттеліп қарастырылды. Аудитордан әр түрлі мақсаттарға қоймадан
босатылған материалды құндылықтар бойынша бухгалтерлік жазулардың
дұрыстығын мұқият тексеруді талап етеді.
Аудиттің маңызды сұақтарының бірі өндіріске шығысқа шығарылған
материалдар ресурстарының дұрыс бағалануын тексерумен тығыз байланысты.
Өйткені материалдар әр түрлі көздерден келіп түсетіндіктен, олардың
бастапқы қалдығын сатып алу бағасымен салыстырғанда арасында айырмашылық
болуы мүмкін. Тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құны қорларды сатып
алу, жеткізу, тасымалдау, дайындау, өнімді қайта өңдеу шығындарын қамтиды.
Өз кезегінде тауарлы-материалдық қорларды сатып алу бағасын, ауданнан,
аймақтан алып шығу баждарын, жабдықтау, делдалық ұйымдарға төлеген
комиссиондық сый ақыларын, тасымалдау-дайындау шығындарын және сатып алуға
тікелей байланысты басқа шығындарын қамтиды.
Бұл тақырыптың негізгі масаты болып жоғарыда айтылған мәселеледі жан-
жақты, мән мағынасын ашып көрсету табылады. Кейін аудиторлық қорытынды
жасалып, ұсыныстар айтылады.

I.Тауарлы – материалдық қорлардың есебінің аудитінің теориялық негізі.

1. Тауарлы - материалдық қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері.

Тауарлы- материалдық қорлардың есебінің аудитінің негізгі мақсаты-
олардың есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып
табылады:
• олардың сақталу және пайдалану орындарындағы қозғалыстары мен нақты
қолда барлығы туралы дәлелді мәліметтер алу;
• олардың сақталу ережелерін қамтамасыз ету;
• өндіріске жұмсалу номаларының сақталуын қамтамасыз ету;
• өндіріске қажеті жоқ материалдық ресурстарды табу, анықтау және оларды
сату;
Өндіріс үрдісінде бірақ - рет қатысып өндірілген өнімнің өзіндік
құнына құны түгелдей кіріп, оның материалдық негізін құрайтын тауарлы-
материалық қорлардың алатын орны өте зор.
Тауарлы-материалдық қорлар баланста: материалдар 1310, дайын өнімдер
1340, тауарлар 1330, аяқталмаған өндіріс баптары бойынша жинақталып, оларға
мынадай активтер жатады: шикізаттар, сатып алынған жартылай фабрикаттар
(шала өнімдер) мен құрастыру бұйымдары, конструкциялар мен тетіктері,
отындар, ыдыстар мен ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектері, қайта өңдеуге
берілген материалдар, сондай-ақ шаруашылықтың негізгі қосалқы
өндірістерінде сатуға шығарылған өнімдер түріндегі активтері және әр
түрлі мақсаттар үшін сатып алынған тауарлар және есепті кезеңде
технологиялық үрдіс аяқталмаған өндірістік шығындар да жатады .
Аудитордан әр түрлі мақсаттарға қоймадан босатылған материалды
құндылықтар бойынша бухгалтерлік жазулардың дұрыстығын мұқият тексеруді
талап етеді.
Аудиторлық дәлелдемелердің негізгі көздері мыналар болып табылады:
бухгалтерлік есептің қолданыстағы заңнамасы, салықтар туралы және басқа да
номативтік-құқықтық актілер, бухгалтерлік есеп стандарттары, қаржылық есеп
стандарттары, есеп саясатының қағидасы, бизнес-жоспар, өндірістік
бағдарлама, қаржылық есептілік, бухгалтерлік есеп тізімдері. Алғашқы
құжаттардың ішінен дәлелдеме көздеріне мыналар жатады: смета, шикізат
шығындарының нормасы, лимит картасы, жолдағы қағаздар, инвентарлық сипат,
салыстыру ведомосттары, хабарлама, төлем құжаттарының көшірмесі, келіп
түскен жүктер есебінің журналы, счет фактуралар, ішкі орын ауыстыруларға
үстемелер, тауарлы- транспорттық үстемелер, жүктік кедендік декларациялар,
сертификаттар, кіріс ордері, сенімхат және т.б.
Ішкі бақылаудың құрылымын түсіну үшін аудитор:
• Тауарлы-материалды қорлар табиғатын анықтау мақсатымен, өткен
жылғы жұмыс құжаттарына шолу жасау керек.
• Тауарлы материалды қорларға бақылаудың қалай жүргізілгендігін
зерттеу.
• Қандай мәселе табылғанын зерттеу;
• Құралған сауалнама бойынша персоналдардарға сурау жасау;
Өзінің әдеттегі есебін және бақылау жұмысын атқаратын, клиент
жұмысшыларын бақылау, аудиторға бақылау кезеңін және процедураны түсінуге
мүмкіндік береді және олардың бәрі тәжірибиеде қолданылатынына сенімділігін
береді.
Оларды жақсы түсіну үшін деректі алғашқы құжатты тексере отырып,
аудитор өзіне қажет мазмұн нұсқауларын айқындай алады.
Сипаттау есебін, құжат айналымын, ішкі бақылау сұрақтарын, сұраулар
тізімін құру арқылы ішкі бақылау жүйесінің түсінігін құжаттай алады.
Шаруашылық қызметтің және клиенттің ішкі бақылауын алудағы сұрақтар
тізімінің үлгісін келесі кестеден көреміз.
Шаруашылық операцияларды орындау барысында болатынын бұрмалауларды
ішкі бақылау жүйелері арқылы жою мүмкін еместігін аудитор біліп жүруі
керек. Сондықтан ол керекті тексеру процедуларын өзінің тәжірибиесіне және
пікіріне сүйене отырып қабылдайды.
Ол арқылы тауарлы-материалды қорлар аудитінде қандай бұрмалаулар
орын алатынын анықтайды. Тауарлы-материалды қорлар есебінде орын алатын
бұрмалаулар.

Тауарлы-материалдық қорлардың бухгалтерлік есебінде болатын бұрмалаулар
Кесте-1
Бұрмалаулар тіршілік толықтық дәлдік баға
Жабдықтаушылардан тауарлы-материалды
қорларды уақтылы есепке, кіріске х х х
алмау.
Қабылданбаған материалды
құндылықтарды шығысқа шығару х х х
Бухгалтерлік есеп шоттарындағы
нақты емес дебиторлық және х х х
кредиторлық қарыздың қамтылуы
Дұрыс құжаттарды жою салдарынан
болатынн бұрмалаулар. х х
Бухгалтерлік есеп шоттары нақты
емес, корреспенденция санының, х х
аналитикалық есептің жоқтығы.
Жалған құжаттарды құру (келісім,
накладной актілер) х х
Жеткізушілер есебінің өндірушілер
есебімен сәйкес келмеуі.
өнімді өткізу бағдарламасын және
жеткізу мерзімінің мәліметтерін х х
жақсарту үшін өндірістік бөлім мен
өнімді өткізу бөлімінің арасында
адекваттық коммуникация бар ма?
Материалдарды дайындауға кеткен
өнімнің нақты өзіндік құнын дұрыс
есептемеу х х х
Материалды шығындар нормасының
жоқтығы және сақталмауы. х х
Есеп саясатында қабылданған қорлар
бағаларының нұсқауын сақтамау. х х х
Бухгалтериядағы және өндіріс
қоймасындағы материалды
құндылықтардың қозғалысын х х х
салыстырмау.
Бар қорларға жылдық түгендеу
жүргізуді сақтамау. х х х
Қоймаларада қолданылмайтын
материалды құндылықтарды көп х х х
мөлшерде сақтау.
Аяқталмаған өндірістің қалдықтарын х
дұрыс бағаламау
Шығындарды есеп периодтарына дүрыс
бөлмеу. х х

Шаруашылық қызметпен және тауарлы-материалдық қорлардың ішкі бақылау
жүйесімен таныс болғаннан кейін, аудитор, бақылау тәуекелінің деңгейін
алдын-ала бағалай алады. Ол үшін ол ұйымдастырушылық құрылымын талдай
алады, яғни басқару және бағындыру, клиент жазбаларымен және құжаттарды
зерттеу арқылы ішкі аудитті (қызметтік нұсқаулар, құжат айналымының
кестесі, ішкі аудит жағдайы, стандарттар және ішкі аудит процедуралары және
тағы басқалар.
Сондай-ақ аудитор орындаған процедура негізінде алған білімін,
бақылау құралдары құрастырылғанын тексере алады. Келтірілген процедура
нәтижесі аудиторға бақылау тәуекелін жоғары, орташа және төмен екенін
анықтауға мүмкіндік береді.
Жоғарғы тәуекелділікте-процедура әдістемесі мәні бойынша тексеріледі.
Орташа және төмен тәуекелділікте-бақылау тиімділігіне сынақ құрастырылады.

Бақылау тиімділігінің тесттері.

Егер осының алдындағы аудит жүргізу кезінде бақылаудың тиімді
екендігінің айғақтары жинап алынған болса және егер аудитор осы жағдайдың
өзгермегендігін көрсе, ағымдағы жылда оларды қайтара тестілеу көлемі
белгілі бір дәрежеге дейін азайтылуы мүмкін. 2-кестенің мәліметтері бойынша
тексерілуге ұшырауы тиіс негізгі бақылаушы сәттерді атап көрсетейік.

Тауарлы - материалдық құндылықтардың аудиті кезіндегі бақылаушы
сәттердің мүмкін болатын тесттері
Кесте-2
Бақылаушы сәттер Ішкі бақылау жүйесінің міндеттері
№ Барлық Барлық Активтер Активтердің
р.р. операцияларғаоперациялардұрыс қозғалысы
рұқсат ескерілген жіктелгенжөніндегі
берілген (толықтық) (жіктеу) операциялар
(санкция регистрлерге
беру) енгізіліп,
дұрыс
көрсетілген
(дәлдік)
1. Жабдықтау (сатып х
алу) бөлімі жеткізу
шарттарының
орындалуына үнемі
бақылау жасауды
жүзеге асырады
2. Қорларды жеткізуге х
тапсырыстарға
(өтініштерге)
өкілдік берілген
адамдар рұқсат етуі
керек
3. Міндеттерді х х х
(жеткізу
шарттарының
орындалуын бақылау,
қорларды сақтау,
оларды есепке алу
және жіберуге
рұқсат ету)
тиісінше бөлу
жүргізіледі
4. Активтер мен х х
міндеттемелерді
шарттарға,
тапсырыстарға,
сонымен қатар
тауарды алу мен
сақтауға қатысы жоқ
тұлғалар тіркейді.
5. Шикізат пен х х
материалдар рұқсат
беретін құжаттардың
негізінде өндіріске
жіберіледі
6. Кәсіпорында х х
материалдарды
жіберуге шектеу
белгіленеді және
тек өкілдік
берілген тұлғалар
ғана материалдарды
лимиттен тыс
жіберуге немесе
олардың бір түрін
екіншісімен
алмастыруға рұқсат
бере алады.
7. Қорларды күзету х
оларға бұған
рұқсаты жоқ
персоналдың кіруіне
шектеу қою арқылы
ұйымдастырылған.
8. Кәсіпорында рұқсат х
ету ережелері және
нақтылы лауазымды
тұлғалардың
шаруашылық
операцияларына
рұқсат ету беруі
үшін өкілеттігі
(қызметтік
нұсқаулар)
бекітілген.
9. Материалдарды х х
өндірістік цехтарға
беру тек тиісті
рұқсат етумен ғана
жүзеге асырылады.

Клиенттің ішкі бақылау жүйесі қаншама тиімді ұйымдастырғанымен,
әрқашан да осылардың барлық айтарлықтай бұрмалаулардың алдын ала бермеуінің
немесе таппауының тәуекелі қалып отырады
Тауарлық-материалдық қорларды құру мен сақтау белгілі бір шығындарға
кездеседі. Шынында, Қазақстанның кен өндіру өнеркәсібінде жабдықтау-
дайындау іс-қызметіне қатысты шығындардың жалпы сомасы оларға жасалған
материалдық ресурстар қоры құнының 30 пайызға жуық болды. Бұдан шығатын
қорытынды, шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық құндылықтарға
деген қажеттілігін ең аз шамадағы шығындармен қамтамасыз ету мақсат болып
қойылады.

1.2 Тауарлы - материалдық қорлар аудитінің нормативтік құқықтық
реттелуі.

Тауарлы - материалдық қорлар аудитінің негізгі нормативтік құқықтық
құжаттары төмендегі кестеде кетірілді.

Тауарлы - материалдық қорларды реттеуші негізгі нормативтік құқықтық
құжаттар
Кесте-3
Реттік Құжаттың аты
номері
1 2
1 Тауарлы-материалдық босалқылардың есебі, бухгалтерлік есептің
7-стандарты, ҚР бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комиссиясының
13.11.1996ж № 3 қаулысы (ҚР қаржы министрінің 28.01.2003ж №27
бұйрығымен енгізілген толықтыруларымен және өзгертулерімен)
2 ҚР-ның салық бюджеттеге төленетін басқада міндетті төлемдер
туралы кодексі. 12.06.2001 жыл № 209-2 2004 ж 22- қазанда
жасалған өзгертулермен және толықтырулармен
3 ҚР –ның Кеден кодексі 05.04.2003 ж №401-ІІ 2004 жылғы 9 шілде
жасалған өзгертулермен және толықтырулар
4 ҚР-ның Валюталық реттеу туралы заңы 14.04.1993 ж 1995ж 20 шілдеде
жасалған өзгертулермен және толықтырулар
5 ҚР-ның вексель айналымы туралы ҚР- ның заңы 28.04.1997 -1 2003ж
9-шілде өзгертулермен және толықтырулар №482-2
6 ҚР Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңы
26.12.1995 №273 2004 ж 11 маусымдағы өзгертулермен және
толықтырулар
7 Фискалық еске сақтау мүмкіндігі бар бақылау-кассалық машиналарды
қолдану Ережелері:ҚР Үкіметінің №449 қаулысы 18.04.2002 ж
8 Кәсінорындардың, ұйымдардың және мекемелердің шағым талаптар қою
және құрау мен шаруашылық келісім шарттар бойынша
келіспеушіліктерді реттеу тәртібі туралыЕреже-Нұсқау:ҚР Министрлер
Кабинетінің Қаулысы, №111 15.02.1995
9 Жөнелту және жабдықтау кезінде өнімдер мен тауарлардың сақталмауы
және жетіспеушілігіне байланысты дауларды шешу кезінді заңдарды
қолдану тәжірибесі туралы:ҚР жоғарғы арбитраждық соты Пленумының
қаулысы, №4 23.12.1993 ж
10 Тауарлы- материалдық босалқыларды алуға сенімхат беру және оларды
сенім-хат бойынша босату тәртібі туралы , 06.03.1998ж. №41
әдістемелік ұсынымдар
11 "Қаржылық қорытынды есепті дайындау тапсырудың
тұжырымдамалыұ(концептуалдық) негізі".ҚР Қаржы Министрлігінің №542
бұйрығы, 29 10 2002 ж
12 "Бастапқы құжаттардың нысандарын бекіту туралы" :ҚР Қаржы
Министрлігінің №128 бұйрығы , 19.03.2004ж
13 "табыс " деп аталатын бух. есептің №5 ұлттық стандартына
әдістемелік ұсыныстар:ҚР Қаржы Министрлігінің бух.есеп және аудит
методологиясы департаментінің №7 бұйрығы 21.05.1997 ж
14 "Күмәнді борыштар бойынша резерв құру тәртібі" 5" табыс " деп
аталтын бух. есеп стандартына әдістемелік ұсыныстар.ҚР Қаржы
Министрлігінің №457 бұйрығы .31.12.1997ж
15 "Бух. есеп регистрлігін толтыру туралы" ҚР Қаржы Министрлігінің
№72 ереже нұсқау 24.11.1997ж
16 Бух.есеп шоттарының Типтік жоспары:ҚР Қаржы Министрлігің №438
бұйрығы, 18.09.2002ж
17 Көлік экспедициясы келісім шартының шеңберінде жүзеге
асырылатын,жүктерді тасымалдауға экспидиторлардың шот фактура
жазып беру тәртібі:ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының
№18 бұйрығы. 23.01.2003ж
18 "Вексельдік операциялардың бух.есебі туралы ":ҚР Қаржы
Министрлігінің №23-2-2-6631540 хатты, 07.02.2001ж

Аудиторға клиенттің ішкі бақылау жүйесі алға қойылған мақсаттарға
табысты қол жеткізуге деген әкімшіліктің толық сенімділігі үшін дайындалған
процедуралар мен әдістемелік басшылықтан тұруы мүмкін екені белгілі болуы
керек. Оның ішінде өндіріс циклындағы операцияларды есепке алу үшін
кәсіпорын әдетте бағалаудын негізгі жолдары мен тандап алынған әдістерін
есеп саясатында немесе оның жеке қағидаларында бейнелейді. Бұл кезде есеп
саясаты немесе ереже келесідей аспектілерді сақтауы керек.
- тауарлы-материалдық босалқыларды бағалау әдісі, сонымен бірге
бағалау әдісі барлық тауарлы-материалдық босалқылар үшін бірдей
болуы кереқ
- соның негізінде өнім өндірісі процесі бухгалтерлік есепте
тіркелген бастапқы құжаттар тізімі;
- басшы бекіткен өдіріс циклі бойынша құжат айналымының графигі;
- тауарлы-материалдық босалқыларды есептен шығару тәртібі;
- тауарлы-материалдық босалқыларды түгендеу жүргізу тәртібі мен
мерзімі;
- тауарлы-материалдық босалқыларды жіктелімі, бухгалтерлік есеп
тізімі және аналитикалық есепті ұйымдастыру.
Кәсiпорындағы iшкi бақылау процедуралары бола алады:
- мiндеттердi парапар бөлу;
- мақұлдаудың тиiмдi процедурасының болуы;
- құжатнама және есепке алу жазулары;
- тауарлы-материалдық босалқыларды нақты бақылау;
- тәуелсiз тексерулердi iскe асыру.

II. Тауарлы – материалдық қорлар есебінің аудиті.

2.1. Тауарлы – материалдық қорлар аудитінің бағдарламасы.

Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудиторлық бағдарламасы
мынадай басты мәселелерді қамтиды:
• Баланстың көрсеткіштерін Бас кітаптағы мәліметтермен салыстырып
тексеруді;
• тауарлы-материалдық қорлардың синтетикалық және аналитикалық есебінің
дұыс жүргізілгендігін тексеруді;
• қолда бар тауарлы-материалдық қорлардың сақталуын, оларға уақтылы
түгендеу жүргізілгендігін тексеруді;
• қойма есебінің, тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысының бастапқы
құжаттарының уақтылы дұрыс толтырылғандығын, соңғы қорытынды есеп беру
күніне, субьектінің өндірістік қорларымен қамтамасыз етілуін
тексереді.
• Келіп түскен материалдардың уақтылы толық кіріске алынғандығын және
бухгалтерлік жазуларды жүзеге асырылғандығын тексеруді;
• Сатылып жөнелтілген және қайта өңдеуге берілген материалдық
құндылықтардың операйияларының дұрыс құжатталып, бухгалтерлік
жазуларының жүзеге асырылғандығын тексеруді.

Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудиторлық бағдарламасы
Кесте-4
Рет Аудит процедуралары Ақпарат көздері
нөмір
1 Тауарлық- материалдық қорларды алуға Шарттар, шот-фактуралар,
арналған құжаттарды ресімдеудің төлем тапсырмалары,
дұрыстығы мен бар екендігін тексеру кірістік құжаттар мен
т.с.с.
2 Тауарлық- материалдық қорлардың саны Тиісті құжаттарды
мен сапасы жөніндегі тілек-талаптарды (коммерциялық акт,
ресімдеудің дұрыстығын, негізділігін теміржол станциясы
және уақытылығын тексеру түбіртіктері, салыстыру
тізімдемесі және т.б)
жабдықтаушыға, темір
жолға немесе кеме
шаруашылығына
талап-қуанымдар, 8
журнал-ордер, бас кітап
және т.б.
3 Алынған құндылықтарды кіріске алудың Қабылдау актілері, жүк
немесе орындалған жұмыс пен көрсетілгенқұжаттар,
қызмет есебінің толықтығы мен шот-фактуралар, кірістік
уақытылығын тексеру ордерлер, қойма есебі
тізімдемесі, 6 журнал-
ордер, бас кітапты,
баланс және т.б.
4 Түскен материалдарды кіріске алудың Бастапқы құжаттар
толықтығы мен ұзақтылығын тексеру (қабылдау, коммерциялық
актілер, жүкқұжаттар,
төлем тапсырмалары),
шот-фактуралар, кірістік
ордерлер және т.с.с.
5 Тауарлы – материалдық қорлардың бар Материалдарға жауапты
болуы мен сақталуын, оларды түгендеуді адамдар мен шарттар,
жүргізудің уақтылығы мен дұрыстығын бастапқы құжаттар,
талдау қоймалық есеп
карточкалары, түгендеу
актілері
6 Кәсіпорынның өндіріс қорлармен соңғы Стандарттар, нормалар
есеп беру күндерінің қамтамасыз етілуінмен нормативтер,
бағалау техникалық шарттар, есеп
айырысу, бастапқы және
құрама құжаттар

Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудитін тереңдетіп жүргізу үшін
жоғарыда келтірілген аудиторлық тексеру бағдарламасын, кеңейте түсетін
олардың ішкі жағдайын бақылауды тексеру тестерінің сауалнамасын жасау
қажет.
Аудитор қойылған сұрақтарына алынған жауаптарын зерделеп және талдап
ішкі бақылаудың жағдайы туралы қорытынды жасап бағдарламаға сәйкес
аудиторлық іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
Ұзақ мерзімді активтер сияқты ағымдағы активтерді баптары бойынша
мәліметтерін тексерген кезде қолда барлығын, баланстың, Бас кітаптың, есеп
регистрларының мәліметтерінің арасында тепе-теңдіктің сақталғандығын
анықтап, синтетикалық және аналитикалық ақпараттардың сәйкестігіне көз
жеткізудің маңызы зор.
Тауарлы-материалдық қорлардың кейбір жеке түрлеріне аудит жүргізгенде
оларға және олардың есебіне ерекшеліктерін ескерудің маңызы зор.
Аудитор жасаған бағдарламасын кеңейте түсу үшін тауарлы- материалыдқ
қорларды сатуға байланысты мынадай мәселелерді анықтауға тиісті:
1. Тауарлы- материалды құндылықтарды сатуға шарт жасалғандығын және,
олардың дұрыс рәсімделгенін;
2. Артып-жөнелтілген өнімдердің құжаттарының дұрыс толтырылғандығын;
3. Артып-жөнелтілген өнімдердің бағасының дұрыс толтырылғандығын;
4. өнім сатуға жасалған шартқа сәйкес босату бағасының, өнімді сатушыдан
сатып алушыға дейін жеткізу шығындарының төлену тәртіптері ескеріліп,
дұрыс белгіленгендігін, ( оларды мынадай түрлерге бөлуге болады:
франко-орын, сатушы, франко-қойма, жөнелтуші, франко-айлақ,
белгіленген айлақ, франко-вагон, белгіленген франко – айлақ және сатып
алушының франко-қойма);
5. аналитикалық және синтетикалық есеп мәліметтерінің есеп
регистрларындағы, Бас кітаптағы және баланстағы жазулармен
сәйкестігін.
Есеп айырысу құжаттары алынбаған ТМБ түскен кезде (фактураланбаған
жеткізулер), осы түскен құндылықтар төленген, бірақ жолда келе жатқандар
(дебиторлық берешек) ретінде саналатын-саналмайтындары анықталады.
ТМҚ аудиті кезіндегі ақпарат көздері
Кесте-5
РеттіНысан № Нысан атаулары
к

1 Бизнес-жоспар, өндірістік бағдарлама
2 Өнімді жеткізу шарттары, келісім-шарттары (жұмыс пен
қызмет көрсету), ерекшелендіру, мәміле паспорты.
3 Есептеулерді салыстыру актілері, коммерциялық актілер,
орындалған жұмыстар (қызмет көрсетулер) актісі,
аванстық есеп беру, орындалған жүмыстарды
тапсыру-қабылдау актілері.
4 3-түгенд"Тауарлы-материалдық босалқыларды түгендеу тізімі"
еу
5 4-түгенд"Тиелген тауарларды түгендеу актісі"
еу
6 5-түгенд"Жауапты сақтауға қабылданған (тапсырылған)
еу тауарлы-материалдық босалқыларды түгендеу тізімі"
7 6-түгенд"Жолдағы тауарлы-материалдық босалқыларды түгендеу
еу актісі"
8 12-түген"Тауарлы-материалдық босалқыларды түгендеу нәтижелерін
деу салыстыру тізімдемесі"
9 ТМҚ-4 "Тауарлы-материаддық босалқыларды қабылдау туралы акт"
10 ТМҚ-4а "Дайындау, сақтау және ондіріс процесіндегі
тауарлы-материалдық босалқылардың жетіспеулері мен
ысыраптары туралы акт"
11 ТМҚ-46 "Тауарлы-материалдық босалқылардың бұзылуы, сынуы,
қирауы туралы акт"
12 ТМҚ-5 "Тауарлы-материалдық босалқыларды есепке алу
карточкасы"
13 ТМҚ-7 "Қоймадағы тауарлы-материаддық босалқы қорлар
қалдықтарын есепке алу тізімдемесі"
14 ТМҚ-11 "Ғимараттар мен құрылысты қирату және демонтаждау
кезінде алынған тауарлы-материалдық босалқыларды
кірістіру туралы акт"

2.2. Тауарлы- материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің аудиті.
Шаруашылық жүргізуші шаруашылықтың қаржы-шаруашылық қызметінің
бухгалтерлік есеп бас жоспарының 1300 Материалдар бөлімшесінің
синтетикалық шоттарында шикізаттардың, сатып алынған жартылай
фабрикаттардың, құрастыру бұйымдарының, конструкцияларының, отындардың,
ыдыстардың және ыдыстық материалдардың, қосалқы бөлшектердің, құрылыс
материалдарының, қайта өңдеуге берілген және басқа да материалдардың
сақталуын, пайдалануын және есебінің ұйымдастырылуын аудиторлық тексеруді
қойма шаруашылығын тексеруден бастаудың маңызы зор.
Тауарлы-материалдық қорлардың сақталу орындары бойынша нақты қолда
барының есеп мөліметтеріне сәйкестігін тексерген кезде, біріншіден жылдық
түгендеудің материалдарымен танысу қажет. Екіншіден сақталу орны бойынша
жаппай тексеруге тиісті материалдар топтарын іріктеу : мысалы, оте қымбат
тұратын және сирек кездесетін және ішінара тексеру жүргізілетін топтарды
анықтау қажет. Қоймаларда материалды құндылықтардың сақталу тәртібіне,
сақтау орындарының, қорлардың және түрлерінің сақталу ережелеріне
сәйкестігіне ерекше назар аударуды талап етеді. Сондықтан қолда бар
материалды құндылықтардың сақталуына тексеруді аудитор қойма шаруашылығын
зерделеуден және қажет болған жағдайда оларға түгендеу жүргізуден бастаған
жөн.
Аудитор қойма шаруашылығына зер салып зерттеген кезде, қойма
ғимараттарының және өлшеу құралдарының жағдайына назар аударуы қажет,
сонымен қатар бақылау-өткізу бекеттерінің жұмысының тиімділігіне, өрттен
қорғау және басқа да қауіп-қатерден сақтандыру дыбыс беретін құралдарының
орнатылғандығына, материалды құндылықтарды қабылдау, босату және сақтау
тәртіптерінің орындалғандығына, материалды-жауапкершілікті тұлғаларды
іріктеу және тағайындауға, олардың толық материалды жауапкершілігіне, қолда
бар ұзақ уақыт жатып қалған және бүлінген материалдар туралы жасалған
шартқа, кіріс және шығыс құжаттарының, қоймалық есептің және қорытынды
есептің дұрыс жасалғандығына назар аударуға тиісті. Қоймаларды және
материалды құндылықтардың сақталу орнын зерттеу, олардың бағыты бойынша
қолдану үшін жарамдылығын анықтау мақсаттарында бағалардың сақталу төртібін
және ортке қарсы қауіпсіздікті, дыбыс беретін белгілерінің, өлшеу
шаруашылығының, басқа да өлшеу құралдарының және т.б. қолда барлығын
тексеру қажет.
Материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етудің маңызды шарты
дұрыс ұйымдастырылған күзет болып табылады. Аудитор субъектіге материалды
құндылықтарды кіргізу жене шығаруда ішкі бақылауды кенеттен тексеруден
бастап, күзет жұмыскерлерінің белгіленген тәртіпте кіру, шығу,
рұқсат куәлігін толтыру және тіркеу, олардың пайдаланылғанының
бухгалтерияға қайтарылуын және басқа да ережелердің орындалуымен танысады.
Бұндай кезде бір рұқсат қағазымен материалды құндылыктарды екі рет
әкету, қол қоюға қүқық берілмеген тұлғалардың қолы қойылған рұқсат қағазбен
әкету материалды құндылықтарды ауызша рұқсатпен әкету ж.т.б. сияқты әр
түрлі бұрмалаушылықтар тәртіп бұзулар кездеседі.
Кіргізіп-шығару жүйесін тексеру жеке территорияларға бөлініп
орналасқан арнайы мамандандырылған өндірістік цехтардың озара байланысының
арасын ескеріп жүзеге асырылуға тиісті қоймадағы әр түрлі мақсатқа
босатылған материалдарды әкетуге толтыратын рұқсат қағазды мұқият тексеруді
және бақылауға алуды талап етеді.
Цехтың өндірістік қызметінде бұрмалаушылық, шектен шығып кету
фактілері анықталған кезде (өндірілген өнімді толық кіріске алмау, қосып
жазу, ұрлау, есепте дұрыс көрсетпеу) рұқсат қағаз бақылау көзі ретінде
қолданылады. Олардың мәліметтерін әкетілген материалды құндылықтардың түр-
түрлері бойынша сомасын және құнын шот-фактуралар, бұйрық фактуралар,
бұйрық накладнойлар, басқа да жолдама құжаттарымен салыстырады.
Шаруашылықтың қоймасындағы материалды құндылықтардың сақталуын
бақылаудың бөлінбейтін бөлігі қойма есебін тексеру болып табылады. Жұмыс
практикасы корсеткендей, қойма есебін жүргізудің тәртібін бұзушылық.
негізінен материалдардың түрлері бойынша жалған қалдықтың (қызыл қалдық)
көрсетілуі, кейбір кіріс құжаттарындағы материалдардың кіріске алынғандығы
туралы жазуларының болмауы, қоймалық есеп карточкаларындағы және
бухгалтерлік есептегі мәліметтерінің арасындағы алшақтық, шығысқа шығару
құжаттарының санының шамадан тыс асып кетуі қалдықтарының дұрыс саналмауы
ж.т.б. сияқты фактілері кездесіп қалады. Қызыл қалдық келіп түскен
материалдық құндылықтарды толык немесе уақтылы кіріске алмаудың, өндіріске
босатылған материалдар санының шамадан тыс артық шығысқа шығарылуына,
құжаттары толтырылмай материалдарды босатуға, соңғы қалдықтардың дұрыс
анықталмауына ж.т.б. жол берілгендігін дәлелдейді.
Материалдар түрлерінің теріс өтпелі қалдығы осы түрге жататын кезекті
материалдар келіп түскен кезде уақытша жабылса, ал материалдық құндылықтар
саны осы шамаға кемиді. Теріс қалдық тек қана есепте жоқ материалдардың
көлемін көрсетіп қоймайды, сонымен қатар ұрлаудың, талан-таражга салудың
резервін де көрсетеді.
Кейбір кіріске алу құжаттары, әсіресе фактурасыз келіп түскен
материалдар қоймалық есеп карточкаларында көрсетілмеуі мүмкін. Оларды
анықтау үшін қойманың бастапқы құжаттарын кенеттен тексеру керек.
Қоймадағы материалдар есебін, материалды жауапкершілікті тұлға болып
саналатын қойма меңгерушісі (қоймашы) жүзеге асырады. Бұл қызметке бұрынғы
қызметінде материалдарды талан-таражға салған материалдар үшін сотталған,
еңбек тәртібін бүзғаны үшін бұрын жұмыстан босатылған тұлғалардың
қабылданбауы тиіс. Қоймашыны жұмысқа шаруашылықтың бас бухгалтерінің
келісімі бойынша қабылдайды. Оны қызметінен босату тауарлы-құндылықтарға
жаппай түгендеуден еткізіп жасаған қабылдау-өткізу актісін шаруашылықтың
басшысы қарап бекіткеннен кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Аудитор қоймашылармен жеке материалды жауапкершілік, олардың жұмысын
бақылаудың жағдайы туралы келісім жасалғандығын, материалды сақталу
орындарында олардың түр-түрлері бағаларының ілінгендігін, қоймадағы жұмыс
режимінің сақталуын анықтауға тиісті.
Құндылықтарды тез қабылдап және босатуды қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ
нақты қолда барының бекітілген қор шектеу нормасына сәйкестігін бақылау
үшін тәртіп бойынша қоймадағы материалды құндылықтар секцияларға, ұяларға
орналастырылады. Секцияның ішінде топтары, тұрақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарлы - материалдық қорлардың есебінің аудиті
Тауарлық-материалдық қорлар есебінің теориялық негізі
Тауарлы-материалдық қорларды бағалау
ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ
Түскен материалдарды алуды тексеру
Кәсіпорында тауарлық - материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы
Аудит түрлері
Қаржылық есеп беруді жасау. Қаржылық есеп берудің аудиті
«Metrocom Service» ЖШС
Қазақстан Республикасының құрылыс нарығы
Пәндер