Өндірісті шоғырландыру



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Өндірісті шоғырландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1. Өндіріс ұғымы және өндірістік құрылым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Кәсіпорын құрылымының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2. Өндірісті ұйымдастырудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.1. Өндірісті ұйымдастыру түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.2. Өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.3. Кәсіпорын қызметінің мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.4. Кәсіпорынның өндірістік және нарықтық қатынастары ... ... ... ... ... ..14
2.5. Бәсеке және кәсіпорын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Кіріспе

Өндіріс - бұл қоғамның өмір сүруі мен дамуына қажетті материалдық игіліктерді жасау үдерісі. Өндіріс мазмұнын анықтайтын еңбек әрекеті келесі үш кезеңнен тұрады:
- мақсатқа сәйкес жұмыс немесе еңбектің өзі;
- еңбек заты, яғни адамның тиімді іс-әрекетіне бағыт¬талған нәрсенің барлығы;
- адам еңбек заттарын өңдеп, оларды өз қажетін қанағаттандыруға бейімдейтін еңбек құралдары (машиналар, жабдықтар, құралдар)
Материалдық өндіріс өнімі - табиғат пен еңбек заттарының бірігуінен түзілетін материалдық игілік.
Кәсіпорын - экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және қызметкерлер мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорны дегеніміз өндірістік-техникалық, ұйымдастыру - әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әр түрлі қызметтерді көрсету арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.
Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады.
Сыртқы ортаға - экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық, әлеуметтік, эқологиялық және технологиялық жағдайлар жатады.
Ішкі ортаға - еңбек ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетинг және т.б. жатады.
Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты - бәсекелесуге қабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығынмен барынша көп пайда табу негізінде сұранысқа ие және бәсекелесуге қабілеті бар өнім шығару.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның функциялары мыналар:
- өндірісте және жекелей тұтынылатын өнім шығару;
- тұтынушыға өнімді жеткізу және сату;
- өнімді сатып болғаннан кейін қызметті жалғастыру;
- кәсіпорындардағы өндірісті материалдық-техникалық жабдықтау;
- кәсіпорын қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру және басқару;
- кәсіпорындағы өндіріс көлемін жан-жақты дамытып, ұлғайту;
- кәсіпкерлік;
- салықтарды төлеу, мемлекеттік бюджеттің және басқа да қаржы ұйымдарының міндетті және міндетті емес төлемдерін өтеу;
- мемлекеттік заңдарды, нормативтер мен стандарттарды орындау.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Кәсіпкерлік негіздері. М.Б. Бисенғазиев, А.Ш. Хамитов. Орал – 2006 жыл.
2. Кәсіпорын экономикасы. Г.Ө. Жолдасбаева. Алматы, Экономика – 2007 жыл.
3. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин, В.В. Радостовец, О.И. Шмидт. Алматиы – 2010 жыл.
4.Экономика предпринимательсва. В.И. Кушлин, П.Д. Половинкин, А.Н. Фоломьев, В.Н.Архангелский, А.И.Марголин, Ю.В.Яковец, А.В.Зозулюк. Гуманитарный издательский центр Москва – 2010 год.
5. Управление малым предпринимательством. О.С.Сабден, А.Н. Токсанова. Астана – 2001 год.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Өндірісті шоғырландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1. Өндіріс ұғымы және өндірістік құрылым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Кәсіпорын құрылымының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2. Өндірісті ұйымдастырудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 8
2.1. Өндірісті ұйымдастыру түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.2. Өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.3. Кәсіпорын қызметінің мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.4. Кәсіпорынның өндірістік және нарықтық қатынастары ... ... ... ... ... ..14
2.5. Бәсеке және кәсіпорын ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

Кіріспе

Өндіріс - бұл қоғамның өмір сүруі мен дамуына қажетті материалдық игіліктерді жасау үдерісі. Өндіріс мазмұнын анықтайтын еңбек әрекеті келесі үш кезеңнен тұрады:
мақсатқа сәйкес жұмыс немесе еңбектің өзі;
еңбек заты, яғни адамның тиімді іс-әрекетіне бағыт - талған нәрсенің барлығы;
адам еңбек заттарын өңдеп, оларды өз қажетін қанағаттандыруға бейімдейтін еңбек құралдары (машиналар, жабдықтар, құралдар)
Материалдық өндіріс өнімі - табиғат пен еңбек заттарының бірігуінен түзілетін материалдық игілік.
Кәсіпорын - экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және қызметкерлер мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорны дегеніміз өндірістік-техникалық, ұйымдастыру - әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әр түрлі қызметтерді көрсету арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.
Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады.
Сыртқы ортаға - экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық, әлеуметтік, эқологиялық және технологиялық жағдайлар жатады.
Ішкі ортаға - еңбек ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетинг және т.б. жатады.
Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты - бәсекелесуге қабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығынмен барынша көп пайда табу негізінде сұранысқа ие және бәсекелесуге қабілеті бар өнім шығару.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның функциялары мыналар:
өндірісте және жекелей тұтынылатын өнім шығару;
тұтынушыға өнімді жеткізу және сату;
өнімді сатып болғаннан кейін қызметті жалғастыру;
кәсіпорындардағы өндірісті материалдық-техникалық жабдықтау;
кәсіпорын қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру және басқару;
кәсіпорындағы өндіріс көлемін жан-жақты дамытып, ұлғайту;
кәсіпкерлік;
салықтарды төлеу, мемлекеттік бюджеттің және басқа да қаржы ұйымдарының міндетті және міндетті емес төлемдерін өтеу;
мемлекеттік заңдарды, нормативтер мен стандарттарды орындау.

1. Өндірісті шоғырландыру
1.1. Өндіріс ұғымы және өндірістік құрылым

Қазіргі заманғы өндірістің басты мазмұны - өндірісті автоматтандыру арқылы ғылыми-техникалық өзгерістер жағдайында даму.
Әрбір өнеркәсіптік мекеме өзінің қызметкерлерінің және оның отбасы мүшелерінің қажеттерін қанағаттандыруға арналған өндірістік бөлімшелерден: шаруашылықтарға қызмет ету цехтары мен телімдерінен, басқару, ұйымдастыру органдарынан тұрады.
Өндіріс бөлімшелері, кәсіпорынды басқару және қызметкерлерге қызмет көрсету ұйымдарының кешені, олардың саны, өзара байланыс шамасы және орналасқан ауданы, жұмыскерлер саны және өндіріп шығару қабілеті бойынша өзара қатынастары кәсіпорынның (бірлестіктің) жалпы құрылымын құрайды.
Кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері - цехтар, телімдер, қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен қызметтер (өндірістік үдеріске тікелей немесе жанама түрде қатысатын), олардың арасындағы өзара байланыстардың барлығы оның өндірістік құрылымын құрайды. Ол еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс шығындарын, берілген материалдық өндірістің техника- экономикалық және экономика-географиялық деректері негізінде техника мен табиғи байлықтарды пайдалану тиімділігін анықтайды.
Ұтымды өндірістік құрылымды құру келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
кәсіпорын цехтарының құрамы, куаты берілген өнім көлемін дайындауды қамтамасыз ететін мөлшерде белгіленеді;
65 ♦ 2-тарау. Кәсіпорын - шаруашылық жургізу субъектісі
әрбір цех және қойма үшін аудан көлемі есептеліп, олардың кәсіпорынның бас жоспарында кеңістіктік бойынша орналасуы анықталады;
кәсіпорын ішіндегі барлық көліктік байланыстары, олардың жалпы мемлекеттік (кәсіпорыннан тыс) жолдарман өзара қатынасы жоспарланады;
өндірістік үдеріс барысында еңбек заттарының цехаралық қозғалысының ең қысқа маршруттары белгіленеді.
Өндіріс бөлімшелеріне цехтар, телімдер мен зертханалар жатады, оларда негізгі өнім (кәсіпорын шығаратын), жабдықтаушы өнімдер (сырттан әкелінетін), материалдар мен жартылай өңделген өнімдер, пайдалану үдерісінде өнімге қызмет көрсету және жөндеуге қажетті көмекші бөлшектер, бақылау-тексерулерден, сынақтардан етеді, технологиялық мақсатқа әр түрлі энергияны пайдаланады.
Жұмыскерлерге қызмет көрсетуші бөлімшелеріне тұрғын үй-коммуналдық бөлімдер, олардың қызметтері, фабрика-асхана, буфеттер, бала-бақша (ясли), санаторий, пансионаттар, демалыс үйлері, профилакторий, медициналық санитарлық бөлімшелер, еркін спорттық қоғамдар, техникалық оқыту бөлімдері және жұмыскер, инженер-техникалық қызметкерлер, қызметкерлердің біліктілігін, мәдени деңгейін жоғарылатумен шұғылданатын оқу орындары кіреді.
Кәсіпорын ішінде негізгі өндірістік құрылымдық бірлігі болып цех саналады (цехсыз басқару құрылымды кәсіпорындарынан бөлек). Цех - жалпы өндірістік үдерістің белгілі бір бөлігін (өндіріс кезеңін) орындайтын, әкімшілік қатынастағы жеке буын.
Цехтар толық құқылы бөлімше болып табылады, олар өз қызметін шаруашылық есеп қағидалары негізінде жүзеге асырады.
Цехтар, әдетте, төрт топқа бөлінеді: негізгі, қосымша, көмекші, қосалқы.
Негізгі цехта сатуға және өндіріс ішінде тұтынуға арналған өнім дайындау операциялары өтеді. Негізгі цехтар дайындаушы, өңдеуші және құрастырушы болып бөлінеді.
Дайындау цехына құйма, ұсталық-штамптаушы, ұсталық-престеу, кейде конструкцияларды дәнекерлеу цехтары жатады;
Өңдеу цехына - механикалық өңдеу, ағаш өңдеу, қыздыру арқылы өңдеу, гальваникалық, бояу және бөлшекті мәнерлеп жасау цехтары; құрастыру цехына - өнімді агрегаттық және соңғы жинау, бояу, қосалқы бөлшектер мен алмалы-салмалы жабдықпен жабдықтау цехтары кіреді.
Көмекші цехтар негізгі цехтардың өнімін дайындауға қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді, оларға сайман жасайтын, стандартсыз жабдықтар, үлгілік, жөндеу, энергетикалық, көліктік цехтар жатады.
Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі цехтар) негізгі цехтардың өндірістік қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.
Қосалқы цехтар негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші цехтарда пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді, оларға жататындар - металл қалдықтарын, құйма және үгінділерді пайдаланып, қажетті өнім шығаратын цехтар.
Аталғандардан бөлек әрбір зауытта өнеркәсіптік емес шаруашылықтарға қызметін көрсететін (коммуналдық, мәдени-тұрмыстық, тұрғын үй және т.б.) бөлімдері мен өндірістік цехтары бар.
Барлық зауыттардың құрылымдарында қойма шаруашылығы, санитарлы-техникалық құрылғылар мен қатынасу жүйелері (электр желілері, газ және ауа өткізіштер, жылу беру, желдету, рельсті және рельссіз көлік жолдарын көріктендіру) белгілі бір орынды иемденеді.
Бірлестіктің (кәсіпорынның) өндірістік құрылымында конструкторлық, технологиялық бөлімшелер, ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалар маңызды рөлге ие. Онда сызулар, технологиялық үдерістер құрастырылып, зерттеу жұмыстары жүргізіледі, өнім конструкцияларын мемлекеттік стандарттар, техникалық шарттар талаптарына толығымен сәйкестендіреді, зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар орындалады. Бұл бөлімшелерде ғылымның өндіріспен бірігуі айқын көрініс табады.
67 ♦ 2-тарау. Кәсіпорын - шаруашылық жүргізу субъектісі
Цехтар құрамына негізгі және қосымша өндірістік телімдер кіреді.
Негізгі өндіріс телімдері технологиялық немесе заттық (өнімдік) қағида бойынша құрылады. Технологиялық мамандану қағидасына сай ұйымдастырылған телімдерде белгілі бір түрдегі технологиялық операциялар орындалады. Құйма цехында, мысалы үшін, келесі бағыттар бойынша телімдер ұйымдастырылуы мүмкін: орын даярлау, бұрандалар жа - сау, құйма қалып дайындау, дайын құйманы өңдеу және т.б., ұсталық цехта - балғалар мен престерде соғылған дайындамалар жасау, жоғары температурада өңдеу жүргізетін телімдер және т.б., механикалық цехта - тоқарьлық, револьверлі, фрезерлі, тегістеуші, слесарьлық және басқа да телімдер, құрастыру телімінде -- өнімді бөлшектеп және соңғы құрастыру, оның бөліктері мен тораптарын сынау, бақылау - сынақ стансалар, бояу телімдері және т.б.
Заттық мамандану қағидасы бойынша ұйымдастырылған телімдерде жеке операция түрлерін емес, тұтас технологиялық үдеріс жүреді, нәтижесінде осы телім үшін дайын, аяқталған өнім алынады.
Қосымша телімдерге механикалық өңдеу және энергетикалық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі бас механик пен бас энергетик бөлімдері жатады; сонымен қатар қайрау (жану, егеу) шеберханасымен бірге құрал үлестіру қоймасы, көлік қызметі, технологиялық жабдықтарды жөндеу және ақаусыз күйде ұстау шеберханасы да кіреді. Орталықтандырылған жүйедегі цехтарда кәсіпорынға қызмет көрсету және ағымдық жөндеу үшін көмекші телімдер құрылмайды.
Қосымша цехтар мен телімдер негізгі өндіріс телімдері қандай нысанмен ұйымдастырылса, оларда сондай нысан бойынша ұйымдастырылады.

1.2. Кәсіпорын құрылымының түрлері

Өнеркәсіптік мекемеде өндірістік құрылымның үш түрі белгілі: заттық, технологиялық және аралас (заттық-технологиялық).
Заттық құрылымда кәсіпорынның негізгі цехтары, телімдері олардың әрқайсысы белгілі бір өнімнің бір бөлігін (агрегатын, бөлшегін) немесе белгілі бір топтағы бөлшектер дайындау нысанына сәйкес құрылады. Заттық құрылым, негізінен ірі сериялы және жаппай өндірісті механикалық құрастыру және құрастырма цехтарында қолданылады. Автомобиль зауытында қозғалтқыш, шасси, беріліс қорабын, шанақты жасау цехта - ры; станок жасау зауытында - станина, шпиндель, біліктер, корпустық бөлшек дайындау цехтары; аяқ киім фабрикасында арнайы аяқ киім және т.б. цехтары заттық құрылымға мысал бола алады.
Заттық құрылымның үлкен артықшылықтары бар. Ол цехтар арасында өндірістік байланыс түрлерін шектейді және жеңілдете түседі, бөлшектердің қозғалу жолдарын азайтады, цехаралық және цех көлігіне кететін шығындарды азайтады, өндірістік цикл ұзақтығын қысқартады, жұмыс сапасы үшін қызметкерлердің жауапкершілігін арттырады. Цехтардың заттық құрылымдары жабдықтарды тех - нологиялық үдерістің жүру барысында орналастыруға, өнімділігі жоғары станоктар, құралдар, штамптар мен жабықтарды қолдануға мүмкіндік береді. Осының барлығы, заттық құрылым өнім шығару көлемін, еңбек өнімділігін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге септігін тигізеді.
69 ♦ 2-тарау. Кәсіпорын - шаруашылық жүргізу субъектісі
Технологиялық құрылым айқын технологиялық даралануды анықтайды. Мысалы, құйма, ұста-штамптау, механи - калық, құрастыру цехтарының болуы. Өндірістік құрылымның бұл түрі цехты басқаруды жеңілдетіп, адамдарды орналастыруда епті әдіс табуға мүмкіндік береді, өндірістің бір өнім түрінен екінші түріне ауысуға жеңілдік жасайды. Кемшіліктері: өнім қозғалысында қарсы маршруттың туындауы, цехтардың өндірістік өзара байланысының шиеленісуі, құрал-жабдықтарды басқа технология бойынша қайта құруға көп уақыт кететіндігі, жоғары өнімді арнайы станоктарды, құралдарды қолдану мүмкіндігінің шектеулігі. Олардың барлығы еңбек өнімділігінің өсуіне және өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне кері әсер етеді.
Аралас (заттық-технологиялық) құрылым бір зауыттың ішінде заттық және технологиялық қағидаға сай ұйымдасқан негізгі цехтардың болуымен сипатталады. Мысалы, жап - пай өндіру кәсіпорындарында дайындау цехтары (құйма, ұсталық, престік), әдетте, технологиялық қағида бойынша ұйымдасқан, ал механикалық-құрастыру цехтары - заттық қағидаға сәйкес. Бұл түрдегі кәсіпорындар машина жасау, жеңіл өнеркәсіп (аяқ киім, тігін, жиһаздық) және бірқатар басқа да салаларда кеңінен пайдаланылады.
Өндірісті бұл түрде құрудың артықшылықтары - келесілер: цехішілік тасымалдар көлемін азайту, өнім жасауға кеткен өндірістік циклдің ұзақтығын қысқарту, еңбек жағдайларын жақсарту, құрал-жабдықты пайдаланудың неғұрлым жоғары деңгейі, еңбек өнімділігінің өсуі, өнімнің өзіндік құнының төмендеуі.

2. Өндірісті ұйымдастырудың маңызы
2.1. Өндірісті ұйымдастыру түрлері

Өндірісті ұйымдастыру түрі деп өнеркәсіптік кәсіпорынның ұйымдастырушылық және техникалық деңгей ерекшеліктерінің кешенді сипаттамасымен түсіндіріледі. Өндірісті ұйымдастыру түріне бірқатар факторлар ықпал етеді: мамандану деңгейі, өндіріс ауқымы, дайындау көлемі мен қайталануына байланысты өндірілетін көп өнім атауларының күрделілігі мен тұрақтылығы. Өндірістің үш негізгі түрін ажыратуға болады: жеке-дара (жекеленген), топтамалы (сериялы), жаппай.
Жеке-дара (жекеленген) өндіріс - өнім жекеленген немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстарымен айналысатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, кеме жасауға, бірегей станоктар мен турбиналарды өндіруге тән.
Бұл түрдегі өндірістің маңызды ерекшеліктері:
көбінесе қайталанбайтын өнімнің көп атаулығы;
технологиялық мамандану бойынша жұмыс орындарын ұйымдастыру;
бөлшектер мен агрегаттардың тұрақты атаулысын, белгілі бір жұмыскерлерге құрастыру және құрастыру операцияларын бекіту мүмкіндігінің болмауы;
әмбебап құрал-жабдық пен технологиялық жасақтауды пайдалану;
қолдан құрастыру мен аяқтау операцияларының үлкен көлемінің болуы;
өндірістік үдерісте қамтылған жоғары білікті әмбебап- жұмыскерлер санының басым болуы;
өндірістік циклдің ұзақтығы;
аяқталмаған өндірістік өнімнің көлемі едәуір болуы;
ағымды (оралымдық) - өндірістік жоспарлау мен өндірісті басқаруды орталықсыздандыру;
өнім сапасын бақылау үдерістерін автоматтандырудың қажетсіздігі;
өнім сапасын басқаруда статистикалық әдістерді пай - далану мүмкіндігінің болмауы;
еңбек үшін төленетін еңбекақының салыстырмалы көп болуы.
Топтамалық өндіріс - бірыңғай өнімнің кең атауларын (номенклатурасын) ұзақ уақыт бойы қайталанып отыратын жағдайда топтамамен дайындауды білдіреді.
Топтама (серия) деп өндірісте партиялап, бір мезгілде не - месе бір ізділіктімен үздіксіз жоспарлы мезгілде қайталанып отыратын құрылысы бірдей өнімдер қатарын шығарумен түсіндіріледі.
Топтамалы өндіріс үдерісін ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктері:
едәуір көлемде дайындалатын, қайталанып отыратын өнімнің салыстырмалы үлкен атауларының тұрақтылығы;
бірнеше бекітілген операцияларды орындау үшін жұмыс орнын мамандандыру;
өнімдерді топтамамен дайындау, бөлшектерді партиямен өндіру кезеңділігі;
71 ♦ 2-тарау. Кәсіпорын - шаруашылық жүргізу субъектісі
технологиялық жабдықтау, арнайы және маманданған құрал-жабдықтардың басымдылығы;
қолдан құрастыру және аяқтау операциялары көлемінің аздығы;
орта білікті жұмыскерлер санының басым болуы;
өндірістік цикл ұзақтығының аздығы;
оралымдық-өндірістік жоспарлау және өндірісті басқарудың орталықтануы;
дайындалатын өнім сапасын бақылауды автоматтандыру; өнім сапасын басқаруда статистикалық әдістерді қолдану;
бөлшек пен өнімдердің конструкцияларын бірыңғайландыру;
технологиялық үдерістер мен жабдықтануды бір түрге келтіру.
Топтамалық өндіріске ұшақ және мотор құрастыру зауыттары мысал бола алады.
Бір кезде дайындалатын өнімнің санына байланысты топтамалық өндірісті ұсақ, орташа және ірі топтамалы деп атайды.
Жаппай өндіріс - бірдей өнім түрінің шектеулі атауларын көп көлемде дайындаудың үздіксіздігі және салыстырмалы түрде ұзақ кезеңімен сипатталады. Жаппай өндіріс мекемелеріне автомобиль, трактор зауыттарын, ауыл шаруашылық машина жасау зауыттарын жатқызуға болады. Жаппай өндіріс - кәсіпорындарында бір атаулы өнімнің бір немесе бірнеше түрлерін шоғырландыруға мүмкіндік беретін, өндіріс мамандануының жоғары түрі. Өндірісті ұйымдастырудың бұл түрінде әр түрлі өнімдер бір мезгілде және үздіксіз шығарылып отырады. Жаппай өндірістің басты шарты - бөлшектер, тораптар мен агрегаттар құрастыру кезінде олардың сапасын стандарттау мен үйлестірудің жоғары деңгейінде болуы керек.
Жаппай өндірісті ұйымдастыруға келесі ерекшеліктер тән:
өнімнің аз номенклатурасын қомақты көлемде қатаң бекітілген тәртіппен өндіру;
жұмыс орындарының, әдетте, бір белгіленген операцияны орындауға мамандануы; жұмыс орындарын операцияларды орындау кезегіне қарай орналастыру;
арнайы және мамандандырылған құрал-жабдықтардың және технологиялық жабдықтардың үлкен меншікті үлесі;
кешенді-механикаландырылған, автоматтандырылған технологиялық үдерістердің жоғары пайызы;
операцияға даярлану - қорытынды уақытының аз мөлшері;
қолдан құрастыру және аяқтау жұмыстар көлемінің күрт қысқаруы; жұмыс орындарын жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі;
әрқайсысы өзіне бекітілген бір операцияны орындайтын біліктілігі жоғары емес жұмыскерлер еңбегін қолдану;
топтамалы өндіріспен салыстырғанда өндіріс циклінің ұзақтығының аздығы;
өндірісті басқару мен жоспарлауды орталықтандыру;
өндірісті үздіксіз алыс жерден бақылап отыру;
кәсіпорынға автоматты басқару жүйесін ендіру (КАБЖ);
өнімнің сапасын бақылауды автоматтандырудың жоғары деңгейі;
өнім сапасын басқарудың статистикалық әдістерін кеңінен қолдану.
Өндірістің түрі кәсіпорын құрылымына, өндірісті тиімді ұйымдастыру деңгейлері, шарттары мен талаптарына үлкен ықпал етеді.
Мысалы, жеке-дара өндірісте кәсіпорын құрылымында ұсталық және құйма цехтары, стандартсыз жабдықтар мен технологиялық жабдықтандыруды даярлайтын дербес цехта - ры, дайындаушы телімдері болмайды.
Топтамалы өндірісте, керісінше, кәсіпорын құрылымында әрқашан дерлік ұста және құйма цехтары, стандартсыз жабдықтар, технологиялық жабдықтандыру, металл өңдеу цехтары; өлшеу, химиялық, қыздыру, металтану зертханалары; орталықтан жоспарлау, диспетчерлік қызмет және басқа да бөлімшелер болады.
73 ♦ 2-тарау. Кәсіпорын - шаруашылық жүргізу субъектісі
Жаппай өндірісте кең мөлшерде мамандандырылған негізгі және көмекші өндірістер, қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен қызметтер болуы тән. Бөлшектер, әдетте орталықтанган түрде дайындалатын ұтымды дайындамалардан жасалады. Стандартсыз жабдықтар және технологиялық жабдықтар өндірісі де осы тәсілмен жүзеге асады. Оларды дербес құрылымдық бірлік болып табылатын цехтар өз тұтынушыларына жеткізеді. Кәсіпорын бөлімдеріне бас конс - труктор, бас технолог, бас дәнекерлеуші, бас металлург, бас энергетик, бас механиктің, сондай-ақ өнімді стандарттау және үлестіру бөлімдерінің дербес қызметтері кіреді.

2.2. Өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары

Өндірістік құрылымға бірқатар факторлар әсер етеді:
- кәсіпорынның салалық қатынасы - шығарылатын өнім түрлері, оның конструкторлық қабілеттері, пайдаланылатын материалдар, дайындамалар алу және өңдеу тәсілдері;
конструкцияның қарапайымдылығы және өнімнің тех - нология деңгейі;
өнім сапасына қойылатын талаптар деңгейі;
құрал-жабдықтар мен технологиялық жабдықтандырулар құрамы;
әмбебап, арнайы, стандартсыз құрал-жабдық, конвейерлі немесе автоматтық желілер;
құрал-жабдықтарға және технологиялық жабдықтарға қызмет көрсету және ағымдық жөндеуді орталықтанған және орталықсыздандырылған түрде ұйымдастыру;
өнім номенклатурасы өзгеріске ұшыраған жағдайда өндірістің шұғыл, әрі көп шығынсыз жаңа өнім өндіруге көшу қабілеті;
негізгі, көмекші, қосымша және қосалқы цехтарда өндірістік үдерістің сипаты.
Негізгі өндіріс сипатына байланысты әр түрлі саладағы кәсіпорындардың өндірістік құрылымының өз ерекшеліктері болады.
Тоқыма фабрикаларында, көп жағдайларда, жеке телімдерде белгілі бір өнімге нөмірлер мен артикулдар беріліп, мамандандыруда технологиялық құрылым қолданылады. Көптеген фабрикаларда мата дайындаудың барлық кезеңдері қамтылады: жіп иіру, тоқу, өңдеу. Фабрикалар операцияның бір немесе екі кезеңнен тұратын қызметтеріне маманданған.
Металлургия зауыттарында технологиялық құрылым басым келеді. Домналық, болат күю, прокаттау цехтары құрылады. Металлургия комбинаттары құрамына көбінесе аг - ломерат фабрикасы мен кокс цехы кіреді.
Түрлі саладағы кәсіпорындардың өндірістік құрылымында ортақ нәрсе - қосымша және қызмет көрсету цехтарын ұйымдастыру. Бас энергетик және бас механик басқаратын цехтары, көлік және қойма шаруашылықтары өнеркәсіптің кез келген саласындағы кәсіпорында болады. Машина жасау зауыты әрқашан құрал-сайман цехымен қамтылған.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымын таңдау және жақсарту мәселесі кәсіпорын жаңадан салынғанда да, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайта жаңғырту кезінде де шешілуі тиіс.
Өндірістік құрылымды жетілдірудің негізгі жолдары:
кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру;
цехтар мен өндірістік кәсіпорындар құрудың неғұрлым озық үлгілерін іздеу және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс концентрациясы және өнеркәсіптегі кәсіпорындар мөлшері
Өндірісті құрамдастыру, өндірісті мамандандыру, өндірісті кооперациялау, өндірісті шоғырландыру
Өндірісті ғылыми - техникалық дайындау
Өндіріс және өндірістік құрылымы
Өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары
Нарық жағдайында кәсіпорынның өндірістік қызметін ұйымдастыру және оның тиімділігі
Негізгі өндірісті ұйымдастырудың партиялық әдістері
Өндірісті ұйымдастыру түрлері мен нысандары
Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын
Экономикалық өсу қоғамның әл-ауқаты мен өндірістің тиімділігін арттыру ретінде
Пәндер