Материалдық қорлар, оларды есепке алудың міндеттері мен жіктемесі



Жоспар

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1.Материалдық қорлар, оларды есепке алудың міндеттері мен жіктемесі
2.2.Қоймалардағы және сақтайтын орындардағы материалдық құндылықтардың есебі
3. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Кіріспе

Өндіріс процесіне еңбек құралдарымен қатар еңбек заттары да қатысады.
Өндірістік қорлар – бұл бір өндірістік цикл процесінде толықтай тұтынылатын, өзінің құнын бірден өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына көшіріп, оның материалдық негізін құрайтын еңбек заттары.
Кәсіпорындағы тауарлы – материалдық қорлардың есебі №7 «Тауарлы – материалдық қорлар есебі» БЕС –ына сәйкес ұйымдастырылады, онда мыналар белгіленген:
- стандарт әрекетінің аясы;
- тауарлы – материалдық қорлардың өлшемдері;
- тауарлы – материалдық қорлардың өзіндік құны;
- тауарлы – материалдық қорларды бағалау;
- шығысты тану;
- есеп берудің ашылуы.
Тауарлы – материалдық қорлар - бұл:
1. Шикізат қорлары, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен кешендік бұйымдар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және өндірісте немесе жұмыстарды, қызметтерді орындау кезінде пайдалануға арналған өзге материалдар.
2. Аяқталмаған өндіріс.
3. Субьектінің қызмет барысында сатуға арналған дайын өнім, тауар түріндегі активтер.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Н.Қ.Қабылова, Ш.А.Доспалинова, Е.Н.Оразалинов «Бухгалтер( Бухгалтерлік есеп негіздері), Астана : Фолиант.2000

2.С.Б.Баймұханова,Ә.Ж.Балапанов.Бухгалтерлік есеп.
Алматы-2001.

3.Қ.К.Кеулімжаев,Н.А.Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері.»,Алматы. 2006

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1.Материалдық қорлар, оларды есепке алудың міндеттері мен жіктемесі
2.2.Қоймалардағы және сақтайтын орындардағы материалдық құндылықтардың есебі
3. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе

Өндіріс процесіне еңбек құралдарымен қатар еңбек заттары да қатысады.
Өндірістік қорлар - бұл бір өндірістік цикл процесінде толықтай тұтынылатын, өзінің құнын бірден өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына көшіріп, оның материалдық негізін құрайтын еңбек заттары.
Кәсіпорындағы тауарлы - материалдық қорлардың есебі №7 Тауарлы - материалдық қорлар есебі БЕС - ына сәйкес ұйымдастырылады, онда мыналар белгіленген:
- стандарт әрекетінің аясы;
- тауарлы - материалдық қорлардың өлшемдері;
- тауарлы - материалдық қорлардың өзіндік құны;
- тауарлы - материалдық қорларды бағалау;
- шығысты тану;
- есеп берудің ашылуы.
Тауарлы - материалдық қорлар - бұл:
1. Шикізат қорлары, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен кешендік бұйымдар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және өндірісте немесе жұмыстарды, қызметтерді орындау кезінде пайдалануға арналған өзге материалдар.
2. Аяқталмаған өндіріс.
3. Субьектінің қызмет барысында сатуға арналған дайын өнім, тауар түріндегі активтер.
Тауарлы - материалдық қорларды есепке алудың негізгі міндеттері мыналар:
1. Қорлардың уақытылы және толықтай кірістелуіне, олардың сақталу жеріндегі және қозғалысының барлық сақталуына бақылау жасау.
2. Қорлардың қозғалысы жөніндегі барлық операцияларды уақытылы және толықтай құжаттау.
3. Көлік - әзірлеу шығындары (ауытқуы) мен әзірленген қорлардың нақты өзіндік құнын уақытылы және дұрыс анықтау.
4. Көлік - әзірлеу шығындарының айналым шығындарына біркелкі және дұрыс есептен шығарылуын бақылау.
5. Қойма қорларының жағдайына бақылау жасау.
6. Ішкі ресурстарды ұтқыр қолдану мақсатында субьектіге керек емес материалдық қорларды анықтау және сату.
7. Сақталатын жерлердегі қорлардың қалдықтары мен қозғалысы жайлы дәл мәліметтерді алу.
Материалдық құндылықтарға әрекеттік бақылаудың қажетті шарты болып табылатындар:
- жабдықталған қойма үй-жайларының болуы;
- материалдарды қоймалардың секциялары бойынша, ал олардың ішінде жекелеген топтар бойынша орналастыру;
- материалдық құндылықтарды қабылдау мен босатуға жауапты адамдар тобын белгілеу;
- тауарлы материалдық құндылықтарды қабылдау мен босату құжаттарына қол қою құқы берілетін лауазымды адамдар тобын белгілеу.
Материалдар есебін дұрыс және тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін қажеттісі:
1. материалдық тауардың бірегей номенклатурасын әзірлеу;
2. құжат айналымының айқын жүйесі және тауарлы материалдық құндылықтарды кіріс ету және есептен шығару жөніндегі операцияларды ресімдеу тәртібін сақтау;
3. бастапқы құжаттардың есептік нысандарын біркелкі қалыпқа келтіру;
4. тауарлы - материалдық қорларға тұрақты түрде түгендеу жүргізу;
5. бухгалтериядағы материалдардың есебі учаскесін компьютерлендіру.
Қойма шаруашылығының жақсы жағдайы тауарлы - материалдық құндылықтардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты болып саналады. Қойманың үй - жайы тұйықталған, дабылдамамен, стеллаждың, жәшіктердің, еденшелермен (поддон), механизация құралдарымен және салмақ өлшейтін приборлардың қажетті мөлшерімен жабдықталуға тиіс.
Қойма ішінде материалдардың әрбір тобы, топшасы мен түрі белгілі бір жерде сақталуға тиіс. Сақтайтын әрбір жерге материалдық затбелгі бекітіледі. Басшының бұйрығымен қоймада жұмыс істейтін материалды жауапты адамдардың тізімі бекітіледі. Олармен материалдық жауапкершілік шарты жасалады. Материалдардың қоймадағы есебін тікелей осы адамдар жүргізеді. Материалдық құндылықтардың қоймалық есебі үш әдістің біреуімен ұйымдастырылуы мүмкін.
Бірінші әдіс - сандық - сомалық есеп әдісі. Осы әдіс негізінен қорлар номенклатурасы кішігірім, шағын кәсіпорындарда жүргізіледі. Бұл орайда қоймада және бухгалтерияда материалдық құндылықтардың әрбір номенклатуралық нөміріне сандық - сомалық есептің карточкалары ашылады. Материалдық қорлардың қозғалысы жөніндегі құжаттың әрбір дерегі карточкаға жазылады. Ай соңында карточкалардың жиыны шығараылып, олар жылдық, сорттық, айналымдық ведомосқа көшіріледі. Мұндай әдіс кезінде қосарланған есеп жүргізіледі. Ол өте кең ауқымды және талдамалық есептегі жазулар санын арттырады.
Екінші әдіс - сальдолық (жедел - бухгалтерлік) әдіс. Материалдық құндылықтардың есебін қойма меңгерушісі жүргізеді. 1 қаңтарда бухгалтерия материалдардың қоймадағы есебінің М17 нысандағы карточкаларын ашады. Мұндай әрбір номенклатуралық нөмірге 1 қаңтардағы қалдық сандық өлшеммен енгізіледі. Карточкалар тізілім бойынша қойма меңгерушісіне беріледі, ол келіп түскен материалдық құндылықтарға кіріс құжатын толтырады, және шығыс құжаттарына сәйкес оларда босатады. Бұл ретте ол кіріс пен шығысты карточкада натуралдық көрсеткішпен бөліп көрсетіп, әрбір жазбасынан кейін қалдығын шығарады. Осындай тәртіппен материалдық құндылықтардың қоймадағы күн сайынғы есебі жүргізіледі. Қойма есебі карточкаларының жүргізілуін бухгалтерия қадағалайды. Оның қызметкерлері аптасына немесе он күнде кем дегенде бір рет тікелей қоймада қойма меңгерушісінің қатысуымен қойма операциялары бойынша бастапқы құжаттар мен карточкалардағы жазудың мерзімділігі мен дұрыстығын тексеруді жүзеге асыруға міндетті. Операциялардың жазылуы мен қалдықтардың шығарылуын тексеруді бухгалтерия қызметкері М17 нысанының тиісті бағанына қолын қою арқылы растайды. Тексеру қойма меңгерушісінің бухгалтерияға бастапқы құжаттарды табыс етуімен ұштасады. Өткізілетін құжаттардың деректері М18 нысанындағы құжаттарды қабылдау - өткізу тізіліміне енгізіледі, бұл жерде олардың нөмірі мен саны көрсетіледі. Тізілім құжаттарды қоса отырып, бір данада жасалады. Егер қоймалар кеңсе - жайдан (офистен) алыс жерде болса, онда карточкалардың дұрыс толтырылуына бақылау орталық бухгалтерияда жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда қойма меңгерушісі белгіленген мерзімде ай соңындағы материалдардың қалдық ведомостын екі дана етіп жасап, бухгалтерияға өткізіеді. Ведомос сандық өлшеммен есепті айда қозғалысқа түскен материалдар бойынша ғана жасалады. Ведомосқа цех (учаске) бастығы қол қояды және құжаттарды ресімдеу дұрыстығы тексерілгеннен кейін, оның бір данасы ескертулерімен бірге қоймаға қайтарылады. Материалдарының номенклатурасы кішігірім қоймаларда карточканың орнына сорттық есеп кітабын жүргізуге рұқсат етіледі. Ай соңында бухгалтериядан материалдардың қалдық есебінің кітбы (қалдықтарды есепке алудың М20 нысанындағы ведомосты) қоймаға беріледі. Қойма меңгерушісі оған материалдар есебі карточкасынан қалдықтарды көшіреді. Бұдан кейін жинақтау және жалпы кітап бойынша материалдық құндылықтың есептік топтары бойынша жиынын есептен шығару үшін бухгалтерияға қайтарылады. Бұл әдіс кезінде:
бухгалтерлік есеп жедел есепке негізделеді және онымен тығыз байланысты;
қоймадағы және бухгалтериядағы есепті жедел салыстыру, демек есепті айда жіберілген қателіктерді жою мүмкіндігі туындайды;
есептік бағаларды қолдану ай сайын қорлардың орташа құнын анықтау жөніндегі қиын жұмыстарды жояды.
Бұл түгендеу жүргізуді жеңілдетеді және есептің жедел функцияларын күшейтеді, құжаттарды өңдеу және есептік тіркелімдердің жағдайын жақсарту бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есептің шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы
Материалдық қорлар есебі
Негізгі құралдардың экономикалық мәні, амортизациясы
Негізгі құралдар есебіне жалпы түсінік
Негізгі құралдар есебін ұйымдастыру және есеп міндеттері
Негізгі құралдар есебі жайлы
ТМҚ түсінігі және оның жіктелуі
Активтердің тозуы мен амортизациясын есептеу
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН ҚҰРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ұйымдар мен кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Пәндер