Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара байланысы



Жоспар:
І Кіріспе
1.1 Мемлекет және азаматтық қоғам туралы түсінік
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Мемлекет пен азаматтық қоғам мәні
2.2 Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара байланысы
2.2 Қос ұғымның бір.біріне қажетілігі
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады: 1) кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де «халық», «қоғам», «ел» деген ұғымдарға сәйкес келеді; 2) тар мағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттың жиынтығын білдіріп, «үкімет», «әкімшілік» деген ұғымдарға сай келеді. Саясаттануда екінші мағынасында пайдаланылады. Азаматтық коғамның пайда болуы жентінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада қашан болмасын болған дейді.
Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды.
Бұл екі ұғым көптің аузына соңғы жылдары ғана ілікті. Бұрын 20-жылдары, кейінірек алпысыншы жылдардың басында біршама қолға алынып, кейін ұмыт болған-тын. Оның есесіне жалпы халықтық мемлекет және қоғамдық өзін-өзі басқару тіркестері қолданыла бастаған.
Қазір азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қайтадан құжаттарға еніп, ғалымдар ден қоя бастады. Ал шындығында бұл екі ұғымның мән-мазмұны неде, ара-қатынасы қандай, шығыстық ойда қандай көрініс тапқан? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
Азаматтық қоғам тарихи жағынан мемлекеттен бұрын пайда болған. Азаматтық қоғам-адамдардың өмір сүруіне, тіршілік етуіне қажетті өзара қарым-қатынасының шарты. Өйткені адам тіршілік ету үшін бір-бірімен қатынас жасап, өзара қауымдасып еңбек етеді. Сөйтіп адамдар жаңа материалдық игіліктер жасайды, сол игілікті бөлісу, айырбастау, бірлесіп пайдалану үшін, бір сөзбен айтқанда, тіршілік тоқырап қалмау үшін түрлі әрекеттер жасайды, отбасы құрылып, бала сүйеді, топтарға, ұйымдарға бірігіп өз мүдделерін қорғайды. Адамдардың қауымдасуы өзінің белгілі бер даму кезеңінде өз қауымдастарының жеке бастары мен отбасы мүшелерінің, бірлестіктері мен ұжымдарының мүддесін қорғау, тыныштығын қамтамасыз ету үшін саяси күшті қажет етеді. Мұндай күш ретінде өмірге мемлекет келеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003
2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001
3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005
4.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002
5.Рахметов Қ. Саясаттану. А., 2005
6.Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007
7. Антропология мировой политической мысли, в 5-и томах

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І Кіріспе
0.1 Мемлекет және азаматтық қоғам туралы түсінік
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Мемлекет пен азаматтық қоғам мәні
2.2 Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара байланысы
2.2 Қос ұғымның бір-біріне қажетілігі
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады: 1) кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де халық, қоғам, ел деген ұғымдарға сәйкес келеді; 2) тар мағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттың жиынтығын білдіріп, үкімет, әкімшілік деген ұғымдарға сай келеді. Саясаттануда екінші мағынасында пайдаланылады. Азаматтық коғамның пайда болуы жентінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада қашан болмасын болған дейді.
Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды.
Бұл екі ұғым көптің аузына соңғы жылдары ғана ілікті. Бұрын 20-жылдары, кейінірек алпысыншы жылдардың басында біршама қолға алынып, кейін ұмыт болған-тын. Оның есесіне жалпы халықтық мемлекет және қоғамдық өзін-өзі басқару тіркестері қолданыла бастаған.
Қазір азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қайтадан құжаттарға еніп, ғалымдар ден қоя бастады. Ал шындығында бұл екі ұғымның мән-мазмұны неде, ара-қатынасы қандай, шығыстық ойда қандай көрініс тапқан? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
Азаматтық қоғам тарихи жағынан мемлекеттен бұрын пайда болған. Азаматтық қоғам-адамдардың өмір сүруіне, тіршілік етуіне қажетті өзара қарым-қатынасының шарты. Өйткені адам тіршілік ету үшін бір-бірімен қатынас жасап, өзара қауымдасып еңбек етеді. Сөйтіп адамдар жаңа материалдық игіліктер жасайды, сол игілікті бөлісу, айырбастау, бірлесіп пайдалану үшін, бір сөзбен айтқанда, тіршілік тоқырап қалмау үшін түрлі әрекеттер жасайды, отбасы құрылып, бала сүйеді, топтарға, ұйымдарға бірігіп өз мүдделерін қорғайды. Адамдардың қауымдасуы өзінің белгілі бер даму кезеңінде өз қауымдастарының жеке бастары мен отбасы мүшелерінің, бірлестіктері мен ұжымдарының мүддесін қорғау, тыныштығын қамтамасыз ету үшін саяси күшті қажет етеді. Мұндай күш ретінде өмірге мемлекет келеді.
Азаматтық қоғам мен мемлекет бірлесіп, ынтымақтасып қатар бой түзеп өмір сүреді. Бірін бірі тежеп, бір бірінің қызмет аясына араласып, іштей текетіреске де барып отырады.
Мемлекет өзін азаматтық қоғамның өзу туғызып, оны соның өзі асырап, оның іс-әрекетін бақылап отырғанын кейде ұмытып, бар билікті өзуысында ұстауға тырысады. Азаматтық қоғам өз ықпалын әлсіреткен жағдайда, мемлекет өзінің зор күшіне еніп, жыртқышқа айналады. Қоғамның бүкіл ұңғыл-шұңғылына араласып, адамды басып-жаныштайды, адам бостандығы мен құқын аяққа басуға дейін барады.

Адамның өзі дүниеге келтірген саяси күш - мемлекет бірте-бірте оның өзіне ауыз салады, экономикалық қыспаққа салады, алым-салықты үдетіп, саяси жағынан қыспаққа алады, құқықтарын шектейді, заңсыздықтарға барып, адамдарды кейде жазықсыздан-жазықсыз жазалайды, айдауға жіберіп, түрмелерге жабады. Осыған орай адам мемлекеттің зорлық зомбылығын шектеуді қажет етеді. Азаматтық қоғамға иек артып, соның мемлекетті шектеу ықпалын пайдаланып, соған арқа сүйемек болды. Азаматтық қоғамды дамытуға күш салды.
Азаматтық қоғамды қалыптастыру, оны дамытуды мемлекет атаулыны жұтып қою немесе оны қоғамнан аластау деп түсіндеу керек. Бір сөзбен айтқанда, құқытық мемлекет дегеніміз азаматтық қоғамның қалыптасуының, оның жетіліп дамуының заңды жемісі деген сөз.
Көпшілік арасында азаматтық қоғам мен ұлттық мемлекетті бір біріне қарсы қойып, оларды бірін бірі теріске шығаратын антиподтық ұғым деп түсіну кеңінен етек алып отыр. Бұл әрине дұрыс емес. Азаматтық қоғам мемлекеттің ұлттық сипатына ешқандай да қарсылық көрсетпейді, керісінше ол құқытық мемлекеттің қалыптасуына қызмет етеді.
Құқықтық мемлекет орнықпайынша, әкімшіл-әміршіл жүйе бой көрсетуден танбайды, жеке адамның заңды құқы аяққа тапталып, мүлт кеткен шалыс қадамы жазаланып отырылады. Төрт-бес күнге көршілес елге барып қайту үшін де мемлекеттен
рұқсат сұрап, әуре-сарсаңға түседі. Мемлекет өз үстемдігін толық жүргізіп, адамдардың жеке ісіне, отбасына, сенім-нанымына да қол сұғып, жөн-жосықсыз араласудан біржола
арыла алмайды. Мұны тәртіпке келтіріп, мемлекеттің шексіз билігіне шектеу жасап, оның бәрін әділ қабылданған заңдармен реттеп, заңдастырып отыру - құқықтық мемлекеттің қызметі.
Азаматтық қоғам ұлт мүддесіне қарсы әрекет етпейді. Керісінше, адам құқығын қорғауға күш салады. Алайда, азаматтық қоғам мен ұлттық мемлекет деген ұғымдар қарсы қоюшылық та осындайдан туған. Бұл екі ұғым бір-біріне қарсы болатындай емес, екеуі екі деңгейде өрбитін ұғымдар. Азаматтық қоғам мемлекеттің ұлттық сипатына емес, мемлекеттің адам құқығы аяқ асты ететін әрекеттеріне қарсы бой көтереді, нағыз демократия үшін күреседі. Осыны ажырата білген абзал.
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы бір бірімен өзара тығыз байланысты.
Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттен өзін тәуелсіз сезінетін өндірушілер, игілікті жасаушылар, өздерін өздері басқарып отыратын кәсіпкерлер, кәсіподақтар, партиялар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам мәні
Саясат тарихы туралы ақпарат
Азаматтық қоғам туралы ақпарат
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
Құқықтық мемлекет - мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
Азаматтық қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет туралы
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы теориялар
ҚАЗАҚСТАНДА АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер