Қарағанды облысындағы бөдене шаруашылығының даму жолдары



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1 Қазақстанда бөдене шаруашылығының дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.1 Қарағанды облысы бойыншабөдене шаруашылығының дамуы ... ... ... .10
1.2 Бөдене шаруашылығын дамытудың алғы шарттары ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3. Бөдене шаруашылығының даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.3.1 Бөдене тұқымдары және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2. Зерттелген ауданның физикалық.географиялықсипаттамасы ... ... ... ... ..26
2.1 Географиялық орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2.2 Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
3 Зерттеу материалдары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
3.1 Ақтоғай ауданы Ақтас ауылы жеке қожалығының бөдене
өсіру шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
3.1.1 Жас бөденелерді өсіру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
3.1.2 Жас бөденелерді тереңдетілген төсеніште күтіп ұстау ... ... ... ... ... .31
3.1.3Бөденелерді қолдан инкубациялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
3.1.4 Бөденелердің қоректенуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
3.1.5 Бөденелерді жемдеу және сою ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
3.2 Бөдене аурулары және олардың алдын алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
3.2.1 Бөдене құсының практикалық маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...48
3.3 Зерттеу нәтижелерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52
Қорытынды ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі табиғи таза сапалы өнім алу. Халықты азық түлікпен (ақуызды) қамтамасыз ету, сау орта сау ағза басты мәселе. Осыған байланысты соңғы жылдары құс шаруашылығындағы жаңа сала – бөдене шаруашылықтары құрылып даму үстінде. Бөдене шаруашылығы – құс шаруашылығының өсімталдығы жағынын тез жетілетін саласы. Қояндарға қарағанда бөденелер екі есе жылдам өсіп жетіледі. Жұмыртқаларды инкубаторға салған сәттен бастап жаңа бөденелердің алғашқы жұмыртқалауына дейінгі толық циклы бар болғаны 45 – 50 күнді құрайды. Бөденелер 25 күнде қауырсынданады, 30 күнде ересек болады, ал 35 – 40 күнде жұмыртқалай бастайды. Бір ескере кететін жәй, ағзадағы алмасу процессінің қарқынды түрде жүретіндігіне байланысты, бөденелердің бір апта өмірі жұмыртқалағыш тауық тұқымының 3,5 апталық өміріне сәйкес келеді.
Жалпы бөдене өсіру тиімді кәсіп, шығыны аз пайдасы қыруар көп, мысалы 1кг бөдене етін өндіру үшін 3,5 – 3,6 кг азық шығымы жұмсалады. Жұмыртқаның 1 кг салмағына 2,6 кг азықшығындалады. Бөденелердің бір жылдағы жұмыртқалайтынжұмыртқаларының салмағы оның дене салмағынан 24 есе көп, ал мұндай арақатынас тауықтарда 1: 8 көрсеткішіне тең. Күрке тауықтарда жұмыртқаларының салмағы тірілей салмағының 1 пайызын, тауықтарда 3,8 пайызын, ал бөденелерде 7,5 пайызды құрайды. Олар өте жылдам әрі тез көбейеді және айтарлықтай ерекше күй талғамайды. Бөденелердің күнделікті жұмыртқалауының нәтижесінде жылына 280 – 300 жұмыртқаға жетеді. Сондай – ақ бөдене жұмыртқалары ұзақ сақталу қасиетіне ие. Оларды бөлме температурасында сақтаған кезде жұмыртқа құрамында бірқатар ғана кебуі мүмкін, жалпы оларда микрооорганизмдердің дамуының салдарынан бүліну жағдайлары болмайды. Бөденелердің дене температураларының жоғары болуының әсерінен олар инфекциялық жұқпалы ауруларға да төзімді келеді[1].
Бөденелерді тәжірибелік құс ретінде генетика, эмбриология және микробиология ғылыми салалары бойынша зерттеулерде пайдалану және оларды келешекте аңшылық алқаптарға жіберу мақсатымен қыр құстарын өсіру объектілеріне қосу – осы саланың болашағының кең екендігін дәлелдейді. Бөденелердің дамуын теориялық тұрғысынан балапан шығаратын құстарға тән жалпы заңдылқты анықтау үшін, ал тәжірбиелік тұрғыдан жоғары өнімді, дені сау құстарды өсіріп, көбейтуді жоспарлауға және олардың дамуының әртүрлі кезеңдерінде мақсаты әсер ету тұрғысынан зерттеу өте маңызды мәселе болып саналады.
Қазіргі уақытта жапон бөденелерінің жергілікті популяциясын өсіру технологиясы бойынша ғылыми жұмыстар толық қамтылған және жан – жақты зерттелген еңбектер жазылмаған, ал қолда бар әдебиеттердегі мәліметтер әртүрлі және нақтыланбаған. Өсімтал мал шаруашылығының бір саласы ретінде қарастылатын бөдене шаруашылығының өнімділігін арттыру мәселесі биологтердің және физиологтердің, әсіресе зоотехниктердің басты назарын
Пайдаланған әдебиеттер

1 Әкімбаев Б.Р., Байбатшанов М.Қ., Қадыкен Р. Ауыл шаруашылық құстарының түрлері мен кросстары - Алматы 2014., 114 б
2 Бөдене өсіру ерекшеліктері, Б.М. Махатов, А. Мелдебеков, В.И. Абрикосова, М.К. Байбатшанов «Нур Принт» 2014 23 б
3 Жергілікті бөдене популяциясының өнімділік қасиеттері, М.Қ. Байбатшанов, Автореферат, Алматы 2004 18 б
4 Пигарева М. Д. Разведение перепелов в личном хозяйстве // Птицеводство З. 1988 С. 28 – 30
5 Гущин В., Кроик Л. Перепеловодство должно развиваться // Птицеводство. – 2003. – 3б. – С. 22 – 23
6 Б.В.Коваленко домашняя перепелиная ферма// Ростов – на – дону «Феникс» 2005. – 304 с.
7 Варигина Е., Ленкова Т. Особенности кормления перепелов // Птицеводство. – 2007. – К2. – С. 35 – 36
8 Карапетян Р. Биологические и продуктивные качества перепелов // Птицеводство 18. 2003 С, 29 – 30.
9 Белякова Л., Кочетова З. Технология выращивания и содержания перепелов // Птицеводство, 2006, ЗЧ2.
10 Гурьева Т., Абакумова И. Пора разводить перепелок // журнал «Будь здоров», 108, 2003
11 Иванова С. В. Постэмбриональное развитие перепелов: Автореф. Дис. Кандидат с – х наук. Москва 1975:14
12 Корх А. Золотые яйца японского перевела // «Бабушка – рецепты от бед и недугов» 141, 07. 10. 2004
13 Кроик А. Молчание перепелов // Животновод, 1999, 19.
14 Крюков В. Важный критерий качества комбикормов // Птицеводство 09. 2005 С. 31 – 32.
15 Кочетова З., Белякова Л. Способы содержания перепелов // Птицеводство, 1991, 12.
16 Кокорин Н. Перепела // Сельские зори. 1999. З 1 – 2.
17 Котарев В., Семин А., Аристов А., Каширина Н., долженкова И. Кормление перепелов // Птицеводство З. 6 . 2007
18 Пигарева М. Д. Разведение перепелов в личном хозяйстве // Птицеводство З. 1988 С. 28 – 30
19 Пигарева М. Д., Афанасьев Г. Д., Перепеловодство (Текст) // Москва, «Росагропромихдат», 1989. – 1396.
20 Разведение перепелов // журнал «Новый садовод и фермер», 03, 2006
21 Смирнова А. Строптивные перепелки. Приусадебное хозяйство. №1. 2003
22 Суханова С. Аккумуляция кадмия в организме перепелов // Птицеводство 2005, 18
23 СҺее S. H. Ohh B. K. Estimation of combining kabuki s and selection of superior line frame strain – crosses in single comb white Leghorn [Текст] // Prac . 1986.
24 Японские перепела: полезное с приятным // Дача. – 1997.
25 Шашин В. Совершенстование приемов отбора петухов с целью повышения их воспроизводительных качеств: дисс. Канд. С
26 Сидоренко Т. Яйца – профи // Бизнес (Украина), 103, 2003
27 Сирота Л. Перепелиный уголок // Наша дача. – 1999. – 3.
28 Серебряков А.И. Перепела – содержание, кормление, разведение // Россия Пензенская область2009 г. 32 б
29 Михайлова Т. Перепелиные яйца и молодость // Приусадебное хозяйства. 1996 41 б
30 Махатов Б. М., Абрикосова В. И. Байбатшанов М. К., Сабденов А. К. Оценка производителей и их отбор при линейном разведении перепелов /1 Академик К. С. Сабденовтың 75 жылдығына арналған «Қазақстанның аграрлық секторындағы иннивация» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференция. – Алматы, 2008, 56 – 71 б.
31 Харчук Ю. Разведение и содержание перепелов // Феникс, 2005, 21 – 32 б
32 Зипер А. Уход за молодняком домашней птицы. Издательство: АСТ, Сталкер, 2002 г, 65б .
33 Иглин С., Луковкин В., Карташов Ю., Строим перепелиное хозяйство – «Птицеводство», 1968 г, 79 – 82 б.
34 Игнатов В., Скитский В. Промышленная перепелиная ферма – «Птицеводство», 1971 г, 4 – 8 б
35 Каденкова Н.В., Корнилова О.А. Японские перепела 2001г, 61 – 77б
36 Морозова О. Домашняя птица: куры, гуси, утки, индейки, цесарки, перепела и голуби. – 2000 г. 43 – 45б
37 Пономаренко Я. Перепелиная ферма – «Птицеводство».
38 Рахманов А.И. Разведение домашних и экзотических перепелов издательство: Аквариум-Принт, 2004 г, 109 – 126б
39 Сергеев В. Как разводить перепелок – «Птицеводство», 2005 г, 88 – 96 б
40 Утенкова Т.А. Домашняя птица. Разведение и уход. М.: Вече, 2008 г, 121 – 134 б
41 Цесарки, фазаны, перепела, голуби. Разведение, выращивание издательство: Проф-Пресс, 2002 г, 56 – 68 б
42 http://www.vancats.ru/Perepela_porody.htm
43 http://briansk.cenotavr.ru/prodayu-perepelov-porod-estonskii-manjurski
44 http://www.penalex.ru/?paged=8

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті

Қарағанды облысындағы бөдене шаруашылығының даму жолдары

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В060700 – Биология мамандығы

Қарағанды 2015


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті

Қорғауға жіберілді
_________________ 2015 ж.
Зоология кафедрасының меңгерушісі
________________

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қарағанды облысындағы бөдене шаруашылығының даму жолдары

5В060700 – Биология мамандығы

Қарағанды 2015

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1 Қазақстанда бөдене шаруашылығының дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.1 Қарағанды облысы бойыншабөдене шаруашылығының дамуы ... ... ... .10
1.2 Бөдене шаруашылығын дамытудың алғы шарттары ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3. Бөдене шаруашылығының даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.3.1 Бөдене тұқымдары және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2. Зерттелген ауданның физикалық-географиялықсипаттамасы.. ... ... ... ... 26
2.1 Географиялық орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.2 Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
3 Зерттеу материалдары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
3.1 Ақтоғай ауданы Ақтас ауылы жеке қожалығының бөдене
өсіру шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
3.1.1 Жас бөденелерді өсіру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
3.1.2 Жас бөденелерді тереңдетілген төсеніште күтіп ұстау ... ... ... ... ... .31
3.1.3Бөденелерді қолдан инкубациялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
3.1.4 Бөденелердің қоректенуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
3.1.5 Бөденелерді жемдеу және сою ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
3.2 Бөдене аурулары және олардың алдын алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
3.2.1 Бөдене құсының практикалық маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..48
3.3 Зерттеу нәтижелерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
Қорытынды ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65



Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі табиғи таза сапалы өнім алу. Халықты азық түлікпен (ақуызды) қамтамасыз ету, сау орта сау ағза басты мәселе. Осыған байланысты соңғы жылдары құс шаруашылығындағы жаңа сала – бөдене шаруашылықтары құрылып даму үстінде. Бөдене шаруашылығы – құс шаруашылығының өсімталдығы жағынын тез жетілетін саласы. Қояндарға қарағанда бөденелер екі есе жылдам өсіп жетіледі. Жұмыртқаларды инкубаторға салған сәттен бастап жаңа бөденелердің алғашқы жұмыртқалауына дейінгі толық циклы бар болғаны 45 – 50 күнді құрайды. Бөденелер 25 күнде қауырсынданады, 30 күнде ересек болады, ал 35 – 40 күнде жұмыртқалай бастайды. Бір ескере кететін жәй, ағзадағы алмасу процессінің қарқынды түрде жүретіндігіне байланысты, бөденелердің бір апта өмірі жұмыртқалағыш тауық тұқымының 3,5 апталық өміріне сәйкес келеді.
Жалпы бөдене өсіру тиімді кәсіп, шығыны аз пайдасы қыруар көп, мысалы 1кг бөдене етін өндіру үшін 3,5 – 3,6 кг азық шығымы жұмсалады. Жұмыртқаның 1 кг салмағына 2,6 кг азықшығындалады. Бөденелердің бір жылдағы жұмыртқалайтынжұмыртқаларының салмағы оның дене салмағынан 24 есе көп, ал мұндай арақатынас тауықтарда 1: 8 көрсеткішіне тең. Күрке тауықтарда жұмыртқаларының салмағы тірілей салмағының 1 пайызын, тауықтарда 3,8 пайызын, ал бөденелерде 7,5 пайызды құрайды. Олар өте жылдам әрі тез көбейеді және айтарлықтай ерекше күй талғамайды. Бөденелердің күнделікті жұмыртқалауының нәтижесінде жылына 280 – 300 жұмыртқаға жетеді. Сондай – ақ бөдене жұмыртқалары ұзақ сақталу қасиетіне ие. Оларды бөлме температурасында сақтаған кезде жұмыртқа құрамында бірқатар ғана кебуі мүмкін, жалпы оларда микрооорганизмдердің дамуының салдарынан бүліну жағдайлары болмайды. Бөденелердің дене температураларының жоғары болуының әсерінен олар инфекциялық жұқпалы ауруларға да төзімді келеді[1].
Бөденелерді тәжірибелік құс ретінде генетика, эмбриология және микробиология ғылыми салалары бойынша зерттеулерде пайдалану және оларды келешекте аңшылық алқаптарға жіберу мақсатымен қыр құстарын өсіру объектілеріне қосу – осы саланың болашағының кең екендігін дәлелдейді. Бөденелердің дамуын теориялық тұрғысынан балапан шығаратын құстарға тән жалпы заңдылқты анықтау үшін, ал тәжірбиелік тұрғыдан жоғары өнімді, дені сау құстарды өсіріп, көбейтуді жоспарлауға және олардың дамуының әртүрлі кезеңдерінде мақсаты әсер ету тұрғысынан зерттеу өте маңызды мәселе болып саналады.
Қазіргі уақытта жапон бөденелерінің жергілікті популяциясын өсіру технологиясы бойынша ғылыми жұмыстар толық қамтылған және жан – жақты зерттелген еңбектер жазылмаған, ал қолда бар әдебиеттердегі мәліметтер әртүрлі және нақтыланбаған. Өсімтал мал шаруашылығының бір саласы ретінде қарастылатын бөдене шаруашылығының өнімділігін арттыру мәселесі биологтердің және физиологтердің, әсіресе зоотехниктердің басты назарын өзіне аударды. Жаңа саланың физиологиялық, генетикалық, өсіру технологиясы бойынша және т.б. әртүрлі проблемалары бар.
Кейінгі кезде жасалынатын жұмыстары бөденелер өнімділігін қалпына келтіруде кешенді биологиялық факторлардың, соның ішінде будандастырудың, толық құнды қоректенудің, генеративті және эндокриндік организм жүйелерінің физиологиялық стимуляцияларының жарық және термиялық факторлардың әсері қарастырылады. Осы мәселелер жергілікті құстардың түрлерін өзгерту, тамақтандыру және оларды күтіп ұстау жүйелерін толық жетілдіру бағытындағы практикалық міндеттерді шешумен және Қазақстан Республикасындағы табиғи – экономикалық жағдайларға сәйкестендірілген құс шаруашылығының осы саласын әлемдік деңгейде қарқынды дамытумен тығыз байланысты болып табылады.
Қазақстан Республикасы үкіметінің халық қажеттілігін толық қанағаттандыру және оларды тамақ өндірісінің өнімдерімен қамтамасыз ету, сұрынсқа сай талаптарды орындау үшін тамақ өнімдері өндірісін арттыру туралы шешім қабылдауы тұрғысынан алғанда осы зерттеу аса маңызды мәңге ие болып отыр.
Қазақстан мемлекетінде бөдене шаруашылығын дамытудың шектеусіз мүмкіндіктері бар. Тың және тыңайған жерлердің үлкен аумақтарын игеру нәтижесінде бидай өндірісінің артуы, шабындықтар және жайылым ретінде пайдаланатын жерлердің молдығы бөденелерді жаппай өсіруге қолайлы жағдай туғызады. Еліміздегі бар мүмкіншіліктер толығымен қолданылып отырған жоқ.
Қазақстанда бөдене шаруашылығы ауыл шаруашылық өндірісінің қазіргі таңдағы дамып келе жатқан жаңа саласы және көптеген шаруашылықтардың басшылары құс шаруашылығындағы бөдене жұмыртқалары мен етінің пайдалы әрі сапалы екенін әлі де бағалай алмай және құс шаруашылығының бір саласы ретіндегі мол мүмкіндігін ескермей отыр[2].
Мемлекет алдына қойылған міндеттерді табысты шешу үшін ең алдымен әрбір аймақтың табиғи – экономикалық шарттарын есепке алып, ондағы фермаларды ірілендіру және оларды қажетті деңгейде мамандандыру керек.
Бөдене шаруашылығын дамытуды баяулататын себептерге есейген құстарды және балапандарды ұстауға арналған өнеркәсіптік құс қораларының жеткілікті санының болмауы жатады. Ірі мамандандырылған фермалардың құрлысы және қол еңбекті көп қажет ететін процестерді механикаландыру шаруашылыққа жаңа технологияның енгізуді қажет етеді, еңбек өнімділігі жоғарылатады, өнім шығаруды арттырады және оның құнын төмендетеді.
Бөдене шаруашылығының дамуы азықтық жем өндіру өнеркәсібінің дамуымен тығыз байланысты, осы шаруашылық саласы азықтылық қорымен толық қамтылған болуы керек. Дәмді азықтармен қатар, осы шаруашылық құстардың рационына белоктық, шырынды, витаминді және минералды азықтар қосылады.
Ірі бөдене шаруашылықтарында өндірістік циклдің аяқталған технологиясы ұйымдастырылады, демек, жатырлық табын, инкубаторий, өсіру цехы және төлдерді жемдеу цехтары болады, оларға қоса дайын өнімді өткізу орындары қашықтықта болса, онда шаруашылықта сою мен бөлшектеу цехтары және оларды өңдеу цехтары, өнімді сақтайтын тоңазытқыштармен жабдықталады. Бөдене шаруашылығының алдына қойылған міндеттерін табысты орындау тұқымдық құрамының сапасын жақсартудан, балапан өсіруді ұйымдастырудан, бөдене ауруларынан алдын – ала сақтандырудан және көптеген басқа себептерден тәуелді болып келеді.
Осы дипломдық жұмыста бөдене шаруашылығын орынды басқару және оған қатысты шешімін таппаған көптеген мәселелер қарастырылады.
Бөдене шаруашылығын қарқынды жүргізудің әдістері жаңадан ғана өріс алып келеді. Осыны ескеріп республикадағы бөдене фермаларында (шаруа қожалықтарында) атқарылған жұмыс тәжірибесін зерттеу жергілікті климаттық жағдайларды ескерусіз және осы ауданнның басқа да табиғи - экономикалық ерекшеліктерін есепке алмастан осы саланы ұйымдастыруға болмайтындығын көрсетті.
Сонымен қатар біз жүргізген зерттеулер болашақта бөдене шаруашылығын дамытуға негіз болып, құс шаруашылығының маңызды саласы ретінде осы шаруашылықтың әлемдік деңгейге көтеруге және оны республикадағы аса пайдалы шаруашылыққа айналдыруға қызмет етеді деген үміттеміз. Осыған орай төмендегідей мақсат міндеттер қойдық.
Жұмыстың мақсаты – бөдене шаруашылығының дамуының негізгі бағыттарын, қолдан өсірудің тиімді жолдарын анықтау.

Міндеттері:

1.Бөдененің табиғи түрі мен қолдан өсірген түрін салыстыра сипаттау;
2. Бөденені үй жағдайында қолдан өсіру , көбейту жолдарын зерттеу;
3. Бөдене шаруашылығының маңызын талдау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы Алғаш рет тиімді технологиялық параметрлері (отырғызу тығыздығы, азықтандыру мен су ішу науа өлшем аралығы және инкубациялау кезеңінің тиімділігі) анықталды, балапандардың дамуына температуалық және азықтық факторлардың әсері, жарық режимдерінің әсері зерттелініп, олардың жылдың ыстық кезеңінде өсіп өнуіне желдету жүйесінің әсері және бөдене жұмыртқаларын өндіру үшін бөдене мекиендерін әртүрлі клеткалы батареяларда бағып күтудің экономикалық ең тиімді түрі анықталды.



1 Қазақстандағы бөдене шаруашылығының дамуы

Қазақстанда бөденелерді өсірудің болашағы және осы саланы қарқынды дамыту төмендегі екі алғышарттармен анықталады:
а) қолайлы табиғи – экономикалық жағдайлардың болуынан;
б) тұрғындардың, оның ішінде қалалық тұрғындардың бөдене шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныстарының өсуіне тікелей байланысты.
Бөдене шаруашылығы өндірісінің өнімдерін арттыру үшін мынадай іс – шаралар жүзеге асырылу керек:
мемлекеттік бөдене шаруашылықтарының, яғни құс фабрикаларының, фермалардың санын арттыру, оларды мамандандыру мен қарқынды дамуын қамтамасыз ету;
тұқымдық материалдар мен құс шаруашылықтарын қамтамасыз ететін отандық тұқым өсіру және қайта қалпына келтіретін шаруашылықтардың жүйелерін құру және нақты таратуды қолға алу;
балапандарды торда өсіру және жұмыртқа басатын бөденелерді терең төсемге отырғызу жыл бойына үйір санын сақтау арқылы ірі механикаландырылған бөдене фермаларын құру әрі бөдене шаруашылығын қарқынды дамытатын басқару түрін ұйымдастыру;
ұсақ бірнеше бөдене фермаларын ондағы жұмыртқа басатын бөденелердің орташа жылдық басын кемінде 6000 – ға жеткізу үшін өзара біріктіру;
инкубаторлық станция жүйелерін кеңейту және оның жанында инкубациялық жұмыртқамен және жас тұқымдармен қамтамасыз ететін өндіріс орны ретінде тұқым өсіру фермаларын ұйымдастыру;
ет пен жұмыртқа тұқымы және аралас тұқыдағы балапандарды мақсатты түрде өсіру әрі оларды өндірістік будандастыру арқылы ет пен жұмыртқа беретін бөденелерді жаппай өсіретін және оларды арнаулы шаруашылықтарда азықтандыратын арнаулы әрі аралас түрдегі шаруашылықтарды ұйымдастыру талап етіледі;
Сол сияқты болашақта төмендегі жұмыстар атқарылады:
бөдене шаруашылықтарында құс шаруашылығының өнімділігін арттыру мақсатында гетерозис құбылысының тиімді әдісімен ет пен жұмыртқа беретін бөденелерді өндірістік будандастыру арқылы ет пен жұмыртқа тұқымын және аралас тұқым алуды кеңінен енгізу;
жас балапандарды және құстарды жаппай өз бетінше тамақтандыруды және механикаландырылған азық беруді ұйымдастыру;
аз шығынмен шоғырлы азықтандыру барысында бөденелерді өсіруде және жемдеуде тамақ өнеркәсібінің арзан қалдықтарын кеңінен пайдалану;
бөденелер үшін жем дайындау өндірісін кеңейту және оларды нақты аудандарға топтастыру;
ауылшаруашылығы мен қайта өңдеу өндірістерінің қалдықтары негізінде азықтық ашытқыларды және антибиотиктерді дайындауды ұйымдастыру; [3]


1.1 Бөдене шаруашылығының Қарағанды облысы бойынша дамуы

Республикада бөдене балапандарын және құстарды өсіруге арналған кешенді аса ірі механикаландырылған құс қоралар құрылысын арзан материалдарды пайдаланып салуды іске асыру қолға алынуда
Біздің республикамыздағы бөдене шарушылығын өндіріс ретінде үйлесімді дамытуға барлық қолайлы жағдайлар ауылшаруашылығының арнаулы салаларын есепке алып, әсіресе астық ауыл шаруашылықтың дамуы негізінде жасалынған. Бөдене шаруашылығы ауылшаруашылығының бір саласы түрінде аса пайдалы шаруашылық ретінде қалыптасып, дами алады.
Бөдене шаруашылығына дамуына дәнді – дақылдық шаруашылықтың дамуы ғана емес, сонымен қатар оның дамуына жағдай жасайтын басқа да шарттардың жүзеге асырылуына мүмкіндіктер мол.
Бөдене шарушылығы республикамыздың дәнді – дақылдық және басқа шаруашылықтармен айналыспайтын экономикалық аймақтарында жоғары өнімділікпен дамиды және сол аудандағы ауылшарушылықтың тағы бір жетекші саласы бола алады.
Қалалық тұрғындардың бөдене шаруашылығының негізгі өнімдеріне: жұмыртқаға, етіне деген сұраныстары тамақ және кондитерлік өнімдері өндірістері тараптарынан артады.Тұрғындар мен өндіріс тараптарынан болатын бөдене жұмыртқасына деген сұранысты қамтамасыз ету жергілікті жердегі өндіріс есебінен жүргізіледі, себебі бөдене жұмыртқасын сырттан әкелу экономикалық тұрғыдан ешқандай пайда әкелмейді және ол тез бұзылатын азық – түлік өнімдеріне жатады. Сондықтан бөдене шарушылығы өндірісін жергілікті жерлерде қолға алған орынды[2]. Осыған дәлел Қарағанды облысындағы бөдене шаруашылықтарының алға қойылуы.
Біздің зерттеу жұмыстарымыз бойынша Қарағанды облысында келесідей бөдене шаруашылығы анықталды. Олар: “Саялы” шипажайы, Михайловка жеке шаруашылығы, Теміртау қаласындағы “Дары природы”, “Золотые яйца” шағын фермалары, Ақтоғай ауданы Ақтас ауылындағы жеке шаруашылығы, Майқұдық жеке шаруашылығы, Үштөбе жеке шаруашылығы болып табылады.

1.2. Бөдене шаруашылығын дамытудың алғы шарттары

Бөдене шаруашылығының өндірістік негізін түрлі табиғи – климаттық аудандарда табысты түрде дамыту құстардың осы түрінің жергілікті жердің ерекшеліктеріне сәйкес күтіп ұстауды ұйымдастырудың еліміздегі аса жоғары өнімді отандық жүйелер мен кросстардың болуынан, оларды толыққанды азықтандырудан тәуелді болады.
Бөдене шаруашылығын дамытудың негізгі іс – шараларына мыналар жатады:
шаруашылықты нәтижелі орналастыру әрі осы саланы мамандандыру;
ферманың тиімді өлшемін бекіту;
құстарды ұстау жүйесін таңдау;
үйірдің ең тиімді құрылымын белгілеу;
еңбекақы мен жұмыс мөлшерінің озық ілгерілмелі ережелерін ендіру.
Республика аудандарында бөдене шаруашылығын нәтижелі орналастыру. Еліміздегі аудандардың түрлі табиғи – климаттық және топырақ жағдайлары бөдене шаруашылығын жергілікті жерде орналастырудың әртүрлі талаптарын тудырады.
Аудандардың түрлі табиғи – климаттық және топырақ жағдайына байланысты бөдене шаруашылығын нәтижелі орналастырудың ғылыми негіздемесін жасауда өнімнің осы түрін өндіретін кәсіпорындардың басымдылықпен дамуын, оның қолайлы шарттарын және ең аз экономикалық шығындарын ескереді.
Дәнді – дақылдарды өсірумен айналысатын облыстарда осы саланы тиімді дамытуға барлық мүмкіндіктер жасалатындықтан, осы аймақтарда бөдене шаруашылығы нәтижелі орналастырылады.
Далалық егіншілік мал шаруашылығының аймақтары Солтүстік Қазақстан облысының аудандарын, Қостанай облысының орталық және оңтүстік аудандарын, Ақмола және Павлодар облысының солтүстік бөліктерінде арнаулы мамандандырылған ірі бөденелік фермаларын ұйымдастыруға көптеген мүмкіндіктер бар[2, 4].
Осындай қолайлы жағдайлар Орал және Ақтөбе облысының солтүстік аудандарының, Қостанайдың оңтүстік даласын, Ақмола және Павлодардың орталық және оңтүстік аудандарын, Қарағанды облысының солтүстігін, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік және орталық аудандарын біріктіретін құрғақ далалық аймақтарында мүмкін болып отыр.
Республикамыздың жалпағынан 300 – 500 км созылып жатқан Орал және Ақтөбе облысының оңтүстік және орталық аудандарындағы, Қостанайдың оңтүстігіндегі, Ақмола және Павлодардың орталық және оңтүстік аудандарындағы, Қарағанды облысының солтүстігіндегі, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік және орталық аудандарының жартылай далалық мал шаруашылығы аймақтарында бөдене шаруашылығын ірі өнеркәсіп маңында орналастырған орынды болады.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы Тянь – Шань аймағының суармалы егін шаруашылығы мен табиғи қолайлы жағдайларына байланысты осы жергілікті жерлерде бөдене шаруашылығы орналастырудың мүмкіндіктері өте мол.
Бөдене шаруашылығының пайдалылығын арттыруда осы саланы шоғырландыру мен ішкісалалық мамандандырудың рөлі. Бөдене шаруашылығының ірі фермалары оны көп мөлшердегі арзан өнім беретін ауылшаруашылығы өндірісінің ең маңызды саласына айналдырады.
Шағын ауданда дәнді – дақылдарды өсірумен айналысатын шаруашылықтар үшін төмендегідей бөдене фермаларына сәйкес өлшемдері ұсынылады:
а) бөденелерді сыртқа шығару арқылы өсіретін фермаларда – 10000 мекиен;
б) торларда ұстау арқылы өсіретін фермаларда – 20000 мекиен болады.
Сонымен қатар, үнемі іске жарамды жас құстарды өсіру 1 мекиенге 50 балапан есебінен қарастырылады.
Бөдене құстардың бас санын көбейтумен қатар, фермалардың ішкісалалық мамандандырылу (бағдарлану) және олардың үйлесімді түрде бір шараушылықта жүргізілу мәселелеріне аса көп көңіл бөлінеді[2].
Қазақстандағы табиғи – экономикалық жағдайларға байланысты бөдене шаруашылығын нақтыланған өндірістік бағдарларда мамандандыру ұсынылады.

Тұқымдық шаруашылық

Бұл бағдардағы шаруашылық қолда бар құстардың тұқымын жетілдірумен және жаңа тұқымдарды шығарумен айналысады. Бөденелердің өнімділігін арттыру барысында сұрыптаудың әдістері дайындалады, жергілікті гендік қор есебінен құстардың генофондық сақтау және молайту жүреді. Сондықтан селекционерлер үшін генофонд өнімдік белгісін көтеретін жаңа түрлер мен кросстарды шығару барысындағы материалдардың негізгі көзі болып табылады. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек тек сұрыптаудың кешенді тәсілдерін қолданып қана бөденелердің жоғарғы өнімділігін қамтамасыз етуге және селекциялық көрсеткіштердің үлгісін жеңіп шығуға болады.
Тұқымдық шаруашылықтың өнімдеріне тұқымдық жұмыртқа және тұқымдық жас құс жатады.

Жұмыртқа өндіретін шаруашылық

Жұмыртқа өндіретін шаруашылықтың негізгі өнімі бөдене жұмыртқасы болып табылады. Мұндай фермаларда ет өнімін қосымша өнім ретінде және аз ғана мөлшерде алады. Олар көбіне өнімді үйір есебінен шығарылып тасталған ересек және жас құсартадан алынады. Жұмыртқаны тамақ ретінде өндіретін бөденелер фермасында мекиен құстарды қораздардан бөлек ұстайды, бұл оларға кететін шығынды 10 – 12% қысқартады.

Ет өндіретін шаруашылық

Ет өндіретін шаруашылықта жас құстарды олардың етін алу үшін өсіреді.Осы бағыттағы арнаулы шаруашылықтар өзіндік ұйымдастырылуы мен технологиясына сәйкес ерекшеленеді, оларға сай етті тұқымдағы және ет – жұмыртқа тұқымдағы балапандарды өсіру арқылы бөдене етін өндірудің тиімділігін қамтамасыз етеді. 7 апталық жастағы жас құстардың әрбір 1 кг салмағына 1,5 кг жем жұмсалады.
Ірі егін шаруашылықтары жағдайында қоспалы азықтардың өндірісі үнемі өсіп отырады, сондықтан бірнеше бағыттағы өнім беретін шаруашылықтарды қолға алған орынды.
Азық жем қорын пайдалану арқылы бір шаруашылықта бөденелердің бірнеше түрін өсіру арқасында құс шаруашылығындағы түрлі өнімге деген халықтың сұранысын толық қамтамасыз етеді, демек, жұмыртқа және ет – жұмыртқа беретін бағыттағы шаруашылықтар құрылады.
Жұмыртқа және ет – жұмыртқа беретін бағыттағы шаруашылықтар жұмыртқа әрі ет – жұмыртқа беретін бағыттағы жекеленген фермаларды ұйымдастырудан тұрады. Бір шаруашылықта түрлі екі ірі мамандандырылған ферманы үйлестіре ұйымдастырудың бөденелердің түрлі тұқымдарын күтіп ұстайтын орындары бар ұсақ фермаларға еш қатысы жоқ. Әрбір ферманың өзіндік нақтыланған шаруашылық бағыты белгіленген болуы керек[3].

1.3 Бөдене шаруашылығының қысқаша даму тарихы

Құс шаруашылығының ерекше бір саласы ретінде бөдене шаруашылығы ертеде пайда болған және осы саладағы шаруашылықпен айналысатын фермерлердің саны жылдан жылға артып отыр.
Жабайы бөденелердің ең алғаш рет қашан және қай жерде қолға үйретілгені туралы нақты мәліметтер жоқ. Кейбір жазбаларға қарағанда олар алғаш рет Жапонияда 200 – 300 жыл бұрын қолға үйретілген деп жазады,ал басқа жазбаларда олар Ежелгі Қытайда болған деседі, себебі ертедегі Қытай рецептерінде бөдене жұмыртқасының емдік қасиеттері туралы айтылады [5].
Тағы бір жазбалар бөденелер өте ертеде Жапония және Қытайда емес, ежелгі Мысырда болғанын көрсетеді. Оған ежелгі египет фрескалары дәлел бола алады, ондағы суреттерде бөдененің кескіні бейнеленген. Бұл бөденелердің әлі де қолға үйретілмеген болуы ғажап емес,бірақ ежелгі мысырлықтардың азық – түлік көзі болғанын растайды.Тарихи деректерде бөдене жайында талай қызықтар жазылған. Бөдене еті патшалар мен ақсүйектердің жеңсік асы болған және дастарқанынан үзілмеген. Жапондар екінші дүниежүзілік соғыста атом бомбасы жарылған қала тұрғындарына бөдене жұмыртқасын берген.
Қазіргі кездегі бөдене шаруашылығы құс шаруашылығының бір саласы ретінде өткен ғасырдың 50 – жылдары Жапонияда пайда болғаны ақиқат. Біртіндеп бұл шаруашылық Европа мен Америкада пайда болды.Бөденелермен жұмыс жасау тәжірибелері қазіргі кезде үлкен сұраныста. Ауылшаруашылығында негізінен  жапон бөденелері көп пайдаланылады. Мәселен, жапон сұр бөденесін ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап АҚШ-та зертханалық құс ретінде кең пайдаланылып,  Аполлон бағдарламасы бойынша космостық зерттеу жүргізуге де  қатыстырылды. 1990 жылы бөденелер ғарышта болып келді. Ресей және Америка ғарышкерлері жер маңайындағы орбитада салмақсыздық жағдайында бөдене өсіру бойынша маңызды тәжірибе өткізді[6].
Өндірістік бөдене шаруашылығы көршілес Ресей мемлекетінде 1964 жылы пайда болды, осы уақыттарда бұл шаруашылық Қазақстанға да әкелінген деп саналады.[2]
Қазақстанда құс шаруашылығының бұл саласы кеңінен тарала қоймағандықтан, елімізде үлкен бөденелік фермалар саны аз ғана. Мамандардың пікірінше, бөденелік нарық Қазақстан мен ТМД елдерінде 20% ғана игерілген деп есептеледі, бірақ тұрғындардың бөдене өнімдеріне деген сұраныстарының артуы байқалады, оның ішінде бөдене жұмыртқасы мен еті үлкен сұранысқа ие болып отыр, яғни бөдене шаруашылығын дамытудың болашағы зор екені айқындалады.



1.3.1Бөдене тұқымдары және оның түрлері

Тауықтәрізділер отрядына 2 тұқымдас, 10 туыс, 13 түрі бар. 2 – тұқымдас құрлар және қырғауылдар. Құрларға құр, аққұр, тундра аққұры, меңіреу құр және сұр құр жатады. Қырғауылдарға қырғауыл, кәдімгі шіл, дала шілі, сақалды шіл, гималай және алтай ұларлары, бөдене және кекілік жатады.
Бөдененің әлемде 20 шақты түрі бар және Европа, Африка, Оңтүстік – шығыс Азияда және Оңтүстік Америкада мекендейді. Тауық тәрізділер отрядының ішіндегі жалғыз жыл құсы болғандықтан, күн суытқанда қыстау үшін Оңтүстік Азия мен Африкаға ұшып кетеді.
Қазақстанда шөл дала мен биіктігі 3000 м – ден жоғары таулардан басқа жерлердің бәрінде ұялайды, бір қатары республикамыздың қиыр оңтүстігінде қастап та қалады. Біздің елімізде кәдімгі (жабайы немесе бытпылдақ) бөдене мен апон бөденесі мекендейді[1]
Үй бөденелері – тауық тұқымдастардың бір өкілі ретінде өте ұсақ ауылшаруашылық құстары болып табылады. Оның мекиендерінің тірі салмағы қораздардың тірі салмағынан 15 % артық болып келеді, оның себебін жұмыртқа түзуші органдардың негізгі үлгісі мен онда жұмыртқаның бар болуы түрлі қалыптасу кезеңдерінен өтеді, қораз бен мекиендер денелерін үнемі өлшеу нәтижесінде олардың көп айырмашылықтары байқалмайды. Бұл айырмашылықтар төс тереңдігі мен аяқ сүйегінің ұзындығы асып түседі. Ал кейбір параметрлер( мойын және арқа ұзындығы) қораздарда артық болып келеді ( 1кесте) [7].
1 кесте
Жергілікті популяциядағы жапондық 4 айлық бөдене денесінің өлшемдері, см өлшем
Көрсеткіштер

Мекиен

Қораз

Орта

есеппен

Тірі салмағы, г.

119,7

139,0

120

Төс тереңдігі

4,63

4,93

4,8

Төс ендігі

3,65

3,63

3,6

Арқа ұзындығы

10,41

10,25

10,3

Қанат ұзындығы

14,27

14,35

14,3

Қанат құлашы

32,2

33,8

33

Бас ұзындығы

4,91

5,03

5,0

Мойын ұзындығы

4,06

3,59

3,8

Аяқ сүйегінің ұзындығы

3,06

3,29

3,2

Аяқ сүйегінің жуандығы

0,46

0,44

0,45

Саусақ ұзындығы

2,51

2,55

2,5

Тырнақ ұзындығы

0,65

0,67

0,66

Тұмсықтан саусақ ұшына дейінгі ұзындығы

26,21

25,70

26,0

Жапон бөденелерінің 3 апталық жасында қауырсындары бояуында ерекшеліктер пайда болады. Табиғи бояуы қанық қораз тұқымдарында ұзын қоңыр қауырсындары мойында және қою қара қауырсын кеуделерінде болады. (1 - сурет). Ал мекиендерінің қауырсындары мойын бөлігінде ашық түстес, кеудесіндегі қауырсындар сұр түстес әрі қара дақтары болады. Барлық тұқымның үлкен жастағы қораздарының тұмсықтары мекиендерге қарағанда қою түсте болады, ал тұмсық үстінде ашық қызыл түстегі бездер бірден көзге көрінеді. Осы безді қатты басатын болса, көбік шығады. Мекиендерде бұндай бездер болмайды, тұмсықтарының маңындағы маңындағы тері түсі қою болып келеді.
Бөденелердің (қолға үйретілген, жабайы түрінің) тағы бір ерекшелігіне денедегі үнемі зат алмасудан болатын олардың дене температурасының ыстық болуы жатады. Сондықтан олар көптеген жұқпалы ауруларға төтеп бере алады.
Бөдене мекиені 5 – 10 жұмыртқа салған соң 1 – 2 күн үзіліс жасай демалады. Жыл бойына бір мекиеннен 250 – 300 жұмыртқа алынады. Бөденелердің кішігірім өлщемдеріне қарамастан, олардың жұмыртқалары салыстырмалы түрде үлкен болып келеді, жұмыртқа массасың дене салмағына қатысы 7,6% құрайды. Жұмыртқаның ұзындығы 27,2 мм, ені 22,5 мм. Жұмыртқа қабығының қалыңдығы 0,22 мм, түстері қою қоңыр, көгілдір және ақшыл түстермен шұбарланады әрі жұмыртқалардың қара және көк дақтары болады.
Жұмыртқаның түсі көптеген факторлардан тәуелді болады. Ең алдымен, кейбір мекиендер тек өзіне ғана тән болатын пигментті жұмыртқалар салады. Кейбір жемдеу немесе күтіп ұстау жағдайлары өзгергенде бөденелер басқа түстердегі жұмыртқалар салады. Мысалы, мекиеннің жыныс органдарында жұмыртқа жеткіліксіз өнсе, онда жұмыртқа қабығы толық қалыптаспайды, сондықтан оның түсі көгілдір және қабығы өте жұқа болады. Мекиеннің жыныс органдары ауруға ұшыраса, онда жұмыртқалардың түсі қою жасыл түске өзгереді. Бөденелердің жұмыртқа қабығының түсін жуғыш құралдармен жуып тазалауға болады.
Бөдене жұмыртқасының сапалық құрамы бойынша басқа құстардың жұмыртқасынан өзіндік қоректік құндылығымен ерекшеленеді және тауық жұмыртқасынан әлдеқайда басым болып келеді (2 кесте) [2].

2кесте
Құс жұмыртқасының негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман шаруашылығының орман қоры
Бөдене құсының емдік қасиеті
Жұмыртқа бағытындағы тауық тұқымдары
Оңтүстік Қазақыстаның физикалық географиясы пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Ордабасы құс шаруашылығы
Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық – географиялық жағдайы
Кейінгі палеолит дәуірі
Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы
Адамзат тарихының кезеңге бөлінуі
Қорықтардың қоршаған ортаны қорғаудағы рөлі
Пәндер