Жас отбасы



Жоспар

І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

ІІ.Негізгі бөлім.
1.Отбасының мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
3.Жас отбасының әлеуметік экономикалық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.Жас отбастарларының бюджеттеріндегі әлеуметтік жағдайы ... ... ...14

ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

IV.Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Кіріспе.
Отбасы — әлеуметтік институттардың белгілерін бойына сіңірген, әлеуметтік жүйенің маңызды саласы.Отбасы қоғамдық құрылымның шағын, ерекше үлгісі, сонымен қатар адамдардың өзара қарым-қатынаста болатын тұрақты тобы, қоғамның алғашқы ұясы. Отбасы қалыптасу үшін неке қалыптасуы қажет,
Олай болса неке және отбасы дегеніміз не?
Өзекті мәселе.Неке — әйел мен еркек арасындағы табиғи қажеттілік, олардың табиғи шарты,. өзара құқықтары мек міндеттерін белгілейтін формасы.
Мақсаты.Неке — отбасының заң жүзіндегі негізі, еркек пен әйелдің өзара түсінісуініңг еріктілігінің негізінде құрылатын одағы, адамның әлеуметтік табйғи? сонымен қатар материалдық және рухани өмірінің қажеттілігі. Себебі жыныстық қатынас биологиялық, сүюспеншілік қатыыас қана емес, сонымен қатар адамгершілік, эстетикалық қатынас, Сондықтан некенің мазмұны мен ерекшелігі жыныстық қатынаспен ғана шектелмейді.
Міндеті.Қалай болғанда даг некенің заң жүзінде немесе дін орындары арқылы тіркелуі жұбайлардың отбасындағы белгілі міндеттерін қалыптастырады, жауапкершілігін арттырады.
Зертеу нысаны.Некелік құқықты енгізу, жұбайлар арасындағы бұл қатынастың пайда болуы табиғи заңдылық қана емес, ол прогрессивтік уақиға, адамгершілік, эстетикалық құндылықтарды байытатын тарихи құбылыс.
Ғылыми болжамдар.Отбасының негізін қалайтын — неке ерікті, тең құқықты болып, күштеп қосылудан материалдық ынтадан тыс қалыптасуы қажет
Неке — махаббаттың іс жүзіне асуы. Некеге дейінгі қатынас жастардың бірін-бірі сүюіне, махаббатына байланысты. Сүю сүйген адамның өмірімен өмір сүру, басқаның бақытынан өзіңнің жеке басыңның бақытын табу, берік, шын махаббаттың негізі.
Методологиялық негіздер.Жас отбасынның табыс пен қатамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз ету.
Отбасы — шағын әлеуметтік топ. Оның мүшелері некемен, қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік, жауапкершілік байланыспен өмір сүреді.[1]
Әдебиеттер
1. Қазақстан цифрларда. Статистикалық жинақ. Редакцияны басқарған Қ.С.Әбдиев. Алматы, 2004.
2. Абдірайымова Г. С. Социалъная работа с молодежью. Алматы, Қазақ университеті, 2003.
3.Карабалаев Е. Жастар құқығына - толық кепілдік. // Заман-Қазақстан, 2002.
4."Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Жоба. // Егемен Қазақстан, 2002, 14 мамыр.
5.Жаңа ғасыр - жастардың қолында. // Астана Ақшамы, 2002, 27 шілде.
6.Қазақстандағы жастар саясаты.-Алдаспан,2001,N10.
7.Қасымова.А. Жастар саясаты эәне әлеуметтік қорғау.-Ұлттағлымы,2004, N10.
8.ҚР-ғы жастардың әлеуметтік мәселері.-Саясат,2006, N9.
9.Молдабеков.А. Жанұя бюджеттіндегі әлеуметтік қоғамдық тұрғыдан қолдау.-Қаржы-Қаражат,2006, N2.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ.Негізгі бөлім.
1.Отбасының
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .4
3.Жас отбасының әлеуметік экономикалық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.Жас отбастарларының бюджеттеріндегі әлеуметтік жағдайы ... ... ...14
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
IV.Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .25

Кіріспе.

Отбасы — әлеуметтік институттардың белгілерін бойына сіңірген, әлеуметтік
жүйенің маңызды саласы.Отбасы қоғамдық құрылымның шағын, ерекше үлгісі,
сонымен қатар адамдардың өзара қарым-қатынаста болатын тұрақты тобы,
қоғамның алғашқы ұясы. Отбасы қалыптасу үшін неке қалыптасуы қажет,
Олай болса неке және отбасы дегеніміз не?
Өзекті мәселе.Неке — әйел мен еркек арасындағы табиғи қажеттілік, олардың
табиғи шарты,. өзара құқықтары мек міндеттерін белгілейтін формасы.
Мақсаты.Неке — отбасының заң жүзіндегі негізі, еркек пен әйелдің өзара
түсінісуініңг еріктілігінің негізінде құрылатын одағы, адамның әлеуметтік
табйғи? сонымен қатар материалдық және рухани өмірінің қажеттілігі. Себебі
жыныстық қатынас биологиялық, сүюспеншілік қатыыас қана емес, сонымен қатар
адамгершілік, эстетикалық қатынас, Сондықтан некенің мазмұны мен ерекшелігі
жыныстық қатынаспен ғана шектелмейді.
Міндеті.Қалай болғанда даг некенің заң жүзінде немесе дін орындары арқылы
тіркелуі жұбайлардың отбасындағы белгілі міндеттерін қалыптастырады,
жауапкершілігін арттырады.
Зертеу нысаны.Некелік құқықты енгізу, жұбайлар арасындағы бұл қатынастың
пайда болуы табиғи заңдылық қана емес, ол прогрессивтік уақиға,
адамгершілік, эстетикалық құндылықтарды байытатын тарихи құбылыс.
Ғылыми болжамдар.Отбасының негізін қалайтын — неке ерікті, тең құқықты
болып, күштеп қосылудан материалдық ынтадан тыс қалыптасуы қажет
Неке — махаббаттың іс жүзіне асуы. Некеге дейінгі қатынас жастардың бірін-
бірі сүюіне, махаббатына байланысты. Сүю сүйген адамның өмірімен өмір
сүру, басқаның бақытынан өзіңнің жеке басыңның бақытын табу, берік, шын
махаббаттың негізі.
Методологиялық негіздер.Жас отбасынның табыс пен қатамасыз ете алмайтын
азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір
деңгейін қамтамасыз ету.
Отбасы — шағын әлеуметтік топ. Оның мүшелері некемен, қаны бір
туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік, жауапкершілік
байланыспен өмір сүреді.[1]

1.Отбасының мазмұны.
Отбасы әлеуметтік институт ретінде қоғамның қалыптасуымен бірге пайда
болды. Отбасының дербестігі болғанмен, отбасылық қатынастар қоғаммен, оның
дамуымен тікелей байланысты.
Отбасы — қоғамның бастапқы ұясы. Ол әлеуметтік, қоғамдық дамуда маңызды
рөл атқаратын құрылымның негізі. Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-
қатынастар ерекше тиісті міндеттерге негізделеді. Бұларды тәртіп бойынша
орындағандар — қоғамның жалғасуына, нығаюына қызмет еткендер, ал
орындамағандар болса, одар — қоғамның тәртібін бұзған, әлеуметтік тәрбиеден
үлгі ала алмаған бақытсыз жандар.
Адам баласы қасиетті борыштарын үлкендерге құрмет, кішілерге
мейірімдік, сондай-ақ адамгершілік және отансүіштік сезімдерін отбасында
үйренеді. Огбасы — сүйіспеншіліктің, инабатгылықтың бастау бұлағы. Еркек
пен әйел — отбасының екі іргетасы. Адам баласы мұқтаж болған рақатты, шын
сүйіспеншілікті, мейірбандық сезімдерін ананың құшағында, әкенің қара
шаңырағында табады. Олай болса отбасының мәні өте зор. Оның екі іргетасы
болған ерлі-зайыптылар құқықтары мен міндеттерін түсіне біліп дұрыс әрекет
етсе, отбасында бақыт пен шаттық орнайды Отбасы тұрмыстық қатынасты
қалыптастырудьщ алғашқы ұясы, Ол тарихи әзгеріп отыратын құбылыс. Некелік
қатынастардың алғашқы формасы — полигамия, ал өндіріс құралдарына жеке
меншіктің орнығуына байланысты, моногамиялық — бір некелік отбасы пайда
болды,
Отбасы некеге қарағанда күрдеді жүйе, Себебі ол жұбайларды ғана емес?
олардың балаларын, басқа да туыстарын жақындатып, біріктіреді.
Отбасы тұрақты жүйе, Оның тұрақтылығы мен беріктігі әр кезде өзгеріп
отырады. Оған әсер ететін құқық, дін, қоғамдық пікір, факторлар?
экономикалық ынта.[1]
Сонымен қатар ол ерлі-зайыптылардың құқығы мен адамгершілігіне, екеуінің
де тең кәсіби және рухани даму процестеріне негізделеді. Еркектер мен
әйелдер арасындағы жұбайлық қатынас олардың жыныстық сүйіспеншіліктен
қанағат алуы материалдық есепке емес, табиғи, шынайы, таза эстетикалық
қатынасқа негізделуі керек. Отбасының қоғамдық құндылығы меншікке,
мұрагерлікке байланысты емес, жеке адамдардың қалыптасуына, дамуына
байланысты. Сондықтан да қоғам некелік-отбасылық қатынастың нығаюына
тікелей ынталы, оған қамқорлық жасайды, Отбасы жұбайлардың, ата-аналардың
жауапкершілігінің нәтижесінде дамып, нығая түсуі тиіс.
Отбасының өмір сүріп, дамуының ерекше жағдайлары да бар, Олар:
әлеуметтік, таптық, ұлттық сипаттары, өмір сүру ортасы, материалдық
жағдайы, отбасы мүшелерінің білімі мен мәдени дәрежесі, үстанатын әдет-
ғұрыптары, экономикалык, негізі. Бұлар отбасы мүшелерінің қабылетіне,
адамгершілігіне, жауапкершілікті сезіне білуіне байланысты.
Тұрақты махаббаггыц негізін Абай: Махаббатсыз — дүние бос, хайуанға оны
қосындар. Махаббат - өмір көркі... - деген. Ол әзінен өзі пайда болмайды,
оның мыңдаған қыры мен сыры, өз мұңы, өз бақыты мен хош иісі болады.
Олай болса, некеге дейінгі қатынастың саналуан жағдайларьшың негізгісі —
сүйіспешілік, махаббат. Онсыз некеге тұратындардың бақытсыздыққа кездескен
мысалын әр халықтың, әр ұлт адамдарының емірінен көптеп келтіруге болады.
Тұрмыс құрмағандар - адамдық міндетін орындаудан қашқандар. Адам баласы
адамгершілік қасиетін, борышы мен міндетін тек үйлену арқылы орындай алады.
О.Бальзак: Ерлі-зайыптылар бастары қосылғанша бір-бірінің мінез-құлқын,
әдеттерін біліп алмаса, некенің бақытты болуы мумкін емес,—деген болатын.
Некеге тұру ер мен әйелдің жауапкершілігін арттыратынын жоғарыда айттық.
Соған байланысты өмірге жаңа адам келеді, Қоғамның материалдық негізі ~~
экономика, өндіріс, ал өндіріс адамның іс-әрекеті арқылы дамиды. Ол үшін
ұрпақжалғасы үнемі дамып отыруы керек. Демек, некелесіп отбасын құру
адамзат ұрпағын дамытудың бірден-бір негізі болып табылады.
Отбасы — кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір
туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік
жауапкершілікпен байланысты. Отбасы — қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның
әлеуметтік .құрылымының негізі болып табылады.
Отбасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік құбылыс, себебі формасы
өндірістік қатынастарға, оның ішінде меншіктік қатынастарға тікелей
тәуелді. Мәселен, некелік қатынастардың алгашқы тарихи формасы полигамия,
ал өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншіктің пайда болуына байланысты ол
моногомиялық (бір некелік) отбасымен ауысады.
Принципінде отбасы - тұрақты жүйе. Олардың тұрақтылығы мен беріктігі де
әр кезде өзгеріп отырады. Оған әсер ететін құқық, дін, қоғамдық пікір,
психологиялық факторлар, әсіресс экономикалық өмір бірлігі.
Отбасының- негізін қалайтын меке - ол ерікті де тең болуы керек, күштеп
немесе тәуелділіктің салдарынан некелестіруге болмайды. Отбасы әртүрлі
жыныстар арасындағы жұбайылық қатынас болғандықтан, табиғи, адалдық-
эстетикалық қатынасқа негізделуі керек, жұбайлардың сүйіспеншіліктен
қанағат алуы материалдық есепке негізделмеуі тиіс. Отбасының қоғамдық
құндылығы тек меншікке, мұрагерлік мүддеге негізделмеуі қажет, ол жеке
адамдардың рухани қалыптасу, дамуына байланысты болуы қажет.
Сондықтан да қоғам некелік отбасылық қатынастың нығаюына тікелей ынталы
болып, соіаи қамқорлык жасайды. Отбасы жұбайлардың, ата-аналардың қоғам
алдындағы жауапкершілігі н.әтижесінде дамып, нығая түсуі керек.[2]
Отбасының емір сүріп, дамуының ерекше жағдайлары да бар. Олар:
әлеуметтік, таптық, ұлттық сыйпаты, өмір сүру ортасы, материалдық жағдайы,
отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, олар сақтайтын әдер-ғұрыптар, әрбір жаңа
отбасының адамдық, экономикалық негізі. Бұлар отбасы мүшелерінің қабілетін,
адамгершілігін, жауапкершілігін сезінуіне байланысты.
Отбасының маңызы оның атқаратын қызметі арқылы анықталады. Екінші сөзбен
айтқанда, отбасының мазмүны мен қатынасы тікелей байланысты Отбасының
қызметі деген түсінік оның қоғаммен қатынасының жүйесін көрсетеді, сонымен
қатар отбасы мен жеке адамның қатынасының жүйесін көрсетеді. Отбасы
қоғамның бастпақы ұясы, қоғамдық-әлеуметтік құрылымның негізгі
элементтерінің бірі бола отырып, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады .
Отбасының қызметі қоғамдық-тарихи жағдайларға, оның мүшелерінің
жігерлілігі мен еңбск сүйгіштігіне де тәуелді.
Сонымен қазіргі отбасыныңмегізгі қызметтеріне тоқталайық. Отбасының бірінші
міндеті — ұрпақжалғастыру қызметі. Бұл барлық тарихи кезендерде қоғам үшін
де, жеке адам үшін де маңызды қызметі болып келеді. Бірақ жұбайлардың
балалы болу кешегі, қоғамның қай кезеңінде болмасын, оны қанағатандыратын
әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отырған, қазір де солай.
Дегенмен, солай болғанда да, қоғам отбасыныңөмірге қанша жаңа адам әкелу
қызметіне әсер етпейді деуге болмайды. Қоғам әртүрлі әлеуметтік саясатты
басшылыққа ала отырып, яғни өмірге адам әкелудің :жономикалық, саяси,
әлеуметтік жағдайларын жасай отырып, ерлі-зайыптылардың өз тілегінен көп
немесе аз баласы болуыпа итермелейді. Мысалы, Қытайда отбасында бір бала
ғана болу саясаты жүргізілді. Бұл тарихи факт. Мұның зиянды жағы отбасында
бір баланың болуы ұрпақжалғасуына, халықтың өсуіне кері әсерін тигізеді.
Қазір біздің республикамыздағы әртүрлі . саяси-экономикалық жағдайларға
байланысты орыстар және басқа да ұлттардың екілдері көшіп жатыр, ал олар
өндірістің шешуші салаларында қызмет атқаратын. Сондықтан да жаңа ұрпақтың
көбеюі, яғни бала тууға ынталандыру көлемді әлеуметтік, саяси-эконоиикалық
проблемаға айналды.
Қазақстан Республикасының табиғи байлығы мол, жаңа зауыттар, фабрикалар
өмірге келеді, онда білімді адамдар жұмыс істеуі керек. Қандай жаңа
техника, технрлогия енгізілсе де, оның тетігі адам қолында,
Сондықтан да қоғамның болашағын ойлай отырып, бала тууды ынталандыру,
балалы аналардың материалдық жағдайын қазіргіден жақсарту жағын ойластыру
керек. Балалар бақшасын жабуды доғарып, қайта оларды көбейту, жағдайын
жақсарту болашаққа бүгін жасаған қамқорлық болуы тиіс. Олай болса,
үрпақжалғастыру әлеуметтік қанаемес, саяси-экономикалықта проблема болып
табылады..
Отбасының екінші маңызды қызметі - материалдық-экономикалық және
тұрмыстық-шаруашылық мәселелері. Отбасының бұл кызметі қазіргі уақытта
бірінші орынға көтерілді, себебі халықтың әлеуметтік жағдайы төмбндеп
кетті. Ана ерінің — күйеуінің, туысқандарының көмегінсіз өмір сүре алмайтын
дәрежеге түсті. Сонымен отбасы мүшелерінің экономикалык тәуелділігі артты,
әсіресе көп балалы отбасында. Отбасы мүшелерінің-шаруашылык-тұрмыстық
қызметін ерлі-зайыптылар бірігіп атқаруы қажет. Казақта: Үйлену оңай, үй
болу қиын, бас екеу болмай, мал екеу болмайды деген нақыл сөздербар.
Оның мәнісі отбасылық өндірсті ұйымдастыру керек, отбасылық меншікті, үй
шаруашылығып жүргізу қажетдеген сөз. Табыс табу, отбасы мүшелерін
экономикалық-материалдық жағынан қамтамасыз ету ерлі-зайыптылардын ортақ
парызы, отбасының беркітігі де осыған байланысты .[4]
3. Отбасының ең маідызды қылетінің бірі — тәрбиелеушілік міндеті; оны
қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның
иегізгісі — баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оғаи әлеуметтік-
мәдени ортанын құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірибесін жас
ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға
және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.

2.Жас отбастарларының бюджеттеріндегі әлеуметтік жағдайы.
Жанұ бюджеті: Жанұя табысының құрылымы мен пайдалануы. Жанұя бюджеті -
бөлгілі уақыттағы (бір айда немесе жылда) оның кірістері мен шығыстарының
барлық құрылымдары. Тұрмысы төмен жанұялар мәсөлесі - бұл барлық елде де
өкімет алдында тұратын үлкен мәселе. Бір жағынан, тұрмыс деңгейі төмен
халық жағдайымен санасып жәрдем бөріп тұра-тын мемлекет мәдөниеті жоғары
мемлекет екенін көрсөтеді. Екінші жағынан, тиісті мөлшерден жоғары берілген
әрдем еңбекке ынтаны төмендетіп, мемлекет экономикасын әлсіретуге әкеліп
соғуы да мүмкін.
Әлеуметтік қорғау - бұл әлде бір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік,
денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылуы) және өзге де
заңды негіздерге байланысты экономиалық белсенді бола алмайтын әрі лайықты
ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыс пен қатамасыз ете алмайтын
азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір
деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.
Қазақстан мүше болып табылатын халықаралык, еңбек ұымының анықтауы
бойынша әлеуметтік қорғау жүйесіне мынадай шаралар шешімі кіреді:
— тұрақты, ақылы еңбекке ынтадандыру;
* негізгі әлеуметтік қатерлердің алдын лу, ал ол туындаған жағдайда
әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан
айырылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру;
* халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына
арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;
* азаматтардың белгілі және медициналық көмек сияқты негізгі құықтар мен
қызметтерге жеткізуі.
Әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі түрлері:
1. Ақшалай зейнетақы.
2. Жәрдемақы.
Зейнетақы — материалдық қамсыздандыру үшін қарттарға, мүгедектерге, көп
жылғы сіңірген еңбек үшін және асыраушысынан айрылған жағдайда әр азаматқа
тағайындалатын ақшалай төлем.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде әр түрлі жәрдем ақылар маңызды орын
алады. Оларға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік арнайы
жәрдемақы, еңбекке уақытша жарамсыздық, жүктілікжәне босану бойыншажәне
тағы басқа әлеуметтік жәрдемақылар мен өтемақылар, жеңілдіктер жатады.[9]
Әлеуметтік қамсыздандырудың экономикалық құбылыс ретінде неғұрлым ерекше
белгілерін ажыратып көрсетуге болады:
1. Әлеуметтік қамсыздандырудың объектісі — қоғамның еңбекке жарамсыз
мүшелері, оның қатарында уақытша еңбекке жарамсыз мүшелері де кіреді;
2. Еңбеккежарамсыздарды қамсыздандыру үшін құрал көздері ретінде қоғамдық
тұтыну қорлары қызмет атқарады.
Халықтарды әлеуметтік қорғауды реттеу механизмі болып әлеуметтік
кепілдіктер жүйесі, еңбекақы кепілдігі, зейнетақы, жәрдемақы, аз
қамсыздандырылған отбасыларына тегін минималды әлеуметтік көмек көрсету
табылады.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің ең негізгі мәселесі болып тұрғындардың өмір
сүру деңгейінің мөлшерін және тұрғындарға мемлекетік қолдау көрсету жүйесін
жақсарту. Ол үшін келесідегідей міндеттерді қолдау қажет:
1.Атаулы қолдау көрсету. (Белгілі - бір себептермен өзін-өзі
қамсыздандыра ала алмайтын азаматтарға әлеуметтік көмек);
2.Барлық тұрғын халыққа тиісті әлеуметтік көмек көрсету;
З.Осы сала бойынша бөлінген қаржыларды тиімді пайдалану.
Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген жанұяларды қолдау мағынасында -
жанұясында балалары, білімгерлері, зейнеткерлері мен мүгедектері және
жұмыссыз тұлғалары бар немесе олардың табыстары бекітілген күн көріс
деңгейінен төмен болған жанұяларға әлеуметтік жәрдемақы төлеуді енгізу.
Негізгі бағыт жұмысбассыз тұрғындарды әлеуметтік қорғау болып табылады.
Әлеуметтік қамсыздандыру ақшалай төлем түрінде (зейнетақылар, жәрдемақылар,
компенсациялар), медициналық көмек түрінде, жеңілдіктер беру арқылы,
әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін қүру арқылы көрсетіледі.
Әлеумөттік қамсыздандыру иесі - Республикалық деңгейде, жергілікті
деңгейде және шаруашылық білім деңгейінде қалыптасады. Рөспубликалық деңгей
-осы қоғамның барлық қатысушыларына әлеуметтік кепілдікпен қамсыздандыру
және оны бақылау. Оған келесі табыс деңгейлерінің кепілдемөлерін қосамыз:
— минималды айлық жалақы, қызметкерлердің еңбекақы мөлшері, зей-нетақы
және тағы да басқаларды.
Жергілікті деңгейде - әлеуметтік мәдөниеттік және демографиялық
ерекшіліктерді есепке ала отырып, әлеуметтік қорғау жүйесін қамтамасыз ету.
Еңбекші топтың деңгейі - мекеменің өзіндік қорлары, зейнетақы және
әлеуметтік кепілдемелер мен жеңілдіктер есебінен қалыптастыруды негіздейді.
Әлеуметтік қамсыздандыру шығындарының қаржыландыру көздеріне мыналар
кіреді:
— бюджеттік зейнетақы қорының құралдарынан;
— әлеуметтік сатандыру қорынан;
— кәсіпорын мен ұйымдардан өз еркімен келген салымдарынан;
— қайырымдылық қорлары және тағы басқа да қорлардан.
Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылу жағдайында әлеуметтік
қорғауға мынадай құрылымдарды енгізуді күздейді:
1. Барлық азаматтарға бюджет қаражаты есебінен бірдей деңгейдегі
жәрдемақы беру (әлеуметтік қатерлердің түріне қарай)
2. Ресми жұмыс істейтін қызметкерлерге міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесінен зейнеткерлік жасына жеткенге немесе сақтандыру төлемдерін беруге
негіз болған жағдаяттар тоқтатылғанға дейін қосымша төлемдер беру.
3. Еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғаныңжәне кәсіби
аурудың салдарынан еңбек қабілетінен айырған және асыраушысынан айырылған
жағдайда сақтандыру ұйымынан төлем беру түрінде оны зейнеткерлік жасқа
толғанға немесе сақтандыру төлемдерін беруге
негіз болған кейін жағдаяттар тоқтатылғанға дейін қосымша қорғау көзделеді.
[9]
Жұмысшысынан айырылу жағдайларында азаматтарды әлеуметтік қорғауда екі
деңгейлі құрылым қарастырылады.
Бірінші деңгей: жергілікті бюджеттөр есебінен барлық жұмыссыз азаматқа
жұмысқа орналасуға, кәсіби қайта даярлауға көмек көрсету, қоғамдық жұмыстар
беру жолымен әлеуметтік қорғау.
Екінші деңгей: ресми жұмыс істейтін еңбеккерлерге міндетті әлеуметтік
сақтандыру жүйесінен белгілі бір мерзім ішінде төлем ақы беру.
Қартайған кездегі әлеуметтік қорғау ынтымақтастықты зейнетақы жүйесінің
өлшемдөрі жетілдірілетін болады. Зейнетақы төлемдерінің мөлшөрі арттырылған
кезде зейнеткерлікке шығу кезеңі өскеріледі. Ынтымақтастықты жүйеден
төленетін зейнетақы мөлшері тұтыну ба-ғаларының өсуі және зейнетақы мен
қамсыздандыру туралы заңнамада белгіленген төлемдер бойынша шектеулер
ескеріле отырып, өсірілетін болады.
Берілген мәліметтер бойынша әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмек
саласынан бөлінген қаржының халыққа шаққандағы (орташа есеппен бір адамға)
үлесі 1994-2000 жылдар аралығында 1099,2 теңгеге (1148,3-49,039) өскенімен,
халықтың әл-ауқатына әлі де болса қаржының жеткіліксіздігі байқалады,
себебі бұл күн - көрістің ең төменгі деңгейінен төмен.
Күн - көрістің ең төменгі деңгейі немесе өмір сүру минимумы деп - адамның
өмір сүруін және оның жүмыс күшін қалпына келтіруді сүйемелдеуге қажетті
ақшалай қаржы деңгейін айтамыз.
Отбасы мүшелері (әсіресе ерлі-зайыптылар) шаруашылық-тұрмыстық қызметін
бірігіп атқаруы қажет. Қазақта: „Үйлену оңай, үй болу қиын", „Бас екеу
болмай, мал екеу болмайды" деген нақыл сөздер бар. Оның мәнісі — отбасылық
өндірісті ұйымдастыру керек, отбасылық меншікті қордандыру, үй шаруашылығын
жүргізу қажет деген сөз. Табыс табу, отбасы мүшелерін экономикалық-
материалдық жағынан қамтамасыз ету, оларға қамқорлық жасау — ата-ананың
парызы, отбасының тұрақтылығы да осыған байланысты.
Бұрынғы кезде әйел үй жұмысын атқарды: бала таптыг оны тәрбиеледі, ал ері
шаруашылық жұмысын жүргізді, отбасының экономикалық дербестігіне жағдай
жасады. Қазіргі қоғамда басқаша, Әйелдер ерлермен бірдей жұмыс істейді.
Сондықтан олардың шаруашылық-тұрмыстық қызметтерді бірігіп жүргізуі өмір
талабы.
Отбасында тұрмыстық мәселелерді шеіпумен қатар әдет-ғүрыптар да іске
асырылады. Отбасы мүшелерінің, туған-туысқандарының туған күні, оқуға бару,
оқу бітіру, жұмысқа орналасу т.б. мерекелік күндер өткізіледі. Бұларды да
ортақтасып еткізу қажет.Зерттеу мәліметтері бойынша қазіргі отбасының
шаруашылық қызметін бөлісу ерлі-зайьштыдардьщ арасында әр турлі. Әйелдер
тамақ істеу, қонақ қабылдау, кір жуу, бала күту т,б. жұмыстарға бос
уақытының 70—80 процентін жұмсайды, еркектер олардан 3—4 есе, балалар 10—15
есе кем уақыт бөледі. Ал тұрмыстық қызмет көрсететін мекемелер отбасының
тұрмыстық қызметінің отыздан бір бөлігін ана атқарады екен.
Әлеуметтік сауалнама жастар отбасы жағдайы жас маманның жұмысқа орналасуына
онша кедергі келтірмейді деп санайтынын көрсетіп отыр, респонденттердің
2,7% ғана жас маманның отбасы жағдайы жұмыс берушінің оны жұмысқа
қабылдаудан бас тартуына себеп болуы мүмкін деп санайды. Біздің ойымызша,
бұл көрсеткіш жұмыспен қамту сферасындағы жағдайды жастардың толық
білмейтінін көрсетеді. Жұмыс орнын тандау жөніндегі сұраққа жауап беру
барысында респонденттердің 39,4% бірінші орынға ұсынылған жалақы деңгейін
қойған.
3.Жас отбасының әлеуметік экономикалық жағдайы.
Отбасы — адамиың өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға
бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы коғгамдык құрылымның кіші
тобы, алғашқы ұясы.
Коғампың негізгі мақсаты — адамдарды бақытты ету, ал мұнын өзі терезесі
тең, берік отбасына байланысты. Отбасы қалыптасу үшіп неке қалыптасуы
кажет.
Некс әйел мен еркек арасындағы табиғи қажеттілік, олардың өзара
кұқықтары мен міндеттерін белгілейтін формасы. Неке — отбасыныц заң
жүзіндегі негізі, әйел мен еркектің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас отбасының негізгі ерекшеліктері
Жас отбасының қалыптасуы мен нығаюында мемлекеттік әлеуметтік саясаттың рөлі
Жас отбасының әлеуметтік мәселелері
Жас отбасымен әлеуметтік жұмыстың негіздері
Әлеуметтік қызметкер және отбасы
Отбасы құқық негіздері
Тұрмыс жағдайы төмен отбасылармен әлеуметтік жұмыс технологиясы
Отбасын құру және оның проблемалары
Жас отбасы жайлы
Ел басымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан - 2030 Қазақстан халқына Жолдауы
Пәндер