Мектепке дейінгі топтардағы балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстары



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1.Мектепке дейінгі топтардағы балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстары
2.2.Айналадағы дүниемен, табиғатпен таныстыру жұмыстарын ұйымдастыру
2.3.Жаңа бағдарлама мазмұнын жасау
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан қалмай, ілгері жүру – ұлы мұрат. Қазіргі заманда білім беру әлемдік құрылымның маңызды элементінің біріне айналады.
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысы барлық сабақтарда (шығарма оқу, сауат ашу, сурет, математика, музыка, дене шынықтыру, т.б.) баланың жасына қарай жүргізіледі. Мысалы, жазда балабақша ауласында, «Жайлауға саяхат», «Шопан ата қонақта», «Ыдыс дүкені», «Мектеп», «Мұғалім», «Дәрігер», т.б. творчествалық ойындар өткізіледі. Бұл ойындарға қажетті материалдарды тәрбиешілер дайындап, балаларды қатыстыра отырып, өздері жасайды. Олар әзірленген түрлі түсті «кәмпит», «нан», «тоқаш», «құрт», «ыдыс-аяқ», «Жайлау» ойыны үшін жасалған киіз үй, үй мүліктері, төсек-орын, көрпе жастық, кілем, алаша — балалардың бұрын үйренген сөздердің дұрыс айтуға, бір-бірімен сөйлесіп, пікір алысуға, бір-біріне әңгімелеп беруге мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты біреу, ол — жас ұрпақты жан жақты тәрбиелеу, ой өрісін, сана-сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім-дағдыларға үйрету. Сол себепті қазақ педагогикасы және «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында» сәбидің тілін дамыту, ауызекі дұрыс, мәдинетті сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге бағыттап отыру ісіне назар аударады. Өйткені баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі — тіл. Ал тілдің дамуы оның сана сезімінің, ой өрісінің жетіле түсуіне негіз болады.
Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын, бала айналадағы адамдармен, өзі қатарлас балалармен белсенді қарым-қатынас жасайды. Өмірде кездесетін түрлі іс-әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі жайттар туралы әңгімелейтін болады. Дәл осы жас шамасында баланың сөз қолдану ерекшелігін терең зерттеп, талдаған балалардың көрнекті жазушысы К. Чуковский оларды «данышпан лингвистер» деп атаған болатын.
Баланың айналадағы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балабақшада арнайы өтетін сабақ, ойын, еңбек процестерінде тәрбиешінің басшылығымен іске асады. Балағабағдарламалық материал негізіндебілімберуге баса назараудару керек.
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы.- Алматы: Қазақстан, 1995,486.
2. «Тіл туралы заңы» // Егемен Қазақстан,11 маусым,1999.
3. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы.- Астана,2224 .
4.Қазақстан Республикасы «Білім заңы» // Егемен Қазақстан, 2007.
5.Назарбаев Н.Ә.-2050 //Дала мен Қала,2012.
6.Қазақстан Республикасы әлуметтік мәдени дамуының тұжырымдамасы.- Алматы,1993,32б
7.Қазақ балабақшаларындағы оқыту, тәрбиелеу мазмұнын жаңарту тұжырымдамасы. // Қазақстан мұғалімі,18 қаңтар, 1991.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Мектепке дейінгі топтардағы балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстары
2.2. Айналадағы дүниемен, табиғатпен таныстыру жұмыстарын ұйымдастыру
2.3. Жаңа бағдарлама мазмұнын жасау
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан қалмай, ілгері жүру - ұлы мұрат. Қазіргі заманда білім беру әлемдік құрылымның маңызды элементінің біріне айналады.
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысы барлық сабақтарда (шығарма оқу, сауат ашу, сурет, математика, музыка, дене шынықтыру, т.б.) баланың жасына қарай жүргізіледі. Мысалы, жазда балабақша ауласында, Жайлауға саяхат, Шопан ата қонақта, Ыдыс дүкені, Мектеп, Мұғалім, Дәрігер, т.б. творчествалық ойындар өткізіледі. Бұл ойындарға қажетті материалдарды тәрбиешілер дайындап, балаларды қатыстыра отырып, өздері жасайды. Олар әзірленген түрлі түсті кәмпит, нан, тоқаш, құрт, ыдыс-аяқ, Жайлау ойыны үшін жасалған киіз үй, үй мүліктері, төсек-орын, көрпе жастық, кілем, алаша -- балалардың бұрын үйренген сөздердің дұрыс айтуға, бір-бірімен сөйлесіп, пікір алысуға, бір-біріне әңгімелеп беруге мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты біреу, ол -- жас ұрпақты жан жақты тәрбиелеу, ой өрісін, сана-сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім-дағдыларға үйрету. Сол себепті қазақ педагогикасы және Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында сәбидің тілін дамыту, ауызекі дұрыс, мәдинетті сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге бағыттап отыру ісіне назар аударады. Өйткені баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі -- тіл. Ал тілдің дамуы оның сана сезімінің, ой өрісінің жетіле түсуіне негіз болады.
Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын, бала айналадағы адамдармен, өзі қатарлас балалармен белсенді қарым-қатынас жасайды. Өмірде кездесетін түрлі іс-әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі жайттар туралы әңгімелейтін болады. Дәл осы жас шамасында баланың сөз қолдану ерекшелігін терең зерттеп, талдаған балалардың көрнекті жазушысы К. Чуковский оларды данышпан лингвистер деп атаған болатын.
Баланың айналадағы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балабақшада арнайы өтетін сабақ, ойын, еңбек процестерінде тәрбиешінің басшылығымен іске асады. Балаға бағдарламалық материал негізінде білім беруге баса назар аудару керек.
Оқу жылына жоспар жасағанда баланың жақсы сөйлей білуін бағдарлау, сөздік қорын дамыту, ой өрісін кеңейту жұмысына өте мұқият қарау қажет. Ол үшін әр тәрбиеші, әрбір балабақша меңгерушісі бағдарламада берілген материалды өздері ыждағаттықпен оқып-үйренуі керек. Осыдан соң тәрбиеші қандай тақырыпты қай кезде, қалай, қандай мақсатта, қай сабақпен байланыстыра өткізу керектігін анықтай отырып, әр сабаққа қажетті материалды, балаларға қойылатын нақты сұрақтарды (көркем әдебиет тақырыбы, ойын, балаларға қойылатын сұрақтар) көрсетіп, жоспарлайды.
Ал ана тілінен берілетін мағлұматтар бағдарламада жалпылама берілген. Олай болса, сол көрсетілген мағлұматтарды дәлме-дәл бөліп жоспарлау тәрбиешіден творчестволық шеберлікті талап етеді.

Мектепке дейінгі топтардағы балалармен жүргізілетін
тәрбие жұмыстары
Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының соңында тіл дамытудан өтілетін апталық сабақ саны анық көрсетілген. Тәрбиеші осыны басшылыққа ала отырып, өзі жұмыс істейтін топта өтілетін сабақты жоспарлайды. Ең алдымен Айналадағы өмірмен таныстыру және баланың тілін дамыту деген бөлімге талдау жасайды. Осыдан соң бағдарламалық материалды оқу жылы бойынша бөледі. Ана тілінің сабақ кестесі мен күнтізбелік жоспарын жасайды.
Әр топта өтілетін тіл дамыту, шығарма оқу, қоршаған орта туралы бақылату сияқты жұмыстар апталық сағат саны бойына жоспарланады. Жаңа бағдарлама бойынша сәбилердің бірінші (2-ден 3 жасқа дейін) тобында тіл дамыту, қоршаған ортаны бақылату аптасына екі рет, дидактикалық ойын, дене қимылы тәрбиесі бір рет жүргізіледі. Сонда оқу жылы бойына 64 сабақ тіл дамытудан, 32 сабақ ойын, сенсорлық тәрбие (бұл да тіл дамытуға сәйкес) барлығы 96 сабақ өтіледі. Тәрбиеші бағдарламалық материалға талдау жасай отырып, тіл дамыту жұмыстарын, сабақ түрлерін (ойын-сабақ, сурет, ойыншық көрсетіп әңгімелесу, шығарма оқу, сөздің дыбысталуын дұрыс айтуға үйрету сияқты), жұмыс түрлерін белгілейді. Оған қажетті материалдар әзірлейді.
3-тен 4 жасқа дейінгі сәбилер тобында да тіл дамыту сабақтары осылайша жұпталады. Бұл топтағы ерекшелік - қоршаған ортамен таныстыруға аптасына 1 сағат, тіл дамытуға - 1 сағат және шығарма оқуға -1 сағат бөлінеді. Сонда бұл топта да жыл бойына 96 сабақ өтіледі. Тәрбиеші қоршаған ортаны бақылату процесінде баланың сөз қорын молайтуға баса назар аударады. Себебі мектепке дейінгі балалардың сөздік қоры өмірден, өзін қоршаған ортадан алынады. Бақылау сабақтарының басты міндеттерінің бірі - затты таныта отырып, сол заттың атына, іс-әрекетке қатысуына, түр-түсіне байланысты сөздерді түсіндіру. Сонымен қатар бұл топта көрген-білгені жайында өз бетімен әңгімелеп айтуға үйрету жұмысы да жүргізіледі.
Тәрбиеші тіл дамыту жұмысында жоспар жасағанда (96 сағатты -- әдебиет оқу, тіл дамыту) сабақ түрлеріне сай дәл жұптауы керек. Бір ай ішінде тіл дамыту жұмысы қай аптада қандай тақырып бойынша жүргізілетінін, әдеби шығарма оқу, бақылау жұмысын аптаның қай күні өткізген жөн екенін мұқият анықтауы керек. Қандай тақырыпты қай кезде, не мақсатта, қандай сабақпен байланыстырып өткізетінін белгілей отырып, сол сабақтың тақырыбын, оқылатын шығарманы, ойын, сурет атын жоспарда атап көрсетеді.
Мысалы, сәбилер тобында күзгі табиғатты бақылату керек делік. Тәрбиеші бұл тақырыпты жалпылама алмайды. Күзгі бақша, көкөніс жинау туралы тақырып белгіленсе, онда бақылаудан соң Күзде деген суретті көрсетіп әңгімелесу. Қияр мен капуста деген ертегіні оқу, Қызғаншақ деген тақпақты жаттау, Бұл не? деген ойын (көкөністермен) сабақтары өткізіледі. Сабақ түрлері белгілі күндерге бөлінеді.
Ересек балалар тобында аптасына 15 сабақ (2 сабақ орыс тілі) өтіледі. Оның ішінде тіл дамыту - аптасына 1 сағаттан 32 сағат, табиғат таныту, шығарма оқу -- 0,5 сағаттан (1) 32, айналадағы дүниемен таныстыру 1- сағаттан 32 сағат, сауат ашу 32 сағат. Сонда бұл топта 5 түрлі сааққа 128 сағат беріліп отыр. Осы сағатты әр сабақтың өз көрсеткішіне қарай жұптау керек. Жоспар жасауда ескеретін мәселелер:
1 Сауат ашу деген бөлімде сөз дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету,
сөйлем, сөз, буын (бөлігі), дыбыс (дауысты, дауыссыз) ұғымдарды практикалық тәсілмен меңгертіледі.
2 Бақылау жұмыстарына байланысты сабақтар тіл дамыту жұмысынан
тыс өтіледі.

Айналадағы дүниемен, табиғатпен таныстыру жүұмыстарын ұйымдастыру
Бағдарламада айналадағы дүниемен, табиғатпен таныстыру жұмыстарына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балабақшадағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы әдіскердің рөлі
ТҰТЫҚПАСЫ БАР МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДА ҚАРЫМ
Мектепке дейінгі тұтығатын балаларда коммуникативті сөйлеу тілін қалыптастыру
Мектепалды даярлық тобындағы балалардың сөздік қорын дамыту
Балабақшада атқарылатын жұмыстармен танысу
Дене тәрбиесінің әдіс- тәсілдері
Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка
Барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп жан - жақты қалыптастыру
Балабақшадағы аралас топ балаларын ұлттық ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРГЕ БАЛАЛАР ҚАБЫЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Пәндер