12-жылдық мектепте білім беруді ғылыми әдістемелік қамтамасыз ету



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Әлемдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі
2.2. 12.жылдық мектепте білім беруді ғылыми әдістемелік қамтамасыз ету
2.3.12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері
2.4.Жалпы орта білім беру құрылымы
2.5. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық орта жалпы білім беру Тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) - жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнелетін негізгі құжат болып табылады.
Бұл Тұжырымдама Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңына; “Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына”; Қазақстан Республикасында білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында» атты жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді.
Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы, сондай-ақ адамның интеллектісіне, әл-ауқаттылығына, оның икемділігіне, жасампаздық іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы бола бастады.
Қазақстан қоғамындағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі – өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызғушылығының басымдығы.
1. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. ҚР Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы. 2010.-8 б.
2. Иванов Д.А., Митрофанов К.Г., Соколова О.В. Компетентностный подход в образовании. Проблемы, понятия, инструментарий. Учебно-методическое пособие. – М.: АПКиППРО, 2005. – 101с.
3. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан: Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы - Новый Казахстан в новом мире: Послание Президента Республики Казахстан народу Казахстана: Астана, 2007 ж. 28 ақпан.
4. Рыжков М. В. Ключевые компетенции возможности применения стандарты и мониторинг в образовании. - М., 1999, Журнал №4.
5. 12 жылдық білім беру тұжырымдамасы ГОСО РК 2.003.1 - 2008

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Әлемдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі
2.2. 12-жылдық мектепте білім беруді ғылыми әдістемелік қамтамасыз ету
2.3. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері
2.4. Жалпы орта білім беру құрылымы
2.5. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық орта жалпы білім беру Тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) - жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнелетін негізгі құжат болып табылады.
Бұл Тұжырымдама Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына; "Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына"; Қазақстан Республикасында білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында атты жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді.
Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы, сондай-ақ адамның интеллектісіне, әл-ауқаттылығына, оның икемділігіне, жасампаздық іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы бола бастады.
Қазақстан қоғамындағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызғушылығының басымдығы.
Қазақстандық жалпы орта білім мазмұны оқушының өмірдегі құзіреттілігі үшін жеткіліксіз болып отырған әрбір оқу пәні бойынша білімі, білігі және дағдысын алу тәртібімен ғана сипатталады. Білім мазмұнының артық ақпараттылығы оқушының оқуға ынтасының төмендеуіне және денсаулығының нашарлауына әкеп соғады.
Мақсаты - 12 жылдық мектеп жағдайында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау.
Міндеттері:
1) 12 жылдық мектептегі білім беру мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашып көрсету;
2) 12 жылдық білім беруге көшудің қаржылық-экономикалық негіздемесін дайындау.
3) осы Тұжырымдаманың күтілетін нәтижелерін анықтау;

2.1. Әлемдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі
Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері мыналар болып табылады:
oo қоғам дамуының қарқындылығы;
oo постидустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу, мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі,;
oo халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық проблемалардың туындауы және өсуі;
oo қоғамның демократиялануы;
oo экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі;
oo адам капиталы мәнінің артуы.
Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде білім беру философиясы мен әдіснамасын жаңарту үрдістері, білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген моделдердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздеу және т.б. үрдістер байқалып отыр.
Оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушылдың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.
Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектеп соңғы жылдары өзінің келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалды. Олардың ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының әзірлену және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі үш сатылы жоғары білім моделінің енгізілуі, вариативті білім берудің енгізілуі, білім сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жұмыстар басталды.
Бірақ қол жеткен жетістіктер адам капиталының дамуы мен орнықты экономикалық өсуді толық қамтамасыз ете алмайды.
Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері ықпал ететін мынадай факторлар қалып отыр:
1. Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттылықтың болмауы.
2. Білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге бағдарлануы.
3. Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты қамтамасыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін ескірген жүйенің сақталуы.
4. Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі анықтау мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы мен болашақ жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.

2.2. 12-жылдық мектепте білім беруді ғылыми әдістемелік
қамтамасыз ету
Құзыреттілік тәсіліне және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға негізделген 12 жылдық білім берудің жаңа стандартын әзірлеу және енгізу жоспарлануда.
Білім беру стандарттарының ауысуы білім берудің жаңа мазмұнын әзірлеумен байланысты. Жаңа білім беру мазмұнының базалық принципі - әрбір мектепте тұлғаның адамгершілік-рухани қасиеттерін дамытуды ынталандыратын ізгі білім беру ортасын құру: өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі жетілдіру. Білім беру ұйымдары мен отбасыларда адамгершілік-рухани мәдениеттің жоғары деңгейіне қол жеткізілетін болады. Барлық балалар, оқушылар, студенттер мен педагог қызметкерлер Өзін-өзі танудың негізін, жалпыадамзаттық құндылықтардың дамуын меңгеретін болады.
Типтік оқу жоспарлары және бағдарламалары:
функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға; білім алудағы тұлғаның өзін-өзі дамытуын, дербестігін қамтамасыз ететін нәтижеге және коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға;
ақпараттар мен технологияларды басқара білуге және проблемаларды шешуге;
іскерлік пен креативтілікті қалыптастыруға бағытталған.
2011 жылы бастауыш білімнің жоспарлары және бағдарламалары жаңартылады, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін негізгі орта және жалпы орта білім берудің құзыреттілік тәсілі негізінде оқу бағдарламалары әзірленеді.
2015 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибе элементтері (мұғалімдердің біліктілігін арттыру, оқыту әдістемелері және технологиялары) білім беру жүйесіне енгізілетін болады.
2012 жылы жалпы орта білімнің МЖБС жоғары білімнің (бакалавриат) МЖБС-мен біріктіріледі - жоғары білімнің жалпы білім беретін пәндер циклінің жеке пәндері (әлеуметтану, өзін-өзі тану, ӨҚН, Қазақстан тарихы, мәдениеттану және т.б.) оқу жүктемесін көбейтпей, Бейіндік мектептің бейіндік оқыту бағдарламасына көшіріледі.
2014 жылға қарай қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика және технологиялық бағыттар бойынша "Бейіндік мектеп" бейіндік оқыту бағдарламасы әзірленеді және сынақтан өткізіледі.
Оқытудың 12 жылдық үлгісі бойынша эксперименттік алаң үшін оқулықтар мен ОӘК, түзеу білім беру ұйымдары үшін электрондық оқулықтар, аударма және оқулықтар мен ОӘК-ні бейімдеу жүзеге асырылады. Оқулықтарды әзірлеу және оқулықтарды сараптамадан өткізу функциялары бөлінеді.
2013 жылы оқытудың 12 жылдық моделінің бағдарламасы бойынша оқулықтар мен ОӘК әзірленіп, ал 2014 жылы олар сараптамадан өтеді.
2014 жылы 1, 5, 11-сыныптардың, 2015 жылы 2, 6, 12-сыныптардың, 2016 жылы 3, 4, 7-сыныптардың, 2017 жылы 8, 9, 10-сыныптардың оқушылары үшін оқытудың 12 жылдық моделінің бағдарламасы бойынша балама оқулықтар мен ОӘК-лер дайындалады.
Қазақстандық оқулықтармен қатар ҚР БҒМ рұқсат берген тізбеге енгізілген математика, жаратылыстану мен техникалық ғылымдар бойынша анағұрлым сапалы шетелдік оқулықтар қолданылатын болады.
2015 жылы жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының барлық оқушысы жергілікті бюджет есебінен тегін оқулықтармен және сандық білім ресурстарымен қамтамасыз етіледі.

2.3. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері
12 жылдық білім берудің басты мақсаты:
Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше анықталды:
1. Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік - оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын қабілеті, жоғары әдептілік құндылықтар негізінде жасампаз қоғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, азаматтылығы мен елжандылығы. Бұл құзыреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді.
2. Мәдениеттанымдық құзыреттілік - жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның білім беру жүйесін 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшірудің негіздемесі
Әлемдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі
12 жылдық білім беруге бейімдеудің психологиялық – педагогикалық шарттары
12 жылдық білім берудің мазмұны, пайдасы, ерекшелігі
Балалардың мектепте оқытуға даярлығын зерттеу ерекшеліктері
Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамуы
12-жылдық білім беруге көшуде информатиканы оқытудың теориялық негіздері
Алғаш баланы мектепке берерде оның биологиялық жасы мен мектепке психологиялық даярлығының көрсеткішін өлшеп шығару - бүгінгі күн талабы
Мектепте электрондық кестелермен жұмыс технологиясын оқыту ерекшеліктері
Бейіндік оқытудың жүйесі
Пәндер