Гистология-ежелгі дәуір ғылымы



Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Гистология.ежелгі дәуір ғылымы
2. Гистология, эмбриология және цитологияның Қазақстандағы дамуы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Гистология - адамның және көп клеткалы жануарлардың тіндерін зерттейтін ғылым; Гистологияның міндеті – тін эволюциясын анықтау, оның организмде дамуын (гистогенез), хим. қасиеттерін (гистохимия), клеткаларының құрылысын, атқаратын қызметін (гистофизиология) зерттеу. Жеке ғылым саласы болып Гистология 19 ғ-дың басында микроскоппен зерттеудің дамуына байланысты қалыптасты. Жалпы Гистология – тіннің дамуын, құрылысын және атқаратын қызметін зерттесе, жеке Гистология – адам және көп клеткалы жануарлар органдарының микроскопиялық құрылымын зерттейді. Кейде бұны «микроскопиялық анатомия» деп те атайды. «Гистология» терминін ғылымға неміс ғалымы К.Майер енгізген (1819ж.). Қазақстанда Гистология саласындағы жүйелі зерттеулер Алматы зоотех.-малдәрігерлік институты (1929ж., қазіргі Қазақ ұлттық агр. университеті) мен Қазақ мед. институтының (1932ж., қазіргі Қазақ ұлттық мед. университеті) гистология және эмбриология кафедраларында басталды. 1930–1960 ж. омыртқалы жануарлардың тіндері, олардың құрылымындағы ерекшеліктер тін филогенезі мен тін айналасындағы жағдайларға байланысты зерттелді. 1970 жылдан бері кейбір жалпақ құрттар мен жұмыр құрттардың жүйке жүйесі, ас қорыту органдары, сондай-ақ, малдың еті мен өкпесі, жүрегі мен қан тамырлары, терісі гистология тұрғыдан айқындалды. Тамақтану, ғарышқа ұшу жағдайларының адам мен жануарлар тініне тигізетін әсері анықталды.
1. Гистология. ҚР педагогикалық әдістемелік журнал - №6,2003
2. Гистология. ҚР педагогикалық журнал - №1,2003
3. Ж.Ж.Жатқанбаев, Гистология. – Алматы,2003
4. С.А.Ажаев. Гистология І бөлім. – Кентау,2004

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім:
Гистология-ежелгі дәуір ғылымы
Гистология, эмбриология және цитологияның Қазақстандағы дамуы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Гистология - адамның және көп клеткалы жануарлардың тіндерін зерттейтін ғылым; Гистологияның міндеті - тін эволюциясын анықтау, оның организмде дамуын (гистогенез), хим. қасиеттерін (гистохимия), клеткаларының құрылысын, атқаратын қызметін (гистофизиология) зерттеу. Жеке ғылым саласы болып Гистология 19 ғ-дың басында микроскоппен зерттеудің дамуына байланысты қалыптасты. Жалпы Гистология - тіннің дамуын, құрылысын және атқаратын қызметін зерттесе, жеке Гистология - адам және көп клеткалы жануарлар органдарының микроскопиялық құрылымын зерттейді. Кейде бұны микроскопиялық анатомия деп те атайды. Гистология терминін ғылымға неміс ғалымы К.Майер енгізген (1819ж.). Қазақстанда Гистология саласындағы жүйелі зерттеулер Алматы зоотех.-малдәрігерлік институты (1929ж., қазіргі Қазақ ұлттық агр. университеті) мен Қазақ мед. институтының (1932ж., қазіргі Қазақ ұлттық мед. университеті) гистология және эмбриология кафедраларында басталды. 1930 - 1960 ж. омыртқалы жануарлардың тіндері, олардың құрылымындағы ерекшеліктер тін филогенезі мен тін айналасындағы жағдайларға байланысты зерттелді. 1970 жылдан бері кейбір жалпақ құрттар мен жұмыр құрттардың жүйке жүйесі, ас қорыту органдары, сондай-ақ, малдың еті мен өкпесі, жүрегі мен қан тамырлары, терісі гистология тұрғыдан айқындалды. Тамақтану, ғарышқа ұшу жағдайларының адам мен жануарлар тініне тигізетін әсері анықталды. Жүйке талшықтарының адам органдарында тарамдану тәртібі зерттелді. Адам мен жануар тіндерінде ауырған кезде болатын гистологиялық өзгерістер сипатталды. Қазақстанда Гистология саласының дамуына үлес қосқан ғалымдар: Ф.Мұхамедғалиев, А.Зорина, Б.Шайкенов, І.Шағыров, З.Слободин, т.б. Қазіргі кезде гистологиялық зерттеулермен Қазақстан Білім және ғыл. министрлігінің Зоология институты, Биоген жабық акцион. қоғамы, Қазақ ұлттық мед. ун-ті, т.б. жоғары оқу орындарының арнайы кафедралары шұғылданады.

Гистология-ежелгі дәуір ғылымы

Гистология (грекше histos -- ұлпа, logos -- ілім, ғылым) органдардың, ұлпалардың, клеткалардың дамуын, микроскопиялық және ультрамикроскопиялық кұрылысын, тіршілік әрекетін зерттейтін ғылым. Гистология үлпаларды зерттейтін ғылым саласы ретінде микроскопты ойлап тапқанға дейін пайда болған. Организмді ұлпаларға бөлу жөніндегі алғашқы пайымдамалар Аристотельдің, Галенның, Авиценаның, (Абу Али-ль-Хасан ибн Абдаллах ибн Синаның), Везалийдің, Фалопийдың тағы басқалардың еңбектерінде кездеседі. Аристотель өзінің Жануарлар бөліктері туралы деген трактатында организмде, кейін ұлпа деп аталған, біртекті бөліктер мен біртекті емес бөліктерді немесе органдарды ажыратқан.
Гистология саласының дамуындағы жаңа дәуір микроскоптың шығуына байланысты. Микроскопты ойлап табу тарихы әлі күнге дейін нақты емес, ол туралы әр түрлі деректер бар. Бірақ микроскопты жасап шығаруда көзілдірік өндірісінің әсері болғаны күмәнсіз. Көзілдірік алғаш рет 1285 жылы Италияда шыққан. Кейбір аңыздарда алғашқы микроскопты голландиялық оптиктер Янсендер 1590 жылы жасап шығарған делінеді. Атақты Галилей де 1612 жылы микроскопты құрастырған екен деген мәлімет те бар. Ағылшын математигі, физигі және механигі Роберт Гук 1665 жылы өзі кұрастырған микроскоппен тоз ағашының және басқа да көптеген өсімдіктердің құрылысын зерттеп ұяшықтардан тұратынын байкаған. Осы ұяшықтарды Р. Гук араның балауыздан түзілетін ұяшықтарына ұқсатып ұяшық немесе клетка деп атаған (гректің китос -- қуыс деген сөзі). Қазіргі кезде клетканы иненің жасуына теңеп жасуша деп атау ешбір сын көтермейді. Массасы 2000 г. түйеқұстың (страустың) жұмыртқасы да -- клетка. Кейінірек Грю мен Мальпиги микроскоппен өсімдіктердің құрылысын зерттеп, өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінің құрамыңда көпіршіктердің болатынын анықтаған. Сонымен Гуктың, Мальпигидің, Грюдің зерттеулерінен кейін өсімдіктер ұлпалары клеткадан тұратыны анықталған. Екі жүзден астам микроскоптың түрлерін жасап шығарған Гуктың дарынды замандасы Антони ван Левенгук жануарлар клеткаларында -- бірклеткалы жәндіктерді, эритроциттерді, сперматозоидтарды бірінші болып көрген. Бактерияларды да көріп суретін салған. Микроскоп құрылысының жабайы болуына байланысты XVІІІ ғасырдың ғалымдары микроскопқа көп көңіл бөлмеген. Осыған байланысты өткен Ғасырдағы мәліметтерге елеулі жаңалықтар қосьілмаған. Зерттеушілер клетканы байқау әдісімен зерттеп көрген фактілерін жинап түсініктеме берумен шектелген. ХVІІ және ХVIII ғасырларда өсімдік клеткасының қабықшасы ғана белгілі болған.
Цитология мен гистологияның дамуындағы жаңа кезең (ХVIII соңы, XIX ғасырдың басы) микроскоптың жаксартылуы және микроскопиялық зерттеу әдістері мен техниканың онан әрі жетілуіне байланысты болған. Осы кезеңде практикаға микроскоптың көрсету қабілетін арттыратын окулярлар мен иммерсиялық объективтер енген. Сонымен бірге белгілі фиксадаялаушы сұйықтармен (спирт, мышьяк ерітіндісі) бірге фиксатор ретінде формалин, осмий мен хром қышқылдары ұсынылған. Я. Пуркиньенің шәкірті А. Ошац клеткалар мен ұлпалардың нәзік құрылысын зерттеуге мүмкіншілік беретін микротом деп аталған құралды жасап, гистология тәжірибесіне енуі микроскопиялық зерттеудің жедел дамуына жағдай жасады.
XIX ғасырдың алғашқы ширегінде зерттеушілер клеткада ядроны (1825) байқаған. Осыдан кейін клетканың қалған құрылымын, тірі субстанциясын атау үшін Пуркинье протаплазма (1830-1840) деген терминді енгізген. Ядроны қоршаушы протаплазманы цитоплазма деп атаған, 1838 және 1839 жылдары немістің екі ғалымы, ботаник М. Шлейден мен зоолог Т. Шванн көптеген деректі материалдарға сүйеніп, клеткалық теорияны қалыптастырған. Клеткалық теория барлық тірі табиғаттың біртұтас екенін көрсетті.
Микроскоппен зерттеу әдістері мен микроскопиялық техниканың жетілуі XIX ғасырдың екінші жартысында клеткалар мен ұлпалардың нәзік құрылысын зерттеуге мүмкіншілік берді. 1876 жьшы клетка орталығы, 1894 жылы митохондриялар, 1898 жылы Гольджи кешені ашылды. Осы органеллалардың ашылуы цитоплазмада клетканың тіршілігі мен қызметіне байланысты маңызды процестердің жүретінін көрсетті. Электрондық микроскопты қолдану клетканың құрылысы жөніндегі қалыптасқан түсініктерді өзгертіп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның тіршілік әрекетінің көптеген процестерінің өзгеруін де жаңадан түсінуге мүмкіншілік берді. Электрондық микроскопия әдісімен эндоплазмалық тор, рибосомалар, микрофиламенттер, хромосомалардың микрофибриллалары, микротүтікшелер және синапстық көпіршіктер, лизосомалар, микроденешіктер және баска да құрылымдар ашылды. Ядро, ядрошық, митохондриялар, Гольджи кешені, клеткалық орталық, плазмалык және ядро кабықшалары сиякты ертеден мәлім болған құрылымдар электрондық микроскопиялық әдіспен зерттеліп олардың ультра кұрылыстары анықталды.
Ұлпалар туралы ілімнің негізін салған франциялық анатом Франсуа-Ксавье Биша деп есептеледі. Биша органдар түрлі органдарға ортақ ұлпалардан тұрады деп санап органдар құрылысының теориясын қалыптастырған. Биша адам организмі 21 ұлпадан тұрады деп санаған; олардың әрқайсысының құрылыс ерекшеліктерін баяндап жазған. Ұлпалар санының мұншама көп болуы Бишаның зерттеуді мацерация әдісімен жүргізуінің нәтижесі. Кейін ұлпалар санының анағұрлым аз екені анықталды.
XIX ғасырдың ортасынан бастап гистологияның жедел даму кезеңі басталған. Клеткалық теорияның негізінде түрлі органдар мен ұлпалардың құрамы мен олардың гистогенезі зерттелген. Осы кезде Еуропада Келликер (1852) мен Лейдигтің (1857) алғашқы гистология оқулықтары жарық көрген. Осы аталған авторлар жоғарғы сатыдағы жануарлар мен адамның ұлпаларын төрт типке бөлген; дәнекерлеуші заттардың ұлпалары (дәнекер ұлпасы, шеміршек пен сүйек), клеткалық ұлпа (эпителий мен бездік эпителий), бұлшық ет пен нерв ұлпалары. Шет елдерде гистологияның өркендеуіне орай, бұл сала Ресейде де дами бастады. XIX гасырдың екінші жартысынан бастап, Санкт-Петербург (1864), Мәскеу (1866), Харьков (1867), Қазан (1871), Томск (1883) университеттерінде және Санкт-Петербургтың дәрігерлік-хирургиялық академиясында (1869) гистология кафедралары ашылды. Осы кафедралардың алғашқы меңгерушілері А. И. Бабухин Ф. В, Овсянников, Н. М. Якубович, Ф. Н. Заварыкин, К. А. Арнштейн, П. И. Перемежко, Н. А. Хржонщевский болған еді. 1869 жылдан бастап Мәскеу университетінің гистология кафедрасын А. И. Бабухин (1835-1891) басқарды. Оның шеткі нерв талшықтарының нәзік құрылымын анықтаған, балықтардың электр органдарының гистофизиологиясын, көз бұршағын және иіс-сезім органын зерттеуге арналған еңбектері осы күнге дейін маңызын жойған жоқ. А. И. Бабухин өзінің гистофизиологиялық бағытын онан әрі жалғастырған көптеген шәкірттер (И. Ф. Огнев, А. А. Колосов, Н. А. Арсеньев) тәрбиеледі. Қазан гистологтар мектебін ашқан К. А. Арнштейн (1840-1919). Оның негізгі еңбектері шеткі нерв ұштарын зерттеуге арналған. Қазан нейрогистологтар мектебіне жататындар: А. С. Догель, А. Е. Смир-нов, Д. А. Тимофеев, Б. А. Лаврентьев, А. Н. Миславский тағы басқа көрнекті ғалымдар. Санкт-Петербург университетінде гистология кафедрасын 1864 жылдан бастап академик Ф. В. Овсянников (1826-1906) басқарды. Ол морфологиядағы гистофизиологиялық бағыттың негізін салушылардың бірі болды. Ф. В. Овсянников әр түрлі жануарлардың нерв жүйесі мен сезім мүшелерін зерттеген.
А. С. Догель (1852-1922) Томск, кейіннен Санкт-Петербург гистологтар мектебін ашқан ғалым. Ол өз еңбектерінің көпшілігін вегетативтік нерв жүйесі мен сезім мүшелеріне арнаған. А. С. Догельдің шәкірттерінің бірі -- академик А. А. Заварзин (1886-1945) болды. Санкт-Петербург гистологтар мектебінің негізін қалаушылардың бірі М. Д. Лавдовский (1847-1903) қуықтың ганглия клеткаларына, нерв талшықтарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кейінірек өсімдік клеткасының ядросьш 1831 жылы
Жасушаның алуан түрлілігі
Гистологияның зерттеу пәні және бөлімдері
Гистологияның міндеттері
Гистология пәнінің даму тарихы
Биолог ғалымдар және олардың ғылыми еңбектерін оқу үрдісінде пайдалану жолдары
Зоология
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні
Гистология туралы
Гистология, цитология және эмбриология пәндерінің даму тарихы. Қазақстан Республикасындағы гистология пәнінің даму тарихы
Пәндер