Мектептің меңгерушісінің ажо жасау



Кіріспе 4
1 Сұрақтың қойылуы 6
2 Техникалық. экономикалық негіздеме 10
3 Аналитикалық бөлім 13
3.1 Оқытудың ақпараттық технологиялары және білім беру жүйесінде қолданудың негізгі проблемалары 13
3.2 Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлықты қалыптастырудың дидактикалық мүмкіндіктері 16
3.2.1 Бiлiм беру қызметкерлерiнiң ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша бiлiктiлiгiн көтеруді дамытудың негiзгi жолдары 18
3.3 Ақпараттық технологиялар: қамданған қапы қалмайды! 20
3.3.1 Тақырыпқа тамызық 20
3.4 Оқытудың компьютерлік технологиясы 24
3.5 Мектептің оқу ісінің меңгерушісінің автоматтандырылған 26
жұмыс орнын құру
4 Автоматтандырылған жұмыс орындарын құру теориясы 29
4.1 ДК негізінде АЖО принциптерінің анализі 29
4.2 АЖО.ның тілдік құралдары 31
4.3 АЖО.дың классификациясы 34
5 Бағдарламалау аймағын таңдау және негіздеу 38
5.1 Бағдарламалау аймағы 38
5.2 Қолданушы нұсқауы 40
5.3 Ақпараттық жүйені жобалау 46
5.4 Есептің қойылуын сипаттау 46
5.5 Деректер базасын жобалау 46
5.6 Мектеп қызметінің ақпараттық құрылымы 49
5.7 Бағдарламаның жылжу сұлбасы 50
6 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
55
7 Экономикалық тиімділік есебі 71
Қорытынды 76
Қолданылған әдебиет 77
Қосымша 79
«Білім беру реформасы – Қазақстан бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, аса маңызды құралдардың бірі. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: Бізге экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Сондықтан он екі жылдық оқуға көшу шеңберінде адамның өмір бойы білім алу үшін жағдай туғызуымыз керек» деп атап көрсеткен болатын.
Әлемдік білім кеңестігіне толығымен кірігу білім жүйесінің халықаралық денгейде дамуын талап етуде. Сондықтан білім беру жүйесі, білім берудің мақсаты, мазмұны, мен технологиялары ғылыми тұрғыдан зерттеліп, егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңестігіне бағыт алуда.
ХХІ ғасыр қатаң бәсеке, ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезі. Ақпараттандыру, жаһандану және интеграция ғасырында жаңа дүние үшін күрес жолында білім беру бірінші кезекке қойылуда. Жалпы білім беретін мектептердің бүгінгі жайы, даму бағыттары келешегінің көкжиектері бүкіл қоғамның мемлекеттің назарында. Ауданның бiлiм беру жүйесi әлемдiк бiлiм беру кеңестiгiне бағыт алып, осы талаптарға сәйкес жұмыс жасауда. Елiмiздiң болашағы оқу бiлiмге байланысты. Тек бiлiмдi ұрпақ ғана қоғамға қозғаушы күш болары анық.
Қазiргi таңда мұғалiмдердiң кәсiби бiлiктiлiгi жоғары болмайынша оқушылырдың бiлiм сапасын өз деңгейiне көтеру мүмкiн емес. Мектептегi оқу-тәрбие процесiн мектеп басшылары үнемi бақылауда ұстап, мектепiшiлiк бақылау жасап отырады. Мектептегi мұғалiмдердi бақылау басшыға байланысты. Мектеп басқарудағы ұжымдық орган-педагогикалық кеңес. Алайда қазiргi таңда педагогикалық кеңесте актуалды мәселелер қаралмай, ағымдағы мәселелерге көбiрек мән беруде, бұл бiлiм сапасына әсерiн тигiзуде. Сондықтан мектеп басшыларының жауапкершiлiгiн арттыруға көңiл бөлiнуде.
1. Каратыгин С.А. «Электронный офис» т1,т2.
2. Джон Вейскас «Эффективная работа с Microsoft Access 7,0 для Windows 95, Санкт-Петербург, 1998г.
3. Лес и Джон Пинтер «Visual FoxPro. Уроки программирования» ТОО«Эдаль», 1996г.
4. Turbo Pascal Version 6.0. Programmer's Guide. Borland International, Inc. 1990.
5 Зуев Е.А. Язык программирования Turbo Pascal 6.0. -М.: Унитех,1992.
6. Фаронов В.В. Турбо Паскаль (в 3-х книгах). Книга 1. Основы Турбо Паскаля. -M.: Учебно-инженерный центр "МВТУ-ФЕСТО ДИДАКТИК", 1992. -304 c. ил.
7. Климов Ю.С. и др. Программирование в среде Turbo Pasca 6.0.: Справ. пособие/
8. Ю.С. Климов, А.И. Касаткин, С.М. Мороз. -Минск, "Вышейшая школа", 1992. -158 c. ил.
9. Джонс Ж., Xарроу К. Решение задач в системе Турбо Паскаль. М.,"Финансы и статистика", 1991, 720 c.
10. Епанешников А.М., Епанешников В.А. «Delphi 4 Среда разработки». Учебное пособие М: Диалог – Мифи, 1999г.- 304с.
12. Культин Н. “Программирование на Object Pascal» СПБ: БХВ – Санкт-Петербург, 1999г. 480с.
13.Фаронов В.В., Шумаков П.В. «DELPHI 4 Руководство разработки баз данных”, М: Нолидж, 1999г., 560с.
14. Шумаков П.В. «DELPHI 3 и разработка приложений баз данных” М: Нолидж, 1998г.,
15. Драхведидзе М.Г., Марков Е.П. . «DELPHI 4 среда визуального программирования” СП8:BHV –Санкт – Петербург, 1999г.,352с.
16. Сибаров Ю. Б. «Охрана труда в вычислительных центрах» и др., М. Машиностроение, 1990 г.
17. Самгин Э. Б. «Освещение рабочих мест», изд. МИРЭА, 1989 г.
18. И.И. Болганцев. Delphi 5. Самоучитель. С-Пб.: «Техносфера», 2002 г. -160 с.
19. В.И. Источников. Delphi 7. М.: «Глобус», 2005 г. -253 с.
20. А.А. Крючков. Delphi 6. М.: «Триумф», 2003 г. -56 с.
21. В.М. Игнатьев. SQL – Запросы. М.: «Калашников и К0», 1999 г. – 210 с.
22. А.В. Ефимов. Базы данных и SQL запросы Delphi 5. М.: Высшая школа. 2002 г. -315 с.
23. Ф.А. Еременко. Пособие по программированию. М.: Радио и связь. 2001 г. Часть 1. – 280 с.
24. В.В. Астахов. Delphi 4. М.: Росмэн. 2001 г. – 800 с.
25. П.А. Зацепин, И.И. Иванов. Delphi 3. М.: Росмэн. 2000 г. -624 с.
26. А.П. Данович. Программируем на Delphi. М.: Изд. центр. «Академия». 2002 г. -159 с.
27. В.Г. Петрухин. Управление базами данных. М.: ВЛАДОС. 2003 г. -176 с.
28. Артем Зубов. Трюки и эффекты программирование на DELPHI. С-Пб.: «БХВ-Петербург». 2004 г.
29. Анатолий Хоменко, Владимир Гофман. Работа с базами данных в 30. DELPHI. М.: Изд-во «Нолидж», 2005 г. – 459 с.
30. Н. Ельманова, С. Трепалин, А. Тенцер. DELPHI и технология COM. М.: «Триумф», 2006 г. -465 с.
31. Кен Хендерсон. SQL Server. М.: «Техносфера», 2006 г. -482 с.
32. В.В. Фаронов. Программирование на языке высокого уровня. М.: Изд-во «Нолидж», 1999 г. – 101 с.
33. Культин Н. Основы программирования в Delphi 7. Самоучитель. С-Пб., «БХВ-Петербург», 2003 г. -120 с.
34. Фаронов В.В. Delphi 5. Учебный курс. М.: Изд-во «Нолидж», 2001 г. – 286 с.
35. Мейер М. «Теория реляционных баз данных». – М.: Мир, 1987. – 608 с.
36. Тиори Т., Фрай Дж. «Проектирование структур баз данных». В 2 кн., – М.: Мир, 1985. Кн. 1. – 287 с.
37. Джексон Г. «Проектирование реляционных баз данных для использования с микроЭВМ». -М.: Мир, 1991. – 252 с.
38. Вечкановы, Чечевицына, Гребенников учеб.пособие . «Экономическая теория». – М.: Мир, 1999. – 658 с.
39. Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы, 2001.
40. Информационные технологии. – Москва, 2005.

Интернет-көзі

1. http://www.defacto.kz
2. http://www.adilet.kz
3. http://www.kupidom.net
4. http://www.kazbuild.kz
5. http://www.goldprague.com
6. http://www.novostroj.ru
7. http://www.mosipoteka.ru
8. http://www.eduworld.ru

Мазмұны

Кіріспе 4
1 Сұрақтың қойылуы 6
2 Техникалық- экономикалық негіздеме 10
3 Аналитикалық бөлім 13
3.1 Оқытудың ақпараттық технологиялары және білім беру жүйесінде 13
қолданудың негізгі проблемалары
3.2 Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлықты 16
қалыптастырудың дидактикалық мүмкіндіктері
3.2.1 Бiлiм беру қызметкерлерiнiң ақпараттық технологияны қолдану 18
саласы бойынша бiлiктiлiгiн көтеруді дамытудың негiзгi жолдары
3.3 Ақпараттық технологиялар: қамданған қапы қалмайды! 20
3.3.1 Тақырыпқа тамызық 20
3.4 Оқытудың компьютерлік технологиясы 24
3.5 Мектептің оқу ісінің меңгерушісінің автоматтандырылған 26
жұмыс орнын құру
4 Автоматтандырылған жұмыс орындарын құру теориясы 29
4.1 ДК негізінде АЖО принциптерінің анализі 29
4.2 АЖО-ның тілдік құралдары 31
4.3 АЖО-дың классификациясы 34
5 Бағдарламалау аймағын таңдау және негіздеу 38
5.1 Бағдарламалау аймағы 38
5.2 Қолданушы нұсқауы 40
5.3 Ақпараттық жүйені жобалау 46
5.4 Есептің қойылуын сипаттау 46
5.5 Деректер базасын жобалау 46
5.6 Мектеп қызметінің ақпараттық құрылымы 49
5.7 Бағдарламаның жылжу сұлбасы 50
6 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 55
7 Экономикалық тиімділік есебі 71
Қорытынды 76
Қолданылған әдебиет 77
Қосымша 79

Кіріспе

Білім беру реформасы – Қазақстан бәсекеге нақтылы қабілеттілігін
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, аса маңызды құралдардың бірі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты Қазақстан халқына
Жолдауында: Бізге экономикалық және қоғамдық жаңарту
қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Сондықтан
он екі жылдық оқуға көшу шеңберінде адамның өмір бойы білім алу үшін жағдай
туғызуымыз керек деп атап көрсеткен болатын.

Әлемдік білім кеңестігіне толығымен кірігу білім жүйесінің
халықаралық денгейде дамуын талап етуде. Сондықтан білім беру жүйесі, білім
берудің мақсаты, мазмұны, мен технологиялары ғылыми тұрғыдан зерттеліп,
егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру
кеңестігіне бағыт алуда.
ХХІ ғасыр қатаң бәсеке, ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезі.
Ақпараттандыру, жаһандану және интеграция ғасырында жаңа дүние үшін күрес
жолында білім беру бірінші кезекке қойылуда. Жалпы білім беретін
мектептердің бүгінгі жайы, даму бағыттары келешегінің көкжиектері бүкіл
қоғамның мемлекеттің назарында. Ауданның бiлiм беру жүйесi әлемдiк бiлiм
беру кеңестiгiне бағыт алып, осы талаптарға сәйкес жұмыс жасауда.
Елiмiздiң болашағы оқу бiлiмге байланысты. Тек бiлiмдi ұрпақ
ғана қоғамға қозғаушы күш болары анық.
Қазiргi таңда мұғалiмдердiң кәсiби бiлiктiлiгi жоғары
болмайынша оқушылырдың бiлiм сапасын өз деңгейiне көтеру мүмкiн
емес. Мектептегi оқу-тәрбие процесiн мектеп басшылары үнемi
бақылауда ұстап, мектепiшiлiк бақылау жасап отырады. Мектептегi
мұғалiмдердi бақылау басшыға байланысты. Мектеп басқарудағы
ұжымдық орган-педагогикалық кеңес. Алайда қазiргi таңда
педагогикалық кеңесте актуалды мәселелер қаралмай, ағымдағы
мәселелерге көбiрек мән беруде, бұл бiлiм сапасына әсерiн
тигiзуде. Сондықтан мектеп басшыларының жауапкершiлiгiн арттыруға
көңiл бөлiнуде.
Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңарту - Шығыс Қазақстан
облысындағы еңбек нарығы мен кәсіпорындарын отандық техникалық кадрлармен
және еңбек күшімен толықтыру қажеттілігіне орай индустриялық-инновациялық
даму міндеттері ауқымының өсуі мен күрделенуіне байланысты техникалық және
қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауда сапалы ұмтылыстың
қажеттілігінен туындайды. Техникалық және кәсіптік білім берудің тиімділігі
жоғары ұлттық жүйесін жасау ел экономикасының тұрақты өсуін, қазақстандық
қоғамдастықтың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі
факторларының бірі, техникалық және кәсіптік білімі бар мамндарды тұрақты
түрде жұмыспен қамтылып отырылуын қолдаудың тетігі болып табылады.
Бағдарлама білім берудің үздіксіздігін қамтамасыз ету, мемлекет,
бизнес және қызмет көрсету салаларының серпінді жобаларын іске асыру үшін
құзырлығын әрі іргелі білімі бар бәсекеге қабілетті кадрлар дайындау
бойынша мемлекет жүргізетін жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде кадрларды даярлау сапасын арттыру
арқылы олардың бәсеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін техникалық және
кәсіптік білімі бар кадрларды даярлаудың жаңа моделі енгізіледі.
Елбасының жыл сайынғы жолдауы маңызды құжат болып, бұл құжат
мазмұны әркімге де ой салады. Мен де ойланып, өзімше толғанамын.
Жолдауда маған әсер еткен мәселе ғылым мен білімге қатысты. Оның
биылғы жолдауда қамтылуын уақыт талап етіп отыр деп түсінемін.Себебі қай
елдің экономикасын дамытуда, халқының тұрмысын жақсартуда ғылым мен
білімнің ықпалы зор. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы
мұраттың бастысы - өзінің ісін жалғастыратын салауатты, саналы, білімді
ұрпақ өсіру. Еліміздің болашағы – жастар. Оларға дұрыс білім мен тәлім,
тәрбие бермей жақсылыққа кенелем деу бекершілік.
Республикамыздың алдында тұрған басты міндеттердің бірі -
әлемдік қауымдастықта Қазақстанның, оның экономикасы мен білімінің бәсекеге
қабілеттілігін арттыру. Аталған міндеттерді шешу Қазақстан Республикасының
2005-2010 жылдарға арналған білімді жетілдірудің мемлекеттік
бағдарламасында айқын көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында да білім беру жүйесіндегі мәселелерді шешу жолдары мен осы
тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері атап көрсетілген.
Қоғамдық қарым-қатынас жүйесіндегі өзгерістер өз кезегінде білім
беру ісіне ықпал етеді және тарихи кезеңнің ағымына сай жауап беруді талап
етеді және де тұтастай алғанда экономиканың даму қажеттіліктеріне сәйкес
келуі тиіс.
Қазақстандық білім беру жүйесін дамыту оның әлемдік білім беру
кеңістігіне кезең-кезеңмен енуіне жеткіліксіз болып келген бұрынғы білім
беру әдіснамасының, құрылымы мен мазмұнының жағдайында өтіп жатыр.
Білім беру саласының жай-күйін талдау бір жастан бес жасқа дейінгі
балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың ұйымдастырылған
бағдарламаларымен нашар қамтылғанын көрсетеді.

1 Сұрақтың қойылуы

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Автоматтандыру және басқару кафедрасы

БЕКІТЕМІН
Каф. меңгерушісі____________А.Д.Золотов
______________________2009 ж.
(күні) (айы)

Дипломдық жобаның тақырыбы – Мектептің меңгерушісінің АЖО жасау
Қазіргі жалпы білім беретін мектептегі оқытудың мазмұны фактология
күйінде қалып отыр, пәндік тәсілге негізделген мемлекеттік стандарттар
моральдық тұрғыдан ескірген. Оқушының даралығына бағдарланған білікті
көзқарас жоқ. Мектепте оқу оқушының өмірлік жолын, мүдделері мен
перспективаларын таңдауға нақты дәлелдемелер бермейді. Жоғарғы сынып
оқушыларының көпшілігі өздерінің қандай мамандыққа икемді екендіктерін,
біле бермейді.
Соңғы бес жылдағы ЮНЕСКО-ның зерттеулері мен жалпы білім беретін
мектеп бітірушілерді тестілеудің нәтижелері білім сапасының ұдайы төмендеп
келе жатқанын көрсетеді.
Орта білім берудің жоғары сатыларында кәсібилендірудің
жеткіліксіздігінен мектеп бітірушілер еңбек рыногында талап етілмей отыр.
Жаңа жүзжылдықтың басында елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруы
тұтастай алғанда білім беру жүйесіне оң әсерін тигізді. Жаңа мектептер салу
істері жандандырылда. Білім беру ұйымдарының материалдық техникалық базасын
нығайтуға қаражат бөліне бастағанмен, бұл білім беру жүйесіндегі жағдайды
түбегейлі өзгертуге жеткіліксіз болып отыр.
Осы жоғарыда атап көрсетілген кемшіліктер Тұжырымдамаға енгізіліп,
оларды іске асыру жолдары жөніндегі бағдарлама әзірленетіндігі айтылған.
Оқыту процесі үнемі елдің экономикалық дамуымен тікелей байланысты
болады.
Қазіргі заманда білім әлемінде болып жатқан революция оның адам
өміріндегі алатын орнын өзгертті. Оған негіз болатын қазіргі өзгеріп жатқан
технология мен ақпарат ағымдарының қарқынды дамуы, адамның алған білімі мен
мамандығының тез ескіріп, сәйкессіз болып қалуы. Сонымен бірге орта және
шағын бизнес түрлерінің дамуы, осы саладағы мамандарға деген сұраныс
туғызуда. Мұнда мамандарға қойылатын басты талаптар – кәсіби саналығы,
жұмысқа қабілеттілігі және біліктілігі. Кадрлар даярлау және әртүрлі оқу
курстары көбейгенімен, керісінше техникалық, құрылыс, ауыл шаруашылығы
саласына жетіспейтіні байқалады.
Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне бірінші кезектегі
міндеті жоғары білікті мамандарды оздыра даярлау болып табылатын, оны
айрықша сала ретінде түсінуді көздейтін жаңа сапа мен қоғамдық мәртебе,
икемділік пен бейімділік беру қажет.
Келесі кезекте мамандарды даярлау үшін оқу орындарын өз дәрежесіне сай
материалдық-техникалық базамен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз
ету жағдайы талапқа сай ма деген сұрақ туындайды. Жасыратыны жоқ, қазіргі
жағдайда көптеген оқу орындарында кәсіптік білім беру мәз емес. Өйткені,
материалдық-техникалық база сын көтермейді. Оқу-әдістемелік құралдар
ескірген, жаңа әдістемеліктер қоры жетіспейді.
Мектептегі балалардың өзін оқулықтармен толық қамтамасыз етілуі
орындалмай отыр. Жаңа оқулықтар балаларға жетіспейді және де уақтылы
дүкенге түспей кешігіп қолға тиеді. Қыркүйек айының ортасына дейін кейде
тіпті бір тоқсан біткеннен соң оқулықтар келіп жатады. Бұның өзі оқытудың
сапасына өз ықпалын тигізбей қоймайды. Биылғы жылы 7-сыныптар үшін
шығарылған математика (авторы Шыныбеков) кітабы балалардың үш пайызында
ғана болғандықтан ескі оқулықпен оқытуға тура келді. Сонымен қоса, мектеп
оқушылары үшiн әрбiр кабинетте бiр-бiрден компьютер және талапқа сай
мултимедиялық кабинеттердiң болуы, оқушы басына шаққанда ең құрығанда бес
адамға бiр компьтерден болса бiлiм деңгейiнiң көтерiлуiне бiр септiгiн
тигiзер едi. Ал қазiр мектептерде жүзден аса балаға бiр компьютер сай келiп
отыр. Мектептегі материалдық-техникалық базаны және оқулықпен оқушыларды
толық қамтамасыз етпестен білім туралы сөз болуы мүмкін емес екені
барлығымызға да белгілі. Бірақ қазіргі заман талабына сай жеке тұлғаны
қалыптастыру үшін осындай мәселелер уақтылы өз шешімін тауып, Тұжырымдамада
жоспарланған жұмыстар іске асырылса біз мұғалімдерге де әрі қарай жұмыс
істеуімізге оң әсерін тигізері сөзсіз деп ойлаймын.
Қай замандарда да мектеп қоғамының әлеуметтік, экономикалық
және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған.
Республикамызда соңғы жылдары оқыту процесін ізгілендіру оның
практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды.
Оларды инновациялық
процесс, немесе педагогикалық жаңалықтарды енгізу деп жүрміз.
Қазіргі уақытта 12 жылдық білім беретін мектептің бағдарламасы ғылыми-
педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық жетістіктерге байланысты күрделене
түсті. Оқу материалы ғылымилана, нақтылана, өздігінше адам ресурстарының
мәселелерін шешуге бағытталған тұста мектеп пен мұғалім үшін қоғам алдында
жауапты кезең келді. Жалпы орта мектептен алынған білім одан әрі дамып, әрі
қарай оқуға ұмтылуға талпынғанда ғана өз нәтижесін бермек, яғни оқушы
бойында өзінше белсенді ой тұжырымын жасауға үйрету, қалыптастыру дамытып
оқыту жүйесінің үлесінде. Оқуға, білімге деген құштарлық жеке тұлға
тәрбиесінің интелектуалдық ерік-жігерінің даму деңгейін көрсетеді.
Қазақстанда 12 жылдық білім беруге көшуді 6 жастан бастау көзделеді,
бұл жас мектепте білім алуға неғұрлым қолайлы, адам дамуының физиологиялық
ерешеліктеріне сәйкес деп есептелінеді. Бастауыш мектепте оқу жүктемесін
ұлғайтпай-ақ, шетел тілі мен информатика негіздері енгізіледі. Негізгі
мектепте базалық білім беру 10-сыныпта аяқталады.,біріктірілген
курстар,алдын-ала бейіндік даярлау енгізіледі.
11-12 сыныптарда әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми және
техникалық бағыттар бойынша бейіндік даярлау алдындағы жұмыстар міндетті
болып есептелінеді. Тұжырымдамаға сәйкес колледждерде осы
деңгейде білім алу үшін жастар 12 жылдық білім алғаннан кейін ғана
қабылданатын болады. Осы деңгейдегі білім беру бағдарламалары
университеттердің бакалаврлық бағдарламаларымен сәйкес келеді. Диплом оқу
бітірушіге екі жылдан кейін беріледі, ол егер бітіруші бейін бойынша оқуға
түсетін болса, жоғары оқу орнының үшінші курсынан бастап оқуын бірден
жалғастыруына немесе алған мамандығы бойынша жұмысқа тұруға мүмкіндік
береді.
Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-
машыққа қол жеткізу ғана емес, солар негізінде жеке, әлеуметтік және кәсіби
біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану,
жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу
болып табылады.
Бүгiнгi күнде жалпы орта бiлiм беретiн мектеп – жаңа қоғам мектебi,
болашақ мектебi, яғни мәдени саналы, халықтық мәдениетке интеграцияланған,
жеке бағыттылық, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын
және өзiн-өзi тануына көмек көрсететiн, физикалық және рухани жағынан
экологиялық таза, iзгiлендiрiлген, өмiрге, дүниеге тiк қарай алатын
қоршаған ортамен жүйелi байланыс түзетiн, бiлiмнiң жаңа мазмұнымен
байланысқан, әлеуметтiк өмiрге бейiмделген, бәсекеге қабiлеттi ұрпақ
өсiрiп, дамытып, жетiлдiретiн мектеп болуға тиiс. Мұндай өнiмдi нәтижелi,
сапалы бiлiм беретiн мектеп бүгiнгi күнде өзiндiк мектеп реформасын қажет
етедi. Сондықтан да мектеп реформасы тек мектептің басқару жүйесі мен оқыту
процесін ғана қамтып қоймай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімдері мен
қызметкерлерінің (мектеп кітапханасы, мектеп асханасы, сабақ кестесі,
сыныптар және т.б.) де түгелімен өзін-өзі жаңа бағытқа қарай кәсіби
шеберлігін күнделікті ұштауын талап етеді. Болашақтағы үлгілі мектептің
орнығуына байланысты онда білім беретін мұғалімдер де, олардың кәсіптік
сапарлары мен педагогикалық қызметіне ерекше өзгерістер енгізуді қажет деп
санайды.
Бүгінгі күнде мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру
турасында әрбір өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген
мұғалім, білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын түгел меңгермей бала
дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан білімнің жаңа
үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол мұғалім
шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметтің
барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп-меңгеруге ынталы, өзінің жетік
меңгерген кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі,
парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында
шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім
болуы керек.

Орындаушы ____________ Мухаметов Е.
(қолы)
(аты-жөні)
Дипломдық жоба жетекшісі ____________ Мадиев Т.Б.

(қолы) (аты-жөні)

2 Техникалық- экономикалық негіздеме

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың
біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып
отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру
туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау
қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін
ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша
тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім
беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық
сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты
қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне
айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге
асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы
бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.
Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол
мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен
дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай
қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту програм-масының тек
сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің
сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспсриментті бояулы суреттермен,
сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына
да пайдалануға болады.
Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык
мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады.
Мұндай мәліметтерге физикалык формулалар, физикалык шамалардьң өлшем
бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалык кұбылыстардың
динамикалык бейнесі, тәжірибеге арналған кұрылғылардың тізімі, аспаптардың
сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар
өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды
жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып
отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык
жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын
калыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Жаңа акпараттық технология кұралдарын информатика пәнінің
кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык,
интеллектуалдык қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу
дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық
мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда,
оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу
техникасымен жұмыс жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын
қалыптастырады:
- өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
- құбылыстарға модельдер кұра біледі.
Программалауды оқыту оқушылардың логикалық қабілетін дамытады, бақылау
мен өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, оқушылардъң еңбек ету мен дағдысының
жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға
мүмкіндік туғызады.
Мақсаты:
־ ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу процесіне енгізу жағдайында
тұжырымдамалық негізін жасақтау және оны жүйелеу;
־ мазмұндық, процессуальдық және бағалау компоненттері негізінде мазмұны
мен оған сәйкес таңдалынатын педагог мамандардың категорияларын таңдауды
болжау;
־ білім беруді ақпараттандыру жағдайына педагог мамандардың біліктілігін
көтеру.
Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді қарастырамыз:
־ білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған
сәйкес мазмұнын анықтау;
־ педагог мамандардың ақпараттық-коммуникациялық пайдалана алу дайындығын
анықтайтын белгілер мен көрсеткіштерді жасақтау және олардың ақпараттық
құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін зерттеу.
־ педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз
қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасақтау.
־ ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім мекемелерінің оқу
процесіне енгізу бойынша педагог мамандардың іс-тәжірибесін тарату.

Программалық қамсыздандыруды жасауға кеткен шығындар сметасына кіреді:
материалдық шығындар, құрастырушылардың қосымша еңбек ақысы, негізгі еңбек
ақы, 25000 тенге айына;, әлеуметтік салық бойынша аударымдар, программаны
жасау және күйлеуге кеткен машиналық уақыт, накладной шығындар
(құрастырушының негізгі еңбек ақысының 20%-ы).
1 Материалды шығындарға қағаз және басқа материалдардың құны шығады.
Материалдар бойынша барлығы = 2000 тенге.
2 Құрастырушылардың негізгі еңбек ақысы келесі формуламен анықталады
Зосн = 30 ∙ 1137 = 34110 тенге
3 Әлеуметтік салық бойынша аударымдар 20%
Аударымдар = (34110+6822)∙20% = 8186 тенге.
Программаны енгізуге дейінгі тиімді қор келесі формуламен анықталады
Тэф.сағ=Тэф.д*Тсм = 8*250 = 2000 сағ
Осы программаны енгізгеннен кейін орындалатын жұмыстар саны күніне 1
сағатқа қысқарды.
Программалық қамсыздандыруды енгізгеннен кейінгі жұмыс уақытының
тиімді қоры келесі формуламен анықталады:

Тэф.сағ. = (8-1)*250=1750 сағ.
Енгізілетін программаның ақтау мерзімі келесі формуламен анықталады:

(7.10)
Экономикалық тиімділік есебінің көрсеткіштері енгізілетін программаның
тиімді екенін көрсетеді:
3 Аналитикалық бөлім
3.1 Оқытудың ақпараттық технологиялары және білім беру жүйесінде
қолданудың негізгі проблемалары

Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін
арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық
құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық
желілер).
Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін
жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын
бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру
үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – оқушыларды ақпараттық
қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне
толық, тиімді араластыру болып табылады.
Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.

־ Тұтынушының қолдану сапасында
־ Нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық технологияларды
жасаушы сапасында.
Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені
ақпарат беру – бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық
технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет
атқарады.
Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында нақ осы білім
қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындалды,
олар оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды. Бұл –
жүйелердің негізгі түрлері болып табылады.

־ Компьютерлік бағдарламаланған оқыту – бұл сәйкесінше, компьютерлік
бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге
асыратын технология;
־ Материалды компьютердің көмегімен оқу – оқушының жаңа материалды әр
түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын
болжайды. Бұл жерде оқу іс-әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу
нұсқауларының жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық
оқыту әдісінің мәнін ашады;
־ Материалды компьютер қоры негізінде оқу – алдыңғы технологиялар,
технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар,
аудио және видеожазбалар және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса,
мұнда бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын
арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі;
־ Компьютер қорымен оқыту – білім берудің барлық мүмкін боларлық
формаларын қолдану (мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда
айтылғандармен сәйкес келеді;
־ Компьютердің көмегімен бағалау – өз бетінше оқыту технологиясы деп
қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып
кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда
қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге
тәуелсіз;
־ Компьютерлік коммуникация – білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз
ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы
болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерді
қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу
орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің
мүмкіндіктерін көрсетеді.
Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің
шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық
және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен,
оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі
керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары
және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына – ақпараттық
білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады.
Оқытудың ақпараттық технологиясында қолданылатын бағдарламаны
қамтамасыз етуді бірнеше категорияға бөлуге болады:
־ Оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер;
־ Ақпарат іздеу жүйесі;
־ Модельдеу бағдарламалары, микромирлер;
־ Танымдық сипаттағы инструменттік құралдар;
־ Әмбебап сипаттағы инструменттік құралдар;
־ Коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған инструменттік құралдар.
Модельдеу бағдарламалары мен микромирлер – бұл ерекше аз
мамандандырылған бағдарламалар, оларды компьютерде арнайы қолдану және оның
кейбір мәселелерін зерттеуге тура келеді.
Инструменттік құралдар деп – жаңа электрондық ресурстар жасауды
қамтамасыз ететін бағдарламаларды атайды:
־ әр түрлі форматты файлдар;
־ мәліметтер қоры;
־ бағдарламалық модульдер;
־ жекелеген бағдарламалар мен бағдарламалар жиыны.
Мұндай құралдар пәндік-бағытта болуы мүмкін, сол секілді нақты
міндеттер ерекшелігі мен қолдану саласына тәуелді болмауы да мүмкін. Білім
үрдісінде қолдануға негізделетін бағдарламалық құралдарда сақталатын
негізгі талаптар – бұл жеңілдік пен табиғилық, оқушының оқу материалымен
жеңіл танысуына мүмкіндік жасау. Бағдарламаларға сай келетін талаптар мен
сипаттамаларды HCI (ағылшын тілінде “Human – Computer Interface” –
Интерфейс-адам-компьютер) аббревиатурасымен белгілеу қабылданған. Бұл
сөзбе-сөз аударуды адаммен сұхбаттасуға арналған компьютерлік
бағдарламалар деп түсінуге болады.
Білімді ақпараттандыру жағдайында болып жатқан кемшіліктерге
қарамастан, оны ақпараттық революция деп атауға болады, өйткені қол
жетерлік табыстар мыналар:
־ ақпаратты ұсынудың жаңа формасы. Қызықты, жанды немесе алдын ала
жазылған мультимедиалық ақпарат тек текстен емес, графикалық бейнелерден,
анимациядан, дыбыстан және видеоүзінділерден құралып, Internet желісі
арқылы беріледі немесе басқа телекоммуникациялық құралдар арқылы компакт-
дискілерге жазылады;
־ жаңа кітапханалар. Интеллектуальдық ресурстар көлемі және табыстары
өседі. Internet злектрондық кітапхана каталогтарымен бірігіп, жер
қашықтығы мен уақыт айырмашылығына қарамастан, зор ақпараттар көлемін
жинауға қол жеткізеді. Әрине, мұндай кітапханалар онда сақталатын
ақпараттарға толық жол аша бермейді;
־ оқу сабақтарының жаңа формалары. Студенттер мен оқытушылардың виртуальды
семинарлар және лабораториялар режімінде бірігіп жұмыс жасауы, сонымен
бірге жаңа синхрондық мүмкіндік пайда болды. Бірқатар студенттер үшін
мұндай жұмыс формалары анағұрлым ыңғайлы, өйткені дәстүрлі оқытуға
қарағанда, оларға өз мүмкіндіктеріне қарай, өздеріне қолайлы графикпен
жұмыс жасау және артық ескертулермен кездеспей отырып ашу қызықты;
־ білімнің жаңа құрылымы. Бүгінгі күні білім жүйесіне жаңа құрылым беру
үшін телекоммуникация жүйелерімен толықтырылуы қажет, сонымен қатар білім
үрдісіне ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізуде жоғары
біліктілікке ие мамандар керек.
Көбінесе қашықтан оқыту бағдарламалары оған барынша мол қол жеткізуге
мақсатталған және оқыту сапасына аса анық емес талаптар қояды. Мұндай
бағдарламаның білім сапасын жетілдіруі үшін орындауы міндетті талаптар
қатарын құрастыруға болады:
־ сапасы мен мүмкіндігі жоғары білім кеңістігін құру, кәдімгі оқу орындары
ұсынатын мүмкіндіктерден жоғары білім ортасын жасау;
־ Internet желісінде әмбебап компьютерлік кітапхана құру, кез келген
уақытта қолданушыға қол жеткізерлік және кәдімгі кітапханаға көлемді
ақпарат беруі тиіс;
־ желі бойынша педагогтармен қарым-қатынас ұйымдастыру;
־ оқытушының да, оқушының да білімін компьютермен тексеру жүйесін жасау.
Төмендегідей базалық шарттар сақталған жағдайда сапалы білімге қол
жеткізуге болады:
־ қымбат тұратын технологиялар мен бағдарлама өнімдерін қолдану;
־ іштей және қашықтан оқыту түрлерін біріктіру;
־ қажетті ақпараттық ресурстарды табуды жеңілдететін толық каталогтар
жасау.

3.2 Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлықты қалыптастырудың
дидактикалық мүмкіндіктері

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың
біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып
отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру
туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау
қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін
ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша
тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім
беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық
сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты
қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне
айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге
асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы
бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.
Психологиялық-педагогикалық ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес
болашақ педагогтарының жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы
тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, педагог мамандардың өздерінің белсене
қызмет ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат
мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол
жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек.
Осыған байланысты педагог мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу
қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады.

Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен
байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын
өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың
негізгі субъектісі - мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс
қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген,
мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог-
психолог және оку процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек.
Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселелеріне талдау
жасасақ, психологияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан
психологиялық-педагогикалық, әдістемелік мәселелер туындайды.
Орта мектепте информатиканың жеке пән болып оқытылуы, көптеген
педагогикалык ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының
жандана түсуіне алып келді. Информатиканың қазіргі қоғамдағы алатын орнын,
ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген
ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі заманғы оқыту интелектуалдык ерекшеліктеріне сүйене отырып
білім беруді кажет етеді..
Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол
мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен
дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай
қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту програм-масының тек
сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің
сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспсриментті бояулы суреттермен,
сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына
да пайдалануға болады.
Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык
мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады.
Мұндай мәліметтерге физикалык формулалар, физикалык шамалардьң өлшем
бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалык кұбылыстардың
динамикалык бейнесі, тәжірибеге арналған кұрылғылардың тізімі, аспаптардың
сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар
өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды
жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып
отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык
жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын
калыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Жаңа акпараттық технология кұралдарын информатика пәнінің
кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык,
интеллектуалдык қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу
дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық
мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда,
оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу
техникасымен жұмыс жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын
қалыптастырады:
- өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
- құбылыстарға модельдер кұра біледі.
Программалауды оқыту оқушылардың логикалық қабілетін дамытады, бақылау
мен өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, оқушылардъң еңбек ету мен дағдысының
жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға
мүмкіндік туғызады.
Мақсаты:
־ ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу процесіне енгізу жағдайында
тұжырымдамалық негізін жасақтау және оны жүйелеу;
־ мазмұндық, процессуальдық және бағалау компоненттері негізінде мазмұны
мен оған сәйкес таңдалынатын педагог мамандардың категорияларын таңдауды
болжау;
־ білім беруді ақпараттандыру жағдайына педагог мамандардың біліктілігін
көтеру.
Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді қарастырамыз:
־ білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған
сәйкес мазмұнын анықтау;
־ педагог мамандардың ақпараттық-коммуникациялық пайдалана алу дайындығын
анықтайтын белгілер мен көрсеткіштерді жасақтау және олардың ақпараттық
құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін зерттеу.
־ педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз
қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасақтау.
־ ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім мекемелерінің оқу
процесіне енгізу бойынша педагог мамандардың іс-тәжірибесін тарату.

3.2.1 Бiлiм беру қызметкерлерiнiң ақпараттық технологияны қолдану саласы
бойынша бiлiктiлiгiн көтеруді дамытудың негiзгi жолдары

Бiлiм берудi ақпараттандыру процесi пән мұғалiмдерiне, әдiскерлерге,
бiлiм мекемелерiн басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз
қызметтерiне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.
Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың
Мемлекеттiк бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде
мамандардың осы сала бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау
қарастырылған. Аталған мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында мамандардың
бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау бойынша курс тақырыптарының мазмұны
өзгертiлiп, жаңаланды. Оның негiзгi мазмұны бiлiм беру мекемелерiнiң
қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн жаңа ақпараттық технологияны пайдалану
бойынша жетiлдiруге, басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыруға сай
мамандарды жан-жақты даярлауға бағытталған.
Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгенiндей, кез келген мұғалiм мен әкiмшiлiктiң
өз қызметтерiне компьютердi пайдалануы олардың әлемдiк ақпараттық
кеңiстiкке енуде ақпараттық мәдениетiнiң қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен
бiрге, бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды оқу процесiне
пайдалану оқушылардың мектеп пәндерiн игеруде қызығушылықтарын арттыруда.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесiне пайдалану
оның келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:
־ оқушының дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру
арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және
оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;
־ оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық-iс-
әрекеттiк компьютерлiк ойындар және т.б.);
־ проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану
арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;
־ жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер,
телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа-технология) пайдалану
арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.
Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мiндеттерiн шешуде оқу процесiнде
ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесi
мүмкiндiктерi ұсынылады:

־ ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм мекемелерiнiң
мамандарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру: информатика, ақпараттық және
желiлiк технологиялар саласы бойынша жаңа бiлiмдер алу;
־ информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау;
־ бiлiм беру жүйесiн басқару мамандарын және пән мұғалiмдерiн жаңа
ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге үйрету;
־ информатика пәнiн оқытудың көкейкестi мәселелерi бойынша информатика
мұғалiмдерi үшiн стажировка өткiзу және оны ұйымдастыру;
־ арақашықтықтан оқыту формаларына мұғалiмдердiң қызметiн бағыттау;
־ облыстағы бiлiм беру мекемелерiн ақпараттандырудың ғылыми-әдiстемелiк
бағыт бойынша жетекшiлiк ету;
־ облыстың бiртұтас бiлiмдiк желiсiнiң ақпараттық ресрустарын
қалыптастыру;
־ оқу процесi мен ғылыми-әдiстемелiк жұмыстарға жаңа ақпараттық
технологияны қолдану негiзiнде олардың озық тәжiрибелерiн тарату.
Бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң жаңа ақпараттық технологияны
меңгерту саласы бойынша бiлiктiлiгiн көтерудің даярлау мiндеттерiн шешуде
институт көлемiнде осы сала бағытында өткiзiлетiн курстарды сабақтастыру
процесi жүзеге асырылуда.
Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технология негiзiнде
дайындауда келесi қағидалар негiзге алынған:
־ вариативтiлiк — әрбiр бiлiм беру қызметкерлерiнiң жасақтаған
материалдарына сәйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн бағыттайды;
־ болашаққа негiзделген — күтiлетiн нәтиженi анықтайтын кезеңдiк
бағдарламалардың бағытын орнықтырады және жеке тұлғаға бағытталған
курстың жалпылама мақсатын анықтайды;
־ рефлексивтi-креативтi — жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту
бiлiмдерiн ұйымдастыруда курстың бағыты даралық-шығармашылық негiзге
бағытталуы қажет;
־ эргономикалық — нақтылы мәселелердi үйренуге қажеттi уақыт мөлшерi талап
етiледi;
־ iзгiлiктiлiк — бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап етедi,
бiлiктiлiктi көтеру жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы нәтижесiн анықтау;
־ тәжiрибеге бағытталған — оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде оқытушылардың
тәжiрибесi қолдану идеясы жүзеге асырылады және нақытлы iс-әрекеттер
бойынша тыңдаушылардың танымдық процестерiнiң өзара байланыстылығы мен
олардың жеке тұлға ретiнде қалыптасу деңгейi анықталады;
־ жекелеген консультация беру - тыңдаушыларға консультация беру
ұсынылады. Ол мына бағытта жүргiзiледi: әрбiр тыңдаушының өзiндiк
ерекшелiгiн ескере отырып қойылған нәтижелерге жетуге байланысты
игерiлетiн мәселелердiң мазмұны мен оған қолданылатын тиiмдi әдiс-
тәсiлдер.
Бiлiм беру қызметкерлерiн қайта даярлау практикалық және жобалық
сипатты анықтайды. Ол ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолдану
тәжiрибесi, сабақты ақпараттық ортаға бейiмдеп, жобалау және т.б.
жұмыстарды қамтиды.
Жаңа ақпараттық технологиясына дайындау мынадай екi негiзгi модуль
бойынша құрастырылған: “Педагогтың ақпараттық құзырлығы” және “Оқытудағы
ақпараттық технологиялар”.
Ақпараттық мәдениеттi дамыту қазiргi педагогтың ақпараттық құзырлығына
қойылатын талаптарына сай анықталады:
1. қазiргi бiлiм беру жүйесiндегi ақпараттық кеңiстiк туралы бiртұтас
түсiнiктi қалыптастыру (бүкiләлемдiк ақпараттық ресурстарға бағдарлау,
ақпараттарды iздеу алгоритмi мен ақпараттарды аналитикалық-синтетикалық
тұрғыдан өңдеу әдiстерiн меңгерту).
2. ақпараттық (дербес жағдайда, компьютерлiк) сауаттылық: оқу-
әдiстемелiк, озық тәжiрибелердi зерттеу, ғылыми-зерттеу нәтижелерiн
түрлендiру мен технологияларды қолдану әдiстерiн меңгерту; қолданбалы
программалық құралдарды меңгерту; жаңа программалық құралдарды меңгерту.
3. Өз қызметтерiн жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн
пайдалану: жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерi туралы бiлiм;
коммуникациялық қызметтердi пайдалану дағдысы; бiлiм беру процесiнiң
ерекшелiктерiн ескере отырып, педагогикалық программалық құралдарды қолдану
және оларды өз қызметтерiмiзге сәйкес бейiмдеп пайдалану.

3.3 Ақпараттық технологиялар: қамданған қапы қалмайды!
3.3.1 Тақырыпқа тамызық

Үстіміздегі жылы елімізде ақпараттық технологияларды енгізу
мәселелері жәмиғат талқысына түскен айтулы екі оқиға орын алды.
Соның алғашқысы-наурыз айында шақырылған ақпараттық технологиялар (ІТ)
компаниялары мен софтверлік компаниялардың республикалық Ассоциациялары
шақырған Қазақстан IT кәсіпорындарының бірінші сьезі. Сьезді шақыру
қажеттігі ақпараттық технологияларды енгізу мәселелерінде қалыптасып
отырған ахуалдан және Елбасы бәсекеге қабілетті экономика құру және
еліміздің ІТ индустриясын дамыту жөнінде алға қойып отырған міндеттерден
туындады.
Екінші оқиға-посткеңестік кеңістіктегі интернеттің даму проблемалары
бойынша маусым айында Алматыда өткен алғашқы Интернет-Балама-2008
Халықаралық конференциясы. Оған Қазақстанның, Ресей мен Қырғызстанның
ақпараттық компанияларының, жарнама және маркетингтік агенттіктерінің
өкілдері қатысып, мемлекеттік құрылымдар, коммерциялық емес ұйымдар мен
бизнес арасындағы сындарлы сұхбат орнату мәселелерін талқыға салды.
Осы аталған шараларды ұйымдастырып, өткізуге белгілі математик-
ғалым, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, BIMASH
компаниясының бас директоры Еркін Рамазанұлы Сүлейменов мұрындық болды.
Еркін Сүлейменов, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі,
Софтверлік компаниялардың қазақстандық ассоциациясының президенті: IT-
бизнес өкілдерінің ортақ міндеттерді шешу жолында топтасып, бірігуі,
отандық ІТ индустриясын дамыту жөнінде Үкімет пен ІТ-кәсіпорындарға
ұсыныстар әзірлеу, Мемлекет басшысына үндеу қабылдау сияқты өзекті
мәселелер ақпараттық технологиялар компанияларының бірінші сьезін шақырудың
негізгі мақсаттары болды.
ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы әлемдік экономиканың дамуы
ақпараттық технологиялар рөлінің қоғамдық қызметтің барлық салаларындағы
өсіп отыруымен сипатталады. Міне сондықтан да бәсекеге қабілетті
экономиканы құру міндетін шешу отандық ІТ индустриясын дамытуды қамтамасыз
етпейінше мүмкін болмақ емес.
Экономикалық бұлқыныс жасаған және әлемдік экономикаға белсенді
түрде кірігіп жатқан көптеген елдер (Үндістан, Ирландия, т.б.) кезінде ІТ
индустриясын дамытуға ден қойды. Ақпараттық технологияларды басым дамыту
жөнінде стратегиялық шешім қабылдаған бұл елдер өз заңдарын халықаралық
практикамен үйлестіруді жүзеге асырып, экспортты салықтық ынталандыру; ІТ
индустриясы өнімдері импортын ырықтандыру, технологиялы компанияларды
белгілі бір мерзімге табыс салығынан босату, софтверлік компаниялар үшін
өзге де ерекше салық жеңілдіктерін енгізу жөнінде нормативтік-құқықтық
актілер қабылдады.
Қазақстан шикізаттық экономикадан инновациялық экономикаға көшу
жөнінде бағыт алатынын жариялағанына қарамастан, отандық ІТ саласын дамыту
жөнінде нақты саясат ұстанбай отыр. Бір орында шиырлау, ІТ-бизнестің
бағдарсыз дамуы, мемлекеттік тапсырысқа тәуелділік, рыногымызға енуі
ұлғайып отырған шетелдік компаниялармен бәсекеде әлсіздік, шенеуніктердің
жолсыздығы алдындағы дәрменсіздік осының салдары.
Қазір Қазақстанда ақпараттық-коммуникациялық технологияларға
қатысты бірқатар бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда: олар-
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы, телекоммуникацияны дамыту,
электрондық үкімет, ақпараттық теңсіздікті кеміту бағдарламалары. Бұлардың
ешқайсысы да ІТ саласының түйінді мәселелерін шешіп бере алмайды. Осы
олқылықтың орынын толтыратын мезгіл жетті, сондықтан да ІТ саласының дамыту
бағдарламасын және Электрондық Қазақстанды қалыптастырудың біртұтас
тұжырымдамасын жасау қажет болмақ.
Қазақстан ІТ саласының түйінді мәселелері мыналар: еліміздің ІТ
инфрақұрылымының нашар дамуы; саланы дамыту бағдарламасының және оның
дамуына жауап беретін мемлекеттік органның болмауы; рыногымызға белсенді
түрде еніп жатқан шетелдік компаниялармен салыстырғанда отандық ІТ саласы
кәсіпорындарының бәсекеге қабілетсіздігі; толып жатқан әкімшілік
кедергілердің болуы; саланың заңдық және нормативтік-құқықтық базасының
әлсіздігі; ІТ саласының проблемаларына, соның ішінде Мемлекет басшысы
елімізді индустриялық-инновациялық дамыту жөнінде алға қойған міндеттерді
шешу мәселесіне мемлекеттік құрылымдар тарапынан назар бөлінбеуі және
басқалар.
Еліміздің қазіргі заманғы ақпараттық технологиялары саласын табысты
дамыту үшін мына төмендегідей шараларды жүзеге асырған жөн, нақтылап айтсақ
ІТ саласы дамуының басымдығын анықтауда ақпараттық технологияларға қатысы
бар қолданымдағы бағдарламалық құжаттарға толықтырулар енгізу, саланы
дамытудың қысқа мерзімдік бағдарламасын қабылдау, ІТ саласын дамытуға жауап
беретін мемлекеттік органды анықтау және оған қажетті ресурстар беру, ІТ-
кәсіпорындардың инвестицияларға жолын ашу үшін инвестициялау тетіктерін
елеулі түрде жақсарту және кеңейту, сала кәсіпорындарына преференциялар
беру жөнінде Салық және Кеден кодекстеріне өзегертулер қабылдау,
ақпараттандырудың осы саласында зияткерлік меншікті қорғауды заңды түрде
қамтамасыз ету және қарақшылықпен дәйекті түрде күресу, сала алдында
тұрған міндеттерді шешуге қабілетті отандық ІТ-кәсіпорындар мен ІТ-
мамандардар құрамын мақсатты түрде қалыптастыру, ІТ-саласының дамуы
саясатының негізгі ережелерін тұжырымдауға салалық бизнес өкілдерінің
қатысуын жандандыру, ақпараттық технологиялардың импорты мен экспорты
үдерісінде кездесетін әкімшілік кедергілерді жою қажет.
Сьезд жұмысына ІТ-қоғамдастықтың өкілдері ғана емес, сондай-ақ
мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің, ұлттық компаниялардың, банк-қаржы
жүйесінің және жетекші вендорлардың өкілдері қатысқандықтан, сөзіміз жерде
қалмайды деп санаймыз.
Ал, Интернет-Балама-2008 Халықаралық конференциясы да саланың
өзекті мәселері көтерілген келелі мәжіліс болды. Конференцияда еліміздегі
халық саны 15 620 615 адам екендігі, оның 1 869 000-ы интернетті
пайдаланатыны, бұл әлемдегі 220 елдің ішіндегі 76 орынға сәйкес
келетіндігі, соңғы жылдары қазақ тілді интернеттің дамып келе жатқандығы
атап өтілді. Сөз алған шешендердің пікірінше, Қазақстанда және өзге де
посткеңестік елдерде интернет коммуникация және ақпарат жеткізу құралы
ретінде ғана қарастырылып келеді. Ал, шынтуайтында ол жедел дамып отырған
әлеуметтік-экономикалық феномен болып табылады. Бүгінде интернет
мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлік құрылымдар мен жұртшылықтың арасындағы
дәнекер іспетті. Интернетті өмірге кеңінен енгізудің аса маңызды қырларының
қатарында қазақ тілін дамыту мәселесі де тұр. Мемлекеттік тіл басымдығының
әлеуметтік-мәдени маңызы бар.
Конференцияның Интернеттегі соңғы технологиялар, Интернет тұтынуға
мүмкіндік беретін технологиялар, БАҚ және әлеуметтік желілер, Медиа-
өлшем, Интернеттегі жарнама сияқты секцияларында ақпараттық
технологияларға қатысты қызғылықты деректер келтірілді. Ал, Интернеттегі
қазақ тілі тақырыбы бойынша баяндамалар мен жарыссөздің қатысушылардың зор
ынтасын аударғанын атап өту қажет. Начнем с понедельника республикалық
апталығының бас директоры, жазушы Дидар Амантай жүргізген бұл секцияда Жас
қазақ газетінің жауапты хатшысы Асхат Еркімбай Қазақ тіліндегі блогтар
мәселесін көтерді, ал мен Мемлекеттік тіл порталы тақырыбына баяндама
жасадым. Порталдың басты мақсаты–пайдаланушыларға әртүрлі тақырыптар мен
бағыттардағы электрондық сөздіктер, оқыту бағдарламалары мен тестілер,
терминологиялық қызмет көрсету құралдарын, қазақ тілінің ұлттық корпусын,
энциклопедиялар ұсыну болып табылады.
Мемлекеттік тіліміздің қазіргі ақпараттық технология негізіндегі
даму бағдарламасы тұжырымдамасының негізіне соңғы он жылдықтағы екі басты
технологиялық үздік жетістік алынған, ол – WEB және интернет-қызмет
көрсетуді интеграциялау. Бұл технология қазақ тілінің дамуы мен
кемелденуінде үлкен рөл атқарады, қоғамдық өміріміздің барлық салаларында
кең таралуына аса күшті серпін береді, бұл үдеріске қарапайым
пайдаланушылар мен талапкерлерден бастап мамандар мен құзыретті
сарапшыларға дейінгі жалпы жамиғатты қатыстыру жолымен жүзеге асыруды
көздейді.
Порталда мынадай тілдік қызметтер көрсетіледі: үлкен қазақша-орысша-
ағылшынша сөздік қазақ,орыс, ағылшын тілдері шеңберінде кез-келген
бағыттағы аударманы ұсынса, көпсалалы терминдік сөздіктер
ғылым салалары мен қоғамдық қызмет салаларынан арнайы терминдерді
сипаттауға арналған, фразеологиялық және орфографиялық сөздіктер қазақ
тіліндегі сөздер мен фразеологизмдердің мағыналарын сол тілдің өз құралдары
арқылы, сондай-ақ сөздерді орфографиялық талдауды түсіндіретін
лингвистикалық сөздіктер болып табылады. Қазақстан мультимедиялық
энциклопедиясы еліміздің жануарлар әлемі туралы интерактивтік анықтамалық-
танымдық ақпараттар ұсынады. Сондай-ақ ал электрондық-терминологиялық
орталық та бар, ол қазақ тілі терминдерінің жиынын қалыптастыру мақсатында
мамандардың ұжымдық жұмысын ұйымдастыруға арналған. Қазақстан Республикасы
мемлекеттік тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін тестілеу жүйесі сияқты
қосымша қызмет те көрсетіледі.
Ақпараттық технологиялар–Абылай аспас Арқаның асу белі емес,
өркениет көшіне ілесудің қажетті шарттарының бірі. Қамданған қапы
қалмайды деген, сондықтан да болашақ жүгін көп болып, жұмыла көтеруіміз
керек.
Қазақстанның ақпараттық технологиялар компаниялары қауымдастығының
президенті Нұрлан Исиннің пікірінше, елімізде ақпараттық компаниялар
мемлекеттің толық қолдауына ие бола ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәріхананың ақпараттық жүйесін жобалау. Дәрілік заттарды есепке алу ішкі жүйесі
Стоматологиядағы ақпараттық технологиялар
№1 Поликлиника негізінде медициналық құжат ауысуының ақпараттық жүйесін құру
Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) немесе шетел технологиясы «жұмыстық станциясы»
Мәліметтер қорының модельдері
Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесін құру
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық
Ақпаратты өңдеуді ұйымдастыру
Мектеп кітапханасы жұмысын автоматтандыру
Ақпараттық жүйенің өмірлік циклі
Пәндер