Қазіргі мемлекеттік басқарудың концепциясы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Қазіргі мемлекеттік басқарудың концепциясы ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Басқарушылық процесс және оның сатылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Жеке құқықтық актілер: түсінігі, талаптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
2 Басқарудың субъектілері мен объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.1 Басқарушылық қатынастар және олардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... . 24
2.2 Басқарушылық қатынастарды құқықтық реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... 38
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 58
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
Зерттеудің өзектілігі: Сотпен заң алдында бәріде тең. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына,өзінің және отбасының құпиясы болуына,ар-намысы мен абыройлы атының қорғалынуына құқығы бар.[1]
«Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы!» - Н.Ә.Назарбаев, Қазақстан халқына жолдауынан.[2]
Әкiмшiлiк рәсiмдер деп – мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың мемлекеттік функциялар мен лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыру кезiнде шешiмдер қабылдау мен орындау тәртібі және оларды ресiмдеу, оның ішінде электрондық нысанда ресімдеу; мемлекеттік аппараттың жұмысын ұйымдастыру рәсiмi; азаматтардың өз құқықтарын iске асыру жөніндегі өтiніштерiн қарау рәсiмдерi, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн әкiмшiлiк қорғау рәсiмдерi; экономика саласындағы шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнiң негiзгi бастаулары ұғынылады.[3]
Әкiмшiлiк рәсiмдердi белгілеу қағидаттары – заңдылық; төменгi мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдарға бағынуы; заң мен сот алдында баршаның теңдiгi; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу; әкiмшiлiк рәсiмдерiнде көзделген iс-әрекеттер мен актiлердiң барлық азаматтар, ұйымдар мен лауазымды адамдар үшiн мiндеттiлiгi; жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершiлiгi мен мүдделерiнiң теңбе-тең болуы; мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңдарды қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру; мемлекеттік билiктiң беделiн қолдау мен Қазақстан Республикасының беделiн түсiретiн және мемлекеттік қызмет мүдделерiне қайшы келетiн iс-әрекеттерге жол бермеу, соның iшiнде сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру, мемлекеттік қызметшiлер үшiн заңдарда белгіленген тыйымдар мен шектеулердi қатаң сақтау; барлық деңгейдегi мемлекеттік органдар үшiн әкiмшiлiк рәсiмдер талаптарының бірыңғай болуы; барлық мемлекеттік органдар мен мемлекеттің лауазымды адамдары құзыреттерiнiң ара-жiгін айқын межелеу және олардың келісе отырып жұмыс iстеуi; үнемдiлiк пен тиімділік қағидаттарына негізделеді.
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. 1995 ж. (02.02.2011 жаңартылған).
2 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
3 Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдер туралы заңы (2014.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
4 «Қазақстан-2050 стратегиясы» 14.12.2012жыл
5 «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 01.01.2015 жыл;
6 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңы 23.07.1999жыл (өзгертулері мен толықтырулары)
7 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заңы 13.01.1993жыл.
8 «Нормативтік құқықтық актілері туралы » Заңы 24.03.1998жыл.
9 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы (01.01.2015 жаңартылған)
10 Шағатаев Қ.К. Ішкі істер органдары қолданатын әкімшілік-процессуалдық шаралар: (Оқулық құралы) Қарағанды – 2002. 95 б.
11 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» №377-4 Заңы. 06.01.2011жыл.
12 «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 03 шілдедегі Заңы (01.01.2015 жаңартылған)
13 Сапаргалиев Г.С. “Этапы становления конституционного законодательства Республики Казахстан”, А., 2005г
14 Шеретов С.Г. Конституционное право Республики Казахстан. Алматы, 2002. С. 42
15 Теория государства и права. Курс лекций. Под ред. М. Н. Марченко. М. 2003г
16 Теория права и государства. Под ред. Манова Г. Н. М., 2001г
17 Шеретов С.Г. Конституционное право РК. Алматы, 2002г
18 Четвернин В.А. Понятия права и государства. М., 2003г
19 «Мемлекеттік құпиялар туралы», 21.11.2014 жыл.
20 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы ҚР Заңы (01.01.2015 жаңартылған)
21 «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 04.07.2014 жыл.
22 «Қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 Бұйрығы
23 Мушкет И.И., Хохлов Е.Б. Полицейлік құқық (оқу құралы) А.-2005. 183
24 Конституционное право Респуплики Казахстан. Терминологический словарь. Алматы 2004год.
25 Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі Заңтану. Қазақстан Респибликасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі. А.-2002. 327
26 «Административная деятельность ОВД». Особенная часть. Москва. 2000 г.
27 Административная деятельность ОВД. (Учебник). Под ред. Профессора Коренева А.П., М.1999 г., общая часть.
28 Жүнісов Б. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім). Қарағанды: ҚР ІІМ ҚЗИ, 2000,240 б.
29 Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. – Алматы: Атамура, 2003. – 111с
30 «Қазақстан Республикасының Ар-намыс Кодексі» 03.05.2005ж. №1567 бұйрығы (01.04.2011ж өзгертулері мен толықтырулары.)

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1 Қазіргі мемлекеттік басқарудың 6
концепциясы ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Басқарушылық процесс және оның 6
сатылары ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
1.2 Жеке құқықтық актілер: түсінігі, талаптары 15
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
2 Басқарудың субъектілері мен 24
объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Басқарушылық қатынастар және олардың 24
жіктелуі ... ... ... ... ... ... .
2.2 Басқарушылық қатынастарды құқықтық 38
реттеу ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған 60
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Сотпен заң алдында бәріде тең. Әркімнің жеке
өміріне қол сұғылмауына,өзінің және отбасының құпиясы болуына,ар-намысы мен
абыройлы атының қорғалынуына құқығы бар.[1]
Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген
келешекке сенім де Мәңгілік Ел деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды
сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай
сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп,
табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы! -
Н.Ә.Назарбаев, Қазақстан халқына жолдауынан.[2]
Әкiмшiлiк рәсiмдер деп – мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың
мемлекеттік функциялар мен лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыру кезiнде
шешiмдер қабылдау мен орындау тәртібі және оларды ресiмдеу, оның ішінде
электрондық нысанда ресімдеу; мемлекеттік аппараттың жұмысын ұйымдастыру
рәсiмi; азаматтардың өз құқықтарын iске асыру жөніндегі өтiніштерiн қарау
рәсiмдерi, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн әкiмшiлiк
қорғау рәсiмдерi; экономика саласындағы шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнiң
негiзгi бастаулары ұғынылады.[3]
Әкiмшiлiк рәсiмдердi белгілеу қағидаттары – заңдылық; төменгi мемлекеттік
органдар мен лауазымды адамдардың жоғары тұрған органдар мен лауазымды
адамдарға бағынуы; заң мен сот алдында баршаның теңдiгi; азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, азаматтар мен ұйымдардың
өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдалық көрiнiстерiне жол
бермеу; әкiмшiлiк рәсiмдерiнде көзделген iс-әрекеттер мен актiлердiң барлық
азаматтар, ұйымдар мен лауазымды адамдар үшiн мiндеттiлiгi; жеке адамның,
қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершiлiгi мен мүдделерiнiң теңбе-тең
болуы; мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы
заңдарды қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;
мемлекеттік билiктiң беделiн қолдау мен Қазақстан Республикасының беделiн
түсiретiн және мемлекеттік қызмет мүдделерiне қайшы келетiн iс-әрекеттерге
жол бермеу, соның iшiнде сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру,
мемлекеттік қызметшiлер үшiн заңдарда белгіленген тыйымдар мен шектеулердi
қатаң сақтау; барлық деңгейдегi мемлекеттік органдар үшiн әкiмшiлiк
рәсiмдер талаптарының бірыңғай болуы; барлық мемлекеттік органдар мен
мемлекеттің лауазымды адамдары құзыреттерiнiң ара-жiгін айқын межелеу және
олардың келісе отырып жұмыс iстеуi; үнемдiлiк пен тиімділік қағидаттарына
негізделеді.
Мемлекеттік саясат- көп жақты түсінік, мемлекет және қоғамның жағдайын және
ішкі процестерін бейнелейді. Мемлекеттің саясаты ауқымы бойынша бүкіл
қоғамды қамтиды, яғни, тіршілік әрекетінің негізгі саласы ретінде танылады.
Ол стратегиялық бағыты бойынша қоғам дамуының жұмысын болжайды. Ол әрбір
адамның экономикалық, саяси және т. б. құқықтар мен бостандықтарын
қамтамасыз етеді.
Ақпарат – басқарудың бөлінбейтін бір бөлігі болып табылады. Ақпараттың
арқасында мемлекеттік басқару жүйесі қоғамдық құбылыстарға тиімді әсер ете
алады. Ақпараттың көмегімен мемлекеттік басқару жүйесі сыртқы ортамен бірге
әрекет етеді.
Зерттеудің мақсаты: Бұл диплом жұмысында басқару мемлекеттік қызметтің
түсінігін, қағидаларын, мемлекеттік қызметке тұру, атқару және ұйымдастыру,
мемлекеттік басқарудың түсінігін, қағидалары мен әдістерін, мемлекеттік
басқару салаларын, сондай-ақ осы айтылған мемлекеттік қызмет және
мемлекеттік басқару саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды зерттейді.
Қазақстан Республикасындағы әкімшілік процедуралар (рәсімдер) туралы толық
ақпаратты баяндау.
Зерттеудің міндеті:
- Басқарушылық процесс және оның сатылары туралы толық мағлұматты анық әрі
нақты баяндау.
- Әкімшілік процедуралардың анықтамасын, түрлерін және негіздерін баяндау;
басқару үрдістерін сипаттау, мемлекеттік басқару рәсімдерін анықтау.
Басқару әдістері дегеніміз бұл басқарудың мақсатқа жетудегі іс-әрекеттік
жолдары. Басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал жасау әдістері
басқару әдістері деп түсіндіріледі. Басқару әдістері ұжымдар қызметінің
жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның
өзі басқару әдістерін өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу процесінде
қолданылатын басқа да техникалық және технологиялық әдістерден
ерекшеленеді. Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы
замаңғы техниканы пайдалану, еңбек пен өндірісті прогресті жолмен
ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын
қамтамасыз етеді. Сонымен, әдістер-басқару қызметінің мәні және негізгі
мазмұны болып табылады, өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске
асырылады.
Әкімшілік әдістерінің негізі — жекеменшік кәсіпорынның мақсатқа жетудегі
ұйымдастырудың (әрекеттері) ықпалы, әсері. Әрқашанда басқару аппаратындағы
жұмыстарды бөлуді қажет етеді. Бұл өндіріс органдарының басқару құрамын
жасаудан басталады қанша бөлім қажет, олар бір-бірімен қандай қатынастарда
болуы керек.
Диплом жұмысының пәні: басқару қызметiн ұйымдастыруды жетiлдiруге,
мемлекеттiк органдардың iркiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге,
басқарушылық шешiмдердi жедел қабылдауға, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын сақтауға, мемлекеттік мүдделердi қорғауға, мемлекеттiк
қызметшiлердiң лауазымдық өкілеттікті қызметтен тыс мақсаттарда
пайдалануына жол бермеуге жәрдемдесетiн әкiмшiлiк рәсiмдердi белгiлеуге
бағытталған.
Зерттеудің объектісі: Қазақстан Республикасындағы әкімшілік процедуралар,
олардың барысы, нысаны және орындалуы.
Зерттеудің әдісі: Диплом жұмысын жазу барысында логикалық, талдау,
салыстырмалы тәсіл, тәжірибе жинақтау сынды әдістер қолданылды.
Диплом жұмысының теориялық негіздері: Диплом жұмысын зерттеу барысында
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан
Республикасының және шет ел ғалымдарының оқулықтары пайдаланылды.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы: Диплом жұмысы материалдарын осы саладағы
одан арғы ғылыми зерттеуге пайдалануға және оқу процесінде әкімшілік құқық,
ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі бойынша тиісті арнайы курс
шеңберінде пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Диплом жұмысында Қазақстан
Республикасындағы әкімшілік процедуралар (рәсімдер) үрдістеріне талдау
жасалынған. Осы мағлұматтарға сүйене отырып әкімшілік процедулардың
маңыздылығы баяндалған.
Диплом жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысының құрылымы кіріспе бөлімнен, 2
тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

1 Қазіргі мемлекеттік басқарудың концепциясы

1.1 Басқарушылық процесс және оның сатылары

Әлеуметтік жүйеге басқарушылық әсер етудің тиімділігі көбіне мемлекеттік
аппараттың жұмысын ұйымдастырудан білінеді. Осыған сәйкес заңдылықта және
басқару тәжірибесінде әкімшілік процедуралар қалыптасты. Олардың мәні
басқарушылық қызметті жетілдіру, мемлекеттік органдардың мүлтіксіз қызмет
жасауы мен өзара байланысын үйлестіру, басқарушылық шешімдерді жедел
қабылдау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, мемлекеттік
мүдделерді қорғау.
Әкімшілік процедуралар келесідей қағидаларды негізге алады: заңдылық,
төмен тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың жоғары
тұрғандарына бағыныстылығы; барлығының сот пен заң алдындағы теңдігі;
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы; азаматтар мен
ұйымдардың өтініштерін қарастырғандағы бюрократизм мен сарсаңға салуға жол
бермеу және т.б. тұрады.[3]
Қазіргі мемлекеттік басқарудың концепциясының әдістемелік негіздерін
қалыптастыру Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік құрылыс пен басқарудың
тәжірибесі мен теориясын дамытуда өте маңызды орын алады. Мұнда әңгіме
мемлекеттік аппараттың республикадағы әлеуметтік-экономикалық және саяси
құрылыстарды жылдамдатуға арналған жаңа бағыттар туралы болып отыр.
Еліміздің Президентінің Қазақстанның халқына арналған Қазақстан-2050
жолдауында олар республиканың дамуының басымды бағыттары ретінде
көрсетілген.[4]
Басқару әр түрлі нысандарда адамзат қоғамы пайда болғаннан бастап
орын алған. Қоғамның неғұрлым дамуына байланысты басқарудың да, оған деген
қажеттіліктің де мәні артып отырған.
Басқарудың ажырамас қасиеті ретінде билік болып табылады. Бұл жерде
екі жағдайды қарастыру қажет. Біріншіден, кім басқарады соған биліктік
өкілеттіктер беріледі. Мұндай өкілеттіктер көлемі ұжымның алдына қойылған
сұрақтарды тиімді және ұтымды шешу үшін жеткілікті болуы тиіс. Екіншіден,
басқаруда бірлескен қызметтің қатысушылары басқарушы субъектінің
(жетекшінің) еркіне бағынуы тиіс.
Сонымен, біз басқарудың әлеуметтік институт ретіндегі мынадай мәнді
белгілерін қарастырдық:
а) басқару қоғамдық қажетті қызмет, жалпылама сипатқа ие, және адамдардың
ұжымдасқан қызметі жүзеге асырылатын жерде көрініс табады;
ә) басқару бұл басқарушылық шешімдерді әзірлеу, қабылдау және іс жүзіндегі
жүзеге асырудағы адамдардың саналы, ерікті және мақсатты қызметі;
б) басқарушылық әсер ету басқарудың негізі, ядросы болып табылады,
қоғамдық жүйеге, оның құрамдас бөліктеріне, адамдардың әрекетіне жан-жақты
әсер етеді, ұйымдастырушылық және реттеуші қасиеттерге ие;
в) билік басқарудың бөлінбес белгісі ретінде адамдардың әрекетіне,
объектілерге әсер етудің қажетті шарты болып табылады;
г) басқарудың ұйымдастырушылық (әкімшілік) реттелінуі.
Мемлекеттік басқару мақсатты сипатқа ие және арнайы сұрақтарды шешуді
қамтамасыз етеді. Дәл мемлекеттің өзіне 2050 жылға дейінгі бекітілген
Қазақстанның даму стратегиясында көзделген міндеттері мен бостандықтарын
жүзеге асыруда маңызды орын берілген. Мемлекеттік басқарудың сапалы
ерекшеліктерін өзінің нормативті бекітілген мақсаты нақтылап береді. Олар
Қазақстан Республикасының Конституциясында, жоғарғы өкілді және атқарушы
органдардың заңдық және басқа да нормативтік актілерінде қалыптасады және
өзінің көрінісін табады. Мемлекеттік басқарудың мақсаты Конституциялық
заңдардың, Президент жарлықтарын және басқа да нормативтік актілердің
күнделікті орындалуы мен жүзеге асыруы болып табылады.
Мемлекеттік басқару барлық қоғамның мүддесін білдіреді, басқарудың барлық
саласының дамуын үйлестіреді. Басқарушылық қызметтерді күнделікті орындау
үшін мемлекеттің атынан қоғамдағы басқаруды жүзеге асыратын арнайы аппарат
құрылады.
Мелекеттік басқару – ерекше субъектілер тобының (органдардың,
лауазымды адамдардың) экономика, әкімшілік-саяси және әлеуметтік – мәдениет
аяларына басшылық жасау процесінде міндеттер мен функцияларды іс жүзінде
орындаудан тұратын заңға тәуелді, заңдық биліктік, ұйымдастыру қызметі.
Мемлекеттік басқару мыналармен сипатталады: қоғамдық пайдалы қызметтің
нақтылы түрімен; бұл қызметтің атқару-өкім ету сипатымен; арнайы уәкілетті
субъектілердің жүзеге асыруымен; күнделіктігімен және үзіліссіздігімен;
заңға тәуелді сипатымен; қызметінің әр түрлі нысандарымен (құқық шығару;
құқық қолдану, шарт жасасу).
Мемлекеттік басқару жүйесі мен мемлекеттік басқару механизмі
ұғымдары өзара байланысқан және бір-бірінен бөлектелмейді. Механизм
мемлекеттік басқарудың үш тарапының – ұйымдастырушылық-құрылымдық (жүйе),
функционалдық (мазмұнды) және қоғамдық жүйеге басқарушылық әсер етудің
өзара байланысын көрсетеді. Кез-келген мемлекеттік органның
ұйымдастырушылық құрылымы оның қызметінің мазмұнымен, тікелей қызметімен
анықталатыны белгілі. Бұлай мемлекеттік аппаратқа да қатысты айтуға болады:
мемлекеттің ұйымдастырушылық құрылымы оның қызметімен анықталады. Осылармен
қатар әңгімені мемлекеттік басқарудың әдістері мен нысандары, мәні мен
мазмұны жөнінде өткен дұрыс. Басқарудың ең мәнді белгісі ретінде оның
мақсатты сипаты болып табылады (Қазақстан Республикасының стратегиялық
дамуын қамтамасыз ету, қоғамдық өмірді жоғары ұйымдастыру т.б.).[5]
Аталғандарды ескере келе мемлекеттік басқарудың механизмін былай
анықтауға болады: мемлекеттік аппараттың жүйесінің әрекет етуі, қоғамдық
жүйеге мақсатты әсер ету.
Басқару тәжірибесінде екі негізгі бағыттың қалыптасуы, олар арқылы
басқару функциялары жүзеге асырылады:1)мемлекеттік басқару; 2) қоғамдық
басқару. Олар бір-бірін толықтырып тығыз қатынаста болады, бұл арқылы
тұтастай әлеуметтік жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік
және қоғамдық басқару органдардың жүйесі конституциалық қағидалардың
негізінде қызметін атқарады. Қазақстан Республикасы қызметінің негіз салушы
конституциалық қағидаларына мыналар жатады: қоғамдық келісім және саяси
тұрақтылық, халықтың игілігі үшін экономиканың дамуы, қазақстандық
патриотизм, демократиялық әдістермен мемлекет өмірінің маңызды сұрақтарын
шешу т.б. Бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қоғамдық
басқарудың фундаментін анықтайды. Бірақ бұл екі басқаруда бір-бірінен
айырмашылықтары да бар қоғамдық органдардың басқарушылық функцияларының
көлемі мемлекеттік аппараттың функцияларына қарағанда бір деңгейде
тұрмайды. Мемлекет үлкен және кең көлемдегі қоғамдағы басқару функцияларын
атқарады. Ал қоғамдық басқару мемлекеттік емес азаматтардың бірлестігінің
ішкі ұйымдастырушылық қызметін реттеуге бағытталған.
Мемлекеттік аппарат – бұл қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған
мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды
басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады;
мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет
органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік
кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды
мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады .
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы Заңының 1-
бабында: Мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік органдар мен
олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және
мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен
функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет делінген.[6]
Мемлекеттік аппаратың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы
қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси
қарым-қатынастар, сана-сезім құрайды. Осы жүйеде әрбір органның өзінің
орны, бір-бірімен қарым-қатынастары, қызметінің негізгі принциптері
көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын
қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл
аппаратты бір орталыққа бағындыратын – патшаның билігі орнаған Парламенттік
республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады.
Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады:
бюрократизация, дифференция, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір
типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік
қызмет – конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік
органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік
міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі .
Әдетте заң әдебиеттерінде мемлекеттік аппарат және мемлекет
механизмі түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекеттік
аппарат – бұл мемлекеттің басқарушылық қамтамасыз етушілік және қорғаушылық
функцияларын іске асыру бойынша жұмыстарын жүзеге асыратын мемлекеттік
органдардың, мекемелер мен ұйымдардың біртұтас, иерархиялық жүйесі.
Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық
өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін
қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.
Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық
механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес, мемлекеттік
аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:
1) тікелей басқарушылық – бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе
алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;
2) құқықтық нысандар – бұл құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері,
яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік
міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық
нысандарына мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық қызмет – бұл нормативтік актілер жобаларын
дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;
б) құқыққолданушы қызмет – бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен
байланысты қызмет;
в) құқыққорғаушы қызмет – бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және
қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен т.б.
байланысты қызмет.
Осы жерде мемлекеттік аппараттың жалпы сипаттағы белгілеріне тоқталып
өтелік.
Біріншіден, мемлекеттік аппарат арнайы басқарумен шұғылданатын
адамдардан тұрады(заң шығарумен, заңды орындаумен, оларды бұзудан
қорғайды).
Екіншіден, мемлекеттік аппарат органдардың және мекемелердің қиын
жүйесі, өздерінің негізгі билік қызметтерін іске асыруға тығыз байланыста
болады.
Үшіншіден, мемлекеттік аппарат бөліктерінің барлық қызметтері
ұйымдастыру және қаржы құралдарымен қамтамасыз етіледі .
Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымы. Өкілетті
органдар.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымына мыналар
жатады:
1) өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында
тығыз байланыстағы және өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;
2) биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру,
мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым т.б. салаларда жалпы әлеуметтік
функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар;
3) басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;
4) мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті
ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары.
Мемлекеттік аппараттың өздерінің қызметтерін жүзеге асыруға
бағытталған мемлекеттік органдардан тұрады.
Мемлекеттік орган дегеніміз – бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы
және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттіктерді иеленген ұйым немесе
мекеме.
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын
қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік
органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:
- мемлекеттік билік органдары;
- мемлекеттік атқару органдары;
- сот билігі.
Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады. Бірақ
ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық
тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық
алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді .
Жоғарғы өкілеттік органдарды халық сайлайды. Парламент – заң шығару
функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және
Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және
астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының
бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. Жеті депутатты
Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі
ескеріле отырып, құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты
аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын жетпіс жеті депутаттардан
тұрады. Негізінде заң шығару тек парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа
жоғарғы органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір заңдарды қабылдау
құқығын Президентке береді, оны делегаттық заңдылық деп атайды. Қазақстан
тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы Конституциясында жарияланған.
Бұл Парламенттің қабылдаған заңдарының сапасын көтеруге, парламентті
біршама тұрақты және орнықты органға айналдыру үшін қолданған шара.
Қазақстанның сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға депутаттар
жиырма бес жасқа толуы керек. Қазақстан парламентінің ерекшелігін жоғарғы
палатасының құрылуы және оның қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың бір
жартысы екі жылға, ал екінші жартысы төрт жылға сайланады. Сенатқа отыз
жасқа толған адамдар депутат болып сайланады. Парламент негізгі заң
шығарушы орган. Парламенттің сессиясы оның палаталарының бірлескен және
бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің үйлестіруші органдары –
бюро, жұмыс органдары – тұрақты комитеттері, бірлескен комиссиялары болып
табылады. Президент мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда
парламент келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім
мәселелерін шешеді, халық референдум тағайындау туралы бастама көтереді,
конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі
сұрақтарын шешеді, және басқа да Конституция жүктеген өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асырады.[1]
Қазақстан Республикасының Конституциясының 54-бабына сәйкес,
Парламент палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал
содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:
1) заңдар қабылдайды;
2) республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді,
бюджетке енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды талқылайды, мемлекеттік
салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;
3)Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының
мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті,
әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін
белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін белгілейді;
5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де
көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
6) азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады;
7) Республиканың халықаралық шарттарын бекітеді және олардың күшін
жояды.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Парламенті және
оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық Заңының 9-бабына
сәйкес, Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының
арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын
дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс сайлаған төрағалар басқарады. Сенат
Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті
ұсынады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның
депутаттары ұсынады.
Палаталар әр Палатада саны жетіден аспайтын тұрақты комитеттер
құрады. Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін
Сенат пен мәжіліс тепе-тең негізде бірлескен комиссиялар құруға хақылы.
Комитеттер мен комиссиялар өз құзырындағы мәселелер бойынша қаулылар
шығарады.
Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкілеттігі және қызметін
ұйымдастыру тәртібі заңмен белгіленеді.
Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан
Республикасының заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің
қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды.
Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін
күшіне енеді.[1]
Тұлға – басқарудың тұтас, жүйелік объектісі – адамның биологиялық,
әлеуметтік және рухани қасиеттерінің органикалық бірлігі. Осыған сәйкес
басқарушылық әсер етудің тікелей объектісіне азаматтардың сыртқы бақылауы
мен реттеуіне жататын әрекеттері, яғни адамдардың ерікті (саналы)
әрекеттері жатады.
Әр адамға өздерінің материалдық және рухани қажеттіліктерін
қанағаттандыру мақсатында көптеген қоғамдық қатынастарға қатысуға кең
ауқымды мүмкіндіктер беріледі. Мемлекет қоғамдағы ең өзекті қатынастарды
құқықтық нормалардың көмегімен реттейді. Осылайша құқық қоғамдық жүйедегі
қажетті тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мемлекет
адамға әр түрлі қоғамдық қатынастардың қатысушысы ретінде ерекше заңдық
қасиет – құқықтық мәртебе береді.
Құқықсубъектілік дегеніміз – бұл құқық субъектісінің (адамның,
азаматтың) құқықтар мен міндеттерге ие болуы, белгілі бір құқықтық
қатынастардың қатысушысы болу қабілеті. Осымен қатар құқық субъектісінің
өзінің субъективті іс әрекетін жүзеге асыруға көрсетілген заңдылық бойынша
құқығы болады. Субъективті құқықтың көлемі мен сипаттамасы және заңдық
міндеттемесі бойынша азаматтың жалпы және арнайы құқығының мәртебесін
айыруға болады.
Азаматтық институты мемлекет пен адамдардың қарым-қатынасын бекітеді.
Заңдық кепілдіктер – азаматтардың құқықтық мәртебесінің сипаттамасын
толықтырады. Жалпы және арнайы кепілдіктер Конституция мен Қазақстан
Республикасының әрекет етуші заңдылығымен анықталған.
Әлеуметтік жүйедегі жалпылаудың жоғары деңгейінде мемлекеттік басқару
объектісі ретінде экономикалық, әлеуметтік, және саяси-әкімшілік салалары
қарастырылады.
Басқару объектісі ретінде өндірістер, мекемелер әр түрлі ұйымдар,
қоғамдық бірлестіктер және т.б. қарастырылады. Аталған объектілердің
құққықтық субъективтілігі олардың мемлекеттік тіркеуден өту уақытынан пайда
болады. Осы көрсетілген тәсілмен басқару объектілерінің құқықтық мәртебе
сипаттамасымен байланысты.
Мемлекеттік басқарудың объектісі ретіндегі қоғамдық жүйені құрылымға
бөлудің келесі деңгейіне ол халықты аумақтық принцип бойынша бөлу болып
табылады. Біздің ата заңымыз Конституция бойынша республика территориясы
біртұтас, бөлінбейтін және ешкімнің қолсұқпаушылығы танылған. Мемлекеттік
шекараны қорғаудың құқықтық негіздері ҚР-ның мемлекеттік шекарасы туралы
13 қаңтар 1993 ж. Қабылданған арнайы заңмен анықталады.[7]
Қазақстан Республикасының шекарасы дегенiмiз Қазақстан аумағының
шегiн - құрлығын, суын, жер қойнауын және әуе кеңістiгi айқындайтын сызық
және осы сызық бойынша тiгiнен өтетiн жазықтық.
Мемлекеттiк шекараны Қазақстан Республикасы егемендi құқықтарының
бүкiл билiгiне ие болатын аумақтық (құрғақ, су, жер қойнауы, әуе
кеңiстiгiнiң) заң жүзiнде баянды етiлген кеңiстiгi шегiн анықтайтын сызық
ретiнде қарастырады. 
Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының жүйесiне мынадай
әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер кiредi: ауыл (село), поселке, ауылдық
(селолық) округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс. 
Қазақстан Республикасы аумағының республикалық және жергiлiктi мүдделерiн
қолайлы ұштастыру негiзiнде мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыру негiзгi екi
категорияға - аймақтарға және елдi мекендерге бөлiнедi.
Өндірістік принцип бойынша халықтың бөлінуі, әлеуметтік жүйе мемлекеттік
басқарудың маңызды бөлігі ретінде сипатталады. Мұнда мемлекет саясаты
қоғамдық еңбек ұйымдары, қоғамдық еңбек ресурстарын қолдану аясында
жүргізіледі. Мемлекет әлеуметтік-экономикалық салада еңбек құқығын жүзеге
асыруға Қазақстан шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға
мамандық таңдауына кепілдік береді.
Халықтың өндірістік бөліну принципі мемлекеттік саясаттың білім аясында
жүргізілуіне байланысты. Жаңа мемлекет құруда, қоғамның әлеуметтік-
экономикалық жаңарылуы кәсіби білімді дамытуға және жоғарғы білікті
мамандарға сұраныс туғызады. Экономиканың әлеуметтік, әкімшілік-саяси
құрылста жан-жақты мамандарды дайындау, еңбек нарығы талаптарына сәйкес
мамандарды оқыту, барлық категориялы жұмыскерлердің біліктілігін жоғарылату
– білім мен халықты жұмыспен қамтамасыз ету аясында жүргізілетін
мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Ұйымдық – техникалық аспектіде сала мамандырылған өнеркәсіп жиынтығын
құрады (мекемлер, ұйымдар). Ол өз ретінде халықтың материалдық және рухани
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсаты мен басқа да қоғамдық маңызы бар
қызметтерді атқарады, сонымен бірге салалық түрге сай басқа да топ
субъектілерінің мүдделерін қамтиды.
Әр сала қоғам өмірінің жеке-жеке әлеуметтік саласының (экокномикалық,
әлеуметтік, әкімшілік саяси құрылыс) нақты түріне жатады. Өзінің қажетті
қоғамдық функцияларын орындай отырып азаматтардың материалдық және рухани
қажеттіліктерін қанағаттандырады. Заңдылық арқылы нақты сұрақтар
анықталады, ол арқылы мемлекет әр саланың дамуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік басқаруда салалық бастауларды шығарудың ең маңызды астары оның
сипаттамасы болып табылады, бірақ ол жалғыз емес. Оның басқа астары
әлеуметтік бастауларда функционалдық түрде бекітіледі. Осыған сәйкес
қосымша әлеуметтік жүйенің салааралық және аумақтық кесулер жатады.
Қазақстан – 2050 даму стратегиясында айтылғандай Ведомствоаралық және
аумақаралық үйлестіру ауа тәрізді қажет, ол қойылған мақсаттарға жету саяси
биліктің көрінісі. Басқару объектісі ретінде қалыптасып келе жатқан
әлеуметтік, экономикалық жүйе біртұтас биліктік органның болуы қажет,
стратегиялық мәселелерді шешудегі ведомстволардың қызметі мен күшін бақылау
үшін қалыптастырады. [4]
Мемлекеттік басқару жүйесі өз қызметінің түрі бойынша экономикалық,
әлеуметтік немесе әкімшілік-саяси қоғамдық өмірдің салаларына кіретін
мамандырылған мекемелердің, ұйымдардың, өндіріс орталықтарының мемлекеттік
органдардың байланыстарынан ғана тұрмайды. Осыған, сонымен қатар,
басқарудың субъектілері мен объектілер арасындағы белгілі ұйымдық
байланыстары кіреді. Мемлекеттік басқару біржағынан, басқарушы жүйе
ұйымының әрбір объект сыныптарымен, басқа жағынан, басқарудың субъектісі
мен объектісі арасындағы қатынастарды орнатумен сипатталады. Соңғылардың
өзара қатынастары тікелей және кері байланыс деп аталатын жолдарымен жүзеге
асады.
Сонымен, мемлекеттік басқару жүйесіндегі ең маңыздысы болып, субъектілердің
(мемлекеттік орган) және объектілердің (қоғамдық жүйе) тура және кері
байланысы болып табылады. Қоғамдық үрдістерді басқару мазмұны мен мәні тек
осылармен анықталады. Ал мемлекеттік аппараттың ішкі өзара байланысына
тоқталсақ, олар өздерінің функционалдық қызметіне байланысты басқару
субъектісінің ішкі ұйымдасуына оның нақты үйлестірілген жұмысына
бағытталған.
Нормативті түрде орнатылған байланыстар мемлекеттік органдар жиынтығына
сапалы түрде жүйені қамтамасыз етеді, олар өз кезегінде қызмет етеді және
қоғамның тарихи және әлеуметтік – экономикалық даму шарттарына бейімделеді.

Мемлекеттік басқару жүйесі өзінің барлық қатынасты жекебастылығымен,
тұрақтылығымен, автономиясымен сыртқы ортамен өзара іс-әрекет жасайды.
Бұл жерде сыртқы ортамен байланыстың айрықша түрі қарастырылады. Бұл
адаммен табиғат арасындағы өзара іс-әрекетпен, халыққа жұмыс және көмек
көрсетумен, қоғамдық құрылымдармен және т.б. байланысты қатынастар. Кең
мағынада алғанда сыртқы орта – бұл басқарудың жеке салалары, жалпы
мемлекеттік басқару жүйесі қызмет атқаратын саяси, экономикалық және өзге
жағдайлар.
Мемлекеттік басқару жүйесінің сыртқы объективті жағдайлардың алғашқы
қатарында табиғи-географиялық түрі тұрады. Мемлекеттік басқаруды
қалыптастыратын объективті жағдайлардың екінші қатарына құрылымдық-
функционалдық байланыс табиғат-қоғам жатады. Бұл фактор адаммен табиғат
байланысын көрсетеді.
Қазақстан елі 70 жыл бойы өмір сүрген ескі саяси және экономикалық жүйеден
нақты түрде бас тартты. Қазіргі таңда жаңа мемлекет өмір сүреді, өзгеше
саяси және экономикалық жүйесі қалыптасуда, құндылықтар жүйесінің сапалы
түрі мен қоғамдық қатынастардың жаңа бағыты құрылуда. Республика дамуының
күшті жақтарының бірі саяси тұрақтылық пен жалпы қоғамның бірлігі болып
есептеледі.
Мемлекеттік басқару жүйесінің қызмет етуінің маңыздысына сыртқы фактор
жатады. Бұл жерде ҚР географиялық, геосаяси және геоэкономикалық жағдайы
қарастырылады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің дамуының тағы бір
сыртқы факторына шетел мемлекеттер тарапынан қолдау көрсетудегі қосымша
мүмкіндіктерді және әлеуметтік-экономикалық, саяси қайта қалыптасатын
елдерде жүргізілетін ақшалық ұйымдарды пайдалану кіреді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің сыртқы факторларды
есептей отыра дамуы әлемдік және ұлттық мәдениет қатынастар сұрағындағы
стратегиясын анықтаумен тікелей байланысты.
Шетел тәжірибесін зерттеу және пайдалану мемлекеттік құрылыс саласында
айрықша маңызға ие, себебі Қазақстан стратегиялық таңдау алдында тұр, яғни
алдыға жылжудың жолын анықтау. Қазақстан-2030 стратегиясында қоғам
дамуының әр түрлі моделдері қарастырылады.[4]

1.2 Жеке құқықтық актілер: түсінігі, талаптары

Мемлекеттік органдар (лауазымды тұлғалар) мемлекеттік қызметтерді
(лауазымды өкілеттіктерді) жүзеге асырғанда жекеше құқықтық актілер түрінде
рәсімделетін шешімдер қабылдайды. Бұндай түрінде жеке қолданыстағы құқықтық
актілер Қазақстан Республикасының заңдылығына кірмейді және сәйкесінше
нормативтік құқықтық актілерге жатпайды. Оларды қабылдаудың, рәсімдеудің,
орындаудың және орындалуына бақылау жасау процедурасы басқаша. Өз
құзыреттері шегінде мемлекеттік огандардың қабылдаған құқықтық актілері
келесідей реквизиттерді ұстануы керек:
1) жеке құқықтық актілердің атауы. Мұнда қабылданатын актінің нысаны
көрсетіледі. Мысалы: жарлық, бұйрық, өкім және т.б.
2) берілген актінің пәнін көрсететін атау;
3) актіні қабылдаудың орны мен мерзімі;
4) берілген актіге қол қоюға өкілетті тұлғаның қолтаңбасы;
5) органның мөрі.
Әкімшілік процедураның келесісі құқықтық актіні орындауды ұйымдастыру болып
табылады. Берілген әкімшілік процедура өте маңызды , жауапты және
нақтылаушы болып табылады, өзара байланыстағы және өзара бағыныштағы
компоненттерден тұрады.
Әкімшілік процедуралардың маңыздыларының қатарына қабылданған құқықтық
актілердің орындалуына бақылау жасау жатады. Бақылаудың бірнеше түрі
болады:
1) құқықтық актілердің орындалуына бақылау жасау;
2) мемлекеттік органдардың басқарушы лауазымды тұлғаларының тапсырмаларын
орындауға бақылау жасау;
3) ішкіаппараттық бақылау;
4) сыртқы бақылау.
Басқару теориясында басқарушылық қызметтің кезеңділігін басқарушылық
цикллдің сатылары деп атау танылған. Басқарушылық процесстің келесідей
сатылары танылған:
Даулы жағдай және оның анализі. Бұл басқарушылық циклдің сатысы қоғамның
дамуының өзекті мәселелерін анықтаумен байланысты.
Мақсатын анықтап алу. Бұл саты мемлекеттік басқарудың нақты мақсатын
қалыптастырумен байланысты.
Мақсатқа жетудің жолдары мен құралдарын таңдау. Мұнда мемлекеттік
басқарудың субъектісі алға қойған мақсатына жету үшін қажетті жолдар мен
құралдарды іздеуге байланысты ұйымдаструшылық әрекеттер жасайды.
Әрекеттердің бағдарламаларын әзірлеу. Мақсатқа жетудің жолдары мен
құралдарын таңдауға байланысты алдын-ала жұмыс аяқталғаннан кейін алдағы
әрекеттерді әзірлеуге байланысты бағдарламаны дайындау сатысы басталады.
Басқарушылық шешімді қабылдау. Бұл басқарушылық циклдің негізгі сатысы.
Онда басқарушылық процесстің барлық мәні шоғырланған және әр түрлі
процедураларды қосады. [3]
Шешімді орындауды ұйымдастыру. Бұл саты мемлекттік басақарудың
ұйымдастырушылық мәнімен тікелей байланысты. Бұл сатының мәні өкілетті
мемлекеттік органдармен қабылданған шешімдерді дер кезінде және дәл
орындауға байланысты ұйымдастырушылық шараларды әзірлеу мен қабылдауда
жатыр.
Үйлестіру, реттеу,түзету. Бұл саты басқарушылық әсер етудің көздеген
жағдайларының өзгеруіне байланысты туындайды.
Шешімді орындауды бағалау. Басқарушылық циклдің бұл сатысы да маңызды және
жауапты болып табылады. Оның тағайындалуы басқарушылық қызметтің анализі
және нәтижелерін шығару.
Мемлекет қоғамның маңызды және күрделі саяси институты ретінде нақты
құрылымға; ішкі бөлімше басқаруына ие. Әрбір мемлекеттік орган құрылым және
кадрлармен анықталған өкілеттілік беруінде мемлекет атынан әрекет етеді.
Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы объективтік шарт ықпалымен
және қоғамдық даму фактілерімен, сонымен қатар мемлекеттік басқарудағы
субъективтік шарттармен құрылады. Объективттік шарт және факторлар белгілі
мемлекетте құрылып фукцияланған ішкі ортаны құрады.
Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының шетелдік моделін
жергілікті объективті жағдайларға бейімделмей механикалық ауыстыру немесе
көшіріп алу аз пайдалы болады. Немесе керісінше; жергілікті объективтік
жағдайлар және қоғамдық даму фактілерінің есебі мемлекеттік басқарудың
тиімділігін қамтамасыз етеді және мемлекеттік құрылымның ұйымдастырушылық
моделін құрастыруға рұқсат береді.
Мемлекеттік аппараттың және мемлекет механизмінің негізгі элементі болып
толығымен мемлекеттік орган табылады. [3]
Мемлекеттік органдар нақты сапалы белгілерге ие. Оларға:
А) мемлекеттің еркі бойынша және заңдық тәртіпте органдардың құрылуы;
Ә) мемлекеттік аппараттың құрылуында органдардың орнын және рөлін анықтау;
Б) мемлекеттің міндетінен және қызметінен туындайтын арнайы қызмет және
қызметтің құқықтық-ұйымдастыру нысанын жүзеге асыру;
В) қызмет аясына тең мемлекеттік-билік өкілеттігін беру;
Г) заңда бекітілген ұйымдастырушылық құрылымның жиынтығы (мемлекеттік
лауазымды болу т.б.);
Ғ) Кәсіби негізде мемлекеттік органдардың құзыреттілігін жүзеге асыратын
адамдардың ерекше тобының жиынтығы;
Д) өз атынан және мемлекет атынан түсуі;
Е) азаматтардың құқықтары мен заңдық мүдделерін қорғау және кепілдік беру;
Ж) мемлекет алдындағы жауапкершілігі.
Пайда болған мемлекеттік аппарат толық жүйе ретінде бөлек жүйе астынан
тұрады, нақты айтқанда мемлекет қызметінің аясында өзінің міндетін және
құзіреттілігін шешетін органдардың жеке топтарынан тұрады. Мемлекет
органдары бір-бірінен пайда болуымен, құзіреттілік сипатымен көлемінен,
мемлекеттік қызметті атқаруда әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді.
Құзырет мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесін басты құрамдас бөлігі
болып одан мемлекеттік басқарудың салық жүйесінің қызмет етуімен байланысты
болады.
Мемлекеттік органдарды жіктеуге, мемлекет нысаны, басқару нысаны,
мемлекеттік құрылыс нысаны, әсер ететіні сөзсіз.
Мемлекеттік орган басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардан
(мекеме, ұйым және т.б.) әлдеқайда ерекшеленеді: Қазақстан Республикасының
заңнамасында мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік органдар мен
мемлекеттік ұйымдарға анықтама беруге тырысқан. Сонымен, мемлекеттік орган
болып бекітілген заңнама тәртібінен құрылған, мемлекеттік басқару және
бақылау қызметін орындауға құзыретті мемлекеттік мекеме табылады. [6]
Мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесін анықтау тәртібін унификациялау
мақсатында Қазақстан Республикасында арнайы Ереже әрекет етеді. Ол Үкіметке
және барлық денгейдегі әкімдерге бағынышты және есеп беретін мемлекеттік
органдарға таралады.
Мемлекеттік органды құрушы болып мемлекет атынан Президент, Үкімет, астана,
облыс әкімдерімен жүзеге асады. Құрылуы туралы құжат болып мемлекеттік
орган құру туралы акт және ол туралы ереже болады. Мемлекеттік органды
қаржыландыру тек мемлекеттік бюджет есебінен жүргізіледі. Бекітілген
тәртіпте мемлекеттік органның атауы, оны құру туралы актімен анықталады.
Мемлекеттік органдар заңды тұлға болып табылады, өз атауы бар мөрі мен
штамптары, бекітілген үлгідегі бланктері, сондай-ақ заңдалыққа сәйкес
банкілік есепшотқа ие.
Мемлекеттік орган азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түсе алады.
Азаматтық-құқықтық қатынастарда мемлекеттік орган мемлекет атынан түсе
алады. Азаматтық-құқықтық қатынастарда мемлекеттік орган мемлекет атынан
қатыса алады егер ол оған заңнамаға сәйкес құзыреті болса. Егер мемлекеттік
органға заңнамаға сәйкес пайда әкелетін қызметпен айналасуға рұқсат
берілсе, онда бұл қызметпен түскен пайда, мемлекеттік бюджет пайдасына
жіберіледі.
Мемлекеттік органды құру барысында бұлжытпай оның қызметі, негізгі
міндеттері мен құзыреті анықталады. Мемлекеттік органның міндеттері
мыналарды анықтайды:
А) ҚР заңшығарушы актілерімен;
Ә) мемлекеттік органды құру туралы актімен;
Б) Мемлекеттік орган туралы Ереже. Бұл уақытта органның құзыреті
анықталады, оның негізгі міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру үшін.
Өз қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік орган жедел басқару құқығындағы
мүлікпен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік органның мүліктік кешені мемлекет
бөлген мүлік есебінен құрылады, және негізгі қорлар мен айналым
құралдарынан тұрады, олардың құны мемлекеттік органның барысында көрініс
табады. Республикалық мемлекеттік органның атына тіркелген мүлік актісінің
негізінде мемлекеттік меншікке жатқызылады. Орган атына тіркелген мүлік,
сәйкес әкімшілік территориалдық бірлік есебінен құрылған коммуналдық
меншікке жатқызылады. Мемлекеттік органға мүлік билік ету құқығы берілуі
мүмкін. [6]
Мемлекеттік органның құрылуы мемлекет пен қоғамның дамуының объективті,
субъективті факторы ретінде анықталады. Айтып кеткендегі объективті
факторларға, мемлекеттік басқарудың объектісі ретіндегі әлеуметтік жүйенің
қажеттілігінен туындайды. Субъективтік факторлар нарықтық жағдайда
мемлекеттің қызметін орындап және міндеттерін шешуге бейімделген
мемлекеттік органды қалыптастырумен байланысты.
Мемлекеттік саясат- көп жақты түсінік, мемлекет және қоғамның жағдайын және
ішкі процестерін бейнелейді. Мемлекеттің саясаты ауқымы бойынша бүкіл
қоғамды қамтиды, яғни, тіршілік әрекетінің негізгі саласы ретінде танылады.
Ол стратегиялық бағыты бойынша қоғам дамуының жұмысын болжайды. Ол әрбір
адамның экономикалық, саяси және т. б. құқықтар мен бостандықтарын
қамтамасыз етеді.
Алдымен мемлекеттік басқарудың мақсатын ерекше атап өту керек. Берілген
мақсат мемлекет және қоғамның стратегиялық бағытының дамуын білдіреді.
Ерекше әлеуметтік маңызын ескере отырып, стратегиялық мақсат Қазақстан
Республикасының Конституциясында бекітілген. Қазақстан Республикасының
Конституциясының 1 бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең
қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Берілген мақсат қоғаммен бекітілген, өйткені Конституция халықпен 1995 жылы
30 тамызда республикалық референдумда қабылданған. Халық мемлекет билігінің
қайнар көзі ретінде республикалық референдум арқылы оны іске асырады және
өзінің қатынасы арқылы мемлекет дамуының стратегиялық бағытын анықтайды.
[1]
Сонымен қатар, мемлекеттің және қоғамның болашақтағы жағдайын анықтайды.
Стратегиялық мақсат жоғарғы заңдық күшіне ие болады және басқа деңгейдегі
мақсаттарды қалыптастыру негіз болып табылады.
Мемлекеттік басқарудың негізгі функционалдық құрылымы бойынша мемлекеттің
функциялары заң шығарушы, атқарушы, сот және бақылауды жатқызады.
Келесі басқару функциялары былай бөлінген: ұсыныс (басқару жүйесі),
жоспарлау, кадрларды қамтамасыз ету, реттеу, бақылау. Берілген
функциялардың мазмұнды анализ арқылы мемлекеттің әлеуметтік процестерге
қатысты оның мінезін типтік көріністі, басқару ізбасарды алуға болады.
Ұйым, құрылым жұмысын енгізеді және мемлекет басқару субъектісінің құқықтық
мәртебесін (мемлекеттік органдардың), қоғамдық жүйе объектісінің құқықтық
мәртебесін анықтайды; мемлекеттік басқарудың субъектілері мен объектілердің
арасындағы өзара байланысын қалыптастырады (басқару процестерін).
Жоспарлауға алдын-ала белгіленген шаралардың жүйесі, тәртіпті сақтау,
жұмыстық қорытынды түрін және орындалу уақыты кіреді.
Жоспарлау 2-ге бөлінеді:
1. болжау;
2. жобалау.
Болжауға арнайы ғылыми зерттеулердің негізінде қоғам жұмысының дамуы
жатады. Жобалауға мемлекеттік басқарудың бір немесе бірнеше мақсатын жүзеге
асыруға байланысты шаралардың жүйесін қалыптастыру процесі жатады. Кадрлық
қамтамасыз етуге мемлекеттік басқару жүйесіндегі мамандарды тиімді қолдану,
бөлу, дайындауға байланысты сұрақтардың жиынтығын шешу жатады.
Реттеу қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, адамдардың және олардың
ұжымдарының мүмкін болатын және міндетті әрекеттерінің шегін анықтайды.
Әсіресе құқықтық реттеуді бөліп қарастыруға болады. Азаматтардың тәртібін
заңдық нормалар арқылы мемлекет жүзеге асырады. Сонымен қатар, құқықтық
реттеу пәнін анықтайды, әдісін реттейді, қоғамдық қатынастардың,
субъектілердің құқықтық жағдайын және құқықтық қатынастарын қалыптастырады.
Бақылау объективтік ақпаратты алуымен байланысты яғни, ведомстволық
объектілердің, мемлекет органдар жұмыстарының және лауазымды тұлғалардың
жағдайын білуге мүмкіндік береді. Бақылау функциясы мемлекетке берілген
мақсаттарды орындауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мемлекеттік
аппараттағы заңдылықты және міндетті шарт ретінде пәнді қолдайды, адамның
құқықтары мен бостандықтарын қорғайды. Бақылаудың түрі мемлекеттің негізгі
функцияларының орындалуы арқылы анықталады.[6]
Әдістердің мәні басқару объектісіне тікелей билік ету ықпалымен құрылады.
Басқару мәнін функцияға қарағанда қызмет көрсететін басқарудың тәртібі
әдістер салаға ықпал ету, тәсілімен ықпал ету қасиетімен кіреді.
Басқару тәрбиесінде ерекше орынға әкімшілік –құқықтық әдістер, мемлекеттік
органдардың қоғамдық үрдістерге, қатынастарға, байланысқа негізінен
белсенді түрдегі ықпалы ие болады. Экономикалық әдістер басқару
объектісінің түрлерінен тәуелсіз және тәуелсіз шаруашылық-ұйымдастырушылық
құқықтық құрылымы өзінің жүзеге асыру барысында жұмысын дербес тиімді
жақсарту жолын сайлау ресурстарды аймақты қолдану, жаңа технологияны
меңгеру, күту құрылымын ұсынумен бейнеленеді.
Мемлекеттік басқарудың құрылымын құқықтық және құқықтық емес деп бөлуге
болады. Құқықтық құрылымдар мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың
әрекеттері белгілі бір заңды салдарлардың орандалуын тудырады. Құқықтық
емес ол әртүрлі құрылымдардың түрлері заңдық салдарды тудырмайтын, бірақ
мемлекеттік органдардың жағымды жағдайлардағы мақсаттарын жүзеге асыру
функциялар мен құзыретін құруға бағытталған.
Құқықтық құрылымдар басқарушылық шешімдерімен сәйкесінше мемлекеттік
органдардың құзыретіне байланысты, басқарушылық шешімдер ресми
құрылымдарымен білдірілген. [3]
Басқарудың қызмет нысандарының кейбір түрлері құқықпен өзара байланысы бар
және өз жұмысын ұйымдастыру бойынша мемлекеттік басқару субъектілерінің
нақты ұйымдастырушылық әрекетінен көрініс табатын басқарушылық мақсатындағы
қатынас. Мемлекеттік органдардың бір жақты биліктік ерік білдіруінің
көрініс табатын құқық нысандарына қарағанда, құқықтық емес нысандарда
басқарымдық мәселелердің сипаты мен ерекшеліктеріне қарай ұйымдастарушылық
қызметтің әр түрлі нұсқаулары көрсетіледі.
Нормативтiк құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган
немесе мемлекеттiк лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды
белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата
тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат. Нормативтiк құқықтық
актiнiң деңгейi - нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер
сатысындағы өзiнiң заң күшiне қарай алатын орны болып табылады.
Нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi және туынды актiлер болып бөлiнедi.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк
қаулылары; 
3) Қазақстан Республикасы үкiметiнiң нормативтiк қаулылары; 
4) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының және
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары
және өзге де актілер. 
Нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерiне мыналар жатады: 
1) регламент - қандай да бiр мемлекеттiк орган мен оның құрылымдық
бөлiмшелерi қызметiнiң iшкi тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық акт; 
2) ереже - қандай да бiр мемлекеттiк органның немесе оның құрылымдық
бөлiмшесiнiң мәртебесi мен өкiлеттiгiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық
акт; 
3) қағида - қандай да бiр қызмет түрiн ұйымдастыру және жүзеге асыру
тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт; 
4) нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бiр саласында
қолданылуын егжей-тегжейлi көрсететiн нормативтiк құқықтық акт.[8] 
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары аталған сатыдан тыс тұрады. Әкiмшiлiк-
аумақтық бөлiнiстер мәслихаттарының нормативтiк құқықтық шешiмдерi,
өкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен өкiмдерiнiң нормативтiк
құқықтық шешiмдерiнiң сатысы Қазақстан Республикасының Конституциясымен
және жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы заң актiлерiмен белгiленедi.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындау жоспарлары бiр жылға
жасалатын ағымдағы және неғұрлым ұзақ мерзiмге жасалатын перспективалық
жоспарлар болып бөлiнедi. 
Перспективалық жоспарларда неғұрлым маңызды нормативтiк құқықтық актiлердi,
сондай-ақ дайындау уақыты бiр жылдан астам мерзiмге жоспарланатын
нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу көзделедi. 
Дайындау жоспарларында: 
1) нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейiн, нысаны мен реттеу мәнiн
бейнелейтiн атауы; 
2) дайындау мерзiмдерi; 
3) жобаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органдар мен ұйымдар көрсетiледi.
Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының заң шығару бастамашылығы
тәртiбiмен дайындалатын заңдар жобаларының әзiрлеушiлерi Парламент
депутаттары болып табылады. 
Егер нормативтiк құқықтық актiлердiң жалпыға мiндеттi маңызы болса,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты болса немесе кәсiпкерлiк
қызметтi реттесе, Қазақстан Республикасының әдiлет министрлiгi олардың
жобалары бойынша заң сараптамасын жүргiзедi. 
Уәкiлеттi орган балама жобалар дайындауды бiрнеше мемлекеттiк органдар мен
ұйымдарға тапсыруға немесе оларды әзiрлеудi шарттық негiзде, оның iшiнде
конкурс бойынша бiрнеше ғылыми ұйымдарға немесе ғалымдарға тапсыруға
хақылы. Нормативтiк құқықтық актiнiң дайындалған жобасы, ал қажет болған
жағдайда - оны дамыту үшiн қабылданатын басқа да нормативтiк құқықтық
актiнiң жобасы мүдделi мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға келiсуге
жiберiледi. 
Нормативтiк құқықтық актiлердiң мынадай реквизиттерi болуға тиiс: 
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы; 
2) актiнiң нысанына нұсқау
3) осы нормативтiк құқықтық акт реттейтiн iстi бiлдiретiн тақырып; 
4) нормативтiк құқықтық актiнiң қабылданған жерi мен күнi; 
5) нормативтiк құқықтық актiнiң тiркеу нөмiрi; 
6) тиiстi нормативтiк құқықтық актiге қол қоюға уәкiлдiк берiлген адамның
қолы; 
7) нормативтiк құқықтық актiнiң Қазақстан Республикасының әдiлет
органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiн осылай тiркелуге тиiстi
нормативтiк құқықтық актiлерде көрсету;
8) елтаңбалы мөр.[8]
Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр бабы (тармағы), сондай-ақ тараулары,
бөлiмдерi мен бөлiктерi араб цифрларымен нөмiрленедi. Баптардың
(тармақтардың) нөмiрленуi бүкiл нормативтiк құқықтық актiнiң басынан аяғына
дейiн реттелiп жасалады. Нормативтiк құқықтық актiнiң бөлiмдерi мен
бөлiктерiнiң нөмiрленуi де дербес және басынан аяғына дейiн реттелiп
жасалады. 
Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдаудың мақсаты мен себептерiн, оның
алдында тұрған негiзгi мiндеттердi түсiндiру қажет болған жағдайларда құқық
нормаларын баяндаудың алдынан кiрiспе бөлiм (преамбула) берiледi. 
Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбi Қазақстан Республикасының
Конституциясымен және Заңмен белгiленедi. Нормативтiк құқықтық актiлердiң
әр алуан түрлерiн қабылдау тәртiбiнiң ерекшелiктерi сонымен қатар: 
1) кодекстер үшін - Заңмен. 
Кодекстер, оларға өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы
Парламенті Палаталарының бөлек отырыстарында өз кезегімен қарау арқылы
кемінде екі оқылымда қабылданады; 
2) заңдар үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан
Республикасының Парламентi туралы, Қазақстан Республикасының Президентi
туралы, референдум туралы заң актiлерiмен, өзге де заң актiлерiмен, оның
iшiнде Парламент пен оның палаталарының регламенттерiмен; 
2-1) Парламенттiң және оның палаталарының нормативтiк қаулылары үшiн -
Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының
Парламентi туралы заң актiлерiмен;
3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары үшiн - Қазақстан
Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Президентi
туралы заң актiсiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң осы
тәртiптi реттейтiн актiлерiмен; 
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары үшiн - Қазақстан
Республикасының Конституциясымен, Үкiмет туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетингпен басқару концепциясы
Қаржы менеджменті
Жалпы менеджмент жүйесінде сапаны басқару
Нарықтық экономика жағдайындағы өнім сапасын арттыру және маркетинг
Ғылыми менеджмент
Сапа жүйесі мен менеджментінің дамуы
Қаржылық менеджмент туралы
Менеджерлерге қойылатын талаптарға сай, басқару жұмысын ұйымдастыру
Ресей менеджментінің қағидалары
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы
Пәндер