Қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау және айдауылдау жөніндегі полиция қызметінің жұмысын ұйымдастырудың құқықтық негізі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар қылмыстың жасалуына сезіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды күзету мен қадағалау тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

4
1.1 Тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар қылмыстың жасалуына сезіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды күзету мен қадағалау тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

4
2. Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ...
27
2.1 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ...
27
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгi қылмыстық.атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерiнде ерекше жағдайлар режимiн енгiзу қағидасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

57
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгi қылмыстық.атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерiнде ерекше жағдайлар режимiн енгiзу қағидасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

57
4. Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыруы ... ..

65
4.1 Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыруы ... ..

65
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 82
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 84
Бұл диплом жұмысында қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау және айдауылдау жөніндегі полиция қызметінің жұмысын ұйымдастырудың құқықтық негізі талданады.
Еліміздегі соңғы кездері қылмыс санының артуы салдарынан арнайы мекемелерде қамауда, уақытша ұстау изолятарында ұсталғандардың саны артпаса кемімей отыр, сол себепті бұл жұмыста қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау және айдауылдау жөніндегі полиция қызметінің жұмысын ұйымдастырудың өзекті мәселлері қарастырылып отыр.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 7-бабында әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері қарастырылған, яғни адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншікті, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу болып табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте әікімшілік жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қандай әрекеттер әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін үшін жазалар мен өзге де әкімшілік – құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді. [2]
Диплом жұмысының маңыздылығын мынада:
- Соңғы жылдары қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау мәселесі бұқаралық ақпарат құраладарнда жиі көтерілуде.
- қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау мәселесі ғылыми тұрғыдан аз зерттелуі.
- қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау мәселесінің әлі де болса шешілмеген жақтары көп.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексі Алматы 2014 18 ақпан
3. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы
4. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы ҚР Заңы 01.17. 2014ж.
5. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 03 шілдедегі Заңы
6. «Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулық» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 13 тамызындағы №93 бұйрығымен бекітілген.
7. «Қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 Бұйрығы
8. Мушкет И.И., Хохлов Е.Б. Полицейлік құқық (оқу құралы) А.-2005. 183
9. Шағатаев Қ.К. Ішкі істер органдары қолданатын әкімшілік-процессуалдық шаралар: (Оқулық құралы) Қарағанды – 2002. 95 б.
10. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі Заңтану. ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі. А.-2002. 327
11. «Административная деятельность ОВД». Особенная часть. Москва. 2000 г.
12. Административная деятельность ОВД. (Учебник). Под ред. Профессора Коренева А.П., М.1999 г., общая часть.
13. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы ҚР Президентінің Жарлығы, 01.10.2013ж.
14. Закон РК от 03.01.2002 г. “О санитарно–эпидемиологическом благополучии населения”.
15. Закон РК от 15.05.2007 г. “О профилактике заболевания СПИД”.
16. Закон РК от 13.10.2011г. «Об участии граждан в охране общественного порядка».
17. Закон РК от 18.02.2014г. «О профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и предупреждению детской безнадзорности и беспризорности».
18. Закон РК от 03.07.2013г. «О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц».
19. Қазақстан Республикасында шет ел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы ҚР Президентінің Жарлығы, 10.12.2013ж.
20. Постановление Правительства РК от 28.01.00г. Отдельные вопросы правового регулирования пребывания иностранных граждан в РК, 29.04.2011г.
21. Приказ МВД РК №469 от 31.12.93г. Об организации работы ОВД по связи с общественными объединениями.
22. ҚР мемлекеттік қызметкерлердің ар-ождан Кодексі туралы ҚР Президентінің Жарлығы, 01.10.2013ж.
23. ҚР Конституциясы, 1995 ж.
24. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР кодексі, 2010.08.06 N 804.
25. ҚР Мемлекеттік қызметкерлер туралы Заң, 12.03.2013 ж.
26. Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы ҚР Заңы, 05.07.2012 ж.
27. ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы ҚР заңы, 18.03.2010 ж.
28. ҚР нормативтік құқықтық актілер туралы ҚР Заңы, 07.04.2013 ж.
29. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы ҚР Заңы, 12.07.2009 ж.
30. Қоғамдық бірлестіктер туралы ҚР Заңы 2012 жылғы 12 қаңтар
31. «Алкоголизммен, наркоманиямен және токсикоманиямен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеу» туралың ҚР Заңы 29.03.2010 ж.
32. Единая конвенция о наркотических средствах (Нью-Йорк, 30 марта 1961 г. с изменениями от 25 марта 1972 г.).

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1. Тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар қылмыстың жасалуына
сезіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды күзету мен
қадағалау тәртібі ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
1.1 Тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар қылмыстың жасалуына
сезіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды күзету мен
қадағалау тәртібі ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
... ... ... ... ... .
2. Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы
мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары 27
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
2.1 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы
мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары 27
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгi қылмыстық-атқару
жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерiнде ерекше жағдайлар режимiн
енгiзу 57
қағидасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесi
комитетiнiң түзеу мекемелерiнде ерекше жағдайлар режимiн енгiзу
қағидасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
... ... ... ... ... ... ... .
4. Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және
бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда
заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыруы ... .. 65
4.1 Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және
бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда
заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыруы ... .. 65
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 82
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
Пайдаланылған 84
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..

Кіріспе

Бұл диплом жұмысында қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау және
айдауылдау жөніндегі полиция қызметінің жұмысын ұйымдастырудың құқықтық
негізі талданады.
Еліміздегі соңғы кездері қылмыс санының артуы салдарынан арнайы мекемелерде
қамауда, уақытша ұстау изолятарында ұсталғандардың саны артпаса кемімей
отыр, сол себепті бұл жұмыста қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау
және айдауылдау жөніндегі полиция қызметінің жұмысын ұйымдастырудың өзекті
мәселлері қарастырылып отыр.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 7-
бабында әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері
қарастырылған, яғни адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен
заңды мүдделерін, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық
салауаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншікті, қоғамдық
тәртіп пен қауіпсіздікті, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген
тәртібін, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін әкімшілік
құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу болып
табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексте әікімшілік жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам,
қоғам немесе мемлекет үшін қандай әрекеттер әкімшілік құқық бұзушылық болып
табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін үшін жазалар мен өзге де
әкімшілік – құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді. [2]
Диплом жұмысының маңыздылығын мынада:
- Соңғы жылдары қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау мәселесі
бұқаралық ақпарат құраладарнда жиі көтерілуде.
- қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау мәселесі ғылыми тұрғыдан аз
зерттелуі.
- қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау мәселесінің әлі де болса
шешілмеген жақтары көп.
Жұмыстың мақсаты: қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау және
айдауылдау жөніндегі полиция қызметінің жұмысын ұйымдастырудың құқықтық
негізін әкімшілік-құқықтық саралау.
Жұмыстың міндеттері: қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау және
айдауылдау жөніндегі полиция қызметінің жұмысын ұйымдастырудың құқықтық
негізін әкімшілік-құқықтық мінездемесін теоритикалық апспектілерін
жинақтау, дәрежелеу.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспе бөлімнен, төрт сұрақтан, қорытынды
бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар қылмыстың жасалуына
сезіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды күзету мен
қадағалау тәртібі

1.1 Тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар қылмыстың жасалуына
сезіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды күзету мен
қадағалау тәртібі

Күзет пен қадағалаудың негізгі талаптары
Сезіктілер мен айыпталушыларды күзету мен олардың тәртібін қадағалауды
бірін бірі кезекпен ауыстыратын төрт кезекші ауысымдағы жеке құрам тәулік
бойы жүзеге асырады. Сезіктілер мен айыпталушыларды серуенге шығаруды,
тергеушіге, дәрігерге, кездесуге апаруды және ұстау режимімен байланысты
басқа да функцияларды орындауды режимдік бөлім бақылаушылары қамтамасыз
етеді. [5]
Сыртқы және ішкі күзет орындарының саны мен орналасуын, тергеу изоляторының
корпусты бөлімшелерінің санын Астана қаласы бойынша және облыстар бойынша
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері
бекіткен күзет орындары табельдерімен белгіленеді.
Табельдер үш данада толтырылады: біріншісі - тергеу изоляторында, екіншісі
- ҚАЖК ҚАЖД-де сақталады, үшіншісі - ҚР ӘдМ ҚАЖ Комитетіне ұсынылады.
Корпустық бөлімшелер режимдік корпустар немесе қабаттар бойынша
белгіленеді. Олардың саны бір корпустық бөлімшеде ең көбі 300 сезіктілер
мен айыпталушылардың есебінен анықталады. Әрбір корпустық бөлімшеге
табельдегі жазба бойынша нөмір беріледі.
Табельмен бекітілген ішкі және сыртқы күзет орындары табельдік постар деп
аталады. Нақты жағдайларға байланысты олар табельде көрсетілгендей бір
ауысымды, екі ауысымды немесе үш ауысымды, тәулік бойғы болуы мүмкін, ол
табельде көрсетіледі. Ішкі және сыртқы күзет орындарының әрбір табельдік
постқа табельдегі жазба бойынша реттік номер беріледі. Табельде әрбір
постының күзетуінде нақты не бар екені көрсетіледі.
 Тергеу изоляторы бастығының, тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі
немесе оның орынбасарларының өкімі бойынша табельдік күзет орындарынан
басқа қолда бар деректер бойынша сезіктілер мен айыпталушылар қашуға,
күзетке шабуыл жасауға не болмаса құқыққа қарсы басқа да әрекеттер жасауға
ниет ететін сезіктілер мен айыпталушылар бір немесе бірнеше камераларға
бақылауды күшейту үшін қосымша (уақытша) күзет постылары белгіленуі мүмкін.
Кезекші ауысымдар мен режимдік бөлімдердің сандық құрамы режимдік
корпустардың, күзет орындарының санын, сезіктілердің және айыпталушылардың
тәуліктік қозғалысын, айдауыл, тінту және тағы басқалар жөніндегі
міндеттерді орындауды ескере отырып анықталады.
Тергеу изоляторларының сыртқы және ішкі күзетін, күзетте ұсталатын
адамдардың тәртібін қадағалауды қатардағы және кіші басшы құрамдағы адамдар
- бақылаушылар жүзеге асырады.
Сыртқы күзет орындары:
мұнарадағы күзет орындарында тәулік бойы;
нарядтың жолында;
негізгі қақпаларда;
қосалқы қақпаларда;
серуендеу өткізу кезеңінде серуендеу аулаларында (қарусыз) орналастырылады.
Сыртқы күзет орындарындағы бақылаушылар жұмыс істейтін қарулармен:
мұнарадағы және нарядтың жолындағы күзет орындарында 40 патроны бар
автоматпен (20 патроны бар екі магазин);
негізгі және қосалқы қақпаларда 16 патроны бар тапаншамен қаруланады.
Сыртқы күзет орындарына дайындалған, қарудың материалдық бөлігін және
қолдану тәртібін жақсы білетін бақылаушылар қойылады.
Ішкі күзет орындары:
камераларда, аурухана палаталарында, карцерлерде;
оқу-өндірістік шеберханаларында;
техникалық құралдарды басқару пультінде орналастырылады.
Ішкі күзет орындарындағы бақылаушылар қызметтерін қарусыз өткереді,
міндетті түрде арнайы құралдармен жабдықталады ал техникалық құралдармен
басқару пультінде 16 патроны бар тапаншамен қаруландырылады.
Камералардағы күзет орындары бір күзет орнына 15-тен 20-ға дейінгі аралас
немесе қарсы орналасқан камераларды, карцерлерді күзетке тапсыру есебінен
орналастырылады. Карцерлердің оқшау орналасуы кезінде жеке күзет орны
қойылады.
Сезіктілер мен айыпталушылар шұғыл медициналық көмек көрсету үшін денсаулық
сақтау органдарының емдеу мекемелеріне жіберген жағдайларда оны күзету үшін
тәулік бойына күзет орны белгіленеді.
Бұл күзет орнына әр ауысымнан кемінде екі бақылаушыдан бөлінеді, оның
біреуі аға бақылаушы болып тағайындалады. Бір бақылаушы өз қызметін тікелей
ауру адамның палатасында, ал екінші жағдайға байланысты дәлізде, терезе
алдында немесе аурухана ғимаратының сыртқы жағындағы басқа орында өткереді.
Ауруханадағы күзет орнына тағайындалған бақылаушылар азаматтық киімде
болулары, радиостанция алып жүрулері және жасырын алып жүретін
тапаншалармен, арнайы құралдармен қаруланулары тиіс.
Егер ауруханаға сезікті немесе айыпталушы әйел орналастырылса, онда
күзетуге арналған күзет орнына қарусыз бақылаушы - әйелдер тағайындалады.
Күзет тәртібін анықтау және бақылаушыларға нұсқама өткізу үшін ауруханаға
тергеу изоляторы басшыларының бірі келеді.
Кезекші ауысымның түнгі уақытта қызмет өткеруін тексеруді тергеу
изоляторының бастығы, оның орынбасарлары және аға мен орта басшы құрамның
басқа да адамдары тексеруден 10-15 сағат бұрын тапсырылатын ұйғарым
негізінде кенеттен тексеру жолымен жүргізіледі.
Кесте әрбір кезекші ауысымды түнгі сағат екіден таңғы сағат алтыға дейін,
айына кем дегенде 4 рет тексеру есебімен жасалады.
Жүргізілген тексерулер және олардың нәтижелері туралы тексерген адам тергеу
изоляторындағы және корпустық бөлімшедегі кезекшілік кітабына белгі
жасайды.
Әрбір тергеу изоляторында күзетудің жедел жоспары жасалады, оған:
сыртқы күзет орындары және ескерту белгілерін беру секторлары мен
шекаралары көрсетілген тергеу изоляторы аумағының бас жоспары;
ішкі күзет орындары енгізілген режимдік корпустардың әр қабаттық
жоспарлары;
тергеу изоляторының кесілген макеті;
дабыл бойынша және жағдай ушыққан кездегі іс-қимылдар туралы нұсқаулық;
дабыл кезінде шұғыл шақыруға жатқызылатын қызметкерлердің мекен-жайлары,
телефондары және шақыру тәсілдері көрсетілген тізімдері (тізімдер өзгерген
жағдайда режим және күзет бөлімімен жаңартылады);
төтенше жағдайлар кезінде құлақтандырылуға тиіс лауазымды адамдардың
тізімдері енгізіледі. Осы барлық құжаттар (макеттен басқалары) жазбалары
бар папкаға тігіліп, жазбамен кезекшіде сақталады.
Кезекші ауысымдардың қызмет өткерулерін ұйымдастыру
Күзеттің кезекші ауысымына ауысымның бастығы болып табылатын кезекші
басшылық жасайды. Кезекші тікелей тергеу изоляторының бастығына, оның
орынбасарларына бағынады және олар жоқ кезде жауапты лауазымды адам болып
табылады.
Әрбір кезекші ауысымға тұрақты нөмір (бірінші ауысым, екінші ауысым және
т.б.) беріледі. Әдетте, ауысым құрамы тұрақты болуы керек. Ауысымға
бақылаушылар тергеу изоляторы бастығының бұйрығымен тағайындалады.
Бақылаушылар бір ауысымнан екінші ауысымға тек өте қажет жағдайда ғана
ауыстырылады.
Бақылаушы бір күзет орнына қатарынан 12 ауысымнан артық қызмет өткермейді,
бұдан соң басқа күзет орнына ауыстырылады.
Кезекші ауысым құрамына әйелдер камераларының санына байланысты қажетті
мөлшерде бақылаушы-әйелдер тағайындалады. Бестен көп емес әйелдер
камералары бар, жалпы дәлізде орналасқан тергеу изоляторында күзет
бақылаушы - ер адамдарға тапсырылуы мүмкін. Әйелдерді тінтуді және
санитарлық тазартуға апаруды тек бақылаушы-әйелдер ғана жүзеге асырады.
Кезекші ауысымның жұмыс режимі әдетте 8 немесе 12 сағаттық кесте бойынша
белгіленеді.
Жағдай ушыққан кезде бақылаушыларды тергеу изоляторы бастығының өкімімен 5
тәулікке дейінгі мерзімге, ҚАЖК ҚАЖД басшылығының рұқсаты бойынша - бір
айға дейінгі белгіленген кестеден тыс қызмет өткеруге тартуға рұқсат
етіледі.
Кезекші ауысымға:
сыртқы және ішкі күзет орындарының;
құрама бөлімшелерінің;
резервтегі топтардың бақылаушылары;
техникалық құралдармен басқару пультінің операторлары кіреді.
Кезекшілікке ауысымды тергеу изоляторын күзету жөніндегі тағайындау тергеу
изоляторы бастығының әр тәулік қарсаңындағы, 8 сағаттық кезекшілік кезінде
екі ауысымға және 12 сағаттық кезекшілік екі ауысымға шығарылатын
бұйрығымен жүргізіледі.
Бұйрықта әрбір ауысымның жеке құрамының күзет орындары бойынша орналасуы
көрсетіледі. Күзет орындарының саны көп болған тергеу изоляторының
бастығына ауысымның жеке құрамын орналастыруға күзет орындары бойынша 6, 12
кезекшілікке дербес орналастыруды бекітуге рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда
бұйрықта бекітілген орналастыруға тек қана сілтеме жасалады. Күзет орындар
бойынша бақылаушыларды орналастырудағы барлық өзгерістер ауысымның жеке
құрамын орналастырудағы өзгерістер туралы анықтамада белігіленеді.
Күзет жөніндегі бұйрықта кезекші ауысымдарға және режимдік бөлімге нұсқау
көрсетіледі. Уақытша күзет орындары арқылы күзетті күшейту шаралары, сондай-
ақ бақылау, тінту техникалық қарау жүргізілуі тиіс камералардың номерлерін
қою күзетті күшейту жөніндегі шаралар және басқа да өкімдер көрсетіледі.
Күзетті күшейту жөніндегі нұсқау нақтылы болуы тиіс. Күзет жөніндегі бұйрық
қызмет бабында пайдалану үшiн болып табылады, бір данада ғана шығарылады
және іс-әрекеті жойылғанға дейін кезекшіде сақталады, одан кейін арнайы
есепке алу бөлімінің бастығына тапсырылады және тергеу изоляторының күзет
жөніндегі бұйрықтар ісіне тігіледі.
        Кезекші өзіне бекітілген ауысымның тікелей бастығы ретінде:
кәсіби даярлық сапасына, қызметтік тәртіптің жағдайына, ауысым жеке
құрамының заңдылықтарды қатаң сақтауларына дербес жауап береді;
ауысымның жеке құрамымен арнайы және жауынгерлік дайындық жөнінде сабақ
өткізеді.
Көмекші қызмет өткеру кезінде:
сезіктілерді және айыпталушыларды күзетуді, қадағалауды және оқшаулауды
ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, олармен ұстаудың белгіленген тәртібін
сақтауларын қамтамасыз етеді;
тергеу изоляторының бастығы, орынбасары болмаған кезде ұстау тәртібін
өрескел бұзудың, сезіктілердің және айыпталушылардың бағынбаушылықтарының,
шабуыл жасаудың, қашудың немесе өзге де төтенше оқиғалардың алдын алу,
жолын кесу және жою шараларын қабылдайды;
корпус жөніндегі жетекші мен ішкі және сыртқы күзет орындарындағы
бақылаушылардың қызмет өткерулерін жеке өзі, сондай-ақ орынбасар арқылы
күндізгі уақытта кемінде екі рет, ал түнгі уақытта кемінде үш рет
тексереді;
инженерлік-техникалық күзет құралдарының, белгі беру, байланыс
құралдарының, сондай-ақ есіктердің, есіктердегі желдеткіштердің,
құлыптардың, торлардың, камералық жабдықтардың ақауларын тез арада жою
жөнінде шаралар қолданады;
режимдік аумақта баспалдақ, тақтай және шабуыл жасау мен қашу үшін
пайдаланылатын басқа да заттарды сақтауға жол бермейді;
қарулар, оқ-дәрілер және арнайы құралдарды сақтауды ұйымдастырады және
олардың сақталуын қамтамасыз етеді;
сезіктілер мен айыпталушыларды қабылдауды және жіберуді жүзеге асырады,
оларды құрама бөлімшенің камераларына орналастыруды және жеке тінтуді
ұйымдастырады;
ауруларға шұғыл көмек көрсету үшін медицина қызметкерлерін шақырады және
ауырғандарды емдеу мекемелеріне тасымалдауды қамтамасыз етеді;
сезіктілер мен айыпталушыларды жедел бөліммен құрастырылған камераларға
орналастыру жоспарына сәйкес камераларға орналастыруды ұйымдастырады;
режимдік бөлімнің күндізгі қызметі жұмыс істемеген кезде сезіктілер мен
айыпталушыларды сұрақ алуға тергеушіге апаруды қамтамасыз етеді;
өткізу жүйесі ережелерінің орындалуын бақылайды;
карцерге немесе жалғыз адамдық камераға орналастырылған адамдардың жаза
өтеу мерзімдерін қадағалайды және оларды уақытында босатады;
медицина қызметкерлерімен бірлесіп тамақтың сапасын және дер кезінде
дайындалуын бақылайды;
тергеу изоляторында өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталуын бақылайды.
Кезекшіге ішкі және сыртқы күзет орындарының бұйрықпен бекітілген санын өз
бетінше азайтуға немесе төтенше жағдайлар тудырған оқиғалар (күзетке шабуыл
жасау көрініс бергенде, қашудың алдын алу кезінде, табиғи апаттың алдын алу
кезінде) кезінен басқа кезде олардың тұрған жерін өзгертуге рұқсат
етілмейді. Оған нұсқаулықтың 8-тармағында көрсетілг ен жағдайларда қосымша
күзет орындарын белгілеуге рұқсат етіледі. Кезекші күзет орындары санын
азайтуға немесе қосымша күзет орындарын белгілеу туралы кезекші кезекшілік
кітабына жазба жазады және бұл туралы тергеу изоляторының бастығына не
болмаса оның орынбасарына баяндайды.
Кезекшіге нарядттан бос бақылаушыларды және басқа қызметкерлерді шұғыл
тапсырмаларды орындау үшін қызмет өткеруге шақыртуға және тағайындауға
рұқсат етіледі.
Кезекші кезекші бөлімінде:
1) тергеу изоляторының күзеті бойынша бұйрықтарды;
2) ауысым жеке құрамының дербес орналасуын;
3) ауысым жеке құрамының орналасуының өзгеруі туралы анықтамасын;
4) кезекші ауысымның жеке құрамының жұмысын орналастырылған есепке алу
журналын;
5) карцерге және бір адамдық камераға орналастырылғын адамдарды есепке алу
кітабын; 
6) сезіктілер мен айыпталушылардың сандық тексерісінің кітабын;
7) нысанды қаруды және оқ-дәрілерді беру және қабылдау кітабын;
8) арнайы кілттерді есепке алу кітабын;
9) тергеу изоляторына жеткізілген адамдарды есепке алудың тәулік ведомосын;
10) тергеу изорляторынан уақытша кеткен адамдарды есепке алудың тәулік
ведомосы;
11) оқшау ұстауға жататын адамдардың тізімі бар ісін;
12) (келуі, кетуі) әр тәулікке 8-сағаттық кезекшілікте, 12 сағаттық
кезекшілікте қозғалысы туралы анықтама;
13) тергеу изоляторы күзетінің жедел жоспары;
14) мастикалық мөрді;
15) қару қоймасының артық кілтін;
16) постық қаруларды, арнайы құралдарды;
17) өлім жазасына сотталған және өмірлік бас бостандығынан айырылған
сотталғандар ұсталатын түрмелік типтес кілттердің және камералардың екінші
құлыптарының кілттерінің артығын;
18) аппеляциялық шағымдарға арналған мөртабандарды;
19) камера бойынша орналастыру жоспарын;
20) сыртқы шаруашылық жұмыстарға шағаруға жататын сотталғандардың тізімін;
21) тергеу изоляторы бойынша кезекшілік кітабын сақтайды және жүргізеді.
Нұсқаулықтың осы тармағында көрсетілген жеке құжаттарды жүргізуді және
сақтауды кезекші өзінің орынбасарына жүктеуі мүмкін.
Кезекшіге:
1) ауырған жағдайдан басқа уақытта ауысым құрамынан біреуді кезекшілікті
өткеруден босатуға;
2) тергеу изоляторының аумағынан кетіп қалуға;
3) қызмет өткеру кезінде ұйықтауға тыйым салынады.
Қызмет өткеру кезеңіндегі ауырып қалған жағдайда кезекші тергеу
изоляторының бастығына немесе оның орынбасарына баяндайды және әрі қарай
олардың нұсқауы бойынша әрекет етеді.
Кезекшінің орынбасары кезекшіге бағынады және ауысымның жеке құрамымен
жұмыс бойынша нұсқаулықтырын орындайды және кезекшілікті өткеру уақытында
тергеу изоляторын күзету бойынша міндеттерді жүзеге асырады.
Тергеу изоляторында штат бойынша әр ауысымда кезекшінің бірнеше
орынбасарлары болады, олардың лауазымдық міндеттерін жұмыстың ерекшелігін
ескере отырып тергеу изоляторының бастығы белгілейді.
Корпусты бөлімшені кезекші ауысымның корпус бойынша аға қызметкері
басқарады. Корпус бойынша аға қызметкер корпуста кезекші ауысым құрамында
корпуста қызмет өткереді және кезекші мен оның орынбасарына бағынады. Оған
ішкі күзет орындарының бақылаушылары бағынады. Корпус бойынша аға
қызметкерге корпустық бөлімшеде бөлме бөлінеді, оған:
1) ішкі телефон байланысы және кезекшімен тікелей байланыс аппараттары;
2) камералары бар біржақты байланыс жасайтын дауыс зорайтқыш аппараттары;
3) күзет-дабыл белгілерін беретін түйме;
4) құжаттарды сақтауға арналған металл шкаф орналастырылады.
Корпус бойынша аға қызметкер:
1) күзет орнына бақылаушылардың өздеріне бекітілген корпустық бөлімшеде
қызмет атқаруларын тексереді, дабыл кезінде дереу белгі түскен күзет орнына
келеді;
2) корпустық бөлімшеге келгендерді қабылдайды және оларды кезекшінің
нұсқауына сәйкес камераларға орналастырады. Қамаудағы адам орналасуға тиіс
орынды (төсекті) жеке көрсетеді және оны тиісті төсек жабдықтарымен, жеке
басқа қажетті заттармен қамтамасыз етеді;
3) орын ауыстыру талоны немесе орын ауыстыру тізімі негізінде сезіктілер
мен айыпталушыларды басқа камераға ауыстыруды жүргізеді;
4) камералық картотека бойынша сезіктілер мен айыпталушылардың есебін
жүргізеді, камералық карточкаға бір камерадан екінші камераға ауыстыру
туралы мәлімет берілгені туралы немесе қайтарылған мүлік туралы барлық
қажетті жазбаларды жүргізеді;
5) ішкі тәртіп ережесінің сақталуын, уақытында ұйқыдан тұруды, ұйқыға
жатуды, тамақ таратуды қадағалайды, сезіктілер мен айыпталушылар арасындағы
тәртіпті қадағалау шараларын қолданады, байқалған тәртіп бұзушылықтарды
дереу жояды және олардың тарапынан болған заңсыз қауіпті әрекеттердің жолын
кеседі;
6) кезекшіге сезіктілердің, айыпталушылардың кенеттен ауырып қалғаны, шұғыл
медициналық көмекті қажет ететіндер туралы баяндайды және медициналық
бөлімді хабардар етеді;
7) камералар бойынша кезекшілерді тағайындайды және корпустық бөлімшелерде
тазалық сақтауды қамтамасыз етеді;
8) белгіленген тәртіппен киімдердің ұсақ-түйек жөндеу жұмыстары үшін
камераларға инелер, жіптер және қайшыларды бақылаумен береді және
қайтарылуын қамтамасыз етеді;
9) тергеу изоляторынан кететін адамдарды шығарушы бақылаушыларға тапсырады;
10) жазбаша арыздар мен шағымдарды қабылдайды және оларды кезекшіге
тапсырады;
11) сезіктілер мен айыпталушылар босатылған кезде олардың есебіндегі
мүкәммал заттарды беруді бақылайды, жетпеген немесе бүлінген заттар туралы
кезекшіге баяндайды;
12) ұйқыға жатқаннан кейiн ішкі күзет орындарының бақылаушыларынан
камералардың кілттерін алады және оларды сезіктілер мен айыпталушылардың
таңғы ұйқыдан тұруына дейін металл шкафтарында сақтайды немесе кезекшінің
сақтауына тапсырады;
13) сезіктілер мен айыпталушыларды серуендеуге, санитарлық тазартуға
шығаруларын, камераларға техникалық қарау, жоспарлы және жоспардан тыс
тінту жүргізулерін бақылайды.          
Корпус бойынша аға қызметкер өзінің корпустық бөлімшесін қалдыруға тек
қажет жағдайларда кезекшінің рұқсаты бойынша жіберіледі.
Ауырған жағдайда корпус бойынша аға қызметкер бұл туралы кезекшіге
баяндайды және оның тиісті нұсқауы бойынша әрекет етеді.
Әр кезекші ауысымда бақылаушылар ішінен тергеу изоляторы бастығының
бұйрығымен резерв тобының аға қызметкері тағайындалады, ол тікелей
кезекшіге және оның орынбасарына бағынады және олардың нұсқауы бойынша
әрекет етеді.
Резерв тобының аға қызметкері:
1) резерв тобын басқарады;
2) қарумен қызмет өткереді;
3) күзетке шабуыл жасаудың, қашудың және басқа да қауіпті іс-қимылдардың
жолын кесу үшін кезекшінің бөлмесінде үнемі дайын отырады;
4) алдын ала белгі беру шебінен белгі келіп түскен кезде дабыл жөніндегі
нұсқаулыққа сәйкес әрекет етеді;
5) кейбір ауысымдарда ғана кезекшінің орынбасары болса атын немесе мүлдем
жоқ болса тергеу изоляторында ауысымды жұмысқа бөлуге дайындайды;
6) кезекшілікті қабылдау кезінде сыртқы күзет орындарының бақылаушыларын
күзет орындарына таратады. Оларды алмастыруды және ауыстыруды қамтамасыз
етеді;
7) сыртқы күзет орындарының жабдықтарын (қашуға қарсы-ескерту белгілерін
беретін, байланыс, өртке қарсы құрал-саймандар және т.б.) тексеруге
қатысады.
Күзет орындарындағы бақылаушылар тергеу изоляторының бастығына, оның
орынбасарларына, кезекшіге және оның орынбасарларына, корпус бойынша аға
қызметкерлерге (ішкі күзет орындары), резерв тобының аға қызметкерлерге
(сыртқы күзет орындары) бағынады және олардың бұйрықтарын орындайды.
Күзетке кірісер алдында бақылаушы күзет жабдықтарының: камералардың есігін,
құлыптарды, жарық түсіргіштерді, белгі беру және байланыс құралдарын, өртке
қарсы жабдықтарды және мүкәммалдарды мұқият тексеруі және олардың жұмыс
істейтіндігіне көз жеткізуі, сондай-ақ бұл құжаттар көзделген күзет
нұсқаулықтары мен рұқсат қағаздарының үлгілерін күзет орындарында қабылдап
алуы тиіс. [5]
Күзет орнындағы бақылаушы жалпы дабыл бойынша әрекет ету жөніндегі
нұсқаулықпен өзіне жүктелген міндеттерге және өзі бағынатын бастықтардың
нұсқауларына сәйкес әрекет етеді.
Күзет орнындағы бақылаушыға: оқуға, отыруға (ішкі күзет орнында камера
алдында және сыртқы күзет орнында), ұйықтауға, бөгде адамдармен сөйлесуге,
қандай да бір затты сақтауға қабылдауға немесе бір затты бір камерадан
екінші камераға беруге және сезіктілер мен айыпталушыларды және күзетудегі
объектіні үзіліссіз бақылаудан басқа жайларға тыйым салынады.
Бақылау өткізу пунктіндегі күзет орны шлюзге жанасып тұрған бөлмеге
орналастырылады. Бұл күзет орны күзетте тұрған бақылаушыға басқа адамдарға
қолы жетімділік мүмкіндігі шектеулі етіп қоршалуы тиіс.
БӨП-ке көшеден және режимдік аймақтан немесе әкімшілік ғимраттан кіретін
есік "көзі" бар есіктегі тереземен және күзет орнындағы бақылаушылар
басқарып отыратын электромеханикалық тиекпен жабдықталады. Шлюздің қақпасы
электрлік (механикалық) тартпаның көмегімен ашылады және жабылады.
Бас қақпаның құлпына, БӨП және бақылаушының күзет орнының есігіне басқа үй-
жайлардың құлыптарының кілттері сәйкес келмеуі тиіс. Бұл кілттердің
барлығының екі данасы ғана сақталады: біріншісі күзет орнындағы
бақылаушыда, екіншісі - кезекшіде.
БӨП-тің күзет орнында:
1) екі жақты күзет-дабыл дабыл белгісін беретін және кезекшінің бөлмесімен
немесе оператордың бөлмесімен телефон байланысының аппараттары, сондай-ақ
сырттан келетін белгіні қабылдауға арналған қоңырау;
2) қуыс бұрғымен әкеленетін және алып шығарылатын жүктерді тексеруге
арналған басқа да құралдар;
3) тергеу изоляторына кіруге және шығуға қолданылып жүрген рұқсат қағазының
үлгілері;
4) азаматтардың кіру және шығу тәртібі туралы күзет орнының нұсқаулығы,
айдауылдың, көліктің рұқсат қағаздары;
5) сезіктілер мен айыпталушылардың бас қақпа арқылы қозғалысын есепке алу
ведомосі;
6) стол немесе тумбочка болуы керек.
Қолданылып жүрген рұқсат қағаздарының үлгілері күзет орнындағы бақылаушының
көріп отыруы үшін ыңғайлы жағдайда қабырғада жабдықталған жәшік-сөреде
сақталады. Жәшік-сөре құлыпқа жабылады, мөр басылады және пломба салынады
және пердесі болады.
БӨП күзет орнының бақылаушысы:
1) бас қақпа арқылы қашуға және тергеу изоляторына кіруге және құқы жоқ
адамдардың кіруіне жол бермеуіне;
2) қақпаны және кіретін есікті үнемі құлыпқа жауып ұстауға, ал олардың
кілттерін өзінде сақтауға;
3) лауазымды адамдардың, қызметкерлерді, келушілерді, айдауылдарды,
айдауылдан босатылған сотталғандарды және көліктерді тергеу изоляторынан
нұсқаулықта белгіленетін тәртіп бойынша шығаруға және кіргізуге міндетті.
Бақылаушы тергеу изоляторындағы өткізу режимінің талаптарын қатаң түрде
жүзеге асырады. Ол кірген (шыққан) адамның бетін көруі және қызметтік
куәлігін, жеке бас куәлігін немесе рұқсат қағазын мұқият тексеруі тиіс.
Егер БӨП күзет орнындағы бақылаушы басқарып отыратын электрлік және
механикалық тиектермен жабдықталмаса, онда кіретін есікті ашпас бұрын және
кіретін адамды тергеу изоляторына (түрмеге) жіберер бұрын бақылаушы
есіктегі терезе көзін ашады және жеке бас куәлігін немесе рұқсат қағазын
қабылдайды. Сонымен бірге бақылаушы:
1) рұқсат қағазын күзет орнындағы үлгімен салыстыруға;
2) рұқсат қағазы мерзімінің өтпегенін, рұқсат қағаздарының фотографиялық
карточкаларының оларды көрсетушісімен сәйкес келуін, шыққан кезде бір жолғы
рұқсат қағазында оны қабылдаған адамның белгісі болуын бақылауға;
3) құжатының дұрыстығы күдік келтіретін адам туралы телефонмен бақылаушыға
баяндауға және оның нұсқау бойынша әрекет етуге;
4) тергеу изоляторынан босатылған адамның түр-сипатын босатылғаны туралы
анықтамадағы суретімен салыстыруға;
5) айдауылды шығарар кезде сезіктілер мен күдіктілер санын рұқсат қағазында
көрсетілген санмен салыстыруға;
6) кіретін немесе шығатын көліктерді шығарылатын немесе кіргізілетін жүкті
қуыс бұрғының және басқада құралдардың көмегін пайдалана отырып тексеру
жүргізуге; Жүгі бар көлікті осы жүкке берілген рұқсат қағазын көрсеткен
кезде шығаруға;
7) шаруашылық қызмет ету бойынша жұмыс істеп жүрген сотталғандарды алып
жүрген айдауылдарды шығарған кезде "С" нысанды рұқсат қағазында көрсетілген
санмен салыстыруға және тегі бойынша тексеру жүргізуге міндетті. Бұл кезде
әрбір қамаудағы өзінің тегін атауға тиіс.
Қосалқы қақпаларды күзетуге арналған күзет орыны олардың маңыздылығына
байланысты жабдықталады. Бұл қақпалардың құлыптарында тек екі кілт қана
болуы тиіс: оның біреуі бақылаушыда және екіншісі кезекшіде. Басқа үй-
жайлардың құлыптарының кілті бұл құлыптарға тура келмеуі керек.
Қосалқы қақпадағы күзет орнының бақылаушысы өз міндеттерін күзет орнының
нұсқаулығын басшылыққа ала отырып орындайды.
Тергеу изоляторының периметрі бойынша сыртқы жағынан күзетуді тәулік бойы
мұнарадағы күзет орнының қаруланған бақылаушылары жүзеге асырады. Мұнаралар
олардың саны аз болса барлық периметрдің сыртқы жағын күзетуді қамтамасыз
ететіндей есеппен орнатылады.     
Мұнарадағы күзет орнындағы бақылаушының күзетуіне мұнараның әр жағынан
ұзындығы 150 метрге дейін периметр бойынша аумақ тапсырылады.
Мұнарадағы күзет орнындағы бақылаушыда:
1) күзет-дабыл белгілерін хабарлағыш және кезекшімен байланыс жасауға
арналған телефон аппараты;
2) полицейлік үлгідегі ысқырық болуы қажет.
Мұнарадағы күзет орнындағы бақылаушы:
1) ауыстырылғанша немесе орнынан алынғанша күзет орнын тастамауға;
2) негізгі қоршау арқылы қашуға және тергеу изоляторына бөгде адамдардың
енуіне жол бермеуге;
3) оқталған қару ұстауға, мұнымен бірге патронды патрон салғышқа салмауға
міндетті. Қаруды қолынан шығармауы және оны тіптен өзі бағынатын адамдарды
қосқанда ешкімге бермеуге тиіс;
4) резерв тобының аға қызметкерінен, кезекшіден, оның орынбасарларынан және
олар ілестіріп жүретін адамдардан басқа ешкімді күзет орнына кіргізбеуге;
5) күзет орнына жақындаған адамды: "Тоқта! Кім келеді?" деген көтеріңкі
дауыспен тоқтатуға міндетті. Жауап: "Резерв тобының аға қызметкері, кезекші
оның орынбасары" болғанда, оған күзет орнына жақындауға рұқсат береді. Егер
адам бөгде болса, бақылаушы оны ұстау үшін дабыл белгісін беруге;
6) бөгде адамдармен сөйлесуге және олардың сұрақтарына жауап беруге;
7) қашуға қарсы алдын ала белгі беретін аппараттардың ақауы туралы
кезекшіге баяндауға міндетті.
Мұнарадағы күзет орнындағы бақылаушы өзінің назарындағы аумақтағы
жағдайлардың барлық өзгерістері туралы (режимдік корпустардың
қабырғаларының, шатырларының, терезелерінің зақымдалуы туралы), сондай-ақ
негізгі қоршаудың сыртқы жағынан жақын жерлердегі барлық күдікті адамдар
мен автокөліктер туралы баяндауға тиіс. Сезіктілер мен айыпталушылар
қызметкерлерге шабуыл жасаған, сондай-ақ төбелескен, қашуға тырысқан
жағдайларда дабыл белгісін береді.
Тергеу изоляторында мұнарадағы күзет орындарының бақылаушысы периметрдің
сенімді күзетін қамтамасыз ететін мүмкіндігі болмаса, негізгі қоршау мен
белгі беру шекарасының арасында наряд жолындағы күзет орнына қаруланған
бақылаушы қойылады.
Наряд жолындағы күзет орнының бақылаушысында:
маусымға байланысты күзет киімдері;
бақылаушымен немесе оператормен байланыстыратын радиобайланыс аппараты;
электр шамы (түнгі уақытта);
ішкі телефон жүйесіне қосуға арналған телефон трубкасы;
полицейлік үлгідегі ысқырық;
өзімен бірге арнайы құралдар болуы қажет.
Наряд жолындағы күзет орнындағы бақылаушы нұсқаулықтың көрсетілген
міндеттерді орындайды.
Қажет жағдайда түнгі уақытта режимдік аймақты айналып шығу үшін қарусыз
бақылаушы қойылуы мүмкін. Оның міндеттерін нұсқаулықтың талаптарына және
жергілікті жағдайға қарай тергеу изоляторының басшылығы анықтайды.
Ішкі күзет орындарындағы күзетпен қадағалауды ұйымдастыру     
Камералар алдындағы ішкі күзет орнының бақылаушысында:
күзетілетін камераның кілті (күндізгі уақытта);
бақылаушының қолы жетуі үшін ыңғайлы жерге орналастырылған күзет-дабыл
белгілерін хабарлағыш;
кезекшінің бөлмесімен тікелей байланыс жасауға арналған телефон аппараты;
өртке қарсы қолданылатын құралдар мен құрал-саймандар;
қабырғаға орнатылған тиекті шкаф болуы керек. Камера алдындағы әрбір күзет
орнында күзет орнының ведомосы жүргізіледі;
тікелей өзімен бірге арнайы құралдар (кісендер, ПР-73 бұйымдары, "Черемуха"
немесе "Сирень" түріндегі аэрозоль орамдары) болуы керек.
Камера алдындағы ішкі күзет орнының бақылаушысы:
өзі күзетіп отырған камерадан қашудың алдын алуға және басқа да төтенше
қылмыстардың жолын кесуге бағытталған шаралар қолдануға;
сезіктілер мен айыпталушылардың режим және ішкі тәртіп ережелерін
орындауларын бақылауға міндетті. Барлық байқалған тәртіп бұзушылықтар
туралы корпус бойынша аға қызметкерге немесе кезекшіге баяндауға міндетті;
камераның есігін әр ашқан сайын "көзше" арқылы камераға кірудің
қауіпсіздігіне көз жеткізуге;
сезіктілер мен айыпталушыларды камерадан серуендеуге немесе санитарлық
тазалықтан өткізуге алып шыққан кезде оларды айдауылдарға санап тапсыруға
және олардан санап қабылдауға міндетті, оны күзет орнының ведомосіне
жазады;
түнгі уақытта барлық күзеттегі камераларда жарық болуын қадағалауға;
әртүрлі камераларда ұсталушы сезіктілер мен айыпталушылардың, сондай-ақ
шаруашылық қызметін көрсету жұмыстарына қалдырылған сотталғандармен және
басқа адамдармен байланысына жол бермеуге;
камерадан шақырту келіп түскен жағдайда оның себебін анықтауға міндетті.
Камерада ұсталушы адамдардың мінез-құлқын бақылауды бақылаушы "көзше"
арқылы сезіктілер мен айыпталушылардың күдік тудыратын мінез-құлқына назар
аудара отырып, ың-тыңсыз жүзеге асырады.
Бақылаушы сезіктілер мен айыпталушылардың шағымын қабылдамайды және оған
олармен қызметтік міндеттерді орындауға қатысы жоқ жайлар туралы сөйлесуге
тыйым салынады.
Егер сезікті және айыпталушы өтініш жасаса немесе жедел шағым жасағысы
келсе, онда бақылаушы бұл туралы корпус бойынша аға қызметкерді хабардар
етеді.
Камерадан жазба хат лақтырған немесе берген кезде бақылаушы оларды дереу
корпус бойынша аға қызметкерге немесе бақылаушыға береді.
Қашуға оқталуды немесе қашуды байқаған кезде бақылаушы дабыл белгісін
береді және күзет орнында отырып олардың жолын кесу шараларын қолданады.
Камерада тәртіпсіздік, төбелес, бағынбаушылық немесе күдікті әрекеттер
болған жағдайда бақылаушы бұл әрекеттерді тоқтатуды талап етеді және дереу
корпус бойынша аға қызметкерге баяндайды және дабыл белгісін береді.
Камерада немесе режимдік корпуста өрт болған кезде бақылаушы:
1) дабыл белгісін береді;
2) қолда бар өрт сөндіргіш құралдармен өртті өшіру шараларын қолданады.
Тікелей камерада жанған кезде бақылаушы дабыл белгісін бергеннен кейін
есіктегі терезені ашады және камераға өрт сөндіргіш құралдарды береді және
көмектің келуін күтеді.
Өзін өзі өлтіру немесе өзін өзі өлтіруге оқталу кезінде бақылаушы дабыл
белгісін береді. Егер бұл жалпы камерада болса, онда ол есіктегі терезе
арқылы камерадағы адамдарға өзін өзі өлтіруді болдырмауды және зардап
шегушіге көмек көрсетуді талап етеді.
Камера алдындағы ішкі күзет орнының бақылаушысына режимдік корпусқа немесе
дәлізге кіретін есіктердің кілтін ұстауға, сондай-ақ жалғыз өзі камераларды
ашуға және оған кіруге үзілді-кесілді тыйым салынады.
Тамақ ішетін уақытында бақылаушыны корпус бойынша аға қызметкер немесе
резерв тобының бақылаушысы алмастырады.
Бақылаушыға тамақ, ыстық су, кітап таратуға, сондай-ақ камерадан камераға
әртүрлі заттар, хаттар беруге және өзінің тікелей міндетін орындаумен
байланысты емес басқа әрекеттерді жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.
Сезіктілер мен айыпталушыларға камераларына сәлемдемелерді, тамақ, дәрі-
дәрмектер, кітаптар, ларектан сатып алынған заттар және т.б. беруді
есіктегі терезе арқылы тиісті қызметкерлер жүзеге асырады.
Камераларды әкімшілік, медицина қызметкерлері және нұсқаушылар аралаған
кезде, олардың жанында камера алдындағы ішкі күзет орнының бақылаушысы
есікті ашқаннан кейін, камераға бірінші болып кіретін корпус бойынша аға
қызметкер немесе арнайы бөлінген бақылаушы ілесіп жүреді.
Камера алдындағы күзет орнының бақылаушысына аралап жүрген адаммен бірге
камераға кіруге тыйым салынады.
Камераларға кіру барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізіледі.
Камераның есігін ашпас бұрын камера алдындағы ішкі күзет орнының
бақылаушысы есіктегі терезе арқылы сезіктілер мен айыпталушыларға есікке
қарама-қарсы қабырғаға және кіретін есіктен екі метрден алыс жерге сапқа
тұруды талап етеді.
Камераны ашу кезінде ол есікті иығымен тіреп тұрып жартылай ашады да,
камерада ұсталынушы адамдардың мінез-құлқын мұқият бақылайды. Камераларды
ашуға кем дегенде 3 адам, ал түнгі уақытта камера алдындағы күзет орнының
бақылаушысын қосқанда 4 адам қатысулары керек.
Сезіктілер мен айыпталушыларды басқа камераларға ауыстыру үшін орын
ауыстырудың сипатына байланысты оларды бір-бірден немесе тобымен, немесе
камерадағы барлық құрамымен, корпус бойынша аға қызметкердің қатысуымен,
орын ауыстыру туралы талон немесе орын ауыстыру тізімі негізінде шығарады.
Сезіктілер мен айыпталушыларды корпустық бөлімшенің шегінде орналасқан
дәрігердің қызмет бөлмесіне қабылдауға корпус бойынша аға қызметкердің
немесе резервтегі бақылаушының қатысуымен шығарылады.
Тергеу изоляторынан жөнелтілуіне байланысты сезіктілерді және
айыпталушыларды камералардан медициналық бөлімге, фотодактилоскопистке,
басшылыққа, туыстарымен кездесуге шығару талонының негізінде, ал тергеушіге
сұрақ алуға апару адвокатпен кездесуге шығару-шақыру талоны негізінде
шығарушы бақылауышының қатысуымен жүзеге асырылады.
Дәрігерге амбулаториялық қабылдауға, санитарлық тазалықтан өткізу үшін
серуенге шығару кезінде сезіктілер мен айыпталушыларды шығарудың мақсаты
ескертіледі. Барлық қалған жағдайларда шығару және шақыру мақсаты оларға
хабарланбайды, тек олардың қалай киінуіне және өздерімен бірге не алуларына
нұсқау беріледі.
Сезіктілер мен айыпталушыларды алдағы жіберу немесе тергеу изоляторынан
босатылу туралы алдын ала ескертуге тыйым салынады.
Сезіктілер мен айыпталушыларды камерадан шығару бір-бірден немесе екеуден
қатарға тұру арқылы жүзеге асырылады, ол кезде айдауылшы бақылаушы камера
есігіне қырынан тұрады.
Күзет орны орналасқан жерде күзет орны арқылы өтуге құқығы жоқ адам пайда
болған жағдайда бақылаушы оларды ұстайды және корпус бойынша аға
қызметкерге хабарлайды.
Күзет орнына бастықтар және тергеу изоляторын тексеруші адамдар келген
кезде бақылаушы рапорт бермейді, тек өзін таныстырады (мысалы, "Полковник
мырза, күзет орнының бақылаушысы сержант Ахметов").
Денсаулық сақтау жүйесіндегі емдеу мекемесіне бекітілген күзет орнының
бақылаушысы тергеу изоляторы бастығының, оның орынбасарының, кезекшінің
және оның орынбасарының бұйрықтарын орындаудан басқа, сондай-ақ
дәрігерлердің және аурухана қызметкерлерінің емдеу шараларын жүргізу үшін
науқастың орнын ауыстыруға қатысты нұсқауларын да орындайды.
Күзет орнының бақылаушысы ауруханада:
1) науқасқа тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді және қашудың алдын алу
шараларын қабылдайды;
2) оған туысқандарын немесе бөгде адамдарды жібермейді, сондай-ақ басқа
науқастармен және оны емдеуге қатысы жоқ аурухана қызметкерлерімен қарым-
қатынас жасауына жол бермейді;
3) науқасты дәретханаға шығарғанда, дәрігерге барғанда оның қызмет
кабинетіне дейін ілесіп жүреді, ал содан соң дәрігердің нұсқауына сәйкес
әрекет етеді: онымен бірге кабинетке кіреді немесе оны дәлізге шығар жерде
күтеді;
4) күзет орнынан ауысарда кезекшіге қызмет өткеру нәтижесін және күзет
орнын тапсыруды баяндайды.
Құрама бөлімшелер мен резерв топтары бақылаушыларының жұмысын ұйымдастыру
Әр ауысым үшін құрама бөлімшелердің бақылаушылар топтарының сандық құрамы
сезіктілер мен айыпталушылардың тәулік сайынғы қозғалыс көлеміне (келулері
және кетулері) қарай анықталады.
Тәуліктік қозғалыс көп емес тергеу изоляторларында құрама бөлімшелердің
бақылаушылар тобы бөлінбейді, ал олардың функцияларын резерв тобының
бақылаушылары атқарады.
Құрама бөлімшелердің бақылаушылар топтарының басшылығына топтың аға
бақылаушысы тағайындалады.
Құрама бөлімшелердің бақылаушылар топтары сезіктілер мен айыпталушыларды
қабылдау және жөнелтумен байланысты барлық жұмыстарды атқарады.
Құрама бөлімшелер топтарының бақылаушылары:
1) келген сезіктілер мен айыпталушыларға тінту жүргізеді және жеке тінту
хаттамасын толтырады;
2) сезіктілер мен айыпталушылардың ақшаларын, бағалы қағаздарын және
заттарын қоюға акт жасайды. Алып қойылғандарды сәйкесінше қаржылық бөлімге
немесе қоймаға тапсырады;
3) келгендерге бастапқы құжаттар ресімдеуді жүргізеді. Оның ішінде анықтама
карточкасын және камералық карточканы толтырады;
4) сезіктілер және айыпталушыларды құрама бөлімшеден дәрігерге медициналық
қарауға және санитарлық тазалаудан өткізуге шығаруды қамтамасыз етеді;
5) орналастыру жоспарына сәйкес, келген сезіктілер мен айыпталушыларды
камера бойынша орналастырады және оларды оқшаулаудың бекітілген тәртібін
қамтамасыз етеді;
6) сезіктілер мен айыпталушыларды сотқа жіберуге дайындайды және соттан
қайтып оралғандарды қабылдайды;
7) кезең-кезеңмен ауыстырылатындарды жөнелтуге әзірлейді, олардың жеке
басына қажетті заттарын береді, тінту және санитарлық тазалау өткізеді,
оларды маусымға сай киімдермен қамтамасыз етеді;
8) нұсқаулықта көзделген тәртіппен құрама бөлімшелерде ұсталушы сезіктілер
мен айыпталушыларды күзетуді жүзеге асырады;
9) камералардың, құрама бөлімшелердің бокстарының техникалық және
санитарлық жағдайын бақылайды.
Құрама бөлімшелердің бақылаушылар топтарының жұмысы кезекшінің және оның
орынбасарының тікелей басшылығымен жүргізіледі.
Құрама бөлімшелері топтарының бақылаушылары қажет жағдайда резервтік топ
құрамында пайдаланылады.
Әрбір ауысым құрамында бақылаушылардың резервтік топтары бөлінеді, ол
туралы күзет жөніндегі тәуліктік бұйрығында хабарланады және кезекшінің
өкімінде болады.
Резервтік топтардың бақылаушылары:
1) дабыл жағдайында күзет бақылаушыларына шұғыл көмек көрсетуге;
2) күзет бақылаушыларын тамақ ішкен кезде және басқа да қажетті жағдайларда
ауыстыруға;
3) камераларды аралаған кезде медицина қызметкерлеріне ілесіп жүруге;
4) кезекшінің немесе оның орынбасарының нұсқау бойынша камераларды бақылау,
техникалық қарауға қатысуға міндетті.
Ерекше жағдайларда (мойын ұсынбау, табиғи зілзала, апат және т.б.
кездеріне) күзетті күшейту үшін бақылаушылардан арнайы қаруландырылған
резервтік топ құрылуы мүмкін.
Күзет жөніндегі бұйрықта топтың сандық және дербес құрамы, оның әрекет ету
мерзімі, қарулануы, ауысым тәртібі анықталады және басқа да қажетті
нұсқаулар беріледі.
Ауысымдарды бөлу, кезекшілікті қабылдау және тапсыру
Кезекші және оның орынбасары қызметке ауысым кезекшілікке түсерден 30 минут
бұрын келеді. Олар күзет жөніндегі бұйрықпен танысады, содан кейін
кезекшінің орынбасары немесе резерв тобының аға қызметкері ауысымды бөлуге
дайындайды.
Бақылаушылар қызметке алдын ала нысандық киім киіп, сырт келбеті ұқыпты
күйде кіреді.
Ауысымдарды бөлу әкімшілік корпусының осы мақсат үшін арнайы бөлінген
қызмет бөлмесінде өтеді.
Кезекші ауысымды бөлуге дайындау төмендегідей тәртіппен жүргізіледі.
Кезекшінің көмекшісі немесе резерв тобының аға қызметкері:
1) ауысымның жеке құрамын сапқа тұрғызады және олардың сырт келбетін
тексереді;
2) бұйрық бойынша (дербес орналастыру) бақылаушылардың қызметке келуін
тексереді және жоқ адамдарды белгілейді;
3) кезекші ауысым адамдарынан қызметтік куәліктерін қабылдайды;
4) сырттағы күзет орындарының бақылаушыларына қару және патрондар береді,
қарулардың түзулігін тексереді.
Бөлу үшін кезекші ауысымның жеке құрамы екі сапқа тұрғызылады: оң жақ
қанатқа - корпус бойынша аға қызметкерлердің бастауымен ішкі күзет
орындарының бақылаушылары, содан соң топ аға қызметкерінің бастауымен
құрама бөлімше бақылаушылары, сол қанатқа - сыртқы, күзет орындарының
бақылаушылары тұрғызылады.
Кезекшіні қарсы алу үшін оның орынбасары немесе резерв тобының аға
қызметкері "Сап түзе! Оңға түзел (солға)!" деп команда береді содан кейін
қолын бас киіміне апарып, ауысымның қызмет өткеруге дайындығы, қызметке
бөлуге келмеген және кешіккен адамдар туралы баяндайды.
Кезекші баяндаманы қабылдап, ауысымның жеке құрамымен амандасады, "Еркін
тұрыңдар!" деген команда береді және баяндама негізінде жоқ адамдардың
орнын ауыстыру үшін шаралар қолданады, жеке өз міндеттерін білулерін және
дайындықтарын тексереді, тергеу изоляторының (түрменің) бастығынан алған
нұсқауларға сәйкес нұсқаулама өткізеді, жедел ақпараттарды жеткізеді.
Бақылаушылар күзетке кірісер алдында өткізілетін нұсқаулама нақты және
оларды жауапкершілікті сезіну мен әсіресе түнгі уақытта күзет орнында
қырағы болуға тәрбиелейтін мақсатта болуы керек. Қажет жағдайда осының
алдындағы кезекшілікті өткеру кезіндегі кемшіліктерге қысқаша талдау
жасалады.
Нұсқаулама аяқталған соң кезекші құрама бөлімшелердің бақылаушыларына күзет
орындарына дербес, ал ішкі күзет орындарының бақылаушыларына корпус бойынша
аға қызметкердің басқаруымен баруға бұйрық береді. Кезекші бұдан кейін
резерв тобының аға қызметкеріне сыртқы күзет орындарын ауыстыруға бұйрық
береді.
Қызметке кірісетін ауысымның резерв тобының аға қызметкері сыртқы күзет
орындарының бақылаушыларына қаруларын оқтауға бұйрық береді.
Автоматтар мен тапаншаларды оқтау резерв тобының аға қызметкерінің немесе
кезекшінің оның орынбасарының тікелей бақылауымен қызметке бөлу бөлмесінде
қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізіледі. Автомат пен тапаншаға
магазин орнатылады, бұл кезде патрон патрон салғышқа салынбайды. Бұл
уақытқа қарай қызметке бөлуге алдындағы ауысымның резерв тобының аға
қызметкері келеді.
Резерв топтарының екі аға қызметкерлері де сыртқы күзет орындарын қабылдау-
тапсыру үшін сыртқы күзет орындары бақылаушыларының нарядымен бірге келеді.
Қаруларды оқтау қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, арнайы бөлінген үй-
жайда жүргізіледі.
Қызметке бөлуге тергеу изоляторының бастығы оның орынбасары немесе тергеу
изоляторын инспекциялаушы келген жағдайда кезекші "Түзу тұр! Оңға түзел
(солға)!" деген команда береді және келген адамға "Майор мырза! Кезекші
ауысымды қызметке бөлу жүргізілуде, кезекші аға лейтенант Ахметов" деп
баяндама береді.
Егер нұсқаушы қызметке бөлуге тергеу изоляторының бастығымен бірге келсе,
онда тексерушіге рапорт егер оның шені тергеу изоляторының бастығының
шенімен бердей болса немесе шені жоғары болған жағдайда ғана беріледі.
Кезекті ауысымды қызметке бөлуден жарты сағат бұрын сезіктілер мен
айыпталушыларды тергеушінің қызмет бөлмесіне апарудан басқа барлық
қозғалыстар (серуенге шығару, моншаға, дәрігерге апару және т.б.) жаңа
ауысым кезекшілікке кіріскен сәтке дейін тоқтатылады.
Ішкі күзет орындары төмендегідей тәртіппен ауыстырылады:
қызметке кірісетін ауысымның корпус бойынша аға қызметкері күзет
орындарының бақылаушыларымен бірге қызметке бөлуден кейін корпус бойынша
аға қызметкердің қызмет бөлмесіне келіп, ауысымның келгені туралы
хабарлайды;
корпус бойынша екі аға қызметкер қызметке кірісетін бақылаушыларды күзет
орындары бойынша бөледі және күзет орындарын қабылдау-тапсыруға кірісуді
бұйырады. Сонымен бірге корпус бойынша аға қызметкер жаңа ауысымның әрбір
бақылаушысына күзет ведомосінің бүлінбеген бланкісін тапсырады.
Бақылаушылардың камера алдындағы күзет орындарын қабылдау-тапсырулары
қамаудағыларды қабылдаудан басталады. Қабылдау болып өткен қозғалыстарды
(келу, кету) ескере отырып, соңғы тексеру мәліметтері бойынша жүргізіледі.
Ауысымды тапсыратын және қызметке кірісетін бақылаушылар әр камера
жөніндегі нәтижелерді жеке өздерінің күзет ведомісіне көрсетеді. Барлық
күзетілетін камераларды қабылдау аяқталған соң жаңа ауысымның камера
алдындағы ішкі күзет бақылаушысы одан қамаудағыларды қабылдауда ауысымды
тапсырушы бақылаушының күзет ведомосіне қол қояды.
Қабылдау кезінде қарау және күзет орнының жабдықтарының белгі беру және
байланыс құралдарының, құлыптардың, тиектердің және "көзшелердің" өртке
қарсы құралдардың түзіктігін тексеру жүргізіледі. Бұдан соң тапсырушы
ауысымның бақылаушысы қызметке кірісетін ауысымның бақылаушысына
камералардың кілттерін (күндізгі уақытта) тапсырады және күзет орны
қабылданды деп есептелінеді.
Егер күзет орнын тапсырушы бақылаушының жекелеген сезіктілер мен
айыпталушылардың мінез-құлықтарына қатысты ескертпелері болса, ол бұл
туралы күзетке жаңадан кірісуші бақылаушыға хабарлауға міндетті.
Ауысымды қабылдаушы бақылаушы құлыптардың, тиек құрылғыларының қарайтын
"көзшелердің", белгі беру аппараттарының ақаулары және күзет орнындағы
басқа да кемшіліктер туралы күзет ведомосіне жазады және ол туралы өз
ауысымының корпус бойынша аға қызметкеріне баяндайды.
Жаңа және бұрынғы ауысымдардың корпус бойынша аға қызметкерлері
бақылаушылардың қабылдау-тапсыруларынан кейін сезіктілер мен
айыпталушыларды сан бойынша тексеруді жүргізеді және қабылдау-тапсыру
барысында туындаған мәселелерді шешеді.
Сан бойынша тексеру төмендегі тәртіппен өткізіледі:
корпус бойынша аға қызметкерлер камераның есігін ашады және барлықтарына
бір екі немесе оданда көп сапқа тұруды ұсынады, камераға кіреді және сан
бойынша тексереді. Сапқа тұру кезінде саптың шетінен камера есігіне дейін
кем дегенде 2 метр қалу тәртібін сақтауы керек;
2) егер ауысым кезекшілікке түнде кірісетін болса, онда аз орындық
камераларда санау бойынша тексеру есіктегі терезе арқылы жүргізіледі, ал
жалпы камералардағы сезіктілер мен айыпталушылар қозғалысты (күзет
ведомосін) есепке ала отырып, соңғы тексеру деректері бойынша қабылданады.
Корпустық бөлімшелер бойынша санау нәтижесі тексеру анықтамасына
енгізіледі.
Бұрыңғы ауысымның бақылаушылары күзет орнын тапсырғаннан кейін күзет
ведомосін корпус бойынша аға қызметкерге тапсырады және өзінің қызметтік
куәлігін (рұқсат қағазын) алады және өз ауысымының кезекшісінің немесе оның
орынбасарының рұқсатымен кезекшіліктен кетеді.
Бақылаушылардың күзет орнын қабылдау-тапсырулары және сезіктілер мен
айыпталушыларды тексеру аяқталған соң корпус бойынша аға қызметкерлердің
кезекшілікті қабылдау-тапсырулары төмендегідей тәртіппен жүргізіледі:
1)бұрыңғы және жаңа ауысымдардың корпус бойынша аға қызметкерлері корпус
бөлімшелері бойынша өткізілген сандық тексеру нәтижелерін камералық
картотекадағы деректермен салыстырады және корпустық бөлімше бойынша
кезекшілік кітабына жазылады;
2) егер уақытша болмаған сезіктілер мен айыпталушылар болса, онда бұл
туралы корпустық бөлімше бойынша кезекшілік кітабына көрсетіледі;
3) сезіктілер мен айыпталушыларды тергеушінің қызмет бөлмесіне шақыру
жөніндегі талаптарды бұрыңғы ауысымның корпус бойынша аға қызметкері
кезекшілікке кірісетін корпус бойынша аға қызметкерге тапсырады;
4) егер қабылдау-тапсыру кезінде күзет орындарында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторлары туралы
Есіл аудандық полиция басқармасында кәсіби практиканы өту туралы ЕСЕП
Ішкі істер министрлігі
Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі: құрылымы, мақсаты және міндеттері
Ішкі істер органдарының міндеттері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Гурьев қалалық атқарушы комитетінің ІІБ тергеу бөлімшесінің тергеушісі
Алдын ала тергеу органдары
Астана қаласы Алматы аудандық ІІБ өткен Кәсіптік іс-тәжірибелік ЕСЕП
Ішкі істер органдарының құқықтары мен міндеттері
Пәндер