Электрондық оқыту құралдарын жасаудың ақпараттық архитектурасы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 . ТАРАУ. АҚПАРАТТЫҚ АРХИТЕКТУРА ТҮСІНІГІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

1.1. Білім беру саласындағы электрондық оқыту құралдарының құрылымы мен негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

1.2. Ақпараттық архитектура түсінігі, анықтамасы және
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

1.3. Ақпараттық архитектураны қолдану мен оның негізгі принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

2 . ТАРАУ. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫН ЖАСАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ АРХИТЕКТУРАСЫ ... ... ... ... ... ... 46

2.1. Электрондық оқыту құралдарын жасаудың ақпараттық
архитектурасын қолдану үдерісі мен әдіснамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46

2.2. Ақпараттық архитектураны практика жүзінде іске асыру ... ... ... 51

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..71

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...72

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 74
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі жекелеген пәндер бойынша жасалып, пайдаланылып жүрген электрондық оқыту құралдарына тікелей байланысты. Сол себепті ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын педагогикалық іс-әрекетке кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда, жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді педагогикалық үдерісте ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдануға ғана емес, осы құралдарды жасауға дайындау өзекті мәселе болып табылады.
Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үдерістері және олармен тығыз байланыстағы білім беру жүйесінің барлық формаларын ақпараттандыру, жаңа ақпараттық және қатынастық технологияларын меңгеру және жаппай тарату үдерістерімен сипатталады. Мұндай технологиялар білім берудің жаңа жүйелерінде оқытушы мен оқушының арасында қарым-қатынас орнату және мағлұмат алмасу үшін белсенді қолданылады. Алғашқы электрондық программалық оқыту құралдарын жасау үшін, сол кездегі бәріне мәлім программалау тілінде программалау технологиясы қолданылды. Программалаушы рөлінде әдетте, жоғары оқу орнының студенттері немесе аспиранттары болды.
Электрондық оқыту құралдарын жасау мен пайдалану басынан бастап негізгі екі бағыт бойынша дамыды. Бірінші бағытта әр түрлі пәндер бойынша автоматтандыралған оқыту жүйелері жасалады және пайдаланылады. Мұндай жүйелер көп жағдайда қабықшалармен сәйкес келеді: автоматтандырылған оқыту жүйелерінің ядросы, педагогтарға мәліметтер қорына өзінің оқыту материалдарын енгізуге және арнайы тіл немесе инструментальды құралдар көмегімен оның оқыту алгоритмдерін бағдарламалауға мүмкіндік беретін авторлық жүйе болып табылады.
1, 2005-2010 жылдары Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 11 қазан 2004.
2. Байбахтина А. Т. Болашақ информатика оқытушыларына программалау негіздерін оқытуды жобалар әдісі бойынша жетілдіру: автореф. ... п.ғ.к.: 13.00.02. –Алматы, 2007. -20б.
3. Гриншкун В.В., Григорьев С.Г. Ииформационные и коммуника-ционные технологии в системе открытого бразования. // Электронный учебник. ИДО РУДН(с) 2001.
4 ҚР СТ 34.017 2005.- «Ақпарттық технологиялар. Электрондық басылым», «Электрондық оқу басылымы».- Енгізу күні:01.01.2006 . -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты.
5. Бидайбеков Е.Ы. Григорьев С.Г., Гриншкун В.В. Создание и использование образовательных электронных изданий и ресурсов // Учебно методические пособие для вузов и системы повышения квалификации работников образования, Алматы, «Білім», 2006. - 134 с.
6. Бидайбеков Е.Ы., Григорьев С.Г., Гриншкун В.В., Информационное интегрирование и анализ образовательной области в разработке электронных средств обучения // Монография. /Алма-Ата: Министерство образовании и науки Республики Казахстан, АГУ им.Абая. – 2002. - 100 с.
7. Бидайбеков Е.Ы., Гриншкун В.В. Гипермедиа в обучении // Информатика и образование. - М., - 1999. - №8. -4с.
8. Григорьев С.Г. , Гриншкун В.В., Краснова Г.А. Основные принципы и методики использования системы порталов в учебном процессе. // В сб. научн. ст. «Интернет-порталы: содержание и технологии», Вып. 2. ГНИИ ИТТ «Информика». - М.: Просвещение. - 2004. - С. 56-84.
9. Гриншкун В.В. Развитие интегративных подходов к созданию средств информатизации образования: Автореф. дисс… докт. пед. наук. - М., - 2004. - 48с.
10 Уваров А.Ю. Интегрированный курс “Компьютерное дело” // Информатика и образование. – 1997. - №6. - С. 9-19.
11.Уваров А.Ю. Компьютерные коммуникации и современное образование. - М.: Эйдос, - 1999. http://www.eidos.ru/books/uvarov/begin.htm
12. Кузнецов А.А. Школьная информатика: что дальше? // Информатика и образование. - 1998. - № 2. - С. 14-16.
13. Ершов А.П. Концепция использования средств вычислительной техники в сфере образования. // — Новосибирск, 1990. — 58 с.
14. Розенфельд Л., Морвиль П. Информационная архитектура в Интернете // 2-е издание. — СПб: Символ-Плюс, 2005. — 544 с.
15. Морвиль П. Тотальная видимость. — СПб: Символ-Плюс, 2008. — 272 с
16. Бостанов Б.Ғ. Болашақ информатика мұғалімдерін электрондық оқыту құралдарын жасауға дайындау жайлы // «Үздіксіз кәсіби білім беру жүйесі: даму проблемалары мен болшағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Қызылорда, 2008. Б.414-418.
17. Бостанов Б.Ғ. Электрондық оқыту құралдарын жасаудың ақпараттық архитектурасы жайында // Хабаршы-Вестник. «Физика-математика ғылымдары» сериясы. №3(27). Алматы, 2009. Б.44-49.
18. Бостанов Б.Ғ., Шошимова К.А. Білім беретін электрондық ресурстарды қоданып оқыту әдістемесі. // Хабаршы-Вестник. Физика-математика ғылымдары» сериясы. №1(24). Алматы, 2008. Б.117-121.
19. Бостанов Б.Ғ., Ақүрпекова Г.О. Информатика пәні мұғалімін білім беру электрондық ресурстарын жасау технологиясына үйрету үдерісінің моделін жасау // Хабаршы-Вестник. Физика-математика ғылымдары сериясы. №1(25). Алматы, 2008. Б.111-117.
20. Мұхаметжанова С.Т. Внедрение современных информационно-коммуникационных технологий в систему повышения квалификации работников образования. // Журнал «Известия КАО» №2. 2008. С.64-67.
21. Теоретические основы создания образовательных электронных изданий: Беляев М.И., Вымятнин В.М., Григорьев С.Г., Гриншкун В.В., Демкин В.П., Краснова Г.А., Коршунов С.В., Макаров С.И., Можаева Г.В., Нежурина М.И., Позднеев Б.М., Роберт И.В., Соловов А.В., Теслинов А.Г., Щенников С.А. - Томск.: Изд-во Томского университета. - 2002. - 86 с.
22. Теория и практика создания образовательных электронных изданий. Беляев М.И., Григорьев С.Г., Гриншкун В.В., Демкин В.П., Краснова Г.А., Макаров С.И., Щенников С.А. и др. Часть I. 72 с. - М.: Изд-во РУДН. - 2003. - 241 с.
23. ГОСТ 7.83-2001. Электронные издания. Основные виды и выходные сведения.
24. Зайнутдинова Л.Х. Создание и применение электронных учебников (на примере общетехнических дисциплин). Монография. - Астрахань.: Изд-во ЦНЭП. - 1999. - 364 с.
25. Гаврилова Т.А., Червинская К.Р. Извлечение и структурирование знаний для экспертных систем. - М.: Радио и связь. - 1992. - 200 с.

М а з м ұ н ы

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..3

1 - ТАРАУ. АҚПАРАТТЫҚ АРХИТЕКТУРА ТҮСІНІГІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ
МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

1.1. Білім беру саласындағы электрондық оқыту құралдарының құрылымы мен
негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...7

1.2. Ақпараттық архитектура түсінігі, анықтамасы және
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

1.3. Ақпараттық архитектураны қолдану мен оның негізгі
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

2 - ТАРАУ. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫН ЖАСАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ АРХИТЕКТУРАСЫ
... ... ... ... ... ... 46

2.1. Электрондық оқыту құралдарын жасаудың ақпараттық
архитектурасын қолдану үдерісі мен
әдіснамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..46

2.2. Ақпараттық архитектураны практика жүзінде іске асыру ... ... ... 51

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...71

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..72

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...74

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму
кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі
жекелеген пәндер бойынша жасалып, пайдаланылып жүрген электрондық оқыту
құралдарына тікелей байланысты. Сол себепті ақпараттық-қатынастық
технологиялар құралдарын педагогикалық іс-әрекетке кеңінен қолдана білу
іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби
дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда, жоғары оқу
орындарында болашақ мұғалімдерді педагогикалық үдерісте ақпараттық
технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдануға ғана емес, осы
құралдарды жасауға дайындау өзекті мәселе болып табылады.
Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үдерістері және олармен тығыз байланыстағы
білім беру жүйесінің барлық формаларын ақпараттандыру, жаңа ақпараттық және
қатынастық технологияларын меңгеру және жаппай тарату үдерістерімен
сипатталады. Мұндай технологиялар білім берудің жаңа жүйелерінде оқытушы
мен оқушының арасында қарым-қатынас орнату және мағлұмат алмасу үшін
белсенді қолданылады. Алғашқы электрондық программалық оқыту құралдарын
жасау үшін, сол кездегі бәріне мәлім программалау тілінде программалау
технологиясы қолданылды. Программалаушы рөлінде әдетте, жоғары оқу орнының
студенттері немесе аспиранттары болды.
Электрондық оқыту құралдарын жасау мен пайдалану басынан бастап негізгі екі
бағыт бойынша дамыды. Бірінші бағытта әр түрлі пәндер бойынша
автоматтандыралған оқыту жүйелері жасалады және пайдаланылады. Мұндай
жүйелер көп жағдайда қабықшалармен сәйкес келеді: автоматтандырылған оқыту
жүйелерінің ядросы, педагогтарға мәліметтер қорына өзінің оқыту
материалдарын енгізуге және арнайы тіл немесе инструментальды құралдар
көмегімен оның оқыту алгоритмдерін бағдарламалауға мүмкіндік беретін
авторлық жүйе болып табылады.
Ал осы жеке мұғалім немесе ұжым болып жасалынатын электрондық оқыту
құралдары олардың алғашқы нұсқасы қағаз бетіне түсірілместен бірден
жасалынады, соның салдарынан сапасыз, тіпті кейде мүлдем жарамсыз
электрондық оқыту құралдары пайда болады. Яғни, бұл жасалынатын электрондық
оқыту құралының (ЭОҚ) алғашқы нұсқасы алдын ала жоспарланып немесе
ақпараттық архитектурасы (АА) сызылуы керек дегенді білдіреді.
Ақпараттық архитектура түсінігін зерттеуші ғалымдар (Р. Вурман,
Л. Розенфельд, П. Морвиль, А.А. Телегин) берген анықтамасы бойынша
ақпараттық архитектура (АА) ретінде – мәселелерді жедел шешу мен
электрондық оқыту құралы қамтитындарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін
электрондық оқыту құралдарының материалын, интерфейсін, навигациясын,
визуалды дизайнын ұйымдастырудың сүлбелерін үйлестіру түсініледі [17].
Электрондық оқыту құралдарының ақпараттық архитектурасы, көбінесе, жүйесіз
құрастырылып, оқушыға оқытылып отырған пәндік саланың логикалық құрылымын
қажеттілікке сай қабылдамай, оның адасуына әкеліп соқтырады. Электрондық
оқыту құралы көркемдік жағынан да, орындалуы жағынан да ақпараттық
толықтығы, әдістемелік құралдардың сапасы, технологиялық орындалу сапасы,
көрнекілігі, ойдың логикалығы мен байланыстығы жағынан жоғары деңгейде
болуы қажет. Өзінің анықтамасының ерекшелігінің арқасында электрондық оқыту
құралдары визуалды және аудиоақпараттың сапасын көтереді, яғни, ақпарат
ашық, әрлі, динамикалы болады. Осы тұрғыдан алғанда заманауи мультимедиалық
технологиялардың мүмкіндігі зор. Мультимедиалық құралдардың, сонымен қатар,
заман талабына сай жаңа технологиялардың көмегімен білім беру үдерісін
әсерлі етіп, әрі тиянақтылай түсері сөзсіз.
Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол
мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен
дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай
қолданылуы керек. Сыртқы эффектіні қуып кетпей, оқыту программасының тек
сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көңіл бөлген дұрыс. Компьютердің
графикалық мүмкіндігінің молдығы дәрістік экспериментті бояулы суреттермен,
сызбалармен, кестелермен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына да
пайдалануға болады.
Электрондық оқу құралы: құрамында оқу курсының ең маңызды бөлімдері,
сонымен қатар есептер жинағы, анықтамалықтар, энциклопедиялар, карталар,
атластар, оқу тәжірибесін өткізуге нұсқаулар, практикумға, курстық және
дипломдық жұмыстарды дайындауға әдістемелік нұсқаулары бар берілген басылым
түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу
басылымы.
Электрондық оқыту құралдарын жасау және оны қолдану ерекшеліктерін зерттеу
мәселелері Е.Ы. Бидайбеков [5], В.В. Гриншкун [3], А.Ю. Уваровтың [10],
Б.Ғ. Бостановтың [16,17] еңбектерінде қарастырылған. Жалпы білім беретін
мектептердің оқу үдерісіне АҚТ мен оның көмегімен жасалған электрондық
оқыту құралдары қарқынды түрде енуде. Қазіргі заманда электрондық оқыту
құралдарын қандай да болмасын, пайдаланбайтын бір пәнді атау мүмкін емес.
Сондықтан да, ең бір ақпараттандырылған мектеп пәндерінің бірі информатика
болатын және болып қала береді. Бұл пәннің ерекшелігі сонда, информатикаға
оқыту мен оқу тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін информатика
құралдарымен бірге, білім беру ресурстары қатар пайдаланылады.
Өкінішке орай, информатика бойынша электрондық оқыту құралдарының
ақпараттық архитектурасы, көбінесе, жүйесіз құрастырылып, оқушыға оқытылып
отырған пәндік саланың логикалық құрылымын қажеттілікке сай қабылдамай,
оның адасуына әкеліп соқтырады.
Сондықтан да, жасалынатын электрондық оқыту құралдарының ақпараттық
архитектурасын жасап ұсына зерттеуді қажет ететін мәселе, ал бұл дипломдық
жұмыс тақырыбының өзекті мәселеге арналғандығын білдіреді.
Мәселені шешу электрондық оқыту құралдарын жасау технологиясын ұсынушы және
зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне талдау жасап, толықтырулар енгізу арқылы
ғана мүмкін болмақ.
Зерттеудің мақсаты – электрондық оқыту құралдарын жасаудағы ақпараттық
архитектураның маңыздылығын анықтап, болашақта жасалынатын электрондық
оқыту құралдарының ақпараттық архитектурасының өзіндік нұсқасын ұсыну.
Зерттеу нысаны – білім беру жүйесін заман талабына сай дамуына байланысты
электрондық оқыту құралдарының ақпараттық архитектурасын жобалау.
Зерттеудің пәні – болашақта ақпараттық архитекторлардың рөлі жоғарылап, ЖОО
– да сонымен қатар, орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне білімдерін
қайта көтеруде арнайы курс ретінде оқытылуына ықпал жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы – егер электрондық оқыту құралдарын жасаушылар
немесе құрастырушылар оның ақпараттық архитектурасын алдын ала даярлап,
содан кейін оны жасауға кірісер болсақ, сонда ғана сапалы электрондық оқыту
құралын жасай алар едік, өйткені, дұрыс құрастырылған ақпараттық
архитектура сапалы ЭОҚ жасауға әкелері хақ.
Қойылған мақсат пен жасалған ғылыми болжамға сәйкес зерттеудің мынандай
зерттеудің міндеттері анықталды:
қазіргі таңдағы білім беру саласындағы электрондық оқыту құралдарының
құрылымы мен негізгі бағыттарын анықтап, ақпараттық архитектураның
маңыздылығын көрсету;
электрондық оқыту құралдарын жасауда ақпараттық архитектураны қолдану мен
негізгі принциптерін анықтау;
электрондық оқыту құралдарын жасаудағы ақпараттық архитектураны қолдану
үдерісі мен әдіснамасы;
келтірілген болжамның анықтығын тәжірибе жүзінде іске асыру.
Зерттеудің теориялық негіздері: Қазақстан Республикасының Білім туралы
заңы; Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасының ғылымын
дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан
Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; білім
беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы; ақпараттандыруға байланысты
нормативті құжаттар; озық педагогикалық тәжірибелер; белгілі ғалымдардың
осы салаға сай ғылыми-әдістемелік еңбектері.
Зерттеудің әдістері: Теориялық және практикаға бағдарлы зерттеулерді,
зерттеу мәселесі бойынша оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді
талдау; тәжірибелік-эксперименттік жұмыс.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі: ақпараттық
архитектураны меңгере отырып заман талабына сай жабдықталған электрондық
оқыту құралын жасау.
Дипломдық жұмыстың құрылымдық мазмұны: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі
тараудан, тараулар бойынша келтірілген қорытындылардан, қорытындыдан,
пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 – ТАРАУ. АҚПАРАТТЫҚ АРХИТЕКТУРА ТҮСІНІГІ
МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

Білім беру саласындағы электрондық оқыту құралдарының
құрылымы мен негізгі бағыттары

Қазіргі қоғамды ақпараттандыру мен онымен тығыз байланысты білім беруді
ақпараттандыру ақпараттық және қатынастық технологияларды жетілдірумен және
жаппай таратумен сипатталады. Олар ақпаратты тарату мен қазіргі заманғы
білім беру жүйесінде мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуін қамтамасыз
етуде кеңінен қолданылып отыр. Осыған байланысты қазіргі кезде болашақ
мұғалім ақпараттық және қатынастық технологиялар саласында білімді болып
қана қоймай, оларды өзінің кәсіби қызметінде қолдануда маман болуы тиіс
[3].
Технология сөзі өз тамырын грек тілінен алады және аудармасында ғылым,
шикізаттарды, материалдарды, жартылай фабрикаттарды, бұйымдарды өңдеу
немесе қайта өңдеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын және оларды тұтыну
затына айналдыруды білдіреді. Осыған орай, ақпараттық және қатынастық
технологияларға ақпаратты өңдеу мен қайта құруға бағытталған
технологияларды жатқызуға болады.
Ақпараттық және қатынастық технологиялар – бұл ақпаратты сақтау, жинау,
өңдеу, ұсыну және берудің әр түрлі әдістерін, тәсілдерін және алгоритмін
сипаттайтын қорытушы ұғым.
Бұл анықтамада пайдаланушы сөзі әдейі қосылмаған. Ақпараттық және
қатынастық технологияларды пайдалану екінші бір басқа технология туралы сөз
қозғауға мүмкіндік береді – ол білім беруде, медицинада, әскери істе және
адам қызметінің басқа да көптеген салаларында ақпараттық және қатынастық
технологияларды пайдалану, ал бұл ақпараттандыру технологиясының тағы бір
бөлігі болып табылады. Осы салардың әрқайсысы ақпараттандыру
технологиясына өзінің шектеулері мен ерекшеліктерін қосады. Мысал ретінде,
ақпараттық және қатынастық технология ретінде қарастырылатын Интернет
технологиясын алуға болады. Ал білім беруде Интернетті пайдалану
технологиясын ақпараттық және қатынастық технология ретінде емес, білім
беруді ақпараттандыру технологиясы ретінде қабылдаған дұрыс [3; 5; 20].
Білім беруді ақпараттандыру технологиясы ұғымының ауқымы білім беру
саласында ақпараттық және қатынастық технологияларды пайдалану
технологиясына қарағанда едәуір кеңірек. Бұл ұғымға білім беруді
ақпараттандырудың мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін тәсілдердің,
әдістердің амалдардың және көзқарастардың бүкіл кешені кіреді.
Мысалы, білім беруді ақпараттандыру технологияларына толығымен білім
берудің ақпараттық ресурстарын құру мен сапасын бағалау тәсілдері,
педагогтарды өздерінің кәсіби қызметінде ақпараттық және қатынастық
технологияларды тиімді пайдалануға оқыту әдістері жатқызылады.
Білім беру саласында пайдаланылатын ақпараттық және қатынастық
технологиялардың құралдарының негізі ретінде, перифериялық құрылғылар
жиынтығымен жабдықталған жеке компьютер алынады. Компьютердің
мүмкіншіліктері онда орнатылған программалық қамтамасыз етумен анықталады.
Программалық құралдардың негізгі санаттары жүйелік программалар, қолданбалы
программалар және аспаптық құралдар болып табылады [3, 5].
Ақпараттық-қатынастық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс
істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық
оқулықтарды, электрондық оқыту құралдарын, интерактивті тақтаны
пайдалануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына
негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар қатынастық байланыс
құралдарын пайдалану арқылы білім беруді көздейді.
Ақпараттық және қатынастық технологияның ақпараттық және аспаптық
программалық құралдардың дамуындағы таңқаларлық үрдіс әртүрлі жаңа
дидактикалық идеялардың іске асуына техникалық жақсы мүмкіндіктер әкелді.
Алайда, оқу бағытындағы отандық және шетелдік электронды жүйені талдау
нәтижесі көрсеткендей, олардың кейбірі дидактикалық сипаты жағынан
қанағаттандырарлық деңгейде деп те айтуға келмейді. Айта кетуіміз керек,
оқу бағытындағы иілгіш өнімнің сапа деңгейі электрондық оқытудың
мәліметтер базасын толықтыру мақсатындағы оқу материалын дайындау, үлгілеу
түріндегі компьютерлік жүйемен оқу жұмыстарының сценариін жасау және
тапсырмалар мен жаттығулар әзірлеу кезеңінде бекітіледі. Өкінішке орай,
оқытуды қолдануға арналған электронды құралдар әдістемелік-техникалық даму
жағынан қалыс қалуда. Өйткені, әдістемелік тұрғыдан электронды оқытуды
қолдануға арналған электрондық құралдар психология, педагогика, математика,
кибернетика, информатика секілді әртүрлі ғылымдар ілімін біріктіреді.
Жоғарыдағы қойылған мәселер бойынша болашақ информатика мұғалімдеріне
ақпараттық-қатынастық технологияларды пайдалана алуды жан-жақты меңгерумен
бірге, электрондық оқыту құралдарын жасай және пайдалана білуінің мәні
ерекше.
Қазіргі таңда ақпараттық технологияларды және жаңа білім әдістерін білім
жүйесінде кеңінен пайдалану жүзеге аса бастады. Жаңа ақпараттық
технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы, негізгі
қозғаушы күші адам, сол себепті білім беру саласында білімнің негізгі
принциптері жүзеге асырылуы тиіс.
Кез-келген елдің даму деңгейі әлемдік жаңа технологияларды қолдану
деңгейімен өлшенетіні белгілі. Информатика негіздері мен ақпараттық
технологиялар практика жүзінде қоғамдағы барлық мамандық салаларымен
қатысты.
Білім беру жүйесін ақпарттандыру білім беру саласының болашағына үлкен
әсерін тигізеді. Информатика пәні бойынша жасақталған мемлекеттік білім
стандарты білім мазмұнының міндетті минимумы мен оқушының дайындық
деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды. Стандарт ережелеріне сәйкес
оқушыларды информатика пәніне оқыту Қазақстан Республикасының орта жалпы
білім беретін мектептерінде, олардың қай мекемеге тәуелді болғанына,
ұйымдастыру құқықтық нысанына және оқыту түріне тәуелсіз жүзеге асырылады.
Мемлекеттік білім беру стандартында жазылған ережеде информатиканы:
оқытудың практикалық мақсаты оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке
сонымен қатар басқа пәндерді оқу үдерісінде практикалық есептер шешуге және
оны ақпараттық қоғамдық өмірге дайындауға бағытталсын,-делінген. Сондықтан
орта мектепті компьютерлендірудің қамтитын мәселесі тек информатиканы
оқытумен шектеліп қалмай, басқа пәндерді оқытуда компьютерді көрнекі құрал
ретінде пайдалана білуді әр мұғалімге міндеттейді.
Білім саласындағы жаңа қатынастық технологиялар түсінігі компьютерлік
технология және электрондық анықтамалық жүйелердің дамуымен адамның әрдайым
жаңа оқыту әдістерін іздеуінен пайда болды.
Бүгінде біз орта білім беруді одан әрі ақпараттандырудың екінші
кезеңіне көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік
сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық
негіздеріне ауысуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі
ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана
білуі, интернет, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана алуы тиіс.
Алайда білім беру жүйесінде білімдік және ақпараттық технологияларды іс
жүзінде үйлестіре қолдануда кемшіліктер кездеседі. Оның үстіне ақпараттық
технологиялардың тез жаңаруы мәселені қиындата түседі. Жағдайды жақсарту
үшін білім беру технологиялары мен ақпараттық қарым-қатынастық
технологияларды кіріктіру қажет, сонда педагог өзі білетін, өзі жақсы
меңгерген, бейімделген техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады.
Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының
педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өзінің үйренуіне жағдай жасаудың
маңызы зор. Оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып
үйрену үдерісін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың
сапасына тәуелді болады.
Ақпараттық технологиялар өте тез дамып келеді. Көптеген ғылым өз саласында
қолданатын терминологиялық ақпаратқа көп көңіл бөлуі қажет. Білім
саласындағы ақпараттық технологияларды қарастыру кезінде жиі пайдаланатын
түсініктерге тоқталайық.
Технология - өнім шығару үдерісінде жүзеге асаырылатын шикізат формасын,
материалды немесе жартылай фабрикатты өңдеу, олардың қалып-күйін,
қасиеттерін өзгерту тәсілдерінің жиынтығы. Технологияның ғылым ретінде
атқаратын міндеті – практикадағы ең тиімді өндірістік үдерісті анықтау және
оны пайдалану мақсатында химиялық, физикалық, механикалық және басқа да
заңдылықтарды анықтау.
Оқыту - белгілі бір мақсатқа жету бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы
күйде тұрақты жүзеге асырылатын, педагогтар, тәлімгерлер т.б.
жетекшілігімен жүргізілетін білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеру
үдерісі.
Оқыту технологиясы мынадай шараларды:
- білімнің, ғылыми жетістіктердің, техниканың белгілі бір аймағында
қойылған мақсатқа жету бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы түрде тұрақты
жүзеге асырылатын білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеру үдерісін;
- оқыту, өздігінен білім алу және өзін-өзі бақылау үдерістерін қажет етіп,
соларды жүзеге асыратын шарттарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін әдістер,
тәсілдер, құралдар жиынтығын қамтиды.
Интербелсенді режим – бұйрықтар мен жауаптар алмасу арқылы атқарылатын
тұтынушы мен жүйенің жұмыс істеу режимі.
Оқытудың интербелсенділік режимі – оқушының жүйемен белсенді түрде өзара
әрекеттесуі арқылы орындалатын, әр түрлі оқыту, бақылау, навигация (бірінен-
бірне ауысу) құралдары арқылы педагог жұмысын атқара алатын білім беру
үдерісі субъектілерінің диалогтық жұмыс режимі.
Оқытудың компьютерлік технологиялары – ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және
жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педагогтың
кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника, телеқатынастық
байланыс құралдары және интербелсенді программалық өнім негізінде жұмыстың
педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері құралдар жиыны.
Мультимедиялық технологиялар – бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі
мультипрограммалық мүмкіндіктерді интербелсенді программалық жабдықтың
басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты
жинау, сақтау, өңдеу және оны тасымалдау істерін қамтамасыз ететін
математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар
жиыны.
Коммуникация – ақпаратты тасымалдап, жеткізу әдістері мен механизмдерін
және оларды жазып, жинақтап, жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.
Компьютер – есептеу жұмыстарын атқару және ақпаратты өңдеуге арналған
техникалық құралдар кешені.
Интернет – бір-бірімен байланыс каналдары және бірегей қабылдау,
мәліметтерді беру стандарты арқылы өзара байланысқан компьютер мен
компьютер желілерінің жиынтығы.
Электрондық пошта – интернеттің аса маңызды ақпаратты ресурсы.
Электрондық оқулық – ғылыми-педагогикалық құрал. Электрондық оқулықтардың
тиімділігі:
теориялық материалды өз бетімен оқып үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;
сабақты иллюстрациялық материалдармен жабдықтауға көмектеседі;
сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әр түрлі деңгейлі шығармашылық
тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысында пайдаланылған терминдер туралы қосымша мәліметтер
дипломдық жұмыстың 1-қосымшасында берілген.
Мультимедиалық технологиялардың қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу
құралдарын жасауды және де басқа оқып үйренуге арналған құралдар жасауда
көп қолданылады. Мультимедиялық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың
қазіргі компьютерлік технологиялардын дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға
зор үлес қосып келеді [7].
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту үдерісі
оқушының жаңаша оқу қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар
мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби
потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.
Бүгінгі күні қалыптасқан білім беруді ақпараттандырудың құралдары мен
формаларының көптігі оқу үдерісінің дидактикалық тиімділігін максималды
дәрежеге жеткізуге бағытталған. Сонымен қатар ақпараттық-іздестіру,
тәжірибелік-зерттеу және өз бетінше жүргізілетін оқу қызметі және оқушының
ақпаратты өңдеу қызметіндегі әртүрлі іс-әрекетінің түрлерінде озық
ақпараттық және қатынастық технологияның жеке құралдарын кешенді
пайдалануда да аса жоғары дидактикалық мақсатқа жетуге болады.
Оқу үдерісінде ақпараттық және қатынастық технология құралдарын кешенді
пайдалану мүмкіндігін тәжірибе жүзінде жүзеге асыру бұрыннан таныс
бағдарлама құралдары мен дүниежүзілік алғы шепке сәйкес келетін жаңа
құралдар болып табылатын көп функционалды білім берудің электрондық
басылымдарын жасау және қолдану арқылы да жетуге де болады.
Жасалуына РФ Білім министрілігі, Ресей Білім беру акдемиясы, Ресейлік
халықтар достығы универсиеті, Мәскеудің қалалық педагогикалық университеті,
Томскідегі мемлекеттік университет, Самара экономикалық академия және басқа
да оқу орындары мен ұйымдардың мамандары қатысқан “Білім берудің
электрондық басылымын жасау концепциясына” назар саламыз. Бұл құжатта
мынандай анықтамалар келтірілген: “... оқу үдерісіндегі электрондық
анықтама, энциклопедия оқытушы бағдарламалар, оқушының білім деңгейін
автоматтандырылған бақылау жасау, компьютерлік оқулықтар мен тренажерлер
сияқты әртүрлі электрондық құралдардың біріктірілген бағдарламалық-
әдістемелік кешенін электрондық оқыту құралы (электрондық оқыту құралдары)
деп қарастырамыз” [21, 22]. Зерттеуде қолданылатын барлық терминдер мен
аббервиатуралар жеке қосымшада келтірілген (қосымша 1).
Бұл анықтама осы зерттеуде аса кең түрде алынған деп болжам жасалады.
Терминнің анықтамасын барынша ықшамдау қажет. Ол үшін электрондық оқыту
құралдарына нақтырақ түсінік беретін электрондық оқыту құралдарының
жіктелуін қарастырамыз.
Электрондық оқыту құралдары көп сатылы сипатта болады. Біріншіден,
атқаратын функциясына қарай оларды оқу басылымдарына жатқызып, соған қарай
оқу кітаптарына пайдаланатын топтау принциптерін қолданып жіктеуге болады
[24].
Екінші жағынан, олар элекетронды басылымдар категориясына жатады,
сондықтан, оларға электрондық басылымдарды жіктеу принципі
қолданылады [23].
Сондықтан да, электрондық оқыту құралдарын жіктеудің негізіне кәдімгі
оқулықтар тәрізді, электрондық басылымдарды да, программалық құралдарды да
жалпыға бірдей жіктеу әдістері жатқызылған.
Қазіргі кездегі әдебиеттерде сипатталғандай жалпы қазақстандық
стандарттардағы критерилерге орай электрондық оқыту құралдарын былай бөлуге
болады:
оқу үдерісіндегі электрондық оқыту құралдары орны мен анықтаушы мәніне
қарай функционалды белгілері бойынша;
құрылымы бойынша;
мәтінді ұйымдастыруы бойынша;
ұсынатын ақпартының түріне қарай;
баяндау формасына қарай;
мақсатты бағытына қарай;
басылым эквивалентінің бар екендігі бойынша;
негізгі ақпараттың табиғатына байланысты;
электронды басылыммен пайдаланушының өзара қарым-қатынасының сипатына
қарай;
таратылу технологиясына қарай.
Қазіргі кезде электрондық оқыту құралдарының төрт тобын қамтитын жоғары оқу
орындарына арналған электрондық оқыту құралдары жүйесінің белгілі бір
типологиялық үлгісі бекітілген. Ол функционалды белгісіне қарай сараланып,
оқу үдерісіндегі орны мен мәнін анықтайды:
программалық-әдістемелік (оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары);
оқу-әдістемелік (әдістемелік нұсқау, жетекшілік, оқу пәнінің әдістемесі
бойынша материалдардың мазмұны, курсты оқыту, курстық және дипломдық
жұмыстарды орындау);
оқытушы (оқулықтар, оқулыққа қосымша, дәріс мәтіндері, дәріс, конспект);
көмекші (практикумдар, есептер мен жаттығулар жинағы, хрестоматиялары,
оқуға арнлаған кітаптар).
Ақпараттық технология осы критерий бойынша бесінші топты бөліп қарайды:
бақылаушы (тестілеу программалары, мәліметтер).
Электрондық оқыту құралдары құрылымы бойынша былай бөлінеді:
бір томдық - машинада оқылатын бір ғана тасымалдаушыда шығарылған;
көптомдық - әрқайсысы машинада оқылатын тасымалдаушыда сақталған, мазмұны
мен көркемдік жағынан біртұтас болып келетін, екі немесе одан да көп
нөмірленген бөлімдерден тұратын;
электрондық серия - бір түрде көркемделіп, бір мақсатты көздейтін, мағынасы
бір томдардың жиынтығы.
Мәтінді ұйымдастыруы бойынша электрондық оқыту құралдары монобасылым және
жинақ болып бөлінеді. Монобасылым – бір ғана шығарманы, ал жинақ – оқу
әдебиетінің бірнеше шығармасын қамтиды. Оқулық, оқулыққа қосымша, дәрістер
курсы мен конспектілер жарыққа тек монобасылым түрінде шыға алады, ал
практикум, хрестоматия, оқуға арналған кітап – жинақ түрінде жарық көреді.
Оқу жоспары, оқу бағдарламасы, әдістемелік нұсқаулар және жетекшіліктер,
тәжірибелік сабақтарға арналған тапсырмаларға келетін болсақ, оларды
монобасылым түрінде шығарады. Осыған ұқсас басылым студенттің белсенділігін
арттырады, ақпаратты меңгеру үдерісін жеңілдетеді.
Ақпараттық сипаты бойынша мынандай түрлерге бөлуге болады: оқу жоспарлары,
оқу бағдарламасы, әдістемелік кеңес, әдістемелік нұсқау, тәжірибелер
бағдарламасы, тәжірибелік сабақтардың тапсырмалары, оқулыққа қосымша, дәріс
конспектісі, дәрістер курсы, практикум, хрестоматия, оқуға арналған
кітаптар және т.б.
Материалды баяндау формасы бойынша электрондық оқыту құралдары мынандай
топтарға бөлінуі мүмкін:
оқытудың ақпараттық функциясын жүзеге асырушы конвенциялық;
электрондық оқыту құралдары мағынасы жағынан жіктелетін бағдарламалық;
мәселелі оқыту мен логикалық ойлау жүйесін дамытуға бағытталған теорияға
негізделген мәселелік;
жоғарыда келтірілген жеке элементтері бар біртұтас немесе әмбебап;
Мақсатты белгісіне қарай электрондық оқыту құралдары мынандай топтарға
бөлінеді:
мектеп оқушылары үшін;
бакалавриаттар үшін;
дипломды мамандар үшін
магистрлер үшін;
ересектер үшін.
Мақсатты белгілерінің айырмашылығы әртүрлі деңгейдегі мамандар дайындауда
шешілетін дидактикалық мәселелерге арналған.
Басылым эквиваленті бойынша электрондық оқыту құралдары екі топқа бөлінеді:
оқулықтың электрондық баламасы – баспалық оқулықтың электрондық көшірмесі;
жеке электрондық оқыту құралдары – баспалық баламасы жоқ;
Негізгі ақпаратының табиғаты бойынша электрондық оқыту құралдары
бірнешеге бөлінеді:
мәтіндік (белгілік) – тек мәтіндік ақпараты ғана болады.
көркемдік – бүтін бір графиктік кескін болып қаралатын электрондық үлгілер;
дыбыстық – дыбыстық ақпаратты басылым түрінде емес, тек тыңдауға ғана
берілетін сандық түсінік;
программалық өнімдер – бағдарлама мәтін түрінде берілетін өзіндік
шығармалар;
мультимедиалы - әртүрлі бағдарламалық құралдармен қамтамсыз етілген белгілі
бір мәселені шешушімен өзара байланысқан және табиғаты әртүрлі ақпараттар
біркелкі таралған электрондық оқыту құралдары.
Таратылу технологиясы бойынша төмендегідей болып бөлінелді [23]:
жергілікті пайдаланатын және машиналық тасымалдаушыға көшірілген жеке дана
күйінде белгілі бір мөлшері бар локальды таралу;
телеқатынастық желі арқылы оқушы кез-келген уақытта пайдалана алатын
желілік таралу;
жергілікті де, желілік те пайдаланатын электрондық оқыту құралдары-ның
үйлесімді таралуы.
Электрондық құралдар (ЭҚ) графиктік, мәтіндік, сандық, сөздік, музыкалық,
бейне, фото және басқа ақпараттардың жиынтығы. Бір электронды оқулықта
ақпаратық (немесе ақпараттық-анықтамалық) көздер, ақпаратты өңдеу және
жасау құралдары, құрылымды басқарушылар болуы мүмкін. Электрондық құрал кез-
келген электрондық тасымалдаушыда орындалып, электрондық компьютер
желісінде жариялануы мүмкін.
Мұнда электрондық оқыту құралдары (ЭОҚ) білім саласының ғылымы мен
тәжірибесіне сәйкес, оқушылар мен студенттердің білімді шығармашылық және
белсенді түрде меңгеруін қамтамасыз етуші жүйеленген материалы бар
электрондық құрал болып табылады. Электрондық оқыту құралы көркемдік
жағынан да, орындалуы жағынан да ақпараттық толықтығы, әдістемелік
құралдардың сапасы, технологиялық орындалу сапасы, көрнекілігі, ойдың
логикалығы мен байланыстығы жағынан жоғары деңгейде болуы қажет.
Электрондық оқыту құралы қағаз нұсқасында дидактикалық қасиетін жоғалтпауы
қажет. Бұл анықтама дипломдық жұмысқа ендірілетін анықтаманың ғылыми
ақпаратына толық сәйкес келетіні анық.
Өзінің анықтамасының ерекшелігінің арқасында электрондық оқыту құралдары
визуалды және аудиоақпараттың сапасын көтереді, яғни, ақпарат ашық, әрлі,
динамикалы болады. Осы тұрғыдан алғанда заманауи мультимедиалық
технологиялардың мүмкіндігі зор.
Сонымен қатар, оқытуда электрондық оқыту құралдарын пайдалану барысында
визуалды және аудиоақпараттың қалыптасу тәсілі түбегейлі өзгеріске
ұшырайды. Егер де оқытудың дәстүрлі көрнекілігі оқытылатын нысанның
нақтылығына көңіл бөлсе, онда компьютерлік технологияны пайдалану барысында
қандай да бір шынайы нысанның ғана емес, сондай-ақ, ғылыми заңдылықтардың,
теориялардың, түсініктердің маңызды қасиеттерін динамикалы түрде түсіндіру
мүмкін болмақ.
Электрондық оқыту құралдарын оқыту үдерісіне ендіру негізгі екі бағыт
бойынша жүруі керек. Бірінші бағыт бойынша электрондық оқыту құралдарын
енгізу, тарихи қалыптасқан оқыту жүйесінің дәстүрлі тәсілдері аясында
“қосымша” құрал ретінде оқу үдерісіне пайдалану. Бұл жағдайда электрондық
оқыту құралдары оқу үдерісін интенсифтендіру, оқытудың жеке тұлғалануы және
педагогтардың оқушының білімін есепке алу, бақылау және бағалаумен
байланысты жұмыстарын автоматтандыруға көшіру құралы болып табылады..
Екінші бағыт бойынша электрондық оқыту құралдарын енгізу оқыту мазмұнын
өзгертіп, жеке оқу пәндерінде электрондық оқыту құралдарын пайдалануға оқу
үдерісін ұйымдастырудың әдістерін мен формаларын қайта қарау, негізделген
біртұтас курстың құрылымын өзгеріске ұшыратады. Қазіргі таңда бағдарламалық
өнім нарығына түсетін көптеген электрондық оқыту құралдары оқытуды
автоматтандырудың бірінші бағытына жатады.
Электрондық оқыту құралдарының маңызды ерекшелігіне интербелсенділік, кері
байланыстың болуы жатады. Кері байланыс мынандай үштіктен тұрады: “педагог
– электрондық оқыту құралдары - оқушы”, оны екі негізгі түрге бөлуге
болады: ішкі және сыртқы.
Ішкі кері байланыс дегеніміз – оқушыға берілген жаттығуды орындауда қандай
да бір іс-әрекетті жасауға итермелейтін электрондық оқыту құралдарынан
түскен ақпарат. Мұндай байланыс оқушының өзін-өзі тексеруге арналған. Ішкі
кері байланыс оқушыға оқу ісінің сәтілігі немесе қателігі туралы саналы
қорытынды жасауға итермелейді. Ол оқушы бойынан рефлекция тудырып, бұдан
кейінгі іс-әрекетіне стимул болып, оқу ісінің нәтижесіне баға беруіне және
реттеуіне көмектеседі. Ішкі кері байланыс консультациялы немесе нәтижелі
болуы мүмкін. Консултациялыққа көмек көрсету, түсіндіру, сыбырлау,
итермелеу және т.б. жатады. Нәтижелі кері байланыс та осындай әртүрлі болуы
мүмкін: оқушыға шешілген міндеттің дұрыстығы туралы ақпаратты хабарламадан
бастап, дұрыс нәтижені көрсету немесе іс-әрекет тәсілін демонстрациялауға
дейін болады.
Сыртқы кері байланыстың ақпараты компьютерлендірілген оқытуды жүргізетін
педагогқа келіп түседі, ол оны оқушының іс-әрекетін түзеу үшін де және
электрондық оқыту құралдарының қызмет атқаруы режимін қадағалаушы ретінде
де қолдана алады.
Электрондық оқыту құралдарын қолдану тәжірибесіне талдау сабақтың
практикалық бөлігіне электрондық оқыту құралдарын енгізу белсенді болып
отырғанын көрсетеді. Бұл осындай іс-әрекеттің автоматтандырылуына
қажеттілік тудыратын жеке практикалық тапсырманы тексеру мен қалыптастыру
бойынша мұғалім еңбегінің көлемінің көптігімен түсіндіріледі, сонымен
қатар, оқыту мақсатты түрде жекешелене түседі.
Заманауи электрондық оқыту құралдары әрбір оқушыға жекелей теорияны
зерттеуіне, эксперименттік зерттеу жүргізуіне, жаттықтырушы іс-әрекет
арқылы тәжірибелік қабілет және дағдыны игеруіне, өз біліміне тексеру
жүргізуіне қолайлы мүмкіндік береді.
Бір ғана электрондық оқыту құралының өзі сабақтың теориялық және
практикалық бөлімінде де қолданылып, тақырыпты өз бетімен оқуды
ұйымдастыруда немесе ағымдық және қорытынды бақылау өткізу үшін де
қолданылуы мүмкін.
Электрондық оқыту құралдарының кеңінен таралуы қызметтік құралдардың
дамуына байланысты білім беру саласына қызығушылықты арттыруда, өйткені,
эксперименттік мәліметтерді өңдеу мен оларға ұқсас біртұтас есептеуді
жеңілдететін программалар соңғы жылдары стандартты құралдарға айналды.
Ереже бойынша, қолда бар электрондық оқыту құралдарының барлығы өзінің
жұмысына қажетті қызметтік модульді қосады.
Білім беру саласына жаңа электрондық оқыту құралдарын дайындау мен енгізу
көлемі ұлғайған сайын осы жаңа әрі қымбат өнімді жобалау, дайындау,
бейімдеу мен енгізу кезеңдеріндегі жоғары сапаны қамтамасыз ету
қажеттілігімен ұштасады. Жасалынған электрондық оқыту құралдарының сапасы
мен оны жасайтын технология сапасы және дайындауға кеткен ресурс шығыны
арасында терең өзара байланыс жоғары көрсеткішті сапалы өнім алуға қажеті
аса маңызды болып табылады.
Соңғы жылдары бұл оқыту тиімділігін арттыруға бағытталған компьютерлік
құралдарды жасау мен жетілдіру әдістемесінің түбегейлі өзгеруіне әкеліп
соқтырды. Осындай құралдардың сапасына қойылатын талаптың өсе түсуі
регламенттелген технологияны есепке алу мен халықаралық стандартқа
сәйкестігіне назар аударуға бет бұрды.
Мазмұндық және әдістемелік тұрғыдан электрондық оқыту құралдарының сапасы
ҚР Білім және ғылым министрлігі жүйесінде қолданылатын нормативті-құқықтық
құжаттарға (типтік оқу жоспарлары, жұмыс бағдарламалары т.б.) және оқу-
әдістемелік қауымдастық, кеңес т.б. құжаттарына сәйкес дәстүрлі әдіс
негізінде қамтамасыз етіліп және бақылауға алынып отыр.
Қазіргі кезде білім беру тәжірибесінде информатика пәнінің мұғалімі қолда
бар электрондық оқыту құралдарын пайдаланып қана қоймай, өз бетімен оны
дайындауы қажет. Осындай құралдар сапасына жасалған талдау оның
мазмұнындағы материалдың өңделмегендігін, сонымен қатар, электрондық оқу
материалының визуальдық көрінісін, құрылымы мен интерфейсін дайындау
тәсілдерін жетілдірудің қажеттігін көрсетеді. Бірақ, педагог электрондық
оқыту құралдары дайындау саласындағы арнайы дайындықты игермейді.
Электрондық оқыту құралдарын оқыту үдерісінде пайдалануды зерттеушілер
электрондық оқыту құралдарын дайындау мен қолдануға байланысты талаптарды
көрсетуді талап етеді. Е.С.Полат, М.В.Моисеева және т.б. [86], сондай-ақ
шетелдік университеттер, Интернет желісінде оқыту жүргізетіндердің
жүргізген зерттеулері негізінде және оқу материалын желілік көрініс
құрылымын жалпылауда мынандай қорытынды жасады, яғни, оқу құралы Интернет
қызметін пайдалану есебінен кең интербелсенді қызметі бар желілік
электрондық оқулықтарға жататын желілік оқу-әдістемелік интербелсенді кешен
болуы қажет. Мұндай интербелсенді кешендер электрондық оқыту құралдарымен
тікелей байланысты. Бір жағынан, мұндай кешендер жеткілікті түрде күрделі
әрі көп құрамды электрондық оқыту құралдары ретінде қарастырылуы мүмкін.
Екінші жағынан, осындай кешендердің құрамдас бөліктері бір-бірімен
байланысты электрондық оқулық бола отырып әрқайсысы жеке-жеке күрделі болуы
мүмкін. Мұндай электрондық оқыту құралдарын пайдаланатын сала ол мектеп
информатикасы болып табылады.
Оқу үдерісінде пайдаланатын интербелсенді кешен төмендегідей дидактикалық
функционалды блоктардан тұруы қажет:
ұйымдастырушылық-әдістемелік;
ақпараттық-оқыту;
идентификациялық-бақылаулы.
Зерттеу мен салыстыру негізінде электрондық оқытудың желілік ресурстар
көмегімен қалыптастырудың негізгі принциптерін былай көрсетуге болады:
ақпараттың жүйелі беруі;
зерттелетін пәндік саланың ішкі құрылымының изоморфтылығы;
оқу ісінің дидактикалық және әдістемелік талаптарға сәйкес болуы ақпаратты
жеткізудің интербелсенділігі;
осындай принциптерден оларды практикалық іске асырудың негізгі тәсілдері
келіп шығатындығы:
информатика бойынша электрондық оқыту құралдары мазмұны тұйық болуы қажет,
яғни, оның құрамында таңдалынған пән немесе тақырыптық бөлім бойынша сабақ
өткізу үшін қажетті әрі жеткілікті құралдарының бар болуы;
информатика бойынша электрондық оқыту құралының мазмұнының негізінде
дидактикалық талапты қанағаттандыратын арнайы құрылған оқу-әдістемелік
материалдың болуының қажеттілігі;
информатика бойынша электрондық оқыту құралдарының барлық құрамдас
бөліктері біркелкі стиль мен дизайнда орындалуы;
негізгі құрамдас бөлік ретінде электрондық оқыту құралдары құрамына мыналар
енеді: арнайы бейімдендірілген оқу-анықтамалық материал блогы, оқу ісін
бірге талқылаудың ішкі жүйесі;
информатика бойынша электрондық оқыту құралдары құрылымы жаңа құрамдас
бөлік пен ондағы бөліктерді модификациялауды кеңейту мен қосымша енгізу
үшін ашық болуы қажет.
Осылай құрастырылған электрондық оқыту құралдарының қосымша ерекшелігіне
оқу компьютерлерінің (IBM, Macintosh ...) және операциялық жүйелердің
(Windows, Unix ...) түрі мен сипатына тәуелсіз болуы қажеттілік екендігін
айта кеткен жөн.
Бірақ зерттеушілердің электрондық оқыту құралдарын құру ұстанымдарында
басқа да жаңа талаптар кездесіп жатады. Білім беруде ақпараттық технология
мен оның ресурстарын пайдалану мен дайындаудың бос әурешілігімен байланысты
мәселе де бар. Осы мәселенің салдарынан – ақпараттық технологияның
артықшылықтарын кәсіби іс-әрекетте кешенді түрде пайдалануға қабілетті
педагогикалық кадрларды әмбебап дайындаудың тәжірибелік түрде мүмкін
еместігі шығады. Білім беру үдерісіне қатысушылар әрбір жеке білім беру
ресурсы үшін техникалық құрал-жабдық, программалық қамтамасыз етудің жаңа
қосымша әдісімен мақсатсыз түрде пайдалану жағдайлары да жиі кездеседі.
Осыған байланысты, жалпы концептуалды және техникалық бірлестікте жасалып
олардың тығыз интегралдануын қамтамасыз ететін педагогикалық және
ақпараттық технология мен электрондық оқыту құралдары дайындау қажеттігі
туады. Ақпараттандыру құралдарын педагогикалық тиімді қолданудың
өміршеңдігі тек жоғары деңгейдегі психологиялық-педагогикалық, техникалық-
технологиялық, экономикалық және эргономикалық көрсеткіштермен ғана
анықталып қоймай, сондай-ақ, осындай құралдарды іске асыру мен пайдалануға
қойылатын мазмұндық, әдістемелік және технологиялық тәсілдердің бірізділігі
дәрежесімен анықталады.
Үлкен кеңестік энциклопедияда оған мынандай анықтама берілген: унификация
(латын тілінен шыққан unus-бір, facio-жасаймын) – бұл қандай да бір нәрсені
біркелкі жүйеге, формаға келтіру. Яғни, біріздендіру (бірізділік) деген
мағына береді. Техникада бірізділік деп өнімнің түрлері мен оны өндіру
құралдарының түрлі мөлшері, маркасы, формасы, т.б. біркелкілікке келтіру
қасиеті түсініледі. Біріздендірудің негізгі мақсаты – бір нәрсеге
пайдаланатын бұйымның әртүрлігін жою, бірақ параметрлер жиынтығы бойынша
әртүрлі болады. Осындай мақсатқа жету білім беру саласын ақпараттандыру мен
телеқатынастық қамтамасыз етудің қазіргі заманғы жүйесі үшін де өзекті
болып табылады.
Осы мәселені шешу үшін жасалған оқыту құралдарын біріздендіру үшін
айрықшалау мен метасипаттаудың арнайы жасалған жүйесін қолдану жеткілікті.
Мазмұны жағынан осындай айрықшалық қатаң тәртіпке келтірілген талаптар
жүйесі болып табылады, ол өзге де жалпы мойындаған талаптармен бірге
қазіргі заманғы білім беру жүйесінде электрондық оқыту құралдарын
толыққанды қолдануды қанағаттандыруы тиіс. Оқыту құралдарын дайындауда
төмендегідей келісілген шарттарды есепке алу керек, олар: оқу үдерісінде
пайдаланудың біркелкі әдістемелігі, бірдей терминология мен ақпаратты
құрастыру критерийлерінің біркелкілігі, дизайн элементтерінің ұқсастығы,
нақты бір электрондық оқыту құралдарымен жұмыс жасағанда техникалық және
әдістемелік тәсілдерді тұтынушылық құжаттаудың бірдей болуы, міндетті түрде
бірдей қызмет жиынтығы, форматы мен ақпаратты ресурсаралық айырбастау
ұстанымдары, ортақ ақпараттық ресурстарды пайдалану форматы мен ұстанымдары
бірдей болу қажет және ақпарат жөніндегі навигация жүйесі мен өзге де
келісімдер біркелкі болуы қажет. Әртүрлі оқу құралдарын біріздендірудің
маңызды факторына оған сапаның бірегей кешенді талабын қою және бейімдеу
мен сараптаудың қарқынды әмбебап жүйесін біркелкі жүзеге асыру жатады.
Мұндай жағдайда оқу ісінің әртүрлі салаларында қолданылатын осындай
құралдар біркелкі және психологиялық-педагогикалық, техникалық-
технологиялық және дизайны эргономикалық талаптарға біркелкі сәйкес болады,
оларды игеру білім беруді ақпараттандыру саласында педагогтарды дайындау
жүйесіне енуі қажет.

1.2. Ақпараттық архитектура түсінігі, анықтамасы және
маңыздылығы

Біз қарапайым адам немесе архитектура танушымыз ба оған байланысты емес,
біздің эмоциялық жағдайымыз бүкіл өмірімізде кездесетін физикалық
құбылыстармен тығыз байланысты.
Әрбір ғимарат қандайда бір қажеттілікке арналып, белгілі бір мақсатта
тұрғызылады. Ал осы ғимаратты тұрғызу үшін оның алдымен архитектурасы
жасалады. Себебі, кез-келген құрылысты жасау оның архитектурасын алдын ала
анықтаудан басталатындығы баршаға аян. Ғимаратты жасайтын материал, тұратын
орны, жер қыртысының құрамы, сыртқы көрнісі, ішкі бөлмелері, олардың
атқаратын қызметі т.б., тіпті ғимаратты жасауға жұмсалатын қаражат, жұмысшы
құрамына дейін оның алдын ала анықталатын архитектурасына кіреді.
Неге біз электорндық оқыту құралдарын жасаудағы ақпараттық архитектура
туралы әңгімені ғимараттар жайлы талқылаудан бастап отырмыз. Себебі,
архитектуралық аналогия – бұл ақпараттық кеңістіктің күрделі, көп өлшемді
табиғатымен танысудың күшті құралы. Ғимараттар сияқты электрондық оқыту
құралдарының да олармен біздің жұмысымызды анықтайтын ақпараттық
архитектурасы бар.
Кейбір электрондық оқыту құралдары үшін, бізге негізгі сұрақтарға жауап
алып, жұмыс жасауды іске асыратын логикалық құрылым тән. Біз бұрынғы алған
құжатымызды таппай, есебімізді жоғалтып немесе интернет – магазин ішіндегі
барлық ақпараттар арасында адасып қалып жатамыз. Мұндай электрондық оқыту
құралдары сәтсіз құрылысты еске түсіреді: шатырынан су ағатын үй, ыдыс
қоятын жабдығы жоқ ас үй, терезесі ашылмайтын кеңселер т.б.
Сәтсіз құрылыс немесе нашар электрондық оқыту құралдары архитектуралық
есепке тікелей байланысты. Біріншіден, архитекторлар өзі құрастырған үйде
қоныстамайды. Сондықтан, олар тапсырысты берушілердің ойын толық түсіне
алмайды. Екіншіден, табиғат құбылыстарына байланысты әр түрлі жағдайдан
сәтті өтетін құрылыс нысанын құру шынында аса күрделі мәселе.
Бұл бағытпен таныс еместер, әлі де ойланып отырғаны дұрыс. Шын мәнінде
ақпараттық архитектура деген не?
Осы ақпараттық архитектура түсінігін зерттеуші ғалымдардың (Р. Вурман,
Л. Розенфельд, П. Морвиль, А.А. Телегин) берген анықтамасы бойынша
ақпараттық архитектура (АА) ретінде – мәселелерді жедел шешу мен
электрондық оқыту құралы қамтитындарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін
электрондық оқыту құралдарының материалын, интерфейсін, навигациясын,
визуалды дизайнын ұйымдастырудың сүлбелерін үйлестіру түсіндіріледі.
Электрондық оқыту құралдарының ақпараттық архитектурасы, көбінесе, жүйесіз
құрастырылып, оқушыға оқытылып отырған пәндік саланың логикалық құрылымын
қажеттілікке сай қабылдамай, оның адасуына әкеліп соқтырады. Электрондық
оқыту құралы көркемдік жағынан да, орындалуы жағынан да ақпараттық
толықтығы, әдістемелік құралдардың сапасы, технологиялық орындалу сапасы,
көрнекілігі, ойдың логикалығы мен байланыстығы жағынан жоғары деңгейде
болуы қажет. Өзінің анықтамасының ерекшелігінің арқасында электрондық оқыту
құралдары визуалды және аудиоақпараттың сапасын көтереді, яғни, ақпарат
ашық, әрі динамикалы болуы қажет. Осы тұрғыдан алғанда заманауи
мультимедиалық технологиялардың мүмкіндігі зор.
Біз енді философиялық сахнамыздан түсіп, тақырып бағытының негізіне
бойлайық. Біздің анықтамаларымызды кеңірек ашып, ақпараттық архитектураның
кейбір базалық түсініктерін зерттейік.
“Ақпарат” термині әр түрлі ақпараттық құрылымдарда және мәліметтерді
басқару және оның білімінде кездеседі.
Мәліметтер (data) – бұл сандар және фактілер. Реляциялық мәліметтер қоры
ұйымының жоғары дәрежесі және нақты жауаптары нақты сұрақтарға жіктеледі.
Ақпарат (information) – бірнеше аралық орындарды алады. Ақпарттық жүйелер
әрқашан берілген сұраққа тек жалғыз “дұрыс” жауап бере алмайды. Бізді
қызықтыратын ақпарат, кез-келген пішінде және көлемде көрсетіледі:
электрондық оқыту құралдары, құжаттар, бағдарламалық қосымшалар, графика
және т.б. Сонымен қатар, бізді метамәліметтер қызықтырады: терминдер,
түсіндіретін және көрсететін объектілер мазмұны, құжаттар, адамдар,
процедуралар және кәсіпорындар.
Ақпаратты іздеу (табу) мүмкіндігі – электрондық оқыту құралдары үшін
шешуші фактор. Егер қолданушы өзіне қажетті ақпаратты оқулықтарды қарау
арқылы таба аламаса, сайтты іздеу арқылы және сұрақтар қою арқылы
орындайды. Қолданушылардың іс - әрекеттерін бақылау мүмкіндігі мен
өзіміздің электрондық оқыту құралдарымыз бір орнында тұрмай жетілуде. Бірақ
ақпараттық архитектура аясындағы іс – тәжірибелік жұмысы ешқашан
механикалық іс – әрекеттерге әкеліп тірелмейді, себебі ақпараттық
архитектура бір келкі емес және қиындығы шектелмейді. Ақпараттық
архитекторлар өз тәжірибелеріне сенімді болуы керек, сонымен қатар,
шығармашылық тұрғыдан мықты болулары тиіс. Олар өз ішкі сезімдеріне сенімді
болып, тәуекелге бара білуі тиіс. Міне, ақпараттық архитектураның бар
өнері, сиқыры осында.
Қазіргі таңда көптеген адамдар кітапханаларда кітаптармен жұмыс жасау
барысы мен тәжірибесінің арқасында танысады. 1 – кестеде ақпараттық
архитектура ұғымы World Wide Web – те қолдану көрсетілген.

1-кесте. Электрондық оқыту құралдары мен оқу құралының айырмашылығы.
АА ұғымы Оқу құралы Электрондық оқыту
құралдары
Мұқабасы, тақырыбы, Бастапқы бет, навагация
автор, тараулар, беттер,панелі, сілтемелер, мазмның
Элементтер беттер нөмірлері, беттері, сайт картасы,
тақырыпшалар, пәндік пәндік нұсқаушы, сайт
нұсқаушы. бойынша іздестіру.
Бірінен сон бірі Көп өлшемді гипертекстік
сызықтық тәртіп бойынша навигациясы бар ақпараттық
Өлшемдер келтірілген екі өлшемді кеңістік.
беттер.
Ақпарат нақты әрі Өте нәзік бөлінген, нақты
Шекаралар белгілі бір мөлшерде емес, ақпараттардың басқа
аяқталуымен беріледі. сайттарға көшіп, бөлініп
кету қаупі бар.

Көз алдымызға кітап дүкенін елестетейік, онда ешқандай ұйымдасқан құрылым
жоқ. Мыңдаған кітаптар үстел үстінде жатыр. Мұндай дүкендер шынында да бар.

Философиялық тұрғыда алып қарасақ, мұндай кітаптардың ретсіздігі күнделікті
өмірдегі тәртіптен бір уақыт демалуға мүмкіндік береді. Бұл кітап дүкенінде
аса қызығушылықпен кітаптарды ақтарып, кейде күтпеген кітаптарды табуға
болады. Егер сіз нақты кітап, нақты бір автор немесе тақырып іздеп
келсеңіз, іздеу өте қиын және ұзаққа созылған болар еді.
Бұл кітап дүкеніндегі бей - берекетсіздікті кітаптары тәртіппен орналасқан
басқа кітапханамен салыстыруға болмайды. Бір қарағаннан түсінікті. Қарап
отырып, кітапхана - кітап, журнал, музыкалық басылымдар қоймасы емес екенін
аңғарасыз. Мұнда жүйелі құрылым мен жақсы мамандандырылған адамдар бар,
олар өз қызметтерін бұрыннан анықталған құрылым мен ұйымдастырылуы бойынша
тиянақты атқара алады.
Қысқаша айтқанда, баспа материалдарының құндылығының артуы кітапханалар
мен кітапханашылардың ақпараттық архитектура тәртібі арқылы материалдардың
қатал ретпен орналасуы мен оқырмандардың оған оңай қол жетілімділігіне
байланысты.
Бұл кітап дукеніндегі бей-берекетсіздікті кітаптары тәртіппен орналасқан
басқа кітапханамен салыстыруға болмайды. Бір қарағаннан түсінікті. Мұнда
жүйелі құрылым мен жақсы мамандандырылған адамдар бар, кітапхана
оқырмандары қажеттілігін табу үшін топтамаларды құрылымдайды және
ұйымдастырады.
Қысқаша айтқанда, баспа материалдарының құндылығының артуы кітапханалар
мен кітапханашылардың ақпараттық архитектура тәртібі арқылы материалдардың
қатал ретпен орналасуы мен оқырмандардың оған оңай қол жетілімділігіне
байланысты.
Әрине, электрондық оқыту құралдары мен кітапханалар арасында айырмашылық
бар. Білім беру саласына жаңа электрондық оқыту құралдарын дайындау мен
енгізу көлемі ұлғайған сайын осы жаңа әрі қымбат өнімді жобалау, дайындау,
бейімдеу мен енгізу кезеңдеріндегі жоғары сапаны қамтамасыз ету
қажеттілімен ұштасады. Жасалынған электрондық оқыту құралдарының сапасы мен
оны жасайтын технология сапасы, дайындауға кеткен ресурс шығыны арасында
терең өзара байланыстары жоғары көрсеткішті, сапалы өнім алуға қажеті аса
маңызды болып табылады. Дегенмен, ақпараттық архитектурасы айқындалмай
сапалы электрондық оқыту құралын жасау үшін оның құрылымы мен жалпы
мазмұнын қажеттілікке сай етіп құрастыру мүмкін емес. Сондай-ақ, қол
жетімді электрондық оқыту құралының да туындауы күмән туғызары хақ.
Кітапхананың ақпараттық архитектурасын өңдегенде біршама келеңсіздіктерді
шешуге тура келеді, бірақ кітапхана бай тәжірибеге кол жеткізуді
қаматамасыз етеді және айқын, анықталған ортаны бейнелейді.
Көріп тұрғанымыздай, бұл салыстыруларда кілттік сұрақтарды құрастыру үшін
біз кей жерде ірі жалпылаулар және шексіз қарапайымдандырулар жүргіздік.
Бірақ, ақпараттық архитектураның негізгі түсінігін біреуге түсіндіруге
тырысқанда солай жасауға тура келеді. Ақпараттық архитектурамен жұмыс
жасауда, бір өкініштісі, көбіне сіздің айналаңыздағы адамдар сіздің немен
шұғылданып жүргеніңіз жайлы көп түсіне бермейді. Сіз оларға қаншалықты
түсіндіруге тырысқаныңызбен, соншалықты оларға қызықсыз әрі түсініксіз бола
түседі.
Ақпараттық архитектураны төмендегі келтірілген бірнеше нұсқалар арқылы да
түсіндіруге болады:
- үлкен веб-сайттарда және интражелілерде адамдар шынымен іздеген
нәрселерін таба алатын үлкен ақпарат көлемін ұйымдастырушы немесе интернет-
кітапханашы;
- компанияға біздің клиенттеріміз үшін сайттан тауарды іздеу үшін
көмектесуші желілік мерчендайзер, тек Интернеттен маркетингтің
ұстанымдарын жүзеге асырушы;
- ақпараттың жүктелуінің мәселесін шешуші.
Сонымен, электрондық оқыту құралдарын жасау үшін ақпараттық архитектура
керек пе? – деген сұраққа жауап берейік.
Ақпараттық архитектураны көбінесе бағдарламалық қамтамасыздандырумен
шатастырады, дегенмен, бұл орталар өте тығыз байланысты. Ақпараттық
архитектура - құрастырушылардың идеяларына сүйенеді. Құрастырушылар мүмкін
болатын жағдайлармен мүмкін емес жағдайларды түсінуге көмектеседі. Осыған
орай, дүниежүзілік өрнек біртіндеп бағдарламалық қосымшалар мен ақпараттық
жүйелер арасындағы айырмашылықты жоя бастады. Ақпараттық архитекторлар
электрондық оқыту құралдарын белгілі бір ғалымдардың зерттеулері мен
болжамдарына, білім нормалары мен стандарттарына сүйене отырып іске
асырады. Солардың бірқатар ерекшеліктеріне тоқтала кетсек, А.Ю.Уваровтың
[10] пікірінше, графикалық дизайн электрондық оқыту құралдарын жобалаудың
үдерісі ретінде – айқын жазылған процедуралар, үздіксіз сатылардың
топтастырылуы. Электрондық оқыту құралдарын жасаудың өндірістік циклы бес
негізгі бағыттан тұрады:
талдау (тұтынуды талдау – оқытуды жүргізудің қаншалықты қажет екендігі,
мақсатты талдау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КОМПЬЮТЕР АРХИТЕКТУРАСЫН ОҚЫТУДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
ЭЕМ-нің даму тарихы. ЭЕМ-нің буындары
«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
Электронды оқулық жасау
Ақпараттық технологиялар сұрақ-жауап түрінде
ЭЕМ - нің буындары
Банктік ААЖ
КОМПЬЮТЕР АРХИТЕКТУРАСЫ ПӘНІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫН ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Виртуалды жеке желілердің протоколдары
Информатиканы оқыту әдістемесі
Пәндер