Қазақ әдебиеті сабақтарындағы қолданылатын әдіс-тәсілдерінің жалпы сипаты мен ерекшеліктері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4бет

І ТАРАУ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДАҒЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС.ТӘСІЛДЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Әдебиет сабақтарында әдіс.тәсілдердің жіктелу формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.8бет
1.2 Әдебиет сабақтарында әдіс.тәсілдерді таңдап алу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8.14бет
ІІ ТАРАУ МЕКТЕПТЕ ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ӘДІС.ТӘСІЛДЕРДІҢ ТАҢДАП АЛУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қазақ әдебиеті пәнін меңгеруге тақырыптарды оқытудың тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15.18бет
2.2 Әдебиет сабақтарында оқушылардың ойын дамыту үшін қолданылатын қолайлы әдіс.тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18.25бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26.27бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... 28бет
Тақырыптың өзектілігі: Әдебиет бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік сұраным талаптарын іске асыруға сәйкес маңызды күшке айналып отырғандықтан, оны нәтижелі оқытудың тиімді жолдары жүзеге асырыла бастады. Әдебиетті оқытудың сапасын арттырудың жаңа әдістемелік жүйесі отандық және шетелдік әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде сараланып, дәйектелген жаңа бағыттармен байытылуда. Демек, оқыту үрдісі жаңа педагогикалық парадигманы басшылыққа ала отырып ұйымдастырылатын әдеби білім беру жүйесін дамытудың нәтижесінде жүзеге асады. Бүгінде көркем туындыны саналы түрде оқуға деген қызығушылықтың төмендеуі зерттеуші ғалымдар мен әдіскер ұстаздарды, ата-аналарды қатты толғандыруда. Әдебиет мұғалімнің терең білімді болып, әдістемелік шеберлікті жетік меңгеріп, көркем туындыны шығармашылық шабытпен оқыта білуі – бүгінгі заман талабы. Осыған орай, зерттеу жұмысында әдебиет сабағындағы қолданылатын әдіс-тәсілдердің таңдап алу жолдары басты назарға алынып қарастырылады.
«Білім беру әдісі-оқушылардың білімі мен білігі, олардың практикалық дағдысы және оқушылардың мұғалім басшылығымен жүргізілетін жұмыстарының тәсілі»,-деп көрсетеді И.А. Қайыров.
Бүгінде әлемдік деңгейде оқытудың тиімді жолдарын таңдап алу жолдары мен әдіс-тәсілдерін іздестіру жұмыстары кең көлемде қарастырылуда. Оқыту әдістері-әдістеме құрай отырып, динамикалық қозғалыста болатын өміршең ғылым. Ол үнемі уақыт сұранысына, заман талабына сай дамиды, жаңарады, өзгереді, толығады. Жұмыста әдіс ұғымының шығу тарихы мен ғалымдар тарапынан берілген түрлі пікірлер сараланып, қазіргі таңда қолданысқа ие әдіс-тәсілдер теориялық және тәжірибелік сипатта көрініс табады.
Курстық жұмыстың мақсаты: әдебиет сабағында қолданысқа ие тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алу жолдарын қарастыру.
1.Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
2.Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
3.Бабанский Ю.К. Методы обучения в современной общеобра-зовательной школе. - Москва: Просвещение, 1985. - 208 с.
4.Г.Қ.Нұрғалиева. Педагогикалық логикалық-құрылымдық курсы, - Алматы, 1996
5. М.Жұмабаев. Педагогика. - Алматы: Анатілі, 1992. -160 б.
6. Мырзағалиев Қ. Қазақ әдебиеті. Алматы: Мектеп, 1987.
7. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы: Санат, 2002.
8. Қазақ әдебиетінің тарихы: Кеңес дәуірі (1941-1956). Алматы, 2004.
9. Ақшолақов Т. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. Алматы: Рауан, 1994.
10. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы: Рауан, 1997
11. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологий. -М,: Педагогика, 1989 г.
12. Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения.- М., 1995 г.
13. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. -М., 1996 г. Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-васпитательного процесса. -Усть-Каменагорск, 1992 г.
14. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения.-М.:Педагогика, 1990 г. Юсуорбекова Н.Р. Общие основы педагогической инноватики.- М., 1991 г.
15. Нағымжанова Қ.М «Инновациялық оқыту жағдайларындағы мұғалім қызметінің психология-педагогикалық негіздері» Өскемен 1999
16. Мырзабаев А. Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері. Алматы, 2005 ж.
17. Выгодский Л.С. Воображение и творчество в детском возрасте. М. Просвешение 1987 г.
18. Тұрғынбаева Б. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қазақстан мектебі. №4, 2005 ж.
19. Тұрғынбаева Б. Жеткіншектердің шығармашылық қабілетін дамыту. Қазақстан мектебі. №8, 2004 ж
20. Балкенов Ж. Студенттерді шығармашылық іс-әрекетке оқытудың ғылыми-дидактикалық негіздері. Қарағанды, 2005 ж.
21. Тұрғынбаева Б. Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту. Алматы , 1998 ж.
22. Мырзабаев А. Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері. Алматы, 2005 ж.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...3-4б ет

І ТАРАУ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДАҒЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІНІҢ
ЖАЛПЫ СИПАТЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Әдебиет сабақтарында әдіс-тәсілдердің жіктелу
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-8бет
1.2 Әдебиет сабақтарында әдіс-тәсілдерді таңдап алу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .8-14бет

ІІ ТАРАУ МЕКТЕПТЕ ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІҢ ТАҢДАП АЛУ
ЖОЛДАРЫ

2.1 Қазақ әдебиеті пәнін меңгеруге тақырыптарды оқытудың тиімді
жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..15-18бет

2.2 Әдебиет сабақтарында оқушылардың ойын дамыту үшін қолданылатын
қолайлы әдіс-
тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18-25бе т

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .26-27бет

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ...28бет

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Әдебиет бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік сұраным
талаптарын іске асыруға сәйкес маңызды күшке айналып отырғандықтан, оны
нәтижелі оқытудың тиімді жолдары жүзеге асырыла бастады. Әдебиетті оқытудың
сапасын арттырудың жаңа әдістемелік жүйесі отандық және шетелдік әдіскер-
ғалымдардың еңбектерінде сараланып, дәйектелген жаңа бағыттармен
байытылуда. Демек, оқыту үрдісі жаңа педагогикалық парадигманы басшылыққа
ала отырып ұйымдастырылатын әдеби білім беру жүйесін дамытудың нәтижесінде
жүзеге асады. Бүгінде көркем туындыны саналы түрде оқуға деген
қызығушылықтың төмендеуі зерттеуші ғалымдар мен әдіскер ұстаздарды, ата-
аналарды қатты толғандыруда. Әдебиет мұғалімнің терең білімді болып,
әдістемелік шеберлікті жетік меңгеріп, көркем туындыны шығармашылық
шабытпен оқыта білуі – бүгінгі заман талабы. Осыған орай, зерттеу жұмысында
әдебиет сабағындағы қолданылатын әдіс-тәсілдердің таңдап алу жолдары басты
назарға алынып қарастырылады.
Білім беру әдісі-оқушылардың білімі мен білігі, олардың практикалық
дағдысы және оқушылардың мұғалім басшылығымен жүргізілетін жұмыстарының
тәсілі,-деп көрсетеді И.А. Қайыров.
Бүгінде әлемдік деңгейде оқытудың тиімді жолдарын таңдап алу жолдары
мен әдіс-тәсілдерін іздестіру жұмыстары кең көлемде қарастырылуда. Оқыту
әдістері-әдістеме құрай отырып, динамикалық қозғалыста болатын өміршең
ғылым. Ол үнемі уақыт сұранысына, заман талабына сай дамиды, жаңарады,
өзгереді, толығады. Жұмыста әдіс ұғымының шығу тарихы мен ғалымдар
тарапынан берілген түрлі пікірлер сараланып, қазіргі таңда қолданысқа ие
әдіс-тәсілдер теориялық және тәжірибелік сипатта көрініс табады.
Курстық жұмыстың мақсаты: әдебиет сабағында қолданысқа ие тиімді әдіс-
тәсілдерді таңдап алу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Оқытудың әдіс-тәсілдерінің түрлерін анықтап, қысқаша шолу жасау;
2. Әдебиет сабағында қолданып жүрген әдіс-тәсілдерді теориялық және
практикалық тұрғыдан қарастыру;
3. Тиімді әдістердің нәтижелілігін зерттеу.
Курстық жұмыстың әдісі: талдау, жинақтау, эксперимент.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: зерттеу жұмысында қарастырылған әдіс-
тәсілдерімен болашақ әдебиет пәні оқытушылары танысып, қолдана алады.
Қазіргі кезде қолданысқа ие жаңа әдіс-тәсілдер мен қалыптасып кеткен әдіс-
тәсілдердің нәтижелілігі мен тиімділігі жағынан салыстыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші
тарауда оқытудың әдіс тәсілдері туралы пікірлерге шолу жасалып, қалыптасу
тарихы сараланады; әдебиет сабағында қолданысқа ие жаңа әдіс-тәсілдер
қарастырылады. Екінші тарауда зерттеу жұмысының өнделген талдауы мен
нәтижесі көрініс табады. Жұмысты қорытынды мен пайдаланылған әдебиет тізімі
аяқтайды.

І ТАРАУ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДАҒЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІНІҢ
ЖАЛПЫ СИПАТЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Әдебиет сабақтарында әдіс-тәсілдердің жіктелу формалары

Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары
елге айналуымыз керек делінген Қазақстан — 2050 стратегиялық
бағдарламасында. Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге
реалистік тұрғыдан қарайтын, жан дүниесі сұлу, рухани бай, сезімтал, терең
біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін қажырлы еңбек қажет.
Жаңа ғасырда жаңа заманға лайық тұлға ретінде қалыптасқан, өз
көзқарасын жүйелі талдай білетін өз өміріне қоршаған ортаға сын көзбен
қарайтын жеткіншек жастарды даярлау – біздің ұстаздық парызымыз.
Мектебімізде қызмет жасайтын әдебиет пәні мұғалімдерінің міндеті дарынды
оқушыларды сөз өнеріне баули отырып, оқытудың шығармашылық сипатын күшейту,
баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу,
шығармашыл, дарынды тұлға қалыптастыру. Шығармашылық тұлға басқалардан өз
ісіне деген сенімділігімен, қиял ұшқырлығымен, танымдық қызығушылығымен,
әдемілікті сезіне білумен, өзгеше шабытымен ерекшеленеді.
Дарынды балалар мектеп бағдарламасын жылдам меңгереді. Зеректік,
байқағыштық қасиеттері жоғары болады. Олардың көпшілігі өз уақыттарын
шығармашылық жұмысқа арнайды. Сурет салады, өлең жазады.
Ж.Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен,
қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді
дамытатын – оқу мен тәрбие.
Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл
бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Рухани бай, жан-жақты
дамыған дарынды жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі – тіл байлығы дер
едік, өз ойын нақты терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де
ойлы сөйлей білетін, жүрекке жылы тиетін, айналасы теп-тегіс жұмыр
келетін сөз құдіретін игерген адамдарда тұлғалық қасиет болады.
Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі – жаңа технологиялар екені
белгілі. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Әдіс-
тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне
қарай іріктелініп, қолданылады. Тиімді, пайдалыларын жетілдіре түседі.
Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік
ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен
орын алады.
Әдебиет сабағында дарынды балалармен  жұмыс жасаудың топтық формалары
әлдеқайда орындырақ: миға шабуыл, рөлдік тренингтер, ғылыми-тәжірибелік
жұмыстар, жобалық тапсырмалар, эссе, ой-толғау жазу сияқты  және т.б.
түрлері әр сабақта дарынды оқушының шығармашылығын шыңдауға жетелейді.
Әдебиет сабағында осы әдіс-тәсілдер:
• Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
• Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
• Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға;
• Тұлғаның қиындықтарға даяр  болу және оны білу, қарым-қатынас, ойын,
танымдық, өзін-өзі бекіту  қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал
етеді.
Оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру керек деп
есептейміз. Әр сабаққа дайындық – мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Сабақты
ыңғайына қарай түрлендіре түссе, әр сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді қолданса,
сабақтың мазмұны ашылады.
Біз жүргізген мектебімізде тіл мамандары әдебиет пәнін оқытумен қатар
әдебиет пәнінен мынадай сабақ жүргізіп жүргенімізді айта кеткіміз келеді:
• Тіл дамыту сабақтары;
• Әдебиет теориясы, тарихын меңгерту сабақтары;
• Көркем туындыны меңгерту сабақтары;
• Әдеби шығармалар бойынша шығармашылық жұмыстар сабақтары;
• Әдеби шығармалар бойынша ауызекі сөйлеу тілін дамыту сабақтары;
• Шығарма, эссе жазуға үйрету сабақтары;
• Әдеби-теорияық ұғымдарды меңгерту сабақтары;
• Әдебиеттану, сыни еңбектерді меңгерту сабақтары;
• Ақын-жазушылардың өмірбаяны мен шығармашылық қызметін меңгерту
сабақтары, т.б.
Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс
нәрсе есебінде қолдануы керек [1,45] деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай,
қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі, сол қоғам мүддесіне сай
болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді деп
есептейміз. Қазақтың болашағын тәрбиелеу мен білім беру ісінде әлемдік
стандартқа сәйкес білім беруді темірқазық қылып ұстансақ қателеспеспіз деп
ойлаймыз...
Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне,
шеберлігіне де байланысты болады. Әдіс-тәсілдер деген не? Оқыту процесінде
мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе – мұғалім оқытуы,
екінші мәселе – оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр
түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің
әңгімелесуі — әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізетін жұмыс түрлері –
кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін тексеру әдісі деп
аталады. Сонымен, әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне
байланысты әр түрлі болып келеді. Мектептегі оқыту процесі оқыту әдістері
арқылы жүзеге асады. Мысалы, әдеби айтыс тудыратын сұрақтар оқушы
белсенділігін танытып, арттыратын тәсілдердің бір түріне жатса, көркем
мәтінді талдау оқушының тәжірибелік жұмысын бақылаудың бір тәсілі, жолы
болып келеді. Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік
әдіс, түсіндірмелі – иллюстративтік әдіс немесе репродуктивті әдіс,
эвристикалық (ішінара іздендіруші) әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс
әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны
ерекше.
Академик Ю.Н. Бабанский өзінің Оқу – тәрбие процесін оптималдандыру
деген еңбегінде әдістерді мынадай 2 топқа жинақтайды.
1.Оқушылардың оқу-таным қызметін ұйымдастыру әдістері.
2.Оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері [2,12].
Әр топ бірнеше оқыту әдістерінен тұрады. Мысалы, 1-топтағы оқыту
әдістеріне: сөздік (әңгіме, лекция, пікірлесу), көрнекілік (иллюстрация,
портрет, суреттеу, мүсіндер), практикалық (поэтикалық талдау, көркем
мәтінмен жұмыстар, әдістер жатады. Сондай-ақ репродуктивті, эвристикалық
әдістерді де осы топқа жатқызуға болады. Жоғарыда атап кеткеніміздей, әр
топтағы әдістемелердің өз мүмкіндігі, ерекшелігі болады. Төмендегі кей
әдістерді қай мәнде пайдалану тиімді болады, соған тоқталайық.
Сөздік әдіс. Берілетін білім ақпараттық сипаттау болғанда, білімді
қалыптастыру, соның ішінде теориялық білім беру, жаңа ұғымдарды оқушыға
жеткізуде бұл әдіс өте тиімді. Сөздік әдіс, әсіресе, әдебиет пәнінің күре
тамыры деуге болатындай.
Көрнекілік әдіс. Берілетін білім мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда,
уақыт үнемдеуде, әсіресе, оқушы психологиясына әсер ету мақсаттарында өте
тиімді болады. Сондай-ақ оқушыны сабаққа қызықтыру, ынталандыру
мәселелерінде де маңызы зор.
Практикалық әдістер. Оқушылардың теориялық білімін практикада
пайдалана білу дәрежелерін жетілдіреді. Бұл әдіс кітаппен жұмыс түрлері
кезінде жазушы тілі, стилін анықтауда өте тиімді.
Зерттеу әдісі. Берілетін білімнің ғылымилығын арттыру, қосымша
материалдармен байыту оқушыларды іздендіру, өз беттерімен проблеме шештіру
мәселелерінде тиімді. Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін, өз
беттерінше қорытынды щығару дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы [3,145].
Әдебиет сабағында ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем
туындыны қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім-болмысымен
түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы
мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс-тәсілдерін сұрыптай
отырып, пайдалануы керек. Көркем оқу әдісі әдебиетті оқытуда үлкен рөл
атқарады. Ол оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі
сезімін дамытуда өте тиімді болып келеді. Әдебиетті өнер деп тануда, көркем
туындыны өнер туындысы деп қабылдауда, сөз касиеті мен құдіретіне, оның
эстетикалық нәзік нәріне тұшындыруда бұл әдіс алғашқы баспалдақ, яғни
көркем шығарманы оқушы жүрегіне бастайтын алғашқы сезім көпірі ретінде
ежелден-ақ тиімді әдіс болып, мұғалімдер тәжірибесінен кең орын алуда. Бұл
әдістің негізгі тәсілдері мұғалімнің мәнерлеп оқуы, көркем сөз шеберлерінің
оқуы, күйтабақты, үнтаспаны тыңдауы т.с.с. болып табылады. Мұғалімнің
мәтінді әрі мәнерлеп, әрі түсінік бере оқуы, оқушыларды осы жұмысқа баулуы,
мәтінге жуық әңгімелету, жоспар жасату, негізгі оқиғаларға ат қойғызу,
жинақтау т.б. шығармашылық жұмыстар да осы әдістің негізгі тәсілдері.
Сондай-ақ көркем мәтінді оқу барысында иллюстрация, суреттер пайдалану
(қабілетіне қарай өнерін шығару), сценарий жасату, оқыған шығармаларға,
көркем суреттер бойынша пікір айтқыза білу (көркем киноны, пьесаларды т.б.)
тиімді тәсіл ретінде оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру түрлеріне де
жатады. Мұғалім осы жұмыстың басқасында, оны ойластырушы да, орындаушы,
орындатушы да болып қызмет атқарады.

1.2 Әдебиет сабақтарында әдіс-тәсілдерді таңдап алу жолдары

Ұтқырлық мұратты, мұғалімдерден сабақтың мақсатын жинақты түрде
айқындап, белгілеп алғаннан кейін, сол мақсатты жүзеге асырудың әдіс-
тәсілдерін де таңдап ала білуді талап етеді. Ол үшін әр мұғалім оқыту
әдістемесін жете біліп, әрі оны сабақ мақсатына қарай іріктеп алып, шебер
пайдалануы керек. Бұл аса маңызды, мұғалімнен шығармашылық ізденісті,
жүйелі, тиянақты жұмысты талап ететін мәселе болып табылады. Мұғалім әр
әдіс-тәсілдің өзіндік ерекшелігін, мүмкіндіктерін де жете білуі қажет.
Көпшілік жағдайда мұғалімнің өзінің төселген, дағдыланған әдіс-тәсілі
болады. Мұндай мұғалімдер қай тақырып болмасын, оны қай сыныпта өткізбесін,
сабақтың негізгі мақсатын да еске алмастан, дағдыға айналған әдіс-
тәсілмен сабақ жүргізе береді. Бұндай сабақтар тиімді өтеді, ол оқушыларға
өз дәрежесінде білім бере алады деп айту қиын-ақ. Оқу-тәрбие жұмыстарының
барлық саласын бір өзі шешіп тастайтын әдіс-тәсіл жоқ. Сол себептен де
мұғалім әдіс-тәсілдерді жете меңгеріп қоймай, оларды қай жағдайда, қалай
пайдалануға болады, — соны да ерекше ойлану керек. Мысалы, тәжірибе
көрсетіп жүргендей, бір жағдайда тиімді болған, пайдалы деп танылған әдіс-
тәсілдер екінші жағдайда кейде тиімді, пайдалы бола бермейді. Неге олай,
себеп не? Оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қызметін дамытуда,
жетілдіруде, оларға өз бетінше қорытынды, тұжырым жасата білуде проблемалық
оқытудың маңызы ерекше. Оқытудың бұл түрі арқылы мұғалім оқушы алдында
проблемалық жағдаят (ситуация) тудыратын танымдық – іздендіруші,
шығармашылық сипаттағы зерттеу әдісіне бағытталған тапсырмалар береді және
оны орындата алады. Дегенмен де, осы проблемалық оқыту әдіс – тәсілдерінің
мүмкіншіліктері шексіз емес. Оқу материалының барлығы, барлық тақырыптар
проблемалық жағдаятты талап етпейді. Сондай-ақ белсенділігі, білім дәрежесі
орташа, не ортадан төмен сынып ұжымына проблемалық оқыту әр уақытта да
жемісті болады деуге болмайды. Бұл әдіс – тәсілдер оның үстіне уақытты да
көп талап етеді. Өтетін тақырып аса күрделі емес, әрі оқушылар дербес,
өздері шеше алмайтындай тапсырмаларға төселген жағдайда ғана проблемалық
оқытуды басшылыққа алу тиімді болады. Түсіндірмелі – репродуктивтік әдістің
де өзіндік ерекшелігі, мүмкіншілігі бар. Бұл әдіс – тәсілдің ең тиімді жағы
мұғалім білімді қысқа мерзім ішінде, барлық оқушыларды қамти отырып береді.
Оқу материалын ақпараттық сипатта, әңгімелеу, түсіндіру сипатында
жеткізеді. Оқушылар да өз мүмкіндіктерінше ол білімді қабылдап алады. Бірақ
репродуктивтік – түсіндірмелі әдісте оқушының дербес ойлауы арқылы
жүргізетін өзіндік жұмыс түрлері әлсіз болып келеді. Сондай-ақ әдебиетті
оқытуда тиімділігі ерекше, көрнекілік әдістің де мүмкіндіктері әр түрлі.
Көрнекілік оқушылардың пәнге қызығушылығын, таным белсенділігін арттырады.
Дегенмен, оны үнемі пайдалану оқушылардың дербес дерексіз түрде ойлауын
тежейді, көркем тілінің дамуына кедергі жасайды. Міне, сондықтан тиімділік
идеялары да сабақта мұғалімнің өзі төселген бір әдіс-тәсілмен жұмыс істеуін
немесе өзі білетін барлық әдісті бір сабаққа үйіп-төгуін жоққа шығарады,
әрі бір сүрлеу, бір ізбен жұмыс істеудің тиімсіздігін дәлелдейді. Тиімділік
идеялары оқыту әдістерін үйлесімді түрде, сол сабақтағы оқу-тәрбие мақсаты,
тақырып ерекшелігі, сабақ өткелі отырған сыныптың жеке-даралық, жағдайларын
ескере отырып, таңдап, сұрыптап ала білуді талап етеді. Белгілі, нақтылы
жағдайға байланысты тиімді, пайдалы деп сұрыпталынып алынған әдіс-тәсілдер
екінші жағдайда тиімді болуы да мүмкін. Сол себепті әдіс-тәсілдерді үнемі
бірлікте, үйлестіре пайдаланған дұрыс болады. Өзіндік әдісін көрнекілікпен,
практикалық жұмыстармен астастырып немесе зерттеу әдісін түсіндірмелі
әдіспен үйлестіре пайдаланудың маңызы зор болмақ (әрине, қай әдістерді
қалай пайдалану сабақ мақсатына байланысты туындайды). Ал кейде
практикалық, танымдық-іздендіруші әдістерді көрнекілік әдіспен үйлестіре
пайдалануға болады.
Әдіс-тәсілдерді үйлестіре қолдану – оқушылар еңбегін ғылыми, тиімді
түрде ұйымдастырудың маңызды бір саласы. Бұндай сабақтардан оқушылар
жалықпайды, әрі пәнге деген қызығушылығы, белсенділігі артады. Сабаққа
әзірлік үстінде өтетін тақырыпқа зер сала отырып, оны қандай әдіс-тәсілдер
арқылы түсіндіргенде ғана оқушыға берік те тиянақты білім беруге болатынын
әбден ойластыру қажет. Ал өзі таңдап алған әдіс-тәсілдердің нәтижелі болуы
ол мұғалімнің қаншалықты дәрежеде оқыту әдістерін жете біліп, жете
меңгеруіне байланысты. Егер мұғалім сөздік әдісінің теориялық білім
берудегі тиімділігін ескермесе немесе оқушылардың теориялық білімдерін
өмірге пайдалана білу үшін, оны практикалық әдістермен үйлестіргенде,
нәтижесі болатынын білмесе, әрине, онда мұғалім таңдап алған әдіс-тәсілдер
жүйесінің нәтижелігі туралы сөз қозғаудың да қажеті жоқ.
Көркем шығарманы оқыту барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру
керек. Мектептегі оқу мен тәрбие, сыныптан тыс жұмыстардың барлығы да
оқушылардың жас ерекшелігі, психологиясына байланысты ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, балаларға көркем шығарманы оқыту, кітапқа деген құмарлығы, сөз
өнеріне деген ынтасы мен құлшынысын дамыту мектептерде әдебиетті оқыту,
одан білім берудің аса маңызды, әрі күрделі жұмыстарының бірі болып
табылады. Бұл мәселелерде де оқушылардың психологиялық ерекшелігі, жасы,
оқып жүрген сыныбы ескеріледі. Тиімділік идеялары, саралап – даралап оқыту,
оқушылардың бүкіл ой еңбегін, оқу еңбегін оған ерекше күш түсірмейтіндей,
қонымды, қолайлы, нақтылы, белгілі бір уақыттарда нәтижелі, жемісті
болатындай етіп ұйымдастыру, жүргізу туралы сөз етеді. Көптеген ғалымдар,
психологтар, мұғалімдер зерттеулері, пікірлер бойынша, оқушыларды көркем
шығарманы оқытуға баулу, оны оқырман ретінде қалыптастыру бірнеше сатыдан
тұрады.
1. Кіші жастағыларға 5-7 сыныптардағы 10-12-дегі жасөспірімдер.
2. Ересек жастағыларға 8-9 сыныптардағы 13-14-дегі жасөспірімдер.
3.Үлкен жастағыларға 9-11-сыныптардағы 15-17-дегі жастар жатқызылды
[4,145].
Балаларды топқа бөлу, әрине, қатып қалған дүние емес. Қабілеті,
дарыны, ынтасы, еске ұстауы, алғырлығы, ойлылығы жағынан бір сыныптағы бір
жастағы балалардың өзі әр түрлі болып келетіні тәжірибеден белгілі.
Кіші жастағылар – психологиясы, мінез-құлқы, физиологиялық жағынан
балалықтан кетсе де, әлі де қалыптасып, толысып жетпегендер. Олар – қимыл-
қозғалысы жағынан шапшаң, өте әсершіл, әрі не нәрсеге де сенгіш, барлығын
шындық деп қабылдайтын, жақсылыққа да, жамандыққа да құлай берілетіндер.
Бұл жастағыларды ертегілер әлі қызықтырады, фантастикалық, қиял – ғажайып
оқиғалары бар шығармаларды беріле оқиды. Кино, көгілдір экран алдынан
кетпейтіндер де осылар. Қиялдары ұшқыр, қабылдаулары алғыр болып келеді.
Дегенмен, алаңғасырлық, тез қабылдап, тез ұмыту да осыларда жиі кездеседі.
Мектепте көп шулайтындар да, тез қимылдап, тез шешім қабылдайтындар да 10-
12 жастағылар. Әдеби шығармаларды оқу, қабылдау ерекшеліктеріне келсек,
поэзиядан, драмалық туындылардан гөрі әңгімелерді, қарасөзбен жазған
шығармаларды оқуға ынталы болып келеді. Әсіресе, оларды соғыс, шпиондар,
қылмыскерлер жайындағы шығармалар ерекше қызықтырады. Оқыған шығармаларының
мазмұнына қарай әр түрлі эмоциялық көңіл күйді бастарынан кешіріп, соны
ұмыта алмай, делсалдыққа түсушілік, алаңдаушылық оларда өте жиі кездеседі.
Жалпы осы үш топтағы оқушылар ішінен кітапты көп оқитындар да, ондағы бас
кейіпкерлерге, әсіресе, барлаушыларға, батырларға еліктеушілер де осы
жастағылар. Олар оқып отырған кітаптарына, ондағы оқиғаларға толық сенеді,
дегенмен, шіркін, ол неге былай істеледі екен, әттең, олай істегенде
деген сияқты өз қиял-ойларына да ерік беріп, толғанып жүреді, бірақ ол
толғаныстары уақытша болады, тез ұмытады, себебі келесі кітапты оқығанда,
ол басқаша толғанысқа тап болады. Кейіпкерлер тағдырына да мойынсұнушылық
қарауды сезуге болады. Бұның барлығы, яғни, сондай тұрақсыздық – баланың
жас ерекшелігі, психологиясынан туып отырған дүниелер [5,169].
М.Мағауиннің Бір атаның балалары деген шығармасынан 6-сыныпта үзінді
беріледі. Осы әңгімеде, әсіресе, оқушылардың эмоциясына әсер ететін екі
үлкен жағдаят бар.
Бірінші, Ертай мен Нұртайдың бір-бірін жібермей, бөлек кеткісі
келмегендері (балаларды үй-үйге бөліп жатқанда), сонан соң ата – аналарын
іздеп, үсіп өлулері. Ертай мен Нартайды бірге асырап алу керек еді, бөлмеу
керек еді, солай болғанда, олар өлмес еді деп, балалар бір ауыздан осындый
пікір айтып, шуласып жатады. Балалар өліміне келіскісі келмейді. Жазушы
болсам, өзің қалай аяқтар едің әңгімені деген сұраққа олар түгелдей
қатысып, бір-ақ шешімге келеді. Яғни тірі қалдыру. Біреуі өз қиялына ерік
беріп, оларды ауыл адамдары құтқарып қалады десе, екіншілері үлкендер сезіп
қап, оларды жолға шығармай қояды дегендей, өз аңсауларынан туған солай
болса екен деген пікірлерін айтып жатады. Олар осы кезде сезімге беріліп,
балалар өліміне шынында да кім кінәлы екенін ажырата алмайды, әңгіме
негізіндегі идеяны да, авторлық шешімді де аңғара алмайды. Оқушылардың осы
шығарманы қабылдауларын, шығарма әсерін, оқырмандық дүниетанымын байқау
мақсатында оларға шағын шығарма – толғаныс жаздырылды. Жұмысты тексеру
барысында барлығы да Ертай мен Нартай өліміне қайғырғандарын жазады, қыздар
жылағымыз келді, не жыладық дейді. Ал олардың қайғылы тағдырларына кім
кінәлі екенін ашып жаза алмаған. Көпшілігі, жоғарыда айтып кеттік,
балалардың өздерін кінәлайды, асырап алған адамдарды кінәлайды т.с.с. Бұдан
шығатын қорытынды не?
Қорытынды: 10-12 жастағы балалар көркем туынды негізінде идея
жататынын, ол авторға байланысты болатынын ойлана бермейді. Тіпті, оның
көркем туынды екенінде де шаруасы жоқ. Олар оқып отырған дүниесін өмірдің
өзі деп қабылдайды және өз түсінігі, өз сезімімен қабылдайды. Сонымен осы
жастағы балаларды кітап оқуға баулуда, оқырмандық мәдениетін қалыптастыруда
мына мәселелерді басшылыққа алған жөн.
1. Кітапты қалай оқу керек, оқып отырып, неге назар аудару керек, яғни
оқырмандық мәдениетін дамыту мақсатында үнемі басшылық жасау, ақыл-кеңес
беру. Төмендегі үлгіде көмекші-нұсқау жазып, оны кабинетке іліп қою
(үлестірме қағаз түрінде де қолдарына беруге болады).
Мына мәселелерге көңіл бөл:
А – Кітапты ұқыпты, асықпай-саспай, жыртпай, кірлетпей оқы, бүктеме,
белгілеме.
У – Басты кейіпкерлерін, оқиғаларын ұмытпау үшін дәптеріңе жазып ал.
П – Оқып отырғаның көркем шығарма екенін, оны белгілі бір адам
жазғанын ұмытпа.
П – Шығарма не айтпақшы, нені үлгі етпекші, жазушы оны жазуда нені
мақсат еткен, соны үнемі ойла. Өзің қандай үлгі алдың? Жолдастарың қандай
үлгі алады деп ойлайсың?
А – Әр оқыған кітабыңның тек қызықты оқиғасын, қуанышты, қайғылы
жерлерін, не кейіпкерлердің басынан өткендерін ғана еске сақтамай, ең
бастысы, кітап саған ұнады ма, соған ой жүгірт. Неге ұнады, неге ұнамады,
дәлелдеуге тырыс. Жазушы осы кітапта оқырмандарға не айтпақшы болған, соған
үңіл.
Ескерту: Кабинетке Оқырмандар мүйісі деген бөлім ұйымдастырылып,
сонда жазып қоюға болады. Сондай-ақ әр туынды бойынша (сыныпта оқып жатқан
немесе сыныптан тыс оқып жатқан) нақты көмек-нұсқау жазылған үйлестірме
қағаз таратуға болады.
2. Ересек, 13-14 жастағы жасөспірімдердің психологиясы, физиологиялық
даму барысында өзіндік ерекшеліктер бар. Олар айналаға, соның ішінде өнер
туындыларына өз көзқарастарымен қарай бастайды. Балалық, шалалық немесе
ұшып-қонып тұрған көңіл, мінезден, байқағандарын, оқығандарын тек сезім
жетегінде, байыбына бармай, айта салушылық, бірбеттілік, қайтпастық
мінездерден арыла бастайды.
Бірақ осы жастағы балалардың қай жағынан болсын, әлі қалыптасып
болмағанын, сынаптай толқып тұрған шақтарын естен шығаруға болмайды. Бұл
шақ, психолог ғалымдардың айтуы бойынша, өте жауапты, маңызды шақ.
Балалықтан кету, үлкендікке жету арасындағы нәзік көпір. Білім беру, тәрбие
істерінде де бұл жасқа ынтамен, ерекше қараған дұрыс. Төменгі, кіші
сыныптардағы мен айтам, мен оқимын деген самсаған қолдардың сынып
жоғарылаған сайын, сиреп кету себебі не? Немесе оқыған кітаптары туралы
даурығысып, таласып жатқан балаларды олар өскен сайын, неге аз
кездестіреміз? Қай жерде, қай мезгілде лепіріп тұрған, кемерінен асып-
төгіліп тұрған бала көңілінің, ынтасының нәзік қолын үзіп аламыз?
Әдеби шығармаларды оқытпас бұрын, оның тұрақты оқырмандарын
қалыптастыру мақсатындағы жұмыстардан бұрын, осы мәселеге әр ұстаз аса абай
болғаны жөн. Балаларға әдеби шығармаларды жүйелі түрде оқыту, ынтасы,
қызығушылығын арттырудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру жолдарын іздестіру
керек. Бұл жұмысқа мектеп кітапханасы, бүкіл мұғалімдер қауымы, тәрбиешілер
жұмыла кіріскені дұрыс. Тарих, география, тіпті математика пәндерінен де
қызықты, әдеби кітаптар беріп, оны оқытып отыру, баланың сол пәнге деген
ынтасын арттыру үшін, аса маңызды болып табылады. Бірақ мұндай жұмыстар аса
сақтықпен істелінуі керек. Баланы көп шаршатпау, басы артық тапсырмалар
беріп, уақытын алмауды ойластырған дұрыс. Ол үшін барлығына да әдебиетші
мұғалім бағыт-бағдар береді. 13-14 жастағы балалар 10-12 жастағы балаларға
қарағанда көркем шығармаға басқаша көзбен қарай бастайды. Тек оқиғасын
қызықтап оқу, соған бар жан-тәнімен сену, кітаптағы дүниенің барлығын өмір
шындығы деп қабылдау, барлығына күйіну, қуану бұл балаларда да болғанымен,
ол басқадай сипат алады. Көркем туынды оқып отырып, жүрегіне жақын
нәрселерді еркін қабылдайды, әдеби талдау кезінде өз пікірлеріне көбірек
жүгінеді.
Кітаптағының барлығына бірдей сене бермейді, барлығына бірдей қуана
да, қайғыра да бермейді. Авторға келіспеушіліктерін білдіреді, дұрыс емес,
былай болу керек қой деген сөздерді олардан жиі естуге тура келеді.
Мысалы, 8-сыныпта М.Әуезовтің Қараш-Қараш оқиғасы атты шығармасынан
үзінді беріледі. Талдау кезінде оқушылардың көбі Бақтығұлдың мына іс
әрекетіне келіспейді:
а) Биені ұрлап алып, оны жасыра тұрмай, ұсталып қалуы.
ә) Жарасбайға барып, айтқанына жүре беруі, ұрлыққа түсуі.
б) Жуандар арасында өзін Жарасбайдың ұрлыққа жібергенін ашып айтпауы.
в) Болысты жасырып өлтірмей, өзінің өлтіргенін білдіріп қоюы.
Оқушылар неге Бақтығұлды осы мәселелерде ұнатпайды? Оның бір себебі,
олар оқыған дүниелеріне көз салады, дұрыс па, бұрыс па – ойланады,
бұрынғыдай тек сезімге беріле бермейді, талдау жасап, саралап оқиды.
Екіншіден, бұрынғы оқыған шығармалары, көрген киноларында бас кейіпкер
жеңіп шығады, алданбайды, әсіресе, барлаушылар туралы шығармаларда. Бұған
бұрын оқыған шығармалары, кинолары да әсер етуі мүмкін. Бірақ бұған қарап
12-14 жастағыларға көркем туындыны өз беттерімен толық оқитын оқырмандар
деп қарауға болмайды. Көркем туындыны өнердің бір саласы деп толық түсіну,
оның тақырыбы, идеясы, көтерген проблемасы, тіл ерекшелігімен қоса, тұтас
дүние деп қабылдау оларға әлі де ерте. Осы кезде, әсіресе, оларға мұғалім
көмегі, ақыл-кеңесі ерекше қажет. Себебі, осы тұрақсыз жастағылардың
ішінен көркем туындыға салқындау қарап, одан бой тарту жиі кездеседі.
Оның себептері көп. Бір себебі, бұл жасмтағыларда кітаптан басқа да
қызықтыратын дүниелер пайда болады. Біреуі спортқа ден қоюы, екіншісі әнге,
не басқаға бой ұрады. Мұғалім оны да түсініп, баланың не себепті кітапқа
салқындауын зерттеуі керек. Оқушының қызығатын дүниелеріне тоқтау салу –
кешірілмес күнә. Олар осылай толқып жүргенде, әсіресе, сыныптан тыс оқитын
кітаптар жайында жиі тексеру, жазалау педагогикалық әдепке, білімділікке
сәйкес келмейді. Керісінше, шыдамдылық көрсетіп, көркем әдебиетті оқудың
бала айналысып жүрген дүниелерге кедергі келтірмейтінін, әр түрлі кәсіп,
өнер саласындағы ұлы адамдардың барлығы әдебиетті сүйгендеріне, өйткені
әдебиет рухани азық, көл-көсір байлық, білім көзі екндігіне сендіре білу
керек.
1.Бұл жастағы балалармен жұмыстың ең бір маңызды түрі — әдеби, көркем
тілдерін жетілдіру: жазбаша, ауызша.
2. Оқыған шығармаларын талдай білуге баулу.
3. Жоғары сыныптарда оқушылардың көркем туындыны қабылдаулары да жас
ерекшеліктеріне байланысты болады. Бұл жастағылар өзін еркін сезінеді.
Көп нәрсені өз беттерімен шешкенді ұнатады, бас бостандықтарын
сүйеді, әрі оны қызғыштай қорғауға дайын тұрады. Өмірге, айналаға өзіндік
көзқарасы қалыптаса бастайды. Бұл шақ, психолог тілімен айтқанда, адам
болып қалыптасудың гүл атқан шағы, жастық щағының бастауы. Романтика, қиял,
мұрат іздеу, алғашқы махаббат – бәрі-бәрі, әсіресе, осы шақта құлпыра
түседі. Күш жағынан болсын, ақыл жағынан болсын, сезім жағынан болсын,
оларда жетілу, гүлдеу басталады. Бұл жаста көркем туындыға деген олардың
көзқарасында да даму айқын көрінеді. Әр баланың өз сүйетін жанры, тақырыбы
айқындалады. Мұғалім жетелеуінсіз-ақ, өзі сүйетін тақырыптағы шығармаларды
өз беттерімен оқи береді. Төменгі сыныптардағыдай, бар оқығандарына сеніп,
қабылдай бермейді, қиял-ғажайып оқиғаларды қумайды, өзіндік талғамы,
эстетикалық сезімі қалыптасқан оқырманға айнала бастайды. Оқығандарына
сынмен қарайды, көркем туындыны тұтастай алып қарастырады. Оны өмірді
түсінудің бір құралы деп қарайды, сондықтан одан жоғын іздейді. Міне,
осындай жастағылармен мұғалім қандай жұмыс жүргізуі керек?
1. Әдеби шығармаларды талдауда, ең алдымен, оқушылардың өз пікірін,
ойын, әсерін білу.
2. Сенің пікірің, ойың қате деп, кесіп айтудан сақтану, керісінше,
талдау барысында олардың пікіріне ден қоя отырып, сенімді, ділелді түрде,
шындыққа жетелеу.
3. Әдеби шығармалар айналасында жиі-жиі пікір таласын өткізу, тілдерін
дамыта отырып, пікірлерін қорғай білуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдеби теориялық ұғымдарды меңгерту
Әдебиет сабағындағы романтизм және реализм әдістері
Грамматика мен жазу методикасының ғылыми негіздері
Әдебиет сабағында қолданылатын әдіс - тәсілдер жүйесімен танысу
Қазақ тілі Орыс тілі Ағылшын тілі
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢ ӘДІС – ТӘСІЛДЕР: ІЗДЕНІС ПЕН НӘТИЖЕ
Білім беру жүйесіндегі қазіргі талап
Дидактика туралы түсінік
Тарихты оқыту әдістемесі
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Пәндер