Қазақ әдебиетінде жүргізілетін шығармашылық жазба жұмыстары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4бет

І ТАРАУ ЖАЛПЫ САБАҚТА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖАЗБА ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

1.1 Диктант, оның түрлері және жазба жұмыстарының жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.7бет
1.2 Жазба жұмысында қолданылатын әдіс.тәсілдер ... ... ... ... ... ... .7.13бет


ІІ ТАРАУ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ

2.1 Оқушы тілін дамытудағы мазмұндаманың алатын орны ... ... ...14.17бет
2.2 Шығарма және оның беру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17.23бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24.25бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26бет
Тақырыптың өзектілігі. Жалпыға бірдей білім беретін мектеп балаға терең білім берумен қатар, олардың ауызекі тілі мен жазбаша тілін дамыту, ойын жүйелі айтып орамды сөйлеп әрі дұрыс жаза білуді талап етеді. Сондықтан қазіргі оқу процесі арқылы оқушылардың жазбаша тілі мәдениетін дамытып, жүйелі жазу дәрежесін көтеру мақсатын қояды.
Әрбір мұғалім әдебиет сабақтарында жазба жұмыстарын үйретіп, тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білуде ең негізгі мәселенің бірі – оқушының жас ерекшелігі мен білім қорына байланысты жазба жұмысын үйретудің міндеті мен көлемін анықтау болып табылады. Мұғалім сол міндет пен көлемге байланысты жазбаша тіл дамыту жұмысының түрін, көлемін, оның әдіс-тәсілдерін белгілейді, анықтайды.
Жазба жұмыстарын үйретудегі басты мақсат – баланы жан-жақты дамыту жұмысы, оқушылардың жалпы ойын дамытуға мақсатталынады, қызығушылығын оятып, шығармашылықпен айналысуға бағыт береді. Яғни, оқушылардың жазбаша тілін дамыту мәселесін, олардың ойлау қабілетімен байланыстыра, сондай-ақ ойлау мен жазу процесінің бірлігінде ұйымдастырады.
Бағдарламада, оқулықта мектеп өмірінде «жазба жұмысын үйрету» терминдері «тіл ұстарту», «байланыстырып сөйлеу» және т.б. терминдермен алмастыру байқалады.Өйткені соңғы кездерде тіл мәдениетіне айрықша көңіл бөлініп, бағдарлама, оқулықтарда, әдістемелік әдебиеттерде «жазбаша тіл мәдениетін дамыту», «тіл ұстарту», «тіл дамыту», «байланыстырып сөйлеу» т.б. терминдер жиі ұшырасуда.
Ғалымдардың айтуынша мұғалімдердің іс-тәжірибесіне сүйене отырып, мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушыларға жазба жұмыстарын үйрету үшін оның психологиялық, лингвистикалық ғылыми негіздері мен педагогикалық ерекшеліктерін анықтауға болады.
1. М. Оразов Қазақ тілінің семантикасы. Алматы, 1999.
2. С. Исаев Қазақ тілі. 1996, Алматы
3. Қазақ грамматикасы. Астана, 2001.
4. А. Байтұрсынов Тіл тағлымы. Алматы, 1992.
5. М. Томанов Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, 1981.
6. К. Аханов Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1993.
7. К. Аханов Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1998.
8. Г.Сыздықова Қатыстық сын есімдердің семантикасы. Астана, 2004.
9. А. Ысқақов Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1991.
10. 10.Қазақ тілі энциклопедиясы. Алматы, 1999.
11.Қазіргі қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2-том, 1976.
12.Ғ. Мұсабаев Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары. Алматы, 1951.
ІЗ.Ф. Оразбаева Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдері. Алматы,
1988
14.Ә. Төлеуов Сөз таптары. Алматы, 1982
15.Ж. Шәкенов Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы. Алматы,
16.Ғ. Мұсабаев Қазақ тілі мен грамматикасы. Алматы, 1986
17.Қазақ тілі мен әдебиеті журнал №9 2006ж
18. Адамбаев Б. Халық даналығы. - Алматы: Рауан, 1996.
19. Табылдиев Ә. Халық тағылымы (қазақ халық педагогикасы және тәрбие). - Алматы: Қазақ университеті, 1992.
20. Қалиев С. Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі.- Алматы: Мектеп, 1987.
21. Білім туралы - Об образовании; Қазақстан Республикасының Заңы. - Алматы: Литера, 2000.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4бет

І ТАРАУ ЖАЛПЫ САБАҚТА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖАЗБА ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

1.1 Диктант, оның түрлері және жазба жұмыстарының жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-7бет
1.2 Жазба жұмысында қолданылатын әдіс-тәсілдер ... ... ... ... ... .. ...7-13бет

ІІ ТАРАУ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ

2.1 Оқушы тілін дамытудағы мазмұндаманың алатын орны ... ... ...14-17бет
2.2 Шығарма және оның беру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17-23бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24-25бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ...26бет

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Жалпыға бірдей білім беретін мектеп балаға терең білім берумен қатар, олардың ауызекі тілі мен жазбаша тілін дамыту, ойын жүйелі айтып орамды сөйлеп әрі дұрыс жаза білуді талап етеді. Сондықтан қазіргі оқу процесі арқылы оқушылардың жазбаша тілі мәдениетін дамытып, жүйелі жазу дәрежесін көтеру мақсатын қояды.
Әрбір мұғалім әдебиет сабақтарында жазба жұмыстарын үйретіп, тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білуде ең негізгі мәселенің бірі - оқушының жас ерекшелігі мен білім қорына байланысты жазба жұмысын үйретудің міндеті мен көлемін анықтау болып табылады. Мұғалім сол міндет пен көлемге байланысты жазбаша тіл дамыту жұмысының түрін, көлемін, оның әдіс-тәсілдерін белгілейді, анықтайды.
Жазба жұмыстарын үйретудегі басты мақсат - баланы жан-жақты дамыту жұмысы, оқушылардың жалпы ойын дамытуға мақсатталынады, қызығушылығын оятып, шығармашылықпен айналысуға бағыт береді. Яғни, оқушылардың жазбаша тілін дамыту мәселесін, олардың ойлау қабілетімен байланыстыра, сондай-ақ ойлау мен жазу процесінің бірлігінде ұйымдастырады.
Бағдарламада, оқулықта мектеп өмірінде жазба жұмысын үйрету терминдері тіл ұстарту, байланыстырып сөйлеу және т.б. терминдермен алмастыру байқалады. Өйткені соңғы кездерде тіл мәдениетіне айрықша көңіл бөлініп, бағдарлама, оқулықтарда, әдістемелік әдебиеттерде жазбаша тіл мәдениетін дамыту, тіл ұстарту, тіл дамыту, байланыстырып сөйлеу т.б. терминдер жиі ұшырасуда.
Ғалымдардың айтуынша мұғалімдердің іс-тәжірибесіне сүйене отырып, мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушыларға жазба жұмыстарын үйрету үшін оның психологиялық, лингвистикалық ғылыми негіздері мен педагогикалық ерекшеліктерін анықтауға болады.
Практикалық және шығармашылық жұмыстардың барлығы сабақта өтіліп отырылған грамматикалық материалдарға байланысты жазбаша тіл ұстарту жұмысы мен арнайы жүргізілген тіл дамыту жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруға байланысты жүргізілетін жұмыстардың оқушының активтік қиялдарының дамытылуына маңызы зор болып есептеледі.
Жазба жұмыстарын үйретуге бағытталған жұмыстар оқушылардың психикалық процестерінің қызметін күшейтеді. Олардың ой белменділігін арттырып, мидың үлкен жарты шарлар қабығында өтіп жататын анализдеу, синтездеу әрекетін арттырады.
Мектеп қабырғасында қазақ әдебиетінен жүргізілетін жазба жұмыстардың оқушыны сауаттылыққа, ұшқыр білімге жетелеуде өзіндік маңызы өте зор. Жазба жұмыстардың түрлері де сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып келеді.
Қазақ әдебиетінің методикасының үлкен де күрделі бөлімі - тіл дамыту. Себебі тілдің өзі күрделі құбылыс. Ал қазақ әдебиеті пәнін оқытуға байланысты оқушылардың жазбаша тілін дамытудың әдіс-тәсілдерін анықтау да қиын мәселелердің бірі.
Тіл дамыту әрқашан әдістеме тарихында арнайы қаралып отырды. Оның маңызы, қажеттілігі айқындалды. Бірақ ол әдістеме теориясына арнайы білім ретінде кейін кірді. Әсіресе әдістеменің негізгі атаулары және категориялары тіл дамытуға арналған жұмыстар, жазба жұмыстарының мазмұны, көлемі, құралы, оқушының жазбаша тіл байлығын бағалау, нормалары әлі де анықталу қажет.
Осыған байланысты тіл ғылымы негізінде оқушылардың жазбаша тілін дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдері мен қазақ тілі пәні мұғалімінің оқушыларға жазба жұмыстарын үйрету кезіндегі алатын орнын анықтау жұмыстың өзекеті мәселесі болып қарастырылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: қазақ әдебиеті сабағында оқушыларға жазба жұмыстарының түрлерін үйрету жолындағы мәселелерге тоқталу, ашып көрсету. Осы мақсатқа сүйене отырып, курстық жұмыстың мынадай міндеттерін көрсетуге болады:
oo Қазақ әдебиеті жүргізілетін жазба жұмыс түрлерінің маңыздылығын көрсету;
oo Қазақ әдебиетінде жазба жұмыстарының қолданылуына мән беру;
oo Қазақ әдебиетінде жүргізілетін жазба жұмыстардың қажеттілігін дәлелдеу.
Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, зерттеу, баяндау, жүйелеу.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: кейбір орта мектеп мұғалімдері мен жоғарғы оқу орны филология факультеті студенттеріне Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнін оқытуда, Жазбаша жұмыс түрлері, оларды оқыту жолдары тақырыбында арнайы курс, арнаулы семинарларда пайдалануға болады. Зерттеу нәтижелерін педагогика, психология пәндерінде, мектепте пән үйірмесін құруда қосьшша көмекші құрал қызметін толық атқара алады деп есептейміз.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс екі тараудан, кіріспе және қорытындыдан тұрады. Соңына қолданылған әдебиеттер тізімі берілген.


І ТАРАУ ЖАЛПЫ САБАҚТА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖАЗБА ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

0.1 Диктант, оның түрлері және жазба жұмыстарының классификациясы

Жоғары сыныптарда қазақ тілін сабағында жүргізілетін жазу жұмысының көптеген түрі бар. Соның бірі -- диктант. Бұл ұғым өз бетімен ойын қағаз бетіне түсіруді және айтып тұрғаннан жазуды меңзейді. Оның түрлері: әріп, буын, сөз, сөздік, ескерту, шығармашылық, көру, өздік, терме, графикалық және бақылау диктанттары.
Әріп диктанты. Бастауыш сыныпта алғашқы әріптерді үйренгеннен кейін өткізіледі. Ол дыбыс таңбасының баспа түрінен жазба түріне аударып жазуға үйрету, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге дағдыландыру және көркем жазуын қалыптастыру үшін қолданылады.
Буын диктанты сауатты жазуға үйрету, қате жазудан сақтандыру, сөзді буындап оқуға, оны жаттап алуға көмектесу, сөздерді тасымалдай білуге үйрету сияқты жұмыс түрлерін қамтиды.
Сөз диктанты әріп пен буын диктанттарына қарағанда біраз күрделірек. Мұндағы мақсат -- оқушыларға сөз белгілі бір ұғымды білдіретінін, ярни мағынасы болатынын түсіндіру. Мұнда оқушылар өздері естіген әрбір сөздің нақты мағынасын түсінумен қатар, оларды буынға бөліп жазып үйренеді. Осыдан кейін ғана олар жеке сөзді, әріпті тастап кетпей, артық әріп қоспай немесе әріптердің орынын ауыстырмай, әрбір сөздің мағынасын түсініп, қатесіз, көркем жазуға дағдыланады.
Жоғарыда айтылған әріп, буын, сөз диктанттары бастауыш сыныпқа арналған диктанттар, яғни кеңірек айтылғандықтан, бұларға көп тоқталмаймыз.
Сөздік диктанты әріп емлесін өту кезінде белгілі бір сөздердің жазылуын есте сақтау үшін пайдаланылады. Диктантқа ұсынылатын сөздердің саны 5-6 сыныптарда 30-35-тен аспауы керек. Сөздік диктанты өтіліп отырған тақырыпқа байланысты мұғалімнің қалауымен жүргізіледі.
Терме диктанты белгілі бір ережені оқушылардың қалай меңгергенін байқау үшін сабақ үстінде жүргізіледі. Мұғалім диктант мәтінін оқып алдында қандай ережеге көңіл аудару керек екендігін ескертеді. Оқушылар мәтінді түгел жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады,
Көру диктанты мұғалімдер тәжірибесінде өте пайдалы, диктантқа үйрететін жұмыстардың ішіндегі ең бастысы больш есептеледі. Бұл диктант түрі оқушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілгсн өлеңдерді алуға болады.
Диктант мәтіндері үзіліс кезінде тақтаға немесе алдын ала аумақты қағазға жазылып қойылады. Оларды оқушылардың 2-3 рет оқып шығуына, асықпай көріп, жадында сақталуына 1-2 минут уақыт беріледі. Содан кейін мұғалім оны жауып қояды. Оқушылар тақтадан оқыған мәтінін есіне түсіріп, дәптерге жазады. Мұндай материалдардың құрамында жазылуы қиын сөздермен бірге, баса көңіл аударуға тиісті ережелері бар термин сөздер болса, мұғалім олардың астын түрлі түсті бормен сызып қояды.
Өздік диктантында оқушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөз бен сөз тіркестерін және жекелеген сөйлемдер мен жаттап алған өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді естеріне түсіріп, ойлана отырып өз бетінше жазады [1,255].
Диктанттың бұл түрінің өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Мұғалім өздік диктанты қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын ала ескертіп қояды.
Шығармашылық диктант -- үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арт- тыру көрсеткіші. Бұл диктанттың көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою, сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, басы жазылған мәтінді аяқтау сияқты басқа диктанттарға ұқсамайтын өзгешеліктері болады.
Ескерту диктанты көлемі, орфографиялық емле, сөздік қоры жағынан бақылау диктантына жақын келеді. Мұнда осы уақытқа дейінгі өтілген барлық материал түгел қамтылып, оқушыларды бақылау диктантына тікелей әзірлейді.
Графикалық (сызба) диктантты сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсету, керісінше, берілген сызба бойынша сөйлем құрау сияқты түрлі вариантта жүргізуге болады [2,26].
Бақылау диктанты бұрын өтілген материалдарды оқушылар қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық деңгейінің қандай екенін анықтау мақсатымен жүргізіледі. Бақылау диктанты белгілі бір тарауды оқып бітіргеннен кейін және тоқсанның, жылдың аяғында өкізіледі.
Ол төмендегідей жүргізіледі:
а) диктант тақырыбы тақтаға жазылады да, алғшқы сөйлемнің бірінші сөзі жаңа жолдан басталатыны ескертіледі. Диктант мәтінінде кездесетін жазылуы қиын немесе ережелері өтілмеген сөздерді мұғалім үзіліс кезінде тақтаға жазып қояды;
ә) диктант мәтінін мұғалім екі рет дауыстап оқып, жазылуы қиын сөздерді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді;
б) егерде диктант мәтіні жеке сөздер мен сөз тіркесінен немесе байланысты сөйлемдерден құралған болса, мұндай мәтіндердің әрбір сөзі мен сөйлемін мұғалім үш рет қана қайталап оқиды. Осыған орай диктантты жазар алдында оқушыларға әрбір сөзді немесе сөйлемді көңіл қойып тыңдап, олардың мағынасын ұғып алғаннан кейін ғана жазуға кірісу керектігі ескертіледі [3,36]. Мұғалім оқушылардың түгелдей жазып отыруын қадағалап, ең баяу жазатын оқушы бітісімен, келесі сөйлемді оқиды. Бірақ ол жаңа сөйлем екені айтылмайды;
в) оқушылар диктант мәтінін түгел жазып болғаннан кейін мұғалім мәтінді бастан-аяқ тағы бір рет оқиды. Осы кезде оқушылар өз жазғандарын мұғалімге ілесе отырып тексереді. Қатесі болса түзетеді.
Мұғалім диктантты бір орында тұрып оқиды.
5-6-сыпыпта алынатын бақылау диктантының көлемі төмендегідей:
I жарты жылдықта -- 90-95 сөз,

II жарты жылдықта -- 95-100 сөз [4,259].

0.2 Жазба жұмысында қолданылатын әдіс-тәсілдер

Диктант дәстүрлі оқыту үрдісінде ежелден келе жатқан жазба жұмыстардың бір саласына жатады. Диктанттың бірнеше түрі іс-тәжірибеде пайдаланылып келеді. Олар: терме диктанты, бақылау диктанты, көру диктанты, түсіндірмелі диктант, сөздік диктанты, өздік диктанты, ескерту диктанты, ерікті диктант, шығармашылық диктант. Олардың әрқайсысы өзіндік ерекшелігі, әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Дәстүрлі оқытудағы барлық диктанттың басты мақсаты - балалардың білімін тексеру, бақылау, теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалана білуге дағдыландыру, сауаттылыққа баулу болып келеді. Оқыту үрдісін технологияландыру кезеңі диктант түрлерін және оны жүргізудің жаңа жолдарын жетілдіру мақсатын алдыға қойып отыр. Шығармашылық сипаттағы диктанттардың кейбір түрлері дәстүрлі оқыту үрдісінде де жүргізіліп келеді. Шығармашылық диктанттың өзіндік ерекшелігі туралы орыстың педагог ғалымы М.И.Рудякова Творческий диктант не является разновидностью диктанта, а скорее это самостоятельная работа типа сочинения дейді (Сборник диктантов по орфографий и пунктуаций. М., Просвещение, 1991, 4-бет). В.М.Гусинова мен К Еркібаеваның Сборник текстов для изложении деген оқу құралында Тексты взятые из произведений классической и современной художественной литературы, научно-популярной литературы, периодической печати должны помочь в формировании у школ гражданственности, любви к труду, стремлени гуманитарным знанием деген пікірлерінің пәнаралық байланыстағы шығармашылық диктанттарға да қатысты жағы бар [5,369].
Диктанттардың шығармашылық бағытын жетілдіре отырып, оның түрлерін жаңарту, жаңғырту, жаңа технологиядан іздену - тіл дамыту жұмысының басты мақсаты.
Қазақ тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуға негізделген шығармашылық диктанттың төрт түрін ұсынуға болады: сөздік диктантының жаңа түрі; модельге негізделген диктант; өзің тап диктанты; бестік диктанты [6,325].
Шығармашылық диктанттарды жүргізудің басты мақсатын төмендегідей саралауға болады: қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін тәжірибеде пайдалана білу дағдыларын жетілдіру; сауаттылықка, жазу мәдениетіне баулу; көркем мәтін негізінде әдеби тілдерін ұстарту; тіл дамытуға негізделген шығармашылық диктанттар технологиясын жетілдіру,
Шығармашылық диктанттарды жүргізуде мына мәселелер ескерілуі тиіс: диктант мәтініне суреттеулер, баяндаулардан гөрі мазмұнды оқиғалардың алынуы; даралап, саралап оқытуды басшылыққа алу; көмек керек ететін оқушыларға көмек-нұсқау ұсыну (ол - мәтінді оқушының ары қарай жалғастыруы үшін беріледі); оқиғаның жалғасы тұжырымды жоспар түрінде ұсынылады; диктант мақсатына сай керекті тірек сөздерді ұсыну.
Диктант жазар алдында шығармашылық конкурс жариялауға болады. Конкурс оқушыларды ынталандырады, олардың назарын бір мақсатқа жұмылдырады. Словарь-справочник по методике русского языка деген еңбегінде М.Р.Львов былай дейді: В творческих работах учащихся отражается личность школьника, его чувства, взгляды, его жизненная позиция. Творческие работы - сильное воспитательное средство (М., Просвещение, 1988, 68-бет). Осы пікір шығармашылық диктанттарға да тән. Әдебиет пәнінің тәрбиелік мәні зор. Ол оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, дүниетанымы, көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді. Әдебиет пен қазақ тілінде өтіліп жатқан материалдарды байланыстыра отырып оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулу, тіл дамьпу оны жүргізудің басты мақсаты болып табылады.
Сөздік диктанты. Сөздік диктант дәстүрлі оқыту әдістерінде бұрыннан бар. Сөздік диктантының өзіндік ерекшелігін пікірлерден көруге болады: Его отличителъная черта состоит в том, что диктуются слова, словосочетания, а не предложения. Словарный диктант может быть предупредительным, обьяснительным, контрольным. Он позволяет экономит время, концентрировать внимание учащихся на нужных орфофаммах, обогощать и активизировать внимание учащихся на нужных орфограммах, обогощать и активизировать словарь учащихся деп пікірін білдіреді М.Р.Льбов. (Сборник диктантов и изложений. А., Жеті жарғы, 2001, 149-бст).
Ал қазақ тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуға негізделген бұл сөздік диктанттың әдістемесін нақты мысалдармен түсіндіруге болады.

1-кесте. Сөздік диктанттың 1 түрі
Мұғалім оқитын
сөздер
Оқушылар тауып жазатын оның мағынасы
Көксерек
Аңшылар ауылға әкелген
қасқырдың бөлтірігі
Құрмаш
Көксеректі бауырына басып, аялап
өсірген бала

Сөздік диктанттың 2 түрі. Керісінше, сөздің мағынасы айтылады, оқушы ол сөзді табады.
2-кесте. Сөздік диктанттың 2 турі
Мағынасы
Сөздер
Аңшылар ауылға әкелген жетім бөлтіріктің аты
Көксерек
Бөлтірікті өсірген бала
Құрмаш
Көксеректі бастан теуіп,
еңіреген адам
Құрмаштың әжесі

Мұндай диктанттарды қазақ тілінің кай тақырыбы болмасын әдебиеттен өтіп жатқан көркем шығармаларды негізге ала отырып, бірлікте жүргізуге болады. Сөздік диктантына қойылатын талаптар: тұжырымдылық, яғни сұрақтың да, жауаптың да нақты, жинақы әрі мәнді болуы; алғырлық, шапшаңдық; әдебиеттен алған білімдерін қазақ тілі пәніне пайдалана білулері.
Сөздік диктантының тіл дамытудағы тиімділігін төмендегідей саралауға болады: оқушыларды қазақ тілінен оқып жатқан тақырыптарды қайталап, оны әдебиетпен байланыстыра отырып, жаңа мақсатта пайдалануға, білімдерін тереңдетуге көмектеседі; сауатты жазуға, сөздік қорын дамытуға әсер етеді; еске сақтау қабілетіне игі ықпалын тигізеді.
Сөздік диктанттарды түрлендіріп отыруға болады. Оқушыларды қызықтыра отырыл, тиімді әдіс-тәсілмен алған білімдерін ары қарай дамытуға дағдыландыру керек.
Шығармашылық іс-әрекеттің өнімді жолдары баршылық. Соның бірі алған білімді модельдей білу, оны мазмұны мен мәніне қарай көз алдыға келтіру немесе бір белгілермен жобалау, сұлбасын, нобайын салу, бейнесін болжау болып табылады. Бұл жөніндегі Н.Г.Пищугиннің Мы будем представлять модель как знаковую систему, отображающую какой-либо объект. Она может приобретать форму схемы, макета, графики, и существовать в виде реального объекта, который в таком случае становится подобием другого (моделируемого) объекта деген пікірі оның маңызын ашып тұрғандай [7,256] .
Модельдеу технологиясы қазақ тілі сабақтарында сызба, макет арқылы емес, тіл арқылы жүргізіледі. Сол себептен де модельдеу шығармашылық жұмыстың бір түрі ретінде тіл дамыту үрдісінің жемісті, өнімді тәсілі болып табылады. Модельдеуді диктанттарға да пайдалануға болады.
Сөздік диктанттардың келесі түрі модель толтыру негізінде жазылады. Оның әдістемесі. Диктант екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде диктант мәтіні оқылады. Ол әдебиеттен өтіп жатқан көркем шығармадан алынады Мысалы, 6-сыныпта оқып жатқан Мағжан Жұмабаевтың Мен кім? өлеңінің негізінде жазғызуға болады. Көп нүктенің орнына оқушылар керекті сөзді тауып жазады, яғни Мағжанның өзіне берген бағасын еске түсіре отырып жазады. Екінші кезеңде мұғалім алдарына ұсынған модель-сызбаны толтырып, диктантты ары қарай жалғастырады.
Үлгі:
Арыстанмын,
Мен кім?
Жолбарыспын

Күнмін

Тұлпармын

Бұлтпын,

Желмін
Екінші кезенде өлеңді еске түсіру мақсатында мұғалім мәнерлеп оқиды. Сызбаның сұлбасы ғана беріледі, ал оқушылар әдебиетпен, қазақ тілінен алған білімдері бойынша оны жоғарыдағы үлгіге қарап өздері толтырады.
Сөздік диктанттың бұл түрі мына кезеңдерден тұрады. Бірінші кезенде тапсырмалар беріледі, мақсат түсіндіріледі. Екінші кезеңде оқушылар керекті сөздерді теріп жазады, өлеңнің түпнұсқасындағы сөздерді дәл жазу арқылы ақын Меннің моделін толтырады. Үшінші кезенде қазақ тілі бойынша берілген тапсырмаларды орындайды. Модельдеріндегі есімдіктерді, зат есімдерді тауып, түлғасына қарай талдайды. Талдау түрлері мұғалім қалауына қарай басқаша да болады. Төртінші кезеңде оқушы өзіне Мен кім? деген сұрақ қоя отырып, Мағжан ізімен деген тапсырма орындайды. Онда олар өздеріне өздері баға беріп, өз Менін толтырады. Бесінші кезеңде осы соңғы тапсырманы Сен кімсің? деген сұрақ арқылы, бір-біріне баға беру арқылы жалғастырады. Осы жұмыстардың үлгісі төмендегідей болады.
Мағжанның Мені
Мен кім? - Арыстанмын
- Жолбарыспын
Оқушының өз Мені
Мен кім? - Жас тұлпармын
oo Жас қыранмын т.с.с.
oo Бір-біріне берген баға:
Сен кімсің? - Үлгілі баласың
- Адал доссың т.с.с.
Соңғы бесінші кезеңдегі тапсырмалардың білімділік мәнімен қатар тәрбиелік мәні де зор. Ол әділдікке, турашылдыққа, өз-өздерін бағалай білуге әсер етеді. Сөздік диктанттарда да оның тәрбиелік жағына ерекше көңіл бөлген жөн [8,266].
Сөздік диктанттардың тіл дамытудағы, оқушылардың сауаттылығын арттырудағы ұтымдылығы:
Біріншіден, дәстүрлі диктанттағыдай оқушы орындаушы, естігенін ғана жазушы емес, ең бастысы қабілетті, ізденістеріне қарай шығармашылықпен түрлендіруші орнында болды.
Екіншіден, өз жұмыстарына, бір-бірінің жұмыстарына баға беруші, салыстырушы дәрежесінде көрінеді.
Үшіншіден, өздерін-өздері, бір-бірін оқытушы, өз тілдерін, білімдерін өздері жетілдіруші, дамытушы іс-әрекетінде болады.
Төртіншіден, бұл диктанттар тексеруге, жедел қорытынды, коррекция жасауға тиімді болып келеді.
Бесіншіден, алған білімдерін шығармашылықпен жаңа өнім жасауға бағыттайды. Бұл үрдіс бесінші, алтыншы кезеңдерде жүзеге асады.
Алтыншыдан, қаламгерге еліктеу, оның көркем тілдерін меңгеру, оны өз тәжірибелеріне пайдалану дағдылары жетіледі, тілдері дамиды.
Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық диктанттардың тағы бір түрі - Өзің тап. Өзің тап диктанты әдебиеттен өтіп жатқан көркем шығармалармен байланыс негізінде жүргізіледі. Диктант мәтінінде мұғалім сын есімдер орнына зат есім немесе сан есім орнына үстеулер т.б. жазады, оқушы дұрысын өздері табады. Диктанттың қай түрі болмасын сауаттылыққа ерекше көніл бөлінеді. Бұл диктантта да мәтін алдында жататын себепті тапқан сөздердің жазылу емлесі басты назарда болады. Осындай диктанттар оқушылардың көру, есту қабілеттерінің дамуына да ықпал етеді. Ол оқушылардың тікелей өз іс-әрекеттеріне негізделеді. Мұғалім диктант мәтінін жазып, әрқайсысының алдына тастайды. Мәселен, мұғалім мақсатты түрде 10 қате жібереді, яғни он сөзді мәтін мазмұнына сәйкес келмейтіндей немесе әдеби тілде емес, қарапайым сөйлеу тілінде ұсынады. Көбінде сөз таптарын өзгертіп береді. Оқушының мақсаты сол сөздерді тауып, орнын мәтіндегі сөздермен дәл ауыстырады. Диктанттың бұл түрі де шығармашылық жұмыстар арқылы тіл дамыту үрдісінде тиімді болып келеді. Мұғалім оқушының неше қате сөзді тапқанына қарай бағалау, коррекция жұмысын жүргізеді.
Өзің тап диктанты арқылы тіл дамыту үрдісін жүзеге асыру әдіс-тәсілдерін төмендегі жолдармен жүргізуге болады.
6-сынып. Қазақ тілі: Көсемше.
Әдебиет: Д.Исабекое Ата үміті.
Берілген тапсырмалар
1. Көсемшелерді қайталаңдар.
2. Д.Исабсковтің Ата үмітінің мазмұны мен бас
кейіпкерлерін еске түсіріндер.
Алдында үзінді жатыр. Асты сызылған көсемшелердің
Ата үмітіндегі түпнұсқасын табыңдар.
Диктантты жазып болған соң мәтіндегі 2 көсемшеге,
түпнұсқадағы 2 көсемшенің жасалу жолына талдау жасаңдар.
Түн жарымы ауды. Немересі ойлап жатып-ақ қалғып кетіпті. Жас ұлғайған сайын ұйқы үркек бола ма, ертеңге де керек адамбыз, дем алайын деп қанша көз жұмса да, Тоқаңның кірпігі айқаспай-ақ қойды. Әрі Омаштың осы кезге дейін қайтып оралмауы ойын сан-саққа шашыратып, көңіліне әлдеқалай бір күдік пен қорқыныш туғызды. Бұ патшағар қайда жүр? Әне бір тентек суды жұтып-жұтып қазан арыққа түсіп кеттіме екен? Жеті түнде мас боп келсе, апшымызды тарыдай шашыратьт, немеремнің жүрегінің отын алады-ау. Аспаннан түскен әзірейілдей боп қайдан ғана сап ете түсіп еді, бар болғыр. Ала сиырды үш мезгіл тұқыртып арқандау мұң боп жургенде, адырда ұйықтап, дермене өру не теңім еді. Е, Алла, әйтеуір, арты қайырлы болса болығаны да.
Өзің тап диктантының тиімділігі төмендегідей тұжырымдалды: оқушылардың көру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді; сөздік қорының баюына ықпал етті; пәнаралық байланыс негізінде алған білімдерін толықтырды.
Бестік диктанты. Шағын шығармашылық диктанттардың бірі - Бестік диктанты.
Оның моделі төмендегідей:
12 3 4 5
Сөз - сөйлем - сұрақ-жауап - жазу.
Диктант әдебиеттен оқып жатқан тақырыппен байланыстырылады. Мысалы, 6-сыныпта М.Әуезовтің Абай жолы романынан Біржан сал Абай аулында деген үзінді берілген. Оқушылар алдын ала диктантты жазудың әдістерін меңгеруі керек. Сол себептен де мүғалім түсінік жұмысын жүргізеді. Әдебиеттен өтіп жатқан шығарманы қайталал оқып, қайталауды тапсырады. Дайындық кезеңі үйде орындалады. Ал сабақта мұғалім диктанттың тақырыбын жазады. Оның моделі әр оқушыға таратылады, модельден ауытқуға болмайды, оның қатары қатаң сақталады.
Диктантты жүргізу әдістемесі
Мұғалім: Сөз дегенде, бала Біржан деуі мүмкін немесе Абай деуі мүмкін.
Мұғалім Сөйлем дегенде оқушылар Біржан Абай аулында немесе Біржан Абай аулында қонақта отыр деуі мүмкін. Енді сұрақ қойылады.
Сұрақ: - Біржан Абай аулына неге келген?
Өнерімен үлгі беруге келген немесе Абай оның әнін тыңдауға шақырған деген сияқты жауаптар айтылуы мүмкін.
3-кесте. Диктант жүргізу барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Мұғалім сұрағы
Оқушы жауабы
Оқушы жазған диктант мәтіні
Сөз
Біржан
Біржан Абай аулында
Сөйлем
Біржан Абай аулында
Өнер шашуға келді.
Сұрақ: Неге келді?

Жауап
Өнер шашуға келді.

Түзету жұмыстарынан кейін дайын болған мәтінді мұғалім қайталап оқып жазғызады. Осы үлгіде диктант ары қарай жалғасады.
Бестік диктанттың өзіндік ерекшелігі сол - мәтін әдебиеттен оқып жатқан көркем туындыдан алынады, екіншіден, ол қазақ тіліндегі тақырыппен байланыстырылады, үшіншіден, оқушы әдеттегі диктанттардағы өнімсіз іс-әрекеттен, яғни көшіруші, қайталаушы емес, оның мәтінін өздері құраушы дәрежесінде болады.
Бестік диктанттарды поэзиялық шығармалар негізінде де жүргізуге болады. Өлең мәтіні оқушылардың алдында жатады. Мұғалім сұрақтарына оқушылар өлеңнен жауап іздеп, тауып жазып отырады. Бұл жұмыстар көру диктантына үндес болып келеді.
Бұл диктанттың ұтымдылығы.
Бестік диктантының мәтінін мұғалім емес, оқушылардың өзі құрастырады; дәстүрлі диктанттарда бүкіл сынып бір мәтінді жазса, мұнда әр оқушы өзіне берілген шығармашылық еркіндікті пайдалана отырып, өз мәтінін жазады; оқушылардың еске сақтау қабілеттері жетіледі; қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін жаңа мақсатқа тиімді пайдалануға талпынады.
Сонымен тіл дамытуға арналған шығармашылық бағыттағы диктанттың бұл түрлері оқушылар танымын белсенді етуде, қызығушылығын арттыруда, әсіресе әдеби тілін дамытуда, сауаттылыққа баулуда өте тиімді болып келеді.

ІІ ТАРАУ ҚАЗАҚ ӘДЕБИТІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ

2.1 Оқушы тілін дамытудағы мазмұндаманың алатын орны

Оқушылардың тілін дамытуға, олардың өз ойын ауызша және жазбаша дұрыс әрі тартымды баяндай білуге үйрететін шығармашылық жазба жұмыстың бірі - мазмұндама [9,264]. Жаңа бағдарламаның талаптарына сәйкес мазмұндама түрлері оларды қалай жаздыру керектігі мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларда көрсетіліп отырылады. Мұндай тапсырмалар кейбір мәтіндерге үлгі ретінде ғана беріледі. Өйткені тіл дамыту жұмысы тіл сабақтарының тақырыптарымен ұштастыра, байланыстыра жүргізілуі керек. Сондықтан да мұғалімдер мазмұндама жинағымен жұмыс істегенде тіл тапсырмаларының қалай берілгендігі туралы үлгіні басшылыққа алып, басқа мәтіндердің материалдарын да пайдаланғаны жөн.
Мазмұндамалар жинағының мұғалімдердің пайдалануына қолайлы болу жағын ескеріп, мәтіндерді мөлшермен әр сыныпқа жеке-жеке бөліп береді. Жинаққа қосымша ретінде V -- IX сыныптарды жүргізілетін шығарма жұмыстарының үлгі тақырыптары ұсынылады.
Жинақтағы материал V -- IX сыныптарды жүргізілетін тіл дамыту жұмысының төмендегідей түрлеріи қамтиды:
1) ауызша әңгіме өткізу;
2) берілген сұраққа ауызша-жазбаша жауаптар қайтару;
3) жай және күрделі жоспар жасау;
4) мәтіннің көркемдік ерекшелігін және шығарманың; тіл, стиль ерекшелігін сақтай отырып, мәтінге жақындата ауызша және жазбаша мазмұндау;
5) мәтіннің формасын өзгерте мазмұндау, яғни I жақ, осы шақ формасындағы мәтінді III жақ, өткен шақ формасында немесе керісінше мазмұндау;
6) қысқарта мазмұндау, яғни берілген мәтіндік тек түйінді, негізгі мәселелерін ғана мазмұндау;
7) мәтіннен цитата және эпиграф келтіре отырып мазмұндау;
8) берілген мәтін туралы өз ой қорытындысын қоса мазмұндау;
9) шығарма жұмыстары;
10) сөздік жұмыстары;
11) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жазу жұмысының түрлері мен олардың негізгі ерекшеліктері
ЕСКІ ҚЫПШАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҒАШЫҚТЫҚ САРЫНДАР
Қазақ әдебиетінен үй тапсырмасын берудің тиімділігі
Бастауыш сыныпта қазақ тілінен жүргізілетін қазіргі сабақ түрлерінде оқушылардың тілін дамыту
Әдебиеттік оқытудың тәрбиелік, дамытушылық мақсаты мен міндеттері
Бастауыш сыныпта көркем шығармалардың түрлерін оқыту
Ақан Қорамсаұлының махаббат лирикасы
Әдебиет сабағында қолданылатын әдіс - тәсілдер жүйесімен танысу
Жоғары сыныптармен жүргізілетін тәрбие жұмыстары
Пәндер