Қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының маңыздылығы мен оның зерттелу жолы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4 бет

І ТАРАУ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МЫСАЛ ЖАНРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖОЛЫ

1.1 Мысал жанрының зерттелу тарихы мен оның қазақ фольклорында алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.9бет
1.2 ХХ ғасыр басындағы ақын.жазушылардың мысал жанрына қосқан үлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9.13бет

ІІ ТАРАУ МЫСАЛ ЖАНРЫН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС.ТӘСІЛДЕРІ

2.1 Мектеп оқушыларына Ахмет Байтұрсынов мысал өлеңдерінің оқыту ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14.19бет
2.2 Оқушылардың мысал жанрын жетік меңгеруге қолданылатын тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20.22бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23.24бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ...25бет
Тақырыптың өзектілігі. Мысал –тұспалмен, ишарамен айтылатын жанр. Мұндағы ой астармен, жұмбақпен беріледі. Мысалдың басқа жанрдан ерекшелігі оған адам қатыспайды. Мысал жанрына аң, құс, өсімдік бейнесі алынады. Әдебиетті оқу бағдарламасында мысал жанрын оқыту көбіне бастауыш буындарында беріледі. Мысал жанрын сонау Эзоп заманынан бастау ала отырып, қазақ топырағында да дамыған. Жазба әдебиетінен бұрын қазақ ауыз әдебиетінде де осы жанрдың элементтері кездесіп отырған. Ақын-жыршылардан бастап, мысал жанрына ықылас білдірген әдебиет өкілдері мол болған. Мәселен, Абай, Ыбырай, Дулат, А. Байтұрсынұлы, С.Дөнентаев, С.Көбеев секілді қаламгерлер өздерінің төл шығармалары мен аударма мұраларында мысал жанрына ерекше көңіл бөлген. Зертеуші М. Әуезов: «Тегінде, қазақ әдебиеті тарихына Крылов мысалдары жалғыз Абайдың аудармасынан емес, одан бұрын да кіре бастаған. Бұл және де бір Крылов емес, орыс көркем әдебиетінің өлең сөз, қара сөздегі әр алуан үлгісін өзі жазған оқу кітабына кіргізіп, алғаш аударған Ыбырай Алтынсарин болатын»-деген екен. Мысалдың басты мақсаты – адам баласының бойына жақсы, ізгілікті қасиеттерді сіңіру, терең ғибрат пен тәлім өнеге беру.
Курстық жұмыстың зерттеу мәселесіне айналған өзекті сұрақтардың бірі осы мысал жанрын таныту, соның ішінде қазақ мысал жанрындағы шығармаларын меңгертудің тиімді жолдарын саралау болып табылады.
Мысал жанрын танытудағы тиімді және нәтижелі тәсілдерді ұсыну болып табылады. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде мысал тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, мысалдың балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Мысалдар мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала – үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар – жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі.
1. Байтұрсынов А. «Ақ жол». А., 1991. 36-б.
2. Қабдолов З. «Сөз өнері». А., 2002. 312-б.
3. Радциг «Көне грек әдебиетініңтарихы». М. 1963. С.340
4. Иманғазинов М.М. «Антика әдебиеті». Т., 2006. 253-б.
5. Ыбыраев Ш. «Эпос әлемі». А., 1993. 422-б.
6. Қасқабасов С. «Қазақ халықпрозасы». А., 1972. 107-б.
7. Қабдолов З. «Сөз өнері». Алматы: Санат, 2002.
8. Қазақ әдебиетінің тарихы: Кеңес дәуірі (1941-1956). Алматы, 2004.
9. Ақшолақов Т. «Шығарманың көркем айшықтарын таныту». Алматы: Рауан, 1994.
10. Бітібаева Қ. «Әдебиетті оқыту әдістемесі». Алматы: Рауан, 1997
11. Беспалько В.П. «Слагаемые педагогической технологий». -М,: Педагогика, 1989 г.
12. Беспалько В.П. «Педагогика и прогрессивные технологии обучения».- М., 1995 г.
13. Давыдов В.В.«Теория развивающего обучения». -М., 1996 г. Дьяченко В.К. «Новая педагогическая технология учебно-васпитательного процесса». -Усть-Каменагорск, 1992 г.
14. « Қазақ ұлттық энциклопедиясы»
15. Әуезов М., «Әдебиет тарихы» , Қызылорда, 1927
16. Сейфоллаұлы С., «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары», Қызылорда, 1931
17. «Қазақ фольклористикасының тарихы», А., 1988
18. «Қазақ фольклорының тарихилығы», А., 1993
19. Жұмалиев Қ., «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері», А., 1958
20. Ғабдуллин М., «Қазақ халқының ауыз әдебиеті», А., 1972
21. Ысмайылов Е., «Ақындар», А., 1956
22. «Қазақ фольклорының типологиясы» А., 1981
23. Бiтiбаева Қ. «Әдебиетті оқыту әдістемесі» . А., 1997.
24. Әбдiбекқызы К. «Оқушылардың көркем шығармашылық қабiлетiн дамыту». А., 1994.
25. Бiтiбаева Қ. «Әдебиет пәнiн оқытудың тиiмдi жолдары (Мұғалiмге арналған көмекшi құрал)» А., 1990.
26 Жұмажанова Т. «Қазақ әдебиетi әдiстемесi». А., 2003.
27. Қоңыратпаев Ә. «Әдебиетті оқыту методикасы». А., 1985.
28. Бітібаева Қ. «Қазіргі кезең әдебиетін тереңдетіп оқыту». Семей, 2007.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4 бет

І ТАРАУ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МЫСАЛ ЖАНРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖОЛЫ

1.1 Мысал жанрының зерттелу тарихы мен оның қазақ фольклорында алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 -9бет
1.2 ХХ ғасыр басындағы ақын-жазушылардың мысал жанрына қосқан үлесі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-13бет

ІІ ТАРАУ МЫСАЛ ЖАНРЫН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

2.1 Мектеп оқушыларына Ахмет Байтұрсынов мысал өлеңдерінің оқыту ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14-19бет
2.2 Оқушылардың мысал жанрын жетік меңгеруге қолданылатын тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20-22бе т

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23-24бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ...25бе т

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Мысал - тұспалмен, ишарамен айтылатын жанр. Мұндағы ой астармен, жұмбақпен беріледі. Мысалдың басқа жанрдан ерекшелігі оған адам қатыспайды. Мысал жанрына аң, құс, өсімдік бейнесі алынады. Әдебиетті оқу бағдарламасында мысал жанрын оқыту көбіне бастауыш буындарында беріледі. Мысал жанрын сонау Эзоп заманынан бастау ала отырып, қазақ топырағында да дамыған. Жазба әдебиетінен бұрын қазақ ауыз әдебиетінде де осы жанрдың элементтері кездесіп отырған. Ақын-жыршылардан бастап, мысал жанрына ықылас білдірген әдебиет өкілдері мол болған. Мәселен, Абай, Ыбырай, Дулат, А. Байтұрсынұлы, С.Дөнентаев, С.Көбеев секілді қаламгерлер өздерінің төл шығармалары мен аударма мұраларында мысал жанрына ерекше көңіл бөлген. Зертеуші М. Әуезов: Тегінде, қазақ әдебиеті тарихына Крылов мысалдары жалғыз Абайдың аудармасынан емес, одан бұрын да кіре бастаған. Бұл және де бір Крылов емес, орыс көркем әдебиетінің өлең сөз, қара сөздегі әр алуан үлгісін өзі жазған оқу кітабына кіргізіп, алғаш аударған Ыбырай Алтынсарин болатын-деген екен. Мысалдың басты мақсаты - адам баласының бойына жақсы, ізгілікті қасиеттерді сіңіру, терең ғибрат пен тәлім өнеге беру.
Курстық жұмыстың зерттеу мәселесіне айналған өзекті сұрақтардың бірі осы мысал жанрын таныту, соның ішінде қазақ мысал жанрындағы шығармаларын меңгертудің тиімді жолдарын саралау болып табылады.
Мысал жанрын танытудағы тиімді және нәтижелі тәсілдерді ұсыну болып табылады. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде мысал тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, мысалдың балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Мысалдар мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі.
Курстық жұмыстың мақсаты: мысал жанрын оқыту барысында тиімді тәсілдерді пайдаланып, балалардың тілін дамыту жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері: мектеп оқушыларынамысал жанрындағы шығармаларды оқытуға байланысты әдістеме тұрғысында төмендегідей міндеттер қойылды:
oo мысал шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
oo мектеп бағдарламасына енген мысал шығармаларға шолу жасау, жүйелеу;
oo мысал жанрлық ерекшеліктерін оқыту үрдісінде танытудың жолдарын саралап қарастыру;
oo мысалды оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттерін талдап көрсету;
oo оқушыларға мысалды дұрыс қабылдай білуге үйрету;
oo мысалды шығармалардың құрылысын меңгерту;
oo мысалды оқытуда жеңілден-ауырға, түсініктіден-түсініксізге, жалқыдан-жалпыға қарай деген дидактикалық принципті ұстаным ету.
Курстық ғылыми болжамы: кейбір орта мектеп мұғалімдері мен жоғарғы оқу орны филология факультеті студенттеріне Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнін оқытуда, Мысал шығармалардың табиғатын таныту тақырыбында арнайы курс, арнаулы семинарларда пайдалануға болады. Зерттеу нәтижелерін педагогика, психология пәндерінде, мектепте пән үйірмесін құруда қосьшша көмекші құрал қызметін толық атқара алады деп есептейміз.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МЫСАЛ ЖАНРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖОЛЫ.

1.1 Мысал жанрының зерттелу тарихы мен оның қазақ фольклорында алатын орны

XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов еді. Қазақ ауыз әдебиетінің зерттелуі А.Байтұрсынов пен Х.Досмұхамедовтан бастау алары сөзсіз. Аталмыш ғалымдардың ауыз әдебиеті жайлы алғашқы пікір-пайымдаулары кейінгі фольклорист-зерттеушілерге сара жол салды. Осы орайда аталған ғалымдардың назарынан тыс қалмаған мысал жанры да ауыз әдебиетінен бастау алғандығына көз жеткізуге болады.
Әрине, фольклорды зерттеп, жанрлық жағы сараланған еңбектерде көбінесе мысал жанры қалыс қалып жатады, дегенмен мысал жеке түр ретінде қарастырылмаса да, ол жайында азды-көпті пікірлер бар. Мысал - айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма [1,36] деген анықтамаға ие мысалдың түп төркіні хайуанаттар туралы тұспалды мағынасы бар ертегі, қысқа әңгімелер нұсқаларымен жалғасып жатыр. Бұның қаншалықты дәлелді екенін қазақ ғалымдарының осы жанрға байланысты ой-пікірлерімен нақтылай түсейік.
Қазақ әдебиетінің көшбасшысы, ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынов қазақ фольклорын сұрыптап, саралауда мысал жанрын назардан тыс қалдырмай, біраз ой толғап, анықтама береді.
Ғалым жалпы ауыз әдебиетін жұмсалуына қарай екіге бөледі:
oo сауықтама;
oo сарындама.
Сарындаманы үшке бөледі:
oo салт сөзі;
oo ғұрып сөзі;
oo қалып сөзі.
Мысалдарды ғалым салт жолымен айтылатын сөздер тобына жатқыза отырып, мынадай анықтама келтіреді: Адамның ғамалын, мінезін, құлқын жанды, жансыз нәрселер арқылы салт-санасына сәйкес көрсетіп өнегелеу мысалдау болады [1, 37].
Сонымен қатар ғалымның біз үшін маңызды ескертуі де бар: мысалдар көбінесе хайуандар шыққан ертегілерден алынады. Ондай ертегілерде хайуандарға адамша тіл бітіріп, адамша мінездеп, іс еткізіп, түрлі өнеге боларлық сипаттанған. Одан әрі ғалым пікірі келесідей: Мысалда аңдар, құстар, хайуанаттар, өсімдіктер іс-әрекеті, мінезі арқылы адам бойындағы мінді, кемшілікті тұспалдап, әжуә күлкі етеді. Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді [1,37],- деп түйіндей түседі.
Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский бұл жанрды: Сатираға суғарылған поэзияның нағыз ерекше жанры десе [2, 300], академик З.Қабдолов Мысал адамгершілік мұқтаждығын өтеу мақсатында жанр ретінде әдебиет арнасына тоғысты,- дейді [3, 300].
С.И. Радцигтың Көне грек әдебиетінің тарихы атты оқулығында мысалға мынадай түсініктеме берілген: Мысал − көне халық ауыз әдебиетінің жанры болып есептеледі. Себебі, мысалдардың мазмұнында хайуанаттар эпосының сарқыны сақталып қалған. Дегенмен тарихи тұрғыдан алғанда мысал жанры күнделікті өмірдегі келеңсіз жағдайлар мен адамгершілік, ізгілік мәселесін насихаттауға арналған [4, 300].
Ал, академик Зейнолла Қабдолов мысал жанры турасында мынандай пікір ұстанған: Мысал - эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Әрқашан сатиралық сипатты, көбіне аң, хайуанат, кейде зат түрлері жазылады да сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік, күлкіге, келекейге, мазаққа айналдырып, сықақпен саналады. Мазмұны бүкпелі болғанымен, идеясыз, астарсыз, ашық, тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма, шымыр келеді. Ежелгі Грециядағы аты шулы Эзоп (б.э.б. VІғ.) шығармаларын өз алдына қойғанда, мысал көне дүниеден күні бүгінге дейін көбіне өлеңмен жазылып келеді: Италияда Федр, Францияда Лафонтен, Германияда Геллерт, Англияда Мур, Россияда Крылов, қазақта Абай - бәрі солай жазған. Біздің тұсымыздағы мысалшылардан Сергей Михалков пен Асқар Тоқмағамбетовты бөліп айтуға болады,-дейді [3, 312].
Кейіннен жарық көрген доцент М.М. Иманғазиновтың Антика әдебиеті атты еңбегінде автор: Мысал - әріден келе жатқан, эпостың шағын да өткір жанры. Мысал жанры көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі әлемнің іргелі ақын жазушыларының назарында болған, қызықты форма, ұғымды идея, халық тұрмысына ең жақын суреттеулерге толы әдеби жанр [5, 251] деген тұжырымдама ұсынады.
Десек те, ауыз әдебиетін оқытуда мысал жанры қарастырылмай келеді. Бұл жөнінде Ш.Ыбыраев былайша жазады: Шынын айту керек, қазақ ауыз әдебиетіне арналған зерттеулер мен оқулықтарда айтыс пен шешендік сөздерден басқа аты аталып, ел танығаны жеті сегіз жанрлар болса, ол Еуропа халықтарының фольклорында кездесетіндері. Ал мұның сыртында аты аталмай, аталса да қатарға кірмей, күні бүгінге дейін халық жадында сақталып келген ондаған жанрлар мен жанрлық түрлердің не зерттеушілер, не жинаушылар тарапынан ілтипат көрмей келгенін немен түсіндіруге болады ? [5, 424].
Фольклортанушы осылай дей келе, ауыз әдебиетіндегі зерттелмей келе жатқан жанрдың бірі мысал екендігін атап көрсетеді де, қазақ ауыз әдебиетін жіктеудің жаңа түрлерін ұсынады:
oo салтқа қатысты фольклор;
oo салтқа қатыссыз фольклор.
Салтқа қатыссыз фольклорды әрі қарай рим цифрларымен атап көрсетеді.
ІІ. Эпикалық прозалық жанрлар;
ІІІ. Эпикалық жанрлар;
ІҮ. Кіші жанрлар;
Ү. Шешендік сөздер;
ҮІ Мысал.
Ғалым Ш.Ыбыраев осылайша мысал жанрын ауыз әдебиетінің өзге де түрлерімен қатар қойып, бөлек топтайды. Сонымен қатар ол мысалды бұрын соңды кездеспеген жаңаша түрде жіктеуді ұсынады:
А. Мысал (мысал өлеңдер, мысал сөз, мысал айтыс)
Ә. Апалог
Б. Тәмсіл [5,424].
Ғалымның бұл дәлелді тұжырымдары мысал жайындағы ұғымымызды кеңейте түседі. Міне, осы бағытта мысалдың түрлерін анықтап, оларды жинастырып, топтастыру, жанрлық ерекшеліктерін айқындау шын мәнінде зерделі зерттеуді күтетіні анық.
Жоғарыдағы қос ғалымның ауыз әдебиетін жіктеуі бір-бірімен бағыттас, үндес келеді. Тек басты айырмашылық жанрлық атауларда сияқты. Ахмет Байтұрсынұлының сауықтама (барша сауық үшін айтылатын сөздер) деп отырғаны Ш.Ыбыраев еңбегінде салтқа қатысты фольклор деп аталса, сарындама салтқа қатыссыз фольклор, яғни жұртта келе жатқан салт сарынмен айтылатын сөздер. Екі ғалым да мысал жанрын соңғы топқа жатқызады.
Мысал жайында сөз қозғау барысында жанрдың шығу тегі қандай?, қалай қалыптасқан?, қайдан бастау алады? деген сұрақтар туады.
Ахмет Байтұрсыновтың бұл орайда: Арнайы әдебиеттегі мысалдар былай шыққан: ...алғашқы адамдар басқа мақұлықтардан ұзап жарымаған. Олар түрлі табиғат, түрлі тәсілмен тіршілік ететіндерін көріп, олар да адамша ойлайды, сөйлеседі, кеңеседі, бірін бірі аңдиды, арбайды деп білген... Сондықтан адамның ісін әңгіме қылған сияқты, олардың да істерін әңгіме қылған. Одан хайуандар турасындағы ертегілер шыққан. Онан бері келе, хайуандар тіршілік еткенмен нақ адамша ойласып, сөйлесіп, кеңес етпейтіндігіне көз жеткендігінен кейін мақұлықтар турасындағы ертегілер өтірікке саналып, бірте бірте жоғалып, тек мысалдар қалған [1, 40], - деген тұжырымын негізге аламыз.
Мәселен, Сырттандар ертегісінде адамға жерік болған жалмауыз қасқыр біреудің жалғыз баласын аңдиды. Баланың әке шешесі, ауыл аймағы қатты сасады. Сол кезде бала өзімен бір күнде туған тұлпарына мініп, қасқырдан қаша жөнеледі. Құтқарам деп тұлпар тартады: Қайтсе де жеймін, деп жалмауыз қасқыр қуады. Осы тұста адамның досы тұлпар мен қасқырдың сырттаны жарысқа түседі. Сол жерде иттің сырттандары қасқырға қарсы ұмтылады, қасқырды өлтіреді [6, 26].
Мұнда жалмауыз қасқыр адам баласына қастық ойлаушы мол жауыздықтың бейнесінде алынса, ит пен жылқы жақсы жақтарынан дәріптеледі.
Бергі заманда шығарылған халық ертегілерінде хайуанаттар бұрынғы керемет бейнесінде алынбай, жаңа кейіпте, реалистік болмысқа байланысты алынады. Осы ретте хайуанаттар жайы екі түрде алынып, қазақ ертегілеріне қосылады. Онда хайуанаттардың бір тобы (төрт түлік мал, үй хайуанаттары) шаруашылыққа келтіретін пайдасы, атқаратын қызметімен суреттеледі. Хайуанаттардың екінші тобы (жыртқыш аңдар) адам баласына жасаған жауыздығы, қаскүнемдігімен бейнеленеді. Бұл соңғысы уақыт өте келе халықтық сатираға айналып, сол арқылы қоғамдық жайлар, үстемдік еткен қауымның жағымсыз қылықтары әңгімеленеді; бұлар халықтың ащы мысқылы, келеке-күлкісі түрінде келеді; таптық тартыс, күрес жайы сөз болады. Мұны біз Алтын сақа, Тепең көк, Бозінген, Жақсылық пен жамандық т.б. ертегілерден көре аламыз. Сонымен қатар, Қотыр торғай ертегісінде кекшілдікті, бірбеткейлікті, араға іріткі салуды меңзесе, Мақта қыз бен мысық ертегісінің жасөспірімдерге беретін тағылымы мол.
Мысалдарда жыртқыш аңдардың әрқайсысына лайықты мінездеме береді. Арыстан - асқан күштің, зорлықтың, қасқыр - қомағайлық пен қорқаулықтың иесі болып кейіптеледі. Ал түлкі - айла мен аярлықтың, бірді бірге соғып, пайдасын тауып жүрген қу, өзінен басқаға дұшпандық жасаушы, сырттай дос, іштей қас болып келеді. Айналасындағы аң атаулыны алдаушы да, өсек таратып күндеуші де, жоқ жерде пәле бастаушы да - түлкі. Бұлармен қатар, қазақ ертегілерінде ожарлық, аңқаулық кескінімен аю жүреді. Жұрттың бәріне мазақ, күлкі ретінде маймыл қатысады. Мәселен, Маймыл мен түлкі, Түлкі мен бөдене, Түлкі, тасбақа, кене, Түлкі, аю, қойшы т.б. ертегілер.
Өзімізге таныс қазақ мысалдарында да түлкі - қулық, айлакерліктің, қасқыр - қатыгез, қарақшылықтың, мысық - жалқаулықтың, есек - ақымақтықтың т.б. қызметін атқарады.
Шынында да, мысал жанры қазақ халқының ойлау өрісінің дамуымен, сана эволюциясымен тығыз байланысты, айналадағы тіршілік иелерін танып білумен қатар, олардың айрықша қасиеттерін айқындап, адамды бейнелеудегі олардың түрлі мінезін әрқилы іс-қылықтарын тұспалдап көрсетуде шебер пайдалана білген. Әрқашан сөзге ұста қазақ халқы осы мәндегі астарлы әңгіме туғызып оған мысал деп айдар таққан.
Осындай арғы тегі хайуанаттар жайлы ертегіден өрбіп, өріс алған мысал жанры көбінесе, нақтылай айтсақ, оның бір тармағы мысал ертегілер апалог деп зерттеушілер тарапынан анықтамаға ие болып жүр. ХІХ ғасырға дейін апалог және мысал бір-біріне синоним ретінде қолданылған. Апалог көбінесе қара сөзбен жазылады. Ішінара өлең сөздері кездескенімен, өлең түріндегі апалогтар біздің әдебиетімізде тек жазбаша түрде кең дамыған. Ал өлең үріндегі апалогтың жеке жанр ретінде толық қалыптасуын ғалым С.Қасқабасов ХІХ-ХХ ғасыр әдебиетінің жедел дамуы мысал жанрын әдеби арнаға бағыттады деп түсіндіреді.

1.2 ХХ ғасыр басындағы ақын-жазушылардың мысал жанрына қосқан үлесі

Мысал - қазақ әдебиетіне ХІХ ғасырдың екінші жартысында еніп, ХХ ғасырдың басында сәтті жалғасын тауып, ерекше дамыған жанр. Аталған кезең аралығында дүниеге келіп, дербес жанр ретінде қалыптасқан мысал қазақ әдебиетіне шығыстан да, сонымен бірге батыстан да енді деп айтуға әбден болады. Өйткені аталған кезеңде шығармашылық еткен қазақ қаламгерлері алдымен төл фольклорлық және әдеби мұрамыздан, қалай сусындап өссе, қалыптасса, олардың әрқайсысы білім алған ордаларының бағыт-бағдарына сай не батыс не шығыс әлемінің фольклорлық және классикалық әдебиет үлгілерімен танысып өсті. Осыған орай олардың шығармашылықтары алдымен ұлттық соң не шығыстық, не батыстық әдебиет үлгілерімен тығыз байланыста қалыптасты. Мысалы, Дулат Бабатайұлы, Майлықожа, Молда Мұса, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Шораяқтың Омары секілді ақындардың мысал өлеңдері мен дастандары шығыс фольклоры және әдебиеті материалдарының негізінде шығыспен тығыз байланыста дүниеге келді деуге келеді. Ал, Ыбырай, Абай секілді ұлы ағартушы ақындарымыз бастаған Ахмет Байтұрсынұлы, Спандияр Көбейұлы, Бекет Өтетілеуұлы, Сәбит Дөнентайұлы қостаған келесі топ орыс әдебиетін оқып өсті, қалыптасты. Олардың дені негізінен орыс әдебиетінен мол аудармашылық жұмыс жасады. Соның басым бөлігі - И.А.Крылов мысалдары болды. Орыс мысалшысы мысалдарының да түп негізі шығыс мысалдары екені даусыз. Бұл - әлемдік әдеби құбылыс. Бұл - әлемдік әдеби үйреніс, байланыс жолы. Осы әдеби шығармашылық жолына қазақ әдебиеті де өз даму жолымен, ағартушылық ой-идеясымен, үрдісімен келіп қосылды. Жаңа жанр - мысал қазақ әдебиетінің төл жанрына айналды. Мысал жанрының осылай қалыптасуының өзінде екі жол бары аңғарылады. Бірі аудармалық нәзиралық немесе нәзиралық дәстүр, яғни белгілі бір шығарма негізінде еркін жырлаушылық, екіншісі шынайы аудармалық деуге болады. Сонымен бірге екі әдеби шығармашылық жолдың бір ақын шығармашылығында қатар орын алып жатуы да әбден мүмкін. Өз кезегінде шынайы аударманың өзі де дәлме-дәл немесе еркін аударылуы мүмкіндігі туралы да әр кез сөз болып жатады. Демек, аудармалық, аудармалық нәзиралық әдеби дәстүр табиғаты өте күрделі. Яғни мысал жанрының қазақ әдебиетіне ену үдерісі де осы қиын да күрделі шығармашылық жолды бастан кешті.
Әлемнің кез келген елінің әдебиетінде ерекше орны бар мысал жанры қазақ әдебиетіне де осылайша ұзақ жылдарға созылған туу, қалыптасу, даму жолдарын бастан кеше келіп, орнықты. Әдебиетіміздің төл жанрына айналды. Мысал жанрының осы әдеби үдеріс, дәстүр арқылы келіп орнығуында, көркеюінде шығармашылық басты қазығы ағартушылық болған ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы әдеби кезеңнің орны ерекше. Жанр басы Дулат жырау, Майлы ақындардан басталып, Ыбырай, Абай шығармашылықтарына ұласып, ХХ ғасыр басында Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Сәбит, Спандияр, Бекет т.б. шығармашылықтары арқылы ерекше дамыды. Мысал жанрының осылайша өсуіне өзіндік үлесін қосқан қаламгер шайыр Молда Мұса болды.
Біз жоғарыда мысал жанры ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басында қазақ әдебиетіне екі түрлі жолмен, екі бағытта - аударма әдебиет негізінде және нәзирагөйлік дәстүр аясында келіп жетті дедік. Таратып айтсақ, аударма әдебиет орыс әдебиеті арқылы батыстан, нәзира дәстүрінде қазақ халқының ежелден келе жатқан әдеби байланыс жолы шығыстан, шығыс халықтары фольклоры мен классикалық әдебиет үлгілері арқылы келіп жетті. ХХ ғасыр басында шығармашылық еткен біршама ақындарды кітаби ақын не шайыр атап жүрміз. Оның үстіне қиссашыл, дастаншыл ақын дегенді де қосамыз. Себебі олардың тәрбие алған бастауы қазақ ақындық дәстүрі болғанымен, мектеп, медреселерде білім алған сауатты ақындар болды. Шығармаларын да негізінен ойланып, толғанып жазып шығарған деуге әбден болады. Олар мектеп, медреселерде оқып, шағатай, араб, парсы тілдерін жақсы біліп, сол тілдердегі Орта Азия мен Қазақстанға тараған Шығыс әдебиет үлгілерін, діни шығармаларды оқып өсті. Сол шығармалардың сюжетін негізге алып, қисса, хикая, өлеңдер, мысалдар мен мысал дастандар жазған, аударған. Әсіресе, ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасыр басында қазақ халқын шығыстың классикалық шығармаларымен таныстырып, насихаттауда, сол арқылы қазақ әдебиетін жаңа жанрларымен, жаңа туынды, жаңа сюжеттермен байытуда кітаби ақын-шайырлардың елеулі орны болғандығы сөзсіз [1,58-59].
ХХ ғасырдың бас кезіндегі кітаби ақын-шайырлар қатарында Мәшһүр Мақыш Қалтайұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы, Сұлтан Шәді Жәңгірұлы, Ақылбек Сабалұлы, Нұралы Нысанбайұлы, Қарасақал Ерімбет, Ақыт Ұлымжыұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Омар Шораяқұлы, Молда Мұса секілді көптеген ақындарды атауға болады [2,13].
Кітаби ақын-шайырлар жырлаған басты жанрлардың бірі - мысал жанры. Яғни, олар шығыс фольклоры мен классикалық әдебиет үлгілерін қазақ тілінде жырлау барысында мысал жанрына да ерекше мән берді. Мысал оқиғасы арқылы қазақ оқырманына ағартушылық ойларын айтып отырды. Мысалы, Мәшһүр Мақыштың Есектің ойнауы мысалында итке ұқсап қожасына еркелеп, сүйікті болғысы келген есек тағдыры сөз болады.
Бір есек өз иесін қарап көрер,
Әр уақыт итіменен ойнай берер.
Ит-тағы ойнайды қожасымен,
Мұны көріп ақымаққа қайрат келер, - деп есектің қожасын иттен қызғануы жырланады.
Секіруден басқа жоқ ит те өнер,
Мұнан басқа шамасы неге келер.
Итін сүйер қожамыз секіргеннен,
Қай жерім кем, мені иттен жаман көрер,- деп қожасына итше еркелеп, өнер көрсеткен есектің көп қорлық көріп өлуі сөз болады.
Секірген кесірінен зорлық көрді,
Ғұмырынша тас тасып, қорлық көрді.
Өзіне тиістісін аңдай алмай,
Арықтап, жауыр болып, ақыры өлді.
Ақын өз тарапынан мысал оқиғасы арқылы оқырманға Алланың жаратқан әр жаны, жануары өз орнымен, соған лайық іс-әрекетімен құнды екенін айтады:
Бұл қиссада ғибрат бар тыңдағанға,
Өлшеулі өнер берген әрбір жанға.
Сол өзіне берілген өнерлерін
Өзгерткенмен пайда жоқ аңдағанға.
Лайықтап әр мақұлыққа берген өнер
Сол берілген өнерменен пайда көрер.
Еліктей алмаған соң солықтайды,
Өзінде жоқты қылып не нәрсе өнер, - [3,135-136] деп ой қорытады.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылығында да мысалдың үлес салмағы басым. Ол - Жарты нан хикаясы, Мәшһүр Жүсіптің тырнамен айтысы, Мәшһүр Жүсіптің ала қарғамен айтысы, Аңқау адам туралы, Шайтанның саудасы, Тырна мен қасқыр секілді көптеген көркем мысалдар авторы. Олардың әрқайсысы әрі фәлсафалық, әрі ғибраттық ойлармен көмкерілген туындылар десек болады. Мысалы, Жарты нан хикаясының оқырманға ұсынар ойы қандай керемет, әрі мәнді, әрі маңызды. Алып айдаһардың қолына аңқаулықпен тап болған адамды отыз күн тұтқан ораза да, өмір бойы оқылып келе жатқан намаз да құтқара алмайды. Тек бір кезде қайыршыға берген жарты наны жарты адам болып келіп, оны ажалдан құтқарып қалады [4,164-168]. Айдаһарды айламен өз орнына, сандыққа жайғастырып, жауып тастайды. Ақын Шайтанның саудасына да мол әлеуметтік-дүниелік, фәлсафалық ойлар сыйғыза білген [5,10-17].
Шығармашылығы тұтас дерлік шығыс фольклоры және әдебиетімен тығыз байланыста қалыптасқан, сол салада мол шығармашылық табыс берген кітаби ақын шайырымыздың бірі - Тұрмағамбет Ізтілеуұлы. Ол - Мәрді дихан, Данышпан қарт, Тұтқын қыз, Рауа бану секілді шығыс фольклоры сюжеттерінің желісі бойынша жырланған дастандар шоғырын дүниге әкелген ақын [6,7]. Тұрмағамбет ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы теңдесі жоқ еңбегі әлемдік дәрежедегі ұлы туынды Әбілқасым Фердоусидің Шаһнамасын тұңғыш рет кең көлемде жырлауы. Ақын артында қырық сегіз қалың дәптер көлемінде қалған бұл туынды 1961 жылы М.О.Әуезов алғы сөзімен Рүстем-Дастан деген атпен кітап болып басылып шықты [7,7]. Кітаптың атынан көрініп тұрғанындай мұнда ақын жырлаған Шаһнаманың тек Рүстем-Дастан бөлігі ғана жарияланған болатын. Ал 2004 жылы Шаһнама деген атпен екі кітап көлемінде толық басылды. Бұл - ақын қаламынан туып, қазақ әдебиетіне өлшеусіз мол қазына болып құйылған туынды [8,7-10].
Мысал жанры туындылары да Тұрмағамбет ақын шығармашылығында үлкен бір сала. Олар: Лұқпан Хакім, Ата мен бала, Сүлеймен мен кірпікшешен, Төрт дос, Дарақ пен сая, Жолаушы мен дана секілді мысалдар.
Ежелгі Рабғузи қиссаларынан алынған Лұқпан Хакім мысалы данышпанның ұлына айтқан үш насихатын және соны іс жүзінде тексеріп, ақтығына көз жеткізген ұлының оқиғасын арқау етеді.
Ата мен бала мысалында ақын кейіпкерлері Дәуіт Пайғамбар мен оның ұлы Сүлеймен Пайғамбар. Егінші мен қойшы арасындағы дауды дұрыс шешкен он екі жасар баласына Дәуіт Пайғамбар ел жұртының билігін көңілі толып ұсынады. Ақын қорытынды ойын:
Бек тұтын бала демей, білім бар-ды...
Жас демей, ақылы барды аға тұт деп,
Данышпан айтқан Лұқпан, Аплатон,- деп түйеді [6,91-92].
Ақынның әрбір мысалы дерлік ежелден адамзат баласының игілігіне жұмсалып келе жатқан шығыс фәлсафалық ойларын арқау еткен туындылар деуге әбден болады. Тұрмағамбет ақын мысалдары арқылы қазақ әдебиетіне екі түрлі қызмет етті деуге болады: бірі - шығыс фәлсафасын әдеби шығарма-мысал етіп қазақ оқырманына ұсынуы, екіншісі - мысалдары арқылы қазақ әдебиетін жаңа жанрдағы жаңа шығармалармен, тақырып, сюжеттермен т.т. байытуы. Осы айтылған мәселелерді Шораяқтың Омарының Жарлы Тәліп, Қара шекпен, Маймыл секілді мысал оқиғаларды арқау еткен шағын дастандары, Мұхаммад, Мағауия, Һақ Сүлеймен, Әбу Шаһма сияқты діни дастандар жөнінде де, жалпы ақын шығармашылығы жөнінде де айтуға болады [9,85-175].
Жоғарыда арнайы қайталанып, айтылып жатқан, әсіресе ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасыр басында шығармашылық етіп, қазақ әдебиетін шығыс фольклоры, классикалық әдебиет үлгілері тақырыптарымен, сюжеттерімен, т.т. байытқан, мысал жанрының дамуына мол үлес қосқан ақындардың бірі - шайыр Молда Мұса.
Ел аузында Молда Мұса атанып кеткен Мұсабек Байзақұлы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданының Шоқтас деген жерінде дүниеге келген. Әуелі әкесі ұстаған молдадан хат таниды, ауылда оқиды. Соңынан Қарнақтағы Қозы дамылла ашқан дін мектебінде оқиды. Бұдан жас Мұсабектің әке дәулеті арқасында тәп-тәуір білім алғаны көрінеді. Ақын өзінің алған білімі жөнінде:
Адамға ғылым, өнер қамшы деген,
Жүйрікпін арабыға парсыменен.
Аз ғана шайырлығым тағы да бар,
Кідірттім қарсы ақынды неше келген,- [10,48] деп жырлайды.
Мұнан ақынның шағатай, араб, парсы тілдерін білгені, сол тілдердегі әдеби шығармаларды оқығаны аңғарылады. Тіпті орыс әдебиеті мен батыс әдебиеті классиктері шығармаларымен де ептеп таныс болғаны байқалады. Ол жайт ақынның мына секілді өлең жолдарынан аңғарылады:
Шайырлыққа қазақтың алдындаймын,
Еш жүйрікке алдымды шалдырмаймын.

Арабы, парсы, түркі бәрі бірдей,
Тек тұрмай орысша да балдырлаймын...
Шекспир, Бальзак, Гете, Пушкиніңнен
Кеммін деп жүргенім жоқ ешкіміңнен [10,28].
Ақын шығармашылығын зерттеуші ғалымдар оның әдеби мұрасын негізінен былай жіктейді: бірінші - ақынның заманға, жалпы тіршілік, мән-мағынасына үңіліп, толғаған ой түйіндері, табиғаттың әдемі суреттерін тамашалайтын және шынайы сүйіспеншілікті жырлайтын өлеңдері, екінші - жалпы адамгершілік қағидаларын уағыздайтын мысалдары, үшінші - айтыстары, төртінші - дастандары, бесінші - батырлық жырлары [11,126].
Ақынның азаматтық лирикасы қатарында мына секілді өлеңдерін ерекше атап айтуға болады: Қайраты бұл дүниенің мал менен пұл, Сайлау деген елге бір бүлік болды, Ақын деп сыртымыздан әркім қанық, Ақындардың келеді тілі қанжар, т.б.
ХХ ғасыр басындағы қазақ мысалы, әлбетте, ХІХ ғасырдағы мысал жанрының заңды жалғасы. Мысал жанрының қазақ әдебиетіне келу, ену жолының екі бағытта шығыс және батыс тарапынан болғаны анық. Жанр дамуына үлес қосқан ақындардың үлкен тобы мұсылманша оқыған, алдымен, қазақ фольклоры мен әдебиетін, соң шығыс классикалық әдебиеті мен фольклорын терең тануға мүмкіншіліктері болған қаламгерлер еді. Қалай дегенде де қазақ әдебиетіне шығыс халықтары фольклоры мен әдебиеті, ондағы фәлсафалық терең ой орыс әдебиеті ықпалынан көп бұрын енгені, осы әдеби үдерістің ғасырлар бойы жүріп келгені анық. Бұл жәйт - әдеби үйреніс, байланыс мектебі. Дәстүр сабақтастығы. Арнайы дәлелдеуді қажет етпейтін әдеби құбылыс.

ІІ ТАРАУ МЫСАЛ ЖАНРЫН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

2.1 Мектеп оқушыларына Ахмет Байтұрсынов мысал өлеңдерінің оқыту ерекшеліктері

Мысал - аллегориялық жанр. Айтылатын ой ашық берілмейді, астармен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының дамуы
ХІХ ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ МЫСАЛ ЖАНРЫ
Қазақ халық шығармашылығындағы өтірік өлеңдер
Драманың өзіндік ерекшеліктері мен сипаттамасы
Абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі
МЫСАЛ ЖАНРЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ
Қазақ ақындарының Кәлилә мен Димнә ертегілерін жырлауы
Қазақ әдебиетіндегі төрттаған (рубаи) жанры
Сонет жанрының тарихы
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Пәндер