Хаттардың жалпы ерекшеліктері мен сипаттамасы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3бет

І ТАРАУ ХАТТАРДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН СИПАТТАМАСЫ

1.1 Хаттың түрлері, даму тарихы және оның зерттелу жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4.14бет
1.2 Қазақ әдебиетіндегі ақын.жазушылар жазған хат өлеңдерінің тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14.18бет

ІІ ТАРАУ МЕКТЕПТЕ ХАТТАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС.ТӘСІЛДЕРІ

2.1 Мектепте хаттардың оқытудың негізгі ерекшеліктері ... ... ...19.23бет
2.2 Мектепте Ш. Уәлиханов пен А. Байтұрсынов хаттарын меңгерту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23.27бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... 29бет
Тақырыптың өзектілігі: Хат дегеніміз – көне заманнан бері адамдардың қарым-қатынас жасау құралдарының бірі болған. Ел билеушілері арасында жазылған хаттардан, тарихи деректерді білуге болатыны айтпасақ та түсінікті. Хаттарды жекелеген адамдар да жиі жазатыны белгілі. Әйгілі адамдардың жазған хаттары, олардың өмірлерін тереңірек танып-білуге болатын нақты құжат болмақ. Ағайын-туғандар, дос-жарандар арасында жазылған хаттар, олардың ұрпақтары үшін асыл мұра ретінде сақталатын оқиғалар да аз ұшыраспайды. Мұндай хаттарда, жеке тұлғалардың ауызша айтыла бермейтін көңіл-сырларын білдіретіні, сол кездегі өмір мен өмір-тірліктерін сипаттайтынын ұғыну қиын емес.
Хат жанрындағы шығармалар оқу бағдарламасында аз берілген. Әрине, әр ақын-жазушыны оқытқанда, мұғалім өз қалауы бойынша олардың осы жанрдағы еңбектерін ұсына алады.
Хаттардың да маңызы зор. Хаттар, естеліктер тарихтан сыр шертеді, оқырман қауымға беймәлім мәселелерге назар аудартады. Суреткердің жеке өмірлері, қоғамдық іс-әрекеттері, көркем туындыларын қалай жазғаны, оған не итермелегені, т.б. туралы маңызды мағлұматтар береді. Бүгінде мектептегі әдебиет сабағында мұғалімнің хаттардың оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдері ерекше назарда ұсталып отыр. Бұл тақырыптың негізгі өзегі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Хаттардың өзіндік даму жолы бар жеке арна екенін айқындау, хат туындыларды жіктеп, олардың көркемдік дәрежесін ашып көрсету - жұмыстың мақсаты болып табылады. Осы мақсаттан барып зерттеудің мынадай міндеттері шығады:
 хаттардың өзіндік ерекшеліктерін айқындау жүйелеу;
 хаттарды оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттерін талдап көрсету;
 оқушыларға хаттарды дұрыс қабылдай білуге үйрету.
1. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы: «Рауан», 1997.
2. Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. Алматы: «Мектеп», 1983.
3. Көшімбаева А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. Алматы: «Мектеп», 1969.
4. Рыбникова М.А. Очерки по методике литературного чтения. М., 1985.
5. Ыбыраев Ш. «Эпос әлемі». А., 1993. 422-б.
6. Қасқабасов С. «Қазақ халық прозасы». А., 1972. 107-б.
7. Қабдолов З. «Сөз өнері». Алматы: Санат, 2002.
8. Қазақ әдебиетінің тарихы: Кеңес дәуірі (1941-1956). Алматы, 2004.
9. Ақшолақов Т. «Шығарманың көркем айшықтарын таныту». Алматы: Рауан, 1994.
10. Бітібаева Қ. «Әдебиетті оқыту әдістемесі». Алматы: Рауан, 1997
11. Беспалько В.П. «Слагаемые педагогической технологий». - М, : Педагогика, 1989 г.
12. Беспалько В.П. «Педагогика и прогрессивные технологии обучения».- М., 1995 г.
13. Давыдов В.В.«Теория развивающего обучения». -М., 1996 г. Дьяченко В.К. «Новая педагогическая технология учебно-васпитательного процесса». -Усть-Каменагорск, 1992 г.
14. « Қазақ ұлттық энциклопедиясы»
15. Әуезов М., «Әдебиет тарихы» , Қызылорда, 1927
16. Сейфоллаұлы С., «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары», Қызылорда, 1931
17. «Қазақ фольклористикасының тарихы», А., 1988
18. «Қазақ фольклорының тарихилығы», А., 1993
19. Жұмалиев Қ., «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері», А., 1958
20. Ғабдуллин М., «Қазақ халқының ауыз әдебиеті», А., 1972
21. Ысмайылов Е., «Ақындар», А., 1956
22. «Қазақ фольклорының типологиясы» А., 1981
23. Бiтiбаева Қ. «Әдебиетті оқыту әдістемесі» . А., 1997.
24. Әбдiбекқызы К. «Оқушылардың көркем шығармашылық қабiлетiн дамыту». А., 1994.
25. Бiтiбаева Қ. «Әдебиет пәнiн оқытудың тиiмдi жолдары (Мұғалiмге арналған көмекшi құрал)» А., 1990.
26 Жұмажанова Т. «Қазақ әдебиетi әдiстемесi». А., 2003.
27. Қоңыратпаев Ә. «Әдебиетті оқыту методикасы». А., 1985.
28. Бітібаева Қ. «Қазіргі кезең әдебиетін тереңдетіп оқыту». Семей, 2007.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 3бе т

І ТАРАУ ХАТТАРДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН СИПАТТАМАСЫ

1.1 Хаттың түрлері, даму тарихы және оның зерттелу
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-14бет
1.2 Қазақ әдебиетіндегі ақын-жазушылар жазған хат өлеңдерінің
тәрбиелік
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .14-18бет

ІІ ТАРАУ МЕКТЕПТЕ ХАТТАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

2.1 Мектепте хаттардың оқытудың негізгі ерекшеліктері ... ... ...19-
23бет
2.2 Мектепте Ш. Уәлиханов пен А. Байтұрсынов хаттарын меңгерту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 3-27бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...28бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ...29бет

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Хат дегеніміз – көне заманнан бері адамдардың
қарым-қатынас жасау құралдарының бірі болған. Ел билеушілері арасында
жазылған хаттардан, тарихи деректерді білуге болатыны айтпасақ та
түсінікті. Хаттарды жекелеген адамдар да жиі жазатыны белгілі. Әйгілі
адамдардың жазған хаттары, олардың өмірлерін тереңірек танып-білуге болатын
нақты құжат болмақ. Ағайын-туғандар, дос-жарандар арасында жазылған хаттар,
олардың ұрпақтары үшін асыл мұра ретінде сақталатын оқиғалар да аз
ұшыраспайды. Мұндай хаттарда, жеке тұлғалардың ауызша айтыла бермейтін
көңіл-сырларын білдіретіні, сол кездегі өмір мен өмір-тірліктерін
сипаттайтынын ұғыну қиын емес.
Хат жанрындағы шығармалар оқу бағдарламасында аз берілген. Әрине, әр
ақын-жазушыны оқытқанда, мұғалім өз қалауы бойынша олардың осы жанрдағы
еңбектерін ұсына алады.
Хаттардың да маңызы зор. Хаттар, естеліктер тарихтан сыр шертеді,
оқырман қауымға беймәлім мәселелерге назар аудартады. Суреткердің жеке
өмірлері, қоғамдық іс-әрекеттері, көркем туындыларын қалай жазғаны, оған не
итермелегені, т.б. туралы маңызды мағлұматтар береді. Бүгінде мектептегі
әдебиет сабағында мұғалімнің хаттардың оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдері
ерекше назарда ұсталып отыр. Бұл тақырыптың негізгі өзегі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Хаттардың өзіндік даму жолы
бар жеке арна екенін айқындау, хат туындыларды жіктеп, олардың көркемдік
дәрежесін ашып көрсету - жұмыстың мақсаты болып табылады. Осы мақсаттан
барып зерттеудің мынадай міндеттері шығады:
– хаттардың өзіндік ерекшеліктерін айқындау жүйелеу;

– хаттарды оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттерін
талдап көрсету;

– оқушыларға хаттарды дұрыс қабылдай білуге үйрету.

Курстық жұмыстың әдістері: талдау, жинақтау, жүйелеу, зерттеу.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы. Жұмыстың нәтижелерін жоғары және орта
арнайы оқу орындарының филология факультеттерінде Хаттарды оқыту пәнін
оқытқанда, жекелеген арнайы курс, арнайы семинарлар жүргізгенде пайдалануға
болады. Орта мектептердегі бастауыш сыныптарды оқытудың әдістемесінде де
қолдануға болады.
Курстық жұмыстың кұрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан
тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

І ТАРАУ ХАТТАРДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН СИПАТТАМАСЫ

1.1 Хаттың түрлері, даму тарихы және оның зерттелу жолы

Хат жанры ықылым заманнан бері бүгінгі күнге дейін әлеуметтік маңызы
зор жанрлардың бірі. Хат мәтіні – мәдени және тарихи мәні зор жанрлардың
бірі, жазба тілдің ежелгі формаларының бірі. Көптеген ғалымдар хатты
Эпистолярлық стиль, Эпистолярлық әдебиет, Эпистолярлық жанр деп атап
жүр.Эпистолярия грекше (epistole) хат деген мағынадан шыққан. Қазақ Совет
энциклопедиясында: Эпистолярлық әдебиет, эпистолография( грекше жолдау,
үндеу) – сан алуан хат түрінде жазылған шығарма. Эпистолярлық әдебиетке
жеке адамдардың бір-біріне жазған, мәдени маңызы бар, әдеби мұраға айналған
хаттары да жатады, деп түсінік береді. Ал, орыс ғалымы Е.М.Виноградова
Функцоналдық және құрылымдық белгілері бар кез-келген тексті эпистолярлық
деп атайды.
Рабиға Сыздықова аталған стиль туралы: Бұл стиль жеке адамдардың бір-
біріне жазысқан хаттарының тілін танытатын сөз мәнері. Әдетте бұл салада
зерттелуге тиісті материал кез-келген адамның күнделікті тұрмысқа, үй
ішіне, қара басына қатысты жайларды сөз еткен хаттары емес, белгілі қоғам
қайраткерлерінің, қалам иелерінің, ғылым-білім өкілдерінің, көбінесе
әлеуметтік не өзге де мәні бар мазмұндағы корреспонденциялары болуға тиіс
[1,125],-дейді.
Хат деп белгілі субъектінің екінші біреуге, бірлестікке, қоғамға,
мекемеге арнап жазған жеке туындысын айтамыз.
Хат жазу барысында нақты тұрақталған үлгісі болмаса да, белгілі бір
жазу мәнері бар. Хат бірінші жақтан баяндалады. Нақтылы адресант (хатты
жазушы) пен адресаттың (хат жолдаушы) болуы керек.
Хат жазудың үлгісі:
1. Адресант сәлемдесу түрін анықтауы қажет (хат жолдаушының жасын,
әлеуметтік жағдайы мен қарым-қатынасын есепке алуы керек).
2. Жазу барысында:
а) хат жолдаушының өзіне, қызметіне қызығушылық тудыратын тәсілді
анықтау.
б) Мазмұнды баяндауды анықтау.
в) Қорытынды жасау.
г) Авторға тілек айту.
д) керек болған жағдайда P.S белгілеу (посткритум-хатта үлгермеген
хабарлаулар).
е) хаттың безендірілу мәдениетіне көңіл аудару (күні, қолы,
сауаттылығы, тазалығы, қағаздың сапасы). Бұл деңгей хат авторын, оның
адресатқа деген көзқарасын анықтайды.
Мысал ретінде Мәлік Ғабдулиннің Қадыр Мырза Әлиге жазған хатынан
үзінді:
Құрметті Қадыр!
Бауырым, мен сенімен сырттай таныс болғанымен сырласың емеспін.
Сондықтан, саған арнап жазып отырған бұл хатымды егде ағаның ежіктемесі деп
қарайсың ба, әлде қамқор көңілдің қанағаттанғандық белгісі екен деп
қарайсың ба – ол арасын өзің білесің.
Негізгі бөлімнен: Тағы бір шындығымды айтайын. Сен бір өлеңіңнен
екіншісіне дейін, бір құйындата самғаудасың, биіктен биікке, асқардан
асқарға көтеріліп барасың. Осыныңа қуанам, риза болам. Сенің әрбір өлеңінде
( басқа құрдастарында аз кездесетін ) үлкен ой, тұжырымды түйін жатады.
Мен сенің бұдан былайда творчестволық жаңа табыстарға жете беруіңе
белестен белеске көтеріле беруіңе шынкөңілден тілектеспін.
Саған осы хатты жазып болған бойда мына бір жеңіл әңгіме есіме түсе
қалғаны. Соны да қоса салайыншы [2,147].
Е.М. Виноградова хаттарды коммуникативтік қызметіне қарай былай
топтастырады:
1. Жеке хаттар( негізгі эпистолярлық жанрлар)
а) Қалыптасқан үлгісі жоқ хаттар (әлеуметтік –тұрмыстық хаттар)
б) этикет түрдегі хаттар
в) кепілдемелік хаттар
г) Белгілі бір үлгіде жазылған хаттар
2. Жеке іскерлік хаттар
а) Басқа интонацияға бағытталған хаттың көшірмесі.
б) Адресанты жасырын хаттар
3. Ресми-іскерлік хаттар
а) Нұсқаулық
б) Дипломатиялық
в) Хабарлама, рапорт
4.Әдебиеттегі хаттар ( Қосымша эпистолярлық жанрлар)
- Әдеби достық хаттар (стилистикалық стиль)
- Жариялану үшін авторлық өндеуге түскен хаттар
- Баспалық құлақтандыру хаттар
- Өлеңмен жазылған хаттар (арнау)
-Әдеби мазмұндағы (тұрмыстық емес) жеке хаттар
- Әдеби қосымшасы бар жеке хаттар
- Әдеби шығарма құрылымындағы хаттар
- Ашық хат ( Редакцияға жазылған хаттар)
Хат тұрмыстық шеңберінен шығып, қазіргі кезде публицистикада, әр
түрлі мекемелерде (іскерлік хаттар) көрініс таба бастады. Мәселен, хат
басқару байланысының негізгі құралы болып табылады. Хабар-ошар алысу мекеме
құжаттары жалпы көлемінің 80 пайызын құрайды.
М.Қасымбеков, Қ.Әлімқұлов ресми іс қағаздар қатысты кітабында хаттарды
маңызы мен мазмұнына қарай: а) инициативалы ( хат талап, хат өтініш, хат-
шағым, хат ескерту, хат хабарлама, хат-ескерту, ілеспе хат) және б) жауап (
ақпарат-түсінік, тыйым салу хаттары) [3,25] .
Жоғарғы мекемелер мен ұйымдардан шығатын хаттар, негізінен, тапсырма
беру, хабардар ету, ескерту, түсіндіру, сұрау салу түрінде жиі кездеседі.
Ведомстволық бағынышты мекемелер жоғары органдарға жауап қайтарып, хабар
береді, өтініш жазады. Олардың әрқайсысының белгілі бір үлгісі, формасы
болады.
Жеке-жеке тоқталсақ:
Өтініш хатта адресат белгілі бір істің атқарылуын немесе оның
тоқтатылуын талап етеді, алайда ол жөнінде жауап қайтаруға міндеттемейді.
Сұрау салу хатына белгілі бір мәселені түсіндіріп немесе фактілердің
болған-болмағанын растап жауап берілуі тиіс.
Шағым хатта автор шартты міндеттемелердің орындалмауы салдарынан орын
алған шығындарды өтеуді талап етеді.
Ескерту хаттар – адресат өзі атқаруға тиісті міндетін уақытылы
орындалмаған кезде жазылады.
Циркуляр хаттар – ведомстволық жағынан бағынышты барлық мекемелерге 1
мезгілде жөнелтілетін хат, олар, негізінен, тапсырма беру сипатында болады.

Ақпарат түсінік хаттары дегеніміз – бұрынғы тапсырылған міндетті
түсіндіруге, оның кейбір мәселелері мен фактілерін нақтылай түсу мақсатында
жазылатын хаттар.
Тыйым салу хатында салынған сұрауға мәселелердің шешілмеген туралы
жазылатын болса, шешім хатында – мәселеніің дұрыс шешілгені жөніндегі
мағлұмат береді.
Ілеспе хат – адресатқа құжатпен бірге оны орындау жөніндегі қосымша
түсінік беруді талап ететін жағдайда жазылады. Онда негізгі құжат не үшін
жіберілді, онымен не істеу керек және оны қанша мерзімде орындау қажеттігі
көрсетіледі. Ілеспе хаттың мынандай түрлері болады :
– мағлұмат үшін;
– уағдаластық бойынша;
– келісу үшін;
– қарау үшін;
– жауап беру үшін;
– сіздің хатыңызға орай;
– шара қолдану үшін;
– қайтаруды сұраймыз.
Қызметтік хаттардың еркін түрде жазылатын кездері де жиі кездеседі. Ол
әр лауазым иесінің жеке басының шеберлігіне, сауатына, мәдениетіне мен
біліміне байланысты болады.
Хат жазудың соңғы жетістіктерінің бірі-бүкіл әлемдік интернет жүйесі
арқылы хат алысу. Мұнда әрбір адамда жеке электрондық мекен-жай, мекен-
жайын табу үшін өзінің құпия сөзі (код), хат қоржыны болады. Бұл интернет
жүйесі арқылы кез-келген электрондық мекен-жайы бар досыңа немесе басқа
адамдарға хат жіберсіңіз ол бес секундтың ішінде өз иесін табады, яғни
дүниенің төрт бұрышына ортақ байланыс. Соныммен қатар бұл жүйе арқылы
көптеген суреттер, документтер, іс-қағаз құжаттарын, т.б. хат арқылы
жіберіп, өзіңіз де ала аласыз.
Өкінішке орай бұл жүйе тек ағылшын және орыс тілдерінде. Қазақ
тіліндегі нұсқасы шықпаған.
Қорыта айтқанда, хат стилінің адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы
ретіндегі маңызы зор деп айта аламыз. Болашақта да осы хат жанры өзінің
даму шеңберін кеңейте береді деп ойлаймыз.
Хат дегеніміз – көне заманнан бері адамдардың қарым-қатынас жасау
құралдарының бірі болған. Ел билеушілері арасында жазылған хаттардан,
тарихи деректерді білуге болатыны айтпасақ та түсінікті. Хаттарды жекелеген
адамдар да жиі жазатыны белгілі. Әйгілі адамдардың жазған хаттары, олардың
өмірлерін тереңірек танып-білуге болатын нақты құжат болмақ. Ағайын-
туғандар, дос-жарандар арасында жазылған хаттар, олардың ұрпақтары үшін
асыл мұра ретінде сақталатын оқиғалар да аз ұшыраспайды. Мұндай хаттарда,
жеке тұлғалардың ауызша айтыла бермейтін көңіл-сырларын білдіретіні, сол
кездегі өмір мен өмір-тірліктерін сипаттайтынын ұғыну қиын емес.
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданнан ата-анасына, туыстарына
жауынгерлер жиі хат жолдайтын еді. Мұндай хаттардың кейінгі кезде құнды
дүниеге айналғаны да мәлім. 1980-90 жылдары Майданнан жазылған хаттар
деген жауынгерлердің жазған хаттары кітап болып шыққаны осының айқын дәлелі
болса керек. Сондай-ақ, қыз-жігіттер арасында жазылған ғашықтық сезімдерін
білдіретін хаттардан, олардың таным-түсінігін, ой-өресін, тіл байлығын
білеміз. Тіпті, ақындардың кейбір өлең-жырлары хат ретінде жазылған. Ал,
әйгілі адамдардың бір-біріне жолдаған хаттарында ауызша айтыла бермейтін
көңіл сырларын ашып айтатын көрінеді. Осындай хаттарды оқып отырғанда әдеби
шығармаларда, естеліктерде, баспасөзде жарияланған мақалаларда айтуға
болмайтындай құпиялы жәйттердің өзін, хат арқылы білдіретінін аңғару қиын
емес. Осы тұрғыдан қарастырғанда хаттар дегеніміз, зерттеуге лайық өз
алдына бір жанр (эпистолярлық) деп тұжырауға да болады. Бұлай дейтініміз
жазысқан хаттары арқылы әйгілі адамдардың ішкі жан-дүниесін, болмыс-
бітімін, оның нақты тұлғасын тереңірек білуге хаттардың көмегі зор болмақ.
Өйткені, олардың айтылмаған сырлары, ашылмаған құпиясы хат жолдарында
өрнектеліп, олардың адам ретінде қандай болғанын, шынайы мақсаты мен
мүддесі, ойы мен арманы, күйініші мен сүйініші, өкініші, өмірге, саясатқа
деген көзқарасы да бүкпесіз ақтарыла айтылады. Мұны ешқандай естеліктерде,
әдеби шығармаларда, не болмаса мақалаларда қамтылмайтын, шынайы ақиқатты
көрсететін нақты құжат деп тануға болады. Демек, хат дегеніміз, нақты
шындықты бұлтартпай көрсететін құжат. Осы тұрғыдан қарастырсақ, хатты өз
алдына жеке жанр (эпистолярлы) деп зерделегеніміз жөн болар. Белгілі қоғам
қайраткері, Ілияс Омаровтың жазған хаттары мен оған жолдаған хаттарды
оқығанда біз осындай тұжырымға тірелгендей болдық.
Жуықта Раритет баспасынан белгілі мемлекет қайраткері Ілияс
Омаровтың архивте сақталып қалған хаттары Ілияс Омаров: хаттар арқалаған
сырлар деген тақырыппен көлемді кітап болып басылып шықты. Ұлт ұлының
есімі өткен ғасырдың екінші жартысында Қазақстан жұртшылығына кеңінен
белгілі болған. Ол облыстық, республикалық басқару органдарында қызмет
атқара жүріп, қазақтың рухани өміріне айтарлықтай ықпал еткен аса көрнекті
қайраткер болғаны оның жеке тұлғалармен жазысқан хаттарынан айқын
аңғарылады. Ол жазған мақалалар мен жасаған баяндамалар, сөйленген сөздер
және ол туралы естеліктер оның қайраткерлік тұлғасын танытатыны сөзсіз.
Солай болса да, осынау жинаққа енгізілген хаттарға зер салсақ, Ілияс
Омаровтың аса биік парасаты мен білімдарлығы, замандастары арасында абырой-
беделі өте зор болғанын, сонымен қатар, бойына ұлттық сезім берік орныққан,
қандай жағдай болсын қазақтың ұлттық мүддесін қорғауды мақсат еткенін
ұғынуға болады.
Жаңа жинақтың кіріспесінде оның социалистік қоғамды қалыптастыру
мұраттарына деген сенімі берік болған дегендей баға берілген екен. Шын
мәнінде, оның мұндай көзқарасы тек сөз жүзінде айтылып, сырттай қарағанда
ғана осылай екені хаттардан анық байқалады. Социалистік қоғамға қызмет
еткеннен кейін, оның мүддесін қорғауы міндеті болатыны айтпасақ та
түсінікті. Алайда, ол социалистік қоғамға қызмет ете жүріп өзінің халқының
мүддесін қорғауды өмірінің басты мәні деп білгені осынау хаттардан көрініс
беріп отырады. Сырттай компартияның саясатын мадақтай сөйлегенімен, оның
ақыл-қайраты, білімі өзінің халқын, тілі мен дінін, салт-санасын жоюға
бағытталған тоталитарлық-большевиктік езгіден қазақ халқын құтқарып қалудың
амал-айласын қарастырумен өмір кешкенін хаттардан ұғынуға болады. 1930
жылдарда Алаш арыстары қазақтың ұлттық мүддесін ашық, жариялы түрде
қорғап күрес жүргізсе, олар жаппай атылған соң, мұндай амалды қолдану
мүлдем мүмкін болмағаны айтпасақ та түсінікті. Сондықтан да, қазақтың
ұлттық мүддесін қорғаудың өзгеше жолын табу қажет болған. Мұны, Ілияс
Омаровқа жазған хаттардан, жауаптардан айқын аңғарғандай болдық.
Кітаптағы хаттардың мазмұны мен мәніне қарай сараптасақ, бірнеше топқа
бөлуге болады. Мұнда Ілияс Омаровқа жазылған хаттардан, қатардағы қарапайым
азаматтардан бастап, Қаныш Сәтбаев пен Мұхтар Әуезовке дейін әйгілі
қайраткерлердің ой толғамдары, Ілияс Омаровтың дарын қабілетіне баға беруі,
оны не себептен құрмет тұтуы жөнінде көптеген мағлұматтарға қанық болдық.
Сондай-ақ, Ілияс Омаровтың әйгілі өнер және мәдениет қайраткерлеріне жазған
хаттарынан да, оның ақыл-парасаты, білімі мен білігі, дарын қуаты қандай
болғанын ұғыну қиын емес. Жаңбыр-жаңбырдың арасымен жүргендей болып, сөз
арасында немесе сөз астарында қазақтың ұлттық мүддесін қорғау мәселесі
үнемі қозғалып отырады. Әрине, сол кезеңдегі тоталитарлық режимнің қанды
шеңгеліне ілініп кетпеу үшін ұлт мәселесі жөнінде әр сөзді сақтықпен
қолданған. Оған жазылған хаттардан, сол кезеңде Ілияс Омаровтың қазақ
халқының ең басты қорғаушыларының бірі болғаны, қазақтың өнері мен
мәдениетінің, әдебиетінің дамуына жөн-жоба көрсететіндей кемеңгерлігі де
аңғарылады. Одан ақыл-кеңес сұраған немесе іс-әрекетіне пайдалы болу үшін
ой саларлық хаттар да аз жазылмапты.
Жалпы, Кеңес одағы тарихында 1937 жылдардан кейін ұлтшылдық деген
айыппен екі рет қуғындау науқаны жүргізілген екен. Оның біріншісі,
Бекмахановтың қазақ тарихына, оның ішінде Кенесары ханға байланысты
тазалау жүргізген болса, 1970-ші жылдары Украинаның бірінші басшысы
Шелесті кадр таңдауда ұлтшылдыққа жол берді деген сылтаумен жүргізілген
науқан болды. Сондықтан да, қазақтың ұлттық мүддесін қорғаушылар үшін
өздерінің іс-әрекеттерін аса сақтықпен жүргізуге тиісті болғаны Ілияс
Омаровқа жазылған хаттардан да аңғаруға болады.
Мәлік Ғабдуллинге 1953 жылғы 2 мамырда жазған хатында Ілияс Омаров,
асыра сілтеу саясатымен тыйым салыну қаупіне ұшыраған Ер Сайын, Едіге
туралы эпостарды болашақ ұрпақтың игілігіне айналдыру жолында күрес жүргізу
жөнінде ақыл-кеңесін аса сақтықпен айтады. Біз сияқты халықтарға да
фольклор үлкен мұра, бірақ оны біз бір жағынан бағалай отырып, екінші
жағынан оны аспанға шығарудан сақ болуымыз керек, дәл болса біздің
әдебиетімізден әлі фольклористика кетіп болған жоқ, ол қазіргі заманда
бәлендей жақсылық емес, екіншіден фольклор өзіне тән өткенді өркеңдеңкіреп
көрсетіп, дәріптеушілік туғызуы мүмкін.
Сол себепті әрбір эпостың артынан ере тұру керек. Екінші жағынан
мұраның бәрі мұра деп кеудесіне нан пісіп жүретін жалған ұлтсүйгіштер
болатын. Олар қазақтан басқа ел жоқтай қазақшалап айтқанда даңкөтендікке
салынып, көрінген нәрсеге во деп оң бармағын шоқтыратып жүретін
таусоғарлар. Әрине, бұларға тыйым салу керек. Біздің халқымыздың тарихта
скромный ғана орны бар, кеуде кермей, мақтанбай ғана көрсетсек, біз тарих
алдында кінәлі болмаймыз [3,73-74].
Кітапта қамтылған жүздеген хаттарды сараптасақ Ілияс Омаров әсіресе,
Бауыржан Момышұлымен жиі хат жазысқанын көреміз. Бауыржан Момышұлының бүкіл
қазақ зиялылары арасынан ең жақын тартып сырласатын адамы Ілияс Омаров
болғаны, олардың арасында жазылған хаттардан айқын байқалады. Бауыржан үшін
Ілияс әрі сырлас-мұңдас дос, әрі ақылшы ұстаз, әрі оның өміріне де,
шығармашылығына да бағыт-бағдар сілтейтін тәлімгер болыпты.
Бауыржан әскерде жүргенде-ақ, шығармашылықпен айналыса бастаған кезден
бастап, кейінгі шығармаларына дейін Ілияспен ақылдасып, әр туындысын қалай
жазатыны, жазылған шығармалары жөнінде пікірін сұрап отырған екен. Ал,
Ілияс болса Бауыржанды шалыс басудан, қызбалыққа түсуден сақтандырып, оның
қазақ халқы үшін қандай тұлға болатынына дейін ескертіп, ұғындырып
отырыпты.
Бауыржанның көбінесе, ұлт мәселесінде қызбалыққа салынуына кейбір
зиялылардың асыра сілтеу көзқарастары түрткі болғанын жұртшылық жақсы білсе
керек. Кейбір қазақ зиялылары, сол кезеңдегі саясатты тура мағынасында
бұлжытпай ұстанғандықтан да, сергек ойлы азаматтардың нақақтан зәбір шеккен
оқиғаларды да жасыруға болмас. Бұл ретте қатардағы қаламгерлерден бастап,
ұлы жазушымыз Сәбит Мұқановқа дейін ұшқары көзқарас танытқан оқиғалар
болғаны да шындық. Мұндай жәйт Бауыржанды да талай қынжылысқа түсірген
болса керек. Мәселен, ол 1967 жылы Омаровқа жазған хатында, ұлы жазушы
Сәбит Мұқановқа деген ренішін былай баян етіпті: Мұхтар мен Ғабиттен еш
нәрсе шығара алмағаннан кейін, енді мені біраз ермек еткісі келген болуы
керек. Тексеріп жатқан сенің приемнигің дейді.
Мен үріккен танадай сыртқа қашып жүрместен, барлық жақсылық-
жаманшылықты елге барып көрейін деген принциппен барлық
қызметтерімді–шығармаышылыққа тоқтатып, келесі аптада Алматыға аттанбақпын.
Шынымды айтсам, орынсыз жерде етегімнен алып, қызметтеріме кедергі
болғандарына өте ренжіп отырмын. Амал қанша – барайын, көзбе-көз отырып
тілдесейін.
Демек, мен опальный қазах болмақпын [4,390]. Әрине, мұндай реніштерге
басу айтып, ақыл қосып отырғандардың бірі Ілияс Омаров. Б.Момышұлы кейін
Сәбит Мұқановпен тіл табысқаны, оны құрмет тұтқаны белгілі. Бауыржан,
тіпті, Ілияспен өзінің жеке басының, тірлік тұрмысының түйткілдеріне дейін
бүкпесіз айтып сырласып отырған. Мәселен, 1966 жылы 3 тамыз күні жазған
хатында, Момышұлы жұртшылыққа беймәлім өзінің ішкі құпиясын былай деп
білдіріпті.
Жалпы, Ілияс Омаровқа сырын бүкпесіз айтып, ақыл сұраған немесе
шығармашылығын оқып баға беруін өтінген қазақтың ақын, жазушылары мен өнер
адамдары аз болмапты. Қасым Аманжоловтан бастап, Хамза Абдуллинге дейін,
Әбдіжәміл Нұрпейісовтен бастап Сырбай Мәуленовке дейін қазақ қаламгерлері
мен өнер адамдары арасындағы жазылған хаттардың мазмұнына үңілсек, олардың
бәріне де Ілияс ең бірінші ақылшысы, сыншысы, әрі қамқоры болғанын
ұғынамыз. Мәселен, Ілияс Омаровтың Жұбан Молдағалиевке жазған хатында оның
өлеңдері мен поэмаларын оқып, жоғары бағалағанын әңгімелей келе сөз
арасында Мен қазақпын поэмасын қолжазбасынан оқығанын да айтып өтіпті.
Сірә, Жұбан Молдағалиев бұл дастанды ұлтшылдық дегендей жала жабылады-ау
деген күдікпен әуелі Ілиясқа оқытқан. Ал, Ілияс өз кезегінде мұндай жаланың
орынсыз болатынын айтып, бұл шығарманы батыл түрде жариялау қажеттігін
түсіндірген болса керек. Тағы бір мысал, 1959 жылы 20 маусымда Хамза
Абдуллин Ілияс Омаровқа жазған хатында: Ілияс аға! Сізге тағы бір айтайын
деген жаңалық мынау: Біз Бектұров екеуміз осы қаладағы Абылайдың Ақ үйіне
бардық. Бір подполковникті жанымызға алып, асты-үстін түгел араладық.
Подполковник: Үстінен тағы бір қабат саламыз ба деген ойымыз бар [5,258]
– деген пікірді айтты. Біздің тарихи ескерткіш, пәлен-түген! деп әзерге
кедер болдық. Бірақ, олардың жоспарында болса, біздің сөздеріміз шыбынның
ызынымен бірдей емес пе – дей келіп хат иесі Абдуллин: Менің енді сізден
сұрайтыным – біз қазақ халқы өзімізді-өзіміз бейшарашылыққа ұрындыра
бермейік. Қандай болмасын, тарихи ескерткішті сақтаудан абырой мен атақтан
басқа келетін зиян жоқ. Сол үшін Сіз сол жақтағы үлкен адамдарға
(Тәшеновке, Сәтбаевқа, Мұқанов Сәбитке, Мұхтарға) айтып, осы үйдің үстіне
қабат салдырмаудың, содан соң ол үйден әскерлерді шығарып, мүлдем тарихи
музейге айналдырудың шараларын қарастырсаңыздар. Тіпті, музей етуді қазір
жағдай көтермейтін болса, бұзудан сақтау тіпті керек сияқты дейді де, одан
әрі хатты Үшінші бір жаңалық. Омбы облысының Называевка ауданында 1932
жылдары көшіп келген 200 үйдей қазақтар бар екен, бәрі өздерінің туған
жеріне – Ақмола мен Қызылтуға (Көкшетау облысы) көшіп жатыр. Сондай-ақ,
Тюмень облысындағы қазақтар да аздап көшіп жатыр [5,269]– деп
жалғастырады. Енді бірде, сол хатта Абдуллин: Өзіміздің тарихымызға,
өзіміздің ертеден қалған тамаша асыл мұраларымызға, надандық, ынжықтық
тұрғыдан қарау – тым ұят-ақ еді. Енді өзіміздің көне мәдениеті күшті орыс,
украин, өзбек сияқты көрші елдерге ұқсап, көмулі қалған асылдарымызды
қайтадан қазуға кірісе бастағанымызға қай қазақтың баласы риза болмас,
қуанбас дейсіз. Дәл осы кезеңде Мағжан туралы да сөз қозғалса өте дұрыс
болған болар еді дей келіп: Бұл мәселені талқылағанда Мағжанның көптеген
лирикалық және асқақ өлеңдеріне де, бұрынғыдай теріс баға емес, дұрыс баға
беру керек. Мысалы, кейбір сыншылар Мағжанның Айыр сақал көк теке деген
өлеңіне де түсінбеушілік көзбен қарайды. Шынында, ол өлең Омбы қаласында
тұрушы үш жүз партиясының көсемі Мағжанды түрмеге салған Әйтпеков Мұқан
дейтін кісіге қарсы жазылған. Осындай өлеңдер онда өте көп [6,254] –
дейді. Міне, осы хаттың өзінен-ақ сол кездегі ұлтын сүйген адамдардың Ілияс
Омаров ұлтжандылығына ерекше ден қойып, оған барынша сенгендігін байқатады
емес пе. Осылай, ол қазақтың көптеген ақын-жазушыларына рух беріп, өнер
адамдарын қанаттандырып отырғаны хаттардан айқын байқалады. Тіпті, Дина
Нұрпейісова, Омар Шипин секілді қарттардан бастап, Евгений Брусиловский,
Н.Ановқа дейін олардың қазақтың әдебиеті мен өнерінде көрнекті орын
алатынын көрсетіп, ұғындырып, қанаттандырып, тіпті, тұрмыстық қажеттеріне
дейін қамқор болып отырғаны, олардың Ілиясқа жазған ризашылық хаттарында
нақты баяндалыпты.
Кезінде Әнуар Әлімжановты қазаққа да, бүкіл одаққа да аса талантты
қаламгер деп таныстырып дәлелдеген Ілияс Омаров екенін қазіргі ұрпақ біле
бермесе керек. Әнуар Әлімжановтың Көгілдір таулар повесін Ілияс Омаровтың
жан-жақты сараптап талдауының өзіндік мәні бар. Осы шығарма арқылы қазақтың
өркениеті көне Отырар қаласында қалай гүлденгенін шығарманы талдау арқылы
құлшына баяндаған. Мұнда қазақ халқы жабайы емес, терең тарихы бар,
мәдениеті ежелден қалыптасқанын ұғындырып, ұлттың рухын ояту, қазақтың
дұшпандарына қарсы тұра білудің жолын нұсқау Ілиястың мақсаты болғанға
ұқсайды. Осындай көзқарасты ұстану жөнінде, ол тіпті Мұхтар Әуезовке дейін
құлаққағыс етіп отырыпты.
Ал, Әуезовтың Ілияс Омаровтың әдебиет жөніндегі таным-түсінігін,
сараптауын, ой-толғамын аса жоғары бағалағаны белгілі. М.Әуезов болса оған:
Сенің еңбегіңді оқып шыққаннан кейін айрықша бір түйген жайым:
шынайы адамша сөздің басын сонда Ғабит бастаса, міне, бүгіндер содан арғы
өнеге бойын, шарықтауын, нәрлі өрлеу сыйпатын сенің еңбегің аяқтап тұр деп
айта аламын [7,154].
Сенің еңбегіңдегі аса бір еңсесі биік қадірлі талап осы жолдағы
қамқорлық ойда. Роман жөніндегі алғашқы айтқан, ең алғаш іріктеп алған
ойларыңда қазақ әдебиеті, қазақтың бүгінгі қауымы, оқушы сыншы жүрты жай
өсу ғана емес, шынайы барынша бар сынға жауап ұрардай: олқысыз, ақаусыз
үлкен өнері бар орталар болса екен дейсің. Бұл соншалық адал, зор жүректің
ақ ниеті. Әр жүректің түбінде жататын шынның шыны, арманның асылы. Соны
айтуға бекінген сәтінде еш нәрсені (көлденең, күйбең, кейбір күйкі
жайларды) елемей, аса биік тұрғыға шығып тұрып үн қатқансың [8,258] – деп
жазыпты.
Жалпы, Ілияс Омаровқа сол кезеңдегі республика зиялыларының бәрі де
құрметпен қарауы бекер емес. Орыстың әйгілі әдебиет, өнер қайраткерлерімен
жазысқан хаттарынан І.Омаровтың білімдарлығын мойындап, құрметтегенін
аңғарамыз. І.Омаров, тіпті, сол кезеңдегі КСРО басшысы Н.С.Хрущевке арнайы
хат жолдап, экономика мәселесімен бірге бала тәрбиесі, оқу-білім туралы
ұсыныс жасағанда оның дені қолдау тапқан. Мәселен, ұлы педагог А.Макаренко
еңбегін мектеп ісінде қолдану ұсынылған еді. Сөйтіп, осы кезде Макаренко
шығармашылығы кеңінен насихатталғаны І.Омаровтың ұсынысының нәтижесі екенін
білдік.
І.Омаровтың өз басынан халқының мүддесін жоғары қоюды өзіне де, өзгеге
де өнеге етуден жаңылмаған аса парасатты, әрі аса білімдар тұлға болғаны
жөнінде естеліктер аз жазылған жоқ. Мұны, осы кітаптағы хаттардан да нақты
білуге болады. Жалпы, Ілияс Омаров қазақ ұлтын жойылып кетуден сақтаудың ең
оңтайлы амалы, ең күшті қаруы қазақтың әдебиеті мен өнерін дамыту, қазақ
ұлтына шынайы берілген патриоттардан кадрлар даярлап өсіріп шығару деп
түсінген. Республика басшысы Д.А.Қонаевқа жазған хатында: кадрларды іріктеу
мен өсіру дұрыс бағытта келе жатқаны жөнінде пікірін білдіре отырып,
солардың арқасында әдебиетіміз бен өнеріміз, мәдениетіміз гүлденетінін
қадап айтыпты. Сөйтіп, кадрларды қазақтың ділі мен тілін ұлттық мәдениетін
жақсы білетін қазақтардан іріктеу жөніндегі ойлары да қолдау тапқанын
аңғаруға болады. Сөйтіп, сол кезеңде әрі білікті, әрі патриот кадрлардың
арқасында тіліміз бен діліміз өшпесе, ұлттық мәдениетіміз гүлденсе онда
қазақ деген халық мәңгі жасай бермек деген сенімді ол берік ұстанған және
осы жолда күрес жүргізуді өзінің өмірінің мәні, азаматтық парызы деп
біліпті. Тіпті, қайтыс болардан бірнеше күн бұрын ғана 1970 жылы 16 шілдеде
Қоштасу хат! деп достарына арнап жазған хатында ол өз басының немесе
отбасының, дос-жарандарының мүддесін емес ақтық сөзін осы мәселеге арнапты.
Қоштасу хаты оның кейінгі ұрпаққа, қазақ зиялыларына айтып кеткен өсиеті
деуге де лайық. Сондықтан да, аталған хатты толық жарияласақ І.Омаровтың
тұлғасы шын мәнінде қандай болғанын нақты білеміз.
Қоштасу хат
Қадірлі достар!
Мен осы сәтте осынау ақтық сөзімді өз қолыммен қағазға түсіре алмай,
ауыр дерт жерге жаншып, талпына-талпына талықсып, амалсыздан, басымда
отырған балама айтып жаздырып жатырмын.
Халім ауыр. Ажалмен бір адамдай-ақ алысып ем, ол енді жеңіп барады.
Қол жетер жерде менің кішкене сағатым жатыр. Адам өміріндегі аяулы уақыттың
адал таразысы – осы сағат қой. Бірақ, менің сағатым тым шапшаң соғып, соңғы
сәттерімді тым жеделдетіп келе жатқан секілді. Сіздермен қоштасар кезім
таянды.
Басымда айтылмаған ойларым бар еді. Олардың бәрі – өз қолыммен, өз
басыммен орындай алмай кетіп бара жатқан – ел, халық алдындағы азаматтық,
перзенттік парызым.
Оның ең бастысы – туған халқымның мәдени өрісі, өскелең жолы және оның
ғасырлар сақтаған аса бай мұрасын байланыстыра зерттеу еді. Мен бұл салада
көп уақыт әрекет, қызмет еткенімді еске алғаныммен, ол істердің атқарылуға
тиістісінен әлдеқайда аз болғанына өкінемін. Ойлап жатсам, осы бір дарқан
да шалқар мол байлығымызды зерттеп, түйіндеп түсіндіруде, жеткізе баяндауда
едәуір олқы соғып жатқан, шіркін, осылай болса игі еді ғой деген тілек,
арман көңілде қала беретін [8,269].
Халық мұрасы дегенім – әсіресе, сан дәуір, замандар көшінде өзінің
қайталанбас, тозбас, өшпес қасиетімен бізге дейін жасап келген ән, күй,
музыка мұрасы, дастандар, жырлар түйдегі. Бұлар – менің көзіме де, көңіл
сарайыма да халқымның аса мықты тұлғасы, сын, сипаты болып елестейді.
Осыларды жаңғырта, жаңарта, осы өз дәуіріміздің қажет-мұқтажына, қызметіне
бар бояу, кестесімен жеткізе жарату міндеті алдымызда тұра береді. Өйту
үшін бізде қазір қаншама мүмкіндіктер бар. Соларды пайдалану, пайдалануды
ұйымдастыру – қандай ғанибет жұмыс, қандай абыройлы іс дер ем! Бұл менің
өтеп жеткізе алмаған, бірақ, өзге азаматтар жеткізеді деген үлкен парыз
екенін тағы да айтып жатырмын. Шынында, ойлаңыздаршы, біздің осы
қазынамызды дүние көлемінде қай өнерпаз халықпен болса да жарыстыра,
жарқырата көрсетсе, біздің бай тарихымыз, арғы-бергі өтіп келген жолымыз
аян да анық болмас па еді? Сонда ғана барып, аса бай көне мұра мен жаңа
өнердің құшақтаса қабысып, ұласа өркендегенін көрер едік. Сонда ғана біздің
түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениеттің қаншалықты тарихқа, негізге
сәйкес даму процесін анықтаған болар едік. Бұл екеуін бөліп зерттеумен
мәдениет тарихы, ол туралы толық ғылыми еңбек жасалмаса керек. Менің
арманым, парызым дегенім осы жұмысқа өз халімше кірісе бастау, бастап
берушілердің бірі болу еді. Оған қайран болмай барады...
Келешек – жастардікі ғой. Әңгіме сол жастарға бар қазынаның қадірін
жеткізіп, ел алдындағы борышқа баулып өсіруде. Ішкенге мәз, жегенге тоқ
ұрпақ болмасын! Ұрпақ та, оның талантты өкілдері де үзілген емес. Ел
болса, ер туғызбай тұра алмайды деген дұрыс. Соларды кезінде танып, қамқор
болып әкедей жан ықылас арнап, баулып отыруда.
Сайып келгенде, жастарға үлкен үміт артумен бірге үлкен ағалық қызмет
жасалуы керек дер едім. Ал, бар үміт, арманның өзі осындай жоғары идеядан,
зор талап, мақсаттан тумақ қой. Сол идеяны, ел сүйгіштік, отаншылдық ойды
сіңірген адам ғана биік жауапкершілікке ие болмақ. Жауапкершілік неғұрлым
шын терең оймен, ақыл, парасатпен игерілгенде ғана, халық алдындағы парыз
өтелмек. Бұл – нағыз азаматтың ерлік жолы болмақ.
Ғазиз бауырларым, үзеңгілес серік-достарым, жақын туыс, замандастарым,
баршаңызға ақтық рет ой көзіммен, көңіл құсыммен бір қауышып, келмес,
көрмес сапарға жол арнадым...
Қош, қимасым, қызғышымдай болған есіл ел, еркін тірлік, рақат еңбек,
аяулы азаматтар!
І.Омаров [9,256].
Мұндай хаттардың бәрі де ақиқаттың нағыз айғағы емес пе. І.Омаровтың
бұл өсиетін орындауға қазір даңғыл жол ашылғаны айтпасақ та түсінікті. Бір
қынжыларлығы, еліміз тәуелсіздік алғаннан бері жат жұрттықтардың, әсіресе,
Батыс пен Американың азғындаған мәдени экспанциясының шабуылына
ұшырағандықтан қазақ қоғамында кемеңгер Абайдан бастап, қайраткер
І.Омаровқа дейінгі ұлыларымыздың өсиетін орындауда қателіктер де,
кемшіліктер де үдей түскені жасырын емес. Қазақ қоғамында қазақтың ұлттық
құндылықтарынан безініп, жатжұрттықтар үрдісін өнеге ету, өршуі салдарынан
қазақ жастарын азғындауға бастаған ағымдар әдебиет пен өнерде, мәдениетте
бел ала түскенін жасыруға болмайды. Мұндай келеңсіздікке қарсы күресте
І.Омаровтың да өмірі мен еңбегін насихаттаудың маңызы зор екенін осы
кітаптың беттерін оқып, зерделегенде айқын пайымдағандай болдық.

1.2 Қазақ әдебиетіндегі ақын-жазушыларының хат өлеңдерінің
тәрбиелік мәні

Хат өлең арнау өлеңнің бір түрі. Қазақ өмірінде өлеңмен хат жазысу
ертеден орын алған. Кейін бұл үлгі поэзияға келді. Абайдың Мен сәлем
жазамын деп басталатын өлеңі хат үлгісінде берілген. Жігіт сөзі, Айттым
сәлем Қаламқас, Қыз сөзі, Қиыстырып мақтайсың ән-өлеңдері де осы
дәстүрмен жалғас. Абай Пушкиннің Евгений Онегин шығармасын таныстырмақ
болғанда, оның түйінді жерлерін бірнеше хат өлеңдері арқылы жеткізеді.
Мысалы, Татьянаның Онегинге жазған хаты, Онегиннің Татьянаға жазған хаты,
т.б. хат өлең романдарда (Мысалы: Қамар сұлу, Мөлдір махаббат) көркем
әңгімеде (Шұғаның белгісі) кездеседі. Хаты деп ашық жазған ғашық жардың,
Есіңе ал, дұғаңа мен ынтызармын. Қош, сау бол, ойнап-күліп жолығайық,
Астында ақ туының пайғамбардың... Шұғаның бейнесін, қайғылы тағдырын ашып
көрсету, бүкіл шығарманың мазмұнын түйіндегі беру жағынан да оның ғашығына
жазған осы хат өлеңнің мәні айрықша [10,26].
Сыр сүлейлерінің шығармаларын зерттеген уақытта әдебиетшілер болсын,
тарихшылар болса да ең әуелі олардың өмір сүрген уақыты мен сол кездің
әлеуметтік жағдайына көңіл аударатыны анық. Осы тұрғыдан келгенде, ХХ ғасыр
қазақ әдебиетіндегі Сыр бойы ақын-жазушыларының көркем өнердегі алар орны
бөлек, шоқтығы биік. Олардың қатарында ел танып үлгірген, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Араб және қазақ тілдеріндегі коммерциялық хаттардың түрлері және тілдік сипаты
Электрондық почта: түрлері мен қызметі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ ЖАНР ДӘСТҮРІ
Ресми құжат тілінің функциональдық формасы жазба тілі
Анықтамалық-ақпараттық құжаттар
Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударғанда лексикалық және грамматикалық трансформацияның түрлерін талдау
Қазақ әдебиетіндегі эпистолиярлық стиль
Салық қызметі органдарының негізгі міндеттері
Электрондық почта. Mail бағдарламасының мәтіндік интерфейсі
Іскерлік хаттарды аудару кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдерді анықтау, ерекшеліктерін сараптамалау
Пәндер