Морфология саласының теорияларын зерттелу сипаттары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4бет

І ТАРАУ МОРФОЛОГИЯ САЛАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛАРЫН ЗЕРТТЕЛУ СИПАТТАРЫ

1.1 Қазақ тілі морфологиясының зерттеу аясы туралы ... ... ... ... ..5.11бет
1.2 Сөздің морфологиялық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11.17бет

ІІ ТАРАУ МОРФОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ТИІМДІЛІГІ МЕН ЖОЛДАРЫ

2.1 Морфологияны оқыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18.23бет
2.2 Морфологияны оқыту аясында ойын элементтері ... ... ... ... ..23.26бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... 28бет
Тақырыптың өзектілігі.Мектепте оқылатын пән атаулының бәрі тіл арқылы түсіндіріледі, сондықтан қазақ тілінен теориялық білім берудің нәтижесінде оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын қалыптастырып, сөйлеу, жазу тілін дамыту іске асырылады. Тіл білімі салаларының ішінде морфологияның да оқушының тілдік қабілетін арттыруда өзіндік рөлі бар. Себебі, морфологиялық ұғымдарды жан- жақты меңгермеген оқушы сауатты жазу, дұрыс сөйлей білу дағдысын қалыптастыра алмайды.
Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Көптік, тәуелдік, септік жалғауларды қолдануда стильдік нормаларды жете білдіру көзделеді. Демек, оқушы Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Мұғалім құрғақ ережені оқушыға жаттатудың зиян екенін естен шығармау керек. Жаттанды нәрсенің көпке бармай тез ұмытылып қалатыны әсте анық. Оқушының сөз таптарының қызметі, олардың орын тәртібі, түрленуі мен өзгеруі туралы жүйелі білім алуы шарт. Сабақта айтылған материалдардың барлығы оқушының есінде түгел қалмаса да оның ішінен ең негізгісі оқушының есінде қалдыруға қол жеткізу керек. Мысалы: оқушылар арасында зат есім туралы толық мағлұмат алғандары жиі ұшырасады. Нақтылы зат атаулары қалам, қағаз, дәптер, орындық т.б зат есім екенін біледі. Ал адамның ойлау қабілеті арқылы топшылаумен түсінетін заттық ұғымдардың атауы абстракты зат есімдерді ақыл, ой, сана, қуаныш, реніш, уайым, қайғы т.б келгенде оқушы тосылып қалады. Осы жағын нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру қажет. Сын есім мен сан есімнің алдында тұратын, етістіктің сөйлемнің соңында келетіні сияқты тіл заңдылықтарын оқушының сөйлеу әрекетінде дұрыс қолдануын қадағалап отыру тіл мәдениетінің нормаларын сақтауға да үйрету.
Курстық жұмыстың мақсаты:морфологияны оқытуда оқушылардың тақырыпты түсінгендігін жаттығу жұмыстары арқылы белсенділіктерін арттыру.
1) Б. Кәтембаева, М. Нұрғалиева «Морфологияны оқытудың методикасы» Алматы: «Мектеп» баспасы, 1975 жыл.
2) Ж. Мұсаұлы, Р. Әміренова «Қазақ, орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» Көкшктау, 2003 жыл.
3) Ш. Есмағанбетова «Оқушылардың танымдық іс- әрекетін қалыптастыру» Алматы «Ғылым» Ғылыми баспа орталығы, 2002 жыл.
4) А. Әбілқаев «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» Алматы, 1985 жыл.
5) Ә. Алдамұратов «Оқушыларға грамматикалық ұғымдарды меңгерту психологиясы» Алматы, 1997 жыл.
6) А. Арғынов «Қазақ методикасы» Алматы, 1974 жыл.
7) Р Адамбаева «Қазақ тілі оқулықтарына методикалық нұсқау» Алматы, 1988 жыл.
8) Е. Елубай «Тапқырлар тапсырмасы» Алматы, 1996 жыл.
9) М. Балақаев «Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту» Алматы, 1988 жыл.
10) Б. Құлмағамбетова «Қазақ тілі сабақтарында техника құралдарын пайдалану» Алматы, 1986 жыл.
11) Ш. Сарыбаев «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» Алматы, 1992 жыл.
12) «Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасы» Алматы, 1994 жыл.
13) «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, 2005 жыл.
14) «Қазақ мектебі» 2000-2005 жыл.
15) «Дауыс» журналы, 2004-2005 жыл.
16) М. Тәтенбаева «Морфологияны оқыту методикасы» Алматы, 1994 жыл.
17) «Әдіскер» журналы. 2005 жыл.
18) «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы, 2001 жыл.
19) Б.Катембаева «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» Алматы, 1991 жыл.
20) С. Әлемжанов, М.Маманов «Қазақ тілін оқыту методикасы» Алматы, 1965 жыл.
21) Ә. Исабаев « Қазақ тілін оқыту дидактикасының негізі» Алматы, 1994 жыл.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4 бет

І ТАРАУ МОРФОЛОГИЯ САЛАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛАРЫН ЗЕРТТЕЛУ СИПАТТАРЫ

1.1 Қазақ тілі морфологиясының зерттеу аясы туралы ... ... ... ... ..5-11бет
1.2 Сөздің морфологиялық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-17бет

ІІ ТАРАУ МОРФОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ТИІМДІЛІГІ МЕН ЖОЛДАРЫ

2.1 Морфологияны оқыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18-23бет
2.2 Морфологияны оқыту аясында ойын элементтері ... ... ... ... ..23-26б ет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ...28бет

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Мектепте оқылатын пән атаулының бәрі тіл арқылы түсіндіріледі, сондықтан қазақ тілінен теориялық білім берудің нәтижесінде оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын қалыптастырып, сөйлеу, жазу тілін дамыту іске асырылады. Тіл білімі салаларының ішінде морфологияның да оқушының тілдік қабілетін арттыруда өзіндік рөлі бар. Себебі, морфологиялық ұғымдарды жан- жақты меңгермеген оқушы сауатты жазу, дұрыс сөйлей білу дағдысын қалыптастыра алмайды.
Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Көптік, тәуелдік, септік жалғауларды қолдануда стильдік нормаларды жете білдіру көзделеді. Демек, оқушы Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Мұғалім құрғақ ережені оқушыға жаттатудың зиян екенін естен шығармау керек. Жаттанды нәрсенің көпке бармай тез ұмытылып қалатыны әсте анық. Оқушының сөз таптарының қызметі, олардың орын тәртібі, түрленуі мен өзгеруі туралы жүйелі білім алуы шарт. Сабақта айтылған материалдардың барлығы оқушының есінде түгел қалмаса да оның ішінен ең негізгісі оқушының есінде қалдыруға қол жеткізу керек. Мысалы: оқушылар арасында зат есім туралы толық мағлұмат алғандары жиі ұшырасады. Нақтылы зат атаулары қалам, қағаз, дәптер, орындық т.б зат есім екенін біледі. Ал адамның ойлау қабілеті арқылы топшылаумен түсінетін заттық ұғымдардың атауы абстракты зат есімдерді ақыл, ой, сана, қуаныш, реніш, уайым, қайғы т.б келгенде оқушы тосылып қалады. Осы жағын нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру қажет. Сын есім мен сан есімнің алдында тұратын, етістіктің сөйлемнің соңында келетіні сияқты тіл заңдылықтарын оқушының сөйлеу әрекетінде дұрыс қолдануын қадағалап отыру тіл мәдениетінің нормаларын сақтауға да үйрету.
Курстық жұмыстың мақсаты: морфологияны оқытуда оқушылардың тақырыпты түсінгендігін жаттығу жұмыстары арқылы белсенділіктерін арттыру.
Курстық жұмыстың міндеттері: сабақта айтылған материалдардың барлығы оқушының есінде түгел қалмаса да оның ішінен ең негізгісі оқушының есінде қалдыруға қол жеткізу керек. Оқушылар арасында зат есім туралы толық мағлұмат алғандары жиі ұшырасу.
Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері: зерттеу, жинақтау, жүйелеу.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: морфологияның да оқушының тілдік қабілетін арттыруда өзіндік рөлі бар. Себебі, морфологиялық ұғымдарды жан- жақты меңгермеген оқушы сауатты жазу, дұрыс сөйлей білу дағдысын қалыптастыру.
І ТАРАУ МОРФОЛОГИЯ САЛАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ СИПАТТАРЫ

1.1 Қазақ тілі морфологиясының зерттеу аясы туралы

Тіл білімі тарихын зерттеуші ғалымдардың басшылыққа алатын историзм принципі бойынша, әр дәуірде қалыптасқан, өмір сүрген алуан түрлі тілдік мектептер, концепциялар сол өз дәуірі тұрғысынан бағаланып, олардан бұрын не бар еді, бұлар оған не қосты, кейінгілердің өздерінен бұрынғылардан артықшылығы қандай деген тұрғыда қаралуы керек. Қазіргі заман тіл білімі - дамудың биік шыңына көтеріліп келе жатқан кең салалы, көп тармақты ілім. Оның құрамында әртүрлі лингвистикалық бағыттар, мектептер, зерттеудің әртүрлі әдіс-тәсілдері бар. Оның сипатын, бүгінгі күйін басқаларынан бөлініп алынған жеке бір мектеп, я зерттеудің жеке бір әдіс-тәсілі көрсете алмайды, оған өресі жетпейді. Сол бағыттарды, мектептерді, әдіс-тәсілдерді бірлікте алып қараған жағдайда ғана тіл білімінің қазіргі күйін, сипатын толық түсінуге болады.
Осыған орай, жекелеген ғалымдардың мұрасын оқып-үйрену - ғылым үшін, оның болашағы үшін аса маңызды қажеттілік. Лингвистикалық мұраны зерттеу жалпы тіл білімінде, соның бірі түркі тілдерінде, ғылым туралы ғылым ретінде әбден орныққан, қалыптасқан дәстүр болып табылады. Қазақ тіл білімінде бұл мәселе 1970 жылдардан басталады. К.Ш.Хұсайынның Исследование фонетики и лексики казахского языка в трудах В.В.Радлова (А., 1971) атты кандидаттық диссертациясында қарастырылып, одан кейін жеке ғалымдардың мұралары монографиялық тұрғыда зерттеле бастады. Бұл қатарда К.Ертаев, Ж.Тектіғұлова, Г.Әмірова, А.Иманғазина, О.Жұбаева еңбектерін атауға болады.
Осымен байланысты қазақ тіл білімінің дамуына Ы.Е.Мамановтың үлесі қандай болды, ұстанған концепциялары қай мектеп өкілдерінің тұжырымдарымен үндес келеді деген мәселе төңірегінде ізденгенімізде айтулы ғалымның жалпы тіл білімі, қазақ тіл біліміндегі морфология саласы бойынша орнықты пікірлері ғылымның қазіргі кездегі қол жеткен биігінен күні бүгінге дейін маңызын жоймағаны байқалды.
Ғалымның ғылыми танымы қазақ тіл білімінің жекелеген мәселелеріне арналған Р.Сыздықова, С.Исаев, Т.Қордабаев, Ә.Құрышжанов, Н.Уәлиев т.б. ғалымдар еңбектерінде талданды. Ғалымның еңбектерінің мәнділігі, құндылығы туралы Ә.Қайдар, А.Хасенова, Ш.Сарыбаев, С.Омарбеков т.б. ғалымдар мен кейінгі жас ғалымдар А.Омарова, Г.Әмірованың зерттеу еңбектеріндегі пікірлерін атауға болады.
Дегенмен Ы.Маманов еңбектері тіл білімі тұрғысынан жеткілікті түрде зерттеліп, өз бағасын толық алған жоқ. Бұған қатысты ғалым жөнінде білдірілген Қ.Есенов пен М.Томанов, М.Серғалиевтің 1963, 1967 жылдары Қазақстан мұғалімі газетіне берген мақалаларындағы жылы лебіздері мен Н.Уәлиұлының Көрнекті ғалым Ы.Е.Мамановтың ғылыми концепциялары туралы атты ғылыми мақаласын (А., 2007) айтуға болады.
Доцент Ы.Е.Мамановтың қаламынан туған ірілі-уақты мақалалары, тезистері, көлемді еңбектерінің саны 70-тен асады. Көзі тірісінде жарық көрген еңбектерінен басқа ғалымның ҚР ҒА Тіл білімі институты қызметкерлерінің қолға алуымен 2007 жылы Ы.Маманов. Қазақ тіл білімінің мәселелері атты шығармалар жинағы жарық көргенін ерекше атап өткен жөн.
Ы.Е.Маманов - қазақ тіл білімінің әр саласына қалам тартқан ғалым. Қазақ тіл білімінің мәселелеріне байланысты ғылыми еңбектерде, монографияларда, шолу іспетті мақалаларда ғалымның құнды пікірлері ескеріліп, талданды. Соның бір дәлелі ретінде 2002 жылы Астана баспасынан жарық көрген Қазақ грамматикасын алуға болады. Ғылыми басылымның морфология бөлімінде етістік категориясына байланысты зерттеушінің тұжырымдары, көзқарастары, пікірлері негіз етіп алынғаны көрінеді. Дегенмен оның морфологияға қатысты концепциялары қазіргі ғылыми таным тұрғысынан жан-жақты, жүйелі түрде қарастырылып, арнайы зерттеу объектісі болған емес.
Ы.Е.Мамановтың зерттеушілік жұмысының арқауын ең алдымен қазақ тіліндегі етістік мәселесі, оның категориялық ерекшеліктері, грамматикалық сипатары айқындайды. Осы мақсатқа сәйкес, қазақ тілінің табиғатына, атап айтқанда, қазақ тілінің жалғамалылығына жіті көңіл аудара отырып, салыстырмалы түрде орыс грамматикасымен байланыста қарастырады. Жалпы тіл білімінің жетістіктерін кеңінен пайдаланады. Тіл дамуының ішкі заңдылықтарын, ішкі және сыртқы факторлар мен себептерді анық ашып көрсетеді. Кешенді әдістер арқылы материалдарды жинап, өңдеп, топтап және соның негізінде теориялық қорытындылар жасайды.
Доцент Ы.Е.Мамановтың қаламынан туған ірілі-уақты мақалалары, тезистері, көлемді еңбектерінің саны 70-тен асады. Көзі тірісінде жарық көрген еңбектерінен басқа ғалымның ҚР ҒА Тіл білімі институты қызметкерлерінің қолға алуымен 2007 жылы Ы.Маманов. Қазақ тіл білімінің мәселелері атты шығармалар жинағы жарық көргенін ерекше атап өткен жөн.
Ы.Е.Маманов - қазақ тіл білімінің әр саласына қалам тартқан ғалым. Қазақ тіл білімінің мәселелеріне байланысты ғылыми еңбектерде, монографияларда, шолу іспетті мақалаларда ғалымның құнды пікірлері ескеріліп, талданды. Соның бір дәлелі ретінде 2002 жылы Астана баспасынан жарық көрген Қазақ грамматикасын алуға болады. Ғылыми басылымның морфология бөлімінде етістік категориясына байланысты зерттеушінің тұжырымдары, көзқарастары, пікірлері негіз етіп алынғаны көрінеді. Дегенмен оның морфологияға қатысты концепциялары қазіргі ғылыми таным тұрғысынан жан-жақты, жүйелі түрде қарастырылып, арнайы зерттеу объектісі болған емес.
Ы.Е.Мамановтың зерттеушілік жұмысының арқауын ең алдымен қазақ тіліндегі етістік мәселесі, оның категориялық ерекшеліктері, грамматикалық сипатары айқындайды. Осы мақсатқа сәйкес, қазақ тілінің табиғатына, атап айтқанда, қазақ тілінің жалғамалылығына жіті көңіл аудара отырып, салыстырмалы түрде орыс грамматикасымен байланыста қарастырады. Жалпы тіл білімінің жетістіктерін кеңінен пайдаланады. Тіл дамуының ішкі заңдылықтарын, ішкі және сыртқы факторлар мен себептерді анық ашып көрсетеді. Кешенді әдістер арқылы материалдарды жинап, өңдеп, топтап және соның негізінде теориялық қорытындылар жасайды.
Типология тілдік жүйенің әртүрлі деңгейде бірігу белгілерінің белгілі типтері мен типтік құбылыстар дамуын анықтайтыны белгілі. Әртүрлі тілдердегі тілдік белгілердің тоғысуы барлық немесе көптеген тілдерге сәйкес келетін кейбір жалпы заңдылықтардың (құрылымдық белгі, заң, ерекшелік, тенденция) дамуына әкеледі. Бұл заңдылықтарды тіл білімінде тілдік универсалдар деп атау қабылданған. Мысалы, орыс, ұйғыр тілдерінің материалдарына сүйенген ғалым қазақ тілін басқа тілдермен салыстыра, салғастыра қарайды, нәтижесінде қазақ тіл білімінің ғылыми негізін қалауға ат салысады. Сондықтан Ы.Маманов кез келген тілді өзіндік табиғатына сәйкес зерттеу үшін тілдерді салыстыруда, салғастыруда жүйесі бір тілдер мен жүйесі басқа тілдердің материалдарын өзінің ретімен, орынды пайдаланғанды ұсынады: Жүйесі басқа тілдердің грамматикалық құбылыстарының жүйелі тәртібін, заңдарын басшылыққа алып, сол заңдарды екінші бір тілге күштеп ендіру тіл біліміне үлкен қиянат, - деп жазады [1,112].
Ы.Е.Маманов жоғары оқу орындарында ұзақ жылдар бойы дәріс берген тілші-ғалым. Бүгінгі таңда ғалымның көзін көрген, дәріс алған шәкірттерінің дені - тіл мамандары, көпшілігі ғылым докторлары. Олар Ы.Мамановты өз мамандығын терең меңгерген білгір ғалым болғандығын үлкен құрметпен еске алып, морфология саласы бойынша ғалымның сол кезде айтатын құнды пікірлері мен ғылыми тұжырымдарының қазіргі тіл білімінің жаңа бағыттарымен, өзекті мәселелерімен сабақтас келетініне ерекше назар аударады. Алайда, қазақ морфологиясы бойынша кейінгі жас зерттеушілер еңбектерінде ғалым еңбектерінің мүлде аталмайтындығын да атап айту керек. Бұл ғалымның зерттеу еңбектерінің жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы ретінде жазылмауынан болса керек. Морфология бойынша жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы А.Ысқақовтың авторлығымен шығып, ол бірнеше рет қайта өңделіп, күні бүгінге дейін осы оқулықпен оқытылуда. Ы.Мамановтың ғылыми зерттеулерін осы сала бойынша арнайы ізденгендер болмаса, көпшілік біле бермейді.
А.Ысқақовтың авторлығымен жарық көрген Қазіргі қазақ тілі еңбегінің морфологиялық зерттеулердің көш басында тұратын оқулық екендігінде дау жоқ. Онда сөздің морфологиялық құрылымынан бастап, қосымшалар, олардың жіктелуі, сөз таптары, морфологиялық категориялар т.б. негізгі мәселелердің барлығы қамтылған. Бірақ ғылымның жекелеген мәселелерін зерттеу кезінде бұл оқулықта айтылған тұжырым, қағидалардың қайта қарауды, тереңірек зерттеуді қажет ететін тұстары баршылық екендігін қазіргі қазақ тіл білімінің барысы байқатып отыр.
Ы.Е.Маманов еңбектерінде осы аталған Қазіргі қазақ тілі оқулығында айтылған мәселелерге қарама-қайшы келетін немесе одан өзгеше сипаттамалар берілген пікірлер кездеседі. Әсіресе, ғалым шығармашылығының бір ерекшелігі - Ы.Е.Маманов тіл ғылымының қай саласына болмасын, өзіндік ой-пікірімен келіп, ғылымда әбден қалыптасқан, даусыз мәселелерді қайталамай, үнемі мәселе етіп қоятындай тілдік фактілерге ерекше назар аударып отырады. Санамалап айтатын болсақ, қазақ тіліндегі қосымшаларды тілдік материалға сәйкес бөліп қарауы, әлі де әртүрлі пікір қалыптастыруға негіз болып жүрген аффикстерге берген тұжырымды ойлары, етістіктің грамматикалық топтарына байланысты құнды пікірлері қазақ тіл білімінің нәтижелері негізінде жасалатын қазіргі қазақ тілінің функционалды грамматикасын қалыптастыруға қосылатын құнды көзқарас, тұжырымдары деп санаймыз. Міне осы айтылғандар зерттеу нысанына алынып отырған тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Қазақ тілінде морфология атауы мен зерттеу нысандары түрліше аталып және анықталып келді. Сол басы даулы басталған мәселенің әлі күнге дейін шешімі толық табылды деп айта алмаймыз. Өткенге көз жіберсек, қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалым А. Байтұрсынов еңбегінде морфология деген термин қолданылмайды, морфологияның зерттейтін объектілерін сөз тұлғасы, сөз мағанасы [1,55] деп береді. Яғни, ғалым нақты атап көрсетпесе де, этимология деп қабылдағанды дұрыс көреді. Себебі, оған дейінгі ғалымның негізге алған еңбектерінде кейде фонетика саласы грамматиканың бір бөлігі ретінде енгізілсе, морфология этимология деп аталып, оған синтаксистің кейбір элементтері де кіреді. ХІХ ғасырдың аяқ кезіне дейін этимологияны грамматиканың бір тарауы, оның нысаны - фонетика мен морфологияның негізгі ережелерін зерттеу деген түсінік қалыптасқаны белгілі.
Профессор Қ. Жұбанов морфологияны сөз құрылысы деп алып, сөз-сөздің қалай құралатынын жалпы түрде қарайтын ғылымды жалпы морфология дейміз [2,163] деп анықтама берсе, С. Аманжолов морфологияның қарайтын объектісі - сөздің құрылысы, құрамы, өзгерісі деп, оның себебі ‑ әр тілде жаңа сөз тудыру жолы әр түрлі [3, 66] деген уәж айтады. К. Аханов сөздердің морфологиялық құрылымы мен типтері, морфема мен оның түрлері, сөздердің түрленуі, олардың формалары мен сөздердің лексика-грамматикалық топтары туралы ілім [4,269] деген анықтама береді. 1967 жылғы Қазақ тілінің грамматикасы (І бөлімінде) және Қазіргі қазақ тілі оқулығындағы А. Ысқақовтың сөз және оның формалары туралы ілім [5,10] деген анықтамасы қазіргі таңда негізгі бағдар ретінде қолданыста. Бұл оқулықтың морфологиялық зерттеулердің көш басында тұратын еңбек екендігінде күмән жоқ. Онда сөз және оның морфологиялық құрылымынан бастап, сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары, сөз формалары мен олардың жасалу тәсілдері, сөз таптары мен олардың жасалу тәсілдеріне қатысты мәселелер ғылыми тұжырымдар арқылы нақты көрсетілген.
Н. Оралбай тілдің морфологиялық құрылысын зерттейтін, яғни сөздің грамматикалық түрлену сипатын зерттейтін ғылым [6,4], Т. Сайрамбаев Морфология - әрбір тілдегі сөз таптары туралы ғылым, ол тілдегі бүкіл сөздердің мағыналық жиынтығы, ол он сөз табына қатысты сөздердің ішкі құрамын зерттейді, Б. Қасым морфема ретіндегі сөз және сөздің формалары, сөз тұлғаларын білдіретін грамматикалық мағыналар туралы ілім [7,197] деген анықтама береді.
А.Салқынбай Сөз құрамы терімсөзін (термин - автор) морфологияның баламасы ретінде қабылдап, оған ерекше терімдік мағына береміз. Сөз құрамы - сөз таптарын біріктіретін, олардың грамматикалық тұлғалары мен категорияларын, сөздің тұлғалануын зерттейтін грамматиканың бір саласы [8,198-199] деп жаңа балама ұсынады.
Морфология грек тіліндегі morphe - форма және logoz - ілім деген мағынаны білдіреді. Яғни, сөз формасы, тілдің морфологиялық құрылысын зерттейтін ғылым. Тілші‑ғалымдардың анықтамалары бойынша, тіл білімінің морфология саласы сөздерді жеке алып қарастырмай, оларды жалпы алып, сөз топтарына топтастырып, әр сөз табының өзіне тән грамматикалық ерекшеліктерін қарастыратын ғылым. Жеке дара тұрғандағы сөздің лексикалық мағынасы болғанымен, басқа сөздермен байланысқа түсуі үшін грамматикалық мағынаны қажет ететіні белгілі. Лексикалық мағына да, грамматикалық мағына да сөздердің байланысуынан анық аңғарылады. Екеуінің де обьектісі - сөз. Морфология осы сөздердің формасын, яғни, сөздің негізгі түбірін, сөздің түрлі қосымшалар қосылғандағы түрлерін, сөз тіркестерін тексеретін ғылым. Сонымен қатар, тілдегі сөздердің атқаратын қызметтеріне қарай топтарға бөлу, әр сөз табына тән категорияларды анықтау міндетін де қоса атқарады.
Десек те, соңғы кезде морфологияның зерттеу аясы тарылып барады. Морфологияның зерттеу нысаны болып табылатын қосымшаларды сөзжасамға бөліп, ал жалғауларды синтаксистің үлесіне тиесілі деген пікірлер бой көтеріп келеді. Осы мәселеге қатысты профессор‑ғалымдар да өз күмән‑күдіктерін де жариялаған болатын.
Профессор Б. Момынова Соңғы жылдардағы ғылымның дамуына сай сөзжасам сала ретінде жеке бөлініп шықты. Жеке сала болып таныла бастаған сөзжасамның аналитикалық, синтетикалық және лексика‑семантикалық тәсілдері осыған дейін жекелеген сөз таптарының грамматикалық сипатын тудырушы амалдар ретінде, мысалы, қосымшалар арқылы туындауы (синтетикалық) және сөздердің қосарлануы, бірігуі, тіркесуі (аналитикалық) жеке сөз таптарының аясында қарастырылды. Яғни есім сөздерден етістік тудыратын қосымшалар немесе етістіктен зат есім, сан есім, т.б. жасайтын жұрнақтар, есім сөздерден зат есім, сын есім, үстеу тудыратын жұрнақтар, т.б. сөз таптарына байланысты ескерілді. Сонымен бірге сөз мағынасының кеңеюі, тарылуы, ескі мағынасының мүлдем жойылып жаңа мән иеленуі, трансформациялану нәтижелері лексика деңгейінде тіліміздің сөздік қорының лексикалық деңгейде баюы деп танылды, әлі де солай деп саналғанмен, осыған дейінгі морфологияға байланысты принципті түрдегі ұстанымдар (сөз тудырушы жұрнақтарға, сөз таптарының жасалу жолдарына, т.б. қатысты) айқындығын жоғалтқандай әсер тудыра бастады [9,6] деп сөздерді сөз топтарына бөлудегі үш принциптің бірі - морфологиялық принциптің бағдары өзгеріп бара жатқандығын айтса, профессор Т. Сайрамбаев Морфология: кеше, бүгін атты мақаласында: Жұрнақ түбір күйіндегі сөз таптарының аясын кеңейтуші, жаңартушы, олардың санын көбейтуші қасиетімен ерекшеленеді. Жұрнақтардың осындай қасиеті бола отырып, сөзжасам пәнінің дүниеге келуі морфология саласына үлкен қиындық тудыруда. Солай болатын болса:
oo морфология саласының аясы тарылады;
oo морфология қосымшалардан тек жалғаулармен ғана шектеледі;
oo зат есімнен зат есім, басқа сөз табынан зат есім тудыру мәселесі ескерусіз қалды.
oo басқа сөз таптары да осылай;
oo бір сөзде, мысалы білімсізге - сөзіндегі қабаттасып келген жұрнақтар бұл сөзден алынып, сол сөздің түбіріне тек жалғау жалғасақ қандай күйге түспек?
oo жұрнақсыз әр сөз табына қатысты сөздер не болмақ ?
oo жұрнақсыз әр сөз табының не болатынын ойлау керек. Сонда қозылы қойдан қозысын ажыратқан кезде екеуінің маңырағанындай, әр сөз табы өзінің аясын көбейтуші жұрнақтардан мүлдем қол үзбей ме?
Ал осыдан сөзжасамнан не ұттық? [10, 232-233] деген мәселені ашық қойып, қосымшасынан айырылған морфология саласының келешегіне жанашырлық танытады. Ғалымдар бұл мәселені орынды көтеріп отыр. Қазіргі таңда күмәнді мәселенің басы ашылмаса, морфологияның келешегі де, зерттеу нысандары да бұлыңғыр болып, ертеңгі ұрпақ алдында көптеген сұрақтарға жауап таба алмауымыз мүмкін.
Кезінде Ы.Е. Мамановтың: Қазақ тілінің, басқа түркі тілдері сияқты, сөздерінің морфологиялық құрылысын тануда ең басты роль атқаратын оның алуан түрлі аффикстері болып саналады [11,156] деген пікірі қазір де негізге алынғанымен, одан бергі жылдарда сөздердің морфологиялық құрылымы, олардың сөз тудыру, форма тудыру тәсілдері мен жүйелері өздерінің даму процесін бастан кешірді.
Қазақ тілінде жазылған грамматикаларда, атап айтсақ, 1967 жылы жарық көрген академиялық Қазақ тілі грамматикасында сөз тудыратын, сөз түрлендіретін, сөз жалғастыратын қосымшалар деп берілсе, А. Ысқақов [5,25], Т. Аханов [4,25], А. Қалыбаева (жұрнақ, жұрнақша, жалғау) [12,15] т.б. ғалымдар еңбектерінде, сол сияқты қазақ тілі морфологиясы бойынша жазылған еңбектерде қосымшалар сөз тудырушы, форма тудырушы, сөз байланыстырушы болып үш топқа бөлінеді. Ы. Маманов, С. Исаев сөз тудырушы және форма тудырушы (жалғаулар, жұрнақтар) [13,15] деп екіге жіктейді. Н. Оралбай грамматикалық мағыналы қосымшалар (жалғауларды, грамматикалық жұрнақтарды жатқызады) мен сөзжасамдық қосымшалар (сөзжасамдық жұрнақтарды жатқызады) [6,5],-деп жіктесе, А. Салқынбай қосымшаларды негізгі мазмұны мен ішкі мағынасына қарай сөз тудырушы және тұлға тудырушы деп бөледі де, сөз тудырушы тұлғалар атау жасау қасиетіне ие болғандықтан, сөзжасамдық мағына бар болғандықтан, сөзжасам саласының зерттеу нысаны ретінде морфологияда қарастырылмайды деп есептейді. Тұлға тудырушы қосымшаларды қызметі мен ішкі грамматикалық ерекшеліктеріне байланысты былай жіктейді:
Лексика-грамматикалық тұлға тудырушы қосымшалар (сын есімнің шырай жұрнақтары, рең мәнді жұрнақтар, сан есім жұрнақтары, салт-сабақты етістік, етіс, болымды-болымсыз етістік категориялары);
Грамматикалық тұлға тудырушы қосымшалар: рай, шақ, жақ тұлғалары; зат есімнің жалғаулары (септік, көптік, тәуелдік), жіктік жалғауы;
Қызметтік мән туғызушы қосымшалар: қимыл есім, есімше, көсемше;
Қос қызметтегі (қос функциялы - Е. Шаяхметов) тұлға тудырушы қосымшалар [8,214].
Демек, ғалымның пікірінше, жоғарыдағы тұлға тудырушы қосымшалар морфологияның үлесіне тиеді де, сөзжасам негіз сөздің мағынасы арқылы жаңа туынды атаудың жасалу жолдары мен тәсілдерін анықтайды. Морфологияда негіз сөз сөздің түбірі делініп зерттелсе, сөзжасамда сөзжасамдық тұлға ретінде айқындалады. Яғни, сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық саты, сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық тізбек бойынша қарастырылады, оның өзіндік ұғымдары, бірліктері бар сала. Негізгі зерттеу нысаны - туынды сөз. Ал туынды сөз морфологияның зерттеу нысанына айналған қосымшалар арқылы да жасалады.
Бұл мәселе сөздердің грамматикалық категорияларына қатысты. Мысалы, сан есім, есімдік, үстеу т.б. сөз таптарының грамматикалық категориясы болмауы мүмкін, себебі, бұл сөз таптары белгілі парадигмалық жүйеге бағынбайтын, грамматикалық, тұлғалық түрлері жоқ сөздер. Ал грамматикалық категориялары бар сөз таптары - зат есім, сын есімнің сапалық түрі, етістік. Таратып айтар болсақ, зат есімнің сан‑мөлшер (көптік) категориясы, сапалық сын есімнің шырай категориясы, етістіктің салттылық‑сабақтылық категориясы, етіс, рай, шақ, жақ категориясы. Байқап отырғанымыздай, грамматикалық категориялардың түрлену жүйесі біркелкі емес. Олардың морфологиялық көрсеткіші болып табылатын грамматикалық тұлғалары бірде таза грамматикалық мағына үстеп тұрса, бірде лексика‑семантикалық сипатқа ие болып тұр.
Ал тіліміздегі көптік, септік, тәуелдік жалғаулары түбір білдіретін грамматикалық заттық мағынаға ешбір нұқсан келтірмей, сандық, мөлшерлік, меншіктілік т.б. мағыналар үстеп, сөйлемді байланыстыру қызметін атқарады. Соңғы қызметіне қарап ол жалғауларды синтаксис саласының зерттеу нысанына беру керек пе, жоқ па деген ой да қылаң беріп қалады. Қазақ тілі грамматикасының көшбастауы болған еңбектерде жалғауларды синтаксисте қарастыруы да ойланарлық жағдай.
Қорыта келгенде, морфологияда басы ашылмай жатқан мәселе жетерлік. Мақаламызда морфология саласына, оның зерттеу нысанына қатысты ғалымдардың айтқан ой‑пікірлерін, тұжырым, қағидаларын қайта қарауды, тереңірек зерттеуді қажет ететін тұстары бар екендігіне көз жеткіздік.

1.2 Сөздің морфологиялық құрылымы

Адам санасында түйінделген ұғымдар сөзбен белгіленгенімен, органикалық бірлікте емес. Сол себептен әр халықтың тілі әр басқа. Әр тіл өзінің ішкі дамуына сәйкес әр алуан өзгеріске түсіп, тілдің грамматикалық құрылысы қалыптасады. Сөз және сөздің грамматикалық құрылымы туралы анықтама беру үшін, басқа тілдерде қолданылатын кейбір грамматикалық терминдерді қолданбас бұрын, тілдік материал негізінде анықтап алу қажет.
Сөздердің грамматикалық құрылымын қарастырмас бұрын, сөз дегеніміз не және ол қандай тұлғаларға бөлінеді деген мәселеге тоқталады. Сөзге анықтама берудің әртүрлілігі қай ғалымның қандай тілді зерттеп, қай тұрғыдан айтқан пікіріне байланысты әртүрлі болып келе береді. Сол сияқты түркі тілдерін зерттеуші мамандар тарапынан сөзге берілген анықтамалар ішінде де айырмашылықтар кездесіп отырады. Оған Н.А.Баскаков (1963), Э.В.Севортян (1971) берген анықтамаларды, сондай-ақ белгілі қазақ ғалымы Н.Сауранбаев дәлелдемелерін келтіруге болады. Тілші-ғалым Ы.Мамановтың сөз, морфема туралы пікірі жоғарыда айтылған анықтамалардан басқаша. Қазіргі қазақ тілі еңбегі мен Сөз, морфема, қосымша туралы түсінік атты мақаласында түбір сөз бен түбір морфеманың өзіндік айырмашылықтарын ғылыми негізде сипаттап көрсетеді [1, 18-20 б.], [2, 6-8].
Белгілі лингвист ғалымдардың морфема тілде дербес қолданылмайтын, тек сөз құрамында қолданылатын сөз бөлігі дейтін анықтаманың флективті тілдерге бірдей ортақ қағида екендігіне назар аударады.
Орыс тілі - флектив (жүйелі) тіл, ал қазақ тілі - аглютинативтік (жалғамалы) тіл. Орыс тілінің сөздік құрамына енетін атауыш сөздер лексика-грамматикалық формалар (словоформа), яғни орыс тіліндегі сөздер түбір сөз және сөздің грамматикалық формалары деп екі топқа бөлінбейді. Ы.Е.Мамановтың көрсетуінше, қазақ тіліндегі негізгі түбір сөздерді, орыс тілінің үлгісімен механикалық түрде, морфемаға жатқызу дұрыс емес. Орыс тілінде түбір сөз (корень) дербес сөз емес, ол - сөз мұқылы ғана. Орыс тілінде сөз бөлшектеріне бөлінбейтін мужской род формасындағы зат есімдер ғана. Олар грамматикалық формалармен түрленгенде, қазақ тіліндегі түбір сөздер тәрізді өзінің бастапқы қалпын сақтайды. Бірақ бұлар зат есімнің мужской родын білдіретін грамматикалық форма болып саналады. Ал, қазақ тіліндегі түбір сөздер грамматикалық форма емес, олар сөз таптарының форма тудырушы қосымшаларымен түрленгенде ғана грамматикалық формаға енеді [1, 8].
Грамматикалық құбылыстар жөнінде пікір алалығы түркі тілдерін зерттеушілер арасында жиі кездеседі. Осымен байланысты форма тудырушы қосымшалар мен жалғауларға берілген түсініктемелер әлі де жеткіліксіз бе деген ойға саяды. Сөйтіп, қазақ тіліндегі қосымшаларды тілдік материалға сәйкес, тілдің аглютинативті табиғатына сүйенген ғалым Ы.Е.Маманов сөз тудырушы және форма тудырушы деп екі топқа бөліп қарау арқылы ғана сөздің морфологиялық құрылымын лингвистикалық тұрғыдан дұрыс тануға болады деп есептейді.
1.2 Қос қызметті аффикстер. Қазақ тілі аглютинативті тілдер тобына жатады. Сонымен байланысты сөзжасам және сөзтүрленім қызметін көбінесе қосымшалар атқарады. Қосымша термині алғашқы грамматикаларда приставка, послелог, частица делініп түрліше аталды. Қосымша терминін алғаш қазақ тіліне енгізген белгілі ғалым А.Байтұрсынұлы жалғанған сөзінің тұлғасын ғана өзгертіп, мағынасын өзгертпейтіндерді - жұрнақ деп атаған. Қ.Жұбанов болса, жұрнақ терминінің орнына үстеу терминін қолдануды ұсынған.
Ал Ы.Е.Маманов қосымшаларды, ең алдымен, не сөз жасайтын қосымшалар не форма ғана жасайтын қосымшалар деп жіктеу қажет деген концептуалды пікір ұсынады. Кейін Ы.Мамановтың осы концепциясын дамытқан ғалым С.Исаев қосымшаларды осы негізде бөліп көрсеткен. Ғалым еңбегінде қосымшаларды осы үлгіде жіктеуде өзгешелік кездеседі. Ол сөзжасам қосымшаларының бір тармағы етіп - функциялық қосымшалар деген бөлікті қосады. Бұл қосымшалар - -дай, -дей, -ша, -ше, -сыз, -сіз, -ғы, -гі қосымшалары. Ғалым бұл қосымшаларды жаңа сөз де тудырмайтын, форма да тудырмайтын, контексте ғана өмір сүретін сөзжасам қосымшаларының ерекше қолданысы деп атайды [5, 226 б.].
Қазақ тіл білімінде жоғарыда сөз болған қосымшалардың тілдік табиғаты туралы ең алғаш тың пікір айтқан ғалым Ы.Е.Маманов болды. Ғалымның Лекциялар курсы қазақ тілі морфологиясының өзекті мәселелеріне, оның ішінде сөзжасам мен формажасамның аражігі мен есім сөз таптарының құрамында қаралып жүрген қосымшалардың сөзжасамдық, формажасамдық қызметтерін анықтауға арналған. Ы.Е.Мамановтың жетекшілігімен шәкірті Қ.Шаяхметов Екі функциялы аффикстер тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады (1973)
Қазақ тіл білімінде жоғарыда аталған қосымшалар Ә.Болғанбаев, Ә.Төлеуов, Ибатов, Ғ.Қалиев, М.Томанов, А.Ысқақов т.б. ғалымдар еңбектерінде сөзжасамдық қырынан біржақты ғана қарастырылған.
Бұл аффикстердің форма тудыру қызметін ашып айтпағанмен, өзіндік ерекшелігіне баса назар аударған Ғ.Мұсабаев пен Н.Оралбаева болды.
Бұдан кейінгі кезекте әртүрлі пікір қалыптастырып, әр бағытта қарастырылып жүрген аталған қосымшалар туралы айтқан Ы.Е.Мамановтың пікірлеріне жүйелі түрде талдау жасалады. Бұл қосымшалар А.Ә.Жаңабекованың кандидаттық диссертациясында талданып, Ы.Мамановтың тұжырымдарын басшылыққа алады [6].
1.3 Профессор Ы.Маманов қазақ тіліндегі шырай категориясы туралы. Қазақ тілінде сын есімнің шырай категориясының зерттелуіне біраз ғалымдарымыздың үлес қосқандығы белгілі. Алайда шырайдың грамматикалық топтарына қарай бөлуде бірізділіктің жоқтығы байқалады. Мәселен, кейбір оқулықтарда - қыл, -ғыл, -қылт, -тым, -шыл, -шіл, -ғыш, -гіш жұрнақтары салыстырмалы шырай құрамында беріледі. Яғни шырай түрлерін анықтауда қандай принципке сүйенеміз деген мәселенің басы ашық емес екендігін алғаш байқаған Ы.Маманов шырай мәселесінде екі түрлі жағдайға баса назар аударған. Оның бірі - жоғарыда аталған сынның белгісін білдіретін жұрнақтарды сөзжасам жұрнақтарына жатқызу керек пе, әлде шырай категориясында қарала ма деген сұрақ болса, екіншісі - жай шырайдың шырай парадигмасының құрамына ене ме, яғни шырайдың бір түрі ретінде грамматикалық қатарға (граммема) жата ма деген мәселе.
Қазақ тіл білімінде шырай категориясының грамматикалық сипатына А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Ғ.Мұсабаев, Ә.Төлеуов, А.Ысқақов, М.Томанов, Ы.Маманов, С.Исаев т.б. ғалымдар арнайы тоқталған.
Ы.Маманов нөлдік форма теориясын сөз ете отырып, жай шырай, негізгі етіс деп аталып жүрген шырай, етіс түрлерінің жоқ екеніндігін, олардың тек түбір сөздермен тұлғалас келетінін дәлелдейді [2, 76-77 б.]
С.Исаев жай шырай мәселесінде Ы.Мамановтың пікірлерін толық қолдаған [5, 140 б.].
Сонымен, Ы.Маманов шырай категориясына байланысты екі мәселенің басын ашып берді: бірі - шырай категориясындағы жай шырай деп аталатын түрінің шырай формасы бола алмайтындығы, оның басқа шырай формаларына негіз болатын түбір сөз екендігі, екіншісі - ғыш, -шыл, -қай т.б. жұрнақтарының шырай жұрнақтарына жатпайтындығы, оларды грамматикалық абстракция жасамайтындықтан сөзжасам қосымшаларына жатқызу қажеттігі. Ғалымның пікірінше, қандай да бір тілдік құбылыс сол тілдің тілдік заңдылығына бағынуы керек. Олай болса, шырай жұрнақтарын сөзжасам қосымшалары мен форма тудырушы қосымшаларға қойылатын талаптар бойынша саралаған ғалым пікірлерінің құндылығы дау тудырмайды.
1.4 Қазақ тіліндегі көптік форма туралы. Көптік категориясы жайлы тіл білімі жөніндегі оқулықтарда арнайы баяндалады. Түркі тілдерін зерттеген ірі ғалымдарымыз Малов, А.В.Баскаков, А.Н.Кононов, Н.К.Дмитриев еңбектерінде көптік категориясы жайлы пікірлер айтылған. Ал қазақ тілінде бұл мәселеге алғашқылардың бірі болып арнайы тоқталған ғалым - профессор М.Балақаев (1940). Сондай-ақ Н.Оралбаева (1959), А.Д.Данияров (1965), А.Ысқақов (1965) еңбектерінде жалғасын табады. ...С.Исаевтың қазақ тіліндегі көптік жалғаудың негізінен жұрнақтық функциясы жайлы айтқан пікірі шын мәнінде тілдік жүйеге, оның тілдік заңдылықтарына сүйеніліп жасалғандығы анық. Көптік жалғаудың жалғаудың басқа түрлерінен ерекшеленетін осы белгісі - қосымшаларды жіктеу мәселесінде ескерілуі қажет.
Ы.Маманов көптік формаға байланысты мынадай тұжырым жасаған: Қазақ тілінде грамматикалық көптік форма біреу-ақ. Ол - лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер қосымшалары арқылы жасалады. Әрбір грамматикалық форманың өзіне тән грамматикалық мағынасы болады. Кейбір грамматикалық форманың өзіне тән грамматикалық мағынасы болады. Кейбір грамматикалық формалардың бірнеше мағыналық қырлары болуы мүмкін [1, 31-36 б.]... Қазіргі функционалды грамматикада бір ойдың әртүрлі жолдармен берілу тәсілі бар. Яғни, функция әртүрлі тілдік құралдар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін және бір құралдың өзі әртүрлі функция атқара алады [Тіл білімі сөздігі.А.,1998. 417 б.]. Ы.Е.Маманов көптік ұғымның түрлі берілу жолдарын танып, оларды әр басқа категория деу ағаттық екенін дәлелдейді. Функционалды грамматика тұрғысынан келгенде, ғалымның болжамын біз дұрыс шешім деп қабылдаймыз.
1.5 Ы.Маманов қазақ грамматикасындағы нөлдік форма туралы. Тіл білімінде кейбір грамматикалық формадағы сөздер грамматикалық көрсеткішсіз-ақ нөлдік формада қолданылады. Нөлдік форма термині ғылымда нөлдік жалғау, нөлдік морфема, нөлдік форма, нөлдік қосымша, нөлдік таңба т.б. терминдермен белгілі болды. Нөлдік форма теориясының пайда болуына Фердинанд де Соссюрдің тілдік таңба теориясы негіз болды. Ф.Соссюр грамматикалық мағына білдіруші көрсеткіші жоқ сөз формасы басқа сөз формаларымен салыстыру арқылы, солардан өзгешелігі арқылы танылады дейді.
Нөлдік форма жайлы мәліметтер алғаш Ф.Ф.Фортунатов еңбектерінен басталады. Ол атау септік формасын ең алғаш рет басқа септік формаларымен бірдей грамматикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Морфология тарауын оқытуда жеке тұлғаның белсенділігін арттыру жолдары
Ахмет Байтұрсынұлының термин қалыптастырудағы рөлі
Лингвистикалық практика
Негізгі зерттеу нысаны - туынды сөз
Тұрақты тіркестерді аударудағы лингвомәдени аспект
Eтістіктің грaммaтикaлық кaтeгoриялaрының өзіндік eрeкшeліктeрі
Ежелгі Кытай тіл білімі
Жақсыз сөйлемнің түрлері
Етістік категориялары
Тіл білімі тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі
Пәндер