Жұрнақтардың шығу тектері мен даму тарихының сипаттамалары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3бет

І ТАРАУ ЖҰРНАҚТАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕКТЕРІ МЕН ДАМУ ТАРИХЫНЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ

1.1 Сөз түрлендіруші жұрнақтарының қолжазба тіліндегі сипаты мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4.9бет
1.2 Сөз тудырушы жұрнақтарының жасалу тарихы мен зерттелу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9.17бет

ІІ ТАРАУ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖҰРНАҚТАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.2 Қазақ тіл біліміндегі жұрнақтардың жіктеу мәселесі ... ... ... .18.23бет
2.2 Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақтардың өзіндік сипаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24.27бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... 29бет
Тақырыптың өзектілігі: Тіл және сөздің жасалуы – талай заманның жемісі. Тіліміздің сөздік құрамы көптеген замандар бойында дамып, жаңа сөздермен толығып, байып келеді.
Қазақ тілінің лексикасы басқа тілден енген сөздер арқылы да толығып, дамып отырады. Дүниежүзіндегі халықтар бір-бірімен қарым-қатынаста болып, бірінен екіншісіне сөз ауысып отырады. Қазақ тілі лексикасында араб-иран тілдерінен (ғасыр, қайрат, мағлұмат), орыс тілінен (самаурын, жәшік, бәтеңке), батыс еуропа тілдерінен (курорт) сөздері енген. Жалпы қазақ тілі лексикасында орыс тілінен енген сөздер өте көп.
Түбір сөзге қосымша жалғану арқылы жасалған жаңа мағыналы сөзді туынды түбір дейді: жұмыс-шы, біл-ім-гер. Туынды сөзге қосылып жаңа мағыналы сөз тудырып немесе сөзді түрлендіріп, басқа сөзбен байланыстырып тұрған бөлшегін қосымша дейміз. Қосымшаның қазақ тілінде екі түрі бар: жұрнақ және жалғау. Өзінің жалғанған сөзінен жаңа мағыналы сөз тудыратын қосымша сөз тудырушы жұрнақ, ал жалғанған сөзінің негізгі мағынасын өзгертпей, оған тек үстеме мағына қосатын қосымша сөз түрлендіруші жұрнақ деп аталады. Ал олардың ерекшеліктерін айқындай кез-келген тіл маманының міндеті болып табылады. Сондықтан курстық жұмыстың басты көкейтестігі осы болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты:Қазақ тіліндегі сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақтарының ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу;
2. Жұрнақтардың мағыналық түрлерін, жіктелу тармақтарын анықтау.
3. Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақтардың ерекшеліктерін сипаттау;
Зерттеу әдістері: теориялық әдістер, баяндау, салыстыру, жүйелеу, талдау, сараптау, қорыту, бақылау және тәжірибеден өткізу.
1. Маманов Ы.Е. «Қазіргі қазақ тілі. Лекциялардың текстері».- Алматы,
1973. – 89 б.
2. Маманов Ы.Е. «Сөз, морфема, қосымша туралы түсінік», «Қазақ тілі мен әдебиеті». – 1991, №7. -17-19 б.
3. Гвоздев А.Н. «Современный русский язык». Часть 1, 1961. – 118.
4. Виноградов В.В. «Русский язык». 1944. – стр. 25.
5. Исаев С. «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты». Алматы: Рауан, 1998. – 303 б.
6. Жаңабекова А.Ә. «Сөз формаларын жасаудағы қосымшалардың функциялық ерекшеліктері». Канд. дисс. – Алматы, 2001.-160 б.
7. Маманов Ы. «Қазақ тіліндегі көптік форма», «Қазақ тілі мен әдебиеті. 2-шығуы». – Алматы, 1973.-31-36 б.
8. Омарова А. «Қазақ тіліндегі нөлдік морфеманың функционалдық және семантикалық аспектісі». Ф.ғ.док.дисс. – Алматы, 2006.-281 б.
9. «Қазақ тілінің грамматикасы». – Алматы, 1967. – 264 б.
10. Мырзабеков С. «Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің құрылымына
статистико-лингвистикалық талдау». КД, 1973. – 242 б.
11. Жұбанов Қ. «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер». – Алматы: Ғылым, 1966. –362 б.
12. Байтұрсынов А. «Тіл тағылымы». – Алматы: Ана тілі, 1992. – 446 б.
13. Маманов Ы. «Қазіргі қазақ тілі. Етістік». – Алматы: Мектеп, 1966. – 156 б.
14. Бондарко А.В. «Принципы функциональной грамматики и вопросы
Аспектологии». – Ленинград, 1983. – 208 б.
15. Түймебаев Ж. «Өткен шақ формаларының транспозициясы», «Қазіргі қазақ әдеби тілінің грамматикалық құрылымы». – Алматы, 1983.-94-101 б.
16. Ұйықбаев И.Қ. Қ»азақ тілі методикасының мәселелері». Алматы, 1996ж.
17. Қараев М.Ә. Қазақ тілі. Алматы, «Ана тілі» 1993ж.
18. Қойшыбаева А. «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың әдістемесі». Алматы, «Рауан» 1996ж.
19.Құлмағанбетова Б. «Қазақ тілін оқыту методикасы». Алматы, «Мектеп» 1988ж.
20.Дәулетбекова Ж. «Қазақ тілі» (әдістемелік нұсқау) 6-сынып, Алматы, «Атамұра» 2002ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3бе т

І ТАРАУ ЖҰРНАҚТАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕКТЕРІ МЕН ДАМУ ТАРИХЫНЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ

1.1 Сөз түрлендіруші жұрнақтарының қолжазба тіліндегі сипаты мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-9бет
1.2 Сөз тудырушы жұрнақтарының жасалу тарихы мен зерттелу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9- 17бет

ІІ ТАРАУ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖҰРНАҚТАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.2 Қазақ тіл біліміндегі жұрнақтардың жіктеу мәселесі ... ... ... .18-23бет
2.2 Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақтардың өзіндік сипаттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24-27бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ...29бет

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Тіл және сөздің жасалуы - талай заманның жемісі. Тіліміздің сөздік құрамы көптеген замандар бойында дамып, жаңа сөздермен толығып, байып келеді.
Қазақ тілінің лексикасы басқа тілден енген сөздер арқылы да толығып, дамып отырады. Дүниежүзіндегі халықтар бір-бірімен қарым-қатынаста болып, бірінен екіншісіне сөз ауысып отырады. Қазақ тілі лексикасында араб-иран тілдерінен (ғасыр, қайрат, мағлұмат), орыс тілінен (самаурын, жәшік, бәтеңке), батыс еуропа тілдерінен (курорт) сөздері енген. Жалпы қазақ тілі лексикасында орыс тілінен енген сөздер өте көп.
Түбір сөзге қосымша жалғану арқылы жасалған жаңа мағыналы сөзді туынды түбір дейді: жұмыс-шы, біл-ім-гер. Туынды сөзге қосылып жаңа мағыналы сөз тудырып немесе сөзді түрлендіріп, басқа сөзбен байланыстырып тұрған бөлшегін қосымша дейміз. Қосымшаның қазақ тілінде екі түрі бар: жұрнақ және жалғау. Өзінің жалғанған сөзінен жаңа мағыналы сөз тудыратын қосымша сөз тудырушы жұрнақ, ал жалғанған сөзінің негізгі мағынасын өзгертпей, оған тек үстеме мағына қосатын қосымша сөз түрлендіруші жұрнақ деп аталады. Ал олардың ерекшеліктерін айқындай кез-келген тіл маманының міндеті болып табылады. Сондықтан курстық жұмыстың басты көкейтестігі осы болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ тіліндегі сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақтарының ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу;
2. Жұрнақтардың мағыналық түрлерін, жіктелу тармақтарын анықтау.
3. Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақтардың ерекшеліктерін сипаттау;
Зерттеу әдістері: теориялық әдістер, баяндау, салыстыру, жүйелеу, талдау, сараптау, қорыту, бақылау және тәжірибеден өткізу.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: Егер жұрнақ түрлерін оқыту барысында оқушыға берілетін білім түрлері логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырылса; білім берудегі инновациялық технологиялар мен кешенді жұмыс түрлерін бір-бірімен үйлестіре, білім беру нәтижесі оқушының шығармашылық белсенділігін қалыптастыруға бағытталса, онда оқушының бойындағы өмірге қажетті іскерліктер мен дағдыларды дамытудың мүмкіндігі кеңейіп, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі, өйткені қазіргі заманғы жаңашыл тәжірибелер оқушының ой дербестігін, оқу әрекетін жандандыра отырып, жан-дүниесінің ұлттық рухта зерделенуіне, өзіндік жеке пікір қалыптастыруына жол ашады.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ ЖҰРНАҚТАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕКТЕРІ МЕН ДАМУ ТАРИХЫНЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ

1.1 Сөз түрлендіруші жұрнақтарының қолжазба тіліндегі сипаты мен ерекшеліктері

Сөз түрлендіруші жұрнақтар негізінен етістіктің шақ, рай, есімше және көсемше категорияларын жасайды: -ар, -ер, -ур, -үр - р жұрнақтарының қолжазба тілінде мағыналық ауқымы өте кең. Мынадай мағыналарда қолданылады: а. Осы шақ мәнінде: башларам улу теңри ады бирле (ұлы тәңірдің атымен сатаймын), тануқлуқ вирүрмен сенден өзге теңри йоқ (куәлік етемін, сенен өзге тәңір жоқ); йа иләһи сығынурма н саңа рижсден (Ей Аллаһ сиынамын саған ластықтан); ә. Келер шақ мағынасында: йалңузсуң ортағуң йоқ қайтарман саңа (жалғызсың, ортағың жоқ, саған қайтамын), қылғыл мәни анлардан ишидүләр қаулүңи уйарлар қаулүңә (мені сондай адамдардан қыл қаулыңды еститін және қаулыңа мойынсұнатын), қачан бирниче киши ишлесе дүшер өзгелерден (қашан бірнеше кісі істесе өзгелерінен түседі). б. Амал әрекеттің үнемі (бұрын, қазір, келешекте) болатынын, яғни шартты түрде ауыспалы осы шақ мәнінде: йол көстәрүр (жол көрсетеді), ол кидәрүр нәжәсәти андан (ол нәжісті одан кетіреді), `амаллар ниетлерле олур (амалдар ниеттермен болады). в. Есімше мәнінде жұмсалады: йахшылығы кизләр йаманлығы сөйләр буһтандан (жақсылықты жасыратын, жамандықты айтатын жаладан). Бірде осы шақ, бірде келер шақ, енді бірде істік үнемі істелетіндігін білдіретін ауыспалы осы шақ мәнінде жұмсалауы бұл жұрнақтың негізгі ерекшелігі. Себебі қолжазба тілінде осы шақ және келер шақ жасайтын басқа арнай формалар жоқ. Екеуі де осы жұрнақ арқылы жасалады. Қазіргі азербайжан тілінде - ар келер шақ, ал - ыр осы шақ есімше мәнін беруін негізге алған кей ғалымдар ашық дауысты варианты мен қысаң дауысты варианттары арасында қолданылу мәні жағынан айырма бар екендігін алға тартады. Ал кей зерттеушілер тіл тарихында жұрнақтың ашық-қысаңдығы ешқандай роль атқармаған дейді [70, 87]. Қолжазба тілінде де мұндай жіктеліс байқалмайды. Әйтседе - ур - үр ең көп ұшыратын, ал - ар, ер аздау ұшырасатын варианттар. - ар, -ер тұлғасы әрдайым бір буынды (барлығына емес) етістіктерге ғана жалғанады. Егер ол етістікке сөз тудырушы жұранақ жалғанғанда - ар да өзгереді: дүшер-дүшүрүр.
Бұл жұрнақтың болымсыз түрі қолжазбада - маз, -мез тұлғалары: нәжәсәти кидермез қумашдан (ластықты кетірмейді киімнен), бирниче киши ишлесе дүшмез өзгесинден (бірнеше кісі істесе өзгесінен түспейді). Бұл сөйлемдердің болымдысы жоғарыда келтіріді. Түркологияда бұл жұрнақты - ма және - з компаненттеріне бөліп рз ауысуы нәтижесінде пайда болған деп есептейді.
Барлық түркі тілдерінде кездесетін және ең көне форма болып саналатын жедел өткен шақ тұлғасы Муқаддима тілінде буын және ерін үндестігіне сай -ды, -ди, -ду, -дү түрінде төрт фонетикалық вариантта қолданылады. Сөздің соңғы буынындағы дауысты жуан езулік болса - ды, жіңішке езулік болса - ди, жуан еріндіктен кейін - ду, жіңішке еріндіктен кейін - дү тұлғалары жалғанады: айдылды (айтылды), билинди (білінді), кәтүрдүм (әкелдім), оқудум (оқыдым). Алайда ерін үндестігінен ауытқитын кездері де аз емес. Мысалы: ейледүм (жасадым), билдүм (бақмадум), бақмадум (қарамадым), буйурды (бұйырды). Бұл ауытқулардың көбі I жақта келгенде болады. Бұл жалғаулар дыбыс үндестігіне бағынбайды. Қатаң дауыссызға аяқталған сөздерден кейін де д-мен басталатын варианттар жалғанады: дуттум (тұттым), айтды (айтты), өғретди (үйретті), бақды (қарады) т.б.
Ескерткіш тілінде орта ғасырлық басқа жазбалармен салыстырғанда сирек ұшырасатын - мыш, -миш жұрнағы мынадай мағыналарда жұмсалған: а. Өткен шақ мәнінде: Ким ки қылса намазы хақ дин дурғузмышдур (кімде кім намаз оқыса хақ дін тұрғызған болады); терк итсе хақ дин йықмышду (тәрк етсе хақ дін жыққан болады). ә. Есімше мәнінде: дөшенмиш йер үстине (төселген жер үстіне); илик йыллық қылмыш севабы (елу жылдық қылған сауапты). б. субстантивтенген зат есімге айналғандығын да көреміз: ташланмыш (шайтан). - мыш жұрнағының өзінің бұрынғы мағынасымен (есімше, бұрынғы өткен шақ) оңтүстік батыс (оғыз) тілдерінде сақталса, солтүстік батыс (қыпшақ) тілдерінде оның мән-мағыналары - ған есімше жұрнағына ауысқаны белгілі. Қолжазбада - ған жұрнағының белсенді қолданыс табуы - мыш тұлғасының сирек ұшырасуының себебі болса керек.
Шақтық мәндегі - рди, -урды, -үрди жұрнақтары - р есімшесі мен - ды өткен шақ қосымшаларынан құралған құранды жұрнақ. Іс-әрекеттің өткен шақта үнемі, дағдылы түрде істелгендігін білдіреді: Әби Бәкир қачан кимек дилесе су евине дөшерди сежжадесин (Әбубәкір қашан әжетқанаға кіргісі келсе жайнамазын төсейтін еді); бунуң киби ишлерди (осылай істейтін еді); Бұл форманың бір кездері аналитикалық жолмен жасалған өткен шақ формасы болғанын, мынадай даму жолдарынан өткендігін аңғару қиын емес: -р ерди-р иди-рди немесе ишлер ерди ишлер иди ишлерди. Осы күнгі түрік тілінде бұл фома сақталған және - рди, сирек те болса -р иди түрінде де қолданылады.
Бұйрық райдың II жақ жекеше түрі етістік түбірлер екендігі мәлім: айт, арыт, дүшүр, қыл т.б. Алайда етістік түбірге - ғыл, -қыл, -кіл жұрнақтары жалғану арқылы да бұйрық мәні жасалған: қылғыл (қыл), сегеткил (йіскет). Ж. Дени, Котвич секілді ғалымдар - ғыл жұрнағының шығу тегі қыл- көмекші етістігі екендігін, аналитикалық қолданылыс салдарынан жұрнаққа айналғандығын айтады [66, 234]. Мұны бізде қолдаймыз. Себебі муқаддима тіліненде мұның дәлелін көруге болатын секілді. йа иләһи аққыл йүзүмү (Ей Аллаһ! Ағарт жүзімді). Сондай-ақ бұл тұлға бұйрық мәнінен гөрі қалау, тілек мәнінде де қолданылғанын аңғарамыз: йа иләһи сегеткил паңа жәннәт қоқусындан (Ей Аллһ иіскет искете гөр маған жәннәт иісінен). Бұйрық райдың II жағы ңуз, -ңүз, -уңуз, -үңүз, -уң, -үң қосымшалары арқылы жасалады: ейлеңүз (жасаңыздар), йуңуз (жуыңыздар), вирүңүз (беріңіздер), дуруңуз (тұрыңыздар), қылуң (қылыңдар), идүң (етіңдер) т.б. Ал III жақ - сун - сүн тұлғасында: олсун (олсын), алсун (алсын), ейлесүн (жасасын). Кей зерттеушілер бұйрық рай қосымшаларының шығу төркінін тәуелдік жалғауларымен байланысты деп қараса, енді бірі бұл қосымшаларды жіктік жалғауының 3-типі санайды.
-ғай, -гей қолжазба тілінде қалау рай мәнінде жұмсалған: алғай (алғай), ейлегей (жасағай), йазылғай (жазылсын), сөйлемегей (сөйлемегей) т.б. Буын үндестігіне бағынғанымен дыбыс үндестігі заңын сақтамайды. Яғни қатаң ауыссызға аяқталған сөздерге де - ғай, -гей түрінде жалғанады: айтғай (айтқай), ачғай (ашқай), китгей (кеткей), арытғай т.б. - ғай - гей жұрнақтары ең әуелі сөйлешінің ынта-тілегін білдіреді. Яғни қалау рай мәнінде: Тәңри та'ала ачғай аңа секиз учмақ қабусу (Тәңір тағала оған сегіз жұмақ есігін ашсын ашқай). Ким ки оқуса ики кез йазылғай садықлардан (кімде кім екі рет оқыса шейіттерден жазылсын жазылғай). Жоғарыда көргеніміздей бұйрық рай тұлғаларының қалау рай мәні беретіндегі секілді, қалау рай жұрнақтары да бұйрқтық мәнде жұмсалады. Бұл құбылыс қазіргі қазақ тіліне де жат емес. Олардың бұл қасиеттері әрі грамматикалық, әрі семантикалық жақтан тығыз байланыста екендігінің, сондай-ақ бастапқы шығу төркіндерінің бір екендігінің айғағы болса керек: арытғай йүрегини кирден (көңілін кірден тазартсын). күнеше қаршу отурмағай (күнге қарсы отырмасын) т.б. Қолжазбада тек III жақта жұмсалады. Тек бір жерде ғана I жақ жекеше тұлғасында қолданылған: тәрийә аһд ейледүм сөйлемегеймен су евинде (Тәңірге ант етемін, әжетханда сөлемегемін сөйлемеймін). Байқағанымыздай бұл жерде қалау рай мағынасынан гөрі келер шақ мәніне жақын секілді. М. Қашқари да аталмыш еңбегінде -ғай тұлғасын келер шақ жасаушы жұрнақ деп түсіндірген [77, 61]. Тағы бір назар аударатын нәрседе қазақ тілі және қазіргі көптеген түркі тілдеріндегі қалау райың I жақ - айын тұлғасымен ұяластығы. -гейменейминейин немесе қазіргі қазақ жырларында кездесетін болымсыз - ман -мен (барман, сөйлемен) мегейменмейин мен.
Ескерткіш тілінде қалау және бұйрық мәнде қолданылатын жұрнақтардың бірі - а, -е . Буын үндестігіне қарай жуан дауысты буындардан кейін а, жіңішке дауысты буындардан кейін - е тұлғалары қолданылады: вире (бергей), ола (болғай, болсын). Егер сөздің соңы дауыстыға аяқталса түбір мен қосымша арасына й дәнекері кірігеді: ейлейе (жасағай, жасасын), оқуйа (оқығай). Егер қазіргі түркі тілдеріндегі қалау райдың I жақ жекеше - айын тұлғасын -ғай тұлғасымен ұялас десек [66, 236-237] - айын тұлғасына негіз болған жұрнақ осы - а тұлғасы. Оңтүстік батыс тілдерінде қалау райы жіктелгенде бен ал-а-й-ым; сен ал-а-сын; о ал-а түрінде -а -е қалау рай жұрнағы болып шығады. Демек ескерткіш тіліндегі қалау рай мағынасында жұмсалған -а -е және -ғай -гей ұялас, яғни бір жұрнақтың екі түрлі фонетикалық варианттары. Көп қолданылған -ғай, -гей қыпшақ элементі де, -а, -е оғыз элементі болып шығады. Мұны қазіргі тіл фактілері де (қазақ тілінде - ғай, түрік тілінде -а) дәлелдейді.
-са, -се қазіргі қазақ және басқа түркі тілдеріндегі секілді амал-әрекеттің жүсеге асып-аспауының шартын білдіретін шартты рай мағынасында жұмсалады: терк ейлесе йазуқлуқ аңа (тәрк етсе күнә оған); қачан чықса бир несне тенден ол киши йуғай ол йири (қашан тәннен бір нәрсе шықса ол кісі ол жерді жусын). Сен аны көрмесең ол сени көрүр (сен оны көрмесең ол сені көреді). Көріп отырғанымыздай әрі мағынасы әрі тұлғасы жағынан ешқандай өзгешелік жоқ.
Ескерткіш тілінде есімше қосымшалары арасында аса жиі, әрі белсенді қолданыс тапқан - ған, -ген, -қан -кен форманттары. Буын және дыбыс үндестіктеріне бағынады: дәгән (деген), олған (олан), йараған (жараған), башлаған (бастаған), айтқан (айтқан), инжиткен (ауыртқан). Кейде дыбыс үндестігінен ауытқып та жатады: бақған (қараған), доғурқан (туған), йаратған (жаратқан). Орта ғасырлардан бастап кең қолданыс таба бастаған - ған тұлғасы - көне түркілік - миш жұрнағын ығыстырып оның атқаратын қызметін үстене бастаған сияқты. Муқаддима тілінде де - миш есімшесі - ған есімшесімен салыстырғанда өте аз. Қазіргі түркі тілдерінің де - ған жұрнағын қолданатындар - мыш тұлғасын, -мыш тұлғасын қолданатындар - ған тұлғасын қолданбайтындығы белгілі. Қолжазбада - ған жұрнағы басқа ескерткіштер мен қазақ тіліндегідей өткен шақ жұрнағы ретінде кездеспейді. Таза есімше мәнде: жинлер иман кетүрген кече (жындар иман келтірген түні); аққылған күн салихлерүң йүзүни (ағартқан күні шыншылдардың жүзін). Көбіне субстантивтеніп түрлі септік жалғауларын қабылдайды да сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері қызметін атқарады: батғанда (батқанда); олғанда (болғанда), инжиткени (ауыртқанды), йүрүгенүми (жүргенімді) т.б.
-ан, -ен аффикстерінің қызметі мен мағынасы жағынан - ған тұлғасынан ешқандай өзгешелігі жоқ. Екеуі бір жұрнақтың екі түрлі бірі қыпшақ тілдеріне, бірі оғыз тілдеріне тән фонетикалық варианттары: инкәр идән (жоққа шығарған), чықан (шыққан), олан (болған) т.б. Сөз соңы дауыстыға аяқталса й дәнекері арқылы жалғанады: ейлейен (жасаған).
-дық, -дүк орта ғасырлық басқа ескерткіштер тілінде кездесе бермейтін есімше жұрнағы. Дыбыс және ерін үндестігіне бағынбайды: дидүгүмүз (дегеніміз) диледүгүмүз (тілегеніміз) дутдығына (тұтқанына), кирдүкде (кіргенде). Оңтүстік батыс тілдерінде әлі күнге дейін есімше жасаудың өнімді тәсілі болып табылатын бұл формант онша сіңісе қоймаса керек. Себебі өнімсіз болуымен қатар көріп отырғанымыздай тым жүйесіз жалғанған.
Орхон-енисей жазбаларында сирек ұшырасатын - мақ -мек орта ғасырлық ескерткіштер тілінде аса белсенділік танытқан жұрнақтардың бірі. М. Қашқари бұл жұрнақты мастар (қимыл есімі) екендігін айтады [77, 71]. М. Томанов бұл аффикстің қазақ тілінде үш түрлі қызмет атқаратындығын айтады. Әуелі істі атқаруға ниетті екндігін білдіретін етістіктің келер шақ формасын (мақсатты келер шақ) жасаса, қимыл есімі және тұйық етістік жасаушы жұрнақ ретінде қолданылады (бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ) [66, 231]. Алайда кейінгі екеуі өнімсіз. Тілімізде бұл жұрнақтың барлық қызметін - у жұрнағы атқарады. Муқаддима тілінде ең әуелі қимылдың, процестің атын білдіреді: уйқламақ киби ( ұйқтау сияқты); қаты қаты күлмек киби (қатты қатты күлу сияқты); қомақ сағ елини сол ели үстине (оң қолын сол қолы үстіне қою). Тұрлаусыз мүшелер қызметін атқарып, әр түрлі септік жалғауларын қабылдаған: та йақын олғай қурумаға (құрғауға жақын болғанға дейін); башлағай намаз китабына авдазсызлығ аңмағила (намаз кітабына дәретсіздікті еске алумен бастасын). Етістік түбірлерден деректі зат есімдер жасайды. Әрине бұл қызметі оны сөз тудырушы жұрнақтар қатарына жатқызады: йемек (тамақ); йумақ (құлақ жұмсағы) арытғай қарныны харам йәмәкдән (тазартсын қарнын харам тамақтан). ики әлин қалдурмақдур ики қулағ йумағына дәгин (екі қолын көтеру екі құлақ жұмсағына дейін).
Ескерткіш тілінде көсемше жұрнақтары өте сирек ұшырасады. Кездесетіндерінің өзі бір-екі сөзден аспайды. - уб, -үб бірінен кейін бірі істелген екі әрекетті байланыстырады: дүшүб арқасы үстине ишарет ейлейе (арқасымен жатып ишарат жасасын); Күрделі етістік құрамында: егер унудуб олса (егер ұмытқан болса).
-кен көсемше жұрнағы іс әрекеттің істелген кезін білдіреді. Ешқандай үндестік заңына бағынбайды. Буын жуан, жіңішке неменсе сөз соңы қандай дыбысқа бітсе де қалпын өзгертпейді. Себебі и- етістігінің көсемше тұлғасының ықшамдалып қосымшаға айналған түрі. икен -кен (дурур икен (тұрған кезде) дуруркен тұрғанда). Сондықтанда көбіне шақтық тұлғадағы етістіктерге жалғанып амал әрекеттің істелген кезін, уақытын білдіреді: анлар ким зикр идерлер Аллаһа дуруркен дахы отуруркен (олар Аллаға зікір етеді отұрғанда және отырғанда). Етістік түбірге тікелей жалғанатын кезі де болады: егер күчи йитмесе отуркен (егер отырғанда күші жетпесе).
-маздан көсемше жұрнағы негізінде болымсыздық мән береді. Көне түркі тіліндегі - маты, -мети жұрнағының тарихи жалғасы. Қолжазбада бұрын сөзімен тіркесіп бір істің екінші бір істен алдын істелгендігін білдіреді: башламақ қурумаздан бурун (құрғамастан бұрын бастау). ики елин йумақ үч кез чанаға сықмаздан бурун (екі қолын ыдысқа сықпастан бұрын жуу).
-ынча, -инче мерзімді келер шақ мағынасында (-генге дейін) қолданылады. Көне түркі тілінде - ғынча, -гинче формасында осы мәнде жұмсалған және қазіргі тілімізде де сақталған: сәбит олмақдур бу дөрт үстинә өлинжә (бұл төрт нәрсе үстіне өлгенше тұрақты болу); Іс-әрекеттің жүзеге асқан мерзімін (-қан кезде) білдіреді: пампуқ чықынча андан паңа айтты (одан мақта шыққан кезде маған айтты). Ал соңғы мағынада оңтүстік бастыс тілдерінде актив қолданылады. - ғын және - ча элементтерінен құралған құранды жұрнақ екендігін көреміз. М. Ергин - ғын көне түркілік етістіктен есім тудырушы жұрнақ (қазақ тілінде тұтқын, шапқын, кескін сөздері құрамында сақталған), ал - ча септік жалғауы деп есептейді [35, 341]. Көпшілік түркітанушылар - ча компанентін этимологиясы жағынан мезгіл, уақыт мәніндегі чақ сөзінен шыққандығын жорамалдайды.

1.2 Сөз тудырушы жұрнақтарының жасалу тарихы мен зерттелу жолдары

Тілдеріндегі сөз тудырушы жұрнақтар мен сөздердің жасалуы жөнінде ерте кезден-ақ пікір білдірілген. Махмуд Қашқари өзінің атақты Диван Лугат ат-Турк еңбегінде есім және етістік түбірлерге жалғанып, жаңа сөздер тудыратын бір қатар жұрнақтарға тоқталып, нақтылы мысалдармен олардың мағынасын ашса, орта ғасырлық тағы бір лингвист Ибн Муханна Китаб тарджуман фарси уа түрки уа моғоли атты еңбегінің түркі тіліне қатысты бөлімінде есім тудырушы жұрнақтарға арнайы тоқталып, ерекшеліктерін көрсетеді. Орта ғасыр ескерткіштері тіліндегі сөз тудырушы жұрнақтар жөнінде Ә.Н. Нәжіп, А.М. Щербак, Э.И. Фазылов, Ә.Қ. Құрышжанов секілді түркітанушылар жекелеген еңбектерді зерттеу барысында да сөз етеді. Бұл ретте Ә. Керімұлының Ескі түркі ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар атты еңбегін де ерекше атай кеткен жөн. Автор - Хорезм, Алтын Орда және Мысыр (Мәмлүк) аймағында жазылған Хұсрау мен Шырын, Мухаббат-нама және Гүлістан ескерткештеріндегі сөз тудырушы жұрнақтарды түгел қамтып, оларды бір-бірімен салыстыра отырып, ұқсас жақтарымен айырмашылықтарын көрсетеді [71]. Біз де Муқаддима тіліндегі сөз тудырушы жұрнақтардың фонетикалық варианнтарына, мән-мағыналарына, сондай-ақ жасалу, тарихи қалыптасу және даму жолдарына тоқталамыз.
Есімдерден есім тудырушы жұрнақтар: -лығ, -лық, -лик;-луғ, -лүк сонау ерте заманнан бері келе жатқан және қазіргі түркі тілдеріне кең тараған есім сөздерге жалғанып әрі зат есім, әрі сын есім тудырушы өнімді жұрнақтар. Қолжазба тілінде буын үндестігіне сәйкес -лығ, -лық, -лик;-луғ, -лүк фонетикалық формалары кездеседі. Қолжазба тілінде ерін үндестігі бірде сақталса (тануқлуқ, тәжирлүк), енді бірде ерін үндестігіне бағынбай еріндік дауысты буындардан кейін де - лығ, -лық, лик түрінде жалғанады (авдазсузлығ, әксүклик, қуллық). - Лық жұрнағының генезисі жайында қазірге дейін екі түрлі пікір айтылып келе жатыр. А. К. Боровков, Н. К. Димитреев, Э. В Севортян, Н. А. Баскаов сияқты ғалымдар лық (лық толы) сөзінің постпозициялық қолданысынан қалыптасқан десе, Рамстедт бұл аффиксті - лы+ғ деп бөліп, алғашқын септік жалғауы, соңғысын сын есім жасайтын қосымшалар дейді. Ал В. Котвич алғашқы -л элементін тұнғыс тіліндегі көптік жалғауымен салыстырады. Сондай-ақ - лық жұрнағы көп мағыналы жұрнақтар қатарына жатады. Негізгі қызметі есім сөздерден мекен-орындық, құрал, жалпылама және абстракт зат есімдер және сын есімдер жасайтындығы белгілі. Әйтсе де қолжазбада бұл жұрнақты мынадай мағыналарда жұмсалғандығын көруге болады: а. Сын есімдерге жалғанып сапаны, күйді, қасиетті білдіретін зат есімдер жасайды: ақлық (ақ нәрсе); қызыллық (қызыл нәрсе): шафақ дидүгүмүз ол ақлықдур ки көғүң қырағында қызыллықдан соңра (14б, 6) (шапақ дегеніміз ол ақ нәрсе көктің жиегінде қызыл нәрседен кейінгі). арылық: хақ арылық ики дүрлүдүр (6б, 2) (хақ тазалық екі түрлі). йаманлығ (жамандық): жәми' олмаз мәнүм үммәтүм йаманлығ үстинә (4б. 2) (топтаспайды менің үммәтім жамандық үстіне). ә. Зат есім түбірлерге жалғанып абстракт ұғымдарды білдіреді: тануқлуқ (куәлік): тануқлуқ вирүрмән сәндән өзгә тәңри йоқ (35б, 3) (куәлік беремін, сенен басқа тәңір жоқ). дүшманлық (дұшпандық): душманлық йоқ иллә залимләр үстинә вар (1б, 3) (дұшпандық жоқ, тек залымдарға бар). б. Конкретті заттың атын білдіреді: уйатлуғ (ұятты мүше, әурәт): уйатлығы йапмақ шартдур (12б, 1) (ұятты жерін жабу шарт). в. Өлшем мағынасын білдіретін зат есімдер жасайды: бирлик (бірлік): иқрар әйләмәк тәңри та'алануң бирлигинә (43б, 6) (Тәңір тағаланың бір екендігін растау). йыллық (жылдық): тәңри таَала виргәй аңа илик йыллық қылмыш савабы (36а, 6) (тәңір тағала оған елу жылдық жасаған сауапты берсін). г. Көне түркілік ескерткіштерде әрі зат есім, әрі сын есім жасаушы жұрнақ ретінде қолданылған бұл жұрнақ, қолжазба тілінде бір ғана жерде сын есім мәнінде жұмсалады. Себебі қолжазба тілінде сын есім жасаушы жұрнақ ретінде - лығ жұрнағының соңғы дыбысының редукцияланған - лы формасы қалыптасқан (Қ. -лы): ғазалық (соғысқа тән): ғулул дидүгүмүз ол уғурламақдур ғазалық малындан (12б, 1) (ғулул дегеніміз ол соғыс дүниесінен (олжасынан) ұрлау).
- лы; -ли, -лу, -лү қазіргі түркі тілдерінде де түрлі фонетикалық формада жиі қолданылатын - лы аффиксі көне - лығ аффиксінің қысқарған түрі екендігі даусыз. Жұрнақ соңындағы ғ дыбысының түсуі орта ғасырлардың соңына қарай болған құбылыс. Себебі XI-XIII ғасырларда жазылған ескерткіштерде сирек ұшырасады. Яғни XIV ғасырдан кейін пайда болғанға ұқсайды. Түркологияда зат есім тудырушы - лық және сын есім тудырушы - лы -лығ жұрнақтары жайында екі түрлі пікір қалыптасқан. Бағзы зерттеушілер Орхон жазбаларының сырын алғаш ашқан В. Томсеннің -лығ жұрнағы арқылы сын есім, ал -лық жұрнағы арқылы абстракт ұғымды білдіретін зат есімдер жасалады деген пікірін қостаса, енді біреулері В.В. Радловтың -лығ әрі сын есім, әрі зат есім тудырушы жұрнақ деген пікірін дұрыс деп есептейді.
- сыз, -суз, -сүз жұрнақтары көне түркі тілінен бастап, кейінгі орта ғасыр жазба ескерткіштері мен бүгінгі түркі тілдерінің барлығында есім түбірден сын есім жасайтын өнімді жұрнақ. Түркологияда бұл қосымша жайында түрлі пікрлер айтылып жүр. Әйтседе ең кең тарағаны көне түркі тілі мен қазіргі қазақ тіліндегі - сыра және - сар жұрнақтарымен ұялас екендігі. М. Томанов - сыра аффиксін - сы+р+а деп үш түрлі элементке бөліп, -сы құранды етістік жасайтын қосымша мен -р есімше жасайтын қосымшаның бірігіп, көнеленуіне байланысты бұлардың үстіне етістік жасайтын - а қосымшасы қосылып, күрделенген дейді [30, 183].
Етістіктен есім тудырушы жұрнақтар. - ақ, -ек; -қ; -к, -үк, -уқ көне түркі тілінде қимыл есімдер жасайтын бұл жұрнақ, субстантивтеніп зат есім, адъективацияланып сын есім тудыратын өнімді жұрнақ болған. Қазіргі қазақ тіліндегі соңғы ғ дыбысының түсірілуі нәтижесінде пайда болған қимыл есімі жасайтын - у (оқу, тоқу, алу), етістіктен зат есім тудыратын - ық, -ік, -ақ, -ек (қыстақ, кетік, тірек, күрек) және сын есім жасайтын - ық, -ік, -қ (шірік, ақсақ, ашық, жалақ) жұрнақтарының арғы тегі қимыл есім жасайтын осы жұрнақ болғандығы дау туғызбаса керек. Кей зерттеушілер бұл жұрнақтың ашық - ақ, -ек және қысаң - ық, -ик, -уқ, -үк варианттарын бөліп-жармай бір жерде қарастырса, енді біреулері шығу тегі бір болғанымен мағыналық жағынан да, тұлғасы жағынан да толық диференцияланған деп жеке жеке қарастырады. Қолжазбада жұрнақтың ашық езулік және қысаң еріндік варианттары жұмсалған. Етістік түбірлерге жалғанып, мынадай мағыналарда кездеседі: а. Іс-қимылдың атын білдіреді: буйруқ (бұйрық): буйруқ тәңри та'аладан (2а, 5) (бұйрық тәңір тағаладан). йазуқ (жазық, күнә): йа йазуқ бағышлижи (35б, 1) (Ей күнә кешіруші!). ә. Құрал-жабдық атауларын білдіреді: чанақ (ыдыс): ики әлини йумақ үж кәз чанаға сықмаздан бурун (23б, 3) (екі қолын үш рет жуу, ыдысқа сықпастан бұрын). дирәк (тірек): намаз динүң дирәгидүр (4а, 1) (намаз діннің тірегі). б. Дерексіз зат есім жасайды: тануқ (куә): тануқлуқ вирмәк (3а, 3) (куәлік беру шәһәдәт келтіру). в. Деректі зат есім жасайды: сүдүк (сідік): истинжадан соңра салмақ сүдүгүн нәжисин суйа (26а, 2) (истинжадан кейін сідігін, нәжісін суға салу); кисәк (кесек): силмәк таш бирлә йа кисәкилә су тапылмағанда 23б, 5 (таспен немесе кесекпен сүрту су табылмағанда). г. Сындық ұғымның атаулары жасалады: йумшақ (құлақ жұмсағы): бир құлағ йумшағындан бир құлағ йумшағына дәгин (22б, 2) (бір құлақ жұмсағынан бір құлақжұмсағына дейін). әксүк (кем): тәрк әйләмәгилә ексүк олур дәрәжәдә (43а, 5) (тәрк етуімен кем болады дәрежеде). Бұл жұрнақ қазіргі қазақ тілінде де белгілі бір заттың (төсек) не процестің (жабық) атауыр ертінде қолданылады [74, 148].
-қы, -ги көне түркі тілінде - ғу, -гү, -қу, -кү тұлғаларында етістікке жалғанып, қимыл есімі жасаған. Яғни жоғарыда әңгімеленген -ық аффиксімен синонимдес болған бұл аффикс жалғанған сөздер субстантивция және адъективация процесі арқылы әрі зат есім, әрі сын есім сөздер жасаған. Қазіргі түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде де шапқы, қалтқы, бұрғы сияқты сөздерде түбірмен жымдасып кеткен зат есімдер құрамында кездессе, сондай-ақ жинақы, күлдіргі, ойнақы сөздеріндегі секілді етістіктен сын есім тудырушы өнімді жұрнақ ретінде де жұмсалады. Э. В. Севортян кейбір түркі тілдерінде осы жұрнақтың грамматикаланғандығын айтады [58, 227-228]. Қазақ тіліндегі оқығым келеді, жегісі келді секілді күрделі етістіктер құрамындағы сөз түрлендіруші жұрнақ мәнінде тұрған - ғы осы аффикстің грамматикаланған тұлғасы. Ескерткіш тілінде осы аффикс арқылы туындаған туынды сөз жеке өзі кездеспейді. Әйтседе осы жұрнақ арқылы жасалған сөздерден туындаған екі-үш сөз бар. Яғни -қы+р+мақ, -ги-ли және -қы+ла секілді құранды жұрнақтар құрамында ғана ұшырасады: а. -қы+р+мақ. Алдымен етістік түбірге - қы жұрнағы арқылы есім сөз жасалып, содан соң есімнен етістік тудырушы - р жұрнағымен қайта етістік жасалады. Соңынан -мақ жалғанып, қимылдың, процестің атын білдіреді: қайқырмақ (қайғыру): қайқырмақ йоқ анлара 33а. 2 (қайғыру жоқ оларға). ә. - ги+ли; - ги жұрнағы арқылы етістік түбірден жасалған есім сөзге - ли жұрнағы жалғанып, сын есім жасалады: сәвгилү (сүйікті): қажан дүкүнсе аудаздан севгилүдүр ол кишийе (35б, 1) (қашан дәрет алу түгессе ол кісіге сүйкімді жағымды). б. - қы+ла; -қы жұрнағы арқылы етістіктен туындаған есім сөзге - ла жұрнағы жалғанып етістік жасалған: уйуқыла (ұйқта): хүкми аудазсузлық дидүгүмүз уйқламақ киби (6а, 6) (үкім дәретсіздік дегеніміз ұйқтау сияқты...)
- ы, -и, -у, -ү аффикстері жоғарыда біз сөз еткен көне түркілік қимыл есімі жасайтын синонимдес - ық, -ик, уқ, -үк, -қ және - қу, -кү, -ғу, гү жұрнақтарының бірінің басындағы, бірінің соңындағы дауыссыз дыбыстардың элизияға ұшыраған варианттары. Түркі тілдерінің кейбіреулернде аффикс құрамындағы ғ, қ дыбыстары сақталса, енді біреулерінде түсіп қалады. Қазақ тіліндегі ұлы, кіші, өлі, тірі, толы сөздері құрамында осы жұрнақты көреміз. Алайда дәл осы сөздердің аффикс құрамындағы дауыссыздың түсірілмеген ұлық, кішік, өлік, толық варианттарының да тілімізде қолданылатындығы белгілі. Қолжазбада да қазіргі түркі тілдеріндегі секіліді түбірмен жымдасып, байырғыланып кеткен зат есімдер мен сын есім сөздер құрамында - ы, -и, -у, -ү түрінде төрт түрлі вариантта кездеседі: а. Етістіктерден сын есім жасайды: ары (ары- етістігіне -ғ формасы жалғанып сын есім жасалған. Кейін ғ қайта түсірілген. Таза, пәк): `ибадат идүң тәңрийә ары көңүл бирлә (15б, 6) (ғибадат етіңдер тәңірге пәк көңілмен); қаты (қатты): қаты қаты күлмәк киби (6а, 6) (қатты қатты күлу секілді). улу (ұлы): башларам улу тәңри ады бирлә (32б, 3) (бастаймын ұлы тәңірдің атымен). өлү (өлі): өлү намазы қылмақ киби (5б, 1) (жаназа намазы ооқу секілді) т.б. ә. Етістіктерден абстракт зат есімдер жасайды: қоқу (иіс): та киткәй йаман қоқу (30б, 1) (жаман иіс кеткенге дейін). қорқу (қорқыныш): қорқу йоқдур анлара (33а, 2) (оларға қорқыныш жоқ). б. Конкретті зат есімдер жасайды: қапу (есік): тәңри таَала ачғай аңа сикиз ужмақ қапусы (36б, 3) (Тәңір тағала оған сегіз жұмақ есігін ашсын). қуйу (құдық): қуйулар суйы киби (7а, 3) (құдықтар суы секілді).
- ычы, -ичи көне түркілік қимыл есімі жасайтын - ғу, -ғү -ығ, иг және есім сөздерден зат есім тудырушы - чы жұрнақтарынан құралған құранды жұрнақ. Етістік түбірлерге жалғанып, істі істеушіні, кәсіпті білдіретін зат есімдер және есімше формалы сын есімдер жасайды. И. Е. Маманов осы жұрнақ арқылы жасалған қазақ тіліндегі сөздерді осы шақ есімшеге жатқызады. Бірақ қазіргі түркі тілдерінде бірте бірте кәсіптік мәнді білдіретін зат есімге айналып бара жатқандығын айтады [59, 57]. Көне түркі тілінде - ғучы, -гүчү, -ығчы, -игчи сыпатында болған бұл жұрнақ қазіргі түркітілдерінде әр түрлі фонетикалық вариантта кездеседі. Ұйғыр тілінде - ғучы, тува, хакас тілдерінде - ығчы, қыпшақ тобындағы тілдерде -увчы-ушы, оғыз тілдерінде - ыджы-иджи формаларында жұмсалады. Демек біз қарастырып отырған ескерткіш тілінде жұмсалған - ычы, -ичи, -йычы,- йичи формалары оғыз элементі. Қолжазбада етістіктен істі істеуші субектіні білдіретін зат есім тудырушы жұрнақ ретінде өте белсенді қолданылған: бағышлайычы (кешіруші), бақычы (қараушы), бәслижи (асыраушы, тәрбиелеуші), виричи (беруші), йарадычы (жаратушы).
-ын қосымшасы қолжазба тілінде бір-екі етістіктен жасалған сын есімдер құрамында кездеседі: йақын (жақын): та йақын билгәй (30а, 4) (жақын білгенге дейін). йүрүн (жүрген, аққан): йүрүн қан киби (6а, 4) (аққан қан секілді). Қазақ тілінде бірқатар сын есімдер осы - ын аффиксті болып келетіндігі белгілі (ұзын, бүтін, жатын тб.). Сондай-ақ келін, егін, шығын, жиын секілді зат есімдердің құрамында да кездеседі. Зерттеушілер бұл аффикс о баста қимыл есім тұлғасы болғандығын, кейін субстантивция және адъективация процесі арқылы зат есім және сын есімге айналғандығн айтады. А. Н. Кононов бұл аффикстің - қын (-қан) аффиксінің өзгерген түрі деп санайды [73, 151].
Есімнен етістік тудырушы жұрнақтар. -ла, -ле; -де, -те ежелден бері есім сөздерден етістік жасайтын, беретін мағынасы мен атқаратын қызметі ауқымды өнімді жұрнақтардың бірі. Ескерткіш тілінде негізінде -ла, -ле варианттары ғана қолданылған. Алайда - де, -те аллофондары изде-, -исте- (сұрау, қалау хотеть) түрінде бір сөздің екі түрлі варианты ретінде ғана кездеседі: изде- (сұрау, қалау): издәди мәндән таш истинжа ижүн (28б, 4) (истинжа үшін менен тас сұрады). исте (сұрау, қалау): рахмәтүң истәрәм (31а, 6) (рахметіңді сұраймын). Қолжазбада тіліндегі - ла аффиксінің түбірге жалғану тәртібі, беретін лексика-семантикалық мағыналары жағынан қазіргі қазақ тілінен онша айырмашылғы жоқ. Бұл аффикс жайлы ғылыми еңбектер, монографиялар, мақалалар жарық көрді. Э. В Севеортиян, А. Г. Гулямов, Л. Н. Харитонов, А. Хасенова секілді ғалымдар еңбектерінде бұл жұрнақты егжей-тегжей қарастырған. Қолжазбада негізінде зат есімдерге ғана жалғанып, туынды етістік жасайды. Басқа ескерткіштер мен қазіргі түркі тілдеріндегі секілді сын есімдерге жалғануы кездеспейді. а. Түбір зат есімдерге жалғанып туынды етістік жасайды: башла-(бастау): башладум тәңри ады бирлә (1б, 1) (Тәңірдің атымен бастадым). қапла- (қаптау, жабу): қабламақ барчасыны башуң силгәндә (25а, 1) (басыңды сүрткенде баршасын қаптау жабу). ишле- (істеу): бунуң киби ишләрди (36а, 2) (осы сияқты істейтін еді) т.б. ә. Туынды түбір зат есімдерден туынды етістік жасайды: уйуқла- (ұйқтау): хүкми аудазсузлық дидүгүмүз уйқламақ киби (6а, 6) (үкім дәретсіздік дегеніміз ұйқтау сияқты...) уғурла- (ұрлау): ғулул дидүгүмүз ол уғурламақдур ғазалық малындан (12а, 6) (ғулул дегеніміз ол соғыс дүниесінен ұрлау). б. Ескерткіш тіліндегі бұл аффикстің негізгі ерекшелігі етістік түбірлерге жалғанып, туынды етістік жасауы. Дұрысын айтқанда етістіктің өзгелік етіс формасына жалғанып, туынды етістік жасайды. Яғни қолжазба тілінде бұл аффикс әрі есім, әрі етістік түбірге жалғанады. - Ла жұрнағының бұл қасиеті көне түркі ескерткіштері мен қазіргі түркі тілдерінде кездеспейді. Әйтседе бұлар синкретикалық қосымшалар болса керек. Себебі бұл жұрнақ өзі жалғанған түбірге ырықсыз етіс мағынасы береді. Ырықсыз етістің бір формасы болуы мүмкін: йарадла- (жаратылу): тәңри рахмәти сәләмәтлиги йарадламыш йахшы үстинә (1б, 4) (тәңірдің рахметі, саламаттығы жаратылған жақсының үстіне). бәңзәтлә- (ұқсату): Аллаһ та'ала билмәкдүр кәифйатсуз дахи бәңзәтләмәксүз (45а, 4) (Алла тағаланы кейіпсіз және теңдессіз деп білу).
-лен есімнен етістік тудыратын - ла және - н етіс қосымшасының бірігуінен туындаған құранды аффикс екендігі белгілі. Мұны қазіргі қазақ тіліндегі ойлау, ойлану, тойлау, тойлану секілді етістіктердің араларындағы семантикалық байланыстан аңғаруға болады. Алайда қазіргі қазақ тілінде де үйлену, пайдалану секілді етістіктер - ла - ле тұлғасында, яғни жалаң күйінде қолданылмайды. Сондықтанда зерттеушілер - ла+н түрінде бөлшектеуге келетін болса, онда екеуі екі басқа қызмет атқаратын жеке жеке қосымшалар да, бөлшектеуге келмесе, сонда ғана есім түбірге тікелей жалғанып туынды етістік жасайтын құранды қосымша болатындығын айтады. Демек бұл аффикс грамматикалық абстракциялану процессі арқылы қалыптасқан форма. Қолжазба да бір ғана сөздің құрамында кездеседі: евлен- (үйлену): йа үбжи әвләнмәгә олды (16б, 2) (немесе әйелмен үйленуге болды). М. Томанов бұл аффикстің көне түркі тілінде де кездесетіндігін, сондықтан да бұл құранды аффикстің қалыптасуын түркі тілдерінің өте ежелгі дәуіріне тән құбылыс деп есептейді.
-рет жұрнағы есім сөздерден етістік тудырушы - ре және - т өзгелік етіс жұрнақтарының бірігуінен туындаған. Бірлі-жарым сөздер құрамында кездестін өнімсіз жұрнақ. Кей зерттеушілер - ре аффиксінің етістік тудырушы - ла аффиксінің аллофоны деп есптейді. Ал соңғы - т элементінің өзгелік етіс формасы екендігін қолжазба тілінде де кездесетін өгрет-(үйрету) және өгрен- (үйтену) етістіктерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛ ТАРИХЫНДА СӨЗ ЖАСАУ ҮДЕРІСІ
Мектепте үстеуді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділіктері
Туынды түбір үстеу тудыратын жұрнақтар
Алғашқы қоғам тарихының проблемалары және маңызы. Дәрістер
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі; өлең сөздің теориясы; шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері; әдеби үдеріс (процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Күрделі сөздер
І. Есенберлин шығармаларындағы туынды бірліктер және олардың жасалу жолдары
Бағынушы тұлғасының психологиясы.
Көркем әдебиет жанрлары және олардың даралық ерекшеліктерін таныту амалдары
Үстеу сөздің өзінен пайда болған үстеулер
Пәндер