С. аманжоловтың синтаксис саласына қатысты зерттеулері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4бет

І ТАРАУ С. АМАНЖОЛОВТЫҢ СИНТАКСИС САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

1.1 Синтаксистік терминдер туралы (сөзтіркесі) ... ... ... ... ... ... .5.11бет
1.2 Сөз тіркесінің жаңаса байланысу формасы ... ... ... ... ... ... ... .11.14бет

ІІ ТАРАУ СИНТАКСИСТІҢ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Сөз тіркестерінің статолингвистика әдісімен зерттелуі ... ... 15.22бет
2.2 Мектепте синтаксисті оқыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22.26бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... 28бет
Курстық жұмыстың өзектілігі.Бастауыш пен баяндауыш – сөйлемдегі предикаттық қатынастың негізі. Сондықтан сөйлемдегі тұрлаулы мүшелер мәселесі үнемі грамматиканы зерттеуші ғалымдардың назарында болған. Түркі тілдеріне арналған грамматикаларда сөйлемнің бас мүшелері – бастауыш пен баяндауыш туралы мағлұматтар берілді. Қазақ тілінің грамматикасын зерттеген алғашқы лингвист – ғалымдарымыз А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиевтердің еңбектерінде сөйлемнің бас мүшелері әртүрлі дәрежеде сөз болады. Олар, негізінен, сөйлем мүшелеріне анықтама беріп, оның тілдегі қолданысына мысал келтірумен шектелген болса, 50 жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін зерттеушілеріміз аталған мәселеге әр қырынан келеді.Осы тұрғыдан келгенде, қазақ тілінің синтаксис саласын зерттеуші М.Балақаевтың, Т.Қордабаевтың, О.Төлегеновтің, Р.Әміровтің, Қ.Есеновтың, Ә.Аблақовтың, Т.Сайрамбаевтың, М.Серғалиевтің, Е.Ағмановтың т.б еңбектері ұлттық лингвистикамыздағы әр алуан аспектілерді талдаумен бірге көптеген жалпы түркілік проблемаларды шешуге де мұрындық болары сөзсіз.
Курстық жұмысының мақсаты: қазақ тіліндегі тұрлаулы мүшелерге тән грамматикалық белгілер мен олардың арнайы грамматикалық тұлғасын нақтылау. Осыған байланысты төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- сөйлем мүшелерінің грамматикалық тұлғаларын топтастыруда қолданылатын ұстанымдарды нақтылау;
- семантика-грамматикалық ұстаным бойынша тұрлаулы мүшелерді жіктеу;
- аталған жайттарды нақты тілдік фактілермен дәлеледеу
- тұрлаулы мүшелердің грамматикалық тұлғаларын айқындау.
1. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуацмясының методикасы. – А. Мектеп, 1974
2. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –А. Санат, 1995
3. Әлімжанов Д. Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. – А. 1965
4. Әдбікәрімова Т. Әбдіғалиева Т. Шаймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Практикалық және лабораториялық жұмыстар – А. Ана тілі, 1999
5. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы – А. 1992
6. Балақаев М. Тіл мәдениеті және мектепте қазақ тілін оқыту –А. Мектеп, 1982
7. Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. –А. 2001
8. Жапбаров А. Стилистиканы оқыту әдістемесі – А, 1995
9. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. – А. Қазақ университеті, 1993
10. Катембаева Б, Нұрғалиева М. Морфологияны оқытудың методикасы.- А. Мектеп 19975
11. Қараев Ж. Ешеева Ж. Программалап оқыту және оның компьютерді оқытуға пайдалану мен байланысы. – А. 1991
12. Құрманова Н, Мухлис К. Текст теориясы және тексті талдау әдістемесі. – А. АлМУ, 2000
13. Ломизов А. Выразиельное чтение при изучении синтаксиса и пунктуации М.1986
14. Мусабекова Ф. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері –А. Мектеп, 1959
15. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары –А. 2001
16. Рахметова Р. Сөз тіркесі синтаксисі және оны оқыту әдістемесі. – А. 2003
17. Зейманова Л.М. Нагляность в преподавании русского языка М. 1984
18. Напольнова Т. Активизатция мыслительной деятельности учащихся на уроках русского языка М. 1983
19. Панов В. Типы и структуры о уроков русского языка М. 1986

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4 бет

І ТАРАУ С. АМАНЖОЛОВТЫҢ СИНТАКСИС САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

1.1 Синтаксистік терминдер туралы (сөз тіркесі) ... ... ... ... ... ... .5- 11бет
1.2 Сөз тіркесінің жаңаса байланысу формасы ... ... ... ... ... ... ... .11-14бет

ІІ ТАРАУ СИНТАКСИСТІҢ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Сөз тіркестерінің статолингвистика әдісімен зерттелуі ... ... 15-22бет
2.2 Мектепте синтаксисті оқыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22-26бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ...28бет

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Бастауыш пен баяндауыш - сөйлемдегі предикаттық қатынастың негізі. Сондықтан сөйлемдегі тұрлаулы мүшелер мәселесі үнемі грамматиканы зерттеуші ғалымдардың назарында болған. Түркі тілдеріне арналған грамматикаларда сөйлемнің бас мүшелері - бастауыш пен баяндауыш туралы мағлұматтар берілді. Қазақ тілінің грамматикасын зерттеген алғашқы лингвист - ғалымдарымыз А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиевтердің еңбектерінде сөйлемнің бас мүшелері әртүрлі дәрежеде сөз болады. Олар, негізінен, сөйлем мүшелеріне анықтама беріп, оның тілдегі қолданысына мысал келтірумен шектелген болса, 50 жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін зерттеушілеріміз аталған мәселеге әр қырынан келеді.Осы тұрғыдан келгенде, қазақ тілінің синтаксис саласын зерттеуші М.Балақаевтың, Т.Қордабаевтың, О.Төлегеновтің, Р.Әміровтің, Қ.Есеновтың, Ә.Аблақовтың, Т.Сайрамбаевтың, М.Серғалиевтің, Е.Ағмановтың т.б еңбектері ұлттық лингвистикамыздағы әр алуан аспектілерді талдаумен бірге көптеген жалпы түркілік проблемаларды шешуге де мұрындық болары сөзсіз.
Курстық жұмысының мақсаты : қазақ тіліндегі тұрлаулы мүшелерге тән грамматикалық белгілер мен олардың арнайы грамматикалық тұлғасын нақтылау. Осыған байланысты төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- сөйлем мүшелерінің грамматикалық тұлғаларын топтастыруда қолданылатын ұстанымдарды нақтылау;
- семантика-грамматикалық ұстаным бойынша тұрлаулы мүшелерді жіктеу;
- аталған жайттарды нақты тілдік фактілермен дәлеледеу
- тұрлаулы мүшелердің грамматикалық тұлғаларын айқындау.
Курстық жұмыстың болжамы: қазақ тілінің тұрлаулы мүшелерін меңгерту әрбір оқушының жеке қабілеттерін ескеріп, өз әрекетін нәтиже ретінде тануға мүмкіндік туғыза отырып, оның жан-жақты рухани дамуына бағдар береді.
Курстық жұмыстың әдістері: теориялық әдістер, баяндау, салыстыру, жүйелеу, талдау, сараптау, қорыту, бақылау және тәжірибеден өткізу.
Курстық жұмыстың пәні: қазақ тілін оқыту әдістемесі.
Курстық жұмыстың нысаны: сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің грамматикалық белгілері мен жасалу жолдары.
Курстық жұмыстың негізгі кезеңдері:
1. Тақырып таңдап алу, сол бойынша іздену.
2. Бекітілген тақырыпқа байланысты материал жинақтап, жұмыстың жоспарын құру.
3. Жоспарға сәйкес курстық жұмыстың І бөлімін жазу.
4. Диплом алдындағы тәжірибе жинақтау, курстық жұмыстың практикалық бөлімін жазып, жұмысты аяқтау және қорғау.
Курстық жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ С. АМАНЖОЛОВТЫҢ СИНТАКСИС САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

0.1 Синтаксистік терминдер туралы (сөз тіркесі)

Терминологиялық сөздік қаншалықты мол болғанымен, оның ішінде мамандық жағынан қарастырып отырғанымыз - лингвистикалық терминдер. Орыс тіліндегі ең жинақы, әрі толық сөздік О.С. Ахманованың сөздігі болса, қазақ тілінде С.Қеңесбаев пен Т.Жанұзақовтың лингвистикалық терминдер сөздігі бар екендігі айқын. Сол сияқты қазақ тіліндегі жалпы лингвистикалық терминдер туралы Ж.М.Молдажаров кандидаттық диссертация қорғады. Бұл жұмыстарда терминдер тілдің барлық саласы бойынша қаралып көптеген мәселелер сөз болады. Әрине, лингвистикалық сөздік, оның аясы, дамуы өте күрделі мәселе. Қоғамның басқа да салаларының өсуі сияқты лингвистикалық терминдерде де О.С.Ахманованың сезімен айтқанда, соңғы ширек ғасыр ішінде лингвистикалық мектептердің саны мен алуан түрлері шектен тыс ұлғайып қана қоймай, лингвистикалық ұғымдар мен терминдер де орасан зор өсті.
Міне, бұған қарағанда лингвистикалық терминдер тілдің қай саласы жағынан болмасын жан-жақты даму үстінде деп білген жөн. Тілдің орфография, орфоэпия, графика, фонетика, фразеология, лексика, сөз тудыру морфология, синтаксис бұларға қоса тіл мәдениеті, стилистика мәселелері, тарихи грамматика, әдеби тілдің тарихы, диалектология, лексикография және жалпы тіл білімі, есептеу машинасы, экспериментальды лингвистика және методика т. б. әрқайсысы әр түрлі тарихи дәуірлерге сәйкес өзіне тән түрлі терминдерді енгізіп отыр. Грамматика, морфология мен синтаксис қатысты болатын болса, соның ішінде синтаксистік терминдердің де өзіндік қалыптасу, даму процесі барлығы белгілі. Бұл арада біз тек синтаксистік терминдер, олардың қалыптасуы, берілу дәрежесі, оның синтаксистің объектілеріне қатысы т. б. айқындаймыз. Ол үшін қазақ тіліндегі мына еңбектерді пайдаландық.
Сол сияқты тілге қатысты әр түрлі программалар да пайдаланылды.
Қазақ тілінде синтаксис деген термин сол қалпында қолданылып келе жатыр. Бірақ Қ.Жұбанов оны қоспа деп аударғанымен, бірақ ондай баламаның жалпы қолдау таппағаны айқын. ::
Қазіргі синтаксис соңғы он жылда кеңінен дамыды. Қазіргі әдебиеттерде синтаксистің кеп аспектілігі жиі айтылады. Яғни, оны мынадай басты аспектіге бөліп қарауға мүмкіндік беріп отыр. Біріншісі - логикалық синтаксиспен бір деңгейде қарастырмау үшін Европанын, ғылыми дәстүрі бойынша логика - ориентирлі деп аталатын тобы. Бұл аспекті тіл зандылықтарымен (пән мен оның қасиеті, сапасы арасындағы арақатыс) тығыз байланысты. Екіншісі - анағүрлым өңделген аспект - сөйлем мүшелерінің дәстүрлі модельдерінде көрсетілген құрылымдық аспект. Үшінші аспект - сөйлемнің функционалдық перспективасымен байланысты. Оны актуалды аспекті деп атау орынды. Бұл термин сөйлемнін, актуалды мүшеленуі деп аталатын теориямен бірге өмір сүріп келген. Бұл аспектінің көбіне коммуникативті аспект деп аталуын жиі байқаймыз. Бұл дұрыс айтылмаған, себебі синтаксис өзінің барлық аспектісінде коммуникативті. Синтаксистің төртінші аспектісін есептеу машинасының үлгісімен синтаксистің аналогиялық аспектісі деп атау орынды. Біз осы синтаксистің төрт аспектісінің біріншісіне қатысты терминдерді қарастырып отырмыз. Қалған аспектілерге қатысты терминдерді жан-жақты айту әзірше мүмкін еместігі белгілі. Сол сияқты синтаксистің іштей түрлері туралы деп мынаны аңғаруға болады:
О.С.Ахманова синтаксистің он үш түрінің болатынын көрсетеді.
1. Актуалды синтаксис. 2. Үлкен (большой) синтаксис. 3. Кіші (малый) синтаксис. 4. Сыртқы (внешний) синтаксис. 5. Ішкі (внутренний) синтаксис. 6. Грамматикалық синтаксис. 7. Мобильді синтаксис. 8. Объективті синтаксис. 9. Стилистикалық синтаксис. 10. Фиксированды синтаксис. 11. Етістік синтаксисі. 12. Есімдер синтаксисі. 13. Синтаксистік сөздік.
Н.С.Валгина жай сөйлемнің синтаксисі, сөз тіркесінің синтаксисі деген терминдермен бірге синтаксис сложного целого синтаксис связной речи, В.В.Бабайцева конструктивный синтаксис, структурный синтаксис, пассивный синтаксис, статистический синтаксис деген түрлерін көрсетеді.
Орыс тіл білімінде синтаксис пәнінің мәні туралы Н.С.Валгина раздел грамматики изучающий строй связной речи десе, Г.А.Золотова - ведающий построением речи - дейді.
Синтаксис термині жалпы түркологияның бірі қазак тілінде де әр түрлі атаулармен кездесіп отырады. 1924 жылы орфографиялық конференцияда ұлтшылдардың пікірі бойынша қазақ тіліндегі терминдер тек түркі халықтары тілінен алынуы керек дей келіп, морфологияны - нахну синтаксисті - сафф деп аударуды ұсынған болатын. Бірақ синтаксис терминдерінің ондай баламасы сол кездің өзінде-ақ қолдау таппағандығы белгілі.
Синтаксистік терминдер туралы алғашқы оқулықтарда әр түрлі атауларды көруге болады. Сондықтан 30-жылдарда алғашқы шыққан оқу құралында С. Аман-жолов кұрмалас сөйлемді сыйысқан, қиысқан құрмалас сөйлем деп те бергендігі айқын.
1939 жылы шыккан орталау және орта мектепке арналған С.Аманжолов пен Н. Сауранбаевтың Қазақ тілінін, грамматикасында жай сөйлемге қатысты аралас баяндауыш десе, ал, құрмалас сөйлем синтаксисіне қатысты бірнеше терминдер берілген.
1. Аяулы сабактас сөйлем.
2. Бейтараптық салалас сөйлем.
3. Нұсқаулы сабақтас сөйлем.
4. Сілтеулі сабақтас сөйлем.
5. Тіркесті салалас сөйлем.
6. Үдетпелі салалас сөйлем.
7. Іргелі сабактас сөйлем.
М.Балақаевтан жай сөйлем синтаксисіне байланысты. 1.Зат анықтауыш, 2. Қосалқы анықтауыш, 3. Сын анықтауыш, ал құрмалас сөйлем синтаксисіне байланысты дара бастауышты сабақтас сөйлем деген терминді кездестіреміз.
Қ.Жұбанов еңбектерінде де леп сазды сөйлем, негізгі мүшелер, сұрау сазды сөйлем, хабар сазды сөйлем, ал, тыныс бслгісінс катысты көп ноқат, ноқат сияқты қазіргі кезде қолданылмай, бірақ оның уақытында белгілі дәрежеде пайдаланылған терминдер жеткілікті.
Тыныс белгілерінің 1920-30-жж. басылған жазба жұмыстардағы және бүгінгі әдеби тіліміздегі қолданылуы бір емес. Ол кезде осы күнгі пайдаланылып жүрген нүкте, кос нүкте, сұрау, сызықша т. б. белгілері бар болатын. Алайда олардың кейбірін сөз арасына, сөйлем аралықтарына коюдағы принцип басқаша болған. 1920-30-жылдарда прозалық шығармаларда нүктелі үтірмен қоса нүкте де қазіргіге қарағанда жиі қолданылған. Үтір белгісін және нүктелі үтірді бұл кезеңде интонацияға, дауыс әуеніне карап қолдану принципі болды ма деп жорамалдауға мына нәрсе түрткі болады. Мысалы, 1896 ж. Дала уалаяты газетінде жалпы тыныс белгілерінің сипаты жайында, олардын, кандай функция атқаратындығы туралы арнайы мақала жарияланады.
Онда тыныс белгілерінін, атауы да қазіргіге көп ұқсамайды. Мақалада тыныс, тыныстық жартысы, тыныстың төртінің бірі тәріздес пунктуация атаулары кез болады. Ол кезде бүгінгі нүкте деп жүрген белгіміз тыныс, ал үтіріміз жарты тыныс делінген. Осы күнгі нүктелі үтіріміз тыныстың төрттен бірі болып аталған. Осыған байланысты ма тыныс белгілерін дауыс ырғағының айтылу әуеніне қарай қолдану сөз етіп отырған кезеңде белгілі дәрежеде дәстүрлік сипат алған
1. Синтаксистік терминдердің әр түрлі атауы осы қарастырып отырған термин сөздерді оқулықтарда, кітаптарда қолдану дәрежесі әр түрлі. Яғни бір мағынадағы термин сөз түрлі қолданған.
Ал қазіргі кездегі толымды сөйлем, толымсыз сөйлем деп қолданып жүрген термин сөздерді толық сөйлем, олқы сөйлем деп берген. Осы кітабында тұрлау-лы мүше деп қолданып жүрген термин сөзіміз негізгі мүшелер деп берген.
М.Балақаев Қазақ тілі грамматикасы оқулығында тыныс белгісіне байланысты сұрау белгісі термин сөзін сұрак, белгісі деп берген. Ал, бағыныққы сөйлем деген термин сөздің қолдануы да түрлі-түрлі. Бірде бағыныңқы деп қолданса, енді бірде бағыныңқылы сөйлем деп қолданылады. Бір кітаптың өзінде тіптен екеуі де қолданылады.
С.Аманжолов пен Н.Сауранбаевтың Қазақ тілінің грамматикасы оқулығында да, де, және жалғаулықтары арқылы жасалған салалас сөйлемді тіркесті салалас деген. Ал, М.Балақаев, Т.Қордабаевтың Қазіргі казақ тілі кітабында бұндай салалас сөйлемді мезгілді (ыңғайлас) салалас сөйлем деп берген. Ал әрі жалғаулығы арқылы жасалған мезгілдес салалас сөйлемді үдетпелі салалас деп берген: Қазіргі казақ тілі оқулығында талғаулы салалас деп берген, мейлі, күй жалғаулықтары аркылы жасалған сөйлемді Аманжолов пен Сауранбаевтың окулығында бейтараптық салалас сөйлем деп берген. Кейбір синтаксистік терминдер қазірдің өзінде түрлі беріліп те жүр.
М.Балақаев пен Т. Қордабаевтың Қазіргі қазақ тілі оқулығындағы сөз тіркесіне қатысты:
1. Жатыс жалғаулы сөз тіркесі.
2. Матаса байланысқан сөз тіркесі.
3. Меңгеріле байланысқан сөз тіркесі.
4. Көмектес жалғаулы сөз тіркесі.
5. Сан есімді сөз тіркестері.
6. Сын есімді сөз тіркестері.
7. Шығыс жалғаулы сөз тіркестері.
8. Үстеулі сөз тіркестері.
Ал, енді осы терминдер Р. С. Әміровтың еңбегінде, 1.Жатыс септікті сөзді меңгерген етістікті тіркестер..2. Матасу амалы арқылы құрылған сөз тіркестері. 3. Меңгеру амалы арқылы құрылған сөз тіркесі. 4. Көмектес септіктегі сөзді меңгерген етістік тіркестер. 5. Сан есім - зат есім типті сөз тіркестері. 6. Үстеу - зат есім типті тіркестер деп өзінше шұбалаңқы атауды ұсынады. Міне, бұл пікірлерге қарағанда синтаксистік терминдердің қалыптасуы, аталуы әр түрлі беіріліп жүргенін көруге болады.
Сөз тіркестерінің синтаксистік қатынастары қазіргі кезде анықтауыштык, толықтауыштық, пысықтауыштық деп беріліп жүр. Ал алғашқы түркологиялық еңбектерде бұл синтаксистік қатынастардың ішінде тек анықтауыштық тобы ғана басым болып келді. Қазіргі кезде ондай үш синтаксистік қатынастар бір деңгейде пайдалануда.
Кейбір оқымыстылар тілдегі калыптаскан терминдерді өзгеше атауды мақсат етеді. Т. С. Кирилова толықтауыш, пысықтауыш терминдерін пайдалана келіп Семантикалык, кеңейтушілср семантикалық объект, семантикалық атрибут болып бөлінсе, ал пысықтауышты детерминативтік кеңейтушілер кеңістікті, мезгілді, шартты, себепті, мақсатты т. б. түрлерге бөлінеді дейді.
Тіл ғылымының саласының әрқайсысына қатысты сөздіктер бар. Олар: диалектілік сөздік, фразеологиялық сөздік, тарихи сөздік, кері тілдік сөздік, орфографиялық сөздік, орфоэпиялык, сөздік, антонимдер сөздігі, шет тілдер сөздерінің сөздігі, лингвистикалық терминдердің сөздігі, омонимдер сездігі, паронимдер сөздігі, дыбыстық сөздік, синонимдер сөздігі, қысқартылған сөздердін сөздігі, жазушылар тілінің сөздігі, түсіндірме сөздік, топонимдер рөздігі, жиілік сөздік, дұрыстық сөздік, этимрлогиялық сөздік. Осылай іспетті енді синтаксистік сөздіктер де дүниеге келді.
Совет дәуірінде, яғни 20-жылдардан бастап лингвистикалық терминдер сөздігі шыға бастады. 1924 ж. Н.Н.Дурнованын, Грамматикалық сөздігі шықты. Содан кейін лингвистикалық сөздіктер молынан шыға бастады. Л.И.Жирковтың Лингвистикалық сөздік. М., 1946, С.В.Кротевич, Н.С.Роззевич Лингвистикалық терминдердін. сөздігі. Рига, 1963; О.С.Ахманова. Лингвистикалық терминдердіц сөздігі. 1966. Сонымен қатар шет тілдерден аударылған мынадай сөздіктер бар. Ж.Марузоның Лингвистикалық терминдердің сөздігі (1960), сосын Э.Хэмптің Лингвистикалық терминдердің сөздігі (1964), И.Вахевтің Прага мектебінің лингвистикалық сөздігі (1964), сол сияқты Д.Э.Розенталь, М.А.Теленкованын, Лингвистикалық терминдердің сөздік анықтамасы. М., (1976).
Жалпы тілде лингвистикалык сөздіктер қаншалықты мол болғанымен, казақ тілінде С.Кеңесбаев пен Т.Жанұзақовтын, Русско-казахский словарь лингвистических терминов деген сөздігі ғана бар. Бұл сөздіктің қазақ тіліндегі лингвистикалық терминдерді жинақтап беруде үлкен маңызы бар. Бұл сөздік ең алғаш рет 1956 жылы шыкты, ал 1966 жылы қайта өңделіп, толықтырылып басылды. Бұл сөздікке 3000-ға жуык термин енгізілген. Ол терминдер тілдін. барлық салаларын тегіс қамтуды мақсат еткен. Бұл кітаптағы синтаксистік терминдер саны - 153. Олардың:
Сөз тіркесіне катыстысы - 26.
Жай сөйлемге қатыстысы - 82.
Құрмалас сөйлемге қатыстысы - 22.
Тыныс белгісіне қатыстысы - 13.
Жалпы синтаксис қатыстысы -- 10.
Әсіресе, номинативті функция деген терминді былай түсіндірген сөздің атаулы қасиеті жалқы есімдер өздігінен тұрып, номинативтік қызмет атқара алады. Ал жалпы есімдер бұл қасиетке ие емес делінеді. Шынында сөздің номинативті мәні керісінше жалпы есімге баса айтылмайтын ба еді. Көсемшелі тіркес дегенді былай көрсетеді. Белгілі бір сәйлем тіркесіндегі баяндауыштардың көсемшеден болуы, мысалы: Солтүстікке Кондопогодан өтіп, Петрозаводскийге таянып тұрғаны анау (Мұқанов). Мұндағы объектіге алынып отырған топ көсемшелі тіркес емес. Екіншіден, көсемшелі тіркес тек пысықтауыштық қатынаста ғана жұмсалуға тиісті болса, бұл жерде көсемше мен есімше тіркесіп келіп сөйлемнің бастауыш қызметінде жұмсалған.
Меңгерудің түрлері. Қазақ тіліндегі меңгеру категориясы: дара меңгеру және ортақ меңгеру болып екі салаға бөлінеді. Меңгерудің өзін құрамы жағынан айтсақ дара және күрделі меңгеру деп айтушылық қалыптасқаны белгілі. Ал меңгеретін сөздеріне, яғни басыңқы сыңарына қарай есімді, етістікті және ортақ меңгеру болып бөлінетіндігі айқын. Ал бұл еңбектегі меңгерудің берілуінде әрі кұрамдык, жағынан да, әрі басыңқы сөз таптарының қай сез таптарынан болу жақтары араласа беріліп кеткен.
Міне, осы сияқты басқа синтаксистік терминдерден де өзіндік кейбір ақау кеткенін көруге болады.
2. Синтаксистік терминдердің кұрылымы туралы. Синтаксистік термин сөздер кұрылысы жағынан дара да, күрделі де болып келеді. Дара синтаксистік терминдер әрі орыс тілі немесе басқа тілдер арқылы немесе қазақтың төл сөзі арқылы да келе береді. Мысалы Кеңесбасв пен Жанұзақовтыц Русско-казахский словарь лннгвистических терминов деген сездігінде дара синтаксистік терминдер былай берілген: Мысалы басқа тілдер арқылы енген термин сөздер:
1. Атрибут. 2. Анастрофа. 3. Варваризм. 4. Гипотаксис. 5. Паратаксис. 6. Пунктуация. 7. Синтаксис. 8. Предикат.
Қазақтың өз сөздері арқылы берілген термин сөздер мыналар:
1. Айқындауыш 2. Анықталғыш. 3. Анықтауыш. 4. Бағыну. 5. Басыңқы. 6. Баяндауыш. 7. Нүкте. 8. Сөйлем. Ал, осы сөздіктегі синтаксистік термин сөздердін, күрдслі түрі үш түрлі беріледі екен.
1. Екі сыңары да орыс тілі немесе басқа тілдер арқылы жасалған термин сөздер.
1. Абсолютті конструкция. 2. Синтаксистік конструкция. 3. Синтаксистік фонетика. 4. Релятивті синтагма. 5. Номинативті функция.
2. Бір сыңары қазақша, бір сыңары орысша немесе керісіпше алдыңғы сыңары орысша, соңғы сыңары қазақша термин сөздер:
1. Адъективті баяндауыш. 2. Адъективті сөйлем. 3. Адъективті тіркес. 4. Аналитикалық тәсіл. 5. Аффективті сөйлемше. 6. Баяндауыштык. аффикс. 7. Номинативті сөйлем. 8. Грамматикалық бастауыш. 9. Грамматикалық заңдар. 10. Грамматикалық мағына. 11. Синтаксистік талдау. 12. Синтаксистік тәсіл. 13. Пунктуация ережелері. 14. Предикат есімдер.
3. Екі сыңары да қазақша сөздер арқылы берілген термин сөздер мынадай:
1. Атаулы сөйлем. 2. Бағыныңқы сөйлем. 3. Басыңқы сөйлем. 4. Бірыңғай анықтауыш. 5. Болымды сөйлем. 6. Болымсыз сөйлем. 7. Жалғаулықсыз сабақтас. 8. Жалғаулықсыз салалас. 9. Еркін тіркес. 10. Есімдік тіркес. 11. Есімшелі тіркес. 12. Қосалқы анықтауыш. 13. Құрамды бастауыш. 14. Меңгеру түрлері. 15. Сөйлем мүшелері т.б.
Жалпы барлық синтаксистік терминдерді беру бір жұмыста мүмкін емес. Сондықтан да сөз тіркесіне қатысты терминдерді ғана беріледі.
Сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерінің терминдерінің араласа қолданылуы. Әдетте сөз тіркестерінің терминдері өз алдына, сөйлем мүшелерінің терминдері өзара бір-біріне қатыссыз қолданылып келсе, кейде сез тіркесінде сөйлем мүшелерінің элементтері, керісінше сөйлем мүшелерінде сөз тіркестерінің элементтері араласып келе берсді. Мысалы қабыса байланысқан анықтауыш, матаса байланысқан анықтауыш дегенде негізінде анықтауыш туралы сөз болғанымен, сол анықтауыштың жасалу процесінде олардың байланысу формаларының, яғни сапалык анықтауыш, меншікті анықтауыш пен қатар қабыса байланысқан, матаса байланысқан анықтауыштар қабат қолданыла береді.
Ал, толықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері, пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері, анықтауыштық қатынастағы сөз тііркестері, мезгіл мағынадағы сез тіркестері, мекендік мағынадагы сөз тіркестері т.б. дегенде негізінен сөз тіркестерінің мәселесі басым болады да, сөйлем мүшесіне қатысты терминдер оларға көмекшілік қызметте жұмсалуға тиіс.

1.2 Сөз тіркесінің жаңаса байланысу формасы

Қазіргі кезде сөз тіркесі синтаксистің ең бір үлкен саласы болып табылады. Ол туралы бірнеше монографиялар, жоғары оку орындарына арналған оқулықтар да шығып отыр. Сөйтіп сөз тіркесі синтаксис жан-жақты зерттеу объектіге айналып отыр. Дегенмен сөз тіркестері әсіресе олардың байланысу формалары туралы әлі де болса арнайы қарауды кажет ететін жайттар бар.
Сөз тіркестерінің байланысу формалары оның басқада объектілеріне қарағанда ең алғаш зерттеле бастады. Соған қарамастан әлі де болса олардың мектеп, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтардағы берілу дәрежесі, аттары, әрқайсысының жасалу жолдары сияқты мәселелері арнайы тоқталуды қажет етеді.
Сөз тіркестерінің байланысу формаларының берілуінде әр түрлі алшақтықты көруге болады. С.Аманжолов, Н.Сауранбаевтар мектеп грамматикасында сөз тіркесін қиысу, меңгеру, қабысу және жанасу деп берсе, ал 1950 жылдардан кейін оған матасуды енгізгені белгілі. Сөйтіп авторлар сөз тіркесін байланысу формаларына қарай меңгеру, матасу, қиысу, қабысу және жанасу деп беске бөліп береді. Осы пікірді Н.Сауранбаев, Т.Қордабаев, Р.Әміров, Ш.Әуелбаев, Ғ.Әбуханов, Қ.Е.Қабиева т.б. қолдайды.
Сөз тіркесі туралы арнайы еңбек жазған М.Балақаев олардың байланысу формаларына қарай 1949 жылғы мектеп грамматикасында 5-ке бөліп берсе, ал жоғары оқу орындарына арналған оқулығында қиысу, меңгеру, матасу және қабысу деп 4-ке бөледі де соңғы байланысу формасының бір түрі деп жанасуды атаумен шектеледі. Ал Ә.Нұрмаханова, А.Әбілқаев қазақ энциклопедиясының авторлары 4-ке бөліп, жанасуды ескермейді. Сөйтіп сөз тіркесінің байланысу формалары сан жағынан да, атаулары жағынан да әр түрлі беріліп жүр. Бұл байланысу формаларының ішінде аталуы да, жасалуы да жағынан таласқа түсіп жүргені жанаса байланысу формасы. Жанасу мектеп грамматикаларында арнайы түрде берілсе, ал жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарда, біріншіден, еленбейді, екіншіден, ол қабысудың алшақ түрі деумен ғана шектеледі. Екіншіден, мектеп грамматикаларында жанасудың жасалу жолдары туралы да бірізділік жоқ. Жанасудың жасалу жолдары С.Аманжолов, Н.Сауранбаев 1939 жылғы мектеп грамматикасында былай берілген.
а) үстеу мен етістік - кеше келді,
ә) көсемше етістік - оқып келді.
б) септік жалғаулы мезгілді, мекенді білдіретін түнде келді, кешке келді.
в) шылаулы сөз - етістік - оқу үшін келдім, сабақтан кейін барды, саған. бола аялдадық.
Ал 1940 Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы деген еңбегінде онда жанасуда негізінде осы пікірді қайталай келе, оған адам сияқты сөйледі деген модель сөзді топты да жанасу деп біледі.
Бұл мәселе 1980 жылғы мектеп грамматикасының басылымында біраз өзгеріске түскенін көруге болады. Онда авторлар жанасудың жасалуына үстеу, көсемше, сан есіммен мезгіл елшемін білдіретін секунд, минут, сағат, ай, жыл, сілтеу есімдігімен түні, күні, жылы деген зат есімдердің тіркесінен болады деп көрсеткен.
М.Балақаев Кеше мен де жиналыста болдым, асықпай сұраққа жауап бердім деген сөйлемдердегі үстеу мен көсемшенің етістікпен тіркесін ғана жанасуға жатқызады. Автор жанасудың қабысудан негізгі айырмашылығы ретінде сөздердің өзі қатысты сөздермен орын тәртібін басшылыққа алады. Бірақ осы принципті қолданғанымен, автордың қабысу мен жанасуға берілген мысалдары араласып жатады. Мысалы: автор тез кел дегенді қабысуға жатқызса, ал Кеше мен де жиналыста болдым, дегенді жанасу дей келіп, бір ғана үстеудің іргелес тұрып байланысуын кабысуға, ал алшақ тұрып байланысуын жанасуға жатқызады. X.Арғынов жанасуға қимылсын үстеулерінен басқа үстеулер негізгі сөз бен шылау сөздердің тіркесіп пысықтауыштық қатынаста жұмсалуын ғана жатқызады. Биыл да совет елі зор табысқа жетті, коммунизмге қарай ілгері жылжыды деген сөйлемдердегі асты сызылған сөздер мен сөздер тобын жанасу деп біледі. Бірақ Ш.Әуелбаевтың тауға қарай кетті тіркесін жанасу, ал көпірдің үстінен өтті дегенді меңгеруге жатқызуында нендей критерий бар екенін түсінуге болмайды.
Жалпы жанасудың осы күнге дейінгі жасалу жолдары арқылы біз меңгеру, қабысу жасалу жолдарымен араласып жататынын көруге болады.
Проф. М.Балақаев 1949 жылғы мектеп грамматикасы мен онан кейінгі ғылыми еңбектерде жанасу қабысудың бір түрі деп келгені айқын. Сондықтан біз де жанасу туралы әңгіме болранда тілдегі қабыса алатын сөздер тобының төңірегінде сол болуы тиіс деп білеміз. Жалпы жанасуды меңгерумен араластыра қарастыру ғылыми да, практикалық жағынан да дұрыс емес. Ғылыми еңбектерде меңгеруге барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес жалғаулы сөздердің таза және ол сөздерге шылаулардың тіркесіп келуін жатқызып келеді. Ол тұлғалы сөздер әрі толықтауыштық, әрі пысықтауыштық қатынаста жұмсалады деп тайға таңба басқандай дәлелдеп те беріледі. Ал мектеп грамматикаларында жанасуға осы септік жалғаулы сөздердің таза түрінде (мейлі ол толықтауыш, мейлі пысықтауыштық катынаста болсын) меңгеруге, ал шылау арқылы тіркестерін жанасуга жатқыза салады
Негізгі сөз бен шылаулы сөздердің тіркесін жанасуға жатқызуда ғалымдар олардың алшақ тұрып та тіркесетінін негізге алады. Шындап келгенде, меңгеріле байланысқан сөздердің барлығы да өзі қатысты сөздермен орын таңдамайды емес пе? Олай болса бірін онда, бірін мұнда қалдырып ереже көбейтуден ұтатын не бар. Септік жалғаулы сөздерге шылаулардың тіркесіп, тек меңгеру деп беруден ұтылатын еш жағдайымыз жоқ. Бұған қоса меңгерудід аясында кеңею процесі басым. Негізгі сөздерге тек шылаулар ғана тіркесіп қоймайды, қазіргі кезде негізгі сөздермен бірлікте көмекші есім, көмекші етістік және модаль сөздер де жұмсала береді. Бұған қарағанда жалпы ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес жалғаулы сөздер мен шылау, көмекші есім, көмекші етістік және модаль сөздердің де тіркесін (септеліп келгенде) тек меңгеру аясында калдыру жанасудың бір жасалуындағы мәселені оңайлатады. Жалпы жанасудың жасалу жолын меңгерудің жасалу жолымен шатастырмау керек.
Негізгі мәселе қабысу мен жанасудың өзіндік жасалу жолдарын, олардың әркайсысына тән көрсеткіштерін айқындау. Осы күнге дейінгі әдебиеттерде кабыса байланысатын сөздердің орны тұрақты, яғни анықтауыш пен анықталатын, пысықтауыш пен пысықталатын сөздер арасына сөз салмай ғана тіркесуі керек деген пікір басым. Ал жанасу тек пысықтауыш пен пысықталатын мүшелердің алшақ, іргелес тұрып та немесе кейбір пысықтауыштардың орын тәртібі аркылы байланысады деген тұжырымдар беріліп келеді. Сөйлемде бір-бірімен қабыса байланысатын сөздер мол. Олардың конструкциясы жан-жақты. Қабысу есімді, етістікті деп бөлінеді де, есімді қабысудың бірінші сыңарлары зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімше және үстеу, ал етістікті қабыса байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары үстеу, көсемше, сын есім, сан есім, есімдік, еліктеуіш сөз және зат есім делінеді. Бұлардың ішінде жанасу мен қабысудың арасындағы араласып жүрген сөз таптары біріншіден, үстеу мен көсемше, екіншіден, негізгі сөздерге түрлі көмекші сөздердің түйдектеліп жүмсалуы.
Үстеу мен көсемше өзі катысты сөздермен алшақ және іргелес тұрып та байланыса береді. Бірақ ол сөз таптарының етістіктермен іргелес байланысуын кабысуға жатқызады да, ал олардың алшақ түрін жанасуға жатқызып бір нәрсенің өзін жақсы оқушы жақсы оқиды, дегендегі біріншіні жақсыны сын есім, өйткені есімнің алдында тұр, екіншіні жақсыны үстеу, өйткені етістікке қатысты жүмсалған деген пікірден ешбір айырмашылығы жоқ. Сондықтан алшақ немесе іргелес тұрғанымен, ол сөз таптарының да етістікпен тіркесін қабысуға жатқызу қолайлы деп білеміз. Бірақ үстеулердін, септік жалғауларда келуін меңгеруге жатқызу керек.
Мысалы: Абай осы кеште болған өз халін бұл түнде де, ертеңінде де түсіне алмай кетті (М.Әуезов). Құлаш мойын қызыл нар таңертеңнен кешке дейін тыныстамады (Ғ.Мұстафин).
Екіншіден, етістікті қабыса байланысқан сөз тіркестеріне түрлі көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы жасалған бағыныңқы сыңарларды жанасуға жатқызады да, жанасудың басыңқы сыңары тек етістік болады деп түсіндіреді.
Шынында ғылыми енбектегі қабысуға жатқызылатын тілдің категориялар меңгеру (тек септік жалғаулы сөз және септік жалғаулы сөзге көмекші сөздердің тіркесі) матасуға (ілік жалғаулы мен тәуелдік жалғаулы сөздер) қарағанда көп. Қабысудың бағыныңқы сыңары ретінде қатыспайтын сөз табы жоқ деуге де болады. Оның үстіне ол сөз таптарының кейбірінің өзі қатысты сөзбен қарым-қатынасы түрлі қатынаста екендігі де айқын.

ІІ ТАРАУ СИНТАКСИСТІҢ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Сөз тіркестерінің статолингвистика әдісімен зерттелуі

Синтаксис - грамматиканың саласының негізгі бір бөлімі. Қазіргі уақытта қазақ тілінің синтаксис саласы сөз тіркесі синтаксисі, жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып жеке-жеке өз алдына зерттеліп,олардың іштей байланысу жолдары,түрлері анықталып келеді.
Тілдің синтаксистік құрылымын зерттеу - олардың құрылуы,ішкі құрылымы,байланысу жолдарын қарастыруды айтамыз.Синтаксистің ең маңызды бөлігі - сөз тіркесі деп білсек, соның ішінде сөз тіркесінің түрлері мен ерекшеліктерінің зерттелуі - өз алдына бір ғылым.
Қай ғылымның даму тарихына көз жүгіртсек оның пайда болу, басталу, даму кезеңдері болады. Олардың іштей әр салаға бөлініп, сараланып, зерттеліп, тармақталып өз алдына ғылымның бір бөлшегі болып қалыптасатыны даусыз.
Сөз тіркестері жайында ең алғаш рет он тоғызыншы ғасырдың 50 жылдарынан бастап айтыла бастады. 70-жылдары орыс әдеби тілінде
И.А. Бодуэн де Куртенэ алғаш рет аналитикалық элементтер жайында пікір білдірген. Сонымен қатар лингвист ғалым М.А. Казем-Бек Общая грамматика турецко-татарского языка атты еңбегінің синтаксиске арналған бөлімін Сөз тіркестері деген атпен бастап, онда сөздердің байланысу, тіркесу амалдарына тоқталып өткен. 1894-97 жылдар аралығында орыс тілінде жарық көрген Қазақ-қырғыз тілдерінің қысқаша грамматикасы атты еңбекте П.М. Мелиоранский де синтаксистің біраз мәселелерін сөз етеді.
Лингвист - ғалым А.Н. Кононов, сөз тіркесінің байланыстары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл білімі лингвистика туралы түсінік
Сәрсен Аманжолов - әдеби тіл тарихын зерттеуші ғалым
Сәрсен аманжолов өмірі
Қазақ термин жасамының тарих даму кезеңдері
Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақбілек" романындағы құрмалас сөйлемдер
Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркесі синтаксисінің табиғаты және профессор Т.Сайрамбаевтың қосқан үлесі
С. Аманжолов: өмірі, қоғамдық қызметі, шығармашылық мұрасы
Қазақ тіл білімінің кеңес дәуірінде зерттелуіне шолу
Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелуі
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайында дәрістер
Пәндер