Мұғалім мамандығының ерекшелігі мен оның даму жолдары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І ТАРАУ МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1 Жаңа тұрпатты мұғалім тұлғасы теориясы мен әдіснамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4.10
1.2 Педагогтың кәсіби мәдениет этикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10.16
ІІ ТАРАУ. МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН ОНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Мұғалім мамандығының пайда болу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... 17.21
2.2 Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ..21.23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Тақырыптың өзектілігі.Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен емес. «Бір баланы адам етіп өсіргенше бір шаһар апат болады» дейді Шығыс даналығы. Ал, жеке тұлғаның адамгершілігін қалыптастыру үшін қыруар уақыт пен тер төгетін үлкен жауапкершілік қажет. Халық мұғалімі – жас ұрпақтың рухани дүниесінің мүсіншісі, ол– өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы саналатын балаларға өзінің үмітін артып, болашағын сеніп тапсыратын қоғамның сенімді өкілі. Осы аса ізгі және өте қиын кәсіп ұстаздан өз өмірін оқу-тәрбие ісіне арнаған тұрақты шығармашылықты талап етеді.
Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін-өзі басқару шеберлігі, мұғалімнің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар оқу-тәрбие жұмысының табиғатына қарай күн сайын жаңарып, жаңа сипатқа ие болуда. Мұның өзі қоғамның үздіксіз дамуынан, ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыр.
Ахмет Байтұрсынов: «Ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогика әдістемесінен хабары мол, оқыта білетін мұғалім»,- деген болатын.
Мұғалімнің кәсіптік мәдениеті туралы Н.К. Крупская, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, К.Жарыкбаев, Ш.Т.Таубаева еңбектерінде кеңінен сөз болып, мұғалімнің әдеби, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дауыс дикциясы, сыртқы бейнесі жөнінде келелі әңгіме қозғалады. Мұғалімге қарапайымдылық, ұқыптылық, жинақтылық тән болуы тиіс. Мұғалімнің киімі, қозғалысы, шаш үлгісі сәнді болып келгені абзал. Мұғалімнің әлеуметтік беделін көтеруде оның сабырлылығы, сергектілігі, мейірімділігі мен кішіпейілділігі де зор рөл атқарады.
Білімдар мұғалімнің сөйлеу техникасы мен адамды түсіну білуі, басқа адамды елітіп әкетуі басым болады.
1. Ж. Асанов «Оқушы, оның дамуы және тәрбиесі» .-Қызылорда, 1993. 458б.
2. М.М.Дьяченко, Л.А.Кандыбович, «Психология высшей школы». Минск: БГУ, 1978, 169б.
3. Қазақстан Республикасының қысқаша энциклопедиясы. Алматы, 1988, 3-том, 432 б.
4. Ж.Б. Қоянбаев «Педагогика». Астана, 1998.699б.
5. «Педагогикалық энциклопедия. М: Советтік энциклопедия». 4 кітап, 1965, 2- кітап, 739б.
6. Ә.Садықов «Ы.Алтынсариннің педагогикалық пікірлері мен ағартушылық қызметі».Алматы, 1950ж.451б.
7. Я.А.Коменский. «Избранные педагогические сочинения». – М., 1995.366б.
8. В.А.Сухомлинский. Избранные педагогические сочинения: В 3 т. – М., 1981.552б.
9. И.Г.Песталоцци. Избранные педагогические сочинения: В 2 т. – М., 1981.478б.
10. К.Д.Ушинский. Педагогические сочинения: В 6 т. – М., 1988.458б.
11. В.А.Сластенин, И.Ф.Исаев. Педагогика. – М., 2002.784б.
12. Ш.А. Амонашвили Размышление о гуманной педагогике. – М., 1996.455б.
13. В.А. Мижериков, М.Н. Ермоленко «Введение в педагогическую профессию: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений». – М.: Педагогическое общество России, 1999.471б.
14. Введение в специальность: Учебное пособие для студентов педагогических институтов, Л.И.Рувинский, Д.М. Гришин, В.А.Кан-Калик и др. – М.: Просвещение, 1998.589б.
15. Г. Әділханқызы «Мұғалімнің жеке тұлғасы және оның кәсіптік мәдениеті»,Ұлағат.-2003.-№2.36-38б.
16. Қ. Ахметкәрімов «Мұғалімнің кәсіптік мәртебесі және беделі туралы ой», Қазақстан мектебі.-2003.-№9.48-50б.
17. А. Байтеліұлы «Мұғалім- адамтанушы мамандық», Қазақстан мектебі.- 2000- №10.76-77б.
18. Ж. Қожамқұлова «Ұстаз беделі қалай жоғары болмақ?», 2003 жыл, №1.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І ТАРАУ МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1 Жаңа тұрпатты мұғалім тұлғасы теориясы мен әдіснамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-10
1.2 Педагогтың кәсіби мәдениет этикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10-16
ІІ ТАРАУ. МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН ОНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Мұғалім мамандығының пайда болу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ...17-21
2.2 Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... 21-23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 25

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен емес. Бір баланы адам етіп өсіргенше бір шаһар апат болады дейді Шығыс даналығы. Ал, жеке тұлғаның адамгершілігін қалыптастыру үшін қыруар уақыт пен тер төгетін үлкен жауапкершілік қажет. Халық мұғалімі - жас ұрпақтың рухани дүниесінің мүсіншісі, ол - өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы саналатын балаларға өзінің үмітін артып, болашағын сеніп тапсыратын қоғамның сенімді өкілі. Осы аса ізгі және өте қиын кәсіп ұстаздан өз өмірін оқу-тәрбие ісіне арнаған тұрақты шығармашылықты талап етеді.
Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін-өзі басқару шеберлігі, мұғалімнің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар оқу-тәрбие жұмысының табиғатына қарай күн сайын жаңарып, жаңа сипатқа ие болуда. Мұның өзі қоғамның үздіксіз дамуынан, ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыр.
Ахмет Байтұрсынов: Ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогика әдістемесінен хабары мол, оқыта білетін мұғалім,- деген болатын.
Мұғалімнің кәсіптік мәдениеті туралы Н.К. Крупская, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, К.Жарыкбаев, Ш.Т.Таубаева еңбектерінде кеңінен сөз болып, мұғалімнің әдеби, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дауыс дикциясы, сыртқы бейнесі жөнінде келелі әңгіме қозғалады. Мұғалімге қарапайымдылық, ұқыптылық, жинақтылық тән болуы тиіс. Мұғалімнің киімі, қозғалысы, шаш үлгісі сәнді болып келгені абзал. Мұғалімнің әлеуметтік беделін көтеруде оның сабырлылығы, сергектілігі, мейірімділігі мен кішіпейілділігі де зор рөл атқарады.
Білімдар мұғалімнің сөйлеу техникасы мен адамды түсіну білуі, басқа адамды елітіп әкетуі басым болады.
Педагогикалық әдеп - мұғалімнің кәсіптік сапасы және кәсіптік ерекшелік белгісі. Кейбір мұғалім, кәсібін айтпай-ақ, өзінің әділдігімен, ілтипаттылығымен өзінің мамандығын сырт көзге айқындап тұрады. Мұғалімнің ашу үстінде ешқандай шешім қабылдамауы пайдалы.
Курстық жұмыстың мақсаты: мектептегі оқытатын мұғалімдердің жеке бастарына қойылатын талаптарды анықтау, және мұғалім мамандығының ерекшеліктерін айшықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
oo Мұғалім мамандығының талаптарына тоқталып, оларға сипаттама беру;
oo Мұғалім туралы ұлы ғұлама ақын-жазушылардың еңбектерінен ой-пікірлерді талдау;
oo Педагогтык шеберлік пен оны меңгеру жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері: талдау, жинақтау, зерттеу, іздену.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды және әдебиеттер тізімі.
І ТАРАУ МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1.1 Жаңа тұрпатты мұғалім тұлғасы теориясы мен әдіснамасы

Әл-Фараби: Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ .., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек[1,33].
Мемлекет мәдениетінің айнасы-мектеп. Шын мәнісінде еліміздің әлеуметтік, мәдени, саяси, психологиялық жай-күйі халықтың білім жүйесінен, оның деңгейінен, ағартушылық іс-әрекетінен анық аңғарылады. Осы орайда, жазушы Ә.Кекілбаевтың Уақыттың жалғыз өлшемі бар ол-адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, ол - арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс -деген сөзін еске алсақ, осындай үлкен іс атқарар бір сала - мектеп және оның мұғалімі.
Педагогикалық іс - өте нәзік, қасиетті іс. Ол тәрбиешіден сезімталдықты, балаға деген сүйіспеншілікті, бала жанын бірден танитын қырағылықты талап етеді[1,55].
Бүгінгі мектептің басты міндеті- өзіндік ой- көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса, оған мұғалімнің шәкіртіне деген сүйіспеншілігі, оны тұлға ретінде бағалауы баланың адамдық қасиеттерінің дамуына басты кепіл бола алады.
ХХІ ғасыр-қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр - марғаулықты көтермейтін ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отыр.
Аманатқа қиянат жасамау-халқымның ізгі ұлылық дәстүрі [2,123]. Жаңа ғасырдың ақпараттық қоғамына қажетті жаңа тұрпатты мұғалім дайындау мәселесіне байланысты 2005 жылы 18 тамызда Қазақстан Республикасындағы жаңа тұрпатты мұғалім даярлаудың үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасындағы жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасының жобалары ұсынылды. Осы екі жобаның біріншісінде жаңа тұрпатты мұғалімге - рухани жетілген, шығармашылық қабілеті жоғары, өзіне сын көзбен қарай алатын, кәсіби дағдылары, педагогикалық дарыны бар, жаңашылдыққа ұмтылатын тұлға ретінде анықтама берілген. Мұғалім идеалы - білімнің құндылығын айқын түсінетін, мәдениеті жоғары адам, өз пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең меңгерген, жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық әдістерді қолдана алатын, өзін жеке тұлға ретінде дамытып, рухани өсуге деген қажеттілігі мол болуы тиіс делінеді.
Кәсіпқой мұғалім өз пәнін жетік біліп қана қоймай, әрбір қатынасушының педагогикалық үдерістегі орнын білуі керек. Оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуға қабілетті болып, оның нәтижелерін алдын-ала болжамдап көре білуі тиіс, болуы мүмкін ауытқушылықтарды дер кезінде түзете алуы, яғни құзыретті тұлға болу керектігіне назар аударылады.
Жаңа тұрпатты мұғалім үш түрлі құзыреттілікке ие болуы тиіс: әдіснамалық, жалпымәдени, пәндік-бағыттылық. Педагогикалық қызметтің шығармашылық бағытталуы, біріншіден, мұғалімге мамандығы үшін мәні бар күшті және әлсіз жақтарын (өзін-өзі тануын, эмоционалдық қалпын, коммуникативтік және дидактикалық қабілеттерін және т.б.) бағалай алуы; екіншіден, зияткерлік мәдениетін (ойлау, ес, қабылдау, зейін), мінез-құлық, қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынасты меңгеруі; үшіншіден, қазіргі интеграциялық үдерістер, әлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай алу сияқты мәселелерді қарастырумен байланысты.
Жаңа тұрпатты мұғалім ұғымының теориялық еңбектерде қарастырылу жайы, айтылған мәселелерді жүзеге асыру үшін жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды да қолданудың дидактикалық шарттары, ақпараттық технологияларды қолдану мазмұны сынды мәселелер өз шешімін табуды көздейді.
Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша бакалавриаттың халықаралық бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны үйлескен білім беру бағдарламалары жасалып, оқытудың кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиялары жүзеге асады. Білім берудегі осындай өзгерістерге сәйкес жаңа тұрпатты мұғалім дәстүрлі оқыту формаларын ақпараттық-коммуникациялық, басқа да жаңашыл технологиялармен үйлестіріп жүргізе алуға қабілетті болуы керек деп есептеймін.
Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет - білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл мұғалімдерді даярлау. Жаңашыл мұғалімдер педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуы керек.
Жаңа тұрпатты мұғалім ұғымын психологиялық-педагогикалық әдебиеттерден жаңа типті мұғалім, жаңа буын мұғалімі терминдері түрінде кездестірдік.
Жаңа тұрпатты мұғалім анықтамасы 2005 жылғы 18 тамызда жарияланған ҚР жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы және ҚР жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында бір мәселеге деген екі түрлі көзқарас көрсетілген. Екі тұжырымдама авторлары бір мәселені екі түрлі шешуді ұсынады.
Дегенмен, бұларда бірін-бірі қайталайтын тұстар да баршылық. Жаңа тұрпатты мұғалімдерге қойылатын талаптардың Жоғары педагогикалық білім және Жоғары педагогикалық білім беру құрылымы бөлімдерінде олар бір-бірін қайталаған. Егер бірінші тұжырымдама негативті факторлар ретінде бірін-бірі жалғастырып жататын білім беру стандарттары мен бағдарламаларын құруға ғылыми негізделген ұстанымның болмауын атаса, екінші тұжырымдама авторлары стандарттардың, типтік оқу бағдарламаларының жетілдірілмегендігін... атайды. Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Сондықтан, осы екі тұжырымдама негізінде біреуін жасау қажеттігі сөзсіз.
Педагогикалық білім берудің ең жоғарғы мақсаты - жаңа тұрпатты мұғалімнің жалпы және кәсіби дамуының үздіксіз жүргізілуі деп есептейміз. Бұл мақсатты жүзеге асыру кезінде маман-адам, азамат пен оның кәсіби білімі, іскерліктері мен дағдылары арасындағы үзіліп қалған байланыс қайта жалғасын табуы керек. Болашақ маманның жеке тұлғалық позициясын, оның кәсіби білімі мен іскерліктерін біріктіру жүзеге асуы жөн. Бұл біріктіру жалпы қосынды емес, сапалық жағынан жаңа құрылым болып, тұтастығы мен ішкі құрылымы жаңа типті мұғалім даярлау мен қалыптастыру мақсатын қоюға болады. Педагогикалық білім беру мақсаты, мұғалім тұлғасы мен кәсіби қызметінің инвариантты, идеалданған көрсеткіштері біліктілік сипаттамасының негізіне қойылатын профессиограммада ашылады. Біліктілік сипаттамасы типтік кәсіби педагогикалық міндеттер жүйесі түрінде құрылып, мұғалім тұлғасы мен кәсіби қүзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптарды құрайды.
Шебер мұғалім, біріншіден, халқымызға тән жастарымыздың бойында бар адамгершілік сипаттағы дүниетанымына, өз мәдениетіне, әдет-ғұрып, салт-саналарына, қол өнері мен педагогикасына арқа сүйейтіндігіне және ашық-жарқындығы мен бауырмалдылығына, яғни қазақ ұлтының басқа халықтардың құндылықтарын сіңіре алушылық қабілетіне ерекше назар аударған жөн. Екіншіден, өзі оқытатын пәнді терең меңгеруге міндетті. Үшіншіден, өздігінен білім алуға ынталы болуы керек. Мұғалімнің жеке басының үлгісі - кәсібилікпен біте қайнасқан қасиет болуы керек. Себебі, кез келген ұжымдағы қарым-қатынас мұғалімнің жеке басының үлгісімен тығыз байланысты[3,221].
Сонымен жаңа тұрпатты мұғалім ұғымы соңғы жылдары жарияланған шетелдік және қазақстандық педагогика оқулықтарында, ғылыми зерттеулерде жаңа типті мұғалім, мұғалім идеалы, шебер мүғалім түрінде берілсе, жаңа тұрпатты мүғалім термині терең қарастырылмаған. Жаңа тұрпатты мұғалім дегеніміз - кәсіби білім мазмұнын үздіксіз жетілдіріп отыратын, оқу үдерісін басқару қабілеті, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби сапасы жоғары, озық технологияларды меңгерген, оны қалауынша пайдаланатын құзыретті тұлға.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Яғни жаңа технологияларды меңгеру жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруға қойылатын негізгі талап болып отыр. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру болып табылады.
Жоғары мектеп педагогикасы теориясында зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі - педагогикалық модельдеу мәселесі. Жоғары білім беруді модернизациялау ең алдымен оның мазмұнын терең жаңартумен байланысты. Тек қана информатика пәнінің мұғалімі ғана емес, сонымен бірге кез келген пән мұғалімінің ақпараттық технологияны меңгеруі - жаңа тұрпатты мұғалімге тән басты белгі деп айтуымызға болады.
Жаңа тұрпатты мұғалімнің ақпараттық технологияны меңгеруі жоғары оқу орнында қалыптасатын болғандықтан, оқытушылардың ақпараттық сауаттылығы, олардың кәсіби деңгейінің заманауи талаптарға лайық болуы, студенттердің ақпараттық құзіреттілігін қамтамасыз ету, олардың барлық оқу формалары бойынша іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру қажеттігі туындайды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2005 жыл 18 ақпанда Қазақстан халқына арнаған Жолдауында XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз деп бүкіл әлемдік талапты көрсетсе, Бәрі де мектептен басталады.Сондықтан біздің - 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы білім беруге көшіп, педагогтардың кәсіптік деңгейін, оқулықтар мен білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруымыз керек деп қазіргі білім беруге қатысты нақты талаптар қойғаны баршаға белгілі.
Мұғалім- елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін, жас ұрпақты тәрбиелейтін жауапкершілігі мол киелі мамандық.Ондай мамандық иесі әрқашан да өресі биік болып, сөйлеген сөзінен, ойлар ойынан маржандай тізілген ілтипат пен парасаттың өрнектері, әсемдік әлемі көрінетін, көкірегі жақсылыққа тола, мейірімді, білімі біліктілікке ұласқан ізденімпаз, елжанды, адамгершілігі жоғары адам болу керек.
Мұғалім қызметінің ерекшелігі сол, көптеген мамандықтар секілді педагогтың қолында өлшеуіш немесе басқаша айтқанда приборлар жоқ. Оның ең басты жұмысы - оқыту мен тәрбиелеу барысында пайда болған қарым-қатынасты басқару. Мұғалім көптеген нақты жағдайда қысқа уақыттың ішінде ең дұрыс педагогикалық шешімді таба білуі тиіс, ал мұның өзі әрқашан күрделі. Түптеп келгенде, қоғам мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. Мұғалімге үйретуге ең көнгіш кезіндегі адам сеніп тапсырылады. Мұғалім баланың білімін, икемділігін, әдетін, мұратын және өмірлік мақсатын қалыптастырады.
Бүгінгі таңда кейбір ұстаздардың бойкүйездігі, тіпті өз жұмысына немқұрайлы қарайтыны мұғалімнің қадір-қасиетіне көлеңке түсіруде.Күнделікті күн көрістің қарекетімен мамандықты сан мәрте ауыстырудың өзі ұстаз беделінің төмендеуіне әкеп соқтырып отыр.
Кейінгі кездерде ұстаз беделіне деген көзқарастың өзгеріп кеткеніне себептер іздеу қиын емес.Бұлар мыналар:
oo ұстаз болу үшін, ұстаз болып туу керек деген қағидаға жүгінсек, бұл мамандықты кездейсоқ адамның игеруі;
oo жоғары оқу орындарында шалағай білім алып, мектепке оралғанда беретін сабағын өзі де толық түсіне алмай, оның үстіне оқушыға жеткізе алмауы;
oo мектеп қабырғасы ұстаздардың шыңдалу объектісі екенін түсіне алмайтын, ізденудің жолын білмейтін, сөйтіп шәкіртті өзінен алшақтатып, жұтаң қалып оқшауланатын ұстаздардың табылуы;
oo төл басылымдарға жазылу, одан оқып үйреніп, оқу-тәрбие жұмысына пайдаланылатын ұстаздардың азаюы, яғни рухани азғындау;
oo мұғалім беделін көтеретін шешуші тұлға- ағартушы, әдіскер, адамтанушы, адамгершілігі жоғары мектеп басшыларының азаюы;
oo қоғамдық орын, қалың жұртшылық пен мектеп арасындағы байланыстың үзілуі;
oo төл оқулықтарды оқыту мақсатындағы жаңа педагогикалық технологияларды ұстаздардың меңгере алмауы. Бір жақтылықтың, бір сарындылықтың белең алуы;
oo ұстаз өз іс-тәжірибесін әріптестерімен бөліспеуі, баспасөз бетіне
жариялауға енжарлық танытуы;
oo ұстаздың әлеуметтік жағдайының көп мамандық иелерімен
салыстырғанда төмендігі;
oo ұстаздың атқарған еңбегін бағалау әр кезде тиісті бағасын беріп отырудың өз дәрежесінде болмауы және т.б.
Енді Неліктен мұғалімдердің басым көпшілігі өз білімдері мен кәсіби шеберліктерін жетілдіруге мүлде деп айтпасақ та, тиісті дәрежеде көңіл бөлмейді? деген сұраққа жауап іздестіріп көргенде, сұраққа жауап ретінде мыналарды келтіруге болады:
- жоғары оқу орындарын бітірушілердің кәсіби деңгейінің төмендігі;
- мектеп оқушыларының білімге деген құштарлығы күрт төмендеп, олардың жаппай оқымайтындығынан, оларға екілік қоймау және үлгерімдік көрсеткіштерді ұстану талаптарынан туындайтын лажсыздық;
- күнделікті тұрмыс-тіршілік тауқыметінің қысымы;
- мұғалімдердің білім мен біліктілігін, іскерлігі мен кәсіби шеберлігін шыңдай түсетін арнайы әдістемелік және өзге оқу құралдарының жоқтығы.
Дегенмен мұғалімдердің кәсіби шеберліктерінің шыңдалуына кедергі болып жүрген, көп сөзге тиек бола бермейтін өзге таза субъективті жақтары да бар.
Мысалы: ол мұғалімнің өз ісінің соңғы нәтижесі - түлегінің білімі мен біліктілігінің сапасына жауапкершілігінің жоқтығында. Қазірге дейін жалпы мектеп болып өздері тәрбиелеген түлектердің білімдер деңгейіне жауапкершілігін сезіну, одан тиісті қорытындылар жасау дәрежесі дұрыс жолға қойылмағанын атап өту қажет. Жалпы мектептердің басым көпшілігінде қалыптасқан жағдай мынадай: 5-9 сыныптарда, яғни орта буында, негізінен, кәсіби шеберлігі төмен, іс- тәжірибесі жеткілікті дәрежеде қалыптаса қоймаған жас мамандар дәріс беріп, жоғары сыныптарда бұл оқушылар іс- тәжірибелері молырақ, кәсіби шеберліктері де біршама шыңдалған мамандарға өтеді. Сөйтіп, бұл екі топтағы мамандардың екеуіне де түпкілікті жауапкершіліктен бас тартуға мүмкіншіліктер жасалып қойған. Егер бұлардың алғашқылары тікелей түлек шығаруға қатыспайтынын алға тартса, онда екіншілері қарамағына білім сапасы төмен оқушылардың келгенін арқау етеді. Ал жауапкершілік болмаған жерде ешбір сапа жөнінде әңгіме қозғаудың өзі мағынасыз, бос сөз болатынын ескеру қажет.
Бүгінгі күн мұғалімдердің атына ата-аналар тарапынан әр түрлі өкпе, реніштер айтылып жатады. Көбіне педагогтардың біліктілігі төмендігі, шәкірттермен арадағы қарым-қатынасы, оқыту әдістерінің көнерген немесе дәстүрлі түрлерінің қолданылуы тілге тиек болады. Осындай кемшіліктер қандай себептерге байланысты орын алып отыр деген заңды сауал туындайды.
Біріншіден, қазіргі педагогикалық құрамның басым бөлігін 40 жастан асқан мұғалімдер құрайды. Бұл жоғары оқу орындарын бітірген жастар мектептегі педагог кадрлардың қатарын толықтыруға асықпайтынын білдіреді.
Екіншіден, жоғары оқу орындарындағы оқыту дәстүрлі түрде қалып отыр. Университеттер мен институттардың білім беру бағдарламасы ондаған жылдар бойы өзгертілмей келді. Бұдан шығатын қорытынды: тәжірибелі ұстаздар мен жас мұғалімдер өз мамандығына қатысты жеке тұрғыдан да, кәсіби тұрғыдан да, шамалары бірдей көрсеткішке ие болып отыр.
Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін, ұстаз жан-жақты білімді, тәрбиелі болуы керек.Ұстазды көргенде жеритін шәкірт емес, оны көруге асығатын шәкірт тәрбиелеу керек. Ұстаздың төрт құбыласы тең моделі толығынан іске асқанда ұстаз мәртебелі болады. Қырық жыл мұғалім болсаң да қырық бес минуттық сабағыңа тиянақты әзірлен деген қағида соның айғағы.
Мұғалім қызметі жайында оқушылармен анкеталық сауалнама жүргізілді. Оның шарты бойынша оқушылар мұғалімнің ең маңызды қасиеттерін атауы тиіс еді. Нәтижесінде балалар ең алдымен сабақтың қызықты өтуін, мұғалімнің мейірімді болуын, көңілді болуын қажет етеді екен. Екінші орында оқушыға деген сый-құрмет пен әділдік орын алды. Үшінші қатарға мұғалім тарапынан талап қоюшылық және оның өз пәнін жетік білуі шықты. Мұнан кейін балаға деген сүйіспеншілік, сабырлылық, шыдамдылық қасиеттері болуы айқындалды. Оқушылардың ойынша мұғалімнің ең жаман қасиеттері- қатаңдық, түсінбеушілік, әділетсіздік, дөрекілік, сүйікті және сүйікті емес оқушылардың болуы, шәкірттеріне деген сүйіспеншіліктің жоқтығы, ұшқалақтық, өзін-өзі ұстай алмауы, тағы басқа жағымсыз әдеттердің болуы.
Қазіргі заманның мұғаліміне қойылатын талаптар:
- біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман иесі болу керек;
- екіншіден, мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс;
- үшіншіден, мұғалім білім негіздерін өз бетінше оқып, үйренуге, оқушыны баулауға міндетті;
- төртіншіден, мұғалім-педагогикалық үрдісте баламен ынтымақтаса қызмет ету керек;
- бесіншіден, педагог әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті немесе француз педагогі Жубер айтқандай оқыту деген екі есе оқу[4,122].
Қорыта айтқанда, мұғалімнің басты қызметі жаңа қоғамға сай білімді, көкірегі ояу , тәрбиелі, әр уақытта еліне қызмет ететін, оңды-солын білетін жақсы азамат қалыптастыру.Ал, мұғалімнің негізгі міндеті қазіргі кездегі жаңа оқыту мен тәрбиелеу технологияларын меңгеріп, өз кәсібін әрі қарай дамыту. Сондықтан да жас педагогке жемісті еңбек ете алатын, өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін жүзеге асыратын жағдайлар туғызу қажет. Жас мамандардың тіршілігін, еңбегі мен жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіптік білім алуын мақсатқа бағыттап ұйымдастыру керек.

1.2 Педагогтың кәсіби мәдениет этикасы

Педагогикалық этика - этика ғылымының өзіндік тарауы болып табылады және педагогикалық мораль ерекшелігін зерттейді, педагогикалық еңбек саласындағы жалпы адамгершілік ұстанымдарының жүзеге асыру өзгешелігін анықтайды, оның функциясын, этикалық санат мазмұны принціптерінің өзгешелігін ашып көрсетеді. Сонымен қатар, педагогикалық әдеп оқыту - тәрбиелеумен кәсіби түрде айналысатын адамдар арасындағы және кәсіби ортадағы адамгершілік қатынастар мен мұғалімнің адамгершілік қызметтерін және мұғалімдер ортасында қалыптасқан өзгеше тәртіп пен мінез-құлық т.б. зерттейді.
Педагогикалық этика педагогикалық мораль мен моральдік құндылықтардың негізгі санаттарының түпкілікті мәнін қарастырады. Адамдардың адамгершілік қасиеттері мен мінез - құлқына, іс қимылына және өмірлік алуан түрлі құбылыстарға т.с.с. өзіндік баға беретін мейірімділік пен зұлымдық, адалдық пен ар-намыс туралы түсініктер жүйесін моральдік құндылықтар деп атауға болады. Педагогикалық қызметте моральдік түсініктердің негізгі түрлерінің бәрі қолданылады, дегенмен, педагогикалық қызмет пен қарым-қатынас тәрізді түсініктер этиканың жеке дара тарауына қатысты педагогикалық түйсіну тәрізді жекелеген түсініктерді бөле - жара көрсетеді. Осындай санаттың ішінде кәсіби - педагогикалық борыш, педагогикалық әділдік, педагогикалық ар-намыс және педагогикалық бедел бар.
Әділдік дегеніміз жалпы алғанда, адамдардың адамгершілік қасиеті мен олардың қоғамдық танымал болуы, құқықтары мен міндеттері арасындағы өзара сәйкестілік деуге болады; педагогикалық әділдіктің: мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы барысында олардың тәртібін, қылығын, оқуға деген көзқарас-құлшынысын, адамгершілік тәрбиелілік деңгейін анықтау мен бағалау барысындағы мұғалімнің обьективтілігі мен оның адамгершілігіне өзіндік баға беретін ерекше сипаты болады. Педагогикалық әділдік өзгешелігі оқушылар мен педагогтардың іс қимылды бағалау және оған қатысты жауап рекциясының әр түрлі адамгершілік деңгейде болуында; педагог обьективтілігінің өлшемін анықтау көбінесе педагогқа байланысты болады; өзіндік қорғаныс деңгейі әр түрлі тараптар ара-қатынасының көбінесе жалпы моральдік бағалауға түсетіндігінде; ең ақыр аяғында педагогпен алдын ала бағдарламаланған педагогикалық қажеттіліктерді балалардың түсінбеуінде;
Кәсіби педагогикалық борыш - педагогикалық әдептің ең маңызды санаттарының бірі. Өзінің еңбегіне деген шығармашыл көзқарас, өз-өзіне қатаң талап қою, кәсіби білім-білігі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға деген құлшыныс, оқушыға , оның ата-анасына деген құрмет көрсету және талап қою қажеттілігі, мектеп өмірінде кездесетін қиын да, күрделі шиеленістерді шеше білу тәрізді өзгеше іс - қимыл педагогтың кәсіби борышына жатады.
Кәсіби ар-намыс - бұл педагогикада мұғалімнің өз маңыздылығын түсініп қана қою емес, сонымен қатар оның қоғаммен танылуы және моральдік сипаты мен сіңірген еңбегіне деген қоғамның құрметі деген түсінікті білдіреді. Педагог мамандығында жеке бастың ар-намысы мен қасиетін түсіну сезімі ерекше байқалып тұрады. Егер мұғалім өз мінез - құлқында және тұлғалармен ара - қатынас барысында педагог идеалына қойылатын талаптарды бұзған болса, осыған сәйкес кәсіби ар-намысқа, педагогтың адамгершілік сипатына немқұрайлы қарау әрекеті демонстарцияланады. Мұғалімнің ар-намысы - оның кәсіби борышын орындау барысында көрінетін нақты кәсіби ар-намысына қоғамдық баға беру.
Мұғалімнің педагогикалық беделі - оның оқушылар мен мұғалімдер және әріптестер ұжымындағы моральдік статусы, бұл құрмет пен қошаметке ие болып жүрген беделді де, құрметті ұстаздың тәрбиеленушілердің тәртібі мен нанымдарына әсер ететін өзіндік тәртіп түрі. Педагогикалық бедел мұғалімнің осыған дейінгі алған моральдік-этикалық және психологиялық-педагогикалық даярлығына байланысты. Оның деңгейі білімнің, зеректіктіктің, шеберліктің тереңдігімен және өз еңбегіне деген ерекше қатынасымен т.б. анықталады.
Педагогикалық әдеп құрамына адамгершілік санадан адамгершілік тәжірибеге көшудегі адамгершілік шығармашылық элементі енеді. Мұғалімнің адамгершілік шығармашылығына көптеген жиынтықтар енгізіледі, оның ішінде аса маңызды деп саналатын: педагогикалық мамандықтың қоғамға қатысты нормалары мен оның маңыздылығын түйсіну; түрлі күрделі оқиғалар орын алған жағдайда, оның пайда болу жағдайын түсіну; адамгершілік-педагогикалық нормаларға сәйкес ең үлгілі әрекетті таңдау қажеттілігі;
Педагогикалық тәртіп - мұғалімнің қызметінде оның ойы мен әрекеті ұштасып жататын педагогикалық моральді іске асыру түрі. Тәртіп - іс-қимылдың барлық обьективтік әсері мен оның субьективтік қабылдануын алдын ала көре білуді көздейтін адамгершілік тәртіп. Осы арқылы мақсатқа жетудегі барынша жеңіл және мейлінше жағымсыз түрде жету ізденісі көрінеді. Педагогикалық тәртіп - үнемі шығармашылықта және ізденісте болу деген сөз.
Мұғалімнің тұлғаға деген құрмет сезімі, жоғары талап қоюы, әңгімелесіп отырған адамды тыңдай білуі , оны түсіне білуі, ара-қатынастағы іскерилік, бірбеткейсіз ұстанымдылығы, сабырлылығы , адамдарға қатысты ерекше зейіні мен сезімталдығы т.б. педагогикалық тәртіпке жатады.
Мұғалімнің педагогикалық мәдениетіне қойылатын талаптардың ішінде педагогикалық тәжірибенің даму барысында қалыптасқан жалпы адами мәдениет те бар. Бірақ педагогикалық салада өзіндік адамгершілік тәрбиенің ажырамас бөлігі болып табылатын моральдік үйлестірудің де өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені педагогтың іс - қимылын ешкім бақыламайды ғой. Ол көбінесе өз қылығын өзі бағалайды, өзі түзетеді. Сол себепті мұғалімнің моральдік барометрі педагогикалық ұяты аса сезімтал және жоғары деңгейлі болуы шарт.
Педагогтың кәсіби тәртіп кодексі педагогикалық ұстанымдар мен моральдан туындайтын адамгершілік талаптар үйлесімін анықтайды және оның педагогикалық қызмет үдерісіндегі ара-қатынас жүйесі мен тәртібін реттейді. Педагогтың кәсіби тәртіп кодексінің басты мақсаты мұғалімнің өз-өзіне, педагогикалық еңбекке, оқушылар мен мұғалімдер ұжымына деген ара-қатынасын анықтайтын негізгі талаптарды белгілеу болып табылады.
Педагог тәртібі оның педагогикалық әрекеттеріне адамгершілік тұрғыдан реттейді. барынша толыққанды кәсіби-этикалық сипаты мен мақсатқа сәйкестігі педагогикалық тәртіптің келесі сипаттарында ( мінез- құлықта) ұсынылған:
- талапшылдық, жеке бастың қасиетін қорламау, түртпектей бермеуінде;
- қарым-қатынас барысында табиғилық, қарапайымдылық танытып, мәймөңкелік пен өрескелдікке жол бермеуінде;
- бірбеткейліксіз ұстанымшылдығы және табандылығында;
- аса дабыраламайтын зеректік пен сезімталдығында;
- тұлғаның жеке басын қорламайтын әзіл-сықақ қолдана білуінде;
-иландыру, нандыру, ескерту, ұсыныс жасау және қысымшлық пен қорлықсық жазалай білуінде;
-өз білімі мен кәсіби даярлық деңгейіңнің артықшылығын атап айтпай-ақ білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу білу қабілетінде;
-білім алушыларды тыңдай білуі, оның және өзгелердің сұрақтарға берген жауаптарына тыңғылықты қарай білуінде;
Жоғарыда аталған педагогикалық тәртіп түрлері педагогтың түрлі оқу-тәрбиелік міндеттерін шешу барысында көрініп, олардың кәсіби қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді.
Кәсіби әдеп сипаты келесі жағдайда көрінеді:
- педагогтың сыртқы келбетінен;
- кез келген орын алған жағдайды жылдам және дұрыс бағалай білуі, сондай - ақ өз тәрбиеленушілерінің тәртібі мен қабілеті туралы қорытынды жасауға асықпауынан;
- өз - өзін ұстай білу, қиын жағдайда сезімге жол бермей, салқынқандылық танытуынан;
- оқушыларына қоятын талаптарының ойға сыйымдылығы мен оларға деген сезімталдығынан;
- оқушылардың жас және жеке - дара ерекшеліктерін жақсы білуінен;
- өз еңбегіне сыни көзқараспен бағалай білуінен;
Әдепті педагог жұмысқа, іскери кездесулерге уақытында келеді; өзінің әріптестеріне, оқушыларына, олардың ата-аналарынан алған заттарын уақтылы қайтарады; айналасындағы адамдарға залал келтіретін , алып-қашпа сыбыс пен расталмаған фактілерді дауыстап қайталамайды;
Педагогикалық тәртіп қолданылатын педагогикалық әсер етудегі әдіс, тәсілдердің негізділігімен және икемділігімен сипатталады. Ол бір қалыптылық пен формализмге төтеп бермейді. Тәртіп негізі - педагогтың шыдамдылығы мен салмақтылығында. Педагог ретінде шығармашыл ұжымды басқарушы тәртіпті басшының басты қасиеті - жоғары талап қоя білу, тәрбиеленушілерге шынайы құрмет көрсету. Тәртіп түсінігі көптеген жиынтықтардан құралады, бірақ, олардың бәрі кішкентай адаммен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» дәрістер жинағы
МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ МҰҒАЛІМДІК МАМАНДЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Иерархиясы кәсіби маңызды және маңызды қасиеттері
Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Педагогтің оқушылар алдындағы беделі
Болашақ педагог-психологтар дайындау курсының ролі
Әлемнің көптеген елдерінде мұғалім мәртебесі айтарлықтай биік
«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» оқу-әдістемелік кешені
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын жетілдіру
Пәндер