Мектеп оқушыларына тәрбие берудің жалпы сипаты мен ерекшеліктері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І ТАРАУ. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері ... 4.8
1.2 Тәрбиенің мақсат.міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8.13
ІІ ТАРАУ ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН МӘН.МАҒЫНАСЫ
2.1 Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері ... ... ... ... ... ... ... .14.21
2.2 Өзін.өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... ... ... .21.24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Тақырыптың өзектілігі. Тәрбие мақсатының, міндеттерінің және мазмұнының диалектикалық өзара байланысты. Педагогика теориясы мен тәжірибесінде тәрбие мазмұны ең маңызды және көкейкесті ұғымдардың бірі. Қазіргі тәрбие мазмұны ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамдық сананың даму ерекшеліктеріне идеяалық және құндылық ұстанымдарға байланысты жетіліп отырды.
Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық міндет болып табылатын алдыңғы ұрпақтардан келесі ұрпақтарға әлеуметтік тәжірибені жинақтап жеткізетін тәрбие процесі орындалатын білім беру жүйесіне қоғамның аса көп көңіл аударуын талап етіп отырған.
Тәрбие мазмұнын жаңаша қарастыру, оны іске асырудағы тұлғалық бағдарлық және іс-әрекеттік тәсілдер ғалымдар мен педагогтарды жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерін шешудің тиімді құралдарын тұтас педагогикалық процесс тұрғысынан іздестіруге ынталандырады.
Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу педагогтарда негізінен қандай адамды қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе саналылық, айқын бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады.
Сонымен қатар тәрбие мақсаттарының одан ары айқындалуы оның міндеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері тәрбиелік жұмыстардың мазмұнын анықтауға тікелей қатысты.
Курстық жұмысының мақсаты:мектеп оқушыларына тәрбиенің мақсат пен міндеттерін ақындау.
Курстық жұмысының мiндеттерi:
1. Мектеп оқушыларына тәрбиеге қатысты әдiстемелiк ой-пікірлерге шолу жасау;
2. «Тәрбие» ұғымына анықтама бере отырып, оның ерекшелiктерiн қарастыру;
3. Мектеп оқушылары тәрбиесінің маңыздылығы мен мақсат-міндеттерін, заңдылықтыры мен принциптерін анықтау.
1. Әбенбаев С. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі», Алматы – Дарын, 2004ж.369б.
2. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика», Алматы – 2005ж.358б.
3. Кукушин В.С. Теория и методика воспитательной работы: Учебное пособие. – Ростов н\Д: Издательский центр «МарТ», 2002ж.321б.
4. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. – Алматы: Мектеп, 1987ж.325б.
5. Әмірәлиева Ш. Аға ұрпақ тәжірибесі жастарға. – Алматы, 1982ж.256б.
6. Айтмамбетова Б.Р. Тәрбие процесінің мәні және мазмұны. Тәрбие принциптері (5-лекция). – Алматы, 1991ж.366б.
7. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. – Алматы, 1991ж.265б.
8. Керімов Л.К. Қиын оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу. – Алматы, 1991ж.314б.
9. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. – Алматы: Мектеп, 1987ж. 2-тарау.256б.
10. Кочетов А.Г. Оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеуі. – М.: Просвещение, 1967ж.398б.
11. Үрзімұлы Ф. Балаға тәрбие керек. «Қазақстан мұғалімі», 24 желтоқсан, 1993ж.325б.
12. Серімов С. Тәрбие бастауы. «Қазақстан мұғалімі», ақпан, 1996ж.215б.
13. Жұмабаев Ә. «Қиын» оқушыларды мектеп жағдайында тәрбиелеу мәселелері. – Алматы, 1974ж.655б.
14. Аймауытов Ж. Тәрбие. «Қазақстан мектебі», №5, 1989ж.655б.
15. Ералиева М. Дәстүрлі мектебімізді ізгілендіру жолдары. «Қазақстан мектебі », №10, 1999, 38-42 беттер.456б.
16. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика және психология. – Алматы: «Мектеп», 2002ж.478б.
17. Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. Тәрбиенің жалпы әдістері (6-лекция). – Алматы, 1991ж.778б.
18. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. – Алматы: Мектеп, 1987ж. 3-4 тарау.544б.
19. Сейталиев К. Тәрбие теориясы. – Алматы, 1986ж.655б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І ТАРАУ. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері ... 4-8
1.2 Тәрбиенің мақсат-міндеттері ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-13
ІІ ТАРАУ ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН МӘН-МАҒЫНАСЫ
0.1 Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері ... ... ... ... ... ... ... .14-21
0.2 Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ...21-24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 26

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Тәрбие мақсатының, міндеттерінің және мазмұнының диалектикалық өзара байланысты. Педагогика теориясы мен тәжірибесінде тәрбие мазмұны ең маңызды және көкейкесті ұғымдардың бірі. Қазіргі тәрбие мазмұны ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамдық сананың даму ерекшеліктеріне идеяалық және құндылық ұстанымдарға байланысты жетіліп отырды.
Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық міндет болып табылатын алдыңғы ұрпақтардан келесі ұрпақтарға әлеуметтік тәжірибені жинақтап жеткізетін тәрбие процесі орындалатын білім беру жүйесіне қоғамның аса көп көңіл аударуын талап етіп отырған.
Тәрбие мазмұнын жаңаша қарастыру, оны іске асырудағы тұлғалық бағдарлық және іс-әрекеттік тәсілдер ғалымдар мен педагогтарды жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерін шешудің тиімді құралдарын тұтас педагогикалық процесс тұрғысынан іздестіруге ынталандырады.
Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу педагогтарда негізінен қандай адамды қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе саналылық, айқын бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады.
Сонымен қатар тәрбие мақсаттарының одан ары айқындалуы оның міндеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері тәрбиелік жұмыстардың мазмұнын анықтауға тікелей қатысты.
Курстық жұмысының мақсаты: мектеп оқушыларына тәрбиенің мақсат пен міндеттерін ақындау.
Курстық жұмысының мiндеттерi:
1. Мектеп оқушыларына тәрбиеге қатысты әдiстемелiк ой-пікірлерге шолу жасау;
2. Тәрбие ұғымына анықтама бере отырып, оның ерекшелiктерiн қарастыру;
3. Мектеп оқушылары тәрбиесінің маңыздылығы мен мақсат-міндеттерін, заңдылықтыры мен принциптерін анықтау.
Курстық жұмысының ғылыми болжамы: мектеп оқушылардың тәрбиесін қалыптастыру әдiс-тәсiлдерi тиімді қолданылса, онда бұл оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың бір құралына айналып, дүниетанымдары кеңейгенімен қатар, тәрбие деңгейлері де артар еді, өйткені пәнінің оқушылардың тәрбиелік функцияларын қалыптастыруда мүмкіншілігі ерекше.
Курстық жұмысының әдiстерi: талдау, жинақтау, жүйелеу, зерттеу, эксперимент.
Курстық жұмысының құрылымы: кiрiспеден, екi тараудан, қорытынды және әдебиеттер тiзiмi тұрады.

І ТАРАУ. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері

Тәрбие басы тал бесік деп бабаларымыз тауып айтқан болса, заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов, Ел болам десең бесігіңді түзе, - деп емірене айтыпты. Жерлесіміз Пайғамбар ақын Мағжан Жұмабаев атамыз, Қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл, - деп қазақы тәрбиенің маңыздылығын ескерткен. Қазақы тәрбие дегенді кім қалай түсінеді?
Осы жөнінде азырақ ой айтсам. Бұл - ең әуелі ата-анасын, үлкенді және қоғамды, яғни өзі өмір сүріп жүрген ортаны сыйлау. Осы айтылғандарды сыйлап өскен, ата көрген бала тәрбиесіз болмайды.
Мағжан атамыздың мына сөзіне назар салсақ, Баланы тәрбиешісінің дәл өзіндей қылып шығармай келешек заманына лайық қылып шығару керек дейді.
Қазір ХХI ғасыр білім мен ғылым заманы екенін жұртшылық жақсы біледі. Бірақ бар күшімізді білім мен ғылымға салып тәрбиені елеусіз қалдырсақ ұтарымыздан ұтыларымыз көп болатындығын орта ғасырлық бабамыз ғұлама Әл-Фараби нықтап айтып кеткен ғой. Ендеше әуелі тәрбие, сонсын барып басқа қажеттіліктер білім, ғылым,әдебиет, мәдениет. Мәдениет демекші тәрбиелі қауым мәдениетсіз болуы мүмкін емес. Ал білім, ғылым, мәдениет нағыз қазақы тәрбиемен арқауланса өркениеттің шыңына даңғыл жол салынбақ.
Қазақы тәрбиенің басты тармақтарының бірі қазақы қанның немесе қара шаңырақтың ұл балалар арқылы жалғастығы және әрі қарай өніп-өскен сабақтастығы. Қызға қырық үйден тыйым, Қыздың жолы жіңішке деген қисынды қағидасы. Өйткені ұл бала қазақ халқының намысы болса қыз бала ар-ожданы, ұяты. Ұят демекші бабаларымыз ұятты өлімнен күшті санаған.
Тағы да Мағжан атамызға құлақ түрсек, Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері саналып келе жатқан тақ-тақ жол болғандықтан әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті [1,145], - деп қалың қазағын қазақы тәрбиені жоғалтып алмауға міндеттейді. Ал біздің бүгінгі отбасыларымыз бен бала бақшаларымызда, мектептеріміз бен жоғарғы оқу орындарымызда қазақы тәрбие беріліп жатыр және үкіметіміз қазақы тәрбиеге дендеп көңіл бөліп отыр деп айтуға бола ма? Кесіп айту қиын. Алайда осыдан бір жыл бұрын Балапан телеарнасының ашылғандығы, Қазақстан ұлттық телеарнасының биылғы қыркүйектің бірінен бастап барлық бағдарламаларын таза қазақ тілінде жүргізе бастағандығы және жуырда Мәдениет телеарнасының ашылатындығы үкіметіміздің қазақы тәрбиеге шындап бет бұрғандығының айғағы.
Көреген Мағжан атамыз бір сөзінде, Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі...[2,36] - депті. Осы ой бүгінгі күні өзекті мәселе болып тұр. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады - деп арыстан атамыз Мағжан сұрғылт заманның сұрқия саясатынан қаймықпай айтқан екен.
Ұлттық тәрбиенің басты құралы - ұлттың тілі. Тіл мәселесі ешкімге сыр емес, кемшін тұстарымыз баршылық. Ұлттың тілінің кеми бастауы оның құри бастағанын көрсетеді[3,151] - деген данышпан Мағжан атамыз, Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінезі көрініп тұр[4,158] - деп қазақ тілінің қасиетін қастерлеп көрсетіпті. Ендеше өркениеттің ұлы көшінен кеш қалмайық десек ең әуелі ұрпағымызға қазақы тәрбие беру құралы болған ұлтымыздың тілін қастерлейік, ағайын.
Еңсе түзеп, егемен ел қозғалды,
Үш ғасырда сірескен сең қозғалды.
Ата жолдан адасып, рухсызданып,
Батыстанған бауырым, сен де қозғал.
Нәрлендірер санаңды нұрға бөлеп,
Ана тілің арыңды шындап қолға ал.
Қасымхан, Есімхан мен Тәукелердің,
Салт туы ер қазаққа бағдар болған.
Кешегі, бүгінгіңді таразылап,
Күйін, сүйін, алайда ойлан, толған![5,36].
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.
Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.
Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.
Мақсат дегеніміз - бір нерсеге ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты -- жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашңы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті.
Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер, еңбек құралдары) - құл иеленушілерінің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі.
Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудық нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек. К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді.
Я.А. Коменский Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек, Келесі ғасырдық қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние - даналар-дық көптігімен баңытты[6,261] - деген ойлар айтты. Осы ойларын Ана мектебінің кіріспесінде өрбітеді.
Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс [7,56] - деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегі-дей негізгі элементтерге бөлді:
:: адамға барлық заттарды білгізу - ғылыми білім;
:: заттардың және өзінің қожасы ету - адамгершілік;
:: құдайға, заттарға құлшылық ету - діни тәрбие;
:: тән саулығы - дене тәрбиесі.
И.Г. Песталоцци тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту деген.
Неміс педагогы А. Дистервег педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік және шовинистік саясатқа қарсы күресіп, Мектептің міндеті - адамзатты және өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу [8,145] - деген.
К.Д. Ушинский тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырады.
П.П.Блонский тәрбие мақсаты балаға жалпы адамзаттың және ұлттың мәдениетті меңгеруге көмектесу, жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарын қалыптастыру деген.
1941-1990 жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде жан-жақты даму ұғымына ақыл-ой, политехникалық оқу және өндірістік еңбек, адамгершілік тәрбиесі, дене және эстетикалық тәрбие салалары енгізілді.
А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту - деген ұсынысты қолдады, В.А.Сухомлинский оны жүзеге асырды.
Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі [9,178] - деді.
Ы.Алтынсарин өмірдің негізгі мәні -- еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі [10,25]- деген.
Абай Қүнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, маңтаншақтың, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады.
М.Жұмабаев Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ляззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы [11,36]- деп жазды.
Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов өзінің Қазақ тағылымы атты монографиясында (1994) қазақ тағылымының негізгі бағыттарын атап көрсетті. Олар:
oo ар-ождан тазалығын сақтау;
oo ақыл-ойлы, парасатты болу;
oo барлық әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатысынан, көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру;
oo ерте тұрып, кеш жату;
oo аз сөйлеп, көп тыңдау;
oo иманды, инабатты, қайырымды болу;
oo жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау;
oo халық дәстүріне берікболу;
oo оны жаңарту;
oo әдет-ғұрыпта жоқ нерселерден алулақ болу;
oo сегіз қырлы, бір сырлы болу;
oo халқының рухына кір салмау;
oo ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу.
Сонымен дәстүрлі педагогикада жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру [12,198] - деп жазылды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы халықаралық адам құқығы туралы нормаларға сәйкес жазылған.
Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің Негізгі мақсаты-Қазақстанның егемендігін қамтамасы ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасызыз ететін нарықтың іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиелеу.

1.2 Тәрбиенің мақсат-міндеттері

Тәрбиенің мақсатынан міндеттер туындайды. Дүниетаным - тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетаным - адамның табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары. Дүниеге көзқарас ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу.
Ақыл-ой тәрбиесі - оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы (абстракттілі, ой операциялары талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т.б.) таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, т.б.) дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері:
oo гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру;
oo адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту;
oo оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету;
oo өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу;
Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері:
а) оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету;
ө) оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбек түрлерімен таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу;
б) озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие міндеттері:
:: бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнер шығармашылығы (көркем өдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру
:: эстетикалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру.
:: әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.
Дене тәрбиесі міндеттері: оқушылар ағзасын дамыту; жастарды еңбекке, Отанды қорғауға даярлау, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, іскерлікке, тәрбиелеу.
Біз өмір сүріп отырған бүгінгі дәуір жаңаша көзқарасты, жаңашылдықты талап етеді. Білімнің дамуы - адамзат өркениетінің өлшемі. Білімі күшті ел озады, білімі әлсіз ел оған қызмет етеді. Олай болса, білім саласы үнемі жетілдіруді қажет етеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты-деп атап көрсеткен болатын. Мектептегі басты тұлға мұғалім мен тәрбиеші екендігі даусыз. Тіпті қазіргі технологиялар ерекше дамыған заманның өзінде білім мен тәрбие сапасын қамтамасыз етудегі мұғалім мен тәрбиешінің рөлін еш нәрсемен ауыстыруға болмайтынын халықаралық тәжірибелер көрсетіп отыр. Демек, педагог біліктілігі - еліміздің бүкіл білім беру жүйесін алға бастырып, оны заман талабына сай етіп құрудың негізгі алғышарты, басты кепілдігі болып табылады. Білімді ұрпақты, бәсекеге қабіліетті мамандарды білімді мұғалімдер, жан-жақты кемел тәрбиешілер ғана тәрбиелеп шығара алады.
Көрнекті педагог К.Д.Ушинский: ... Тәрбиешінің жеке басының жас жанға ететін ықпалы оқулықтармен де, жақсы әдет-ғұрыпты құлаққа сіңіретін уағызбен де, жазалау мен мадақтау жүйесімен ауыстыруға көнбейтін тәриелеушілік күшке ие-, деген болатын. Қазіргі заманғы тәрбиеші саясаттың, нарықтың педагогикаға үстемдік етуіне жол бермеу үшін тәрбиенің жаңа әлеуметтік- экономикалық шартын педегогикалық негізде ойлай білуге, жаңа үрдістерді педагогикалық мақсат ұстанымында бағалауға, педагогикалық іс-әрекеттің ықтималды мүмкіндіктерін болжауға, талдау мен өзін-өзі бақылау тәсілдерін меңгерген кәсіби шебер. Тәрбиеші - тәрбие жұмысын ұйымдастыру, реттеу, жетекшілік жасау және осы жұмысты іске асырумен айналысатын педагог.
Тәрбиешінің негізгі қызметі Тәрбиелеу ұйымдастыру дамыту диагностикалық ынталандыру коммуниктивтік қорғау әдістемелік бағалау болжау.
Тәрбиешінің міндеті Мектеп-интернат жағдайында баланы тәрбиелеу мен оның мінезін қалыптастыру, оны өз бетімен өмір сүруге дайындау тәрбиешіге жүктеледі. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуге кіріспес бұрын тәрбиеші дамуында психикалық және дене даму бұзылыстары бар балалардың психологиясы туралы оқуға, оларды оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктері туралы білуге міндетті.
Тәрбиешінің мақсаты. Қазіргі заманауи әлемде дене және адамгершілік жағынан өздігінен өмір сүруге қабіліетті адамды дайындау. Егер мақсатты ойлау төмендегі талаптарды есепке ала отырып іске асырылса, онда олар табысты болады.
Диагностикалық, яғни психологиялық және даму бұзылыстары бар балалардың қажеттілігі мен мүмкіндігін, сондай-ақ тәрбиелеу жұмысының талаптарын үнемі зерттеу негзінде алға жылжу;
Шынайылық, яғни нақты жағдайды есепке ала отырып алға жылжу және негіздеу;
Сабақтастық, яғни тәрбиелеу жұмысындағы барлық мақсаттар мен міндеттердің арасындағы байланыстың болуы;
Мақсатты сәйкестендіруге қызметтің барлық қатысушыларын мақсатты ойлау үдерісіне қосу арқылы қол жеткізеді;
Нәтижеге бағытталу, егер тәрбиелеу мақсаты анық, нақты болған жағдайда, мақсатқа жету нәтижелерін анықтау мүмкін болады.
Тәрбиешінің негізгі міндеті - тәрбиелеуші және дамытушы іс-әрекеттерді ұйымдастыру және дамыту, әр баланың жеке тұлғасының дамуына көмектесу, әр баланың бейімділігі, қызығушылығы және қабілетінің дамуына жағдай жасау. Мақсатқа жету, міндеттерді атқару тәрбиешінің бойындағы мына сапалық ерекшеліктерге байланысты жүзеге асады:
Кәсіби сапасы:
oo Еңбексүйгіштік
oo Жұмысқа қабілеттілік
oo Тәртіптілік Жауапкершілік
oo Тұрақтылық
oo Мақсатты қоя білу
oo Іскерлік Кәсіби деңгейін жетілдіру
oo Еңбек сапасын жақсартуға талпыну
oo Психологиялық даярлық
oo Кең мәдени өрісінің болуы
oo Педегогикалық шеберлік
oo Педагогикалық такт
Адамгершілк сапасы:
oo Адамгершілік
oo Қайырымдылық
oo Шыдамдылық
oo Адалдық
oo Кеңпейілділік
oo Басқаны сыйлау
oo Ұстамдылық мәдениеттілік
Тәрбиешінің кәсіби деңгейі :
1. Жалпы талап
Арнайы педагогикалық білімі болуға, өзінің кәсіби деңгейін жүйелі түрде жетілдіруге және жоғарылатуға міндетті.
Нормативтік құжаттарды білу.
Арнайы педагогика мен психология саласы бойынша білімінің терең болуы.
2. Аналитикалық қызметі
Балалардың жеке психологиялық ерекшеліктері мен ауытқуларын тексеру.
Әрбір тәрбиеленушінің жанұялық тәрбиесінің жағдайын және талаптарын зерттеу және талдау.
3. Аналитикалық қызметі
Балалардың жеке психологиялық ерекшеліктері мен ауытқуларын тексеру.
Әрбір тәрбиеленушінің жанұялық тәрбиесінің жағдайын және талаптарын зерттеу және талдау.
4. Болжамдық қызметі
Тәрбиеленушілердің жеке даму деңгейін болжау
Ұжымның құрылуын, қалыптасуын болжау
Мектептің тәрбие жүйесіне сәйкес келетін тәрбие жүйесінің үлгісін құру
5. Ұйымдық үйлестіруші қызметі
Әрбір баланың дамуындағы ауытқушылықтарды есепке ала отырып , оның даму ерекшеліктерін оның зерделік мүмкіндігін, эмоциялық көңіл-күйін білу
Барлық мәліметтерді баланың даму картасына тіркеу;
Түзету бағыттылығын есепке ала отырып, тәрбиеленушіге сабақ оқуға көмектесу;
Топтық өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру, қосымша білім алуға көмектесу;
Ата-аналармен байланыс, оларға кеңес беру, шұғыл жағдайда олармен қатынасқа шығу;
Мұғалімдермен, психологпен, логопедпен байланыс орнату;
Топты , мектеп аумағын тазарту, асханада кезекшілік ұйымдастыру;
Салауатты өмір салтын дәріптеу;
Әрбір бала үшін жағымды микро орта жіне моральдық психология климат құру;
Медициналық тексеруден өту;
Өз жұмысын оқу жылына , оқу тоқсанына, айға, аптаға жоспарлау;
Құқықтық қызмет
o Кәсіптік ар мен абыройын қорғауға;
o Біліктілігін арттыруға;
o Аттестациядан өз еркімен өтуге;
o Оқыту мен тәрбиелеу әдістерін оқу құралдары мен материалдарын, оқулықтарды еркін таңдауға;
o Өз сыныбының оқушыларының сабаққа қатысуларын бақылауға құқылы.
Тәрбиешінің қағидалары
:: Күнделікті тәрбие сағатында тақырыптық жоспары мен жұмыс жоспары болу тиіс;
:: Мемлекеттік жалпы міндетті білім стандартының талабына сәйкес оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындауды қамтамасыз етеді;
:: Мекеменің жарғысын, ұжымдық шартты, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға міндетті;
:: ҚР Білім туралы заңындағы тәрбиеленушілердің құқығы мен еркіндігін сақтауға, бала конвенциясын сақтауға міндетті;
:: Мекеменің жылдық жоспарына сәйкес педагогикалық кеңестің жұмысына, өндірістік кеңестерге, директордың кеңесіне қатысуға міндетті;
:: Тәрбиеленушілердің күн тәртібін сақтауын олардың үй тапсырмасын орындауын, қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысуын ұйымдастырады;
:: Оқушылардың бос уақытында қосымша білім алуына, көркем өнерге, спорт секцияларына, басқа да қызықты үйірмелерге қатысуына көмектеседі;
:: Тәрбиеленушілерге сабақтан тыс уақытта тәрбие жұмысын жүргізеді;
:: Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай өзіне-өзі қызмет жасауына, еңбек және техника қауіпсіздігін сақтауына, қоғамға пайдалы жұмыс жасуына жауап береді;
:: Сырқаттанған балаға дәрігер келгенге дейін медициналық көмек беруді қамтамасыз етеді, мектеп әкімшілігіне хабарлайды;
:: Тәрбиеленушілерге еңбекті қорғау ережелері мен нормасын , жол жүру ережесін, тұрмыстағы тәртіпті үйретеді;
:: Оқушылардың сабаққа күнделікті қатысуын ұйымдастырады;
:: Медицина қызметкерімен бірлесе отырып,балалардың денсаулығын жақсарту мен сақтауды қамтамасыз етеді; :: Өз кезекшілігі уақытында балалардың өмірі мен денсаулығына жауап береді.
Тәрбиенің басым бағыттары. Мектептің алға қойған мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды түзете-дамыту мақсатында тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігі Осы мақсатқа сүйене отырып,мектепте 12 бағытта тәрбие жұмысы жүргізіледі. Тәрбие бағыттары :
1. Еңбекке баулу
2. Құқықтық
3. Дене тәрбиесі
4. Эстетикалық
5. Экологиялық
6. Салауатты өмір салты
7. Патриоттық
8. Адамгершілік
9. Жол ережесі
10. Ата-анамен жұмыс
11. Жыныстық
12. Экономикалық [13,145].
Тәрбиенің бағыттары бойынша жұмыс жүргізу нәтижесінде оқушылар туған халқының тарихы мен мәдениеті туралы, өз құқықтары мен міндеттері туралы, денсаулықтың маңызы туралы жаман әдеттердің зияны туралы, қоршаған орта, табиғаттың пайдасы туралы, адамгершілік құндылықтар туралы, еңбектің маңызы туралы біледі, үйренеді, меңгереді. Тәрбие жұмысы - өте күрделі үдеріс. Ол көп еңбекті, жауапкершілікті, уақытты қажет етеді. Көрнекті гуманист-педагог Януш Корчак өзінің Баланы қалай сүю керек еңбегінде : Нағыз тәрбиеші бұғау салмайды, еркіндік береді;
- Басымдық көрсетпейді, - мақтап-мадақтайды;
- Намысына тимейді, - қалыптастырады;
- Бұйырмайды, - үйретеді;
- Талап етпейді, - сұрайды;
- Балалардың қиналған сәтінде олармен бірге күйзеіске түседі деген болатын.
Дидактиканың негізін салушы Ян Амос Коменский : Алдымен сүю, содан кейін үйрету [14,55] , - дейді. Баланы кішкене күнінен сүюге үйрету керек. Өйткені сүйіспеншілік пен сыйластық адамның ішкі дүниесіне және қоршаған ортасына тыныштық пен үйлесімділік орнатады.

ІІ ТАРАУ ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН МӘН-МАҒЫНАСЫ

2.1 Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері

Жалпы заңдылықтардың ықпал аймағы тəрбие процесінің барша жүйесіне əсер етеді əрі оның аса маңызды бірліктері арасындағы байланыстарды танытады. Бірақ тəрбие процесі, біз білетіндей, педагогикалық процестің құрамды бөлігі болуымен осы процесс заңдылықтарына тəуелді келуі табиғи құбылыс. Бұл процесте даму жəне қалыптасу заңдылықтары əрекетке түседі. Бұдан шығатын қорытынды - тəрбие процесі аса күрделі де көп түрлі сипатқа ие. Тəрбие практикасы үшін өте қажет нəрсе: тəрбие процесінің тиімділігі (өнімділігі) мен тəрбие сапасын анықтайтын оның сипаттары жəне шарт - жағдайлары арасындағы байланыстардың қалай түзілетінін түбегейлі білу[15,254].
Тəрбие тиімділігі келесі жағдаяттарға тəуелді:-қалыптасқан тəрбиелік қарым-қатынастарға; балаға деген ықпал оның қоршаған ортаға, тəрбиешіге, тəрбиелік əсерлерге қатынасына орай жасалады. Егер бұл қатынастар ұнамды болса, проблема тумайды. Ал егер бұл қатынас керағар сипатта болса, тəрбие процесі тежеледі, одан келетін нəтиже болымсыз сипат алады. Сондықтан келеңсіз қатынасты əрекеттер алдымен жойылып, көзделген мақсатқа қарай қадам аттау орынды. Бастаудан тəрбиеші көзқарастары мен талаптарын оңды қабылдаған тəрбиеленуші оларға икемдесіп үйренеді əрі сенеді, орынды талап кейпінде қабылдайды. Ал егер тəрбиеленуші өз тəрбиешісінің талаптарын дұрыс деп таппай, одан күмəнданса, процесс бағытының қай арнаға түсіп, дамитыны белгісіз. Гуманистік тəрбие өсиеті: жақсы тəрбиелегіңіз келсе, баланы бауырмалдықпен өзіңізге жақындатасыз.
- мақсат жəне оған жетуге бағытталған іс-əрекеттер арасындағы сəйкестік. Егер іс-əрекет, тəрбие жұмыстарының ұйымдасуы алға тартылған мақсатқа орайласпаса, тəрбие процесі табысты болмайды. Керісінше, ұйымдастырылған істер мақсатқа тура келсе, қолданылған əдістер, формалар мен құрал-жабдықтар көзделген міндеттер денгейінде болса, тəрбие процесінің тиімділігі де сəтті шығады.
- практика мен тəрбиелік ықпалдар сəйкестігіне. Тəрбие процесіне тəн құбылыс: тəрбиеленуші өз тəрбиешісі айтқанының бəрін практикада тексеруге құштар. Егер осыдан бала өмір мен алған білімінің, сөзбен істің өзара сай болмағанын сезсе, түңіліске тап болады. Қалыптасқан тұрмыстық, өмір жағдайларын əсте ақырын əрі бірізділікпен бірте-бірте ауыстырып бару жөн. Жылтың, мезеттік табыс қуалау көп ұзамастан тəрбие мен өмір сəйкестігін шұғыл жойып салады.
- объектив жəне субъектив жағдаяттардың бірлікті əрекетке түсуіне.
Субъектив жағдаяттар құрамы: тəрбиешілер мен тəрбиенушілер, олар арасындағы ықпалдастық, қалыптасқан қарым-қатынастар, психологиялық климат жəне т.б., ал объектив жағдаяттар: тəрбиені іске асыруға қажет шаралар-экономикалық, материалды-техникалық, əлеуметтік, санитар-гигиеналық жəне т.б., əрқандай нақты тəрбиеге байланысты аталған жағдаяттардың өзара ұштаса күрделі бірігімге келуі тəрбие процесіне қайталанбас, өзіндік сипат береді. Сөйтсе де, тиімді тəрбиені қамтамасыз ету үшін оған қолайлы жағдайлар түзілуі қажет [16,155].
- тəрбие мен өзіндік тəрбие қарқындылығына. Өзіндік тəрбие - өз тұлғасын жетілдіруге бағытталған оқушы іс-əрекеті. Өзіндік тəрбие процесінде бала өз тəрбие процесінің субъекті ретінде танылады. əрқандай өзіндік тəрбие нақты оқушы өмірінің мазмұнымен, оның қызығулары жəне жасына сай қатынастарымен тікелей байланысты. Өзіндік тəрбие сырттай тəрбиемен сабақтас əрі оның нəтижесі. Тəрбиеленушінің өзін өзі бағалай білуі, өзінің ұнамды қылықтары мен келеңсіздіктерін тануы, жеке өмірлік жоспарын іске асыруға кедергі болар жəйттерді ерік күшін қосып жеңе білуі - өзіндік тəрбиенің табыс кепілдері. Ал оқушының өзін жетілдіре білуінен, яғни өзіндік тəрбиеден мұндай кепілдіктер дамып, ұлғая түседі.
- тəрбиеге қосарлана жүретін даму мен оқу процестерінің тиімділігіне. Белгілі болғандай, егер екі процесс өзара байланысты іске қосылса, онда олардың бірінің тиімділігі көтеріледі не кемиді де, екіншісіне өз ықпалын тигізеді. Осыдан тəрбие даму қарқындылығын асырып, ал даму ұтымды тəрбиеге жол ашады. Егер осы байланыс бұзылса, күрделі кедергілер туындайды да, олар өз кезегінде тұлғаның дамуына да, оқуына да, тəрбиесіне де жайсыз жағдайлар жасайды.
- педагогтың тəрбиелік əрекеттерінің сапасына. Біліктілігі кем, көлемі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық негіздері
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Көпэтносты Қазақстан жағдайындағы полимәдени тәрбие
Ұлт мәдениетінің жеке тұлғаның дамуына тигізер әсері
Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Биология сабақтарында мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие беру
Ұлтық тәрбиені қазіргі мектептердегі эстетикалық тәрбиеде пайдалану маңыздылығы
Пәндер