Автокөлік жолдарына жөндеуді ұйымдастыру туралы



Тақырыптың өзектілігі: Автокөлік жолдары – Қазақстан Республикасының жалпы транспорт жүйесінің маңызды саласы бола отырып, олардың даму деңгейі мен техникалық жағдайы жалпы мемлекеттің, сондай-ақ жеке аймақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуына ерекше ықпал етеді. Автокөлік жолдары тауарлар мен өнімдер, жүктер мен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын негізгі қатынас құралы болып есептеледі.
Қазақстан Республикасында саяси – экономикалық және әлеуметтік қатынастардың тұрақтану жағдайында пайдаланудағы жолдарды қалыпты жағдайда күтіп – ұстау маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Автокөлік тасымалдарының қарқынды дамуы автокөлік жолдарының жай – күйіне және олар көрсететін қызметтердің сапасына қатаң талаптар қойып отыр.
Қазіргі уақытта өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының, өңдеуші орындардың тұрақты дамуы, транзиттік қатынастардың өрістеуі, коммуникациялар мен ақпараттың ғаламдық жүйелері, халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар мен корпарациялардың іс – қимылдары, жүк және жолаушы тасымалдар көлемінің өсуі, сондай-ақ барлық елді – мекендер, аудандар мен облыстар арасында тұрақты автомобиль қатынастарын қамтамасыз етудің қажеттілігі республикада автомобиль жолдары желісін дамытудың маңыздылығын айқындата түседі.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекетіміздің көп салалы секторлары, соның ішінде орта және кіші бизнес, мұнай және газ өнеркәсібі, құрылыс кешендері экономиканың тұрақтануына елеулі әсер етіп отыр.
1. «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2008 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 мамырдағы № 726 қаулысы // ПҮАЖ -2001 №19.-Б. 24-25.
2. «Қазақстан Республикасының халақаралық көлік дәліздерін дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001жылғы 27 сәуірдегі №566 қаулысы // ПҮАЖ.-2001 №15.-Б.37-56.
3. Назарова В.Л. Учет и аудит затрат на содержание и ремонта автомобильных дорог и дорожных сооружений /
4. Бельгибаев Е. Главная задача – строительво дорог: Дороги Республики Казахстан // Правительственный вестник, 2001. № 1.-С. 66-67.
5. Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңы // Заң газеті. 2001. – 8 тамыз.
6. Тасмағанбетов Т.А. Басқарушы есеп, стратегиялық жоспарлау және талдау (кәсіпорында басқарушы есепті құрудың метологиялық және практикалық қағидасы). Оқу құралы.-Алматы.: Дәуір, 2002.-416 б.
7. Основы учета в строительстве Р.К. (прак. пособие) / Под ред. Скала В.И.-Алматы.-2003.-268 с.
8. Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория анализа хозяйственной деятельности: Учебник. М.: Финансы и статистика, 1997.-416 с.
9. Жарковская Е.П. Анализ хозяйственной деятельности строительных организаций. Учебник. – М.: Стройиздат, 1989.-252 с.
10. Қазақстан Республикасының Жер кодексі (2003 ж. 20 маусым № 442-ІІ (2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
11. Сейфуллин Ж.Т., Сейтхамзина Г.Ж. « Қазақстанның жер кадастры» оқу құралы

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
1. Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Автокөлік жолдары – Қазақстан Республикасының
жалпы транспорт жүйесінің маңызды саласы бола отырып, олардың даму деңгейі
мен техникалық жағдайы жалпы мемлекеттің, сондай-ақ жеке аймақтардың
экономикалық және әлеуметтік дамуына ерекше ықпал етеді. Автокөлік жолдары
тауарлар мен өнімдер, жүктер мен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын
негізгі қатынас құралы болып есептеледі.
Қазақстан Республикасында саяси – экономикалық және әлеуметтік
қатынастардың тұрақтану жағдайында пайдаланудағы жолдарды қалыпты жағдайда
күтіп – ұстау маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Автокөлік
тасымалдарының қарқынды дамуы автокөлік жолдарының жай – күйіне және олар
көрсететін қызметтердің сапасына қатаң талаптар қойып отыр.
Қазіргі уақытта өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының, өңдеуші орындардың
тұрақты дамуы, транзиттік қатынастардың өрістеуі, коммуникациялар мен
ақпараттың ғаламдық жүйелері, халықаралық экономикалық және қаржылық
ұйымдар мен корпарациялардың іс – қимылдары, жүк және жолаушы тасымалдар
көлемінің өсуі, сондай-ақ барлық елді – мекендер, аудандар мен облыстар
арасында тұрақты автомобиль қатынастарын қамтамасыз етудің қажеттілігі
республикада автомобиль жолдары желісін дамытудың маңыздылығын айқындата
түседі.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекетіміздің көп
салалы секторлары, соның ішінде орта және кіші бизнес, мұнай және газ
өнеркәсібі, құрылыс кешендері экономиканың тұрақтануына елеулі әсер етіп
отыр.
Осы салалардың ішінде жалпы пайдаланудағы автокөлік жолдарының
маңыздылығы олардың техникалық жай – күйі мен көрсететін қызметтерінің
сапасы халықаралық стандарттардың талаптарына жауап берген жағдайда ерекше
орын алады. Сондықтан да, қазіргі таңда жол шаруашылығының тұрақты дамуына
және автомобиль жолдарының тиімді пайдалануына саладағы өндіріс шығындары
есебі мен аудиттің дұрыс ұйымдастырылуы маңызды әсер етеді. Яғни, саладағы
дұрыс ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп арқылы материалдық ресурстар мен
ақшалай қаражаттарды үнемді пайдалануға, жолдарды салу және жөндеу
жұмыстарының өзіндік құндарын төмендетуге, сонымен қатар өндіріс
тиімділігін арттыруға мүмкіндік болады.
Орал- Тасқала мекенжайлары арасындағы автомобиль жолының жалпы ұзындығы
80 км. Мекенжайлар арасындағы автомобль жолының бойында жалпы саны 10- нан
аса елді мекендер орналасқан. Автомобиль жолдары қазіргі кезде тозу
сатысына жеткен. Республикалық және жергілікті бюджеттен осы аталған
мекенжайлар арасындағы жолдарды жөндеуге қаражат көздері қарастырылып
ағымды жөндеулер өткізуге құжаттар дайындалуда.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі
мақсаты Орал- Тасқала мекенжайлары арасындағы автомобиль жолдарына ағымды
жөндеуді ұйымдастыру және жолдарды салу мен жөндеу жұмыстары бойынша
өндіріс шығындарының қалыптасуының теориялық ерекшеліктерін, олардың есебін
жүргізу әдістерін, сонымен бірге өндіріс шығындарына талдау жүргізуді
ұйымдастыруды жетілдіру болып табылады.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін зерттеу барысында мына төмендегідей
міндеттер алға қойылды:
• Жол шаруашылығының технологиялық және салалық ерекшеліктеріне
байланысты өндіріс шығындарының баптары мен элементтеріне қарай жіктелуін
жетілдіру бойынша ұсыныстар беру;
• Нарықтық қатынастар жағдайында өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру
мен саладағы қызметтің өзіндік құндарын төмендету жолдарын жетілдіру
мәселелеріне байланысты ұсыныстар жасау;
• Автокөлік жолдарын салу және жөндеу жұмыстары бойынша материалдық,
еңбек ақы және техника пайдалануға байланысты шығындар есебі мен үстеме
шығындарды есептеу және бөлуді жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар беру:
• Жолдарды салу мен жөндеу жұмыстарына жұмсалған өндірістік шығындарға
талдау жүргізіп, тиімді жолдарын ұсыну;
• Орындалған жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарына және оларға жұмсалған
шығындар бойынша сыртқы және ішкі аудитті ұйымдастырудың ұтымды
әдістемелерін ұсыну.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыста алынған жаңа ғылыми жаңалықтар
жиынтығы автомобиль жолдарына ағымды жөндеу жұмыстары кезінде жоспарлар
құру кезіңде мәні бар маңызды ғылыми-техникалық шешімдерді шешетін және
оның дамуын жетілдіруге үлес қосуы болып табылады. 
Зерттеудің практикалық мәні: Дипломдық жұмыста көрсетілген бағыттар іске
асырыла қоймаса да, нақты және өте қарапайым, сондықтан, жұмыстың бұл
ұсыныстарын кез келген жол салу өндіріс тәжірибесіне енгізуге мүмкін
болады. 
Зерттеу нәтижелерінің шынайылығы: Зерттеу жұмысында алынған кәсіпорын
туралы және шығындар мен техникалық реттеулер нұсқаулары ақпараттар рет
тексерілген. Теориялық есептеулер геометриялық нысанның математикалық
модельдеу әдістерін мүлтіксіз қолдану жолымен алынған.
Зерттеу әдістері: аналитикалық, математикалық есептеулер.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден,кәсіпорын
сипаттамасынан, негізгі бөлімнен, есептеу бөлімінен, конструктивті
бөлімнен, экономикалық бөлімнен, графикалық бөлімнен, еңбекті қорғау және
қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ, қортындыдан, пайдаланылған әдебиеттер
тізімі мен қосымшалардан тұрады.

2. Перспектива КАН ЖШС кәсіпорнының сипаттамасы

Адресі: Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы, Тасқала ауылы Абай көшесі
23 үй. 
Электрондық адрес: zhkh_taskala@mail.ru  
Телефоны: 40-0-44, 21-5-53
Мемлекеттік мекеменің қызметтері мен міндеттері:
1) аудандағы елді-мекендерді абаттандыру іс-шараларын жетілдіреді және
жүзеге асырады;
2) тұрғындарға тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметін көрсету,
коммуналдық салада бәсеке дамыту, тұрғын-үй және коммуналдық қызмет меншік
иелерінің қарым-қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге
асырады;

3. Негізгі бөлім

3.1. Автомобиль жолдарына ағымды жөндеуді ұйымдастыру ерекшеліктері
Автокөлік жолдары – Қазақстанның көлік коммуникация кешенінің маңызды
элементтерінің бірі бола отырып, оның тиімді қызмет істеуі мен ұдайы дамуы
ел экономикасының тұрақтануына, халықтың тұрмыс жағдайы деңгейінің
көтерілуіне зор ықпалын тигізеді. Автокөлік жолдары тауарлар, құрылыс және
агроөнеркәсіп өнімдері мен жүктерін, сондай-ақ жолаушылар тасымалдарын
жүзеге асыратын бірден-бір қатынас құралы болып есептеледі. Нарықтық
жағдайда жолдар арқылы жүк тасуды жеделдету және жүйелеу қоғамдық маңызды
мәселе болып саналады, сондықтан өнім өндірушілер мен жүк жөнелтушілер
жақын қашықтыққа ғана емес, сондай-ақ алыс қашықтыққа да тасымал жасауға
бейімделуде.
Қазіргі жағдайда республиканың өндіргіш күштері мен автокөлік паркінің
дамуы автомобиль жолдары желісін дамытудың қажеттілігін айқындайды. Мұндай
дамудың объективтік алғышарттары ретінде мыналар саналады:
1) өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының, өңдеуші орындардың дамып, өсуіжәне
жалпы ұлттық өнімнің өсуі;
2) жүк және жолаушы тасымалдары көлемінің өсуі;
3) транзиттік қатынастарды өрістетудің ықтимал мүмкіндіктері;
4) барлық ауылдық елді – мекендер, аудандар мен обылыстар арасында
тұрақты автомобиль қатынастарын қамтамасыз етудің қажеттігі.
Тұтас алғанда жол мәселесінің күнделігі мен сан қырлылығы автожол
саласында республикадағы экономикалық және әлеуметтік қатынастардың
барысында жол факторының объективті әсерін есепке алуға негізделіп
ойластырылған саясаттың қажеттілігін дәлелдейді, әрі автокөлік жолдарын
дамыту мәселесін шешуде жүйелі көзқарас пен бағдарламалық әдістерді
пайдалану керектігін талап етеді.
Еліміздегі экономикалық қатынастардың қарқынды даму барысында автокөлік
жолдарының рөлін арттыру үшін, алдыменен олардың техникалық жағдайларын
жақсартумен, олардың қызмет көрсету мерзімін арттыру мақсатында мемлекеттік
бағдарламаларды жүзеге асырумен қатар, жалпы автомобиль жолдары саласын
реттейтін заңнамаларды жетілдіре отырып, олардың орындалуын мемлекет
тарапынан қатаң бақылауға алып, ауқымды инвестицияларды тарту жолдарын
қарастыру қажет.
Елімізде автомобиль жолдарын салу және оларға жөндеу жұмыстарын өткізу
жоғары шығындарды қажет ететін күрделі сала, мысалы: Қазақстанның табиғи –
климаттық жағдайына байланысты бір шақырым жолдың құрылысына шамамен – 200
мың, күрделі жөндеуге – 100 мың, ағымдағы жөндеуге – 20 мың АҚШ доллары
жұмсалады. Осыған байланысты Қазақстанның автомобиль жолдарын қайта қалпына
келтіру ауқымды инвестицияларды тартуды қажет етеді.
Транспорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының
Үкіметі 2001 жылдың 29 мамырында Қазақстан Республикасының автожол саласын
дамытудың 2001-2008 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы № 726 қаулы
қабылдады. Осы қаулының негізінде Қазақстан Республикасының автожол
саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
(№730 28.11.2001) қабылданып, қызмет істеп келеді. Бұл бағдарламада
көзделген негізгі міндеттер төмендегідей:
• автомобиль жолдарының жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шараларды
мақсатты қаржыландырумен қамтамасыз ету;
• пайдаланудағы автокөлік желілерін сақтау және дамыту, олардың жай-
күйін жақсарту және негізгі транзиттік автомобиль жолдарын халықаралық
стандарттардың техникалық талаптарына сәйкес келтіру;
• Қазақстанның автомобиль жолдары бойынша отандық және шетелдік
тасымалдаушылар үшін неғұрлым тиімді және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз
ету;
• пайдаланудағы автомобиль жолдарын дамытуды жандандыру, сондай-ақ
Қазақстанның әлемдік сауда нарықтарына шығу жағдайын көтеруге мүмкіндік
беретін балама жобаларды іске қосу;
• транзиттік бағыттардағы автожол инфрақұрылымын дамытуды
қамтамасыз ету үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту;
• автожол саласының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру.
Қазақстанның географиялық жағдайы Еуроазияның орталық бөлігінде Ұлы Жібек
жолының маңызды қиылысында орналасуы – мемлекеттің негізгі байлықтарының
бірі болып саналады. Біздің еліміз жаңа халықаралық бағыттардың
қалыптасуына әсер етуші мемлекеттердің бірі болғандықтан, республикада
тарихи қалыптасқан Жібек Жолы бағыты бойынша транзиттік көлік қатынастарын
қалыптастыру Қазақстанның маңызды стратегиялық мәселелерінің шешілуіне зор
ықпалын тигізіп келеді. Оған біріншіден, республиканың ішкі құрылықтық
мемлекет ретінде теңіз портына шығуы, екіншіден, Ресей, Еуропа, Қытай,
Жапония, Кавказ, Иран, Түркия, Оңтүстік шығыс және Орта азия елдері арқылы
транзиттік бағыттардың қалыптасуы жатады. Сонымен қатар, Ұлы Жібек жолы
сауда және мәдени қатынастардың негізгі магистралы бола отырып, Шығыс пен
Батыс өркениетінің дамуында маңызды орын алады. Осы жол ғылым мен
техниканың, ұлтаралық және аймақаралық қатынастардың дамуы мен мәдени
құндылықтардың алмасуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
ЮНЕСКО-ның Жібек жолын кешенді зерттеу – келісім жолы деп аталатын аса
ауқымды жобасына орай 1998 жылы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта
өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және
сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау бағдарламасы қабылданды.
Бағдарламаның басты мақсаты болып – Жібек жолының Қазақстандағы бөлігінде
жалпы ұлттық, әлеуметтік – экономикалық және халықаралық рөлін көтеру мен
оны қайта жаңғырту саналады.
Нарықтық қатынастарды тұрақтандырумен қатар, Қазақстан Республикасы
халықаралық, экономикалық - әлеуметтік байланыстарды дамытуға өте үлкен мән
беріп отыр. Республикалық және халықаралық транспорттық бағыттар
экономикалық қатынастарды дамытудың бірден-бір жолы бола отырып
экономиканың маңызды секторларын, яғни табиғи ресурстардың экспортын,
тұтыну тауарлары мен азық-түліктер импортының қозғалысын қамтамасыз етеді.
Демек, жолаушылар тасымалы мен айналымына жоғары деңгейде қызмет
көрсетуші автомобиль транспорты саналады. Яғни, республика көлемінде
автокөлікпен жолаушыларды тасымалдау басқа транспорт түрлеріне қарағанда
тиімді болып отыр. Осы орайда айта кететін жағдай, елімізде автомобиль
транспортымен орындалатын қызметтердің көлемін әрі қарай дамыту үшін
пайдаланудағы автокөлік жолдарының техникалық жағдайы мен сервистік қызмет
көрсетулерді жақсартып, қажет болған жағдайда халықаралық стандарттардың
талаптарына жауап беретін жолдардың құрылысын жүргізу мүмкіндіктерін де
қарастыру қажет.
Қазақстан Республикасының жол шаруашылығы жалпыға ортақ пайдаланудағы
автокөлік жолдарын салу және оларды ұстау, жөндеумен айналысатын мекемелер
мен ұйымдардан тұрады. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автокөлік жолдары
өздерінің маңызы бойынша халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы
бар жолдар болып бөлінеді.
Халықаралық маңызы бар автокөлік жолдарына көршілес мемлекеттердің
астаналарын жалғастырып жатқан, сондай-ақ мемлекет аралық келісімдерге
сәйкес халықаралық автокөлік жолдары желісіне кіретін жолдар жатады.
Республикалық маңызы бар автокөлік жолдарына республиканың ірі әкімшілік,
мәдени және экономикалық орталықтары, сол сияқты көршілес мемлекеттер
арасында көлік қатынасын қамтамасыз ететін және қорғаныстық маңызы бар
автокөлік жолдары кіреді.
Жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарына республиканың әкімшілік
орталықтарын облыс және аудан орталықтарымен, ауылдық елді-мекендермен,
сондай-ақ аудан орталықтарын республикалық маңызы бар жолдармен жалғастырып
жатқан автокөлік жолдары жатады.
Жолдардың нашар жағдайына байланысты автомобиль транспортының тікелей
материалдық шығындары жүк және жолаушы тасымалдары ағымының төмендеуіне,
сондай-ақ жөндеу жұмыстары мен техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын
шығындар тасымалдың өзіндік құнының жоғарлануына әсерін тигізеді. Сондықтан
елдегі жол шаруашылығын жетілдірудің нәтижесінде автомобиль жолдары арқылы
орындалатын қызметтердің сапасын және олардың маңызын арттыру үшін жалпы
жол саласында төмендегідей шаралардың орындалуы қажет:
• жол саласын қаржыландыру механизімін бүгінгі күн талаптарына сәйкес
қайтадан жетілдіру арқылы жолдардың жаңа құрылысы мен оларды қалыпты
деңгейде сақтау үшін мақсатты қаржыны жұмылдыру;
• қазіргі уақыттағы халықаралық техникалық талаптарға жауап беретін
жаңа автокөлік жолдарын салу;
• қалыптасқан көліктік ағымға сәйкес келмейтін және қауіпсіздік
талаптарын қамтамасыз етпейтін пайдаланудағы жолдарды қайта жаңарту;
• қалыптасқан көліктік ағымға сәйкес келетін, бірақ үздіксіз, қауіпсіз
және ыңғайлы автокөлік қозғалысының талаптар деңгейіне жауап бере алмайтын
автокөлік жолдарын жөндеу;
• пайдаланудағы автокөлік жолдарын, олардың транспорттық –
эксплуатациялық сипаттамасын талап етілген деңгейде ұстау;
• автокөлік жолдары бойынша көлік қозғалысын ұйымдастыру, басқару,
жоғары сервистік қызмет көрсетумен қамтамасыз ету.
Бұл шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының жол
саласын қаржыландыру механизімін бүгінгі күн талаптарына сәйкес қайтадан
жетілдіру арқылы жолдардың жаңа құрылысы мен оларды қалыпты деңгейде сақтау
үшін мақсатты қаржыны жұмылдыру мен жоғары техникалық қызмет көрсетудің жан-
жақты толық жүйесі қажет.
Қазақстанда нарықтық қатынастардың тұрақтану кезінде жол саласын
қаржыландыру нысандары мен ұстамдары бірнеше рет өзгеріске ұшырап отырады.
Осы жылы Қазақстан Республикасының Жол қоры туралы заңы қабылданғаннан
кейін жол жұмыстарын мақсатты қаржыландыру көзінің тұрақты жүйесі
қалыптасып, жол қорлары облыстық және республикалық деңгейлерде жасақталған
болатын. Облыстық жол қорына қаржыларды жинақтау және оларды пайдалану
құқығын әрбір аймақтың өзіне беру арқылы жол шаруашылығын жедел, әрі тиімді
жүргізуге және дамытуға толық мүмкіндіктер қалыптасады.
1999 жылдың 1-ші қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің
жарлығымен Жол қоры туралы заң салық жүйесіндегі өзгерістерді есепке ала
отырып, қайтадан күшіне енгенеді. Бірақ, 2002 жылы Қазақстан
РеспубликасыҮкіметі жол қорын тарату туралы қайтадан шешім қабылдап, осы
кезден бүгінгі уақытқа дейін жол саласын қаржыландыру мемлекеттік бюджет
есебінен жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда жол саласын қаржыландыру
мәселелерін айқын анықтайтын заңнамалардың жоқтығы, сондай-ақ бақылау
механизмдерінің дұрыс орындалмау салдарынан жол шаруашылығына бөлінген
қаржылар әр уақытта мақсаты мен бағытына қарай пайдалана бермейді.
Сондықтан, мемлекетіміздің алдында тұрған күрделі мәселенің бірі – бұл
республиканың жол шаруашылығын тұрақты қаржыландыру және осы саланың
бақылау қызметтерін реттейтін заңнамасын қабылдау болып саналады.
Қазақстан экономикасында болып жатқан өзгерістер, соның ішінде
өнеркәсіптің, өңдеуші салалардың дамуы мен ауылшаруашылығы инфрақұрылымы
автокөлік жолдарының сапасы мен техникалық жағдайына жаңаша талаптар қойып
отыр, себебі, ел ішіндегі тасымалдар әрбір сала экономикасының дамуына
ерекше ықпал етеді. Дегенмен де, транзиттік тасымалдарды өсіру міндеттерін
шешу, қазіргі уақыттағы жолдардың техникалық жай-күйі арқылы жүзеге асыру
мүмкін емес, сондықтан да автомобиль жолдарын салу, жөндеу жұмыстарын
өткізу алдыңғы қатарлы техникалар мен технологияларды пайдалана отырып іске
асыруды қажет етеді. Сонымен қатар, ішкі және транзиттік тасымалдарды
қарқынды дамыту мақсатында жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарын отандық және
шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асыру үшін алғышарттар жасау
қажет.
Жол шаруашылығы ұйымдарының қызметтері тек қана жол құрылысы және жөндеу
жұмыстарымен шектелмейді, сондай-ақ жалпы пайдаланудағы автокөлік жолдарына
техникалық қызмет көрсетеді. Елде халықаралық және республикалық маңыздағы
автомобиль жолдарын салу, күрделі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын
жүзеге асыру үшін қаржыландыру алдыменен республикалық бюджет есебінен
жүргізілсе, сонымен бірге мердігерлік компаниялар мен инвесторлар арқылы да
орындалады. Ал, жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының құрылысы мен
оларды жөндеу жұмыстары жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық және саяси даму
шеңберінде Батыс Қазақстан облысы маңызды орын алады, өйткені мұнда ірі
өнеркәсіп орталықтары мен мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау жүйелері
қарқынды дамып келеді. Сондай-ақ, Ресейдің көршілес Саратов, Самар, Орынбор
облыстарымен тығыз мәдени, экономикалық, саяси байланыстар орныққан.
Жолдарды салу мен жөндеу жұмыстарын орындауға жергілікті климаттық,
гидрогеологиялық, рельефтік және басқа да жағдайлардың әсері (түсетін жауын-
шашынның көлемі, ауа-райының өте төмеңгі температурасы), сонымен қатар
құрылыс жұмыстарының бірнеше есепті мерзім бойы немесе жылдар бойы
орындалуы жоспарланған шығындардың нормативтерден ауытқуына әкеліп
соқтырады. Мысалы, құрылыс жұмыстары кезінде жауын- шашынның көп болу
салдарынан жұмыстың тоқтап қалуы және объектілерге жеткізілген құрылыс
материалдарының бастапқы сапасының төмендеуі ықтимал. Яғни, табиғи
жағдайлардың салдарынан жұмыстың орындалмайтын уақытына жұмысшыларға еңбек
ақы төлеу қажет болса, ал материалдардың сапасының бұзылуынан олардың
қосымша шығыны қалыптасады. Ал егер, жұмыстың кідіріс уақытына және қосымша
материалдардың қажеттілігіне тиісті белгі құжаттарды дер кезінде
рәсімдемесе шығындардың талдамалық есебін жүргізу мен қызметтің өзіндік
құнын анықтау барысында нақты мәліметтер алуға кедергі жасайды.
Сонымен автомобиль жолдарының маңыздылығын айқындай отырып, жол
құрылысының салалық ерекшеліктері мен олардың шығындар есебіне тигізетін
әсерлерін зерттей келе төмендегідей қорытындылар жасауға болады:
• автокөлік жолдары мемлекетіміздің транспорттық жүйесінің маңызды
звеносы бола отырып, елдің әлеуметтік – экономикалық және саяси –
халақаралық қатынастардың дамуына зор ықпалын тигізеді. Сондықтан, елімізде
жол шаруашылығының маңыздылығын арттыру үшін бүгінгі күннің талаптарына
жауап беретін жолдардың құрылысын жүргізіп пайдаланудағы жолдар мен жол
құрылымдарына жөндеу аралық мерзімдерін сақтай отырып күрделі және ағымдағы
жөндеу жұмыстарын өткізіп отыру қажет. Жол саласына бөлінген материалдық
және ақшалай ресурстардың үнемді пайдалануына, саладағы жұмыстар мен
қызметтердің өзіндік құндарының төмендеуіне, сондай-ақ жол құрылысы
ұйымдарының қаржылық – шаруашылық қызмет жағдайларының жақсаруына шығындар
есебі мен талдауының маңызы өте жоғары;
• жол жұмыстарының бірнеше есепті мерзім аралықтарында және орталықтан
қашық жерлерде орындалуы, жол құрылысында еңбек құралдарының жылжымалы
болуы, ал оның өнімі, яғни жолдар мен жол құрылымдарының бір жерде тұрақты
болуы және олардың өндірілген орындарында пайдалануы, негізгі құрылыс
жұмыстары мен жөндеу жұмыстарының қатар жүргізілуі, құрылыс – монтаж
жұмыстарына қажетті материалдарды жабдықтаушы мекемелердің және көмекші
цехтардың қашық жерлерде орналасуы және тағы басқа да жағдайлар жол
құрылысы саласының ерекшеліктері ретінде өндіріс шығындарының есебін
ұйымдастыруға әсер етеді.
Жолдардың транспорттық – эксплуатациялық сапасын қажетті деңгейде сақтау
үшін тасымалдың өзіндік құнын төмендету, жолдарды ұстау және ағымдағы
жөндеуге шығындарды азайту, сапарлардың және жүктерді жеткізудің уақытын
үнемдеу, сондай-ақ жол – автокөлік оқиғаларынан ысыраптарды азайту,
жолдарға жақын аймақтардың экономикалық дамуын ынталандыру, жол
сапарларының жай – күйін жақсарту арқылы қол жеткізуге болады. Осы
мақсатта, жолдардың техникалық деңгейін неғұрлым жақсартпай және олардың
қызмет істеу жағдайын бір қалыпты ұстап тұрмай жолдарды салу мен оларды
жөндеуге, қайта қалпына келтіруге жұмсалған шығындарды тиімді пайдалану
мүмкін емес.

Жол құрылысында қолданылатын материалдарға қысқаша сипаттама
Асфальт-бетон қоспасы - қондырғыда араластырумен алынатын, қыздырылған
күйінде белгілі бір қатыныстарда алынған, ұтымды іріктелген шағылтас
(қиыршықтас), құм, минералдық ұнтақ және мұнай жол битумы қоспасы; 
     Автомобиль жолдарының жол белгілеулеріне арналған бояу (эмаль) - жол
жамылғысына жаққаннан және еріткіш буланғаннан кейін жол белгілеуіне
қойылатын талаптарға сәйкес болатын, анық көрінбейтін қатты үлдір түзетін
органикалық еріткіштер полимерлерінің ерітінділеріндегі шашыраңқылығы
жоғары бояудақтар мен толтырғыштардың қойыртпағы; 
Автомобиль жолдарының жол белгілеулеріне арналған термопластик -
құрамында құрауыштар немесе құйма көлемді пішіндердің ұнтақ қоспасы
түріндегі бояудақтар мен толтырғыштар болатын полимерлік байланыстырғыш
негізіндегі, қатқаннан кейін жол белгілеулерінің анық көрінбейтін қатты
элементтері пайда болатын терможұмсартқыш созылымды материал; 
Автомобиль жолдарының жол белгілеулеріне арналған салқын пластик -
химиялық реакция нәтижесінде қататын және қатқаннан кейін жол
белгілеулерінің анық көрінбейтін қатты элементтерін түзетін, құрамында
бояудақтар мен толтырғыштар болатын полимер байланыстырғыш негізіндегі
көпқұрауышты созылымды материал; 
     Битумдалған жыныстар (кирлер) - әртүрлі тұтқырлықтағы табиғи битумдар
сіндірілген, көбінесе ұсақ және шаңды құмдарды, борпылдақ жыныстарды
білдіретін табиғи құрамында битум болатын жыныстардың бір түрі; 
     Белсендірілген минерал ұнтақ - әктастар мен доломиттерді ұнтақтау
кезінде алынатын және оларды тарту кезінде өңделетін материал; 
     Жол тұтқыр мұнай битумдары - мұнайды тікелей айдау қалдығы   түрінде
алынатын немесе мұнайды тікелей айдау өнімдерін тотықтыру және мұнай
өнімдерін (асфальттарды асфальтсіздендіру, сығындыларды сұрыптап
тазалайтын) сұрыптап бөлу, сондай-ақ көрсетілген тотыққан және тотықпаған
өнімдерді компаундтау жолымен дайындалатын органикалық тұтқыр материалдар; 
Жол сұйық мұнай битумдары - тұтқыр аққыштық қоюлығы болатын белгіленген
түйіршік құрамдағы мұнай өнімдерінің тұтқыр сұйық битумдарын сұйылтып
дайындаған битумдар; 
Жол бетон - тұтқырдың, толтырғыштың, судың және оның үстемелердің, оның
пішімделуіне және қатуына дейін тиімді іріктелген және мұқият
араластырылған қоспасы; 
  Жол битум эмульсиясы - эмульстағыштарды қатыстырып, екі бір-бірінде
ерімейтін сұйықтықтар су және битумнан тұратын дисперсиялық; 
     Зиянды химиялық зат - адамның өміріне немесе денсаулығына қауіп
төндіретін, жануарлар мен өсімдіктердің және қоршаған ортаның тіршілік
әрекетіне қолайсыз әсерін тигізетін химиялық зат; 
     Қиыршықтас - табиғи қиыршықтас-құм қоспаларын елеу жолымен алынатын,
ірілігі 5 мм жоғары түйірі болатын, органикалық емес түйіршікті сусымалы
материал; 
Қоспалар (құрғақ және сұйық) - цемент немесе битум, қарамай, эмульсияны
дайындау кезінде, оларға талап етілетін қасиеттерді беру үшін араластыру
кезінде, тұтқырға немесе қоспаларға тікелей қосылатын химиялық заттар
(беттік-белсенді заттар, полимерлер, белсендіргіштер және басқалар); 
    Құм - табиғи қиыршықтас-құм қоспаларын елеу, тау жыныстарын, қиыршықтас
пен қойтастарды, жолшыбай өндірілетін аршылған және араласушы тау
жыныстарын немесе кендерді (металлургия өнеркәсібінің қара, түсті және
сирек кездесетін металдарын) және өнеркәсіптің басқа салаларының биметалл
қазбаларын уату өнімдерін кейін елеу арқылы қайта өңдеу жөніндегі тау-кен
кәсіпорындарының кондициялық емес қалдықтарын уатып алынатын, ірілігі 5 мм
кем түйірі болатын органикалық емес түйіршікті сусымалы материал; 
Қиыршықтас - тау жыныстарын, қиыршақтас пен қойтастарды, жолшыбай
өндірілетін аршылған және араласушы тау жыныстарын немесе кендерді
(металлургия өнеркәсібінің қара, түсті және сирек кездесетін металдарын)
және өнеркәсіптің басқа салаларының биметалл қазбаларының уату өнімдерін
кейін елеу арқылы қайта өңдеу жөніндегі тау-кен кәсіпорындарының
кондициялық емес қалдықтарын уатып алынатын, іріліп 5 мм жоғары түйірі
болатын органикалық емес түйіршікті сусымалы материал; 
     Қара қиыршықтас - түйіршікті немесе белгілі бір температурада
органикалық тұтқыр араластырғыш қондырғыда өңделген түйіршік қоспасы
түріндегі қиыршықтас; 
Полимер-битумды тұтқырғыш - жолдың полимерлер (термопластикалық
каучуктер, эластопластар және басқалар) қосылған тұтқыр немесе сұйық мұнай
битумынан жасалатын битумды тұтқырғыш; 
     Топырақ - адамның инженерлік-шаруашылық қызметінің объектісі болып
табылатын көпқұрауышты және әр түрлі геологиялық жүйені білдіретін тау
жыныстары, топырақ, техногендік пайда болулар; 
      Технологиялық регламент - жұмыс жүргізу процесін көрсететін, сақталу
орындалатын жұмыстардың сапасына кепілдік беретін қажетті жабдықтар тізбесі
мен технологиялық параметрлері бар техникалық құжат; 
     Цемент - пластиктендірілген немесе белсендендіргіш қоспалармен, немесе
түйіршіктелген қожбен, ғанышпен бірге тарту кезінде күйдірілген цемент
тасын жұқалап ұнтақтау нәтижесінде алынатын минералды гидравликалық
тұтқырғыш; 
Шекті рұқсат етілген концентрация (ШРК) - ұзақ уақыт ішінде күн сайын
әсер еткен кезде адам ағзасында қазіргі заманғы әдістермен байқалатын
аурулық өзгерістер туындатпайтын көлем бірлігіндегі зиянды химиялық заттың
ең көп мөлшері; қоршаған ортаның (жұмыс аймағының және елді мекендердің
ауасының, судың және топырақтың) санитариялық жай-күйін бағалау кезінде
гигиеналық критерий болып табылады; 
     Шағылтас-қиыршықтас-шағылтас-қ ұмды қоспалар - құмды  (шағылтас-құмды,
қиыршықтас-құмды және шағылтас-қиыршықтас-құмды) шағылтас, қиыршықтас пен
құмның қоспасынан құрастырылған түріндегі материалдар.
Қолданылатын материалдарға қойылатын талаптар
     Шикізат жол-құрылыс материалдарын өндіруге арналған негіз ретінде не
жол-құрылыс материалы болып қолданыла алады. 
     Жол-құрылыс материалдары мынадай материалдарға бөлінеді: 
      а) шикізат пен материалдан оларды қайта өңдеу немесе өңдеу жолымен
алынған; 
      б) бір мезгілде әрі шикізат және дайын өнім болып табылатын
(топырақтар, малтатас-құмды қоспалар, табиғи құм, битумдалған жыныстар). 
Шикізатқа және дайын жол-құрылыс материалдарына өмірлік циклының барлық
сатыларында қойылатын жалпы талаптар: 
      1) Дайын өнімнің табиғи радионуклидтерінің тиімді меншікті жиынтық
белсенділігі елді мекендер аумағы және болашақта құрылыс салынатын аймақтар
шегінде жолдар мен әуеайлақтар салу кезінде 740 Бккг аспауға
(материалдардың радиациялық қауіптілігінің II сыныбы) және елді мекендерден
тыс жолдар салу кезінде 1500 Бккг аспауға (материалдардың радиациялық
қауіптілігінің III сыныбы) тиіс. 
      2) Жарылыс қауіпсіздігіне және өрт қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар. 
      Жол-құрылыс материалдарының жарылыс қауіптілігі мен өрт қауіпсіздігі
олардың құрамына кіретін, жарылыстың болуын және (немесе) өрттің өршуін
тудыруға қабілетті химиялық заттардың физика-химиялық қасиеттері мен
көрсеткіштеріне байланысты. 
Жол жұмыстарына арналған материалдар келесі нормативтік құжаттарға сәйкес
болуы тиіс:
СТ ҚР 1225-2003 Жол, аэродромды асфальтбетонды қаспалар және
асфальтбетон, СТ ҚР 1284-2004 “Құрылыс жұмыстарына арналған тығыз таулы
негізден жасалған қиыршықтас және шағылтас”, СТ ҚР 1376-2005 “Жол
құрылысына арналған сазды құм және қиыршықтас”, СТ ҚР 1215-2003 “Қара
қиыршықтас”, СТ РК 1373-2005 Жабысқақ мұнайлы жол битумдары, ГОСТ 11955-
82 Сұйық мұнайлы жол битумдары, ГОСТ 16557-78 Асфальтбетонды қоспаға
арналған минералды порошок, СТ ҚР 1225-2002 Жол таңбалары, СТ ҚР 1224-
2003 Жол белгілері.

Автомобиль жолының жобасы - автомобиль жолының жердегі орналасуын, жоспар
элементтерінің параметрлерін, жер төсемінің көлденең және бойлық
бейіндерін, жол төсемінің конструкциясын, су өткізетін және өзге де
инженерлік құрылыстарды, жолдардың қиылысуы мен түйісуін көрсете отырып,
сондай-ақ жолды абаттандыру, жол қозғалысын ұйымдастыру және қауіпсіздігі,
құрылысын ұйымдастыру, жол сервисі құрылыстарын және жұмыс көлемі мен құнын
анықтау арқылы басқа да инженерлік құрылыстарды орналастыру мәселелерін
шеше отырып автомобиль жолын жобалаудың нәтижесі ұсынылған белгіленген
мазмұндағы және құрамдағы есептік және жобалық техника-экономикалық
құжаттардың жиынтығы.
Автомобиль жолдарын жобалау кезінде:
1. жолдың конструктивтік элементтерінің бірінің немесе олардың
үйлесімдерінің қолайсыз әсері нәтижесінде жол қозғалысының субъектілері мен
қоршаған орта үшін қауіп төну тәуекелін жоюға немесе төмендетуге;
2. автомобиль жолдарын пайдалану кезінде климаттық, төтенше және басқа
да факторлар мен оқиғаларға байланысты болдырмау мүмкін емес тәуекелдерден
сақтауға;
3. қабылданған қауіпсіздік шараларының жеткіліксіз немесе төтенше
жағдайлардың туындауы салдарынан автомобиль жолының жекелеген учаскелерінде
мүмкін болатын қалдық тәуекелдер туралы ақпараттарға қол жеткізуді
қамтамасыз етуге бағытталған шарттар ескерілуі тиіс.
Жобалау кезінде мынадай тәуекелдермен сипатталатын негізгі
қауіпсіздік талаптары назарға алынуы тиіс:
жоспардың, автомобиль жолының көлденең және бойлық бейінінің геометриялық
элементтері, сондай-ақ олардың қолайсыз үйлесімі;
жол құрылыстары (жер төсемі, жол төсемі, көпірлер, құбырлар, жолөткелдер,
мал өтетін өткелдер, эстакадалар және тағы басқалар);
автомобиль жолының бөлінген жолағы шегінде немесе оған тікелей жақын
жерде орналасқан автомобиль жолы мен автокөліктерге қызмет көрсететін
құрылыстар (автожанармай құю станциялары, автомобильдерге техникалық қызмет
көрсету ұйымдары, жолаушылар мен жүргізушілерге қызмет көрсететін жол
бойындағы пункттер және тағы басқалар);
жолдың жағдайы, электр беру және байланыс желілерінің тіректері,
автомобиль жолының жер төсемі жиегіне жақын орналасқан өзге де заттар мен
құрылыстар.
6. Автомобиль жолдарының кеңістікте орналасуы, оның геометриялық
элементтерінің параметрлері және олардың арақатынастары мыналарды
қамтамасыз етуі тиіс:
аралас учаскелердегі қозғалыс жылдамдығының жолдың әдеттегі жер бедері
жағдайында орналасқан кезінде кемінде 0,8 және жер бедерінің қиын
учаскелерінде 0,6 қатынасымен автомобиль жолының ұзындығы бойынша көлік
құралы қозғалыс жылдамдығының біртіндеп өзгеруін;
жоспардағы жолдың қисық сызықты учаскелері бойынша қозғалған кезде
көлденең үдеулердің біртіндеп өсуін;
көлік құралының бойлық бейініндегі қисық бойынша қозғалысы кезінде
туындайтын тік жүктемелердің олардың рұқсат етілетін мәндері шегінде
жеңілдетілуін;
жолда көлік құралдарының жүргізушілеріне олардың жүріп өту жағдайлары
туралы жалған ұғым қалыптастыратын және жүргізушілерді алдыңғы учаскеде
қалыптасқан қозғалыс тәртібін күрт өзгертуге мәжбүрлейтін учаскелердің
болмауын;
автомобиль жолының бүкіл ұзындығында түзу сызықты және қисық сызықты
учаскелер ұзақтығының заңды және біртіндеп өзгеруін;
автомобиль жолының жер төсемін қардың немесе құмның, олардың мүмкін
болатын көшуі кезеңінде басып қалу тәуекелін, басым желдердің қайталану
жиілігі мен жылдамдығын ескере отырып төмендетуді.
7. Автомобиль жолының жобасында өздерінің габариттік өлшемдері, салмақтық
және өзге де параметрлері бойынша техникалық регламенттер мен жобалауға
арналған тапсырмалар талаптарына сәйкес келетін көлік құралдары мен
жүктерінің қауіпсіз және үздіксіз өтуін қамтамасыз ететін инженерлік
шешімдер болуы тиіс.
8. Автомобиль жолдарының жобаларында қабылданған техникалық шешімдер осы
Техникалық регламенттің негізгі қауіпсіздік талаптарына қайшы келмеуі тиіс.
9. Автомобиль жолдарын жобалау нормаларының осы Техникалық регламентке
сәйкестігі онымен үйлесімделген мемлекеттік стандарттар мен құжаттардың
нормаларымен қамтамасыз етілуі тиіс.
10. Осы Техникалық регламенттің талаптарын бұза отырып орындалған
автомобиль жолдарының жобалары бекітілуге жатпайды және автомобиль жолдары
жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган салу мен қайта жаңғыртуға жол бермеуі
тиіс.

Орал – Тасқала автомобиль жолына жер бөлу
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Орал – Тасқала автомобиль жолына
(70-74 км)жер бөлу жобасының түсініктемесі.
3.1 Жол салу үшін бөлінетін жердің ауданын есептеу ведомосі
Жол салу үшін бөлінетін жердің ауданын есептеу соның ішіндегі тұрақты жер
пайдалануға жер бөлу. Автомобильге бөлінетін жердің ауданына жер бөлгенде
ол жердің экономикалық, әлеуметтік факторларға көңіл бөлу керек. Тұрақты
жер пайдалануға бөлінетін жер ауданының планын, профилін, көлденең профилін
пайдалана отырып, соның негізінде құжаттар бойынша әр пикетте, нүктелер
анықталып жер бөліп беру жобасына түсіріледі. Жер бөлу жобасы бойынша әр
жер пайдаланушы бойынша, ауыл шаруашылық ауданы, яғни егістік, жайылым,
шабындық алқаптар түрі бойынша, топырақтар түрлері жеке – жеке анықталды.
Автомобиль жолына бөлінетін жолдың ауданын бірнеше тәсілмен анықтауға
болады.
Олар: 1) әр категориялар бойынша нормативті; 2) есептік – конструктивтік
тәсіл қолданылады
3.2 Алынатын жер экспликациясы
Автомобильге жер бөлгенде экспликация құрылды. Эксплкация бойынша жалпы
бөлінетін жер ауданы анықталды.
Белес жер пайдаланусышы бойынша: егістік 7,509 га, шабындық 10,675га,
жайылым 6,42га = 24.605 га барлығы
Зеленое жер пайдаланушы бойынша: 10,26 га егістік, 5,275 га жайылым
= 15,535 га барлығы
Первый Май жер пайдаланушы бойынша: 5,52 га егістік, 16,39 га жайылым
= 21,91 га барлығы.
3.3 Тұрақты пайдалануға берілетін және топырақтың құнарлы қабаты
сыдырылып алынатын учаскілердің ауданын анықтау.
Жол салу үшін топырақ құнарлығы, топырақ тығыздығы, көлемі, химиялық,
фи зикалық қасиеттері өте маңызды рол атқарады. Жалпы жол салғанда ол
жерді алдымен қопсытып, қисық жерлерін түзулеу, жаю жұмыстары атқарылады,
ол үшін техника көмегі қажет. Топырақтың құнарлы қабаты сыдырылып
алынатын учаскілерді алдымен топырақ контурыны ол топырақ түсіне
байланысты, яғни жол салу үшін бөлініп беретін жердің алқап түрі бойынша
топырақтың құнарлы қабаты, топырақтың банитет баллы және қопсыту
коэффиценті анықталады.
3.4 Жердің құнарлығын анықтау.
Бонитет балдары: топырақтың құрамындағы шірінділердің (гумус),
тұздардың, минералдардың шамасына, топырақты суды сіңіру қасиетіне, ауаны
өткізуіне байланысты анықтайды. Негізгі бал бонитеті топырақтың 50 см
қабатында шірінділер (гумус) шамасына сәйкес белгіленіп, басқа қасиеттері
бойынша саралаушы коэффициенттер қолданылады. Аудан, аймақ және нақты
жерлер бойынша орташа бонитет балдары есептеліп, олар дәнді дақылдардың
көпжылдық орташа түсімімен салыстырылады. Бұл көрсеткіш жерден алынатын
өнімдерді болжауға, жоспарлауға мүмкіндік береді. Осы көрсеткіш арқылы
жерді тиімді пайдаланылғаны бағаланады. Бонитеттеу барысында анықталған,
белгілі жаратылыс нышандарымен сан жүзінде сипатталатын топырақ топтары
кейін экономикалық көрсеткіштер бойынша бағаланады. Топырақтарды бонитеттеу
мәліметтерінің жерді, оның жаратылыс сипаттамаларын ескере отыра, тиімді
пайдалану мәселелерін шешуде көп маңызы бар.
Жердің құндылығын анықтағанда Б орт = ( Б×Р) ̸ ∑ Р формуласы арқылы
Орташа салмақтық балл бонитетін анықтадық. Жалпы бұл жерде
Б - топырақ банитет
Р - топырақтың контур ауданы
Сонымен, Белес жер пайдаланушысы орташа салмақтық балл банитеті ∑ 8, 36
Зеленое жер пайдаланушысы ∑11,4 болса, ал Первый Май ∑ 9,8. тең
болды.

4. Есептеу бөлімі

Еңбек ақы шығындарының есебі
Кез келген өндірістік процесте жұмыс күші негізінен қозғаушы күш ретінде
шығын элементтерінің маңызды бөлігі болып табылады. Еңбек ақының негізгі
ұстамы ретінде жалақымен өлшенетін жұмысшылардың жаңа өндірген өнім
көлеміне сан және сапа жағынан қосқан үлесі саналады. Еңбек ақы – еңбек
өнімділігін арттыруға, жұмыстардың көлемін ұлғайтуға, оның сапасын көтеруге
жұмысшының мүддесін арттыратын негізгі құрал болып саналғандықтан ұйымдар
үшін еңбек ақы шығындары есебі өндірістік есеп жүйесінде маңызды орын
алады.
Жұмысшы мен жұмыс берушілердің арасындағы еңбек қатынастары Қазақстан
Республикасының Конституциясы және Қазақстан публикасының Еңбек туралы
заңы арқылы реттеледі.
Шаруашылықтың жаңаша даму жағдайында еңбек және еңбек ақы шығындары
есебінің негізгі міндеттері болып мыналар саналады: еңбек және еңбек ақы
шығындары бойынша барлық құжаттарды дер кезінде толтыру; өнімнің өзіндік
құнын құрайтын ебек ақы шығындары мен одан аударымдар сомасын дұрыс анықтау
және олардың өндіріс шығындарына дұрыс бөлінуін қамтамасыз ету; құрылыс
жұмысшыларына төленген нақты еңбек ақы шығындарының сметада белгіленген
нормадан ауытқуларын анықтау, ауытқу сомаларын тиісті белгі құжаттармен
рәсімдеу және олардың шығын объектілеріне бөлінуін қамтамасыз ету;
белгіленген мерзімде жұмысшылармен еңбек ақы бойынша есеп айырысуды
жүргізу, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысу үшін еңбек ақы
бойынша көрсеткіштерді жинақтау және топтастыру;
Жұмысшыларға төленетін еңбек ақы негізгі, яғни өндірілген өнім,
орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет сапасына байланысты нақты
орындалған жұмыс уақытына төленетін негізгі еңбек ақы мен қосымша еңбек
ақы, яғни Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес орындалмаған
жұмыс уақытына (демалыс ақы, мемлекеттік тапсырмаларды орындағаны үшін,
тұрып қалуға байланысты, сондай-ақ демалыс күндері үшін) төлемдерден
тұрады.
Жалпы құрылыста жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыру көпшілік жағдайда
еңбек ақы формасы мен жүйесіне және кәсіпорында қалыптасқан еңбек
жағдайларына байланысты болады. Бұл өз алдына кәсіпорынның басшылығына
еңбек ақы формасын шаруашылық қызметтің соңғы нәтижесіне әсерін жоғарлату
мақсатында әрдайым жетілдіріп отыруды талап етеді. Осы көзқараспен ақшалай
төленетін еңбек ақы және басқа да төлемдер туралы мәліметтерді жинақтап
отыру өте пайдалы. Сонымен қатар еңбек ақы және басқа да төлемдер бойынша
шығындары ұйымның қаржылық қызмет нәтижесіне де тікелей әсер етеді.
Құрылыс ұйымдарындағы еңбек ақы шығындары есебінің маңызды мәселерінің
бірі – бұл ақшалай еңбек ақы деңгейі жөніндегі ақпараттармен қамтамасыздығы
саналады. Мұндай ақпараттардың қажеттілігі жұмысшыларға есептелетін және
төленетін еңбек ақы шығындарын бақылаудың негізі болып табылады.
Құрылыс ұйымдарында еңбек ақыны тағайындау кезінде төмендегі ұстамдар
негізге алынуы керек:
• еңбек ақы еңбек іскерлігінің негізгі ынталандыру көзі болуға тиісті;
• еңбек ақы республикадағы ең төменгі жалақы деңгейінен төмен болмауға
тиіс;
• еңбек ақы нарық конъюнктурасына, жұмыс күшіне деген сұраныс пен
ұсыныс арасындағы қатынасқа сәйкес келуі тиіс;
• жұмысшының табысы өндірістік – экономикалық қатынастардың
әртүрлілігіне қарамастан оның өміс сүру деңгейін толық қамтамасыз етуге
тиісті.
Зерттеліп отырған жол құрылысы басқармасында негізгі өндіріс
жұмысшыларының еңбек ақыларын есептеу үшін кесімді еңбек ақы формасы және
жол жұмыстарына тікелей қатысатын бригадир – мастерлерге, прорабтарға еңбек
ақыны есептеу үшін мерзімді еңбек ақы формасы қолданылады.
Мерзімді еңбек ақы формасы арқылы әкімшілік басқару қызметкерлеріне,
төменгі қызмет көрсетуші қызметкерлерге, инженерлік – техникалық
қызметкерлерге, сонымен бірге көмекші жұмыстармен айналысатын негізгі
өндіріс жұмысшыларының категорияларына еңбек ақыны есептеген кезде
қолданылады. Мерзімді еңбек ақы нысаны бойынша сағаттық төлем нормативі
ретінде тарифтік мөлшерлеме қолданылады. Зерттеліп отырған жол құрылысы
ұйымдарында мерзімді еңбек ақы нысаны негізінен әкімшілік басқару
қызметкерлеріне және инженерлік –техникалық қызметкерлерге еңбек ақы
есептеу үшін қолданылады.
Мерзімді еңбек ақы формасы бойынша жұмысшылардың еңбек ақысы Жұмыс
уақыты есебі табелі негізінде есептеледі. Табель жұмыс уақытын пайдалану
есебі бойынша негізгі алғашқы құжат болып есептеледі. Табельді ай сайын
ұйымның әрбір құрылымдық бөлімшелерінде мастер, прораб, немесебригадир 1-
данада толтырылып, есеп бөліміне тапсырылады.
Еңбек ақының кесімді формасы – нақты орындалған жұмыстың жалпы көлемі
үшін және белгілі бір еңбек жағдайына байланысты тікелей кесімді бағамен
еңбек ақы есептеуді білдіреді.
Зерттеп отырған құрылыс – монтаж ұйымында ай ішіндегі еңбек төлемінің
жиынтық құжаты болып Есеп айырысу – төлем тізімдемесі саналады. Мұнда ай
ішінде есептелген еңбек төлемінің барлық түрлері және жұмысшыларға төленген
басқа да төлемдер, сондай-ақ заңдарға сәйкес жасалған ұсталымдар мен
шегерімдер жинақталады. Есеп айырысу – төлем тізімдемесінің негізінде еңбек
ақының жиынтық ведомостісі жасалады. Ол үшін әрбір участкі, бригада, бөлім
мен бөлімшелер бойынша есеп айырысу тізімдемелері жинақталып,
Қызметкерлермен еңбек төлемі бойынша есеп айырысу жөніндегі деректер
мәліметі деп аталатын дайындық кестесіне біріктіріледі. Осы кестенің
негізінде құрылыс – монтаж ұйымдарында еңбек ақы бойынша қорытынды
жасалады.
Құрылыс жұмысшыларына еңбек ақы тарифтік баға негізінде әрбір жұмысшының
разрядына сәйкесті есептеледі. Тарифтік баға бұл уақыттың бір өлшеміне
еңбек ақы мөлшерін білдіреді. Ол жұмыстың бір сағатына қарастырылған және
уақыт немесе өндірім нормасына сәйкес кесімді бағаларды тағайындау үшін
қолданылады.
Өндіріс тиімділігін арттыру көпшілік жағдайда кәсіпорында қолданылатын
еңбек ақы формасы мен жүйесіне және қалыптасқан еңбек жағдайларына
байланысты болғандықтан, сонымен қатар жол құрылысындағы жұмысшылардың
еңбек ақылары жалпы еңбек ақы қорының 80-85 % құрайтындықтан еңбек ақы
жүйесін ұйымдастыруды үнемі жетілдіріп отыру қажет болады. Солардың ішінде
қазіргі уақытта құрылыс ұйымдарында көп қолданыла берілмейтін аккордтық
еңбек ақы жүйесін жетілдіру болып саналады.
Аккордтық еңбек ақы жүйесінің артықшылығы мынада:
• аккордтық еңбек ақы жүйесі жұмыстардың соңғы нәтижесіне жету үшін
орындаушылардың қызығушыларын жоғарлатады; еңбек өнімділігін жоғарлатуға
және жұмыстардың өзіндік құндарын төмендетуге ықпал жасайды;
• аккордтық еңбек ақы жүйесі негізінде: өндірістік тапсырмалар нақты
анықталады; бірнеше айға құрылыс тапсырмалары беріледі; құрылыс
жұмысшыларына орындалатын жұмыстардың сатылары анық көрсетіледі; жұмысшылар
атқаратын қызметтеріне қарай өздерінің жұмыс тәртіптерін алдын-ала
жоспарлайды; техникалық құжаттармен таныса алады;
• аккордтық еңбек ақы жүйесі арқылы жұмысшыларға төленетін еңбек ақы
сомасы алдын-ала белгілі болғандықтан, жұмысшылар тапсырмаларды уақытынан
бұрын аяқтай отырып, сол мерзім ішінде өндірістік тапсырмалардың көлемін
артық орындауға тырысады, себебі артық орындалған жұмыстар үшін еңбек ақы
төлемдері мен сыйақылары да жоғарлайды;
• аккордтық нарядтарда тек нақты орындалатын негізгі және көмекші
жұмыстардың калькуляциясы берілгендіктен, орындалған жол жұмыстарының
көлеміне (аккордтық - нарядқа) артық жазу жойылады;
• аккордтық еңбек ақы жүйесі арқылы жұмысшылар еңбекті тиімді
ұйымдастыруға, жұмыстың тиімді әдістері мен тәсілдерін қолдануға,
өндірімсіз жұмыс уақытын жоюға және орындалатын құрылыс – монтаж
жұмыстарының сапасын жоғарлатуға ұмтылады.
Жолдарды салу мен жөндеу жұмыстарының технологиялық ерекшелігіне қарай
олар ұзақ уақыт және кешенді бригадалармен орындалатындықтан, жол құрылысы
ұйымдарында жұмысшылардың еңбегін нормалау және нақты орындаған жұмыстың
көлемі мен сағатын дер кезінде бақылау көпшілік жағдайда мүмкіндік бола
бермейді. Сонымен бірге, жол жұмыстарының орталықтан қашық жерлерде
орындалуына байланысты орындалмаған жұмыс көлемі мен сағаттарын наряд –
тапсырмаларға артық жазып жіберу жағдайлары да кездесіп отырады. Демек,
орындалмаған жұмыс көлемі мен уақыты бойынша еңбек ақының төленуіне жол
бермес үшін жол құрылысы ұйымдарында аккордтық еңбек ақы жүйесін қолданған
тиімді болады. Өйткені аккордтық еңбек ақы формасы бойынша жұмысшыларға
еңбек ақы орындалған жұмыстың көлемін тексеріп мастер немесе инженер
қабылдағаннан кейін ғана белгіленген аккордтық норма және нарядта
көрсетілген баға бойынша есептеледі. Егер жолдарды салу менжөндеу жұмыстары
уақытынан бұрын сапалы орындалса бригада мүшелерінің негізгі еңбек
ақыларына қосымша сыйақылар қосылып төленуі мүмкін. Мұндай жағдайда бригада
мүшелерінің арасында еңбек ақы еңбекке қатынасу коэффициентін қолдау арқылы
бөлінеді.
Жол құрылысы ұйымы аккордтық еңбек ақы жүйесін қолданған жағдайда жол
жұмыстарының жалпы кешенін (оның ішінде: жолдарды салу, күрделі және
ағымдағы жөндеу жұмыстарына қарай негізгі және қосымша жұмыстар,
транспорттық тасымалдау, тиеу, түсіру жұмыстарына қоса) орындау үшін
бригадаға немесе жұмысшылардың арнайы топтарына аккордтық – наряд
(тапсырма) беріледі. Аккордтық тапсырма бойынша орындалған жол жұмыстарының
нәтижелері төмендегі талаптарға сәйкес келуге тиісті:
• автокөлік жолдарын жөндеу, яғни жолдардың транспортық –
эксплуатациялық жағдайын қалпына келтіру, жолдардың тозған мен бұзылған
жерлерін, сонымен қатар жол құрылымдары мен желілерін жақсарту мен қалпына
келтіру, қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастыру бойынша орындалған және
қабылдау комиссиясына тапсыруға дайын жұмыстар;
• автомобиль жолдарын күрделі жөндеу – жол төсемдері мен құрылымдарын
және желілерін толықтай қалпына келтіру, олардың жұмыс қабілеттілігін
көтеру, сонымен қатар қозғалыстың және автомобильдер жүктелімінің
интенсивті өсуін ескере отырып, пайдалану мерзімі аяқталған құрылғылар мен
тетіктерді олардың сапалы әрі ұзақ уақыт пайдаланатын түрлеріне ауыстыру
бойынша орындалған және тапсыруға дайын жұмыстар;
• жолдарды жаңарту – жол төсемдері мен құрылымдарын, желілерін өзгерту
арқылы, яғни жоғары категорияға ауыстыру нәтижесінде жолдардың жүк
көтергіштігі мен өткізу мүмкіндігін жоғарлату бойынша орындалған және
тапсыруға дайын күрделі жұмыстар.
Егер жұмыс күні толық орындалмаса еңбек ақы мен демалыс ақыны есептеу
үшін есеп бөлімінде Есептеме - анықтамасы толтырылады және ондағы
мәліметтер есеп айырысу тізімдемесіне көшіріледі.
Жол құрылысы ұйымдарында өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақылары
норма бойынша және нормадан ауытқулар есебі бөлек жүргізілуі тиіс. Еңбек
ақы бойынша нормадан ауытқу бұл – бекітілген құрылыс технологиясымен
қарастырылмаған қосымша операцияларды орындау кезінде төленетін көлемдер,
сондай-ақ еңбек жағдайының өзгеруіне байланысты төленетін үстеме ақылар
есептеледі.
Жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарын орындау бойынша жұмысшыларға
есептелетін еңбек ақының ауытқу себептері әртүрлі болып келеді. Оларға
жататындар: технологиялық процеспен қаралмаған қосымша операциялар; артық
жұмыс уақыты, демалыс және мейрам күндері үшін қосымша төлемдер;
технологиялық процеспен қаралмаған құрылыс жұмыстарын өнімділігі төмен
машиналармен орындау немесе жұмыс сапасының төмендеуі; технологиялық
құжаттардағы қателіктер; белгіленген стандартқа немесе техникалық шарттарға
материалдардың сәйкес келмеуіне байланысты қосымша жұмыстар үшін төлемдер;
құрылыс материалдарын тиімді пайдаланғаны үшін қосымша төлемдер; мерзімді
жұмысшылардың орындалған жұмыс уақытына байланысты есептелген нақты еңбек
ақысы мен норма бойынша еңбек ақы сомасының арасындағы айырмашылықтар және
т.б.
Негізгі еңбек ақы нормасынан ауытқулар қосымша төлем парағы, кесімді
жұмысқа тапсырмалар (ерекше белгілерімен), тұрып қалу актілері және тағы
басқа да құжаттармен рәсімделеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автокөлік жолдары
Динамикалық жүктемесі жетерлік
Халықаралық автомобиль жолдары және негізгі автомобиль коридорлары
Қазақстан Республикасының көлік саласын дамытудың жолдары
Өндірісті ұйымдастыру мен басқару тәсілдері
Техникалық реттеу құралдарын жіктеу
Кузов цехындағы жабдықтардың құны
Өнеркәсіп және энергетика
Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту
Авто тасымалдауды және авто жөндеу кәсіпорындарында өндірістік бағдарламалар жоспары
Пәндер