Су электр станциясы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Су электр станциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.Су энергетика қорлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
3. Су энергетикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
4. Алматы электр станциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
5. Қапшағай СЭС.і ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
6. Үлбі ГЭС.і ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
7.Бұқтырма су электр санциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДІБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
Су электр станциясы – электр генераторын айналдыратын гидравикалық турбинамен су ағынының механикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін электр станциясы. Қазақстандағы ең алғашқы СЭС 1902 жылы Зырян кенішін энергиямен қамтамасыз ету мақсатында Тұрғысын өзенінде салынды. Оның қуаты 1 мың кВт болды. 1927 жылы Жоғары Хариузовск СЭС-і (қуаты 3,2 мың кВт), 1934 жылы Үлбі СЭС-і (қуаты 27,6 мың кВт) салынды. Үлкен Алматы өзенінде 10 каскадтан тұратын СЭС (жалпы қуаты 47 мың кВт) 1959 жылы салынып бітті. Соңғы жылдары кешенді мақсатта пайдаланылатын бірнеше ірі су-энергетикалық тораптар іске қосылды: Ертіс өзенінде Өскемен СЭС-і (куаты 331,2 мың кВт) және Бұқтырма СЭС-і (қуаты 675 мың кВт), Іле өзенінде Қапшағай СЭС-і (қуаты 434 мың кВт) және т.б. Елімізде су-энергетика құрылыс объектілерінен басқа 200-ден астам шағын және орташа СЭС салынған. Қазақстандағы ірі СЭС-тердің барлығы энергия жүйесі құрамындағы жылу станцияларымен үйлестіріле пайдаланылады. Бұл жағдайда олардың жоғары дәрежедегі кешенді үнемділігі, пайдаланудағы сенімділігі артады. Сондықтан СЭС салу өзеннің ағын суын су көлігі, ирригация және сумен қамтамасыз ету және т.б. мақсаттарда кешенді пайдалануға мүмкіндік береді.

Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3 1. Су электр станциясы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4 2.Су энергетика қорлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4 3. Су энергетикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6 4. Алматы электр станциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7 5. Қапшағай СЭС-і ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7 6. Үлбі ГЭС-і ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8 7.Бұқтырма су электр санциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДІБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .10

1.Су электр станциясы
Су электр станциясы - электр генераторын айналдыратын гидравикалық турбинамен су ағынының механикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін электр станциясы. Қазақстандағы ең алғашқы СЭС 1902 жылы Зырян кенішін энергиямен қамтамасыз ету мақсатында Тұрғысын өзенінде салынды. Оның қуаты 1 мың кВт болды. 1927 жылы Жоғары Хариузовск СЭС-і (қуаты 3,2 мың кВт), 1934 жылы Үлбі СЭС-і (қуаты 27,6 мың кВт) салынды. Үлкен Алматы өзенінде 10 каскадтан тұратын СЭС (жалпы қуаты 47 мың кВт) 1959 жылы салынып бітті. Соңғы жылдары кешенді мақсатта пайдаланылатын бірнеше ірі су-энергетикалық тораптар іске қосылды: Ертіс өзенінде Өскемен СЭС-і (куаты 331,2 мың кВт) және Бұқтырма СЭС-і (қуаты 675 мың кВт), Іле өзенінде Қапшағай СЭС-і (қуаты 434 мың кВт) және т.б. Елімізде су-энергетика құрылыс объектілерінен басқа 200-ден астам шағын және орташа СЭС салынған. Қазақстандағы ірі СЭС-тердің барлығы энергия жүйесі құрамындағы жылу станцияларымен үйлестіріле пайдаланылады. Бұл жағдайда олардың жоғары дәрежедегі кешенді үнемділігі, пайдаланудағы сенімділігі артады. Сондықтан СЭС салу өзеннің ағын суын су көлігі, ирригация және сумен қамтамасыз ету және т.б. мақсаттарда кешенді пайдалануға мүмкіндік береді.

2.Су энергетика қорлары
Су энергетика қорлары -- өзендер мен сарқырамалардың құлама суынан алуға болатын энергия қоры. Энергияның бұл көзінің артықшылығы -- оның қоры сарқылмайды, үнемі қалпына келіп отырады. Бұл энергияның арзан, әрі гигиеналық түрғыдан таза түрі болып табылады. Су энергиясының қоры жөнінен Қытай, АҚШ,Канада дүние жүзіндегі алғашқы орындарды иеленеді.

3.Су энергетикасы
Су энергетикасы (Гидроэнергетика; грек, "һydor" -- су, ылғал, energia -- қызмет, әрекет) -- 1) бөгет салу арқылы немесе бөгетсіз ағын судан энергия алу. Дүние жүзіндегі ең үлкен СЭС Венесуэлада (Гури бөгеті, 10 млн кВт) және Бразилияда Парана өзенінде (Итайпу ГЭС-і, 12,6 млн кВт) салынған. Қазақстанда Бұқтырма СЭС-і, Қапшағай СЭС-і, Шардара СЭС-і, т.б. бар. Су энергетикасының энергия көздері сарқылмайтын (трубина арқылы өтетін су ағынының орны өзенге немесе көлге құятын өзен және бұлақ суымен толтырылады) болуы мүмкін. СЭС-тердің экологияға нұқсан келтіретін факторлары да бірталай. Мысалы, жазық жерлерде СЭС салу құнарлы жерлерді пайдалануға жарамсыз етіп қана қоймай, өзеннің экожүйесін толық бұзады. Су қойма түбінде мыңдаған тонна шөгінділер (өнеркәсіп және тұрмыстық ақаба суымен бірге өзенге түсетін улы заттектер) жиналады. Бұл су қойманы жойғанның өзінде аумақты пайдалануға жарамсыз етеді. Таулы жердегі өзендер СЭС-тер салуға қолайлы. Бірақ сейсмикалық қауіпті аудандарда алапат ықтималдығы жоғары болуы мүмкін. Жер сілкіністері орасан зор зиян келтіреді. Мысалы, Италиядағы Вайонда 1993 жылы бөгетті су жарып өткенде 2118 адам, ал Индияда Гуджерат бөгетін су жарып өткенде 16 мың адам қаза болды. Қазіргі уақытга үлкен СЭС-тер салудың келешегі жоқ, оларды бөгет салуды қажет етпейтін ағыны жылдам шағын немесе үлкен өзендерде салу ыңғайлы деп есептеледі. Кіші су энергетикасы дәстүрлі емес энергетикаға жатады; 2) бөгет салу арқылы не салмай, аққан судан энергия алу. Су энергиясының біршама арзандығына қарамастан, ресурстардың шектеулілігіне және энергия қондырғыларының көп аумақты алатынына байланысты болашақта ол дүние жүзіндегі энергетиканың 5%-ынан аспайтын болады.
4.Алматы электр станциялары
2007 ж. бастап жұмыс істей бастады.
АлЭС АҚ қызметкерлерінің саны - 3227 адам.
Ресейдің су ағынының энергиясын электр энергиясына айналдыратын станцияларының бірі
АлЭС АҚ құрамына мыналар кіреді:
ЖЭО-1,
ЖЭО-2,
ЖЭО-3,
Қапшағай ГЭС,
Батыс жылу кешені,
Алматы Каскад ГЭС,
Энергожөндеу,
Отынды қабылдау және тиеу орталығы.
Алматы электр станциялары АҚ-ның даму тарихы. Электр энергиясы: Алматы қаласының тарихына электр жарығы әрқайсысының қуаты 170 кВт үш генараторлы бірінші дизельді электр станциясы іске қосылған 1928 ж. бастап енді.
1931ж. республикадағы бірінші жалпы мақсаттағы жылу электр станциясы - Алматы ЦЭС-ның (қазіргі ЖЭО) құрылысы басталып, 1935 жылы қуаты 3000 кВт бірінші турбогенератор іске қосылды.
1932 ж. Кіші Алматы өзенінде қуаты 510 кВт бірінші гидроэлектростанция (қазіргі Энергетика институтының экспермименттік ГЭС) салынып, қысымы 6 кВ ГЭС-1 мен ЦЭС аралығындағы электр берілісінің бірінші линиясы енгізілді. Ұлы Отан соғысы кезінде Алматы қаласы мен облысына уақытша басып алынған аудандардан бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындар көшірілді. Электр энергиясына деген орасан тапшылық туындады, сондықтан жаңа қуат көздерін енгізу керек болды.
1942 ж. Алматы ГЭС Каскадының құрылысы басталды. Бұл құрылысқа халық өкілдері қатысты. 1944 ж. Каскадтың алғашқы электр станциялары - ГЭС-9 және ГЭС-11 пайдалануға берілді. 1943 ж. 9 тамызда КСРО электр станциялары халық комиссарының бұйырығымен Алматы ЦЭС, Алматы Каскадының салынып жатқан ГЭС базасында Қазақэнерго Қазақ аудандық энергетикалық басқармасы ұйымдастырылды. Оның атауы 1963 ж. Алматыэнерго РЭУ деп өзгертілді.
Соғыстан кейінгі кезеңде өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы жаңа энергетикалық қуаттарды жаңа сапалық негізде енгізуді талап етті. Осылайша, 1959 ж. жалпы қуаты 45,8 мың кВт Алматы ГЭС Каскадының, соның ішінде елдегі бірегей, әрі жоғары қысымды №1 ГЭС-ның құрылысы аяқталды.
1960 ж. Алматы ЦЭС-інде жоғары қысымды бірінші қазандық агрегаты пайдалануға берілді. Тап осы жылы энергия жүйесінің құрамына екі ЖЭО және Қаратал ЖЭО-мен бірге, жалпы қуаты 43,4 мың кВт Текелі энергокомбинаты кірді.
1962 ж. Алматы ГРЭС-ның қуаты 50 мың кВт бірінші энергоблогы іске қосылды. Бұл елдегі жартылай ашық типтегі бірінші жылу станциясы саналып, энергия жүйесіндегі негізгі станцияға айналды. 1965 жылы ГРЭС-ның қуаты жобалық 200 МВт-қа жетті. Энергетикалық қуаттың өсуімен қатар, басқа да энергия жүйелерімен электр байланысын қалыптастыру мақсатында электр берілісі және трансформаторлық аралық станциялар линияларының құрылыстары салынды. Бұл энергия көздерінің жұмыс тиімділігін арттыруға және электр энергиясының тапшылығын жоюға мүмкіндік берді.
1968 ж. Алматы-Фрунзенің қысымы 220 кВ бірінші желісі енгізілді және Алматы энергия жүйесі Қырғыстанның энергия жүйесімен, кейіннен Орта Азия ОЭС-мен параллелді жұмысқа бірікті.
1971 ж. Алматы қаласына жақын Іле өзенінде қуаты 434 МВт Қапшағай ГЭС салынды.
1974 ж. бірінші кезегінің жобалық қуаты 240 мың кВт жаңа Алматы жылу электрцентралының құрылысы басталды. Алматы ЖЭО-2 бірегей типтегі электр станциясы болып табылады. Сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру мақсатында станция 12 метрге тереңдетілді. Станцияда елімізде бірінші рет сейсмикалық тұрғыда орындалған бу шығару өнімділігі сағ. 420 т қазандық агрегаттары енгізілді.
1980 ж. Алматыэнергоның электр желілерінен екі облыстың барлық колхоздары мен совхоздарын толық электрлендіру аяқталды.
АЖЭО-2 бірінші кезегі 1982 ж. іске қосылды, қуаты 270 мың кВт екінші кезегі 1988 ж. пайдалануға берілді. Станцияның жиынтық қуаты 510 МВт құрады.
Энергия жүйесінде алғаш рет АЖЭО-2-де қуаты 110 МВт жылуландыратын бу турбинасы пайдалануға берілді.
1988-1992 жж. қысымы 500 кВ Ағадыр-ЮКГРЭС және 500 кВ Алматы аралық станциясы бар Алматы-Фрунзе электр беріліс желілері жасақталды. Бұл электр жүктемесі барынша жоғары болатын сағаттарда электр энергиясын Солтүстік Қазақстанның энергия жүйесі мен Орта Азияның электр жүйесінен қабылдауға мүмкіндік берді. Осы арқылы Алматы энергия жүйесі КСРО-ның біртұтас энергия жүйесіне кірді.
Жылу энергиясы: 60-70-жылдары Алматы қаласында өнеркәсіптік негіздегі тұрғын-үй құрылысы жылдам өсе бастады. Бұл жылумен қамтамасыз етудің орталықтандырылған әдісін енгізуді талап етті. Мұндай қажеттілік қаланың экологиялық жағдайын жақсартумен байланысты болды. Осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан электрэнергетикасының даму тарихы
Қазақстан аумағындағы электр энергетика саласы
ЖЭС құрылысы
Энергия қондырғысының құрылысы
Электр станциясы туралы түсінік, қызметі түрлері
Жылу электр станциясы
Жылу электр станциясы - жылу қозғалтқыштары көмегімен жылу энергиясын электр энергиясына айналдыратын энергетикалық өндіріс орны
Шардара су электростанциясы
АҚ «Шардара СЭС» (су электр станциясы) мәліметтерінің негізінде дебиторлық қарыздардың есебі мен аудитінің мәселелерін зерттеу және оларды жетілдіру
АҚ «Шардара СЭС» (су электр станциясы) мәліметтерінің негізінде дебиторлық қарыздардың есебі мен аудитінің мәселелерін зерттеу
Пәндер