Дене тәрбиесінің құралдары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім:
І. тарау. Дене тәрбиесінің құралдары мен дене жаттығулары ... ... ... ... ..5
1.1. Дене тәрбиесі құралдарының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Дене тәрбиесінің міндеттері мен дене жаттығулары ... ... ... ... ... ... ..7
1.3. Дене тәрбиесі жаттығуларының сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.4. Дене жаттығуларын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

ІІ. тарау. Дене тәрбиесі және төзімділік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесінің әсері ... ... ... ... ... ...20
2.2. Төзімділікті тәрбиелеу тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.3.Төзімділікке тәрбиелеу әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2.4. Дене қасиеттерін тәрбиелеу құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
Зерттеудің өзектілігі. Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі балалардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, жан-жақты жетілуіне, өмірге деген құлшыныстарын арттырады.
Дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесін және жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру мәселелері бірқатар ғылыми зерттеулерге арқау болған М.Таникеев, Т.А. Ботағариев, А.Б. Нұрлыбекова, Б.А. Тойлыбаев, Ж.К.Оңалбек, А. Қарақов, Қ.Т. Жанабаев, Б.М. Сапарбаев, Е.Мұхитдинов және т.б.
Ж.К. Оңалбектің, О.А. Аяшевтің, Т.Ж. Бекбатчаевтың, С.И. Қасымбекова, Ж. Егізбаевтың еңбектері дене тәрбиесіне балаларды баулуға арналған.
Дене тәрбиесі мектепке дейінгі балардың білімі мен жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
1. Аммарин Б. А. «Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі» М. 1999.
2. Ашмарин Б.А. Дене тәрбиесіндегі педагогикалық ізденістің ілімі мен әдістемесі. — М., ФиС, 1978
3. Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қамтамасыз
етудегі дене тәрбиесі Республикалық ғылыми әдістемелік түтас жинақ
бағдарламасы 2001-2005 жыддарға. Алматы 2001.
4. Дене тәрбиесі іліміне кіріспе дене тәрбиесі институттарына арналған оқу құралы. Матвеев А. Т. редакциясы М. ФИС. 1993.
5. Дене тәрбиесі жэне спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын
сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999.
6. Дене тәрбиесі мүғалімдеріне арналған кітап. Каюрова С. редакциясы
бойынша. -М., ФиС, 1973 Н.Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі. 26. 7
7. Ұ.Б. Мұхамеджанова «Дене тәрбиесі пәнінің әдістемесі» Астана 2004ж
8. С. Қайжанов «Дене тәрбиесі» 5-6 сынып. Алматы 2001ж
9. Б. Төтенов «Қазақ спорт ойындары» Алматы 1990ж.
10. Ж. Қабланов «Спорт теминдерінің сөздігі мен тарихы» Алматы 2002ж
11. Ұ. Ж. Мұхаммеджанова «Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесінің методиксын пайдалану жолдары» Астана 2007.
12. Т. Таймбетов «Дене тәрбиесі жаттығулары сабағындағы жалпы дамыту жаттығулар және терминология». 2009ж.
13. Тілеулов «Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі» Шымкент 2003ж
14. Ә. Ж. Тілеулов «Спорт құрлымдары» Шымкент 2004.
15. Осокина Т.И. Бала-бақшадағы дене тәрбиесі. -М.,1973
16. Хухлева Д.В. Мектеп жасына дейІнгі балалардың дене тәрбиесІ. М.,
1976
17. И.Фомин И.А.,Филин В.П. Дене тәрбиесінің жас ерекшелік негізі.
18. М.,Фис, 1972 12. Дене тәрбиесі іліміне кіріспе. Дене тәрбиесі институттарына арналған оқу құралы. Матвеев Л.П. редакциясы бойынша. -М, ФиС, 1983 25.
19. Понамарев Н.И. Дене тәрбиесінің элуметтік қызметі. -М., ФиС. 1974
20. 1980,-31-41. 18.Гриченко М.Ф., Саноян Г.Г. Еңбек, денсаулық, дене тәрбиесі. -М., ФиС,1974 19

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Педагогика және психология кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Дене тәрбиесінің құралдары

Орындаған:
3а КДО тобының студенті

Жетекшісі:

Орал қаласы - 2015

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

Негізгі бөлім:

І- тарау. Дене тәрбиесінің құралдары мен дене
жаттығулары ... ... ... ... ..5
1. Дене тәрбиесі құралдарының жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Дене тәрбиесінің міндеттері мен дене
жаттығулары ... ... ... ... ... ... ..7
3. Дене тәрбиесі жаттығуларының
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
4. Дене жаттығуларын
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

ІІ- тарау. Дене тәрбиесі және
төзімділік ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесінің
әсері ... ... ... ... ... ...20
2.2. Төзімділікті тәрбиелеу
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

2.3.Төзімділікке тәрбиелеу
әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 25
2.4. Дене қасиеттерін тәрбиелеу
құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...33

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық
құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының
негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің
қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың
дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектепке
дейінгі балалардың дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс
денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі
білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі балалардың денсаулықтарын
нығайтумен қоса, жан-жақты жетілуіне, өмірге деген құлшыныстарын арттырады.
Дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен
дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесін және жеке тұлғаның дене
мәдениетін қалыптастыру мәселелері бірқатар ғылыми зерттеулерге арқау
болған М.Таникеев, Т.А. Ботағариев, А.Б. Нұрлыбекова, Б.А. Тойлыбаев,
Ж.К.Оңалбек, А. Қарақов, Қ.Т. Жанабаев, Б.М. Сапарбаев, Е.Мұхитдинов және
т.б.
Ж.К. Оңалбектің, О.А. Аяшевтің, Т.Ж. Бекбатчаевтың, С.И. Қасымбекова,
Ж. Егізбаевтың еңбектері дене тәрбиесіне балаларды баулуға арналған.
Дене тәрбиесі мектепке дейінгі балардың білімі мен жан-жақты дамуына,
күшті де қуатты болып өсуіне, Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
Дене тәрбиесін жүзеге асыру – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту,
тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола
отырып, мектепке дейінгі балалардың денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-
қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс
қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын
орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.
Мектепке дейінгі балалардың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір
сүруі балабақшадағы ұйымдастыру жұмысына жауапты адамның теориялық жеке
тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай
балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға
болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі
ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі балалардың психологиялық
ерекшеліктеріне сай болуы тиіс.
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруды ескере
отырып дайындаудың қажеттігі мен бұл мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыда
талданбауы ғылыми - әдістемелік тұрғыдан жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету
сұранысы мен осы уақытқа дейін қарастырылмауы арасында қарама-қайшылықтар
орын алып отырғаны байқалады.

Зерттеу объектісі: мектепалды даярлық тобы
Зерттеу пәні: дене әдістемесі
Зерттеудің мақсаты: Мектеп алды даярлық топтағы дене тәрбисеінің
міндеттері мен жаттығуларына тоқталып, дене тәрбиесінің құралдарын анықтау;
Зерттеудің міндеттері:
1) Дене тәрбиесінің құралдарының ерекшеліктерін анықтау;
2) Дене тәрбиесінің құралдарының критерийлері мен көрсеткіштерін және
деңгейлерін анықтау;
Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-әрекеттегі дене
тәрбиесінің құралдарының теориялық және тәжірибелік тұрғыдағы тұтастығы
басшылыққа алынды;
Зерттеудің әдістемелік маңызы: мектепке даярлық топтағы дене
тәрбиесінің құралдарының әдістемелері зерттеулер жүргізу негізінде
талданды.
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік
материалдар мен әдебиеттер, талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты
негізгі ұғымдарды сараптау.
Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия, ғылымдарының
классиктерінің еңбектері,жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік
стандарттары, оқу бағдарламалары.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

І- тарау. Дене тәрбиесінің құралдары мен дене жаттығулары

1. Дене тәрбиесі құралдарының жалпы сипаттамасы

Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттерін шешу үшін,
гигиеналық факторлар табиғаттың жаратылыс күштері, дене жаттығулары және
т.б. қолданылады. Барлық құралдарды кешендік түрде пайдаланғанда ғана дене
тәрбиесін толық мәнде жүргізуге болады. өйткені олардың әрқайсысына ағзаға
өзінше әсер етеді:

1. Гигиеналық факторлар (сабақ, демалыс, тамақтану және үйықтау
тәртібі, киім, денетәрбиесі жабдықтары мен құралдары, гигиенасы, т.б.).
Дене тәрбиесінің өзіндік мәні бар құралы болып табылады. Олар дене
жаттығуларының ағзаға тигізетін тиімділігін арттырады. Мысалы, дене
жаттығуларымен айналысу, тамақтану мезгілінде және толық мәнінде болған
жағдайда сүйек және бұлшық ет дамуына оңды әсерін тигізеді. Қалыпты ұйқы
демалысты және жүйке жүйесінің жұмыс қабілеттілігін көтеруді қамтамасыз
етеді. Бөлменің, дене тәрбиесі жабдықтарының, құралдарының, ойыншықтардың,
балалар киім-кешегінің тазалығы түрлі ауруларды алдын алуға мүмкіндік
береді. Жеке жастың және қоғамдық гигиена талаптарын сақтау, балаларға
оңды әсер етіп, олардың дене жаттығуларын меңгеруіне қолайлы жағдай
туғызады. Гигиеналық факторлардың дербес мәні де бар. Олар барлық ағзалар
мен жүйелердің қалыпты жүмысына әсерін тигізеді. Мысалы, жүйелі және сапалы
тамақтану ас қорыту қызметтерінің жақсы жұмыс істеуіне әсерін тигізеді және
басқа ағзаларға қажетті қоректену заттарын мезгілінде жеткізуді қамтамасыз
етеді. Бұл баланың қалыпты өсіп, дамуына қажетті басты шарттардың бірі.
Жарықтың дұрыс берілуі көз ауруынан сақтандырады (алысқа көз жетпеушілік
т.б.). Балалардың кеңістікте дұрыс болжай алуына қолайлы жағдай туғызады.
Қатаң күн тәртібін сақтау балаларды тәртіппен жинақылыққа және т.б. жағымды
қасиеттерге үйретеді;

2) Табиғаттың жаратылыс күштері (күн, ауа және су) дене
жаттығуларының ағзаға тигізетін әсерін күшейтеді және адамның жұмыс
қабілетін арттырады. Ауада немесе суда дене жаттығуларымен айналысу
процесінде жекелеген органдары мен ағза жүйесінің қызмет мүмкіндіктері
күшейеді. (оттегін жұту көбейеді, зат алмасу жақсарады және т.б.). Күн
сәулесі ауа және су ағзаны шынықтыру үшін қолданылады. Соның нәтижесінде
адам ағзасы ауа райы құбылысының факторларына мезгілінде әсерленіп, қажетті
төзімділік танытады. Табиғаттың жаратылыс күштерін дене жаттығулары мен
үйлестіре пайдалану шынығудың тиімділігін арттыра түседі. Табиғаттың
жаратылыс күштері дербес құрал ретінде де пайдалануы мүмкін. Су – теріні
кірден тазартуға, қан тамырларын кеңейтуге және таратуға, адам денесіне
механикалық әсерін тигізуге пайдаланылады. Орман, бақша, парк ауасының
құрамында ерекше заттар (фитонциттар) болады. Олар микроптардың жойылуына
ықпал етеді. Қанды оттегімен қамтамасыз етіп адам ағзасы не оңды әсер
етеді. Күн сәулесі – тері астына Р витаминінің жиналуына ықпал етеді. Түрлі
микроптарды өлтіріп адам ағзасын түрлі аурулардан (рахид және т.б.)
қорғайды. Табиғаттың жаратылыс күштерін пайдалану балалардың мінез-құлқына
оңды әсер етеді. Ағзаға жан-жақты әсер ету үшін, табиғаттың жаратылыс
күштерін барынша мақсаткерлікпен үйлестіріп пайдалануы керек;

3) Дене жаттығулары – дене тәрбиесінің негізгі арнаулы құралы, дене
жаттығулары адамға алуан түрлі әсерін тигізеді: дене жағдайын өзгертеді;
адамгершілігін ақыл-ой; эстетикалық және еңбек тәрбиесінің міндеттерін
жүзеге асыруға ықпал етеді. Сондай-ақ мінез-құлық қасиеттерін
қалыптастыруға әсер етеді. Дене жаттығуларымен бірге би, массаж
пайдаланады. Музыкамен қосарланып жүргізілетін би жаттығулары ағзаның бүкіл
жүйесіне әсерін тигізеді. Дененің сапалық қасиеттерін (ептілікті,
жылдамдықты т.б.) дамытады. Сондай-ақ қозғалыстың әсем, байсалды, табиғи
болуын қалыптастырады;

4) Массаж (сипау, уқалау, шапалақтау, жұмсарту және т.б.) теріге бұлшық
еттерге, сүйек жүйесіне әсер етеді. Демалысты күшейтеді, қан айналымын зат
алмасуды жақсартады және т.б.;

5) Түрлі іс-әрекет жағдайлары (еңбек, сурет салу, пішіндеу, музыка
аспаптарында ойнау және т.б.) қимыл-қозғалысы арқылы жүзеге асырылады.
Сөйтіп бұларда адам ағзасына әсерін тигізеді. Бірақ еңбек процесінде
атқарылатын қимыл-қозғалыс ең алдымен нақты нәтиже алуға бағытталған, ал
оның ағзаға тигізетін әсері қосалқы фактор болып есептеледі. Сондықтан іс-
әрекеттің алуан түрін ұйымдастырғанда баланың дұрыс жүріп тұруын,
оныңағзасына түсетін күштің жас ерекшелігіне сай келуін олардың дербес
ерекшеліктерін, денсаулық жағдайын, дене дамуын және әзірлігін есепке алу
керек. Түрлі жас кезеңінде дене тәрбиесі тапсырмаларын жүзеге асыру негізгі
және қосалқы құралдарда дұрыс ұйымдастыру кезінде ғана тиімді болмақ.
Мысалы: нәресте өмірінің алғашқы 3 айында гигиеналық факторлар мен табиғат
жаратылыс күштерінің маңызы ерекше. Одан әрі дене жаттығулары мен іс-
әрекеттерінің алуан түрінің рольі ұлғаяды.

2. Дене тәрбиесінің міндеттері мен дене жаттығулары
Мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру жүйесінің барлық
буындарындағы бір мақсат - өмірге, еңбекке, Отанды қорғауға даярлау.
Дене шынықтыру ұзақ уақытты қажет ететін, үлкен талаптарға негізделген
педагогикалың үрдіс.
а) денсаулықты нығайту, денені шыныңтыру, дененің даму деңгейін көтеру,
дамыту, еңбек ету қабілеттерін күшейту;
ө) өмірге қажетті қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру,
оның ішінде қолданбалы сипаттағы қозғалыстар;
б) адамның моральдық, ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу;
в) дененің сапалық қасиеттерін (жылдамдық, күш, икемділік, төзімділік)
дамыту;
д) арнайы спорттық жаттығулардың орындалу техникасын меңгеру.
Адамдардың денсаулығын нығайту, өмір сүру қабілеттерін күшейту дене
шынықтырудың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Әр түрлі дене шынықтыру құралдарын қолдану, қажетті дене шынықтыру
дайындығымен қамтамасыз ете отырып, адам ағзасына жан-жақты әсерін
тигізеді, денсау лығын нығайтады.
Мектепке дейінгі балалардың дене жаттығулары - дене шынықтырудың
негізгі құралы болып табылады. Дене жаттығуларымен жүйелі айналысу адамның
дене жағдайын өзгертеді, орталық жүйке жүйесінің қызметін күшейтеді, тыныс
алу, қан ай- налым жүйелерінің қызметін, сондай-ақ бұлшық ет топтарының
қызметін күшейтеді, дамытады, еңбекке деген қабілетін арттырады.
Дене жаттығуларымен айналысудың тағы бір маңыздылығы жаттығулардың
тірек-қимыл аппаратын дамытуға және бекітуге әсері: сүйек дұрыс жөне
уақтылы бекиді, омыртқа иілістері қалыптасады, байланыс буындық аппараттары
күшейеді, адам денесі икемді болады. Бұлшық еттердің барлық топтарын
(кеуде, арқа, қарын, аяқ, қол, алақан, саусақ, табан, мойын, ішкі
ағзалар,оның ішінде жүрек, қан тамырлары бұлшық еттерін) дамытуға
көмектеседі. Дене жаттығулары ішкі ағзалардың ішінде жүрек пен өкпе
қызметінің де жұмысын жақсартып отырады.
Дене жаттығуларымен айналысу барысында адамның бүкіл денесі, соның
ішінде жүрек бұлшық еттерінің қызметі дамиды және жаттықтырылады.
Қарапайым жағдайдағы спортшының жүрегінің соғуы 1 минутта 50-60 рет
болса, ал ауыр жұмыс орындау барысында жүрек соғуы көтеріледі (1 минутта
240 рет).
Зерттеу жүмыстарына қарағанда дене жаттығуларын орындау барысында
спортшының жұмыс істеу қалпы төмендемейді, қайта жүмыс істеу қабілеті
жоғарылап, мықтылық қасиетпен ерекшеленеді.
Дене жаттығуларының әсерінен тыныс алу жолдарының жұмыс істеу қабілеті
дамиды және нығаяды, кеуде қуысының қозғалғыштығына, тыныс алудың
тереңдеуіне, ауаны үздіксіз жұмсауға, өкпенің сыйымдылығын арттыруға
себепші болады. Кеуде қуысының тыныс алу жағдайы 4-6 см орнына 10-15 см
жетеді.
Мектепке дейінгі балалардың жалпы дене шынықтыру дайындығы өмірде,
еңбек әрекетінде маңызды орын алады: жылдам жүру, жүгіру іскерлігі, суда
жақсы жүзе білу, секіре білу, шаңғымен жүре білу, кедергілерге қарсы тұру,
алысқа нақты лақтыра білу, т.б. Осы аталған дағдылар мен іскерліктерді
балалық шақтан қалыптастыру дене шыныңтырудың іс-жүзіндегі міндеттерінің
бірі болып табылады.
Дене шынықтыру міндеттерін жүзеге асырудың тиімділігі: негізгі және
қосымша (жаратылыстың табиғи күштері, жеке және қоғамдық гигиена)
құралдарды дұрыс үйлестірген кезде арта түседі, адамның денсаулығының
жақсаруына әсерін тигізеді.
Дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуда білім беру міндетінің
маңызы зор. Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсерін біле отырып, еркін,
ырғақ, дұрыс орындау әдістерін үйренеді.
Сонымен қатар спортпен айналысушы күнделікті спорт жаттықтырушысынан
дене тәрбиесі құралдарын пайдалану жөнінде нүсқаулар алады. Осы жағдайда
спортпен айналысушы арнайы білім ала отырып, дене шынықтыру міндеттерін
шешеді.
Дене жаттығуларын орындау кезде мінездің жақсы қасиеттерін,
адамгершілік қасиеттерін (әділеттілік, адалдың, жолдастық сезім, өзара
көмек, ұжымда жұмыс істей білу, дене шынықтыру құрал-саймандарын күтіп
ұстай білу, т.б.) тәрбиелеу үшін жаңсы жағдайлар жасалады.
Маңызды ұйымдастырылған топтық жаттығулар, саяхаттар, жарыстар,
мерекелер оқушыларды достыққа, жолдастыққа, ұжымды сүюге тәрбиелейді.
Адамның қозғалыс әрекетінде дененің сапалық қасиеттері - күш-қуат,
жылдамдық, ептілік, төзімділік, икемділік маңызды орын алады. Дененің
сапалық қасиеттері біріккен, байланыстырылып, ұйымдастырылған жаттығулар
арқылы іске асады.
Күш-қуат - ол адамның бұлшық еттері немесе бұлшық ет топтарын ширықтыру
арқылы қозғалыс әрекеті барысында қалыптастырылады. Күш-қуат әр түрлі
қимылдарда немесе аз күш жұмсалғанда пайда болады. Күштің пайда болуына
себепші жаттығуларға – көрмеге тартылу, белгілі ауыр заттарды көтеру, апару
не лақтыру, бір орыннан ұзындыққа секіру және т.б. жатады. Дененің сапалық
қасиеті - күш-қуатты дамытуға әр түрлі салмақтағы заттарды (үрленген
доптар, гантель, құм салынған қаптар, шектеулі салмақты заттар) көтеру,
қарсыласының шабуылына қарсы шыға білу жаттығулары, дененің өз салмағы
жеңетін жаттығулары (көлбеу және тік қойылған сатының, тақтайдың бойымен
өрмелеу, гимнастикалық орындықта тартылу және т.б.), созылмалы заттар,
резеңке экспандерлер, күрес элементі бар жаттығулары, допты лақтыру және
итеру (соның ішінде алысқа) жаттығулары қолданылады.
Жылдамдық - бұл жаттығуларды мейлінше аз уақыт ішінде орындау
қабілеті. Ол қандай да бір белгіге жауап берудегі әрекет жылдамдығына
(қимыл реакциясының жылдамдығы деп аталатын) жекелеген қозғалыстардың
жылдамдығына, сонымен қатар қайталанатын қимылдың жиілігіне байланысты
болады. Мысалы, қимыл жылдамдығын қысқа арақашықтықта жүгіргенде, ал қимыл
реакциясының жылдамдығын кездейсоқ берілген дабыл арқылы жүгіру, жүзу
ойындары, т.б. арқылы анықтайды. Дененің жылдамқың қасиеттерін тәрбиелеу
үшін әр түрлі екпіндегі кездейсоқ берілген дабыл, қимыл жиілігін
тездететін, эстафеталық жүгіру, жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, ұзын және
қысқа секіртпелермен секіру, жылдам реакция талап ететін, қимылдың әсері
бар ойындар, т.б. қолданылады.
Ептілік - қозғалыс қызметін кездейсоқ жағдайлар барысында пайда болған
қызметке орай тез ауыстыру және жаңа қимылдарды меңгеру қабілеті. Ептілік
қасиетіне тәрбиелеу қимылдар үйлесімділігін жетілдіру, олардың екпіні мен
амплитудасын, бұлшық еттердің қатаю және босаңсу дәрежесін айыра білу,
сондай-ақ уақытқа және кеңістікке бағдарлай білудің негізінде жүзеге асады.
Ептілік қасиеттерін тәрбиелеу үшін күрделі гимнастикалық жаттығулар (жатып
жүгіру, акробатика снарядта орындалатын жаттығулар), суға секіру, шаңғымен
жүру, конькимен жүру, биіктікке секіру, лақтыру және т.б. жаттығулар
жатады.
Дененің ептілік қасиетін дамытуға арналған жаттығулардың әр түрі
қиындықты жеңу және жаттығуларды сәйкестендіріп үйлесімді қозғалыс жасау
үшін қолданылады.
Шыдамдылық қозғалыс әрекеті барысында алған қарқын мен шаршауға
қарсылық қабілеттілігі. Шыдамдылық жалпы және арнаулы шыдамдылық болып
бөлінеді.
Жалпы шыдамдылық - ол адамның бүлшық еттері топтарының жұмыс жасап
тұрған кезіндегі ұзақ уақыт жүмыс істеу, шаршауға қарсылық білдіру қабілеті
(мысалы: ұзақ жүру, жүгіру, шаңғымен жылжу, суда жүзу).
Арнаулы шыдамдылық - ол адамның (спортшының) өр түрлі жағдайда жөне
жүмыс ерекшелігі жағдайында, сондай-ақ, спортта жоғары жетістікке жету үшін
денеге ауыртпалық түсіру кезінде шаршауға қарсылық білдіру
қабілеті. Мысалы, спортта шыдамдылық жылдамдығы болуы мүмкін, бүл жерде
жүгіру жылдамдығының сапасы төзімділік қасиетімен үйлеседі. Шыдамдылық
(мысалы, ңысқа қашыңтықңа жүгіргенде) күштілігі дегеніміз - күш- қуат
шыдамдылық ңасиетімен үйлеседі (бірнеше рет оты- рып-түру жаттығуы, затты
көтеру, т.б.).
Шыдамдылық қасиетін дамытудың қүралы - үдемелі салмақ түсірудегі уақыт
сәйкестігі бар өр түрлі жатты- ғулар (жүру, жүруді жүгіру мен алмастыру,
жүгіру шаңғымен жылжу, коньки тебу, жүзу, секіртпелермен секі- ру, қимыл-
қозғалыс жөне спорттық ойындар) болып табылады.
Икемділік - ол адамның қажетті тербеліс шегінде қи- мыл жасау қабілеті,
бүлшық еттер жүйесі мен буындар, тірек қимыл аппаратының қызметімен
сипатталады.
Қимыл амплитудасы икемділік қасиетінің көрсеткі- шінің бірі болып
табылады.
Дененің сапалық қасиеттері жылдамдық, шыдамдылық, ептілік, тағы басқа
қасиеттерді қалыптастыруда қимыл амплитудасының әсері зор. Икемділік
қасиетін қалыптастырудың негізгі жолдары сіңір созғыш жаттығулар мен
тербелісі кең аумақты жаттыгуларды орындау болып табылады. Бүл жаттығулар
қол, аяқ, дене, бас қимылдары, аяқты алшақтап жүгіру, адымдап секіру, бір
орында секіру, аяқты кеудеге бүгу, табанмен толық отыру, гимнастикалық
қабырғада жаттығулар (еденде тұру) қабырғаға бетімен не арқасымен алға,
артқа, жан- жаққа түру.
Дененің сапалық қасиеттері қозғалыс іскерлігі дағды- сымен тығыз
байланыста, сондай-ақ, ерік-жігер қасиеттері: жылдамдық, күш-қуат, ептілік,
шыдамдылықтың пайда болуы адамның бойындағы табандылық, батыл- дық,
үстамдылық қасиеттерінің пайда болуын талап етеді.
Дене тәрбиесінің негізгі міндеттерінің бірі - адамның бойында дененің
сапалық қасиеттерін төрбиелеу.
Спорт адамға жан-жақты әсер етеді: денсаулығын нығайтады, дене жүмысын
дамытады, іс-жүзінде қажетті іскерліктерді меңгереді, сондай-ақ, жоғары
көңіл-күй жағдайын туғызумен ерекшеленеді.
Біздің еліміздің спортшылары дене шынықтыру және спорттың дамуын
өздерінің жоғары жетістіктері нәтижесімен көрсетіп келеді. Дене тәрбиесі
міндеттерінің бірі - жоғары спорт жетістіктері нәтижесін көру, спорттың тех-
никаны оқып-үйрену, меңгеру және іске асыру.
Дене шынықтыру процесінде адамгершілік ақыл-ой, эстетика және
политехникалың оқу еңбек тәрбиесін жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер бар.
Ақыл-ой және дене тәрбиесі өзара тығыз байланысты. Дене жаттығуларымен
жөне дене төрбиесінің құралдарының басқа түрлерін қолдану денсаулықты
нығайтуға, жүйке жүйесінің және ағзаның барлық жүйелерінің қалыпты ңызметі
үшін қолайлы жағдай туғызады, мұның өзі қабылдауға жөне есте сақтауға
көмектеседі, сондай-ақ нәтижелі ақыл-ой іс-әрекеті тууына жағдай жасайды.
Дене шынықтыруды ақыл-ой іс-әрекеті- мен алмастыру жұмыс істеу қабілеті мен
жақсы қабылдау, білімді тиянақты меңгеру қабілетін қалыптастырады.
Дене шынықтыру мен ақыл-ой тәрбиесінің байланысы спортпен
шұғылданушының дене шынықтыру құралдарының (дене жаттығулары, жаратылыстың
табиғи күштері, еңбек, тұрмыс гигиенасы) әр түрлілігін, есте сақтау
қабілетінің жан-жақты дамуын қалыптастырады.
Дене шынықтыру адамгершілік тәрбиесімен тығыз байланысты.
Жүйелі ұйымдастырылған дене тәрбиесі адамгершілік тәрбиесін
қалыптастырады. Топпен ұйымдастырылған сабақтар, секциялар, айналысушылар
арасындағы өзара дұрыс қарым-қатынас, ұжымның нәтижелі бір мақсатқа
жетуіне, жеке басының қызығушылығын қоғамдық қызығушылыққа айналдыруға
көмектеседі. Мүндай әрекеттерге ерікті түрде спорт алаңдарын ұйымдастыру,
спорттық құралдарды реттеу, дайындау, қоғамдың мүлікке жауапкершілікпен
қарау сияқты жұмыстар жатады.
Дене шынықтыру үрдісінде оқудағы, тұрмыстағы, жұмыс орнындағы тәртіп
көрсеткіші бекемдене түседі. Оқушылардың ерік-жігер, мінез-құлық, тәртібін
тәрбиелеуде спорттың жарыстардың алатын орны бөлек. Спорттық жарыстарда
қатысушылардың моральдық, дененің сапалық қасиеті, шыдамдылық, ережені,
спорттың этиканы сақтай білу талаптары іске асырылады.
Еліміздегі дене шынықтыру мен спорт жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
және дамытуда орындалып жатқан іс-шаралар, Қазақстан Республикасы
спортшыларының халықаралық жарыстар мен Олимпиада ойындарындағы жоғары
жетістіктері Отанға деген патриоттың сезімін тәрбиелейді.
Дене шыныңтыру эстетикалық тәрбиемен тығыз бай- ланысты. Дене шынықтыру
арңылы ңимыл-қозғалыс үйлесімділігі, дене түлғасының сүлулығы, өсемдігі, мө-
нерлігі, киімі, дене шыныңтыру жабдыңтарын, айнала- да ңоршаған бүкіл
ортаның өдемілігін қабылдау, сезіну, түсіну, дүрыс бағалау қабілеті дамиды.
Дене жаттығула- ры өсерінен адамның денесі қалыпты дамып, қимылы үйлесімді,
жеңіл, сенімді болады.
Мерекелерде дене шынықтыру шерулерінде, көпшілік би жаттығулары мен
гимнастикалық ңойылымдар эстетикалың сезімге бөлейді. Бүл жаттығулар көркем
гимнастика, коньки тебу арңылы өр түрлі фигуралар жасау болып табылады.
Аталған жаттығулар эстетикалың төр- биенің негізгі талаптарының орындалуына
сөйкес келеді.
Дене шынықтыру сабақтары көбінесе табиғи жағдай- да өткізіледі. Мүндай
сабақтар кең-байтаң Отанымыздың табиғат сүлулығынтанып-білуге көмектеседі.
Дене шынықтыру политехникалық оқу жөне еңбек төрбиесіне өсерін
тигізеді.
Дене шыныңтыру қүралдарын еңбек процесінде пай- далану денсаулықты
жақсарту, дененің сапалың қасиет- тері күш-ңуат, ептілік, жылдамдық,
шыдамдылық, т.б. қасиеттерге тербиелейді.
Дененің дамуына, политехникалың оқытуға дене төрбиесіне қажетті ңүрал-
жабдықтар дайындау, жөндеуден өткізу, сабақ өткіэөтін орынды өзірлеу
жатады.
Дұрыс үйымдастырылған еңбек балаларға ңажетті еңбек дағдыларын
қалыптастырады. Сондай-ақ, ептілік,
күш-қуат, төзімділік ңасиеттерімен бірге денесінің дамуы- на өсерін
тигізеді. Дене жаттығулары дене еңбегін ауыс- тыра алмайды. Себебі еңбектің
қай түрі болмасын дене жаттығулары сияқты бүкіл ағзаға өсер етуі мүмкін
емес. Еңбек ету барысында өр түрлі дене жаттығуларын (де- ненің үзіліс
жаттығулары, сергіту минуттары) орындау қажет, ал дене шыныңтыру барысында
күш жұмсалатын жаттығуларды орындау қажет (үжымдың түрде сабаққа қүрал-
жабдық дайындау, спорттық қүралдарды реттеу, жөндеуден өткізу). Осындай
үйлесімділік оқушыларды еңбекке даярлау міндеттерін шешеді.

3. Дене тәрбиесі жаттығуларының сипаттамасы
Дене жаттығулары бір-бірінен мазмұны сондай-ақ формасы бойынша
ерекшеленеді. Мазмұнға: дене жаттығуларының құрамына кіретін іс-әрекеттер,
процесстер (психологияның, физиологияның, биохимияның, биомеханикалық)
кіреді. Олар жаттығу барысында ағзаға орнығады және олардың әсері
жаттығушының дене жаттығуымен айналысу қажеттілігін анықтайды. Дене
жаттығуларын орындау (еркін қимылдау) қимыл-қозғалыс түсінігі мен
назарымен, ойымен, ерік-күшімен, сезімімен және т.б. психологияның
процесстерімен тығыз байланысты. Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде
жүрек, қан тамырлары, тыныс алу жұмысында және ағзаның басқа жүйелерінде әр
алуан өзгерістер жүреді. Бұл қозғалыстар ағзаның қызметін, мүмкіндігін,
тиісінше деңгейде өзгертеді және ағзалар массасының ұлғаюына,
құрылымдарының дамуына әсер етеді. Дене жаттығуларының мазмұнын
педагогикалық көзқарас тұрғысынан қарастырғанда, олардың мәнін, білім
беру,тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыру тұрғысынан қарастырған жөн (қимыл-
қозғалыс әдеттерін қалыптастыру, дененің сапалық дамуын қамтамасыз ету
т.б.). Дене жаттығулары формасы, оның ішкі және сыртқы құрылымын көрсетеді.
Ішкі құрылым – жаттығу жасау кезінде ағзада болатын түрлі процесстермен
тығыз байланыста сипатталады. Сыртқы құрылым – қозғалыстың кеңістікке,
уақытқа, динамикалық параметрлердің қатысына қарай сипатталатын көрнекілік
форма. Дене жаттығуларының формасы мен мазмұны өзара байланысты болады.
Мазмұн – форма үшін жетекші роль атқарады. Мысалы: жүгіру жылдамдығы
ұлғайғанда, адымның ара-қашықтығы және дененің еңкею бұрышы өзгеріске
түседі. Сондай-ақ формада мазмұнға ықпал етеді. Мысалы: алысқа лақтыру
кезінде, қолды дұрыс сермеу қашықтықты айтарлықтай ұлғайтады яғни бұлшық ет
күші өзгеріске түседі деген сөз.
Дене жаттығуларының техникасы. Бұл қозғалыс тапсырмасын орындаудың
тәсілі болып табылады. Дене жаттығуларының техникасы өзгереді жетіледі.
Техниканы жетілдіру, жаңа формаларды игеру жоғары нәтижелерге жетуге дене
дайындығын жақсартуға, қозғалысының биомеханикалық заңдылықтарын ашуға,
күрделі спорт жабдықтарын пайдалану мүмкіндіктер береді. Сыртқы форма
(конкимен мәнерлеп сырғанау) сапалық нәтиже (секіру, жүгіру және т.б.)
немесе іс-қимыл тапсырмаларын орындау (нысанаға тигізу), дене жаттығуларын
орындау тәсілдерінің (техникасының) тиімділік деңгейін көрсетеді. Дене
жаттығулары техникасында оның негізі айқындаушы звеносы және детальдары
болады. Техника негізі – қозғалыс тапсырмаларын орындау үшін қажетті
жаттығулардың басты элементі. Техника негізінің қандай да бір элементі
жетіспесе жаттығу орындалмайды немесе бұрмаланады.
Техниканың айқындаушы звеносы. Бұл аталдған іс-қимыл техникасы
негізінің барынша маңызды және шешуші бөлшегі. Мысалы: жүгіріп келіп
биіктікке секіру де, бір аяқпен серпіп, оны жоғары және алдыға созылған
екінші аяққа біріктіре көтеріп алып, техниканың айқындаушы звеносы болады.
Ал, артқа лақтыру сәтінде соңғы серпу айқындаушы звено болып табылады.
Жаттығу кезінде айқындаушы звено қасқағым сәтте атқарылады және бұлшық
еттің үлкен күшпен жұмыс істеуін қажет етеді.
Техниканың детальдары. Техниканың кесел жасамай өзгеріске түсуі мүмкін,
екінші кезектегі ерекшеліктер, мысалы, доп лақтырып болғаннан кейін, тепе-
теңдігін сақтау үшін жаттығуларының кейбіреуі екі аяқпен кезектесіп
секірсе, кейбіреулері бір аяғын екіншісіне қояды. Дене жаттығулары бірінен
кейін бірі ауысып келіп тұратын фазалардан (немесе бөлшектерден) тұрады.
Ациклдік жаттығу. Ациклдік жаттығу (лақтыру, секіру т.б.) кезінде
орындалатын әрбір іс-қимыл толық аяқталған іс-әрекет болып табылады. Бұлар
үш фазаға бөлінеді:
• әзірлік;
• негізгі;
• қорытынды.
Бұл фазалар бір-бірімен тығыз байланысты, қосарлана жүреді және бір-
біріне тәуелді болады. Дегенмен олардың әр қасысының өзінді ерекшелікері
тұтас жаттығу барысында атқаратын белгілі бір атқаратын қызметтері бар.
Әзірлік фазасы. Негізгі фазаны орындау үшін барынша қолайлы жағдай
туғызады. Мысалы, допты артқа лақтыру кезінде қолда, денеде серпілу үшін
кейін қарай шалқайуға мәжбүр болады. Бұл лақтыруды (негізгі фазаны)
қамтамасыз етеді. Әзірлік фазасы кезінде бұлшықеттер созылады. Негізгі фаза
кезінде олар жылдам және қатты жиырылады. Қол қозғалысының алысқа серпіліп,
жылдам жиырылуы, доптың ұшу қашықтығын қамтамасыз етеді. Биіктікке секіру
кезінде жаттығушы негізгі фазаны орындау бағытына жүгіреді. Бұл серпілу
күшін ұлғайтады және үлкен кедергілердің жеңіп шығуға мүмкіндік береді.
Негізгі фаза. Негізгі фаза негізгі қимыл қозғалыс міндетін шешуге
бағытталады. Мысалы: лақтыруда допты серпу, секіруде қатты серпілу,
кедергіні жеңіп өту. Бұл фазада атқарушы күштерді тиісті бағытта орындап
қажетті сәтте тиімді пайдалану маңызды.
Қорытынды фаза. Қорытынды фазаның міндеті қозғалысты тоқтату және тепе-
теңдікті сақтау: алысқа лақтыру сәтінен соң, мәре сызығынан шығып кетпеу.
Жүгіріп келіп, алысқа секірген соң, құлап қалмау.
Жаттығудың ерекше элементтері болады:
• басты жағдай;
• көздеу;
• серпу;
• жіберу.
Кеңістіктің сипаттамасы. Бүкіл дене жаттығулары кеңістікте атқарылады.
Кеңістіктік сипаттамаға бастапқы жағдай дене мен оның бұлшектерінің іс-
қимыл кезіндегі жағдайы траектория енеді. Бастапқы жағдай – бұл жаттығу
алдындағы салыстырмалы түрде қозғалыссыз тұрған жағдай. Ол іс қимылға
дайындықты білдіреді. Бастапқы жағдайдағы дененің және оның бұлшектерінің
өзгеріске түсуімен жаттығуының күрделілігін өзгертуге бұлшық еттерге
түсетін салмақты күшейтуге және ағзаға оңды ықпал жасауға болады. Мысалы:
орындықта отырып оңға, солға бұрылу, қарын бұлшық етінің жұмысын күшейтеді.
Еденге жатып жаттығумен айналысу-дене салмағының омыртқаға түсетін күшін
азайтады. Бастапқы жағдай жаттығуды дұрыс орындау үшін және келесі іс-
әрекеттің нәтижелі болуы үшін тиімді жағдай туғызады. Мысалы: сөреде
(старт) еңкейіп тұру, жүгіру кезінде жылдам қозғалуды игеруді қамтамасыз
етеді. Дене жаттығуының орындалу процесінде дененің немесе оның жекелеген
бұлшектерінің қозғалыссыз тұруы, бұлшық еттерінің статистикалық күші арқылы
қамтамасыз етіледі. Атқарылатын дене жаттығуларының тиімділігі денені
қажетті қалыпқа қоюға, оның бұлшық еттерін барынша ыңғайлы жағдайға ұстауға
байланысты болады. Айталық конькишінің, шаңғышының, велосипедшінің еңкейіп
тұруы, ауаның қарсылығын азайтады. Сөйтіп алдыға қарай жылдам қозғалуды
қамтамасыз етеді. Кейбір жаттығуларды орындау техникасында басты белгілі
бір жағжайда ұстаудың маңызы бар. Мысалы: орындықта немесе бөренеде жүру
кезінде тепе-теңдікті сақтау үшін, басты түзу ұстайды. Мәнерлеп сырғанауда,
спорттың және көркем гимнастика кезінде дене мен оның жекелеген
бөлшектерінің дұрыс жағдайда болуына арнайы эстетикалық талап қояды: аяқтың
ұшын созып түзу ұстау денені иіу және т.б.
Қозғалыс траекториясы – дененің қозғалатын бөлшектерінің немесе
заттарының жүріп өткен жолы траектория деп аталады. Траекторияда үш
ерекшелік көрінеді:
а) форма;
б) бағыт;
в) қозғалыс шегі.
Формасы жағынан траектория түзу және қисық сызықты болады. Дене бөлшегі
қысқа қашықтықта үлкен жылдамдықпен қозғалуы қажет болғанда, түзу сызықты
форма пайдаланылады. Мысалы: семсерлесу (фехтования) сәтінде шаншу
бұлшықетінің қосымша жұмыс жасауын қажет ететіндіктен, қисық сызықтың
қозғалысы жиі қолданылады (теннис кезінде ракеткамен допты ұру үшін
қолданылатын шеңбер қозғалыстар). Траектория формасының күрделілігі
қозғалатын дененің салмағына тәуелді болады. Салмағы үлкен болған сайын
форма қарапайым болады. Мысалы: аяққа қарағанда, қолдың қозғалысы алуан
түрлі болады.
Қозғалыстың бағыты. Қозғалыстың денеге оның бөлшектеріне немесе затқа
берілетін бағыт дене жаттығуының жекелеген бұлшықеттерді дамытуға тигізетін
әсерінің тиімділігін және қозғалыс міндеттерін ойдағыдай орындауды
айқындайды. Қозғалыстың бағыты адамның өз денесіне қатысы немесе сыртқы
дүниеге араласуы арқылы анықталады. Яғни қолды алға созу немесе допты
тордың сыртына лақтыру. Адам денесінің қозғалысқа түсетін негізгі
бағыттарына мыналар жатады: жоғары-төмен, ілгері-кейін, оңѓа-солѓа.
Қозғалыс шегі. Қозғалыс шегі – бұл қозғалу тербелісінің адымы. Дененің
немесе оның бұлшегінің тепе-теңдік жағдайынан барынша аулақтап барып өшеді.
Қозғалыстың шегі бүрыш өлшемі мен (градуспен), түзу өлшемімен (қадам
ұзындығымен), шартты белгілермен (жартылай отыру), сыртқы заттармен
(еңкейгенде еденге қолын жеткізу) немесе өз денесіндегі белгілерге қарай
(еңкейгенде тізесіне қол жеткізу) анықталады. Қозғалыс шегі буындарының
құрылымына бұлшықеттер мен сіңірлердің созылмалдығына байланысты болады.
Бұлшық еттердің белсенді жиырылуы арқылы мүшелердің қозғалысқа түсуін
белсенді қозғалыс деп атайды. Қозғалыстың енжарлығы сыртқы күштердің
әсерінен пайда болады. Енжар қозғалыстың көлемі белсенді қозғалысқа
қарағанда үлкен қозғалыстың ең үлкен шегіне жету үшін бұлшық еттердің,
сіңірлердің барынша үлкен көлемде жиырылып, созылуына бағытталған қосымша
бүлшық ет күші қажет болады. Егер қозғалыс шегін шектен тыс ұлғайта берса,
бүлшық еттер мен сіңірлерге зақым келуі мүмкін. Шегі әр түрлі қозғалыстарды
белгілеу үшін серпінді және ұсақ терминдерді қолданады. Шегі үлкен
қозғалыстар – серпінді, шегі қысқа қозғалыстар – ұсақ деп аталады. Қозғалыс
шегі немесе бағыты алға қойылған қозғалыс міндетіне сай келмеген жағдайда
мұндай қозғалыстардың дәлдігі төмен қозғалыстар деп атаймыз.
Кеңістік, уақыттық сипаттамалар. Қозғалыс жылдамдығы дененің немесе
оның бөлшегінің жүріп өткен жолының ұзақтығы мен оған жіберілген уақыттың
көлемі арқылы айқындалады. Жылдамдық метрдің секундқа қатысы арқылы
өлшенеді. Жылдамдық жолының барлық бөлшегінде бірдей деңгейде болса мұндай
қозғалысты қалыпты деп атайды. Егер ол өзгеріске түссе, қозғалыстың мұндай
түрі әртүрлі жылдамдықты болып саналады. Уақыт бірлігінде жылдамдықтың
өзгеруі жеделдету деп аталады. Ол қолданылу сипатына қарай жағымды не
жағымсыз болуы мүмкін. Қозғалысты жүзеге асыру процесінде жылдамдықта,
жеделдікте өзгеруі мүмкін. Тұрақты жылдамдықтағы немесе тұрақты
жеделдіктегі қозғалыс сиреп кездеседі. Сауатты орындалған дене
жаттығуларында, жылдамдықтың кенет, күрт өзгеруі бола бермейді. Бүкіл
дененің қозғалыс жылдамдығы оның жекелеген бөлшектерінің қозғалыс
жылдамдығына және басқа да факторларына (аяқ-қолдың ұзындығына, сыртқы
ортаның қарсылығына т.б.) тәуелді болады. Жылдамдық жоғары болған сайын
нәтижеде үлкен, әйткенмен жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, көп жағдайда
жоғары қарқынды жылдамдыққа қарағанда қалыпты жылдамдық әлдеқалай тиімді
болады. Қозғалыс жылдамдығы еркін (өрге қарай) және мәжбүрлі (төмен қарай)
болуы мүмкін. Дене мәдениеті процесінде жаттығушыларды қозғалысты басқаруға
оны процесс барысында үйретудің мәні зор.
Уақыттық сипаттамалар. Уақыттық сипаттамаға жаттығулар мен оның
элементтерінің жекелеген статикалық жағдайлардың ұзақтығы және қозғалыс
ырғағы жатады. Дене жаттығуларын орындау кезінде техниканың жекелеген
элементтерін атқару, түрлі ұзақтықта жүреді. Жаттығу ұзақтығының көлемін,
оның жекелеген элементтерін орындауға жіберетін уақытты білген жағдайда
жүктеменің жалпы көлемін анықтауға және реттеуге болады.
Темп (ырғақ) – бұл қозғалыс циклінің қайталану жиілігі немесе уақыт
бірлігіне шаққандағы қозғалыстың саны мысалы, (аяңдап жүру ырғағы минутына
120-140 қадамына тең). Қозғалыс ырғағы дененің қозғалатын бөлшегінің
салмағына тәуелді болады мысалы (дене секундына 1-2 қозғалыс жасаса,
саусақтар осы мезгілде 8-10 қозғалыс жасайды). Ырғақтың өзгеруіне қарай
қозғалыс құрылымы өзгеруіне қарай қозғалыс құрылымы өзгеруі де мүмкін.
Айталық ырғақ белгілі бір шектен артық болса, аяқ жүгіріске айналады. Әрбір
адамның қозғалыс ырғағы дербес болады. Ол ағзаның ерекшелігіне (бойына,
салмағына, жүйке-жүйесіне), ал адамның тұлғалық сипатына (белсенділігіне,
т.б.). Сондай-ақ қозғалыс түрін меңгеру деңгейіне байланысты болады. Дене
жаттыңғулары мен жүйелі айналысу нәтижесінде қозғалыстың атқару ырғағын
өзгертуге болады.
Динамикалық сипаттама. Адам денесінің қозғалысына әсер ететін күштер
ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі күштерге тірек-қозғалыс аппаратының
енжар мөлшелері жатады (бұлшықеттердің созылмалылығы, элластикалар және
т.б.). Қозғалыс аппаратының белсенді күштері (бұлшық еттердің тарту күші).
Реактивті күштер жылдам қозғалу процесі кезінде дене мөшелерінің тізбектеле
әрекет жасауы арқылы пайда болатын күштердің бейнелі көрінісі жатады.
Сыртқы күштерге адам денесіне сырттан әсер ететін күштер жатады:
Өз денесінің салмақ күші ;
Тірек-қозғалыс реакциясының күші;
Сыртқы ортаның (судың, ауаның, құмның) қарсылық күші және физикалық
денелердің қарсылығы (күрес үстіндегі қарсыластар акробатикадағы
партнерлар);
Сырттан ауырлық түсуі (допты ұру, штанганы көтеру) ауысатын денелердің
энерциялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі дене шынықтыру сабақтарында дене тәрбиесі әдістерін қолдану
Дәрігерлік бақылаудың сипаттамасы
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Дене шынықтырудың спорт саласындағы әлеуметтік экономиканың қатынастары
ЖОО-да оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік негіздері
Мектеп жасындағы дене тәрбиесінің негіздері
Дене тәрбиесі әдістемесінің пайда болуы мен қалыптасуы
Дене тәрбиесі міндеттері
Дене тәрбиесі жүйесінің қалыптасуы
Дене тәрбиесінен дәрістер жинағы
Пәндер