Психиканың дамуы және сана



Ғылым бүткіл органикалық дүниенің мәңгі бақи бір қалыпта тұрмайтынын, ол сан алуан сапалы өзгерісер нәтижесінде пайда болғанын жаратылыстану ғылымдарының мәліметтеріне сүейене отырып түсіндіреді. Біз адам психикасы бірден жасалмағанын, оның өзі жануарлардың өткендегі талай ғасырлық даму жолдарымен біртіндеп даярланғандығын, екеуінің арасында сабақтастық байланыс бар екендігін жақсы аңғарамыз. Психика органикалық материяның барлығында бірдей бола беретін қасиет емес. Ол өсімдіктер дүниесінде жоқ. Тіпті тірі организмдердің төмендегі фомаларынан да оны табу қиын. Психика материяның жоғары формаларының, жанды материяның ғана қасиеті. Тірі материяның, төменгі түрлеріне (мәселен, қарапайым организмдерге) тітіркенушілік (сыртқы әсерлерге жауап бере алушылық), ал оның жоғары түрлеріне сезгіштік (заттардың қасиеттерін бейнелей алу) қасиет тән. Сезгіштік – психиканның ең бастапқы белгісі. Бұл организм сыртқы ортаны түйсіне алу қабілеті. Түйсік орталық нерв жүейесі бар барлық жануарларда және адамдарда кездесетін қарапайым психикалық құбылыс. Психикалық әрекеттің дамуы нерв жүесімен дамуымен шарттас. Ал нерв жүесі құрылысының күделене түсуі психиканың күрделене түсуіне, оның жоғарғы формаларының пайда болуына жағдай туғызған. Адамның даму тарихы сапалық жаңа саты, ол жануарлардың биологиялық дамуының одан бұрынғы жолынан түбірлі ерекшеліктері бар. Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық – еңбек әрекетіне көшу болып табылады. Осы өмірдің нәтижесінде психиканың жаңа түрі – адамның санасы пайда болады. Еңбек әрекеті адамды жануарлар дүниесін ерекшелейді.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Еуразия институты

ПСИХИКАНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ САНА

Елеусіз Камшат

Астана-2013

Ғылым бүткіл органикалық дүниенің мәңгі бақи бір қалыпта тұрмайтынын, ол сан алуан сапалы өзгерісер нәтижесінде пайда болғанын жаратылыстану ғылымдарының мәліметтеріне сүейене отырып түсіндіреді. Біз адам психикасы бірден жасалмағанын, оның өзі жануарлардың өткендегі талай ғасырлық даму жолдарымен біртіндеп даярланғандығын, екеуінің арасында сабақтастық байланыс бар екендігін жақсы аңғарамыз. Психика органикалық материяның барлығында бірдей бола беретін қасиет емес. Ол өсімдіктер дүниесінде жоқ. Тіпті тірі организмдердің төмендегі фомаларынан да оны табу қиын. Психика материяның жоғары формаларының, жанды материяның ғана қасиеті. Тірі материяның, төменгі түрлеріне (мәселен, қарапайым организмдерге) тітіркенушілік (сыртқы әсерлерге жауап бере алушылық), ал оның жоғары түрлеріне сезгіштік (заттардың қасиеттерін бейнелей алу) қасиет тән. Сезгіштік - психиканның ең бастапқы белгісі. Бұл организм сыртқы ортаны түйсіне алу қабілеті. Түйсік орталық нерв жүейесі бар барлық жануарларда және адамдарда кездесетін қарапайым психикалық құбылыс. Психикалық әрекеттің дамуы нерв жүесімен дамуымен шарттас. Ал нерв жүесі құрылысының күделене түсуі психиканың күрделене түсуіне, оның жоғарғы формаларының пайда болуына жағдай туғызған. Адамның даму тарихы сапалық жаңа саты, ол жануарлардың биологиялық дамуының одан бұрынғы жолынан түбірлі ерекшеліктері бар. Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық - еңбек әрекетіне көшу болып табылады. Осы өмірдің нәтижесінде психиканың жаңа түрі - адамның санасы пайда болады. Еңбек әрекеті адамды жануарлар дүниесін ерекшелейді. Егерде қоршаған ортаға жануарлар бейжай түрде бейімделсе, табиғаттың бергенін ғана пайдаланса, ал адам еңбек әрекеті үрдісінде табиғатқа белсенді және мақсатты әсер етеді, оны өзгертеді, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оған бейімделеді және пайдаланады. Еңбек үрдісінде адам өзінің дене және рухани табиғатын өзгерте алады. Ф.Энгельстің айтуынша, адамды адам адам еткен еңбек. Алғашқа қауымдық кезеңнен бастап, еңбек үрдісінде адамны дене және психикалық қабілеттері жетілді, оның миы және сезім органдары, психикалық сапалары, қабілеттері қалыптасты. Адамның даму тарихы сапалық жаңа саты, ол жануарлардың биологиялық дамуының одан бұрынғы жолынан түбірлі ерекшеліктері бар. Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық - еңбек әрекетіне көшу болып табылады. Осы өмірдің нәтижесінде психиканың жаңа түрі - адамның санасы пайда болады. Еңбек әрекеті адамды жануарлар дүниесінен ерекшелейді. Егер де қоршаған ортаға жануарлар бейжай түрде бейімделсе, табиғаттың бергенін ғана пайдаланса, ал адам еңбек әрекеті үрдісінде табиғатқа белсенді және мақсатты әсер етеді, оны өзгертеді, материалдық және рухани қажеттілік-терін қанағаттандыру үшін оған бейімделеді және пайдаланады. Еңбек үрдісінде адам өзінің дене және рухани табиғатын өзгерте алады. Ф.Энгельстің айтуынша, адамды адам еткен еңбек. Алғашқы қауымдық кезеңнен бастап, еңбек үрдісінде адамның дене және психикалық қабілеттері жетілді, оның миы және сезім органдары, психикалық сапалары,қабілеттері қалыптасты. Адам санасының қалыптасуы мен психологиялық сипаттамасы жаңаның басталуын, психика дамуының жоғарғы кезеңін білдіреді.Саналы бейнелеудің жануарларға тән психикалық бейнелеуден айырмашылығы - бұл заттық шындықты бейнелеу. Санаға жан-жақты сипаттаманы А.Н.Леонтьев өзінің Іс-әрекет, Сана, Жеке тұлға атты еңбегінде берген болатын.

Адамның дене бітімінің қалыптасуы
Адам өте ертедегі адам тектес маймылдан шыққан. Адамның дене бітімінің қазіргі жоғары дамыған маймылдардың дене бітіміне ұқсауы сондықтан. Алайда, адам маймылдардың қазіргі типінен тарады деу жаңсақтық болар еді. Ғылым осыдан шамамен 50 миллион жыл бұрын жар-тылай маймылдар -- лемуарлар, одан кейінірек шамамен осыдан 30 миллион жыл бұрын төменгі дәрежеде дамыған маймылдар -- парапитектер -- адам тәріздес маймылдардың арғы аталарының пайда болғанын дәлелдеп отыр. Одан бертінірек (шамамен осыдан 15 миллион жыл бұрын) ежелгі антропоидтар -- дриопитектер өмір сүрген. Соңғыларының өзі екі текке бөлінеді: бірі -- қазіргі май-мылдар -- горилла мен шимпанзе де екіншісі -- жоғары дәрежеде дамыған антропоморфты маймылдар ромапитектер мен австралопитектер. Осы австролопитектерден адамның тегі тарайды. Ең соңғы мағлұматтарға қарағанда, австралопитектер бұдан 1750000 -- 600 000 жыл бұрын өмір сүрген, жер бетінде екі аяғымен жүретін болған. Австралопитектердің екі аяғымен қозғалатындығын олардың табанының құрылысы дәлелдейді. Австралопитек миының көлемі (519 см[3]) қазіргі горилланікінен (498 см[3]) аздап үлкен болған.
Шамамен 400 -- 200 мың жыл бұрын Дюбуа питекантропус эректус -- тік жүретін маймыл адам деп атаған маймыл адам тіршілік еткен. Маймыл адамдардың ұрпақтары ежелдегі адамдар (палеолиттер), немесе неандертальдар деп аталғандар. Неандертальдар бұдан 250 -- 400 мың жылдар бұрын тіршілік еткен.
Неандертальдықты сүйек қалдықтары бойынша қайта кұрастырған кезде оның сыртқы түрінің қазіргі адамдарға ұқсас болғаңдығы байқалады. Неандертальдықтың бойы бүгінгі адам дардікіне қарағанда аздап аласалау болған, екі аяғын сәл бүгіп жүрген. Бас сүйегінің қорабы қазіргі адамдардікіндей, тек маңдайы біраз көлбеу келген. Палеолиттер (ертедегі адамдар), солардың қатарына неандертальдықтар да жатады, сол кездің өзінде-ақ қарадүрсін еңбек құралдарын жасай білген және қарапайым жұмыстарды атқарған.
Бұдан 40 -- 38 мың жыл бұрын неандертальдықтардың үрім-бұтағы -- қазіргі типтегі адамдар -- неантроптар (жаңа адам) тегі пайда бола бастады. Олардың қалдықтары КроМаньоне (Францияда) табылған, сондықтан оларды кроманьоңдықтар деп атаған. Олар денелерін тік ұстап қозғалатын болған, маңдайлары кең, бет-әлпеті қазіргі адамдардікіндей. Бұлар ақыл иелері, ездерінен бұрынғылармен салыстырғанда көптеген түрлі еңбек құралдарын пайдаланған.
Ертедегі адамның жаңа адам кейпіне енуі бүтіндей әлеуметтік заңдылықтармен, ең әуелі қоғамдық өндірістің дамуымен анықталады. Адаммен бірге, -- деп жазды Энгельс, -- біз тарих саласына енеміз .
Сөйтіп, табиғат аясында сұрыпталу процесінде өзінің пси-хофизикалық жағдайлары бойынша адамға жақын тұр және еңбек етудің арқасында адамға айналған жануарлардың биологиялық тегі пайда болады деу керек.

Адамның қалыптасуында еңбектің ролі.
К. Маркс пен Ф. Энгельс адам мен жануарлардың арасындағы физикалық та, пси-хикалық та тұрғыдағы түбегейлі айырмашылық еңбекпен тү-сіндіріледі деп атап көрсетеді. Еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық жетілуінің, сананың қалыптасуы мен дамуының негізгі факторы болып табылды. Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырды, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді. .
Марксизм-ленинизм классиктерінің үйреткеніндей, еңбек әуел бастан-ақ қоғамдық сипат алған, яғни бірлесіп әрекет жасауды талап етеді, әр түрлі істі келісе отырып шешуді және басқаруды қажет қылды. Жануарлар табыны еңбектің арқасында ғана адам қоғамына айналды. Табында көрсетілетін болмашы өзара комек ынтымақтастық дәрежесіне дейін өсті. Адам еңбек процесінде тек қана табиғатпен қатынасқа түсіп қоймайды, сондай-ақ бір-бірімен де қатынас жасайтын болады. Олардың табиғатпен арадағы қатынасы енді өндірістік мақсаттарға орай ғана жасалады. Сөйтіп, өндіріс процесінде әр түрлі ассоциацияларды (бірлестіктерді) қалыптастыратын өзара тәуелді қатынастар пайда болады. Адам өз өмірінің жалғасып, келе жатқаны үшін де бүкіл Жер бетіне мекендеп отырғаны үшін де еңбекке борышты. Қоғамдық өндірістің арқасында ол алдымен жасқана, кейінірек батыл түрде айналасындағы табиғатты өз қажетіне жарата бастады және осыдан соң әр түрлі климаттық жағдайларда өмір сүруге бейімделді.
Ең бастысы, өндіріс, ең қарапайым еңбек құралдарын жа-саудан бастап табиғат ерекшеліктерін материалдардың қарсыласуын, механика заңдарын адамның алдына жайып салды. Сонымен, еңбекте сыртқы дүниені тану құралы ретіндегі сана қалыптасады. Еңбекте адам өзін-өзі таниды, өзінің табиғи күшін алдына қойған міндеті мен еңбек материалдарына қарай реттей білуге үйренеді. Демек, еңбекте өзіндік сана-сезім де қалыптасады.
Адамның сыртқы табиғатты және өзін-өзі тануы ендігі жерде адам өзі жасап жатқан және саналы түрде жетілдіріп жатқан қоғамдық өндіріске енді өз тарапынан үлкен ықпал жасай бастады. Еңбек жұмыс атқаратын органдар -- бас пен қолды жетілдірді. Адамның қолы сан салалы әрі өте нәзік еңбек операцияларының арқасында өз дамуының шыңына жетті. Және теқ қана еңбек органы болып қалмады, сонымен бірге таным құралына, ақырында, творчестволық құралға айналды. Іс үстіндегі шебердің қолы қолына жұқпайтынын көріп таң-тамаша қаламыз, мүсінші мен суретшінің қолы өнердің ғажап туындыларын дүниеге келтіреді, ал музыканттың қолы шектерден сиқырлы үн төгеді. Адамның миы анатомиялық тұрғысынан гөрі ойлау жағынан әбден жетілді, өйткені еңбек адамның алдына нақ осы еңбекте шешілуге тиісті проблемаларды үнемі қойып келді (қойып та отыр). Ойлау қабілеті қалыптасты, ал ол өз тарапынан еңбектің одан әрі жетілдіріле түсуіне жағдай туғызды.
Сөйтіп, адам еңбектің көмегімен өзін айнала қоршаған табиғатты ғана өзгертіп қойған жоқ, сонымен бірге өзі де өзгеріп, дами берді. Бұл жөнінде К. Маркс былай деп жазған болатын: Еңбек дегеніміз алдымен адам мен табиғат арасындағы процесс, мұнда адам өз қызметі арқылы өзі мен табиғат арасында заттардың алмасуына себепкер болады, оны реттеп, бақылап отырады. Табиғат затына адамның өзі табиғат күші ретінде қарсы тұрады. Табиғат затын өз басының тіршілік етуіне жарамды формада иемдену үшін адам өз тәнінің табиғи күштерін қолдары мен аяқтарын, ақыл-ойы мен саусақтарын қимылға келтіреді. Осындай қимыл арқылы сыртқы табиғатқа әсер ете отырып, оны өзгерте отырып, адам сонымен бірге өз басының жаратылысын да өзгертеді. Ол осында мүлгіп жатқан күш-қабілеттерді өршітеді де, бұл күштердің құбылысын өз өктемдігіне бағындырады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психика және сана түсінігі
Психиканың пайда болуы және дамуы
Психика мен сана дамуы
Сана мен бейсана
Жасөспірімдердің психикасы мен санасының дамуын анықтау
Адам психикасының айырмашылықтары
Адам психикасы
Психиканың жалпы сипаттамасы
Психология жане онын міндеттері
Психика және сана негіздері
Пәндер