Жүйке жүйесі туралы



Жүйке жүйесі дененің сыртқы ортаның әсеріне бейімделуін және дененің біртұтас қалпында оның әсерінің іске асуын қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің қызметін реттейді. Сондай-ақ мүшелерді бүкіл өмір бойы олардың жұмысын өзгертіп отыратын сыртқы ортаға бейімдейді.
Жүйке жүйесінің құрылыс бірлігі нейрондар. Сыртқы немесе ішкі орта тітіркенулерін қабылдауға және пайда болған тітіркеністерді орталыққа немесе жұмысшы мүшелеріне өткізуге қабілетті жоғарғы дифференциалды жасушалар мен олардың өсінділерін «нейрондар» деп атайды. Нейрондар – домалақ, сопақ, алмұрт, жұлдызша пішінді болады. Нейронның екі өсіндісі бар. Олардың бір ұзын өсіндісі – «аксон» деп, ал тармақталған қысқа өсінділері – «дендриттер» деп аталады. Нейронның өсінділерінен барлық мүшелерде иірімді ұштар пайда болады. Олардың бір ұшы тітіркеністі қабылдайтын болса, ал басқалары тітіркеністі жұмыс мүшелеріне өткізеді. Нейронның тітіркеністі қабылдайтын ұшын «рецепторлар», ал екіншісін «эффекторлар» деп атайды.
Жүйке жүйесі: 1) орталық, 2) шеткергі болып екі үлкен топқа бөлінеді. Орталық жүйке жүйесі бас ми және жұлын, ал шеткерідегілерге олардың тармақтары – бас ми және жұлын жүйкелеріне кіреді.
Орталық жүйке жүйесінің анатомиялық құрылысы. Бас ми мен жұлын ақ және сүр заттардан тұрады. Жұлында сүр заттар ақ заттардың ортасында, ал бас мида сүр заттар, ақ заттарды қаптап тұрады. Бас миды қаптап тұрған сүр затты «ми қыртысы» деп атайды. Үлкен мида сүр заттың астындағы ақ заттардың ішінде, әр жерінде сүр затттар болады. Олар жүйке жасушаларының жиынтығы – ядролар, ал ақ заттар нейрондардың өсінділерінің жиынтығы. Олардан өткізгіш жолдар пайда болады.
Жүйке жүйесі соматикалық және вегетативтік болып екі үлкен топқа бөлінеді. Соматикалық жүйке жүйесі дененің сыртқы ортамен байланысын қамтамассыз етеді, қаңқа бұлшық етін немесе көлденең жолақты бұлшық етті жүйкелендіреді, сезім және қимылды қамтассыз етеді.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
X. ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ
(Нервная система.Systema nervosum)

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
РЕФЛЕКС ДОҒАСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
ЖҰЛЫН
Жүйке жүйесі дененің сыртқы ортаның әсеріне бейімделуін және дененің
біртұтас қалпында оның әсерінің іске асуын қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі
денедегі мүшелердің қызметін реттейді. Сондай-ақ мүшелерді бүкіл өмір бойы
олардың жұмысын өзгертіп отыратын сыртқы ортаға бейімдейді.
Жүйке жүйесінің құрылыс бірлігі нейрондар. Сыртқы немесе ішкі орта
тітіркенулерін қабылдауға және пайда болған тітіркеністерді орталыққа
немесе жұмысшы мүшелеріне өткізуге қабілетті жоғарғы дифференциалды
жасушалар мен олардың өсінділерін нейрондар деп атайды. Нейрондар –
домалақ, сопақ, алмұрт, жұлдызша пішінді болады. Нейронның екі өсіндісі
бар. Олардың бір ұзын өсіндісі – аксон деп, ал тармақталған қысқа
өсінділері – дендриттер деп аталады. Нейронның өсінділерінен барлық
мүшелерде иірімді ұштар пайда болады. Олардың бір ұшы тітіркеністі
қабылдайтын болса, ал басқалары тітіркеністі жұмыс мүшелеріне өткізеді.
Нейронның тітіркеністі қабылдайтын ұшын рецепторлар, ал екіншісін
эффекторлар деп атайды.
Жүйке жүйесі: 1) орталық, 2) шеткергі болып екі үлкен топқа бөлінеді.
Орталық жүйке жүйесі бас ми және жұлын, ал шеткерідегілерге олардың
тармақтары – бас ми және жұлын жүйкелеріне кіреді.
Орталық жүйке жүйесінің анатомиялық құрылысы. Бас ми мен жұлын ақ және
сүр заттардан тұрады. Жұлында сүр заттар ақ заттардың ортасында, ал бас
мида сүр заттар, ақ заттарды қаптап тұрады. Бас миды қаптап тұрған сүр
затты ми қыртысы деп атайды. Үлкен мида сүр заттың астындағы ақ заттардың
ішінде, әр жерінде сүр затттар болады. Олар жүйке жасушаларының жиынтығы –
ядролар, ал ақ заттар нейрондардың өсінділерінің жиынтығы. Олардан өткізгіш
жолдар пайда болады.
Жүйке жүйесі соматикалық және вегетативтік болып екі үлкен топқа
бөлінеді. Соматикалық жүйке жүйесі дененің сыртқы ортамен байланысын
қамтамассыз етеді, қаңқа бұлшық етін немесе көлденең жолақты бұлшық етті
жүйкелендіреді, сезім және қимылды қамтассыз етеді.
Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі мүшелердің біріңғай салалы бұлшық еттерін
жүйкелендіреді және жүйкелерді қоректендіру қызметін атқарады, сонымен
бірге зат алмасуына, тыныс алуға, зәр шығаруға, өсуге, жетілуге әсер етеді.
Рефлекс доғасы.Рефлекс – жүйке жүйесінің негізгі қызметі. Рефлекс
дегеніміз – орталық жүйке жүйесінің қатынасуымен денеің тітіркеністерге
жауап әсері. Жүйке тітркеністерінің рецептордан эффекторға дейінгі өтетін
барлық жолы рефлекс доғасы деп аталады. Рефлекс доғасы 5 бөлімнен тұрады:

1. рецептор;
2. орталыққа ұмтылатын нейрондар немесе сезгіз афферент нейрондар;
3. орталық жүйке жүйесі;
4. орталықтан ұмтылатын немесе эфферент нейрондар;
5. эффектор немесе жұмыс атқаратын мүше.
Рефлекстің пайда болуы үшін рефлекс доғасының барлық бөлімі болуы
шарт. Рефлекторлық доғаның кез келген бөліміндегі зақымдану рефлекстің
дәлдігін жояды, немесе ол толық жоқ болады. Мысалы: наркоз беру арқылы
орталық жүйке жүйесін рефлекске қатынастырмау нәтижесінде бүкіл денені
жансыздандыру немесе белгілі бірмүшеге дәрі жіберу арқылы жүйке доғасының
бір бөлімін қатынастырмастан сол аймақты, мүшені жансыздандыру мүмкін.
Рефлекстердің жіктелуі:
I. Биологиялық бағыттағы рефлекстер: қорғану, қоректік, жыныстық (көбею
және ұрықтану жөніндегі, қамқорлық);
II. Рецепторлардың түріне қарап рефлекстер:
- экстрорецептивтік немесе сыртқы ортадан жарықты, дыбысты, дәмді,
оның ыстығы мен суықтық өзгерістерін қабылдайтын рецепторлар;
- интрорецептивтік ішкі жүйелердегі тітіркеністерді қабылдайды (олар
мүшелердің қызметі мен өзгеруі, ішкі ортаның күйімен байланысты).
Интрорецепторлардың кейбіреулері бұлшық етте, сіңірде, буын
қалталарында орналасады. Оларды буын сезім рецепторлары немесе
проприорецепторлар деп атайды.
III. Жұмысшы мүшенің қызметіне байланысты пайда болған рефлекстер:
- қимылдың (жүрек, қаңқа, тамырдың және ішкі мүшелердегі біріңғай
салалы бұлшық еттердің жиырылуы);
- секреторлық, денедегі бездердің сөлі (түкірік, гормондар)
бөлінуімен байланысты;
- трофикалық – денедегі зат алмасуын қамтамассыз етеді.
IV. Орналасуына байланысты рефлекстер:
- жұлын рефлекстері;
- бульвар (сопақша ми) рефлекстері: жөтелу, түшкіру, күеу;
- ми қыртысы рефлекстері, немесе шартты рефлекстері;
- мезенцефаль (орта ми рефлекстері) денеі тік ұстау, жұру, жүгіру
т.б.;
- диэнцефаль рефлекстер (негізінен дененің жылуын реттейді);
V. Күрделігіне қарап рефлекстер қарапайым рефлекстерге тізе рефлексі
жатады. Ол екі-афферент және эфферент нейрондардан пайда болған.
VI. Тума рефлекстер: шартты, жүре пайда болған, шартсыз тума рефлекстер
болып бөлінеді.
Жүйкенің басты қасиеттері: 1. қозғыштық; 2. өткізгіштік. Қозу жүйкенің
басты қызметі. Жүйке қозуының нәтижесінде мүшенің қимылға енуі, немесе сол
жұмыстағы мүшенің қызметінің күшеюі пайда болады. Жүйке ұлпасының қозуымен
бірге онда тежелу процессі бірге жүреді. Тежелу қозуға қарама-қарсы
құбылыс. Тежелу нәтижесінде жүйке қызметі әлсірейді немесе қозуға кедергі
жасалады. Қозу мен тежелу жүйке талшықтарының негізгі қызметі болып
саналады. Қозу жүйке талшықтарының бойымен оқшауланып өтеді. Оны бұлайша
түсіндіруге болады. Шеткергі жүйке жүйесі көп талшықтардан тұрады.: сезгіш,
қимыл және вегетативтік талшықтар. Олар миелин қапшығымен қапталған. Осы
қабықтың арасында басқа көрші талшықтарға өтпей жүйке импульстері өздерінің
қоздыруы керек мүшелеріне өтеді. Жүйке қызметінің бұлайша ұйымдасуы адамға
өте дәл және көптеген сан-алуан қимылдар жасауға мүмкіндік береді. Мысалы:
музыка аспаптарында ойнағанда, сурет салғанда бұлшық еттер жекеленіп
жиырылады және босаңсиды.
Миелин қабығы бар жүйке жүйесінің талшықтары жұмсақ болады, және
тітркеністі үлкен жылдамдықпен өткізеді. Ал миелин қабығы жоқ жүйке
талшықтары қатты болады, олардың тітіркеністер баяу өтеді.
Баяу өткізу. Шеткерідегі жүйке талшықтарына қарағанда орталықтағы жүйке
талшықтарында тітіркеністің өту жылдамдығы азаяды. Мысалы, сіңір
рефлекстерінің ішіндегі ең жылдамы тізе рефлексі. Оның афферент және
эфферент нейрондарында тітіркеністер небәрі 0,0196 өтеді, ал оның орталық
жүйке жүйесіндегі өту жылдамдығы 0№003 - қа созылады. Рефлекстің ең ұзақ
уақытта өтуі ішкі мүшелерде (қан тамырында, тер бездерінде) кездеседі.
Синапс туралы ұғым. Жүйке тітіркеністері қатаң түрде белгілі бағытта бір
жасушаның аксондарынан, екіншісінің дентриттеріне өтеді. Бір жүйке
талшықтарының аксондары екінші жүйке талшықтарының дендриттерімен тікелей
байланыспайды. Олардың арасында арнаулы құрылыстағы түзіліс бар. Ол
түзілісті синапс деп атайды. Синапс арқылы тітіркеністің өту жылдамдығы,
олардыңжүйке бойымен өту жылдамдығынан төмен болады.
Синапстердің қасиеті: 1. тітіркеністі бір бағытта өткізеді; 2.
тітркеністі өткізуді қажетті жағдайда өзінде кідіртеді.
Жүйке орталығы.Бұл белгілі рефлексті іске асыратын немесе дененің белгілі
қызметін реттейтін нейрондардың жиынтығы. Адам денесінің белгілі қызметін
басқаратын әрбір жүйке орталығы мидың әр деңгейінде жұлында, ми діңгегінде,
қыртыс асты түзілістерде орналасқан. Мысалы, тыныс алу орталығы сопақша
мида, есту орталығы ми сыңарларының самай бөлігінде.
Доминанта туралы ұғым.Доминанта – ішкі және сыртқы қоздырушылардың әсерінен
орталық жүйке жүйесінің белгілі бір орталығының қозуының нәтижесінде
уақытша басқа орталықтарға үстемдік етуі. Доминанта қозу орталығының
қасиеттері: 1. қозудың күшті үстемділігі; 2. қозудың тұрақтылығы; 3.
қозудың жинақталуы; 4. қозудың инерциясы тітіркендіруші әсерін тоқтатқаннан
кейін де сақталады. Доминант қозу орталығы басқа орталықтардағы жүйке
тітіркеністерін өзіне алып жинақтайды. Соның нәтижесінде басқа
орталықтардың тітіркендіруші әсерін тоқтатқаннан кейін де сақталады.
Доминант қозу орталығы басқа орталықтардағы жүйке тітіркеністерін өзіне
алып жинақтайды. Соның нәтижесінде басқа орталықтардың тітіркеністері
әлсірейді, ал доминанта орталығының тітіркенісі күшейеді. Доминант сыртқы
және ішкі тітіркендіргіштердің әсерінен пайда болуы мүмкін. Мысалы, өте
қызық кітапты оқығанда басқа дыбысты есітпеу мүмкін. Ал, ішкі доминанта
денедегі физиологиялық өзгерістер нәтижесінде пайда болады. Мысалы, қандағы
қанттың мөлшері қалыпты мөлшерлен азайғанда ашығу рефлексінің әсері
күшейеді.
Жұлын (спинной мозг, medulla spinalis) омыртқа жотасының өзегінде
орналасқан, ұзындығы 41-45 см. Салмағы 34-38 г., диаметрі 1 см ұзынша
түтік, төменгі ұшы үшкірленіп ат жалына ұқсаған. Жұлынның ортасынан
сұйықтыққа толы жұлын өзегі өтеді. Жұлын ақ және сұр заттардан тұрады. Оның
сұр заттарын ақ заттары қоршап тұрады. Жұлынның құрылысында сайлар мен
саңлаулар бар. Жұлынның тік алдында орналасқан саңлау мен тік артындағы сай
оны екі тең бөлікке бөліп тұрады. Жұлынның әрбір жарты бөлігінің алдыңғы
және артқы жұлын бүйір сайлары бар.бұл сайлардан алдыңғы және артқы жұлын
түбірі шығады. Жұлынның алдыңғы және артқы түбірі бірігіп жұлын жүйкесі
пайда болады. Жұлыннан 31 жұп жұлын жүйкесі шығады: 8 мойын, 12 кеуде, 5
бел, 5 сегізкөз, 1 құйымшақ сегменнтері. Жұлынның алдыңғы, артқы және
бүйірдегі сайлары жұлынның әрбір бөлігінің ақ затын үш бөлікке бөледі. Олар
алдыңғы, артқы және бүйірдегі жіпшелер. Бұл жіпшілер жүйке талшықтарының
жиынтығы болып саналады.Жұлынның ақ затының алдыңғы жіпшелері, алдыңғы
орталық саңлау мен алдыңғы бүйірлік сайдың арасында орналасқан. Жұлынның
бүйірдегі жіпшелері – алдыңғы, артқы, бүйірдегі сайлардың, ал артқы
жіпшілер – артқы бүйірдегі сай мен артқы орталық сайдың аралығында жұлын
жіпшілері екі түрлі талшықтан тұрады. Жұлынның жүйке талшығы мен жұлынның
өткізгіш жолы. Жұлынның жүйке талшығы оның әрбір бөлікьерінің аралығын
жалғастырады. Жұлынның өткізгіш жолы арқылы жұлын бас мимен жалғасады.
Жұлынның өткізгіш жолдарының үш түрі бар: 1. жоғары бағытталған; 2. төменге
бағытталған; 3. аралық немесе ассоциативті. Жоғары бағытталған немесе
афферентік жолдарымен сыртқы және ішкі ортаның тітіркеністері бұлшық
еттерден, ішкі мүшелерден жұлын арқылы бас миға барады. Төменге бағытталған
эфферент жолдар арқылы тітіркеніс жұмысшы мүшелерге жетеді. Жұлын негізінен
осы жолдар арқылы өткізгіштік және рефлекторлық қызмет атқарады.
Жұлынның сұр заты.Жұлынды көлденең кескенде оның ақ затының ішінде сұр
затының көбелекке немесе Н әрпіне ұқсайтыны көруге болады. Жұлынның сұр
заты жүйке жасушаларының денесінен тұрады. Жұлынның сұр затының әрбір
жартысы: 1. алдыңғы; 2. артқы; 3. Бүйірдегі үш бағаннан тұрады: жұлынның
алдыңғы бағандары артқысына қарағанда кеңірек. Сұр заттың бүйірдегі
бағандары – артқы және алдыңғы бағандардың аралығында. Бүйірдегі бағандар
VII мойын II-III бел сегменттерінің арасынан жақсы көрінеді.
Жұлынның сұр затының бағандарында түрлі қызмет атқаратын нейрондар бар.
Олар – алдыңғы бағандарында қимыл немесе мотонейрондар, ал артқы
бағандарында сезім нейрондары, бүйірдегісінде вегетативтік нейрондар.
Жұлынның аралық нейрондары қысқа және ұзын аксондар болып бөлінеді. Қысқа
нейрондар жұлын сегмнттерінің арасын жалғастырады. Ұзын аксондар –
нейрондар жұлын мен бас мидың аралығындағы жоғарыға бағытталған өткізгіш
жолдардың құрамына кіреді.
Жұлын жоғарысында I мойын омыртқасының тұсында сопақша миға жалғасады.
Төменінде I-II бел омыртқаларының тұсында жіңішке жіпке айналады. Жіңішке
жіп құйымшақ омыртқасының тесігімен өтіп омыртқаға жабысады.
Жұлынның ұзына бойына екі жуандаған жері бар. Олар мойын және құйымшақ
бөлімі. Жұлынның жуандаған тұсынан қол мен аяқтың жүйкелері шығады.
Жұлынның сұр затындағы ядролар оның ақ затындағы жүйке талшықтарымен
бірігіп рефлекторлық қызмет атқарады. Жұлын афферентік және эфферентік
жолдарының арқасында жүйке тітіркенісін өткізу қызметін атқарады.
Жұлынды үш қабық жауып тұрады. 1. Сыртқы қатты қабық (твердая оболочка
спинного мозга, dura mater). 2. Ортадағы, торлы қабық (паутинная оболoчка,
arachnoidea). Ішкі, жұмсақ қабық, (мягкая оболочка спинного мозга, mater).
Жұлынның қатты қабығы оны сыртынан қаптап омыртқа өзегінің ішінде
орналасқан.
Омыртқа өзегі мен қатты қабықтың арасында қуыс бар. Бұл қуыста бос
кеңістікте май ұлпалары, вена қан тамырлары өтеді. Торлы қабық – жұқа
тамырсыз қабық. Ол қатты қабықтан қуыс (субдурал) арқылы бөлініп тұрады.
Жұмсақ, тамырлы қабық жұлынды тікелей қоршап тұрады. Жұмсақ қабық пен тор
қабықтың арасында субарахноидал қуысы бар. Бұл қуыста жұлын сұйықтығы
болады.
Жұлынды қоректендіретін қан тамырлар.Жұлынның жоғарғы мойын
сегменттеріне бұғана асты артериясынан омыртқа артериясы барады. Қабырға
аралық артериялардан жұлынның көкірек сегменттерін қанмен қоректендіретін
тармақтар шығады. Бел, сегізкөз, құйымшақ сегменттерін бел-сегізкөз
артериясының тармақтары қанмен қоректендіреді. Омыртқа артериясымен бел-
сегізкөз артериясы омыртқа өзегіне кіргеннен кейін артқы және алдыңғы жұлын
артериясына тармақталады. Алдыңғы артериялар жұлынның алдыңғы жағын, артқы
артериялар артқы жағын, жұлынның ақ және сұр заттарын қанмен
қоректендіреді. Жұлынның вена қан тамырлары артериялармен аттас болып
келеді. Олар вена қаның жұлыннан жинап қабық асты веноздық өрімге айналады.
Жұлында лимфа тамырлары болмайды.
Жұлын екі қызмет атқарады: рефлекторлық және өткізгіштік.
Рефлекторлық қызметі. Жұлында қимыл және вегетативті рефлкестердің
орталығы бар. Жұлындағы жүйке орталығы сегменттік жұмыстық орталығы болып
саналады. Олардың нейрондары рецепторлармен және тікелей жұмыс атқаратын
мүшемен байланысады. Жұлыннан басқа тікелей жұмысшы орталықтар сопақша және
орталық мида болады. Жұлынның қимылдық нейрондары тұлғаның, мойынның,
қолдың, аяқтың, көкеттің, қабырға аралық бұлшық еттерін, қысқаша айтқанда
дененің барлық көлденең жолақты бұлшық еттерін жүйкелендіреді.
Егер бақаның жұлынының оң жақтағы артқы түбірін, сол жақтағы алдыңғы
түбірін кесетін болсақ, онда артқы аяғындағы сезгіштік жоғалып, алдыңғы
аяғы сал болады. Жұлынның әрбір рефлексінің өзінің шығатын сегменті болады.
Мысалы, тізе рефлексінің орталығы II – IV бел сегменттерінде, ахил
рефлексінің орталығы V бел, I-II сегізкөз, табан рефлексінікі, іштің
еттерінікі VII-Ixкеуде сегменттерінде. Жұлындағы өте маңызды орталық
көкеттің қимыл орталығы. Ол II-IV мойын сегменттерінде. Егер бұл орталық
зақымданатын болса, онда тыныс алу тоқтайды.
Жұлынның өткізгіштік қызметі. Жұлынның ақ затындағы жоғары және төменге
бағытталған жіпшелер оны бас ми және бұлшық еттермен жалғастырады. Жұлында
қимыл орталығынан басқа вегетативтік орталықтар бар. Олар жұлынның кеуде
және жоғарғы бел сегменттерінің бүйірдегі мүйіздерінде орналасқан, жүректі,
тамырды, тер бездерін, ас қорыту жүйесін жүйкелендіреді. Жоғарғы кеуде
сегментерінде көздің қарашығына әсер ететін симпатикалық жүйке орталығы,
жоғарғы бес кеуде сегментінде жүректін симпатикалық орталығы жатыр.
Жұлынның құйымшақ сегменттерінде парасимпатикалық жүйке орталығы бар. Ол
кіші астаудағы мүшелердің (үлкен және кіші дәреттің, эрекция, эякуляция)
қызметінің рефлекторлық орталығы болып саналады.
Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. ҮЛКЕН МИ
(головной мозг, encephalon)оны қоршаған қабықтарымен бірге ми сауытының
ішінде орналасқан. Үлкен мидың салмағы 1100-2000 г. Жаңа туылған нәрестенің
үлкен миының салмағы 370-400г болады. Бала бір жасқа келгенде оның бас
миының салмағы екі есе, 6 жаста үш есе артады. Кейін мидың салмағының өсу
қарқыны кемиді, адам 20-25 жасқа толғанда бас ми қалыптасып, өсуі тоқтайды.
Адамның үлкен миының салмағы мен көлемі 20-60 жас аралығында бір қалыпты
болады, ал 60 жастан кейін оның салмағы кеміп, көлемі кішірейеді.
Адамның үлкен миы үш бөлімнен: 1. үлкен ми сыңарлары; 2. ми діңгегі;
3. мишықтан тұрады.
Ұрықта үлкен ми жүйке түтігінің алдыңғы кеңейген бөлігінен дамиды. Жүйке
түтігінің артқы бөлігінен жұлын пайда болады. Ұрықтын өсу процесінде жүйке
түтігініңалдыңғы кеңейген бөлігінен үш ми көпіршігі пайда болады. Олар
алдыңғы, ортаңғы және жұлынға жақын орналасқан ромбы тәріздес көпіршіктер.
Алдыңғы ми көпіршігінен алдыңғы ми, ортадағысынан орталық ми, артқы ромбы
тәріздес шұңқырдан ромбы тәріздес ми пайда юолады. Кейін алдыңғы мидан екі
көпіршік пайда болып, олар аралық және соңғы ми болып аталады. Орталық
ми өзінің атын сақтайды, ал ромбы тәріздес мидан сопақша ми мен артқы ми
(мишық, көпір) дамиды.соның нәтижесінде жүйке түтігінің алдыңғы бөлігімен
бес ми көпіршігі пайда болып, кейін одан бас мидың бес бөлігі дамиды. Мидың
алдыңғы түтігінің өзегі даму нәтижесінде пішінін, көлемін өзгертеді. Одан
ми қарыншалары деп аталатын ми қуыстары пайда болады. ми қарыншаларына
ми сыңарларының екі бүйірдегі қарыншалары,III және IV қарыншалар, олардың
арасындағы сильвиев құбыры деп аталатын түтік кіреді. Ми қарыншаларында
бас ми – жұлын сұйықтығы болады. Үлкен ми сыңарлары даму жағынан мидың ең
жас түзілісі болып саналады. Оның алғашында маңдай, одан соң төбе және
шүйде, соңында самай бөлігі үлкейе бастайды. Ұрықтың бес айлық мерзімінде
ми сыңарларының беттерінде сайлар пайда болады. Оларға орталық (роланд),
бүйірдегі (сильвиев) және төбе-шүйде сайлары жатады. Бала өмірінің алғашқы
бес жылында ұсақ және өте ұсақ сайлар өсіп жетіледі. Ал баланың бес жасынан
кейін оның миының дамуы баяулай бастайды. Бес жастағы баланың ми қыртысы
ересек адамның ми қыртысындай болады, нейрондардың саны өзгермейді. Бірақ
нейрондар жалпы дамиды, өсінділері кұрделенеді.
Үлкен мит қатпарларының арасындағы ойыстарды сайлар, ал көтеріңкі, дөнес
бөліктерін иірімдер деп атайды. Сайлар мен иірімдер ми қыртысы бетінің
көлемін арттырады.
Үлкен ми екі сыңарлардан тұрады. Ми сыңарлары бір-бірінен аралық сай
арқылы бөлінген. Олардың ортасын сүйелді дене (мозолистое тело, corpus
collosum) қосып тұрады. Сүйелді дененің астында оның күмбезі (свод, fornix)
орналасқан. Ми сыңарлары көлденең сала арқылы мишықтан бөлініп тұрады, ол
мидың басқа бөліктерін жабады. Әрбір ми сыңарлары ақ және сұр зат. Сұр
заттар қыртыстанып ақ заттың үстін жауып тұрады. Бұл ми қыртысы (кора
головного мозга, cortex cerebrі). Сұр зат қыртыстары сайлар мен иірімдерден
тұрады. Мидың ақ затынан қыртыс асты (подкорка) пайда болады. Қыртыс асты
ақ затының ішінде терңдеп кірген сұр заттар көрінеді. Олар негізгі (базаль)
ядролар. Негізгі ядроларға жолақ дене, бұршақ және құйрықша ядролар, ішкі,
сыртқы солғын ядролар кіреді. Ми сыңарларының бостығы күрделі пішіндегі
бүйірдегі қарыншалар.
Ми діңгегі (мозговой ствол, encephalicus). Ми діңгегінің құрамына
сопақша, аралық, орталық, артқы ми, тор іспетті дене, III-IV ми
қарыншалары, Сильвий су құбыры кіреді.
Сопақша ми (продолговатый мозг, medulla oblongata) жұлынның тікелей
жалғасы. Ми сауытының ішінде, шүйде сүйегінің ылдиының үстінде. Алдыңғы
беті ылдиға, артқы беті мишыққа қараған. Сопақша мидың алдыңғы бетінде
алдыңғы орталық сала бар. Ол жұлынның алдыңғы орталық саласының жалғасы.
Алдыңғы орталық саланың екі бүйірінде пирамида (pyramidа) мен олива (olivа)
орналасқан. Пирамидадан төменге бағытталған қимылдық жүйке талшықтары
өтеді.
Пирамидадан өткен оң және сол жақтағы жүйке талшықтары сопақшами мен
жұлынның аралығында бір-бірімен айқасып, пирамида жолының айқасы пайда
болады. Әрбір пирамиданың артында сопақша пішіндегі дөңес оливалар бар.
Оливада сұр заттың жиынтығы – олива ядросы немесе вестибуляр ядро. Пирамида
мен оливаның аралығындағы алдыңғы бүйірдегі сайдан бас ми жүйкелерінің XII
жұбы, ал оливаның артындағы артқы орталық сайдан IX, X, XI жұп бас ми
жүйкелері шығады. Артқы орталық сайдың екі бүйірінен жіңішке және сынадай
ядроларда аяқталады. Бұл ядроларда температура мен ықтияр орталығы
орналасқан.
Сопақша мидың артқы бетінің жоғарғы бөлігінің пішіні ұшбұрыш. Бұл ромбы
тәріздес шұңқырдың төменгі жартысы немесе төртінші қарыншаның түбі болып
саналады. Сопақша мидан мишыққа екі төменгі мишық аяқтары тартылған.
Олардың пішіні білікше, ромба тәріздес шұңқырдың төменгі бөлігі бүйірінің
шекарасында тұрады. Төменгі мишық аяқтарынан артқы жұлын-мишық жүйке
жолдары өтеді.
Сопақша мидың сұр заты ішінде, ақ заты сыртында орналасқан. Сұр зат
сопақша мидың ядроларының жиынтығы, онда тіл-жұтқыншақ (XI жұп), кезеген
(X), қосымша(XI), тіл асты (XII) ми жүйкелерінің және жіңішке, сынадай,
олива ядролары орналасқан. Сопақша мидің ақ заты қысқа және ұзын жүйке
талшықтарының шуиағынан тұрады. Қысқа жүйке талшықтары сопақша мидың
ядроларының және олармен ми көпірі ядросының арасын қосады. Сопақша мидың
ұзын жүйке талшықтары жоғары және төмен бағытталған бас ми мен жұлынның
өткізгіш жолдары.
Сопақша ми көлемі жағынан өте кішкене болса да (ұзындығы 3 см), онда
адам өмірі үшін өте маңызы орталықтар орналасқан: 1. тыныс алу орталығы; 2.
жүрек, қан тамырлар орталығы; 3. тағам рефлекстері (ему, сору, жұтыну); 4.
вестибуляр, тепе-теңдік; 5. қорғаныс рефлекстері (жөтелу, түшкіру, көз
жасы) орталықтары. Сопақша ми зақымданса адамның өмір сүруі мүмкін емес.
Артқы ми (задний мозг, metencephalon) екі бөліктен: көпір мен мишықтан
тұрады. Көпір (pons) немесе вароли көпірі көлденен орналасқан білікке
ұқсайды. Көпірдің алдыңғы беті ми сауытының ылдиына, артқы беті мишыққа
қараған. Көпірдің алдыңғы бетінін ортасынан ұзынша сай өтеді, онда мидың
негізгі артерия қан тамыры орналасқан. Көпірдің артқы беті ромбы тәріздес
шұңқырдың құрылысына қатысады. Көпір екі бүйірінде жіңішкеріп,мишықтың
ортадағы аяқтары түрінде мишықпен бірігеді.көпірдің сұр заты ішінде, ақ
заты сыртында. Көпірдің алдыңғы бөлігі негізінен ақ заттан тұрады. Ондағы
сұр заттар көпірдің меншікті ядролары. Бұл ядроларға ми қыртысынан жүйке
талшықтары келеді, ал одан жүйке талшықтары мишыққа барады. Көпірдің ақ
затынан мидың басқа бөліктерінің өткізгіш жүйке талшықтары өтеді.
Көпірдің негізгі атқаратын қызметі: 1) өткізгіштік; 2) рефлекторлық.
Мишық (мозжечок, cerebellum) салмағы 120-150г. Ол ми сауытының артқы
шұңқырында, үлкен ми сыңарларының шүйде бөлігінін астында, сопақша ми мен
көпірдің артында орналасқан. Мишықтың оң және сол жарты шарлары, олардың
ортасында мишық құрты бар. Мишық бөліктерге бөлінген. Мишықтың беті
көлденең сайлармен қатпарларға, бөліктерге бөлінген. Мишықтың жарты
шарларының іші ақ заттан тұрады. Сырты сұр затпен қапталған. Мишықты
сагитальдық бағытпен кескенде оның ақ затының ішіндегі сұр заттардың
тармақталуын көруге болады. Сұр заттардың ерекше орналасуына қарап оларды
өмір талы деп атайды.
Мишықтың үш жұп аяғы бар. Жоғарғы аяғы орталық мидан, ортадағысы ми
көпірінен, төмендегісі сопақша мидан келеді. Бұл аяқтардың құрамына
мишықтың өткізгіш жүйке талшықтары бар. Бұл тармақтар мишықты ми
сыңарларымен және жұлынмен жалғайды. Мишықтың қызметі: тепе-теңдікті
сақтайды, қимылды реттейді (координация), оны дәлдейді, әсемдейді, бұлшық
еттердің тонусын реттейді, вегетативтік жүйке жүйесінің қызметін реттейді.
Мишық зақымданғанда астазия, атония, астения, атаксия пайда болады.
Мидің IV қарыншасы (четвертый желудочек, ventriculus guartus) сопақша ми
мен артқы мидың қуысы.IV қарынша төменінде жүлының орталық тесігімен
жалғасады. Жоғарысында сильвиі су құбырына, ал төбесінде уш тесік арқылы
бас мидың субарохнаидаль қуысымен жалғасады.IV қарыншаның түбі ромбы
тәрізді шұңқыр. Ромбы тәрізді шұңқырдың төменгі бөлігі сопақша мидан,
жоғарғы бөлігі көпір мен оның мойынына пайда болған. IV қарыншының артқы
немесе дорсаль қабырғасы, оның төбесі. Ол жоғарғы және төменгі ми
шатырларының пайда болған, мишыққа жанасып тұрады. Артындағы бөлігіне мидың
жұмсақ қабаты келіп қосылады. Осы түста қан тамырлардың торы бар.
Ромбы тәрізді шұнқыр (ромбовидная ямка, fossa rhomboidea). Мишықты алып
тастап ромбы тәріздес шүңқырды көруге болавды. Ол жоғарысында мишықтың
жоғаргы аяқтарымен, төменінде – мишықтық төменгі аяқтарымен шектескен.
Бүйіріндегі және төменгі ұшында ромбы тәріздес шұнқыр торлы қабық асты
қуысымен, жоғарғы бұрышында сильвий құбырымен жалғасады. Ромбы тәріздес
шұңқырдың ортасына жақын бас мидың V жұп жүйкесінің ядросы, ал оның шетінде
VI жұп, одан тереңіректе VII жұп бас ми жүйкесінің орталықтары орналасқан.
Орталық ми (средний мозг, mesencephalon). Орталық миға аяғы мен 4 төмпешік
кіреді. Оның қуысы – сильвий түтігі. Төмпешіктерде сұр заттың ядролары бар.
Орталық ми көлденең кесілгенде үш бөліктен тұратынын көруге болады:
1.төбесі (крыша), 2.қақпақ (покрышка), 3.ми аяқтарының негізі. Қақпақ пен
ми аяғының аралығында қара заттар (ядролар) бар, ал төбеде қызыл заттар
және тор іспетті зат (ретикулырная формация) орналасқан.
Сильвий түтігі орталық мидың сұр затымен қоршалған. Ол жерде III және IV
жұп бас ми және парасимпатикалық жүйкелердің ядролары орналасқан. Ми
аяқтарының негізі пирамидалық өткізгіш жолдардан тұрады. Олар ми жарты
шарларын көпір мен мишық ядроларымен біріктіреді. Қара субстанция және
қызыл ядролар экстрапирамидалық өткізгіш жолдардың қыртыс асты орталығы.
Олар адам қимылының автоматизмін қамтамасыз етеді.
Қақпақтан жоғары көтерілуші немесе ішкерідегі (медиаль) өткізгіш жолдар
өтеді. Олар сопақша мидан басталып таламус ядроларына дейін барады.
Шеткерідегі (латераль) немесе есіту өткізгіш жолдары көпірден төрт
төмпешіктің төменгі төмпешіктеріне және аралық мидың ішкерідегі (медиаль)
тізесіне барады.
Орталық мидың атқаратын қызметі:
1. Бұлшық еттің тонусын реттейді.
2. Жүру, тік жүру, рефлекстерінің орталығы.
3. Жоғарғы төмпешіктер көрудың қыртыс асты орталығы. Олар импульсті
көздің тор қабатынан алып, жарықты қабылдауы нәтижесінде көздің шыны
сияқты денесі мен қарашықтың пішіні өзгереді, зат анық көрінеді.
4. Төменгі төмпешіктер дыбыстың қыртыс асты орталығы.
Аралық ми (промежуточный мозг, diencephalon) мидың мүйізді денесі мен
күмбез астында жарты шарлары мен бірігіп орналасқан. Аралық миға таламус
(көру төмпешіктері), эпиталамус, метаталамус, гипоталамус кіреді. Аралық
мидың қуысы III қарынша.
Таламус немесе көру томпағы (thalamus) – сұр заттардың жұмыртқа тәрізді
бірігуінен пайда болады. Ол ақ затпен жабылған. Оның алдыңғы бөлігі қарынша
аралық тесікке, ал артқы бөлігі төрт төмпешікке жанасады. Оның сыртқы беті
ми жарты шарларымен бірікеен, құйрықты ядро және ішкі капсуламен шектеседі.
Көру томпағының ішкі (медиаль) беті III қабырғасына, төменгісі
гипоталамусқа жалғасады. Таламуста ядролардың үш түрі бар. Олар: алдыңғы,
шеті (латераль) және ішкі (медиаль) ядролар. Барлығы 40-қа жақын ядролар
бар. Таламусты сезгіш жинақтаушысы деп атайды. Себебі онда иіс сезуден
басқа барлық сезудің қыртыс асты орталығ біріккен. Осы жерде алынған барлық
хабарларға биологиялық баға беріледі. Таламуста адамның көңіл күйінің
қыртыс асты орталығы (ашулану, каhарлану, қорқу, жадырау) орналасқан.
Таламустың зақымдануының белгілері: бас қатты ауырады, үйқы, сезу, қимылдың
дәлдігі бұзылады. Еріксіз қимыл пайда болады.
Эпиталамус немесе төмпешік үсті (надбугорная область, epihalamus). Бұған
эпифиз, ми тізгіні кіреді.
Эпифиз (corpus pineale) – үшінші қарыншаның артқы жағында, төрт
төмпешіктің үстінде. Дене қызметінің тәүліктік ырғағына әсер етеді.
Метаталамусқа ішкі және сыртқы тізелі дене кіреді. Сыртқы тізелі дене
(латеральное коленчатое тело,corpus geneculatum laterale) көздің торлы
қабығының басталған көру жолының нейрондары сыртқы тізелі денеге, одан сол
нейрондардың аксондары ми қыртысының көру аймағына бағытталады.
Гипоталамус немесе томпақ асты аймағы (подбургорная область, hypothalamus)
– гипофиз. Сұр томпақ, көру жолы, көру жолының айқасы, емізікше дене
кіреді. Гипофиз – ми қосымшасы, түрік ер тоқымының ойығындағы ішкі
секреция безі. Көру айқастары (зрительный перекрест, chiasma opticum) көз
алмасынан басталатын көру жүйкесінің кейбір талшықтарының айқасынан пайда
болады. Бұл айқас түрік ер-тоқымының сәл алдында. Сұр томпақ (серый
бугор, tuber cinercum) жылу және зат алмасуын реттейтін қыртыс асты
орталығы.
Гипоталамуста 32 жұп вегетативтік жүйке жүйесінің қыртыс асты орталығы.
Олар – ішкі ортаның тұрақтылығын сақтайтын, ақуыз, май көмірсу, тұз-су
алмасуын реттейді. Сонымен бірге гипоталамуста дененің жылынуын,
қанағаттану, қанағаттанбау, қанның құрамы мен осмотикалық қысымын реттейтін
орталықтар бар.
Гипоталамуста ашу орталығы орналасқан.
Торша дене (ретикулярная формация, formation reticularis) – аралық ми мен
діңгегіне тармақталған нейрондардың жиынтығы. Нейрондардың өсінділері
торшаланып шатасқан. Торша денеің атқаратын қызметі: орталық жүйке
жүйесінің қызметін, оған келеген тітіркеністерді күшейтеді немесе
әлсіретеді. Торша дене И.П.Павловтың теңеуімен сипаттағанда, ми қыртысының
қызметіне екпін беріп тұрады. Сонымен бірге ми қыртысы торша дененің
қызметін реттеп тұрады.
III қарынша, аралық мидың қуысы, екі көру төмпешігінің аралығында. Екі
таламуста оның бүйірдегі қабырғасы IV қарыншамен сильвий түтігі арқылы,
екі бүйірінде қарынша аралық тесік арқылы, үлкен мидың бүйір қарыншаларымен
жалғасады.
Жұлын-ми сұйықтығы(спинно-мозговая жидкость, liguor cerebrospinalis). Мидың
қарыншаларында жұлынның орталық тесігінде жұлын-ми сұйықтығы болады. Мидың
тамыр торларында тәулігіне 600 мл жуық жұлын-ми сұйықтығы пайда болады. Бұл
сұйықтық ми қарыншаларын, жұлын өзегін толтырып, одан жұлынның ми
қабықтарының арасына кіріп, оларды өзара байланыстырып тұрады. Мида
сұйықтық ми қарыншаларын толтырып, одан жұлын өзегіне өтеді. III-IV бел
омыртқаларының тұсында жұлынның ортасындағы өзегі кеңейіп, аяқталады. Жұлын-
ми сұйықтығының бір бөлігі мидың, ми қыртыстарының арасымен миды жуып,
сүзіліп, вена жүйесіне қосылады. Ми сыртындағы оны әртүрлі соғылу, жарақат
алудан сақтайды.
Жұлын ми сұйықтығының атқаратын негізі қызметтері:
1. Мидің жасушалары мен қан жасушаларының арасын байланыстырады.
2. Нейрондарға жұлын-ми сұйықтығы арқылы қоректік заттар өтеді.
3. Нейрондарды тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған керексіз
заттардан тазартады.
4. Ми нейрондарын бір-бірімен гормондар, әртүрлі метоболиттер (адреналин,
гистамин. Серотонин) арқылы байланыстырады.
Жұлын ми сұйықтығы түссіз мөлдір сұйықтық. Бас ми жұлын ауруларында оның
түсі, қысымы өзгереді.
Үлкен ми сыңарлары (полушария головного мозга, cerebrum). Орталық жүйке
жүйесінің ең күрделі бөлігі. Ми сыңарлары бір-бірімен терң саңлау арқылы
бөлінеді де, оларды сүйелді дене біріктіреді. Ми сыңарларын мишықтан
көлденең сай бөліп тұрады. Ми сыңарлары мидың басқа бөліктерін жабады.
Үлкен ми сыңарларының үш беті: жоғарғы (дорзо-латераль), бір-біріне
қараған жазық және төменгі немесе негізгі беті бар. Үлкен ми негізінде ми
сыңарларының маңдай бөлігінің төменгі беті, иіс буылтығы, оның артында
кейінге қарай тартылған иіс жолы мен иіс үшбұрышы көрінеді. Иіс үшбұрышының
артында жанасып алдыңғы жырымдалған зат, одан ішкеріде көру жүйкесінің
айқасы көрінеді. Көру айқасының артында сұр төмпешік бар. Сұр төмпешіктің
аяғы түтікшеленіп төменге бағытталған. Ал түтіктің ұшында домлақ – гипофиз
безі. Сұр төмпешікке екі ақ шар іспетті дөңес – емізікше дене жанасады.
Көру жүйкесі жолының артындағы екі ұзынынан жатқан ақ білік-ми аяқтары
көрінеді. Ми аяқтарының аралығында аяқ аралық шұңқыр бар. Аяқ аралық
шұңқырдың түбінде артқы жырымдалған днен орналасқан, ал оның артында
варолий көпірі көрінеді. Көпірдің шеті мишықтың ортадағы аяғымен мишыққа
шектеседі. Сопақша ми, оның ішкі жағында сопақша мидың пирамидасы, ал
сыртқы шетінде оның оливасы көрінеді.
Ми сыңарларының бір-біріне қараған бетін ортадағы қуыстан ұзынынан кесіп
көруге болады. Ми сыңарларының бір-біріне қараған бетінде ми діңгегі мен
мишықтың бөліктері көрінеді. Ми сыңарларының арасын сүйелді дене қосып
тұрады, оның орта бөлігі жіңгек деп аталады. Сүйелді дененің алдыңғы
бөлігі иілгенде тізесі, ал төменге қарай жұқарғанда оның тұмсығы пайда
болады. Сүйелді дененің артқы бөлігі қалындап білікке айналады. Сүйелді
дененің төменгі бетінің ортадағы бөлігінен ақ табақша бөлініп, ми
күмбезінің денесі шығады. Күмбездің денесі біртіндеп бөлініп алға, төменге
қарай иіліп, күмбездің діңгегіне жалғасады. Күмбездің діңгегі емізікше
дене, артында күмбез аяқтары болып бітеді. Күмбез діңгегінің аралығынан
жүйке талшықтарының шумағы өтеді. Бұл мидың алдыңғы дәнекері деп аталатын
ақ заттар, олар мидың сыңарларын біріктіреді. Күмбез діңгектері ми затының
жұқа қабыршағы-жылтыр аралықты қоршайды. Бұл түзілістердің барлығы соңғы
мидың құрамына кіреді.
Ми сыңарларының дөңес беті ірі және орташа сайлармен бөлінген. Сайлар
мен иірмдер бірігіп ми қыртысының бетін біршама кеңейтеді. Ми сыңарлары бес
бөлікке: маңдай, төбе, самай, шүйде, аралдық болып, бір-бірімен сайлармен
бөлінген. Ми сыңарларының маңдай мен төбе бөлігі – орталық сай, немесе
роланд сайы бөліп тұрады. Ми сыңарларының төбе шүйде бөліктерінің
аралығынан төбе-шүйде сайы өтеді. Бұл сай ми сыңарларын төбе шүйде, самай
бөліктеріне бөледі.
Ми сыңарларының маңдай бөлігіалдыңғы ми шұңқырында орналасқан. Мидың
орталық сайының алдында жатады. Осы орталық сайға парллель өтетін сайды
алдыңғы орталық сай деп атайды. Екі сайдың аралығында алдыңығы орталық
қатпар бар. Ми сыңарларының алдыңғы орталық сайына тік үш сай өтеді. Бұл
сайлар – маңдай бөлігін жоғарғы ортадағы және төменгі қатпарларға бөледі.
Ми сыңарларының төбе бөлігі орталық (роланд) сайдың артында орналасқан.
Орталық сайға қатар, артқы орталық сай бар. Екі сайдың сайына тік
бұрыштанып аралық сай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері
Жүйке жүйесі қасиеттері туралы түсініктеме. Е. П. Ильиннің психофизиология ғылымына қосқан үлесі
Жүйке жүйесінің дамуы
Орталық жүйке жүйесін әлсірететін заттар
Психиканың жалпы сипаттамасы
Нейронның анатомиялық құрылысы және рефлекторлық доғаның құрылымдық ерекшеліктерін қалыптастырудағы теориялық ұғымдар
Жүргізушінің сенімділігін анықтайтын факторлар
Психиканың ежелгі сипаттамасы
Симпатикалық жүйке жүйесі
Элементарлы сенсорлық психика дамуының жоғарғы деңгейі
Пәндер