Ұлпа



Кілегей ұлпасы (эпителиальная ткань,textus epithelialis) дененің сыртынан жауып,ішкі қуыс мүшелердің шырышты қабатын қаптап тұрады.Кілегей ұлпасы бездердің құрамына кіреді.Ол жасуша мен аралық заттардан тұрады.Басқа ұлпалардан ерекшелігі-оның аралық заты өте аз,жасушаның пішіні әр түрлі.Атқаратын қызметі:денені механикалық,химиялық және т.б сыртқы ортаның әсерінен қорғайды,денедегі зат алмасуына,соруы,сөл бөліп шығару қызметіне қатынасады.Денеде кілегей ұлпасының негізінен 3 түрі кездеседі:1.бір қабатты; 2.көп қабатты;3.безді кілегей.
Бір қабаттың өзі кілегей ұлпасы жасушаларының пішініне байланысты бір қатарлы,көп қатарлы болып бөлінеді.Бір қабатты кілегей ұлпасының цитоплазмасында ерекше қосымшалар болады.Олар:түтікше,жіпше,кірпікше,
тонофибриль.Түтікшелер-кілегейлі жасушаның цитоплазмасының өсінділері.Олар ішекте,бүйректің түтікшелерінде болады және бұл мүшелердің шырышты қабатының сіңіру, сору көлемін кеңейтеді.Жіпшелер-қозғалғыш,еркектердің жыныс жасушаларында кездеседі.Кірпікшелер-жіңішке қозғалғыш өсінді.Кірпікшелері бар кілегей ұлпаларын «жыбырлағыш кілегей» деп атайды.Олар тыныс жолдарында,әйелдің жыныс мүшелерінде кездеседі.Тонофибрильдер кілегей ұлпасына беріктік береді.
Бір қабатты кілегей ұлпасы призма,цилиндр,кубшалау және жазық болып кездеседі.Бір қабатты призма,цилиндр кілегей ұлпасы асқазанның,ішектің,жатырдың және бүйректің түтікшелерінде кездеседі.Ішектің кілегей ұлпасында микротүтікше болады. Олардың ішінде безді жасуша да болады. Безді кілегей жасушалары сөл бөліп шығарады.Бір қабатты кубшалау кілегей ұлпасы майда бронхтарда,бездің өзегінде және бүйрек түтікшесінде болады.Бір қабатты жазық кілегей (мезателий) шарбының,плевраның,перикардтың бетін қаптайды.Сондықтан бұл мүшелер қимылдағанда өте тез жылжу қасиетіне ие болады.Бір қабатты көп қатарлы кірпікшелі кілегей жасушаның ұзындығы әртүрлі.Сол үшін олар көп қатарлы болып орналасқан,ал бос ұшында кірпікшелер болады.Олар тыныс жолының мұрын қуысын, көмекей,кеңірдек,бронхтың және жыныс мүшесінің шырышты қабатын қаптайды.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Ұлпа (ткани)
Кілегей ұлпасы (эпителиальная ткань,textus epithelialis) дененің
сыртынан жауып,ішкі қуыс мүшелердің шырышты қабатын қаптап тұрады.Кілегей
ұлпасы бездердің құрамына кіреді.Ол жасуша мен аралық заттардан
тұрады.Басқа ұлпалардан ерекшелігі-оның аралық заты өте аз,жасушаның пішіні
әр түрлі.Атқаратын қызметі:денені механикалық,химиялық және т.б сыртқы
ортаның әсерінен қорғайды,денедегі зат алмасуына,соруы,сөл бөліп шығару
қызметіне қатынасады.Денеде кілегей ұлпасының негізінен 3 түрі
кездеседі:1.бір қабатты; 2.көп қабатты;3.безді кілегей.
Бір қабаттың өзі кілегей ұлпасы жасушаларының пішініне байланысты бір
қатарлы,көп қатарлы болып бөлінеді.Бір қабатты кілегей ұлпасының
цитоплазмасында ерекше қосымшалар болады.Олар:түтікше,жіпше,кірпікше,
тонофибриль.Түтікшелер-кілегейлі жасушаның цитоплазмасының
өсінділері.Олар ішекте,бүйректің түтікшелерінде болады және бұл мүшелердің
шырышты қабатының сіңіру, сору көлемін кеңейтеді.Жіпшелер-
қозғалғыш,еркектердің жыныс жасушаларында кездеседі.Кірпікшелер-жіңішке
қозғалғыш өсінді.Кірпікшелері бар кілегей ұлпаларын жыбырлағыш кілегей
деп атайды.Олар тыныс жолдарында,әйелдің жыныс мүшелерінде
кездеседі.Тонофибрильдер кілегей ұлпасына беріктік береді.
Бір қабатты кілегей ұлпасы призма,цилиндр,кубшалау және жазық болып
кездеседі.Бір қабатты призма,цилиндр кілегей ұлпасы
асқазанның,ішектің,жатырдың және бүйректің түтікшелерінде кездеседі.Ішектің
кілегей ұлпасында микротүтікше болады. Олардың ішінде безді жасуша да
болады. Безді кілегей жасушалары сөл бөліп шығарады.Бір қабатты кубшалау
кілегей ұлпасы майда бронхтарда,бездің өзегінде және бүйрек түтікшесінде
болады.Бір қабатты жазық кілегей (мезателий) шарбының,плевраның,перикардтың
бетін қаптайды.Сондықтан бұл мүшелер қимылдағанда өте тез жылжу қасиетіне
ие болады.Бір қабатты көп қатарлы кірпікшелі кілегей жасушаның ұзындығы
әртүрлі.Сол үшін олар көп қатарлы болып орналасқан,ал бос ұшында
кірпікшелер болады.Олар тыныс жолының мұрын қуысын,
көмекей,кеңірдек,бронхтың және жыныс мүшесінің шырышты қабатын
қаптайды.
Көп қабатты кілегей ұлпасы ауыз қуысын,өңешті,көздің қасаң қабағын,несеп-
зәр шығару мүшелерінің шырышты қабатын қаптайды.Ол негізінен қорғаныс
қызметін атқарады.Көп қабатты кілегей ұлпасының үш түрі бар: 1.түлейтін;
2.түлемейтін; 3.көшпелі. Көп қабатты түлейтін кілегей-терінің эпидермис
қабаты.Морфологиялық белгісіне байланысты көп қабатты кілегейдің жасушалары
5 қатарға бөлінеді.Олар: 1.базаль немесе
негізі;2.тікенекті;3.дәнешелі;4.жал тырық;5.мүйізді. Көп қабатты кілегейдің
бірінші екі қабатын өсу қабаты деп атайды, себебі бұл қатардағы
эпителиоцит өсу қабілетіне ие.Дәнешелі қабаттағы жасуша
бүрісіп,цитоплазмасында ерекше ақуыз кератинді сақтайды.Көп қабатты
кілегейдің жалтырақ қабатының жасушалары жазық мүйізденіп,қабыршықтанып
өлуге даярланып тұрады. Мүйізді қабат-ең беткейдегі қабат.Терінің кілегей
жасушалары базаль қабатында өсіп,беткейдегі қабаттарда өліп,түлеп,орнын
жаңа жасуша басып отырады.Көп қабатты түлемейтін кілегей көздің қасаң
қабатында,ауыз қуысынан кілегей қабатында кездеседі.Оның үш қабаты
бар:негізгі,тікенекті және эпителиоцит бар жазық қабат.Түлемейтін кілегей
ұлпасының негізгі қабатындағы цилиндрше жасуша өсу қасиетіне ие.Сол үшін
бұл қабатты
өсу қабаты деп атайды.
Көшпелі кілегей несеп-зәр шығару мүшелерін-несеп ағар,қуықтың шырышты
қабатын қаптап тұрады.Көшпелі кілегей екі қабаттан тұрады:негізгі және
беткейдегі.Негізгі қабатында көптеген көп қырлы жасуша бар.Беткейдегі
қабатта көптеген сығылып-қысылған жасуша болады.Мүше кеңейгенде олар
жұқарады,ал мүше тарылғанда кілегей жиырылып қалыңдайды.Безді кілегей
жасушасының пішіні әртүрлі болады.Бірақ барлығына тән қасиет сөл бөліп
шығарады.Безді кілегей жасушаларында Гольджи аппараты,митохондрия
көп.Гольджи аппараты сөлдің бөлінуіне қатынасады.Бездің сөлін бөліп
шығаруына байланысты оларды эндогенді және экзогенді без деп екі топқа
бөледі.Эндогенді бездің өзегі болмайды,олар сөлін қан мен лимфа
тамырларына шығарады.Мысалы:тер безі терінің бетіне,ал сілекей безі
сілекейді ауыз қуысына шығарады.Бездің сөлінің құрамы әртүрлі.Оның
құрамында ақуыз,шырыш,минералды тұздар,май болуы мүмкін.
Дәнекер ұлпаға (соединительная ткань,textus connectivus) жасуша мен
жасуша аралық зат кіреді.Жасуша аралық зат талшықтан және негізгі заттан
құралған.Дәнекер ұлпаның түрлері:борпылдақ дәнекер ұлпа,тығыз дәнекер
ұлпа,дәнекер ұлпаның ерекше түрі.Тығыз дәнекер ұлпа реттелген және
реттелмеген болып екі топқа бөлінеді.Тіреуіш трофикалық ұлпаның ерекше
түріне ретикуляр ұлпасы,май,шырышты және пигментті ұлпа кіреді.Тіреуіш ұлпа
шеміршек және сүйек ұлпасы болып бөлінеді.Дәнекер ұлпаның атқаратын
қызметі:1.трофикалық зат алмасуына;2.қорғаныс,фагоцитоз қасиеті бар
иммунитетке;3.механикалық(тіреуіш,б айлам,
сіңір,шеміршек,сүйек,тамырмен бірге мүшенің негізін
қалайды);4.пластикалық-жасуша регенерациясына қатынасады.
Дәнекер ұлпаның аралық затының құрылысы өте күрделі.Оның құрамында
көмірсу,полисахаридтер,ақуыз болады. Дәнекер ұлпаның негізгі аморф заты
сұйық,қою болуы мүмкін.Олар негізінен қан тамырын қоршап тұрады.Аралық
заттағы желім беруші талшықтың түрі таспаға ұқсайды.Аралық заттың серпімді
талшық көлденең жолақты протофибрильден,цемент беруші заттан
құралған.Пигмент жасушалары цитоплазмасында жасушаға түр беретін меланин
затын сақтайды. Бұл жасуша тік ішектің,емшек ұшының айналасында,еркектің
енінде,көздің тамырлы қабатында өте көп болады.Дәнекер ұлпаның эндотелий
қабаты қан мен лимфа тамырының ішкі қабырғасын қаптап тұратын,пішіні мен
үлкендігі әртүрлі жасуша-эндотелиоцит.
Дәнекер ұлпаның ерекше түрлері-ретикуляр ұлпасы.Олар ретикуляр жасуша мен
оның талшығынан тұрады.Ретикуляр жасуша бір бірімен өсінді арқылы
торшаланып қосылады,олардың талшығы әртүрлі бағытта орналасқан.Ретикуляр
ұлпа жілік сүйегінің басында,лимфа түйіндерінде,көк
бауырда,ішекте,бүйректің шырышты қабатында көп кездеседі.
Ретикулоэндотелиал жүйе деп денеге түскен бөгде бөлшекті қармап
алып,жасушаның цитоплазмасына өткізетін жасуша жиынтығын айтады.Бұл жасуша
денеге түскен бөгде затты қармап алып,оларды жояды,иммунитет пайда болады.
Ретикулоэндотелиал жасушаға қан жасап шығарушы мүшедегі макрофаг,бауыр
капиллярындағы жасуша кіреді.
Дәнекер ұлпаның денеде көп таралған жасушаларының бірі-фибробласт.Пішіні
ұршыққа ұқсаған не жазық болып келетін олар тез қимылдағыш,жараның бітуіне
тырнақтың пайда болуына,денеге түскен бөгде денелерді қармап алуға
қатынасады.
Макрофаг гистеоциттен немесе “адасушы”деп аталатын жасушадан тұрады.
Гистеоцит қан тамырының айналасында,майдың жиналған жерінде болады.Олар
дененің қабынған аймағына барып,ондағы микробты қармап алады да,улы
заттарын залалсыздандырады,денеде иммунитет пайда болады.
Лаброцит-цитоплазмасында дәнеше өсіндісі бар,пішіні әр түрлі жасуша.Бұл
жасушада қанның ұюына қатынасаты гепарин пайда болады. Лаброциттің мөлшері
кейбір ауруда қте көбейеді.
Дәнекер ұлпаның плазматикалық жасушасы-плазмоцит,ішектің шырышты
қабатындағы,шарбыдағы,бездегі,сүйек тің майындағы дәнекер ұлпада кездеседі.
Олпр ақуыз алмасуына,антидененің пайда болуына қатынасады. Дәнекер ұлпаның
май жасушасы-липоцит. Олардан денеде пайда болған май көбіне қан
тамырларының айналасында болады. Май жсушасы домалақ пішінді,оның ортасында
нейтраль май талшығы бар. Адам денесіндегі май ұлпасы –терінің
астында,шарбыда,шажырақайда,бүйрект ің айналасында. Май ұлпасы-деннің
қоректік қоры. Ол адамның тамақтануына байланысты өзгеріп,зат алмасуына
қатынасады,жылуды реттейді,денені жарақаттан
сақтайды.
Желімше ұлпа ана құрсағындағы ұрықтың кіндігінде ғана кездеседі.
Пигмент ұлпасының құрамында-пигмент жасушасы көп. Олар денеге түс береді.
Шеміршек ұлпасы шеміршек жасушасы хондриоциттен және жасуша аралық
заттан тұрады.Шеміршек ұлпасының аралық затында коллаген,элластик,ретикулин
талшығы бар.Аралық затындағы талшықтың түріне байланысты шеміршектер
коллагенді,серпімді (элластик) және ретикулинді шеміршек болып бөлінеді.
Перихондриоцит шеміршектің сыртындағы дәнекер ұлпалы қабықта болады. Бұл
қабық екі қабат,екі қабаттың арасындағы зат шеміршекті қоректендіріп
тұрады.Қабықтың ішкі қабатында хондроиобластан жасуша
орналасқан.Хондриобласттан шеміршек ұлпасы хондриоцит
дамиды,жетіледі,өседі.
Гиалин шеміршегі-қабырғаның төс сүйегіне жабысқан алдыңғы ұшында,үлкен
бронхта,мұрын аралығында,сүйектің буын бетінде,көмекейде ұшырайды.
Құлақ қалқанының,сыртқы есту түтігінің,көмекей үсті шеміршегі серпімді
немесе элластик шеміршектерге жатады.
Коллаген шеміршегі омыртқа аралығындағы
дискіде,көкірек,бұғана,самай,төменг і жақ буынында,сіңірдің сүйекке жабысқан
жерінде кездеседі.
Сүйек ұлпасы- сүйек жасушасы мен құрамында бейорганикалық тұзы бар
аралық заттан тұрады.Бейорганикалық зат құрамына күрделі қосылысты кальций
тұзы кіреді,олар сүйекке беріктік қасиет береді.Сүйектің серпімділік
қасиеті оның негізгі ұлпасы-остеонға байланысты.Сүйектің аралық затында
сопақша қуыс бар,ол сүйектің тесігімен жалғасады. Сүйек ұлпасының үш түрі
бар: остеобласт,остеоцит,остеокласт.Осте областтан остеоцит пайда
болады.Сүйек ұлпасы тұрпайы талшықты және жазық болып екіге
бөлінеді.Тұрпайы талшықты сүйек ұлпасы ананың құрсағындағы ұрықтың
сүйегінде ,ересек адамның ми сауытының жігінде, сіңірдің сүйекке жабысқан
жерінде кездеседі.Олардың жасуша арасында остеоциті бар коллаген талшығы
пайда болады. Жазық сүйек ұлпасы адамның барлық қаңқа сүйегінде болады.Ол
тығыз және борпылдақ сүйек ұлпасы болып екі топқа бөлінеді. Тығыз сүйек
ұлпасының құрылыс бірлігі – гаверс жүйесі немесе остеон. Остеон 5-20
талшықтан тұрады,ал оның ортасындағы өзек остеон өзегі немесе гаверс
өзегі деп аталады. Өзекше,олардағы қан тамыры бір-бірімен және сүйек
майының,сүйек қабының қан тамырымен қосылады. Сүйектің қабығынан сүйекке
өтетін қан тамыры қоректендіру қызметін атқарады.Сүйектің сыртындағы қабығы
периост деп аталады,ол дәнекер ұлпалы екі қабықтан тұрады.Сүйек
жарақаттанғанда ішкі қабаттан өседі, ал сыртқы қабығы-қан тамыры мен
жүйкеге бай тығыз дәнекер ұлпа.Сүйектің түтігінің ішін қаптап тұрған қабығы
эндоост деп аталады.
Бұлшық ет ұлпасы (мышечная ткань,textus muscularis)-дененің қимыл
аппаратының белсенді бөлігі.Бұлшық ет ұлпасының үш түрі бар:көлденең
жолақты,бірыңғай салалы және ерекше бұлшық ет ұлпасы.
Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы негізінен қаңқа бұлшық
еттерінде,ауыз,тіл,көмекей,жұтқынша қ,көкет (диафрагма),ымдау бұлшық
еттерінде,өңештің жоғарғы бөлігінде кездеседі.Көлденең жолақты бұлшық
еттер ұлпасы адам еркіне бағынышты жиырылып,босаңсиды,оның қызметіне көп
энергия жұмсалады.
Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы ішкі мүше қабырғасында
кездеседі.Олардың жиырылып,босаңсуына энергия жұмсалмайды,олардың қызметі
адам еркіне бағынышты емес.
Бұлшық еттің ерекше түріне жүректің көлденең жолақты бұлшық еті мен
миоэпителиалды бұлшық еті енеді. Жүректің көлденең жолақты бұлшық еті
құрылысы жағынан қаңқаның бұлшық етіне ұқсас,бірақ адам еркіне бағынышсыз
жиырылып,босаңсиды,оның қызметіне энергия жұмсалмайды.Жүректің көлденең
жолақты бұлшық ет ұлпасының жасушасы-кардиомиоцит.
Бұлшық еттің ерекше түрінің бірі-миоэпителалды бұлшық ет ұлпасы.Сүт пен
тері безі өзегінің бұлшық етінде болады.Олардың жиырылуы нәтижесінде
аталған бездердің сөлі сыртқа шығады.Көздің қарашығы мен цилиар денесінің
бұлшық еті көздің қарашығын тарылтып,кеңейтеді.Бұлшық еттің ерекше түрінің
қызметі адам еркіне бағынышты емес.
Жүйке ұлпасы (нервная ткань,textus nervosus) жүйке жасушасынан пайда
болады.Жүйке жасушасының екі түрі бар:нейрон мен нейроглия.Нейрон
тітіркенеді,қозады,тітіркеністі өткізеді,ол нейроглия жүйке ұлпасында
тіреуіш пен қоректендіру қызметін атқарады.Жүйке жүйесінде әр түрлі пішінде
кездесетін олардың басқа жасушадан айырмашылығы өсінді болады.Жүйке
жасушасының өсіндісі-аксон және дендрит болып бөлінеді.Бірнеше,қысқа
дендрит арқылы тітіркеніс (импульс) жүйке жасушасының денесіне қарай
бағытталады.Жүйке жасушасында аксон өсіндісі біреу ғана.Ұзындығы бірнеше
миллиметрден 1,5метрге дейін жетеді.Аксон өсіндісі арқылы тітіркеніс жүйке
жасушасының денесінен басқа жасушаға немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті амилоидоз - амилоидтың дәнекер ұлпаға және мүшенің қабырғасына шектеулі жерде ғана шөгуі
Ұлпалардың жүйесі. Меристемалар. Меристеманың түрлері. Паренхима және олардың қызметтері
Өсімдік ұлпаларын микроскоптық зерттеу
Дәнекер ұлпасы
Тірек және қор жинаушы ұлпа
Өсімдіктердің даму циклі барысында ұрпақтардың ауысуы
Өсімдік ұлпасы
Гистология мен цитологияның қысқаша даму тарихы, эпителий және дәнекер ұлпалары
Өсімдік ұлпалары туралы жалпы түсінік
ҰЛПАЛАР ТУР АЛЫ ҚЫСҚАША ТҮСІНІК
Пәндер