Амангелді иманов бастаған көтеріліс

Көтерілістің ең бір күшті болған орталығы Торғай облысы еді. Мұнда көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созыған, ең табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс барлық уездерде: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Бұл кездейсоқ емес еді. Істің мәні мұнда жұрттың көп жері тартып алынып, жер мәселесінің шиеленісуі өте күшті болғандығында еді.
Торғай уезінің қыпшақ руының қазақтары өздерінің ханы \әмірі\ етіп Нияз бидің немересі Әбдіғапар Жанбосыновты сайлады. Ал оның әскерінің бас сардарбегі \әскер қолбасшысы\ болып Амангелді Иманов тағайындалды. Арғын руының болыстарын Оспан Шолақов басқарды.
Амангелді көтерілісшілер арасында әскери тәртіп орнатып, оларды машықтандыруға көңіл бөлді. Ол отрядтарын 10, 50, 100 және 1000адамнан құралған бөлімдерге бөлді. Олардың басына онбасы, ,елубасы, жүзбасы, мыңбасы тағайындалды. Көтерілісшілер отрядтарын жинақтап, мүмкіндігіне қарай оларды қаруландырып, Амангелді Иманав шабуыл қимылдарына көшті. 22 қазанға қарай көтерілісшілер Ырғыздан Торғай мен Қарабұтаққа дейінгі барлық почта бекеттері мен телеграф желісін қолдарына алды.
1916 жылғы қазанға қарай Торғай және Ырғыз уездерінде 20-ға тарта көтерілісшілер отряды болды. 23 қазанда Амангелді Иманов бастаған 15 мың көтерілісшілер Торғай қаласын қоршап алды. Бірақ олар қаланы ала алмай, қоршау бірнеше күнге созылды. Амангелді бастаған көтерілісті басу үшін патша үкіметі генерал А.Д.Лаврентьев бастаған 10 мың әскер жасақтады. Оған 17 жаяу әскер ротасы, 18 казак-орыс жүздігі, 18 зеңбірегі мен 17 пулеметі бар 11 әскер эскадроны кірді. Лаврентьевтің Орынборда жасақталған әскерлері темір жол арқылы Шалқарға, Ақтөбеге, Қостанайға түсірілді.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Амангелді Иманов бастаған көтеріліс

Лаврентьев әскерлерінің келе жатқанын естіп, көтерілісшілер Торғайды қоршауды қойып, оған қарсы аттанды. 16 қарашада Тосын және Шұбалаң болыстарының Амангелді Иманов бастаған жолпы саны 10-12 адамдық көтерілісшілері Түнқойма почта бекеті маңында маңында потполковник Котоминнің отрядына шабуыл жасады. Жазалаушылар көп шығынға ұшырап, көтерілісшілер қатарын әрең бұзып өтіп, 16 қарашада Торғай қаласына келіп кірді.
Қарашаның екінші жартысында көтерілісшілердің негізгі тобы Торғайдан 150 шақырым жерге қашықтап шегініп, Бетпаққараның төңірегіне жиналды. Мұнда соғыс қимылдарына басшылық ететін кеңес құрды. Амангелді Имановтың басшылығымен осы жерде жазалаушыларға қарсы көтерілісшілердің партизандық күрес әдістерін кеңнен пайдаланды. 22 қарашада Ырғыз уезіндегі Ұлпан станциясында 4 мың көтерілісші есауыл Фроловтың отрядымен соғысты. Соғыс қақтығыстары сондай-ақ 21-23 қарашада Ырғыз бен Торғай арасындағы почта жолдарында да өтті. 20 қарашада Ырғыз уезіндегі Тәуік, Аманкөл және Қызылжар болысының 6 мың көтерілісшілері подполковник фон Розеннің отрядымен шайқасты.
Бірақ қыстың ерте түсуі көтерілісшілердің қимылын қиындатты. Көтерілісшілер өздерін азық-түлікпен қамтамасыз етіп, алыс жерлерге жертөлелер салды, киіз үйлер тікті. Сөйтіп 1917 жылдың басынан бастап А.Иманов күресті әрі қарай жалғастыруды көздеді.
1917 жылдың басында Қостанайдан Бетпаққараға қарай беттеген бірінші жазалаушы отрядтың жолын Наурызымның екі болысының Амангелді Иманов бастаған 2 мыңдай көтерілісшілері бөгеді. 1917 жылғы 13 қаңтарда Күйікқопа деген жерде болған ұрыстардан кейін жазалаушы отряд шегінуге мәжбүр болды. 18-19 ақпанда кулак-бай отрядтары қолдаған подполковник Тургеневтің мықты қаруланған отряды мен Амнгелді сарбаздары арасында шайқас жүрді. 22-24 ақпанда көтерілісшілер Доғалүрпек маңында патша әскерлеріне қарсы соңғы рет шайқасты. Барынша күш сала шайқаса отырып, көтерілісшілер қырға қарай шегінуге мәжбүр болды. 27 ақпанда жазалаушы отряд Доғалүрпек пен Бетпаққараны көтерілісшілердің қолында қалдырып Торғай қаласына шегінді.
Патша жазалаушылары мен Амангелді Имановтың көтерілісшілері арасындағы соғыс қимылдары Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісінен кейін де жалғаса берді. Толық емес мәліметтерге қарағанда,Уақытша үкімет ұлт - азаттық қозғалысына қатысқаны үшін Торғай обылысында 3мың адамды жауапқа тартты, олардың ішінде 201 адам өлім жазасына кесілді, 162 адам каторгаға айдалды.
Торғай обылысында Аманкелді Имановпен бірге көтеріліске басшылық етіп,оның дүниетанымын қалыптастыруға зор ықпал жасаған бльшевик Әліби Жангелдин еді. Ол 1884 жылы Торғай уезінің Қойдауыл болысында кедей семьясында туған. 1902 жылы орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін ол Қазан семинариясына оқуға түсті. 1905 жылы Қазан студенттерінің революцлық қозғалысына қатысып, бұл үшін семинариядан шығарылды. 1906 жылы революциялық қызметі үшін оны осының алдында ғана оқуға түскен Мәскеу семинариясынан шығарды. 1915жылы большевиктердің Петроград ұйымы оны партия мүшелігіне қабылдады.
Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының азаттық қозғалысының шежіресіндегі ең бір жақын белес болып табылады. Көтеріліс дүние жүзілік империалистік соғыстың қызып тұрған кезінде, Ресейдегі жұмысшы және шаруа қозғалысының мықтап өрлеу жағдайында өтті. Бұл қозғалс ең алдымен империалистік соғысқа және өз жерлерін тартып алуына қарсы бағытталып, империализмнің жалпы ресейлік системасына мықтап соққы берді.
Көтерілістің бірыңғай басшылығы және ұйымдастырушы орталығы болмаса да Қазақстанда болып жатқан оқиғалар басқа аймақтарға ықпал жасап, өзара байланысты болып отырады. Көптеген аудандарда көтеріліс антифеодалдық сипат алды. Алайда, көтеріліс стехиалы түрде дамып, онда тұрақты, жеткілікті біріккен басшшылықтың болмағандығының салдары айқын көрінді. 1916 жылғы көтеріліс қазақ еңбекші бұқарасының таптық сана- сезімін артыруда зор рөл атқарды. Көтереліс патшаның малайлары ретінде феодалдық рулық жоғары топтың шын сиқын қазақ шаруаларына айқын көрсетіп , ауылдағы тап күресін жаңа сатыға көтерді.
Көтерілістің негізгі қорғаушы күші ұлтттық шаруалардың қалың топтары , сондай-ақ жаңадан туындап келе жатқан жұмысшы табының өкілдері , қолөнершілері еді. Оған қазақ халқының өзге топтарының , сонымен бірге демократиялық интеллегенцияның өкілдері де қатысты. Жалпы алғанда , Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер , дүнғандар және кейбір өзге халықтардың өкілдері қатысқан тұтас бір ұлттық сипатқа ие болды.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысы - Ресей империализмі дағдарысының бір көрінісі еді . Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патша үкіметі
Амангелді Иманов туралы ақпарат
Ұлт-азаттық күрес
1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс жайлы
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі
Жетісудағы көтеріліс
Амангелді Иманов бастаған ұлт - азаттық көтеріліс қысқаша тарихы
Амангелді Иманов – ұлт-азаттық көтеріліс жетекшісі
Көтерілістің Жетісудағы орталығы
Қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (ХІХ ғ. соңғы ширегі-ХХғ. басы)
Пәндер