Егістік жерлерді химиялау туралы



Тақырыптың өзектілігі. Егін шаруашылығын интенсификациялаудың ең негізгі бағыттарының бірі ол егістік жерлерді химиялау болып табылады. Бұл ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыратын негізгі әдіс. Минералды тыңайтқыштардың тиімділігі әртүрлі топырақтарды бірдей бола бермейді, олардың тиімділігі көбінесе нақты бір табиғи жағдайларға, беру мөлшері және оларды қолдану мезгілі мен әдістеріне байланысты болады. Минералды тыңайтқыштарды ұтымды пайдалану үшін маңызды ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі элементтерге деген қажеттігін, сонымен қатар әрбір элементтің топырақ-өсімдік жүйесіне маңызын есепке алу керек. Қолданылатын тыңайтқыштар өнімділікті жоғарылатып, оның сапасын жақсартып және топырақтың құнарлығын арттыра отырып, топырақты ластамайтын болу керек. Бұдан басқа тыңайтқыштар микрофлораның агрофизикалық және агрохимиялық қасиеттеріне айтарлықтай әсер етеді.
Сонымен, тыңайтқыштардың тиімділігін арттыру үшін климаттық және топырақтың жағдайларын, ауылшаруашылық дақылдарының қоректену ерекшеліктерін, олардың севоайналымдағы кезектесуін ескеретін арнайы жүйе - тыңайтқыштарды қолдану жүйесі қажет.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Егін шаруашылығын интенсификациялаудың ең негізгі бағыттарының бірі ол егістік жерлерді химиялау болып табылады. Бұл ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыратын негізгі әдіс. Минералды тыңайтқыштардың тиімділігі әртүрлі топырақтарды бірдей бола бермейді, олардың тиімділігі көбінесе нақты бір табиғи жағдайларға, беру мөлшері және оларды қолдану мезгілі мен әдістеріне байланысты болады. Минералды тыңайтқыштарды ұтымды пайдалану үшін маңызды ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі элементтерге деген қажеттігін, сонымен қатар әрбір элементтің топырақ-өсімдік жүйесіне маңызын есепке алу керек. Қолданылатын тыңайтқыштар өнімділікті жоғарылатып, оның сапасын жақсартып және топырақтың құнарлығын арттыра отырып, топырақты ластамайтын болу керек. Бұдан басқа тыңайтқыштар микрофлораның агрофизикалық және агрохимиялық қасиеттеріне айтарлықтай әсер етеді.
Сонымен, тыңайтқыштардың тиімділігін арттыру үшін климаттық және топырақтың жағдайларын, ауылшаруашылық дақылдарының қоректену ерекшеліктерін, олардың севоайналымдағы кезектесуін ескеретін арнайы жүйе - тыңайтқыштарды қолдану жүйесі қажет.
Соңғы 10-15 жылда минералды тыңайтқыштарды қолдану , әсіресе калийлі тыңайтқыштарды қолдану қысқартылды. Бұл жағдай дақылдардың өнімділігінің төмендеуіне, өнімнің сапалық нашарлауына, топырақтың негізгі элементтер бойынша жұтаңдануына ықпал етті. Осыған байланысты калийлі тыңайтқыштардың топырақтың құнарлылығына, дақылдардың өнімділігіне және өнімнің сапасына әсерін зерттеу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын қайта жандандыру өзекті мәселе.

Калиймен қоректендіру жағдайларының қою қара қоңыр топырақтың қоректік режиміне және картоптың өнімділігі мен сапасына әсері
Картоп дақылын тыңайту жүйесі. Картоп аса маңызды тағамдық және малазықтық дақылдар қатарына жатады. Бұл дақыл негізінен оңтүстік облыстарда суармалы жерлерде. Ал солтүстік аймақта тәлімі жерлерде өсіріледі. Картоп қоректік элементтердің ішінен калийді көп пайдаланады, екінші орында азот, одан соң фосфор. Әрбір қоректік заттың өнім түзуде өзіндік рекшеліктері бар. Мәселен картоптың жер бетіндегі мүшелерінің жақсы өсуіне әсер етеді. Картоп фосфор вегетациялық дәуірінде үздіксіз сіңіреді, әсіресе оның өсу кезеңінің екінші жартысына қолдану түйнектің түзілуін тездетеді. Калий әсері түйнек салу кезеңінде басталады. Бұл кезеңде топырақта калий неғұрлым көп болса, түйнекте крахмал түзуі жақсы өтеді, картоп сапасы артады. Жоғары агротехниканы қолданып өсірілген картоптың 100ц түйнегінде және сондай мөлшердегі жапырағы мен сабағында 50-70кг азот, 15-20кг фосфор, 60-80кг калий болады.
Картоп топырақта қоректік заттардың мол болуын қалайды. Республиканың барлық топырақ аймағында тыңайтқыш қолдану картоп өнімінің артуына ойдағыдай әсерін тигізеді. Оңтүстік аймақта боз топыраққа енгізілген азот орта есеппен гектарынан 46 ц, фосфор -60 ц, калий-14 ц, минералдық тыңайтқыштың толық мөлшері (NPK) 133 ц қосымша өнім берді. Қара топырақты егісте тиісінше - 40, 30, 20 және 62 ц қосымша өнім алынды.
Мұнан Қазақстан жағдайында азот пен фосфор қолдану картоп өнімділігіне елеулі әсер ететінін көреміз.
Картоп өнімін молайтуда органикалық тыңайтқыш қолданудың да маңызы үлкен. Көңді 20-30 т мөлшерінде күзде берген дұрыс. Әсіресе, көңді картоп-көкөніс ауыспалы егісінде минералдық тыңайтқыштармен ұштастырып пайдалану жақсы нәтиже береді (1, 2-кестелер).
Картоп дақылына қолданылатын тыңайтқыш нормасы алғы дақыл ерекшелігіне де байланысты. Отамалы және көкеніс дақылдарынан соң картоп
Кесте 1 - Картоп ауыспалы егісіне арналған тыңайтқыштың мөлшері
(таулы суарылмайтын аймақ)
Дақыл
Минералдық тыңайтқыштар, (әсерлі зат)кгга
Көң, тга

N
Р2О5
К2О

Бір жылдық бұршақ дақылы
30
90
60
-
Картоп
60
60
60
-
Көкөніс (капуста, сәбіз, қызылша)
60-120
60-90
60-80
-
Картоп
60
60
-
20-30

Кесте 2 -Ауыспалы егісте суармалы қара-қоңыр топырақ жағдайында картоптан гектарына 200-300 ц өнім алуға арналған тыңайтқыш мөлшері
Дақыл
Минералдық тыңайтқыштар, (әсерлі зат)кгга
Көң, тга

N
Р2О5
К2О

Астық дақылы мен жамылға шөп
20-30
90-120
60-90
-
Көпжылдық шөп
-
-
-
-
Көпжылдық шөп
-
-
-
-
Картоп
60-90
60-90
60-90
-
Картоп
80-100
30-60
-
20-30

егілетін топыраққа азот тыңайтқышын көбірек, ал фосфор мен калийдің жылдық мөлшерін 20-30 пайызқа азайтқан дұрыс. Егер картоп бақша дақылдарынан немесе сүрлемдік жүгеріден кейін отырғызылатын болса, қолданылатын минералдық тыңайтқыш мөлшерін 15-20 пайызға арттыру керек.
Картоп дақылына бор, мырыш, марганец микроэлементтерін қолдану өнім сапасының жақсаруына көмектеседі.
Гектарынан 150-200 ц өнім жинау үшін, қара топырақты аймақтағы тәлімі жерде таза парға егілетін картопқа азоттың ең тиімді мөлшері N40 болып саналады. Егер топырақтағы жылжымалы фосфор мен алмаспалы калий мөлшері төмен болса Р60-70, К45-55 жоғары болса Р25-30, К15-25 қолданған жөн. Азот тыңайтқышының мөлшерін күңгірт қара қоңыр топырақ жағдайында 70-90 килограмға дейін, ашық қара-қоңыр топырақта 90-100 килограмға дейін жеткізу керек.
Қара қоңыр топыраққа берілетін фосфор және калий тыңайтқыштарының мөлшері оның құрамындағы жылжымалы фосфор мен алмаспалы калий мөлшеріне қарай өзгереді. Ал топырақтың осы элементтермен қамтамасыз етілу деңгейі орташа болғанда Р70-80, К60-70 берген дұрыс. Қоректік заттардың мөлшері жоғары болса фосфор, калий тыңайтқыштарының мөлшерінен 30процентке азайтуды, керісінше, қамтамасыз етілу деңгейі төмен болса тыңайтқыш мөлшерін 30 процентке арттырады.
Суармалы жерлерден гектарынан 200-300 центнер өнім жинау үшін қара топыраққа 90-100 кг, қара қоңыр топыраққа 120-150 кг, боз топыраққа 150-180 кг азот беріледі. Фосфор мен калий мөлшері топырақтағы осы элементтердің мөлшеріне байланысты 40-140 кг болуы керек (4-кесте).
Қазақтың ғылыми-зерттеу картоп және көкөніс шаруашылық институты ашық қара топыраққа Р120 енгізгенде гектарынан 38,2 ц, N80P120 , бергенде 54,5 ц, ал N80P120K60 қолданғанда 83,6 ц қосымша өнім жинады. Картопқа органикалық тыңайтқыш жақсы әсер етеді.
Қазақтың ғылыми-зерттеу картоп және көкөніс шаруашылық институты қара-қоңыр топыраққа гектарына 25 тонна жартылай шіріген көң пайдаланғанда өнім 45 центнерге артқан.
Картопқа тыңайтқыштарды қолданудың тиімді тәсілі-көң, фосфор, калийдің барлық мөлшерін, азоттың жылдық мөлшерінің 50-70% күзде, ал азоттың қалғанын дақылдың шабақтану кезінде үстеп қоректендіру болып саналады.
Карбонатты қара қоңыр және боз топырақтарда мырыштың жылжымалы түрі жеткіліксіз болғандықтан күкірт қышқыл мырыш пайдалану картоп түсімін 13-20 процентке жоғарылатады. Ол үшін тұқымдық материалды 0,3 проценттік күкірт қышқыл тұзының судағы ерітіндісімен өңдеуді (1 тонна тұқымдық материалға 50 литр есебінде) немесе осы тұздың 0,2 проценттік ерітіндісімен шабақтану алдында тамырдан тыс үстеп қоректендіреді (1 га егіске 1000-1200 литр ерітінді жұмсалады).
Қою қара қоңыр топырақтардың жалпы сипаттамасы. Түсі қоңыр тартқан қара-сұр, құрылымы тың жерлердің гумустық горизонтарының жентекті, жентекті түйірлі және жыртылған жерлердің тозаңды-жентекті топырақтарына ұқсас келеді.
Гумустық қабатының қуаттылығы А+В1 35-45(50) см, қайнау қабаты 45-50 см тереңдікте, гипс және оңай еритін тұздар қабаты 2 м.
Қою қара қоңыр топырақтар келесі типастына бөлінеді:
Кәдімгі қою қара қоңыр топырақтар қасиеті мен белгілері бойынша жоғары көрсетілген сипаттарға сай болады.
Кермектелген қою қара қоңыр топырақтар төменгі гумустық горизонты коллоидты бөлшектерге байытылған тығыз болып келеді.
Сортаңды қою қара қоңыр топырақтар әдетте қатты тұзданған жыныстармен ұштасқан. Мұндай топырақтар айқын кермектелген қасиеттерге ие, кескіндерінің 1 метрлік деңгейінде суда ерігіш тұздардың мөлшері көп (2.5м) болып келеді.
Кермекті-бөктірілген қою қара қоңыр топырақтар гумустық горизонтының жоғары және төменгі бөліктері SiO2 ұнтағы тәрізді қабатты немесе кеуекті құрылымды сипатты болады. Бұл топырақтар қабаттасу стадиясында.
Карбонатты қою қара қоңыр топырақтар ең беткі қабатында карбонат мөлшерінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Олар карбонатпен байытылған жыныстардан түзілген.
Карбонатты кермекті қою қара қоңыр топырақтар механикалық құрамы ауыр карбонатты кермекті жыныстарда түзілген. Кескінінің жоғары тығыздығымен және жарықшақ сызаттылығымен айрықшаланады. Ылғал жағдайларда олар қатты ісінеді және тұтқырланады.
Қалдықты-кермекті қою қара қоңыр топырақтарда кермектелгендіктің айқын морфологиялық белгілері бар, бірақ ауыспалы натрийдің мөлшері елеулі емес. Бұл топырақтағы кермектілік қалдық сипатта қарастырылады.
Төмен температурада қайнайтын қою қара қоңыр топырақтар жеңіл механикалық құрамды жыныстарда түзілген. Судың оңай өтуіне байланысты бұл топырақтарда карбонаттар 1-1,5м тереңдікке шайылып кеткен, гипс горизонты жоқ.
Біріккен қою қара қоңыр топырақтар лайлы балшықты жыныстарда түзілген, ауыспалы калийдің мөлшері жоғары емес жағдайларда В горизонты өте тығыз біріккен болып келетіндігімен ерекшеленеді.
Толық кемелденбеген қою қара қоңыр топырақтар тығыз жыныстарда түзілген, кескіні нашар дамыған (кемелденген) және гумустық горизонтының қуаттылығы өте төмен.
Қою қара қоңыр топырақтардың су-физикалық қасиеттері. Қою қара қоңыр топырақтар елеулі физикалық қасиеттерге ие. Қолайсыздау физикалық қасиеттер тығыз құрылымды кескінді кермекті топырақтарда байқалады.
Карбонатты горизонттары ерекше тығыз құрылымды. Олардың тығыздығы 1,5-1,7гсм3. Карбонатты горизонттардың кеуектілігі төмен болады.
Жер игерудің соңғы он жылдығында барлық биогенді элементтер балансының күрт тапшылығы байқалады. Қоректік элементтердің ауыл шаруашылық дақылдарымен бірге ілесіп кетуі топырақ құнарлылығының потенциалды мобилизациялануы есебінен болып отыр. Осыған байланысты азот және фосфор мәселесіне ерекше көңіл аударылуда. Бұл мәселенің терең фундаменталды зерттеулері халықаралық бағдарламалар бойынша да өткізілуде. Топырақтың құнарлылық жағдайын бағалауда калийдің маңыздылығына, оның аэроэкожүйенің өнімділігін арттырудағы маңыздылығына әлі күнге дейін тиісті түрде көңіл бөлінбей келеді. Агроценоздағы калийдің көпфункционалды ролі бағаланбайды. Мұны топырақтың калийлі режимін зерттеуге және топырақтың типі мен қасиетіне байланысты калийлі тыңайтқыштардың мөлшерін оңтайландыруға бағытталған тиімді әдістерді жасауға деген көзқарастың адекватты еместігінен де байқауға болады.
Осыған байланысты қазіргі уақытта зерттеу жұмыстарын келесі бағыттарда кеңейту қажет: топырақтағы калийді бақылау, кері әсер етуші фаторларды болдырмайтын іс-шаралар жүйесін жасау, бақылау және болжау; агроэкожүйедегі калийдің агрохимиялық, физиологиялық, экологиялық және фитосанитарлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдік шаруашылығында зиянды ағзалармен күресу
Жер ресурстарын басқарудың теориялық негіздері
Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу саласының қазіргі жағдайын талдау ( Қапшағай құрамажем зауыты АҚ мәліметтері негізінде )
Ауыр металдардың топыраққа әсері
Жер кадастры туралы
Қызылорда облысының суармалы егістік жерлерінің орнықтылығы
Қазақстан жеріне интенсивті технологиялар негізінде сүдірлі жерлерді дайындаудың қарақұмық өніміне келтіретін әсері
Қазақстан Республикасьіндағы ауыл шаруашылығы-ның қазіргі жағдайы
Радиоактивті заттар
Аграрлық оқу орындарының ашылуы мен даму тарихы
Пәндер