Қазақ хандығының этномемлекеттік шекараларының кеңеюі



XVI – XVII ғасырларда қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында (жерді біріктіру ) процксін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі- Жәнібек ханның ұлы Қасым. (Туған жылы 1445ж.). Іс жүзінде Қасым хан елді Бұрындық кезінде – ақ басқара бастады. Қасым ханның басқаруынан бастап елде билік жүргізу тек Жәнібек ұрпақтарының қолына көшті. Қасым ханның тұсында (1511-1523)жж.билік құрған. Қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы жанжақты нығая түсті. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығына тойтарыс беріп, әскери күштерді нығайтты, өз билігіндегі жерлерді кеңейтті. Қасым хан билік құрған кезде қазақ халқы өзінің осы күнгі мекен тұрағынан негізгі аймақтарын біріктірді. Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік-батыста Сырдың оң бойындағы бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ хандығының этномемлекеттік
Шекараларының кеңеюі.

XVI – XVII ғасырларда қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая
түсті. Өз тұсында (жерді біріктіру ) процксін жедел жүзеге асырып,
неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі- Жәнібек ханның ұлы Қасым.
(Туған жылы 1445ж.). Іс жүзінде Қасым хан елді Бұрындық кезінде – ақ
басқара бастады. Қасым ханның басқаруынан бастап елде билік жүргізу тек
Жәнібек ұрпақтарының қолына көшті. Қасым ханның тұсында (1511-1523)жж.билік
құрған. Қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы жанжақты нығая
түсті. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығына тойтарыс беріп, әскери күштерді
нығайтты, өз билігіндегі жерлерді кеңейтті. Қасым хан билік құрған кезде
қазақ халқы өзінің осы күнгі мекен тұрағынан негізгі аймақтарын біріктірді.
Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік-батыста Сырдың оң бойындағы
бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы
қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған
Жетісудың көп бөлігі Шу, Талас, Қаратал, Іле, өлкелеріқарады. Қасым
ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс
жасалып, Орыс мемлекетімен қатынас қалыптасты. Қазақ хандығымен елшілік
байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі- ұлы князь III Василий 1505-
1533жж билік жүргізген кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Осы тұста қазақтар өз
алдына дербес халық ретінде батыс Еуропаға мәлім болды.
Қасым хан алғашқы қазақ заңы – (Қасқа жолды) жарыққа шығарады. Бұл
заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдат-ғұрып ережелері негізінде
жасалды. Заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданып жүрген ислам
дінінің шариғат заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы
заң болды. Соның үшін ол Қасым ханның атымен байланыстырылып (Қасым ханның
қасқа жолы) деп аталды. Қазақ хандығының күшеюі және оның территориясының
кеңеюі Орта Азиядағы Мәуеренахрды билегей Шайбани тұқымдарын қатты
састырды. Олар қазақтардың Мәуеренахрға басып кіруінен қорықты. Жергілікті
халықтың Шайбани әулетінің билеушілеріне наразылығын пайдаланып, мұндағы
өкімет билігін тартып алады леп қауіптенді. Сондықтан Мәуеренахр билеушісі
Мұхаммед Шайбани қазақтарды барынша әлсірету үшін ең әулі экономикалық
қыспаққа алу саясатын жүргізді. Осы саяхат бойынша Мұхаммед Шайбани өзінің
қарауындағы жерде тұратын халықтың қазақ саудагерлерімен сауда жасауына
тыйым салып, Мәуеренахрға келген қазақ саудагерлерін тонауға бұйрық берді.
Мұхаммед Шайбани Қазақ хандығына экономикалық қыспақ жасау мен қатар,
оның жеріне бірнеше рет тонаушылық жорықтарын да ұйымдастырды.
Атап айтқанда, 1503-1504 жылдары Мұхаммед Шайбани Қалың қолды бастап
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығы тарихы
Қазақ хандығының этномемлекеттiк шекараларының өсуi туралы
XVI-XVII ғғ Қазақ хандығы
Қазақ хандығының құрылуы және қоғамдық құрылысы
Хандық дәуір әдебиетінің құрылуы қарсаңындағы қоғамдық - әлеуметтік, саяси жағдай
Қазақ хандығының этномемлекеттік шекараларының өсуі
Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы
Мәңгілік ел идеясы. Қазақстанның даму жолдары және перспективалары
Мәңгілік Ел идеясы мен Рухани жаңғыру жобасы – Қазақстанның тарихи дамуының жаңа векторлары
Ұлы Жібек Жолы бойындағы ортағасырлық қалалар
Пәндер