Желтоқсан жаңғырығы



Нұрсылтан Назарбаев:
1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының ұлттық санасының қаншалықты өскенін көрсетіп берді. Бір ғасыр бойы халықты ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған өктемдік үрдістің алдындағы қорқыныш алғаш рет еңсерілді. Жастар айдай әлемнің алдынды кез-келген ұлтқа тән ұлттық намыс бұдан былай ешқандай баса көктеуге мойынсынбайтынын паш етіп берді. («Ғасырлар тоғысы» кітабынан).
Одан бері талай жаз бен қыс алмасты, талай су ақты, талай оқиғалар тарих парақтарына жазылып қалды, бірақ Желтоқсан оқиғасының ұлттық азаттығымыз жолындағы күресте орны бөлек екендігін уақыт дәлелдеуде. Енді XX ғасырдың еншісінде қалған ереуілге толы екі-үш күннің оқиғасы әлем жұртшылығының назары Қазақстанға аударғаны кеше ғана сияқты. Ал, міне, Тәуелсіздік алғанымызға 15 жыл толуымен тұспа-тұс Желтоқсан оқиғасының да 20 жылдығы келіп қалыпты. Бұл екеуін бір-бірінен бөлек қарастыру мүмкін болмас, сірә. Себебі, біз Тәуелсіздікке, Азаттыққа, Бостандыққа аңсап, зарығып, қаншама қанымызды төгіп, жанымызды шүберекке түйіп жеткен халықпыз. Ата-бабаларымыз азат күнді тек армандап қана ғұмыр кешкен жоқ, сол жолды жолбарыстай жұлқысып, арыстандай арпалысып күресіп өтті. Ұрпағынан ұрпағына қалар аманат арқалатты. Аманаты – ата-бабаның қаны сіңген қасиетті топырақты, ұлан-ғайыр кең өлкемізді, қазақ жерін қорғау, сақтау. Аманаты – ана тілімізді таза ұстау, ана сүтіндей кие тұту, дінімізді жоғалтпау. Осыған лайық ұрпақ өсіре алған халықпыз.
Оған дәлел – ең берісі, 1986 жылығы Желтоқсан оқиғасы. Азаттық жолындағы, ұлттық тәуелсіздік жолындағы күрестердің ең бір түйінді тұсы, буырқанған жас күштердің жарға соққан, асау толқыны.
Кеңес өкіметі өзінің құрамындағы елдердің ұлттық құндылықтарын бірте-бірте жойып, өз саясатын өте әккі шеберлікпен жүргізіп жатқан тұста – тоталитарлық режимнің тас құрсауын бұзу мүмкін еместей болған кезеңде – шет елдік саясат сарапшылары демократиялық дүмпу бір бұрқ етсе Кавказ бойында немесе Балтық өңірінде бұрқ ете қалар деп жорамал жасап жүргенде – Қазақстандағы Желтоқсан оқиғасы бұлтсыз күнгі найзағай ойнағандай әсер еткені анық.
Бұған алғашында «нашақорлар мен маскүнемдердің бей-берекет тәртіпсіздіктері» деп жала жапқандар да, «ұлтшылдардың ұйымдастырған арандатушылық әрекеті» деп солақай саясатқа сайғандар да болды. Әрбір ұлттық халықтық наразылық қозғалыстар ұзақ жылдар бойы пісіп-жетілетіні, іштей буырқанып ширығатыны, содан соң сәл нәрседен бастау алып, тіпті, стихиялы түрде бұрқ ете қалатыны, оған саяси мән бергенде, жетекшілік тізгінін қолға алғанда үлкен қозғалысқа, халықтық шеруге немесе көтеріліске ұласатыны ескерілмеді.
Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына мыңдаған студент, жұмысшы жастар

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Нұрсылтан Назарбаев:
1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының ұлттық санасының
қаншалықты өскенін көрсетіп берді. Бір ғасыр бойы халықты ашса алақанында,
жұмса жұдырығында ұстаған өктемдік үрдістің алдындағы қорқыныш алғаш рет
еңсерілді. Жастар айдай әлемнің алдынды кез-келген ұлтқа тән ұлттық намыс
бұдан былай ешқандай баса көктеуге мойынсынбайтынын паш етіп берді.
(Ғасырлар тоғысы кітабынан).
Одан бері талай жаз бен қыс алмасты, талай су ақты, талай оқиғалар
тарих парақтарына жазылып қалды, бірақ Желтоқсан оқиғасының ұлттық
азаттығымыз жолындағы күресте орны бөлек екендігін уақыт дәлелдеуде. Енді
XX ғасырдың еншісінде қалған ереуілге толы екі-үш күннің оқиғасы әлем
жұртшылығының назары Қазақстанға аударғаны кеше ғана сияқты. Ал, міне,
Тәуелсіздік алғанымызға 15 жыл толуымен тұспа-тұс Желтоқсан оқиғасының да
20 жылдығы келіп қалыпты. Бұл екеуін бір-бірінен бөлек қарастыру мүмкін
болмас, сірә. Себебі, біз Тәуелсіздікке, Азаттыққа, Бостандыққа аңсап,
зарығып, қаншама қанымызды төгіп, жанымызды шүберекке түйіп жеткен
халықпыз. Ата-бабаларымыз азат күнді тек армандап қана ғұмыр кешкен жоқ,
сол жолды жолбарыстай жұлқысып, арыстандай арпалысып күресіп өтті.
Ұрпағынан ұрпағына қалар аманат арқалатты. Аманаты – ата-бабаның қаны
сіңген қасиетті топырақты, ұлан-ғайыр кең өлкемізді, қазақ жерін қорғау,
сақтау. Аманаты – ана тілімізді таза ұстау, ана сүтіндей кие тұту,
дінімізді жоғалтпау. Осыған лайық ұрпақ өсіре алған халықпыз.
Оған дәлел – ең берісі, 1986 жылығы Желтоқсан оқиғасы. Азаттық
жолындағы, ұлттық тәуелсіздік жолындағы күрестердің ең бір түйінді тұсы,
буырқанған жас күштердің жарға соққан, асау толқыны.
Кеңес өкіметі өзінің құрамындағы елдердің ұлттық құндылықтарын бірте-
бірте жойып, өз саясатын өте әккі шеберлікпен жүргізіп жатқан тұста –
тоталитарлық режимнің тас құрсауын бұзу мүмкін еместей болған кезеңде – шет
елдік саясат сарапшылары демократиялық дүмпу бір бұрқ етсе Кавказ бойында
немесе Балтық өңірінде бұрқ ете қалар деп жорамал жасап жүргенде –
Қазақстандағы Желтоқсан оқиғасы бұлтсыз күнгі найзағай ойнағандай әсер
еткені анық.
Бұған алғашында нашақорлар мен маскүнемдердің бей-берекет
тәртіпсіздіктері деп жала жапқандар да, ұлтшылдардың ұйымдастырған
арандатушылық әрекеті деп солақай саясатқа сайғандар да болды. Әрбір
ұлттық халықтық наразылық қозғалыстар ұзақ жылдар бойы пісіп-жетілетіні,
іштей буырқанып ширығатыны, содан соң сәл нәрседен бастау алып, тіпті,
стихиялы түрде бұрқ ете қалатыны, оған саяси мән бергенде, жетекшілік
тізгінін қолға алғанда үлкен қозғалысқа, халықтық шеруге немесе көтеріліске
ұласатыны ескерілмеді.
Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына мыңдаған студент, жұмысшы жастар

қатысты. Сол кездегі билік тізгінін ұстаған біреулер пайымдағандай бұл
экстремистік пиғылдағы ұлтшыл элементтер ұйымдастырған арандатушылық емес
еді. Мәскеуден шыққан өктем де озбыр өкім-қаулыға табиғи ұлт наразылығы
болатын. Ал ұлттық наразылықты студент, жұмысшы жастардың ештемеден
қаймықпай ашық түрде алаңға алып шыққаны тағы да рас.
Әскер күшімен, милициямен, жасақшылармен басып-жанышталған бейбіт
шерудің басты қаһармандары да жастар – Қазақ жастары еді. Тергеу, қудалау,
жазалау басталған кезде де бұлар тізе бүккен жоқ.
Біз бұрын Ресей тарихындағы 1825 жылғы декабристердің патшаға қарсы
әрекеттерін аңызға бергісіз әспеттеп айтушы едік.Ал қазақ тарихындағы 1986
жылғы желтоқсаншылардың жүрекжұтқан ерліктері одан бір де кем еместігін,
бұл біздің бостандық жолындағы қасиетті күресіміздің тоталитарлық жүйе
темір құрсауымен қысып тұрған кездегі жойқын бұлқынысы екендігін айтып та,
жазып та жеткізе алмай келеміз. Желтоқсан оқиғасының жеке дара көсемі
болған жоқ, оны іздестіру, тергеу, тексерту еш нәтиже бермеді. Желтоқсан
қаһармандарын да біреу-екеу деп саусақ пен санап шығу қиын. Бірақ намысшыл
қазақтың қайсар ұлдары мен қыздары, құдайға шүкір, баршылық екенін
көрсетті.
Өз ұлың, өз ерлерін ескермесе
Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді?
депті жыр дүлділі Ілияс Жансүгіров. Алаңға шыққандардың дені студенттер мен
жұмысшы жастар-тұғын. Бозбалалар мен бойжеткендер еді. Олардың ақ көңілмен,
адал намыстық рухпен ұрандаған жан айқайын түсінгендер табылмады. Қайта,
кейін жазалау машинасы іске қосылғанда талай студенттер жазықсыздан-
жазықсыз оқудан шығарылып, жұмысшылар жұмыстан қуылып қаншама армандарды
үсік шалды, қаншама үміттер өшті.
Ал осы дүниені дүр сілкіндірген оқиғадан оқушылар ғана емес, мың сан
оқырман қауым толық хабардар болды ма, ненің ақ, ненің қара екендігіне
көздерін жеткізді ме? Таяқ жеген жазықсыз жастар ма, әлде темірмен
қаруланған қанішер жасақшылар ма? Бұл оқиға халқымыздың тарихында, ұлт-
азаттық жолындағы күресте қандай роль атқарады? Міне, Желтоқсан оқиғасынан
бері 20 жыл өтсе де бұл тақырып толық зерттеліп,барлық сауалға түпкілікті
толық жауаптар қайтарылмаған сияқты. Оқиғаның біреулер ойлағандай, ашық
күдегі аңқау шеру емес, одан әлдеқайда күрделі болғандығын осыдан-ақ
байқауға болар.
Ең алдымен,1991 жылы еліміз өзінің Тәуелсіздігін жариялады. Бодандық
бұғауы үзілді. Біреулер Бізге тәуелсіздік еш қиындықсыз келді. Аспаннан
түскендей болды деседі. Мұны саяси білімсіздік демеске шараң жоқ. Ал
сонда, сонау қазақ хандықтары тарих сахнасына шыққан дәуірден, ХІV-XV
ғасырлардан бермен қарай ата-бабаларымыз не үшін ұлтарақтай жерін жауға

бермей арпалысты, не үшін мына ұлан-байтақ даланы ұрпақтарына аманаттап
кетті? Мұны ұмытуға бола ма? Басқасын былай қойғанда, ХІХ ғасырдағы Сырым
Датұлы, Кенесары бастаған көтерілістер, ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық
көтеріліс, ақыры 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы – Тәуелсіздік пен Азаттық,
Бостандық жолындағы ұлы шайқастар емес пе? Желтоқсанда қазақ жастары
қолдарына қару алған жоқ, бірақ, қарусыз-ақ, әлем жұртшылығының зәресін
алып отырған қызыл аждаһаның – кеңестік империяның үрейін ұшырды. Желтоқсан
оқиғасының Тбилисиде, Бакуде, тағы басқа қалаларда болған толқуларға да
сөзсіз ықпал-әсері болды.
Жас ұрпақтың бойында оянған ұлттық намыс жалын болып шарпыды, мұз
үстіндегі алау болып лаулады, жасын болып жарқылдады. Қазақ зиялыларының
арасында жастарға жанашырлық танытқандар да, қол ұшын беріп құрдымнан
құтқарғандар да болды. Желтоқсандықтар қазақ ұлтшылдығы дейтін қайдағы
бір саяси жаланы ойлап тауып әлемге жариялап жатқан Орталықтың пасық
пиғылына пысқырып та қарамады. Себебі, сонау Алаш ардақтылары Ахмет,
Әлихан, Міржақып, Мағжан, Шәкәрім, Мұстафалардың тұсындағы ұлттық сана-
сезім қайта ояна бастаған еді. Ұлтым деп у жұтқандардың ұлы істері жалғасын
табады екен. Желтоқсан оқиғасы жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желтоқсан оқиғалары
Рухы мықты елдің келешегі кемел
ХV - ХVІІІ ғасырларда қазақ әдебиетінің поэзиясы
«Желтоқсан ызғары әлі күнге жүрегімді жылатып, санамды сыздатады»
Цунами туралы жалпы мәліметтер
Желтоқсан ызғары
Несіпбек Айтұлы-ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Тәуелсіздік - ащы термен келген тәтті жеңіс
1986ж. Қарағандыдағьі желтоқсан оқиғасы және оның облыстың қоғамдық өміріне әсері
Ел мәртебесі тәуелсіздік туын тұңғыш көтерген желтоқсан
Пәндер